• Фотокамераны пайдалану алдында осы
нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз.
•
Фотокамераныдұрыспайдалануды қамтамасызету үшін
«Қауіпсіздікшаралары» бөлімін (vi-бет) оқыпшығыңыз
.
• Осынұсқаулықтыоқығаннан кейін болашақта анықтама алуүшіноңайқолжеткізугеболатынжердесақтаңыз.
Кіріспе
COOLPIX B500 Model Name: N1516
Алдыменосыныоқыпшығыңыз
Nikon COOLPIX B500 сандық фотокамерасын сатып алғаныңыз үшін рақмет.
«Анықтамалықнұсқаулық» жүктеу
Анықтамалық нұсқаулықта (PDF пішімінде) осы өнімді пайдалану туралы
мәліметтер әртүрлі тілде берілген. Анықтамалық нұсқаулықты төмендегі URL
мекенжайындағы жүктеп алу орталығымыздан жүктеп алып, анықтама алу үшін
оны смарт құрылғыда немесе компьютерде сақтаңыз.
Анықтамалық нұсқаулықты Adobe Acrobat оқу құралы (Adobe веб-сайтынан жүктеп
•
алуға болады) немесе iBooks (iOS қолданбасы) қолданбасынан көруге болады.
Nikon бағдарламалық жасақтамасын жүктеп алу
Компьютер үшін
Төмендегі URL мекенжайындағы жүктеп алу орталығынан бағдарламалық
жасақтаманы жүктеп алыңыз.
• ViewNX-i: Бұл бағдарламалық жасақтама кескіндер мен бейнефильмдерді
көру және өңдеу үшін компьютерге тасымалдауға мүмкіндік береді.
Смарт құрылғы үшін
• SnapBridge: Сымсыз байланыс орнатқанда, осы қолданба кескіндер мен
бейнефильмдерді смарт құрылғыға жүктеуге мүмкіндік береді. Қолданбаны
жүктеп алу және байланыс орнату әдісі туралы ақпаратты «Смарт
құрылғыға жалғау (SnapBridge)» (A13) бөлімінен қараңыз.
Жүктепалуорталығынакіру
http://downloadcenter.nikonimglib.com
Nikon кескіндеу өнімдері, компьютердің бағдарламалық
жасақтамасы немесе микробағдарламаға арналған
нұсқаулықтарды веб-сайтымыздан жүктеп алыңыз.
Nikon пайдаланушысынақолдаукөрсету
Фотокамераны тіркеу үшін келесі сайтқа өтіңіз және өнім туралы соңғы
мәліметтерден хабардар болып отырыңыз. Жауаптарды жиі қойылатын сұрақтардан
(ЖҚС) табуға болады және техникалық қолдау алу үшін бізге хабарласыңыз.
http://www.europe-nikon.com/support
ii
Кіріспе
Қаптаманың ішін түгендеу
Кез келген бір құралы жоқ болса, фотокамераны сатқан дүкенге
хабарласыңыз.
COOLPIX B500
Сандық фотокамера
Объектив қабы LC-CP31
(бауы бар)
Жұмысты жылдам
бастау нұсқаулығы
(осы нұсқаулық)
* Ішінде тұрған батареялар тек сынақ үшін пайдалануға арналған.
ЕСКЕРТПЕ: Жад картасы фотокамерамен бірге берілмейді. SD, SDHC және
SDXC жад карталары осы нұсқаулықта «жад карталары» деп аталады.
Фотокамера бауыLR6/L40 (AA өлшемді)
USB кабелі UC-E16
Кепілдік (осы нұсқаулық мұқабасының артқы
жағында басылған)
сілтілі батареялар (×4)*
Кіріспе
iii
Мəліметтер мен сақтық шаралары
Өмір бойы білім алу ұстанымы
Nikon компаниясының «Өмір бойы білім алу ұстанымы» міндеттемесінің бөлігі
ретінде ағымдағы өнімге қолдау көрсету және ол туралы білімді жетілдіру, үздіксіз
жаңартылған ақпарат келесі веб-сайттарда қолжетімді:
• АҚШ еліндегі пайдаланушылар үшін: http://www.nikonusa.com/
• Азиядағы, Океаниядағы, Таяу Шығыстағы және Африкадағы пайдаланушылар
үшін: http://www.nikon-asia.com/
Осы веб-сайттарға өтіп соңғы өнімдердің ақпаратын, кеңестерін, жиі қойылатын
сұрақтардың (ЖҚС) жауаптарын және сандық бейнелеу мен фотосурет түсіруге
қатысты жалпы кеңестерді алыңыз. Қосымша ақпаратты аймағыңыздағы Nikon
өкілінен алуға болады. Байланыс мәліметтерін алу үшін төмендегі веб-сайтқа кіріңіз.
http://imaging.nikon.com/
Nikon маркалы электрондық қосалқы құралдарды ғана
пайдаланыңыз
Nikon COOLPIX фотокамералары жоғарғы стандарттар үшін жасалған және күрделі
электрондық схеманы қамтиды. Nikon осы Nikon фотокамерасымен арнайы
пайдалануға мақұлдаған Nikon маркалы электрондық қосалқы құралдар (соның
ішінде, зарядтау құрылғылары, батареялар мен айнымалы ток адаптерлері) ғана
осы электрондық схемалардың жұмыс және қауіпсіздік талаптары бойынша
пайдалану үшін шығарылған және тексерілген.
NIKON МАРКАЛЫ ЕМЕС ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚОСАЛҚЫ ҚҰРАЛДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
ФОТОАППАРАТҚА ЗАҚЫМ КЕЛТІРУІ ЖӘНЕ
МҮМКІН.
Nikon маркалы қосалқы құралдар туралы қосымша ақпаратты алу үшін Nikon
жергілікті өкілетті сатушыларымен байланысыңыз.
Маңызды суреттерді түсірмес бұрын
Маңызды оқиғаларда (мысалы үйлену тойларында немесе фотокамераны саяхатта
алып жүргенде) сурет түсірмес бұрын, сынап түсіріп фотокамераның дұрыс істеп
тұрғанын тексеріңіз. Өнімнің істемеуі нәтижесінде пайда болған зақымдар немесе
жоғалған табыстар үшін Nikon жауапты болмайды.
NIKON КЕПІЛДІГІНІҢ КҮШІН ЖОЮЫ
iv
Кіріспе
Нұсқаулықтар туралы ақпарат
• Nikon компаниясының жазбаша рұқсатынсыз осы өніммен берілген
нұсқаулықтардың ешбір бөлігін ешбір түрде ешбір жолмен қайта шығаруға,
тасымалдауға, қайта жазуға, іздеу жүйесінде сақтауға немесе кез келген тілге
аударуға болмайды.
•
Бұл нұсқаулықта көрсетілген суреттер мен экран мазмұны нақты өнімнен өзгеше болуы мүмкін.
• Nikon компаниясы осы нұсқаулықта сипатталған жабдықтың және бағдарламалық
жасақтаманың техникалық сипаттарын кез келген уақытта алдын ала ескертусіз
өзгертуге құқылы.
• Nikon компаниясы осы өнімді пайдаланудың нәтижесінде орын алған зақымдар
үшін жауапты болмайды.
• Осы нұсқаулықтардағы ақпараттың дәл әрі толық болуына барлық күш-жігер
жұмсалғанмен, кез келген қатені немесе жетіспеушілікті аймағыңыздағы Nikon
уәкіліне (мекенжай бөлек беріледі) хабарлауыңыз көп септігін тигізер еді.
Авторлық құқық туралы ескертулердің талаптарын орындау
Авторлық құқықтар туралы заңға сай авторлық құқықтармен қорғалған еңбектердің
фотокамерамен жасалған фотосуреттерін немесе жазбаларын авторлық құқық
иесінің рұқсатынсыз пайдалануға болмайды. Жеке пайдалануға ерекшеліктер
қолданылады, бірақ көрмелердің немесе нақты уақыттағы орындаулардың
фотосуреттері немесе жазбалары жағдайында тіпті жеке пайдалану да шектелуі
мүмкін екенін ескеріңіз.
Дерек сақтау құрылғыларын қоқысқа тастау
Суреттерді жою және дерек сақтау құрылғыларын (мысалы, жад карталары немесе
ішкі фотокамера жады) пішімдеу бастапқы сурет деректерін толығымен
жоймайтынын ескеріңіз. Жойылған файлдар сатылатын бағдарламалық
жасақтаманың көмегімен қоқысқа тасталған сақтау құрылғыларынан қалпына
келтіріліп, жеке суреттер деректері қаскүнемдік жасау мақсатында қолданылуы
мүмкін. Осындай деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету пайдаланушының
міндеті болып келеді.
Деректерді сақтау құрылғысын шығарудан немесе иелік ету құқығын басқа адамға
беруден бұрын орнату мәзірінің (A22) Reset all (Барлығынқалпынакелтіру)
бөліміндегі фотокамераның барлық параметрлерін қалпына келтіріңіз. Қалпына
келтіргеннен кейін сатылатын жою бағдарламалық жасақтамасының көмегімен
барлық деректерді өшіріңіз немесе орнату мәзірінің (A22) Format memory (Жадтыпішімдеу) не Format card (Картаныпішімдеу) бөлімінде құрылғыны пішімдеңіз,
содан кейін жеке ақпаратты қамтымайтын кескіндермен (мысалы, ашық аспанның
кескіндері) толықтай қайта толтырыңыз.
Жад карталарын жою кезінде жарақат алу немесе мүлікке зақым келтіруді
болдырмау үшін абай болыңыз.
Conformity Marking (Растауды белгілеу)
Фотокамера сәйкес келетін стандарт белгілерінің кейбіреуін көрсету үшін
төмендегі әрекеттер ретін орындаңыз.
d түймешігін Mz мәзір белгішесін M Conformity marking (Растауды
белгілеу) M k түймешігін басыңыз
Кіріспе
v
Қауіпсіздік шаралары
Мүлікті зақымдауды, я болмаса, өзіңізді немесе басқаларды жарақаттауды
болдырмау үшін осы өнімді пайдалану алдында «Қауіпсіздік шаралары»
бөлімін толығымен оқыңыз.
Осы қауіпсіздік туралы нұсқауларды осы өнімді пайдаланатын адамдардың
барлығы оқитын жерде сақтаңыз.
бұл белгішемен белгіленген сақтық
ҚАУІП
ЕСКЕРТУ
САҚТЫҚ
ЕСКЕРТУ
•
Жүріп бара жатқанда немесе моторлы көлікті жүргізіп келе жатқанда пайдаланбаңыз. Бұл
сақтық шарасын қолданбау сәтсіз жағдайларға немесе басқа жарақатқа әкелуі мүмкін.
• Бұл өнімді бөлшектемеңіз немесе өзгертпеңіз. Құлау немесе басқа сәтсіз
жағдай нәтижесінде ашылатын ішкі бөліктерге тимеңіз. Бұл сақтық
шараларын қолданбау ток соғуына немесе басқа жарақатқа әкелуі мүмкін.
• Өнімнен түтін, жылу немесе әдеттен тыс иістер шығуы сияқты кез келген
дұрыс емес нәрселерді байқасаңыз, батареяларды немесе қуат көзін
дереу ажыратыңыз. Пайдалануды жалғастыру өртке, күйіктерге немесе
басқа жарақатқа әкелуі мүмкін.
Құрғақ күйде ұстаңыз. Ылғалды қолдармен ұстамаңыз. Ашаны ылғалды қолдармен
•
ұстамаңыз. Бұл сақтық шараларын қолданбау өртке немесе ток соғуына әкелуі мүмкін.
• Осы өнім қосулы кезінде немесе розеткаға қосулы кезінде терінің өнімге
ұзақ тиіп тұруына жол бермеңіз. Бұл сақтық шарасын қолданбау төмен
температуралық күйіктерге әкелуі мүмкін.
• Тұтанғыш шаң немесе пропан сияқты газ, бензин немесе аэрозольдар бар
жерде бұл өнімді пайдаланбаңыз. Бұл сақтық шарасын қолданбау
жарылысқа немесе өртке әкелуі мүмкін.
• Жарқылды моторлы көліктің жүргізушісіне бағыттамаңыз. Бұл сақтық
шарасын қолданбау сәтсіз жағдайларға әкелуі мүмкін.
шараларын қолданбау өлім немесе
ауыр жарақат қаупін тудырады.
бұл белгішемен белгіленген сақтық
шараларын қолданбау өлімге немесе
ауыр жарақатқа əкелуі мүмкін.
бұл белгішемен белгіленген сақтық
шараларын қолданбау жарақатқа немесе
мүліктің зақымдалуына əкелуі мүмкін.
ЕСКЕРТУ
vi
Кіріспе
• Бұл өнімді балалар жетпейтін жерде сақтаңыз. Бұл сақтық шарасын
қолданбау жарақатқа немесе өнім ақаулығына әкелуі мүмкін. Бұған қоса,
кішкентай бөліктер шашалу қаупін тудыратынын ескеріңіз. Бала осы өнімнің
кез келген бөлігін жұтып қойса, дереу медициналық көмекке жүгініңіз.
• Мойын бауларын шатыстырмаңыз, мойынға орамаңыз немесе бұрамаңыз.
Бұл сақтық шарасын қолданбау сәтсіз жағдайларға әкелуі мүмкін.
• Осы өніммен бірге пайдалануға арналмаған батареяларды, зарядтау
құрылғыларын немесе айнымалы ток адаптерлерін пайдаланбаңыз. Осы
өніммен бірге пайдалануға арналған батареяларды, зарядтау
құрылғыларын және айнымалы ток адаптерлерін пайдаланғанда
мыналарды істемеңіз:
- Сымдарды немесе кабельдерді зақымдамаңыз, өзгертпеңіз, күшпен
тартпаңыз немесе майыстырмаңыз, ауыр заттардың астына қоймаңыз, я
болмаса, оларға жылу немесе жалын әсерін тигізбеңіз.
- Бір кернеуді екіншісіне түрлендіруге арналған саяхатқа арналған
түрлендіргіштерді немесе адаптерлерді, я болмаса, тұрақты
ток-айнымалы ток инверторларын пайдаланыңыз.
Бұл сақтық шараларын қолданбау өртке немесе ток соғуына әкелуі мүмкін.
• Найзағай барысында айнымалы ток адаптерін пайдалану кезінде ашаны
ұстамаңыз. Бұл сақтық шарасын қолданбау ток соғуына әкелуі мүмкін.
• Өте жоғары немесе төмен температуралар әсер ететін орындарда ашық
қолдармен ұстамаңыз. Бұл сақтық шарасын қолданбау күйіктерге немесе
үсуге әкелуі мүмкін.
САҚТЫҚЕСКЕРТУ
• Пайдалану тыйым салынған кезде бұл өнімді өшіріңіз. Сымсыз жабдықты
пайдалануға тыйым салынған кезде сымсыз мүмкіндіктерді өшіріңіз. Бұл
өнім тудыратын радиожиілікті сәулеленулер ұшақтағы, я болмаса,
ауруханалардағы немесе басқа медициналық мекемелердегі жабдыққа
кедергілер келтіруі мүмкін.
• Бұл өнім ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайтын болса, батареяларды
алыңыз және айнымалы ток адаптерін ажыратыңыз. Бұл сақтық шарасын
қолданбау өртке немесе өнім ақаулығына әкелуі мүмкін.
• Объективтің жылжитын бөліктеріне немесе басқа жылжитын бөліктерге
тимеңіз. Бұл сақтық шарасын қолданбау жарақатқа әкелуі мүмкін.
• Жарқылды теріге немесе заттарға тигізіп тұрып немесе жақындатып
жақпаңыз. Бұл сақтық шарасын қолданбау күйіктерге немесе өртке әкелуі
мүмкін.
• Өнімді ұзақ уақыт бойы өте жоғары температуралар әсер ететін жерде
қалдырмаңыз, мысалы, жабық автокөлікте немесе тік күн сәулелерінің
астында. Бұл сақтық шарасын қолданбау өртке немесе өнім ақаулығына
әкелуі мүмкін.
Кіріспе
vii
БатареяларүшінҚАУІПТІ
• Батареяларды дұрыс емес пайдаланбаңыз. Келесі сақтық шараларын
қолданбау батареялардың ағуына, қызып кетуіне, жарылуына немесе
өртенуіне әкелуі мүмкін:
- Қайта зарядталмайтын батареяларды зарядтауға әрекеттенбеңіз.
- Батареяларға жалын немесе артық жылу әсерін тигізбеңіз.
- Бөлшектемеңіз.
- Алқаларға, түйреуіштерге немесе басқа металл заттарға тигізу арқылы
түйіспе тұстарын қысқа тұйықтамаңыз.
- Батареяларға немесе олар салынған өнімдерге қатты соққылардың
әсерін тигізбеңіз.
•
Төрт пакеттің әрбіріндегі барлық EN-MH2 қайта зарядталатын батареяларын бір
уақытта қайта зарядтаңыз. Бұл сақтық шарасын қолданбау батареялардың ағуына,
қызып кетуіне, жарылуына немесе өртенуіне әкелуі мүмкін.
• Егер батарея сұйықтығы көздерге тисе, көп таза сумен шайыңыз және
дереу медициналық көмекке жүгініңіз. Әрекетті кешіктіру көз
жарақаттарына әкелуі мүмкін.
БатареяларүшінЕСКЕРТУ
• Батареяның корпусын алмаңыз немесе зақымдамаңыз. Корпусы
зақымдалған батареяларды ешқашан пайдаланбаңыз. Бұл сақтық шарасын
қолданбау батареялардың ағуына, қызып кетуіне, жарылуына немесе
өртенуіне әкелуі мүмкін.
• Батареяларды балалар жетпейтін жерде сақтаңыз. Бала батареяны жұтып
қойса, дереу медициналық көмекке жүгініңіз.
• Бұл өнімге су не жаңбыр тигізбеңіз. Бұл сақтық шарасын қолданбау өртке
немесе өнім ақаулығына әкелуі мүмкін. Ылғалданса, өнімді сүлгімен
немесе ұқсас затпен дереу құрғатыңыз.
• Батареяларда өңсіздену немесе пішін өзгеруі сияқты кез келген
өзгерістерді байқасаңыз, пайдалануды дереу тоқтатыңыз. Көрсетілген
уақыт кезеңінде зарядталмаса, EN-MH2 қайта зарядталмалы
батареяларын зарядтауды тоқтатыңыз. Бұл сақтық шарасын қолданбау
батареялардың ағуына, қызып кетуіне, жарылуына немесе өртенуіне
әкелуі мүмкін.
• Батареяларды дұрыс бағытта салыңыз. Ескі және жаңа батареяларды
немесе түрлері бірдей емес батареяларды араластырмаңыз. Бұл сақтық
шарасын қолданбау батареялардың ағуына, қызып кетуіне, жарылуына
немесе өртенуіне әкелуі мүмкін.
• Қоқысқа лақтыру алдында батареяның түйіспе тұстарын лентамен
оқшаулаңыз. Түйіспе тұстарға металл заттар тисе, қызып кету, жарылу
немесе өрт туындауы мүмкін. Батареяларды жергілікті ережелерге сай
қайта өңдеуге тапсырыңыз немесе қоқысқа лақтырыңыз.
viii
Кіріспе
• Егер батарея сұйықтығы адам терісіне немесе киімге тисе, әсер етілген
аумақты көп таза сумен дереу шайыңыз. Бұл сақтық шарасын қолданбау
терінің тітіркенуіне әкелуі мүмкін.
Кіріспе
ix
x
Кіріспе
Фотокамераныңбөліктері
1
Масштабты таңдау
f : Кең бұрышты күй
g : Телефото
h : Сурет нобайын қарау
i : Ойнатуды масштабтау
2
Ысырманы босату түймешігі
3
Қуат ажыратқышы/іске қосылу
шамы
4
Режимді таңдау дискі
5
Жарқыл
6
m (жарқыл шығару) түймешігі
7
N-Mark (NFC антеннасы)
8
Бүйірлік масштабтауды басқару
тетігі
9
q (қайтпа масштаб) түймешігі
10
Монитор
11
s (индикаторларды көрсету)
түймешігі
12
Жарқыл шамы
13
b (e бейнефильмді жазу)
түймешігі
14
c (қарау) түймешігі
15
Мульти селектор
16
k (таңдау жасау) түймешігі
17
l (өшіру) түймешігі
18
d (мәзір) түймешігі
Фотокамераның корпусы
13
2
3
5
64
10
1
7
1211
14
15
16
8
9
Фотокамераның бөліктері
1718
1
Жұмысқа кірісу
Бауды екі жерден тағыңыз.
Фотокамера бауын жəне объектив қақпағы
бекіту жолы
• Фотокамера пайдаланылмай тұрғанда объективті қорғау үшін объектив қақпағын
жабыңыз.
• Объектив қақпағын алмай фотокамераны қосқанда «Turn the camera off and then
on again. (Фотокамераныөшіріп, қайтаданқосыңыз.)» хабары көрсетіледі.
Объектив қақпағын алып тастап, фотокамераны өшіріңіз, содан соң қайта
қосыңыз.
2
Жұмысқа кірісу
Батареялар мен жад картасын салу
Жад картасының ұяшығы
4
3
2
1
• Батареялар құлап кетпес үшін фотокамераны төңкеріп ұстаңыз да,
батареялардың оң (+) және сол (–) түйіспе тұстары дұрыс бағытталғанына
көз жеткізіп, батареяларды салыңыз.
• Жад картасын орнына (5) сырғытып түсіріңіз.
• Батареяларды немесе жад картасын төңкеріп немесе арт жағымен салып
қоймаңыз, себебі ол дұрыс жұмыс істемеуге себеп болады.
• Қақпақты жауып жатқан кезде, оны 7 белгісі бар аумақты абайлап ұстап
тұрып сырғытыңыз.
5
7
6
8
B Жад картасын пішімдеу
Осы фотокамераға басқа құрылғыда қолданылған жад картасын алғаш салғанда,
оны фотокамерамен пішімдеу керек болады.
• Жад картасын пішімдесе, ондағы бүкіл кескіндер мен басқа деректер
жойылатынын ескеріңіз. Жад картасын пішімдемес бұрын, қажет кескіндердің
көшірмелерін жасап алыңыз.
• Жад картасын фотокамераға салып, d түймешігін басыңыз да, Format card
• Төрт LR6/L40 (AA өлшемді) сілтілі батарея (батареялар бірге жеткізіледі)
• Төрт FR6/L91 (AA өлшемді) литий батареясы
• Төрт EN-MH2 қайта зарядталмалы Ni-MH (никель-металлгидридті) батарея
EN-MH1 қайта зарядталмалы никель-металлгидридті батареяларын
пайдалануға болмайды.
Жұмысқа кірісу
3
B Батареялар туралы ескертпелер
Оқшаулағышы теріс
түйіспе тұсты
жаппайтын батареялар
Сыртқы қабығы
сыдырылған
батареялар
Теріс түйіспе тұсы
жалпақ болып
келетін батареялар
• Ескі және жаңа, сондай-ақ әр түрлі үлгідегі немесе түрдегі батареяларды бірге
пайдаланбаңыз.
• Төмендегі ақаулары бар батареяларды пайдалануға болмайды:
B EN-MH2 қайта зарядталмалы зарядталатын никель-металлгидридті
батареялары туралы ескертпелер
EN-MH2 батареяларын фотокамерамен пайдаланған кезде, MH-73 батареяларды
зарядтау құрылғысымен (A28) төртеуден зарядтаңыз.
C Сілтілі батареялар
Сілтілі батареялардың жұмысы брендіне байланысты әр түрлі болуы мүмкін.
Батареяларды немесе жад картасын шығару
Фотокамераны өшіріп, іске қосылу шамы мен экран өшірілгендігін тексеріңіз,
содан кейін батарея бөлімінің/жад картасы ұясының қақпағын ашыңыз.
• Фотокамерадағы жад картасын сәл басқанда, ол жартылай шығады.
• Фотокамераны пайдаланғаннан кейін дереу фотокамераны, батареяларды
және жад картасын ұстаған кезде абай болыңыз, олар ыстық болуы мүмкін.
Жад карталары жəне ішкі жад
Фотокамера деректерін, соның ішінде кескіндерді және бейнефильмдерді жад
картасында да, фотокамераның ішкі жадында да сақтауға болады.
Фотокамераның ішкі жадын пайдалану үшін жад картасын шығарып алыңыз.
4
Жұмысқа кірісу
Монитор бұрышын өзгерту
Монитор бұрышын шамамен 85°-қа төмендетуге немесе шамамен 90°-қа
жоғарылатуға болады.
B Монитор туралы ескертпелер
• Монитор бұрышын өзгерту кезінде, оған күш түсірмеңіз.
• Мониторды солға не оңға жылжыту мүмкін емес.
• Қалыпты жағдайларда пайдаланылған кезде, мониторды бастапқы күйіне
қайтарыңыз.
Жұмысқа кірісу
5
Loading...
+ 33 hidden pages
You need points to download manuals.
1 point = 1 manual.
You can buy points or you can get point for every manual you upload.