Nikon COOLPIX A1000 Quick User Guide [kk]

САНДЫҚ ФОТОКАМЕРА
Жұмысты жылдам бастау нұсқаулығы
Кіріспе ii
Фотокамера бөлшектері 1
Жұмысқа кірісу 3
Негізгі түсіру жəне ойнату операциялары
10
• Фотокамераны пайдалану алдында осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз.
• Фотокамераны дұрыс пайдалануды қамтамасыз ету үшін «Қауіпсіздік шаралары» бөлімін (vi-бет) оқып шығыңыз.
• Осы нұсқаулықты оқығаннан кейін болашақта анықтама алу үшін оңай қол жеткізуге болатын жерде сақтаңыз.
Кіріспе
COOLPIX A1000 Model Name: N1721
Маңызды ақпарат
Nikon COOLPIX A1000 сандық фотокамерасын сатып алғаныңыз үшін алғыс айтамыз.
Толық түсіндірмелер үшін
Осы құжаттан бөлек, анықтамалық нұсқаулықта (PDF пішімі) осы өнімді пайдалану әдісі туралы мәліметтер беріледі. Төмендегі URL мекенжайындағы Жүктеу орталығынан Анықтамалық нұсқаулықты жүктеп алып, анықтама үшін смарт құрылғыға немесе компьютерге сақтаңыз.
Анықтамалық нұсқаулықты Adobe Acrobat Reader (Adobe веб-сайтынан жүктеп алынады) немесе iBooks (iOS қолданбасы) көмегімен қарауға болады.
Кескіндерді компьютерде немесе смарт құрылғыда көру
Келесі бағдарламалық жасақтаманы немесе қолданбаны пайдаланыңыз.
Компьютерлерге арналған бағдарламалық жасақтама
Төмендегі URL мекенжайындағы Жүктеу орталығынан бағдарламалық жасақтаманы жүктеп алыңыз.
ViewNX-i: Бұл бағдарламалық жасақтама суреттер мен бейнефильмдерді көру және өңдеу үшін компьютерге тасымалдау мүмкіндігін береді.
Capture NX-D: Бұл бағдарламалық жасақтама компьютерге тасымалданған кескіндерді реттеуге және RAW кескіндерін өңдеуге мүмкіндік береді.
Смарт құрылғыларға арналған қолданба
SnapBridge: Сымсыз байланыс орнатылса, бұл қолданба кескіндер мен бейнефильмдерді смарт құрылғыға жүктеп салу мүмкіндігін береді. Қолданбаны жүктеп алу және байланыс орнату жолы туралы ақпаратты «SnapBridge Байланыс нұсқаулығы» құжатынан қараңыз.
Жүктеу орталығына кіру
https://downloadcenter.nikonimglib.com
Nikon кескіндеу өнімдері, компьютер бағдарламалық жасақтамасы немесе микробағдарлама нұсқаулықтарын жүктеп алу үшін веб-сайтқа кіріңіз.
Nikon пайдаланушысына қолдау көрсету
Фотокамераны тіркеу және өнім туралы соңғы мәліметтерден хабардар болып отыру үшін, келесі веб-сайтқа кіріңіз. Жауаптарды жиі қойылатын сұрақтардан (ЖҚС) табуға болады және техникалық қолдау алу үшін бізге хабарласыңыз. https://www.europe-nikon.com/support
ii
Кіріспе
Қаптаманың ішін түгендеу
Қандай да бір құралы жоқ болса, фотокамераны сатқан дүкенге хабарласыңыз.
Сандық фотокамера COOLPIX A1000
Зарядтау АТ адаптері EH-73P*
Жұмысты жылдам бастау нұсқаулығы (осы нұсқаулық)
* Ашалы адаптер сатып алу еліне немесе аймағына байланысты беріледі. Ашалы
адаптердің пішіні сатып алу еліне немесе ауданына байланысты әр түрлі болады (A5).
ЕСКЕРТПЕ: Жад картасы фотокамерамен бірге берілмейді. SD, SDHC және SDXC жад карталары осы нұсқаулықта «жад карталары» деп аталады.
Бау Қайта зарядталатын
USB кабелі UC-E21
SnapBridge Байланыс нұсқаулығы
литий-ионды батарея EN-EL12
Кепілдік (осы нұсқаулық мұқабасының артқы жағында басылған)
Кіріспе
iii
Мəлімет пен сақтық шаралары
Голографиялық жапсырма: Бұл
құрылғының шынайы Nikon өнімі екендігін білдіреді.
Өмір бойы білім алу ұстанымы
Nikon компаниясының өнімге қолдау көрсету және үйренуге бағытталған «өмір бойы білім алу ұстанымы» аясында үнемі жаңартылып тұратын мәліметті онлайн режимде келесі веб-сайттардан алуға болады:
АҚШ-тағы пайдаланушылар үшін: https://www.nikonusa.com/
Еуропадағы пайдаланушылар үшін: https://www.europe-nikon.com/support/
Азия, Океания, Таяу Шығыс және Африка пайдаланушылары үшін: http://
www.nikon-asia.com/
Өнім туралы ең соңғы мәліметті, кеңестерді, жиі қойылатын сұрақтарға (ЖҚС) берілген жауаптарды және сандық кескіндерге және фотосурет түсіруге қатысты жалпы кеңес алып отыру үшін осы веб-сайттарға кіріңіз. Қосымша ақпаратты аумақтағы Nikon өкілінен алуға болады. Байланыс мәліметін алу үшін төмендегі веб-сайтқа кіріңіз.
https://imaging.nikon.com/
Nikon компаниясының шынайы электрондық керек-жарақтарын ғана пайдаланыңыз
Nikon COOLPIX фотокамералары ең жоғары стандарттарға сай жасалған және күрделі электрондық схемаларды қамтиды. Осы Nikon сандық фотокамерасымен бірге пайдалану үшін Nikon тарапынан арнайы сертификатталған Nikon брендінің электрондық керек-жарақтары (батарея зарядтағыштар, батареялар, АТ адаптерлері және USB кабельдері) ғана осы электрондық схеманың жұмыс және қауіпсіздік талаптарына сәйкес әзірленіп, сынақтан өткен.
ШЫНАЙЫ NIKON ӨНІМІ ЕМЕС ЭЛЕКТРОНДЫҚ КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ФОТОКАМЕРАНЫ ЗАҚЫМДАУЫ ЖӘНЕ NIKON КЕПІЛДІГІНІҢ КҮШІН ЖОЮЫ МҮМКІН.
Nikon голографиялық жапсырмасы жоқ үшінші тараптың қайта зарядталатын литий-ионды батареяларын пайдалану фотокамераның қалыпты жұмыс жасауына кедергі келтіруі және батареяның шамадан тыс қызуына, өртенуіне, жарылуына немесе ағуына әкелуі мүмкін.
Nikon сауда белгісінің керек-жарақтарына қатысты қосымша мәлімет алу үшін Nikon компаниясының жергілікті өкілетті дилеріне хабарласыңыз.
Маңызды суреттерді түсіруден бұрын
Маңызды оқиғаларда (үйлену тойлары сияқты жағдайларда немесе фотокамераны сапарға алып шығудан бұрын) суретке түсірмес бұрын, фотокамераның дұрыс жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізу үшін суретті сынақ ретінде түсіріп көріңіз. Nikon компаниясы өнімнің дұрыс істемеуінен болған шығынға немесе жоғалған табысқа жауап бермейді.
iv
Кіріспе
Нұсқаулықтар туралы
Осы өніммен бірге келген нұсқаулықтардың ешбір бөлігін Nikon компаниясының жазбаша рұқсатынсыз қандай да бір жолмен көбейтуге, таратуға, қайта жазуға, іздеу жүйесінде сақтауға немесе кез-келген түрде басқа бір тілге аударуға рұқсат етілмейді.
Бұл нұсқаулықта көрсетілген суреттер мен экран мазмұны нақты өнімнен өзгеше болуы мүмкін.
Nikon компаниясы осы нұсқаулықтарда сипатталған жабдық пен бағдарламаның техникалық сипаттамаларын кез-келген уақытта және алдын ала ескертусіз өзгерту құқығына ие.
Nikon компаниясы осы өнімді пайдаланудан болған қандай да бір зақымға жауап бермейді.
Осы нұсқаулықтардағы мәліметтің дұрыс және толық болуына бар күш-жігерімізді жұмсағанымызбен, қандай да бір қателерді немесе ескерілмеген тұстарды байқаған жағдайда аймақтағы Nikon өкіліне айтуды сұраймыз (мекенжайы бөлек беріледі).
Авторлық құқық туралы ескертулердің талаптарын орындау
Авторлық құқықтар туралы заңға сай авторлық құқықтармен қорғалған еңбектердің фотокамерамен жасалған фотосуреттерін немесе жазбаларын авторлық құқық иесінің рұқсатынсыз пайдалануға болмайды. Жеке пайдалануға ерекшеліктер қолданылады, бірақ көрмелердің немесе нақты уақыттағы орындаулардың фотосуреттері немесе жазбалары жағдайында тіпті жеке пайдалану да шектелуі мүмкін екенін ескеріңіз.
Деректерді сақтау құрылғыларын тастау
Кескіндерді жою немесе жад карталары немесе кірістірілген фотокамера жады сияқты деректерді сақтау құрылғыларын пішімдеу бастапқы кескін деректерін толық жоймайтынын ескеріңіз. Өшірілген файлдарды кейде еркін сатылымдағы бағдарламалар көмегімен лақтырылған сақтау құрылғыларынан шығарып алуға болады, бұл жеке суреттерді арам пиғылда пайдалануға әкелуі мүмкін. Мұндай деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету пайдаланушының өз жауапкершілігі болып табылады.
Деректерді сақтау жадын шығарудан немесе иелік ету құқығын басқа адамға беруден бұрын орнату мәзірінің (A18) Reset all (Барлығын қалпына келтіру) бөліміндегі фотокамераның барлық параметрлерін қалпына келтіріңіз. Қалпына келтіргеннен кейін сатылатын жою бағдарламалық жасақтамасының көмегімен барлық деректерді өшіріңіз немесе орнату мәзірінің (A18) Format card (Картаны өшіру) не Format memory (Жадты пішімдеу) бөлімінде құрылғыны пішімдеңіз, содан кейін жеке ақпаратты қамтымайтын кескіндермен (мысалы, ашық аспанның кескіндері) толықтай қайта толтырыңыз. Жад карталарын жою кезінде жарақат алу немесе мүлікке зақым келтіруді болдырмау үшін абай болыңыз.
Conformity Marking (Сəйкестік белгісі)
Фотокамера үйлесімді болатын кейбір сәйкестік белгілерін көрсету үшін төмендегі процедураны орындаңыз.
d түймешігін M z мәзір белгішесін M Conformity marking (Сәйкестік белгісі) M k түймешігін басыңыз
Кіріспе
v
Қауіпсіздік шаралары
Мүлікті зақымдауды, я болмаса, өзіңізді немесе басқаларды жарақаттауды болдырмау үшін осы өнімді пайдалану алдында «Қауіпсіздік шаралары» бөлімін толығымен оқыңыз. Осы қауіпсіздік туралы нұсқауларды осы өнімді пайдаланатын адамдардың барлығы оқитын жерде сақтаңыз.
бұл белгішемен белгіленген сақтық
ҚАУІП
ЕСКЕРТУ
САҚТЫҚ ЕСКЕРТУ
• Жүріп бара жатқанда немесе көлікті жүргізіп келе жатқанда пайдаланбаңыз. Бұл сақтық шарасын қолданбау сәтсіз жағдайларға
немесе басқа жарақатқа әкелуі мүмкін.
• Бұл өнімді бөлшектемеңіз немесе өзгертпеңіз. Құлау немесе басқа сəтсіз жағдай нəтижесінде ашылатын ішкі бөліктерге тимеңіз. Бұл
сақтық шараларын қолданбау ток соғуына немесе басқа жарақатқа әкелуі мүмкін.
Өнімнен түтін, жылу немесе əдеттен тыс иістер шығуы сияқты кез келген дұрыс емес нəрселерді байқасаңыз, батареяны немесе қуат көзін дереу ажыратыңыз. Пайдалануды жалғастыру өртке, күйіктерге
немесе басқа жарақатқа әкелуі мүмкін.
қ күйде ұстаңыз. Ылғалды қолдармен ұстамаңыз. Ашаны
Құрға ылғалды қолдармен ұстамаңыз. Бұл сақтық шараларын қолданбау
өртке немесе ток соғуына әкелуі мүмкін.
• Осы өнім қосулы кезінде немесе розеткаға қосулы кезінде терінің өнімге ұзақ тиіп тұруына жол бермеңіз. Бұл сақтық шарасын қолданбау
төмен температуралық күйіктерге әкелуі мүмкін.
Тұтанғыш шаң немесе пропан сияқты газ, бензин немесе аэрозольдар бар жерде бұл өнімді пайдаланбаңыз. Бұл сақтық шарасын қолданбау
жарылысқа немесе өртке әкелуі мүмкін.
Жарқылды моторлы көліктің жүргізушісіне бағыттамаңыз. Бұл сақтық шарасын қолданбау сәтсіз жағ
vi
Кіріспе
шараларын қолданбау өлім немесе ауыр жарақат қаупін тудырады.
бұл белгішемен белгіленген сақтық шараларын қолданбау өлімге немесе ауыр жарақатқа əкелуі мүмкін.
бұл белгішемен белгіленген сақтық шараларын қолданбау жарақатқа немесе мүліктің зақымдалуына əкелуі мүмкін
ЕСКЕРТУ
дайларға әкелуі мүмкін.
.
Бұл өнімді балалар жетпейтін жерде сақтаңыз. Бұл сақтық шарасын
қолданбау жарақатқа немесе өнім ақаулығына әкелуі мүмкін. Бұған қоса, кішкентай бөліктер шашалу қаупін тудыратынын ескеріңіз. Бала осы өнімнің кез келген бөлігін жұтып қойса, дереу медициналық көмекке жүгініңіз.
Бауды шатастырмаңыз, мойынға орамаңыз немесе бұрамаңыз.
сақтық шарасын қолданбау сәтсіз жағдайларға әкелуі мүмкін.
Осы өніммен бірге пайдалануға арналмаған батареяларды, зарядтау құрылғыларын, айнымалы ток адаптерлерін немесе USB кабельдерін пайдаланбаңыз. Осы өніммен бірге пайдалануға арналған батареяларды, зарядтау құрылғыларын, айнымалы ток адаптерлерін жəне USB кабельдерін пайдаланғанда мыналарды істемеңіз:
- Сымдарды немесе кабельдерді зақымдамаңыз, өзгертпеңіз,
күшпен тартпаңыз немесе майыстырмаңыз, ауыр заттардың астына қоймаңыз, я болмаса, оларға жылу немесе жалын əсерін тигізбеңі
- Бір кернеуді екіншісіне түрлендіруге арналған саяхатқа арналған
түрлендіргіштерді немесе адаптерлерді, я болмаса, тұрақты ток­айнымалы ток инверторларын пайдаланыңыз.
Бұл сақтық шараларын қолданбау өртке немесе ток соғуына әкелуі мүмкін.
Найзағайлар кезінде өнімді зарядтап немесе айнымалы ток адаптерін пайдаланып жатқанда ашаны ұстамаңыз. Бұл сақтық шарасын
қолданбау ток соғуына әкелуі мүмкін.
• Өте жоғары немесе төмен температуралар əсер ететін орындарда ашық қолдармен ұстамаңыз. Бұл сақтық шарасын қолданбау күйіктерге
немесе үсуге әкелуі мүмкін.
• Объективті күнге немесе басқа қатты жарық көздеріне қаратып қалдырмаңыз. Объектив фокустаған жарық өртке әкелуі немесе өнімнің
ішкі бөліктерін зақымдауы мүмкін. Артқы жағы жанып тұрған нысандарды суретке түсіргенде күнді кадрдан тыс ұстаңыз.
Пайдалану тыйым салынған кезде бұл өнімді өшіріңіз. Сымсыз жабдықты пайдалануға тыйым салынған кезде сымсыз мүмкіндіктерді өшіріңіз. Бұл өнім тудыратын радиожиілікті сәулеленулер
ұшақтағы, я болмаса, ауруханалардағы немесе басқа медициналық мекемелердегі жабдыққа кедергілер келтіруі мүмкін.
• Бұл өнім ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайтын болса, батареяны алыңыз жəне айнымалы ток адаптерін ажыратыңыз. Бұл сақтық
шарасын қолданбау өртке немесе өнім ақаулығына әкелуі мүмкін.
Объективтің жылжитын бөліктеріне немесе басқа жылжитын бөліктерге тимеңіз.
Жарқылды теріге немесе заттарға тигізіп тұрып немесе жақындатып жақпаңыз.
з.
САҚТЫҚ ЕСКЕРТУ
Бұл сақтық шарасын қолданбау жарақатқа әкелуі мүмкін.
Бұл сақтық шарасын қолданбау күйіктерге немесе өртке әкелуі мүмкін.
Бұл
Кіріспе
vii
Өнімді ұзақ уақыт бойы өте жоғары температуралар əсер ететін жерде қалдырмаңыз, мысалы, жабық автокөлікте немесе тік күн сəулелерінің астында. Бұл сақтық шарасын қолданбау өртке немесе өнім
ақаулығына әкелуі мүмкін.
• Фотокамераны штатив немесе ұқсас керек-жарақ жалғанған күйде тасымалдамаңыз. Бұл сақтық шарасын қолданбау жарақатқа немесе
өнім ақаулығына әкелуі мүмкін.
Батареялар үшін ҚАУІПТІ
Батареяларды дұрыс емес пайдаланбаңыз. Келесі сақтық шараларын қолданбау батареялардың ағуына, қызып кетуіне, жарылуына немесе өртенуіне әкелуі мүмкін:
- Тек осы өнімде пайдалану үшін бекітілген қайта зарядталмалы
батареяларды пайдаланыңыз.
- Батареяларға жалын немесе артық жылу әсерін тигізбеңіз.
- Бөлшектемеңіз.
- Алқаларға, түйреуіштерге немесе басқа металл заттарға тигізу арқылы
түйіспе тұстарын қысқа тұйықтамаңыз.
- Батареяларға немесе олар салынған өнімдерге қатты соққылардың
әсерін тигізбеңіз.
Тек көрсетілгендей зарядтаңыз. Бұл сақтық шарасын қолданбау батареялардың ағуына, қызып кетуіне, жарылуына немесе өртенуіне әкелуі мүмкін.
• Егер батарея сұйықтығы көздерге тисе, көп таза сумен шайыңыз жəне дереу медициналық көмекке жүгініңіз. Әрекетті кешіктіру көз
жарақаттарына әкелуі мүмкін.
Батареялар үшін ЕСКЕРТУ
Батареяларды балалар жетпейтін жерде сақтаңыз. Бала батареяны жұтып қойса, дереу медициналық көмекке жүгініңіз.
Батареяларды суға батырмаңыз немесе оларға жаңбыр əсерін тигізбеңіз.
Бұл сақтық шарасын қолданбау өртке немесе өнім ақаулығына әкелуі мүмкін. Ылғалданса, өнімді сүлгімен немесе ұқсас затпен дереу құрғатыңыз.
Батареяларда өңсіздену немесе пішін өзгеруі сияқты кез келген өзгерістерді байқасаңыз, пайдалануды дереу тоқтатыңыз. Көрсетілген уақыт кезеңінде зарядталмаса, EN-EL12 қайта зарядталмалы батареяларын зарядтауды тоқтатыңыз.
қолданбау батареялардың ағуына, қызып кетуіне, жарылуына немесе өртенуіне әкелуі мүмкін.
• Батареялар керек болмаған кезде түйіспе тұстарды лентамен оқшаулаңыз. Түйіспе тұстарға металл заттар тисе, қызып кету, жарылу
немесе өрт туындауы мүмкін.
Бұл сақтық шараларын
viii
Кіріспе
• Егер батарея сұйықтығы адам терісіне немесе киімге тисе, əсер етілген аумақты көп таза сумен дереу шайыңыз. Бұл сақтық шарасын
қолданбау терінің тітіркенуіне әкелуі мүмкін.
Кіріспе
ix
x
Кіріспе
Фотокамера бөлшектері
1
Басқару дискісі
2
Ысырманы босату түймешігі
3
Масштабтауды басқару
4
Режимді таңдау дискісі
5
Жарқыл
6
q (қайтпа масштаб) түймешігі
7
Бүйірлік масштабтауды басқару тетігі
8
w (функция) түймешігі
9
Көз сенсоры
10
Электрондық көріністапқыш
11
Диоптрияны реттеу тетігі
12
x (монитор) түймешігі
13
K (жарқылдың шығуын) басқару тетігі
14
Қуат ажыратқышы/іске қосылу шамы (зарядтау шамы)
15
c (ойнату) түймешігі
16
Айналмалы мультиселектор (мультиселектор)*
17
k (таңдау жасау) түймешігі
18
l (жою) түймешігі
19
d (мәзір) түймешігі
20
b (e бейнефильмді жазу) түймешігі
21
g (АЭ-Қ/АФ-Қ) түймешігі
22
Монитор
Фотокамера корпусы
1
2 3 4 5 6 9 10 11 1412 13
818192021227
15 16 17
* Осы нұсқаулықта мультиселектордағы жоғары, төмен, сол немесе оң түймесін
басу H, I, J немесе K ретінде өрнектеледі.
Фотокамера бөлшектері
1
Сенсорлық панельді басқару
Осы фотокамераның мониторы сенсорлық панель болып табылады және оны саусақтармен түрту арқылы басқаруға болады.
Түрту Ысыру Сырғыту
Сенсорлық панельді қысқа түртіңіз.
Сенсорлық панельді екі саусақпен түртіп, оларды ашыңыз немесе қысыңыз.
Сенсорлық панельде саусақты жоғары, төмен, солға немесе оңға сырғытыңыз.
Ашу/қысу
Сенсорлық панельді түртіп, саусақты жоғары, төмен, солға немесе оңға сырғытып, жіберіңіз.
C Сенсорлық əрекетті қосу немесе ажырату
Орнату мәзірінде Touch-screen controls (Сенсорлық экран басқару құралдары) бөлімі арқылы сенсорлық әрекетті қосуға немесе ажыратуға болады (A18).
2
Фотокамера бөлшектері
Жұмысқа кірісу
Бауды бекіту əдісі
Бауды фотокамера корпусының екі бүйіріндегі (сол және оң) тесікке бекітуге болады.
Жұмысқа кірісу
3
Батареяны жəне жад картасын салу
Батарея ілмегі Жад картасының ұяшығы
Батареяның оң зарядты және теріс зарядты түйіспелері дұрыс бағытталған
күйде сарғылт батарея ілмегін жылжытыңыз (3) және батареяны салыңыз (4).
Жад картасын орнына сырт етіп түскенше итеріңіз (5).
Батареяны немесе жад картасын басын төмен қаратқан күйі немесе
керісінше енгізбеңіз, бұл дұрыс жұмыс істемеуіне әкелуі мүмкін.
Егер жад картасының жазудан қорғау ажыратқышы құлыпталса, суретке түсіру, өшіру немесе жад картасын пішімдеу мүмкін болмайды.
Фотокамера деректерін, соның ішінде кескіндерді және бейнефильмдерді жад картасында да, ішкі жадында да сақтауға болады. Ішкі жадын пайдалану үшін жад картасын шығарып алыңыз.
B Жад картасын пішімдеу
Өзге құрылғыда қолданылған жад картасын осы фотокамераға алғаш салған кезде оны осы фотокамера арқылы пішімдеуді ұмытпаңыз.
• Жад картасын пішімдеу жад картасындағы бүкіл суреттер мен басқа
деректерді тұрақты түрде жоятынын ескеріңіз. Жад картасын пішімдеуден
бұрын, сақтап қалғыңыз келетін суреттердің көшірмелерін жасауды ұмытпаңыз.
Фотокамераға жад картасын салыңыз, d түймешігін басыңыз және орнату
мәзірінен (A18) Format card (Картаны өшіру) пәрменін таңдаңыз.
Батареяны немесе жад картасын алу
Фотокамераны өшіріп, іске қосылу шамы мен экран өшірілгендігін тексеріңіз, содан кейін батарея бөлімінің/жад картасы ұясының қақпағын ашыңыз.
Батареяны шығару үшін батарея ілмегін жылжытыңыз.
Жад картасын жартылай шығару үшін жад картасын фотокамераға мұқият
итеріңіз.
Фотокамераны қолданған соң фотокамераны, батареяны және жад картасын ұстағанда сақ болыңыз, себебі ыстық болуы мүмкін.
4
Жұмысқа кірісу
Loading...
+ 30 hidden pages