Фотокамераны теледидарға, принтерге немесе компьютерге
жалғау
Техникалық ескертпелер
xvi
1
7
14
21
43
75
79
89
98
Кіріспе
Алдымен осыны оқып шығыңыз
Осы Nikon өнімінің барынша пайдасын көру үшін «Қауіпсіздік туралы
ақпарат» (Av-vii) және «<Маңызды> Соққыға төзімді, суға төзімді,
шаңға төзімді, конденсация» (Ax-xv) бөлімдерін және барлық басқа
нұсқауларды міндетті түрде мұқият оқып шығып, осы фотокамераны
пайдаланатын барлық адамдар оқи алатын жерде сақтаңыз.
• Фотокамераны дереу қолдануды бастау үшін «Түсіруге дайындау»
(A7) және «Негізгі түсіру және қарау әрекеттері» (A14) бөлімдерін
қараңыз.
Басқа ақпарат
• Таңбалар мен шартты белгілер
БелгіСипаттама
Бұл белгіше ескертуді және фотокамераны қолданбас бұрын
B
оқып шығу қажет мәліметтерді белгілейді.
Бұл белгіше ескертпелерді және фотокамераны қолданбас
C
бұрын оқып шығу қажет ақпаратты белгілейді.
Бұл белгіше қатысты ақпаратты қамтитын басқа беттерді
A
белгілейді.
• SD, SDHC және SDXC жад карталары осы нұсқаулықта «жад
карталары» болып аталады.
• Сатып алынған уақыттағы параметр «әдепкі параметр» ретінде
қарастырылады.
• Мәзір элементтерінің атаулары фотокамераның мониторында
көрсетіледі және компьютердегі түймешіктердің немесе
хабарламалардың атаулары қалың түспен көрсетіледі.
• Осы нұсқаулықтағы кескіндер мониторда кейде түсіп қалуы мүмкін
және көріністі қарау құралы монитордың индикаторлары анығырақ
көрінетіндей мысалдарды көрсетеді.
Фотокамера бауын тағу жолы
Бауды сол жақ немесе оң жақ бау тесігі арқылы өткізіп, тағыңыз.
2
3
1
Кіріспе
i
Мəліметтер мен сақтық шаралары
Голографиялық жапсырма: бұлқұрылғыны
түпнұсқа Nikon өнімі ретінде айқындайды.
Өмір бойына үйрену
Nikon компаниясының «Өмір бойы білім алу ұстанымы» міндеттемесінің бөлігі
ретінде ағымдағы өнімге қолдау көрсету және ол туралы білімді жетілдіру,
үздіксіз жаңартылған ақпарат келесі веб-сайттарда қол жетімді болады:
Кіріспе
• АҚШ еліндегі пайдаланушылар үшін: http://www.nikonusa.com/
• Еуропа мен Африка пайдаланушылары үшін:
http://www.europe-nikon.com/support/
• Азия, Океания мен Таяу Шығыс пайдаланушылары үшін:
http://www.nikon-asia.com/
Осы веб-сайттарға өтіп соңғы өнімдердің ақпаратын, кеңестерін, жиі
қойылатын сұрақтардың (ЖҚС) жауаптарын және сандық бейнелеу мен
фотосурет түсіруге қатысты жалпы кеңестерді алыңыз. Қосымша ақпаратты
аймағыңыздағы Nikon өкілінен алуға болады. Байланыс ақпаратын алу үшін
төмендегі веб-сайтқа кіріңіз:
http://imaging.nikon.com/
Nikon маркалы электрондық қосалқы құралдарды ғана
пайдаланыңыз
Nikon COOLPIX фотокамерасы ең жоғары стандарттарға сай жасалған және
күрделі электрондық схемаларды қамтиды. Тек Nikon сандық
фотокамерасында ғана пайдалану үшін Nikon тарапынан сертификатталған
Nikon сауда белгісінің электрондық керек-жарақтарының (батарея зарядтау
құрылғыларын, батареяларды, айнымалы токпен зарядтау адаптерлерін,
айнымалы ток адаптерлерін және USB кабельдерін қосқанда) ғана осы
электрондық схемалардың қызметтік және қауіпсіздік талаптары шеңберінде
жұмыс жасайтындығы расталған және сол үшін жасалған.
ӨЗГЕ ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ КЕРЕК-ЖАРАҚТАРЫН ПАЙДАЛАНУ
ФОТОКАМЕРАНЫ ЗАҚЫМДАУЫ ЖӘНЕ NIKON КЕПІЛДІГІНІҢ КҮШІН ЖОЮЫ
МҮМКІН
Nikon голографиялық жапсырмасы жоқ үшінші тараптың зарядталатын
литий-ион батареяларын пайдалану фотокамераның қалыпты жұмысына
кедергі келтіруі немесе батареялардың шамадан көп қызып кетуіне,
тұтануына, жарылуына немесе ағып кетуіне әкелуі мүмкін.
Nikon брендінің керек-жарақтары туралы қосымша ақпарат алу үшін жергілікті
өкілетті Nikon делдалға хабарласыңыз.
Маңызды суреттерді түсірмес бұрын
Маңызды оқиғаларда (мысалы үйлену тойларында немесе фотокамераны
саяхатта алып жүргенде) сурет түсірмес бұрын, сынап түсіріп
фотокамераның дұрыс істеп тұрғанын тексеріңіз. Өнімнің істемеуі
нәтижесінде пайда болған зақымдар немесе жоғалған табыстар үшін Nikon
жауапты болмайды.
ii
Нұсқаулықтар туралы ақпарат
• Nikon компаниясының жазбаша рұқсатынсыз осы өніммен берілген
нұсқаулықтардың ешбір бөлігін ешбір түрде ешбір жолмен қайта шығаруға,
тасымалдауға, қайта жазуға, іздеу жүйесінде сақтауға немесе кез келген
тілге аударуға болмайды.
• Осы нұсқаулықтағы суреттер мен монитор мазмұны негізгі өнімнен басқаша
болуы мүмкін.
• Nikon компаниясы осы нұсқаулықта сипатталған жабдықтың және
бағдарламалық құралдың техникалық сипаттарын кез келген уақытта алдын
ала ескертусіз өзгертуге құқылы.
• Nikon компаниясы осы өнімді пайдаланудың нәтижесінде орын алған
зақымдар үшін жауапты болмайды.
• Осы нұсқаулықтардағы ақпараттың дәл әрі толық болуына барлық
күш-жігер жұмсалғанмен, кез келген қатені немесе жетіспеушілікті
аймағыңыздағы Nikon уәкіліне (мекенжай бөлек беріледі) хабарлауыңыз көп
септігін тигізер еді.
Көшірме жасау немесе қайта шығару тыйымына
қатысты ескерту
Сканер, сандық фотокамера немесе басқа құрылғы көмегімен сандық түрде
көшірілген немесе қайта шығарылған материал иелігіңізде жай болған
жағдайда, заң бойынша жазалануыңыз мүмкін екенін ескеріңіз.
• Көшірмесін жасауға немесе қайта шығарылуына тыйым салынған
элементтер
Қағаз ақшаның, тиындардың, құнды қағаздардың, мемлекеттік
облигациялардың немесе жергілікті мемлекеттік облигациялардың (ондай
көшірмелердің немесе қайта шығарылған құжаттардың үстінде «Үлгі» деген
белгі болса да) көшірмесін жасамаңыз немесе оларды қайта шығармаңыз.
Шетелдегі елде жүретін қағаз ақшаларды, тиындарды немесе құнды
қағаздарды қайта шығаруға немесе олардың көшірмесін жасауға тыйым
салынады. Мемлекеттен алдын ала рұқсат алынған жағдайда ғана мемлекет
берген қолданылмайтын пошталық маркалардың немесе ашық хаттардың
көшірмесін жасауға және оларды қайта шығаруға болады.
Мемлекет берген маркалардың және заңмен көзделген куәландырылған
құжаттардың көшірмесін жасауға немесе оларды қайта шығаруға тыйым салынады.
• Белгілі көшірмелерге жəне қайта шығарылған құжаттарға қатысты
ескертулер
Мемлекет жеке компаниялар берген құнды қағаздардың (үлестер, есептер,
чектер, сыйлық куәліктер, т.б.), жеңілдік рұқсат карталарының немесе
купондық билеттердің көшірмелері мен қайта шығаруларына ескертулер
(қажетті көшірмелердің ең азы компанияның іскери қолданысы үшін берілген
жағдайлардан тыс) шығарған. Сонымен қатар, мемлекет берген
паспорттардың, мемлекеттік мекемелер мен жеке топтар берген
лицензиялардың, куәліктердің және рұқсат қағаздары мен тамақ купондары
сияқты билеттердің көшірмелерін жасауға немесе қайта шығаруға болмайды.
• Авторлыққұқықескертулерінесайболуы
Кітаптар, музыка, суреттер, ағашта ойылған басылымдар, карталар,
сызбалар, бейнефильмдер және фотосуреттер сияқты авторлық құқықты
шығармашылық жұмыстардың көшірмелері мен қайта шығарылуы ұлттық
және халықаралық авторлық құқық заңдарына бағынады. Осы өнімді заңсыз
көшірме жасауға немесе авторлық құқықтарды бұзуға қолданбаңыз.
Кіріспе
iii
Дерек сақтау құрылғыларын қоқысқа тастау
Суреттерді жою және дерек сақтау құрылғыларын (мысалы, жад карталары
немесе ішкі фотокамера жады) пішімдеу бастапқы сурет деректерін
толығымен жоймайтынын ескеріңіз. Жойылған файлдар сатылатын
бағдарламалық құралдың көмегімен қоқысқа тасталған сақтау
құрылғыларынан қалпына келтіріліп, жеке сурет деректер қаскүнемді түрде
Кіріспе
қолданылуы мүмкін. Осындай деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету
пайдаланушының міндеті болып келеді.
Дерек сақтау құрылғысын қоқысқа тастағанда немесе өнімді басқа адамның
иелігіне бергенде, сатылатын бағдарламалық құралдардың көмегімен бүкіл
деректерді өшіріңіз немесе құрылғыны пішімдеп, жеке ақпараты жоқ
суреттермен (мысалы, бұлтсыз аспан суреттері) толтырыңыз. Дерек сақтау
құрылғыларын физикалық түрде жойғанда, жарақат алмау немесе жеке
меншікке зақым келтірмеу үшін абайлау керек.
Conformity Marking (Сəйкестік белгісі)
Фотокамера сәйкес келетін стандарт белгілерінің кейбіреуін көрсету
үшін төмендегі әрекеттер ретін орындаңыз.
Түсіру немесе қарау режиміне кіріп, M бейімделгіш түймешік 4 (l) M
бейімделгіш түймешік 4 (l Фотокамера параметрлері) M HI M k Conformity marking (Сәйкестік белгісі) басыңыз
iv
Қауіпсіздік туралы ақпарат
Nikon өніміңізге зақым келтірмеу немесе өзіңіз не басқа адамдар
жарақат алмау үшін, осы жабдықты пайдаланбас бұрын төмендегі
сақтық шараларды толығымен оқып шығыңыз. Осы қауіпсіздік
нұсқауларын осы өнімді пайдаланатын барлық адамдар оқитын жерде
сақтаңыз.
Осы белгішемен ықтимал жарақатты болдырмау үшін Nikon өнімін
пайдаланбас бұрын оқылуы тиіс ескертулер, ақпарат белгіленеді.
ЕСКЕРТУЛЕР
Істемей тұрған жағдайда өшіріңіз
Зарядтау айнымалы ток адаптерінен шығып жатқан түтінді немесе
ерекше бір иісті сезсеңіз, күйіп қалмау үшін бірден зарядтау айнымалы
ток адаптерін суырып, фотокамерадан батареяны алып тастаңыз.
Пайдалануды жалғастыру жарақатқа әкелуі мүмкін. Қуат көзін алып
тастағаннан немесе ажыратқаннан кейін жабдықты тексертуге Nikon
компаниясының қызмет көрсету өкіліне апарыңыз.
Бөлшектемеңіз
Фотокамераның зарядтау айнымалы ток адаптерің ішкі бөліктеріне қол
тигізу жарақатқа әкелуі мүмкін. Жөңдеуді тек білікті мамандар жасауы
тиіс. Құлап түсу немесе өзге оқиға нәтижесінде фотокамера немесе
зарядтау айнымалы ток адаптері ашылып қалса, өнімді суырғаннан
және/ немесе батареяны суырғаннан кейін оны тексерту үшін Nikon
компаниясының өкілетті қызмет көрсету маманына апарыңыз.
Фотокамераны немесе зарядтау айнымалы ток адаптерін
жанғыш газ бар жерде пайдаланбаңыз
Электрондық жабдықты жанатын газы бар жерде пайдаланбаңыз,
жарылыс немесе өрт шығу қаупі бар.
Фотоаппарат бауын абайлап пайдаланыңыз
Бауды нәрестенің немесе баланың мойнына аспаңыз.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз
Сәбилердің батареяны, қылқаламды немесе басқа шағын бөлшектерді
ауыздарына салмауын ерекше қадағалау керек.
Құрылғылар қолданылмаған кезде фотокамераны,
айнымалы токпен зарядтау адаптерін немесе айнымалы ток
адаптерін ұзақ уақыт бойы жалғанған
Қ
ұрылғылардың бөлшектері ыстық болып кетеді. Құрылғыларды теріге
тиген күйде ұзақ қалдырса, төменгі температуралық күйіктер алынуы
мүмкін.
күйде қалды
рмаңыз
Кіріспе
v
Өнімді қатты қызып кететін жерде қалдырмаңыз, мысалы,
жабық көлікте немесе тікелей күн сəулесі түсетін жерде
Осы сақтық шараны орындамау зақымдануына немесе тұтануына
әкелуі мүмкін.
Батареяны қолданғанда сақ болыңыз
Батарея дұрыс қолданылмаса ағып кетуі, шамадан көп қызып кетуі
Кіріспе
немесе жарылуы мүмкін. Бұл өнімде пайдалануға арналған батареяны
қолданған кезде мына сақтық шараларды орындаңыз:
• Батареяны ауыстырудан бұрын өнімді өшіріңіз. Егер зарядтау
айнымалы ток адаптерін/айнымалы ток адаптерін пайдаланcаңыз,
оның суырылғанына көз жеткізіңіз.
• Тек қана EN-EL19 қайта зарядталатын литий-ионды батареяны
пайдаланыңыз (жинаққа кіреді). Батареяны батареяны зарядтауды
қолдайтын фотокамераны немесе MH-66 батарея зарядтағышын
(бөлек сатылады) пайдалана отырып зарядтаңыз. Батареяны камера
көмегімен зарядтау үшін EH-71P/EH-73P айнымалы токпен зарядтау
адаптерін (жинаққа кіреді) немесе Charge by computer
(Компьютермензарядтау) функциясын пайдаланыңыз.
• Батареяны салған кезде оны төңкеріп қойып немесе артқа қаратып
салуға әрекеттенбеңіз.
•
Батареяны қысқартпаңыз немесе бөлшектемеңіз, сондай-ақ
батареяның оқшауын немесе қаптамасын шешпеңіз немесе бұзбаңыз.
• Батареяны отқа тастамаңыз немесе қатты қызуға ұшыратпаңыз.
• Суға батырмаңыз немесе сулы жерде пайдаланбаңыз.
•
Батареяны тасымалдамас бұрын оқшаулау үшін полиэтилен немесе
сол сияқты қалтаға салыңыз. Алқа немесе шаш түйреуіш сияқты темір
заттармен тасымалдамаңыз немесе сақтамаңыз.
• Батарея толық разрядталған кезде ағып кетуге бейім болады. Өнімді
зақымдап алмау үшін заряды біткен батареяны өнімнен шығарып
қоюды ұмытпаңыз.
• Батареяда кез келген түссіздену немесе деформация сияқты өзгеріс
байқалса, пайдалануды дереу тоқтатыңыз.
• Зақымданған батареядан шыққан сұйықтық киімге немесе теріге тисе,
дереу мол сумен шайыңыз.
Зарядтау айнымалы ток адаптерін пайдаланған кезде келесі
сақтық шараларын есте сақтаңыз
• Құрғақ ұстаңыз. Бұл сақтық шараны қадағаламаса, өрт шығуы немесе
электр тогы соғуы мүмкін.
• Штепсельдің темір бөлшектеріндегі немесе солардың жанындағы
шаңды құрғақ шүберекпен сүрту керек. Пайдалануды жалғастыру
өртке әкелуі мүмкін.
• Найзағай жарқылы кезінде ашаны ұстамаңыз немесе зарядтау
айнымалы ток адаптерінің жанына бармаңыз. Осы сақтық шарасын
орындамау электр тогының соғуына әкелуі мүмкін.
• USB кабельді зақымдамаңыз, өзгертпеңіз, күштеп тартпаңыз немесе
имеңіз, оны ауыр нәрселердің астына салмаңыз немесе ыстыққа
немесе алауға жақын апармаңыз. Оқшауы зақымданса және
сымдары көрініп қалса, Nikon мақұлдаған қызмет көрсету уәкіліне
апарып тексертіңіз. Бұл сақтық шараларды қадағаламаса, өрт шығуы
немесе электр тогы соғуы мүмкін.
vi
• Ашаны немесе айнымалы токпен зарядтау адаптерін ылғалды қолмен
ұстамаңыз. Осы сақтық шарасын орындамау электр тогының соғуына
әкелуі мүмкін.
• Сапар түрлендіргіштерімен немесе бір кернеуден екіншісіне
түрлендіруге арналған адаптерлермен, не болмаса DC-AC
инвертерлерімен бірге пайдаланбаңыз. Осы сақтық шара
қадағаланбаса, өнім зақымдануы, қызуы немесе өрт шығуы мүмкін.
Сəйкес қуат беру жабдықтарын пайдаланыңыз (батарея,
айнымалы токпен зарядтау адаптері, айнымалы ток адаптері,
USB кабелі)
Nikon компаниясы берген немесе сатқан қуат беру жабдықтарынан
басқаларын пайдалану зақымға немесе ақаулыққа әкеп соқтыруы
мүмкін.
Тиісті кабельдерді пайдаланыңыз
Кіріс және шығыс ұяларына кабельдерді жалғағанда, өнімнің
ережелеріне сай болуы үшін Nikon компаниясы сол мақсатта
қамтамасыз еткен немесе сатқан кабельдерді ғана пайдаланыңыз.
Қозғалатын бөлшектерді абайлап пайдаланыңыз
Саусақтарыңыз немесе басқа заттар объектив қақпағына немесе басқа
қозғалатын бөлшектерге қысылып қалмауын қадағалаңыз.
Нысан көзінің жанында жарқылды пайдаланса, оның көру
қабілеті уақытша жоғалуы мүмкін
Жарқыл нысаннан кемінде 1 метр жерде болуы керек.
Сәбилерді суретке түсіргенде өте абай болу керек.
Жарқылды оның терезесі адамға немесе затқа тиіп тұрғанда
істетпеу керек
с
ақтық шараны қадағаламаса, күйік жара алынуы немесе өрт
Бұл
шығуы мүмкін.
Сұйық кристаллға тимеңіз
Монитор сынса, сынған әйнекпен жарақат алуға және монитордағы
сұйық кристаллдың теріге тиюіне, көзге не ауызға кіруіне жол бермеңіз.
Шығарушы ел : Қытай
Сертификат/Сəйкестік мəлімдеме : ТС N RU Д-JP.АЯ46.B.73490
Жарамдылық мерзімі : 05.12.2014 бастап 30.07.2017 дейін
Сертификаттау мүшесі :
19.10.2015 бастап 18.10.2020 де
ААҚ «Тестілеу, тұтынушылық және
өнеркәсіптік өнімдерді
сертификаттау «Bellis»»
Кіріспе
ix
<Маңызды> Соққыға төзімді, суға
төзімді, шаңға төзімді, конденсация
• Келесі нұсқауларды, сонымен бірге, «Өнімнің күтімі» (A99)
бөлімінде берілген нұсқауларды оқып шығыңыз.
Кіріспе
Соққыға төзімділік туралы ескертпелер
Бұл фотокамера MIL-STD 810F Method 516.5-Shock* стандартына сай
Nikon ішкі сынағынан (1,5 м биіктіктен қалыңдығы 5 cм фанераға тастау
сынағы) өтті.
Бұл сынақ фотокамераның суға төзімділігіне не болмаса фотокамера
барлық жағдайларда зақымдалмайтынына немесе мәселелері
болмайтынына кепілдік бермейді.
Көріністегі өзгерістер, мысалы, сырдың көшуі және құлағанда соққы
тиген бөліктің деформациялануы Nikon ішкі сынағында қамтылмайды.
* АҚШ Қорғаныс министрлігінің сынақ әдісінің стандарты.
Бұл тастау сынағында бірден беске дейін фотокамералардың сынақтан
өтетінін тексеру үшін 5 фотокамера 26 бағытта (8 жиек, 12 бұрыш және
6 бет) 122 cм биіктіктен тасталады (егер сынақ кезінде қандай да ақаулық
анықталса, бірден беске дейін фотокамералар үшін сынақ шарттары
қанағаттандырылғанын тексеру үшін басқа бес фотокамера сыналады).
b Фотокамераны тастау, соғу немесе оныңүстінеауырзаттарқою
арқылы оған шамадан тыс соққы, діріл немесе қысым əсерін
тигізбеңіз.
Майысу салдарынан ауа өткізбейтін тығыздағыштар зақымданып,
фотокамера ішіне су кіріп, фотокамераның дұрыс жұмыс істемеуіне
себеп болуы мүмкін.
• Фотокамераны 10 м тереңірек су астында пайдаланбаңыз.
• Фотокамераны жоғары қысымды ағынды суға қою арқылы су
қысымын түсірмеңіз.
• Фотокамераны шалбардың қалтасына салып отырмаңыз.
Фотокамераны сөмкеге күшпен салмаңыз.
Суға төзімділік жəне шаңға төзімділік туралы
ескертпелер
Бұл фотокамера IEC/JIS стандартының 8 (IPX8) суға төзімділік деңгейіне
және IEC/JIS стандартының 6 (IP6X) шаңға төзімділік деңгейіне сай және
су астында 10 м тереңдікте 60 минутқа дейін сурет түсіруге мүмкіндік
береді.*
Бұл рейтинг фотокамераның суға төзімділігіне немесе болмаса
фотокамера барлық жағдайларда зақымдалмайтынына немесе
мәселелері болмайтынына кепілдік бермейді.
* Бұл рейтинг Nikon анықтаған әдістерге сай пайдаланғанда, фотокамера
көрсетілген уақыт кезеңінде көрсетілген су қысымына төзетіндей
жасалғанын көрсетеді.
x
b Егерфотокамеранытастау, соғунемесеоғанауырзаттарқою
Суға төзімді орауыш
арқылы оған шамадан тыс соққы, діріл немесе қысым əсер етсе,
суға төзімділікке кепілдік берілмейді.
• Егер фотокамераға соққылар әсер етсе, сатушымен немесе Nikon
рұқсат еткен қызмет көрсету уәкілімен хабарласып, суға төзімділікті
растау ұсынылады (ақылы қызмет).
- Фотокамераны түсіріп алмаңыз, тас сияқты қатты затқа соғып
алмаңыз немесе суға тастамаңыз.
- Фотокамераны 10 м тереңірек су астында пайдаланбаңыз.
- Тез ағатын суға немесе сарқырамаларға салу арқылы
фотокамераға су қысымын түсірмеңіз.
- Nikon кепілдігіңіз фотокамераны тиісті емес пайдалануға
байланысты фотокамера ішіне су кіруі тудырған мәселелерді
қамтымайды.
• Ішіне су кірсе, фотокамераны пайдалануды бірден тоқтатыңыз.
Фотокамерадан ылғалды сүртіп алып, фотокамераны бірден Nikon
өкілетті қызмет көрсету орталығына апарыңыз.
• Бұл фотокамераның суға төзімділігі тек таза суда және теңіз суында
жұмыс істеуге арналған.
• Бұл фотокамераның ішкі бөлігі суға төзімді емес. Фотокамера ішіне
су кірсе, бұл құрамдастардың тот басуын тудырып, жоғары жөндеу
шығындарына немесе фотокамераны жөндеу мүмкін еместігіне
әкелуі мүмкін.
• Қосалқы құралдар суға төзімді емес.
• Егер фотокамераның сыртына немесе батарея бөлімінің/жад
картасы ұясының қақпағының ішіне сұйықтық немесе су тамшылары
кірсе, сұйықтықты дереу жұмсақ, құрғақ шүберекпен сүртіп алыңыз.
Ылғал жад карталарын немесе батареяны салмаңыз.
Егер батарея бөлімінің/жад картасы ұяшығының қақпағы жағалау
жанында немесе су ішінде ылғал шарттарда ашылса немесе
жабылса, бұл судың фотокамера ішіне өтіп кетуіне немесе
фотокамера ақаулығына әкелуі мүмкін.
Қақпақты ылғал қолыңызбен ашпаңыз немесе жаппаңыз. Бұл
фотокамераның ішіне су кіруіне немесе фотокамераның істен
шығуына әкелуі мүмкін.
• Егер бөгд
немесе батарея бөлімінің/жад картасы
ұяшығы қақпағының ішіне (мысалы,
ілмек, жад картасының ұяшығы және
жалғағыштар) жабысса, оны дереу ауа
үргішпен кетіріңіз. Батарея бөлімінің/
жад картасы ұясы қақпағының ішіндегі
суға төзімді орауышқа бөгде зат
жабысса, оны қамтылған щеткамен
кетіріңіз. Қамтылған щетканы суға
төзімді орауыштан басқа ештеңеге пайдаланбаңыз.
е
зат фотокамера сыртына
Кіріспе
xi
• Егер фотокамераға күнге күюге қарсы май, күннен қорғайтын
лосьон, ыстық қайнар көз, ванна ұнтағы, жуғыш зат, сабын,
органикалық ерітінді, май немесе алкоголь жабысса, оны дереу
сүртіп алыңыз. Олай істемеу фотокамера сыртының нашарлауына
себеп болуы мүмкін.
•
Фотокамераны 40°C немесе одан жоғары температураларда (атап
айтқанда, тікелей күн сәулелері түсетін орында, көлік салонында
Кіріспе
немесе қайықта, жағалауда немесе жылыту құрылғысының жанында)
ұзақ уақыт бойы қалдырмаңыз. Бұл суға төзімділікті нашарлатуы мүмкін.
Фотокамеранысуастындапайдалануалдында
1. Батарея бөлімінің/жад картасы ұяшығының қақпағы ішінде бөгдезаттардыңжоқтығынакөзжеткізіңіз.
•
Батарея бөлімінің/Жад картасы ұяшығының қақпағы ішіндегі құм, шаң
немесе қылшық сияқты бөгде заттар ауа үргішпен кетірілу қажет.
• Су тамшылары сияқты батарея бөлімінің/жад картасы ұяшығының
қақпағы ішіндегі кез келген сұйықтықты жұмсақ құрғақ шүберекпен
кетіру қажет.
2. Батарея бөлімінің/Жад картасы ұяшығы қақпағының су
өткізбейтін қабы (A2) жарылмағанына немесе майыспағанына
көз жеткізіңіз.
• Бір жылдан кейін суға төзімді орауыштың суға төзімділігі нашарлай
бастауы мүмкін. Егер суға төзімді орауыш нашарлай бастаса,
сатушымен немесе Nikon рұқсат еткен қызмет көрсету уәкілімен
хабарласыңыз.
• Сонымен қатар, су өткізбейтін қаптың ашылып қалмағанын
тексеріңіз.
3. Батарея бөлімінің/Жад картасы ұяшығының қақпағы тығыз
жабылғанын тексеріңіз.
• Қақпақты сырт етіп орнына түскенше сырғытыңыз.
Фотокамераны су астында пайдалану туралы
ескертпелер
Фотокамера ішіне су кіруін болдырмау үшін келесі сақтық
шараларын қолданыңыз.
• Фотокамерамен су астына 10 м тереңірек сүңгімеңіз.
• Фотокамераны су астында 60 минут немесе одан көбірек үздіксіз
пайдаланбаңыз.
• Фотокамераны су ішінде пайдаланған кезде оны 0°C–40°C су
температурасы ауқымында пайдаланыңыз.
Фотокамераны ыстық қайнар көздерде пайдаланбаңыз.
• Су астында батарея бөлімінің/жад картасы ұясының қақпағын
ашпаңыз немесе жаппаңыз.
• Су астында пайдаланғанда, фотокамераны соғып алмаңыз.
Фотокамерамен суға секірмеңіз немесе болмаса фотокамераға
жылдам ағынды су немесе сарқырамалар сияқты жоғары су
қысымының әсерін тигізбеңіз.
• Бұл фотокамера суда қалқымайды. Су астында фотокамераны
түсіріп алмаңыз.
xii
Фотокамераны су астында пайдаланғаннан
кейін тазалау
Фотокамераны су астында немесе жағажайда немесе басқа құмды не
шаңды орталарда пайдаланғаннан кейін құмды, шаңды немесе тұзды
таза суға сәл малынған құрғақ шүберекпен сүртіңіз де, 60 минут ішінде
мұқият кептіріңіз.
Егер фотокамераны тұз бөлшектері немесе басқа бөгде заттар
жабысатын ылғалды жағдайларда қалдырсаңыз, бұл зақымдануға,
түссізденуге, тот басуға, жағымсыз иіске немесе суға төзімділіктің
нашарлауына әкелуі мүмкін.
Ұзақ уақытқа жарамды ету үшін фотокамераны төмендегі әрекеттерді
орындау арқылы жуу ұсынылады.
• Фотокамераны тазалау алдында қолдарыңыздан, денеңізден және
шашыңыздан су тамшыларын, тұз бөлшектерін немесе басқа бөгде
заттарды мұқият кетіріңіз.
• Шашыраған суға немесе құмға ашық болуы мүмкін жерде болмас
үшін фотокамераны іште тазалау ұсынылады.
•
Бөгде заттардың барлығын сумен шайғанша және бүкіл ылғал сүртілгенше
батарея бөлімінің/жад картасы ұясының қақпағын ашпаңыз.
1. Батарея бөлімінің/жад картасы ұясының қақпағын жабық ұстап,
фотокамераны таза сумен жуыңыз.
Фотокамераны кран суымен аздап шайыңыз немесе фотокамераны
тұщы су толтырылған ыдысқа шамамен 10 минутқа салып қойыңыз.
• Егер түймелер немесе қосқыштар дұрыс жұмыс істемесе,
фотокамераға бөгде заттар жабысқан болуы мүмкін.
Бөгде заттар фотокамераның істен шығуына әкелуі мүмкін,
фотокамераны мұқият жуыңыз.
2. Су тамшыларын құрғақ шүберекпен сүртіп алыңыз жəне
фотокамераны жақсы желдетілетін, көлеңке орында
құрғатыңыз.
•
Құрғату үшін фотокамераны құрғақ матаға қойыңыз.
Су микрофондағы немесе динамиктердегі тесіктерден ағып шығады.
• Фотокамераны шаш кептіргіштің немесе киім кептіргіштің ыстық
ауасымен құрғатпаңыз.
• Химиялық заттарды (мысалы, бензин, сұйылтқыш, алкоголь
немесе жуғыш зат), сабынды немесе бейтарап жуғыш заттарды
пайдаланбаңыз.
Егер суға төзімді орауыш немесе корпус деформацияланса, суға
төзімділік нашарлайды.
Кіріспе
xiii
3. Фотокамерада су тамшысы жоқтығына көз жеткізгеннен кейін,
батарея бөлімінің/жад картасы ұяшығының қақпағын ашыңыз,
фотокамера ішінде қалған суды құрғақ жұмсақ шүберекпен
ақырын сүртіп, бөгде заттарды кетіру үшін ауа үргішті
пайдаланыңыз.
• Егер фотокамера әбден кепкенше қақпақты ашсаңыз, су
Кіріспе
тамшылары жад картасына немесе батареяға тамуы мүмкін.
Әрі су тамшылары батарея бөлімінің/жад картасы ұяшығының
қақпағы ішіне өтіп кетуі мүмкін (су өткізбейтін қап, ілмектер, жад
картасының ұяшығы немесе түйіспе тұстар сияқты орындарда).
Егер бұл орын алса, суды құрғақ, жұмсақ шүберекпен сүртіп
алыңыз.
• Егер ішкі жағы ылғал болған кезде қақпақ жабылса, бұл сұйық
түрге айналуға немесе ақаулыққа әкелуі мүмкін.
• Егер микрофон немесе динамик тесіктерін су тамшылары бітесе,
дыбыс нашарлауы немесе бұрмалануы мүмкін.
- Суды құрғақ, жұмсақ шүберекпен сүртіп алыңыз.
- Микрофон немесе динамик тесіктерін үшкір құралмен теспеңіз.
Егер фотокамераның іші зақымдалса, суға төзімділік нашарлауы
мүмкін.
xiv
Жұмыс температурасы, ылғалдылық жəне
конденсация туралы ескертпелер
Бұл фотокамераның жұмысы –10°C – +40°C температураларда
сыналған.
Фотокамераны климаты суық аймақтарда пайдаланған кезде мына
сақтық шараларды орындаңыз. Пайдалану алдында фотокамераны
және қосалқы батареяларды жылы жерде ұстаңыз.
• Батареялар өнімділігі (түсірілген суреттер саны және суретке түсіру
уақыты) уақытша төмендейді.
• Егер фотокамера өте суық күйде болса, өнімділік уақытша төмендеуі
мүмкін, мысалы, фотокамера қосылғаннан кейін монитор бірден
әдеттегіден қараңғылау болуы мүмкін немесе қалдық кескіндер
пайда болуы мүмкін.
• Қар немесе су тамшылары фотокамераның сыртына жабысқан кезде
оларды дереу кетіріңіз.
- Егер түймешіктер немесе қосқыштар қатып қалса, олар дұрыс
істемеуі мүмкін.
- Егер микрофонды немесе үндеткішті су тамшылары бітеп тастаса,
дыбыс сапасы нашарлауы немесе бұрмалануы мүмкін.
b Жұмыс ортасының жағдайлары, мысалы,
температура жəне ылғалдылық мониторда,
объективте немесе жарқыл терезесінде
булануға (конденсация) əкелуі мүмкін.
Бұл фотокамераның дұрыс жұмыс істемеуі
немесе ақаулығы емес.
b Фотокамера ішінде конденсацияны тудыруы
мүмкін қоршаған орта жағдайлары
Монитор, объектив немесе жарқыл терезесі ішіндегі булану
(конденсация) кенет температура өзгерістері немесе жоғары
ылғалдылық болатын келесі қоршаған орта жағдайларында орын алуы
мүмкін.
• Фотокамера жағажай немесе күншуақ жерлер сияқты температурасы
жоғары ортадан дереу температурасы төмен суға батырылған.
• Фотокамераны суық орыннан ғимараттың іші сияқты жылы орынға
жылжыту.
• Батарея бөлімінің/
жоғары температурада ашу немесе жабу.
b Буланудытазалау
• Қоршаған орта температурасы тұрақты жерде фотокамераны
өшіргеннен кейін батарея бөлімінің/жад картасы ұяшығының қақпағын
ашыңыз (температурасы/ылғалдылығы жоғары, құмды немесе шаңды
жерден аулақ болыңыз).
• Булануды жою үшін батарея мен жад картасын алып тастаңыз және
фотокамераның қоршаған орта температурасына бейімделуі үшін
батарея бөлімінің/жад картасы ұяшығының қақпағын ашық күйде
қалдырыңыз.
• Егер булану тазаланбаса, сатушыға немесе Nikon рұқсат еткен
қызмет көрсету уәкіліне хабарласыңыз.
ад картасы ұясының қақпағын ылғалдылығы
ж
Кіріспе
xv
Мазмұны
Кіріспе ................................................................................................... i
Алдымен осыны оқып шығыңыз ....................................................................... i
Басқа ақпарат ................................................................................................ i
Фотокамера бауын тағу жолы ....................................................................... i
Мәліметтер мен сақтық шаралары.............................................................. ii
Қауіпсіздік туралы ақпарат............................................................................... v
Мазмұны
ЕСКЕРТУЛЕР ................................................................................................. v
Ескертулер ..................................................................................................... viii
<Маңызды> Соққығатөзімді, суғатөзімді, шаңғатөзімді, конденсация....... x
Соққыға төзімділік туралы ескертпелер...................................................... x
Суға төзімділік және шаңға төзімділік туралы ескертпелер....................... x
Фотокамераны су астында пайдалану алдында ...................................... xii
Фотокамераны су астында пайдалану туралы ескертпелер .................. xii
Фотокамераны су астында пайдаланғаннан кейін тазалау.................... xiii
Жұмыс температурасы, ылғалдылық және конденсация туралы
ескертпелер................................................................................................ xv
Сұрыптау белгісі (Variety menu
(Əртүрлілікмəзірі) параметрі
On (Қосулы) күйіне
орнатылғанда) .......................58
14
Қарау режимі .........................17
15
Бейнефильмді/Хабарды жазу
уақыты
16
Ағымдағы кескін нөмірі
17
Ішкі жад индикаторы
18
Бейнефильмді қарау
индикаторы ............................75
1324
15/11/2015
15:30
9
10
7
8
11 12
65
Фотокамераның бөліктері
18
999
9999
999
14
29m 0s
29m 0s
1516
17
4
C Түсіру режимі немесе қарау режимі кезінде ақпарат
көрсетілмесе
Кейбір мәліметтерден басқа мәліметтер бірнеше секунд бойы ешбір әрекет
орындалмаған жағдайда көрсетілмейді. Ақпарат бейімделгіш түймешікті
немесе мультиселекторды басқаннан кейін қайтадан көрсетіледі.
13
Бейімделгіш түймешіктерді пайдалану
ТүсірурежиміҚараурежимі
1-бейімделгіштүймешік
2-бейімделгіштүймешік
3-бейімделгіштүймешік
4-бейімделгіштүймешік
1 10 0
2 5m 0s
Түсіру экраны немесе қарау экраны көрсетіліп тұрғанда бейімделгіш
түймешікті бассаңыз, ағымдағы режимнің мәзірі көрсетіледі. Мәзір
көрсетілгенде әр түрлі параметрлерді өзгертуге болады.
Бұл құжатта, бейімделгіш түймешіктер жоғарыдан төмен қарай
«1-бейімделгіш түймешік» - «4-бейімделгіш түймешік» деп аталады.
1 Бейімделгіш түймешікті
басыңыз.
• Мәзір көрінеді.
2 Тармақты таңдау үшін
бейімделгіш түймешікті
басыңыз.
• Q көрсетілгенде алдыңғы
• Кейбір мәзір опциялары
экранға оралу үшін
1-бейімделгіш түймешікті (Q)
басыңыз.
фотокамера параметрлеріне қарай таңдалмауы немесе көрінбеуі
мүмкін.
Settings
Change sounds
Choose a size
Camera settings
1100
25m 0s
Фотокамераның бөліктері
5
3 Тармақты таңдау үшін
Басқа беттерді көрсету үшін HI
мультиселекторын басыңыз.
Ағымдағы параметр ақ
болып көрінеді.
бейімделгіш түймешікті
басыңыз.
• Мәзір мазмұны екінші бетте
жалғасқанда беттің күйін
көрсететін бағыттауыш
көрсетіледі.
4 Параметрді таңдау үшін
Фотокамераның бөліктері
бейімделгіш түймешікті
басыңыз.
• Таңдалған параметрді растау
үшін бейімделгіш түймешікті
басыңыз.
• Мәзір көрсетілген кезде түсіру
режиміне ысырманы босату
түймешігін немесе b (e)
түймешігін басу арқылы ауыса
аласыз.
• Батареяның теріс және оң түйіспелерін дұрыс бағыттап, қызғылт-сары
батарея ілмегін (4) жылжытып, батареяны толық итеріп салыңыз (5).
• Жад картасын орнына (6) сырғытып түсіріңіз.
• Батареяны немесе жад картасын төңкеріп немесе артымен салып
қоймаңыз, себебі бұл ақаулыққа себеп болуы мүмкін.
2 Батарея бөлімінің/Жад картасы
ұяшығының қақпағын жабыңыз.
• Қақпақты (1) көрсеткісімен көрсетілген
бағытқа қарай толығымен жалпағынан
жатқызыңыз да, толығымен орнына (2)
сырғытыңыз.
B Зақымдану туралы ескерту
Қақпақты ашық болған кезінде
сырғытқанда фотокамера
зақымдануы мүмкін.
B Батарея бөлімінің/Жадкартасы ұяшығының қақпағынашу жəне
жабу
Құмды немесе шаңды ортада я болмаса ылғалды қолдармен батарея
бөлімінің/жад картасы ұяшығының қақпағын ашпаңыз және жаппаңыз. Бөгде
бөлшектерді кетірместен қақпақты жапса, фотокамера ішіне су кіруі немесе
фотокамера зақымдалуы мүмкін.
• Егер бөгде бөлшектер қақпақ немесе фотокамера ішіне кірсе, оларды ауа
үргішпен немесе қылшақпен бірден кетіріңіз.
• Егер қақпақ немесе фотокамера ішіне су сияқты сұйықтық кірсе, оны бірден
жұмсақ және құрғақ шүберекпен сүртіңіз.
1
2
Түсіруге дайындау
7
B Жад картасын пішімдеу
Осы фотокамераға басқа құрылғыда қолданылған жад картасын алғаш
салғанда оны фотокамерамен пішімдеу керек болады. Жад картасын
фотокамераға салып, фотокамера параметрлері мәзіріндегі (A85) Format
card (Картаны пішімдеу) опциясын таңдаңыз.
Батареяны немесе жад картасын алу
Батарея бөлімінің/Жад картасы ұяшығының қақпағын ашпай тұрып,
фотокамераның өшіп, іске қосылу шамы мен монитордың сөнгенін
тексеріңіз.
• Батарея ілмегін жылжытып, батареяны шығарыңыз.
• Жад картасын жартылай шығару үшін жад картасын фотокамера
ішіне қарай жайлап басыңыз.
• Фотокамераны, батареяны және жад картасын фотокамераны
пайдаланған соң дереу ұстағанда абай болыңыз, олар ыстық болуы
мүмкін.
Түсіруге дайындау
Жад карталары жəне ішкі жад
Фотокамера деректерін, кескіндерді және бейнефильмдерді жад
картасында да, фотокамераның ішкі жадында да сақтауға болады.
Фотокамераның ішкі жадын пайдалану үшін жад картасын шығарып
алыңыз.
8
Loading...
+ 118 hidden pages
You need points to download manuals.
1 point = 1 manual.
You can buy points or you can get point for every manual you upload.