Осы нұсқаулықта * таңбасымен белгіленген барлық ақпарат WCDMA + WLAN
үлгісіне (Lenovo TB-7305I) / LTE + WLAN үлгісіне (Lenovo TB-7305X) ғана қатысты
берілген.
Негізгі мәлімет
Осы ақпаратты және осы құрылғыны пайдаланбас бұрын төмендегіні оқып шығыңыз:
Қауіпсіздік, кепілдік және жұмысты бастау бойынша қысқаша нұсқаулық
Нормативтік талаптарғы сәйкестік туралы ақпарат
«Қосымшадағы» «Қауіпсіздік және пайдалану туралы маңызды ақпарат».
Қауіпсіздікке, кепілдікке және жұмысты бастау бойынша қысқаша нұсқаулық және
Нормативтік талаптарғы сәйкестік туралы ақпарат http://support.lenovo.com веб-
сайтында орналастырылған.
Ескертпе: осы құжаттағы барлық суреттер мен кескіндер тек анықтамалық
ақпарат ретінде берілген және түпкілікті құрылғыдан өзгеше болуы мүмкін.
Lenovo Help
Көмек керек пе? Lenovo Help қолданбасы Lenovo компаниясының интернет арқылы
көрсетілетін көмегі мен форумдарына*, жиі қойылатын сұрақтар мен жауаптар бөліміне*,
Bluetooth 4.2;
WLAN 802.11 a/b/g/n;
GPS/GLONASS;
FDD-LTE/UMTS/GSM
қолданылады, бірақ кейбір елдерде LTE қызметі қолданылмайды. Өз еліңізде
құрылғыңыздың LTE желілерімен жұмыс істейтінін-істемейтінін білу үшін ұялы
байланыс операторына хабарласыңыз.
Басты экран
Басты экран — құрылғыңызды пайдалана бастайтын алғашқы орын. Сізге ыңғайлы болу
үшін басты экранға бірнеше пайдалы қолданба мен виджет орнатылған.
Ескертпе: Орналасқан жеріңізге, тілге, операторға және құрылғының
үлгісіне қарай құрылғыңыздың функциялары мен басты экраны басқаша
болуы мүмкін.
Басты экранды кез келген уақытта өзіңізге ыңғайлы етіп реттей аласыз.
Басты экран
Әдепкі басты экранда Google іздеу жолағы және бірнеше пайдалы қолданба бар.
Басты экранға виджет қосу
Басты экрандағы белгішелерден басқа кез келген жерді басып, ұстап тұрыңыз.
Виджеттер белгішесін басып, қосқыңыз келген виджетті басып тұрыңыз, содан кейін
виджетті қойғыңыз келген жерге сүйреп апарыңыз да, босатыңыз.
Тұсқағазды өзгерту
Басты экранда белгішелерден басқа кез келген жерді басып тұрыңыз. Тұсқағаздар
түймесін басыңыз, содан кейін өзіңізге ұнайтын тұсқағазды таңдаңыз.
Параметрлер > Дисплей > Тұсқағаз тармағына өтіп, ұнаған тұсқағазды таңдаңыз.
Қолданбаны басқа экранға жылжыту
Жылжытқыңыз келген қолданбаны басып ұстап тұрыңыз, одан кейін оны қойғыңыз
келген жерге сүйреп апарыңыз да, босатыңыз.
Қолданбаны алып тастау
1. Алып тастағыңыз келетін қолданбаны басып ұстап тұрыңыз.
2.
белгішесіне апарып, босатыңыз да, ЖАРАЙДЫ түймесін түртіңіз.
Ескертпе: Кейбір жүйелік қолданбаларды алып тастау мүмкін емес.
Қолданбаларды іздеу
Экранның төменгі жағынан жоғары қарай сипаңыз.
Соңғы қолданбаларды көру
Экранның төменгі жағынан жоғары қарай сипаңыз. Содан кейін төмендегі әрекеттерді
орындай аласыз:
Ашқыңыз келетін қолданбаны қосу үшін солға немесе оңға қарай сипаңыз.
Жабу үшін қолданба терезесін жоғары қарай сипаңыз.
Барлық қолданбаның жұмысын тоқтату үшін “Барлығын өшіру” тармағын түртіңіз.
Экран түймелері
Экранның төменгі жағында бір түйме бар.
Әдепкі басты экранға қайту үшін
түймесін түртіңіз.
Хабарландырулар мен жылдам параметрлер
Хабарландырулар панелінде жаңа хабарлар, USB қосылымы және файл жүктеу сияқты
орындалып жатқан әрекеттер туралы хабарланады. Жылдам параметрлер панелі WLAN
қосқышы сияқты жиі қолданылатын параметрлерді ашуға мүмкіндік береді.
Мына әрекеттердің кез келгенін істеуге болады:
Хабарландыруларды көру үшін экранның жоғарғы жағынан төмен қарай сипаңыз.
Хабарландырулар панелін жабу үшін экранның төменгі жағынан жоғары қарай сипаңыз.
Хабарландыруды кетіру үшін хабарландыруды солға немесе оңға қарай сипаңыз.
Хабарландыруларды басқару үшін Хабарландырулар панелінің төменгі жағындағы
Хабарландыруларды басқару түймесін басыңыз.
Барлық хабарландыруларды кетіру үшін Хабарландырулар панелінің төменгі жағындағы
БАРЛЫҒЫН ТАЗАЛАУ түймесін басыңыз.
Жылдам параметрлер панелін ашу үшін экранның жоғарғы жағынан төмен қарай екі рет
сипаңыз.
Жылдам параметрлер панелін жабу үшін экранның төменгі жағынан жоғары қарай
сипаңыз.
Мәжбүрлі түрде өшіру/қайта қосу
Құрылғы сөнгенше Қуат түймесін шамамен 8 секунд басып тұрыңыз; қайта іске қосу үшін
Қуат түймесін 10 секундтай басып тұрыңыз.
Камера
Камера қолданбасын ашу үшін Камера белгішесін басыңыз.
Фотосурет пен бейнебаянға түсіру
Құрылғыңыздағы камераның көмегімен фотосуреттер мен бейнебаяндар жасай аласыз.
Бейнебаян жазу үшін түймесін басыңыз.
Суретке түсіру үшін түймесін басыңыз.
Алдыңғы және артқы камераларды кезек ауыстыру үшін түймесін басыңыз.
Сүзгіні таңдау үшін түймесін басыңыз.
Басқа камера параметрлерін реттеу үшін түймесін басыңыз.
Скриншот жасау
Скриншот түсіру үшін Қуат түймесі мен Дауысын басу түймелерін қатар басып ұстап
тұрыңыз.
Суреттер мен бейнелерді көрсету
Фотосуреттер мен бейнелер құрылғыңыздың ішкі жадында сақталады. Төмендегі әдістердің
көмегімен фотосуреттер мен бейнелерді көруге болады.