AEG F 99015 VI1P User Manual

0 (0)
AEG F 99015 VI1P User Manual

FAVORIT 99015 VI1P

KK Қолдану туралы нұсқаулары

2

 

RUИнструкция по эксплуатации

19

 

UKІнструкція

38

2www.aeg.com

МАЗМҰНЫ

1. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3 2. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5 3. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 6 4. БАҒДАРЛАМАЛАР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 7 5. ФУНКЦИЯЛАР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 8 6. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 10 7. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 12 8. АҚЫЛ-КЕҢЕС . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 13 9. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 14 10. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 16 11. ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 17

ТАМАША НӘТИЖЕЛЕРГЕ ЖЕТУ

AEG бұйымын таңдағаныңызға рахмет. Біз көптеген жылдар бойы, өмір сүруді барынша жеңілдетуді алға мақсат етіп қоя отырып, үздік технологияға негізделген, әдеттегі тұрмыстық техникада кездесе бермейтін функциялармен жабдықталған, мінсіз жұмыс жасайтын құрылғыларды өндіріп келеміз. Бірнеше минут уақытыңызды бөліп, құрылғының мүмкіндігін толық пайдалану үшін нұсқаулықпен танысып шығыңыз.

Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:

Қолдануға қатысты кеңестер, кітапшалар, ақаулықты түзету, қызмет көрсету туралы ақпарат:

www.aeg.com

Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз: www.aeg.com/productregistration

Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:

www.aeg.com/shop

ТҰТЫНУШЫҒА КӨМЕК, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.

Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын болуын қамтамасыз етіңіз.

Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан табуға болады. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі

Ескерту / Абайлаңыз - Қауіпсіздік туралы маңызды мағлұмат.

Жалпы мағлұматтар менен кеңестер

Қорғаған ортаға зиян келдірмей пайдалану туралы нұсқаулар Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.

ҚАЗАҚ 3

1. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ

Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау нәтижесінде адам жарақат алса және ақаулық орын алса өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықты келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап қойыңыз.

1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың қауіпсіздігі

Назарыңызда болсын! Тұншығып қалу, жарақат алуы немесе мүгедек болып қалу қаупі бар.

Кембағал, сезім мүкістігі бар немесе ақыл-есі кем, құрылғыны қолдану тәжірибесі жоқ немесе қолдана білмейтін адамдарға, балаларға оны іске қосуға рұқсат бермеңіз. Олар осы құрылғыны өз қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамның нұсқауы немесе қадағалауы бойынша пайдалануға тиіс.

Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.

Орам материалдарының барлығын балалардан алыс ұстаңыз.

Жуғыш заттардың барлығын балалардан алыс ұстаңыз.

Құрылғының есігі ашық тұрғанда, балалар мен үй жануарларын алыс ұстаңыз.

Электртоғына қосу

Назарыңызда болсын!

Өрт шығу және электр қатеріне ұшырау қаупі бар.

Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау қажет.

Техникалық ақпарат тақтайшасындағы электр параметрлерінің электр желісіндегі параметрлерге сай келетініне көз жеткізіңіз. Сай келмесе, электршіге хабарласыңыз.

Әрқашан дұрыс орнатылған, қатерден сақтандырылған розетканы қолданыңыз.

Көп тармақты адаптерлер мен ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.

Құрылғының ашасына және сымына зақым келтірмеңіз. Құрылғының қорек сымын ауыстыру қажет болса, оны міндетті түрде қызмет көрсету орталығы жүзеге асыруға тиіс.

Құрылғының ашасын розеткаға тек құрылғыны орнатып болғаннан кейін ғана жалғаңыз. Орнатып болғаннан кейін ашаның қол жететін жерде тұрғанына көз жеткізіңіз.

Құрылғыны тоқтан ажырату үшін сымынан тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып суырыңыз.

Қорек сымын немесе ашасын су қолмен ұстамаңыз.

Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне сай келеді.

1.2 Орнату

Орам материалдарының барлығын алыңыз.

Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе іске қоспаңыз.

Құрылғыны температурасы 0 °C градустан төмен жерге орнатпаңыз немесе қолданбаңыз.

Құрылғымен бірге берілген орнату бойынша нұсқауларды орындаңыз.

Құрылғының үсті мен жан-жағын қоршаған конструкциялардың қауіпсіз болуын қамтамасыз етіңіз.

Суға қосу

Су қосылымы түтіктеріне ешбір зақым келтірмеңіз.

Құрылғыны жаңа құбырларға немесе ұзақ уақыт қолданылмаған құбырларға жалғамай тұрып, суын тазарғанша ағызыңыз.

Құрылғыны алғаш рет қолданған кезде еш жерінен су ақпай тұрғанына көз жеткізіңіз.

Су құятын түтік, ішіне сым өткізілген екі қабат қаптамадан тұрады және қауіпсіздік клапанымен жабдықталған.

4www.aeg.com

Назарыңызда болсын! Қатерлі кернеу.

Егер су құятын түтік бүлінсе, ашаны дереу розеткадан суырыңыз. Су құятын түтікті ауыстыру үшін Қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

1.3 Қолданылуы

Бұл құрылғы үйде және сол сияқты төменде аталған жерлерде қолдануға арналған:

Дүкендердің, кеңселердің және басқа жұмыс орындарының қызметкерлерге арналған ас бөлмелерінде

Фермадағы үйлерде

Қонақ үйлерде, мотельдер мен басқа да тұрғынды жерлерде

Төсек және таңғы аспен қамтамасыз ететін жерлерде.

Назарыңызда болсын! Жарақат алу, күйіп қалу, электр немесе өрт қаупі бар.

Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын өзгертпеңіз.

Өткір ұшты пышақтар мен ас құралдарының ұштарын төмен қаратып немесе көлденеңінен қойып ас құралдарына арналған себетке салыңыз.

Құрылғының есігі ашық тұрған кезде соғылып қалмас үшін қараусыз қалдырмаңыз.

Ашық тұрған есікке отырмаңыз немесе үстіне шықпаңыз.

Ыдыс жуғыш машинаға арналған жуғыш заттар қауіпті. Жуғыш заттың орамында көрсетілетін нұсқауларды орындаңыз.

Құрылғыдағы сумен ойнауға немесе ішуге болмайды.

Ыдыстарды бағдарлама аяқталғанша құрылғыдан алмаңыз. Ыдыстарда жуғыш зат болуы мүмкін.

Бағдарлама орындалып тұрғанда құрылғы есігін ашсаңыз, ыстық бу шығуы мүмкін.

Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш зат салынған дымқыл заттарды құрылғының ішіне, қасына немесе үстіне қоймаңыз.

Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және буды қолданбаңыз.

1.4 Ішкі шам

Бұл құрылғының есікті ашқан кезде қосылып, есік жабылған кезде сөнетін ішкі шамы бар.

Осы құрылғының ішіндегі шам бөлмені жарықтандыруға жарамайды.

Шамды ауыстыру үшін қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

1.5 Құрылғыны тастау

Назарыңызда болсын! Жарақат алу немесе тұншығып қалу қаупі бар.

Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.

Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа тастаңыз.

Балалар мен жануарлар құрылғыға қамалып қалмас үшін есіктің бекітпесін алыңыз.

ҚАЗАҚ 5

2. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ

1

2

3

12

11

10

9

8

7

6

5

4

 

Ең үстіңгі бүріккіш түтік

 

Ауа саңылауы

1

7

 

Үстіңгі бүріккіш түтік

 

Шайғыш зат үлестіргіші

2

8

 

Астыңғы бүріккіш түтік

 

Жуғыш зат үлестіргіші

3

9

 

Сүзгілер

 

Ас құралдары себеті

4

10

 

Техникалық ақпарат тақташасы

 

Астыңғы себет

5

11

 

Тұз сауыты

 

Үстіңгі себет

6

12

2.1 TimeBeam

TimeBeam - құрылғы есігінің астыңғы жағындағы еденнен көрінетін бейнебет.

• Бағдарлама басталған кезде бағдарламаның ұзақтығы көрсетіледі.

• Бағдарлама аяқталған кезде 0:00 және CLEAN индикаторы жанады.

• Кешіктіріп бастау функциясы басталған кезде кері санақ пен

DELAY жанады.

• Құрылғыда ақау пайда болған кезде ескерту коды жанады.

6www.aeg.com

3. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ

Бейнебеттегі хабарлар мен дыбыстық сигналдар құрылғыны қолдануға көмектеседі.

1

 

2

 

3

 

4

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6

 

 

 

5

 

 

 

Қосу/өшіру түймешігі

 

 

OPTION түймешігі

1

 

4

 

Мәзір түймешігі (жоғары)

 

 

OK START түймешігі

2

 

5

 

Бейнебет

 

 

Мәзір түймешігі (төмен)

3

 

6

3.1 Бейнебет

B

A)Бұл аумақта хабарлар, бағдарламалар, функциялар мен бағдарлама циклдары көрсетіледі.

B)Бұл аумақта функция белгілері көрсетіледі.

A

Белгішелер

DELAY START

Бұл индикатор кешіктіріп бастау функциясын іске қосқан кезде жанады.

MULTITAB

Бұл multitab функциясын қосқан кезде жанады.

SOUND VOLUME

Бұл дыбыстық сигналдар сөндірулі кезде естіледі.

EXTRA HYGIENE

Бұл функцияны қосқанда немесе INTENSIV PRO бағдарлама орнатылып тұрғанда жанады.

 

 

 

 

ҚАЗАҚ 7

4. БАҒДАРЛАМАЛАР

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағдарлама

Ластану дәрежесі

Бағдарлама

Функциялар

 

 

Кірдің түрі

циклдар

 

 

AUTOSENSE1)

Барлығы

Алдын ала жуу

EXTRA

 

 

Фарфор ыдыс, ас

Жуу 45 °C градустан

HYGIENE

 

 

құралдары,

70 °C дейін

 

 

 

кәстрөлдер мен

Шаю циклдары

 

 

 

табалар

Құрғату

 

 

INTENSIV

Қатты ластанған

Алдын ала жуу

PROBOOST

 

PRO2)

Фарфор ыдыс, ас

Жуу 70 °C

 

 

 

құралдары,

Шаю циклдары

 

 

 

кәстрөлдер мен

Құрғату

 

 

 

табалар

 

 

 

EXTRA

Қалыпты

Алдын ала жуу

 

 

SILENT3)

ластанған

Жуу 50 °C

 

 

 

Фарфор ыдыс-аяқ

Шаю циклдары

 

 

 

пен ас құралдары

Құрғату

 

 

30 MINUTES 4)

Жаңа ластанған

Жуу 60 °C

EXTRA

 

 

Фарфор ыдыс-аяқ

Шаю

HYGIENE

 

 

пен ас құралдары

 

 

 

ECO5)

Қалыпты

Алдын ала жуу

EXTRA

 

 

ластанған

Жуу 50 °C

HYGIENE

 

 

Фарфор ыдыс-аяқ

Шаю циклдары

 

 

 

пен ас құралдары

Құрғату

 

 

60 MINUTES

Қалыпты

Жуу 55 °C

EXTRA

 

 

ластанған

Шаю циклдары

HYGIENE

 

 

Фарфор ыдыс-аяқ

 

 

 

 

пен ас құралдары

 

 

 

PROZONE6)

Аралас ластық

Алдын ала жуу

 

 

 

Фарфор ыдыс, ас

Жуу 70 °C

 

 

 

құралдары,

Шаю циклдары

 

 

 

кәстрөлдер мен

Құрғату

 

 

 

табалар

 

 

 

45° GLASS

Қалыпты не

Жуу 45 °C

 

 

 

шамалы

Шаю циклдары

 

 

 

ластанған

Құрғату

 

 

 

Осал ыдыс-аяқ

 

 

 

 

пен шыны ыдыс

 

 

 

PREWASH 7)

Барлығы

Алдын ала жуу

 

1)Құрылғы себеттердегі заттардың қаншалықты ластанғанын және заттардың санын анықтай алады. Ол судың температурасы мен мөлшерін, қуаттың тұтынылу шамасы мен бағдарлама уақытын автоматты түрде реттейді.

2)Бұл бағдарламаның жуу нәтижесін жақсартуға арналған жоғары температурада шаю циклы бар. Шаю циклі кезінде температура кем дегенде 10 минут 70 °C градуста тұрады.

3)Бұл ең шуылсыз бағдарлама. Шуыл деңгейін азайту үшін сорғы өте төмен жылдамдықпен жұмыс істейді. Жылдамдық төмен болғандықтан бағдарлама уақыты ұзақ.

8www.aeg.com

4)Осы бағдарламамен жаңа ластанған ыдыстарды жууға болады. Бұл қысқа уақыт ішінде жақсы нәтиже береді.

5)Осы бағдарламаны қолданып, қалыпты кірлеген фарфор ыдыс-аяқ пен ас құралдарын жуғанда, су мен қуат барынша тиімді жұмсалады. (Бұл сынақ мекемелеріне арналған стандартты бағдарлама).

6)Осы бағдарламамен ыдыстардағы аралас ластықты жууға болады. Қатты ластанған ыдыстарды астыңғы себетке және қалыпты ластанған ыдыстарды үстіңгі

себетке салыңыз. Астыңғы себеттегі судың қысымы мен температурасы үстіңгі себетпен салыстырғанда жоғары болады.

7) Бұл бағдарламаны ыдыстарды жылдам шаю үшін қолданыңыз. Бұл қалдықтардың ыдыстарға жабысып, құрылғыдан жағымсыз иіс шығуына жол бермейді.

Бұл бағдарламаны қолданғанда, жуғыш заттарды пайдаланбаңыз.

Тұтыну мәндері

Бағдарлама1)

Ұзақтығы

Қуат

Су

 

(мин)

(кВт)

(л)

AUTOSENSE

40

- 150

0.6 - 1.4

7 - 14

INTENSIV PRO

150 - 160

1.4 - 1.6

13 - 14

EXTRA SILENT

200 - 220

1.1 - 1.2

9 - 10

30 MINUTES

30

 

0.8

9

ECO

195

1.03

10.2

60 MINUTES

55

- 65

1.0 - 1.2

10 - 11

PROZONE

130 - 140

1.2 - 1.3

14 - 15

45° GLASS

70

- 80

0.7 - 0.9

11 - 12

PREWASH

14

 

0.1

4

1) Мәндерді судың қысымы мен температурасы, электр қуатының ауытқуы, параметрлер және ыдыс-аяқтың мөлшері өзгертуі мүмкін.

Сынақ институттарына арналған ақпарат Сынақ өткізуге қажетті ақпараттар туралы хабарларды мына эл.поштаға жолдаңыз.

info.test@dishwasher-production.com

Техникалық ақпарат тақтайшасындағы құрылғының нөмірін (PNC) жазып қойыңыз.

5. ФУНКЦИЯЛАР

5.1 Функция мәзірі

Параметрлерді бағдарламаны бастамай тұрып іске қосыңыз немесе сөндіріңіз.

Параметрлерді бағдарлама жұмыс істеп тұрған кезде қосу немесе сөндіру мүмкін емес.

 

 

ҚАЗАҚ 9

 

 

 

Мәзір

Ішкі мәзір

Функцияның сипаттамасы

DELAY

 

Бағдарламаны 1 сағаттан 24

START

 

сағатқа дейін кешіктіріп бастауға

 

 

арналған.

SETTINGS

LANGUAGE ENGLISH

Бейнебеттегі хабарлардың тілін

 

(Әр түрлі тілдерді

орнатуға арналған.

 

таңдауға болады).

 

 

BRIGHTNESS

Бейнебеттің жарықтылығын

 

(10 түрлі деңгейі бар).

көбейтуге немесе азайтуға

 

 

арналған.

 

COLOUR

TimeBeam түсін орнатуға

 

(Әр түрлі түстерді

арналған.

 

таңдауға болады).

0 = TimeBeam сөндірулі.

 

SOUND VOLUME

Дыбыстық сигналдардың үнділігін

 

(5 түрлі деңгейі бар).

реттеуге арналған.

 

 

0 деңгей = дыбыс өшірілген

 

RINSE AID

Шайғыш зат үлестіргішін іске

 

ON

қосуға арналған.

 

OFF

 

 

WATER HARDNESS

Су жұмсартқыштың деңгейін

 

(10 түрлі деңгейі бар).

электрондық тәсілмен баптау

 

 

үшін.

PROBOOST

ON

Бұл параметр алдын ала жуу

 

OFF

және жуу циклдарындағы судың

 

 

қысымын 40%-ға көбейтеді.

 

 

Қатты кірлеген затты жусаңыз да,

 

 

жуу нәтижесі өте жақсы болады.

MULTITAB

ON

Бұл параметрді аралас жуғыш

 

OFF

таблеткаларды қолданғанда ғана

 

 

іске қосыңыз. Бағдарламаның

 

 

уақыты ұзарады.

 

 

Бұл параметр шайғыш зат пен

 

 

тұзды ағызбай тоқтатады. Қайта

 

 

толтыруға қатысты хабарлар

 

 

сөндірулі тұрады.

EXTRA

ON

Бұл параметр гигиенаны сақтауға

HYGIENE

OFF

қатысты жақсы нәтижелер береді.

 

 

Шаю циклі кезінде температура

 

 

кем дегенде 10 минут 70 °C

 

 

градуста тұрады.

Функцияны қалай орнату керек

1.Функциялар мәзірін ашу үшін OPTION түймешігін басыңыз.

2.Функциялар мәзірін қарап шығу үшін мәзір түймешіктерінің бірін басыңыз.

3.Функцияны растау және ішкі мәзірді ашу үшін OK START түймешігін басыңыз.

4.Ішкі мәзірді шарлау және функцияны орнату үшін мәзір түймешіктерінің бірін пайдаланыңыз.

5.OK START түймешігін басып растаңыз.

10www.aeg.com

6.Функциялар мәзірін жабу үшін OPTION түймешігін басыңыз.

6. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН

1.Құрылғыны іске қосу үшін қосу/ сөндіру түймешігін басыңыз.

2.Бейнебетте әдепкі тіл көрсетіледі: LANGUAGE ENGLISH.

Егер ағылшын тілін растағыңыз келсе, OK START түймешігін басыңыз.

Егер басқа тіл орнатқыңыз келсе, тілдер тізімін қарап шығу үшін мәзір түймешіктерінің бірін басып, содан кейін OK START түймешігін басып растаңыз.

3.Функциялар мәзірін жабу үшін OPTION түймешігін басыңыз.

4.Су жұмсартқыштың қойылған деңгейі тұратын жеріңіздегі судың кермектігіне сай келетініне көз

жеткізіңіз. Сай келмесе, су жұмсартқыштың деңгейін реттеңіз. Тұратын жеріңіздегі судың кермектігін, жергілікті сумен жабдықтау мекемесіне хабарласып біліңіз.

5.Тұз сауытын толтырыңыз.

6.Шайғыш зат үлестіргішін толтырыңыз.

7.Су құятын шүмекті ашыңыз.

8.Құрылғыда өндіру үрдісінің қалдықтары қалуы мүмкін. Оларды тазалау үшін бағдарламаны бастаңыз. Жуғыш затты қолданбаңыз және себеттерді толтырмаңыз.

6.1 Су жұмсартқышты реттеу

 

Судың кермектігі

 

Су жұмсартқыш

 

 

реттеу

 

 

 

 

Германия

Франция

ммоль/л

Кларк

Электронды

градусы

градусы

 

градусы

тәсілмен

(°dH)

(°fH)

 

 

 

47 - 50

84 - 90

8.4. - 9.0

58 - 63

10

43 - 46

76 - 83

7.6 - 8.3

53 - 57

9

37 - 42

65 - 75

6.5 - 7.5

46 - 52

8

29 - 36

51 - 64

5.1 - 6.4

36 - 45

7

23 - 28

40 - 50

4.0 - 5.0

28 - 35

6

19 - 22

33 - 39

3.3 - 3.9

23 - 27

5 1)

15 - 18

26 - 32

2.6 - 3.2

18 - 22

4

11 - 14

19 - 25

1.9 - 2.5

13 - 17

3

4 - 10

7 - 18

0.7 - 1.8

5 - 12

2

< 4

< 7

< 0.7

< 5

12)

1)Зауытта орнатылған параметр.

2)Тұзды осы деңгейге қойып қолданбаңыз.

Электондық жолмен реттеу

кестесіне қарап, тиісті деңгейге

Функция мәзірін ашыңыз да, су

қойыңыз. Функция мәзірінің кестесіне

қараңыз.

жұмсартқышты судың кермектігі

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚ

11

6.2 Тұз сауытын толтыру

 

 

 

 

 

 

 

1. Тұз сауытының қақпағын сағат

 

 

 

 

 

тілінің бағытына қарсы бұрап

 

 

 

 

 

ашыңыз.

 

 

 

 

2. Тұз сауытына 1 литр су құйыңыз

 

 

 

 

 

(ең алғаш қолданғанда ғана).

 

 

 

 

3. Тұз сауытына ыдыс жуғыш

 

 

 

 

 

машина тұзынан салыңыз.

 

 

 

 

4. Тұз сауытының ернеуіндегі тұзды

 

 

 

 

 

тазалаңыз.

 

 

 

 

5. Тұз сауытының қақпағын сағат

 

 

 

 

 

тілінің бағытымен бұрап жабыңыз.

 

 

 

 

Сақтандыру туралы ескерту!

 

 

 

 

 

Тұз сауытын толтырған кезде

 

 

 

 

 

одан су және тұз ағуы мүмкін.

 

 

 

 

 

Тот басу қауіпі бар. Бұндай

 

 

 

 

 

жағдайға жол бермеу үшін тұз

 

 

 

 

 

сауытын толтырғаннан кейін

 

 

 

 

 

бағдарламаны бастаңыз.

 

 

 

 

 

Тұз сауытын толтыру қажет

 

 

 

 

 

болған кезде, бейнебетте

 

 

 

 

 

хабар пайда болады.

 

 

 

 

 

Бағдарлама жұмыс істеп тұрған

 

 

 

 

кезде хабар көрінбей тұрады.

 

6.3 Шайғыш зат үлестіргішін толтыру

 

A

 

B

1.

(D) босату түймешігін басып,

 

 

 

қақпақты (C) ашыңыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Шайғыш зат үлестіргішін (A)

 

 

 

 

 

толтырыңыз, 'max' деңгейінен

 

M AX

 

 

асырмаңыз.

 

3

21

 

3.

Төгіліп қалған шайғыш зат қатты

 

4

-

 

 

+

 

 

 

 

 

 

көпіршімес үшін сіңіргіш

 

 

 

 

 

шүберекпен тазалаңыз.

 

 

 

 

4.

Қақпақшаны жабыңыз. Босату

 

 

 

 

C

түймешігінің бекіту қалпына

 

 

 

 

қойылғанына көз жеткізіңіз.

 

 

 

 

D

 

 

 

 

Үлестіру мөлшерін ретеу тетігін

 

 

 

 

 

 

 

 

(B) 1 (ең аз мөлшер) және 4 (ең

 

 

 

 

көп мөлшер) аралығына қоюға

 

 

 

 

болады.

 

 

 

 

 

Шайғыш зат сауытын толтыру

 

 

 

 

 

қажет болған кезде,

 

 

 

 

 

бейнебетте хабар пайда

 

 

 

 

 

болады. Бағдарлама жұмыс

 

 

 

 

 

істеп тұрған кезде хабар

 

 

 

 

 

көрінбей тұрады.

 

12

www.aeg.com

 

 

 

 

 

 

 

 

7. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ

 

 

 

 

1. Су құятын шүмекті ашыңыз.

3.

Себеттерді толтырыңыз.

 

2. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/

4.

Жуғыш заттан қосыңыз.

 

сөндіру түймешігін басыңыз.

 

 

• Егер аралас жуғыш

 

• Бейнебетте тұзға қатысты хабар

 

 

таблеткаларды қолдансаңыз,

 

көрсетілсе, тұз сауытын

 

 

MULTITAB функциясын қосыңыз.

 

толтырыңыз.

 

 

 

 

5.

Бағдарламаны салынған заттар

 

• Бейнебетте шайғыш затқа

 

 

мен олардың ластану деңгейіне

 

қатысты хабар көрсетілсе,

 

 

қарай дұрыс орнатыңыз да, іске

 

шайғыш зат үлестіргішін

 

 

қосыңыз.

 

толтырыңыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

7.1 Жуғыш затты қолдану

 

 

 

 

A

B

 

 

 

 

1.

 

(B) босату түймешігін басып,

 

 

 

 

 

 

 

қақпақты (C) ашыңыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.

Жуғыш затты (A) бөлігіне

 

 

 

 

 

 

 

 

 

салыңыз.

 

 

30

M AX

3.

 

Бағдарламаның алдын ала жуу

 

 

20

+

3

2

-

 

 

циклы болса, құрылғы есігінің ішкі

 

 

 

4

 

 

1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

бөліміне жуғыш заттан аздап

 

 

 

 

 

 

 

 

 

салыңыз.

 

 

 

C

 

 

4.

 

Жуғыш таблеткаларды

 

 

 

 

 

 

 

қолдансаңыз, оларды жуғыш зат

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

үлестіргішіне (A) салыңыз.

 

 

 

 

 

 

 

5.

 

Қақпақшаны жабыңыз. Босату

 

 

 

 

 

 

 

 

 

түймешігінің бекіту қалпына

 

 

 

 

 

 

 

 

 

қойылғанына көз жеткізіңіз.

 

7.2 Бағдарламаны орнату

Құрылғы жұмыс істеп тұрған

 

және бастау

 

 

 

 

кезде есікті ашу

Бағдарламаны бастау

1.Су құятын шүмекті ашыңыз.

2.Құрылғыны іске қосу үшін қосу/ сөндіру түймешігін басыңыз.

3.Бағдарламаны орнатыңыз. Сондай-ақ, тиісті функцияларды да орнатуға болады.

4.OK START түймешігін басып растаңыз.

5.Құрылғының есігін жабыңыз, бағдарлама басталады.

• Егер DELAY START функциясы

орнатылса, құрылғының есігі жабылғаннан кейін кері санақ басталады.

Кері санақ аяқталған кезде, бағдарлама басталады.

Есікті ашсаңыз, құрылғы тоқтайды. Есікті жапқаннан кейін, құрылғы тоқтаған жерінен бастап жұмыс істейді.

Кері санақ жұмыс істеп тұрған кезде кешіктіріп бастау функциясын біржола тоқтату

Кешіктіріп бастау функциясын біржола тоқтатқанда, орнатылған бағдарлама мен функциялар да біржола тоқтайды.

1.OPTION және OK START

түймешіктерін бейнебетте

CONFIRM CANCEL? хабары көрсетілгенше қатар басып ұстап тұрыңыз.

2.OK START түймешігін басып растаңыз. Бейнебетте CHOOSE PROGRAMME жазуы пайда болады.

Бағдарламаны біржола тоқтату

1.OPTION және OK START

түймешіктерін бейнебетте

CONFIRM CANCEL? хабары көрсетілгенше қатар басып ұстап тұрыңыз.

2.OK START түймешігін басып растаңыз. Бейнебетте CHOOSE PROGRAMME жазуы пайда болады.

Жаңа бағдарламаны бастар алдында, жуғыш зат үлестіргіште жуғыш заттың бар екеніне көз жеткізіңіз.

Бағдарламаның соңы

Үзік-үзік дыбыстық сигнал естіледі. Бейнебетте PROGRAMME END және

8. АҚЫЛ-КЕҢЕС

8.1 Су жұмсартқыш

Кермек судың құрамында құрылғыға нұқсан келтіруі және жуу нәтижесіне жаман әсер етуі мүмкін минералдар өте көп мөлшерде кездеседі. Су жұмсартқыш бұл минералдарды бейтарап етеді.

Ыдыс жуғыш машинаға арналған тұз су жұмсартқышты таза, жақсы қалыпта ұстайды. Су жұмсартқыштың дұрыс деңгейін орнатқан маңызды. Бұл су жұмсартқыштың ыдыс жуғыш машина тұзы мен суды дұрыс мөлшерде қолдануын қамтамасыз етеді.

8.2 Тұз, шайғыш зат және жуғыш затты пайдалану

Тек ыдыс жуғыш машинаға арналған тұзды, шайғыш және жуғыш затты пайдаланыңыз. Басқа

ҚАЗАҚ 13

PLEASE SWITCH OFF хабарлары көрсетіледі.

1.Құрылғыны сөндіру үшін қосу/өшіру түймешігін басыңыз.

2.Судың шүмегін жабыңыз.

Егер қосу/сөндіру түймешігін баспасаңыз, бағдарлама аяқталғаннан кейін бірнеше минут өткенде AUTO OFF функциясы құрылғыны автоматты түрде сөндіреді. Бұл электр қуатын аз тұтынуға көмектеседі.

Маңызды

Ыдыс-аяқтарды құрылғыдан суығаннан кейін ғана алыңыз. Ыстық ыдыстар осал келеді.

Алдымен астыңғы себеттегі, содан кейін үстіңгі себеттегі ыдысты алыңыз.

Құрылғының қабырғалары мен есігіне су тұруы мүмкін. Тот баспайтын болат, ыдыс-аяққа қарағанда тез салқындайды.

өнімдер құрылғыға нұқсан келтіруі мүмкін.

Соңғы шаю циклі кезінде шайғыш зат ыдыстарға ешбір жолақ, дақ қалдырмай құрғатуға көмектеседі.

Аралас жуғыш таблеткалардың құрамында жуғыш зат, шайғыш зат және басқа қоспалар бар. Бұл заттардың тұратын жеріңіздегі судың кермектігіне сай келетініне көз жеткізіңіз. Өнімдердің орамындағы нұсқауларды қараңыз.

Жуғыш таблеткалар қысқа бағдарламаларда әбден ерімейді. Жуғыш заттардың қалдықтары ыдыстарға тұрып қалмас үшін жуғыш таблеткаларды пайдаланғанда ұзақ бағдарламаларды қолдануды ұсынамыз.

Жуғыш затты қажетті мөлшерден артық пайдаланбаңыз. Жуғыш заттың

14 www.aeg.com

орамындағы нұсқауларды қараңыз.

8.3 Аралас таблеткаларды пайдалануды тоқтатқыңыз келсе

1.Су жұмсартқышты ең үлкен мәнге қойыңыз.

2.Тұз сауыты мен шайғыш зат үлестіргішінің толы екеніне көз жеткізіңіз.

3.Шаю циклы бар ең қысқа жуу бағдарламасын, жуғыш зат қолданбай және ыдыс салмай орындаңыз.

4.Су жұмсартқышты өзіңіз тұратын жердегі судың кермектігіне лайықтап реттеңіз.

5.Шайғыш заттың қосылатын мөлшерін реттеңіз.

8.4 Себеттерді толтыру

Себеттерді толтыру мысалдары көрсетілген парақшаны қараңыз.

Құрылғыны ыдыс жуғыш машинада жууға болатын заттарды жуу үшін ғана қолданыңыз.

Ағаш, мүйіз, алюминий, қалайы және мыстан жасалған заттарды құрылғыға салмаңыз.

Құрылғыға су сіңіретін заттарды (жөке, ас үй шүберектері) салмаңыз.

Заттарға жабысқан тағам қалдықтарын алыңыз.

Күйіп жабысып қалған тағамды оңай тазалау үшін кәстрөлдер мен табаларды құрылғыға салмай тұрып, суға салып жібітіңіз.

9.КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ

Назарыңызда болсын! Құрылғыны жөндеу алдында электр желісінен ағытып, ашасын розеткадан суырыңыз.

Шұңғыл ыдыстардың (мысалы, кесе, стакан және кәстрөл) аузын төмен қаратып салыңыз.

Ас құралдары мен ыдыс-аяқты араласып кетпейтін етіп салыңыз. Қасықтарды басқа ас құралдарымен араластырып салыңыз.

Стакандарды бір-біріне тигізбей салыңыз.

Кішкене заттарды ас құралдары себетіне салыңыз.

Жеңіл заттарды үстіңгі себетке салыңыз. Заттарды жылжып кетпейтін етіп салыңыз.

Бағдарламаны бастамай тұрып, бүріккіш түтіктердің еркін айнала алатынына көз жеткізіңіз.

8.5 Бағдарламаны бастау алдында

Мынаны ескеріңіз:

Сүзгілердің таза екенін және орнатылып тұрғанын.

Бүріккіш түтіктердің бітеліп қалмағанын.

Заттардың себеттерге дұрыс салынғанын.

Бағдарламаның салынған ыдыстың түріне және ластану дәрежесіне сай екенін.

Жуғыш зат дұрыс мөлшерде қолданылғанын.

Кір жуғыш машина тұзы бен шайғыш заттың (егер аралас жуғыш таблетканы қолданбасаңыз) бар екенін.

Тұз сауытының қақпағының мықтап жабылғанын.

Қоқыс тұрған сүзгілер мен бүріккіш түтіктер жуу нәтижесін төмендетеді.

Уақытылы тексеріп, қажет болса тазалаңыз.

 

 

ҚАЗАҚ

15

9.1 Сүзгілерді тазалау

 

 

 

C

1.

Сүзгіні (A) сағат тілінің бағытына

 

 

қарсы бұрап алыңыз.

 

 

C

 

 

 

A

 

 

 

2.

(A) сүзгісін бөлу үшін, (A1) және

 

 

 

(A2) бөліктерін ажыратыңыз.

 

A1

3.

(B) сүзгісін алыңыз.

 

4.

Сүзгілерді сумен жуыңыз.

 

 

 

 

5.

(B) сүзгісін орнына салар

 

A2

 

алдында, сорғының ішінде немесе

 

айналасында тағам қалдығының

 

 

 

немесе қоқыстың жоқ екеніне көз

 

 

 

жеткізіңіз.

 

 

6.

(B) сүзгісінің 2 бағыттағыштың

 

 

 

астына (C) дұрыс орнатылғанына

 

 

көз жеткізіңіз.

 

 

7.

(A) сүзгісін құрастырып, (B)

 

 

 

сүзгісіне салыңыз. Сырт етіп

 

 

 

орнына түскенше сағат тілінің

 

 

 

бағытымен бұраңыз.

 

Сүзгілер дұрыс салынбаса, жуу нәтижесі қанағаттанғысыз болуы және құрылғыға нұқсан келуі мүмкін.

9.2 Бүріккіш түтіктерді тазалау

Бүріккіш түтіктерді ағытып алмаңыз. Бүріккіш түтіктердің тесіктері бітеліп қалса, қалдықтарды жіңішке шырпымен тазалаңыз.

9.3 Сыртын тазалау

Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен тазалаңыз.

Тек бейтарап тазартқыш заттарды қолданыңыз. Жеміргіш заттарды,

түрпілі жөкені немесе еріткіштерді пайдаланбаңыз.

9.4 Ішін тазалау

Егер қысқа бағдарламаларды жиі пайдалансаңыз, құрылғының ішінде май немесе әк жиналып қалуы мүмкін. Бұндай жағдайдың алдын алу үшін ұзақ бағдарламаларды айына кем дегенде 2 рет қосып орындауды ұсынамыз.

16 www.aeg.com

10. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ

Құрылғы жұмысын бастамай жатыр

шешуге қатысты ұсыныстарды

немесе жұмыс жасап тұрған кезде

 

орындаңыз.

тоқтап қалады.

 

 

Кей мәселелер орын алғанда,

Қызмет көрсету орталығына

 

 

бейнебетте хабар және TimeBeam

хабарласпай тұрып, ақаулықты

 

ескерту кодын көрсетеді.

Бейнебет

TimeBeam

Ақаулық

OPEN THE TAP

 

 

Құрылғыға су құйылмай

 

 

 

тұр.

DRAIN BLOCKED

 

 

Құрылғыдан су

 

 

 

ақпайды.

SERVICE CODE

 

 

Тасқынға қарсы құрал

 

 

 

қосулы.

Назарыңызда болсын!

 

 

Тексеріп көру алдында

 

 

құрылғыны тоқтан

 

 

 

ажыратыңыз.

 

 

 

Ақаулық

 

Ықтимал шешімі

Құрылғыны іске қоса

 

Ашаның розеткаға қосылғанына көз

алмадыңыз.

 

жеткізіңіз.

 

Сақтандырғыш қорабындағы

 

сақтандырғышқа зақым келмегеніне көз

 

жеткізіңіз.

Бағдарлама басталмай тұр.

Құрылғы есігінің жабық тұрғанына көз

 

жеткізіңіз.

 

OK START түймешігін басыңыз.

 

Егер кешіктіріп бастау функциясы

 

орнатылып тұрса, оны ажыратыңыз

 

немесе кері санақ аяқталғанша күтіңіз.

Құрылғыға су құйылмай тұр.

Су шүмегінің ашық тұрғанына көз

 

жеткізіңіз.

 

Сумен жабдықтау жүйесіндегі судың

 

қысымының өте төмен емес екеніне көз

 

жеткізіңіз. Бұл ақпаратты жергілікті су

 

ресурстары мекемесіне хабарласып

 

алыңыз.

 

Су шүмегінің бітеліп қалмағанына көз

 

жеткізіңіз.

 

Су құятын түтіктің сүзгісінің бітеліп

 

қалмағанына көз жеткізіңіз.

 

Су құятын түтіктің бұратылып немесе

 

майысып қалмағанына көз жеткізіңіз.

Құрылғыдан су ақпайды.

Раковина түтікшесінің бітеліп

 

қалмағанына көз жеткізіңіз.

ҚАЗАҚ 17

Ақаулық

Ықтимал шешімі

 

Су төгетін түтіктің бұратылып немесе

 

майысып қалмағанына көз жеткізіңіз.

Тасқынға қарсы құрал қосулы. Судың шүмегін жабыңыз да, қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Тексеріп болғаннан кейін құрылғыны іске қосыңыз. Бағдарлама үзілген жерінен бастап жалғасады. Ақаулық қайта орын алса, қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Бейнебетте басқа хабарлар пайда болса, қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

10.1 Егер жуу және құрғату нәтижелері қанағаттанарлықтай болмаса

Стакандар мен ыдыстарда ақ жолақтар немесе көк дақтар пайда болған.

Шайғыш зат тым көп мөлшерде қосылады. Шайғыш затты үлестіру мөлшерін ең төменгі деңгейге қойыңыз.

Жуғыш зат тым көп мөлшерде салынған.

Стакандар мен ыдыстарда дақтар және кепкен су тамшыларының ізі қалған.

Шайғыш зат жеткіліксіз мөлшерде үлестірілген. Шайғыш затты үлестіру мөлшерін ең жоғары деңгейге қойыңыз.

Бұл жуғыш заттың сапасына байланысты болуы мүмкін.

Ыдыстар су болып тұр

Кептіру циклы жоқ немесе төмен температурада кептіру циклы бар бағдарлама таңдалған.

Шайғыш зат үлестіргіші босап қалған.

Бұл шайғыш заттың сапасына байланысты болуы мүмкін.

Бұл аралас жуғыш таблеткалардың сапасына байланысты болуы мүмкін. Басқа түрін қолданыңыз немесе шайғыш зат үлестіргішті қосып, шайғыш зат пен аралас жуғыш таблеткаларды бірге пайдаланыңыз.

Басқа ықтимал себептерді "АҚЫЛ-КЕҢЕС" тарауынан қараңыз.

10.2 Шайғыш зат үлестіргішін іске қосу

Функция мәзірін ашып, шайғыш зат үлестіргішін қосыңыз. Функция мәзірінің кестесіне қараңыз.

11. ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ

Өлшемдері

Ені / Биіктігі / Тереңдігі

596 / 818 - 898 / 550

 

(мм)

 

Электртоғына қосу

Техникалық ақпарат тақтайшасына қараңыз.

 

Кернеу

220-240 В

 

Жиілік

50 Гц

Сумен жабдықтау

Ең аз / ең көп (бар / мПа)

(0.5 / 0.05 ) / (8 / 0.8 )

қысымы

 

 

Сумен жабдықтау 1)

Суық су немесе ыстық су2)

макс. 60 °C

Loading...
+ 39 hidden pages