Wi-Fi (сымсыз жергілікті желі) функциясын пайдалану
15
Техникалықескертпелер16
Кіріспе
Алдымен осыны оқып шығыңыз
Осы Nikon өнімнің барлық мүмкіндіктерін пайдалану үшін, «Қауіпсіздік
туралы ақпарат» (Avii-ix) және «Wi-Fi (сымсыз жергілікті желі)» (Axi)
бөлімдерін және барлық нұсқаулықтарды міндетті түрде мұқият оқып
шығыңыз да, кейін фотокамераны пайдаланатын барлық адамдар
пайдалана алатындай жерде сақтаңыз.
• Фотокамераны бірден қолдана бастағыңыз келсе, «Сурет түсіруге
дайындау» (A1) және «Негізгі суретке түсіру және қарау әрекеттері»
(A6) бөлімдерін қараңыз.
«Анықтамалықнұсқаулық» жүктепалу
Анықтамалық нұсқаулық (PDF пішімінде) осы фотокамераны пайдалану
туралы көптеген тілдердегі толық мәліметтерді береді. Анықтамалық
нұсқаулықты Nikon веб-сайтынан жүктеп алыңыз және осы
нұсқаулықпен бірге оған да жүгініңіз.
http://nikonimglib.com/manual/
• Анықтамалық нұсқаулықты Adobe Reader арқылы көруге болады, оны
Adobe веб-сайтынан тегін алуға болады.
ViewNX 2 жүктеп алу
ViewNX 2 – кескіндер мен бейнефильмдерді көру, өзгерту және бөлісу
үшін компьютерге тасымалдауға мүмкіндік беретін тегін бағдарламалық
жасақтама.
ViewNX 2 бағдарламасын орнату үшін ViewNX 2 орнатқышын Nikon
веб-сайтынан жүктеп алып, экрандағы орнату нұсқауларын орындаңыз.
http://nikonimglib.com/nvnx/
Nikon пайдаланушысынақолдаукөрсету
Фотокамераны тіркеу үшін келесі сайтқа өтіңіз және өнім туралы соңғы
мәліметтерді жаңартып отырыңыз. Жауаптарды жиі қойылатын
сұрақтардан табуға болады және техникалық қолдау алу үшін бізге
хабарласыңыз.
http://www.europe-nikon.com/support
ii
Кіріспе
Қаптаманың ішін түгендеу
Оларды екі жерге
тағыңыз.
Кез келген бір құралы жоқ болса, фотокамераны сатқан дүкенге хабарласыңыз.
COOLPIX L840
Сандық
фотокамера
USB кабелі
UC-E16
* Ішінде тұрған батареялар тек сынақ үшін пайдалануға арналған.
ЕСКЕРТПЕ:
және SDXC жад карталары осы нұсқаулықта «жад карталары» деп аталады.
Жад картасы фотокамерамен бірге берілмейді. SD, SDHC
Фотокамера
бауы
Пайдаланушының қысқаша нұсқаулығы
(осы нұсқаулық)
Кепілдік (осы нұсқаулық мұқабасының артқы жағында
басылған)
Фотокамера пайдаланылмаған кезде, объективті қақпағын жабу арқылы қорғаңыз.
Кіріспе
iii
Мəліметтер мен сақтық шаралары
Өмір бойы үйрену
Nikon компаниясының «Өмір бойы үйрену» міндеттемесінің бөлігі ретінде
ағымдағы өнімге қолдау көрсету және ол туралы білімді жетілдіру, үздіксіз
жаңартылған ақпарат келесі веб-сайттарда қол жетімді болады:
• АҚШ пайдаланушылары үшін: http://www.nikonusa.com/
• Еуропа мен Африка пайдаланушылары үшін:
http://www.europe-nikon.com/support/
• Азия, Океания мен Таяу Шығыс пайдаланушылары үшін:
http://www.nikon-asia.com/
Осы веб-сайттарға өтіп соңғы өнімдердің ақпаратын, кеңестерін, жиі
қойылатын сұрақтардың жауаптарын және сандық бейнелеу мен фотосурет
түсіруге қатысты жалпы кеңестерді алыңыз. Қосымша ақпаратты
аймағыңыздағы Nikon өкілінен алуға болады. Байланыс мәліметтерін алу үшін
төмендегі веб-сайтқа кіріңіз.
http://imaging.nikon.com/
Nikon маркалы электрондық қосалқы құралдарды ғана
пайдаланыңыз
Nikon COOLPIX фотокамералары жоғарғы стандарттар үшін жасалған және
күрделі электронды схеманы қамтиды. Nikon осы Nikon фотокамерасымен
арнайы пайдалануға мақұлдаған Nikon маркалы электрондық қосалқы
құралдар (соның ішінде, батарея зарядтағыштары, батареялар мен
айнымалы ток адаптерлері) шығарылған және осы электрондық схемалардың
жұмыс және қауіпсіздік талаптары бойынша пайдалануға арналған.
N
IKON МАРКАЛЫ ЕМЕС ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚОСАЛҚЫ ҚҰРАЛДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
ФОТОАППАРАТҚА ЗАҚЫМ КЕЛТІРУІ ЖӘНЕ
МҮМКІН.
Nikon тауар белгісі бар керек-жарақтар туралы қосымша ақпаратты алу үшін
Nikon жергілікті өкілетті сатушыларымен байланысыңыз.
Маңызды суреттерді түсірмес бұрын
Маңызды оқиғаларда (мысалы үйлену тойларында немесе фотокамераны
саяхатта алып жүргенде) сурет түсірмес бұрын, сынап түсіріп
фотокамераның дұрыс істеп тұрғанын тексеріңіз. Өнімнің істемеуі
нәтижесінде пайда болған зақымдар немесе жоғалған табыстар үшін Nikon
жауапты болмайды.
N
IKON КЕПІЛДІГІНІҢ КҮШІН ЖОЮЫ
iv
Кіріспе
Нұсқаулықтар туралы ақпарат
• Nikon компаниясының жазбаша рұқсатынсыз осы өніммен берілген
нұсқаулықтардың ешбір бөлігін ешбір түрде ешбір жолмен қайта шығаруға,
тасымалдауға, қайта жазуға, іздеу жүйесінде сақтауға немесе кез келген
тілге аударуға болмайды.
• Осы нұсқаулықтағы суреттер мен монитор мазмұны негізгі өнімнен басқаша
болуы мүмкін.
• Nikon компаниясы осы нұсқаулықта сипатталған жабдықтың және
бағдарламалық құралдың техникалық сипаттарын кез келген уақытта алдын
ала ескертусіз өзгертуге құқылы.
• Nikon компаниясы осы өнімді пайдаланудың нәтижесінде орын алған
зақымдар үшін жауапты болмайды.
• Осы нұсқаулықтардағы ақпараттың дәл әрі толық болуына барлық
күш-жігер жұмсалғанмен, кез келген қатені немесе жетіспеушілікті
аймағыңыздағы Nikon уәкіліне (мекенжай бөлек беріледі) хабарлауыңыз көп
септігін тигізер еді.
Көшірме жасау немесе қайта шығару тыйымына
қатысты ескерту
Сканер, сандық фотокамера немесе басқа құрылғы көмегімен сандық түрде
көшірілген немесе қайта шығарылған материалды иеленудің өзі заң бойынша
жазалануы мүмкін екенін ескеріңіз.
• Көшірмесін жасауға немесе қайта шығарылуына тыйым салынған
элементтер
Қағаз ақшаның, тиындардың, құнды қағаздардың, мемлекеттік
облигациялардың немесе жергілікті мемлекеттік облигациялардың (ондай
көшірмелердің немесе қайта шығарылған құжаттардың үстінде «Үлгі» деген
белгі болса да) көшірмесін жасамаңыз немесе оларды қайта шығармаңыз.
Шетелдегі елде жүретін қағаз ақшаларды, тиындарды немесе құнды
қағаздарды қайта шығаруға немесе олардың көшірмесін жасауға тыйым
салынады. Мемлекеттен алдын ала рұқсат алынған жағдайда ғана мемлекет
берген қолданылмайтын пошталық маркалардың немесе ашық хаттардың
көшірмесін жасауға және оларды қайта шығаруға болады.
Мемлекет берген маркалардың және заңмен көзделген куәландырылған
құжаттардың көшірмесін жасауға немесе оларды қайта шығаруға тыйым салынады.
• Белгілі көшірмелерге жəне қайта шығарылған құжаттарға қатысты
ескертулер
Мемлекет жеке компаниялар берген құнды қағаздардың (үлестер, есептер,
чектер, сыйлық куәліктер, т.б.), жеңілдік рұқсат карталарының немесе
купондық билеттердің көшірмелері мен қайта шығаруларына ескертулер
(қажетті көшірмелердің ең азы компанияның іскери қолданысы үшін берілген
жағдайлардан тыс) шығарған. Сонымен қатар, мемлекет берген
паспорттардың, мемлекеттік мекемелер мен жеке топтар берген
лицензиялардың, куәліктердің және рұқсат қағаздары мен тамақ купондары
сияқты билеттердің көшірмелерін жасауға немесе қайта шығаруға болмайды.
• Авторлыққұқықескертулерінесайболуы
Кітаптар, музыка, суреттер, ағашта ойылған басылымдар, карталар,
сызбалар, бейнефильмдер және фотосуреттер сияқты авторлық құқықты
шығармашылық жұмыстардың көшірмелері мен қайта шығарылуы ұлттық
және халықаралық авторлық құқық заңдарына бағынады. Осы өнімді заңсыз
көшірме жасауға немесе авторлық құқықтарды бұзуға қолданбаңыз.
Кіріспе
v
Дерек сақтау құрылғыларын қоқысқа тастау
Суреттерді жою және дерек сақтау құрылғыларын (мысалы, жад карталары
немесе ішкі фотокамера жады) пішімдеу бастапқы сурет деректерін
толығымен жоймайтынын ескеріңіз. Жойылған файлдар сатылатын
бағдарламалық құралдың көмегімен қоқысқа тасталған сақтау
құрылғыларынан қалпына келтіріліп, жеке суреттер деректері қаскүнемдік
жасау мақсатында қолданылуы мүмкін. Осындай деректердің құпиялылығын
қамтамасыз ету пайдаланушының міндеті болып келеді.
Дерек сақтау құрылғысын қоқысқа тастағанда немесе өнімді басқа адамның
иелігіне бергенде, сатылатын бағдарламалық құралдардың көмегімен бүкіл
деректерді өшіріңіз немесе құрылғыны пішімдеп, жеке ақпараты жоқ
суреттермен (мысалы, бұлтсыз аспан кескіндері) толтырыңыз. Дерек сақтау
құрылғыларын физикалық түрде жойғанда, жарақат алмау немесе жеке
меншікке зақым келтірмеу үшін абайлау керек.
Wi-Fi параметрлерін жою үшін Wi-Fi опциялары мәзіріндегі Restore default
settings (Əдепкі параметрлерді қалпына келтіру) опциясын (A13)
таңдаңыз.
Conformity Marking (Растауды белгілеу)
Фотокамера сәйкес келетін стандарт белгілерінің кейбіреуін көрсету
үшін төмендегі әрекеттер ретін орындаңыз.
d түймешігін Mz мәзір белгішесін M Conformity marking (Растауды
белгілеу) M k түймешігін басыңыз
vi
Кіріспе
Қауіпсіздік туралы ақпарат
Nikon өніміңізге зақым келтірмеу немесе өзіңіз не басқа адамдар
жарақат алмау үшін, осы жабдықты пайдаланбас бұрын төмендегі
сақтық шараларды толығымен оқып шығыңыз. Осы қауіпсіздік
нұсқауларын осы өнімді пайдаланатын барлық адамдар оқитын жерде
сақтаңыз.
Осы белгішемен ықтимал жарақатты болдырмау үшін Nikon өнімін
пайдаланбас бұрын оқылуы тиіс ескертулер, ақпарат белгіленеді.
ЕСКЕРТУЛЕР
Істемей тұрған жағдайда өшіріңіз
Фотоаппараттан немесе айнымалы ток адаптерінен түтін немесе
қалыпты емес иіс шықса, айнымалы ток адаптерін розеткадан
ажыратып, күйік жарақатын алмауға тырысып батареяларды дереу
шығарыңыз. Жұмысы жалғасса, жарақат алынуы мүмкін. Қуат көзін
шығарғаннан немесе ажыратқаннан кейін, жабдықты Nikon мақұлдаған
қызмет көрсету уәкіліне апарып тексертіңіз.
Бөлшектемеңіз
Фотоаппараттың немесе айнымалы ток адаптерінің ішкі бөліктеріне қол
тигізсе, жарақат алынуы мүмкін. Жөндеу жұмыстарын тек білікті
мамандар орындау керек. Құлап немесе басқа келеңсіз оқиға
нәтижесінде фотоаппарат немесе айнымалы ток адаптері сынып
ашылса, өнімді розеткадан ажыратқаннан және/немесе батареяларды
шығарғаннан кейін өнімді Nikon мақұлдаған қызмет көрсету уәкіліне
апарып тексертіңіз.
Фотоаппаратты немесе айнымалы ток адаптерін жанатын
газы бар жерде пайдаланбаңыз
Электрондық жабдықты жанатын газы бар жерде пайдаланбаңыз,
жарылыс немесе өрт шығу қаупі бар.
Фотоаппарат бауын абайлап пайдаланыңыз
Бауды нәрестенің немесе баланың мойнына аспаңыз.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз
Сәбилердің батареяларды немесе басқа шағын бөлшектерді
ауыздарына салуын болдырмау үшін әсіресе сақ болу керек.
Қосулы немесе қолданыста болғанда, фотоаппаратты,
батарея зарядтағышты немесе айнымалы ток адаптерін ұзақ
ұстамаңыз
Құрылғылардың бөлшектері ыстық болып кетеді. Құрылғыларды теріге
тиген күйде ұзақ қалдырса, төменгі температуралық күйіктер алынуы
мүмкін.
Кіріспе
vii
Өнімді қатты қызып кететін жерде қалдырмаңыз, мысалы,
жабық көлікте немесе тікелей күн сəулесі түсетін жерде
Осы сақтық шараны орындамау зақымдануына немесе тұтануына әкелуі мүмкін.
Батареяларды қолданғанда сақ болыңыз
Дұрыс қолданбаса, батареялардың сұйықтығы ағып кетуі немесе өзі
жарылуы мүмкін. Осы өнімде батареяларды қолданғанда, төмендегі
сақтық шараларды қадағалаңыз:
•
Батареяларды ауыстырмас бұрын, өнімді өшіріңіз. Айнымалы ток адаптерін
пайдаланған жағдайда, оның розеткадан ажыратылғанын тексеріңіз.
• Осы өніммен пайдалануға мақұлданған батареяларды ғана
пайдаланыңыз (A1). Ескі және жаңа, сондай-ақ әр түрлі үлгідегі
немесе түрдегі батареяларды бірге пайдаланбаңыз.
зарядтаған кезде тек көрсетілген зарядтау құрылғысын
пайдаланыңыз және батареяларды төртеуден зарядтаңыз.
Батареяларды EN-MH2-B2 батареяларымен (бөлек сатылады)
ауыстырған кезде екі жинақты (жалпы төрт батарея) сатып алыңыз.
• Зарядталатын EN-MH2 батареялары Nikon сандық
фотоаппараттарымен пайдалануға ғана арналған және COOLPIX
L840 фотокамерасымен үйлесімді болып келеді.
• Батареяларды дұрыс салыңыз.
•
Батареяларды қысқартпаңыз немесе бөлшектемеңіз, сондай-ақ
батареяның оқшауын немесе қаптамасын шешпеңіз немесе бұзбаңыз.
• Батареяларды отқа тастамаңыз немесе қатты қыздырмаңыз.
• Суға батырмаңыз немесе сулы жерде пайдаланбаңыз.
• Моншақтар немесе шаш қыстырғыштары сияқты темір заттармен
тасымалдамаңыз немесе сақтамаңыз.
• Заряды толық біткенде батареялар сұйықтық шығаруға бейім болады.
Өнімді зақымдап алмау үшін, заряды болмаған батареяны өнімнен
шығарып қоюды ұмытпаңыз.
• Батареяда кез келген түссіздену немесе деформация сияқты өзгеріс
байқалса, пайдалануды дереу тоқтатыңыз.
• Зақымданған батареялардан шыққан сұйықтық киімге немесе теріге
• Құрғақ ұстаңыз. Бұл сақтық шараны қадағаламаса, өрт шығуы немесе
электр тогы соғуы мүмкін.
• Штепсельдің темір бөлшектеріндегі немесе солардың жанындағы
шаңды құрғақ шүберекпен сүрту керек. Пайдалануды жалғастыру
өртке әкелуі мүмкін.
• Найзағайлы боранда қуат сымын қолданбаңыз немесе батарея
зарядтағышқа жақындамаңыз. Бұл сақтық шараны қадағаламаса,
электр тогы соғуы мүмкін.
• Қуат сымын зақымдамаңыз, өзгертпеңіз, күшпен тартпаңыз немесе
бүкпеңіз, оны ауыр заттардың астына салмаңыз немесе
қыздырмаңыз әрі отқа жақпаңыз. Оқшауы зақымданса және сымдары
көрініп қалса, Nikon мақұлдаған қызмет көрсету уәкіліне апарып
тексертіңіз. Бұл сақтық шараларды қадағаламаса, өрт шығуы немесе
электр тогы соғуы мүмкін.
viii
Кіріспе
• Штепсельді немесе батарея зарядтағышты дымқыл қолмен
ұстамаңыз. Бұл сақтық шараны қадағаламаса, электр тогы соғуы
мүмкін.
• Тасымалдау түрлендіргіштерімен немесе бір кернеуден екіншісіне
түрлендіруге арналған адаптерлермен, не болмаса DC-AC
инвертерлерімен бірге пайдаланбаңыз. Осы сақтық шара
қадағаланбаса, өнім зақымдалуы, қызуы немесе өрт шығуы мүмкін.
Тиісті кабельдерді пайдаланыңыз
Кіріс және шығыс ұяларына кабельдерді жалғағанда, өнімнің
ережелеріне сай болуы үшін Nikon компаниясы сол мақсатта
қамтамасыз еткен немесе сатқан кабельдерді ғана пайдаланыңыз.
Объективтің қозғалмалы бөлшектерін ұстамаңыз
Осы сақтық шарасын ескермеу жарақаттануға әкелуі мүмкін.
Қозғалатын бөлшектерді абайлап пайдаланыңыз
Саусақтарыңыз немесе басқа заттар объектив қақпағына немесе басқа
қозғалатын бөлшектерге қысылып қалмауын қадағалаңыз.
Нысан көзінің жанында жарқылды пайдаланса, оның көру
қабілеті уақытша жоғалуы мүмкін
Жарқыл нысаннан кемінде 1 метр жерде болуы керек. Сәбилерді
суретке түсіргенде, өте абай болу керек.
Жарқылды оның терезесі адамға немесе затқа тиіп тұрғанда
істетпеу керек
Бұл сақтық шараны қадағаламаса, күйік жара алынуы немесе өрт
шығуы мүмкін.
Сұйық кристаллға тимеңіз
Монитор сынса, сынған әйнекпен жарақат алуға және монитордағы
сұйық кристаллдың теріге тиюіне, көзге не ауызға кіруіне жол бермеңіз.
Ұшақ жəне аурухана қызметкерлеріні
орындаңыз
ң нұсқаула
рын
Кіріспе
ix
Ескертулер
Еуропадағы тұтынушыларға арналған ескертпелер
Бұл таңба электрлік және электрондық жабдықтардың бөлек
жиналуы керектігін білдіреді.
Төмендегі жағдайлар Еуропа елдерінің пайдаланушыларына
ғана қатысты:
• Бұл өнім тиісті жинау орнында бөлек жинауға арналған.
Тұрмыстық қоқыспен бірге тастамаңыз.
• Бөлек жинау және қайта өңдеу табиғи ресурстарды сақтауға және
дұрыс емес лақтырудан пайда болуы мүмкін адам денсаулығына
және қоршаған ортаға теріс салдарларды болдырмауға көмектеседі.
• Қосымша ақпаратты сатушыдан немесе қоқыстың жиналуын
қадағалайтын жергілікті басқару органдарынан алыңыз.
Батареялардағы бұл таңба батареяларды бөлек жинау керек
екенін көрсетеді.
Төмендегі жағдайлар Еуропа елдерінің пайдаланушыларына
ғана қатысты:
• Осы таңбамен белгіленген де, белгіленбеген де бүкіл
батареялар тиісті жинау орнында бөлек жиналуға арналған.
Тұрмыстық қоқыспен бірге тастамаңыз.
• Қосымша ақпаратты сатушыдан немесе қоқыстың жиналуын
қадағалайтын жергілікті басқару органдарынан алыңыз.
Кеден Одағының мəлімдемесі(декларация)
үшін ақпарат/сертификат
Ресей Федерациясы, Мәске, 105120, 2-шi
Сыромятнический тар көш, уй 1
Телефон: +7 (495) 663-77-64
Шығарушы ел : Қытай
Сертификат/Сəйкестік мəлімдеме : ТС N RU Д-JP.АЯ46.B.73274
Жарамдылық мерзімі :
Сертификаттау мүшесі :
x
Кіріспе
мұқабасын қараңыз
26.11.2014 бастап 30.07.2017 дейін
"РОСТЕСТ-МОСКВА"
Wi-Fi (сымсыз жергілікті желі)
Бұл өнім АҚШ-тың Экспортты басқару ережелері бойынша бақыланады,
сондықтан осы өнімді АҚШ эмбарго салған басқа кез келген елге
экспорттағыңыз немесе қайта экспорттағыңыз келсе, онда АҚШ
үкіметінен рұқсат алу талап етіледі. Мына елдерге эмбарго салынған:
Куба, Иран, Солтүстік Корея, Судан және Сирия. Жеткізілетін елдер
тізімі өзгеріп отыруы мүмкін болғандықтан, соңғы ақпаратты алу үшін
АҚШ Сауда Департаментімен хабарласыңыз.
Сымсыз құрылғыларға қатысты шектеулер
Осы өнімнің құрамындағы сымсыз қабылдағыш-таратқыш сатылатын
белгілі бір елдегі сымсыз желіге қатысты ережелерге сай болса, оны
басқа елдерде пайдалануға болмайды (Еуро Одақ және Еуропалық
еркін сауда ассоциациясы елдерінде сатып алынған өнімдерді кез
келген Еуро Одақ және Еуропалық еркін сауда ассоциациясы елінде
пайдалануға болады). Nikon компаниясы басқа елдерде пайдалануға
қатысты жауапты болмайды. Пайдаланушылар өнім сатылған ел туралы
білмесе, олар өздерінің Nikon жергілікті қызмет орталығымен немесе
рұқсаты бар Nikon қызмет өкілімен хабарласа алады. Осы шектеу тек
сымсыз желіге ғана қатысты және ол осы өнімнің басқа бөліктеріне
қолданылмайды.
Сəйкестік туралы мəлімдеме (Еуропа)
Осы жерде Nikon корпорациясы COOLPIX L840 құрылғысының 1999/5/
EC директивасының маңызды талаптары мен басқа да қатысты
ережелеріне сай екенін мәлімдейді. Осы сәйкестік туралы мәлімдемені
http://imaging.nikon.com/support/pdf/DoC_L840.pdf құжатынан көруге
болады.
Кіріспе
xi
Loading...
+ 25 hidden pages
You need points to download manuals.
1 point = 1 manual.
You can buy points or you can get point for every manual you upload.