Қате туралы хабарлар....................................................0242
i
Кіріспе0 1
X
Қарапайым фотосурет түсіру амалдары0 27
s
Бейнефильмдерді жазу жəне қарау0 38
y
P, S, A жəне M режимдері0 52
#
Пайдаланушы параметрлері: U1 жəне U2 режимдері0 60
$
Суретке түсіру режимі0 63
k
Кескін сапасы мен өлшемі0 69
d
Фокустау0 74
N
ISO сезімталдық0 81
S
Экспозиция0 85
Z
Ақ түс балансы0 89
r
Кескінді түзету0 99
J
Жарқылмен фотосурет түсіру0 112
l
Басқа суретке түсіру параметрлері0 121
t
Қарау туралы қосымша мəліметтер0 132
I
Қосылымдар0 154
Q
Фотокамера мəзірлері0 172
U
Техникалық жазбалар0
n
0
vi
226
iii
Пайдаланушының
қысқаша нұсқаулығы
COOLPIX A фотокамерасымен жұмысты тез бастау үшін мына
қадамдарды орындаңыз. Қауіпсіздік шараларын «Қауіпсіздік
шаралары» (0 vi) бөлімінен қараңыз.
1 Фотокамера бауын байлаңыз.
Бауды фотокамера тесіктеріне мықтап байлаңыз.
2 Батареяны зарядтаңыз (0 20).
Батареяны
салыңыз
3 Батареяны жəне жад картасын салыңыз (0 21, 23).
Зарядтау құрылғысын розеткаға қосыңыз
Батарея
зарядталуда
Зарядтау
аяқталды
Арты
Жад картасының
ұяшығы
iv
4 Фотокамераны қосыңыз
(0 2).
Фотокамераны бірінші рет
пайдаланғанда, тілді таңдау
жəне фотокамера сағатын
орнату сұралады (0 25).
5 Фокус режим
ауыстырғышынt
(автофокус; 0 75) күйінебұраңыз.
6 Фотосуретті
жақтауғаалыңыз
(0 29).
7 Фокустаңыз жəне суретке
түсіріңіз (0 30).
Фокустау əрекеті аяқталғанда
фокустау аумағы жасыл
болып жанады.
8 Фотосуретті көріңіз
(0 33).
Фокус режим ауыстырғышы
K түймешігі
v
Қауіпсіздік шаралары
Nikon өніміне зақым немесе өзіңізге немесе басқаларға жарақат келтірмеу
үшін осы жабдықты пайдаланудан бұрын келесі сақтық шараларын толық
оқып шығыңыз. Осы қауіпсіздік туралы нұсқауларды өнімді пайдаланатын
барлық адам оқи алатын жерде сақтаңыз.
Бұл белгіше ықтимал жарақатты болдырмау үшін осы Nikon өнімін
A
пайдаланбай тұрып оқу керек ескертулерді, ақпаратты белгілейді.
❚❚ ЕСКЕРТУЛЕР
Дұрыс жұмыс істемеген жағдайда
A
өшіріңіз
Фотокамерадан немесе зарядтау
құрылғысынан түтін немесе əдеттен
тыс иіс шығып жатқанын
байқасаңыз, күйіп қалудан сақтанып,
бірден зарядтау құрылғысын
розеткадан суырып, батареяны
алыңыз. Пайдалануды жалғастыра
беру жарақатқа əкелуі мүмкін. Қуат
көзін алудан немесе ажыратудан
кейін жабдықты тексерту үшін Nikon
компаниясының қызмет көрсету
өкіліне апарыңыз.
Бөлшектемеңіз
A
Фотокамераның немесе зарядтау
құрылғысының ішкі бөлшектеріне
тию жарақатқа əкелуі мүмкін.
Жөндеу жұмыстарын тек білікті
мамандар орындауы керек. Құлау
немесе басқа сəтсіз жағдайдың
нəтижесінде фотокамера немесе
зарядтау құрылғысы ашылып кетсе,
өнімнің ашасын розеткадан суыру
жəне/немесе батареяны алудан
кейін өнімді тексерту үшін Nikon
компаниясының қызмет көрсету
өкіліне апарыңыз.
Фотокамераны немесе зарядтау
A
құрылғысын тұтанғыш газ бар
жерде пайдаланбаңыз
Фотокамераны пропан жəне газолин
сияқты тұтанғыш газдар, сонымен
бірге, тұтанғыш спрейлер немесе
шаң бар жерде пайдалану
жарылысқа немесе өртке əкелуі
мүмкін.
Фотокамера бауын күтіп ұстаңыз
A
Ешқашан бауды сəбидің немесе
баланың мойнына аспаңыз.
Балалардың қолы жетпейтін
A
жерде ұстаңыз
Өнімдерді балалар жете алатын
жерде сақтамаңыз. Бұлай істеу
жарақатқа əкелуі мүмкін. Əсіресе
сəбилердің батареяны немесе басқа
шағын бөлшектерді ауыздарына
салуын болдырмау керек.
Құрылғылар қосулы немесе
A
пайдаланылып жатқан кезде
фотокамераны, зарядтау
құрылғысын немесе айнымалы
ток адаптерін ұзақ уақыт бойы
ұстамаңыз
Құрылғылардың бөліктері қызып
кетеді. Құрылғыларды ұзақ уақыт
бойы тікелей теріге тигізу
нəтижесінде төмен температуралық
күйіктерге əкелуі мүмкін.
vi
Тік күн сəулесі түспейтін жерде
A
сақтаңыз
Фотокамера пайдаланылып
жатпағанда, оны өшіріп объектив
қақпағын жабып, тік күн сəулесі
түспейтін жерде сақтаңыз. Объектив
фокустаған жарық өрт тудыруы
мүмкін.
Батареяны пайдаланған кезде сақ
A
болыңыз
Дұрыс пайдаланылмаса, батарея
ағуы, тым қызып кетуі немесе
жарылуы мүмкін. Осы өнімде
пайдалану үшін батареяны
пайдаланған кезде мына сақтық
шараларын орындаңыз:
• Батареяны ауыстыру алдында
өнімді өшіріңіз.
• Бұл фотокамера тек EN-EL20 қайта
зарядталмалы литий-ионды
батареяларын (қамтамасыз
етілген) қабылдайды. Оларды
қамтамасыз етілген MH-27
зарядтау құрылғысымен зарядтау
керек. Қосымша ML-L3 қашықтан
басқару пультінде тек 3 В CR2025
батареяларын пайдалануға
болады.
• Батареяны салып жатқанда
төңкеріп немесе кері бағытта
салуға əрекеттенбеңіз.
• Батареяны тұйықтамаңыз немесе
бөлшектемеңіз я болмаса батарея
изоляциясын немесе қабын алуға
немесе бұзуға əрекеттенбеңіз.
• Батареяны отқа немесе шамадан
тыс ыстыққа салмаңыз.
• Суға салмаңыз немесе судың
шашырауына жол бермеңіз.
• Батареянытасымалдағанкезде
тұсқақпағынорнына
түйіспе
салыңыз. Алқа немесе шаш
түйрегіштер сияқты металдан
жасалған заттармен бірге
тасымалдамаңыз немесе
сақтамаңыз.
• Заряды толығымен таусылғанда
батареядан сұйықтық ағуы мүмкін.
Өнімге зақым келтірмеу үшін
заряды таусылған кезде
батареяны алып тастауды
ұмытпаңыз.
• Батареяда түссіздену немесе
деформация сияқты қандай да
өзгерісті байқасаңыз, пайдалануды
дереу доғарыңыз.
• Егер зақымдалған батареядан
шыққан сұйықтық киімге немесе
теріге тисе, дереу көп сумен
шайыңыз.
• Егер аққан батарея сұйықтығы
көздерге кірсе, оларды таза
ағынды сумен дереу шайыңыз
жəне медициналық жəрдем
алыңыз.
• Қайта зарядталмалы емес
батареяларды зарядтауға
тырыспаңыз.
Зарядтау құрылғысын
A
пайдаланған кезде мына сақтық
шараларын орындаңыз
• Құрғақ күйде ұстаңыз. Осы сақтық
шарасын орындамау өртке немесе
электр тогының соғуына əкелуі
мүмкін.
• Ашаның метал бөліктеріндегі
немесе маңайындағы шаңды
құрғақ шүберекпен кетіру керек.
Пайдалана беру өртке əкелуі
мүмкін.
• Найзағай кезінде ашаны
ұстамаңыз немесе зарядтау
құрылғысының жанына бармаңыз.
Осы сақтық шарасын орындамау
электр тогының соғуына əкелуі
мүмкін.
• Ашаны немесе зарядтау
құрылғысын ылғалды қолдармен
ұстамаңыз. Осы сақтық шарасын
орындамау электр тогының
соғуына əкелуі мүмкін.
vii
• Бір кернеуден екінші кернеуге
түрлендіруге арналған сапарда
қолданылатын ток
түрлендіргіштерін немесе
адаптерлерін немесе тұрақты
токтан айнымалы токқа
ауыстыратын инверторларды
пайдаланбаңыз. Осы сақтық
шарасын орындамау өнімнің
зақымдалуына немесе тым
қызуына немесе өртенуіне əкелуі
мүмкн.
Тиісті кабельдерді пайдаланыңыз
A
Кабельдерді кіріс жəне шығыс
ұяшықтарға жалғаған кезде, өнімнің
талаптарымен қарама-қайшылық
болмауы үшін Nikon тарапынан
берілген немесе сатылған
кабельдерді ғана пайдаланыңыз.
Қозғалатын бөліктерді абайлап
A
ұстаңыз
Саусақтарыңызды немесе басқа
нысандарды объектив қақпағы
немесе басқа қозғалатын бөліктер
қысып қалмауын қадағалаңыз.
Ықшам дискілер
A
Дыбыстық ықшам дискілерге
арналған жабдықта осы құрылғымен
бірге қамтамасыз етілген ықшам
дискілер ойнатылмауы тиіс.
Дыбыстық ықшам дискілер
ойнатқышында ықшам дискілерді
ойнату есту қабілетінің жоғалуына
немесе жабдықтың зақымдалуына
əкелуі мүмкін.
Жарқылды пайдаланған кезде сақ
A
болыңыз
Жарқылды нысанның көзіне жақын
пайдалану көру қабілетінің уақытша
нашарлауына əкелуі мүмкін.
Əсіресе, сəбилерді суретке түсірген
кезде сақ болу қажет, мұндай
кездерде жарқыл нысаннан кемінде
1 метр қашықтықта орналасуы
қажет.
Жарқылды көлік жүргізушісіне
A
бағыттамаңыз
Бұл сақтық шарасын орындамау
сəтсіз жағдайларға əкелуі мүмкін.
Жарқыл терезесі адамға немесе
A
нысанға тиіп тұрғанда жарқылды
қоспаңыз
Осы сақтық шарасын орындамау
күйіктерге немесе өртке əкелуі
мүмкін.
Сұйық кристалды ұстамаңыз
A
Монитор сынып қалса, сынған
əйнектен жарақат алмау жəне
монитордағы сұйық кристалдың
теріге тимеуі я болмаса көздерге
немесе ауызға кірмеуі үшін сақ болу
қажет.
Авиакомпания жəне аурухана
A
қызметкерлерінің нұсқауларын
орындаңыз
Ұшаққа мінбей тұрып Eye-Fi
карталарын фотокамерадан
шығарыңыз, көтерілу жəне қону
кезінде я болмаса авиакомпания
немесе аурухана қызметкерлері
сондай нұсқау бергенде өнімді
өшіріңіз. Құрылғы шығаратын радио
толқындар ұшақтың навигациясына
немесе ауруханының медициналық
жабдығына кедергі тигізуі мүмкін.
viii
Ескертпелер
• Осы өніммен бірге келген
нұсқаулықтардың ешбір бөлігін
Nikon компаниясының жазбаша
рұқсатынсыз қандай да бір жолмен
қайта көшіруге, таратуға, қайта
жазуға, іздеу жүйесінде сақтауға
немесе кез-келген түрде басқа бір
тілге аударуға рұқсат етілмейді.
• Nikon компаниясы осы
нұсқаулықтарда сипатталған
жабдықтар мен бағдарламаның
техникалық сипаттамасын
кез-келген уақытта жəне еш
ескертусіз өзгерту құқығына ие.
Еуропалық тұтынушыларға арналған ескертпелер
САҚ БОЛЫҢЫЗ
БАТАРЕЯНЫ БАСҚА БАТАРЕЯ ТҮРІНЕ АУЫСТЫРСАҢЫЗ ЖАРЫЛУ ҚАУПІ
БОЛУЫ МҮМКІН. ҚОЛДАНЫЛҒАН БАТАРЕЯЛАРДЫ НҰСҚАУЛАРҒА СƏЙКЕС
ЛАҚТЫРЫҢЫЗ.
Бұл таңба электр жəне
электрондық жабдықтардың
бөлек жиналуы керектігін
білдіреді.
Келесі талаптар Еуропа
елдеріндегі қолданушыларға ғана
таралады:
• Бұл өнімді тиісті жинау нүктесінде
бөлек жинау қажет. Тұрмыстық
қалдық ретінде лақтырмаңыз.
• Бөлек жинау жəне қайта өңдеу
табиғи ресурстарды сақтауға жəне
дұрыс емес лақтырудан пайда
болуы мүмкін адам денсаулығына
жəне қоршаған ортаға теріс
салдарларды болдырмауға
көмектеседі.
• Қосымша мəлімет алу үшін
қалдықтарды жоюға жауапты
бөлшек сауда немесе жергілікті билік
өкілдеріне хабарасыңыз.
• Nikon компаниясы осы өнімді
пайдаланудан болған қандай да бір
зақымға жауап бермейді.
• Осы нұсқаулықтардағы мəліметтің
дұрыс жəне толық болуына бар
күш-жігерімізді жұмсағанымызбен,
қандай да бір қателерді немесе
ескерілмеген тұстарды байқаған
жағдайда аймақтағы Nikon өкіліне
айтуыңызды сұраймыз (мекенжайы
бөлек беріледі).
Батареядағы осы таңба
батареяның бөлек жиналуы
керектігін білдіреді.
Келесі талаптар Еуропа
елдеріндегі қолданушыларға ғана
таралады:
• Барлық батареяларды, осы
таңбамен белгіленген немесе
белгіленбегеніне қарамастан, тиісті
жинау нүктесінде бөлек жинау қажет.
Тұрмыстық қалдық ретінде
лақтырмаңыз.
• Қосымша мəлімет алу үшін
қалдықтарды жоюға жауапты
бөлшек сауда немесе жергілікті билік
өкілдеріне хабарасыңыз.
ix
Көшіруге немесе көбейтуге тыйым салуға қатысты ескерту
Сканер, сандық фотокамера немесе өзге құрылғы көмегімен сандық тұрғыдан
көшірілген немесе көбейтілген маериалға иелік етудің өзі заң тарапынан
қудалануы мүмкіндігін ескеріңіз.
• Заң бойынша көшіруге немесе
көбейтуге тыйым салынған
нəрселер
«Үлгі» деген таңбасы болғанның
өзінде қағаз ақшаның, тиындардың,
құнды қағаздардың, үкіметтік құнды
қағазардың немесе жергілікті
үкіметтің құнды қағаздарының
көшірмесін немесе көбейтілген
нұсқаларын жасамаңы.
Шет елдің айналымында жүрген
қағаз ақшаны, тиындарды немесе
құнды қағаздарды көшіруге немесе
көбейтуге тыйым салынады.
Үкіметтің алдын-ала рұқсаты
алынбайынша, үкімет тарапынан
шығарылып, бірақ пайдаланылмаған
пошта маркалаын немесе ашық
хаттарды көшіруге немесе көбейтуге
тыйым салынады.
Үкімет шығарған маркаларды жəне
заңда қарастырылған
куəландырылған құжаттарды
көшіруге немесе көбейтуге тыйым
салынады.
• Кейбір көшірмелер жəне
көбейтілген нұсқаларға қатысты
сақтық ескертулері
Компания тарапынан іскерлік
мақсатта қажетті көшірмелердің
шектеулі саны қажет болған кезден
басқа жағдайларда, үкімет жеке
компаниялар тарапынан
шығарылған құнды қағаздардың
(акциялар, банкноталар, чектер,
сыйлық сертификаттар жəне т.б.),
жол жүру билеттерінің немесе
купондық билеттердің
көшірмелеріне немесе көбейтілген
нұсқаларына қатысты сақ болу
керектігі туралы ескертулерді
таратты. Бұған қоса, үкімет
тарапынан шығарылған
паспорттардың, мемлекеттік
органдар жəне жеке топтар
шығарған лицензиялардың, жеке бас
куəліктерінің жəне рұқсатнамалар
жəне тамақ купондары сияқты
билеттердің көшірмелерін немесе
көбейтілген нұсқаларын жасамаңыз.
• Авторлық құқыққа қатысты
ескертулерді ескеріңіз
Кітаптар, əуен, картиналар,
ағаштағы оюлар, баспалар,
карталар, сызбалар,
бейнефильмдер жəне фотосуреттер
сияқты авторлық құқығы сақталған
шығармашылық жұмыс нəтижелерін
көшіру немесе көбейту ұлттық жəне
халықаралық авторлық құқық
заңдарымен басқарылады. Бұл
өнімді заңсыз көшірмелерді жасау
немесе авторлық құқық заңдарын
бұзу мақсатында пайдаланбаңыз.
x
Деректерді сақтау құрылғыларын лақтыру
Кескіндерді өшіру немесе жад карталарын немесе өзге де деректерді сақтау
құрылғыларын пішімдеу бастапқы ескін мəліметін толық өшірмейтінін ескеріңіз.
Өшірілген файлдарды кейде еркін сатылымдағы бағдарламалар көмегімен
лақтырылған сақтау құрылғыларынан шығарып алуға болады, бұл жеке
суреттерді арам пиғылда пайдалануға əкелуі мүмкін. Мұндай деректердің
құпиялылығын қамтамасыз ету қолданушының өз жауапкершілігі болып
табылады.
Деректерді сақтау құрылғысын лақтырудан немесе меншік құқығын басқа
адамға аударудан бұрын, коммерциялық өшіру бағдарламасын пайдаланып
барлық деректерді өшіріңіз немесе құрылғыны пішімдеңіз, содан кейін ешбір
жеке мəліметті қамтымайтын кескіндермен (мысалы, ашық аспан суреттері)
толтырыңыз. Алдын ала қолмен орнатылған ақ түс балансы үшін таңдалған
суреттерді де ауыстыруды ұмытпаңыз (0 94). Деректерді сақтау
құрылғыларын физикалық тұрғыдан жойған кезде жарақат алудан сақтану
керек.
Nikon фотокамералары ең жоғарғы стандарттарға сай жасалған жəне күрделі
электрондық схемаларды қамтиды. Осы Nikon сандық фотокамерасында ғана
пайдалану үшін Nikon тарапынан сертификатталған Nikon сауда белгісінің
электронды керек-жарақтары (зарядтау құрылғыларын, батареяларды,
айнымалы ток адаптерлерін жəне флештік керек-жарақтарды қосқанда) ғана
осы электрондық схемалардың қызметтік жəне қауіпсіздік талаптары
шеңберінде жұмыс істейтіндігі расталған жəне сол үшін жасалған.
Nikon сауда белгісіне жатпайтын электрондық керек-жарақтарды
пайдалану фотокамераны зақымдауы жəне Nikon кепілдігін
жоюы мүмкін. Оң жақта көрсетілген Nikon компаниясының
голографиялық жапсырмасы жоқ үшінші тараптың қайта
зарядталмалы литий-ионды батареяларын пайдалану фотокамераның
қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіруі жəне батареяның шамадан тыс
қызуына, жанып кетуіне, жарылуына немесе ағуына əкелуі мүмкін.
Nikon саудабелгісініңкерек-жарақтарынақатыстықосымшамəлімет алу үшін
Nikon компаниясыныңжергіліктіөкілеттісатушысынахабарласыңыз.
D Тек Nikon компаниясының шынайы керек-жарақтарын
пайдаланыңыз
Nikon тарапынан Nikon сандық фотокамерасында пайдалану үшін
сертификатталған Nikon компаниясының зауыттық үлгіге сай керекжарақтары ғана оның жұмыстық параметрлеріне жəне қауіпсіздік
талаптарына сай келеді. ӨЗГЕКОМПАНИЯЛАРШЫҒАРҒАНКЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ
ПАЙДАЛАНУ ФОТОКАМЕРАНЫ ЗАҚЫМДАУЫ ЖƏНЕ NIKON КЕПІЛДІГІНІҢ
ЖАРАМДЫЛЫҒЫН ТОҚТАТУЫ МҮМКІН.
D Фотокамера мен керек-жарақтарына техникалық қызмет көрсету
Фотокамера дəлдікпен жасайтын құрылғы болып табылады жəне жүйелі
тексерісті қажет етеді. Nikon компаниясы фотокамераны ресми өкілге
немесе Nikon компаниясының ресми қызмет көрсету орталығына бір-екі жыл
сайын тексертуге жəне əр үш-бес жыл сайын техникалық қызмет көрсету
үшін апаруға кеңес береді (бұл қызметтердің ақылы екенін ескеріңіз).
Фотокамераны кəсіби мақсатта пайдалансаңыз, жиі тексертіп жəне қаратып
тұрған жөн. Фотокамерада жиі қолданылатын объективтер немесе қосымша
жарқыл бөліктері сияқты керек-жарақтарды фотокамераны тексертуге
немесе техникалық қызмет алуға апарғанда бірге апару қажет.
xii
Мазмұны
Пайдаланушының қысқаша нұсқаулығы ...............................iv
Қауіпсіздік шаралары..............................................................vi
Nikon сандық фотокамерасын сатып алғаныңызға рақмет.
Фотокамераның мүмкіндіктерін толық пайдалану үшін барлық
нұсқауларды мұқият оқуды ұмытпаңыз жəне оларды өнімді
пайдаланатын барлық адам оқи алатын жерде сақтаңыз.
Таңбалар жəне шартты белгілер
Қажет мəліметті оңай таба алуыңыз үшін келесі таңбалар мен шартты
белгілер пайдаланылады:
Бұл белгіше сақтандыру ескертулерін, яғни фотокамераға
зақым келтіріп алмау үшін пайдаланудан бұрын оқылуы
D
тиіс ақпаратты білдіреді.
Бұл белгіше ескертпелерді, яғни фотокамераны
A
пайдаланудан бұрын оқылуы тиіс ақпаратты белгілейді.
Бұл белгіше осы нұсқаулықтың басқа беттеріне жасалған
0
сілтемелерді білдіреді.
A Маңызды суреттерді түсіруден бұрын
Маңызды оқиғаларда (үйлену тойлары сияқты жағдайларда немесе
фотокамераны сапарға алудан бұрын) суреттерді түсіруден бұрын,
фотокамера дұрыс жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізу үшін суретті сынақ
ретінде түсіріп өріңіз. Nikon компаниясы өнімнің дұрыс істемеуінен
болған шығынға немесе жоғалған табысқа жауап бермейді.
A Өмір бойы білім алу ұстанымы
Nikon компаниясыныңөнімге қолдау көрсету жəне үйренуге бағытталған
«өмірбойыбілімалу» ұстанымыаясында, үнеміжаңартылыптұратынмəліметтіонлайнрежимдекелесісайттарданалуғаболады:
түсіруге қатысты жалпы кеңес алып отыру үшін мына сайттарға кіріңіз.
Қосымша ақпаратты аумақтағы Nikon өкілінен алуға болады. Байланыс
ақпаратын алу үшін келесі URL қараңыз: http://imaging.nikon.com/
соңғы мəліметті, кеңестерді, жиі қойылатын сұрақтарға
X
1
Фотокамерамен танысу
Фотокамера корпусы
2
3
1
X
4
10
9
8
1 Кірістірілген жарқыл .................112
2 Ысырманы босату түймешігі
Фотосуреттерді түсіру.............29
Бейнефильмдерді жазу..........38
3 Қуат ажыратқышы ........................2
4 Фотокамера бауына арналған
тесіктер...................................... iv
5 Басқару дискі ..............................10
A Қуат ажыратқышы
Фотокамераны қосу үшін қуат ажыратқышын
бұраңыз. Объективті шығарусыз қарау үшін
фотокамераны қосу үшін K түймешігін басып
тұрыңыз (0 4).
Фотокамераны өшіру үшін қуат ажыратқышын
бұраңыз; монитор өшеді.