SIM картасы мен батареяны салу5
Батареяны зарядтау6
Антенна6
Құлақ аспабы6
Магниттер және магнит өрісі7
Пернелер мен бөліктер7
Қатынас кодтары8
Қосу және сөндіру9
Күту күйі 9
Пернетақтаны кілттеу9
SIM картасыз функциялар10
Фонында ойнап жатқан
бағдарламалар10
Қоңыраулар10
Қоңырау шалу және қоңырауға
жауап беру10
Дауыс зорайтқыш11
Нөмірді жылдам теру
түймешіктері11
Мәтіндік және мультимедиалық
хабарлар13
Жедел хабарлар14
Nokia Xpress дыбыстық
хабарлары14
Электрондық пошта14
Шапшаң хабар алмасу15
Дауыстық хабарлар15
Хабар параметрлері15
Контактілер15
Қоңырауларды тіркеу журналы 16
Параметрлер17
Профильдер17
Әуендер17
Дисплей17
Күн мен уақыт17
Жылдам түймешіктер17
Синхрондау және сақтық көшірме
жасау18
Қосылу мүмкіндігі18
Қоңырау және телефон18
Көмекші құралдар19
Конфигурация19
Зауыт параметрлерін қалпына
келтіру19
Оператор мәзірі20
Галерея20
Медиа20
Камера және бейне20
FM радиосы21
Дыбыс жазу құрылғысы22
Музыка ойнатқышы22
Бағдарламалар23
Органайзер23
Қоңыраулы сағат23
Күнтізбе және жұмыстар тізімі24
Веб немесе Интернет 24
Интернет қызметіне байланыс.25
SIM қызметтері25
Қоршаған ортаны қорғауға қатысты
кеңестер25
Қуатты үнемдеу25
Қайта өңдеу26
Қосымша мәліметтер26
Өнім және қауіпсіздік туралы
ақпарат26
Тақырыптар тізімі34
Мазмұны3
4Қауіпсіздік
Қауіпсіздік
Мына жай нұсқауларды оқыңыз. Бұларды қадағаламау қауіпті немесе заңсыз
болуы мүмкін. Қосымша мәлімет үшін пайдаланушы нұсқаулығын оқыңыз.
ҚАУІПСІЗДІК САҚТАП ҚОСУ
Сымсыз телефонды қолдануға тыйым салынғанда немесе құрылғыныы
қосу кедергілер мен қауіп-қатер тудырған жағдайда оны қоспаңыз.
ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ БІРІНШІ ОРЫНДАУ БОЛУЫ ТИІС
Жергілікті жердің барлық талаптарын орындаңыз. Әрқашан көлік
жүргізу кезінде қолыңызды бос ұстаңыз. Көлік жүргізу кезіндегі бірінші
ескеретініңіз жол қауіпсіздігі болуы тиіс.
КЕДЕРГІЛЕР
Барлық сымсыз құрылғылардың жұмысының орындалуына кедергілер
әсер етуі мүмкін.
ПАЙДАЛАНУ ШЕКТЕЛГЕН ЖЕРЛЕРДЕ ҚҰРЫЛҒЫНЫ ӨШІРІП ҚОЙЫҢЫЗ
Кез келген шектеуді сақтаңыз. Құрылғыны ұшақта, медициналық
жабдықтың жанында, жанармай, химикаттар немесе қопарылысқа
бейім ауа кеңістігінде өшіріңіз.
МАМАНДЫРЫЛҒАН ҚЫЗМЕТ
Бұл құрылғыны тек маманданған қызметкерлер ғана орнатуы немесе
жөндеуі тиіс.
ҚОСЫМША АСПАПТАР МЕН БАТАРЕЯЛАР
Тек мақұлданған қосымша аспаптар мен батареяларды қолданыңыз.
Сәйкес келмейтін өнімдерге жалғамаңыз.
СҰҒА ТӨЗІМДІЛІГІ
Сіздің құрылғыңыз суға төзімсіз. Мұны құрғақ күйде сақтаңыз.
Қолдау5
Қолдау
Өнімді пайдалану туралы қосымша ақпарат білгіңіз келсе, немесе құрылғыңыз
қалай жұмыс істейтінін толық білмесеңіз, пайдаланушы нұсқаулығын немесе
қолдау үшін www.nokia.com/support сайтындағы қолдау көрсету бетін немесе
жергілікті Nokia веб-сайтын, мобильді құрылғы арқылы www.nokia.mobi/support
сайтын қараңыз.
Егер бұл көмектеспесе, келесіні орындаңыз:
•Құрылғыны қайта жүктеңіз: телефонды өшіріп, батареяны алыңыз. Біраз
секундтан кейін батаряны салыңыз да, телефонды қосыңыз.
•Пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілгендей зауыттық параметрлерді қайта
сақтаңыз.
Егер мәселеңіз шешілмей қалса, жөндету үшін Nokia корпорациясына
хабарласыңыз. www.nokia.com/repair сайттарын қараңыз. Құрылғыны жөндетуге
жібермес бұрын, әрқашан құрылғыдағы деректердің сақтық көшірмесін жасап
алыңыз.
Жұмысты бастау
SIM картасы мен батареяны салу
Қауіпсіз шығарып алу. Батареяны шешіп аларда әрқашан құрылғыны өшіріп,
зарядтағышты ажыратыңыз.
SIM картасы мен оның контактілері тырналса немесе иілсе, олар оңай бүлінеді,
сондықтан, картаны ұстағанда, салғанда немесе шығарғанда абайлаңыз.
1 Артқы қақпақты құрылғының жоғарғы бөлігінен көтеріп алып тастаңыз (1).
2 Батареяны алыңыз (2).
3 SIM картасы ұстағышын ашып, SIM картасын енгізіңіз (3). Картадағы
байланыс бетінің төмен қаратылғанын және картаның көлбеу беті
құрылғының жоғарғы бөлігіне қаратылғанына көз жеткізіңіз. Ұстағышты
жабыңыз (4).
4 Батареяны енгізіңіз (5) және артқы қақпақты ауыстырыңыз (6).
6Жұмысты бастау
Батареяны зарядтау
Батареяңыз зауытта шамалы зарядталған. Егер құрылғы заряды аз болса,
суырып, содан кейін оны қабырғадағы ток сымынан ажыратыңыз.
Белгілі бір уақыт батареяны зарядтамауға болады және құрылғыны ол
зарядталып жатқанда да қолдануға болады. Егер батареяның заряды толығымен
біткен болса, дисплейдегі зарядтау көрсеткіші пайда болғанша немесе қоңырау
шалу үшін бірнеше минут күту керек.
Антенна
Сіздің құрылғыңыздың ішкі және сыртқы антеннасы болуы мүмкін. Антенна
сигнал таратып немесе қабылдап тұрғанда антенна аумағына қажетсіз тиіспеңіз.
Антеннаға тиіскеннен байланыс сапасына әсер етіп, жоғары қуат деңгейімен
жұмыс істеуіне себеп болуы мүмкін, тіпті батареяның зарядын азайтуы мүмкін.
Суретте антеннаның тиімді ауданы сұр түспен көрсетілген.
Құлақ аспабы
Ескерту
Құлаққапты пайдалану сіздің сыртқы дыбыстарды есту қабілетіңізге әсер етуі
мүмкін. Сіздің қауіпсіздігіңізге қатер төндіретін жағдайда құлаққапты
қолданбаңыз.
Жұмысты бастау7
Осы құрылғымен бірге қолдану үшін Nokia мақұлдаған түрлерден басқа кез келген
сыртқы құрылғы немесе құлаққапты Nokia AV Connector қосқышына қосу кезінде
дыбыс деңгейіне баса назар аударыңыз.
Құрылғыға зақым келтіретін сигнал шығаратын өнімдерді қоспағаныңыз жөн.
Nokia AV Connector қосқышын кернеу көзіне қоспаңыз.
Магниттер және магнит өрісі
Құрылғыңызды магниттерден немесе магнит өрістерінен алыс сақтаңыз.
8 Камера линзасы
9 Дауыс зорайтқыш
10 Микрофон
11 Зарядтағыштың коннекторы
12 Құлақаспап қосқышы/Nokia AV Connector (3,5 мм)
Ескерім: Бұл коннектор тек өкілетті қызмет көрсету орталығының маманының
пайдалануына арналғандықтан, оған тиіспеңіз.
Қатынас кодтары
Қауіпсіздік коды телефоныңызды рұқсатсыз пайдаланудан қорғауға көмектеседі.
Алдын-ала қойылған код 12345. Код жасап, оны өзгертуіңізге, сондай-ақ,
телефонды код сұрайтын етіп орнатуыңызға болады. Кодты құпия және
телефоныңыздан бөлек, қауіпсіз жерде сақтаңыз. Егер кодты ұмытып қалсаңыз
және телефоныңыз құлыпталып қалса, телефон қызмет көрсету қажет болады
Жұмысты бастау9
және қосымша төлем алынуы мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін Nokia Care
орталығымен немесе телефоныңыз дилерімен хабарласыңыз.
SIM картамен бірге берілетін PIN код картаның рұқсатсыз пайдаланылуынан
қорғайды. SIM карталармен бірге берілетін PIN2 код белгілі бір қызметтерге кіруге
қажет болады. Егер PIN немесе PIN2 кодын үш рет қатар қате енгізсеңіз, сізден
PUK немесе PUK2 коды сұралады. Егер бұл кодтарыңыз болмаса, қызмет
провайдеріне хабарласыңыз.
SIM картаңыздың қауіпсіздік модуліндегі мәліметтерге рұқсат алу үшін
модульдік PIN коды қажет болады. Сандық қолтаңба үшін қолтаңба PIN коды
қажет болуы мүмкін. Тыйым салу кілтсөзі қоңырауларға тыйым салу қызметін
пайдаланғанда қажет етіледі.
Телефоныңыздың қатынас кодтарын және қауіпсіздік параметрлерін қалай
пайдаланатынын анықтау үшін Мәзір > Параметрлер > Қаупсіздік пәрменін
таңдаңыз.
Қосу және сөндіру
Қуат пернесін басып ұстап тұрыңыз.
Күту күйі
Телефон пайдалануға дайын болса және сіз ешқандай таңбаларды енгізбеген
болсаңыз, телефон күту режимінде тұрады.
Желі сигналының қарқындылығы
1
2Батарея зарядының деңгейі
3Желінің аты немесе оператордың логотипі
4Таңдау түймешіктерінің функциялары
Сол жақ таңдау түймесі, Өту, жеке сілтемелер тізіміндегі функцияларға қол
жеткізуге мүмкіндік береді. Тізімді қараған кезде бар функцияларды көру үшін
Опц-р > Таңдау опц-ы тармағын таңдаңыз немесе сілтемелер тізіміндегі
функцияларды ретке келтіру үшін Опц-р > Реттеу тармағын таңдаңыз.
Пернетақтаны кілттеу
Пернетақтаны кілттеу
Сырғыманы жауып, пернетақтаны құлыптау үшін 5 секунд ішінде Құл-у тармағын
таңдаңыз.
10Қоңыраулар
Пернетақтаның құлпын ашу
Ағыту > ОК тармағын таңдаңыз немесе сырғыманы ашыңыз. Егер перне
қауіпсіздігі қосылған болса, қауіпсіздік коды оны сұралса енгізіңіз.
Пернетақтаны автоматты түрде құлыптау
Мәзір > Параметрлер > Телефон > Автоматты клав-ра қорғауышы > Қосу
тармағын таңдаңыз және пернетақта қанша уақыттан кейін құлыптанатынын
белгілеңіз.
Пернетақта құлыптаулы кезде қоңырауға жауап беру
Қоңырау пернесін басыңыз. Қоңырауды аяқтағанда немесе оны қабылдамаған
кезде пернетақта автоматты түрде кілттенеді.
Құрылғы немесе пернетақта құлыптанған кезде, ресми көмек көрсету қызметінен
көмек сұрауға болады.
SIM картасыз функциялар
Сіздің телефоныңыздың кей бір мүмкіндіктерін SIM картасын салмастан ақ
қолдануға болады, мәселен, Органайзер функциясы және ойындар. Мәзірдегі
кейбір функциялар сұр түспен көрсетіледі және оларды пайдалану мүмкін емес.
Фонында ойнап жатқан бағдарламалар
Артқы жақта орындалып жатқан қалдырылған қолданбалар батарея қуатына
талаптарды арттырады және батареяның қызмет ету уақытын қысқартады.
Қоңыраулар
Қоңырау шалу және қоңырауға жауап беру
Қоңырау соғу
Телефон нөмірін және қажет болса ел коды мен аймақтық кодты енгізіп, қоңырау
соғу пернесін басыңыз.
Кіріс қоңырауға жауап беру
Қоңырау пернесін басыңыз.
Қоңырауды қабылдамау
Аяқтау пернесін басыңыз.
Дыбыс деңгейін дұрыстау
Байланыс кезінде, жоғары не төмен жылжытыңыз.
Мәтін жазу11
Дауыс зорайтқыш
Бар болған жағдайда, қоңырау шалу кезінде телефонның құлақ аспабын немесе
дауыс зорайтқышын пайдалану үшін Днмк немесе Қлпты пәрмендерінің бірін
таңдаңыз.
Ескерту
Үнемі аса көтеріңкі деңгейдегі дыбысты тыңдау есту қабілетіңізге нұқсан келтіруі
мүмкін. Әуенді орташа деңгейде тыңдап, дауысзорайтқышты пайдаланғанда
құрылғыны құлағыңызға жақын ұстамаңыз.
Нөмірді жылдам теру түймешіктері
Телефон нөмірін нөмір пернесіне белгілеу
Мәзір > Контактылар > Жылдам теру тармағын таңдаңыз, қажетті нөмірге
жылжып (2-9), Беру тармағын таңдаңыз. Қажетті телефон нөмірін енгізіңіз немесе
Іздеу сақталған контактіні таңдаңыз.
Жылдам теруді қосу
Мәзір > Параметрлер > Қоңырау > Нөмірді тез теру > Қосу таңдаңыз.
Жылдам теруді пайдаланып қоңырау соғу
Күту режимінде қажетті пернені басып тұрыңыз.
Мәтін жазу
Мәтіндік күйлер
Мәтінді енгізу үшін (мысалы, хабар жазғанда) әдеттегі немесе болжалды мәтін
енгізу функциясын пайдалануға болады.
Мәтін жазғанда
арқылы көрсетілетін болжалды мәтін енгізу әдісі арасында ауысу үшін Опц-р
түймешігін басып, ұстап тұрыңыз. Болжалды мәтін енгізу функциясы тілдердің
бәрінде бола бермейді.
Таңба регистрлері
арқылы көрсетілетін әдеттегі мәтін енгізу әдісі мен
, және арқылы көрсетіледі.
Таңба регистрін өзгерту үшін # түймешігін басыңыз. Мәтіндік күйден
көрсетілетін сандық күйге ауысу үшін # түймешігін басып, ұстап тұрыңыз да, Сан
режимі пәрменін таңдаңыз. Сандық күйден мәтіндік күйге ауысу үшін # түймешігін
басып тұрыңыз.
Жазу тілін орнату үшін Опц-р > Жазу тілі пәрменін таңдаңыз.
арқылы
12Мәзірлер бойынша жылжу
Әдеттегі мәтін енгізу
Қажетті таңба көрінгенше 2 -9 аралығындағы санды түймешікті қайталап
басыңыз. Таңбалардың бар-жоғын таңдалған жазу тіліне байланысты болады.
Егер сізге қажет келесі әріп ағымдағы түймешікте орналасқан болса, жүгіргі пайда
болғанша күтіп, әріпті енгізіңіз.
Жиі пайдаланатын тыныс белгілері мен арнайы таңбаларды табу үшін 1
түймешігін қайталап басыңыз. Арнайы таңбалар тізіміне өту үшін * түймешігін
басыңыз.
Болжалды мәтін енгізу
Болжалды мәтін енгізу алдын ала орнатылған сөздікке негізделген және ол
сөздікке жаңа сөздерді қосуға болады.
1 2 мен 9 аралығындағы түймешіктердің көмегімен сөз жазуды бастаңыз. Бір
әріп үшін әрбір түймешікті тек бір рет басыңыз.
2 Сөзді растау үшін, оңға жылжыңыз немесе бос аралық қалдырыңыз.
•Егер сөз дұрыс емес болса, * түймешігін қайталап басып, сөзді тізімнен
таңдаңыз.
•Егер сөзден кейін ? таңбасы көрінсе, бұл жазғыңыз келетін сөздің сөздікте
жоқ екендігін білдіреді. Сөзді сөзкке қосу үшін Әріптеп пәрменін таңдаңыз.
Сөзді әдеттегі мәтін енгізу әдісімен енгізіп, Сақтау пәрменін таңдаңыз.
•Күрделі сөзді жазу үшін сөздің бірінші бөлігін енгізіп, оны растау үшін оңға
жылжыңыз. Сөздің соңғы бөлігін жазып, сөзді растаңыз.
3 Келесі сөзді жазуды бастаңыз.
Мәзірлер бойынша жылжу
Телефон функциялары мәзірлерге топталған. Мұнда мәзір функцияларының
немесе таңдау элементтерінің бәрі сипатталмаған.
Күту күйінде Мәзір пәрменін және қажетті мәзірді және ішкі мәзірді таңдаңыз.
Мәзірдің ағымдағы деңгейінен шығу үшін Шығу немесе Артқа пәрменін таңдаңыз.
Тікелей күту күйіне оралу үшін аяқтау түймешігін басыңыз. Мәзір көрінісін өзгерту
үшін Мәзір > Опц-р > Нег. мәзір көрінісі пәрменін таңдаңыз.
Хабар алмасу
Мәтіндік, мультимедиалық, дыбыстық және жедел хабарларды және
электрондық пошта хабарын оқуға, жазуға, жіберуге және сақтауға болады.
Хабар алмасу қызметтерін желі провайдері немесе қызмет ұсынушы қолдаған
жағдайда ғана пайдалануға болады.
Хабар алмасу13
Мәтіндік және мультимедиалық хабарлар
Хабар жасап, қажет болса, оған сурет сияқты тіркемені қосуға болады. Файл
тіркелгенде телефоныңыз мәтіндік хабарды мультимедиалық хабарға автоматты
түрде өзгертеді.
Мәтіндік хабарлар
Сіздің құрылғыңыз бір хабарламаға арналған шектеу бойынша мәтін
хабарламаларын қолдайды. Ұзынырақ хабарламалар екі немесе одан да көп
хабарламалар түрінде жіберіледі. Сіздің қызмет көрсетушіңіз тиісті ақы алуы
мүмкін. Екпінді таңбалар, басқа белгілер немесе кейбір тіл опциялары көбірек
орын алып, бір хабармен жіберілетін таңбалардың санын шектейді.
Қалған таңбалардың жалпы саны және жіберуге қажетті хабарлардың саны
дисплейден көрсетіледі.
Хабар жіберу үшін құрылғыңызда хабарлар орталығының дұрыс нөмірі сақталуы
керек. Әдетте, бұл нөмір SIM картасы арқылы әдепкі мән ретінде орнатылады.
Нөмірді қолмен орнату үшін Мәзір > Хабарлар > Хабар параметрлері > Мәтін
хабарлары > Хабар орталықтары > Орталық қосу тармағын таңдап, бір ат пен
қызмет провайдерінен алған нөмірді енгізіңіз.
Мультимедиалық хабарлар
Мультимедиалық хабарда мәтін, суреттер, дыбыстық клиптер және
бейнеклиптер болуы мүмкін
Тек сәйкес келетін қызметтері бар құрылғылар ғана мультимедиялық шағын
мәтіндерді алып орната алады. Қабылдаушы құрылғыға байланысты пайда
болатын хабар әртүрлі болуы мүмкін.
Сымсыз интернет MMS шағын мәтіндердің өлшемін шектеуі мүмкін. Егер
салынған сурет бұл шектеуден асып кетсе, құрылғы оны MMS арқылы жіберуге
болатындай етіп кішірейтуі мүмкін.
Маңызды: Хабарды ашқандағы ескертулер. Хабардың құрамындағы зиянды
қамтамасыз ету бағдарламалары немесе басқа да зиянды әрекеттер
құрылғыңызды немесе компьютеріңізді зақымдауы мүмкін.
Бұл қызметтің бар-жоғын білу үшін және мультимедиалық хабар алмасу
қызметіне (MMS) жазылу үшін қызмет провайдеріңізбен хабарласыңыз.
Конфигурациялық параметрлерді қотарып алуыңызға болады.
Мәтін немесе мультимедиалық хабар жасау
1 Мәзір > Хабарлар > Хабар жазу > Хабар таңдаңыз.
2 Алушыларды қосу үшін Кімге: өрісіне өтіңіз және алушының нөмірін немесе
электрондық пошта мекенжайын енгізіңізнемесе бар таңдаулардан
алушыларды таңдау үшін Қосу пәрменін таңдаңыз. Алушыларды және
14Хабар алмасу
тақырыптарды қосу үшін және жіберу параметрлерін орнату үшін Опц-р
пәрменін таңдаңыз.
3 Мәтін: өрісіне өтіп, хабар мәтінін енгізіңіз.
4 Хабарға мазмұн тіркеу үшін дисплейдің төменгі жағындағы тіркеме жолағына
өтіп, мазмұнның қажетті түрін таңдаңыз.
5 Хабарды жіберу үшін Жіберу пәрменін таңдаңыз.
Хабар түрі дисплейдің жоғарғы жағында көрсетіледі және хабардың мазмұнына
байланысты автоматты түрде өзгереді.
Қызмет ұсынушылары талап ететін ақы мөлшері хабардың түріне қарап өзгеріп
отырады. Қосымша мәліметтер алу үшін қызмет ұсынушыңызға хабарласыңыз.
Жедел хабарлар
Жедел хабарлар - бұл алынған кезде дереу көрінетін мәтіндік хабарлар.
1 Жедел хабар жазу үшін Мәзір > Хабарлар > Хабар жазу > Жылдам хабар
пәрменін таңдаңыз.
2 Алушының телефон нөмірін енгізіңіз, хабарыңызды жазыңыз (ең көбі 70
таңба) және Жіберу пәрменін таңдаңыз.
Nokia Xpress дыбыстық хабарлары
MMS арқылы ыңғайлы әдіспен дыбыстық хабар жасау және оны жіберу.
1 Мәзір > Хабарлар > Хабар жазу > Аудио хабары пәрменін таңдаңыз. Дыбыс
жазу құрылғысы ашылады.
2 Хабарыңызды жазыңыз.
3 Кімге: өрісіне бір немесе бірнеше телефон нөмірін енгізіңіз немесе нөмірді
шығару үшін Қосу пәрменін таңдаңыз.
4 Хабарды жіберу үшін Жіберу пәрменін таңдаңыз.
Электрондық пошта
Электрондық хатты оқу, жазу және жіберу үшін құрылғы арқылы POP3 немесе
IMAP4 электрондық пошта есептік жазбасына кіріңіз. Электрондық пошта
қолданбасын электрондық хат жіберу үшін қолдану, хабарлама жіберу үшін
электрондық поштаны қолданумен бірдей емес.
Электрондық поштаны пайдалану алдында сізде электрондық пошта тіркелгісі
мен дұрыс параметрлер орнатылған болуы керек. Электрондық пошта
тіркелгісінінің қол жетімділігі мен параметрлерін тексеру үшін электрондық пошта
қызметінің провайдерімен хабарласыңыз. Электрондық пошта конфигурациясы
параметрлері сізге конфигурациялық хабарлама ретінде жіберілуі мүмкін.
Электрондық пошта қолданбасына кіріңіз
Мәзір > Хабарлар > Эл. пошта таңдаңыз.
Контактілер15
Маңызды: Хабарды ашқандағы ескертулер. Хабардың құрамындағы зиянды
қамтамасыз ету бағдарламалары немесе басқа да зиянды әрекеттер
құрылғыңызды немесе компьютеріңізді зақымдауы мүмкін.
Шапшаң хабар алмасу
Шапшаң хабар алмасу функциясы (IM, желілік қызмет) арқылы желіге қосылған
пайдаланушыларына қысқа мәтіндік хабарлар жібере аласыз. Бұл қызметке
жазылып, пайдаланғыңыз келетін IM қызметінде тіркелуіңіз қажет. Бұл қызметтің
бар-жоғын, бағасын және нұсқауларды қызмет ұсынушыдан сұраңыз. IM
провайдеріне байланысты бұл мәзірлер әр түрлі болуы мүмкін.
Қызметке қосылу үшін Мәзір > Хабарлар > Дереу хабарлар пәрменін таңдаңыз
және дисплейдегі нұсқауларды орындаңыз.
Дауыстық хабарлар
Дауыстық пошта жәшігі - жазылуыңыз қажет болуы мүмкін желілік қызмет.
Қосымша ақпарат алу үшін қызмет ұсынушыңызға хабарласыңыз.
Дауыс пошта жәшігіне қоңырау соғу
1 пернесін басып ұстап тұрыңыз.
Дауыс пошта жәшігінің нөмірін өзгерту
Мәзір > Хабарлар > Дауыс хабарлары > Дауыс пошта жәшігінің нөмірі та ңдаң ыз.
Хабар параметрлері
Мәзір > Хабарлар > Хабар параметрлері пәрменін және төменгілерді таңдаңыз:
Жалпы парам-р — Жіберілген хабарлардың көшірмелерін телефонға сақтаңыз,
жад толып қалған жағдайда ескі хабарлардың үстінен қайта жазыңыз және
хабарларға қатысты басқа да параметрлерді орнатыңыз.
Мәтін хабарлары — Жеткізу есептеріне рұқсат етіңіз, SMS және SMS
электрондық поштасының хабар орталықтарын орнатыңыз, таңбаларды қолдау
түрін таңдаңыз және мәтіндік хабарларға қатысты басқа да параметрлерді
орнатыңыз.
М-медиа хбрлры — Жеткізу есептеріне рұқсат етіңіз, мультимедиалық
хабарлардың көрінісін реттеңіз, мультимедиалық хабарлар мен жарнамалардың
алынуына рұқсат етіңіз және мультимедиалық хабарларға қатысты басқа да
параметрлерді орнатыңыз.
Қызметтік хаб-р — Қызметтік хабарларды іске қосыңыз және қызметтік
хабарларға қатысты параметрлерді орнатыңыз.
Контактілер
пәрменін таңдаңыз.Мәзір > Контактылар.
16Қоңырауларды тіркеу журналы
Аттар мен телефон нөмірлерін телефон жадында және SIM картасының жадында
сақтауға болады. Телефон жады нөмірлері және мәтіндік элементтері бар
контактілерді сақтай алады. SIM карта жадына сақталған аттан мен нөмірлер
арқылы көрсетілген.
Контакт қосу
пәрменін таңдаңыз.Аттар > Опц-р > Жаңа кнткт қосу.
Контактіге мәліметтер қосу
Қолданыстағы жадтың Телефон немесе Телефон мен SIM екенін қадағалаңыз.
Аттар пәрменін таңдаңыз, атқа жылжыңыз және Мәлім-рі > Опц-р > Мәлімет
қосу пәрменін таңдаңыз.
Контакті іздеу
Аттар тармағын таңдап, контактілер тізімін айналдырып көріңіз немесе аттың
бірінші әріптерін енгізіңіз.
Телефон жады мен SIM карта жадының арасында контактілерді көшіру
Аттар тармағын таңдап, контактіге жылжыңыз және Опц-р > Конт-ы көшіру
тармағын таңдаңыз. SIM картасының жадында әрбір ат үшін тек қана бір телефон
нөмірі сақталады.
Контактілерге SIM карта немесе телефон жадын таңдау үшін, аттар мен нөмірлер
контактілер тізімінде қалай көрсетілетінін таңдау үшін және контактілерге жад
көлемін көру үшін Баптаулар тармағын таңдаңыз.
Кісінің контактілік мәліметтерін бизнес картасы түрінде vCard стандартын
қолдайтын сыйысымды құрылғыдан жіберуге және алуға болады.
Іскерлік картаны жіберу
Аттар тармағын таңдап, жібергіңіз келетін контакт мәліметін іздеп тауып, Мәлімрі > Опц-р > Визитка жіберу тармағын таңдаңыз.
Қоңырауларды тіркеу журналы
Қоңырауларыңыз, хабарларыңыз, деректеріңіз немесе синхрондау жөніндегі
ақпаратты көру үшін Мәзір > Журнал пәрменін және бар опциялардың бірін
таңдаңыз.
Ескерім: Сіздің қызмет көрсетушіңіздің есебі барлық қоңыраулар мен қызмет
түрлері үшін әртүрлі және есеп, салық т .б. қоса алғанда интернет мүмкіндіктеріне
байланысты болады.
Параметрлер17
Параметрлер
Профильдер
Телефоныңызда профиль деп аталатын және түрлі жағдайларға және орталарға
қоңырау үнін белгілеу жолымен өзгерте алатын түрлі параметрлер топтары бар.
Мәзір > Параметрлер > Профайлдар пәрменін, қажетті профильді және келесі
параметрлерден таңдаңыз:
Іске қосу — таңдалған профильді қосу
Дербестеу — профиль параметрлерін өзгерту
Уақ. белгіленген — профильді нақты уақытта қосулуға белгілеу. Профиль үшін
орнатылған уақыт аяқталғанда уақыты көрсетілмеген бұрынғы профиль
қосылады.
Әуендер
Таңдалған белсенді профильдің әуен параметрлерін өзгертуге болады.
Мәзір > Параметрлер > Саздар таңдаңыз. Бірдей параметрлерді Профильдер
мәзірінен табуға болады.
Дисплей
Телефон көрсеткішіне байланысты, тақырып, артқы фон суреті, экран қорғанысы
секілді кез келген мүмкіндіктерді көру немесе өзгерту үшін, Мәзір >
Параметрлер > Дисплей таңдап басыңыз.
Күн мен уақыт
Мәзір > Параметрлер > Күн мен уақыт пәрменін таңдаңыз.
Күн мен уақытты орнату
Күн мен уақыт параметрлері таңдаңыз.
Күн мен уақыт пішімін белгілеу
Күн мен уақыт форматы парам-і таңдаңыз.
Телефонның уақыты мен күнін уақыт белдеуіне байланысты автоматты түрде
жаңартуды орнату
Күн мен уақытты автотүзету (желі қызметі) таңдаңыз.
Жылдам түймешіктер
Жеке жылдам пернелердің көмегімен телефонның жиі пайдаланылатын
функцияларына жылдам өтуге болады.
Мәзір > Параметрлер > Сілтемеле-рім таңдаңыз.
18Параметрлер
Таңдау пернелеріне телефон функцияларын белгілеу
Оң жа қ т аң да у т үй ме сі немесе Сол жақ тңд к-і жән е т із ім не н ф ун кц ия ны та ңд аң ыз .
Жылжыту пернесі үшін төте пернелер функциясын таңдау
Жылжу түймесі таңдаңыз. Қажетті бағытта жылжыңыз және Өзгерту немесе
Беру пәрменін және тізімнен функцияны таңдаңыз.
Синхрондау және сақтық көшірме жасау
Мәзір > Параметрлер > Қдмдст және қслқ кшр және төмендегілердің біреуін
таңдаңыз:
Дер-ді өткізу — Таңдалған деректерді телефоныңыз бен желі сервері (желі
қызметі) арасында синхрондаңыз немесе көшіріңіз.
Қосылу мүмкіндігі
Пакеттік деректер
Деректердің пакеттік радиоберілімінің жалпы қызметі (GPRS) бұл - желіаралық
протоколға (IP) негізделген желі бойынша ұялы телефондарға деректерді
жіберуге және алуға мүмкіндік беретін желілік қызмет.
Бұл қызметті қалай пайдалану керектігін анықтау үшін Мәзір > Параметрлер >
Іскерлесуі > Пктк деректер > Пакеттік деректер байланысы тармағын және келесі
параметрлерден таңдаңыз:
Қажет кезде — бағдарламаға қажет болғанда пакеттік деректер қосылымын
орнату Бағдарлама тоқтатылғанда қосылым жабылады.
Әрд-м желіде — телефон қосылғанда автоматты түрде пакеттік деректер
желісіне қосылу
Қоңырау және телефон
Мәзір > Параметрлер > Қоңырау таңдаңыз.
Кіріс қоңырауларды бұру
Қоңырауды бұру (желі қызметі) таңдаңыз. Қосымша мәліметтер алу үшін қызмет
ұсынушыға хабарласыңыз.
Сәтсіз қоңырау соғу әрекетінен кейін автоматты түрде он рет қайта теру
Автоматты қайта теру > Қосу таңдаңыз.
Байланыс кезінде кіріс қоңырауы жайындағы ескерту
Қоңырау күту қызметі > Қосу (желі қызметі) таңдаңыз.
Қоңырау соғып жатқан адамға нөміріңізді көрсету немесе көрсетпеу
Менің жеке бас дрк-мді жіберу (желі қызметі) таңдаңыз.
Параметрлер19
Сырғыманы ашу немесе жабу арқылы қоңырауға жауап беру немесе оны аяқтау
Слайдпен қңр басқару таңдаңыз.
Мәзір > Параметрлер > Телефон таңдаңыз.
Экран тілін орнату
Тіл баптаулары > Телефон тілі таңдаңыз.
Көмекші құралдар
Бұл мәзір мен оның түрлі таңдаулары тек қана телефон сәйкесті ұтқыр көмекші
құралдарға қосылған болған кезде көрсетіледі.
Мәзір > Параметрлер > Кеңейту таңдаңыз. Көмекші құралды және сол көмекшіге
байланысты таңдауды таңдау.
Конфигурация
Телефоныңызда кейбір қызметтерге қажет параметрлерді орната аласыз. Бұл
параметрлерді сізге қызмет ұсынушы да жібере алады.
Мәзір > Параметрлер > Конфигурация және келесі параметрлерден таңдаңыз:
Станд. конфиг. параметрлер — телефонда сақталған қызмет ұсынушыларды
көру және әдепкі қызмет ұсынушыны белгілеу
Бар-қ қолдб. стд. парам. іске қос — қолдау көрсетілетін бағдарламалар үшін
әдепкі конфигурациялық параметрлерді қосу
Ең тәуір ену нүктесі — сақталған қатынас нүктелерін көру
Қурылғы менеджері бпт — телефонның бағдарламалық жасақтаманың жаңа
нұсқаларын алуына рұқсат ету немесе оған жол бермеу Телефоныңызға
байланысты бұл параметр қол жеткізгісіз болуы мүмкін.
Жеке конфиг. параметрлер — түрлі қызметтер үшін жаңа жеке жазбаларды
қолмен қосу және оларды белсендіру немесе жою. Жаңа жеке жазбаны қосу үшін
Жаңа немесе Опц-р > Жаңасын қосу пәрменін таңдаңыз. Қызмет түрін таңдап,
қажетті параметрлерді енгізіңіз. Жеке жазбаны белсендіру үшін оған барыңыз
және Опц-р > Қосу пәрменін таңдаңыз.
Зауыт параметрлерін қалпына келтіру
Телефонның зауыттық параметрлерін қалпына келтіру үшін Мәзір >
Параметрлер > Зауыт бапт. қайтару пәрменін және келесі параметрлерден
таңдаңыз:
Тек парамет-рді орнына келтіру — барлық таңдалған параметрлерді жеке
деректерді жоймай қайта қосу
Бәрін орнына келтіру — барлық таңдалған параметрлерді қайта қосу және
барлық жеке деректерді жою, мысалы, контактілер, хабарлар, мультимедиа
файлдары және белсендіру кілттері
20Оператор мәзірі
Оператор мәзірі
Желі операторыңыз қамтамасыз ететін қызметтерді пайдалану үшін порталға
кіріңіз. Қосымша ақпарат алу үшін желі операторына хабарласыңыз. Қызметтік
хабармен оператор бұл мәзірді жаңарта алады.
Галерея
Галереяда суреттерді, бейне клиптерді және музыка файлдарын басқаруыңызға
болады.
Галерея мазмұнын көру
Мәзір > Галерея таңдаңыз.
Медиа
Камера және бейне
Құрылғыңыз 480x640 пиксель пиксель ажыратымдылығын қолдайды.
Камера режимі
Сурет функциясын пайдалану
Мәзір > Медиа > Камера таңдаңыз.
Ұлғайту немесе кішірейту
Жоғары немесе төмен жылжытыңыз.
Суретке түсіру
Іліп алу таңдаңыз.
Алдын-ала көру режимі мен уақытты орнату
Опц-р > Параметрлер > Суретті алдын ала көру уақыты таңдаңыз.
Автотаймерді қосу немесе суреттерді жылдам кезектілікпен түсіру үшін Опц-р
тармағын және керекті опцияны таңдаңыз.
Бейне режимі
Бейне функциясын пайдалану
Мәзір > Медиа > Бейне таңдаңыз.
Бейне клип түсіру
Жазу таңдаңыз.
Медиа21
Жазған кезде, төмен сапалы бейне ұзақ уақыт жазылуы мүмкін. Сапа
параметрлерін өзгерту және бейне клиптің барынша көп уақытын қою үшін
Мәзір > Медиа > Камера > Опц-р > Параметрлер > Бейне клип сапасы немесе
Бейне клип ұзындығы тармағын таңдаңыз.
Камера мен бейне режимдерін өзгертіп қосу
Камера немесе бейне режимінде солға немесе оңға жылжытыңыз.
FM радиосы
FM радиосы сымсыз құрылғы антеннасынан басқа антеннаға байланысты. FM
радиосының дұрыс қызмет жасауы үшін құрылғыға сәйкес келетін құлаққапты
немесе қосымша құрылғыны бекіту керек.
Ескерту
Үнемі аса көтеріңкі деңгейдегі дыбысты тыңдау есту қабілетіңізге нұқсан келтіруі
мүмкін. Әуенді орташа деңгейде тыңдап, дауысзорайтқышты пайдаланғанда
құрылғыны құлағыңызға жақын ұстамаңыз.
Мәзір > Медиа > Радио пәрменін таңдаңыз немесе күту күйінде * түймешігін
басып тұрыңыз.
Көрші радио станцияны іздеу
Жылжыту пернесін солға немесе оңға қарай басып ұстап тұрыңыз.
Станцияны сақтау
Қажетті станцияны іздеп тауып, Опц-р > Станц-ы сақтау таңдаңыз.
Сақталған станцияларды өзгертіп қосу
Станцияларды кезек қосу үшін солға немесе оңға жылжытыңыз, немесе қажетті
станция сақталған нөмір пернесін басыңыз.
Дыбыс деңгейін дұрыстау
Жоғары немесе төмен жылжытыңыз.
Музыка ойнатқышты қосалқы күйде ойнату
Аяқтау пернесін басыңыз.
Радионы жабу
Аяқтау пернесін басып ұстап тұрыңыз.
22Медиа
Дыбыс жазу құрылғысы
Жазуды бастау
Мәзір > Медиа > Диктофон тармағын таңдап, дисплейдегі жазу түймесін
басыңыз.
Ең соңғы жазылғанды тыңдау
Опц-р > Соңғы клп ойнат таңдаңыз.
Соңғы жазылғанды мультимедиа хабарламасы арқылы жіберу
Опц-р > Соңғы клп жібер таңдаңыз.
Музыка ойнатқышы
Сіздің телефоныңызда музыка тыңдау үшін,немесе басқа MP3 не AAC дыбыс
файлдарын тыңдауға мүмкіндік беретін музыка ойнатқышы бар.
Ескерту
Үнемі аса көтеріңкі деңгейдегі дыбысты тыңдау есту қабілетіңізге нұқсан келтіруі
мүмкін. Әуенді орташа деңгейде тыңдап, дауысзорайтқышты пайдаланғанда
құрылғыны құлағыңызға жақын ұстамаңыз.
таңдаңыз Мәзір > Медиа > Плейер.
Ойнатуды бастау немесе кідірту
Жылжыту пернесін басыңыз.
Ағымдағы әннің басына өту
Солға жылжытыңыз.
Алдыңғы әнге өту
Солға екі рет жылжытыңыз.
Келесі әнге өту
Оңға жылжытыңыз.
Ағымдағы әнді артқа айналдыру
Жылжыту пернесін солға қарай басып ұстап тұрыңыз.
Ағымдағы әнді жылдам алға айналдыру
Жылжыту пернесін оңға қарай басып ұстап тұрыңыз.
Дыбыс деңгейін дұрыстау
Жоғары немесе төмен жылжытыңыз.
Бағдарламалар23
Музыка ойнатқыштың дыбысын өшіру немесе қосу
# пернесін басыңыз.
Музыка ойнатқышты қосалқы күйде ойнату
Аяқтау пернесін басыңыз.
Музыка ойнатқышты тоқтату
Аяқтау пернесін басып ұстап тұрыңыз.
Бағдарламалар
Телефоныңыздың бағдарламалық құралында осы Nokia телефонына арнайы
жасалған ойындар мен Java™ бағдарламалары болуы мүмкін.
Мәзір > Қолданба-р таңдаңыз.
Ойынды немесе бағдарламаны ашу
Ойындар немесе Топтама таңдаңыз. Ойынға немесе бағдарламаға барыңыз
және Ашу пәрменін таңдаңыз.
Ойын және бағдарлама орнатуға болатын жад көлемін көру
Опц-р > Жад жағдайы таңдаңыз.
Ойынды немесе бағдарламаны жүктеу
Опц-р > Жүктеу > Ойын жүктеу немесе Қолдб. жүктеу тармағын таңдаңыз.
Сіздің телефоныңыз J2ME™ Java бағдарламаларын қолдайды. Бағдарламаны
қотарудан бұрын оның телефоныңызбен сыйысымды екендігіне көз жеткізіңіз.
Маңызды: Symbian Signed бағдарламалар сияқты сенімді жерлердің
бағдарламалары мен басқа бағдарламалық құралдарын ғана орнатыңыз жән
пайдаланыңыз немесе Java Verified™ сынағынан өткізіңіз.
Қотарылған бағдарламаларды сақтау үшін Галерея пайдалануға болады, ал
Қолданба-р пайдаланылмайды.
Органайзер
Қоңыраулы сағат
Мәзір > Органайзер > Оятқыш пәрменін таңдаңыз.
Дабылды қосу немесе сөндіру
Дабыл: таңдаңыз.
24Веб немесе Интернет
Дабылдың уақытын белгілеу
Оятар уақыты: таңдаңыз.
Телефонды аптаның таңдалған күндерінде дабыл беретін етіп орнату
Егер телефон дабылын бір минутта тоқтатпасаңыз немесе Қайтал. таңдасаңыз,
дабыл кейінге қалдыру уақытына тоқтап, одан кейін қайта қосылады.
Күнтізбе және жұмыстар тізімі
Мәзір > Органайзер > Күнтізбе таңдаңыз. Ағымдағы күн бөлектенеді. Егер күнге
арналған жазбалар болса, сол күн қалың қаріппен беріледі.
Күнтізбе жазбасын қосу
Керекті күнге жылжытыңыз және Опц-р > Ескертпе жазу таңдаңыз.
Жазбаның мәліметтерін көру
Жазбаға жылжытып, Көру тармағын таңдаңыз.
Күнтізбеден барлық жазбаларды өшіру
Опц-р > Жазба-рды жою > Барл. жазба-рды таңдаңыз.
Жасауға қажет тізімін көру
Мәзір > Органайзер > Ескерту таңдаңыз.
Жұмыстар тізімі көрсетіледі және басымдылық бойынша іріктеледі. Жазбаны
қосу, жою немесе жіберу үшін, жазбаны орындалды деп белгілеу үшін немесе
жұмыстар тізімін соңғы мерзімі бойынша іріктеу үшін Опц-р пәрменін таңдаңыз.
Веб немесе Интернет
Телефоныңыздың шолғышын пайдаланып, әр түрлі интернет қызметтерін
пайдалана аласыз. Веб-беттердің көрінісі экран өлшеміне байланысты әр түрлі
болуы мүмкін. Сіз веб-беттегі барлық егжей-тегжейлерді көре алмауыңыз мүмкін.
SIM қызметтері25
Телефоныңызға байланысты интернет шолғыш функция мәзірде веб немесе
интернет ретінде көрсетілуі мүмкін, оны бұдан былай веб деп атаймыз.
Маңызды: Сенімді қызметтерді пайдаланыңыз және зиянды бағдарламаларға
қарсы қауіпсіздік пен қорғаныш шешімдерін қолданыңыз.
Бұл қызметтердің қатынаулы екендігін, бағасын және нұсқауларын қызмет
ұсынушыдан сұраңыз.
Шолуға қажет болатын конфигурациялық параметрлерді конфигурациялық хабар
ретінде қызмет ұсынушыдан ала аласыз.
Интернет қызметіне байланыс.
Мәзір > Веб > Үй таңдаңыз. Немесе күту режимінде 0 пернесін басып ұстап
тұрыңыз.
Қызметке қосылғаннан кейін оның беттерін шолуды бастауға болады.
Қызметтерге байланысты телефон түймешіктерінің функциялары өзгеруі мүмкін.
Телефон дисплейіндегі мәтіндік нұсқауларды орындаңыз. Қосымша ақпарат алу
үшін қызмет ұсынушыңызға хабарласыңыз.
SIM қызметтері
Сіздің SIM картаңыз қосымша қызметтерді қамтамасыз ете алады. SIM картаңыз
қолдаған жағдайда ғана сіз бұл мәзірге қол жеткізе аласыз. Мәзірдің атауы мен
мазмұны бар қызметтерге байланысты болады.
Қоршаған ортаны қорғауға қатысты кеңестер
Мұнда қоршаған ортаны қорғауға үлес қосу бойынша кеңестер беріледі.
Қуатты үнемдеу
Батареяны толық зарядтап, зарядтағышты құрылғыдан ажыратқанда,
зарядтағышты қабырға розеткасынан да ажыратыңыз.
Келесі әрекеттерді орындасаңыз, батареяны жиі зарядтаудың қажеті жоқ.
•Қолданбаларды, қызметтерді және қосылуларды пайдаланбаған кезде
оларды жабыңыз немесе өшіріңіз.
•Экранның жарықтығын азайтыңыз.
26Өнім және қауіпсіздік туралы ақпарат
•Егер құрылғыда қуатты үнемдеу режимі бар болса, оны кішкене жұмыссыз
тұрғаннан кейін қуатты үнемдеу режиміне өтетіндей етіп қойыңыз.
•Пернетақта үні сияқты керексіз дыбыстарды өшіріп тастаңыз.
Қайта өңдеу
Nokia телефонындағы заттардың көбі қайта өңдеуге келеді. Nokia өнімдерінің
қайта өңделуін www.nokia.com/werecycle немесе www.nokia.mobi/werecycle
сайтынан қараңыз.
Орамалар мен нұсқаулық қағаздарын жергілікті қайта өңдеу схемасы бойынша
қайта өңдеуіңізге болады.
Қосымша мәліметтер
Құрылғының қоршаған ортаға қатысты сипаттары туралы қосымша ақпарат алу
үшін www.nokia.com/ecodeclaration сайтын қараңыз.
Өнім және қауіпсіздік туралы ақпарат
Жалпы мәліметтер
Құрылғыңыз жайында
Мына нұсқаулықта суреттелген сымсыз құрылғы EGSM 900, 1800 МГц желілері пайдалануға арналған. Байланыс
желісі туралы көбірек мәлімет алу үшін қызмет көрсетушімен байланысыңыз.
Құрылғы үшінші тараптың интернет сайттарына бетбелгілер мен сілтемелерді орнатып, үшінші тараптың сайттарына
қатынауға мүмкіндік беруі мүмкін. Олар Nokia корпорациясының филиалы болып табылмайды, Nokia корпорациясы
олар үшін жауапкершілікті өзіне алмайды және қабылдамайды. Егер сіз осындай сайттарға қатынасаңыз, қауіпсіздік
немесе мазмұн үшін сақтық шараларын қолданыңыз.
Ескерту
Құрылғының оятқыш сағаттан басқа белгілерін қолданғыңыз келсе, құрылғыны қосыңыз. Сымсыз құрылғыны қолдану
кедергілер мен қауіп тудыратын болса, құрылғыны қоспаңыз.
Құрылғыны пайдаланған кезде барлық заңдарға бағынып, басқа тараптардың жергілікті кедендік, құпиялылық және
заңды құқықтарын, оның ішінде авторлық құқықтарын құрметтеңіз. Авторлық құқықтар кейбір бейнелердің, әуендердің
және басқа құрылымдағы заттардың көшірілуіне, тасымалдануына, өзгертілуіне кедергі бола алады.
Құрылғыңызға сақталған барлық маңызды ақпараттың сақтық көшірмелерін жасап немесе жазбаша көшірмесін сақтап
қойыңыз.
Кез келген құрылғыны қосу үшін оның тұтынушыға арналған нұсқаулығындағы қауіпсіздік жөніндегі мәліметтерді
оқыңыз. Сәйкес келмейтін өнімдерге жалғамаңыз.
Бұл нұсқаулықтағы бейне ажыратымдылығы түрлі болып көрінуі мүмкін.
Құрылғыңыз туралы басқа да маңызды ақпарат алу үшін қолданушыға арналған нұсқауларды қараңыз.
Желі қызметтері
Телефонды қолдану үшін сізде сымсыз қызмет көрсету түрі болуы керек. Кейбір мүмкіндіктер барлықы желіде
қатынаулы болмайды; басқа мүмкіндіктер қызмет көрсету провайдеріңізбен арнайы реттеулер жасауыңызды талап
етеді. Желі қызметтері берілетін деректерді қамтиды. Өз желінізде және басқа желілерде болғанда ақы қанша
болатыны туралы егжей-тегжейін білу үшін қызмет көрсетушіңізбен байланысыңыз. Қызмет көрсету провайдеріңіз
қандай ақы қолданылатын түсіндіреді. Кейбір желілерде TCP/IP хаттамаларында іске қосылатын WAP 2.0
Өнім және қауіпсіздік туралы ақпарат27
хаттамалары (HTTP және SSL) сияқты арналйы технологиялар қолдауы және тілге тән таңбалар сияқты желі қолдауын
талап ететін осы құрылғының кейбір мүмкіндіктерін пайдалану амалдарына ықпал ететін шектеулердің болуы мүмкін.
Сіз провайдеріңізден құрылғыңызда бейбелсенді және жұмысқа қабілетсіз мүмкіндіктерге сұратым жасауыңызға
болады. Онда бұл мүмкіндіктер құрылғыңыздың мәзірінде көрінбейтін болады. Сондай-ақ, құрылғыңызда мәзір
атаулары, мәзір реті және белгішелер сияқты бапталатын элементтердің болуы мүмкін.
Ортақ жад
Құрылғының келесі құызметтері жадыны бөлуі мүмкін: мультимедиалық хабар (MMS), электрондық пошта қолданбасы,
шұғыл хабар. Осы мүмкіндіктердің бірнешеуін пайдалану қалған мүмкіндерге қатынаулы жадтың көлемін азайтуы
мүмкін. Егер құрылғы жадтың толы екенін білдіретін хабарды көрсетсе, ортақ жадқа сақталған ақпараттың біразын
жойыңыз.
Сандық құқықтарды басқару
Бөлік иелері зияткерлік байлықтарын, оның ішіндегі авторлық құқықтарын қорғау үшін сандық құқықтарды басқару
технологияларының барлық түрін қолдана алады. Бұл құрылғының СҚБ қорғалған бөлігін алу үшін СҚБ барлық түрін
қолдану керек. Осы құрылғымен OMA DRM 1.0 қорғалған мазмұнға қол жеткізе аласыз. Егер сандық құқықтарды
басқару бағдарламасы бөліктерді қорғай алмаса, бөліктің иелері сандық құқықтарды басқару бағдарламасының жаңа
сандық құқықтарды басқарудың қорғалған үлесінің төмендеуін алуы жайында сұрауы мүмкін. Күшін жою сіздің
құрылғыңыздағы сандық құқықтарды басқарудың қорғалған үлесінің қайта жөндеуіне кедергі болуы мүмкін. СҚБ
бағдарламаларының күшін жою СҚБ басқа түрлері немесе СҚБ емес бағдарламалар арқылы қорғалған үлес
қолданысына әсерін тигізбейді.
Сандық құқықтарды басқарудың қорғалған үлестері сіздің өз үлесіңізді қолдану құқықтарын анықтайтын іске асыру
кілтінен тұрады.
Керек-жарақтар
Ескерту
Тек Nokia компаниясы нақ осы құрылғымен пайдалануға рұқсат еткен батареяларды, зарядтағыштарды және көмекші
құралдарды ғана пайдаланыңыз. Басқа түрлерін пайдалану кез келген рұқсаттар мен кепілдіктердің күшін жоюы және
қауіпті болуы мүмкін. Белгілі бір жағдайларда рұқсат етілмеген зарядтағыштарды немесе батареяны пайдалану өрттің,
жарылыстың немесе батареяның ағып кетуіне алып келуі немесе басқа қауіп төндіруі мүмкін.
Рұқсат етілген қосымша аспаптарға бар-жоқтығын білу үшін дилері ңізбен хабарласуды сұраймыз . Ке з ке лге н қо сым ша
аспаптың қуат сымын ажыратқаныңызда, сымнан емес, ашаның өзін ұстап, тартыңыз.
Батарея
Батарея мен зарядтағыш туралы ақпарат
Құрылғыңыз зарядталатын батареядан қуат алады. BL-4C осы құрылғымен пайдаланатын батарея. Nokia бұл құрылғы
үшін қосымша батарея түрлерін шығаруы мүмкін. Бұл құрылғы келесі зарядтағыштан қуат алу кезінде пайдалануға
арналған: AC-3. Нақты зарядтағыш моделінің нөмірі ашаның түріне қарай әр түрлі болады. Аша нұсқасы
төмендегілердің біреуімен анықталады: E, EB, X, AR, U, A, C, K немесе UB. арасынан болуы мүмкін. арасынан болуы
мүмкін. арасынан болуы мүмкін.
Батарея жүздеген мәрте зарядталып, зарядсыздандырылуына болады, дегенмен, нәтижесінде тозады. Сөйлесу және
күту режимдері көрсетілген қалыпты уақыттан қысқарғанда, батареяны ауыстырыңыз. Тек Nokia компаниясымен
рұқсат етілген батареяларды ғана пайдаланып, батареяңызды Nokia компаниясымен рұқсат етілген және осы
құрылғыға арналған зарядтағышпен ғана зарядтаңыз.
Батарея бірінші рет пайдаланылған болса немесе батарея ұзақ уақыт пайдаланылмаған жағдайда оны зарядтау үшін
зарядтағышты қосып, ажыратып, қайта қосуды қажет етуі мүмкін. Егер батарея заряды толық біткен болса, дисплейде
зарядтау көрсеткіші жанғанша немесе қоңырау шалу мүмкін болғанша бірнеше минут қажет болады.
Қауіпсіз шығарып алу. Батареяны шешіп аларда әрқашан құрылғыны өшіріп, зарядтағышты ажыратыңыз.
28Өнім және қауіпсіздік туралы ақпарат
Дұрыстап зарядтау. Пайдаланылмаған жағдайларда зарядтағышты розетка мен құрылғыдан ажыратып қойыңыз.
Толық зарядталған батареяны зарядтағышқа қосулы күйде қалдырмаңыз, себебі асыра зарядтау оның қызмет
мерзімін қысқартады. Егер пайдаланусыз қалса, зарядталған батарея уақыт өтісімен өзінің зарядын жоғалтады.
Шамадан тыс температураларда қалуына жол бермеңіз. Батареяны дайым 15°C мен 25°C (59°F мен 77°F)
температура аралығында сақтаңыз. Шамадан тыс температура батареяның сыйымдылығын азайтып, қызмет мерзімін
қысқартады. Батареясы ысып кеткен немесе суынған құрылғы уақытша жұмыс істемей қалуы мүмкін. Батареяның
қызметі қату температурасынан төмен жағдайда ішінара шектеледі.
Қысқа тұйықтап алмаңыз. Қысқа тұйықталу тиын, қағаз қысытрғыш немесе қаламсап сияқты металл нысан батареяның
оң (+) және теріс (-) полюстерінің қосылуын тудырған кезде кездейсоқ орын алуы мүмкін. (Олар батареядағы металл
жолақшалары сияқты көрінеді). Бұл, мысалы, қалтаңызда немесе әмияныңызда қосымша батарея болғанда орын
алуы мүмкін. Терминалдардағы қысқа тұйықталу батареяны немесе байланыстырғыш затты бүлдіруі мүмкін.
Қоқысқа тастау. Батареяларды отқа тастамаңыз, себебі олардың жарылуы мүмкін. Батареяларды жергілікті құзырлы
органдардың ережелеріне сәйкес пайдаланыңыз. Мүмкін болған жағдайда қайта пайдалануға жаратыңыз. Тұрмыстық
қалдық түрінде қоқысқа тастамаңыз.
Батарея сұйықтының ағуы. Батареяларды немесе ұяшықтарын аршымаңыз, кеспеңіз, ашпаңыз, қыспаңыз,
майыстырмаңыз, теспеңіз немесе майдаламаңыз. Батарея ағып кеткен жағдайда, батареяның сұйықтығын теріге
немесе көзге тигізіп алмаңыз. Осындай жағдай орын алғанда, тиген жерді бірден сумен жуыңыз немесе медициналық
көмек алыңыз.
Зақымдау. Батареяның түрін өзгертпеңіз, қайта жасамаңыз, басқа заттарды оның ішіне салуға талпынбаңыз немесе
оны суға немесе басқа сұйықтықтарға батырмаңыз немесе салмаңыз. Батареялар бүлінгенде жарылуы мүмкін.
Дұрыс пайдалану. Батареяны тек арнайы мақсаттарға сай пайдаланыңыз. Батареяны дұрыс пайдаланбау өрттің,
жарылыстың немесе басқа қауіптің пайда болуына алып келуі мүмкін. Егер құрылғы немесе батарея түсіп кетсе,
әсіресе қатты жерге түсіп, сіз батареяның бүлінгеніне сенімді болсаңыз, оны пайдаланар алдында тексерту үшін
қызмет көрсету орталығына алып барыңыз. Ешқашан зақымданған зарядтағышты немесе батареяны пайдаланбаңыз.
Батареяңызды кішкентай балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
Nokia батареясының шынайылығын растау жөніндегі нұсқаулары
Қауіпсіздік мақсатында әрқашан Nokia корпорациясы өзі шығарған аккумуляторларды пайдаланыңыз. Фирмалық Nokia
батареясын алып жатқаныңызға сенімді болу үшін, оны Nokia компаниясының уәкілетте қызмет көрсету орталығынан
немесе дилерінен сатып алыңыз және голографиялық этикетканы келесі қадамдарды жасап тексеріңіз:
Голограмма шынайылығын растау
1Этикеткадағы голограмманы тексерген кезде оның бір бұрышынан қарағанда Nokia корпорациясының қол алысу
белгісін, ал екінші бұрышынан қарағанда «Nokia Original Enhancements» логотипін көруге тиіссіз.
Өнім және қауіпсіздік туралы ақпарат29
2Сіз голограмманы солға, оңға, төмен және жоғары қисайтқан кезде әрбір бұрышынан сәйкесінше 1,2,3, және 4
нүктесін көруге тиіссіз.
Осы қадамдарды сәтті аяқталса да, батарея фирмалық екен деп сеніммен айтуға болмайды. Егер сіз шынайылығын
растай алмасаңыз немесе Nokia батареясын жапсырмасындағы голограммасымен бірге шынайы Nokia батареясы
емес екеніне сенуге қандай да бір себеп болса, оны пайдаланудан тартынып, көмек алу үшін оны жергілікті Nokia
өкілетті қызмет көрсету орталығына немесе дилеріне алып бару керек.
Түпнұсқа Nokia батареялары жөнінде қосымша мәлімет алу үшін, www.nokia.com/battery торабына барыңыз.
Құрылғыға күтім жасау
Сіздің құрылғыңыз дизайны мен шеберлілігі жоғары өнім болып табылатындықтан, оны ұқыпты пайдалану керек.
Төмендегі ұсыныстар кепілдігіңіз күшін сақтауға көмектеседі.
•Құрылғыны су тигізбеңіз. Жауын-шашынның, ылғалдың және сұйықтардың құрамында электрондық тізбектердің
тот басуына себепші болатын минералдар болуы мүмкін. Егер сіздің құрылғыңыз дымқылданып кетсе,
батареяны алып, оны орнына салардың алдында құрылғыны әбден құрғатыңыз.
•Құрылғыны шаң, лас жерлерде пайдаланбаңыз. Оның ауыстырмалы бөліктері мен электрондық бөлшектерінің
зақымдануы мүмкін.
•Құрылғыны жоғары немесе суық температурада ұстамаңыз. Жоғары температура электрондық құрылғылардың
қызмет ету қысқартып, батареяларды зақымдауы және пластикалық бөліктерінің қалпын бұзуы немесе балқытып
жіберуі мүмкін. Құрылғы суық температурадан қалыпты температураға келгенде, оның ішінде ылғал пайда
болып, электрондық тізбек тақталарын зақымдауы мүмкін.
•Құрылғының осы нұсқаулықта көрсетілгеннен басқа жолдармен ашуға әрекеттенбеңіз.
•Құрылғыны лақтырушы, соғушы немесе шайқаушы болмаңыз. Өрескел пайдаланудан ішкі тізбек тақталары мен
жұқа механизмдердің зақымдануы мүмкін.
•Күшті химиялық заттарды, тазалағыш ерітінділерді немесе күшті жуу құралдарын құрылғыны тазалауға
пайдаланбаңыз. Құрылғының бетін тазалау үшін тек жұмсақ, таза, құрғақ шүберекті пайдаланыңыз.
•Құрылғыны боямаңыз. Бояу қозғалатын бөлшектерінің қозғалысын қиындатып, дұрыс жұмыс істеуіне кедергі
келтіруі мүмкін.
•Тек қана жинақпен жеткізілген етілген немесе мақұлданған антеннаны пайдаланыңыз. Рұқсат берілмеген
антенналар, түрлендірулер немесе көмекші құралдар құрылғыны зақымдап, радио құрылғыларды реттейтін
ережелерді бұзуы мүмкін.
•Зарядтағыштарды бөлмеде пайдаланыңыз.
•Контактілер және күнтізбе жазбалары сияқты сақтағыңыз келген деректердің барлығының сақтық көшірмесін
жасаңыз.
•Құрылғы жақсы жұмыс істеуі үшін уақытылы мезгіл-мезгіл бастапқы қалпына келтіру мақсатымен оны өшіріп,
батареяны алыңыз.
Бұл ұсыныстар құрылғыңызға, батареяңызға, зарядтағышыңызға немесе кез келген қосымша аспапқа бірдей
қолданылады.
30Өнім және қауіпсіздік туралы ақпарат
Қайта пайдалану
Әрдайым пайдаланылған электрондық бұйымдарды, батареяларды және орауыш материалдарды арнаулы жинау
орнына өткізіңіз. Осылайша сіз қалдықтың қараусыз тасталуына жол бермей, материалдардың қайта пайдаланылуына
көмектесесіз. Өнім туралы қоршаған ортаға қатысты ақпаратты және Nokia өнімдерін қайтадан қалай пайдалану
керектігін www.nokia.com/werecycle немесе nokia.mobi/werecycle сайтынан қарап алыңыз.
Бұйымдағы қиылысқан сызығы бар дөңгелекшелі кәрзеңке белгісі, нұсқаулық немесе орауыш барлық электр және
электрондық бұйымдардың, батареялардың және аккумулятордың жұмыс мерзімі біткеннен кейін бөлек жиналуы
керек екенін есіңізге салады. Бұл талап Еуропалық Одақта қолданылады. Бұл бұйымдарды сұрыпталмаған қалалық
қоқысқа тастамаңыз. Қоршаған орта туралы қосымша ақпарат алу үшін www.nokia.com/environment сайтынан
бұйымның экологиялық декларациясын қараңыз.
Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат
Бұл құрылғының бетінде никель жоқ.
Кішкентай балалар
Құрылғы мен оның аксессуарлары ойыншық емес. Олардың құрамында кішкентай бөлшектердің болуы мүмкін.
Оларды кішкентай балалардан аулақ ұстаңыз.
Жұмыс істеу ортасы
Бұл құрылғы құлақ тұсында немесе денеден 2,2 сантиметр (7/8 дюйм) алыс бірқалыпты пайдалану кезінде радио жиілік
нұсқауларын орындайды. Тасымалдау сөмкесінде, белдік қысқышта немесе арқалап алуға арналған ұстағышта метал
болмауы керек және құрылғыны денеңізден жоғарыда көрсетілген аралықта ұстаңыз.
Деректер файлдары мен хабарларды жіберу үшін желіге сапалы байланыс орнатылуы керек. Сапалы байланыс
қатынаулы болмайынша, деректер файлдарының немесе хабарлардың кешіктірілуі мүмкін. Берілу аяқталғанша,
бөлектеу қашықтығына қатысты нұсқауларды орындаңыз.
Құрылғының бөліктері магнитті болып келеді. Металл заттар құрылғығы тартылуы мүмкін. Несие карточкасы немесе
басқа да магнитті құралдарды жақын ұстамаңыз, себебі ондағы сақталған ақпарат өшірілуі мүмкін.
Медициналық құрылғылар
Радио хабар тарату жабдығының, соның ішінде, сымсыз телефонның жұмысы жеткілікті қорғалмаған медициналық
құрылғылардың жұмысына кедергі келтіруі мүмкін. сыртқы радио жиілік қуатынан жеткілікті қорғалғанын анықтау үшін
физиктен немесе медициналық құрылғыны өндірушіден ақыл-кеңес сұраңыз. Ережелер құрылғыңызды өшіріп қоюға
нұсқау берген жағдайда, солай істеңіз. Ауруханалар немесе денсаулық сақтау мекемелері сыртқы радио жиілік
қуатына сезімтал жабдықты пайдалануы мүмкін.
Алмастырылған медициналық құрылғылар
Медициналық құрылғыға кедергі жасауға жол бермеу үшін медициналық құрылғыларды өндірушілер сымсыз құрылғы
мен имплантация жасайтын медициналық құрылғылар, мысалы, электрондық жүрек стимуляторы немесе
имплантация жасайтын кардиовертер-дефибриллятор арасындағы қашықтық кемінде 15,3 сантиметрді (6 дюйм)
құрауы тиіс деген кеңес береді. Мұндай құрылғыларға ие адамдар төмендегілерді орындауы тиіс:
•Әрдайым сымсыз құрылғыны медициналық құрылғыдан 15,3 сантиметр (6 дюйм) алыс ұстаңыз.
•Сымсыз құрылғыны төс қалтаға салып жүрмеу керек.
•Сымсыз құрылғыны медициналық құрылғыға қарама-қарсы жақтағы құлағыңызға ұстаңыз.
•Кедергі барынан күмәнданған жағдайда, сымсыз құрылғыны өшіру керек.
•Имплантация жасайтын медициналық құрылғыға қатысты өндіруші нұсқауларын орындаңыз.
Егер сізде алмастырылған медициналық құрылғыны сымсыз құрылғымен пайдалану жөнінде сұрақтарыңыз болса,
денсаулық сақтау орталығымен кеңесіңіз.
Өнім және қауіпсіздік туралы ақпарат31
Есту құралдары
Кейбір сандық сымсыз құрылғылар кейде есту аппараттарына кедергі келтіруі мүмкін.
Көлік құралдары
Радио жиілік сигналдары көліктердегі дұрыс орнатылмаған немесе жеткілікті қорғалмаған электрондық жүйелерге,
мысалы, электрондық жанармай бүрку жүйесіне, тежеуге қарсы электрондық құлып жүйесіне, электрондық
жылдамдықты бақылау жүйесіне және қауіпсіздік жастықшасының жүйесіне әсер етуі мүмкін. Толық ақпарат алу үшін
көлігіңіздің немесе оның жабдығының өндірушісімен тексеріңіз.
Бұл құрылғыға қызмет көрсетуді немесе оны көлікке орнатуды тек маманданған қызметкерлер істеуі тиіс. Дұрыс
орнатпау немесе қызмет көрсетпеу қауіпті және кепілдігіңізді жарамсыз етуі мүмкін. Көлігіңіздегі барлық сымсыз
құрылғылардың дұрыс бекітілгенін және жұмыс істеп тұрғанын тұрақты тексеріп отырыңыз. Оңай тұтанатын
сұйықтықтарды, газдарды немесе жарылғыш заттарды құрылғымен, оның бөліктерімен немесе қосымша
аспаптарымен бір бөлімде сақтамаңыз. Қауіпсіздік жастықшаларының қатты күшпен ашылатынын ұмытпаңыз.
Құрылғыңызды немесе аксессуарларын қауіпсіздік жастықшасы ашылатын жерге қоймаңыз.
Ұшаққа көтерілмей тұрып құрылғыңызды өшіріңіз. Сымсыз телеқұрылғыларды ұшақтың ішінде пайдалану ұшақтың
жұмысына қауіп келтіруі және заңға қайшы болуы мүмкін.
Жарылу қаупі бар орталар
Ықтималды жарылыс болатын ортада құрылғыны өшіріп қойыңыз. Барлық берілген нұсқауларды орындаңыз. Мұндай
аймақта ұшқынның пайда болуы дене жарақатына немесе өлімге әкеп соғатын жарылысқа немесе өртке себепші
болуы мүмкін. Құрылғыны қызмет көрсету стансаларындағы бензин сорғыларының маңайы сияқты жанармай құю
орындарында сөндіріңіз. Жанармай қоймаларында және тарату аумақтарында химиялық зауыттарда немесе жарылыс
жұмыстары болып жатқан жерде шектеулерді орындаңыз. Жарылу қаупі бар атмосфералы аймақтар жиі таңбаланады.
Бірақ бұл таңбалар әрқашанда анық бола бермейді. Олар көлігіңіздің қозғалтқышын өшіріп қоюға кеңес беретін
аймақтарды, кемелердегі полубалардың астын, химиялық заттарды таситын немесе сақтайтын орындарды және
ауаның құрамында химиялық заттар немесе астық, шаң немесе металл ұнтақтары сияқты заттар болатын жерлерді
қамтиды. Олардың аймағында осы құрылғыны пайдалану қауіпсіз бе, жоқ па анықтау үшін (пропан немесе бутан
сияқты) мұнай газдарды пайдаланатын көлік өндірушілерімен ақылдасуыңыз қажет.
Жедел қызметтерге телефон шалу
Маңызды: Бұл құрылғы радио сигналдарды, сымсыз желіні, жердегі байланыс желісі және қолданушы бағдараламаға
салынған жетелерді пайдалана қызмет етеді. Егер құрылғыңыз инте рнет арқылы дауыс қоңырау шалуларды (интернет
қоңырау шалуларды) қолдаса, интернет және ұялы телефон қоңырау шалуларының екеуін де іске қосыңыз. Ұялы
желілері мен интернетпен қоңырау шалу провайдерінің екеуі де қосылған жағдайда, құрылғы осылардың екеуі арқылы
жедел қызмет көрсету орындарына қоңырау шалуға әрекет жасайды. Байланыстың барлық жағдайда жүзеге
асырылатынына кепілдік берілмейді. Медициналық шұғыл жағдайда байланыс орнату үшін тек сымсыз құрылғыға ғана
сенуге болмайды.
Жедел телефон шалу үшін:
1Егер құрылғы өшірулі болса, оны қосыңыз. Сигналдың тиісті күші болуын тексеріңіз. Құрылғыға тәуелді бола
отырып, сіздің төмендегілерді орындауыңыз қажет:
•Егер құрылғы жарамды болса, оған SIM-картасын енгізіңіз.
•Егер құрылғыңызда белгілі бір қоңырау шалу шектеулері болса, оларды алып тастаңыз.
•Режимді Дербес немесе Ұшу режимінен белсенді режимге өзгертіңіз.
2Дисплейді тазарту үшін аяқтау пернесін басып, құрылғыны қоңырау шалуға дайындаңыз.
3Жергілікті аймақтағы ресми жедел жәрдем нөмірін енгізіңіз. Жедел жәрдем нөмірлері әр жерде әртүрлі болуы
мүмкін.
4Шақыру түймесін басыңыз.
Жедел қоңырау шалу кезінде барлық қажетті ақпаратты мүмкіндігінше мұқият беріңіз. Сіздің сымсыз құрылғыңыз оқиға
орнында тек байланыс құралы бола алады. Рұқсат берілгенге дейін қоңырау шалуыңызды аяқтамаңыз.
32Өнім және қауіпсіздік туралы ақпарат
Куәландыру туралы ақпарат (ҮСД)
Құрылғы радио толқындарының әсері нұсқауларына сәйкес келеді.
Сіздің мобильді құрылғы радио хабаршысы және радио қабылдағыш ретінде де қолданылады. Ол халықаралық
нұсқаулармен бекітілген радио толқындар әсері шектеуінен шықпайтындай етіліп жасақталған. Бұл ережелер ICNIRP
тәуелсіз ғылыми ұйымымен жетілдіріліген және барлық адамдарды жасына және денсаулығына қарамастан қорғауға
кепілдік беру үшін дайындалған қауіпсіздік шараларын қамтиды.
Мобильді құрылғы нұсқаулары Үлестік сіңіру деңгейі немесе ҮСД өлшем бірлігін қолданылады. ICNIRP бекіткен ҮСД
шектеуі дененің 10 грамы үшін 2,0 ватт/килограмм (Вт/кг) құрайды. ҮСД үшін тексерулер барлық тексерілген жиілік
белдеулеріндегі жоғарғы рұқсат етілген қуатты құрылғыға стандартты жұмыс күйін қолданады. Жұмыс үстіндегі
құрылғының ҮСД көрсеткіші ең жоғарғы дыбыс деңгейінен төмен болуы мүмкін, себебі құрылғы желіге жететін ғана
қажетті қуатты пайдаланады. Бұл мөлшер бірнеше факторларға, мысалы сіздің желі негізі бекетіне қаншалықты жақын
орналастыруыңызға байланысты өзгереді.
ICNIRP нұсқаулары белгілеген құрылғыны құлаққа қолданудың ҮСД ең жоғарғы мәні - 0,73 Вт/кг.
Құрылғының қосымша аспаптарын қолдану нәтижесінде әртүрлі ҮСД мәндері шығады. ҮСД мәндері мемлекеттік есеп
беру және тексеру талаптарына және желі таралымына тәуелді. ҮСД бойынша қосымша мәліметті www.nokia.com
сайтындағы өнім туралы ақпарат ішінен алуыңызға болады.
33
СӘЙКЕСТІК МӘЛІМДЕМЕСІ
Осымен, NOKIA CORPORATION осы RM-590 өнім
1999/5/EC директивасының негізгі талаптарына және
басқа да қатысты жайттарына сәйкес екендігін
мәлімдейді. Сәйкестік жөніндегі көшірмені http://
www.nokia.com/phones/declaration_of_conformity/
сайтынан таба аласыз.
Nokia, Nokia Connecting People және Navi - Nokia
Corporation ұйымының сауда белгілері немесе тіркелген
сауда белгілері. Nokia tune - Nokia Corporation ұйымының
дыбыстық белгісі. Осы құжатта көрсетілген басқа да
өнімдер мен компаниялардың атаулары тиісті меншік
иелерінің сауда белгілері немесе тауар атаулары болуы
мүмкін.
Бұл құжат мазмұнының бір бөлігін немесе барлығын
Nokia корпорациясының алдын ала жазбаша
рұқсатынсыз қандай да бір жолмен қайта дайындауға,
үшінші тарапқа беруге, таратуға немесе сақтауға тыйым
салынады. Nokia корпорациясы үздіксіз дамыту
саясатын ұстанады. Nokia корпорациясы осы құжатта
сипатталған өнімдердің кез келгенін алдын ала
ескертусіз өзгертуге және жетілдіруге құқылы.
Includes RSA BSAFE cryptographic or security protocol
software from RSA Security.
Java and all Java-based marks are trademarks or registered
trademarks of Sun Microsystems, Inc.
Ескеріңіз: Тек бір ғана MРЕG-4 мәтіні. *Бұл өнім MРЕG-4
visual Patent Portfolio License бойынша (і) жеке және
коммерциялық емес қызметпен айналысатын тұтынушы
MРЕG-4 Visual Standard сәйкес кодталған ақпаратқа
байланысты жеке және коммерциялық емес мақсатта
пайдалануға (іі) лицензиялы бейне қызмет ұсынушысы
ұсынған MРЕG-4 бейнесін пайдалану үшін
лицензияландырылған. Кез-келген басқа жолмен
пайдалану үшін тікелей және жанама түрде ешбір
лицензия берілмейді. Жарнамалық, ішкі және
коммерциялық байланыстарды қоса алғанда, қосымша
ақпаратты MРЕG LA, LLC компаниясынан алуға
болады. http://www.mpegla.com сайтын қараңыз.
ЗАҢ БОЙЫНША NOKIА НЕМЕСЕ ОНЫҢ РҰҚСАТ
БЕРУШІЛЕРІ ҚАНДАЙ ДА БІР ЖАҒДАЙ БОЛМАСЫН
МӘЛІМЕТТЕР ЖОЙЫЛУЫНА НЕМЕСЕ ШЫҒЫНДАРҒА,
КЕЗ КЕЛГЕН АРНАЙЫ, ҚОСЫМША, СОҢҒЫ НЕМЕСЕ
ЖАНАМА ЖАСАЛЫНҒАН ЗАҚЫМДАРҒА ЖАУАП
БЕРМЕЙДІ.
БҰЛ ҚҰЖАТТЫҢ МАЗМҰНЫ "СОЛ КҮЙІНДЕ"
ҚҰРЫЛҒАН. ЗАҢ БОЙЫНША, КЕПІЛДЕМЕНІҢ КЕЗ
КЕЛГЕН ТҮРІ ШҰҒЫЛ НЕМЕСЕ НЕГІЗДЕЛГЕН, БІРАҚ
ШЕКТЕЛМЕГЕН ТАУАР ЖАРАМДЫЛЫҒЫНЫҢ
КЕПІЛДЕМЕЛЕРІ ЖӘНЕ БЕЛГІЛІ БІР МАҚСАТҚА
БАҒЫТТАЛҒАН ҚАБІЛЕТ ДӘЛДІЛІК, СЕНІМДІЛІК
НЕМЕСЕ ОСЫ ҚҰЖАТТЫҢ МАЗМҰНЫМЕН ТЫҒЫЗ
БАЙЛАНЫСТА ЖАСАЛҒАН. NOKIA КОМПАНИЯСЫ
ОСЫ ҚҰЖАТТЫ EШБІР АЛДЫН АЛА ЕСКЕРТУСІЗ
ҚАРАП ШЫҒУҒА НЕМЕСЕ БҰДАН БАС ТАРТУҒА
ҚҰҚЫЛЫ.
Белгілі өнімдерге және сұранымдарға, қызметтерге қол
жеткізу аймақтарға байланысты әр түрлі болады. Толық
мәліметтер мен тіл опцияларының бар-жоғын Nokiа
дилерінен сұрап алыңыз. Экспорттық бақылау. Бұл
құрылғы АҚШ және басқа елдерден заңдар мен
реттеушілерді экспорттайтын, сату тауарларын,
технологияны немесе бағдарламаны қамтамасыз ететін
пәннен тұрады. Заңды орындамай ауытқуға тыйым
салынған.
Құрылғыңызбен жеткізілетін үшінші тарап әзірлеген
бағдарламалар Nokia компаниясымен байланысты
немесе қатысты емес тұлғалар немесе ұйымдармен
әзірленіп, солардың иелігі болып табылуы мүмкін. Nokia
үшінші тараптармен әзірленген бағдарламалар
бойынша авторлық құқықтар немесе зияткерлік
жекеменшік құқықтарын иеленбейді. Іс жүзінде, Nokia
соңғы пайдаланушыны қолдау, бағдарламалардың
пайдаланымдылығы немесе сол бағдарламалар немесе
материалдар ақпараттарына жауапты емес. Nokia
үшінші тараптардың бағдарламаларына ешқандай
кепілдік бермейді.
БАҒДАРЛАМАНЫ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ СІЗ
БАҒДАРЛАМАНЫҢ СОЛ КҮЙІНДЕ, ЕШҚАНДАЙ НАҚТЫ
НЕМЕСЕ БОЛЖАМДЫ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢДАРМЕН
БАРЫНША РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН КЕПІЛДІКСІЗ
ЖЕТКІЗІЛГЕНДІГІН РАСТАЙСЫЗ. СОНЫМЕН ҚАТАР,
СІЗ НЕ NOKIA КОМПАНИЯСЫ, НЕ ОНЫҢ
БАЙЛАНЫСТЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ЕШҚАНДАЙ НАҚТЫ
НЕМЕСЕ БОЛЖАМДЫ ТАНЫТУЛАРДЫ НЕМЕСЕ
КЕПІЛДІКТЕРДІ, СОНЫҢ ІШІНДЕ, БІРАҚ ОЛАРМЕН
ШЕКТЕЛМЕЙ, ІШІНАРА МАҚСАТТАРДАҒЫ АТАУЛАР,
САТЫЛУ МҮМКІНДІГІ НЕМЕСЕ ПІШІНІ БОЙЫНША,
НЕМЕСЕ СОЛ БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ҚАНДАЙ ДА БІР
ҮШІНШІ ТАРАПТЫҢ ПАТЕНТТЕРІНЕ, АВТОРЛЫҚ
ҚҰҚЫҚТАРЫНА, САУДА БЕЛГІЛЕРІНЕ НЕМЕСЕ
БАСҚАДАЙ ҚҰҚЫҚТАРЫНА ҚАЙШЫ КЕЛМЕЙТІНДІГІН
КЕПІЛДЕНДІРМЕЙТІНІН РАСТАЙСЫЗ.
/3-басылым KK
34Тақырыптар тізімі
Тақырыптар тізімі
Таңбалар/Сандар
battery5
IM15
Nokia қолдау ақпараты5
PIN коды8
SIM картасы5, 10