15-1, Naeshiro-cho, Mizuho-ku, Nagoya 467-8561, Жапония
Өнімді пайдаланбастан бұрын немесе кез келген техникалық қызмет көрсету жұмысын
орындамастан бұрын, осы нұсқаулықты оқыңыз. Осы нұсқауларды орындамау нәтижесінде
өрт, ток соғу, күйіп қалу немесе тұншығу сияқты жеке басқа жарақат немесе мүлікке зақым
қаупі артуы мүмкін. Brother компаниясы иеленушінің осы нұсқаулықта көрсетілген
нұсқауларды орындамауынан туындаған зиян үшін жауапты болмайды.
Brother Industries, Ltd.
Осы нұсқаулықты пайдалану әдісі:
1. Өнімді пайдалану алдында нұсқаулықты толық оқып шығыңыз және оны кейін қолдану
үшін сақтап қойыңыз.
2. Осы нұсқаулықта берілген нұсқауларды мұқият орындаңыз және өнімде белгіленген
барлық ескертулер мен нұсқауларды әрқашан орындаңыз.
3. Егер осы нұсқаулықты оқығаннан кейін өнімді пайдалану әдісі жөнінде сұрақтарыңыз
болса, Brother тұтынушыларды қолдау қызметіне немесе жергілікті Brother дилеріне
хабарласыңыз.
4. Барлық нұсқауларды түсіну үшін құжаттамада пайдаланылған шартты белгілер мен
таңбаларды қарап шығыңыз.
ЕСКЕРТПЕ
Толығырақ нұсқауларды, ақпаратты және өнім сипаттамаларын мына сайттағы Интернеттегі
пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз: support.brother.com/manuals сайтындағы «Online User’s
Guide» (Интернеттегі пайдаланушы нұсқаулығы) құжатынан қараңыз
1
Құжатта қолданылған таңбалар мен шартты
белгілер
Келесі таңбалар мен шартты белгілер құжаттамада пайдаланылған.
Өнімде белгіленген барлық ескертулер мен нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРТУ
ЕСКЕРТУ белгісі алдын алмаған жағдайда
өлімге немесе ауыр жарақатқа әкелуі мүмкін
қауіпті жағдайды білдіреді.
АБАЙЛАҢЫЗ
АБАЙЛАҢЫЗ белгісі алдын алмаған
жағдайда кіші немесе орташа жарақатқа
әкелуі мүмкін қауіпті жағдайды білдіреді.
МАҢЫЗДЫ
МАҢЫЗДЫ белгісі алдын алмаған жағдайда
өнімге зақым келтіруі немесе өнім қызметін
жоғалтуы мүмкін ықтимал қауіпті жағдайды
білдіреді.
ЕСКЕРТПЕ
ЕСКЕРТПЕ қолдану ортасын, орнату
шарттарын немесе арнайы пайдалану
шарттарын білдіреді.
Электрлік қауіп белгішелері ток
соғу қаупін ескертеді.
Ыстық бет белгішелері өнімнің
ыстық бөліктеріне тимеуді
ескертеді.
Тыйым салу белгішелері орындауға
болмайтын әрекеттерді білдіреді.
Қалың
қаріп
Көлбеу
қаріп
Courier
New
Қалың қаріп өнімнің басқару
панеліндегі немесе компьютер
экранындағы арнайы
пернелерді білдіреді.
Көлбеулік стилі маңызды
нәрсені ерекшелейді немесе
қатысты тақырыпқа сілтеме
береді.
Courier New қарпімен терілген
мәтін өнімнің СК дисплейіндегі
хабарларды білдіреді.
ЕСКЕРТПЕ
• Барлық үлгілер барлық елдерде бола
бермейді.
• Осы нұсқаулықтағы мысал суреттерде
HL-L2371DN/MFC-L2751DWмоделі
көрсетілген.
Жинақтау және жариялау туралы ескертпе
Бұл өнімнің нұсқаулықтары жариялау кезінде ең соңғы өнім қауіпсіздігі туралы ақпарат
беру үшін жинақталып жарияланған. Бұл нұсқаулықтардағы ақпарат ескертусіз өзгертілуі
мүмкін.
2
Ең соңғы нұсқаулықтарды support.brother.com сайтымыздан алыңыз.
Өнім үшін қауіпсіз орынды таңдаңыз
ЕСКЕРТУ
Температурасы 10 және 32 °C аралығында сақталатын, ылғалдылығы 20 және 80 %
аралығында болатын, конденсациясы жоқ орынды таңдаңыз.
Өнімді қыздырғышқа, кондиционерлерге, электр желдеткіштеріне, тоңазытқыштарға
немесе суға жақын қоюға БОЛМАЙДЫ. Олай істеу ток соғу, қысқа тұйықталу немесе өрт
қатерін тудыруы мүмкін, себебі су өнімге (ысыту/ауаны баптау/желдету жабдығынан
туындаған конденсацияны қоса) тиюі мүмкін.
Өнімді тікелей күн сәулесіне, қатты ыстыққа, ашық жалынға, тоттандыратын газға,
ылғалға немесе шаңға қалдыруға БОЛМАЙДЫ. Олай істеу ток соғу, қысқа тұйықталу
немесе өнімге зақым келтіретін өрт қаупін туғызуы және/немесе оны істен шығаруы
мүмкін.
Өнімді химиялық заттардың жанына немесе үстіне химиялық заттар төгілуі мүмкін жерге
ҚОЙМАҢЫЗ. Химиялық заттар өнімге тисе, бұл өрт немесе ток соғу қаупін тудыруы
мүмкін. Нақты айтқанда, органикалық ерітінділер немесе бензин, бояу еріткіші, лак
өшіргіші сияқты сұйықтықтар, не болмаса дезодорант пластик жабынды және/немесе
кабельдерді ерітіп немесе бұзып, өрт не ток соғу қаупін тудыруы мүмкін. Осы не басқа
химиялық заттар өнімді бұзуы, оның түсін кетіруі мүмкін.
3
Өнімді ондағы қандай да бір ұяны немесе саңылауды құрсаулайтын немесе бітейтін
100 мм
120 мм
100 мм
100 мм
100 мм
250 мм
орынға қоюға БОЛМАЙДЫ. Бұл ұялар мен саңылаулар желдету үшін қамтамасыз
етілген. Құрылғының желдеткішін жабу қызып кету және/немесе өрт қатерін тудыруы
мүмкін.
Оның орнына:
• Өнімнің айналасында мысал суретте көрсетілгендей аздаған саңылау қалдырыңыз.
Сканерлеу функциясы жоқ өнімдер
Сканерлеу функциясы бар өнімдер
• Өнімді қатты тегіс бетке қойыңыз.
• Бұл өнімді радиаторға немесе ысытқышқа жақын қоюға БОЛМАЙДЫ.
• Қажетті желдету болмаса, бұл өнімді кез келген жерге орнатуға БОЛМАЙДЫ.
4
АБАЙЛАҢЫЗ
Өнімді дірілдемейтін және соғылмайтын тегіс, жазық, тұрақты бетке (мысалы, үстел)
қойыңыз. Өнімді телефон розеткасына (тек MFC үлгілері) және стандартты жерге
жалғанған электр розеткасына жақын қойыңыз.
Өнімді әсіресе оның жанында балалар болып қалады деп ойласаңыз, оны тұрақсыз
арбаның, бағананың не үстелдің үстіне ҚОЙМАҢЫЗ. Өнім ауыр болғандықтан, құлап
кетуі мүмкін, ал бұл сіздің не өзгелердің жарақаттануына және өнімнің елеулі
зақымдалуына әкелуі мүмкін. Сканерлеу функциясы бар өнімдерге қатысты сканер
әйнегі сынған жағдайда қосымша жарақат алу қаупі бар.
Өнімді бос емес жерге қоймаңыз. Егер оны бос емес жерге қою керек болса, өнімді ол
кенет құлап кетпейтіндей қауіпсіз орынға қойыңыз, себебі ол сізді немесе басқаларды
жарақаттауы және өнімге қауіпті зақым келтіруі мүмкін.
Өнімге жалғанған кабельдері мен сымдарының, жарақат алуды туғызбайтын қауіпсіз
болуын қамтамасыз етіңіз.
Өнім үстіне ауыр заттарды ҚОЙМАҢЫЗ.
Өнім айналасына ешбір затты ҚОЙМАҢЫЗ. Мұндай заттар апат жағдайында электр
розеткасына өтуге кедергі келтіреді. Өнімді кез келген қажет уақытта токтан ажырата алу
маңызды.
Бұл өнім басып шығару кезінде біраз химиялық заттар бөліп шығарады және ұзақ уақыт
немесе нашар желдетілетін жерлерде пайдаланылса, озон сияқты жағымсыз газдар
бөлуі мүмкін. Оңтайлы жұмыс істеуі және қолайлы болуы үшін өнімді жақсы желдетілетін
жерге қойыңыз.
МАҢЫЗДЫ
• Өнімді магниті бар немесе магниттік өрісті шығаратын құрылғылардың жанына
ҚОЙМАҢЫЗ. Олай істеу басып шығару сапасының ақаулықтарын туғызатын өнім
жұмысына зақым келтіруі мүмкін.
• Өнімді динамиктер немесе Brother компаниясының өнімі болып табылмайтын сымсыз
телефондар сияқты кедергі көздерінің жанына қоюға БОЛМАЙДЫ. Олай істеу өнімнің
электрондық бөліктерінің жұмысына кедергі келтіруі мүмкін.
5
Өнімді қауіпсіз қосу
ЕСКЕРТУ
ЭЛЕКТР ҚАТЕРЛЕРІ
Осы бөлімдегі ескертпелерді орындамау ток соғу қатерін туғызуы мүмкін. Оған қоса,
өрт шығу қаупін туғызатын электр тогының қысқа тұйықталуы мүмкін.
Өнім ішінде жоғары кернеулі электродтар бар. Тазалау сияқты жүйелі техникалық күтім
көрсетуді қамтитын жағдайларда өнімнің ішін ашпас бұрын, алдымен өнімнен телефон
сымын (тек MFC үлгілері) және одан кейін электр розеткасынан қуат сымын, сондай-ақ,
кез келген телефон/RJ-11 (тек MFC үлгілері) немесе Ethernet/RJ-45 кабельдерін (тек
желілік үлгілер) ажыратқаныңызды тексеріңіз.
Бұл өнімге кез келген заттарды ұялары немесе өнімдегі саңылалаулар арқылы
тықпаңыз, олардың қауіпті кернеу нүктерелеріне немесе қысқа тұйықталатын бөліктеріне
тиюі мүмкін.
Штепсельді ылғал қолдармен ҰСТАМАҢЫЗ. Олай істеу ток соғуға себеп болуы мүмкін.
Штепсельдің толық кіргенін әрқашан тексеріңіз. Сым тозып кеткен жағдайда, өнімді не
тұтқаны ҚОЛДАНБАҢЫЗ.
6
Оны тазалау үшін қуат штепселін жиі суырып тұрыңыз. Штепсел алмастарының түбі мен
алмастары арасын тазалау үшін құрғақ матаны қолданыңыз. Қуат штепселі розеткаға
ұзақ мерзімге жалғанған болса, штепсель алмастары айналасында шаң түзіледі, бұл
нәтижесінде өрт шығатын қысқа тұйықталуды туғызуы мүмкін.
Бұл өнімді БӨЛШЕКТЕМЕҢІЗ. Бұл өнімді бөлшектеу өрт не ток соғу қаупін тудыруы
мүмкін.
Бұл өнімді өз бетіңізбен жөндеуге ӘРЕКЕТТЕНБЕҢІЗ. Қақпақтарды ашу немесе шешу
қауіпті кернеу нүктелеріне және өзге қауіптердің пайда болуына, сонымен қатар кепілдік
күшінің жойылуына әкелуі мүмкін. Барлық қызмет көрсету жұмыстары туралы Brother
тұтынушыларды қолдау қызметіне немесе жергілікті Brother дилеріне хабарласыңыз.
Өнімнің қуат штепселіне ешбір металл жабдықты немесе сұйықтық түрін түсіріп
алмаңыз. Бұл ток соғуға немесе өртке себеп болуы мүмкін.
Егер су, басқа сұйықтық түрлері немесе металл заттар өнім ішіне түссе, өнімді электр
розеткадан дереу ажыратып, Brother тұтынушыларды қолдау қызметіне немесе
жергілікті Brother дилеріне хабарласыңыз.
Бұл өнімді паспорт тақтайшасында көрсетілген ауқымдағы айнымалы ток қуат көзіне
жалғау керек (Паспорт тақтайшасын аппараттан табуға болады). Оны тұрақты ток қуат
көзіне немесе түрлендіргішке қосуға БОЛМАЙДЫ. Егер қолда қандай қуат көзі бар екенін
білмесеңіз, электр маманына хабарласыңыз.
Өнімді қауіпсіз пайдалану
ЕСКЕРТУ
ЭЛЕКТР ҚАТЕРЛЕРІ
Осы бөлімдегі ескертпелерді орындамау ток соғу қатерін туғызуы мүмкін. Оған қоса,
өрт шығуына әкелуі мүмкін электр тогінің қысқа тұйықталуын туғызуы ықтимал.
7
Өнім түсіп кетсе немесе корпусы зақымдалса, ток соғу қаупі болуы мүмкін. Өнімді электр
розеткасынан ажыратып, Brother тұтынушыларды қолдау орталығына немесе жергілікті
Brother дилеріне хабарласыңыз.
Бұл өнімді найзағай кезінде ҚОЛДАНБАҢЫЗ. Найзағайдан қашықтағы ток соғу қатері
болуы мүмкін.
Тонер картридждерін, тонер картриджі мен барабан бөлігінің жинағын отқа немесе өрт
шығуы мүмкін орындарға тастауға БОЛМАЙДЫ. Ол жарақат тудырып, жарылуы мүмкін.
ӨРТ ҚАУІПТЕРІ
Осы бөлімдегі ескертпелерді орындамау өрт қаупін туғызуы мүмкін.
Өнімнің ішін немесе сыртын тазалау үшін жанғыш заттарды, спрейді немесе спирт не
нашатыр спирті бар органикалық еріткішті/сұйықтықты пайдалануға БОЛМАЙДЫ. Бұдан
өрт шығуы мүмкін. Оның орнына құрғақ, талшықсыз шүберекті пайдаланыңыз. Өнімді
тазалау жолы туралы нұсқаулар, Интернеттегі пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.
Қағаз кептеліп қалғанда немесе қағаз қалдықтары өнімде қалып кеткенде, бұл өнімді
қолдануға БОЛМАЙДЫ. Термобекіткіш бөлігіне қағаздың ұзақ уақыт тиіп тұруынан өрт
шығуы мүмкін.
8
Тұрып қалған тонерді тазалау үшін шаңсорғышты пайдалануға БОЛМАЙДЫ. Бұлай істеу
тонер шаңының шаңсорғыш ішінде тұтанып, өрттің басталуына себепші болуы мүмкін.
Тонер шаңын құрғақ, талшықсыз жұмсақ шүберекпен абайлап тазалаңыз және оны
жергілікті ережелерге сай тастаңыз.
(Сымсыз жергілікті желі функциясы бар модельдер үшін ғана)
Өнімді кез келген медициналық электр жабдықтың жанында ҚОЛДАНБАҢЫЗ. Өнім
шығаратын радио толқындар медициналық электр жабдығын зақымдап, апат жағдайына
немесе жарақат алуға себеп болуы мүмкін.
Кардиостимуляторды пайдаланушылар үшін:
Бұл өнім әлсіз магнит өрісін туғызады. Өнімнің жанында кардиостимуляторды
пайдалану кезінде дұрыс сезінбесеңіз, өнімнің жанынан кетіп, дереу дәрігерге көрініңіз.
Өнім үстіне мына заттарды ҚОЙМАҢЫЗ:
Бұл заттар өнімнің ішіндегі электр бөліктеріне тиетін болса, ол өрт не ток соғу қаупін
туғызуы мүмкін.
• Түйреуіш немесе қысқыш сияқты металл заттар
• Алқа немесе сақина сияқты бағалы металдар
• Стакан, гүл құмырасы немесе гүл құтысы сияқты суы не сұйықтығы бар ыдыстар
ЫСТЫҚ ЖЕР
Өнімді қолданғаннан кейін, өнімнің кейбір ішкі бөліктері бірден қатты қызады. Өнімнің
ішкі бөліктерін ұстамастан бұрын өнім суығанша кемінде 10 минут күтіңіз.
9
Өнім әдеттен тыс ысып кетсе, түтін шығарса, қатты иіс шығарса немесе оның үстіне
байқамай сұйықтық төгіп алсаңыз, өнімді электр розеткасынан бірден ажыратыңыз.
Brother тұтынушыларды қолдау орталығына немесе жергілікті Brother дилеріне
хабарласыңыз.
Полиэтилен пакеттер осы өнімнің орамында пайдаланылған. Полиэтилен пакеттер
ойыншық емес. Тұншығу қаупін болдырмау үшін бұл пакеттерді нәрестелер мен
балалардан алыс ұстаңыз және қоқысқа дұрыс тастаңыз.
(Тек MFC үлгілері)
Телефон желілерін орнатқан не өзгерткен кезде сақ болыңыз. Телефон желісі қабырға
розеткасынан ажыратылмай, оқшаулауышпен оратылмаған телефон сымдарын немесе
түйіспелерін ұстамаңыз.
Телефон сымдарын ешқашан найзағай кезінде орнатпаңыз. Телефон ұясын дымқыл
немесе дымқылдануы мүмкін жерге, мысалы, тоңазытқыштың немесе конденсация
түзетін басқа құрылғының жанына ешқашан орнатпаңыз.
10
Қуат сымының қауіпсіздігі:
• Бұл өнім жерге тұйықталған штепсельмен жабдықталған. Бұл штепсель тек жерге
қосылған розеткаға сәйкес келеді. Бұл — қауіпсіздік шарасы. Егер штепсельді
розеткаға салу мүмкін болмаса, сәйкес емес розетканы алмастыру үшін электр
маманынан сұраңыз. Жерге қосылған штепсельдің мақсатын бұзуға ӘРЕКЕТ
ЖАСАМАҢЫЗ.
• Қуат сымына ешнәрсе қоюға БОЛМАЙДЫ.
• Бұл өнімді адамдар сымын басуы мүмкін жерге ҚОЙМАҢЫЗ.
• Бұл өнімді сым созылатын немесе тартылатын жерге қоюға БОЛМАЙДЫ, себебі оның
үзіліп немесе тозып кетуі мүмкін.
• Сым тозып кеткен жағдайда, өнімді не тұтқаны ҚОЛДАНБАҢЫЗ. Өнімді розеткадан
ажыратқан жағдайда, зақымдалған/тозған жерін қолмен ҰСТАМАҢЫЗ.
• Айнымалы ток қуат сымының ортасынан ТАРТПАҢЫЗ, ортасынан тарту штепсельден
сымның бөлінуін туғызуы мүмкін. Олай істеу ток соғуға себеп болуы мүмкін.
• Тағайындалмаған кабельдерді (немесе қосымша құрылғыларды) ҚОЛДАНБАҢЫЗ.
Олай істеу өртке немесе жарақат алуға себеп болуы мүмкін. Орнатуды пайдаланушы
нұсқаулығына сай дұрыс орындау керек.
• Brother компаниясы ұзартқыш сымның ешқандай түрін ПАЙДАЛАНБАУДЫ ұсынады.
• Бұл өнімді қуат сымын ешнәрсе қыспайтын не тартпайтын қалыпта қою керек.
• Жылдам орнату нұсқаулығында сипатталған қолданыстағы техникалық сипаттамаға
сай келмейтін кабельдерді ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ. Олай істеу өртке немесе жарақат алуға
себеп болуы мүмкін. Осы өніммен бірге қуат сымы берілетін болса, ТЕК берілген
сымды қолданыңыз. Орнатуды Жылдам орнату нұсқаулығында сипатталғандай дұрыс
орындау керек.
АБАЙЛАҢЫЗ
Өнімді қозғалтқан кезде, өнімді суретте көрсетілгендей жылжытыңыз.
11
(Тек сканерлеу функциясы бар өнімдер)
Жарақаттардың алдын алу үшін, саусақтарыңызды суреттерде көрсетілген аумақтарға
қойған кезде абай болыңыз.
Ұзақ уақытқа қолданылмайтын кезде, қауіпсіздік үшін өнімді электр розеткасынан
суырып қойыңыз.
Кейбір өнімдерде және/немесе олардың картон қораптарында силикагель қалтасы
болуы мүмкін. Силикагельді қалтаны жеуге БОЛМАЙДЫ, оны лақтырып тастаңыз. Оны
жұтып қойсаңыз, дереу дәрігерге қаралыңыз.
Тонер картриджін бөлшектеуге БОЛМАЙДЫ. Тонер ұнтағы ағатын болса, оны жұтпаңыз
немесе теріге тигізбеңіз. Бұлардың бірі орын алатын болса, sds.brother.co.jp/sdsapp/
index.html сайтында қауіпсіздік деректер парақтарын (SDS) қараңыз.
Тонер картридждерін балалардың қолы жетпейтін жерге қойыңыз. Тонер ұнтағын жұтып
жіберетін болсаңыз, дереу дәрігерге хабарласып,
сайтындағы қауіпсіздік деректер парақтарын (SDS) қараңыз.
sds.brother.co.jp/sdsapp/index.html
Тонер картриджі мен барабан бөлігінің жинағын кездейсоқ тонерді шашыратып немесе
төгіп алған жағдайда тасталатын қағазды астына төсеп, таза, тегіс бетке қоюды
ұсынамыз. Тонер қолдарыңызға немесе киімдеріңізге шашырайтын болса, оны дереу
сүртіп алыңыз немесе салқын сумен жуыңыз.
12
Тонерге бір жеріңіз тиіп кеткен жағдайда мына нұсқауларды орындаңыз:
• Ішке жұту
Бірден дәрігерге қаралыңыз. Байқамай деміңізбен ішке енсе, дереу таза ауаға шығып,
дәрігерге қаралыңыз.
• Теріге тию
Бүлінген киімді бірден шешіп, тонер тиген теріні жеткілікті сумен немесе сабынмен
жуыңыз.
• Көзге тию
Дәрігерге қаралыңыз. Тонер көздеріңіздің ішіне кірсе, дереу көздеріңізді кемінде 15
минуттай сумен үзбей жуыңыз.
• Жұту
Бірден дәрігерге қаралыңыз. Аузыңызды сумен шайып, 200-300 мл (бір стакан) су
ішіңіз.
Өнімде пайдаланылған тонерлерге қатысты қосымша қауіпсіздік ақпаратын алу үшін
Қауіпсіздік деректер парағын (SDS) оқу мақсатында келесі веб-мекенжайға кіріңіз:
sds.brother.co.jp/sdsapp/index.html.
Қағаздың қырын қолмен СИПАМАҢЫЗ. Қағаздың жіңішке және өткір қырлары
жарақаттауы мүмкін.
МАҢЫЗДЫ
• Өнімнің жұмысындағы анық өзгеруі қызмет көрсету қажеттігін көрсетуі мүмкін.
• Өнімді қабырға қосқыштары немесе автоматты таймерлер бақылайтын немесе көп
мөлшерде электр тогін қажет ететін үлкен құрылғы немесе басқа жабдық қосылған
желімен бірдей электр розеткасына ЖАЛҒАМАҢЫЗ. Оның қуат көзіне кедергі келтіруі
мүмкін. Қуат көзіне кедергі келтіру өнім жадындағы мәліметтерді жоюы және қуат
көзінің қайталанатын айналымы өнімге зақым келтіруі мүмкін.
• Құрылғымен бірге берілген картридждерді ауыстыру үшін түпнұсқа тонер
картридждерін қолдануды ұсынамыз. Түпнұсқа емес тонер картридждерінің аппаратқа
зақым келтіруі мүмкін. Сонымен бірге сақтау мерзіміне әсер етуі мүмкін. (Барлық
түпнұсқа емес тонер картридждері бұл мәселелерді туғызбайды.)
• Өнім ішіндегі сақтандыру немесе ескерту жапсырмаларының ешқайсысын алуға
немесе зақымдауға БОЛМАЙДЫ.
13
• Өнімнің үстіне заттарды қоюға БОЛМАЙДЫ. Бұдан өнім бұзылуы мүмкін.
• Пайдалану туралы нұсқаулар орындалғанда, өнім дұрыс жұмыс істемесе, тек
пайдалану жөніндегі нұсқауларда қамтылған басқару элементтерін реттеңіз. Басқа
басқару элементтерінің дұрыс реттелмеуі зақым тудыруы мүмкін және өнімді қалыпты
жұмысына қалпына келтіру үшін білікті маманның араласуын талап етеді.
Өнім кепілдігі және жауапкершілік
Бұл нұсқаулықтағы ақпараттың ешқандай бөлігі қолданыста бар өнім кепілдігіне әсер
етпейді немесе ешқандай қосымша өнім кепілдігі ретінде қабылданбайды. Осы
нұсқаулықтағы қауіпсіздік нұсқауларын орындамау өнімнің кепілдігін жарамсыз етуі мүмкін.
ЕСКЕРТУ
Бұл өнімді ванна, жуу табағы, ас үй шұңғылшасы немесе кіржуғыш машина қасына,
ылғал жерге немесе бассейн сияқты судың жанына ҚОЙМАҢЫЗ.
Найзағай кезінде бұл өнімді қолданбаңыз. Найзағайдан қашықтағы ток соғу қаупі болуы
мүмкін.
Бұл өнімді газдың шығуы туралы хабарлау үшін газ шығатын жерде ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ.
14
Тек осы өніммен берілген қуат сымын қолданыңыз (қорапта қамтылса).
Құрылғыны ажырату
Бұл өнім оңай қол жеткізуге болатын электр розеткасына жақын орнатылуы керек. Апат
жағдайында қуатты толық өшіру үшін қуат сымын электр розеткасынан ажыратуыңыз
керек.
Мақұлдау ақпараты (тек MFC үлгілері)
БҰЛ ЖАБДЫҚ ТИІСТІ ҚОСҚЫШПЕН БЕКІТІЛГЕН ЕКІ СЫМДЫ БАЛАМАЛЫҚ PSTN
ЖЕЛІСІМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУГЕ АРНАЛҒАН.
Brother компаниясы бұл өнімнің бастапқы сатып алынған елден басқа жерде дұрыс жұмыс
істемеуі мүмкін екенін ескертеді және бұл өнім басқа елдегі жалпы телекоммуникация
желілерінде пайдаланылған жағдайда ешқандай кепілдік ұсынбайды.
IEC60825-1:2014 спецификациясы (тек 220-240 В модельдері
үшін)
Бұл өнім — IEC 60825-1:2014 спецификациясында анықталғандай 1-класты лазерлі өнім.
Төменде көрсетілген жапсырма талап етілген елдерде жабыстырылады.
Бұл өнімде лазер бөлігінде көрінбейтін
лазер радиациясын шығаратын 3B
дәрежелі лазерлі диод бар. Лазер бөлігін
ешқандай жағдайда ашуға болмайды.
Ішкі лазерлі радиация
Толқын ұзындығы: 770-800 нм
Шығыс: ең көбі 25 мВт
Лазер сыныбы: 3B сыныбы
ЕСКЕРТУ
Осы нұсқаулықта көрсетілгеннен басқа басқару элементтерін, реттеулерді немесе іс
рәсімдерінің жұмысын пайдалану зиянды радиация мөлшерін тудыруы мүмкін.
15
Сымсыз жергілікті желі (Сымсыз жергілікті желі функциясы
бар модельдер үшін ғана)
Бұл принтер/көпфункциялы принтер жергілікті желіні қолданады.
Жиілік жолағы (жолақтары): 2400-2483,5 МГц
Жиілік жолағында (жолақтарында) таратылатын ең жоғарғы радиожиіліктің қуаты: 20 dBm
(изотоптық сәулеге балама қуат) көлемінен кем
NFC (тек NFC функциясы бар модельдер)
Осы принтер/көп функциялы құрылғы NFC, Near Field Communication (жақын өріс
байланысы) функциясын қолдайды.
Жиілік жолағы (жолақтары): 13,553-13,567 МГц
LAN қосылымы (Тек сымды LAN функциясы бар үлгілер)
АБАЙЛАҢЫЗ
Бұл өнімді шамадан тыс кернеулер әсері тиетін LAN қосылымына ЖАЛҒАМАҢЫЗ.
Кедендік Одақтың техникалық ережелері
Сауда белгілері
BROTHER — Brother Industries, Ltd. сауда белгісі немесе тіркелген сауда белгісі.
Windows және Windows — Microsoft корпорациясының Америка Құрама Штаттарында
және/немесе басқа елдерде тіркелген сауда белгілері.
Apple, Macintosh және Mac — АҚШ-та және басқа елдерде тіркелген Apple Inc.
корпорациясының сауда белгілері.
16
AirPrint және AirPrint логотипі — АҚШ және басқа елдерде тіркелген Apple Inc.
корпорациясының сауда белгілері.
App Store — Apple Inc. корпорациясының қызметтік белгісі.
Wi-Fi — Wi-Fi Alliance® компаниясының тіркелген сауда белгісі.
Android — Google Inc. корпорациясының сауда белгісі.
Google Play — Google Inc. корпорациясының сауда белгісі.
Mopria® және Mopria® логотипі — Америка Құрама Штаттарындағы және басқа елдердегі
Mopria Alliance, Inc. компаниясының тіркелген сауда белгілері және қызметтік белгілері.
Рұқсатсыз пайдалануға қатаң тыйым салынады.
Осы нұсқаулықта бағдарламалық құралы аталған әр компанияда жеке бағдарламаларына
тән Бағдарламалық құралдың лицензиялық келісімі бар.
Бағдарламалық құралдың сауда белгілері
FlashFX® — Datalight, Inc. корпорациясының тіркелген сауда белгісі.
FlashFX® Pro™ Datalight, Inc. корпорациясының тіркелген сауда белгісі.
FlashFX® Tera™ Datalight, Inc. корпорациясының сауда белгісі.
Reliance™ — Datalight, Inc. корпорациясының сауда белгісі.
Reliance Nitro™ — Datalight, Inc. корпорациясының сауда белгісі.
Datalight® — Datalight, Inc. корпорациясының тіркелген сауда белгісі.
Brother өнімдерінде көрінетін кез келген сауда белгілерінің атаулары мен
компанияның өнім атаулары, қатысты құжаттар мен кез келген басқа материалдар
осыған қатысты барлық компаниялардың сауда белгілері мен тіркелген сауда
белгілері болып табылады.
Ашық бағдарламаның лицензиялау
ескертпелері
Бұл өнім құрамында бастапқы коды ашық бағдарламалық құрал бар.
Бастапқы коды ашық лицензиялау ескертпелері мен авторлық құқық мәліметтерін қарау
үшін
support.brother.com сайтындағы Brother Solutions Center негізгі парағындағы үлгіңіз
Бұл өнім құрамында ZUKEN ELMIC, Inc. корпорациясы әзірлеген «KASAGO TCP/IP»
бағдарламалық құралы бар.
Copyright 1989-2014 Datalight, Inc. Барлық құқықтары қорғалған.
FlashFX® Copyright 1998-2014 Datalight, Inc.
U.S.Patent Office 5,860,082/6,260,156
Brother тұтынушыларды қолдау қызметіне
Тұтынушыларға қызмет көрсету
Жергілікті Brother кеңсесінің байланыс ақпаратын алу үшін www.brother.com сайтына
кіріңіз.
Қызмет көрсету орталықтары
Еліңіздегі қызмет орталықтары туралы ақпарат алу үшін жергілікті Brother кеңсесіне
хабарласыңыз. Жергілікті кеңселердің мекенжайы және байланыс ақпараты туралы
мәліметті еліңізді таңдау арқылы www.brother.com сайтынан табуға болады.
Көшіру жабдығын заңсыз пайдалану (Тек
сканерлеу функциясы бар өнімдер)
Алаяқтық жасау мақсатында белгілі бір элементтердің немесе құжаттардың қайта
шығарылымын жасау заң бұзушылық болып табылады. Төмендегі — көшірмелерін жасау
заңсыз болуы мүмкін құжаттардың толық емес тізімі. Нақты элемент немесе құжат туралы
күмәнданған жағдайда, біз жергілікті кеңесшімен және/немесе қатысты заңды өкілдермен
кеңесуді ұсынамыз:
• Валюта
• Құнды қағаздар немесе өзге борыш міндеттемесінің куәліктері
• Депозит куәліктері
• Қарулы күштер қызметі немесе вексель қағаздары
• Төлқұжаттар
• Пошта жапсырмалары (қолданыста емес немесе қолданыстағы)
• Иммиграция құжаттары
• Тұрмыстық құжаттар
• Мемлекеттік мекемелер тарапынан шығарылған чектер немесе вексельдер
• Куәлік парақшалары немесе төсбелгілер
18
Оған қоса, көлік жүргізу куәліктерін және/немесе моторлы көліктерге арналған көлік тіркеу
құжаттарын белгілі мемлекеттік заңдар бойынша көшіруге болмайды.
Авторлық құқықтармен қорғалған жұмыстарды заң негізінде көшіруге болмайды, авторлық
құқықтармен қорғалған жұмыстың бөлімдеріне қатысты «әділ бөлу» қиыс жағдайына
қатысты. Көп көшірмелер дұрыс емес қолдануды білдіреді. Шығармашылық жұмыстар
авторлық құқықтармен қорғалған жұмыстарға балама ретінде қабылдануы тиіс.
19
Басылым айы: 02/2019
D00UTE001-01
KZH
нұсқасы A
Loading...
+ hidden pages
You need points to download manuals.
1 point = 1 manual.
You can buy points or you can get point for every manual you upload.