HP Jetdirect 1200w User Manual [kk]

Пайдаланушы нұсқаулығы
Jetdirect 1200w NFC/Wireless Mobile Print Accessory
HP Jetdirect 1200w NFC/сымсыз мобильді басып шығару қосалқы құралы
KKWW 1

HP 1200w NFC/сымсыз мобильді басып шығару қосалқы құралы

Мүлде жаңа HP өнімімен жұмысты бастаңыз (тек АҚШ тұтынушылары үшін).
ЕСКЕРТПЕ: соңғы функцияларды алу және принтер үйлесімділігін қамтамасыз ету үшін HP
компаниясы соңғы микробағдарламаға жаңартуды ұсынады. Мына бөлімді қараңыз: HP 1200w NFC/
сымсыз мобильді басып шығару қосалқы құралының микробағдарламасын жаңарту (36-бет).
HP 1200w Accessory көп HP принтерлеріне NFC, HP Wireless Direct және сымсыз желімен (Wi-Fi немесе WLAN) басып шығару мүмкіндігін қосады. HP Wireless Direct арқылы басып шығару мүмкіндігі сымсыз мобильді құрылғыдан желіге немесе интернетке байланысты қажет етпестен HP Wireless Direct қолдайтын принтерге тікелей басып шығаруға мүмкіндік береді. HP Wireless Direct мүмкіндігі туралы ақпаратты HP ePrint бағдарламалық құралын басып шығару және жаңарту әдісі (18-бет) бөлімінен қараңыз:
HP NFC функциясын пайдаланып смартфон немесе планшет сияқты мобильді құрылғыдағы құжаттарды және кескіндерді жай HP 1200w қосалқы құралының NFC антеннасына тигізу арқылы басып шығарыңыз.
Бұған қоса, HP 1200w Accessory құрылғысын компьютерлер сияқты басқа сымсыз құрылғыларға ұқсас бұрыннан бар сымсыз желіге қосу арқылы WLAN желісінде басып шығару режимінде пайдалануға болады. Желідегі әр сымсыз құрылғы сымсыз маршрутизатор арқылы байланысады.
HP Wireless Direct мүмкіндігін және Wi-Fi арқылы басып шығаруды мына құрылғылардан басып шығару үшін пайдаланыңыз:
AirPrint функциясын немесе HP ePrint қолданбасын пайдаланатын iPhone, iPad немесе iPod.
HP ePrint қолданбасын немесе Android ендірілген басып шығару шешімін пайдаланатын Android
мобильді құрылғылары.
HP ePrint бағдарламалық құралын пайдаланатын ДК және Mac құрылғылары.
ЕСКЕРТПЕ: OS X 10.7 және жаңалау нұсқалар пайдаланылатын Mac компьютерлері де Apple
AirPrintTM арқылы басып шығара алады.

HP 1200w NFC/сымсыз мобильді басып шығару қосалқы құралы туралы

Төменде мүмкіндіктер тізілген, әрі HP 1200w қосалқы құралындағы жарық диодты күй шамдары және көп функциялы түйме сипатталған.

HP 1200w NFC/сымсыз мобильді басып шығару қосалқы құралының мүмкіндіктері туралы жиынтық мәліметтер

1 Мүмкіндіктер туралы жиынтық мәліметтер
Кесте
Қолдау көрсетілетін мобильді клиенттер HP ePrint бағдарламалық құралы (Windows және Mac), Android Mopria, Apple
AirPrintTM, HP Android кірістірілген немесе «In-OS» (ОЖ ішіндегі) басып шығару жүйесі, iOS ePrint қолданбасы, Android ePrint қолданбасы
2 HP Jetdirect 1200w NFC/сымсыз мобильді басып шығару қосалқы құралы KKWW
Кесте 1 Мүмкіндіктер туралы жиынтық мәліметтер (жалғасы)
HP 1200w NFC/сымсыз мобильді басып шығару қосалқы құралының енгізілген веб-сервері
Жабдық Жинақтың бөлшек нөмірі: E5K46A
Кіріс/шығыс USB 2.0 жылдамдығы жоғары хост порты
Басқару тақтасы 2 көп түсті күй жарық диоды
Қолдау көрсетілетін шығыс пішімдері PCL 5 растрлік суреті
Кіру нүктесінің IP мекенжайы: 192.168.223.1
HP 1200w қосалқы құралының EWS басты беті: http://192.168.223.1/view/
home
Желілік атаудың (SSID) әдепкі пішімі: HP-Print-XY-1200w Mobile Print (мұндағы XY MAC мекенжайының соңғы 2 цифрын білдіреді)
Сыртқы қуат көзі: 95S5CA00-01H айнымалы ток адаптері
USB 2.0 жылдамдығы жоғары құрылғы порты
Wi-Fi: 802.11b/g/n 1x1 (2,4 ГГц диапазоны)
Қосылатын Wireless Direct клиенттерінің ең көп саны: 5
1 түйме (WPS/өзіндік сынақ - құрылғы конфигурациясы/зауыттық параметрлерді қалпына келтіру)
PCL 3GUI растрлік суреті
PCL XL растрлік суреті
PCLmS растрлік суреті
ZJ ағыны
Қолдау көрсетілетін кіріс пішімдері CUPS растрлік суреті
Әмбебап растрлік пішім (URF)
PCLm

HP 1200w NFC/сымсыз мобильді басып шығару қосалқы құралының жарық диоды

Екі жарық диоды жалпы құрылғы күйін көрсетеді:
1-ші жарық диоды — USB қосқышынан ең алыс құрылғы күйінің жарық диоды жүйенің күйін және деректер кірістерін (Wi-Fi және кері арналы USB) көрсетеді.
2-ші жарық диоды — USB қосқышына ең жақын принтердің байланыс күйінің жарық диоды қосылған принтердің күйін көрсетеді.
2 HP 1200w NFC/сымсыз мобильді басып шығару қосалқы құралының құрылғы күйінің жарық диоды
Кесте
Өшіп тұр Құрылғыға қуат келіп жатқан жоқ.
Жасыл Құрылғы дайын.
Жасыл түспен жыпылықтау Аралық USB баспа тапсырмасы белсенді.
Көк Дайын (сымсыз). Құрылғы кіру нүктесіне қосылған немесе мобильді
құрылғы HP Wireless Direct желісіне қосылған.
KKWW HP 1200w NFC/сымсыз мобильді басып шығару қосалқы құралы 3
Кесте 2 HP 1200w NFC/сымсыз мобильді басып шығару қосалқы құралының құрылғы күйінің жарық диоды
(жалғасы)
Көк түспен жыпылықтау Wi-Fi баспа тапсырмасы белсенді (сымсыз желіден немесе HP Wireless Direct
желісіне қосылған мобильді құрылғыдан).
Қызыл Жүйелік қате.
Қызыл түспен жыпылықтау Қуаты аз USB портына қосылған.
Көк/жасыл түспен жыпылықтау WPS қолдайтын маршрутизатор қосылып жатыр.
Көк түспен жылдам жыпылықтау Көп функциялы түйме басылған және құрылғы WPS функциясын
пайдаланып кіру нүктесіне қосылу үшін әрекет жасауда.
Кезектескен қызыл/жасыл Көп функциялы түйме 15 секундтан көбірек басылды, бұл зауыттық әдепкі
параметрлерді қалпына келтіреді.
Жылдам кезектескен жасыл/көк HP 1200w қосалқы құралына микробағдарламаны (кодты) жүктеу әрекеті
орындалып жатыр.
Баяу кезектескен жасыл/көк HP 1200w қосалқы құралына жаңа микробағдарламаны орнату әрекеті
орындалып жатыр.
Кесте 3 HP 1200w NFC/сымсыз мобильді басып шығару қосалқы құралының принтер байланысы күйінің
жарық диоды
Өшіп тұр Принтер жалғанбаған немесе HP принтерінің USB порты өшірілген.
Жасыл Қолдау көрсетілетін HP принтері қосылған.
Жасыл түспен жыпылықтау USB баспа тапсырмасы белсенді.
Қызыл түс баяу жыпылықтау Қолдау көрсетілмейтін принтер қосылған.
Кезектескен қызыл/жасыл HP 1200w қосалқы құралы принтердің/МФҚ үйлесімділігін тексеріп жатыр.
Кесте 4 Көп функциялы түйме
Түймені қысқа басу Егер белсенді баспа тапсырмасы болмаса, қорғалған сымсыз желіні орнату
Түймені екі секунд бойы басып тұру Түймені жібергенде қосылған принтерде өзіндік сынақ/конфигурация бетін
Түймені 15 секунд бойы басып тұру HP 1200w қосалқы құралының зауыттық әдепкі параметрлерін қалпына

Қосымша ақпарат алу үшін

ЕСКЕРТПЕ: HP принтерінің USB портын қосу керек. USB портын қосу
туралы ақпаратты принтердің орнату немесе конфигурациялау нұсқаулығынан қараңыз.
(WPS) протоколын іске қосыңыз. Егер баспа тапсырмасы белсенді болса, түймені басу еленбейді.
басып шығарады.
келтіру.
Орнату нұсқаулығы
HP 1200w NFC/сымсыз мобильді басып шығару қосалқы құралының орнату нұсқаулығы.
4 HP Jetdirect 1200w NFC/сымсыз мобильді басып шығару қосалқы құралы KKWW
HP қолдау тақырыптары
HP 1200w NFC/сымсыз мобильді басып шығару қосалқы құралы қолдау көрсететін принтерлер/МФҚ (6-бет).
Қолдау көрсетілетін принтерлердің/МФҚ тізімін көру.
HP 1200w NFC/сымсыз мобильді басып шығару қосалқы құралын орнату (7-бет).
HP 1200w қосалқы құралын орнату.
HP 1200w NFC/сымсыз мобильді басып шығару қосалқы құралының микробағдарламасын жаңарту (36-бет).
HP 1200w қосалқы құралының микробағдарламасын жаңарту әдісі.
HP 1200w NFC/сымсыз мобильді басып шығару қосалқы құралын конфигурациялау және оған қосылу (12-бет).
HP 1200w қосалқы құралына қосылу мүмкіндігін тексеру және конфигурация параметрлерін көру.
HP ePrint бағдарламалық құралын басып шығару және жаңарту әдісі (18-бет).
HP 1200w қосалқы құралын пайдаланып iOS, Android, Windows 8 және OS X жүйелерінен басып шығару. HP ePrint бағдарламалық құралын жаңарту туралы ақпаратты қамтиды.
HP 1200w NFC/сымсыз мобильді басып шығару қосалқы құралының енгізілген веб-серверін пайдалану (24-бет).
HP 1200w NFC/сымсыз мобильді басып шығару қосалқы құралының енгізілген веб­серверінің (EWS) әр опциясы сипатталады.
Кеңейтілген параметрлер туралы ақпаратты қамтиды.
HP 1200w NFC/сымсыз мобильді басып шығару қосалқы құралының ақауларын жою (31-бет).
Басып шығару немесе қосылым мәселелерін шешу үшін ақауларды жою және жиі қойылатын сұрақтар (ЖҚС) ақпаратын пайдаланыңыз.
HP LaserJet мобильді басып шығару матрицасы.
HP мобильді басып шығару.
HP 1200w NFC/сымсыз мобильді басып шығару қосалқы құралы - кепілдік және нормативтік нұсқаулық (39-бет).
HP 1200w қосалқы құралы үшін HP өнімінің кепілдігі және нормативтік ережелері туралы ақпарат.
KKWW HP 1200w NFC/сымсыз мобильді басып шығару қосалқы құралы 5

HP 1200w NFC/сымсыз мобильді басып шығару қосалқы құралы қолдау көрсететін принтерлер/МФҚ

ЕСКЕРТПЕ: HP принтерінің/МФҚ-ның үлгі нөмірін қолдау көрсетілетін құрылғылар тізімінде
тексергенде барлық әріптер және сандар сәйкес келетінін тексеріңіз. Мысалы, қолдау көрсетілетін HP LaserJet Enterprise P 3015 принтерлер сериясы қолдау көрсетілмейтін LaserJet 3015 All-in-One принтерімен бірдей емес.
Қолдау көрсетілетін принтерлер/МФҚ-лар
HP Color LaserJet принтерлер сериясы: Pro M251, Pro M351, Pro M451, Pro CP1025, CP1210, CP1215, CP1217, CP1510, Pro CP1525, CP2025, CP3520, CP4025, CP4525, CP5525, CP6015, M750
ЕСКЕРТПЕ: HP LaserJet Pro CP1025 түсті принтерлер сериясы қазіргі уақытта Rev C - 20110826
күні қойылған немесе одан жаңалау микробағдарламаны пайдалануы керек.
HP Mono LaserJet принтерлер сериясы: Pro M401, P1005, P1006, P1007, P1008, P1009, Pro P1102, P1106, P1108, Pro P1560, Pro P1606, P2035, P2055, P3015, P4014, P4015, P4510
HP Color LaserJet МФҚ сериясы Pro M175 МФҚ, Pro M176 МФҚ, Pro M177 МФҚ, Pro M276 МФҚ, Pro M375 МФҚ, Pro M475 МФҚ, Pro M476 МФҚ, CM1312 МФҚ, Pro CM1415 МФҚ, CM2320 МФҚ, CM3530 МФҚ, CM4540 МФҚ, CM6030 МФҚ, CM6040 МФҚ, CM6049 МФҚ
HP Mono LaserJet принтерлер сериясы: Pro M125 МФҚ, Pro M126 МФҚ, Pro M127 МФҚ, Pro M128 МФҚ, Pro M425 МФҚ, M1120 МФҚ, Pro M1132 МФҚ, Pro M1136 МФҚ, Pro M1218 МФҚ, Pro M1212 МФҚ, Pro M1213 МФҚ, Pro M1214 МФҚ, M1216 МФҚ, Pro M1217 МФҚ, Pro M1218 МФҚ, Pro M1219 МФҚ, M1319 МФҚ, Pro M1536 МФҚ, M4345 МФҚ, M4349 МФҚ, M4555 МФҚ, M9040 МФҚ, M905 МФҚ, M9059 МФҚ
HP Officejet принтерлер сериясы: 100 Mobile принтері, 150 Mobile All-in-One принтері, Pro X451, Pro X476 МФҚ, Pro X551, Pro X576 МФҚ
ЕСКЕРТПЕ: HP Officejet Mobile 100, 150 барлығы-біреуде принтерінде HP 1200w қосалқы
құралын реттеу туралы маңызды ақпарат алу үшін мына бетке өтіңіз: www.hp.com/go/OJ100_150.
Микробағдарлама жаңартулары
HP 1200w NFC/сымсыз мобильді басып шығару қосалқы құралының микробағдарламасын жаңарту (36-бет).
HP 1200w қосалқы құралының микробағдарламасын жаңарту әдісі.
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір HP принтерлері/МФҚ HP 1200w қосалқы құралымен бірге жұмыс істеу үшін
микробағдарламаны жаңартуды қажет етуі мүмкін.
Қосымша ақпарат алу үшін
Орнату, конфигурациялау және ақауларды жою туралы қосымша ақпарат алу үшін
www.hp.com/go/1200wSupport бетіне өтіңіз немесе мобильді құрылғымен QR кодын сканерлеңіз.
6 HP Jetdirect 1200w NFC/сымсыз мобильді басып шығару қосалқы құралы KKWW

HP 1200w NFC/сымсыз мобильді басып шығару қосалқы құралын орнату

HP 1200w NFC/сымсыз мобильді басып шығару қосалқы құралын орнату үшін төмендегі ақпаратты пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: HP Wireless Direct мүмкіндігі тек HP принтеріне тікелей сымсыз желілік қосылымды
қамтамасыз етеді. Ол интернетке кіру мүмкіндігін немесе принтер қосылған кез келген басқа желіге қосылымды қамтамасыз етпейді.
Орнату нұсқаулығын HP 1200w NFC/сымсыз мобильді басып шығару қосалқы құралын орнату
нұсқаулығынан қараңыз.
Орнату бейнесін көру үшін, HP NFC/сымсыз 1200w мобильді басып шығару қосалқы құралын орнату сілтемесін қараңыз.
Егер бейнені көруде қиындықтар болса немесе бейнені басқа бір өлшемде көру үшін, бейнені YouTube сайтында HP NFC/сымсыз 1200w мобильді басып шығару қосалқы құралын орнату (YouTube бейнесі) сілтемесін басу арқылы ойнатыңыз.
Жарық диодты дисплейлер мен көп функциялы түйменің сипаттамасын қамтитын мүмкіндіктің қысқаша мазмұнын көру үшін, HP 1200w NFC/сымсыз мобильді басып шығару қосалқы құралы (2-бет) бөлімін қараңыз.

Жабдықты орнату

Қолдау көрсетілетін HP принтерінде/МФҚ жабдықты орнату үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз:
ЕСКЕРТПЕ: HP Officejet Mobile 100, 150 барлығы-біреуде принтерінде HP 1200w қосалқы құралын
реттеу туралы маңызды ақпарат алу үшін мына бетке өтіңіз: www.hp.com/go/OJ100_150.
Компьютерге қосылған HP принтеріне/МФҚ тікелей сымсыз қосылымын жалғау үшін А/В түріне жататын екінші USB аралық кабелі қажет. Бұл кабель HP 1200w қосалқы құралымен бірге қамтамасыз
етілмейді.
1. HP 1200w қосалқы құралын орамынан шығарыңыз.
Көрсетілген құрамдастардың барлығы бар екенін тексеріңіз, оларға HP 1200w NFC/сымсыз мобильді басып шығару қосалқы құралы, қуат көзі және аша адаптері және бір USB A/B кабелі кіреді.
2. HP 1200w қосалқы құралын қосып жатқан HP принтері/МФҚ қосылып тұрғанын және Ready
(Дайын) күйінде екенін тексеріңіз.
3. Сіздің елге/аймаққа арналған қуат ашасын қамтамасыз етілген қуат сымына қосыңыз (1).
KKWW HP 1200w NFC/сымсыз мобильді басып шығару қосалқы құралын орнату 7
4. Қуат көзі кабелін HP 1200w қосалқы құралына (2), одан кейін қуатты қуат көзіне қосыңыз (3).
5. Сымсыз басып шығаруды қосу үшін төмендегі қосылым әдістерінің біреуін орындаңыз.
HP принтері/МФҚ компьютерге қосылмаған
HP принтері/МФҚ компьютерге USB кабелін пайдаланып қосылмаған болса, төмендегі қадамдарды орындаңыз:
а. USB кабелінің A (жалпақ) түріне жататын ашасын HP 1200w қосалқы құралына қосыңыз (1).
ә. USB кабелінің В (дөңгелек) түріне жататын ашасын HP принтеріне/МФҚ қосыңыз (2).
HP принтері/МФҚ компьютерге қосылған
Компьютерге USB аралық кабелін пайдаланып қосылған HP принтерінен/МФҚ сымсыз басып шығаруды қосу үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: HP 1200w қосалқы құралын осы USB аралық конфигурация әдісін пайдаланып қосу
компьютерден HP принтеріне/МФҚ тікелей және сымсыз басып шығаруға мүмкіндік береді.
а. USB кабелінің B (дөңгелек) түріне жататын ашасын HP принтерінен/МФҚ ажыратыңыз (1)
және HP 1200w қосалқы құралына қосыңыз (2).
ә. Екінші USB кабелінің (өніммен бірге қамтамасыз етілмейді) A (жалпақ) түріне жататын
ашасын HP 1200w қосалқы құралына қосыңыз (3).
8 HP Jetdirect 1200w NFC/сымсыз мобильді басып шығару қосалқы құралы KKWW
б. Екінші USB кабелінің В (дөңгелек) түріне жататын ашасын HP принтерінің/МФҚ USB портына
қосыңыз (4).
6. HP 1200w қосалқы құралының дұрыс жұмыс істеп тұрғанын тексеру үшін оның күй шамдарын
көріңіз.
а. Жасыл құрылғы күйінің жарық диоды (USB қосқышынан ең алыс) құрылғының дайын
екенін көрсетеді. Көк құрылғы күйінің жарық диоды HP 1200w қосалқы құралының сымсыз желіге қосылғанын немесе басқа HP Wireless Direct қосылымының белсенді екенін көрсетеді.
ә. Принтердің байланыс күйінің жарық диоды (USB қосқышына ең жақын) қазіргі уақытта
қолдау көрсетілетін HP принтері/МФҚ қосылған болса, жасыл болады немесе принтер/МФҚ қосылмаған болса, бос болады.
Принтердің байланыс күйінің жарық диоды қызыл түспен жыпылықтап жатса,
www.hp.com/go/1200wSupport бетіне өтіңіз немесе мобильді құрылғымен QR кодын
сканерлеңіз.
KKWW HP 1200w NFC/сымсыз мобильді басып шығару қосалқы құралын орнату 9
7. Көп функциялы түймені екі секунд бойы басып тұру арқылы өзіндік сынақ/конфигурация бетін
басып шығарыңыз. (Көп функциялы түйме HP 1200w қосалқы құралының бүйірінде, тура күй шамдарының астында орналасқан.)
8. Сымсыз мобильді құрылғыны немесе сымсыз компьютерді пайдаланып сымсыз мүмкіндік
қосылғанын (Wi-Fi радиосы қосылып тұрғанын) тексеріңіз. Бұл басқару элементі әдетте Settings (Параметрлер) мәзірінде болады.
9. Өзіндік сынақ/конфигурация бетінде көрсетілген HP 1200w қосалқы құралының желілік атауына
немесе SSID идентификаторына қосылыңыз. Әдепкі SSID пішімі — HP-Print-**-1200w Mobile Print, мұндағы «**» HP 1200w қосалқы құралының MAC мекенжайының соңғы екі цифрын білдіреді. (Әдепкі SSID HP 1200w қосалқы құралының бүйірінде орналасқан жапсырмада басылған.)
Бұл HP Wireless Direct (бір рангілі) қосылымын орнатады. Құрылғының күй жарық диоды көк түске өзгеріп, сымсыз қосылымды көрсетеді. Егер сымсыз құрылғыда басып шығару мүмкіндіктері бар болса, енді HP 1200w қосалқы құралына басып шығара аласыз.
ЕСКЕРТПЕ: қосылым бірінші рет орнатылғанда HP 1200w NFC/сымсыз мобильді басып шығару
қосалқы құралының енгізілген веб-сервері (EWS) орнату шеберін автоматты түрде іске қосады. Пайдаланылатын тілді көрсетіңіз, орнату әдісін (нұсқалар берілетін немесе қолмен) таңдаңыз және бастапқы конфигурациялауды орындаңыз.
Шебердің параметрлерін қарап шығу, HP 1200w қосалқы құралының параметрлерін сымсыз (Wi­Fi) желіде істейтін етіп реттеу және байланыстарды тексеру үшін, HP 1200w NFC/сымсыз мобильді
басып шығару қосалқы құралын конфигурациялау және оған қосылу (12-бет) бөлімін қараңыз.
Әртүрлі сымсыз құрылғылармен басып шығару үшін, HP ePrint бағдарламалық құралын басып шығару
және жаңарту әдісі (18-бет) бөлімін қараңыз.

Қолдау және ақауларды жою туралы ақпарат

Қолдау және ақауларды жою туралы қосымша ақпарат алу үшін мына бетке өтіңіз: www.hp.com/go/
1200wSupport.
10 HP Jetdirect 1200w NFC/сымсыз мобильді басып шығару қосалқы құралы KKWW
Не болмаса, мобильді құрылғымен QR кодын сканерлеңіз.
KKWW HP 1200w NFC/сымсыз мобильді басып шығару қосалқы құралын орнату 11

HP 1200w NFC/сымсыз мобильді басып шығару қосалқы құралын конфигурациялау және оған қосылу

HP Wireless Direct желісін немесе HP NFC функциясын пайдаланып сымсыз желіде пайдалану үшін HP 1200w NFC/сымсыз мобильді басып шығару қосалқы құралын конфигурациялау (шеберді пайдаланып), одан кейін оған қосылу үшін төмендегі ақпаратты қараңыз.
Орнату туралы нұсқауларды HP 1200w NFC/сымсыз мобильді басып шығару қосалқы құралын орнату
(7-бет) бөлімінен немесе HP 1200w NFC/сымсыз мобильді басып шығару қосалқы құралын орнату нұсқаулығынан қараңыз.

HP 1200w NFC/сымсыз мобильді басып шығару қосалқы құралының енгізілген веб-серверінің (EWS) шебері

HP 1200w NFC/сымсыз мобильді басып шығару қосалқы құралын конфигурациялау үшін орнату шеберін пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: қосылым бірінші рет орнатылғанда HP 1200w NFC/сымсыз мобильді басып шығару
қосалқы құралының EWS сервері шеберді автоматты түрде іске қосады. Дегенмен, шеберді кез келген уақытта пайдалана аласыз.
1. HP 1200w қосалқы құралының дұрыс жұмыс істеп тұрғанын тексеру үшін оның күй шамдарын
көріңіз.
Жасыл құрылғы күйінің жарық диоды (USB қосқышынан ең алыс) құрылғының дайын екенін көрсетеді. Көк құрылғы күйінің жарық диоды HP 1200w қосалқы құралының сымсыз желіге қосылғанын немесе басқа HP Wireless Direct қосылымының белсенді екенін көрсетеді. Принтердің байланыс күйінің жарық диоды (USB қосқышына ең жақын) қазіргі уақытта қолдау көрсетілетін HP принтері/МФҚ қосылған болса, жасыл болады немесе принтер/МФҚ қосылмаған болса, бос болады.
2. Сымсыз компьютерді немесе сымсыз мобильді құрылғыны пайдаланып HP 1200w қосалқы
құралының желілік атауына немесе SSID идентификаторына қосылыңыз. Әдепкі SSID пішімі — HP-Print-**-1200w Mobile Print, мұндағы «**» HP 1200w қосалқы құралының MAC мекенжайының соңғы екі цифрын білдіреді. (Әдепкі SSID HP 1200w қосалқы құралының бүйірінде орналасқан жапсырмада басылған.)
ЕСКЕРТПЕ: қосылу үшін iOS 5 немесе 6 жүйесін пайдаланатын iPhone® немесе iPad® сияқты iOS
құрылғысын пайдаланғанда қосылым күйінің белгішесі тіпті қосылғанда да айнала беруі мүмкін. Бұл — қалыпты жағдай және HP Wireless Direct қосылымы интернетке кіру мүмкіндігін қамтамасыз етпейтінін көрсетеді. HP Wireless Direct жай мобильді құрылғы мен HP 1200w қосалқы құралы арасындағы қосылым болғандықтан, мобильді құрылғы интернетке кіре алмайды.
3. Веб-шолғышты ашыңыз.
4. Мекенжай жолында немесе Go to (Өту) өрісінде HP 1200w қосалқы құралының IP мекенжайын
теріңіз, бұл: http://192.168.223.1. Enter пернесін басыңыз. HP 1200w NFC/сымсыз мобильді басып шығару қосалқы құралының EWS сервері ашылады.
5. HOME (БАСТЫ) мәзірін таңдаңыз, одан кейін Setup Wizard (Орнату шебері) тармағын таңдаңыз.
6. Тілді таңдаңыз да, Next (Келесі) түймесін басыңыз.
7. Setup Method (Орнату әдісі) параметрін таңдаңыз. Егер Guided Setup (Wizard) (Нұсқаулар
берілетін орнату (шебер)) параметрін таңдасаңыз, шебер сізді қадамдардан өткізеді. Егер Let me
12 HP Jetdirect 1200w NFC/сымсыз мобильді басып шығару қосалқы құралы KKWW
choose from a menu (Мәзірден таңдауға рұқсат ету) параметрін таңдасаңыз, сіз орнатылатын элементтерді таңдайсыз.
Орнату шебері
ЕСКЕРТПЕ: HP 1200w қосалқы құралына сымсыз желіге кіруге рұқсат етсеңіз, сымсыз
маршрутизатор үшін рұқсат кодын орнату керек.
а. HP 1200w қосалқы құралына бар сымсыз желіге кіруге рұқсат ету құсбелгісін қойыңыз, одан
кейін Next (Келесі) түймесін басыңыз. Шебер сымсыз желілерді сканерлейді, одан кейін нәтижені көрсетеді.
ә. Қосылатын сымсыз желіні таңдап, қажет болса, рұқсат кодын енгізіңіз.
Қосылым орнатылғаннан кейін желінің атауы (немесе SSID) және IP мекенжайы көрсетілген
Success (Сәтті) хабары көрсетіледі.
б. HP 1200w қосалқы құралы үшін микробағдарламаны автоматты жаңартуларға рұқсат ету
құсбелгісін қойыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: HP микробағдарламаларға автоматты жаңартуларды ұсынады.
Микробағдарламаны жаңарту туралы толық ақпаратты HP 1200w NFC/сымсыз мобильді
басып шығару қосалқы құралының микробағдарламасын жаңарту (36-бет) бөлімінен
қараңыз.
в. Конфигурациялауды аяқтау үшін Finish (Аяқтау) түймесін басыңыз.
Маған мәзірді таңдауға рұқсат ету
ЕСКЕРТПЕ: HP 1200w қосалқы құралына сымсыз желіге кіруге рұқсат етсеңіз, сымсыз
маршрутизатор үшін рұқсат кодын орнату керек.
а. HP 1200w қосалқы құралына бар сымсыз желіге кіруге рұқсат ету құсбелгісін қойыңыз, одан
кейін Next (Келесі) түймесін басыңыз. Шебер сымсыз желілерді сканерлейді, одан кейін нәтижені көрсетеді.
ә. Қосылатын сымсыз желіні таңдап, қажет болса, рұқсат кодын енгізіңіз.
Қосылым орнатылғаннан кейін желінің атауы (немесе SSID) және IP мекенжайы көрсетілген
Success (Сәтті) хабары көрсетіледі.
б. Жалғастыру үшін OK түймесін басыңыз.
в. Automatic Updates (Автоматты жаңартулар) параметрін таңдаңыз да, HP 1200w қосалқы
құралы үшін микробағдарламаны автоматты жаңартуларға рұқсат ету құсбелгісін қойыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: HP микробағдарламаларға автоматты жаңартуларды ұсынады.
Микробағдарламаны жаңарту туралы толық ақпаратты HP 1200w NFC/сымсыз мобильді
басып шығару қосалқы құралының микробағдарламасын жаңарту (36-бет) бөлімінен
қараңыз.
г. Таңдауды орнату үшін Apply (Қолдану) түймесін басыңыз.
ғ. Конфигурациялауды аяқтау үшін Finish (Аяқтау) түймесін басыңыз.
KKWW HP 1200w NFC/сымсыз мобильді басып шығару қосалқы құралын конфигурациялау және оған
қосылу
13

Сымсыз желі

HP 1200w NFC/сымсыз мобильді басып шығару қосалқы құралына қосылу және оны жергілікті сымсыз желіні (WLAN) пайдалануға конфигурациялау үшін төмендегі қадамдарды пайдаланыңыз.
1. HP 1200w қосалқы құралының дұрыс жұмыс істеп тұрғанын тексеру үшін оның күй шамдарын
көріңіз.
Жасыл құрылғы күйінің жарық диоды (USB қосқышынан ең алыс) құрылғының дайын екенін көрсетеді. Көк құрылғы күйінің жарық диоды HP 1200w қосалқы құралының сымсыз желіге қосылғанын немесе басқа HP Wireless Direct қосылымының белсенді екенін көрсетеді.
Принтердің байланыс күйінің жарық диоды (USB қосқышына ең жақын) қазіргі уақытта қолдау көрсетілетін HP принтері/МФҚ қосылған болса, жасыл болады немесе принтер/МФҚ қосылмаған болса, бос болады. Принтердің байланыс күйінің жарық диоды қызыл түспен жыпылықтап жатса, www.hp.com/go/1200wSupport бетіне өтіңіз немесе мобильді құрылғымен QR кодын сканерлеңіз.
Күй жарық диодты дисплейлері туралы толық ақпаратты HP 1200w NFC/сымсыз мобильді басып
шығару қосалқы құралы (2-бет) бөлімінен қараңыз.
2. Сымсыз мобильді құрылғыны немесе сымсыз компьютерді пайдаланып сымсыз мүмкіндік
қосылғанын (Wi-Fi радиосы қосылып тұрғанын) тексеріңіз. Бұл басқару элементі әдетте Settings (Параметрлер) мәзірінде болады.
ЕСКЕРТПЕ: қосылу үшін iOS 5 жүйесін немесе одан жоғары нұсқаны пайдаланатын iPhone®
немесе iPad® сияқты iOS құрылғысын пайдаланғанда қосылым күйінің белгішесі тіпті қосылғанда да айнала беруі мүмкін. Бұл — қалыпты жағдай және HP Wireless Direct қосылымы интернетке кіру мүмкіндігін қамтамасыз етпейтінін көрсетеді. HP Wireless Direct жай мобильді құрылғы мен HP 1200w қосалқы құралы арасындағы қосылым болғандықтан, мобильді құрылғы интернетке кіре алмайды.
3. HP 1200w қосалқы құралының желілік атауына немесе SSID идентификаторына қосылыңыз.
Әдепкі SSID пішімі — HP-Print-**-1200w Mobile Print, мұндағы «**» HP 1200w қосалқы құралының MAC мекенжайының соңғы екі цифрын білдіреді.
ЕСКЕРТПЕ: қосылым бірінші рет орнатылғанда HP 1200w NFC/сымсыз мобильді басып шығару
қосалқы құралының EWS сервері орнату шеберін автоматты түрде іске қосады. Пайдаланылатын тілді көрсетіңіз, орнату әдісін (нұсқалар берілетін немесе қолмен) таңдаңыз және бастапқы конфигурациялауды орындаңыз. Қосымша ақпарат алу үшін шеберді пайдалану туралы бөлімді қараңыз.
4. Веб-шолғышты ашыңыз.
5. Мекенжай жолында немесе Go to (Өту) өрісінде HP 1200w қосалқы құралының IP мекенжайын
теріңіз, бұл: http://192.168.223.1. Enter пернесін басыңыз. HP 1200w NFC/сымсыз мобильді басып шығару қосалқы құралының EWS сервері ашылады.
6. HOME (БАСТЫ) мәзірін таңдаңыз, одан кейін System Status (Жүйенің күйі) тармағын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: HP желілік қосылымды конфигурациялау үшін HP 1200w EWS шеберін пайдалануды
ұсынады. Шеберді пайдалану туралы бөлімді қараңыз.
14 HP Jetdirect 1200w NFC/сымсыз мобильді басып шығару қосалқы құралы KKWW
Loading...
+ 36 hidden pages