4 ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
7 БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
9 БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
10 ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ
11 ПЕШТІҢ ҮСТІ - ПАЙДАЛЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС
12 ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮТІП ҰСТАУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ
13 ТҰМШАПЕШ- КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ
14 ТҰМШАПЕШ - САҒАТ ФУНКЦИЯЛАРЫ
16 ТҰМШАПЕШ - КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ
18 ТҰМШАПЕШ - ПАЙДАЛЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС
31 ТҰМШАПЕШ - КҮТІП ҰСТАУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ
34 НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР...
35 ОРНАТУ
ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЗИЯН КЕЛДІРМЕУ ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
Белгі салынған материалдарды қайта өңдеуден өткізуге тапсырыңыз. Орам материалдарын
қайта өңдеуден өткізу үшін тиісті контейнерлерге салыңыз.
Электрлік және электроникалық құрылғылардың қалдығын қайта өңдеуден өткізу арқылы,
қоршаған ортаға және адамның денсаулығына зиын келтіретін жағдайларға жол бермеуге өз
үлесіңізді қосыңыз. Белгі
Өнімді жергілікті қайта өңдеу орталығына өткізіңіз немесе жергілікті мекемеге хабарласыңыз.
салынған құрылғыларды тұрмыстық қалдықтармен бірге тастамаңыз.
БІЗДІҢ ВЕБ-САЙТҚА БАРЫП КЕЛЕСІНІ ҚАРАҢЫЗ:
- Өнімдер
- Кітапшалар
- Пайдаланушы нұсқаулықтары
- Ақаулықты түзету
- Өнімдер
www.aeg.com
ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР
Ескерту - Қауіпсіздік туралы маңызды мағлұмат.
Жалпы мағлұматтар менен кеңестер
Қорғаған ортаға зиян келдірмей пайдалану туралы нұсқаулар
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
ТАМАША НӘТИЖЕЛЕРГЕ ЖЕТУ
AEG бұйымын таңдағаныңызға рахмет. Біз көптеген жылдар бойы, өмір сүруді барынша
жеңілдетуді алға мақсат етіп қоя отырып, үздік технологияға негізделген, әдеттегі тұрмыстық
техникада кездесе бермейтін функциялармен жабдықталған, мінсіз жұмыс жасайтын
құрылғыларды өндіріп келеміз. Бірнеше минут уақытыңызды бөліп, құрылғының мүмкіндігін
толық пайдалану үшін нұсқаулықпен танысып шығыңыз.
КЕРЕК-ЖАРАҚТАР МЕН ШЫҒЫНДЫҚ МАТЕРИАЛДАР
AEG онлайн дүкенінен AEG құрылғыларыңыздың барлығының мінсіз, тамаша жұмыс істеуін
қамтамасыз етуге қажетті заттың барлығын табасыз. Жоғары стандартқа сай жасалған
керек-жарақтардың ішінен арнайы ыдыс-аяқтардан бастап, ас үй құралдары салынатын
себеттерді, бөтелке қойғыштан бастап, кір жуғыш машинаға арналған нәзік тор тәрізді
заттардың барлығын таба аласыз...
ҚАЗАҚ
3
интернеттегі мына дүкенге барыңыз:
www.aeg.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА КӨМЕК, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Біз фирмалық бөлшектерді қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда, келесі деректер қолыңызда болуға тиіс.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.
Үлгі
Өнім нөмірі
Сериялық нөмірі
4
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
Құрылғыны орнатып, пайдаланудан бұрын
осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз:
• Өз қауіпсіздігіңіз бен мүлкіңіздің қауіпсіздігін
қамтамасыз ету үшін
• Қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін
• Құрылғының дұрыс жұмыс істеуі үшін.
Осы нұсқаулықты әрқашан, тіпті құрылғыны
сатсаңыз да, көшірсеңіз де, онымен бірге
қалдырыңыз.
Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс
пайдаланбау нәтижесінде орын алған
ақаулықтар үшін өндіруші жауапты емес.
БАЛАЛАР МЕН ДӘРМЕНСІЗ
АДАМДАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ
• Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар
мен денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-есіне
зақым келген адамдар не тәжірибесі аз
адамдар өз қауіпсіздігін қамтамасыз ететін
адамның қадағалауы бойынша немесе
құрылғыны қауіпсіз қолдану бойынша
берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс қолданбау
салдарын түсінген жағдайда қолдануына
болады. Балалар құрылғымен ойнамауға
тиіс.
• Орам материалдарының барлығын
балалардан алыс ұстаңыз. Тұншығып қалу
немесе жарақат алу қаупі бар.
• Балалар мен үй жануарларын есігі ашық
тұрған немесе жұмыс істеп тұрған
құрылғыға жақындатпаңыз. Жарақат алу
немесе кемтар болып қалу қаупі бар.
• Құрылғының бала қауіпсіздігі құралы не
түймешікті құрсаулау тетігі болса, соны
қолданыңыз. Бұл құрал балалар мен үй
жануарларының құрылғыны байқаусызда
іске қосуына жол бермейді.
ҚАУІПСІЗДІККЕ ҚАТЫСТЫ ЖАЛПЫ
НҰСҚАУЛАР
• Бұл өнімді өзгертуге не оның техникалық
сипаттарына өзгеріс енгізуге болмайды.
Жарақат алу немесе құрылғыны бүлдіріп
алу қаупі бар.
• Құрылғыны ең алғаш іске қоспас бұрын
орам материалдарының, жапсырмалары
мен төсем материалдарының барлығын
алыңыз.
• Пісіру алаңдарын әр қолданып болған
сайын "off" қалпына қойыңыз.
ОРНАТУ
• Осы құрылғыны лайықтау жағдайлары
затбелгіде (немесе деректер
тақташасында) жазылған.
• Құрылғыны тек білікті техник орнатып,
электр желісіне қосуға тиіс. Уәкілетті
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Бұл құрылғының бөлшектерінің бүлінуіне
немесе адамның жарақаттануына жол
бермейді.
• Құрылғының тасымалдау кезінде
бүлінбегеніне көз жеткізіңіз. Бүлінген
құрылғыны іске қоспаңыз. Қажет болса,
сатушыға хабарласыңыз.
• Құрылғыны бірінші рет пайдаланардан
бұрын барлық орамдарын, жапсырмалары
мен төсемдерін алыңыз. Техникалық
ақпарат тақтайшасын алмаңыз. Бұл
кепілдікті заңды күшінен айырады.
• Құрылғы қолданылатын елдегі заңдарды,
жарлықтарды, нұсқаулар мен талаптарды
(қауіпсіздік ережелері, қайта пайдалану
ережелері, электр немесе газ қауіпсіздігі
ережелері т.с.с.) толық орындаңыз.
• Құрылғыны жылжытқан кезде абай
болыңыз. Бұл құрылғының салмағы ауыр.
Әрқашан қорғаныс қолғабын киіңіз.
Құрылғыны тұтқасынан тартпаңыз.
• Құрылғыны орнату барысында оның қуат
көзінен ажыратылғанына көз жеткізіңіз
(егер қажет болса).
• Осы құрылғы мен басқа құрылғылардың,
заттардың арасындағы минимум
арақашықтықты сақтаңыз.
• Құрылғыны тағанға қоймаңыз.
ЭЛЕКТРТОҒЫНА ҚОСУ
• Құрылғыны тек білікті электрші орнатып,
электр желісіне қосуға тиіс. Уәкілетті
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Бұл құрылғының бөлшектерінің бүлінуіне
немесе адамның жарақаттануына жол
бермейді.
• Құрылғыны міндетті түрде жерге қосу
қажет.
• Техникалық ақпарат тақтайшасындағы
электр параметрлерінің электр желісіндегі
параметрлерге сай келетініне көз жеткізіңіз.
• Кернеу туралы ақпарат техникалық ақпарат
тақтайшасында көрсетілген.
• Сізде дұрыс оқшаулағыш құралдар болуға
тиіс: желіні қорғайтын ажыратқыштар,
сақтандырғыштар (ұстатқыштан алынған
бұрандалы сақтандырғыштар), жерге
тұйықталудан қорғау тетіктері мен
тұйықтағыштар.
• Электрлік қондырғыда оқшаулағыш
құрылғы болуға тиіс, ол құрылғыны барлық
магниттік полюстерде желіден ажыратуға
мүмкіндік береді. Оқшаулағыш құрылғының
ені кем дегенде 3 мм түйіспе саңылауы
болуға тиіс.
• Тоқ соғуынан қорғайтын бөліктер құралсыз
ажыратуға болмайтында етіп орнатылуға
тиіс.
• Әрқашан дұрыс орнатылған, электр
қатерінен сақтандырылған розетканы
қолданыңыз.
• Электр құрылғыларын розеткаларға қосқан
кезде, қорек сымдарын құрылғының ыстық
есігіне тигізбеңіз немесе жақындатпаңыз.
• Көп істікшелі ашаларды, жалғастырғыштар
мен ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз. Өрт
шығу қаупі бар.
• Құрылғының арт жағындағы электр ашасы
(егер қолданылса) мен қорек сымының
жаншылып немесе бүлініп қалмағанына көз
жеткізіңіз.
• Орнатып болғаннан кейін электр
розеткасының қол жететін жерде тұрғанына
көз жеткізіңіз.
• Құрылғыны ажырату үшін қуат сымынан
тартпаңыз. Әрқашан ашасынан (егер
болса) тартып ажыратыңыз.
• Қорек сымын ауыстырмаңыз немесе
өзгертпеңіз. Қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
ПАЙДАЛАНУ
• Құрылғыны тек үйде тамақ пісіру үшін ғана
пайдаланыңыз. Құрылғыны коммерциялық
немесе өндірістік мақсатта қолданбаңыз.
Бұл адам жарақаттанып немесе мүлікке
зиян келмес үшін қажет.
• Жұмыс барысында құрылғыны үнемі
қадағалап отырыңыз.
• Жұмыс істеп тұрған құрылғының есігін,
әрқашан құрылғыдан алыс тұрып ашыңыз.
Ыстық бу шығуы мүмкін. Күйіп қалу қаупі
бар.
• Бұл құрылғыны суға тиіп тұрса
пайдаланбаңыз. Құрылғыны су қолмен іске
пайдаланбаңыз.
ҚАЗАҚ
5
• Құрылғыны жұмыс орны немесе зат
сақтайтын орын ретінде қолданбаңыз.
• Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда, пісіру
алаңы ысып кетеді. Күйіп қалу қаупі бар.
Пісіру алаңына темір заттарды, мысалы ас
құралдары мен кәстрөл қақпақтарын
қоймаңыз, себебі олар қызып кетеді.
• Құрылғыны пайдаланған кезде оның іші
ысып кетеді. Күйіп қалу қаупі бар. Керекжарақтары мен кәстрөлдерді алып-салған
кезде қолғап киіңіз.
• Құрылғы мен оның қол жететін жердегі
бөлшектері қолдану барысында ысып
тұрады. Қыздырғыш элементтерге қолыңыз
тиіп кетпес үшін абай болыңыз. Жас
балаларды үнемі қадағалап отырмасаңыз
құрылғыдан алыс ұстау керек.
• Есікті абайлап ашыңыз. Алкоголь қосылған
қоспаларды қолданғанда, ауа мен алкоголь
қоспасы пайда болуы мүмкін. Өрт шығу
қаупі бар.
• Есікті ашқан кезде жарқыл немесе ашық
отты құрылғыға жақындатпаңыз.
• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш
зат салынған дымқыл заттарды және/
немесе балқығыш заттарды (пластмасса
немесе алюминийден жасалған) заттарды
құрылғының қасына немесе үстіне, ішіне
қоймаңыз. Жарылыс немесе өрт шығу қаупі
бар.
• Пісіру алаңын қолданып болғаннан кейін
әрқашан "off" (сөндіру) қалпына қойыңыз.
• Пісіру алаңдарын бос ыдыс қойып немесе
мүлде ыдыссыз пайдаланбаңыз.
• Ыдыстың ішіндегісі сарқылғанша
қайнатпаңыз. Бұл ыдысқа және пештің
үстіне нұқсан келтіруі мүмкін.
• Пештің үстіне зат немесе ыдыс-аяқ құласа,
оны бүлдіруі мүмкін.
• Ыстық ыдысты басқару панеліне жақын
қоймаңыз, себебі қызудың әсерінен
құрылғы бүлінуі мүмкін.
• Құрылғының эмаль қаптамасын бүлдіріп
алмас үшін, керек-жарақтарды алыпсалғанда абай болыңыз.
• Шойыннан, құйма алюминийден жасалған
не түбіне бүлінген ыдысты әрі-бері
сырғытсаңыз, пештің үстіне сызат түсуі
мүмкін.
• Құрылғының эмаль қаптамасының түсінің
өзгеруі құрылғы жұмысына әсер етпейді.
• Құрылғының эмаль қаптамасы бүлініп
немесе өңі кетпес үшін:
6
– құрылғының табанына ешбір затты тура
қоймаңыз және оны алюминий
фольгамен жаппаңыз;
– құрылғының ішіне ыстық суды тура
қоймаңыз;
– тамақ пісіріп болғаннан кейін дымқыл
ыдыс пен тағамды құрылғының ішінде
ұстамаңыз.
• Ашық тұрған құрылғы есігіне күш салмаңыз.
• Тұмшапештің астыңғы бөлігіне тұтанғыш
заттарды қоймаңыз. Онда тек қызуға
төзімді заттарды (егер болса) ғана
қойыңыз.
• Тұмшапештің бу шығатын саңылауларын
жаппаңыз. Олар тұмшапештің артқы
жағының үстін ала орналасқан (егер бар
болса).
• Еріп кетуі мүмкін нәрсені пештің үстіне
қоймаңыз.
• Бетіне сызат түскенін байқасаңыз, дереу
тоқтан ажыратыңыз. Электр тоғына түсу
қаупі бар.
• Қызу өткізгіш материалдарды (мысалы,
жұқа темір тор немесе металл жалатылған
қызу өткізгіштер) ыдыстың астына
қоймаңыз. Аса көп қызу шағылысынан,
пештің шыны бетіне нұқсан келуі мүмкін.
КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
• Жуып-тазалардың алдында құрылғының
суық екеніне көз жеткізіңіз. Күйіп қалу қаупі
бар. Шыны панелі сынып қалуы мүмкін.
• Құрылғыны әрқашан таза ұстаңыз.
Жиналып қалған май не тағам қалдықтары
өрт қатерін тудыруы мүмкін.
• Құрылғыны үнемі тазалап отырса, оның
беткі қабаты бүлінбейді.
• Өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету және
мүлікке зиян келтірмеу үшін құрылғыны тек
сабынды сумен жуыңыз. Тұтанғыш
заттарды немесе тот басуына себеп
болатын заттарды қолданбаңыз.
• Құрылғыны бумен тазалайтын, жоғары
қысыммен тазалайтын құралдармен, өткір,
түрпілі тазартқыш заттармен, түрпілі
жөкелермен және дақ кетіргіштермен
тазаламаңыз
• Тұмшапеш бүріккішін қолдансаңыз, оны
өндірушінің нұсқауларын орындаңыз.
Қыздырғыш элементтері мен термостат
сенсорына (қолданылатын болса) ешбір зат
бүрікпеңіз.
• Шыны есікті жеміргіш заттармен немесе
металл қырғышпен тазаламаңыз. Ішкі
шыны панельдің қызуға төзімді беті сынуы
немесе шытынауы мүмкін.
• Есіктің шыны панельдеріне нұқсан келсе,
босап, сынып қалуы мүмкін. Оларды
міндетті түрде ауыстыру керек. Қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
• Құрылғының есігін алған кезде абай
болыңыз. Есіктің салмағы ауыр.
• Осы құрылғыда тек тұрмыстық
құрылғыларда пайдалануға арналған
арнайы шамдар ғана қолданылған. Оларды
бөлмені жартылай немесе толықтай
жарықтандыру үшін қолдануға болмайды.
• Егер шамды ауыстыру қажет болса, қуаты
дәл осындай, тұрмыстық құрылғыларға
арналған шамды ғана қолданыңыз.
• Тұмшапештің шамын ауыстырар алдында
құрылғыны электр желісінен ағытыңыз.
Электр тоғына түсу қаупі бар. Құрылғы
суығанша күтіңіз. Күйіп қалу қаупі бар.
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ
• Тек уәкілетті техниктің ғана құрылғыны
жөндеуіне немесе оған қатысты жұмысты
орындауына болады. Уәкілетті қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
• Тек фирмалық қосалқы бөлшектерді ғана
қолданыңыз.
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ТАСТАУ
• Адам жарақаттанып немесе мүлікке зиян
келмес үшін:
– Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
– Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа
тастаңыз.
– Есіктің бекітпесін ағытып алыңыз. Бұл
кішкентай балалардың немесе үй
жануарларының құрылғының ішіне кіріп,
қамалып қалуына жол бермейді.
Тұншығып қалу қаупі бар.
БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
ЖАЛПЫ КӨРІНІСІ
ҚАЗАҚ
7
5
4
9
Тұмшапеш функцияларының тетігі
1
Электрондық бағдарламалағыш
2
Температура тетігі
3
Температура индикаторы
4
Пеш үстін басқаратын тетіктер
5
3
2
1
13 4
2
6
7
8
9
5
6
7
8
Қыздырғыш элемент
Тұмшапештің шамы
Желдеткіш және қыздырғыш элемент
Сөрелердің орналасуы
• Тұмшапеш сөресі
Ыдыс, торт қалыптарын қою, тағам қуыруға
арналған.
• Тегіс пісіру науасы
Торттар мен печеньелерге арналған.
• Қуыруға арналған шұңғыл таба
Пісіру мен қуыруға немесе май жинайтын
таба ретінде қолдануға арналған.
• Мусака табағы (кей үлгілерде ғана)
Мусака жасауға ғана арналған.
• Сырғытпа жолдар
Сөрелерді немесе науаларды қоюға
арналған.
• Зат сақтау суырмасы
Тұмшапештің астыңғы жағында зат сақтау
суырмасы орналасқан.
БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
ҚАЗАҚ
9
Назарыңызда болсын!
"Қауіпсіздік туралы мағлұматтар"
тарауын қараңыз.
АЛҒАШҚЫ ТАЗАЛАУ
• Керек-жарақтары мен алмалы сөре
сырғытпаларының барлығын (егер бар
болса) алыңыз.
• Құрылғыны алғаш рет пайдаланар алдында
тазалаңыз.
"Күтіп ұстау және тазалау" тарауын
қараңыз.
Уақытты өзгерткен кезде Ұзақтық
немесе Аяқтау функциясын қатар
орнатпау керек.
Құрылғыны іске қосу үшін тетігін басыңыз.
Тетігі бері шығады.
УАҚЫТТЫ ОРНАТУ
Уақытты тұмшапешті іске қоспай
тұрып орнату керек.
Құрылғыны тоққа қосқаннан кейін немесе тоқ
сөнгеннен кейін таймер функциясының
индикаторы жыпылықтайды.
Дұрыс уақытты орнату үшін + немесе түймешігін басыңыз.
Бес секундтай уақыт өткеннен кейін
жыпылықтау тоқтап, бейнебетте орнатылған
тәулік уақыты көрсетіледі.
АЛДЫН АЛА ҚЫЗДЫРУ
Май қалдықтарын жағып жіберу үшін бос
құрылғыны алдын ала қыздырыңыз.
1.
Функцияны және ең үлкен
температураны орнатыңыз.
2.
Құрылғыны бір сағат қосып қойыңыз.
3.
Функцияны және ең үлкен
температураны орнатыңыз.
4.
Құрылғыны он минут қосып қойыңыз.
5.
Функцияны және ең үлкен
температураны орнатыңыз.
6.
Құрылғыны он минут қосып қойыңыз.
Керек-жарақтар әдеттегіден ыстық болып
кетуі мүмкін. Құрылғыдан иіс және түтін
шығуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай. Ауаның
жеткілікті түрде айналуын қамтамасыз етіңіз.
10
ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ
Назарыңызда болсын!
"Қауіпсіздік туралы мағлұматтар"
тарауын қараңыз.
ҚЫЗУ ПАРАМЕТРІ
ТетікФункция
Жылы ұстау
0Off (сөндірулі) қалпы
1-9Қыздыру параметрлері
(1 - ең төмен қыздыру
параметрі; 9 - ең жоғары
қыздыру параметрі)
1.
Тетікті қажетті қызу параметріне қойыңыз.
2.
Тағам пісіруді тоқтату үшін тетікті 0
қалпына қойыңыз.
Қуат тұтынуды азайту үшін қалдық
қызуды пайдаланыңыз. Пісіру алаңын
тағам пісіруді аяқтауға шамамен 5-10
минут қалғанда сөндіріңіз.
ҚОС ПІСІРУ АЛАҢЫН ІСКЕ ҚОСУ
Сақтандыру туралы ескерту!
Қос пісіру алаңын іске қосу үшін
тетікті сағат тілінің бағытымен
бұраңыз. Тетікті "тоқтату" қалпынан
асыра бұрамаңыз.
1.
Тетікті сағат тілінің бағытымен бұрап 9
қалпына қойыңыз.
2.
Тетікті сырт еткен дыбыс естілгенше
таңбасына қарай баяу бұраңыз.
Екі пісіру алаңы іске қосылады.
3.
Қажетті қызу параметрін орнату үшін,
"Қызу параметрлері" тарауын қараңыз.
ҚАЛДЫҚ ҚЫЗУ ИНДИКАТОРЫ
Пісіру алаңы ыстық тұрған кезде қалдық қызу
индикаторы жанады.
Назарыңызда болсын!
Қалдық қызуға күйіп қалу қаупі бар.
ПЕШТІҢ ҮСТІ - ПАЙДАЛЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС
ҚАЗАҚ
11
Назарыңызда болсын!
"Қауіпсіздік туралы мағлұматтар"
тарауын қараңыз.
ЫДЫС-АЯҚ
• Ыдыстың түбі барынша қалың әрі
мүмкіндігінше жайпақ болуға тиіс.
• Эмальмен қапталған темірден
және табаны алюминий немесе
мыстан жасалған ыдыстар шыны
керамика беттің түсін өзгертуі
мүмкін.
Қызу
Пайдалану:УақытАқыл-кеңес
ҚУАТ ҮНЕМДЕУ
• Егер мүмкіндік болса, ыдысқа
әрқашан қақпақ жабыңыз.
• Пісіру алаңын ыдысты үстіне
қойғаннан кейін ғана іске қосыңыз.
• Қалған жылуды пайдалану үшін
пісіру алаңдарын пісіру уақыты
аяқталмай тұрып өшіріңіз.
• Ыдыстың түбі мен пісіру алаңының
көлемі бірдей болуға тиіс.
ТАҒАМ ПІСІРУ ҮЛГІЛЕРІ
Кестедегі деректер жалпылама нұсқау ретінде
ғана берілген.
парам
етрі
Піскен тағамды жылы күйде ұстауқажетін
1
Ыдыстың қақпағын жабыңыз
е орай
1-2Голланд тұздығы, балқытылған:
сары май, шоколад, желатин
1-2Қойылту: шайқалған омлет, піскен
жұмыртқа
2-3Күріш және сүтке пісірілген
тағамдарды, дайын тағамдарды
жылыту
5-25
мин
10-40
мин
25-50
мин
Ара-тұра араластырыңыз
Қақпағын жауып пісіру керек
Күріштен кем дегенде екі есе
артық су қйыңыз, сүт
тағамдарын арасында
араластырыңыз
9Көп мөлшердегі суды қайнату, макарон пісіру, етті қызартып қуыру (гуляш,
бұқтырып пісіру), фри
12
ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮТІП ҰСТАУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ
Назарыңызда болсын!
"Қауіпсіздік туралы мағлұматтар"
тарауын қараңыз.
Құрылғыны әр пайдаланғаннан кейін тазалап
отырыңыз.
Ыдысты қолданғанда табаны әрқашан таза
болсын.
Шыны керамикаға түскен сызаттар
немесе қошқыл дақтар құрылғының
жұмысына ешқандай әсер етпейді.
Қоқысты тазалау үшін:
1.
– Дереу тазалаңыз: балқыған
пластмасса, пластик фольга және қант
қосылған тағам. Дереу тазаламасаңыз,
құрылғыны бүлдіріп алуыңыз мүмкін.
Шыныға арналған арнайы қырғышты
қолданыңыз. Қырғышты шыны бетке
сүйір бұрыш жасап қойып, ары-бері
жылжыту арқылы тазалаңыз.
– Құрылғы жеткілікті түрде суыған кезде
алыңыз: әк дақтары, су дақтары, май
дақтары, металдың жылтыраған
дақтары. Шыны керамикаға немесе
тоттанбайтын болатқа арналған
арнайы тазартқыш құралдарды
қолданыңыз.
2.
Құрылғыны дымқыл шүберекпен, шамалы
жуғыш зат қосып тазалаңыз.
3.
Соңында құрылғыны таза шүберекпен
әбден құрғатыңыз.
ТҰМШАПЕШ- КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ
ҚАЗАҚ
13
Назарыңызда болсын!
"Қауіпсіздік туралы мағлұматтар"
тарауын қараңыз.
ЖЕЛДЕТКІШ
Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде,
құрылғының беттерін салқын ұстау үшін
желдеткіш автоматты түрде қосылады.
Құрылғыны сөндірсеңіз, желдеткіш
құрылғының ішіндегі температура
салқындағанша жұмыс істеп тұра береді.
2.
Температураны таңдау үшін температура
тетігін бұраңыз.
Температура индикаторы құрылғының
ішіндегі температура жоғарылаған кезде
жанады.
3.
Құрылғыны сөндіру үшін тұмшапеш
функцияларының тетігін және
температура тетігін "Off" (сөндірулі)
қалпына қойыңыз.
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ІСКЕ ҚОСУ ЖӘНЕ
СӨНДІРУ
1.
Тұмшапеш функциясын таңдау үшін
тұмшапеш функцияларының тетігін
бұраңыз.
ТҰМШАПЕШ ФУНКЦИЯЛАРЫ
Тұмшапеш функциясыҚолданылуы
Off (сөндірулі)
қалпы
Ыстық ауа
Дәстүрлі тамақ
пісіру
Бәліш/Пицца
Браунинг
Үлкен гриль
Құрғату
Құрылғы сөндірулі.
Бірнеше сөрені пайдаланып, бірдей температурада пісірілетін
тағамдарды иістерін бір-біріне сіңірмей қуыруға немесе пісіруге
арналған. Тұмшапештің температурасын дәстүрлі жолмен
пісіру температурасынан 20-40 °C төменірек қойыңыз.
Тұмшапештің бір деңгейінде пісіру және қуыру үшін. Үстіңгі
және астыңғы қыздыру элементтері бір уақытта жұмыс істейді.
Пицца, киш немесе бәліш пісіруге арналған. Тұмшапештің
температурасын дәстүрлі жолмен пісіру температурасынан
20-40 °C төменірек қойыңыз.
Еттің үлкен кесектерін пісіруге арналған. Гриль элементі мен
тұмшапештің желдеткіші бірінен кейін бірі іске қосылып,
тағамды айналдыра ыстық ауа жібереді.
Жалпақ етіп дайындалған тағамдардан көп мөлшерде гриль
дайындауға арналған. Тост жасауға арналған. Бүтін қақтама
элементі жұмыс істейді.
Туралған жемістерді (мысалы, алма, өрік, персик) және
көкөністерді (мысалы, қызанақ, кәдіш, саңырауқұлақ) кептіруге
арналған.
ЖібітуМұздатылған тағамды жібітуге арналған.
Тұмшапештің
шамы
Тұмшапештің шамын пісіру функциясынсыз жарықтандыруға
арналған.
14
ТҰМШАПЕШ - САҒАТ ФУНКЦИЯЛАРЫ
ЭЛЕКТРОНДЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАҒЫШ
123
456
Сағат функциясыҚолданылуы
Тәулік уақытыТәулік уақытын орнатуға, өзгертуге немесе тексеруге
арналған.
Минут операторы Кері санақ уақытын орнатуға арналған. Бұл функция
тұмшапештің жұмысына ешбір әсер етпейді.
ҰзақтықҚұрылғының жұмыс істеу уақытын орнатуға арналған.
АяқтауҚұрылғыны сөндіру уақытын орнатуға арналған.
Ұзақтық және Аяқтау функциясын
қатар қолданып, құрылғының іске
қосылатын, содан кейін сөндірілетін
уақытын орната аласыз. Әуелі
Ұзақтық параметрін, содан кейін
Аяқтау уақытын орнатыңыз.
Функция индикаторлары
1
Уақыт бейнебеті
2
Функция индикаторлары
3
+ түймешігі
4
Параметр таңдау түймешігі
5
- түймешігі
6
САҒАТ ФУНКЦИЯЛАРЫН ОРНАТУ
1.
Таңдау түймешігін қажетті функцияның
индикаторы жыпылықтағанша қайтақайта басыңыз.
2.
Минут операторының , Ұзақтық
немесе Аяқтау уақытын орнату үшін +
немесе - түймешігін қолданыңыз.
Тиісті функцияның индикаторы жанады.
Уақыт аяқталған кезде, функция
индикаторы жыпылықтайды да,
дыбыстық сигнал 2 минут естіледі.
Ұзақтық және Аяқтау
функциялары орнатылғанда, құрылғы
автоматты түрде сөнеді.
3.
Сигналды тоқтату үшін түймешікті
басыңыз.
САҒАТ ФУНКЦИЯЛАРЫН
БІРЖОЛА ТОҚТАТУ
1.
Таңдау түймешігін қажетті функцияның
индикаторы жыпылықтағанша қайтақайта басыңыз.
2.
- түймешігін басып ұстап тұрыңыз.
Сағат функциясы бірнеше секундтан
кейін сөнеді.
ҚАЗАҚ
15
16
ТҰМШАПЕШ - КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ
Назарыңызда болсын!
"Қауіпсіздік туралы мағлұматтар"
тарауын қараңыз.
ТҰМШАПЕШТІҢ КЕРЕК-ЖАРАҚТАРЫН ОРНАТУ
Шұңғыл таба мен торкөз сөренің
жиектері бар. Бағыттағыш
жолдардың жиектері мен пішімі, ыдыс
сырғып кетуге жол бермейтін арнайы
құрал болып табылады.
Торкөз сөре мен шұңғыл табаны қатар орнату
Торкөз сөрені шұңғыл табаның үстіне
қойыңыз. Шұңғыл табаны тұмшапеш
деңгейлерінің біріндегі бағыттағыш жолдарға
келтіріп салыңыз.
Сырғытпа жолдарды орнату бойынша
нұсқауларды кейін қарап жүру үшін
сақтап қойыңыз.
СӨРЕ СЫРҒЫТПАЛАРЫ - КЕРЕК-ЖАРАҚТАРЫН САЛУ
Пісірме табақты немесе қуыру ыдысын сөре
сырғытпасына қойыңыз.
Төркөз сөренің биіктетілген жиегі,
ыдыс сырғып кетуге жол бермейтін
қосымша сақтық құралы болып
табылады.
ТӨРКӨЗ СӨРЕ МЕН ҚУЫРУ ЫДЫСЫН БІРГЕ ҚОЮ
Торкөз сөрені қуыру ыдысының үстіне
қойыңыз. Торкөз сөре мен қуыру ыдысын сөре
сырғытпаларына қойыңыз.
ҚАЗАҚ
17
18
ТҰМШАПЕШ - ПАЙДАЛЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС
Назарыңызда болсын!
"Қауіпсіздік туралы мағлұматтар"
тарауын қараңыз.
Кестелердегі температура мен пісіру
уақыттары тек нұсқау ретінде
беріледі. Олар рецептерге, олардың
құрамының сапасы мен мөлшеріне
байланысты болады.
Сақтандыру туралы ескерту!
Өте сулы қоспадан жасалған тортты
пісіру үшін шұңғыл табақты
қолданыңыз. Жемістің шырыны
эмаль қаптамаға кетпейтін дақ
қалдыруы мүмкін.
ПІСІРУ
Жалпы нұсқаулар
• Жаңа тұмшапешіңіз бұрыңғы
құрылғыларыңызға қарағанда басқаша
пісіруі немесе қуыруы мүмкін. Әдетте
қолданатын параметрлеріңізді
(температура, пісіру уақыттары) және сөре
деңгейлерін кестедегі мәндерге сай
келтіріңіз.
• Пісіру уақыты ұзақ болса, қалдық қызуды
пайдалану үшін тұмшапеш пісірудің соңына
дейін шамамен 10 минут уақыт қалғанда
сөнуі мүмкін.
Мұздатылған тағамды пісірген кезде, пештің
табақтары майысып қалуы мүмкін. Табақтар
суыған кезде майысқаны қалпына келеді.
Пісіру кестелерін қалай қолдану керек
• Бірінші рет қолданған кезде төменірек
температураны пайдалануға кеңес береміз.
• Арнайы рецептіге сай келетін
параметрлерді таба алмасаңыз, соған
ұқсас параметрлерді іздеңіз.
• Бірнеше деңгейге қойылған торттарды
пісірген кезде пісіру уақыттары 10-15
минутқа созылуы мүмкін.
• Кекстер мен пісірілген нандар басында әр
түрлі биіктікте бірдей қызармауы мүмкін.
Бұл жағдай орын алса, температура
параметрін өзгертпеңіз. Айырмашылықтар
пісіру барысында бір деңгейге келеді.
ПІСІРУГЕ ҚАТЫСТЫ КЕҢЕСТЕР
Пісіру нәтижелеріЫқтимал себебіШешімі
Торттың асты жеткілікті
түрде қызармайды.
Торт басылып қалды (шикі,
жентектелген, құрылымы
біркелкі емес).
Торт басылып қалды (шикі,
жентектелген, құрылымы
біркелкі емес).
Торт басылып қалды (шикі,
жентектелген, құрылымы
біркелкі емес).
Торт тым кебір.
Сөренің деңгейі дұрыс
таңдалмаған.
Тұмшапештің
температурасы тым жоғары.
Пісіру уақыты тым қысқа.
Қоспаға тым көп сұйықтық
қосылған.
Тұмшапештің
температурасы өте төмен.
Тортты төменірек қойыңыз.
Келесі жолы сәл төменірек
температурасына қойып
Ұзағырақ пісіру уақытын
орнатыңыз. Жоғарырақ
температураны орнату
арқылы пісіру уақытын
қысқарту мүмкін емес.
Сұйықтықты аз қосыңыз.
Әсіресе араластырғыш
машинаны қолданған кезде
араластыру уақытына назар
Келесі жолы сәл жоғарырақ
температурасына қойып
тұмшапеш
пісіріңіз.
аударыңыз.
тұмшапеш
пісіріңіз.
Пісіру нәтижелеріЫқтимал себебіШешімі
Торт тым кебір.Пісіру уақыты тым ұзақ.
Тұмшапештің
Торт біркелкі қызармайды.
температурасы өте жоғары
және пісіру уақыты тым
қысқа.
Торт біркелкі қызармайды.
Қоспа біркелкі
таратылмаған.
Келесі жолы пісіру уақытын
сәл қысқартыңыз.
Тұмшапештің
температурасын
төмендетіп, пісіру уақытын
ұзартыңыз.
Қоспаны пісірме науасына
біркелкі таратып салыңыз.
Келесі жолы сәл жоғары
Торт көрсетілген уақытта
пісіп үлгермейді.