INDESIT WITP 82 (EU) User Manual [ru]

Пайдалану бойынша нұсқаулық
Кір жуғыш машина
Мазмұны
Орнату, 2-3
Орамнан шығару және тегістеп қою
Кір жуудың бірінші циклі
Техникалық сипаттамалары
Кір жуғыш машинаның сипаттамасы, 4-5
Басқару панелі
Барабанды ашу және жабу
Индикаторлар
Бағдарламаны іске қосу. Бағдарламалар, 6
Қысқаша нұсқаулықтар: Бағдарламаны іске қосу тәртібі
Бағдарлама кестесі
Кірді жекелендіру, 7
Температураны таңдау
Сығу жылдамдығын таңдау
Функциялар
Кір жуғыш құралдар және кір түрлері, 8
Кір жуғыш құралдарды бөлгіш
Ағарту циклі
Кірді дайындау
Жеке заттарды жуу ерекшеліктері
Ескертулер мен нұсқаулар, 9
Жалпы қауіпсіздік ережелері
Қайта өңдеу
Қоршаған ортаны үнемдеу және қорғау
Қызмет көрсету және күтіп ұстау, 10
Суды және электр қуатын өшіру
Кір жуғыш машинаны күтіп ұстау
Машина есігі мен барабанын күтіп ұстау
Сорғышты тазалау
Су құю шлангісін тексеру
Ақауларды жою, 11
Сервистік қызмет көрсету, 12
Орнату
!Осы нұсқаулықты сақтап қойыңыз. Нұсқаулық машинаны сатқан, басқа біреуге тапсырған немесе
жаңа пәтерге көшкен кезде, пәтердің жаңа иесі жабдықпен танысу үшін, оны пайдалану және
қызмет көрсету ережелерімен танысуы үшін кір жуғыш машина жиынтығында болуы тиіс.
!Нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз: онда кір жуғыш машинаны орнату бойынша және
пайдалану қауіпсіздігі бойынша маңызды мәліметтер бар.
Орамнан шығару және тегістеп қою
Орамнан шығару
1. Кір жуғыш машинаны орамнан шығарыңыз.
2. Жабдықтың тасымалдау кезінде зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымданған жағдайда –
машинаны іске қоспаңыз – жеткізушімен тез арада хабарласыңыз.
3. Кір жуғыш машинаның артқы жағында орналасқан төрт тасымалдау винтін және резеңке
тығындарды төсемімен бірге алып тастаңыз (сур. қара).
4. Тесікті пластикалық тығынмен жабыңыз.
5. Барлық бөлшектерін сақтап қойыңыз: Кір жуғыш машинаны тасымалдау кезінде керек болады.
болттар, резеңке шайбалар мен үлкен металл көлденең жапқыш. Пайда болған тесіктерді
пластикалық бітеуіштермен жабыңыз.
! Балаларға орам материалдарымен ойнауға рұқсат етпеңіз.
Тегістеп қою
1. Кір жуғыш машина тегіс және берік еденге орнатыңыз, қабырғаға, жиһазға және басқа да
заттарға тимейтін болсын.
2. Машинаны орналастырған соң, алдыңғы аяқтарын реттеу арқылы нық тұруын қадағалаңыз
(сур. қара).
Ол үшін алдымен бақылау гайкасын босатып алыңыз да реттеп алған соң бақылау гайкасын
қатырыңыз. Машинаны орналастырған соң корпустың жоғарғы қақпағының көлденеңді деңгейін
тексеріңіз, көлденең деңгей 2
о
жоғары болмауы тиіс.
Жабдықты дұрыс тегістеп қойсаңыз, шуды, вибрацияны және машина істеп тұрғанда орнынан
жылжуды болдырмайды.
Егер кір жуғыш машина кілем төселген еденде тұрса, машинаның негізі бөлігі кілемнің үстінде
тұрғанын анықтап алыңыз. Егер олай тұрмаса, желдетуі қиындайды немесе мүлдем істемей
қалады.
Су құбырына немесе электр желісіне қосу
Су құю шлангісін қосу
1. А төсемін су құю шлангісінің соңына жалғаңыз да оны ¾ дюйма оймалы тесігі бар суық су
шығатын су құбырына қарай бұраңыз (сур. қара).
Қосар алдында су құбыры кранын ашып, лас суды ағызып жіберіңіз.
2. Су құю шлангісін артқы оң жақ жоғарғы шетінде орналасқан, су қабылдағышты винттеу
арқылы кір жуғыш машинаға жалғаңыз (сур. қара).
3. Шлангінің оралып және қысылып қалмағанын анықтап алыңыз.
! Су қысымы Техникалық сипаттама кестесінде көрсетілген белгілер шамасында болуы тиіс (3
бет. қара).
! Егер су құбыры шлангісінің ұзындығы жеткіліксіз болса, Авторизациялық Сервис орталығына
сұраңыз.
Суды төгу шлангісін қосу
Суды төгу шлангісінің иілген аяқ жағын раковинаның, ваннаның ішіне салып қойыңыз немесе
канализацияға шығару жеріне орналастырыңыз. Шлангі майысып қалмауы тиіс. Су төгу
шлангісінің жоғарғы жағы еденнен 60-100 см биіктікте болуы тиіс. Су төгу шлангісі
орналастырылуы суды төккен кезде судың бөліп-бөліп төгілуін қамтамасыз етуі керек (шлангінің
аяқ жағы суға тимеуі тиіс).
Ваннаның немесе раковинаның шетіне қатырған жағдайда, шлангіні кранға қатырылатын бөліктің
(жиынтық құрамына кіреді) көмегімен асып қояды (сур).
! Суды төгу шлангісіне ұзартқыштарды пайдаланбаған жөн. Қажет болған жағдайда, дәл осындай
диаметрдегі және 150 см. аспайтын ұзындықтағы шлангімен ұзартуға болады.
Электр желісіне қосу
Назар аударыңыз! Жабдық міндетті түрде жерге орналастырылуы тиіс!
1. Машина жерге тұйықталған екіполюсті розетка арқылы электр желісіне қосылады (розетка
машинамен бірге берілмейді). Фазалық сым ең ұзақ мерзімге есептелген және 0,1 с аспайтын
уақытта жұмысқа қосылатын 16 А желіні қорғау автоматы арқылы қосылады.
2. Машина орнату орнынан жерге тұйықталатын, үш желілі өткізгіші бар кабельді мыс желісі бар
(немесе алюминий желісімен 2,5 кв. мм жақын орналасса) розетка 1,5 кв. мм. жақын орналасса
болса, электр желісі қайта жасалмайды. Аталған розетка және өткізгіш болмаған жағдайда, оларға
монтаж жасау қажет.
3. Жеке өткізгіштермен төсемді жерге тұйықтауға болмайды.
4. Электр желісін жасау үшін ППВ 3х1,5 380 ГОСТ 6223-79 өткізгішін пайдаланған жөн.
Машинаны пайдалану кезінде өрт және электр қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, басқа да маркадағы
кабельдерді пайдалануға болады.
Машинаны желіге қосар алдында мыналарға сенімді болыңыз:
розетка мен өткізгіш нұсқаулықтың осы бөлімінде берілген талаптарға сәйкес екендігіне;
желі тогының кернеуі мен жиілігі машинаның деректеріне сай келетініне;
розетка мен вилка бір типті екендігіне;
розетка нұсқаулықтың осы бөлімінде айтылған қауіпсіздік нормаларына сай жерге
тұйықталғандығына (егер қорғаныс желісі үзілмеген болса және басқа да жабдықтарды
айналып өтіп қосылған болса, жұмыс нөлдігімен жерге тұйықтауға болады).
Егер вилка розеткаға сай келмесе, оны розеткаға сай келетін басқасына ауыстырған немесе
қоректендіру кабелімен алмастырған жөн. Кабельді тек білікті маман ғана алмастыруы тиіс.
Тасымалдағыш қолдануға немесе екі және одан көп розетканы және ұзартқышты пайдалануға
тыйым салынады (олар машинаның күйіп кетуіне қауіп төндіреді). Егер сіз оларды пайдалану
қажет деп танысаңыз, қауіпсіздік талаптарына сай келетін тек бір ғана ұзартқышты пайдаланыңыз.
Жоғары қуатты тұрмыстық заттардың осы нұсқаулықта көрсетілген қауіпсіздік талаптарын
бұзу арқылы қосылған жабдық барынша қауіпті болып саналады.
Өндіруші, егер сіздің аталған нормаларды сақтамау салдарынан, денсаулығыңыз бен жеке
басыңызға зиян келген жағдайда жауап бермейді.
Кір жуудың бірінші циклі
Орнатып болған соң, пайдаланар алдында кір жуғыш ұнтақпен, кір қоспай, 90
о
бағдарламасы
бойынша, бір рет кір жуу циклін жүргізу қажет.
Техникалық сипаттамалары
Моделі
WITP 82
Өлшемі
Ені 40 см
Биіктігі 85 см
Тереңдігі 60 см
Жүктемесі
1-5 кг
Электрлік параметрлері
Қысым 220\230 В 50 ГЦ
Мах қуаты 1850 Ватт
Гидравликалық параметрлері
max қысым 1 Мпа (10 бар)
min қысым 0,05 Мпа (0,5 бар)
барабан көлемі 42 л
Сығу жылдамдығы
800 айн/мин дейін
ІЕС 456 нормативіне сәйкес бақылау
бағдарламасы
2 бағдармала; температура 60
о
5 кг дейін жүктегенде
Машина Еуропалық экономикалық
қауымдастықтың келесі директиваларына сай
келеді:
- 73\223\ЕЕС 19.02.73 (төменгі қысым) және
келесі модификациялар
- 89/336/ЕЕС 03.05.89 (электр магнитті
үйлесімі) және келесі модификациялар
Loading...
+ 11 hidden pages