Nikon COOLPIX S32 Reference Guide (Complete Instructions) [kk]

Анықтамалық нұсқаулық
Су өткізбеушілік
Төменде камераның су өткізбейтін қасиеті туралы маңызды ескертпелер берілген. Камераны пайдаланбас бұрын, «<Маңызды> Соққыға төзімді, суға төзімді, шаңға төзімді, конденсация» (
Су өткізбеушілікке қатысты хабарлар
Кейбір параметрлерді таңдағанда немесе кейбір операцияларды орындағанда камера өзінің су өткізбейтін қасиеттері туралы хабарларды көрсетеді. Осындай хабарлар көрсетілген кезде олардағы ақпаратты оқыңыз және ұстаныңыз.
Do not open the covers by
the water or in sandy
locations, as foreign matter
could enter the camera.
A
xiii) бөліміндегі ақпаратты мұқият оқып шығыңыз.
Remove any foreign matter
with a brush or blower.
Conrm that no foreign
matter is present where
shown, then close the covers.
To remove foreign matter
after use, immerse in fresh
water for about 10 minutes.
Next, wipe o any water
droplets and place on a cloth
to dry.
After drying thoroughly, use
a cloth to remove any
droplets remaining on the
areas indicated.
Су өткізбеушілік туралы хабарлар төмендегідей жағдайларда көрсетіледі.
Камераны бірінші рет іске қосып және параметрлерін орнатып жатқанда Камераны
жатқанда
Камераны зарядтаудан кейін іске қосу барысында
Ескертпе: егер қақпақ бөгде бөлшектерді алып тастамай жабылса, фотокамера
Shoot under water (Су астында түсіру) (A
ішіне су кіруі немесе фотокамера зақымдалуы мүмкін. Қақпақты міндетті түрде тексеріңіз және тазалаңыз.
39) режиміне орнатып
Кіріспе
Фотокамераның бөліктері
Түсірудің жəне қараудың негіздері
Түсіру мүмкіндіктері
Қарау мүмкіндіктері
Бейнефильмдерді жазу жəне қарау
Фотокамераның жалпы параметрлерін орнату
Фотоаппаратты теледидарға, компьютерге немесе принтерге жалғау
Анықтамалық нұсқаулық
Техникалық ескертпелер жəне индекс
i

Кіріспе

Алдымен осыны оқып шығыңыз

Кіріспе
Nikon COOLPIX S32 сандық фотокамерасын сатып алғаныңыз үшін рахмет. пайдалану алдында «Қауіпсіздік туралы ақпарат» (A Соққыға төзімді, суға төзімді, шаңға төзімді, конденсация» (A оқып, осы нұсқаулықта берілген ақпаратпен танысыңыз оңай жерде сақтаңыз және жаңа фотокамераңызды толық пайдалана алу үшін оқып жүріңіз.
viii
-xi) және «<Маңызды> xiii
. Оқығаннан кейін, бұл нұсқаулықты
Фотокамераны
-xix) бөлімдерін
ii

Осы нұсқаулық туралы

Фотокамераны бірден қолдануды бастау үшін, «Түсірудің және қараудың негіздері» бөлімін (A 8) қараңыз.
Фотокамераның бөліктері мен негізгі әрекеттер туралы мәліметтер алу үшін «Фотокамераның бөліктері» (A 1) бөлімін қараңыз.
Кіріспе
iii
Басқа ақпарат
Таңбалар мен шартты белгілер Қажетті ақпаратты оңай табу үшін осы нұсқаулықта төмендегі таңбалар мен шартты белгілер қолданылады:
Кіріспе
Белгіше Сипаттама
B
C
A/E/F
SD, SDHC және SDXC жад карталары осы нұсқаулықта «жад карталары» болып аталады.
Бұл белгіше ескертуді және фотокамераны қолданбас бұрын оқып шығу қажет мәліметтерді қамтиды.
Бұл белгіше ескертуді және фотокамераны қолданбас бұрын оқып шығу қажет мәліметтерді қамтиды.
Бұл белгішелермен маңызды ақпаратты беттер белгіленеді; E: «Анықтамалық бөлім», F: «Техникалық ескертпелер мен алфавиттік көрсеткіш».
Сатып алынған уақыттағы параметр «әдепкі параметр» ретінде қарастырылады.
Мәзір элементтерінің атаулары фотокамераның мониторында көрсетіледі және
компьютердегі түймешіктердің немесе хабарламалардың атаулары қалың түспен көрсетіледі.
Осы нұсқаулықтағы кескіндер мониторда кейде түсіп қалуы мүмкін және көріністі қарау құралы монитордың индикаторлары анығырақ көрінетіндей мысалдарды көрсетеді.
Осы нұсқаулықтағы суреттер мен монитор мазмұны негізгі өнімнен басқаша болуы мүмкін.
iv
Мəліметтер мен сақтық шаралары
Голографиялық жапсырма: бұл құрылғыны
түпнұсқа Nikon өнімі ретінде айқындайды.
Өмір бойына үйрену
Nikon компаниясының «Өмір бойына үйрену» міндеттемесінің бөлігі ретінде ағымдағы өнімге қолдау көрсету және ол туралы білімді жетілдіру, үздіксіз жаңартылған ақпарат келесі тораптарда қол жетімді болады:
АҚШ еліндегі пайдаланушылар үшін: http://www.nikonusa.com/
Еуропа мен Африка пайдаланушылары үшін: http://www.europe-nikon.com/support/
Азия, Океания мен Таяу Шығыс пайдаланушылары үшін: http://www.nikon-asia.com/
Осы тораптарға өтіп соңғы өнімдердің ақпаратын, кеңестерін, жиі қойылатын сұрақтардың жауаптарын және сандық бейнелеу мен фотосурет түсіруге қатысты жалпы кеңестерді алыңыз. Қосымша ақпаратты аймағыңыздағы Nikon өкілінен алуға болады. Байланыс мәліметтерін алу үшін төмендегі торапқа кіріңіз:
http://imaging.nikon.com/
Nikon маркалы электрондық қосалқы құралдарды ғана пайдаланыңыз
Nikon COOLPIX фотокамерасы ең жоғары стандарттарға сай жасалған және күрделі электрондық схемаларды қамтиды. Осы Nikon сандық фотокамерасында ғана пайдалану үшін Nikon тарапынан сертификатталған Nikon сауда белгісінің электрондық керек­жарақтарының (зарядтау құрылғыларын, батареяларды, желілік зарядтау құрылғысы және айнымалы ток адаптерлерін қосқанда) ғана осы электрондық схемалардың қызметтік және қауіпсіздік талаптары шеңберінде жұмыс жасайтындығы расталған және сол үшін жасалған.
ӨЗГЕ ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ КЕРЕК-ЖАРАҚТАРЫН ПАЙДАЛАНУ ФОТОКАМЕРАНЫ ЗАҚЫМДАУЫ ЖӘНЕ NIKON КЕПІЛДІГІНІҢ КҮШІН ЖОЮЫ МҮМКІН.
Nikon голографиялық жапсырмасы жоқ үшінші тараптың зарядталатын литий-ион батареяларын пайдалану фотокамераның қалыпты жұмысына кедергі келтіруі немесе батареялардың шамадан көп қызып кетуіне, тұтануына, жарылуына немесе ағып кетуіне әкелуі мүмкін.
Nikon брендінің керек-жарақтары туралы қосымша ақпарат алу үшін жергілікті өкілетті Nikon делдалға хабарласыңыз.
Маңызды суреттерді түсірмес бұрын
Маңызды оқиғаларда (мысалы үйлену тойларында немесе фотокамераны саяхатта алып жүргенде) сурет түсірмес бұрын, сынап түсіріп фотокамераның дұрыс істеп тұрғанын тексеріңіз. Өнімнің істемеуі нәтижесінде пайда болған зақымдар немесе жоғалған табыстар үшін Nikon жауапты болмайды.
Кіріспе
v
Нұсқаулықтар туралы ақпарат
Nikon компаниясының жазбаша рұқсатынсыз осы өніммен берілген нұсқаулықтардың
ешбір бөлігін ешбір түрде ешбір жолмен қайта шығаруға, тасымалдауға, қайта жазуға, іздеу жүйесінде сақтауға немесе кез келген тілге аударуға болмайды.
Nikon компаниясы осы нұсқаулықта сипатталған жабдықтың және бағдарламалық құралдың техникалық сипаттарын кез келген уақытта алдын ала ескертусіз өзгертуге құқылы.
Кіріспе
Nikon компаниясы осы өнімді пайдаланудың нәтижесінде орын алған зақымдар үшін жауапты болмайды.
Осы нұсқаулықтардағы ақпараттың дәл әрі толық болуына барлық күш-жігер
жұмсалғанмен, кез келген қатені немесе жетіспеушілікті аймағыңыздағы Nikon уәкіліне (мекенжай бөлек беріледі) хабарлауыңыз көп септігін тигізер еді.
Көшірме жасау немесе қайта шығару тыйымына қатысты ескерту
Сканер, сандық фотокамера немесе басқа құрылғы көмегімен сандық түрде көшірілген немесе қайта шығарылған материал иелігіңізде жай болған жағдайда, заң бойынша жазалануыңыз мүмкін екенін ескеріңіз.
Көшірмесін жасауға немесе қайта шығарылуына тыйым салынған элементтер
Қағаз ақшаның, тиындардың, құнды қағаздардың, мемлекеттік облигациялардың немесе жергілікті мемлекеттік облигациялардың (ондай көшірмелердің немесе қайта шығарылған құжаттардың үстінде «Үлгі» деген белгі болса да) көшірмесін жасамаңыз немесе оларды қайта шығармаңыз. Шетелдегі елде жүретін қағаз ақшаларды, тиындарды немесе құнды қағаздарды қайта шығаруға немесе олардың көшірмесін жасауға тыйым салынады. Мемлекеттен алдын ала рұқсат алынған жағдайда ғана мемлекет берген қолданылмайтын пошталық маркалардың немесе ашық хаттардың көшірмесін жасауға және оларды қайта шығаруға болады.
Мемлекет берген маркалардың және заңмен көзделген куәландырылған құжаттардың көшірмесін жасауға немесе оларды қайта шығаруға тыйым салынады.
Белгілі көшірмелерге жəне қайта шығарылған құжаттарға қатысты ескертулер
Мемлекет жеке компаниялар берген құнды қағаздардың (үлестер, есептер, чектер, сыйлық куәліктер, т.б.), жеңілдік рұқсат карталарының немесе купондық билеттердің көшірмелері мен қайта шығаруларына ескертулер (қажетті көшірмелердің ең азы компанияның іскери қолданысы үшін берілген жағдайлардан тыс) шығарған. Сонымен қатар, мемлекет берген паспорттардың, мемлекеттік мекемелер мен жеке топтар берген лицензиялардың, куәліктердің және рұқсат қағаздары мен тамақ купондары сияқты билеттердің көшірмелерін жасауға немесе қайта шығаруға болмайды.
Авторлық құқық ескертулеріне сай болуы
Кітаптар, музыка, суреттер, ағашта ойылған басылымдар, карталар, сызбалар, бейнефильмдер және фотосуреттер сияқты авторлық құқықты шығармашылық жұмыстардың көшірмелері мен қайта шығарылуы ұлттық және халықаралық авторлық құқық заңдарына бағынады. Осы өнімді заңсыз көшірме жасауға немесе авторлық құқықтарды бұзуға қолданбаңыз.
vi
Дерек сақтау құрылғыларын қоқысқа тастау
Суреттерді жою және дерек сақтау құрылғыларын (мысалы, жад карталары немесе ішкі фотокамера жады) пішімдеу бастапқы сурет деректерін толығымен жоймайтынын ескеріңіз. Жойылған файлдар сатылатын бағдарламалық құралдың көмегімен қоқысқа тасталған сақтау құрылғыларынан қалпына келтіріліп, жеке сурет деректер қаскүнемді түрде қолданылуы мүмкін. Осындай деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету пайдаланушының міндеті болып келеді.
Дерек сақтау құрылғысын қоқысқа тастағанда немесе өнімді басқа адамның иелігіне бергенде, сатылатын бағдарламалық құралдардың көмегімен бүкіл деректерді өшіріңіз немесе құрылғыны пішімдеп, жеке ақпараты жоқ суреттермен (мысалы, бұлтсыз аспан суреттері) толтырыңыз. Дерек сақтау құрылғыларын физикалық түрде жойғанда, жарақат алмау немесе жеке меншікке зақым келтірмеу үшін абайлау керек.
Кіріспе
vii

Қауіпсіздік туралы ақпарат

Nikon өніміңізге зақым келтірмеу немесе өзіңіз не басқа адамдар жарақат алмау үшін, осы жабдықты пайдаланбас бұрын төмендегі сақтық шараларды толығымен оқып шығыңыз. Осы
Кіріспе
қауіпсіздік нұсқауларын осы өнімді пайдаланатын барлық адамдар оқитын жерде сақтаңыз.
Осы белгішемен ықтимал жарақатты болдырмау үшін Nikon өнімін пайдаланбас бұрын оқылуы тиіс ескертулер, ақпарат белгіленеді.

ЕСКЕРТУЛЕР

Істемей тұрған жағдайда өшіріңіз
Зарядтау айнымалы ток адаптерінен шығып жатқан түтінді немесе ерекше бір иісті сезсеңіз, күйіп қалмау үшін бірден зарядтау айнымалы ток адаптерін суырып, фотокамерадан батареяны алып тастаңыз. Пайдалануды жалғастыру жарақатқа әкелуі мүмкін. Қуат көзін алып тастағаннан немесе ажыратқаннан кейін жабдықты тексертуге Nikon компаниясының қызмет көрсету өкіліне апарыңыз.
Бөлшектемеңіз
Фотокамераның зарядтау айнымалы ток адаптерің ішкі бөліктеріне қол тигізу жарақатқа әкелуі мүмкін. Жөңдеуді тек білікті мамандар жасауы тиіс. Құлап түсу
viii
немесе өзге оқиға нәтижесінде фотокамера немесе зарядтау айнымалы ток адаптері ашылып қалса, өнімді суырғаннан және/ немесе батареяны суырғаннан кейін оны тексерту үшін Nikon компаниясының өкілетті қызмет көрсету маманына апарыңыз.
Фотокамераны немесе зарядтау айнымалы ток адаптерін жанғыш газ бар жерде пайдаланбаңыз
Электрондық жабдықты жанатын газы бар жерде пайдаланбаңыз, жарылыс немесе өрт шығу қаупі бар.
Фотоаппарат бауын абайлап пайдаланыңыз
Бауды нәрестенің немесе баланың мойнына аспаңыз.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз
Сәбилердің батареяны, қылқаламды немесе басқа шағын бөлшектерді ауыздарына салмауын ерекше қадағалау керек.
Құрылғылар қолданылмаған кезде фотокамераны, айнымалы токпен зарядтау адаптерін немесе айнымалы ток адаптерін ұзақ уақыт бойы жалғанған күйде қалдырмаңыз
Құрылғылардың бөлшектері ыстық болып кетеді. Құрылғыларды теріге тиген күйде ұзақ қалдырса, төменгі температуралық күйіктер алынуы мүмкін.
Өнімді қатты қызып кететін жерде қалдырмаңыз, мысалы, жабық көлікте немесе тікелей күн сəулесі түсетін жерде
Осы сақтық шараны орындамау зақымдануына немесе тұтануына әкелуі мүмкін.
Батареяны қолданғанда сақ болыңыз
Батарея дұрыс қолданылмаса ағып кетуі, шамадан көп қызып кетуі немесе жарылуы мүмкін. Бұл өнімде пайдалануға арналған батареяны қолданған кезде мына сақтық шараларды орындаңыз:
Батареяны ауыстырудан бұрын
өнімді өшіріңіз. Егер зарядтау айнымалы ток адаптерін/айнымалы ток адаптерін пайдаланcаңыз, оның суырылғанына көз жеткізіңіз.
Тек қана EN-EL19 қайта зарядталатын литий-ионды батареяны пайдаланыңыз (жинаққа кіреді). Батареяны батареяны зарядтауды қолдайтын фотокамераны немесе MH-66 батарея зарядтағышын (бөлек сатылады) пайдалана отырып зарядтаңыз. Батареяны камера көмегімен зарядтау үшін EH-70P айнымалы токпен зарядтау адаптерін (жинаққа кіреді) немесе
computer (Компьютермен зарядтау)
функциясын пайдаланыңыз.
Батареяны салған кезде оны төңкеріп қойып немесе артқа қаратып салуға әрекеттенбеңіз. Батареяны қысқартпаңыз немесе
бөлшектемеңіз, сондай-ақ, батареяның оқшаулауын немесе қаптамасын шешу немесе бұзу әрекетін орындамаңыз.
Батареяны отқа тастамаңыз немесе қатты қызуға ұшыратпаңыз.
Charge by
Кіріспе
ix
Суға батырмаңыз немесе сулы жерде пайдаланбаңыз.
Батареяны тасымалдау алдында полиэтилен пакетке салыңыз. Алқа немесе шаш түйреуіш сияқты темір заттармен тасымалдамаңыз
Кіріспе
немесе сақтамаңыз.
Батарея толық разрядталған кезде ағып кетуге бейім болады. Өнімді зақымдап алмау үшін заряды біткен батареяны өнімнен шығарып қоюды ұмытпаңыз.
Батареяда кез келген түссіздену немесе деформация сияқты өзгеріс байқалса, пайдалануды дереу тоқтатыңыз.
Зақымданған батареядан шыққан
сұйықтық киімге немесе теріге тисе, дереу мол сумен шайыңыз.
Зарядтау айнымалы ток адаптерін пайдаланған кезде келесі сақтық шараларын есте сақтаңыз
Құрғақ ұстаңыз. Бұл сақтық
шараны қадағаламаса, өрт шығуы немесе электр тогы соғуы мүмкін.
Штепсельдің темір бөлшектеріндегі немесе солардың жанындағы шаңды құрғақ шүберекпен сүрту керек. Пайдалануды жалғастыру өртке әкелуі мүмкін.
x
Найзағай жарқылы кезінде ашаны ұстамаңыз немесе зарядтау айнымалы ток адаптерінің жанына бармаңыз. Осы сақтық шарасын орындамау электр тогының соғуына мүмкін.
USB кабельді зақымдамаңыз, өзгертпеңіз, күштеп тартпаңыз немесе имеңіз, оны ауыр н
ә
рселердің астына салмаңыз немесе ыстыққа немесе алауға жақын апармаңыз. Оқшауы зақымданса және сымдары көрініп қалса, Nikon мақұлдаған қызмет көрсету уәкіліне апарып тексертіңіз. Бұл сақтық шараларды қадағаламаса, өрт шығуы немесе электр тогы соғуы мүмкін.
Ашаны немесе айнымалы токпен зарядтау адаптерін ылғалды қолмен ұстамаңыз. Осы сақтық шарасын орындамау электр тогының соғуына
Сапар түрлендіргіштерімен немесе бір кернеуден екіншісіне түрлендіруге арналған адаптерлермен, не болмаса DC-AC инвертерлерімен бірге пайдаланбаңыз. Осы сақтық шараны қадағаламаса, өнім зақымдануы, қызуы немесе өрт шығуы мүмкін.
ә
келуі
ә
келуі мүмкін.
Тиісті кабельдерді пайдаланыңыз
Кіріс және шығыс ұяларына кабельдерді жалғағанда, өнімнің ережелеріне сай болуы үшін Nikon компаниясы сол мақсатта қамтамасыз еткен немесе сатқан кабельдерді ғана пайдаланыңыз.
Қозғалатын бөлшектерді абайлап пайдаланыңыз
Саусақтарыңыз немесе басқа заттар объектив қақпағына немесе басқа қозғалатын бөлшектерге қысылып қалмауын қадағалаңыз.
Жарқылды пайдаланғанда абай болыңыз
Нысан көзінің жанында жарқылды пайдаланса, оның көру қабілеті уақытша жоғалуы мүмкін. Жарқыл нысаннан кемінде 1 м жерде болуы керек. Сәбилерді суретке түсіргенде өте абай болу керек.
Жарқылды оның терезесі адамға немесе затқа тиіп тұрғанда істетпеу керек
Бұл сақтық шараны қадағаламаса, күйік жара алынуы немесе өрт шығуы мүмкін.
Сұйық кристаллға тимеңіз
Монитор сынса, сынған әйнекпен жарақат алуға және монитордағы сұйық кристаллдың теріге тиюіне, көзге не ауызға кіруіне жол бермеңіз.
Ұшақта немесе ауруханада пайдаланғанда қуатты ажыратыңыз
Ұшақ көтерілгенде немесе қонғанда қуатты ажыратыңыз. Ауруханада пайдаланғанда аурухананың нұсқауларын орындаңыз. Осы фотокамера шығаратын электр магниттік толқындар ұшақтың электрондық жүйелерін немесе аурухананың құралдарын істен шығаруы мүмкін.
Кіріспе
xi

Ескертулер

Еуропадағы тұтынушыларға арналған ескертпе
Кіріспе
САҚ БОЛЫҢЫЗ БАТАРЕЯНЫҢ ДҰРЫС ТҮРІ
САЛЫНБАСА, ЖАРЫЛУ ҚАУПІ ТӨНЕДІ.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН БАТАРЕЯЛАРДЫ НҰСҚАУЛАРҒА СƏЙКЕС ЖОЙЫҢЫЗ.
Бұл таңба электр және электрондық жабдықтардың бөлек жиналуы керектігін білдіреді.
Төмендегі жағдайлар Еуропа елдерінің пайдаланушыларына ғана қатысты:
Бұл өнім тиісті жинау орнында бөлек жинауға арналған. Тұрмыстық қоқыспен бірге тастамаңыз.
Бөлек жинау және қайта өңдеу табиғи ресурстарды сақтауға және дұрыс емес лақтырудан пайда болуы мүмкін адам денсаулығына және қоршаған ортаға теріс салдарларды болдырмауға көмектеседі.
Қосымша ақпаратты сатушыдан немесе қоқыстың жиналуын қадағалайтын жергілікті басқару органдарынан алыңыз.
xii
Батарея таңбасы оның бөлек жиналатынын білдіреді.
Төмендегі жағдайлар Еуропа елдерінің пайдаланушыларына ғана қатысты:
Осы таңбамен белгіленген де, белгіленбеген де бүкіл батареялар тиісті жинау орнында бөлек жиналуға арналған. Тұрмыстық қоқыспен бірге тастамаңыз.
Қосымша ақпаратты сатушыдан немесе қоқыстың жиналуын қадағалайтын жергілікті басқару органдарынан алыңыз.

<Маңызды> Соққыға төзімді, суға төзімді, шаңға төзімді, конденсация

Келесі нұсқауларды, сонымен бірге, «Өнімнің күтімі» (F2) бөлімінде берілген
нұсқауларды оқып шығыңыз.

Соққыға төзімділік туралы ескертпелер

Бұл фотокамера MIL-STD 810F Method 516.5-Shock* стандартына сай Nikon ішкі сынағынан (1,5 м биіктіктен қалыңдығы 5 cм фанераға тастау сынағы) өтті.
Бұл сынақ фотокамераның суға төзімділігіне не болмаса фотокамера барлық жағдайларда зақымдалмайтынына немесе мәселелері болмайтынына кепілдік бермейді.
Көріністегі өзгерістер, мысалы, сырдың көшуі және құлағанда соққы тиген бөліктің деформациялануы Nikon ішкі сынағында қамтылмайды.
* АҚШ Қорғаныс министрлігінің сынақ әдісінің стандарты.
Бұл тастау сынағында бірден беске дейін фотокамералардың сынақтан өтетінін тексеру үшін 5 фотокамера 26 бағытта (8 жиек, 12 бұрыш және 6 бет) 122 cм биіктіктен тасталады (егер сынақ кезінде қандай да ақаулық анықталса, бірден беске дейін фотокамералар үшін сынақ шарттары қанағаттандырылғанын тексеру үшін басқа бес фотокамера сыналады).
b Фотокамераға тастау немесе соғу арқылы шамадан тыс соққы, діріл немесе
қысым əсерін тигізбеңіз.
Бұл сақтық шарасын қолданбау фотокамера ішіне су кіруіне және фотокамераның істен шығуына әкелуі мүмкін.
Фотокамераны 10 м тереңірек су астында пайдаланбаңыз.
Фотокамераны жоғары қысымды ағынды суға қою арқылы су қысымын түсірмеңіз.
Фотокамераны шалбардың қалтасына салып отырмаңыз.
Фотокамераны сөмкеге күшпен салмаңыз.
Кіріспе
xiii
Суға төзімділік жəне шаңға төзімділік туралы ескертпелер
Бұл фотокамера IEC/JIS стандартының 8 (IPX8) суға төзімділік деңгейіне және IEC/JIS стандартының 6 (IP6X) шаңға төзімділік деңгейіне сай және су астында 10 м тереңдікте 60 минутқа дейін сурет түсіруге мүмкіндік береді.*
Кіріспе
Бұл рейтинг фотокамераның суға төзімділігіне немесе болмаса фотокамера барлық жағдайларда зақымдалмайтынына немесе мәселелері болмайтынына кепілдік бермейді.
* Бұл рейтинг Nikon анықтаған әдістерге сай пайдаланғанда, фотокамера көрсетілген
уақыт кезеңінде көрсетілген су қысымына төзетіндей жасалғанын көрсетеді.
b Егер фотокамераға тастау немесе соғу арқылы шамадан тыс соққы, діріл
немесе қысым əсер етсе, суға төзімділікке кепілдік берілмейді.
Егер фотокамераға соққылар әсер етсе, сатушымен немесе Nikon рұқсат еткен қызмет
көрсету уәкілімен хабарласып, суға төзімділікті растау ұсынылады (ақылы қызмет).
- Фотокамераны 10 м тереңірек су астында пайдаланбаңыз.
- Тез ағатын суға немесе сарқырамаларға салу арқылы фотокамераға су қысымын түсірмеңіз.
- Nikon кепілдігіңіз фотокамераны тиісті емес пайдалануға байланысты фотокамера ішіне су кіруі тудырған мәселелерді қамтымайды.
Бұл фотокамераның суға төзімділігі тек таза суда және теңіз суында жұмыс істеуге арналған.
Бұл фотокамераның ішкі бөлігі суға төзімді емес. Фотокамера ішіне кіретін су істен шығуға әкелуі мүмкін.
Қосалқы құралдар суға төзімді емес.
Егер фотокамераның сыртына немесе батарея бөлімінің/жад картасы ұясының
қақпағының ішіне сұйықтық немесе су тамшылары кірсе, сұйықтықты дереу жұмсақ, құрғақ шүберекпен сүртіп алыңыз. Ылғал жад карталарын немесе батареяны салмаңыз. Егер батарея бөлімінің/жад картасы ұяшығының қақпағы жағалау жанында немесе су ішінде ылғал шарттарда ашылса немесе жабылса, бұл судың фотокамера ішіне өтіп кетуіне немесе фотокамера ақаулығына әкелуі мүмкін. Қақпақты ылғал қолыңызбен ашпаңыз немесе жаппаңыз. Бұл фотокамераның ішіне су кіруіне немесе фотокамераның істен шығуына әкелуі мүмкін.
xiv
Егер бөгде зат фотокамера сыртына немесе батарея бөлімінің/жад картасы ұяшығы қақпағының ішіне (мысалы, ілмек, жад картасының ұяшығы және жалғағыштар) жабысса, оны дереу ауа үргішпен кетіріңіз. Батарея бөлімінің/жад картасы ұясы қақпағының ішіндегі суға төзімді орауышқа бөгде зат жабысса, оны қамтылған щеткамен кетіріңіз. Қамтылған щетканы суға төзімді орауыштан басқа ештеңеге пайдаланбаңыз.
Егер фотокамераға күнге күюге қарсы май, күннен қорғайтын лосьон, ыстық қайнар көз, ванна ұнтағы, жуғыш зат, сабын, органикалық ерітінді, май немесе алкоголь жабысса, оны дереу сүртіп алыңыз.
Фотокамераны 40°C немесе одан жоғары температураларда (атап айтқанда, тікелей күн сәулелері түсетін орында, көлік салонында немесе қайықта, жағалауда немесе жылыту құрылғысының жанында) ұзақ уақыт бойы қалдырмаңыз. Бұл суға төзімділікті нашарлатуы мүмкін.

Фотокамераны су астында пайдалану алдында

1. Батарея бөлімінің/жад картасы ұяшығының қақпағы ішінде бөгде заттардың жоқтығына көз жеткізіңіз.
Батарея бөлімінің/жад картасы ұяшығының қақпағы ішіндегі құм, шаң немесе
қылшық сияқты бөгде заттар ауа үргішпен кетірілу қажет.
Су тамшылары сияқты батарея бөлімінің/жад картасы ұяшығының қақпағы
ішіндегі кез келген сұйықтықты жұмсақ құрғақ шүберекпен кетіру қажет.
2. Батарея бөлімінің/жад картасы ұяшығы қақпағының су өткізбейтін қабы (A 2) жарылмағанына немесе майыспағанына көз жеткізіңіз.
Бір жылдан кейін суға төзімді орауыштың суға төзімділігі нашарлай бастауы
мүмкін. Егер суға төзімді орауыш нашарлай бастаса, сатушымен немесе Nikon рұқсат еткен қызмет көрсету уәкілімен хабарласыңыз.
3. Батарея бөлімінің/жад картасы ұяшығының қақпағы тығыз жабылғанын тексеріңіз.
Қақпақты сырт етіп орнына түскенше сырғытыңыз.
Кіріспе
xv

Фотокамераны су астында пайдалану туралы ескертпелер

Фотокамера ішіне су кіруін болдырмау үшін келесі сақтық шараларын қолданыңыз.
Фотокамерамен су астына 10 м тереңірек сүңгімеңіз.
Кіріспе
Фотокамераны су астында 60 минут немесе одан көбірек үздіксіз пайдаланбаңыз.
Фотокамераны су ішінде пайдаланған кезде оны 0°C–40°C су температурасы
ауқымында пайдаланыңыз. Фотокамераны ыстық қайнар көздерде пайдаланбаңыз.
Су астында батарея бөлімінің/жад картасы ұясының қақпағын ашпаңыз немесе жаппаңыз.
Су астында пайдаланғанда, фотокамераны соғып алмаңыз. Фотокамерамен суға секірмеңіз немесе болмаса фотокамераға жылдам ағынды су немесе сарқырамалар сияқты жоғары су қысымының әсерін тигізбеңіз.
Бұл фотокамера суда қалқымайды. Су астында фотокамераны түсіріп алмаңыз.

Фотокамераны су астында пайдаланғаннан кейін тазалау

Cу астында пайдаланғаннан кейін фотокамераны 60 минут ішінде тазалаңыз. Егер фотокамераны тұз бөлшектері немесе басқа бөгде заттар жабысатын ылғалды жағдайларда қалдырсаңыз, бұл зақымдануға, түссізденуге, тот басуға, жағымсыз иіске немесе суға төзімділіктің нашарлауына әкелуі мүмкін.
Фотокамераны тазалау алдында қолдарыңыздан, денеңізден және шашыңыздан су тамшыларын, тұз бөлшектерін немесе басқа бөгде заттарды мұқият кетіріңіз.
Шашыраған суға немесе құмға ашық болуы мүмкін жерде болмас үшін фотокамераны іште тазалау ұсынылады.
Бөгде заттардың барлығын сумен шайғанша және бүкіл ылғал сүртілгенше батарея бөлімінің/жад картасы ұясының қақпағын ашпаңыз.
xvi
1. Батарея бөлімінің/жад картасы ұясының қақпағын жабық ұстап, фотокамераны таза сумен жуыңыз.
Фотокамераны кран суымен аздап шайыңыз немесе фотокамераны тұщы су толтырылған ыдысқа шамамен 10 минутқа салып қойыңыз.
Егер түймелер немесе қосқыштар дұрыс жұмыс істемесе, фотокамераға бөгде
заттар жабысқан болуы мүмкін. Бөгде заттар фотокамераның істен шығуына әкелуі мүмкін, фотокамераны мұқият жуыңыз.
2. Су тамшыларын құрғақ шүберекпен сүртіп алыңыз жəне фотокамераны жақсы желдетілетін, көлеңке орында құрғатыңыз.
Құрғату үшін фотокамераны құрғақ матаға қойыңыз.
Су микрофондағы немесе динамиктердегі тесіктерден ағып шығады.
Фотокамераны шаш кептіргіштің немесе киім кептіргіштің ыстық ауасымен
құрғатпаңыз.
Химиялық заттарды (мысалы, бензин, сұйылтқыш, алкоголь немесе жуғыш зат),
сабынды немесе бейтарап жуғыш заттарды пайдаланбаңыз. Егер суға төзімді орауыш немесе корпус деформацияланса, суға төзімділік нашарлайды.
Кіріспе
xvii
3. Фотокамерада су тамшысы жоқтығына көз жеткізгеннен кейін, батарея бөлімінің/жад картасы ұяшығының қақпағын ашыңыз, фотокамера ішінде қалған суды құрғақ жұмсақ шүберекпен ақырын сүртіп, бөгде заттарды кетіру үшін ауа үргішті пайдаланыңыз.
Егер фотокамера әбден кепкенше қақпақты ашсаңыз, су тамшылары жад
Кіріспе
картасына немесе батареяға тамуы мүмкін. Әрі су тамшылары батарея бөлімінің/жад картасы ұяшығының қақпағы ішіне өтіп кетуі мүмкін (су өткізбейтін қап, ілмектер, жад картасының ұяшығы немесе түйіспе тұстар сияқты орындарда). Егер бұл орын алса, суды құрғақ, жұмсақ шүберекпен сүртіп алыңыз.
Егер ішкі жағы ылғал болған кезде қақпақ жабылса, бұл сұйық түрге айналуға
немесе ақаулыққа әкелуі мүмкін.
Егер микрофон немесе динамик тесіктерін су тамшылары бітесе, дыбыс
нашарлауы немесе бұрмалануы мүмкін.
- Суды құрғақ, жұмсақ шүберекпен сүртіп алыңыз.
- Микрофон немесе динамик тесіктерін үшкір құралмен теспеңіз. Егер фотокамераның іші зақымдалса, суға төзімділік нашарлауы мүмкін.
xviii
Жұмыс температурасы, ылғалдылық жəне конденсация туралы ескертпелер
Бұл фотокамераның жұмысы -10°C – +40°C температураларда сыналған. Фотокамераны климаты суық аймақтарда пайдаланған кезде мына сақтық шараларды орындаңыз.
Пайдалану алдында фотокамераны және қосалқы батареяларды жылы жерде ұстаңыз.
Батареялар өнімділігі (түсірілген суреттер саны және суретке түсіру уақыты) уақытша төмендейді.
Егер фотокамера өте суық күйде болса, өнімділік уақытша төмендеуі мүмкін, мысалы, фотокамера қосылғаннан кейін монитор бірден әдеттегіден қараңғылау болуы мүмкін немесе қалдық кескіндер пайда болуы мүмкін.
Қар немесе су тамшылары фотокамераның сыртына жабысқан кезде оларды дереу кетіріңіз.
- Егер түймешіктер немесе қосқыштар қатып қалса, олар дұрыс істемеуі мүмкін.
- Егер микрофонды немесе үндеткішті су тамшылары бітеп тастаса, дыбыс
сапасы нашарлауы немесе бұрмалануы мүмкін.
b Жұмыс ортасының жағдайлары, мысалы, температура
жəне ылғалдылық мониторда, объективте немесе жарқыл терезесінде булануға (конденсация) əкелуі мүмкін. Бұл фотокамераның дұрыс жұмыс істемеуі немесе ақаулығы емес.
b Фотокамера ішінде конденсацияны тудыруы мүмкін
қоршаған орта жағдайлары
Монитор, объектив немесе жарқыл терезесі ішіндегі булану (конденсация) кенет температура өзгерістері немесе жоғары ылғалдылық болатын келесі қоршаған орта жағдайларында орын алуы мүмкін.
Фотокамераны жердегі жоғары температурадан су астындағы төмен температураға кенет батыру.
Фотокамераны суық орыннан ғимараттың іші сияқты жылы орынға жылжыту.
Батарея бөлімінің/жад картасы ұясының қақпағын ылғалдылығы жоғары
температурада ашу немесе жабу.
b Булануды тазалау
Қоршаған орта температурасы тұрақты жерде фотокамераны өшіргеннен кейін батарея бөлімінің/жад картасы ұяшығының қақпағын ашыңыз (температурасы/ ылғалдылығы жоғары, құмды немесе шаңды жерден аулақ болыңыз). Булануды жою үшін батарея мен жад картасын алып тастаңыз және фотокамераның қоршаған орта температурасына бейімделуі үшін батарея бөлімінің/жад картасы ұяшығының қақпағын ашық күйде қалдырыңыз.
Егер булану тазаланбаса, сатушыға немесе Nikon рұқсат еткен қызмет көрсету уәкіліне хабарласыңыз.
Кіріспе
xix
Мазмұны
Кіріспе .................................................. ii
Алдымен осыны оқып шығыңыз .............. ii
Кіріспе
Осы нұсқаулық туралы........................ iii
Мәліметтер мен сақтық шаралары...... v
Қауіпсіздік туралы ақпарат.................... viii
ЕСКЕРТУЛЕР ...................................... viii
Ескертулер .............................................. xii
<Маңызды> Соққыға төзімді, суға төзімді,
шаңға төзімді, конденсация .................. xiii
Соққыға төзімділік туралы
ескертпелер....................................... xiii
Суға төзімділік және шаңға төзімділік
туралы ескертпелер.......................... xiv
Фотокамераны су астында пайдалану
алдында............................................... xv
Фотокамераны су астында пайдалану
туралы ескертпелер.......................... xvi
Фотокамераны су астында
пайдаланғаннан кейін тазалау.......... xvi
Жұмыс температурасы, ылғалдылық және конденсация туралы ескертпелер
Фотокамераның бөліктері.................. 1
Фотокамераның корпусы......................... 1
Фотокамера бауын тағу....................... 3
Монитор.................................................... 4
Түсіру режимі....................................... 4
Қарау режимі........................................ 5
Бейімделгіш түймешіктерді пайдалану
xx
......... xix
..... 6
Түсірудің жəне қараудың негіздері ... 8
1-қадам: батареяны салу......................... 8
2-қадам: Батареяны зарядтау............... 10
3-қадам: жад картасын салу.................. 12
Ішкі жад пен жад карталары............... 13
4-қадам: дисплей тілін, күнін жəне
уақытын орнату ...................................... 14
1-қадам: фотокамераны қосу ................ 18
2-қадам: суретті жақтауға алу ............... 20
Масштабтауды пайдалану ................. 21
3-қадам: фокусқа алу жəне түсіру......... 22
Ысырманы босату түймешігі.............. 23
4-қадам: суреттерді қарау ..................... 24
5-қадам: суреттерді жою........................ 25
Суретті жоюға тыйым салу (Суретті
құлыптау)............................................. 27
Түсіру мүмкіндіктері ......................... 28
Түсіру режимінде қол жетімді функциялар
(түсіру мəзірі).......................................... 28
A Point and Shoot (Бағыттау жəне
түсіру)...................................................... 30
Жарқылды пайдалану............................ 31
Автоматты таймерді пайдалану............ 33
Күлкі таймерін пайдалану...................... 35
Choose a Style (Мəнерді таңдау) (Көріністер мен əсерлерге сай суретке түсіру)
Кеңестер мен ескертпелер ............... 38
Decorate (Əсемдеу) ................................ 43
Change Colors (Түстерді өзгерту).......... 44
Change Sounds (Дыбыстарды өзгерту)
............. 37
.... 47
Choose a Size (Өлшемді таңдау).......... 49
Фотосурет өлшемін таңдау................ 49
Бейнефильмнің кадр өлшемін
таңдау ................................................. 50
Бір уақытта пайдаланылмайтын
функциялар............................................ 51
Фокустау ................................................. 53
Бетті анықтау мүмкіндігін пайдалану Тері реңкін жұмсарту функциясын
пайдалану........................................... 54
Автофокус үшін жарамсыз
нысандар............................................ 54
Фокустау құлпы.................................. 55
... 53
Қарау мүмкіндіктері.......................... 56
Қарауды масштабтау ............................ 56
Сурет нобайын қарау ............................ 57
Қарау режимінде (қарау мəзірі) қол
жетімді функциялар............................... 58
Бейнефильмдерді жазу жəне қарау
Бейнефильмдерді жазу......................... 60
Бейнефильмдерді ойнату ..................... 63
... 60
Фотокамераның жалпы
параметрлерін орнату ..................... 65
Фотокамера параметрлерінің мəзірі .... 65
Фотоаппаратты теледидарға, компьютерге немесе принтерге жалғау
Қосу əдістері .......................................... 67
Пайдалану ViewNX 2............................. 69
Орнату ViewNX 2................................ 69
Суреттерді компьютерге тасымалдау
Суреттерді қарау ............................... 72
.................... 67
.... 70
Анықтамалық нұсқаулық.............. E1
Суреттермен көңіл көтеріңіз ...... E2
E
Exchange Messages (Хабар алмасу)
Leave a Message (Хабар қалдыру)
Leave a Reply (Жауап қалдыру) .... E4
Play Recordings (Жазбаларды ойнату) Erase Recordings
(Жазбаларды өшіру)....................... E5
V Picture Play (Суретті қарау)........... E7
Суреттерді өңдеудің алдында........ E7
D Make Photo Albums
(Фотоальбомдар жасау)................. E8
W Add a Fisheye Effect (Балық көзі
әсерін қосу) .................................. E10
Z Toy Camera
(Ойыншық фотокамера)............... E10
Q Soften Pictures (Суреттерді
жұмсарту)...................................... E11
f Add Starbursts (Жұлдызшаларды
қосу) .............................................. E11
M Add a Diorama Effect (Диорама
әсерін қосу) .................................. E12
d
Change Colors (Түстерді өзгерту)
P Highlight Colors
(Белгіленген түстер)..................... E14
A Decorate (Әсемдеу)................. E15
A Grading (Сұрыптау) ..................... E16
Суреттерді сұрыптау.................... E16
Сұрыпталған суреттерді көру...... E18
Барлық сұрыптау белгілерін жою
Көру ........................................... E20
G
View by Date (Күні бойынша көру)
m
Slide Show (Слайд көрсетілімі)
Суреттерді таңдау ........................ E21
Choose a Theme (Тақырыпты таңдау)
G
View Movie (Бейнефильмді көру)
..... E2
..... E2
.... E5
... E13
... E19
.... E20
..... E21
...... E25
... E26
Кіріспе
xxi
Параметрлер ............................. E27
y Retouch (Өңдеу)........................... E27
h Copy (Көшіру) ........................... E27
d
Rotate Pictures (Суреттерді бұру)
s
Small Picture (Кішкентай сурет)
a Print Order (Баспа пəрмені) ......... E32
l Camera Settings (Фотокамера
Кіріспе
параметрлері) ................................... E34
Welcome Screen (Сәлемдесу экраны)
Date and Time (Күн мен уақыт)..... E35
Brightness (Жарықтық).................. E36
Print Date (Күнді басу)................... E37
Electronic VR (Электрондық дірілді
азайту функциясы) ....................... E38
AF Assist (АФ көмекші құрылғысы) Format Memory (Жадты пішімдеу)/ Format Card (Картаны пішімдеу)
Language (Тіл)............................... E41
Menu Background (Мәзірдің фоны)
Video Mode (Бейне режимі) ......... E42
Charge by Computer (Компьютермен
зарядтау) ....................................... E43
Reset All (Барлығын қалпына келтіру) Firmware Version (Шағын бағдарлама
нұсқасы) ........................................ E44
Қосылымдар .............................. E45
Фотокамераны теледидарға қосу .... E45
Фотокамераны принтерге жалғау.... E47
Фотокамераны принтерге жалғау Жеке суреттерді басып шығару
Бірнеше сурет басып шығару ...... E52
Қосымша ақпарат...................... E55
Қате хабарлары ................................ E55
Файл атаулары ................................. E58
Қосалқы құралдар............................. E59
.... E30
.... E31
..... E34
.... E39
..... E40
... E41
.... E44
..... E48
..... E50
Техникалық ескертпелер жəне
индекс ............................................ F1
Өнімнің күтімі....................................... F2
Фотокамера ..................................... F2
Батарея ............................................ F5
Айнымалы токпен зарядтау
адаптері............................................ F6
Жад карталары................................ F7
Тазалау жəне сақтау........................... F8
Тазалау............................................. F8
Сақтау............................................... F9
Ақауларды жою ................................. F10
Техникалық сипаттар........................ F18
Бекітілген жад карталары ............. F24
Алфавиттік көрсеткіш........................ F27
xxii
Фотокамераның бөліктері
9 8
7
6654321
1 Ысырманы босату түймешігі ...........22
2
Қуат ажыратқышы/іске қосылу
шамы .................................................18
3 Жарқыл .............................................31
4
Автоматты таймер шамы .................33
АФ қосымша шамы...........................65
5
b (e бейнефильмді жазу)
түймешігі............................................60
6
Фотокамера бауына арналған тесік
.....3
7 Үндеткіш.............................................64
8 Микрофон (стерео) ..........................60
9 Объектив (қорғауыш әйнегі бар)

Фотокамераның корпусы

Фотокамераның бөліктері

1
2
1 Бейімделгіш түймешіктер .......6, 28, 58
2 Монитор .............................................. 4
3
Зарядтау шамы.................................11
Жарқыл шамы................................... 32
4
Мульти селектор
H: телефото ...................................21
I: кең бұрыш..................................21
5 c
(түсіру/қарау режимі) түймешігі
...24
6
Батарея бөлімі/жад картасы
ұяшығының қақпағы......................8, 12
7
USB/дыбыс/бейнесигнал шығысының
ұясы ...................................................67
8 Батарея бөлімі ....................................8
9 Жад картасының ұяшығы .................12
10 HDMI шағын жалғағыш (D түрі) ........67
11 Суға төзімді орауыш ...................xiv, xv
12 Штатив ұясы................................. F20
3
Фотокамераның бөліктері
1
2
4
5
6
12 9 810 711

Фотокамера бауын тағу

Бауды сол жақ немесе оң жақ бау тесігі арқылы өткізіп, тағыңыз.
2
3
1
Фотокамераның бөліктері
3

Монитор

9 99
2 9m 0s
1 /2 5 0
F 3.3
1 0
1 0
30s
2 9m 0s
9 99
9 99 9
2 9m 0s
1 Бейімделгіш белгішелер ....................6
2
«Айы-күні орнатылмаған»
индикаторы ................................. 14, 65
3 Ысырма жылдамдығы......................23
4 Апертура мәні ..................................23
5 Жарқыл режимі ................................31
6
Change colors (Түстерді өзгерту)
белгіше ..............................................44
7
Өздігінен түсіруді реттейтін таймер
индикаторы ....................................... 33
8 Күлкі таймері..................................... 35
9
Shoot at intervals (Аралықтармен
түсіру) белгіше.................................39
10 Батарея қуатының индикаторы .......18
11 Суретті құлыптау белгішесі ..............27
12 Масштабтау индикаторы ..................21
13 Суретке түсіру режимі................30, 37
14
Бейнефильмді жазу кезінде қалған
уақыт..................................................60
15
Қалған кадрлар саны
(фотосуреттер) ...........................18, 50
16 Ішкі жад индикаторы .........................18
17 Фокустау индикаторы .......................22
18 Фокустау аумағы...............................22
19 Фокустау аумағы (бетті анықтау) .....22
Түсіру және қарау барысында мониторда көрсетілетін ақпарат фотокамераның параметрлеріне және қолданыс жағдайына қарай өзгеріп тұрады.

Түсіру режимі

7
Фотокамераның бөліктері
1 32
19
5
4
1/250
F3.3
17
18
6
29m 0s
9999
999
16
999
15
10
29m 0s 29m 0s
10
8
30s1m1m5m5m
11
12
13
14
9
10
4

Қарау режимі

9 99
1 5/ 0 5/ 2 0 14
1 5: 3 0
2 9m 0s
9 99
9 99 9
2 9m 0s
1 Бейімделгіш белгішелер ....................6
2 Түсіру күні.........................................14
3 Түсіру уақыты ...................................14
4 Хабар (жауап)..........................58, E4
5 Хабар .......................................58, E2
6 Кесу индикаторы ..............................56
7 Батарея қуатының индикаторы .......18
8
Зарядтау айнымалы ток адаптерін жалғау индикаторы
9 Суретті құлыптау белгішесі ..............27
10 Дыбыс деңгейінің индикаторы .........64
11 Толық өлшемде қарауға ауысу........57
12 Қарау режимі ....................................58
13 Бейнефильмді/хабарды жазу уақыты 14 Ағымдағы кескін нөмірі
15 Ішкі жад индикаторы .........................13
16 Сұрыптау белгісі................... 58, E16
15:30
15
9999
999
1416
65
999
1 324
15/05/2014
29m 0s 29m 0s
7
8
9
10
11
Фотокамераның бөліктері
12
13
C Түсіру режимі немесе қарау режимі кезінде ақпарат көрсетілмесе
Кейбір мәліметтерден басқа мәліметтер бірнеше секунд бойы ешбір әрекет орындалмаған жағдайда көрсетілмейді. Ақпарат бейімделгіш түймешікті немесе мульти селекторды басқаннан кейін қайтадан көрсетіледі.
5

Бейімделгіш түймешіктерді пайдалану

11 0 0
20 m 0s
4
15 / 0 5/ 2 01 4
15 : 3 0
Түсіру режимі
Қарау режимі
1-бейімделгіш түймешік
2-бейімделгіш түймешік
3-бейімделгіш түймешік
4-бейімделгіш түймешік
1-бейімделгіш түймешік
2-бейімделгіш түймешік
3-бейімделгіш түймешік
4-бейімделгіш түймешік
Түсіру экраны немесе қарау экраны көрсетіліп тұрғанда бейімделгіш түймешікті бассаңыз, ағымдағы режимнің мәзірі көрсетіледі. Мәзір көрсетілгенде, әр түрлі параметрлерді өзгертуге болады.
Бұл құжатта, бейімделгіш түймешіктер жоғарыдан төмен қарай «1-бейімделгіш түймешік» - «4-бейімделгіш түймешік» деп аталады.
Фотокамераның бөліктері
6
15/05/2014
15:30
1100
20m 0s
4
Loading...
+ 158 hidden pages