Nokia 2330 CLASSIC User Manual [bg]

Page 1
Nokia 2330 classic Пайдаланушы нұсқаулығы
9214203
-басылым
2
Page 2
СӘЙКЕСТІК МӘЛІМДЕМЕСІ
Осымен, NOKIA КОРПОРАЦИЯСЫ осы RM-512 өнім 1999/5/EC директивасының негізгі талаптарына және басқа да қатысты жайттарына сәйкес екендігін мәлімдейді. Сәйкестік жөніндегі көшірмені http://www.nokia.com/phones/ declaration_of_conformity/ сайтынан таба аласыз.
© 2009 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.
Nokia, Nokia Connecting People және Navi - Nokia корпорациясының сауда белгілері немесе тіркелген сауда белгілері. Nokia tune Nokia корпорациясының дыбыстық белгісі болып табылады. Осы құжатта көрсетілген басқа да өнімдер мен компаниялардың атаулары тиісті меншік иелерінің сауда белгілері немесе тауар атаулары болуы мүмкін.
Бұл құжат мазмұнының бір бөлігін немесе барлығын Nokia корпорациясының алдын ала жазбаша рұқсатынсыз қандайда бір жолмен қайта дайындауға, үшінші жаққа беруге, таратуға немесе сақтауға тыйым салынады.
Includes RSA BSAFE cryptographic or security protocol software from RSA Security.
Java is a trademark of Sun Microsystems, Inc.
This product is licensed under the MPEG-4 Visual Patent Portfolio License (i) for personal and noncommercial use in connection with information which has been encoded in compliance with the MPEG-4 Visual Standard by a consumer engaged in a personal and noncommercial activity and (ii) for use in connection with MPEG-4 video provided by a licensed video provider. No license is granted or shall be implied for any other use. Additional information, including that related to promotional, internal, and commercial uses, may be obtained from MPEG LA, LLC. See http://www.mpegla.com
Ескерің із: Тек бір ғана MРЕG-4 мәт іні. *Б ұл өнім MРЕG 4 visua l Patent Portfolio License бойынша (і) жеке және коммерциялық емес қызметпен айналысатын тұтынушы MРЕG-4 Visual Standard сәйкес кодталған ақпаратқа байланысты жеке және коммерциялық емес мақсатта пайдалануға (іі) лицензиялы бейне қызмет ұсынушысы ұсынған MРЕG-4 бейнесін пайдалану үшін лицензияландырылған. Кез-келген басқа жолмен пайдалану үшін тікелей және жанама түрде ешбір лицензия берілмейді. Жарнамалық, ішкі және коммерциялық байланыстарды қоса алғанда, қосымша ақпаратты MРЕG LA, LLC компаниясынан алуға болады. http:// www.mpegla.com сайтын қараңыз.
Nokia үздіксіз даму саясатын ұстанады. Nokia компаниясы осы құжатта бейнеленген кез келген өнімді алдын ала ескертусіз өзгертуге және жақсартуға құқылы.
ЗАҢ БОЙЫНША NOKIА НЕМЕСЕ ОНЫҢ РҰҚСАТ БЕРУШІЛЕРІ ҚАНДАЙ ДА БІР ЖАҒДАЙ БОЛМАСЫН МӘЛІМЕТТЕР ЖОЙЫЛУЫНА НЕМЕСЕ ШЫҒЫНДАРҒА, КЕЗ КЕЛГЕН АРНАЙЫ, ҚОСЫМША, СОҢҒЫ НЕМЕСЕ ЖАНАМА ЖАСАЛЫНҒАН ЗАҚЫМДАРҒА ЖАУАП БЕРМЕЙДІ.
БҰЛ ҚҰЖАТТЫҢ МАЗМҰНЫ "СОЛ КҮЙІНДЕ" ҚҰРЫЛҒАН. ЗАҢ БОЙЫНША, КЕПІЛДЕМЕНІҢ КЕЗ КЕЛГЕН ТҮРІ ШҰҒЫЛ НЕМЕСЕ НЕГІЗДЕЛГЕН, БІРАҚ ШЕКТЕЛМЕГЕН ТАУАР ЖАРАМДЫЛЫҒЫНЫҢ КЕПІЛДЕМЕЛЕРІ ЖӘНЕ БЕЛГІЛІ БІР МАҚСАТҚА БАҒЫТТАЛҒАН ҚАБІЛЕТ ДӘЛДІЛІК, СЕНІМДІЛІК НЕМЕСЕ ОСЫ ҚҰЖАТТЫҢ МАЗМҰНЫМЕН ТЫҒЫЗ БАЙЛАНЫСТА ЖАСАЛҒАН. NOKIA КОМПАНИЯСЫ ОСЫ ҚҰЖАТТЫ EШБІР АЛДЫН АЛА ЕСКЕРТУСІЗ ҚАРАП ШЫҒУҒА НЕМЕСЕ БҰДАН БАС ТАРТУҒА ҚҰҚЫЛЫ.
Белгілі өнімдерге және сұранымдарға, қызметтерге қол жеткізу аймақтарға байланысты әр түрлі болады. Nokiа cатушысымен бірге егжей-тегжейін және де тіл қызметтеріне қол жеткізу туралы жайтты тексеріңіз.
Page 3
Экспорттық бақылау Экспорттық бақылау. Бұл құрылғы АҚШ және басқа елдерден заңдар мен реттеушілерді экспорттайтын, сату тауарларын, технологияны немесе бағдарламаны қамтамасыз ететін пәннен тұрады. Заңды орындамай ауытқуға тыйым салынған. Құрылғыңызбен жеткізілетін үшінші тарап әзірлеген бағдарламалар Nokia компаниясымен байланысты немесе қатысты емес тұлғалар немесе ұйымдармен әзірленіп, соларды ң и ел іг і бо лы п т аб ыл уы мү мк ін. No ki a үшінші тараптармен әзірленген бағдарламалар бойынша авторлық құқықтар немесе зияткерлік жекеменшік құқықтарын иеленбейді. Іс жүзінде, Nokia соңғы пайдаланушыны қолдау, бағдарламалардың пайдаланымдылығы немесе сол бағдарламалар немесе материалдар ақпараттарына жауапты емес. Nokia үшінші тараптардың бағдарламаларына ешқандай кепілдік бермейді. БАҒДАРЛАМАНЫ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ СІЗ БАҒДАРЛАМАНЫҢ СОЛ КҮЙІНДЕ, ЕШҚАНДАЙ НАҚТЫ НЕМЕСЕ БОЛЖАМДЫ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢДАРМЕН БАРЫНША РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН КЕПІЛДІКСІЗ ЖЕТКІЗІЛГЕНДІГІН РАСТАЙСЫЗ. СОНЫМЕН ҚАТАР, СІЗ НЕ NOKIA КОМПАНИЯСЫ, НЕ ОНЫҢ БАЙЛАНЫСТЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ЕШҚАНДАЙ НАҚТЫ НЕМЕСЕ БОЛЖАМДЫ ТАНЫТУЛАРДЫ НЕМЕСЕ КЕПІЛДІКТЕРДІ, СОНЫҢ ІШІНДЕ, БІРАҚ ОЛАРМЕН ШЕКТЕЛМЕЙ, ІШІНАРА МАҚСАТТАРДАҒЫ АТАУЛАР, САТЫЛУ МҮМКІНДІГІ НЕМЕСЕ ПІШІНІ БОЙЫНША, НЕМЕСЕ СОЛ БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ҚАНДАЙ ДА БІР ҮШІНШІ ТАРАПТЫҢ ПАТЕНТТЕРІНЕ, АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАРЫНА, САУДА БЕЛГІЛЕРІНЕ НЕМЕСЕ БАСҚАДАЙ ҚҰҚЫҚТАРЫНА ҚАЙШЫ КЕЛМЕЙТІНДІГІН КЕПІЛДЕНДІРМЕЙТІНІН РАСТАЙСЫЗ.
-басылым KK9214203/2
Page 4

Мазмұны

Қауіпсіздік......................................6
1. Жалпы мәліметтер...................7
Құрылғыңыз жайында..........................7
Желі қызметтері...................................7
Ортақ жад.............................................8
Қатынас кодтары.................................8
Nokia қолдауы......................................8
2. Жұмысты бастау.......................9
SIM картасы мен батареяны
орнату...................................................9
Батареяны зарядтау............................9
Антенна..............................................10
Құлақ аспабы.....................................10
Магниттер және магнит өрісі............10
Түймешіктер мен бөлшектер............11
Телефонды қосу және ажырату........11
Күту күйі .............................................11
Пернетақтаны кілттеу........................12
SIM картасыз функциялар................12
Фонында ойнап жатқан
бағдарламалар..................................12
3. Қоңыраулар.............................12
Қоңырау шалу және қоңырауға
жауап беру.........................................12
Дауыс зорайтқыш..............................13
Нөмірді жылдам теру
түймешіктері.......................................13
4. Мәтін жазу...............................13
Мәтіндік күйлер..................................13
Әдеттегі мәтін енгізу..........................13
Болжалды мәтін енгізу......................14
Мәтін немесе мультимедиалық
хабар жасау.....................................15
Электрондық пошта...........................16
Электрондық пошта орнату
шебері..............................................16
Электрондық пошта хабарын жазу
және жіберу.....................................16
Электрондық поштаны қотару........16
Жедел хабарлар................................16
Nokia Xpress дыбыстық
хабарлары..........................................17
Шапшаң хабар алмасу......................17
Дауыстық хабарлар...........................17
Хабар параметрлері..........................17
7. Контактілер.............................18
8. Қоңырауларды тіркеу
журналы .....................................18
9. Параметрлер..........................19
Профильдер.......................................19
Әуендер..............................................19
Дисплей..............................................19
Күн мен уақыт....................................19
Жылдам түймешіктер........................20
Синхрондау және резерв жасау.......20
Қосылу мүмкіндігі...............................20
Bluetooth сымсыз технологиясы.....20
Пакеттік деректер............................21
Қоңыраулар және телефон...............21
Көмекші құралдар..............................22
Конфигурация....................................22
Зауыт параметрлерін қалпына
келтіру.................................................22
5. Мәзірлер бойынша жылжу.....14
6. Хабар алмасу..........................14
Мәтіндік және мультимедиалық
хабарлар.............................................14
Мәтіндік хабарлар...........................15
Мультимедиалық хабарлар............15
10. Оператор мәзірі....................23
11. Галерея.................................23
12. Медиа....................................23
Камера және бейне...........................23
FM радиосы........................................24
Page 5
Дыбыс жазу құрылғысы.....................24
Музыка ойнатқышы............................24
13. Бағдарламалар.....................25
14. Органайзер...........................26
Қоңыраулы сағат...............................26
Күнтізбе және жұмыстар тізімі..........26
15. Веб немесе Интернет ..........26
Интернет қызметіне байланыс.........27
16. SIM қызметтері.....................27
Қосымша жабдықтар..................28
Батарея.......................................28
Батарея мен зарядтағыш туралы
ақпарат...............................................28
Nokia батареясының шынайылығын
растау жөніндегі нұсқаулары............29
Голограмма шынайылығын
растау...............................................30
Батарея шынайы болмаса не істеу
керек?...............................................30
Күтім және техникалық қызмет
көрсету........................................30
Қайта пайдалану................................31
Қауіпсіздік туралы қосымша
ақпарат........................................32
Кішкентай балалар............................32
Жұмыс істеу ортасы..........................32
Медициналық құрылғылар................32
Алмастырылған медициналық
құрылғылар......................................32
Есту құралдары...............................33
Көлік құралдары.................................33
Жарылу қаупі бар орталар................34
Жедел қызметтерге телефон
шалу....................................................34
Куәландыру туралы ақпарат
(ҮСД)...................................................35
Мазмұны
Тақырыптар тізімі.......................36
Page 6

Қауіпсіздік

Мына жай нұсқауларды оқыңыз. Бұларды қадағаламау қауіпті немесе заңсыз болуы мүмкін. Қосымша мәлімет үшін пайдаланушы нұсқаулығын оқыңыз.
ҚАУІПСІЗДІК САҚТАП ҚОСУ Сымсыз телефонды қолдануға тыйым салынғанда немесе құрылғыныы
қосу кедергілер мен қауіп-қатер тудырған жағдайда оны қоспаңыз. ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ БІРІНШІ ОРЫНДАУ БОЛУЫ ТИІС Жергілікті жердің барлық талаптарын орындаңыз. Әрқашан көлік
жүргізу кезінде қолыңызды бос ұстаңыз. Көлік жүргізу кезіндегі бірінші ескеретініңіз жол қауіпсіздігі болуы тиіс.
КЕДЕРГІЛЕР Барлық сымсыз құрылғылардың жұмысының орындалуына кедергілер
әсер етуі мүмкін. ПАЙДАЛАНУ ШЕКТЕЛГЕН ЖЕРЛЕРДЕ ҚҰРЫЛҒЫНЫ ӨШІРІП
ҚОЙЫҢЫЗ Кез келген шектеуді сақтаңыз. Құрылғыны ұшақта, медициналық
жабдықтың жанында, жанармай, химикаттар немесе қопарылысқа бейім ауа кеңістігінде өшіріңіз.
МАМАНДЫРЫЛҒАН ҚЫЗМЕТ Бұл құрылғыны тек маманданған қызметкерлер ғана орнатуы немесе
жөндеуі тиіс. ҚОСЫМША АСПАПТАР МЕН БАТАРЕЯЛАР Тек мақұлданған қосымша аспаптар мен батареяларды қолданыңыз.
Сәйкес келмейтін өнімдерге жалғамаңыз. СҰҒА ТӨЗІМДІЛІГІ Сіздің құрылғыңыз суға төзімсіз. Мұны құрғақ күйде сақтаңыз.
© 2009 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.6
Page 7
1. Жалпы мәліметтер

Құрылғыңыз жайында

Мына нұсқаулықта суреттелген сымсыз құрылғы GSM 900 және 1800 MHz жүйелері пайдалануға арналған. Байланыс желісі туралы көбірек мәлімет алу үшін қызмет көрсетушімен байланысыңыз.
Құрылғыдағы ерекше мүмкіндіктерді пайдалану кезінде заңдарға бағыныңыз және жергілікті кеденді, құпиялықты, басқалардың құқықтарын, сонымен қатар авторлық құқықтырын сый тұтыңыз.
Авторлық құқықтар кейбір бейнелердің, әуендердің және басқа құрылымдағы заттардың көшірілуіне, тасымалдануына, өзгертілуіне кедергі бола алады.
Сіздің құрылғыңызда үшінші жақ тораптарына (алдын ала орнатылған) бетбелгілер мен сілтемелер болады. Сондай-ақ құрылғыңыз арқылы басқа да үшінші жақ тораптарына қатынас құруыңыз мүмкін. Үшінші жақ тораптарына Nokia-ның еш қатысы жоқ және олар үшін жауапкершілікті өзіне алмайды және қабылдамайды. Егер сіз осындай тораптарға қатынас құратын болсаңыз, мазмұн мен қауіпсіздік шараларын ескергеніңіз жөн.
Ескерту Құрылғының оятқыш сағаттан басқа белгілерін қолданғыңыз келсе, құрылғыны қосыңыз. Сымсыз құрылғыны қолдану кедергілер мен қауіп тудыратын болса, құрылғыны қоспаңыз.
Құрылғыңызда сақталған барлық маңызды ақпараттың жазбаша немесе қосар көшірмесін жасауды естен шығармаңыз.
Кез келген құрылғыны қосу үшін оның тұтынушыға арналған нұсқаулығындағы қауіпсіздік жөніндегі мәліметтерді оқыңыз. Сәйкес келмейтін өнімдерге жалғамаңыз.
Бұл нұсқаулықтағы бейне ажыратымдылығы түрлі болып көрінуі мүмкін.

Желі қызметтері

Телефонды қолдану үшін сізде сымсыз қызмет көрсету түрі болуы керек. Телефондағы көп мүмкіндіктер желі мүмкіндіктерін қажет етеді. Бұл мүмкіндіктерді пайдалану барлық желі арқылы мүмкін бола бермейді. Кейбір желілер бұл мүмкіндіктерді пайдаланудан бұрын сізге желі қызметін көрсетушіңізбен бірге арнайы шараларды орындауыңызды талап етуі мүмкін Желі қызметтерін пайдалану мәлімет тасымалын қажет етеді. Өз желінізде және басқа желілерде болғанда ақы қанша болатыны туралы егжей-тегжейін білу үшін қызмет көрсетушіңізбен байланысыңыз. Сіздің қызмет көрсетушіңіз қандай жүктемелер қажет екендігі жайлы нұсқаулықтар мен түсініктемелер бере алады. Кейбір желілер қойған шектеулер сіз пайдаланатын желі қызметтеріне әсерін тигізуі мүмкін. Ондайда кейбір желілер тілге байланысты әріптерді және қызметтерді қолдамайды.
Сіз провайдеріңізден құрылғыңызда бейбелсенді және жұмысқа қабілетсіз мүмкіндіктерге сұратым жасауыңызға болады. Онда бұл мүмкіндіктер
© 2009 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған. 7
Page 8
Жалпы мәліметтер
құрылғыңыздың мәзірінде көрінбейтін болады. Сіздің құрылғыңызда мәзір атын өзгерту, мәзір ретін өзгерту және пиктограммаларды өзгерту сияқты арнайы конфигурациялар болуы мүмкін. Көбірек мәлімет алу үшін қызмет көрсетушіңізбен байланысыңыз.
Бұл құрылғы TCP/IP хаттамасында орындалатын WAP 2.0 протоколдары (HTTP және SSL) хаттамасын қолдайды Бұл құрылғының кейбір мүмкіндіктері, мысалы мультимедиялық хат алысу (MMS), ізденіс салу және электрондық пошта бағдарламасы, бұл технологиялар үшін желі қолдауын талап етеді.

Ортақ жад

Құрылғының келесі құызметтері жадыны бөлуі мүмкін: мультимедиялық хат алмасу (MMS), электрондық пошта бағдарламалары, қолма-қол хабар алмасу. Осы мүмкіндіктердің біреуін немесе одан да көбін қолдану жадты бөлісетін қалған мүмкіндерге қатынаулы жадтың көлемін азайтуы мүмкін. Сіз ортақ жад белгісін қолданғалы жатқанда, сіздің құрылғыңыз есте сақтау қызметі толы деген ақпаратты көрсетуі мүмкін. Мұндай жағдайда, кейбір ақпараттарды немесе ортақ жад белгілеріндегі мәліметтерді өшіріңіз.

Қатынас кодтары

Қауіпсіздік коды телефоныңызды рұқсатсыз пайдаланудан қорғауға көмектеседі. Алдын-ала қойылған код 12345. Код жасап, оны өзгертуіңізге, сондай-ақ,
телефонды код сұрайтын етіп орнатуыңызға болады. Кодты құпия және телефоныңыздан бөлек, қауіпсіз жерде сақтаңыз. Егер кодты ұмытып қалсаңыз және телефоныңыз құлыпталып қалса, телефон қызмет көрсету қажет болады және қосымша төлем алынуы мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін Nokia Care орталығымен немесе телефоныңыз дилерімен хабарласыңыз.
SIM картасымен бірге берілетін PIN коды картаны рұқсатсыз пайдаланудан қорғайды. Кейбір SIM карталарымен бірге берілетін PIN2 коды кейбір қызметтерді пайдалану үшін қажет болады. Егер сіз PIN немесе PIN2 кодын қатарынан үш рет қате енгізсеңіз, PUK немесе PUK2 кодын енгізу қажет болады. Егер сізде олар болмаса, қызмет ұсынушыңызға хабарласыңыз.
SIM картаңыздың қауіпсіздік модуліндегі мәліметтерге рұқсат алу үшін модульдік PIN коды қажет болады. Сандық қолтаңба үшін қолтаңба PIN коды қажет болуы мүмкін. Тыйым салу кілтсөзі қоңырауларға тыйым салу қызметін пайдаланғанда қажет етіледі.
Телефоныңыздың қатынас кодтарын және қауіпсіздік параметрлерін қалай пайдаланатынын анықтау үшін Мәзір > Параметрлер > Қаупсіздік пәрменін таңдаңыз.

Nokia қолдауы

Осы нұсқаулықтың ең соңғы нұсқасын, қосымша ақпарат алу үшін, қотару үшін және Nokia өніміне байланысты қызметтерді пайдалану үшін www.nokia.com/ support бетін немесе жергілікті Nokia веб-сайтын қараңыз.
© 2009 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.8
Page 9

Жұмысты бастау

Конфигурациялық параметрлер қызметі
Сіздің телефон моделіңізге арналған MMS, GPRS, электрондық пошта сияқты тегін конфигурациялық параметрлерді және де басқа қызметтерді мына жерден алыңыз www.nokia.com/support.
Nokia PC Suite
PC Suite және қажетті ақпаратты Nokia веб-сайтынан қараңыз: www.nokia.com/ support.
Nokia Care қызмет көрсетуі
Nokia Care бөлімімен хабарласқыңыз келсе, жергілікті Nokia Care қызмет көрсету, байланыс орталықтарының тізімін мына сайттардан алыңыз www.nokia.com/customerservice.
Қызмет көрсету
Техникалық қызмет көрсетуге байланысты сұрақтармен жақын жердегі Nokia Care қызмет көрсету орталықтарына хабарласыңыз: www.nokia.com/repair.
2. Жұмысты бастау

SIM картасы мен батареяны орнату

Батареяны шешіп аларда әрқашан құрылғыны өшіріп, зарядтағышты ажыратыңыз.
SIM картасы мен оның контактілері тырналса немесе иілсе, олар оңай бүлінеді, сондықтан, картаны ұстағанда, салғанда немесе шығарғанда абайлаңыз.
1. Босату түймесін (1) басып, артқы қақпақты (2) шығарып алыңыз.
2. Батареяны алыңыз (3).
3. SIM картасы ұстағышын ашып, SIM картасының түйіспе бетін ұстағышқа төмен
қаратып салыңыз (4). SIM картасы ұстағышын жабыңыз.
4. Батареяны (5) салыңыз және артқы қақпақты (6) орнына қайта салыңыз.

Батареяны зарядтау

Батареяңыз зауытта шамалы зарядталған. Егер құрылғы заряды аз болса, төмендегіні орындаңыз:
1. Зарядтау құрылғысын қабырға розеткасына қосыңыз.
© 2009 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған. 9
Page 10
Жұмысты бастау
2. Зарядтаушы құрылғыны құрылғыға қосыңыз.
3. Батарея толығымен зарядталғанда, зарядтаушы құрылғыны құралдан суырып, содан кейін оны қабырғадағы ток сымынан ажыратыңыз.
Белгілі бір уақыт батареяны зарядтамауға болады және құрылғыны ол зарядталып жатқанда да қолдануға болады. Егер батареяның заряды толығымен біткен болса, дисплейдегі зарядтау көрсеткіші пайда болғанша немесе қоңырау шалу үшін бірнеше минут күту керек.

Антенна

Сіздің құрылғыңыздың ішкі және сыртқы антеннасы болуы мүмкін. Антенна алу немесе тасымалдау қызметін атқарып жатқанда, кез келген радионың тасымалдау құрылғы сы сияқ ты , антенна ке ңі сті гі н ұстаудан аулақ болыңыз. Мұндай антеннаға тиіскеннен байланыс сапасына әсер етіп, құрылғының қажетті деңгейден жоғары қуатпен жұмыс істеуіне себеп болуы мүмкін, тіпті батареяның зарядын азайтуы мүмкін.
Суретте антеннаның тиімді ауданы сұр түспен көрсетілген.

Құлақ аспабы

Ескерту Әуенді орташа дауыс деңгейінде тыңдаңыз. Үнемі аса көтеріңкі деңгейдегі дыбысты тыңдау есту қабілетіңізге нұқсан келтіруі мүмкін. Құралды қосылып тұрған кезде құрылғыны құлағыңызға жақындатпаңыз, себебі дыбыс деңгейі шектен тыс қатты болуы мүмкін.
Ескерту Құлаққапты пайдалану сіздің сыртқы дыбыстарды есту қабілетіңізге әсер етуі мүмкін. Сіздің қауіпсіздігіңізге қатер төндіретін жағдайда құлаққапты қолданбаңыз.
Осы құрылғымен бірге қолдану үшін Nokia мақұлдаған түрлерден басқа кез келген сыртқы құрылғы немесе құлаққапты Nokia AV Connector қосқышына қосу кезінде дыбыс деңгейіне баса назар аударыңыз.
Құрылғыға зақым келтіретін сигнал шығаратын өнімдерді қоспағаныңыз жөн. Nokia AV Connector қосқышын кернеу көзіне қоспаңыз.

Магниттер және магнит өрісі

Құрылғыңызды магниттерден немесе магнит өрістерінен алыс сақтаңыз.
© 2009 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.10
Page 11

Түймешіктер мен бөлшектер

1 Құлақ аспабы
2 Зарядтау құрылғысының қосқышы
3 Құлақ аспабының қосқышы
4 Дисплей
5 Таңдау түймешіктері
6 Navi™ түймесі: бұдан былай дөңгелету
түймесі деп аталады
7 Қоңырау түймешігі
8 Аяқтау Түймешігі/Қорек түймешігі
9 Пернетақта
10 Босату түймесі
11 Камера линзасы
12 Дауыс зорайтқыш
13 Микрофон
Ескерім: Бұл коннектор тек өкілетті қызмет көрсету орталығының
маманының пайдалануына арналғандықтан, оған тиіспеңіз.
Жұмысты бастау

Телефонды қосу және ажырату

Телефонды қосу немесе ажырату үшін қорек түймешігін басып тұрыңыз.

Күту күйі

Телефон пайдалануға дайын болса және сіз ешқандай таңбаларды енгізбеген болсаңыз, телефон күту күйінде болады.
© 2009 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған. 11
Page 12

Қоңыраулар

1 Желі сигналының қарқындылығы
2 Батарея зарядының деңгейі
3 Желінің аты немесе оператордың логотипі
4 Таңдау түймешіктерінің функциялары
Жеке жылдам түймешіктер тізіміндегі функцияларды қарап шығу үшін сол жақ таңдау түймешігі Өту болып табылады. Тізімді қарап шығу кезінде, бар функцияларды көру үшін Опц-р > Таңдау опц-ы пәрменін таңдаңыз немесе тізіміңіздегі функцияларды реттеу үшін Опц-р > Реттеу пәрменін таңдаңыз.

Пернетақтаны кілттеу

Пернелердің кездейсоқ басылуларын болдырмау мақсатында пернетақтаны кілттеу үшін Мәзір таңдап, 3,5 секунд ішінде * пернесін басыңыз.
Пернетақтаны ашу үшін Ағыту таңдап, 1,5 се кунд ішінде * пернесін басыңыз. Егер қауіпсіздік клавиш қорғанысы қосулы болса, сұраныс түскенде, қауіпсіздік кодын теріңіз.
Телефон күту күйінде тұрғанда, белгілі бір уақыт өткеннен кейін пернетақтаның автоматты түрде кілттенуін орнату үшін Мәзір > Параметрлер > Телефон > Автоматты клав-ра қорғауышы > Қосу пәрменін таңдаңыз.
Пернетақта кілттеулі күйде тұрғанда қоңырауға жауап беру үшін қоңырау түймешігін басыңыз. Қоңырауды аяқтағанда немесе оны қабылдамаған кезде пернетақта автоматты түрде кілттенеді.
Құрылғы немесе пернетақта құлыптанған кезде, ресми көмек көрсету қызметінен көмек сұрауға болады.

SIM картасыз функциялар

Сіздің телефоныңыздың кей бір мүмкіндіктерін SIM картасын салмастан ақ қолдануға болады, мәселен, Органайзер функциясы және ойындар. Мәзірдегі кейбір функциялар сұр түспен көрсетіледі және оларды пайдалану мүмкін емес.

Фонында ойнап жатқан бағдарламалар

Артқы жақта орындалып жатқан қалдырылған қолданбалар батарея қуатына талаптарды арттырады және батареяның қызмет ету уақытын қысқартады.
3. Қоңыраулар

Қоңырау шалу және қоңырауға жауап беру

Қоңырау шалу үшін телефон нөмірін теріңіз, қажет болса, оған ел коды мен мекен кодын қосыңыз. Нөмірге қоңырау шалу үшін қоңырау түймешігін басыңыз. Телефон шалыс барысында құлаққап дауыс деңгейін үлкейту үшін жоғары қарай дөңгелетіңіз, азайту үшін төмен қарай дөңгелетіңіз.
© 2009 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.12
Page 13

Мәтін жазу

Кіруші қоңырауға жауап беру үшін қоңырау түймешігін басыңыз. Қоңырауды қабылдамау үшін аяқтау түймешігін басыңыз.

Дауыс зорайтқыш

Бар болған жағдайда, қоңырау шалу кезінде телефонның құлақ аспабын немесе дауыс зорайтқышын пайдалану үшін Днмк немесе Қлпты пәрмендерінің бірін таңдаңыз.
Ескерту Құралды қосылып тұрған кезде құрылғыны құлағыңызға
жақындатпаңыз, себебі дыбыс деңгейі шектен тыс қатты болуы мүмкін.

Нөмірді жылдам теру түймешіктері

Телефон нөмірін 2 мен 9 арасындағы санды түймешіктердің біріне тағайындау үшін Мәзір > Контактылар > Жылдам теру пәрменін таңдап, қажетті нөмірге дейін жылжыңыз және Берупәрменін таңдаңыз. Қажетті телефон нөмірін енгізіңіз немесе Іздеу пәрменін және сақталған байланысты таңдаңыз.
Нөмірді жылдам теру функциясын қосу үшін Мәзір > Параметрлер > Қоңырау > Нөмірді тез теру > Қосу пәрменін таңдаңыз.
Нөмірді жылдам теру функциясын пайдаланып қоңырау шалу үшін, күту күйінде қажетті санды түймешікті басып тұрыңыз.
4. Мәтін жазу

Мәтіндік күйлер

Мәтінді енгізу үшін (мысалы, хабар жазғанда) әдеттегі немесе болжалды мәтін енгізу функциясын пайдалануға болады.
Мәтін жазғанда арқылы көрсетілетін болжалды мәтін енгізу әдісі арасында ауысу үшін Опц-р
түймешігін басып, ұстап тұрыңыз. Болжалды мәтін енгізу функциясы тілдердің бәрінде бола бермейді.
Таңба регистрлері Таңба регистрін өзгерту үшін # түймешігін басыңыз. Мәтіндік күйден
көрсетілетін сандық күйге ауысу үшін # түймешігін басып, ұстап тұрыңыз да, Сан режимі пәрменін таңдаңыз. Сандық күйден мәтіндік күйге ауысу үшін # түймешігін басып тұрыңыз.
Жазу тілін орнату үшін Опц-р > Жазу тілі пәрменін таңдаңыз.
арқылы көрсетілетін әдеттегі мәтін енгізу әдісі мен
, және арқылы көрсетіледі.
арқылы

Әдеттегі мәтін енгізу

Қажетті таңба көрінгенше 2 -9 аралығындағы санды түймешікті қайталап басыңыз. Таңбалардың бар-жоғын таңдалған жазу тіліне байланысты болады.
© 2009 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған. 13
Page 14

Мәзірлер бойынша жылжу

Егер сізге қажет келесі әріп ағымдағы түймешікте орналасқан болса, жүгіргі пайда болғанша күтіп, әріпті енгізіңіз.
Жиі пайдаланатын тыныс белгілері мен арнайы таңбаларды табу үшін 1 түймешігін қайталап басыңыз. Арнайы таңбалар тізіміне өту үшін * түймешігін басыңыз.

Болжалды мәтін енгізу

Болжалды мәтін енгізу алдын ала орнатылған сөздікке негізделген және ол сөздікке жаңа сөздерді қосуға болады.
1. 2 мен 9 аралығындағы түймешіктердің көмегімен сөз жазуды бастаңыз. Бір
әріп үшін әрбір түймешікті тек бір рет басыңыз.
2. Сөзді растау үшін, оңға жылжыңыз немесе бос аралық қалдырыңыз.
● Егер сөз дұрыс емес болса, * түймешігін қайталап басып, сөзді тізімнен таңдаңыз.
● Егер сөзден кейін ? таңбасы көрінсе, бұл жазғыңыз келетін сөздің сөздікте жоқ екендігін білдіреді. Сөзді сөзкке қосу үшін Әріптеп пәрменін таңдаңыз. Сөзді әдеттегі мәтін енгізу әдісімен енгізіп, Сақтау пәрменін таңдаңыз.
● Күрделі сөзді жазу үшін сөздің бірінші бөлігін енгізіп, оны растау үшін оңға жылжыңыз. Сөздің соңғы бөлігін жазып, сөзді растаңыз.
3. Келесі сөзді жазуды бастаңыз.
5. Мәзірлер бойынша жылжу
Телефон функциялары мәзірлерге топталған. Мұнда мәзір функцияларының немесе таңдау элементтерінің бәрі сипатталмаған.
Күту күйінде Мәзір пәрменін және қажетті мәзірді және ішкі мәзірді таңдаңыз. Мәзірдің ағымдағы деңгейінен шығу үшін Шығу немесе Артқа пәрменін таңдаңыз. Тікелей күту күйіне оралу үшін аяқтау түймешігін басыңыз. Мәзір көрінісін өзгерту үшін Мәзір > Опц-р > Нег. мәзір көрінісі пәрменін таңдаңыз.
6. Хабар алмасу
Мәтіндік, мультимедиалық, дыбыстық және жедел хабарларды және электрондық пошта хабарын оқуға, жазуға, жіберуге және сақтауға болады. Хабар алмасу қызметтерін желі провайдері немесе қызмет ұсынушы қолдаған жағдайда ғана пайдалануға болады.

Мәтіндік және мультимедиалық хабарлар

Хабар жасап, қажет болса, оған сурет сияқты тіркемені қосуға болады. Файл тіркелгенде телефоныңыз мәтіндік хабарды мультимедиалық хабарға автоматты түрде өзгертеді.
© 2009 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.14
Page 15
Хабар алмасу

Мәтіндік хабарлар

Сіздің құрылғыңыз бір хабарламаға арналған шектеу бойынша мәтін хабарламаларын қолдайды. Ұзынырақ хабарламалар екі немесе одан да көп хабарламалар түрінде жіберіледі. Сіздің қызмет көрсетушіңіз тиісті ақы алуы мүмкін. Штрихтар мен таңбалар ерекшелігі және кейбір тіл қызметтерінің ерекшеліктері кең орын алып жеке хабарламадағы ерекшеліктерді жояды.
Дисплейдің жоғарғы жағындағы көрсеткіш қалған таңбалардың жалпы санын және жіберілетін хабарлар санын көрсетеді.
Хабарларды жібермес бұрын, хабар орталығының нөмірін сақтау қажет. Мәзір > Хабарлар > Хабар параметрлері > Мәтін хабарлары > Хабар орталықтары > Орталық қосупәрменін таңдаңыз, атауды және қызмет ұсынушыдан алынған нөмірді енгізіңіз.

Мультимедиалық хабарлар

Мультимедиалық хабарда мәтін, суреттер, дыбыстық клиптер және бейнеклиптер болуы мүмкін
Тек сәйкес келетін қызметтері бар құрылғылар ғана мультимедиялық шағын мәтіндерді алып орната алады. Қабылдаушы құрылғыға байланысты пайда болатын хабар әртүрлі болуы мүмкін.
Сымсыз интернет MMS шағын мәтіндердің өлшемін шектеуі мүмкін. Егер орнатылған сурет көлемін шектесе, құрылғы MMS жіберуге болатындай оны кішірейтеді.
Маңызды: Хабарды ашқандағы ескертулер. Хабардың құрамындағы зиянды қамтамасыз ету бағдарламалары немесе басқа да зиянды әрекеттер құрылғыңызды немесе компьютеріңізді зақымдауы мүмкін.
Бұл қызметтің бар-жоғын білу үшін және мультимедиалық хабар алмасу қызметіне (MMS) жазылу үшін қызмет провайдеріңізбен хабарласыңыз. Конфигурациялық параметрлерді қотарып алуыңызға болады.
қолдауы” б. 8.
қараңыз ” Nokia

Мәтін немесе мультимедиалық хабар жасау

1. Мәзір > Хабарлар > Хабар жазу > Хабар таңдаңыз.
2. Алушыларды қосу үшін Кімге: өрісіне өтіңіз және алушының нөмірін немесе
электрондық пошта мекенжайын енгізіңізнемесе бар таңдаулардан алушыларды таңдау үшін Қосу пәрменін таңдаңыз. Алушыларды және тақырыптарды қосу үшін және жіберу параметрлерін орнату үшін Опц-р пәрменін таңдаңыз.
3. Мәтін: өрісіне өтіп, хабар мәтінін енгізіңіз.
4. Хабарға мазмұн тіркеу үшін дисплейдің төменгі жағындағы тіркеме жолағына
өтіп, мазмұнның қажетті түрін таңдаңыз.
5. Хабарды жіберу үшін Жіберу пәрменін таңдаңыз.
© 2009 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған. 15
Page 16
Хабар алмасу
Хабар түрі дисплейдің жоғарғы жағында көрсетіледі және хабардың мазмұнына байланысты автоматты түрде өзгереді.
Қызмет ұсынушылары талап ететін ақы мөлшері хабардың түріне қарап өзгеріп отырады. Қосымша мәліметтер алу үшін қызмет ұсынушыңызға хабарласыңыз.

Электрондық пошта

Электрондық пошта хабарын оқу, жазу және жіберу үшін телефоныңызбен POP3 немесе IMAP4 электрондық пошта жазбасымен қатынас жасаңыз. Бұл электрондық пошта бағдарламасы SMS электрондық поштасы функциясынан өзгеше.
Электрондық поштаны пайдалану үшін сізде электрондық пошта жазбасы мен дұрыс параметрлер болуы тиіс. Электрондық пошта жазбасының барлығын және оның параметрлерін тексеру үшін электрондық пошта қызметін ұсынушыға хабарласыңыз. Электрондық пошта конфигурациясының параметрлерін конфигурациялық хабар түрінде ала аласыз.

Электрондық пошта орнату шебері

Егер телефонда электрондық пошта параметрлері берілмеген болса, электрондық пошта орнату шебері автоматты түрде іске қосылады. Қосымша электрондық пошта жазбасы үшін орнату шеберін іске қосу үшін Мәзір > Хабарлар пәрменін және бұрыннан бар электрондық пошта жазбасын таңдаңыз. Электрондық пошта орнату шеберін іске қосу үшін Опц-р > Пшт жшгін қосу пәрменін таңдаңыз. Дисплейдегі нұсқауларды орындаңыз.

Электрондық пошта хабарын жазу және жіберу

Электрондық пошта хабарын жазу үшін Мәзір > Хабарлар > Хабар жазу > Эл­қ пшт хбры пәрменін таңдаңыз. Электрондық пошта хабарына файл тіркеу үшін Опц-р > Енгізу пәрменін таңдаңыз. Электрондық пошта хабарын жіберу үшін қоңырау түймешігін басыңыз. Қажет болса, қажетті жазбаны таңдаңыз.

Электрондық поштаны қотару

Маңызды: Хабарды ашқандағы ескертулер. Хабардың құрамындағы зиянды қамтамасыз ету бағдарламалары немесе басқа да зиянды әрекеттер құрылғыңызды немесе компьютеріңізді зақымдауы мүмкін.
Шығарып алу күйін таңдау үшін Мәзір > Хабарлар > Хабар параметрлері > Эл. пошта хбрлр > Пайдаланудағы пошта жәшіктері және қажетті пошта жәшігін және Жүктеу баптаулары > Алу режимі пәрменін таңдаңыз.
Электрондық поштаны қотару үшін Мәзір > Хабарлар және қажетті пошта жәшігін таңдаңыз; қажет болса, қосылым сұрауын растаңыз.

Жедел хабарлар

Жедел хабарлар - бұл алынған кезде дереу көрінетін мәтіндік хабарлар.
© 2009 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.16
Page 17
Хабар алмасу
1. Жедел хабар жазу үшін Мәзір > Хабарлар > Хабар жазу > Жылдам хабар пәрменін таңдаңыз.
2. Алушының телефон нөмірін енгізіңіз, хабарыңызды жазыңыз (ең көбі 70 таңба) және Жіберу пәрменін таңдаңыз.

Nokia Xpress дыбыстық хабарлары

MMS арқылы ыңғайлы әдіспен дыбыстық хабар жасау және оны жіберу.
1. Мәзір > Хабарлар > Хабар жазу > Аудио хабары пәрменін таңдаңыз. Дыбыс жазу құрылғысы ашылады.
2. Хабарыңызды жазыңыз.
3. Кімге: өрісіне бір немесе бірнеше телефон нөмірін енгізіңіз немесе нөмірді шығару үшін Қосу пәрменін таңдаңыз.
4. Хабарды жіберу үшін Жіберу пәрменін таңдаңыз.

Шапшаң хабар алмасу

Шапшаң хабар алмасу функциясы (IM, желілік қызмет) арқылы желіге қосылған пайдаланушыларына қысқа мәтіндік хабарлар жібере аласыз. Бұл қызметке жазылып, пайдаланғыңыз келетін IM қызметінде тіркелуіңіз қажет. Бұл қызметтің бар-жоғын, бағасын және нұсқауларды қызмет ұсынушыдан сұраңыз. IM провайдеріне байланысты бұл мәзірлер әр түрлі болуы мүмкін.
Қызметке қосылу үшін Мәзір > Хабарлар > Дереу хабарлар пәрменін таңдаңыз және дисплейдегі нұсқауларды орындаңыз.

Дауыстық хабарлар

Дауыстық пошта жәшігі - бұл жазылуыңыз қажет болуы мүмкін желілік қызмет. Көбірек мәлімет алу үшін қызмет көрсетушіңізбен байланысыңыз.
Дауыстық пошта жәшігіңізге қоңырау шалу үшін 1 түймешігін басып тұрыңыз. Дауыстық пошта жәшігіңіздің нөмірін өзгерту үшін Мәзір > Хабарлар > Дауыс
хабарлары > Дауыс пошта жәшігінің нөмірі пәрменін таңдаңыз.

Хабар параметрлері

Мәзір > Хабарлар > Хабар параметрлері пәрменін таңдаңыз.
● Жалпы парам-р — телефоныңызда жіберілген хабарларды сақтау,
хабарларға арналған жад толып қалған жағдайда ескі хабарларды қайта жазуға рұқсату ету және хабарлардың басқа да параметрлерін орнату
● Мәтін хабарлары — хабардың жеткізілуі туралы есептерге рұқсат ету, SMS
және SMS электрондық поштасы үшін хабар орталықтарын орнату, таңба қолдауының түрін таңдау және мәтіндік хабарлардың басқа да параметрлерін орнату
● М-медиа хбрлры — хабардың жеткізілуі туралы есептерге рұқсат ету,
мультимедиалық хабарлардың көрінісін орнату, мультимедиалық хабарларды
© 2009 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған. 17
Page 18

Контактілер

және жарнамаларды алуға рұқсат ету және мультимедиалық хабарлардың басқа да параметрлерін орнату
● Эл. пошта хбрлр — электрондық пошта хабарын алуға рұқсат ету, электрондық поштадағы сурет өлшемін орнату және электрондық поштаға қатысты басқа да параметрлерді орнату
7. Контактілер
пәрменін таңдаңыз.Мәзір > Контактылар. Аттар мен телефон нөмірлерін телефон жадында және SIM картасының жадында
сақтауға болады. Телефон жады нөмірлері және мәтіндік элементтері бар контактілерді сақтай алады. SIM картасының жадында сақталған аттар мен нөмірлер
Контактіні қосу үшін Аттар > Опц-р > Жаңа кнткт қосу пәрменін таңдаңыз. Контактіге егжей-тегжейлі мәліметтерді қосу үшін пайдаланылатын жадтың Телефон немесе Телефон мен SIM екендігін тексеріңіз. Аттар пәрменін таңдаңыз, атқа жылжыңыз және Мәлім-рі > Опц-р > Мәлімет қосу пәрменін таңдаңыз.
Контактіні іздеу үшін Аттар пәрменін таңдап, одан кейін контактілер тізімі бойынша жылжыңыз немесе атының бірінші әрібін енгізіңіз.
Телефон жады мен SIM карта жады арасында байланыс ақпаратын көшіріп жазу үшін, Аттар таңдаңыз, содан соң керекті байланысты таңдап, Опц-р > Конт-ы көшіру командасын таңдаңыз. SIM картасының жадында әрбір ат үшін тек қана бір телефон нөмірі сақталады.
Контактілеріңіз үшін SIM картасы немесе телефон жадын таңдау үшін, контактілердегі аттар мен нөмірлердің қалай көрсетілетінін таңдау үшін және контактілер үшін бос және пайдаланылған жад көлемін көру үшін Баптаулар пәрменін таңдаңыз.
Кісінің контактілік мәліметтерін визитка түрінде vCard стандартын қолдайтын сыйысымды құрылғыдан жіберуге және алуға болады. Визитканы жіберу үшін Аттар пәрменін таңдаңыз, мәліметтерін жібергіңіз келетін контактіні іздеңіз және Мәлім-рі > Опц-р > Визитка жіберу пәрменін таңдаңыз.
арқылы көрсетіледі.
8. Қоңырауларды тіркеу журналы
Қоңыраулар жөніндегі мәліметтерді көру үшін Мәзір > Журнал пәрменін таңдаңыз. Бар параметрлер мыналарды қамтуы мүмкін:
● Барлық қоңырау — соңғы қабылданбаған және қабылданған қоңырауларды және терілген нөмірлерді хронологиялық ретпен көру
● Қабылданбаған Қабылданған, немесе Терілгендер — соңғы қоңыраулар жөнінде мәлімет алу
● Хабарды алушылар — сіз ең соңғы кезде хабар жіберген контактілерді көру
© 2009 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.18
Page 19

Параметрлер

● Байланыс ұзақтығы, Пак. дер. санағыш немесе Пак. дер. қос. таймері — соңғы байланыстарыңыз туралы жалпы мәліметтерді көру
● Хабар журналы немесе Қадам. журналы — жіберілген және алынған хабарлардың немесе үйлестірулердің санын көру
Ескерім: Сіздің қызмет көрсетушіңіздің есебі барлық қоңыраулар мен қызмет түрлері үшін әртүрлі және есеп, салық т .б. қоса алғанда интернет мүмкіндіктеріне байланысты болады.
9. Параметрлер

Профильдер

Телефоныңызда профиль деп аталатын және түрлі жағдайларға және орталарға қоңырау үнін белгілеу жолымен өзгерте алатын түрлі параметрлер топтары бар.
Мәзір > Параметрлер > Профайлдар пәрменін, қажетті профильді және келесі параметрлерден таңдаңыз:
● Іске қосу — таңдалған профильді қосу
● Дербестеу — профиль параметрлерін өзгерту
● Уақ. белгіленген — профильді нақты уақытта қосулуға белгілеу. Профиль үшін
орнатылған уақыт аяқталғанда уақыты көрсетілмеген бұрынғы профиль қосылады.

Әуендер

Таңдалған белсенді профильдің әуен параметрлерін өзгертуге болады. Мәзір > Параметрлер > Саздар таңдаңыз. Бірдей параметрлерді Профильдер
мәзірінен табуға болады. Егерде сіз әуеннің ең жоғарғы үнін таңдасаңыз, бірнеше секундта рдан кейін әуен
үні жоғарғы шегіне жетеді.

Дисплей

Телефон көрсеткішіне байланысты, тақырып, артқы фон суреті, экран қорғанысы секілді кез келген мүмкіндіктерді көру немесе өзгерту үшін, Мәзір > Параметрлер > Дисплей таңдап басыңыз.

Күн мен уақыт

Мәзір > Параметрлер > Күн мен уақыт пәрменін таңдаңыз. Күн мен уақытты орнату үшін Күн мен уақыт параметрлері пәрменін таңдаңыз. Күн мен уақыт пішімдерін орнату үшін Күн мен уақыт форматы парам-і пәрменін
таңдаңыз. Телефон ағымдағы уақыт белдеуіне сәйкес уақыт пен күнді автоматты түрде
жаңартатын күйге қою үшін Күн мен уақытты автотүзету (желілік қызмет) пәрменін таңдаңыз.
© 2009 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған. 19
Page 20
Параметрлер

Жылдам түймешіктер

Жеке жылдам түймешіктердің көмегімен телефонның жиі пайдаланылатын функцияларына жылдам өтуге болады. Мәзір > Параметрлер > Сілтемеле-рім пәрменін таңдаңыз.
Телефонның бір функциясын оң немесе сол жақ таңдау түймешігіне тағайындау үшін Оң жақ таңдау түймесі немесе Сол жақ тңд к-і пәрменін таңдаңыз.
Жылжу түймешігі үшін жылдам түймешік функциясын таңдау үшін Жылжу түймесі пәрменін таңдаңыз. Қажетті бағытта жылжыңыз және Өзгерту немесе Беру пәрменін және тізімнен функцияны таңдаңыз.

Синхрондау және резерв жасау

Мәзір > Параметрлер > Қдмдст және қслқ кшр және келесі параметрлерден таңдаңыз:
● Телефон қосқышы — Bluetooth технологиясын қолданып немесе инфрақызыл байланысты қолданып, таңдаған мағлұматты өзіңіздің арасында синхрондаңыз немесе көшіріңіз.
● Дер-ді өткізу — Таңдалған мағлұматтарды өзіңіздің телефоныңыз және басқа құрал, компьютер немесе жүйе сервері (жүйе қызметі) арасындасинхрондаңыз немесе көшірмесін жасаңыз.

Қосылу мүмкіндігі

Телефоныңызда деректерді беру және алу мақсатында басқа құрылғыларға қосылудың бірнеше мүмкіндігі бар.

Bluetooth сымсыз технологиясы

Bluetooth технологиясы телефоныңызды радиотолқын арқылы 10 метр (32 фут) аралықта орналасқан сыйысымды Bluetooth құрылғысына қосуға мүмкіндік береді.
Бұл құрылғы Bluetooth Specification 2.0 + EDR мен сай келеді және келесі профайлдарды қолдайды: жалпы кіріс рұқсаты, жүйеге кіру рұқсаты, бақылау, қолдарыңызды бос ету, құлаққап, затты итеру, файлды аудару, нөмірді теру арқылы жүйеге ену, SIM-ға кіріс рұқсаты, және сериялық порт . Bluetooth технологиясын қолдайтын басқа да құрылғыларымен өзара байланысты қамтамасыз ету үшін Nokiа мақұлдаған қосымша аспаптарды ғана пайдаланыңыз. Осы құрылғының басқа құрылғылардың өндірушілерімен бірге үйлесімділігін қамтамасыз етіңіз.
Bluetooth технологиясын қолдану мүмкіндігі батареяның қуатына талаптарды арттырады және батареяның қызмет ету уақытын қысқартады.
Bluetooth байланысын орнату
Мәзір > Параметрлер > Іскерлесуі > Bluetooth пәрменін таңдаңыз және төмендегілерді орындаңыз:
© 2009 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.20
Page 21
Параметрлер
1. Телефонымның аты пәрменін таңдаңыз және телефоныңыздың атын енгізіңіз.
2. Bluetooth байланысын қосу үшін Bluetooth > Қосулы пәрменін таңдаңыз. Bluetooth байланысының қосылғандығын көрсетеді.
3. Телефоныңызды дыбыстық кеңейтумен қосуүшін Аудио көмекші құр-на қосылу пәрменін және қосқыңызкелетін құрылғыны таңдаңыз.
4. Телефоныңызды аумақтағы кез келген Bluetooth құрылғысымен қосу үшін Жұпталған құрылғылар > Жаңа құр. қос. пәрменін таңдаңыз.
Негізгі құрылымға дөңгелетіп, Қосу таңдаңыз. Телефоныңызда кодты (16 таңбаға шейін) теріңіз және өзге Bluetooth
құрылғысында байланысқа рұқсат беріңіз.
Егер сіз қауіпсіздік туралы алаң болсаңыз, Bluetooth функциясын ажыратыңыз немесе Телефонымның көрінуі параметрі үшін Жасырын мәнін таңдаңыз. Bluetooth байланысын тек қана өзіңіз сенетін адамдармен орнатыңыз.
Дербес компьютерді интернетке қосу Сыйысымды дербес компьютеріңізді PC Suite бағдарламасын пайдаланбай
интернет кеқосу үшін Bluetooth функциясын пайдаланыңыз. Телефоныңыз интернетке кіру мүмкіндігін қолдайтын қызмет ұсынушыны пайдалануы керек және компьютеріңіз Bluetooth дербес желісін (PAN) қолдауы тиіс. Телефонның желіге кіру орны (NAP) қызметіне қосылғаннан кейін және компьютермен жұптасудан кейін телефоныңыз интернетпен пакеттік деректер қосылымын автоматты түрде ашады.

Пакеттік деректер

Деректердің пакеттік радиоберілімінің жалпы қызметі (GPRS) бұл - желіаралық протоколға (IP) негізделген желі бойынша ұялы телефондарға деректерді жіберуге және алуға мүмкіндік беретін желілік қызмет.
Бұл қызметті қалай пайдалану керектігін анықтау үшін Мәзір > Параметрлер > Іскерлесуі > Пктк деректер > Пакеттік деректер байланысы пәрменін және келесі параметрлерден таңдаңыз:
● Қажет кезде — бағдарламаға қажет болғанда пакеттік деректер қосылымын
орнату Бағдарлама тоқтатылғанда қосылым жабылады.
● Әрд-м желіде — телефон қосылғанда автоматты түрде пакеттік деректер
желісіне қосылу
Bluetooth технологиясы арқылы сыйысымды дербес компьютерге қосып телефоныңызды модем ретінде пайдалануыңызға болады. Қосымша мәліметтер алу үшін Nokia PC Suite құжаттарын қараңыз.

Қоңыраулар және телефон

Мәзір > Параметрлер > Қоңырау таңдаңыз.
© 2009 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған. 21
Page 22
Параметрлер
Кіруші қоңырауларды басқа жаққа бұру үшін Қоңырауды бұру (желілік қызмет) пәрменін таңдаңыз. Қосымша мәліметтер алу үшін қызмет ұсынушыға хабарласыңыз.
Сәтсіз әрекеттен кейін қоңырауды қосу үшін он рет қайта әрекет жасау үшін Автоматты қайта теру > Қосу пәрменін таңдаңыз.
Қоңырау кезінде желі сізге кіруші қоңырау туралы хабарлауы үшін Қоңырау күту қызметі > Қосу (желілік қызмет) пәрменін таңдаңыз.
Сіз қоңырау шалатын кісіге сіздің нөміріңізді көрсету-көрсетпеу параметрін орнату үшін Менің жеке бас дрк-мді жіберу (желілік қызмет) пәрменін таңдаңыз.
Телефоныңыздың дисплей тілін орнату үшін Мәзір > Параметрлер > Телефон > Тіл баптаулары > Телефон тілі пәрменін таңдаңыз.

Көмекші құралдар

Бұл мәзір мен оның түрлі таңдаулары тек қана телефон сәйкесті ұтқыр көмекші құралдарға қосылған болған кезде көрсетіледі.
Мәзір > Параметрлер > Кеңейту таңдаңыз. Көмекші құралды және сол көмекшіге байланысты таңдауды таңдау.

Конфигурация

Телефоныңызда кейбір қызметтерге қажет параметрлерді орната аласыз. Бұл параметрлерді сізге қызмет ұсынушы да жібере алады.
Мәзір > Параметрлер > Конфигурация және келесі параметрлерден таңдаңыз:
● Станд. конфиг. параметрлер — телефонда сақталған қызмет ұсынушыларды көру және әдепкі қызмет ұсынушыны белгілеу
● Бар-қ қолдб. стд. парам. іске қос — қолдау көрсетілетін бағдарламалар үшін әдепкі конфигурациялық параметрлерді қосу
● Ең тәуір ену нүктесі — сақталған қатынас нүктелерін көру
● Провайдер қолдауына қосылу — қызмет ұсынушыдан конфигурациялық параметрлерді қотару
● Қурылғы менеджері бпт — телефонның бағдарламалық жасақтаманың жаңа нұсқаларын алуына рұқсат ету немесе оған жол бермеу Телефоныңызға байланысты бұл параметр қол жеткізгісіз болуы мүмкін.
● Жеке конфиг. параметрлер — түрлі қызметтер үшін жаңа жеке жазбаларды қолмен қосу және оларды белсендіру немесе жою. Жаңа жеке жазбаны қосу үшін Жаңа немесе Опц-р > Жаңасын қосу пәрменін таңдаңыз. Қызмет түрін таңдап, қажетті параметрлерді енгізіңіз. Жеке жазбаны белсендіру үшін оған барыңыз және Опц-р > Қосу пәрменін таңдаңыз.

Зауыт параметрлерін қалпына келтіру

Телефонның зауыттық параметрлерін қалпына келтіру үшін Мәзір > Параметрлер > Зауыт бапт. қайтару пәрменін және келесі параметрлерден таңдаңыз:
© 2009 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.22
Page 23

Оператор мәзірі

● Тек парамет-рді орнына келтіру — барлық таңдалған параметрлерді жеке деректерді жоймай қайта қосу
● Бәрін орнына келтіру — барлық таңдалған параметрлерді қайта қосу және барлық жеке деректерді жою, мысалы, контактілер, хабарлар, мультимедиа файлдары және белсендіру кілттері
10. Оператор мәзірі
Желі операторыңыз қамтамасыз ететін қызметтерді пайдалану үшін порталға кіріңіз. Қосымша ақпарат алу үшін желі операторына хабарласыңыз. Қызметтік хабармен оператор бұл мәзірді жаңарта алады.
11. Галерея
Сандық құқықтарды басқарудың қорғалған үлестері сіздің өз үлесіңізді қолдану құқықтарын анықтайтын іске асыру кілтінен тұрады.
Егер сіздің құрылғыңыздың OMA DRM қорғалған мазмұны болса, іске қосу кілттері мен мазмұнын көшіру үшін Nokia PC Suite сақтық көшірме мүмкіндігін пайдаланыңыз. Басқаша беру әдістері құрылғы жады форматталғаннан кейін OMA DRM қорғалған мазмұнын пайдалана беру үшін сізге мазмұнмен сақталуға тиісті іске қосу кілттерін бере алмайды. Сіздің құрылғыңыздағы файлдар бұзылып қалса, сіз іске қосу кілттерін қайта орнатуыңыз керек.
Сіздің телефоныңыз алынған мазмұнды қорғау үшін сандық құқықтарды басқару (DRM) жүйесін қолдайды. Мазмұнды алудан бұрын, әрқашан кез келген мазмұнның жеткізілім шарттары мен белсендіру кілтін тексеріңіз, себебі ол үшін ақы төлеу қажет болуы мүмкін.
Қалталарды қарап шығу үшін Мәзір > Галерея пәрменін таңдаңыз.
12. Медиа

Камера және бейне

Құрылғыңыз 480x640 пиксель пиксель ажыратымдылығын қолдайды.
Суретке түсіру

Тұрақты кескін функциясын пайдалану үшін Мәзір > Медиа > Камера пәрменін таңдаңыз немесе егер бейне функциясы қосылған болса, солға немесе оңға қарай айналдырыңыз. Кескінді түсіріп алу үшін Іліп алу пәрменін таңдаңыз.

Камера бағдарламасы бойынша бейнені үлкен етіп немесе кіші етіп с ур ет ке т үс ір у үшін, оны жағары қарай немесе төмен қарай дөңгелетіңіз.
Камераны түнгі күйге қою үшін, автоматты түрде іске қосу құрылғысын қосу үшін немесе кескіндерді жылдам реттілікпен түсіріп алу үшін Опц-р пәрменін және қажетті параметрді таңдаңыз. Алдын ала қарап алу күйі мен уақытты орнату үшін Опц-р > Параметрлер > Суретті алдын ала көру уақыты пәрменін таңдаңыз.
© 2009 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған. 23
Page 24
Медиа
Бейнеклип жазу
Бейне функциясын пайдалану үшін Мәзір > Медиа > Бейне пәрменін таңдаңыз. Бейне жазуды бастау үшін Жазу пәрменін таңдаңыз.
Түсірілетін бейнеклип ұзақтығын орнату үшін Мәзір > Медиа > Камера > Опц­р > Параметрлер > Бейне клип ұзындығы пәрменін таңдаңыз.

FM радиосы

FM радиосы сымсыз құрылғы антеннасынан басқа антеннаға байланысты. FM радиосының дұрыс қызмет жасауы үшін құрылғыға сәйкес келетін құлаққапты немесе қосымша құрылғыны бекіту керек.
Ескерту Әуенді орташа дауыс деңгейінде тыңдаңыз. Үнемі аса көтеріңкі деңгейдегі дыбысты тыңдау есту қабілетіңізге нұқсан келтіруі мүмкін. Құралды қосылып тұрған кезде құрылғыны құлағыңызға жақындатпаңыз, себебі дыбыс деңгейі шектен тыс қатты болуы мүмкін.
Мәзір > Медиа > Радио пәрменін таңдаңыз немесе күту күйінде * түймешігін басып тұрыңыз.
Егер сіз әлдеқашан радио стансаларын жадына сақтап қойған болсаңыз, стансалар арасында ауысу үшін солға немесе оңға дөңгелетіңіз, немесе жадындағы қалаған стансаға сәйкес келетін нөмір түймесін басыңыз.
Көршілес станцияны іздеу үшін айналдыру түймешігін оңға немесе солға басып тұрыңыз.
Дәлденген станцияны сақтау үшін Опц-р > Станц-ы сақтау пәрменін таңдаңыз. Дауыс деңгейін сәйкестендіру үшін, жоғары немесе төмен дөңгелетіңіз. Радионы қосалқы тәртіпте жұмыс істету үшін аяқтау түймешігін басыңыз.
Радионы ажырату үшін аяқтау түймешігін басып тұрыңыз.

Дыбыс жазу құрылғысы

GPRS байланысы немесе мәлімет қоңырауы қызмет үстінде болған жағдайда дауыс жазушыны қолданбаңыз.
Дыбыс жазуды бастау үшін Мәзір > Медиа > Диктофон пәрменін таңдап, дисплейдегі виртуалдық жазу түймешігін басыңыз.
Ең соңғы жазбаны тыңдау үшін Опц-р > Соңғы клп ойнат пәрменін таңдаңыз. Соңғы жазбаны мультимедиалық хабар арқылы жіберу үшін Опц-р > Соңғы клп жібер пәрменін таңдаңыз.

Музыка ойнатқышы

Сіздің телефоныңызда музыка тыңдау үшін,немесе басқа MP3 не AAC дыбыс файлдарын тыңдауға мүмкіндік беретін музыка ойнатқышы бар.
© 2009 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.24
Page 25

Бағдарламалар

Ескерту Әуенді орташа дауыс деңгейінде тыңдаңыз. Үнемі аса көтеріңкі деңгейдегі дыбысты тыңдау есту қабілетіңізге нұқсан келтіруі мүмкін. Құралды қосылып тұрған кезде құрылғыны құлағыңызға жақындатпаңыз, себебі дыбыс деңгейі шектен тыс қатты болуы мүмкін.
таңдаңыз Мәзір > Медиа > Плейер. Ойнатуды бастау немесе уақытша тоқтату үшін, ортаңғы таңдаутүймесін
басыңыз. Кәзіргі ойнатылып жатқан жолдың басына бірден бару үшін, солғақарай
дөңгелетіңіз. Оның алдындағы жолға бару үшін, солға қарай дөңгелетпе түймесінекі рет
басыңыз. Келесі жолға түсу үшін, оңға қарай дөңгелетіңіз. Артқа айналдыру үшін, солға қарай дөңгелету түймесін басып,ұстап тұрыңыз. Жылдам алдыға қарай айналдыру үшін, оңға қарай дөңгелету түймесін
басып,ұстап тұрыңыз. Дауыс деңгейін сәйкестендіру үшін, жоғары немесе төмен дөңгелетіңіз. Музыка ойнатқышты дауыссыз ету үшін немесе дауысы шығатын ету үшін, #
басыңыз. Радионы қосалқы тәртіпте жұмыс істету үшін аяқтау түймешігін басыңыз. Музыка
ойнатқышты тоқтату үшін, аяқтау түймесін басып, ұстап тұрыңыз.
13. Бағдарламалар
Телефоныңыздың бағдарламалық жасақтамасында осы Nokia телефоны үшін арнайы жасалған кейбір ойындар мен Java бағдарламалары болуы мүмкін.
Мәзір > Қолданбалар таңдаңыз. Ойынды немесе бағдарламаны іске қосу үшін Ойындар немесе Топтама п әр ме ні н
таңдаңыз. Ойынға немесе бағдарламаға барыңыз және Ашу пәрменін таңдаңыз. Ойын мен бағдарлама орнату үшін пайдалануға болатын жад көлемін көру үшін
Опц-р > Жад жағдайы пәрменін таңдаңыз. Ойынды немесе бағдарламаны қотару үшін Опц-р > Жүктеу > Ойын жүктеу
немесе Қолдб. жүктеу пәрменін таңдаңыз. Сіздің телефоныңыз J2ME™ Java бағдарламаларын қолдайды. Бағдарламаны қотарудан бұрын оның телефоныңызбен сыйысымды екендігіне көз жеткізіңіз.
Маңызды: Symbian Signed бағдарламалар сияқты сенімді жерлердің бағдарламалары мен басқа бағдарламалық құралдарын ғана орнатыңыз жән пайдаланыңыз немесе Java Verified™ сынағынан өткізіңіз.
© 2009 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған. 25
Page 26

Органайзер

Қотарылған бағдарламаларды сақтау үшін Галерея пайдалануға болады, ал Қолданбалар пайдаланылмайды.
14. Органайзер

Қоңыраулы сағат

Мәзір > Органайзер > Оятқыш пәрменін таңдаңыз. Дабылды қосу немесе ажырату үшін Дабыл: пәрменін таңдаңыз. Дабыл уақытын
орнату үшін Оятар уақыты: пәрменін таңдаңыз. Телефонды аптаның көрсетілген күндерінде дабыл беретін етіп қою үшін Қайталау: пәрменін таңдаңыз. Дабыл үнін таңдау немесе арнайы үнді орнату үшін Дабыл үні:пәрменін таңдаңыз. Дабылды қайталау уақытын орнату үшін Қайт-у уақыты: пәрменін таңдаңыз.
Дабылды тоқтату үшін Тоқтат пәрменін таңдаңыз. Егер сіз телефон дабылын жалғастыруды бір минутқа қойсаңыз немесе Қайтал. пәрменін таңдасаңыз, дабыл көрсетілген уақытқа тоқтап, кейін тағы жалғасады.

Күнтізбе және жұмыстар тізімі

Мәзір > Органайзер > Күнтізбе таңдаңыз. Ағымдағы күн бөлектенеді. Егер күнге арналған жазбалар болса, сол күн қалың қаріппен беріледі.
Күнтізбе жазбасын енгізу үшін күнге барып, Опц-р > Ескертпе жазу пәрменін таңдаңыз.
Күннің жазбаларын қарап шығу үшін Көру пәрменін таңдаңыз. Күн тізбедегі барлық жазбаларды өшіру үшін, Опц-р > Жазба-рды жою > Барл. жазба-рды таңдаңыз.
Жұмыстар тізімін көру үшін Мәзір > Органайзер > Ескерту пәрменін таңдаңыз. Жұмыстар тізімі көрсетіледі және басымдылық бойынша іріктеледі. Жазбаны қосу, жою немесе жіберу үшін, жазбаны орындалды деп белгілеу үшін немесе жұмыстар тізімін соңғы мерзімі бойынша іріктеу үшін Опц-р пәрменін таңдаңыз.
15. Веб немесе Интернет
Телефоныңыздың шолғышын пайдаланып, әр түрлі интернет қызметтерін пайдалана аласыз. Веб-беттердің көрінісі экран өлшеміне байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Сіз веб-беттегі барлық егжей-тегжейлерді көре алмауыңыз мүмкін.
Телефоныңызға байланысты интернет шолғыш функция мәзірде веб немесе интернет ретінде көрсетілуі мүмкін, оны бұдан былай веб деп атаймыз.
Маңызды: Сенімді қызметтерді пайдаланыңыз және зиянды
бағдарламаларға қарсы қауіпсіздік пен қорғаныш шешімдерін қолданыңыз. Бұл қызметтердің қатынаулы екендігін, бағасын және нұсқауларын қызмет
ұсынушыдан сұраңыз.
© 2009 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.26
Page 27

SIM қызметтері

Шолуға қажет болатын конфигурациялық параметрлерді конфигурациялық хабар ретінде қызмет ұсынушыдан ала аласыз.

Интернет қызметіне байланыс.

Қызметке қосылу үшін Мәзір > Веб > Үй пәрменін таңдаңыз; немесе күту күйінде 0 түймешігін басып тұрыңыз.
Қызметке қосылғаннан кейін оның беттерін шолуды бастауға болады. Қызметтерге байланысты телефон түймешіктерінің функциялары өзгеруі мүмкін. Телефон дисплейіндегі мәтіндік нұсқауларды орындаңыз. Қосымша ақпарат алу үшін қызмет ұсынушыңызға хабарласыңыз.
16. SIM қызметтері
Сіздің SIM картаңыз қосымша қызметтерді қамтамасыз ете алады. SIM картаңыз қолдаған жағдайда ғана сіз бұл мәзірге қол жеткізе аласыз. Мәзірдің атауы мен мазмұны бар қызметтерге байланысты болады.
© 2009 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған. 27
Page 28

Қосымша жабдықтар

Ескерту Тек Nokia компаниясы нақ осы құрылғымен пайдалануға рұқсат еткен батареяларды, зарядтағыштарды және көмекші құралдарды ғана пайдаланыңыз. Басқа түрлерін пайдалану кез келген рұқсаттар мен кепілдіктердің күшін жоюы және қауіпті болуы мүмкін.
Рұқсат етілген қосымша аспаптарға бар-жоқтығын білу үшін дилеріңізбен хабарласуды сұраймыз. Кез келген қосымша аспаптың қуат сымын ажыратқаныңызда, сымнан емес, ашаның өзін ұстап, тартыңыз.

Батарея

Батарея мен зарядтағыш туралы ақпарат

Құрылғыңыз зарядталатын батареядан қуат алады. BL-5C осы құрылғымен пайдаланатын батарея. Nokia бұл құрылғы үшін қосымша батарея түрлерін шығаруы мүмкін. Бұл құрылғы келесі зарядтағыштан қуат алу кезінде пайдалануға арналған: AC-3 . Нақты зарядтағыш моделінің нөмірі ашаның түріне қарай әр түрлі болады. Аша нұсқасы төмендегілердің біреуімен анықталады: E, EB, X, AR, U, A, C немесе UB.
Батарея жүздеген мәрте зарядталып, зарядсыздандырылуына болады, дегенмен, нәтижесінде тозады. Сөйлесу және күту режимдері көрсетілген қалыпты уақыттан қысқарғанда, батареяны ауыстырыңыз. Тек Nokia компаниясымен рұқсат етілген батареяларды ғана пайдаланып, батареяңызды Nokia компаниясымен рұқсат етілген және осы құрылғыға арналған зарядтағышпен ғана зарядтаңыз. Рұқсат етілмеген батареяны немесе зарядтағышты пайдалану өрттің, қопарылыстың немесе батареяның ағып кетуіне немесе басқадай қауіп тәуекелдеріне әкеп соғуы мүмкін.
Батарея бірінші рет пайдаланылған болса немесе батарея ұзақ уақыт пайдаланылмаған жағдайда оны зарядтау үшін зарядтағышты қосып, ажыратып, қайта қосуды қажет етуі мүмкін. Егер батарея заряды толық біткен болса, дисплейде зарядтау көрсеткіші жанғанша немесе қоңырау шалу мүмкін болғанша бірнеше минут қажет болады.
Батареяны шешіп аларда әрқашан құрылғыны өшіріп, зарядтағышты ажыратыңыз.
Пайдаланылмаған жағдайларда зарядтағышты розетка мен құрылғыдан ажыратып қойыңыз. Толық зарядталған батареяны зарядтағышқа қосулы күйде қалдырмаңыз, себебі асыра зарядтау оның қызмет мерзімін қысқартады. Егер пайдаланусыз қалса, зарядталған батарея уақыт өтісімен өзінің зарядын жоғалтады.
Батареяны дайым 15°C мен 25°C (59°F мен 77°F) температура аралығында сақтаңыз. Шамадан тыс температура батареяның сыйымдылығын азайтып, қызмет мерзімін қысқартады. Батареясы ысып кеткен немесе суынған құрылғы
© 2009 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.28
Page 29
Батарея
уақытша жұмыс істемей қалуы мүмкін. Батареяның қызметі қату температурасынан төмен жағдайда ішінара шектеледі.
Батареяны қысқа тұйықтамаңыз. Қысқа тұйықталу тиын, қағаз қысытрғыш немесе қаламсап сияқты металл нысан батареяның оң (+) және теріс (-) полюстерінің қосылуын тудырған кезде кездейсоқ орын алуы мүмкін. (Олар батареядағы металл жолақшалары сияқты көрінеді). Бұл, мысалы, қалтаңызда немесе әмияныңызда қосымша батарея болғанда орын алуы мүмкін. Терминалдардағы қысқа тұйықталу батареяны немесе байланыстырғыш затты бүлдіруі мүмкін.
Батареяларды отқа тастамаңыз, себебі олардың жарылуы мүмкін. Батареялар бүлінсе де жарылауы мүмкін. Батареяларды жергілікті құзырлы органдардың ережелеріне сәйкес пайдаланыңыз. Мүмкін болған жағдайда қайта пайдалануға жаратыңыз. Тұрмыстық қалдық түрінде қоқысқа тастамаңыз.
Батареяларды немесе ұяшықтарын аршымаңыз, кеспеңіз, ашпаңыз, майыстырмаңыз, бүлдірмеңіз, теспеңіз немесе кішкентай кесектерге бөлшектемеңіз. Батареядан еріп кеткен жағдайда сұйықтықты теріге немесе көзге тигізіп алмаңыз. Теріңізге немесе көздеріңізге сұйықтық тиген жағдайда сумен жуып тастаңыз немесе медициналық көмек іздеңіз.
Батареяның түрін өзгертпеңіз, қайта жасамаңыз, басқа заттарды оның ішіне салуға талпынбаңыз немесе оны суға немесе басқа сұйықтықтарға батырмаңыз немесе салмаңыз.
Батареяны дұрыс пайдаланбау өрттің, жарылыстың немесе басқа қауіптің пайда болуына алып келуі мүмкін. Егер құрылғы немесе батарея түсіп кетсе, әсіресе қатты жерге түсіп, сіз батареяның бүлінгеніне сенімді болсаңыз, оны пайдаланар алдында тексерту үшін қызмет көрсету орталығына алып барыңыз.
Батареяны тек арнайы мақсаттарға сай пайдаланыңыз. Ешқашан зақымданған зарядтағышты немесе батареяны пайдаланбаңыз. Батареяңызды кішкентай балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.

Nokia батареясының шынайылығын растау жөніндегі нұсқаулары

Қауіпсіздік мақсатында әрқашан Nokia корпорациясы өзі шығарған аккумуляторларды пайдаланыңыз. Фирмалық Nokia батареясын алып жатқаныңызға сенімді болу үшін, оны Nokia компаниясының уәкілетте қызмет көрсету орталығынан немесе дилерінен сатып алыңыз және голографиялық этикетканы келесі қадамдарды жасап тексеріңіз:
Осы қадамдарды сәтті аяқталса да, батарея фирмалық екен деп сеніммен айтуға болмайды. Батареяңыз Nokia компаниясының фирмалық батареясы емес деп есептеуіңізге қандай да бір негіз болса, оны пайдаланудан бас тартқаныңыз жөн және ең жақын орналасқан Nokia компаниясының уәкілетті қызмет көрсету орталығына немесе дилеріне апарып, көмек сұрағаныңыз жөн. Егер шынайылығын куәландыру мүмкін болмаса, аккумуляторды сатып алған жеріңізге қайтарып беріңіз.
© 2009 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған. 29
Page 30

Күтім және техникалық қызмет көрсету

Голограмма шынайылығын растау

1. Этикеткадағы голограмманы тексерген кезде оның бір
бұрышынан қарағанда Nokia корпорациясының қол алысу белгісін, ал екінші бұрышынан қарағанда «Nokia Original Enhancements» логотипін көруге тиіссіз.
2. Сіз голограмманы солға, оңға, төмен және жоғары
қисайтқан кезде әрбір бұрышынан сәйкесінше 1,2,3, және 4 нүктесін көруге тиіссіз.

Батарея шынайы болмаса не істеу керек?

Егер сіз этикеткасында голограммасы бар Nokia аккумуляторының шынайылығын растай алмасаңыз, аккумуляторды пайдаланбай-ақ қойыңыз. Оны ең жақын орналасқан Nokia уәкілетті қызмет көрсету орталығына немесе дилеріне апарып, көмек сұраңыз. Nokia мақұлдамаған аккумуляторды пайдалану қауіпті болуы және құрылғыңыз бен оның қосымша аспаптарының жұмысының нашарлауына және олардың зақымдануына әкеп соғуы мүмкін. Бұл сондай-ақ құрылғыға қолданылатын қандай да бір рұқсатты немесе кепілдікті күшінен айыруы мүмкін.
Түпнұсқа Nokia батареялары жөнінде қосымша мәлімет алу үшін, www.nokia.com/ battery торабына барыңыз.
Күтім және техникалық қызмет көрсету
Сіздің құрылғыңыз дизайны мен шеберлілігі жоғары өнім болып табылатындықтан, оны ұқыпты пайдалану керек. Төмендегі ұсыныстар кепілдігіңіз күшін сақтауға көмектеседі.
● Құрылғыны су тигізбеңіз. Жауын-шашынның, ылғалдың және сұйықтардың
құрамында электрондық тізбектердің тот басуына себепші болатын минералдар болуы мүмкін. Егер сіздің құрылғыңыз дымқылданып кетсе, батареяны алып, оны орнына салардың алдында құрылғыны әбден құрғатыңыз.
● Камера, байланыссыз сенсор сияқты линзаларды және жарық сенсорының
линзаларын тазалауға жұмсақ, таза, құрғақ шүберекті пайдаланыңыз.
● Құрылғыны шаң, лас жерлерде пайдаланбаңыз. Оның ауыстырмалы бөліктері
мен электрондық бөлшектерінің зақымдануы мүмкін.
© 2009 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.30
Page 31
Күтім және техникалық қызмет көрсету
● Құрылғыны ыстық жерлерде сақтамаңыз. Жоғары температура электрондық құрылғылардың қызмет ету қысқартып, батареяларды зақымдауы және пластикалық бөліктерінің қалпын бұзуы немесе балқытып жіберуі мүмкін.
● Құрылғыны суық жерлерде сақтамаңыз. Құрылғы қалыпты температурасына келгенде, оның ішінде ылғал пайда болып, электрондық тізбек тақталарын зақымдауы мүмкін.
● Құрылғының осы нұсқаулықта көрсетілгеннен басқа жолдармен ашуға әрекеттенбеңіз.
● Құрылғыны лақтырушы, соғушы немесе шайқаушы болмаңыз. Өрескел пайдаланудан ішкі тізбек тақталары мен жұқа механизмдердің зақымдануы мүмкін.
● Күшті химиялық заттарды, тазалағыш ерітінділерді немесе күшті жуу құралдарын құрылғыны тазалауға пайдаланбаңыз.
● Құрылғыны боямаңыз. Бояу қозғалатын бөлшектерінің қозғалысын қиындатып, дұрыс жұмыс істеуіне кедергі келтіруі мүмкін.
● Тек қана жинақпен жеткізілген етілген немесе мақұлданған антеннаны пайдаланыңыз. Рұқсат берілмеген антенналар, түрлендірулер немесе көмекші құралдар құрылғыны зақымдап, радио құрылғыларды реттейтін ережелерді бұзуы мүмкін.
● Зарядтағыштарды бөлмеде пайдаланыңыз.
● Әрқашан контактілер мен күнтізбе жазбалары сияқты қалаған мәліметтеріңіздің көшірмесін жасап жүріңіз.
● Құрылғы жақсы жұмыс істеуі үшін уақытылы мезгіл-мезгіл бастапқы қалпына келтіру мақсатымен оны өшіріп, батареяны алыңыз.
Бұл ұсыныстар құрылғыңызға, батареяңызға, зарядтағышыңызға немесе кез келген қосымша аспапқа бірдей қолданылады. Егер құрылғы дұрыс істемей тұрса, тексерту үшін оны жақын өкілетті қызмет көрсету орталығына алып барыңыз.

Қайта пайдалану

Әрдайым пайдаланылған электрондық бұйымдарды, батареяларды және орауыш материалдарды арнаулы жинау орнына өткізіңіз. Осылайша сіз қалдықтың қараусыз тасталуына жол бермей, материалдардың қайта пайдаланылуына көмектесесіз. Толық ақпаратты бұйымды сатушылардан, жергілікті қалдық жинау мекемелерінен, ұлттық өндірушілер жауапкершілігіне қатысты ұйымдардан немесе жергілікті Nokia өкілінен алуға болады. Nokia бұйымдарын қайта пайдалану жолдарын www.nokia.com/werecycle сайтынан немесе ұялы телефоныңыз арқылы www.nokia.mobi/werecycle сайтынан қараңыз.
Бұйымдағы қиылысқан сызығы бар дөңгелекшелі кәрзеңке белгісі, нұсқаулық немесе орауыш барлық электр және электрондық бұйымдардың, батареялардың және аккумулятордың жұмыс мерзімі біткеннен кейін бөлек жиналуы керек екенін есіңізге салады. Бұл талап Еуропалық Одақта
© 2009 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған. 31
Page 32

Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат

қолданылады. Бұл бұйымдарды сұрыпталмаған қалалық қоқысқа тастамаңыз. Қоршаған орта туралы қосымша ақпарат алу үшін www.nokia.com/environment сайтынан бұйымның экологиялық декларациясын қараңыз.
Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат
Бұл құрылғының бетінде никель жоқ.

Кішкентай балалар

Құрылғыңыздың және оның қосымша аспаптарының кішкентай бөліктері болуы мүмкін. Оларды кішкентай балалардан аулақ ұстаңыз.

Жұмыс істеу ортасы

Құрылғы не құлақтан қалыпты пайдалану жағдайдайында ұсталған немесе денеден 2.2 сантиметр (7/8 дюйм)қашықтықта ұстағанда РЖ қолдану нұсқауларына сай жұмыс істейді. Тасымалдау үшін қобдиша, белдік қалтасы немесе ұстағыш адам өзімен бірге алып жүру үшін қолданылады, олардың құрамында метал болмауы тиіс және құрылғыны денеңізден жоғарыда көрсетілген қашықтықта ұстаңыз.
Деректер файлы мен хабарларды жіберу үшін желіге байланыс орнатылуы керек. Кейбір жағдайларда деректер файлдары мен хабарларды жіберу бұл байланыс орнатылғанға дейін кешігуі мүмкін. Жіберілім аяқталғанға дейін аралық қашықтық нұсқауларын қадағалаңыз.
Құрылғының бөліктері магнитті болып келеді. Металл заттар құрылғығы тартылуы мүмкін. Несие карточкасы немесе басқа да магнитті құралдарды жақын ұстамаңыз, себебі ондағы сақталған ақпарат өшірілуі мүмкін.

Медициналық құрылғылар

Радио хабар тарату құралдарының, соның ішінде, сымсыз телефонның да жұмысы сәйкес түрде қорғалмаған медициналық құрылғылардың қызметтеріне кедерг і келті руі мүм кін . Сырт қы РЖ энерг ияд ан с әйкес тү рде қорғ алғандығын білу үшін немесе осы мәселе жайында сізде қандай да бір сұрақ туындаса, дәрігер немесе құрылғыны өндірушімен хабарласыңыз. Егер денсаулық сақтау мекемелерінде ескерту нұсқаулары болса, құрылғыңызды өшіріп қойыңыз. Ауруханалар мен денсаулық сақтау мекемелерінде сыртқы РЖ энергиясына сезгіш құралдар пайдаланылуы мүмкін.

Алмастырылған медициналық құрылғылар

Медициналық құрылғыларға кедергі болмауы үшін медициналық құрылғыларды өндірушілер сымсыз құрылғы мен алмастырылған медициналық құрылғылар, мысалы, жүрек жұмысының электронды стимуляторы немесе электрошок кардиостимуляторы дефибриллятор арасындағы қашықтық 15,3 сантиметрді (6 дюйм) құрауы тиіс деген кеңес береді. Мұндай құрылғыларға ие адамдар төмендегілерді орындауы тиіс:
© 2009 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.32
Page 33
Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат
● Сымсыз құрылғы қосулы кезде оны медициналық құрылғыдан 15,3 сантиметр (6 дюйм) алшақ ұстау қажет.
● Сымсыз құрылғыны төс қалтаға салып жүрмеу керек.
● Кедергі күшін барынша азайту үшін сымсыз құрылғыны құлаққа таяу, медициналық құрылғыға қарама-қарсы ұстау қажет.
● Егер кедергі барынан күманданған жағдайда сымсыз құрылғыны бірден өшіру қажет.
● Алмастырылған медициналық құрылғыны өндірушілердің нұсқауларын оқыңыз және қадағалаңыз:
Егер сізде алмастырылған медициналық құрылғыны сымсыз құрылғымен пайдалану жөнінде сұрақтарыңыз болса, денсаулық сақтау орталығымен кеңесіңіз.

Есту құралдары

Кейбір сандық сымсыз құрылғылар кейде есту аппараттарына кедергі келтіруі мүмкін. Егер кедергілер пайда болса, қызмет көрсетуішіңізбен хабарласыңыз.

Көлік құралдары

РЖ сигналдар двигателі бар көліктердің дұрыс емес орнатылған немесе сәйкес түрде қорғалмаған электрондық жүйесіне, мысалы электрондық жанармай бүрку жүйесіне, электрондық сыналасуға қарсы тежеуіш жүйесіне, электрондық жылдамдықты бақылау жүйесіне және қауіпсіздік жастықшасы жүйесіне, әсер етуі мүмкін. Көбірек мәлімет алу үшін, көлігіңіздің немесе оған қосылған кез келген жабдықтың өндірушісіне немесе оның өкіліне байланысыңыз.
Бұл құрылғыға қызмет көрсетуді немесе оны көлікке орнатуды тек маманданған қызметкерлер істеуі тиіс. Дұрыс емес орнату немесе қызмет көрсету қауіпті болуы және бұл құрылғыға берілетін кез келген кепілдікті жарамсыз етуі мүмкін. Көлігіңіздегі барлық сымсыз құрылғылардың дұрыс бекітілгенін және жұмыс істеп тұрғанын тұрақты тексеріп отырыңыз. Оңай тұтанатын сұйықтықтарды, газдарды немесе жарылғыш заттарды құрылғымен, оның бөліктерімен немесе қосымша аспаптарымен бір бөлімде сақтамаңыз. Қауіпсіздік жастықшаларымен жабдықталған көліктер үшін, қауіпсіздік жастықшаларының үлкен күшпен ауаға толатынын ойыңызда сақтаңыз. Қауіпсіздік жастықшасының астындағы аймаққа немесе қауіпсіздік жастықшасының ашылу аймағына заттарды, орнатылған немесе жылжымалы сымсыз жабдықты қоса, қоймаңыз. Егер көлік ішіндегі сымсыз жабдық дұрыс емес орнатылған болса және қауіпсіздік жастықшасы ауаға толса, нәтижесінде ауыр жарақат алуыңыз мүмкін.
Құрылғыңызды ұшақпен ұшқанда пайдалануға тыйым салынған. Ұшаққа көтерілмей тұрып құрылғыңызды өшіріңіз. Сымсыз құрылғыларды ұшақтың ішінде пайдалану ұшақтың жұмысы үшін қауіпті болуы, сымсыз телефон жүйесін үзуі және заңға қайшы болуы мүмкін.
© 2009 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған. 33
Page 34
Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат

Жарылу қаупі бар орталар

Кез келген жарылу мүмкіндігі бар атмосфералы аймақта құрылғыны сөндіріп, барлық белгілер мен нұсқауларды сақтаңыз. Жарылу мүмкіндігі бар орталарға әдетте сіз көлік моторын сөндіруге кеңес берілетін аймақтар жатады. Мұндай аймақта ұшқынның пайда болуы дене жарақатына немесе тіпті өлімге әкеп соғатын жарылысқа немесе өртке себепші болуы мүмкін. Құрылғыны қызмет көрсету стансаларындағы бензин сорғыларының маңайы сияқты жанармай құю орындарында сөндіріңіз. Отын қоймалары, оларды сақтау және тарату орындары, химиялық зауыттар немесе жарылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан аймақтардағы радио жабдығын пайдалану туралы шектеулерді сақтаңыз. Жарылу қаупі бар атмосфералы аймақтар жиі таңбаланады. Бірақ бұл таңбалар әрқашанда анық бола бермейді. Олар қайықтардағы палубаның астыны, химиялық заттарды тасу немесе сақтау ғимараттарды және ауаның құрамында химиялық заттар немесе дән, шаң немесе металл ұнтақтары сияқты бөлшектері бар аумақтарды өз ішіне алады Олардың аймағында осы құрылғыны пайдалану қауіпсіз бе, жоқ па анықтау үшін (пропан немесе бутан сияқты) мұнай газдарды пайдаланатын көлік өндірушілерімен ақылдасуыңыз қажет.

Жедел қызметтерге телефон шалу

Маңызды: Бұл құрылғы радио сигналдарды, сымсыз желіні, жердегі байланыс желісі және қолданушы бағдараламаға салынған жетелерді п айд алана қызмет етеді. Егер құрылғыңыз интернет арқылы дауыс қоңырау шалуларды (интернет қоңырау шалуларды) қолдаса, интернет және ұялы телефон қоңырау шалуларының екеуін де іске қосыңыз. Құрылғы, екеуі де белсендірілген болса, жедел қоңырау шалуды ұялы желі арқылы да, интернет желісі арқылы да жүзеге асыруға әрекет жасайды. Байланыстың барлық жағдайда жүзеге асырылатынына кепілдік берілмейді. Медициналық шұғыл жағдайда байланыс орнату үшін тек сымсыз құрылғыға ғана сенуге болмайды.
Жедел телефон шалу үшін:
1. Егер құрылғы өшірулі болса, оны қосыңыз. Сигналдың тиісті күші болуын
тексеріңіз. Құрылғыға тәуелді бола отырып, сіздің төмендегілерді орындауыңыз қажет:
● Егер құрылғы жарамды болса, оған SIM-картасын енгізіңіз.
● Егер құрылғыңызда белгілі бір қоңырау шалу шектеулері болса, оларды алып тастаңыз.
● Режимді дербес немесе ұшу режимі күйінен белсенді режиміне өзгертіңіз.
2. Дисплейді тазарту үшін аяқтау пернесін басып, құрылғыны қоңырау шалуға дайындаңыз.
3. Жергілікті аймақтағы ресми жедел жәрдем нөмірін енгізіңіз. Жедел жәрдем нөмірлері әр жерде әртүрлі болуы мүмкін.
4. Шақыру түймесін басыңыз.
© 2009 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.34
Page 35
Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат
Жедел қоңырау шалу кезінде барлық қажетті ақпаратты мүмкіндігінше мұқият беріңіз. Сіздің сымсыз құрылғыңыз оқиға орнында тек байланыс құралы бола алады. Рұқсат берілгенге дейін қоңырау шалуыңызды аяқтамаңыз.

Куәландыру туралы ақпарат (ҮСД)

Құрылғы радио толқындарының әсері нұсқауларына сәйкес келеді. Сіздің мобильді құрылғы радио хабаршысы және радио қабылдағыш ретінде де
қолданылады. Ол халықаралық нұсқаулармен бекітілген радио толқындар әсері шектеуінен шықпайтындай етіліп жасақталған. Бұл ережелер ICNIRP тәуелсіз ғылыми ұйымымен жетілдіріліген және барлық адамдарды жасына және денсаулығына қарамастан қорғауға кепілдік беру үшін дайындалған қауіпсіздік шараларын қамтиды.
Мобильді құрылғы нұсқаулары Үлестік сіңіру деңгейі немесе ҮСД өлшем бірлігін қолданылады. ICNIRP бекіткен ҮСД шектеуі дененің 10 грамы үшін 2,0 ватт/ килограмм (Вт/кг) құрайды. ҮСД үшін тексерулер барлық тексерілген жиілік белдеулеріндегі жоғарғы рұқсат етілген қуатты құрылғыға стандартты жұмыс күйін қолданады. Жұмыс үстіндегі құрылғының ҮСД көрсеткіші ең жоғарғы дыбыс деңгейінен төмен болуы мүмкін, себебі құрылғы желіге жететін ғана қажетті қуатты пайдаланады. Бұл мөлшер бірнеше факторларға, мысалы сіздің желі негізі бекетіне қаншалықты жақын орналастыруыңызға байланысты өзгереді. Құрылғыны құлаққа пайдалануға арналған ICNIRP ережелері бойынша ең жоғарғы SAR мәні 0,98 В/кг болады.
Құрылғының қосымша аспаптарын қолдану нәтижесінде әртүрлі ҮСД мәндері шығады. ҮСД мәндері мемлекеттік есеп беру және тексеру талаптарына және желі таралымына тәуелді. ҮСД бойынша қосымша мәліметті www.nokia.com сайтындағы өнім туралы ақпарат ішінен алуыңызға болады.
© 2009 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған. 35
Page 36

Тақырыптар тізімі

Таңбалар/Сандар
IM 17 Nokia Care 8 PIN коды 8 SIM картасы 9, 12
Қ
қауіпсіздік коды 8 қоңыраулар 12 қоңырауларды тіркеу журналы 18 Құлақ аспабы 10
Ә
әдеттегі мәтін енгізу 13 әуендер 19
Б
бағдарламалар 25 батарея
зарядтау 9
болжалды мәтін енгізу 14 бөлшектер 11
В
веб 26
Д
дисплей 19 дыбыс жазу құрылғысы 24 дыбыстық хабарлар 17
Е
ену коды 8
Ж
жедел хабарлар 16 желіден тыс күй 12 жылдам түймешіктер 20
И
интернет 26
К
конфигурация 22 көмекші құралдар 22 кілтсөз 8 кілттеу 12
М
мәтіндік күйлер 13 мәтін жазу 13
Н
нөмірді жылдам теру 13
О
ойындар 25 оператор мәзірі 23 органайзер 26
П
параметрлер 19
әуендер 19 дисплей 19 зауыт 22 конфигурация 22 күн 19 телефон 21 уақыт 19
хабарлар 17 Пернетақтаны кілттеу 12 профильдер 19
С
сандық күй 13
Т
түймешіктер 11
Х
хабар алмасу
дыбыстық хабарлар 17 хабарлар
параметрлер 17
© 2009 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.36
Page 37
хабар орталығының нөмірі 15
Ш
шапшаң хабар алмасу 17 шолғыш 26
Э
электрондық пошта 16
Тақырыптар тізімі
© 2009 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған. 37
Loading...