INDESIT WITP 82 (EU) User Manual [kk]

Page 1
Пайдалану бойынша нұсқаулық
Мазмұны Орнату, 2-3
Орамнан шығару және тегістеп қою Су құбырлары мен электр желісіне қосу Кір жуудың бірінші циклі Техникалық сипаттамалары
Кір жуғыш машинаның сипаттамасы, 4-5
Басқару панелі
Барабанды ашу және жабу
Индикаторлар
Бағдарламаны іске қосу. Бағдарламалар, 6
Қысқаша нұсқаулықтар: Бағдарламаны іске қосу тәртібі Бағдарлама кестесі
Кірді жекелендіру, 7
Температураны таңдау Сығу жылдамдығын таңдау Функциялар
Кір жуғыш құралдар және кір түрлері, 8
Кір жуғыш құралдарды бөлгіш Ағарту циклі Кірді дайындау Жеке заттарды жуу ерекшеліктері
Ескертулер мен нұсқаулар, 9
Жалпы қауіпсіздік ережелері Қайта өңдеу Қоршаған ортаны үнемдеу және қорғау
Қызмет көрсету және күтіп ұстау, 10
Суды және электр қуатын өшіру Кір жуғыш машинаны күтіп ұстау Машина есігі мен барабанын күтіп ұстау Сорғышты тазалау Су құю шлангісін тексеру
Ақауларды жою, 11
Сервистік қызмет көрсету, 12
Кір жуғыш машина
Page 2
Орнату
!Осы нұсқаулықты сақтап қойыңыз. Нұсқаулық машинаны сатқан, басқа біреуге тапсырған немесе
жаңа пәтерге көшкен кезде, пәтердің жаңа иесі жабдықпен танысу үшін, оны пайдалану және
қызмет көрсету ережелерімен танысуы үшін кір жуғыш машина жиынтығында болуы тиіс.
!Нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз: онда кір жуғыш машинаны орнату бойынша және
пайдалану қауіпсіздігі бойынша маңызды мәліметтер бар.
Орамнан шығару және тегістеп қою Орамнан шығару
1. Кір жуғыш машинаны орамнан шығарыңыз.
2. Жабдықтың тасымалдау кезінде зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымданған жағдайда –
машинаны іске қоспаңыз – жеткізушімен тез арада хабарласыңыз.
3. Кір жуғыш машинаның артқы жағында орналасқан төрт тасымалдау винтін және резеңке
тығындарды төсемімен бірге алып тастаңыз (сур. қара).
4. Тесікті пластикалық тығынмен жабыңыз.
5. Барлық бөлшектерін сақтап қойыңыз: Кір жуғыш машинаны тасымалдау кезінде керек болады.
болттар, резеңке шайбалар мен үлкен металл көлденең жапқыш. Пайда болған тесіктерді пластикалық бітеуіштермен жабыңыз. ! Балаларға орам материалдарымен ойнауға рұқсат етпеңіз.
Тегістеп қою
1. Кір жуғыш машина тегіс және берік еденге орнатыңыз, қабырғаға, жиһазға және басқа да
заттарға тимейтін болсын.
2. Машинаны орналастырған соң, алдыңғы аяқтарын реттеу арқылы нық тұруын қадағалаңыз
(сур. қара).
Page 3
Ол үшін алдымен бақылау гайкасын босатып алыңыз да реттеп алған соң бақылау гайкасын қатырыңыз. Машинаны орналастырған соң корпустың жоғарғы қақпағының көлденеңді деңгейін тексеріңіз, көлденең деңгей 2
о
жоғары болмауы тиіс.
Жабдықты дұрыс тегістеп қойсаңыз, шуды, вибрацияны және машина істеп тұрғанда орнынан
жылжуды болдырмайды.
Егер кір жуғыш машина кілем төселген еденде тұрса, машинаның негізі бөлігі кілемнің үстінде тұрғанын анықтап алыңыз. Егер олай тұрмаса, желдетуі қиындайды немесе мүлдем істемей
қалады.
Су құбырына немесе электр желісіне қосу Су құю шлангісін қосу
1. А төсемін су құю шлангісінің соңына жалғаңыз да оны ¾ дюйма оймалы тесігі бар суық су
шығатын су құбырына қарай бұраңыз (сур. қара).
Қосар алдында су құбыры кранын ашып, лас суды ағызып жіберіңіз.
2. Су құю шлангісін артқы оң жақ жоғарғы шетінде орналасқан, су қабылдағышты винттеу
арқылы кір жуғыш машинаға жалғаңыз (сур. қара).
3. Шлангінің оралып және қысылып қалмағанын анықтап алыңыз.
! Су қысымы Техникалық сипаттама кестесінде көрсетілген белгілер шамасында болуы тиіс (3
бет. қара).
! Егер су құбыры шлангісінің ұзындығы жеткіліксіз болса, Авторизациялық Сервис орталығына сұраңыз.
Суды төгу шлангісін қосу
Суды төгу шлангісінің иілген аяқ жағын раковинаның, ваннаның ішіне салып қойыңыз немесе
канализацияға шығару жеріне орналастырыңыз. Шлангі майысып қалмауы тиіс. Су төгу
шлангісінің жоғарғы жағы еденнен 60-100 см биіктікте болуы тиіс. Су төгу шлангісі орналастырылуы суды төккен кезде судың бөліп-бөліп төгілуін қамтамасыз етуі керек (шлангінің аяқ жағы суға тимеуі тиіс).
Page 4
Ваннаның немесе раковинаның шетіне қатырған жағдайда, шлангіні кранға қатырылатын бөліктің
(жиынтық құрамына кіреді) көмегімен асып қояды (сур).
! Суды төгу шлангісіне ұзартқыштарды пайдаланбаған жөн. Қажет болған жағдайда, дәл осындай
диаметрдегі және 150 см. аспайтын ұзындықтағы шлангімен ұзартуға болады.
Электр желісіне қосу
Назар аударыңыз! Жабдық міндетті түрде жерге орналастырылуы тиіс!
1. Машина жерге тұйықталған екіполюсті розетка арқылы электр желісіне қосылады (розетка машинамен бірге берілмейді). Фазалық сым ең ұзақ мерзімге есептелген және 0,1 с аспайтын
уақытта жұмысқа қосылатын 16 А желіні қорғау автоматы арқылы қосылады.
2. Машина орнату орнынан жерге тұйықталатын, үш желілі өткізгіші бар кабельді мыс желісі бар (немесе алюминий желісімен 2,5 кв. мм жақын орналасса) розетка 1,5 кв. мм. жақын орналасса болса, электр желісі қайта жасалмайды. Аталған розетка және өткізгіш болмаған жағдайда, оларға
монтаж жасау қажет.
3. Жеке өткізгіштермен төсемді жерге тұйықтауға болмайды.
4. Электр желісін жасау үшін ППВ 3х1,5 380 ГОСТ 6223-79 өткізгішін пайдаланған жөн.
Машинаны пайдалану кезінде өрт және электр қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, басқа да маркадағы
кабельдерді пайдалануға болады.
Машинаны желіге қосар алдында мыналарға сенімді болыңыз:
розетка мен өткізгіш нұсқаулықтың осы бөлімінде берілген талаптарға сәйкес екендігіне; желі тогының кернеуі мен жиілігі машинаның деректеріне сай келетініне; розетка мен вилка бір типті екендігіне; розетка нұсқаулықтың осы бөлімінде айтылған қауіпсіздік нормаларына сай жерге
тұйықталғандығына (егер қорғаныс желісі үзілмеген болса және басқа да жабдықтарды
айналып өтіп қосылған болса, жұмыс нөлдігімен жерге тұйықтауға болады).
Егер вилка розеткаға сай келмесе, оны розеткаға сай келетін басқасына ауыстырған немесе
қоректендіру кабелімен алмастырған жөн. Кабельді тек білікті маман ғана алмастыруы тиіс.
Тасымалдағыш қолдануға немесе екі және одан көп розетканы және ұзартқышты пайдалануға
тыйым салынады (олар машинаның күйіп кетуіне қауіп төндіреді). Егер сіз оларды пайдалану қажет деп танысаңыз, қауіпсіздік талаптарына сай келетін тек бір ғана ұзартқышты пайдаланыңыз.
Жоғары қуатты тұрмыстық заттардың осы нұсқаулықта көрсетілген қауіпсіздік талаптарын
бұзу арқылы қосылған жабдық барынша қауіпті болып саналады.
Page 5
Өндіруші, егер сіздің аталған нормаларды сақтамау салдарынан, денсаулығыңыз бен жеке
Техникалық сипаттамалары
Моделі
WITP 82
Өлшемі
Ені 40 см Биіктігі 85 см Тереңдігі 60 см
Жүктемесі
1-5 кг
Электрлік параметрлері
Қысым 220\230 В 50 ГЦ Мах қуаты 1850 Ватт
Гидравликалық параметрлері
max қысым 1 Мпа (10 бар) min қысым 0,05 Мпа (0,5 бар) барабан көлемі 42 л
Сығу жылдамдығы
800 айн/мин дейін
ІЕС 456 нормативіне сәйкес бақылау бағдарламасы
2 бағдармала; температура 60о 5 кг дейін жүктегенде
Машина Еуропалық экономикалық қауымдастықтың келесі директиваларына сай
келеді:
- 73\223\ЕЕС 19.02.73 (төменгі қысым) және келесі модификациялар
- 89/336/ЕЕС 03.05.89 (электр магнитті үйлесімі) және келесі модификациялар
басыңызға зиян келген жағдайда жауап бермейді.
Кір жуудың бірінші циклі
Орнатып болған соң, пайдаланар алдында кір жуғыш ұнтақпен, кір қоспай, 90
о
бағдарламасы
бойынша, бір рет кір жуу циклін жүргізу қажет.
Page 6
Кір жуғыш машинаның сипаттамасы
Басқару панелі
Түс индикаторлары
ҚОСЫМША ФУНКЦИЯЛАР түймелері
ІСКЕ ҚОСУ/ЖОЮ түймесі
ЛЮКТІ ТЕЖЕУ ИНДИКАТОРЫ
ІСКЕ ҚОСУ/ӨШІРУ түймесі
ТЕМПЕРАТУРА реттеу тұтқасы
БАҒДАРЛАМАНЫ таңдау тұтқасы
Кір жуу ұнтағына арналған ұяшық, кір жуу ұнтағымен жіне қоспалармен толтырылады (8 б. қара).
Түс индикаторлары кір жуу бағдарламасының орындалуын қадағалайды. Егер мерзімін кешіктіру таймері қосылса, индикатор іске қосылуға қалған уақытты көрсетеді (5 б. қара).
ҚОСЫМША ФУНКЦИЯЛАР индикаторының түймесі: қолданыстағы қосымша функцияларды
таңдау үшін басыңыз. Таңдалған қосымша функция индикаторы жанады.
ТЕМПЕРАТУРА реттегіші температураны немесе суық сумен жууды күйге келтіруге арналған (7 б. қара).
ІСКЕ ҚОСУ/ӨШІРУ индикаторының түймесі: кір жуғыш машинаны қосуға және өшіруге арналған.
ІСКЕ ҚОСУ/ТОҚТАТУ индикаторы бағдарламаны іске қосуға немесе қате қосылған
бағдарламаны жоюға арналған.
ІСКЕ ҚОСУ/ЛЮКТІ ТЕЖЕУ индикаторы кір жуғыш машинасы қосулы кезде жыпылықтайды
және егер люк тежелген болса, жыпылықтамай жанып тұрады. (16 б. қара)
БАҒДАРЛАМАНЫ таңдау тұтқасы: қажетті бағдарламаны таңдау үшін керек. Бағдарламаны
орындау процесінде тұтқа жылжымайды.
ҚОСУ\ЛЮКТІ ТЕЖЕУ индикаторы: Қосылған индикатор люк тежелгендігін білдіреді. Оны
зақымдап алмас үшін люкті ашпас бұрын индикатор өшкенше күту керек.
! ҚОСУ\ЛЮКТІ ТЕЖЕУ индикаторы басқа кез келген индикатормен бір уақытта жылдам жыпылықтап тұрса, бұл ақауды білдіреді. Техникалық Қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Машинаны іске қосу. Бағдарламалар
Барабанды ашу және жабу
Page 7
А) АШУ (1-сур).
Сыртқы қақпақты көтеріп, толығымен ашыңыз.
В) Барабанды екі қолыңызбен тартып ашыңыз
- 2-сур. көрсетілген түймені басыңыз, екінші қолыңызбен есігін ұстап тұрыңыз (осылайша
кездейсоқ есіктің ашылуын болдырмайды) барабанның қақпағы жеңіл ашылады.
С) Кір жуғыш машинаны жүктеу (3-сур) Д) ЖАБУ (4-сур)
- алдымен алдыңғы есігін, содан соң артқы есігін түсіріп, барабанды толық жабыңыз;
- содан соң алдыңғы есіктің ілгегі артқы есіктің тиісті орнына кіргеніне көз жеткізіңіз;
- ілгектер ілінген соң, екі есікті де ақырын төмен басып, мықты жабылғанын тексеріңіз.
- ең соңында, сыртқы есігін жабыңыз.
Индикаторлар
Индикаторлар пайдаланушыға маңызды мәліметтерді хабарлайды. Индикаторлардың мағынасы:
Циклдің ағымдағы фазасы:
Кір жуу циклі кезінде индикаторлар бірінен соң бірі жанып, бағдарламаның орындалып жатқан
фазасын көрсетіп тұрады:
алдын ала кір жуу
кір жуу
шаю
Page 8
сығу
Матасы және ластану
деңгейі
Бағд
ар лама
Тем пера
тура
Жуу құралы
жұм сарт қы
ш
Дақтард ы
кетіру\
ағартқы
ш
Цик л ұзақ тығ ы,
мин
Кір жуу циклінің
сипаттамасы
Алдын ала кір
жуу
Негіз гі кір
жуу
Мақта
Өте лас
Өте лас ақ кір (ақжайма, дастархан
т.б.)
1
90оС
. . .
137
Алдын ала кір жуу,
жоғары температурада кір жуу, шаю, аралық
және соңғы сығу
Өте лас ақ кір (ақжайма, дастархан
т.б.)
2
90оС
.
.
Күтімме
н \
қарапай
ым
129
Жоғары температурада кір жуу, шаю, аралық
және соңғы сығу
Өте лас ақ кір және
қанық боялған түрлі­түсті кір
3
60оС
.
.
Күтімме
н \
қарапай
ым
144
60
о
С кір жуу, шаю,
аралық және соңғы
сығу
Қатты ластанбаған кір
4
40оС
.
.
Күтімме
78
40
о
С кір жуу, шаю,
Ескерту: суды төгу кезінде Сығу цикліне сәйкес келетін индикатор қосылады.
Функцияларды таңдау түймесі
Функцияны таңдау түймесі де индикатор болып табылады. Функцияны таңдағанда сәйкес түйме жанады.
Егер таңдалған функция жүктелген бағдарламаға сай келмесе, сәйкес индикатор жыпылықтайды
және бұл функция қосылмайды.
Егер алдыңғы таңдалған функциямен сай келмейтін функция таңдалса, тек соңғы функция
қосылып тұрады.
Кір жууды жекелендіру
Қысқаша нұсқаулықтар: Бағдарламаны іске қосу тәртібі
1. түймесіне басу арқылы кір жуу машинасын қосыңыз. Барлық индикаторлар бірнеше
секундқа қосылады, содан соң өшеді және ҚОСУ/ЛЮК ТЕЖЕЛГЕН индикаторы жыпылықтай
бастайды.
2. Кірді салыңыз да, кір жуу құралдары мен қсоапаларын қосыңыз, машинаның есігін жабыңыз (8
б. қара).
3. БАҒДАРЛАМА тұтқасы арқылы қажетті бағдарламаны таңдаңыз.
4. Кір жуу температурасын белгілеңіз (7 б. қара).
5. ІСКЕ ҚОСУ\КІДІРІС түймесі арқылы бағдарламаны қосыңыз, сәйкес индикатор жасыл түспен
жанады. Жүктелген циклді кері қайтару үшін ІСКЕ ҚОСУ\КІДІРІС түймесін 2 секунд басып тұрыңыз.
6. Егер ІСКЕ ҚОСУ\ТОҚТАТУ индикаторы жыпылықтап тұрса, циклді аяқтау үшін түймені
басыңыз. Люкті ашыңыз, кірді шығарып, люкті жартылай ашық қалдырыңыз. Кір жуғыш машинаны түймесі арқылы өшіріңіз.
Бағдарламалар кестесі
Page 9
және бояуы шығатын
түрлі-түсті кір (жейде, ішкөйлек т.б.)
н \
қарапай
ым
аралық және соңғы
сығу
Қатты ластанбаған
бояуы шығатын түрлі­түсті кір
5
40оС
.
.
Күтімме
н \
қарапай
ым
70
30
о
С кір жуу, шаю,
аралық және соңғы
сығу
Синтетика
Өте лас, қанық боялған
түрлі-түсті кір (балалар киімі т.б.)
6
60оС
.
.
Күтімме
н
79
60
о
С кір жуу, шаю, суымен тоқтап қалу немесе күтіммен
сығу
Өте лас, қанық боялған
түрлі-түсті кір (балалар киімі т.б.)
7
40оС
.
.
Күтімме
н
75
50
о
С кір жуу, шаю, суымен тоқтап қалу немесе күтіммен
сығу
Қатты ластанбаған, күтіммен жуылатын
түрлі-түсті кір (кез келген киім)
8
40оС
.
.
Күтімме
н
65
40
о
С кір жуу, шаю, суымен тоқтап қалу немесе күтіммен
сығу
Қатты ластанбаған, күтіммен жуылатын
түрлі-түсті кір (кез келген киім)
9
30оС
. .
30
30
о
С кір жуу, шаю,
күтіммен сығу
Күтіммен жуу
Жүн
10
30оС
.
.
Күтімме
н
45
40
о
С кір жуу, шаю
және күтіммен сығу
Ерекше күтіммен жуылатын маталар мен киімдер (перде, жібек,
вискоза т.б.)
11
30оС
.
.
52
30
о
С кір жуу, шаю, суымен тоқтап қалу
немесе суды төгу
Жеке бағдарламалар
Шаю
. Шаю және сығу
Күтіммен шаю
.
Шаю, суымен тоқтап қалу немесе
суды төгу
Сығу
Суды төгу және
қатты сығу
Күтіммен шаю
Суды төгу және
күтіммен сығу
Суды төгу
Суды төгу
Ескерту
Кестедегі мәліметтер анықтамалық болып саналады және кір жуудың нақты жағдайларына
байланысты өзгеруі мүмкін (кірдің көлеміне, суқұбыры жүйесіндегі судың температурасына, үй
жайдағы температураға т.б. байланысты).
Арнайы бағдарлама
Күнделікті 30 мин кір жуу (Синтетикалық маталарға арналған 9 бағдарлама) қатты ластанбаған
тұрмыстық кір жууға арналған: цикл бар болғаны 30 минут жуылады, бұл уақытты және электр қуатын үнемдеуге мүмкіндік береді. Осы бағдарламаны орнату арқылы (30 градус температурада
9) кірдің ең көп дегенде 3 кг етіп жүктеп, әртүрлі маталарды (жүн мен жібекті қоспағанда) бірге
жуа аласыз. Біз бұған сұйық кір жуу құралын пайдалануды ұсынамыз.
Кір жуу құралдары және күр түрі
Page 10
Функциялар
Қажеттіліктері
Пайдалану
Бірге жұмыс
істейтін бағдарламалар
Дақтарды
кетіру
Қатты ластанған кірді тазалауға арналған ағарту
циклі
Ағартқышты 4-қосымша қондырмаға құйыңыз. (8 б. қара).
Бұл опция «жеңіл үтіктеу» функциясымен бірге
қолданылмайды.
2,3,4,5 шаю Қосымша шаю
Шаю әсерін
арттырады
Бұл функцияны машинаны толық
жүктегенде немесе жуу құралының көп көлемін салғанда пайдаланған
жөн.
1,2,3,4,5,6,7,8,9,11,1 2,13 шаю
800 400
Сығу жылдамдығын
азайтады
11 және суды төгу бағдарламасынан
басқасының бәрі
Қыртыстандыр майтын
функция
Матаның қыртыстануын азайтады, бұдан әрі үтіктелуін
жеңілтеді
Бұл функцияны таңдағанда 6,7,8,11 және күтіммен шаю бағдарламалар тоқтатылады да, кір суда қалып
қояды және сәйкес түйме жыпылықтап тұрады.
Циклді аяқтау үшін
қыртыстандырмау түймесіне қарама­қарсы түймені басыңыз
6,7,8,10,11,
күтіммен шаю
Температураны таңдау
Температураны күйге келтіру температураны реттегіш арқылы жасалады («Бағдарламалар кестесі»
6 б.қара). Емпература ең төменгіге дейін, тіпті суық суға дейін азайтылуы мүмкін.
Функциялары
Машинаның түрлі кір жуу функциялары кіріңізді қажетінше таза және ақ болуына мүмкіндік
береді. Функцияларды таңдау тәртібі:
1. төменде келтірілген кестеге сәйкес қажетті функция түймесін басыңыз;
2. тиісті түймені қосу функция іске қосылғанын білдіреді.
Ескерту: Түйме жиі жыпылықтаса, бұл функция көрсетілген бағдарлама үшін іске қосыла
алмайтынын білдіреді.
Ескертулер мен алдын алулар
Жуу құралдарын бөлгіш
Кір жуудың жақсы нәтиже беруі жуу құралдарын қосу мөлшеріне де байланысты болады: оны
артық қосу кір жууды тиімді етпейді, керісінше машинаның ішінде қақтың пайда болуын
тудыруы және қоршаған ортаны ластауы мүмкін.
Бөлгішті жылжытып шығарыңызда оның бөліктерін жуу құралдарымен жұмсартқыштармен
толтырыңыз:
Page 11
1-бөлік: алдын ала жууға арналған жуу құралы (ұнтақ) 2-бөлік: кір жууға арналған жуу құралы (ұнтақ немесе сұйықтық)
Кір жууға арналған сұйықтық құрал машинаның қосар алдында құйылады.
3-бөлік: Қоспалар (шайғыш т.б.)
Шайғышты жәшікке құйғанда «мах» деген белгісі бар ең жоғарғы деңгейден асып кетпеуін
қадағалаңыз.
Шайғыш автоматты түрде соңғы шаю кезінде барабанға құйылады. Бағдарлама аяқталған соң 3
ұйшықта су қалып қояды. Ол барабанға өте қою шайғыштарды құю үшін керек, яғни
концентрациялық шайғыштарды араластыру үшін қажет. Егер 3 ұяшықта қалыпты деңгейден артық су қалып қойса, шаюды төгу каналы бітеліп қалғанын білдіреді. Ұяшықтарды тазалауды 10 б. қара.
4 ұяшық: Ағарту циклі
Қарапайым ағартқыштар қатты маталар үшін, ал күтіммен жуатын ағартқыш түрлі-түсті,
синтетикалық және жүн маталар үшін қолданылады.
Ағартқышты 4 ұяшықтың ең жоғарғы деңгейіне дейін құймаңыз (сур. қара).
Ағартқышты 4 ұяшыққа, жуу құралы мен шайғышты сәйкес ұяшықтарына салыңыз, содан соң
Шаю немесе Дақтарды кетіру бағдарламаларының бірін таңдаңыз.
Кірді дайындау
кірді барабанға жүктемес бұрын мұқият жөндеп алыңыз. Кірді матасының түріне, түсіңне, (этикетіндегі белгісіне қара) қарай іріктеп
алыңыз, ақ кірден түрлі-түсті кірді бөліп алыңыз
Қалталарынан барлық заттарды алып тастаңыз және түймелерінің нық тұрғандығын
тексеріңіз. Құрғақ кірге арналған барабанды жүктеудің ең жоғарғы нормасынан аспаңыз: Қатты маталар: 5 кг. Синтетикалық маталар 2,5 кг. Күтіммен жуылатын маталар 2 кг Жүн 1 кг
Кірдің салмағы
1 ақжайма 400-500 г 1 жастық тыс 150-200 г 1 дастархан 400-500 г 1 банна халаты 900-1200 г 1 сүлгі 150-250 г
Жеке бұйымдарды жуу ерекшеліктері
Перделер: орап, жастық тысқа немесе тор қапшыққа салыңыз. Барабанның жартысынан асырмай,
бөлек жуыңыз. Сықпайтын, 7 бағдарламаны таңдаңыз.
Page 12
Жүн\қауырсын: үйрек немесе қаз жүнді кірлерді кір жуғыш машинада жууға болады. Оларды теріс қаратып алыңыз да салмағы 2-3 кг. аспайтындай етіп барабанға салыңыз. Күтіммен жуу режимін пайдаланып, шаюды 1-2 рет қайталаңыз.
Кенеп аяқ киімдерді алдын ала бір тазартып алып, қатты маталармен немесе джинсалармен бірге
жуыңыз, егер түстері сай келсе. Ақ заттармен бірге жумаңыз .
Жүн: Жақсы нәтижеге жету үшін 1 кг аспайтын кір салыңыз және жүн заттарды жууға арналған
арнайы сұйық құралдарды пайдаланыңыз.
! Қолмен жууға арналған кір жуу ұралдарын пайдаланбаңыз. Одан пайда болатын өте көп көлемдегі көбік кірдің сапасын нашарлатып, кір жуғыш машинаны бұзуы мүмкін.
Қызмет көрсету және күтіп ұстау ! Кір жуғыш машина халықаралық қауіпсіздік нормаларына сай жобаланып, жасалған. Осы сіздің
қауіпсіздігіңізді сақтау мақсатында жасалған, алдын алуды мұқият оқып шығыңыз.
Жалпы қауіпсіздік ережелері
Үйде пайдалану үшін. Бұл бұйым кәсіби түрде пайдалануға арналмаған, тұрмыстық электр
заты болып саналады. Оның функцияларын модификациялауға рұқсат етілмейді.
Кір жуғыш машинаны осы нұсқаулықта берілген нұсқамаларды сақтайтын, тек үлкен
адамдар ғана қолдануы тиіс.
Жұмыс істеп тұрған машинаға, қолыңыз немесе аяғыңыз су болса жақындамаңыз; жалаңаяқ
жүріп жабдықты пайдаланбаңыз.
Розеткадан вилканы ажырату үшін қосылып тұрған кабельді тартпаңыз; вилканы ұстап
тартыңыз.
Машина жұмыс істеп тұрғанда жуу құралын бөлгішті ашпаңыз. Төгіліп жатқан су ұстамаңыз, оның температурасы жоғары болуы мүмкін. Машина тоқтап қалған жағдайда, есік үш минуттан соң ғана ашылады. Осы аралықта есікті
ашпаңыз (ал жұмыс істеп тұрғанда мүлдем ашпаңыз): бұл тежеу механизміне зақым
келтіруі мүмкін.
Ақау болған кез келген жағдайда машинаны жөндеу мақсатында оның ішкі жағына
тиіспеңіз.
Балалар кір жуғыш машинаға жақындамауын қадағалаңыз. Кір жуу кезінде машинаның есігі ысып кетуі мүмкін. Егер машинаны жылжыту керек болса, оны екі немесе үш адам болып, болып
жылжытыңыздар. Машинаны жалғыз көтермеңіз – жабдық өтеу ауыр.
Кір жуғыш машинаға кірді салар алдында, барабанның бос екендігін анықтап алыңыз.
Қайта өңдеу
Орам материалын жою: орам материалдарын қайта өңдеу бойынша қолданыстағы
талаптарды сақтаңыз.
Ескі кір жуғыш машинаны қайта өңдеу: машинаны ескі-құсқы заттарға өткізер алдында
кабелін кесіп, есігін шешіп алыңыз.
Энергияны үнемдеу және қоршаған ортаны қорғау
Экологиялық технология
Жаңа Indezit технологиясымен сіз суды екі есеге аз жаратасыз, ал кір жуу нәтижесі екі есеге артық
болады! Міне сондықтан да сіз есіктен суды көре алмайсыз: өйткені су өте аз. Бұл тазалықты
қалай отырып, қоршаған ортаға деген қамқорлық. Бұған қоса сіз уақытыңызды да үнемдейсіз.
Жуу құралдарын, суды, электр қуатын және уақытты үнемдеу
Page 13
Ресурстарды үнемдеу үшін кір жуғыш машинаны барынша көп жүктеген жөн. Барабаны
екі орташа жүктелген циклдің орнына жүретін толық жүктеген жағдайда, бір кір жуу циклі
50% электр қуатын үнемдеуге мүмкіндік береді.
Алдын ала жуу циклі өте лас кірлерді жууға арналған. Алдын ала жуу циклі кезінде ұнтақ
та, уақыт та, су да және электр қуаты да 5-15% көп жұмсалады.
Егер дақтарды дақ кетіргішпен тазалап алсаңыз немесе кірді алдын ала езіп қойсаңыз, кірді
жоғары температурада жумауға көмектеседі. 60оС кір жуу бағдарламасын 90оС орнына
немесе 40
о
С-ты 60оС орнына пайдалансаңыз, электр қуатын 50% үнемдейсіз.
Судың қаттылығына, жуатын кірдің ластығына және көлеміне байланысты кір жуғыш
ұнтақты дұрыс мөлшерде салу жуу құралын дұрыс пайдаланбауды және қоршаған ортаны
ластауды болдырмайды: дегенмен кір жуу ұнтақтары биотаратушы болып саналады,
олардың құрамында экологияға кері әсер ететін зиянды заттар бар. Сонымен қатар,
мүмкіндігінше шайғыш құралды пайдаланбауға тырысыңыз.
Кір жуғыш машинаны таңертең немесе кешке пайдалану арқылы электр желісіне қысымын
азайтасыз.
Егер кір автоматты кептіргіште кептірілуі тиіс болса, сығудың жоғарғы жылдамдығын
таңдау керек. Автоматты кептіру кезінде белсенді сығу арқылы уақытты және электр
қуатын үнемдейсіз.
Ақаулар және оларды жою әдістері Суды және электр қуатын өшіру
Су құбыры кранын әрбір кір жуудан соң жауып жүріңіз. Осылайша кір жуғыш машинаның
су құбыры жүйесінің тозудан қорғауға болады және судың ағу ықтималдығын
болдырмайды.
Кір жуу алдында және қызмет көрсету алдында вилканы розеткадан шығарыңыз.
Кір жуғыш машинаны күтіп ұстау
Машинаның сыртқы және резеңке бөліктерін жұмсақ матамен, жылы сабынды сумен тазалап
отырыңыз. Ерітінді заттарды немесе түрпіні пайдаланбаңыз.
Машинаның есігін және барабанды күтіп ұстау
Кір жуып болған соң, барабанда жағымсыз иіс болмауы үшін және көгеріп кетпеу үшін
машинаның есігін әрдайым жартылай ашып қойыңыз.
Сорғышты тазалау
Кір жуғыш машинаның өз тазалайтын су төгу сорғышы болады, оны тазалап немесе ерекше күтіммен ұстау керек. Бірақ кейбір ұсақ заттар (тиындар, түймелер т.б.) сорғышқа түсіп кетуі мүмкін. Оларды алып тастау үшін сорғышта сүзгіш орналастырылған, ол панелдің алдыңғы
төмен жағында жабық тұрады.
! Кір жуу циклі аяқталғанына көз жеткізіп, жабдықты желіден ажыратыңыз.
Барабан мен машинаның артындағы заттарды алу:
1. Кір жуғыш машинаның алдыңғы панелін екі қолыңызбен тартып шешіп алыңыз (сур.
қара).
Page 14
2. Фильтрдің қақпағын сағат тіліне кері қарай бұрап ашыңыз (сур. қара). Сорғыштан аздап су
ағуы мүмкін, бұл қалыпты жағдай.
3. фильтрді ішінен жақсылап тазалап алыңыз.
4. қақпақты кері бұраңыз;
5. алдыңғы панельді орнына қойыңыз, ілмек тиісті тесігіне кіргеніне көз жеткізіңіз.
Су құятын шлангіні тексеру
Шлангіні жылына кемінде бір рет тексеріп тұрыңыз. Су аға бастаған жағдайда немесе зақымданса, шлангіні ауыстырыңыз. Машина жұмыс істеп тұрғанда су қысымында тұрған
зақымданған шлангі оқыстан жарылып кетуі мүмкін. ! Бұрын пайдаланылған шлангілерді ешқашан пайдаланбаңыз.
Жуу құралдарын бөлгішті тазалау Ашу:
Бөлгіштің алдыңғы жағындағы үлкен түймені басып, жоғары тартыңыз (1,2 сур).
Тазалау:
Бөлгішті ағып тұрған суға ескі тіс щеткасымен жуыңыз (3 сур). 1 және 2 бөлгіштің жоғары
жағындағы екі сифонды алып (4 сур), бітеліп қалмағанын тексеріп, жуып алыңыз.
Жинау: Екі сифонды арнайы бұрандаға орнатып, бөлгішті сырт етілгенше орнына қойыңыз (4,2,1 сур).
Сервистік қызмет көрсету
Кір жуу нәтижесі сізді қанағаттандырмаса немесе ақаулар пайда болса, Авторизациялық
сервис орталығына бармас бұрын осы бөлімді оқып алыңыз (24 бет. қара). Көп жағдайда туындаған проблеманы өзіңіз-ақ шешуге болады.
Page 15
Табылған ақау:
Кір жуғыш машина қосылмайды.
Кір жуу циклі қосылмайды.
Кір жуғыш машина суды
құймайды.
Кір жуғыш машина суды үздіксіз
құяды және төгеді.
Кір жуғыш машина суды төкпейді
және сықпайды.
Сығу кезінде өте қатты вибрация.
Ықтимал себептері/Жою әдістері
Вилка розеткаға қосылмаған немесе
байланыс болмайтындай нашар қосылған.
Үйде электр қуаты жоқ
Машинаның есігі нашар жабылған. түймесі қосылмаған
ІСКЕ ҚОСУ/ТОҚТАТУ (Start\Reset)
түймесі қосылмаған
Судың келу краны жабық Кешіктіріп іске қосу бағдарламасы
қосылған
Су кіру шлангісі кранға қосылмаған Шланг қысылып қалған Су келетін кран жабық Үйде су жоқ Су құбырының қысымы жеткіліксіз ІСКЕ ҚОСУ/ТОҚТАТУ (Start\Reset)
түймесі қосылмаған
Су төгетін шлангі еденнен 65 см. төмен
немесе 100 см. жоғары орналасқан (3
бет. қара).
Суды төгу шлангісінің соңы суда жатыр
(3 бет. қара)
Егер суды төгу шлангісі канализацияға жалғанса, жоғарғы этаждарға «сифон әсері»
болуы мүмкін – машина бір уақытта суды
төгеді және құяды. Мұндайды болдырмау үшін арнайы клапан (антисифон)
орнатыңыз. Таңдалған бағдарлама суды төгуді
қарастырмайды – кейбір бағдарламалар үшін
суды төгу бағдарламасын қолмен қосу керек
(6 бет қара).
«Жеңіл үтіктеу» қосымша функциясы
қосылған: бағдарламаны аяқтау үшін ІСКЕ
ҚОСУ/ТОҚТАТУ түймесін басыңыз (7 б. қара).
Суды төгу шлангісі қысылып қалған
немесе бітеліп қалған (3 бет. қара).
Канализация бітеліп қалған
Кір жуғыш машинаны орнату кезінде
барабан тежеуден дұрыс шығарылмаған (2
бет. қара).
Кір жуғыш машина түзу тұрған жоқ (2
бет қара).
Page 16
Кір жуғыш машинадан су ағады.
ҚОСУ/ӨШІРУ/сыртқы қақпақты тежеу индикаторы басқа бір (кемінде) индикатормен бір
уақытта жыпылықтайды.
Артық көпіршіктердің пайда
болуы.
Машина мен қабырға/жиһаз арасындағы
бос орын жеткіліксіз (2 бет. қара).
Су құю шлангі дұрыс қатырылмаған
(шлангінің соңғы жағындағы гайка қатты тартылмаған және төсем дұрыс
орнатылмаған) (2-бет қара).
Жуу құралдарын бөлгіш жуу
құралдарының қалдығымен бітелген
(бөлгішті тазалау туралы 10 бет. қара).
Суды төгу шлангі дұрыс қатырылмаған
(12 бет. қара).
Авторизациялық сервис орталығына
хабарласыңыз.
Автомат машиналарға арналған жуу
құралдарын пайдаланыңыз
Жуу құралы шамадан артық
қолданылған.
195089574.00
11/2010 - Xerox Fabriano
Машинаны тексерген соң машина дұрыс жұмыс істеп тұрмаса, көмек сұрап, Авторизациялық
сервис орталығына хабарласыңыз (12 бет. қара)
Авторизациялық сервис орталығына хабарласар алдында:
Ақауды өзіңіз дұрыстай алмайтыныңызға сенімді болыңыз (11 бет. қара); Машинаны жөндеу үшін бағдарламаны қайта қосыңыз; Кері жағдайда Авторизациялық сервис орталығына кепілдік құжатында көрсетілген
телефондар бойынша хабарласыңыз.
! Машина дұрыс орнатылмаған жағдайда немесе дұрыс пайдаланылмаса Сервис орталығының
маманы шақырту ақылы. ! Өндірушімен уәкілеттік берілмеген тұлғалардың көмегін пайдаланбаңыз.
Авторизациялық сервис орталығына хабарласқанда:
ақау түрін; кепілдік құжатының нөмірін (сервистік кітапша, сервистік сертификат т.б.) кір жуғыш машинаның артқы панелінде орналасқан ақпараттық кестеде көрсетілген
машина моделін (мод.) және сериялық нөмірін (S/N) айтыңыз
Loading...