Philips HD 8649 User Manual [ru]

5 (1)

Always here to help you

Register your product and get support at www.philips.com/welcome

HD8653

HD8651

HD8649

Philips HD 8649 User Manual

1

ҚАЗАҚША 6

РУССКИЙ 30 УКРАЇНСЬКА 55

HD8651

6 ҚАЗАҚША

Мазмұндар кестесі

 

Кіріспе

6

Жалпы сипаттама

7

Маңызды

7

Қауіпті жағдайлар

7

Абайлаңыз!

8

Абайлаңыз

8

Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)

8

Бірінші рет пайдалану алдында

9

Құрылғыны орнату

9

Пайдалануға дайындау

10

Су ыдысын толтыру

10

Кофе дәні ыдысын толтыру

10

Құрылғыны қыздыру

11

Қолмен шаю циклі

12

Intenza+ су сүзгісін орнату

13

Құрылғыны пайдалану

14

1 немесе 2 эспрессо не қалыпты кофе шыныаяқ қайнату

14

Сүт шайқау

15

Ыстық су

16

Құрылғыны реттеу

17

Ұнтақтау деңгейін реттеу

17

Кофе көлемін реттеу

17

Тазалау және күту

17

Ыстық су/Бу түтікшесі немесе сүт шайқау шүмегін тазалау

18

Қайнату құрылғысын тазалау

18

Майлау

20

Құрылғының қағын тазалау

21

Қақтан тазалау процедурасы

21

Дайындау

21

Қақтан тазалау циклі

22

Шаю циклі

22

Қақтан тазалау процедурасын аяқтау мүмкін болмаса

23

Шам сигналдарының мәні

24

Өңдеу

26

Кепілдік және қолдау

27

Техникалық қызмет көрсету өнімдеріне тапсырыс беру

27

Ақаулықтарды жою

27

Техникалық ерекшеліктер

29

Кіріспе

Philips компаниясы ұсынатын қолдау көрсету қызметін толық пайдалану үшін өнімді www.philips.com/welcome веб-сайтында тіркеңіз. Берілген пайдаланушы нұсқаулығы HD8651 моделіне қатысты. Құрылғы кофе дәндерін пайдалану арқылы эспрессо кофесін дайындауға арналған. Сондай-ақ, бұл бусыз және ыстық сусыз жұмыс істей алады. Берілген нұсқаулықта құрылғыны орнатуға, пайдалануға және қызмет көрсетуге қатысты барлық ақпаратты табуға болады.

ҚАЗАҚША 7

Жалпы сипаттама (Cурет 1)

1 Басқару панелі

2Бу белгішесі

3Басқару дискісі

4 Кофе дәні белгішесі

5Эспрессо түймесі

6 Қалыпты кофе түймесі

7Ыстық су белгішесі

8 Қақтан тазалау жарығы

9Ескерту шамы

102 шыныаяқ шамы

11«Су ыдысы бос» шамы

12Шамы бар қосу/өшіру түймесі

13Ыстық су/бу түтікшесі

14Қорғау тұтқасы

15классикалық сүт шайқағыш (кейбір түрлерінде ғана)

16Су ыдысы

17Кофе шүмегі

18Тамшы науасының қақпағы

19«Тамшы науасы толы» индикаторы

20Тамшы науасы

21Кофе қалдықтарының ыдысы

22Қайнату құрылғысы

23Сақтау есігі

24Ұнтақтау деңгейін реттеу тұтқасы

25Керамикалық кофе ұнтақтағыш

26Кофе дәнінің ыдысы

27Ұнтақтау деңгейін реттеу құралы

28Кофе дәні ыдысының қақпағы

Маңызды

Құрылғыны дұрыс пайдаланбау нәтижесінен болатын кездейсоқ жарақаттануды немесе зақымдануды алдын алу үшін қауіпсіздік нұсқауларын оқып, сақтаңыз және құрылғыны берілген нұсқаулықта сипатталғандай пайдаланыңыз. Келешекте пайдалану үшін берілген нұсқаулықты сақтаңыз.

Қауіпті жағдайлар

-- Құрылғыны суға немесе басқа сұйықтыққа батыруға болмайды.

-- Бу түтікшесін ешқашан теріге қаратпаңыз, себебі ол күйдіруі мүмкін. -- Дене мүшелерін немесе нысандарды кофе ұнтақтағышқа ешқашан

салмаңыз.

8 ҚАЗАҚША

Абайлаңыз!

-- Құрылғыны қоспас бұрын, құрылғыда көрсетілген кернеудің жергілікті желі кернеуіне сәйкес келетінін тексеріңіз.

-- Құрылғыны жерге қосылған розеткаға қосыңыз.

-- Құрылғыны қауіпсіз пайдалану жөніндегі нұсқаулар беріліп, басқа біреу қадағалаған және құрылғыны пайдалануға қатысты қауіпқатерлер түсіндірілген жағдайда, осы құрылғыны 8 жасқа толған балалар және физикалық мүмкіндігі мен ойлау,сезу қабілеті шектеулі, білімі мен тәжірибесі аз адамдар пайдалана алады.8 жасқа толмаған балалар ересектің қадағалауынсыз тазалау және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүргізбеуі тиіс.Құрылғы мен оның сымын 8 жасқа толмаған балалардың қолы жетпейтін жерге қойыңыз.

-- Балалар құрылғымен ойнамауы керек.

-- Бұл құрылғы дәндерді ұнтақтап, кофе қайнату үшін жасалған. Ыстық су немесе буға күйіп қалуын болдырмау үшін оны мақсаты бойынша және күтіммен қолданыңыз.

-- Желі сымы коннекторына сұйықтық құймаңыз.

-- Аша, қуат сымы немесе құрылғының өзі зақымданған болса, құрылғыны қолданбаңыз.

-- Қуат сымы зақымданған болса, қауіпті жағдай орын алмауы үшін, оны тек Philips компаниясында, Philips мақұлдаған қызмет орталығында немесе білікті мамандар ауыстыруы керек.

Абайлаңыз

-- Құрылғыны тексеру немесе жөндету үшін оны тек Philips мақұлдаған қызмет орталығына апарыңыз. Құрылғыны өзіңіз жөндеген жағдайда, сіздің кепілдігіңіз күшін жояды.

-- Құрылғыны әрқашан түзу және тұрақты бетке қойыңыз. Оны тасымалдағанда да тігінен сақтаңыз.

-- Құрылғыны плитаға немесе ыстық пештің, қыздырғыштың немесе соған ұқсас жылу көзінің қасына орнатпаңыз.

-- Үгіту немесе демдеу кезінде ақаулық пайда болса және тазалауды бастамас бұрын, құрылғыны қуаттан ажыратыңыз.

-- Құрылғыны орнатудың немесе қанда да бір бөлшектерді кірістірудің алдында оны суытыңыз.

-- Қақты үнемі тазалап тұрыңыз.

-- Егер қақты тазаламасаңыз немесе жоймасаңыз, құрылғы бұзылып қалуы мүмкін және кепілдігіңіз жарамсыз болып қалуы мүмкін.

-- Су ыдысын ешқашан жылы, ыстық немесе газдалған суға толтырмаңыз, себебі ол су ыдысы мен құрылғыны зақымдауы мүмкін.

-- Құрылғыны тазалау үшін агрессивті тазалағыш заттар, еріткіштер немесе химиялық заттар қолданбаңыз.

-- Құрылғыны 0°C-тан төмен температурада сақтамаңыз. Жылыту жүйесінде қалған су қатып, зақымдануға әкелуі мүмкін.

-- Бұл құрылғы қалыпты үй жағында ғана пайдалануға арналған. Ол дүкендердің, кеңселердің, фермалардың немесе басқа жұмыс

орталарындағы асхана қызметкерлері үшін пайдалануға арналмаған.

Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)

Бұл құрылғы электромагниттік өрістерге қатысты барлық қолданыстағы стандарттар мен ережелерге сәйкес келеді.

ҚАЗАҚША 9

Бірінші рет пайдалану алдында

Құрылғыны орнату

1Құрылғыдан бүкіл орауышты алыңыз.

2Құрылғыны су шүмегінен,раковинадан және ыстық көздерінен алыс жерге,үстелдің немесе басқа жұмыс орнының үстіне қойыңыз.

3Құрылғының артқы және екі жанынан кемінде 15 см бос орын қалдырыңыз.

4Шағын ашаны құрылғының артқы жағында орналасқан розеткаға қосыңыз.

5 Тоқ шанышқысын қабырғадағы розеткаға қосыңыз.

6Тамшы науасынан қорғағыш жапсырманы алып,тамшы науасын құрылғының алдыңғы жағындағы бағыттағыш жолдарына сырғытыңыз.

Ескертпе.Тамшы науасы толық кірістірілгенін тексеріңіз.

10 ҚАЗАҚША

Пайдалануға дайындау

Су ыдысын толтыру

1 Су ыдысын құрылғыдан шығарып алыңыз.

2 Су ыдысын ағынды сумен шайыңыз.

3 Су ыдысын суық ағынды сумен MAX (Ең жоғары) көрсеткішіне дейін толтырыңыз.

Су ыдысын ешқашан жылы,ыстық немесе газдалған суға толтырмаңыз,себебі ол су ыдысы мен құрылғыны зақымдауы мүмкін.

4 Су ыдысын құрылғыға қайта сырғытыңыз.

Кофе дәні ыдысын толтыру

1 Кофе дәні ыдысын эспрессо дәндерімен толтырыңыз.

Тек эспрессо дәндерін пайдаланыңыз.Түйіршіктелген кофені, қуырылмаған кофе дәндерін немесе карамельденген кофе дәндерін ешқашан пайдаланбаңыз,себебі ол құрылғыны зақымдауы мүмкін.

2 Қақпақты кофе дәні ыдысына қойыңыз.

ҚАЗАҚША 11

Құрылғыны қыздыру

Бастапқы қызу процесі барысында құрылғыны қыздыру үшін тұщы су ішкі тізбек арқылы ағады. Бұл бірнеше секунд алады.

1Табақты ыстық су/бу түтікшесі немесе сүт шайқау және кофе шүмегінің астына қойыңыз.Басқару дискісі кофе дәні белгішесін қарап тұрғанын тексеріңіз.

2Қосу/өшіру түймесін басыңыз.

3 Ескерту шамы жылдам жыпылықтап тұрғанда басқару дискісін ыстық су белгішесін бұрып,бірнеше секунд күтіңіз.

,, Ескерту шамы сөніп,ыстық су/бу түтікшесі немесе сүт шайқау және кофе шүмегінен кішкене су шығады.

4Бірнеше секундтан кейін ыстық су/бу түтікшесінен ыстық су аққаны тоқтағаннан кейін және ескерту шамы баяу

жыпылықтағанда басқару дискісін қайта кофе дәні белгішесін бұрыңыз.

,, Құрылғы қызып,қосу/өшіру түймесі баяу жыпылықтайды.

,, Құрылғы қызғанда ішкі тізбекті тұщы сумен автоматты шаю циклін орындайды.Су кофе шүмегінен ағады.

,, Қосу/Өшіру түймесі үздіксіз жанғанда құрылғы қолмен шаю цикліне дайын.

Ескертпе.Эспрессо түймесін немесе қалыпты кофе түймесін басу арқылы автоматты шаю циклін тоқтатуға болады.

Ескертпе.Сондай-ақ,автоматты шаю циклі құрылғы күту режиміне ауысқаннан немесе өшкеннен кейін 15 минуттан кейін орындалады.

12 ҚАЗАҚША

Қолмен шаю циклі

Қолмен шаю циклі барысында құрылғы ішкі тізбегін пайдалануға дайындау үшін бір шыныаяқ кофені қайнатады.

1 Табақты кофе шүмегінің астына қойыңыз.

2 Қосу/өшіру индикаторы үздіксіз жанып тұрғанын тексеріңіз.

3 қалыпты кофе түймесін басыңыз.

,, Ішкі тізбегін пайдалануға дайындау үшін құрылғы бір шыныаяқ кофені қайнатуды бастайды.Бұл кофені ішуге болмайды.

4 Қайнату циклі аяқталғаннан кейін табақты төгіңіз.

5 Табақты ыстық су/бу түтікшесі немесе сүт шайқау шүмегінің астына қойыңыз.

6Басқару диcкісін ыстық су белгішесіне бұрыңыз.

7Су ыдысындағы суды босатыңыз.

,, «Су ыдысы бос» шамы үздіксіз жанады.

8 Басқару диcкісін кофе дәні белгішесіне бұрыңыз.

ҚАЗАҚША 13

9Су ыдысын тұщы сумен MAX (Ең жоғары) көрсеткішіне дейін толтырыңыз.

,, Құрылғы пайдалануға дайын.

Ескертпе.Бірінші кофе шыныаяғы сұйықтау болуы мүмкін,бұл қалыпты жағдай.Құрылғы параметрлерін оңтайландыру үшін ол бірнеше қайнату циклін орындауы қажет.

Intenza+ су сүзгісін орнату

Intenza+ су сүзгісін орнатуды ұсынамыз, себебі ол құрылғыда қақтың түзілуін болдырмайды. Intenza+ су сүзгісін бөлек сатып алуға болады. Қосымша мәліметтер алу үшін «Кепілдік және қолдау» тарауының «Техникалық қызмет көрсету өнімдеріне тапсырыс беру» бөлімін қараңыз.

1 Су ыдысынан шағын ақ сүзгіні алып,оны құрғақ жерде сақтаңыз.

Ескертпе.Шағын ақ сүзгіні келешекте пайдалануға сақтаңыз. Ол қақтан тазалау процесі үшін қажет.

2Сүзгіні орамнан алып,ашылатын жерін жоғары қаратып, салқын суға батырыңыз.Ауа көпіршіктерін шығару үшін сүзгінің бұрыштарын басыңыз.

3Сүзгінің тұтқасын сіз тұратын аймақтың су қаттылығына сәйкес келетін параметрге бұрыңыз.

A Жұмсақ су

B Қатты су (әдепкі)

C Өте қатты су

Ескертпе.Су қаттылығын су қаттылығын тексеру таяқшасымен тексеруге болады.

14 ҚАЗАҚША

4

5

6

Сүзгіні бос су ыдысына салыңыз.Оны төмен тірелгенше басыңыз.

Су ыдысын тұщы сумен MAX (Ең жоғары) көрсеткішіне дейін толтырып,оны құрылғыға сырғытыңыз.

Құрылғы ыстық суды су ыдысы босағанша қайнатуға мүмкіндік беріңіз («Құрылғыны пайдалану» тарауының «Ыстық су» бөлімін қараңыз).

7Су ыдысын тұщы сумен MAX (Ең жоғары) көрсеткішіне дейін қайта толтырып,оны құрылғыға сырғытыңыз.

,, Қосу/өшіру түймесі үздіксіз жанады.

Құрылғы пайдалануға дайын.

Құрылғыны пайдалану

Керемет эспрессоны дайындау үшін құрылғы ішкі тізбегін сумен үнемі шайып тұрады. Бұл автоматты шаю циклі құрылғы күту режиміне ауысқаннан немесе өшкеннен кейін 15 минуттан кейін орындалады. Автоматты шаю циклі барысында су ішкі тізбек арқылы тамшы науасына өтеді. Тамшы науасын жиі босатып тұрыңыз.

1 немесе 2 эспрессо не қалыпты кофе шыныаяқ қайнату

1Қосу/Өшіру түймесі жасыл түсте үздіксіз жанып тұрғанын және басқару дискісі кофе дәні белгішесіне қарап тұрғанын тексеріңіз.

21 немесе 2 шыныаяқты тамшы науасының қақпағына қойыңыз.

3Эспрессо түймесін немесе қалыпты кофе түймесін басыңыз.

Ескертпе.Қайнату циклін кез келген уақытта тоқтатуға болады. Бұл әрекетті орындау үшін кофе қайнатуды бастау үшін басылған түймені (эспрессо немесе қалыпты кофе) басыңыз.

-- 1 шыныаяқ кофе қайнату үшін эспрессо түймесін немесе қалыпты кофе түймесін бір рет басыңыз.

,, Құрылғы бір шыныаяққа жететін кофе дәндерін ұнтақтап, бір шыныаяқ кофені қайнатады.

ҚАЗАҚША 15

-- 2 шыныаяқ кофе қайнату үшін эспрессо түймесін немесе қалыпты кофе түймесін екі рет басыңыз.

,, 2 шыныаяқ шамы жанады.Құрылғы бір шыныаяққа жеткілікті кофе дәндерін ұнтақтап,екі шыныаяққа жартылай толтырады.

4 Құрылғыны өшіру үшін қосу/өшіру түймесін басыңыз.

,, Егер бір шыныаяқ кофені ғана қайнату қажет болса,құрылғы өшудің алдында ішкі тізбекті қысқа шаяды.

Ескертпе.Құрылғы күту режиміне өткенде ол 30 минуттан кейін автоматты түрде өшеді.

Сүт шайқау

Құрылғыны қосқаннан кейін немесе шыныаяқ кофені қайнатқаннан кейін көпіршік болуы үшін ішкі тізбекте кішкене су болуы мүмкін. Алдымен сол суды құрылғыдан ағызу керек.

1Үлкен шыныаяқты ыстық су/бу түтікшесі немесе сүт шайқау шүмегінің астына қойыңыз.

2Басқару диcкісін бу белгішесіне бұрыңыз.

,, Су қызып жатқанда қосу/өшіру түймесі жыпылықтайды.

,, Ыстық су ыстық су/бу түтікшесіне немесе сүт шайқау шүмегіне барады.

3Ыстық су/Бу түтікшесінен немесе сүт шайқау шүмегінен тек бу шықса,басқару дискісін кофе дәні белгішесіне бұрыңыз.

4Саптыаяқты 1/3 салқын сүтке толтырыңыз.

Ескертпе.Көпіршіктенудің оңтайлы нәтижесін қамтамасыз ету үшін кемінде 3% ақуыз бар салқын сүтті (шамамен 5°C/41°F

температурада) пайдаланыңыз.Қалауыңызға қарай қаймағы алынбаған сүтті немесе майы жартылай алынған сүтті пайдалануға болады.

16 ҚАЗАҚША

5Ыстық су/Бу түтікшесін немесе сүт шайқау шүмегін сүтке батырып,басқару дискісін бу белгішесіне бұрыңыз.Саптыаяқты

жаймен айналдыру және оны жоғары-төмен араластыру арқылы сүтті көпіршіктендіріңіз.

6 Сүт көбігі қажетті қоюлыққа жеткенде басқару дискісін кофе дәні белгішесіне бұрыңыз.

Сүтті көпіршіктендіргеннен кейін кофе қайнатуға дейін құрылғыны салқындату қажет. Келесі қадамдарды орындаңыз.

1Эспрессо түймесін немесе қалыпты кофе түймесін басыңыз. ,, Қосу/Өшіру түймесі құрылғының қызып кетіп,кофені қайната

алмайтынын көрсету үшін жылдам жыпылықтайды.

2Табақты ыстық су/бу түтікшесі немесе сүт шайқау шүмегінің

астына қойып,басқару дискісі ыстық су белгішесін бұрыңыз.

3 Ыстық су ыстық су/бу түтікшесіне немесе сүт шайқау шүмегіне барады.

4Су ағыны тоқтағанын және қосу/өшіру түймесі үздіксіз жанғанын күтіңіз.

5 Басқару диcкісін кофе дәні белгішесіне бұрыңыз. ,, Құрылғы кофе қайнатуға дайын.

Ыстық су

1Қосу/Өшіру түймесі үздіксіз жанып тұрғанын тексеріңіз.Егер қосу/ өшіру түймесі баяу жыпылықтаса,ол құрылғының қызып кеткенін

білдіреді.

2 Шыныаяқты ыстық су/бу түтікшесі немесе сүт шайқау шүмегінің астына қойыңыз.

3 Басқару диcкісін ыстық су белгішесіне бұрыңыз.

,, Су ыстық су/бу түтікшесіне немесе сүт шайқау шүмегіне барады.

4Шыныаяқты қажетті мөлшердегі ыстық су болғанда басқару дискісін кофе дәні белгішесіне бұрыңыз.

ҚАЗАҚША 17

Құрылғыны реттеу

Сіздің талғамыңызға тамаша үйлесетін кофені алу үшін ұнтақтау деңгейін және кофе көлемін реттеуге болады.

Ұнтақтау деңгейін реттеу

Құрылғының ұнтақтау деңгейін реттеуге болады. Әрбір таңдалған ұнтақтау деңгейі керамикалық кофе ұнтақтағыш қайнатылатын әрбір кофе шыныаяғы үшін тамаша ұнтақтауды қамтамасыз етеді. Ол кофенің жұпар иісін сақтап, әрбір шыныаяқтың тамаша дәмін қамтамасыз етеді.

1 (1) ұнтақтау деңгейін реттеу тұтқасын қатты басып,(2) оны бір деңгейге бұрыңыз.5 әр түрлі ұнтақтау деңгейін таңдауға болады. Нүкте кішірейген сайын,кофе қою болады.Айырмашылығын жаңа параметрде 2-3 шыныаяқ кофеден кейін байқауға болады.

Ұнтақтағыштың зақымдануын алдын алу үшін ұнтақтау деңгейін реттеу тұтқасын бірден бір деңгейден артық бұрмаңыз.

Кофе көлемін реттеу

Талғамыңызға және шыныаяқтардың өлшеміне байланысты кофе көлемін реттеуге болады. Қалыпты кофе түймесін және эспрессо түймесін бағдарламалауға болады.

1 Шыныаяқты тамшы науасының қақпағына қойыңыз.

2 Реттеу қажет кофе түрінің түймесін басып тұрыңыз.Құрылғы кофе дәндерін ұнтақтай бастағанда түймені жіберіңіз.

,, 2 шыныаяқ шамы және қосу/өшіру түймесі баяу жыпылықтайды.

3 Шыныаяқта қажетті кофе мөлшері болғанда сол түймені басыңыз.

Құрылғы жаңа параметрді автоматты түрде сақтайды.

Тазалау және күту

Жүйелі түрде тазалау және қақты жою құрылғының пайдалану мерзімін созады және кофенің оңтайлы сапасы мен иісін қамтамасыз етеді.

Құрылғыны суға немесе басқа сұйықтыққа батыруға болмайды.

Құрылғыны тазалау үшін еш уақытта қырғыштарды,қырғыш тазалау құралдарын немесе агрессивті сұйықтықтарды қолданбаңыз.

Тазарту үшін алдымен құрылғыны розеткадан ажыратып,суытып алу керек.

Ескертпе.Ешқандай бөлшегін ыдыс-ая жуатын машинада жумаңыз. Оларды ағынды сумен шайыңыз.

18 ҚАЗАҚША

Ыстық су/Бу түтікшесі немесе сүт шайқау шүмегін тазалау

Ыстық су/Бу түтікшесі немесе сүт шайқау шүмегін әрбір пайдаланғаннан кейін дымқыл шүберекпен тазалаңыз. Ыстық су/Бу түтікшесі немесе сүт шайқау шүмегін аптасына бір рет тазалаңыз.

1Ыстық су/Бу түтікшесінен қорғау тұтқасын төмен басу арқылы алыңыз.

Ыстық су/Бу түтікшесі немесе сүт шайқау шүмегі ыстық болуы мүмкін.

-- Егер құрылғыда сүт шайқау шүмегі болса, түтікшені және жоғарғы бөлшекті алыңыз.

2 Түтікшені және жоғарғы бөлшекті тұщы сумен шайып,құрғақ шүберекпен кептіріңіз.

3 Сүт қалдықтарын жою үшін ыстық су/бу түтікшесін дымқыл шүберекпен тазалаңыз.

4 Қорғау тұтқасын және сүт шайқау шүмегін (болса) ыстық су/бу түтікшесіне қайта салыңыз.Олар дұрыс орнатылғанда дыбыс естіледі.

Қайнату құрылғысын тазалау

Қайнату құрылғысын ыдыс-аяқ жуатын машинада тазаламаңыз және оны тазалау үшін жуу сұйықтығын немесе тазалау құралын пайдаланбаңыз.

Қайнату құрылғысын аптасына бір рет тазалаңыз.

1Құрылғыны өшіріп,токтан суырыңыз.

2Кофе қалдықтарының ыдысын құрылғыдан алып тастаңыз.

3 Сақтау есігін ашыңыз.

ҚАЗАҚША 19

4PUSH түймесін басып (1),құрылғыдан шығару үшін қайнату құрылғысының қысқышын (2)тартыңыз.

5Кофенің шығатын арнасын қасықтың тұтқасы немесе басқа дөңгелек басты асүй жабдығымен тазалаңыз.

6 Қайнату құрылғысының сыртын жылы ағынды сумен шайыңыз.

Қайнату құрылғысын тазалау үшін жуу сұйықтығын немесе басқа тазалау құралын ешқашан пайдаланбаңыз.

Қайнату құрылғысын шүберекпен кептірмеңіз,себебі қайнату құрылғысының ішінде талшықтар жиналуы мүмкін.Шайғаннан кейін қайнату құрылғысынан артық суды шайқап шығарыңыз немесе ауамен кептіріңіз.

7Қайнату құрылғысына құрылғыға қайта сырғыту үшін құрылғының қапталындағы екі сілтеме белгіні тексеріңіз.Егер олар сәйкес болмаса,келесі қадамды орындаңыз:

-- Тұтқа қайнату құрылғысының негізімен байланысып тұрғанын тексеріңіз.

8Қайнату машинасының құлыптау ілмегі дұрыс орналасқанын тексеріңіз.

20 ҚАЗАҚША

-- Ілмекті дұрыс орналастыру үшін оны жоғары қарай жоғарғы орынға жеткенше көтеріңіз.

Ескертпе.Егер ол төменгі орында болса,ілмек дұрыс емес орналасқан.

9Қайнату құрылғысын құрылғыға құрылғының қапталындағы бағыттағыш жолдары арқылы,орынға бекітілгенше сырғытыңыз.

PUSH түймесін баспаңыз.

10 Сақтау есігін жабыңыз.

11 Кофе қалдықтарының ыдысын құрылғыға қайта сырғытыңыз.

Майлау

Құрылғының оңтайлы жұмыс істеуі үшін 500 шыныаяқ кофе қайнатқаннан кейін немесе әрбір 3 ай сайын қайнату құрылғысын майлап тұрыңыз. Май сатып алу үшін Philips Saeco анықтамалық қызметіне хабарласыңыз.

1 Құрылғыны өшіріп,токтан суырыңыз.

2 Қайнату құрылғысын құрылғыдан алу үшін «Қайнату құрылғысын тазалау» бөліміндегі 2-4-ші қадамдарды орындаңыз.

3Қайнату құрылғысының астынғы жағындағы біліктің айналасына май жағыңыз.

ҚАЗАҚША 21

4 Майды суретте көрсетілгендей бөлшектің екі жағына да жағыңыз.

5Қайнату құрылғысы мен кофе қалдықтарының ыдысын қайта құрылғыға орнату үшін «Қайнату құрылғысын тазалау» бөліміндегі 7-11-ші қадамдарды орындаңыз.

Құрылғының қағын тазалау

Пайдалану барысында қақ құрылғы ішінде жиналады. Қақтан тазалау шамы үздіксіз жанғанда құрылғының қағын тазалау өте маңызды. Құрылғының қағын тазалау үшін арнайы Philips Saeco қақтан тазалау құралын ғана пайдаланыңыз. Philips Saeco қақтан тазалау құралы құрылғының оңтайлы өнімділігін қамтамасыз ету үшін жасалған. Philips Saeco қақтан тазалау құралын келесі мекенжай бойынша онлайн сатып алуға болады: www.shop.philips.com/service.

Ескертпе.Басқа қақтан тазалау өнімдерді пайдалансаңыз, құрылғыны зақымдауы және суда қалдықтарды қалдыруы мүмкін.

Қақтан тазалау процедурасы барысында құрылғыдан шығатын, су ыдысына құятын суды немесе қандай да бір басқа қалдықтары бар суды,қақтан тазалау қоспасы қосылған суды ешқашан ішпеңіз.

Қақтан тазалау процедурасы

Қақтан тазалау процедурасы 30 минутқа созылады және қақтан тазалау циклі мен шаю циклінен тұрады.

Дайындау

1 Құрылғыны өшіріңіз.

Егер құрылғыны өшірмесеңіз,қақтан тазалау циклін қоса алмайсыз.

2Тамшы науасын босатып,оны орнына қойыңыз.Сүт шайқау шүмегін (болса) алып тастаңыз.

3Су ыдысын босатып,Intenza+ су сүзгісін (болса) алыңыз.Қақтан тазалау құралын су ыдысына құйыңыз.

4Су ыдысындағы қақтан тазалау құралына суды MAX (Ең жоғарғы) көрсеткішіне дейін қосыңыз.

5 Басқару диcкісін кофе дәні белгішесіне қарап тұрғанын тексеріңіз.

22 ҚАЗАҚША

6 Табақты ыстық су/бу түтікшесінің астына қойыңыз.

Қақтан тазалау циклі

1Эспрессо түймесін және қалыпты кофе түймесін бірге шамамен 5 секунд басыңыз.

,, Бүкіл қақтан тазалау циклі барысында қызғылт сары қақтан тазалау шамы жыпылықтайды.

2Басқару дискісін ыстық су белгішесіне бұрып,ыстық суды қайнатыңыз.Ыстық суды ыстық су/бу түтікшесінен 10 секунд

бойы ағызыңыз.

3Басқару дискісін кофе дәні белгішесіне қайта бұрыңыз.Қақтан тазалау құралы іске қосулы үшін шамамен 1 минут күтіңіз.

4 Шыныаяқ эспрессоны қайнату үшін эспрессо түймесін басыңыз. Қақтан тазалау құралы іске қосулы үшін шамамен 1 минут күтіңіз.

Ескертпе.Қақтан тазалау процесі барысында кофе ұнтақтау функциясы жұмыс істемейді.Егер эспрессо түймесін бассаңыз, құрылғыдан тек су ағады.

52-4-ші қадамдарды «су ыдысы бос» шамы үздіксіз жанғанша қайталаңыз.

Шаю циклі

1 Су ыдысын құрылғыдан шығарып,оны шайыңыз.

ҚАЗАҚША 23

2Су ыдысын тұщы сумен MAX (Ең жоғары) көрсеткішіне дейін толтырып,су ыдысын құрылғыға сырғытыңыз.

3табақты босатып,оны ыстық су/бу түтікшесінің астындағы тамшы науасына қойыңыз.

4Эспрессо түймесін басып,бір шыныаяқ эспрессо қайнатыңыз. Осы әрекетті екі рет қайталаңыз.

5 Басқару диcкісін ыстық су белгішесіне бұрыңыз.

6Ыстық суды ыстық су/бу түтікшесінен «су ыдысы бос» шамы үздіксіз жанғанша ағызыңыз.

Ескертпе.Егер су ағынын тоқтатқыңыз келсе,басқару диcкісін кофе дәні белгішесіне бұрыңыз.Су ағынын қайта ағызу үшін оны ыстық су белгішесіне қайта бұрыңыз.

7Тамшы науасын алып,оны шайып,орнына қайта қойыңыз.

8Сүт шайқау шүмегін қайта бекітіңіз.

9Су ыдысын шығарып алып,шайыңыз.

10Intenza+ су сүзгісін (болса) қайта орнатыңыз.

11Су ыдысын тұщы сумен MAX (Ең жоғары) көрсеткішіне дейін толтырып,су ыдысын құрылғыға сырғытыңыз.

12Құрылғыны өшіру үшін қосу/өшіру түймесін басыңыз.

,, Құрылғыны қайта қосқан кезде ол қайта пайдалануға дайын.

Қақтан тазалау процедурасын аяқтау мүмкін болмаса

Егер құрылғы қақтан тазалау процедурасында тұрып қалса, қосу/өшіру түймесін басуға болады. Бұл қақтан тазалау процедурасын аяқтауға мүмкіндік береді. Құрылғы кофені қайта қайната алатынын тексеру үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз.

1Эспрессо түймесін және қалыпты кофе түймесін бірге шамамен 5 секунд басыңыз.

2Тамшы науасын алып,оны шайып,орнына қайта қойыңыз.

3Су ыдысын шығарып алып,шайыңыз.

24 ҚАЗАҚША

4 Су ыдысын тұщы сумен MAX (Ең жоғары) көрсеткішіне дейін толтырып,су ыдысын құрылғыға сырғытыңыз.

5 Эспрессо түймесін басып,бір шыныаяқ эспрессо қайнатыңыз. Осы әрекетті екі рет қайталаңыз.

6 Басқару дискісін ыстық су белгішесіне бұрыңыз.Ыстық суды ыстық су/бу түтікшесінен «су ыдысы бос» шамы үздіксіз жанғанша ағызыңыз.

7Тамшы науасын алып,оны шайып,орнына қайта қойыңыз.

8Сүт шайқау шүмегін қайта бекітіңіз.

9Су ыдысын шығарып алып,шайыңыз.

10 Intenza+ су сүзгісін (болса) қайта орнатыңыз.

11 Су ыдысын тұщы сумен MAX (Ең жоғары) көрсеткішіне дейін толтырып,су ыдысын құрылғыға сырғытыңыз.

12 Құрылғыны өшіру үшін қосу/өшіру түймесін басыңыз.

,, Құрылғыны қайта қосқан кезде ол қайта пайдалануға дайын.

Шам сигналдарының мәні

-- Қосу/Өшіру түймесі үздіксіз жанады. Құрылғы пайдалануға дайын.

-- Қосу/Өшіру түймесі баяу жыпылықтайды. Құрылғы қызып кетті немесе процедураны орындап жатыр.

-- Қосу/Өшіру түймесі жылдам жыпылықтайды. Құрылғы қызып жатыр. Құрылғыны суыту үшін бір шыныаяқ ыстық суды қайнатыңыз.

ҚАЗАҚША 25

-- Қақтан тазалау шамы және қосу/өшіру түймесі үздіксіз жанады. Құрылғының қағын тазалау қажет. «Құрылғының қағын тазалау» тарауындағы нұсқауларды орындаңыз.

-- Қақтан тазалау шамы баяу жанады. Құрылғы қақтан тазалап жатыр.

-- 2 шыныаяқ шамы және қосу/өшіру түймесі баяу жыпылықтайды. құрылғы қайнатылатын кофе мөлшерін бағдарламалап жатыр. «Құрылғыны пайдалану» тарауының «Кофе көлемін реттеу» бөліміндегі нұсқауларды орындаңыз.

-- 2 шыныаяқ шамдары үздіксіз жанады және қосу/өшіру түймесі баяу жыпылықтайды. Құрылғы екі шыныаяқ кофені қайнатып жатыр.

-- «Су ыдысы бос» шамы үздіксіз жанады. Су деңгейі төмен. Су ыдысын тұщы сумен MAX (Ең жоғары) көрсеткішіне дейін толтырыңыз.

-- Ескерту шамы үздіксіз жанады және қосу/өшіру түймесі өшеді. Кофе қалдықтарының ыдысы толы. Құрылғы қосулы кезде кофе қалдықтарының ыдысын босатыңыз. Кофе қалдықтарының ыдысын қайта орнатудың алдында ескерту шамы жыпылықтайтынын тексеріңіз.

Loading...
+ 57 hidden pages