Nikon COOLPIX S7000 Quick User Guide [kk]

Пайдаланушының қысқаша
нұсқаулығы (кепілдік бар)
САНДЫҚ ФОТОКАМЕРА
Кіріспе ii Суретке түсіру үшін дайындау 1 Негізгі суретке түсіру жəне қарау операциялары 6 Мəзірлерді пайдалану 13 Wi-Fi (Сымсыз жергілікті желі) функциясын пайдалану 15 Техникалық ескертпелер 16
Кіріспе
Алдымен осыны оқу
Осы Nikon өнімінің максималды мүмкіндіктеріне қол жеткізу үшін, "Қауіпсіздік үшін" (Avii–ix) жəне "Wi-Fi (Сымсыз жергілікті желі)" (Axiii), бөлімдерін жəне барлық басқа
нұсқауларды міндетті түрде оқып шығыңыз, фотокамераны қолданатын барлық адамдардың осы нұсқауларды оқуы үшін оларды сақтап қойыңыз.
Егер фотокамераны пайдалануды бірден бастағыңыз келсе, "Суретке түсіру үшін дайындау" (A1) жəне "Негізгі суретке түсіру жəне қарау операциялары" (A6) бөлімін қараңыз.
"Анықтамалық нұсқаулық" жүктеп алу
Анықтамалық нұсқаулық (PDF пішімі) фотокамераны пайдалану жолы туралы түрлі тілдерде қосымша мəліметтерді ұсынады. Анықтамалық нұсқаулық Nikon веб-сайтынан жүктеп алыңыз жəне осы нұсқаулықпен қатар пайдаланыңыз.
http://nikonimglib.com/manual/
Анықтамалық нұсқаулық Adobe веб-сайтынан тегін жүктеле алатын Adobe Reader бағдарламасы арқылы ашыла алады.
ViewNX 2 жүктеп алу
ViewNX 2 - кескіндер мен бейнефильмдерді көру, өңдеу немесе ортақ пайдалану үшін компьютерге көшіруге мүмкіндік беретін тегін бағдарламалық жасақтама. ViewNX 2 бағдарламалық жасақтамасын орнату үшін, Nikon веб-сайтынан ViewNX 2 орнату құралын жүктеп алыңыз жəне экрандағы орнату нұсқауларын орындаңыз.
http://nikonimglib.com/nvnx/
Nikon пайдаланушыларына қолдау көрсету
Фотокамераңызды тіркеу жəне өнім бойынша ең соңғы жаңартылған ақпаратты алу үшін төмендегі сайтқа кіріңіз. Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптарды табасыз жəне техникалық көмек үшін бізге хабарласа аласыз.
http://www.europe-nikon.com/support
Кіріспе
Бума заттардың түгел болуын тексеру
Кез келген элемент жоқ болған жағдайда, фотокамераны сатып алған дүкенге хабарласыңыз.
COOLPIX S7000
Сандық Фотокамера
Зарядтау айнымалы ток адаптері* EH-71P немесе
EH-73P
Пайдаланушының қысқаша нұсқаулығы
(осы нұсқаулық)
* Сатып алынған елде немесе аймақта ашалы адаптер қажет етілетін болса, ашалы адаптер
бумада қамтылады. Сатып алынған елге немесе аймаққа байланысты ашалы адаптердің пішіні əр түрлі болады (
ЕСКЕРТПЕ:
карталары осы нұсқаулықта "жад карталары" ретінде қарастырылады.
Жад картасы фотокамерамен бірге берілмейді. SD, SDHC жəне SDXC жад
Фотокамера бауы Қайта зарядталмалы
USB кабель UC-E21
Кепілдік (осы нұсқаулық мұқабасының артқы жағында басылған)
A
2).
литий-ионды батарея EN-EL19
Фотокамера бауын бекіту əдісі
Кіріспе
iii
Ақпарат жəне сақтық шаралары
Өмір бойы білім алу ұстанымы
Nikon компаниясының "Өмір бойы білім алу ұстанымы" міндеттемесінің бөлігі ретінде ағымдағы өнімге қолдау көрсету жəне ол туралы білімді жетілдіру, үздіксіз жаңартылған ақпарат келесі веб-сайттарда қолжетімді:
АҚШ еліндегі пайдаланушылар үшін: http://www.nikonusa.com/
Еуропа мен Африка елдеріндегі пайдаланушылар үшін: http://www.europe-nikon.com/support/
Азия, Океания жəне Таяу Шығыс елдеріндегі пайдаланушылар үшін: http://www.nikon-asia.com/
Өнім бойынша кеңестерді, жиі қойылатын сұрақтарға жауаптарды жəне кескінді сандық пішімдеу мен суретке түсіру бойынша ең соңғы жаңартылған мəліметтерді алу үшін осы веб-сайттарға кіріңіз. Қосымша ақпаратты аймағыңыздағы Nikon өкілінен алуға болады. Байланыс ақпаратын алу үшін төмендегі веб-сайтқа кіріңіз
http://imaging.nikon.com/
Тек Nikon тауар белгісі бар электронды керек-жарақтарды қолдану
Nikon COOLPIX фотокамералары жоғарғы стандарттар үшін жасалған жəне күрделі электронды тізбекті қамтиды. Осы электронды схеманың оперативтік жəне қауіпсіздік талаптарымен жұмыс істеу үшін, əсіресе Nikon сандық камерасымен, Nikon компаниясы бекіткен Nikon тауар белгісі бар электронды керек-жарақтарды ғана қолдану (соның ішінде зарядтау құрылғылары, батареялар, зарядтау айнымалы ток адаптерлері жəне айнымалы ток адаптерлері,
USB кабельдері) жобаланған жəне танылған.
N
IKON ӨНІМДЕРІНЕ ЖАТПАЙТЫН ЭЛЕКТРОНДЫ КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ
ФОТОКАМЕРАҒА ЗАҚЫМ КЕЛТІРУІ МҮМКІН ЖƏНЕ ЕТУІ ЫҚТИМАЛ.
Nikon голографиялық жапсырмасы басылмаған үшінші тараптың қайта зарядталатын литий­ионды батареяларын қолдану фотокамераның қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіруі немесе батареялардың қызып кетуіне, жануына, зақымдалуына немесе ағып кетуіне əкелуі мүмкін.
Голографиялық жапсырма:
құрылғының түпнұсқа Nikon өнімі екендігін анықтайды.
Nikon тауар белгісі бар керек-жарақтар туралы қосымша ақпаратты алу үшін Nikon жергілікті дилерімен байланысыңыз.
Осы
Маңызды суреттерді түсірмес бұрын
Маңызды жағдайларға байланысты суреттерді түсірмес бұрын (мыс., үйлену тойлары немесе фотокамераны саяхатқа алмас бұрын), фотокамераның қалыпты жұмыс істейтінін тексеру үшін сынақ суретке түсіріп көріңіз. Nikon компаниясы өнімнің дұрыс жұмыс істемеуін тудыруы мүмкін зақымдарға немесе жоғалған пайда үшін жауапты болмайды.
N
IKON КЕПІЛДЕМЕСІН ЖАРАМСЫЗ
Кіріспе
iv
Нұсқаулықтар туралы
Осы өнімде қамтылған нұсқаулықтардың ешбір бөлігін Nikon компаниясының алдын ала жазылған рұқсатынсыз ешқандай пішінде жəне ешқандай жолмен көшірмелеуге, таратуға, ақпараттық іздеу жүйесінде қайтадан жазуға немесе ешбір тілге аударуға болмайды.
Осы нұсқаулықта көрсетілген суреттер мен монитор элементтері нақты өнімнен өзгешеленуі мүмкін.
Nikon компаниясы осы нұсқаулықтарда сипатталған жабдық пен бағдарламаның техникалық сипаттамаларын кез-келген уақытта жəне алдын ала ескертусіз өзгерту құқығына ие.
Nikon компаниясы өнімді қолданудан туындаған ешбір зақымдар үшін жауапты болмайды.
Осы нұсқаулықтардағы мəліметтің дұрыс жəне толық болуына бар күш-жігерімізді жұмсағанымызбен, қандай да бір қателерді немесе ескерілмеген тұстарды байқаған жағдайда аймақтағы Nikon өкіліне айтуды сұраймыз (мекенжайы бөлек беріледі).
Көшірмелеуге немесе көбейтуге тыйым салуға қатысты ескертпе
Сканердің, сандық камераның немесе басқа құрылғының көмегімен сандық көшірмесі жасалған немесе көбейтілген материалдың жай ғана иесі болудың өзі заңмен жазаға тартылуы мүмкіндігін ескеріңіз.
Көшірмеленуіне немесе көбейтілуіне заңмен тыйым салынған элементтер
"Үлгі" ретінде мөр басылған көшірмелер немесе көбейтулер болса да, қағаз ақшаның, тиындардың, құнды қағаздардың, мемлекеттік құнды қағаздардың немесе жергілікті құнды қағаздардың көшірмесін жасамаңыз немесе оларды көбейтпеңіз. Шет елдерде айналыстағы қағаз ақшаның, тиындардың немесе құнды қағаздардың көшірмесін жасауға немесе көбейтуге тыйым салынады. Мемлекеттің рұқсатын алмайынша, мемлекет шығарған қолданылмайтын пошта маркаларын немесе ашық х
Мемлекет шығарған мөрлерді жəне заңмен қарастырылған куəландыратын құжаттарды көшірмелеуге немесе көбейтуге тыйым салынады.
Нақты көшірмелер жəне көбейтулер бойынша ескертулер
Компания арқылы іскери қолданысқа берілуі қажет көшірмелердің минималды санынан басқа жағдайда, мемлекет жеке компаниялар шығарған құнды қағаздардың (акциялар, банкноттар, чектер, сыйлық куəліктері, т.б.), жолаушы билеттерінің немесе талон билеттерінің көшірмелері немесе көбейтулері бойынша ескертулерді шығарған. Сондай-ақ, мемлекет шығарған паспорттардың, қоғамдық агенттіктер жəне жеке топтар шығарған лицензиялардың, өтуге жəне тамақтануға арналған ку жасамаңыз жəне көбейтпеңіз.
Авторлық құқық ескертпелеріне сəйкес орындау
Кітаптар, əуен, салынған суреттер, ағашқа салынған өрнектер, карталар, сызбалар, бейнефильмдер жəне фотосуреттер сияқты авторлық құқықтары бар шығармашылық жұмыстарды көшірмелеу немесе көбейту ұлттық жəне халықаралық авторлық құқық заңдарымен басқарылады. Бұл өнімді заңсыз көшірмелерді жасау немесе авторлық құқықтарды бұзу үшін қолданбаңыз.
аттарды к
өшірмелеуге немесе көбейтуге тыйым салынады.
пондар си
яқты жеке кəртішкелердің жəне билеттердің көшірмесін
Кіріспе
v
Деректерді сақтайтын құрылғыларды қоқысқа тастау
Кескіндерді жою немесе жад карталары не кірістірілген фотокамера жады сияқты деректерді сақтау құрылғыларын пішімдеу бастапқы кескін деректерін толық жоймайтынын ескеріңіз. Кейде коммерциялық қолжетімді бағдарламалық құралды қолданып, жеке кескін деректерін қасақана қолдану мақсатында тасталған сақталатын құрылғылардан жойылған файлдарды қалпына келтіруге болады. Осындай деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету пайдаланушының жауапкершілігі болып табылады.
Деректерді сақтайтын құ коммерциялық жою бағдарламалық жасақтамасын қолданып барлық деректерді өшіріңіз немесе құрылғыны пішімдеп, жеке мəліметтерді қамтымайтын (мысалы, бос аспан суреттері) кескіндермен оны қайтадан толығымен толтырыңыз. Деректерді сақтайтын құрылғыларды физикалық тұрғыда бұзу кезінде зақымдалуды немесе мүлікке зақым келтіруді болдырмау үшін абай болыңыз.
Wi-Fi параметрлерін жою үшін, Wi-Fi options (Wi-Fi опц
default settings (Əдепкі параметрлерді қалпына келтіру)
рылғыларды тас
тамас немесе басқа адамның иелігіне бермес бұрын,
и
ялары) мəзіріндегі (A13)
пəрменін таңдаңыз.
Restore
Сəйкестік белгілері
Фотокамера сəйкес болатын кейбір сəйкестік белгілерін көру үшін төмендегі процедураны орындаңыз.
d
түймешігі M z мəзір белгішесі M Conformity marking (Сəйкестікті белгілеу)
Mk
түймешігін басыңыз
Кіріспе
vi
Қауіпсіздік үшін
Nikon өніміне немесе өзіңізге не басқаларға зақым келтіруді болдырмау үшін жабдықты қолданбас бұрын келесі сақтық шараларын толығымен оқып шығыңыз. Өнімді қолданатын барлық адамдардың осы қауіпсіздік нұсқауларын оқуы үшін оларды сақтап қойыңыз.
Осы бөлімде берілген сақтық шараларын ескермеуден болуы мүмкін салдарлар келесі таңбамен белгіленген:
Бұл белгішемен ықтимал зақымның алдын алу мақсатында Nikon өнімін қолданбас бұрын оқылуы қажет ескертулер белгіленген.
ЕСКЕРТУЛЕР
Дұрыс жұмыс істемеген жағдайда өшіріңіз
Фотокамерадан немесе зарядтау айнымалы ток адаптерінен түтін немесе қалыпсыз иіс шығатынын байқасаңыз, күйіп қалмау үшін абайлап, зарядтау айнымалы ток адаптерін ажыратып, жедел түрде батареяны алып тастаңыз. Қолдануды жалғастыру зақым келтіруі мүмкін. Қуат көзінен ажыратқаннан немесе алып тастағаннан кейін, тексеруден өткізу үшін жабдықты Nikon компаниясының қызмет көрсету өкіліне апарыңыз.
Бөлшектемеңіз
Фотокамераның ішкі бөліктерін немесе зарядтау айнымалы ток адаптерін ұстау жарақат алуға алып келуі мүмкін. Жөндеу жұмыстарын тек қана білікті мамандар орындау қажет. Түсіріп алудың немесе басқа жағдайлардың нəтижесінде фотокамера немесе зарядтау айнымалы ток адаптері сынып қалса, өнімді ажыратқаннан жəне/немесе батареяны алып тастағаннан кейін өнімді тексеру үшін Nikon компаниясының қызмет көрсету өкіліне апарыңыз.
Ауада өртке қауіпті газ болған жағдайда фотокамераны немесе зарядтау айнымалы ток адаптерін қолданбаңыз
Электрондық жабдықты жанғыш газ бар жерде пайдаланбаңыз, себебі бұл жарылуға немесе өртенуге əкелуі мүмкін.
Фотокамера бауын абайлап ұстаңыз
Бауды ешқашан сəбидің немесе баланың мойнына аспаңыз.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз
Сəбилердің батареяны немесе өзге де кішігірім бөліктерді аузына салмауы үшін ерекше сақтық шараларын орындаңыз.
Кіріспе
vii
Құрылғылар қосулы немесе қолданыста болғанда фотокамераны, зарядтау айнымалы ток адаптерін немесе айнымалы ток адаптерін ұзақ уақыт бойы ұстамаңыз
Құрылғылардың бөліктері ыстық болады. Ұзақ уақыт бойына құрылғыларды теріге жақын ұстау нəтижесінде төменгі температурада күйіп қалу туындауы мүмкін.
Өнімді жабық автокөлік немесе тікелей күн сəулесі сияқты өте жоғары температуралардың əсері тиетін жерде қалдырмаңыз
Осы сақтық шарасын қолданбау зақымдалуға немесе өртке əкелуі мүмкін.
Батареяны ұстаған кезде сақ болыңыз
Батареяны дұрыс ұстамаған кезде ол ағуы, қатты қызып кетуі немесе жарылуы мүмкін. Батареяны осы өнімде қолдану үшін ұстаған кезде келесі сақтық шараларын орындаңыз:
Батареяны ауыстырмас бұрын өнімді өшіріңіз. Зарядтау айнымалы ток адаптерін/ айнымалы ток адаптерін қолданған кезде, оны міндетті түрде токтан ажыратыңыз.
Тек қана қайта зарядталатын литий-ионды батареяны EN-EL19 пайдаланыңыз (жинаққа кіреді). Батареяны зарядтау мүмкіндігіне қолдау көрсететін фотокамера арқылы зарядтаңыз. Осы əрекетті орындау үшін, зарядтау айнымалы ток адаптерін EH-71P/EH-73P (жинаққа кіреді) жəне USB кабелін UC-E21 (жинаққа кіреді)
пайдаланыңыз. Батареяны фотокамераны пайдаланбай зарядтау үшін сонымен қатар батареяны зарядтау құрылғысын MH-66 (бөлек сатылады) пайдалануға болады.
Батареяны салған кезде оны жоғарғы жағын төмен қаратып немесе кері салуға əрекеттенбеңіз.
Батареяны қысқа тұйықтамаңыз немесе бөлшектемеңіз немесе батареяның оқшаулануын немесе сыртын алып тастауға немесе бөлуге тырыспаңыз.
Батареяны отқа немесе шамадан тыс ыстық жерге шығармаңыз.
Суға батырмаңыз немесе оған жақындатпаңыз.
Тасымалдамас бұрын оқшаулау үшін батареяны пластик қалтаға, т.б. салыңыз. Алқа немесе шашты түйреуіштер сияқты металдан жасалған заттармен бірге тасымалдамаңыз немесе сақтамаңыз.
Батареяның заряды толық біткен кезде ол ағып кетуге бейім болады. Өнімге зақым келтірмеу үшін заряд қалмаған кезде батареяны міндетті түрде алып тастаңыз.
Қолдануды тоқтатқаннан кейін бірден түсінің бұзылуы немесе пішімінің өзгеруі сияқты батареядағы кез келген өзгерістерді байқауыңыз қажет.
Зақымдалған батареядан аққан сұйықтық киіміңізге немесе теріге тисе, бірден көп мөлшердегі сумен жуыңыз.
Зарядтау айнымалы ток адаптерін ұстаған кезде келесі сақтық шараларын орындаңыз
Құрғақ жерде сақтаңыз. Осы сақтық шараларын дұрыс қолданбау өрттің туындауына немесе электр тогының соғуына əкелуі мүмкін.
Ашаның металдан жасалған бөліктеріндегі немесе оның жанындағы шаңды құрғақ матамен сүрту қажет. Қолдануды жалғастыру өрт тудыруы мүмкін.
Найзағай кезінде ашаны ұстамаңыз немесе зарядтау айнымалы ток адаптеріне жақындамаңыз. Осы сақтық шараларын дұрыс қолданбау электр тогының соғуына əкелуі мүмкін.
Кіріспе
viii
USB кабеліне зақым келтірмеңіз, құрылымды өзгерістер енгізбеңіз, күшпен тартпаңыз немесе бүкпеңіз, ауыр заттардың астына қоймаңыз немесе ыстық не жалын ықпалына ұшыратпаңыз. Оқшаулауға жəне сымдарға зақым келсе, оны тексеру үшін Nikon компаниясының қызмет көрсету өкіліне апарыңыз. Осы сақтық шараларын дұрыс қолданбау өртті тудыруы немесе электр тогының соғуына əкелуі мүмкін.
Ашаны немесе зарядтау айнымалы ток адаптерін су қолдарыңызбен ұстамаңыз. Осы сақтық шараларын дұрыс қолданбау электр тогының соғуына əкелуі мүмкін.
Бір кернеуден басқасына түрлендіру үшін жасалған сапар түрлендіргіштерімен немесе адаптерлерімен не тұрақты токтан айнымалы токқа тірлендіргіштермен бірге қолданбаңыз. Осы сақтық шараларын қолданбау өнімге зақым келтіруі немесе қатты қызып кетуді не өртті тудыруы мүмкін.
Тиісті қуат көзін (батарея, зарядтау айнымалы ток адаптері, айнымалы ток адаптері, USB кабелі) пайдаланыңыз
Nikon компаниясы арқылы қамтамасыз етілетін немесе сатылатын басқа қуат көзін пайдалану құрылғыны зақымдауы немесе ақаулыққа алып келуі мүмкін.
Сəйкес кабельдерді қолданыңыз
Кабельдерді кіріс жəне шығыс ұяшықтарына жалғаған кезде, өнім ережелерін сақтау үшін тек Nikon компаниясы арқылы қамтамасыз етілетін немесе сатылатын кабельдерді қолданыңыз.
Объективтің қозғалатын бөліктерін ұстамаңыз
Осы сақтық шараларын дұрыс қолданбау жарақаттануға əкелуі мүмкін.
Қозғалатын бөліктерді абайлап ұстаңыз
Объектив қақпағының немесе басқа қозғалатын бөліктердің саусақтарыңызды немесе басқа нысандарды қысып қалмау үшін абай болыңыз.
Жарқылды көзіңізге жақын қолдану уақытша көру қабілетіңізді нашарлатуы мүмкін
Жарқыл нысаннан кемінде 1 м қашықтықта болуы тиіс. Сəбилерді суретке түсірген кезде өте абай болуыңыз қажет.
Жарқыл терезесі адамға не нысанға жақын қашықтықта болған кезде жарқылмен жұмыс істемеңіз
Осы сақтық шараларын орындамау күйіп қалуға немесе өртке əкелуі мүмкін.
Сұйық кристалмен жанасуды болдырмаңыз
Монитор сынып қалған кезде, сынған əйнекпен зақымдалуды болдырмау үшін жəне монитордың сұйық кристалының теріге тиюін немесе көзге не ауызға кіріп кетуін болдырмау үшін абай болу қажет.
Ұшақта жəне емханада болған кезде нұсқауларды орындаңыз
Кіріспе
ix
Ескертпелер
Еуропадағы тұтынушыларға арналған ескертпе
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ БАТАРЕЯ ДҰРЫС ЕМЕС ТҮРГЕ АУЫСТЫРЫЛҒАН БОЛСА, ЖАРЫЛЫС ҚАУПІ
ТУЫНДАУЫ МҮМКІН. ҚОЛДАНЫЛҒАН БАТАРЕЯЛАРДЫ НҰСҚАУЛАРҒА СƏЙКЕС ТАСТАҢЫЗ.
Бұл таңба электр жəне электрондық жабдықтардың бөлек жиналуы керектігін білдіреді.
Келесі мəселе тек Еуропа елдеріндегі пайдаланушыларға қатысты:
Бұл өнім тиісті жинау пунктінде бөлек жинау үшін жасақталған. Тұрмыстық қоқыстармен бірге тастамаңыз.
Бөлек жинау жəне қайта өңдеу табиғи ресурстарды сақтауға жəне дұрыс тасталмауынан пайда болуы мүмкін адам денсаулығына жəне қоршаған ортаға теріс салдарларды болдырмауға көмектеседі.
Қосымша ақпарат алу үшін қалдықты өңдеуге жауапты жергілікті өкілдермен немесе сатушымен байланысыңыз.
Батареядағы бұл белгі батареяның бөлек жиналуы қажеттігін көрсетеді. Келесі мəселе тек Еуропа елдеріндегі пайдаланушыларға қатысты:
Осы нышанмен таңбаланғанына не таңбаланбағанына қарамастан барлық батареялар арнайы жинау пунктінде бөлек жинау үшін жасақталған. Тұрмыстық қоқыстармен бірге тастамаңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін қалдықты өңдеуге жауапты жергілікті өкілдермен немесе сатушымен байланысыңыз.
Кіріспе
x
Кеден Одағының мəлімдемесі (декларация) үшін ақпарат/сертификат
Жасап шығарушы:
Импортер:
Қолданушы нұсқаулығының артқы
мұқабасын қараңыз жшқ «Никон» Ресей Федерациясы, Мəске, 105120, 2-шi
Сыромятнический тар көш, уй 1 Телефон: +7 (495) 663-77-64
COOLPIX S7000
Өндіруші:
Шығарушы ел: Сертификат/Сəйкестік мəлімдеме: Жарамдылық мерзімі: Сертификаттау мүшесі:
"Никон Корпорейшн", Шинагава Интерсити, Башня "C", 2-15-3, Конан, Минато-ку, Токио 108-6290, Жапония, Телефон: +81-3-6433-3600
Қытай
26.11.2014 бастап 30.07.2017 дейін ФММ "РОСТЕСТ-МОСКВА"
ТС N RU Д-JP.АЯ46.B.73274
Кіріспе
xi
Зарядтау айнымалы ток адаптері EH-71P
Өндіруші:
Кага Компонентс ЖШС, 3-18-10 Мотоасакуса, Тайто-ку, Токио, 111-0041, Жапония Телефон: +81-3-4455-3164
Шығарушы ел: Сертификат/Сəйкестік мəлімдеме:
Қытай/Малайзия
ТС RU C-JP.АГ21.B.00476
Жарамдылық мерзімі:
14.11.2013 бастап 13.11.2018 дейін
Сертификаттау мүшесі:
"ГОСТ-АЗИЯ РУС"
Зарядтау айнымалы ток адаптері EH-73P
Өндіруші:
"Никон Корпорейшн", Шинагава Интерсити, Башня "C", 2-15-3, Конан, Минато-ку, Токио 108-6290, Жапония, Телефон: +81-3-6433-3600
Шығарушы ел: Сертификат/Сəйкестік мəлімдеме:
Филиппин
№ТС BY/112 02.01 020 05559
Жарамдылық мерзімі:
19.10.2015 бастап 18.10.2020 де
Сертификаттау мүшесі:
ААҚ «Тестілеу, тұтынушылық жəне өнеркəсіптік өнімдерді сертификаттау «Bellis»»
Қайта зарядталмалы литий-ионды батарея EN-EL19
Кіріспе
xii
Loading...
+ 28 hidden pages