Delonghi ECAM44620S Instruction manuals

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ........................................................ 156
Осы нұсқаулықта пайдаланылған таңбалар
156
Жақшадағы әріптер ................................ 156
Ақаулықтарды жою және жөндеу ........... 156
ҚАУІПСІЗДІК ................................................. 156
Негізгі қауіпсіздік туралы ескертулер ....156
Пайдалану мақсаты ................................ 157
Пайдалану нұсқаулығы .......................... 157
СИПАТТАМА ................................................. 158
Құрылғының сипаттамасы ..................... 158
Басқару тақтасының сипаттамасы ........158
Керек-жарақтар сипаттамасы ................158
ПАЙДАЛАНБАС БҰРЫН .............................. 158
Құрылғыны тексеру ................................. 158
Құрылғыны орнату .................................. 158
Құрылғыны жалғау .................................. 159
Құрылғы параметрлерін орнату ............. 159
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ІСКЕ ҚОСУ ............................ 159
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ӨШІРУ ................................... 160
МӘЗІР ПАРАМЕТРЛЕРІ ............................... 160
Шаю ......................................................... 160
Қақ тазалау .............................................. 160
Сүзгіні орнату .......................................... 160
Сүзгіні ауыстыру (орнатылған болса)....161
Уақытты реттеу .......................................161
Авто бастау ............................................. 161
Авто өшіру (күту режимі) ........................161
Қуат үнемдеу ........................................... 161
Температураны орнату ......................... 162
Су қаттылығын орнату ............................ 162
Тілді орнату ............................................ 162
Сигнал ..................................................... 162
Әдепкі мәндер (қалпына келтіру) .......... 162
Статистика функциясы ........................... 163
Ұнтақ кофеден ЛОНГ кофесін жасау ..... 165
«ЛОНГ» кофесінің мөлшерін реттеу ..... 165
Егер бағдарлама ұнтақ кофені пайдаланса, құрылғы сізден екінші деңгей өлшеміндегі
кофені қосуды сұрайды. ....................... 165
КАППУЧИНО ЖӘНЕ ЫСТЫҚ СҮТ ЖАСАУ
(КӨПІРШІКСІЗ) ............................................. 165
Ыстық сүт жасау (көпіршіксіз) ................ 166
Каппучино жасағышты пайдаланып болған
соң тазалау. ............................................. 166
ЫСТЫҚ СУ АҒЫЗУ ...................................... 167
Автоматты түрде құйылатын судың
мөлшерін өзгерту. .................................167
ТАЗАЛАУ ....................................................... 167
Құрылғыны тазалау ................................ 167
Ұнтақ кофе ыдысын тазалау .................. 167
Тамшы науасын және су жиналу науасын
тазалау .................................................... 168
Кофе құрылғысын ішін тазалау..............168
Су ыдысын тазалау ................................ 168
Кофе шүмектерін тазалау ...................... 168
Ұнтақ кофе воронкасын тазалау ............ 168
Демдеу торын тазалау ...........................168
ҚАҚ ТАЗАЛАУ ............................................... 169
СУ ҚАТТЫЛЫҒЫН РЕТТЕУ ......................... 170
Су қаттылығын өлшеу ............................ 171
Су қаттылығын орнату ............................ 171
СУ ЖҰМСАРТҚЫШ СҮЗГІ ............................ 171
Сүзгіні орнату .......................................... 171
Сүзгіні шығару ......................................... 172
ДЕРЕК ........................................................... 173
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ ............. 173
КӨРСЕТІЛЕТІН ХАБАРЛАР ......................... 174
КОФЕ ЖАСАУ ............................................... 163
Кофе дәмін таңдау .................................. 163
Кеседегі кофе мөлшерін таңдау .......... 163
«Менің кофем» мөлшерін реттеу ......... 163
Кофе тартқышты реттеу ......................... 163
Ыстығырақ кофе алу туралы кеңестер . 164
Кофе дәндерінен кофе жасау ................ 164
Ұнтақ кофеден кофе жасау .................... 164
Кофе дәндерінен ЛОНГ кофесін жасау . 165
155
КІРІСПЕ
Осы автоматты эспрессо және каппучино жасау құрылғысын таңдағаныңызға рахмет. Жаңа құрылғыңызды рахатыңызға пайдаланасыз деп үміттенеміз. Осы пайдалану нұсқаулығын оқып шығуға бірнеше минут бөліңіз. Бұл барлық қауіп-қатерлер мен құрылғының зақымдануының алдын алады.
қосымша парағында берілген нөмірге қоңырау шалу арқылы тұтынушыны қолдау қызметімен хабарласыңыз. Егер еліңіз берілген елдер тізімінен табылмаса, кепілдікте берілген нөмірге қоңырау шалыңыз. Егер жөндеу қажет болса, De’Longhi тұтынушыны қолдау қызметтерімен ғана хабарласыңыз. Мекенжайлар құрылғымен бірге берілген кепілдік куәлігінде берілген.
Осы нұсқаулықта пайдаланылған таңбалар
Маңызды ескертулер осы таңбалармен анықталады. Осы ескертулерді құрметтеу өте маңызды болып табылады.
Қауіпті!
Мұндай ескертуді елемеу электр тогына түсу салдарынан өмірге қауіп төндіретін жарақатқа себеп болуы мүмкін.
Маңызды!
Мұндай ескертуді елемеу жарақаттануға немесе құрылғыны зақымдауға себеп болуы мүмкін.
Күйіп қалу қаупі бар!
Мұндай ескертуді елемеу күйіп қалуға әкеп соқтырады.
Ескеріңіз:
Бұл таңба пайдаланушыға арналған маңызды кеңесті немесе ақпаратты білдіреді.
Жақшадағы әріптер
Жақша ішіндегі әріптер 2 және 3-беттегі «Құрылғы сипаттамасы» бөліміндегі шартты белгілерге сілтейді.
Ақаулықтарды жою және жөндеу
Проблемалар болған жағдайда, алдымен оларды 174-беттегі «Көрсетілетін хабарлар және 176-беттегі «Ақаулықтарды жою» бөлімінде берілген ақпаратқа жүгіне отырып шешуге тырысыңыз. Егер проблема осылай шешілмесе және қосымша ақпарат талап етсеңіз, «Тұтынушыларды қолдау қызметі»
ҚАУІПСІЗДІК
Негізгі қауіпсіздік туралы ескертулер
Қауіпті!
Бұл – электрлік құрылғы, сондықтан ол электр тогына түсуге себеп болуы мүмкін. Сондықтан, осы қауіпсіздік туралы ескертулерді ұстануыңыз керек:
• Құрылғыны ылғал қолдарыңызбен немесе аяқтарыңызбен түртпеңіз.
• Сымды ешқашан ылғал қолмен ұстамаңыз.
• Розетканың құрылғыны қажет кезде ажыратуға болатындай оңай қол жеткізетін жерде орналасқанына көз жеткізіңіз.
• Тек ашалы қосқыштан ұстап ажыратыңыз.
Ешқашан қуат кабелінен ұстап
тартпаңыз, себебі оны зақымдауыңыз мүмкін.
• Құрылғыны толық ажырату үшін, оны розеткадан ажыратыңыз.
• Егер құрылғы ақаулы болса, оны жөндеуге тырыспаңыз. Оны өшіру үшін розеткадан ажыратыңыз және тұтынушыны қолдау қызметтерімен хабарласыңыз.
Егер ашалы қосқыш немесе қуат кабелі зақымданса, барлық қауіп-қатерлердің алдын алу үшін оны тек De’Longhi тұтынушыны
156
қолдау қызметтері ауыстыруы керек. Құрылғыны тазалаған кезде ешқашан суға батырмаңыз. Бұл – электрлік құрылғы.
• Құрылғының сыртын тазаламас бұрын, оны өшіріп, розеткадан суырыңыз да, суытып қойыңыз.
Маңызды:
Барлық орам (пластик қалталар, полистирен көбігі) материалдарын балалардан аулақ ұстаңыз.
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балаларға, қозғалу, сезу немесе ойлану мүмкіндіктері шектелген адамдарға немесе осы құрылғыға қатысты тәжірибесі немесе білімі жоқ адамдарға тек оларға ықтимал қауіп­қатерлер мен құрылғыны қауіпсіз жолмен пайдалану туралы нұсқау берілгенде және олар бақыланғанда ғана пайдалануға болады. Балалардың құрылғымен ойнамауы керек. Тазалауды және пайдаланушы орындайтын техникалық күтімді балаларға бақылаусыз орындатпау керек.
Күйіп қалу қаупі бар!
Бұл құрылғы ыстық су шығарады және пайдалану барысында ол бу қалыптасуы мүмкін. Су шашырандыларынан немесе ыстық будан абай болыңыз.
Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде, кесені жылытқыш текшені ұстамаңыз, себебі ол ыстық.
Осы таңбамен белгіленген беттер
пайдалану барысында ыстық болады (бұл таңба тек кейбір үлгілерде ғана бар).
Пайдалану мақсаты
Бұл құрылғы кофе және ыстық сусындар дайындауға арналған. Бұл – тек үйде пайдалануға арналған құрылғы.
Оны мынадай жерлерде пайдалануға болмайды:
• дүкендердегі
қызметкерлердің ас пісіру аймақтарында, кеңселерде және басқа да жұмыс істейтін жерлерде;
• фермадағы үйлерде;
• қонақүйлердегі,
мотельдердегі клиенттер тұратын және басқа тұрғылықты жерлерде;
• төсек пен таңғы ас беретін
орындарда.
Кез келген басқа қолданыс дұрыс емес және қауіпті болып есептеледі. Өнім жасаушысы құрылғыны дұрыс пайдаланбаудан туындайтын зақым үшін жауапты емес.
Пайдалану нұсқаулығы
Құрылғыны пайдаланбас бұрын мына нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Мұндай ескертулерді елемеу күйіп қалуға немесе құрылғыны зақымдауға себеп болуы мүмкін.
157
Өнім жасаушысы осы нұсқауды елемеуден туындайтын зақым үшін жауапты болмайды.
Ескеріңіз:
Осы пайдалану нұсқаулығын сақтап қойыңыз. Егер құрылғы басқа адамдарға берілсе, оларды осы пайдалану нұсқаулығымен бірге беру керек.
СИПАТТАМА Құрылғының сипаттамасы
(3-бет - A) A1. Дәндер ыдысының қақпағы A2. Ұнтақ кофе воронкасының қақпағы A3. Дәндер ыдысы A4. Ұнтақ кофе воронкасы A5. Тартуды реттеу дөңгелегі A6. Кесені жылытқыш текше A7. Кофе шүмегі (биіктігі реттеледі) A8. Ыстық су және бу түтігінің
қондырмасы A9. Каппучино/ыстық сүт сақинасы A10. Каппучино жасағыш A11. Су жиналатын науа A12. Тартылған кофе ыдысы A13. Қақпақ науасы A14. Тамшы науасы A15. Тамшы науасындағы су деңгейінің
көрсеткіші A16. Демдеу торының қақпағы A17. Демдеу торы A18. Су ыдысы A19. Су жұмсартқыш сүзгінің корпусы A20. Су ыдысының қақпағы A21. Қуат қосқышы
Басқару тақтасының сипаттамасы
(2-бет - B )
Тақтадағы бірнеше түйменің қос функциялары бар. Ол сипаттамада жақшалардың ішінде көрсетілген.
B1. түймесі: құрылғыны іске қосады
және өшіреді (күту режимі).
B2. түймесі: кофе мөлшерін
таңдауға арналған
B3. дәм таңдау түймесі: кофе дәмін
таңдау үшін басыңыз
B4. түймесі: көрсетілген
параметрлермен 1 кесе кофе жасауға арналған
B5. түймесі: көрсетілген
параметрлермен 2 кесе кофе жасауға арналған
B6. түймесі: 1 кесе ЛОНГ кофесін
жасауға арналған B7. түймесі: бу шығару үшін B8. түймесі: ыстық су ағызуға
арналған (Параметрлер мәзірінде
болғанда: таңдалған функцияны іске
қосуға және растауға арналған)
B9. > түймесі: мәзір тармақтары бойынша
жылжуға арналған B10. Дисплей: пайдаланушыға
құрылғыны пайдалану барысында
нұсқаулар береді. B11. < түймесі: мәзір тармақтары
бойынша жылжуға арналған B12. MENU/ESC түймесі мәзірді ашуға
арналған (параметрлер мәзірінде:
мәзірден шығу үшін басыңыз)
Керек-жарақтар сипаттамасы
(2-бет - C) C1. Ұнтақ кофе өлшеуіші C2. Тазалау щеткасы C3. Су жұмсартқыш сүзгі (кейбір
үлгілерде ғана бар) C4. «Жалпы қаттылықты тексеру»
көрсеткішінің жолағы C5. Қақ тазартқыш
ПАЙДАЛАНБАС БҰРЫН Құрылғыны тексеру
Орамды ашқан соң, құрылғы бөлшектерінің түгелдігін, зақымданбаған және барлық керек-жарақтардың болуын тексеріңіз. Егер құрылғының зақымданғаны көрініп тұрса, оны пайдаланбаңыз. De’Longhi тұтынушыларды қолдау қызметтерімен хабарласыңыз.
Құрылғыны орнату
Маңызды!
Құрылғыны орнатқан кезде, мына қауіпсіздік туралы ескертулерге назар аударуыңыз керек:
158
• Бұл құрылғы қызады. Құрылғыны пайдаланылатын жерге орналастырған соң, құрылғының беттері мен бүйірдегі және арттағы қабырға арасына 3 см, ал кофе құрылғысының үстіне 15 см бос орын қалдырыңыз.
• Құрылғыға кірген су оны зақымдауы мүмкін.
Құрылғыны шүмектерге немесе
раковиналарға жақын қоймаңыз.
• Құрылғыдағы су қатып қалса, ол зақымдануы мүмкін.
Бұл құрылғыны температурасы
нөлден төмен түсуі мүмкін бөлмеге орнатпаңыз.
• Қуат кабелін қыры өткір немесе беті ыстық заттарға тимейтіндей етіп жүргізіңіз (мысалы, электрлік ыстық плиталар).
Құрылғыны жалғау
Маңызды!
Розетка қуаты кернеуінің құрылғы астындағы мәліметтер тақтасында көрсетілген кернеуге сәйкестігін тексеріңіз. Құрылғыны тек жерге тиімді жолмен тұйықталған және ток қуаты кемінде 10 А болатын розеткаға қосыңыз. Егер розетка қуаты құрылғыдағы қуатқа сай болмаса, тиісті розетка түрін білікті маманға ауыстыртыңыз.
Құрылғы параметрлерін орнату
Ескеріңіз!
• Құрылғыны зауытта тексерген кезде кофе пайдаланылды, сондықтан, кофе тартқышта кофе іздері қалса, бұл – қалыпты нәрсе.
Дегенмен, бұл құрылғының жаңа
екеніне кепілдік беріледі.
• Судың қаттылығын «Су қаттылығын реттеу» (171-бет) бөліміндегі пайдалану нұсқаулығына жүгіне отырып тез арада реттеңіз.
1. Құрылғыны розеткаға қосыңыз (1-сурет) және құрылғының артындағы
негізгі қосқыштың іске қосылғанын
тексеріңіз (2-сурет). Алдымен < немесе > түймесімен алға не артқа жылжу немесе тілдер дисплейде 3 секунд сайын жылжуын күту арқылы тілді таңдауыңыз керек:
2. English (Ағылшын) жазуы пайда
болған кезде, түймесін (3-сурет)
English set (Ағылшын тілі таңдалды)
жазуы шыққанша бірнеше секунд
басып тұрыңыз. Құрылғы дисплейінде көрсетілген мына нұсқауларды орындаңыз:
3. FILL TANK (ЫДЫСТЫ ТОЛТЫРЫҢЫЗ)
су ыдысын шығарыңыз (4-сурет),
қақпақты ашыңыз (5-сурет), MAX
жолағына дейін таза су құйыңыз
(6-сурет); қақпақты жауып, ыдысты
орнына салыңыз.
4. «HOT WATER PRESS OK» (ЫСТЫҚ
СУ ҮШІН ОК БЕЛГІШЕСІН БАСЫҢЫЗ).
Сыйымдылығы кемінде 100 мл
болатын ыдысты каппучино жасағыш
астына қойыңыз (7-сурет).
5. Растау үшін түймесін басыңыз
(3-сурет). Бұл құрылғы суды шүмектен
автоматты түрде ағызады және
тоқтатады. Кофе жасау құрылғысы енді әдеттегідей пайдалануға дайын.
Ескеріңіз!
• Құрылғыны бірінші рет пайдаланған
кезде, ол қанағаттанарлық нәтижені
4-5 кесе кофе немесе 4-5 каппучино
жасағаннан кейін береді.
• Кофенің рахатын одан бетер күшейту
және құрылғының тиімділігін жақсарту
үшін, біз «СУ ЖҰМСАРТҚЫШ СҮЗГІ»
(171-бет) бөлімінде сипатталғандай,
су жұмсартқыш сүзгіні орнатуды
ұсынамыз. Егер сіздегі үлгі
сүзгімен келмесе, оны De’Longhi
тұтынушыларды қолдау орталығынан
талап ете аласыз.
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ІСКЕ ҚОСУ
Ескеріңіз!
159
Құрылғыны іске қоспас бұрын, негізгі қосқыштың қосылғанын тексеріңіз (2-сурет). Құрылғы іске қосылған сайын, ол кедергі жасауға болмайтын алдын ала қыздыру және шаю циклін автоматты түрде орындайды. Құрылғы тек осы цикл аяқталған соң ғана пайдалануға дайын болады.
Күйіп қалу қаупі бар!
Шаю барысында кофе шүмегінен шамалы су шығады және төмендегі тамшы науасына жиналады. Су шашырандыларынан абай болыңыз.
• Құрылғыны өшіру үшін түймесін (8-сурет) басыңыз. Heating up, Please wait (Қызуда, күте тұрыңыз) хабары көрсетіледі.
Қызған соң, RINSING (ШАЮ ОРЫНДАЛУДА) хабары көрсетіледі. Ыстық су айналымының әсерінен су қайнату бөлігімен қоса құрылғының ішкі ағын түтіктері де қызады. Кофенің дәмі мен мөлшерін көрсететін хабар пайда болған кезде құрылғының тиісті температурада болғаны.
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ӨШІРУ
Құрылғы кофе жасау үшін пайдаланылғаннан кейін кез келген уақытта ол автоматты шаю процесін орындайды.
Күйіп қалу қаупі бар!
Шаю барысында кофе шүмектерінен аздап ыстық су шығады және төмендегі тамшы науасына жиналады. Су шашырандыларынан абай болыңыз.
• Құрылғыны өшіру үшін түймесін (8-сурет) басыңыз.
• Turning off, Please wait (Өшірілуде, күте тұрыңыз) хабары көрсетіледі: тиісті параметр орнатылса, құрылғы шаю циклін орындайды да, өшіріледі (күту режиміне өтеді).
Ескеріңіз!
Құрылғыны біраз уақыт бойы пайдаланбайтын босаңыз, розеткадан ажыратыңыз:
• алдымен құрылғыны түймесін (8-сурет) басу арқылы өшіріңіз;
• құрылғының артындағы негізгі қосқышты босатыңыз (2-сурет).
Маңызды!
Құрылғы іске қосулы болған кезде негізгі қосқышты ешқашан баспаңыз.
МӘЗІР ПАРАМЕТРЛЕРІ
MENU/ESC түймесін басу арқылы параметрлерді реттеу мәзіріне кірген кезде, < немесе > түймесін (9-сурет) басу арқылы мәзір тармақтарын жылжытыңыз.
Шаю
Бұл функцияны ішкі айналымды қыздыру және кофені ыстығырақ ету үшін шүмектен ыстық су ағызу мақсатында пайдаланыңыз. Бұл функцияны іске қосу үшін, мына әрекеттерді орындаңыз:
1. Мәзірге кіру үшін MENU/ESC түймесін басыңыз;
2. < немесе > түймесін (9-сурет) Rinsing (Шаю орындалуда) хабары көрінгенше басыңыз;
3. түймесін басыңыз: Conrm? (Растайсыз ба?) сұрағы көрінеді.
4. Растау үшін түймесін басыңыз (3-сурет). бірнеше секундтан соң ішкі айналымды қыздыру және кофені ыстығырақ ету үшін шүмектен ыстық су ағады.
Ескеріңіз!
Ыстық су ағынын кез келген уақытта тоқтату үшін кез келген түймені басыңыз.
Қақ тазалау
Қақ тазалау туралы нұсқауларды 169
-беттен көріңіз.
Сүзгіні орнату
Сүзгіні орнату әдісі туралы нұсқауларды «Су жұмсартқыш сүзгі» (171-бет) бөлімінен көріңіз.
160
Сүзгіні ауыстыру (орнатылған болса)
Сүзгіні орнату әдісі туралы нұсқауларды «Сүзгіні ауыстыру» бөлімінен көріңіз (172-бет).
Уақытты реттеу
Дисплейдегі уақытты реттеу үшін, мына әрекетті орындаңыз:
1. Мәзірге кіру үшін MENU/ESC түймесін басыңыз;
2. < немесе > түймесін (9-сурет) Set temperature (Температураны орнату) хабары көрінгенше басыңыз;
3. Растау үшін түймесін басыңыз (3-сурет). сағат жыпылықтайды;
4. < немесе > түймесін (9-сурет) сағатты өзгерту үшін басыңыз;
5. Растау үшін түймесін басыңыз; минут жыпылықтайды;
6. < немесе > түймесін (9-сурет) сағатты өзгерту үшін басыңыз;
7. Растау үшін түймесін басыңыз.
Бұл уақытты орнатады. Мәзірден шығу үшін MENU/ESC түймесін басыңыз.
Авто бастау
Кофені қалаған уақытта дереу жасау мақсатында құрылғыны белгілі бір уақытта (мысалы, таңертең) дайын болатындай ету үшін авто бастау уақытын орната аласыз.
Ескеріңіз!
Осы функцияны іске қосу үшін, уақыт дұрыс орнатылған болуы керек.
Авто бастау функциясын іске қосу үшін, мына әрекеттерді орындаңыз:
1. Мәзірге кіру үшін MENU/ESC түймесін басыңыз;
2. < немесе > түймесін (9-сурет) Adjust time (Уақытты реттеу) хабары көрінгенше басыңыз;
3. түймесін басыңыз. Enable? (Қосылсын ба?) сұрағы көрсетіледі;
4. Растау үшін түймесін басыңыз;
5.
Сағатты таңдау үшін < немесе > түймесін басыңыз;
6. Растау үшін түймесін басыңыз;
7. < немесе > түймесін (9-сурет) сағатты өзгерту үшін басыңыз;
8. Растау үшін түймесін басыңыз;
9. Сосын мәзірден шығу үшін MENU/ESC түймесін басыңыз.
Уақыт расталған соң, авто бастау функциясының іске қосылғаны уақытпен бірге және мәзір тармағының астында белгісінің пайда болуымен көрсетіледі. Бұл функцияны ажырату үшін:
1. Мәзірден авто бастау тармағын таңдаңыз;
2. түймесін басыңыз. Disable? (Ажыратылсын ба?) сұрағы көрсетіледі;
3. Растау үшін түймесін басыңыз.
белгісі одан әрі көрсетілмейді.
Авто өшіру (күту режимі)
Авто өшіру режимін құрылғыны 15 не 30 минут немесе 1, 2 немесе 3 сағат бойы пайдаланылмаған соң өшіру үшін орнатуға болады. Авто өшіру функциясын бағдарламалау үшін, мына әрекеттерді орындаңыз:
1. Мәзірге кіру үшін MENU/ESC түймесін басыңыз;
2. < немесе > түймесін (9-сурет) Adjust time (Уақытты реттеу) хабары көрінгенше басыңыз;
3. түймесін басыңыз:
4. < немесе > түймесін (9-сурет) қажетті жұмыс істеу уақыты (15 немесе 30 минут немесе 1, 2 не 3 сағат) көрсетілгенше басыңыз;
5. Растау үшін түймесін басыңыз;
6. Сосын мәзірден шығу үшін MENU/ESC түймесін басыңыз.
Авто өшіру бағдарламаланды.
Қуат үнемдеу
Бұл функцияны қуат үнемдеу мүмкіндігін қосу немесе өшіру үшін пайдаланыңыз. Бұл функция іске қосылған кезде, Еуропалық ережелерге сай қуат тұтыну мөлшері азаяды. Қуат үнемдеу мүмкіндігін ажырату (немесе іске қосу) үшін, мыналарды орындаңыз:
1. Мәзірге кіру үшін MENU/ESC түймесін басыңыз;
161
Loading...
+ 16 hidden pages