Фотокамераны теледидарға, компьютерге немесе принтерге қосу
Анықтамалық нұсқаулық
Техникалық ескертпелер жəне индекс
i
Кіріспе
Алдымен осыны оқып шығыңыз
Кіріспе
Nikon COOLPIX A10 сандық фотокамерасын сатып алғаныңыз үшін рақмет.
Фотокамераны пайдалану алдында «Қауіпсіздік туралы ақпарат» (A vii-x) ішіндегі
ақпаратты оқып, осы нұсқаулықта берілген ақпаратпен танысыңыз. Оқығаннан кейін,
бұл нұсқаулықты оңай жерде сақтаңыз және жаңа фотокамераңызды толық
пайдалана алу үшін оқып жүріңіз.
Фотокамера бауын жалғау
1
2
Осы нұсқаулық туралы
Фотокамераны пайдалануды дереу бастағыңыз келсе, «Түсіруге дайындау» (A 6)
және «Фотокамераны пайдалану» бөлімдерін (A 13) қараңыз.
Фотокамераның бөлшектері туралы және мониторда көрсетілген ақпаратты
«Фотокамераның бөліктері» бөлімінен (A 1) қараңыз.
ii
Басқа ақпарат
• Таңбалар мен шартты белгілер
Қажетті ақпаратты оңай табу үшін осы нұсқаулықта төмендегі таңбалар мен шартты
белгілер қолданылады:
БелгішеСипаттама
B
C
A/E/F
• SD, SDHC және SDXC жад карталары осы нұсқаулықта «жад карталары» болып
аталады.
• Сатып алынған уақыттағы параметр «әдепкі параметр» ретінде қарастырылады.
• Мәзір элементтерінің атаулары фотокамераның мониторында көрсетіледі және
компьютердегі түймешіктердің немесе хабарламалардың атаулары қалың түспен
көрсетіледі.
• Осы нұсқаулықтағы кескіндер мониторда кейде түсіп қалуы мүмкін және көріністі
қарау құралы монитордың индикаторлары анығырақ көрінетіндей мысалдарды
көрсетеді.
• Осы нұсқаулықтағы суреттер мен монитор мазмұны негізгі өнімнен басқаша болуы
мүмкін.
Бұл белгіше ескертуді және фотокамераны қолданбас бұрын оқып шығу
қажет мәліметтерді қамтиды.
Бұл белгіше ескертуді және фотокамераны қолданбас бұрын оқып шығу
қажет мәліметтерді қамтиды.
Бұл белгішелермен маңызды ақпаратты беттер белгіленеді;
E: «Анықтамалық нұсқаулық», F: «Техникалық ескертпелер және
индекс».
Кіріспе
iii
Мəліметтер мен сақтық шаралары
Өмір бойы үйрену
Nikon компаниясының «Өмір бойы үйрену» міндеттемесінің бөлігі ретінде ағымдағы өнімге
қолдау көрсету және ол туралы білімді жетілдіру, үздіксіз жаңартылған ақпарат келесі
тораптарда қол жетімді болады:
Кіріспе
• АҚШ еліндегі пайдаланушылар үшін: http://www.nikonusa.com/
• Еуропа пайдаланушылары үшін: http://www.europe-nikon.com/support/
• Азиядағы, Океаниядағы, Таяу Шығыстағы және Африкадағы пайдаланушылар үшін:
http://www.nikon-asia.com/
Осы тораптарға өтіп соңғы өнімдердің ақпаратын, кеңестерін, жиі қойылатын сұрақтардың
жауаптарын және сандық бейнелеу мен фотосурет түсіруге қатысты жалпы кеңестерді
алыңыз. Қосымша ақпаратты аймағыңыздағы Nikon өкілінен алуға болады. Байланыс
мәліметтерін алу үшін төмендегі торапқа кіріңіз:
http://imaging.nikon.com/
Nikon маркалы электрондық қосалқы құралдарды ғана
пайдаланыңыз
Nikon COOLPIX фотокамералары жоғарғы стандарттар үшін жасалған және күрделі
электронды схеманы қамтиды. Тек Nikon компаниясы арнайы түрде осы Nikon сандық
фотокамерасымен пайдалану үшін сертификаттаған Nikon брендінің электрондық
керек-жарақтарына (батарея зарядтағыштарын, батареяларды, айнымалы ток адаптерлерін
және кабельдерді қоса) ғана инженерлік қызмет көрсетіледі және осы қолданысқа және осы
электрондық схеманың қауіпсіздік талаптарының ауқымында пайдалануға жарамды.
NIKON МАРКАЛЫ ЕМЕС ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚОСАЛҚЫ ҚҰРАЛДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
ФОТОАППАРАТҚА ЗАҚЫМ КЕЛТІРУІ ЖӘНЕ
Nikon тауар белгісі бар керек-жарақтар туралы қосымша ақпаратты алу үшін Nikon жергілікті
өкілетті сатушыларымен байланысыңыз.
Маңызды суреттерді түсірмес бұрын
Маңызды оқиғаларда (мысалы үйлену тойларында немесе фотокамераны саяхатта алып
жүргенде) сурет түсірмес бұрын, сынап түсіріп фотокамераның дұрыс істеп тұрғанын
тексеріңіз. Өнімнің істемеуі нәтижесінде пайда болған зақымдар немесе жоғалған табыстар
үшін Nikon жауапты болмайды.
NIKON КЕПІЛДІГІНІҢ КҮШІН ЖОЮЫ МҮМКІН.
iv
Нұсқаулықтар туралы ақпарат
• Nikon компаниясының жазбаша рұқсатынсыз осы өніммен берілген нұсқаулықтардың
ешбір бөлігін ешбір түрде ешбір жолмен қайта шығаруға, тасымалдауға, қайта жазуға,
іздеу жүйесінде сақтауға немесе кез келген тілге аударуға болмайды.
Nikon компаниясы осы нұсқаулықта сипатталған жабдықтың және бағдарламалық құралдың
•
техникалық сипаттарын кез келген уақытта алдын ала ескертусіз өзгертуге құқылы.
• Nikon компаниясы осы өнімді пайдаланудың нәтижесінде орын алған зақымдар үшін
жауапты болмайды.
• Осы нұсқаулықтардағы ақпараттың дәл әрі толық болуына барлық күш-жігер
жұмсалғанмен, кез келген қатені немесе жетіспеушілікті аймағыңыздағы Nikon уәкіліне
(мекенжай бөлек беріледі) хабарлауыңыз көп септігін тигізер еді.
Көшірме жасау немесе қайта шығару тыйымына қатысты ескерту
Сканер, сандық фотокамера немесе басқа құрылғы көмегімен сандық түрде көшірілген
немесе қайта шығарылған материалды иеленудің өзі заң бойынша жазалануы мүмкін екенін
ескеріңіз.
Қағаз ақшаның, тиындардың, құнды қағаздардың, мемлекеттік облигациялардың немесе
жергілікті мемлекеттік облигациялардың (ондай көшірмелердің немесе қайта шығарылған
құжаттардың үстінде «Үлгі» деген белгі болса да) көшірмесін жасамаңыз немесе оларды
қайта шығармаңыз. Шетелдегі елде жүретін қағаз ақшаларды, тиындарды немесе құнды
қағаздарды қайта шығаруға немесе олардың көшірмесін жасауға тыйым салынады.
Мемлекеттен алдын ала рұқсат алынған жағдайда ғана мемлекет берген қолданылмайтын
пошталық маркалардың немесе ашық хаттардың көшірмесін жасауға және оларды қайта
шығаруға болады.
Мемлекет берген маркалардың және заңмен көзделген куәландырылған құжаттардың
көшірмесін жасауға немесе оларды қайта шығаруға тыйым салынады.
Мемлекет жеке компаниялар берген құнды қағаздардың (үлестер, есептер, чектер, сыйлық
куәліктер, т.б.), жеңілдік рұқсат карталарының немесе купондық билеттердің көшірмелері
мен қайта шығаруларына ескертулер (қажетті көшірмелердің ең азы компанияның іскери
қолданысы үшін берілген жағдайлардан тыс) шығарған. Сонымен қатар, мемлекет берген
паспорттардың, мемлекеттік мекемелер мен жеке топтар берген лицензиялардың,
куәліктердің және рұқсат қағаздары мен тамақ купондары сияқты билеттердің көшірмелерін
жасауға немесе қайта шығаруға болмайды.
• Авторлыққұқықескертулерінесайболуы
Кітаптар, музыка, суреттер, ағашта ойылған басылымдар, карталар, сызбалар,
бейнефильмдер және фотосуреттер сияқты авторлық құқықты шығармашылық
жұмыстардың көшірмелері мен қайта шығарылуы ұлттық және халықаралық авторлық құқық
заңдарына бағынады. Осы өнімді заңсыз көшірме жасауға немесе авторлық құқықтарды
бұзуға қолданбаңыз.
Кіріспе
v
Дерек сақтау құрылғыларын қоқысқа тастау
Суреттерді жою және дерек сақтау құрылғыларын (мысалы, жад карталары немесе ішкі
фотокамера жады) пішімдеу бастапқы сурет деректерін толығымен жоймайтынын ескеріңіз.
Жойылған файлдар сатылатын бағдарламалық құралдың көмегімен қоқысқа тасталған
сақтау құрылғыларынан қалпына келтіріліп, жеке суреттер деректері қаскүнемдік жасау
мақсатында қолданылуы мүмкін. Осындай деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету
Кіріспе
пайдаланушының міндеті болып келеді.
Дерек сақтау құрылғысын қоқысқа тастағанда немесе өнімді басқа адамның иелігіне
бергенде, сатылатын бағдарламалық құралдардың көмегімен бүкіл деректерді өшіріңіз
немесе құрылғыны пішімдеп, жеке ақпараты жоқ суреттермен (мысалы, бұлтсыз аспан
суреттері) толтырыңыз. Дерек сақтау құрылғыларын физикалық түрде жойғанда, жарақат
алмау немесе жеке меншікке зақым келтірмеу үшін абайлау керек.
vi
Қауіпсіздік туралы ақпарат
Nikon өніміңізге зақым келтірмеу немесе өзіңіз не басқа адамдар жарақат
алмау үшін, осы жабдықты пайдаланбас бұрын төмендегі сақтық
шараларды толығымен оқып шығыңыз. Осы қауіпсіздік нұсқауларын осы
өнімді пайдаланатын барлық адамдар оқитын жерде сақтаңыз.
Осы белгішемен ықтимал жарақатты болдырмау үшін Nikon өнімін
пайдаланбас бұрын оқылуы тиіс ескертулер, ақпарат белгіленеді.
ЕСКЕРТУЛЕР
Істемей тұрған жағдайда
өшіріңіз
Фотоаппараттан немесе айнымалы
ток адаптерінен түтін немесе
қалыпты емес иіс шықса,
айнымалы ток адаптерін
розеткадан ажыратып, күйік
жарақатын алмауға тырысып
батареяларды дереу шығарыңыз.
Жұмысы жалғасса, жарақат
алынуы мүмкін. Қуат көзін
шығарғаннан немесе
ажыратқаннан кейін, жабдықты
Nikon мақұлдаған қызмет көрсету
уәкіліне апарып тексертіңіз.
Бөлшектемеңіз
Фотоаппараттың немесе
айнымалы ток адаптерінің ішкі
бөліктеріне қол тигізсе, жарақат
алынуы мүмкін. Жөндеу
жұмыстарын тек білікті мамандар
орындау керек. Құлап немесе
басқа келеңсіз оқиға нәтижесінде
фотоаппарат немесе айнымалы
ток адаптері сынып ашылса, өнімді
розеткадан ажыратқаннан және/
немесе батареяларды
шығарғаннан кейін өнімді Nikon
мақұлдаған қызмет көрсету
уәкіліне апарып тексертіңіз.
Фотоаппаратты немесе
айнымалы ток адаптерін
жанатын газы бар жерде
пайдаланбаңыз
Электрондық жабдықты жанатын
газы бар жерде пайдаланбаңыз,
жарылыс немесе өрт шығу қаупі бар.
Фотоаппарат бауын
абайлап пайдаланыңыз
Бауды нәрестенің немесе баланың
мойнына аспаңыз.
Кіріспе
vii
Балалардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз
Сәбилердің батареяларды немесе басқа
шағын бөлшектерді ауыздарына салуын
болдырмау үшін әсіресе сақ болу керек.
Кіріспе
Қосулы немесе қолданыста
болғанда фотоаппаратты,
батарея зарядтағышын
немесе айнымалы ток
адаптерін ұзақ ұстамаңыз
Құрылғылардың бөлшектері ыстық
болып кетеді. Құрылғыларды теріге тиген
күйде ұзақ қалдырса, төменгі
температуралық күйіктер алынуы мүмкін.
Өнімді қатты қызып кететін
жерде қалдырмаңыз,
мысалы, жабық көлікте
немесе тікелей күн сəулесі
түсетін жерде
Осы сақтық шараны орындамау
зақымдануына немесе тұтануына
әкелуі мүмкін.
viii
Батареяларды қолданғанда
сақ болыңыз
Дұрыс қолданбаса, батареялардың
сұйықтығы ағып кетуі немесе өзі
жарылуы мүмкін. Осы өнімде
батареяларды қолданғанда, төмендегі
сақтық шараларды қадағалаңыз:
•
Батареяларды ауыстырмас бұрын,
өнімді өшіріңіз. Айнымалы ток
адаптерін пайдаланған жағдайда, оның
розеткадан ажыратылғанын тексеріңіз.
•
Осы өніммен пайдалануға
мақұлданған батареяларды ғана
пайдаланыңыз (
жаңа, сондай-ақ әр түрлі үлгідегі
немесе түрдегі батареяларды
бірге пайдаланбаңыз.
•
Егер зарядталатын Nikon
никель-металлгидрид EN-MH2
(EN-MH2-B2 немесе EN-MH2-B4)
батареялары бөлек сатып алынған
болса, әрқайсысын бөлек зарядтаңыз
және пайдаланыңыз. Әр түрлі жұптың
батареяларын біріктірмеңіз.
•
Зарядталатын EN-MH2 батареялары
Nikon сандық фотоаппараттарымен
пайдалануға ғана арналған және
COOLPIX A10 фотокамерасымен
үйлесімді болып келеді.
• Батареяларды дұрыс салыңыз.
Батареяларды қысқартпаңыз немесе
•
бөлшектемеңіз, сондай-ақ батареяның
оқшауын немесе қаптамасын
шешпеңіз немесе бұзбаңыз.
• Батареяларды отқа тастамаңыз
немесе қатты қыздырмаңыз.
A
7). Ескі және
• Суға батырмаңыз немесе сулы
жерде пайдаланбаңыз.
• Моншақтар немесе шаш
қыстырғыштары сияқты темір
заттармен тасымалдамаңыз
немесе сақтамаңыз.
• Заряды толық біткенде
батареялар сұйықтық шығаруға
бейім болады. Өнімді зақымдап
алмау үшін, заряды болмаған
батареяны өнімнен шығарып
қоюды ұмытпаңыз.
• Батареяда кез келген түссіздену
немесе деформация сияқты
өзгеріс байқалса, пайдалануды
дереу тоқтатыңыз.
• Зақымданған батареялардан
шыққан сұйықтық киімге немесе
теріге тисе, дереу сумен көбірек
шайыңыз.
Батареязарядтағыштарын
(бөлексатылады)
пайдаланғанда төмендегі
сақтық шараларын
қадағалаңыз
• Құрғақ ұстаңыз. Бұл сақтық
шараны қадағаламаса, өрт
шығуы немесе электр тогы соғуы
мүмкін.
• Штепсельдің темір
бөлшектеріндегі немесе
солардың жанындағы шаңды
құрғақ шүберекпен сүрту керек.
Пайдалануды жалғастыру өртке
әкелуі мүмкін.
• Найзағайлы боранда қуат сымын
қолданбаңыз немесе батарея
зарядтағышқа жақындамаңыз.
Бұл сақтық шараны
қадағаламаса, электр тогы
соғуы мүмкін.
• Қуат сымын зақымдамаңыз,
өзгертпеңіз, күшпен тартпаңыз
немесе бүкпеңіз, оны ауыр
заттардың астына салмаңыз
немесе қыздырмаңыз әрі отқа
жақпаңыз. Оқшауы зақымданса
және сымдары көрініп қалса,
Nikon мақұлдаған қызмет
көрсету уәкіліне апарып
тексертіңіз. Бұл сақтық
шараларды қадағаламаса, өрт
шығуы немесе электр тогы соғуы
мүмкін.
• Штепсельді немесе батарея
зарядтағышты дымқыл қолмен
ұстамаңыз. Бұл сақтық шараны
қадағаламаса, электр тогы
соғуы мүмкін.
• Тасымалдау
түрлендіргіштерімен немесе бір
кернеуден екіншісіне
түрлендіруге арналған
адаптерлермен, не болмаса
DC-AC инвертерлерімен бірге
пайдаланбаңыз. Осы сақтық
шараны қадағаламаса, өнім
зақымдануы, қызуы немесе өрт
шығуы мүмкін.
Кіріспе
ix
Тиісті кабельдерді
пайдаланыңыз
Кіріс және шығыс ұяларына
кабельдерді жалғағанда, өнімнің
ережелеріне сай болуы үшін Nikon
Кіріспе
компаниясы сол мақсатта
қамтамасыз еткен немесе сатқан
кабельдерді ғана пайдаланыңыз.
Объективтің қозғалмалы
бөлшектерін ұстамаңыз
Осы сақтық шарасын ескермеу
жарақаттануға әкелуі мүмкін.
Қозғалатын бөлшектерді
абайлап пайдаланыңыз
Саусақтарыңыз немесе басқа
заттар объектив қақпағына немесе
басқа қозғалатын бөлшектерге
қысылып қалмауын қадағалаңыз.
Жарқылды пайдаланғанда
абай болыңыз
Нысан көзінің жанында жарқылды
пайдаланса, оның көру қабілеті
уақытша жоғалуы мүмкін. Жарқыл
нысаннан кемінде 1 м жерде болуы
керек. Сәбилерді фотосуретке
түсіргенде өте абай болу керек.
Жарқылды оның терезесі
адамға немесе затқа тиіп
тұрғанда істетпеу керек
Бұл сақтық шараны қадағаламаса,
күйік жара алынуы немесе өрт
шығуы мүмкін.
Сұйық кристаллға тимеңіз
Монитор сынса, сынған әйнекпен
жарақат алуға және монитордағы
сұйық кристаллдың теріге тиюіне,
көзге не ауызға кіруіне жол
бермеңіз.
Əуе компаниясының жəне
аурухана қызметкерлерінің
нұсқауларын орындаңыз
x
Ескертулер
Еуропадағы тұтынушыларға
арналған ескертпе
Бұл таңба электр және
электрондық
жабдықтардың бөлек
жиналуы керектігін
білдіреді.
Төмендегі жағдайлар Еуропа
елдерінің пайдаланушыларына
ғана қатысты:
• Бұл өнім тиісті жинау орнында
бөлек жинауға арналған.
Тұрмыстық қоқыспен бірге
тастамаңыз.
• Бөлек жинау және қайта өңдеу
табиғи ресурстарды сақтауға
және дұрыс емес лақтырудан
пайда болуы мүмкін адам
денсаулығына және қоршаған
ортаға теріс салдарларды
болдырмауға көмектеседі.
• Қосымша ақпаратты сатушыдан
немесе қоқыстың жиналуын
қадағалайтын жергілікті басқару
органдарынан алыңыз.
Батареялардағы бұл
таңба батареяларды
бөлек жинау керек екенін
көрсетеді.
Төмендегі жағдайлар Еуропа
елдерінің пайдаланушыларына
ғана қатысты:
• Осы таңбамен белгіленген де,
белгіленбеген де бүкіл
батареялар тиісті жинау
орнында бөлек жиналуға
арналған. Тұрмыстық қоқыспен
бірге тастамаңыз.
• Қосымша ақпаратты сатушыдан
немесе қоқыстың жиналуын
қадағалайтын жергілікті басқару
органдарынан алыңыз.
Кіріспе
xi
Кеден Одағының мəлімдемесі(декларация) үшін
ақпарат/сертификат
Көрсетілген ақпарат камера параметрлері мен пайдалану күйіне қарай өзгереді.
Әдетте фотокамераны алғаш рет іске қосқанда әрі қолданып, оны бірнеше секундтан
кейін өшірген соң, мәлімет көрсетіледі (Photo info (Фотосурет ақпараты) параметрі
Auto info (Автоматты ақпарат) күйіне орнату мәзіріндегі Monitor settings
(Монитордыңпараметрлері) (A 25, E60) бөлімінде орнатылса).
• Батареялардың түсіп қалуының алдын алу үшін
фотокамераның астыңғы жағын жоғары қаратып ұстаңыз.
Түсіруге дайындау
2 Батареялар мен жад
карталарын енгізіңіз.
• Оң (+) және теріс (–) батарея
терминалдарының дұрыс бағытталып
тұрғанын тексеріп, батареяларды
салаңыз.
• Дұрыс бағытта екенін тексеріп, жад
картасын орнына «сырт» етіп түскенше
сырғытыңыз.
B Жад картасын дұрыс бағытта
салғанда абай болыңыз
Жад картасын төңкеріп немесе теріс
салса, фотокамера жəне жад
картасы зақымдануы мүмкін.
3 Батарея бөлімі/жад картасы ұяшығының
қақпағын жабыңыз.
6
2
1
1
2
Қолданылатын батареялар
Оқшаулағышы теріс түйіспе
тұсты жаппайтын батареялар
Сыртқы қабығы
сыдырылған
батареялар
Теріс түйіспе тұсы
жалпақ болып
келетін батареялар
• Екі LR6/L40 (AA өлшемді) сілті батареялар (бірге жеткізілетін батареялар)*
• Екі FR6/L91 (AA өлшемді) литий батареясы
• Екі EN-MH2 қайта зарядталмалы никель-металгидридті батарея
* Сілтілі батареялардың өнімділігі брендке байланысты айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін.
Бұл нұсқаулықта батареялар «бірге беріледі» деп көрсетілген болса да, камера
сатылатын елге немесе аймаққа байланысты батареялар бірге берілмеуі мүмкін.
B Батареялар туралы ескертпелер
• Ескі және жаңа, сондай-ақ әр түрлі үлгідегі немесе түрдегі батареяларды бірге
пайдаланбаңыз.
• Төмендегі ақаулары бар батареяларды пайдалануға болмайды:
B Жад карталарын пішімдеу
Осы фотокамераға басқа құрылғыда қолданылған жад картасын алғаш салғанда оны
фотокамерамен пішімдеу керек болады. Картаны фотокамераға салып, d түймешігін
басыңыз да, параметрлер мәзірінен Format card (Картаныпішімдеу) (A 25, E65)
таңдаңыз.
Түсіруге дайындау
7
Батареяларды немесе жад картасын шығару
Батарея бөлімі/жад картасы ұяшығының қақпағын ашпай тұрып,
фотокамераның өшіп, іске қосылу шамы мен монитордың
сөнгенін тексеріңіз.
Фотокамерадағы жад картасын сәл басқанда (1) ол жартылай
шығады (2).
B Жоғары температура туралы ескерту
Фотокамера, батарея немесе жад картасы фотокамераны
қолданғаннан кейін ыстық болуы мүмкін.
Түсіруге дайындау
Ішкі жад пен жад карталары
Фотокамера деректерін, соның ішінде суреттер мен бейнефильмдерді
фотокамераның ішкі жадында немесе жад картасында сақтауға болады.
Фотокамераның ішкі жадын пайдалану үшін алдымен жад картасын шығарып алыңыз.
12
8
Фотокамераны іске қосу жəне дисплей тілін,
күнді жəне уақытты орнату
Фотокамера бірінші рет қосылған кезде тілді таңдау экраны және фотокамера
сағатының күн мен уақыт баптауы экраны пайда болады.
• Уақыт пен күнді орнатпастан шыққан жағдайда, түсіру экраны көрсетілгенде
O жарқылдайтын болады.
1 Фотокамераны қосу үшін қуат
ажыратқышын басыңыз.
• Фотокамера іске қосылған кезде монитор іске
қосылады.
• Фотокамераны өшіру үшін қуат ажыратқышын қайта
басыңыз.
2 Қалаған тілді таңдау үшін
HI мульти селекторын
пайдаланып, k түймешігін
басыңыз.
3 HI түймешігі арқылы Yes (Иə)
параметрін таңдап, k түймешігін басыңыз.
Language
Cancel
Choose time zone and
set date and time?
Cancel
Түсіруге дайындау
Yes
No
9
4 Өзіңіздің еліңіздегі уақыт
Press this button in
shooting mode for
shooting-mode
selection menu.
Edit
Date and time
белдеуін таңдау үшін
JK пайдаланып, k түймешігін
басыңыз.
• Жазғы уақытты қосу үшін H түймешігін
басыңыз (W белгішесі картаның үстіңгі
жағында көрсетіледі).
Оны өшіру үшін I түймешігін басыңыз.
5 Күн пішімін таңдау үшін HI түймешігін пайдаланыңыз жəне
Түсіруге дайындау
k түймешігін басыңыз.
6 Күн менуақыттыорнатып, k түймешігін
басыңыз.
• Өрісті таңдау үшін JK түймешігін пайдаланыңыз,
сосын күн мен уақытты орнату үшін HI опциясын
пайдаланыңыз.
• Минут өрісін таңдап, орнатылған минутты растау үшін
k түймешігін басыңыз.
7 Растау экраны көрсетілген кезде, HI түймешігін Yes (Иə)
опциясын таңдау үшін пайдаланып, k түймешігін басыңыз.
8 A (суретке түсіру режимі) түймешігін
басыңыз.
10
London, Casablanca
Back
Date and time
MDhm
Y
01 01
2016 00 00
Edit
1 90 0
1 5m 0s
Батарея
қуатының
индикаторы
Қалған кадрлар саны
Түсіру экраны
Түсіру
режимінің
белгішесі
9 HI түймешігіарқылы Scene auto selector
(Көріністіңавтоселекторы) параметрін
таңдап, k түймешігін басыңыз.
• Фотокамера суретке түсіру режиміне
өтіп, суреттерді Көріністі автоматты
таңдау режимінде түсіруге болады.
• Түсіру барысында батарея қуатының
индикаторын және қалған кадрлар
санын тексеруге болады.
- Батарея қуатының индикаторы
b: Батарея қуаты жоғары.
B: Батарея қуаты төмен.
Алмастыратын батареяларды
дайындаңыз.
- Қалған кадрлар саны
Түсірілуі мүмкін суреттердің саны
көрсетіледі. Фотокамераға жад
картасы салынбағанда C жазуы
көрсетіледі, суреттер ішкі жадқа сақталады.
Scene auto selector
15m 0s
1900
Түсіруге дайындау
11
C Auto Off (Автоматты өшу) функциясы
• Егер фотокамера 30 секунд ішінде пайдаланылмаса, монитор өшіріледі, фотокамера күту
режиміне өтеді және іске қосылу шамы жыпылықтайды. Фотокамера күту режимінде
шамамен үш минут тұрған соң ажыратылады.
• Фотокамераның күту режиміне енуіне дейінгі уақытты орнату мәзіріндегі Auto off
(Автоматтыөшу) параметрін (A 25, E64) пайдаланып өзгертуге болады.
• Фотокамера күту режимінде тұрғанда монитор төмендегі әрекеттердің біреуі
орындалғанда қайта қосылады:
➝ Қуат ажыратқышын, ысырманы босату түймешігін, A (суретке түсіру режимі)
түймешігін, c (қарау) түймешігін немесе b (e бейнефильмді жазу) түймешігін
Түсіруге дайындау
басыңыз
C Тіл параметрін жəне күн мен уақыт параметрін өзгерту
• Осы параметрлерді z параметр мәзіріндегі (A 25) Language (Тіл) және Time zone and
date (Уақытбелдеуіжəнекүн) параметрлері арқылы өзгертуге болады.
• z параметрлер мәзірінде жазғы уақытты іске қосу не өшіру үшін Time zone and date
(Уақытбелдеуіжəнекүн) опциясын, сосын Time zone (Уақытбелдеуі) опциясын
таңдаңыз. Мульти селектордың K түймешігін басыңыз, одан кейін жазғы уақытты іске қосу
үшін H басып, уақытты бір сағатқа алға жылжытыңыз немесе жазғы уақытты өшіру үшін
I басып, уақытты бір сағатқа артқа жылжытыңыз.
C Сағат батареясы
• Фотокамераның сағаты кірістірілген қосымша батареядан қуат алады. Негізгі батареялар
фотокамераға салынғанда немесе фотокамера қосымша айнымалы ток адаптеріне
жалғанғанда қосымша батарея зарядталады әрі шамамен он сағаттай зарядталғаннан
кейін бірнеше күн жұмыс істей алады.
• Фотокамераның қосымша батареясының қуаты бітсе, фотокамера қосылғанда күн мен
уақыт параметрінің экраны көрсетіледі. Күн мен уақытты қайта орнатыңыз. Қосымша
ақпарат алу үшін (A 9) «Фотокамераны іске қосу және дисплей тілін, күнді және уақытты
орнату» 3-қадамы қараңыз.
12
Loading...
+ 117 hidden pages
You need points to download manuals.
1 point = 1 manual.
You can buy points or you can get point for every manual you upload.