Nikon COOLPIX W300 Quick User Guide [kk]

САНДЫҚ ФОТОКАМЕРА
Жұмысты жылдам бастау нұсқаулығы
Фотокамераны пайдалану алдында осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз.
Фотокамераны дұрыс пайдалануды қамтамасыз ету үшін «Қауіпсіздік шаралары» (vi-бет) жəне «<Маңызды> Соққыға төзімділігі, су мен шаң өткізбейтіндігі жəне булануы туралы ескертулер» (ix-бет) бөлімдерін оқып шығыңыз.
Осы нұсқаулықты оқығаннан кейін болашақта анықтама алу үшін оңай қол жеткізуге болатын жерде сақтаңыз.
Кіріспе ii Фотокамера бөлшектері 1 Жұмысқа кірісу 2 Негізгі түсіру жəне ойнату операциялары 8 Басқа функциялар 14 Техникалық ескертулер 20
Кіріспе
COOLPIX W300 Model Name: N16D3
Алдымен оқып шығыңыз
Nikon COOLPIX W300 сандық фотокамерасын сатып алғаныңыз үшін рақмет.
«Анықтамалық нұсқаулық» жүктеп алу
Анықтамалық нұсқаулық (PDF пішімінде) осы өнімді пайдалану туралы көптеген тілдердегі толық мәліметтерді береді. Төмендегі URL мекенжайындағы Жүктеу орталығынан Анықтамалық нұсқаулықты жүктеп алып, анықтама үшін смарт құрылғыға немесе компьютерге сақтаңыз.
Анықтамалық нұсқаулықты Adobe Acrobat Reader (Adobe веб-сайтынан жүктеп алынады) немесе iBooks (iOS қолданбасы) көмегімен қарауға болады.
Nikon бағдарламалық жасақтамасын жүктеп алу
Компьютерге арналған
Төмендегі URL мекенжайындағы Жүктеу орталығынан бағдарламалық жасақтаманы жүктеп алыңыз.
ViewNX-i: Бұл бағдарламалық жасақтама суреттер мен бейнефильмдерді көру және өңдеу үшін компьютерге тасымалдау мүмкіндігін береді.
Смарт құрылғыға арналған
SnapBridge: Сымсыз байланыс орнатылса, бұл қолданба кескіндер мен бейнефильмдерді смарт құрылғыға жүктеп салу мүмкіндігін береді. Қолданбаны жүктеп алу және байланыс орнату жолы туралы ақпаратты «SnapBridge Байланыс нұсқаулығы» құжатынан қараңыз.
Жүктеу орталығына кіру
http://downloadcenter.nikonimglib.com
Nikon кескіндеу өнімдері, компьютер бағдарламалық жасақтамасы немесе микробағдарлама нұсқаулықтарын жүктеп алу үшін веб-сайтқа кіріңіз.
Nikon пайдаланушысына қолдау көрсету
Фотокамераны тіркеу және өнім туралы соңғы мәліметтерден хабардар болып отыру үшін, келесі веб-сайтқа кіріңіз. Жауаптарды жиі қойылатын сұрақтардан (ЖҚС) табуға болады және техникалық қолдау алу үшін бізге хабарласыңыз.
http://www.europe-nikon.com/support
ii
Кіріспе
Қаптаманың ішін түгендеу
Кез келген бір құралы жоқ болса, фотокамераны сатқан дүкенге хабарласыңыз.
COOLPIX W300 Сандық фотокамера
Зарядтау АТ адаптері
1
EH-73P
Жұмысты жылдам бастау нұсқаулығы (осы нұсқаулық)
1 Егер фотокамера ашалы адаптер талап ететін елден немесе ауданнан сатып
алынса, ашалы адаптер қосылады. Ашалы адаптердің пішіні сатып алу еліне немесе ауданына байланысты әр түрлі болады (A4).
2 Қылшақ су өткізбейтін буманы тазалауға пайдаланылады.
ЕСКЕРТПЕ:
Керек-жарақтардан су өтеді.
Жад картасы фотокамерамен бірге берілмейді. SD, SDHC және SDXC жад
карталары осы нұсқаулықта «жад карталары» деп аталады.
Жерде пайдалануға арналған фотокамера бауы
USB кабелі UC-E21 Қылшақ
SnapBridge Байланыс нұсқаулығы
Қайта зарядталатын литий-ионды батарея EN-EL12
2
Кепілдік (осы нұсқаулық мұқабасының артқы жағында басылған)
Кіріспе
iii
Мəлімет пен сақтық шаралары
Өмір бойы білім алу ұстанымы
Nikon компаниясының өнімге қолдау көрсету және үйренуге бағытталған «өмір бойы білім алу ұстанымы» аясында үнемі жаңартылып тұратын мәліметті онлайн режимде келесі веб-сайттардан алуға болады:
АҚШ-тағы пайдаланушылар үшін: http://www.nikonusa.com/
Еуропадағы пайдаланушылар үшін: http://www.europe-nikon.com/support/
Азия, Океания, Таяу Шығыс және Африка пайдаланушылар үшін:
http://www.nikon-asia.com/
Өнім туралы ең соңғы мәліметті, кеңестерді, жиі қойылатын сұрақтарға (ЖҚС) берілген жауаптарды және сандық кескіндерге және фотосурет түсіруге қатысты жалпы кеңес алып отыру үшін осы веб-сайттарға кіріңіз. Қосымша ақпаратты аумақтағы Nikon өкілінен алуға болады. Байланыс мәліметін алу үшін төмендегі веб-сайтқа кіріңіз.
http://imaging.nikon.com/
Nikon компаниясының шынайы электрондық керек-жарақтарын ғана пайдаланыңыз
Nikon COOLPIX фотокамералары ең жоғары стандарттарға сай жасалған және күрделі электрондық схемаларды қамтиды. Осы Nikon сандық фотокамерасында ғана пайдалану үшін USB тарапынан сертификатталған Nikon сауда белгісінің электрондық керек-жарақтарының (зарядтау құрылғыларын, батареяларды, желілік зарядтау құрылғысы, айнымалы ток адаптерлерін және Nikon кабельдерін қосқанда) ғана осы электрондық схемалардың қызметтік және қауіпсіздік талаптары шеңберінде жұмыс жасайтындығы расталған және сол үшін жасалған.
ШЫНАЙЫ NIKON ӨНІМІ ЕМЕС ЭЛЕКТРОНДЫҚ КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ФОТОКАМЕРАНЫ ЗАҚЫМДАУЫ ЖӘНЕ NIKON КЕПІЛДІГІНІҢ КҮШІН ЖОЮЫ МҮМКІН.
Nikon голографиялық жапсырмасы жоқ үшінші тараптың қайта зарядталатын литий-ионды батареяларын пайдалану фотокамераның қалыпты жұмыс жасауына кедергі келтіруі және батареяның шамадан тыс қызуына, өртенуіне, жарылуына немесе ағуына әкелуі мүмкін.
Голографиялық жапсырма: Бұл құрылғының шынайы Nikon өнімі екендігін білдіреді.
Nikon сауда белгісінің керек-жарақтарына қатысты қосымша мәлімет алу үшін Nikon компаниясының жергілікті өкілетті дилеріне хабарласыңыз.
Маңызды суреттерді түсіруден бұрын
Маңызды оқиғаларда (үйлену тойлары сияқты жағдайларда немесе фотокамераны сапарға алып шығудан бұрын) суретке түсірмес бұрын, фотокамераның дұрыс жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізу үшін суретті сынақ ретінде түсіріп көріңіз. Nikon компаниясы өнімнің дұрыс істемеуінен болған шығынға немесе жоғалған табысқа жауап бермейді.
iv
Кіріспе
Нұсқаулықтар туралы
Осы өніммен бірге келген нұсқаулықтардың ешбір бөлігін Nikon компаниясының жазбаша рұқсатынсыз қандай да бір жолмен көбейтуге, таратуға, қайта жазуға, іздеу жүйесінде сақтауға немесе кез-келген түрде басқа бір тілге аударуға рұқсат етілмейді.
Бұл нұсқаулықта көрсетілген суреттер мен экран мазмұны нақты өнімнен өзгеше болуы мүмкін.
Nikon компаниясы осы нұсқаулықтарда сипатталған жабдық пен бағдарламаның техникалық сипаттамаларын кез-келген уақытта және алдын ала ескертусіз өзгерту құқығына ие.
Nikon компаниясы осы өнімді пайдаланудан болған қандай да бір зақымға жауап бермейді.
Осы нұсқаулықтардағы мәліметтің дұрыс және толық болуына бар күш-жігерімізді жұмсағанымызбен, қандай да бір қателерді немесе ескерілмеген тұстарды байқаған жағдайда аймақтағы Nikon өкіліне айтуды сұраймыз (мекенжайы бөлек беріледі).
Авторлық құқық туралы ескертулердің талаптарын орындау
Авторлық құқықтар туралы заңға сай авторлық құқықтармен қорғалған еңбектердің фотокамерамен жасалған фотосуреттерін немесе жазбаларын авторлық құқық иесінің рұқсатынсыз пайдалануға болмайды. Жеке пайдалануға ерекшеліктер қолданылады, бірақ көрмелердің немесе нақты уақыттағы орындаулардың фотосуреттері немесе жазбалары жағдайында тіпті жеке пайдалану да шектелуі мүмкін екенін ескеріңіз.
Деректерді сақтау құрылғыларын тастау
Суреттерді өшіру немесе жад карталары немесе кірістірілген фотокамера жады сияқты деректерді сақтау құрылғыларын пішімдеу суретке қатысты бастапқы деректерді толық өшірмейтінін ескеріңіз. Өшірілген файлдарды кейде еркін сатылымдағы бағдарламалар көмегімен лақтырылған сақтау құрылғыларынан шығарып алуға болады, бұл жеке суреттерді арам пиғылда пайдалануға әкелуі мүмкін. Мұндай деректердің құпиялығын қамтамасыз ету пайдаланушының өз жауапкершілігі болып табылады.
Деректерді сақтау жадын шығарудан немесе иелік ету құқығын басқа адамға беруден бұрын орнату мәзірінің (A18) Reset all (Барлығын қалпына келтіру) бөліміндегі фотокамераның барлық параметрлерін қалпына келтіріңіз. Қалпына келтіргеннен кейін сатылатын жою бағдарламалық жасақтамасының көмегімен барлық деректерді өшіріңіз немесе орнату мәзірінің (A18) Format memory (Жадты пішімдеу) не Format card (Картаны пішімдеу) бөлімінде құрылғыны пішімдеңіз, содан кейін жеке ақпаратты қамтымайтын кескіндермен (мысалы, ашық аспанның кескіндері) толықтай қайта толтырыңыз.
Жад карталарын жою кезінде жарақат алу немесе мүлікке зақым келтіруді болдырмау үшін абай болыңыз.
COOLPIX W300 үшін жад картасында сақталған журнал деректері басқа деректер сияқты жүзеге асады. Алынған, бірақ жад картасында сақталмаған журнал деректерін өшіру үшін Create log (Журнал жасау) M End all logs (Барлық
журналдарды аяқтау) M Erase logs (Журналдарды өшіру) тармағын таңдаңыз.
Conformity Marking (Растауды белгілеу)
Фотокамера сәйкес келетін сәйкестікті белгілеулерінің кейбіреуін көрсету үшін төмендегі процедураны орындаңыз.
d түймешігін M z мәзір белгішесін M Conformity marking (Растауды белгілеу) M k түймешігін басыңыз
Кіріспе
v
Қауіпсіздік шаралары
Мүлікті зақымдауды, я болмаса, өзіңізді немесе басқаларды жарақаттауды болдырмау үшін осы өнімді пайдалану алдында «Қауіпсіздік шаралары» бөлімін толығымен оқыңыз. Осы қауіпсіздік туралы нұсқауларды осы өнімді пайдаланатын адамдардың барлығы оқитын жерде сақтаңыз.
бұл белгішемен белгіленген сақтық
ҚАУІП
ЕСКЕРТУ
САҚТЫҚ ЕСКЕРТУ
• Жүріп бара жатқанда немесе көлікті жүргізіп келе жатқанда
пайдаланбаңыз. Бұл сақтық шарасын қолданбау сәтсіз жағдайларға
немесе басқа жарақатқа әкелуі мүмкін.
Бұл өнімді бөлшектемеңіз немесе өзгертпеңіз. Құлау немесе басқа сəтсіз
жағдай нəтижесінде ашылатын ішкі бөліктерге тимеңіз.
шараларын қолданбау ток соғуына немесе басқа жарақатқа әкелуі мүмкін.
Өнімнен түтін, жылу немесе əдеттен тыс иістер шығуы сияқты кез келген дұрыс емес нəрселерді байқасаңыз, батареяны немесе қуат көзін дереу ажыратыңыз. Пайдалануды жалғастыру өртке, күйіктерге
немесе басқа жарақатқа әкелуі мүмкін.
Ашаны ылғалды қолдармен ұстамаңыз. Бұл сақтық шарасын қолданбау өртке немесе электр тогының соғуына әкелуі мүмкін.
• Осы өнім қосулы кезінде немесе розеткаға қосулы кезінде терінің өнімге ұзақ тиіп тұруына жол бермеңіз. Бұл сақтық шарасын қолданбау
төмен температуралық күйіктерге әкелуі мүмкін.
Тұтанғыш шаң немесе пропан сияқты газ, бен бар жерде бұл өнімді пайдаланбаңыз. Бұл сақтық шарасын қолданбау
жарылысқа немесе өртке әкелуі мүмкін.
Жарқылды, АФ қосымша шамын, жарық диодты шамды немесе бейнефильм шамын моторлы көліктің жүргізушісіне бағыттамаңыз.
Бұл сақтық шарасын қолданбау сәтсіз жағдайларға әкелуі мүмкін.
vi
Кіріспе
шараларын қолданбау өлім немесе ауыр жарақат қаупін тудырады.
бұл белгішемен белгіленген сақтық шараларын қолданбау өлімге немесе ауыр жарақатқа əкелуі мүмкін.
бұл белгішемен белгіленген сақтық шараларын қолданбау жарақатқа немесе мүліктің зақымдалуына əкелуі мүмкін.
ЕСКЕРТУ
Бұл сақтық
зин немесе аэрозольдар
Бұл өнімді балалар жетпейтін жерде сақтаңыз. Бұл сақтық шарасын қолданбау жарақатқа немесе өнім ақаулығына әкелуі мүмкін. Бұған қоса, кішкентай бөліктер шашалу қаупін тудыратынын ескеріңіз. Бала осы өнімнің кез келген бөлігін жұтып қойса, дереу медициналық көмекке жүгініңіз.
Мойын бауларын шатыстырмаңыз, мойынға орамаңыз немесе бұрамаңыз.
Осы өніммен бірге пайдалануға арналмаған батареяларды, зарядтау құрылғыларын, айнымалы ток адаптерлерін немесе USB кабельдерін пайдаланбаңыз. Осы өніммен бірге пайдалануға арналған батареяларды, зарядтау құрылғыларын, айнымалы ток адаптерлерін жəне USB кабельдерін пайдаланғанда мыналарды істемеңіз:
- Сымдарды немесе кабельдерді зақымдамаңыз, өзгертпеңіз,
күшпен тартпаңыз немесе майыстырмаңыз, ауыр заттардың астына қоймаңыз, я болмаса, оларға жылу немесе жалын əсерін тигізбеңіз.
- Бір кернеуді екіншісіне түрлендіруге арналған саяхатқа арналған
түрлендіргіштерді немесе адаптерлерді, я болмаса, тұрақты ток-айнымалы ток инверторларын пайдаланыңыз.
Бұл сақтық шараларын қолданбау өртке немесе ток соғуына әкелуі мүмкін.
Найзағайлар кезінде өнімді зарядтап немесе айнымалы ток адаптерін пайдаланып жатқанда аш
қолданбау ток соғуына әкелуі мүмкін.
• Өте жоғары немесе төмен температуралар əсер ететін орындарда ашық қолдармен ұстамаңыз. Бұл сақтық шарасын қолданбау күйіктерге
немесе үсуге әкелуі мүмкін.
• Объективті күнге немесе басқа қатты жарық көздеріне қаратып қалдырмаңыз. Объектив фокустаған жарық өртке әкелуі немесе өнімнің
ішкі бөліктерін зақымдауы мүмкін. Артқы жағы жанып тұрған нысандарды суретке түсіргенде күнді кадрдан тыс ұстаңыз.
Пайдалану тыйым салынған кезде бұл өнімді өшіріңіз. Орын деректерін жазу функцияларын өшіру. Журналға жазуды аяқтау. Сымсыз жабдықты пайдалануға тыйым салынған кезде сымсыз мүмкіндіктерді өшіріңіз. Бұл өнім тудыратын радиожиілікті сәулеленулер
ұшақтағы, я болмаса, ауруханалардағы немесе басқа медициналық мекемелердегі жабдыққа кедергілер келтіруі мүмкін.
• Бұл өнім ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайтын болса, батареяны алыңыз жəне айнымалы ток адаптерін аж
шарасын қ
Жарқылды теріге немесе заттарға тигізіп тұрып немесе жақындатып
жақпаңыз.
АФ қосымша шамына, жарық диодты шамға немесе бейнефильм шамына тікелей қарамаңыз.
Бұл сақтық шарасын қолданбау сәтсіз жағдайларға әкелуі мүмкін.
ан
ы ұстамаңыз. Бұл сақтық шарасын
САҚТЫҚ ЕСКЕРТУ
олданбау өртке немесе өнім ақаулығына әкелуі мүмкін.
Бұл сақтық шарасын қолданбау күйіктерге немесе өртке әкелуі мүмкін.
Көзді зақымдауы немесе көру қабілетін нашарлатуы мүмкін.
ыратыңыз. Бұл сақтық
Кіріспе
vii
Өнімді ұзақ уақыт бойы өте жоғары температуралар əсер ететін жерде қалдырмаңыз, мысалы, жабық автокөлікте немесе тік күн сəулелерінің астында. Бұл сақтық шарасын қолданбау өртке немесе өнім
ақаулығына әкелуі мүмкін.
Батареялар үшін ҚАУІПТІ
Батареяларды дұрыс емес пайдаланбаңыз. Келесі сақтық шараларын қолданбау батареялардың ағуына, қызып кетуіне, жарылуына немесе өртенуіне әкелуі мүмкін:
- Тек осы өнімде пайдалану үшін бекітілген қайта зарядталмалы
батареяларды пайдаланыңыз.
- Батареяларға жалын немесе артық жылу әсерін тигізбеңіз.
- Бөлшектемеңіз.
- Алқаларға, түйреуіштерге немесе басқа металл заттарға тигізу арқылы
түйіспе тұстарын қысқа тұйықтамаңыз.
- Батареяларға немесе олар салынған өнімдерге қатты соққылардың
әсерін тигізбеңіз.
Батареяларды көрсетілген əдіс бойынша зарядтаңыз.
шарасын қолданбау батареялардың ағуына, қызып кетуіне, жарылуына немесе өртенуіне әкелуі мүмкін.
• Егер батарея сұйықтығы көздерге тисе, көп таза сумен шайыңыз жəне дереу медициналық көмекке жүгініңіз. Әрекетті кешіктіру көз
жарақаттарына әкелуі мүмкін.
Батареялар үшін ЕСКЕРТУ
Батареяларды балалар жетпейтін жерде сақтаңыз. Бала батареяны жұтып қойса, дереу медициналық көмекке жүгініңіз.
Бұл өнімге су не жаңбыр тигізбеңіз. Бұл сақтық шарасын қолданбау өртке немесе өнім ақаулығына әкелуі мүмкін. Ылғалданса, өнімді сүлгімен немесе ұқсас затпен дереу құрғатыңыз.
Батареяда кез келген түссіздену немесе деформация сияқты өзгеріс байқалса, пайдалануды дереу тоқтатыңыз. Көрсетілген уақыт кезеңінде зарядталмаса, зарядтауды тоқтатыңыз. Бұл сақтық
шараларын орындамасаңыз, батареялардың ағуына, қатты қызып кетуіне, жарылуына немесе өртенуіне себеп болуы мүмкін.
• Қоқысқа лақтыру алдында батареяның түйіспе тұстарын лентамен оқшаулаңыз. Түйіспе тұстарға металл заттар тисе, қызып кету, жарылу
немесе өрт туындауы мүмкін. Батареяларды жергілікті ережелерге сай қайта өңдеуге тапсырыңыз немесе қоқысқа лақтырыңыз.
• Егер батарея сұйықтығы адам терісіне немесе киімге тисе, əсер етілген аумақты көп таза су
қолданбау терінің тітіркенуіне әкелуі мүмкін.
viii
Кіріспе
н дереу шайыңыз. Бұл сақтық шарасын
ме
Бұл сақтық
<Маңызды> Соққыға төзімділігі, су мен шаң өткізбейтіндігі жəне булануы туралы ескертулер
Осында сипатталған соққыға төзімділігі, су мен шаң өткізбейтіндігі фотокамераны толығымен су өткізбейтін немесе зақымсыз екендігіне және барлық жағдайларда зақымдалмайтынына кепілдік бермейді.
Фотокамераны құлату, соғу немесе үстіне ауыр зат қою арқылы шамадан тыс соққы, діріл немесе қысым түсірмеңіз. Осы сақтық шараны сақтамасаңыз, фотокамераның бұзылуына, герметикалық тығыздауыштарының зақымдалуына немесе фотокамера ішіне су кіруіне себеп болып, фотокамера ақаулығына әкелуі мүмкін.
Nikon компаниясының кепілдігі фотокамераны дұрыс пайдаланбау нәтижесінде фотокамера ішіне судың кіруінен болған ақауларды қамтымауы мүмкін.
Соққыға төзімділігі туралы ескертулер
Фотокамера MIL-STD 810F Method 516.5-Shock* стандартына сәйкес Nikon компаниясының үй ішіндегі сынағынан өтті (240 см биіктіктен 5 см қалың фанер тақтаға құлату сынағы). Фотокамера бояуының кетуі және зақымдалуы сияқты сыртқы өзгерістер Nikon компаниясының үй ішіндегі сынағында өлшенбейді.
* АҚШ Қорғаныс министрлігінің сынақ әдісі стандарты.
Бұл сынақ 5 фотокамераны дайындаумен және 5 фотокамераны 122 см биіктіктен 26 бағытқа (8 рет қырына, 12 рет бұрышқа және 6 рет қабырғаға) лақтыру арқылы сынақтың өткенін тексерумен анықталады.
Су мен шаң өткізбейтіндігі туралы ескертулер
Фотокамера JIS/IEC су өткізбейтін 8 (IPX8) класы мен JIS/IEC шаң өткізбейтін 6 (IP6X) класына эквивалентті және су астында 30 м тереңдікте 60 минутқа дейін суретке түсіруге мүмкіндік береді.*
* Бұл сипат Nikon компаниясы көрсеткен әдістерге сәйкес фотокамераны
пайдаланған кезде белгілі бір уақытта белгілі бір су қысымында төзімді етіп жасалғандығын көрсетеді.
- Осы фотокамераның су өткізбейтіндігі таза суда (бассейн, өзендер мен көлдер) және теңіз суында ғана сынауға арналған.
- Фотокамераның ішкі бөлігі су өткізеді. Фотокамераның ішіне кірген су компоненттерінің тоттануына әкеліп, жөндеу жұмыстарына көп қаражат жұмсалуы немесе жөнделмеуі мүмкін.
- Керек-жарақтардан су өтеді.
B Тазалау кезіндегі сақтық шаралары
Микрофон немесе динамик ұяшықтарын өткір құралмен теспеңіз. Фотокамераның ішкі бөлігі зақымдалса, су өткізбейтін сипатының нашарлауы мүмкін.
Тазалау үшін сабынды, бейтарап тазалау құралдарын немесе бензин сияқты химикаттар пайдаланбаңыз.
Кіріспе
ix
Соққыға төзімділігі, су мен шаң өткізбейтіндігі
Су өткізбейтін орам
туралы ескертулер
Фотокамераны құлатып алмаңыз, тас секілді қатты затқа соқпаңыз немесе су бетіне лақтырмаңыз.
Су астында пайдаланған кезде фотокамераға соққы тигізбеңіз.
- Ағын суда немесе сарқырамада пайдалану арқылы фотокамераға су
қысымын түсірмеңіз.
- Оны 30 м-ден терең су астында пайдаланбаңыз.
- Фотокамераны су астына құлатып алмаңыз. Фотокамера суда
қалқымайды.
Фотокамераны 60 немесе одан көп минут су астында тұрақты пайдаланбаңыз.
Дымқыл жад картасын немесе батареяны фотокамераға салмаңыз.
- Фотокамера немесе қолыңыз ылғалды кезде батарея бөлімінің/жад
картасы ұяшығының қақпағын ашпаңыз. Бұлай істеу фотокамера ішіне су кіруіне немесе фотокамераның дұрыс жұмыс істемеуіне себеп болуы мүмкін.
Батарея бөлімін/жад картасы ұяшығының қақпағын су астында ашпаңыз.
Су тамшылары секілді ылғал
фотокамера сыртына немесе батарея бөлімінің/жад картасы ұяшығы қақпағының ішіне түссе, жұмсақ құрғақ шүберекпен тез арада құрғатыңыз.
- Фотокамера сыртына немесе
батарея бөлімі/жад картасы ұяшығының қақпағы ішіне бөтен зат жабысып қалса, оны ауа үргішпен немесе жұмсақ шүберекпен тез арада кетіріңіз.
- Егер бөтен зат батарея бөлімі/жад
картасы ұяшығының қақпағы ішіндегі су өткізбейтін қапқа жабысып қалса, оны жиынтықтағы қылшақпен алып тастаңыз. Жиынтықтағы қылшақты су өткізбейтін қапты тазартудан басқа жұмыстарға пайдаланбаңыз.
Фотокамераны суық жағдайларда немесе 40°C немесе одан жоғары ыстық жағдайларда ұзақ уақыт қалдырмаңыз.
- Бұлай істеу суға төзімділігін нашарлатуы мүмкін.
- Фотокамераны су астында пайдаланған кезде, су температурасы 0-40°C
ауқымында екендігін тексеріңіз.
Фотокамераны ыстық суларда пайдаланбаңыз.
x
Кіріспе
Фотокамераны су астында пайдаланбас бұрын
Фотокамераны су астында пайдаланбас бұрын төмендегі элементтерді тексеріңіз.
Жерде пайдалануға арналған фотокамера бауын алыңыз.
Батарея бөлімінің/жад картасы ұяшығы қақпағының ішінде бөтен заттар жоқ
екенін тексеріңіз.
Батарея бөлімінің/жад картасы ұяшығы қақпағының су өткізбейтін қабында сызаттар немесе зақымдар жоғын тексеріңіз.
- Су өткізбейтін қаптың фотокамерадан ажырамағанын тексеріңіз.
Батарея бөлімі/жад картасы ұяшығының қақпағы берік жабылғанын тексеріңіз.
- Ысырма индикаторы «Жабық» күйін көрсетіп тұрғанын тексеріңіз.
Жұмыс температурасы, ылғалдылығы жəне булануы туралы ескертулер
Бұл фотокамераның жұмысы –10°C және +40°C аралығындағы температурада тексерілді.
Фотокамераны климаты суық аймақтарда немесе жоғары жерлерде пайдаланған кезде келесі сақтық шараларын орындаңыз.
Батарея өнімділігі суық кезде уақытша нашарлайды. Пайдаланбас бұрын фотокамера мен батареяларды жылы ұстаңыз.
Егер фотокамера өте суық жағдайда ұзақ уақыт қолданылса, өнімділігі уақытша нашарлауы мүмкін. Мысалы, фотокамераны қосқан соң бірден монитор қалыптыдан күңгірттеу болуы мүмкін немесе қалдық суреттер шығуы мүмкін.
Булануына əкелуі мүмкін қоршаған орта жағдайлары
Температурасы кенет өзгеретін немесе ылғалдылығы жоғары төменде сипатталғандай орта жағдайларында монитордың іші немесе объектив булануы (терлеуі) мүмкін. Бұл фотокамераның дұрыс жұмыс істемеуі немесе ақау емес.
Фотокамера ыстық орыннан немесе жерден бірден суық суға батырылды.
Фотокамера салқын даладан ғимараттың іші секілді жылы орынға әкелінді.
Батарея бөлімі/жад картасы ұяшығының қақпағы ылғалдылығы жоғары
ортада ашылды немесе жабылды.
Булануын азайту
Батарея бөлімін/жад картасы ұяшығының қақпағын ашып, фотокамера мен сатып алуға болатын құрғатқышты пластик қалта сияқты контейнерге салып, контейнерді бекітіңіз. Егер фотокамера ішіндегі ылғалдылық төмендетілсе, булану сирек орын алады.
Фотокамераны су астында пайдаланбас бұрын, фотокамера ыстық болуы мүмкін орындарда сақтамаңыз (мысалы, тікелей күн сәулесі астында). Егер фотокамера ыстық күйінде су астына жартылай батырылса, температураның кенет өзгерісі булануға себеп болуы мүмкін.
Кіріспе
xi
Булануды тазалау
Фотокамераны өшіріп, орта температурасы тұрақты орында батарея бөлімін/жад картасы ұяшығының қақпағын ашыңыз (жоғары температуралы, жоғары ылғалдылықты, құмды немесе шаңды орындардан аулақ жүріңіз). Булануды тазалау мақсатында қоршаған орта температурасына реттелуі үшін батареяны және жад картасын алып, батарея бөлімін/жад картасы ұяшығының қақпағын ашық күйде қалдырыңыз.
Тексеру жəне жөндеу
Фотокамераға соққы түссе, бөлшек сауда немесе Nikon компаниясының өкілетті қызмет көрсету өкілінен кеңес алып, су өткізбейтіндігін растауға кеңес беріледі (ақылы қызмет).
Су өткізбейтін қап нашарлай бастаса, бөлшек сауда немесе Nikon компаниясының өкілетті қызмет көрсету өкілінен кеңес алыңыз. Су өткізбейтін қаптың су өткізбейтін қасиеті бір жылдан кейін нашарлай бастауы мүмкін.
Егер фотокамера ішіне су өтсе, қолданысын бірден тоқтатып, Nikon компаниясының өкілетті қызмет көрсету өкіліне апарыңыз.
xii
Кіріспе
Фотокамера бөлшектері
1
Ысырманы босату түймешігі
2
Қуат ажыратқышы/іске қосылу шамы
3
Жарқыл
4
LED жарық Өздігінен түсіруді реттейтін таймер шамы АФ қосымша шамы Movie light (Бейнеге арналған жарық)
5
Батарея бөлімі/жад картасы ұяшығы қақпағының ысырмасы
6
Батарея бөлімі/жад картасы ұяшығы қақпағының ысырмасын босатқыш
7
Монитор
8
A (суретке түсіру режимі) түймесі
9
Масштабты таңдау
10
Зарядтау шамы Жарқыл шамы
11
b (e бейнефильмді жазу) түймешігі
12
c (ойнату) түймешігі
13
Мульти селектор*
14
k (таңдау жасау) түймешігі
15
l (жою) түймешігі
16
d (мәзір) түймешігі
17
r (LED шам) түймешігі
18
V (әрекет) түймешігі
19
q (құрал) түймешігі
Фотокамера корпусы
19
6 5
18 17
82134791011
12 13
14 15
16
* Осы нұсқаулықта мульти селектордағы жоғары, төмен, сол немесе оң түймесін
басу H, I, J немесе K ретінде өрнектеледі.
Фотокамера бөлшектері
1
Жұмысқа кірісу
Жерде пайдалануға арналған фотокамера бауын бекіту əдісі
Фотокамераны су астында пайдаланбас бұрын жерде пайдалануға арналған бауды алып тастаңыз.
2
Жұмысқа кірісу
Батареяны жəне жад картасын салу
Батарея ілмегі
Жад картасының ұяшығы
2
4
8
1
3
Батарея бөлімі/жад картасы ұяшығы қақпағының ысырмасын босату
түймесін басыңыз (1), батарея бөлімі/жад картасы ұяшығының қақпағы ысырмасын (2) бұрап, қақпақты ашыңыз (3).
Батареяның оң және теріс зарядты түйіспелері дұрыс бағытталған кезде
қызғылт сары батарея ілмегін (4) жылжытып, батареяны (5) толығымен енгізіңіз.
Жад картасын орнына тырс етіп орныққанша сырғытыңыз (6).
Батареяны немесе жад картасын басын төмен қаратып немесе керісінше
енгізбеңіз, дұрыс жұмыс істемеуіне әкелуі мүмкін.
Батарея бөлімін/жад картасы ұяшығының қақпағын (7) фотокамераға
қақпақтың шетіндегі қызыл бөлігі көрінбегенше қатты басып, батарея бөлімі/ жад картасы ұяшығының қақпағы орнына сырт етіп түспегенше бұраңыз (8). Қақпақ берік бекітілгенін тексеріңіз.
Егер жад картасының жазудан қорғау ажыратқышы құлыпталса, суретке түсіру, өшіру немесе жад картасын пішімдеу мүмкін болмайды.
Фотокамера деректерін, соның ішінде кескіндерді және бейнефильмдерді жад картасында да, ішкі жадында да сақтауға болады. Ішкі жадын пайдалану үшін жад картасын шығарып алыңыз.
5
6
7
B Су мен шаң өткізбейтіндігі туралы ескертулер
Қосымша ақпарат алу үшін «Соққыға төзімділігі, су мен шаң өткізбейтіндігі туралы ескертулер» (Ax) бөлімін қараңыз.
B Қақпағын фотокамера бауының сымы қысылып қалмайтындай
Батарея бөлімін/жад картасы ұяшығының қақпағын жапқан кезде фотокамера бауының сымын қысып қалса, қақпақтың зақымдалуы мүмкін. Батарея бөлімін/жад картасы ұяшығының қақпағын жаппас бұрын, сымның қысылып қалмағанын тексеріңіз.
жабу жөніндегі ескертулер
Жұмысқа кірісу
3
B Жад картасын пішімдеу
1
2
3
USB кабелі (жинаққа кіреді)
Зарядтау шамы
Розетка
Зарядтау айнымалы ток адаптері
Өзге құрылғыда қолданылған жад картасын осы фотокамераға алғаш салған кезде оны осы фотокамера арқылы пішімдеуді ұмытпаңыз.
• Жад картасын пішімдеу жад картасындағы бүкіл суреттер мен басқа
деректерді тұрақты түрде жоятынын ескеріңіз. Жад картасын пішімдеуден
бұрын, сақтап қалғыңыз келетін суреттердің көшірмелерін жасауды ұмытпаңыз.
Жад картасын фотокамераға салып, d түймесін басыңыз және параметрлерді орнату мәзірінен Format card (Картаны пішімдеу) пәрменін таңдаңыз (A18).
Батареяны немесе жад картасын алу
Фотокамераны өшіріп, іске қосылу шамы мен экран өшірілгендігін тексеріңіз, содан кейін батарея бөлімінің/жад картасы ұясының қақпағын ашыңыз.
Батареяны шығару үшін батарея ілмегін жылжытыңыз.
Жад картасын жартылай шығару үшін жад картасын фотокамераға мұқият
итеріңіз.
Фотокамераны қолданған соң фотокамераны, батареяны және жад
картасын ұстағанда сақ болыңыз, себебі ыстық болуы мүмкін.
Батареяны зарядтау
Аша адаптері* фотокамерамен берілген болса, оны зарядтау айнымалы ток адаптеріне мұқият жалғаңыз. Екеуі жалғанғаннан кейін, аша адаптерін күштеп суыруға тырысу өнімді зақымдауы мүмкін.
* Аша адаптерінің пішіні фотокамера сатып алынған елге немесе аймаққа қарай
өзгеше болады. Егер аша адаптері зарядтау айнымалы ток адаптеріне тұрақты бекітілген болса, бұл қадамды өткізуге болады.
Жұмысқа кірісу
4
Loading...
+ 36 hidden pages