Electrolux EWT 51274 AW User Manual [ru]

EWT 51274 AW
КІР ЖУҒЫШ МАШИНА
KK
СТИРАЛЬНАЯ МАШИНА
RU
ПРАЛЬНА МАШИНА
UK
ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ НҰСҚАУЛАРЫ 2 ИНСТРУКЦИЯ ПО ЭКСПЛУАТАЦИИ 26 ІНСТРУКЦІЯ 51
www.electrolux.com2

МАЗМҰНЫ

СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар бойы жинақталған кәсіби тәжірибе мен инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық бұл құрылғыны жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын тамаша нәтижеге қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз. Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Қолдануға қатысты кеңестер, кітапшалар, ақаулықты түзету, қызмет көрсету туралы ақпарат:
www.electrolux.com
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.registerelectrolux.com
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:
www.electrolux.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз. Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын болуын қамтамасыз етіңіз. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі. Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.
Ескерту / Қауіп-қатерден сақтандыру ақпараты Жалпы ақпарат және ақыл-кеңес Қоршаған ортаға қатысты ақпарат
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.

1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау нәтижесінде адам жарақат алса және ақаулық орын алса өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықты келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап қойыңыз.

1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың қауіпсіздігі

Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен
денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым келген адамдар не тәжірибесі аз адамдар өз қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін адамның қадағалауы немесе құрылғыны қауіпсіз қолдану бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс қолданбау салдарын түсінсе қолдануына болады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Орам материалдарының барлығын балалардан
алыс ұстаңыз.
Жуғыш заттардың барлығын балалардан алыс
ұстаңыз.
Құрылғының есігі ашық тұрғанда, балалар мен үй
жануарларын алыс ұстаңыз.
Балалар тазалау және күтім көрсету жұмыстарын
басқаның бақылауынсыз орындамауға тиіс.
ҚАЗАҚ 3

1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат

Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын
өзгертпеңіз.
Ең көп салмақ 7 кг көрсетілімін орындаңыз
("Бағдарлама кестесі" тарауын қараңыз).
Судың жұмыс кезіндегі қысымы (ең аз және ең көп)
0,5 бар (0,05 МПа) және 8 бар (0,8 МПа) арасында болуға тиіс.
Табанындағы желдеткіш саңылауларға (егер бар
болса) кілем кедергі жасамауға тиіс.
www.electrolux.com4
Құрылғыны жаңа түтіктер жинағын пайдаланып, су
жүйесіне қосу керек. Ескі түтіктерді қайта пайдалануға болмайды.
Егер қуат cымына зақым келсе, қатерден сақтану
үшін оны өндіруші немесе уәкілетті қызмет көрсету орталығы немесе сол сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.
Құрылғыны жөндеу алдында электр желісінен
ағытып, ашасын розеткадан суырыңыз.
Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және буды
қолданбаңыз.
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш заттарды қолданыңыз. Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкені, еріткіштерді немесе темір заттарды пайдаланбаңыз.

2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ

2.1 Орнату

• Орам материалдарының және тасымал тетіктерінің барлығын алыңыз.
• Тасымал тетіктерін сақтап қойыңыз. Құрылғыны қайта көшірген кезде, барабанды бұғаттап қою керек.
• Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі абай болыңыз, себебі салмағы ауыр. Әрқашан қорғаныс қолғабын киіңіз.
• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе іске қоспаңыз.
• Құрылғымен бірге берілген орнату бойынша нұсқауларды орындаңыз.
• Құрылғыны температурасы 0 °C градустан төмен немесе ауа-райы әсер ететін жерлерге орнатпаңыз немесе пайдаланбаңыз.
• Құрылғы орнатылатын еденнің тегіс, орнықты, қызуға төзімді және таза болуын қамтамасыз етіңіз.
• Құрылғыны есігі толық ашылмайтын жерге орнатпаңыз.
• Құрылғы мен еден арасында ауаның айналуын қамтамасыз етіңіз.
• Құрылғы мен кілемнің арасында тиісті орын болуын қамтамасыз ету үшін өзгермелі тіректерін реттеңіз.

2.2 Электртоғына қосу

• Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау қажет.
• Әрқашан дұрыс орнатылған, қатерден сақтандырылған розетканы қолданыңыз.
• Техникалық ақпарат тақтайшасындағы электр параметрлерінің электр желісіндегі параметрлерге сай келетініне көз жеткізіңіз. Сай келмесе электршіге хабарласыңыз.
• Көп тармақты адаптерлер мен ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
• Құрылғының ашасына және сымына зақым келтірмеңіз. Қорек сымын ауыстыру қажет болса, оны міндетті түрде қызмет көрсету орталығы жүзеге асыруға тиіс.
• Құрылғының ашасын розеткаға тек құрылғыны орнатып болғаннан кейін ғана жалғаңыз. Орнатып болғаннан кейін ашаның қол
жететін жерде тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Қорек сымын немесе ашасын су қолмен ұстамаңыз.
• Құрылғыны тоқтан ажырату үшін сымынан тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып суырыңыз.
• ҰБ мен Ирландияға ғана арналған: Құрылғының 13 амперлік қуат ашасы бар. Егер қуат ашасының сақтандырғышын ауыстыру қажет болса 13 амперлік ASTA (BS 1362) сақтандырғышын пайдаланыңыз.
• Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне сай келеді.

2.3 Суға қосу

• Су қосылымы түтіктеріне ешбір зақым келтірмеңіз.
• Құрылғыны жаңа құбырларға немесе ұзақ уақыт қолданылмаған құбырларға жалғамай тұрып, суын тазарғанша ағызыңыз.
• Құрылғыны алғаш рет қолданған кезде еш жерінен су ақпай тұрғанына көз жеткізіңіз.

2.4 Пайдалану

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Жарақат алу, электр қатері, күйіп қалу және өрт қаупі, құрылғыны бүлдіріп алу қаупі бар.
ҚАЗАҚ 5
• Бұл құрылғыны үйде ғана пайдаланыңыз.
• Жуғыш заттың орамында көрсетілетін нұсқауларды орындаңыз.
• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш зат салынған дымқыл заттарды құрылғының ішіне, қасына немесе үстіне қоймаңыз.
• Кірдегі темір заттардың барлығының алынғанына көз жеткізіңіз.
• Құрылғының астына ағып кетуі мүмкін суды құю үшін сауыт қоймаңыз. Қолданылатын керек­жарақтың түрін уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласып біліңіз.

2.5 Құрылғыны тастау

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Жарақат алу немесе тұншығып қалу қаупі бар.
• Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.
• Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа тастаңыз.
• Балалар мен жануарлар құрылғыға қамалып қалмас үшін есіктің бекітпесін алыңыз.
2
3
1
4
5
6
1 2 3 4
910
7
6
8
5
www.electrolux.com6
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ

3.1 Құрылғының жалпы көрінісі

4. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ

4.1 Басқару панелінің сипаттамасы

Басқару панелі
1
Қақпақ
2
Қақпақтың тұтқасы
3
Су төгетін сорғының сүзгісі
4
Құрылғы деңгейін реттеуге
5
арналған тірек Техникалық ақпарат тақтайшасы
6
Бағдарлама түймешесі
1
Айналдыруды азайтатын
2
сенсорлық перне
3
Температура сенсорлық пернесі Бейнебет
4
Алдын ала жуу сенсорлық пенесі
5
Кешіктіріп бастау сенсорлық
A B
E D
C
6
пернесі Қосымша шаю сенсорлық пернесі
7
Жеңіл үтіктеу сенсорлық пернесі
8

4.2 Бейнебет

ҚАЗАҚ 7
Бастау/Үзіліс сенсорлық пернесі
9
Таймердің сенсорлық түймешігі
10
A) Уақыт аумағы:
• Бағдарлама уақыты.
• Ескерту кодтары. Кодтардың сипаттамаларын "Ақаулықты түзету" тарауынан қараңыз.
• Таймердің деңгейі.
B) Кешіктіріп бастау индикаторы. C) Бала қауіпсіздігі құлпының
индикаторы.
D) Қақпақ құлпының индикаторы:
• Қосылып тұр, сондықтан қақпақты аша алмайсыз.
• Сөніп тұр, қақпақты ашуға болады.
• Жыпылықтап тұр, қақпақты аша алмайсыз. Индикатор сөнгенше бірнеше минут күтіңіз.
E) Жуу циклінің индикаторлары.
: жуу циклы
: шаю циклы
: айналдыру циклы

5. БАҒДАРЛАМА КЕСТЕСІ

Бағдарлама Температура ауқымы
Мақта мата
90°C- Суық
Мақта
мата, үнемді 60° - 40° C
Ең үлкен салмақ Ең үлкен айналдыру жылдамдығ ы
7 кг 1200 мин/айн
7 кг 1200 мин/айн
1)
Бағдарлама сипаттамасы Ең үлкен айналдыру жылдамдығы
Ақ және түрлі-түсті мақта мата. Қалыпты
және шамалы ластанған кір.
Ақ мақта мата және бояуы қанық мақта мата. Қалыпты кірлеген. Қуатты пайдалану
азаяды және жуу бағдарламасының уақыты ұзарады.
www.electrolux.com8
Бағдарлама Температура ауқымы
Синтетика
60°- Суық
Нәзік мата
40°- Суық
Жүн мата/ Қолмен жуу 40°- Суық
Жібек
30°
Көрпе
60° - 30°C
Шаю
Суық
Су төгу
Айналдыру
Джинсы
60°- Суық
Перделер
40°- Суық
Спорт. киімдер 30°
Ең үлкен салмақ
Бағдарлама сипаттамасы
Ең үлкен айналдыру жылдамдығы Ең үлкен айналдыру жылдамдығ ы
3 кг 1200 мин/айн
3 кг 1200 мин/айн
1 кг 1200 мин/айн
Синтетика немесе аралас матадан
жасалған заттар. Қалыпты кірлеген.
Акрил, вискоза, полиэстер тәрізді биязы
матадан жасалған заттар. Қалыпты кірлеген.
«Қолмен жуу» белгісі бар нәзік маталар,
машинамен жууға болатын жүн маталар
және қолмен жууға болатын жүн маталар.
1 кг 800 мин/айн
2 кг 800 мин/айн
Жібек және аралас синтетикалық заттарға
арналған арнайы бағдарлама.
Бір синтетикалық төсек жапқыш, көрпе,
төсек жабдығы т.с.с. заттарды жууға
арналған арнайы бағдарлама.
7 кг 1200 мин/айн
Кірді шаюға және айналдыруға арналған.
Барлық маталар.
7 кг Барабандағы суды төгуге арналған. Барлық
маталар.
7 кг 1200 мин/айн
3 кг 1200 мин/айн
3 кг 800 мин/айн
2.5 кг 800 мин/айн
Кірді айналдыруға және барабандағы суды
төгуге арналған. Барлық маталар.
Джинс және джерсиден жасалған заттар.
Баран түсті заттарға да арналған.
Перделерге арналған арнайы бағдарлама.
Алдын ала жуу циклы автоматты түрде іске
қосылады.
3)
Синтетика және нәзік заттар. Шамалы
кірлеген немесе жаңартуды ғана қажет ететін
заттар.
2)
ҚАЗАҚ 9
Бағдарлама Температура ауқымы
Ең үлкен салмақ Ең үлкен
Бағдарлама сипаттамасы Ең үлкен айналдыру жылдамдығы
айналдыру жылдамдығ ы
Жейделер
30°
1)
Қуат жапсырмасында көрсетілген мәндерге сай келетін стандартты
бағдарламалар. 1061/2010 стандарты бойынша бұл бағдарламалар «Стандартты
60°C мақта мата бағдарламасы» мен «Стандартты 40°C мақта мата бағдарламасына» сай келетін бағдарлама болып табылады. Бұлар қалыпты кірлеген мақта мата заттарды жуу үшін қуат пен суды бірге пайдалану жағынан ең тиімді бағдарламалар болып табылады.
Жуу циклы суының температурасы таңдалған бағдарламаға арнап көрсеткен температурадан өзгеше болуы мүмкін.
2)
Осы цикл кезінде кірді баппен жуу үшін барабан баяу айналады. Барабан айналмай тұрған сияқты немесе дұрыс айналмай тұрған сияқты көрінуі мүмкін. Бұл құрылғы үшін қалыпты жағдай.
3)
Сумен ғана шайған кезде алдын ала жуу циклына ешбір жуғыш зат салмаңыз.
1.5 кг 800 мин/айн
Синтетика және аралас матадан жасалған заттар. Шамалы кірлеген және жаңартуды
қажет ететін заттар. 5 - 6 жейде.
Бағдарлама параметрлерінің сыйысымдылығы
Бағдарлама
www.electrolux.com10
Бағдарлама

5.1 Woolmark сертификаты

Осы машинаның жүн матаны жуу циклы, машинада жууға болатын

6. ПАЙДАЛАНУ КӨЛЕМІ

Осы кестеде жалпылама орташа мәндер көрсетілген. Әр түрлі себептер деректердің өзгеруіне әкелуі мүмкін: кірдің мөлшері мен түрі, судың және қоршаған ортаның температурасы.
Бағдарлама басталған кезде бейнебетте кірдің ең көп мөлшеріне арналған бағдарламаның ұзақтығы көрсетіледі. Жуу циклы кезінде бағдарламаның уақыты автоматты түрде есептеледі, егер кірдің мөлшері ең көп кірдің мөлшерінен аз болса барынша азая түсуі мүмкін (мысалы, Мақта мата 60°C, кірдің ең көп мөлшері 7 кг, бағдарламаның уақыты 2 сағаттан асады; салынған кірдің нақты салмағы 1 кг болса, бағдарламаның уақыты 1 сағатқа жетпейді). Құрылғы бағдарламаның нақты уақытын есептеп тұрғанда бейнебетте нүкте жыпылықтайды.
Woolmark жүн маталарын затбелгісіндегі нұсқауларына және кір жуғыш машина өндірушісінің нұсқауларына сай жуған жағдайда, The Woolmark Company компаниясы тарапынан сертификатталған. M1027
Ұлыбританияда, Ирландияда, Гонконг пен Индияда Woolmark белгісі ­сертификатталған сауда белгісі болып табылады.
Бағдарламалар Салмақ
(кг)
Мақта мата 60 °C 7 1,16 58 197 53
Мақта мата 40 °C 7 0,61 56 192 53
Синтетика 40 °C 3 0,45 46 105 35
Нәзік мата 40 °C 3 0,55 46 90 35
Жүн мата/Қолмен жуу 30 °C
Қуат тұтыну (кВт/сағ)
1 0,35 50 65 30
Суды пайдалану (литр)
Бағдарла маның болжалды ұзақтығы (минут)
Ылғалдың қалдығы
1)
(%)
ҚАЗАҚ 11
Бағдарламалар Салмақ
Стандартты мақта мата бағдарламалары
Стандартты 60 °C мақта мата
Стандартты 60 °C мақта мата
Стандартты 40 °C мақта мата
1)
Айналдыру циклының соңында.
Сөндіру режимі (Вт) Қосулы режим (Вт)
Жоғарыда көрсетілген кестедегі ақпарат 2009/125/EО нұсқауын жүзеге асыру үшін ЕО Комиссиясының 1015/2010 ережесіне сай берілген.

7. ФУНКЦИЯЛАР

7.1 Temp.

Әдепкі температураны өзгерту үшін осы параметрді орнатыңыз.
индикаторы = суық су.
Орнатылған температураның индикаторы жанады.

7.2 Айналдыру

Осы функцияның көмегімен әдепкі айналдыру жылдамдығын өзгертуге болады.
Орнатылған жылдамдықтың индикаторы жанады.
Қосымша айналдыру параметрлері: Шаюды кідірту
• Кірлер мыжылып қалмас үшін осы
параметрді орнатыңыз.
• Тиісті индикатор жанады.
• Бағдарлама аяқталған кезде
барабан ішінде су қалады.
• Кір мыжылып қалмас үшін барабан
мезгіл-мезгіл айналып тұрады.
(кг)
0,48 0,48
Қуат тұтыну (кВт/сағ)
7 1,08 48 259 53
3.5 0,70 40 179 53
3.5 0,65 40 179 53
Суды пайдалану (литр)
• Қақпақ құлыпталып тұрады. Қақпақтың бекітпесін ашу үшін суды төгу керек.
Түнгі цикл
• Бұл параметрді барлық айналдыру циклдарын ажыратып, кірді шуылсыз режим бойынша жуу үшін орнатыңыз.
• Кей жуу бағдарламаларында шаю циклы көп су пайдаланады.
• Тиісті индикатор жанады.
• Жуу бағдарламасы аяқталғанда барабан ішінде су тұрады. Кір мыжылып қалмас үшін барабан мезгіл-мезгіл айналып тұрады.
• Қақпақ құлыпталып тұрады. Қақпақтың бекітпесін ашу үшін суды төгу керек.
Бағдарла маның болжалды ұзақтығы (минут)
Суды төгу үшін "Бағдарламаның соңы" тарауын қараңыз.
Суды төгу үшін "Бағдарламаның соңы" тарауын қараңыз.
Ылғалдың қалдығы
1)
(%)
www.electrolux.com12

7.3 Prewash

Осы параметрдің көмегімен жуу бағдарламасына алдын ала жуу циклын қосуға болады.
Осы параметрді қатты кірлеген кірді жуу үшін пайдаланыңыз.
Осы параметрді орнатқан кезде бағдарламаның уақыты ұзарады.
Тиісті индикатор жанады.

7.4 Delay Start

Осы параметрдің көмегімен бағдарламаны 30 минуттан 20 сағатқа дейін кешіктіріп бастауға болады.
Бейнебетте тиісті индикатор пайда болады.

7.5 Extra Rinse

Осы параметрдің көмегімен жуу бағдарламасына бірнеше шаю циклын қосуға болады.
Бұл функцияны жуғыш заттарға аллергиясы бар адамдар үшін және суы тым тұщы жерлерде қолданыңыз.
Тиісті индикатор жанады.

7.6 Easy Iron

Құрылғы кір мыжылып қалмас үшін абайлап жуады және айналдырады.
Құрылғы айналдыру жылдамдығын азайтады, суды көбірек пайдаланады және бағдарламаның уақытын кірдің түріне лайықтап қолданады.
Тиісті индикатор жанады.

7.7 Таймер

Жуу бағдарламасын орнатқан кезде бейнебетте әдепкі уақыт көрсетіледі.
Бағдарламаның уақытын азайту немесе көбейту үшін немесе
түймешігін басыңыз. Таймер функциясы кестеде
көрсетілген бағдарламаларда ғана жұмыс істейді.
индика тор
2)
3)
1)
Қол жетімді болса.
2)
Ең қысқа: кірді жаңартуға арналған.
3)
Ең ұзақ: Бағдарламаның ұзақтығын баяу көбейткен кезде пайдаланылатын қуат мөлшері азаяды. Оңтайландырылған қыздыру циклы пайдаланылатын қуат мөлшерін азайтады және ұзақ бағдарламаны қолданғанда, жуу нәтижесі өзгермейді (қалыпты кірлеген кірлер).
4)
Барлық бағдарламаның әдепкі ұзақтығы.
■4)■4)■4)■4)■4)■
1)
1)
4)

8. ПАРАМЕТРЛЕР

8.1 Бала қауіпсіздігінің құралы

Осы функцияның көмегімен балалар басқару панелімен ойнауға жол бермейсіз.
• Осы функцияны іске қосу/ажырату
үшін
сөнгенше қатар басыңыз.
Мына параметрді қосуға болады:
және түймешіктерін
индикаторы жанғанша/
түймешігін басқаннан кейін:
функциялар мен бағдарлама тетігі бұғатталады.
түймешігін баспай тұрып:
құрылғы іске қосылмайды.

8.2 Тұрақты қосымша шаю

Осы функцияның көмегімен жаңа бағдарлама орнатқан кезде қосымша шаю циклі тұрақты орнатылып тұрады.
• Осы функцияны іске қосу/ажырату
A
үшін және түймешіктерін
индикаторы жанғанша/сөнгенше қатар басыңыз.

8.3 Дыбыстық сигналдар

Дыбыстық сигналдар мына жағдайларда қосылады:
• Бағдарлама аяқталғанда.

9. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН

ҚАЗАҚ 13
• Құрылғыда ақау бар кезде. Дыбыстық сигналдарды сөндіру/қосу
үшін және түймешіктерін 6 секунд қатар басыңыз.
Егер дыбыстық сигналдарды сөндірсеңіз, олар құрылғыда ақау пайда болған кезде қосыла береді.
1. Жуу циклына арналған бөлікке
шамалы жуғыш зат салыңыз.
2. Мақта матаға арналған
бағдарламаны орнатып, ең жоғары температураға қойып ешбір кір салмай жуыңыз.

10. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

10.1 Кірді салу

1. Құрылғының қақпағын ашыңыз.
2. A түймешігін басыңыз.
Барабан автоматты түрде ашылады.
3. Кірді барабанға бір-бірден
салыңыз.
4. Кірлерді құрылғыға салар алдында
сілкілеңіз. Барабанға тым көп кір салынбағанына көз жеткізіңіз.
5. Барабан мен қақпақты жабыңыз.
Бұл цикл барабан мен машинаның ішінде бар болуы мүмкін кірлердің барлығын кетіреді.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ!
Құрылғының есігін жабар алдында, барабанның дұрыс жабылғанына көз жеткізіңіз.

10.2 Жуғыш зат пен үстемелерді пайдалану

Жуғыш зат пен мата жұмсартқышты өлшеп алыңыз.
M
CLICK
A
CLICK
B
www.electrolux.com14

10.3 Жуғыш зат салынатын бөліктер

Алдын ала жуу циклына арналған жуғыш зат бөлігі. MAX белгісі жуғыш заттың (ұнтақ немесе сұйық) ең көп мөлшерін көрсетеді.
Жуу циклына арналған жуғыш зат бөлігі. MAX белгісі жуғыш заттың (ұнтақ немесе сұйық) ең көп мөлшерін көрсетеді.
Сұйық үстемелерге арналған бөлік (мата жұмсартқыш, крахмал).
таңбасы құйылатын сұйық үстемелердің ең жоғары деңгейін
көрсетеді.
Ұнтақ немесе сұйық жуғыш затқа арналған бөлгіш.

10.4 Сұйық немесе ұнтақ жуғыш зат

1.
3.
A қалпы ұнтақ жуғыш затқа арналған (зауыттық бапталым).
B - сұйық жуғыш затқа арналған.
Сұйық жуғыш затты пайдаланған кезде:
• Қоймалжың немесе қою сұйық жуғыш заттарды қолданбаңыз.
• Сұйық жуғыш затты ең жоғары деңгейден асырып салмаңыз.
2.
4.
ҚАЗАҚ 15

10.5 Бағдарламаны орнату

1. Бағдарлама тетігін бұрап, жуу
бағдарламасын орнатыңыз:
индикаторы жыпылықтайды.
• Дисплейде Уақыт басқарушысының деңгейі, бағдарламаның уақыты және бағдарлама циклдарының индикаторлары көрінеді.
2. Қажет болса, температура мен
айналдыру жылдамдығын өзгертіңіз немесе қолжетімді параметрлерді қосыңыз. Параметрді қосқан кезде орнатылған параметрдің индикаторы жанады.
Егер қате орнатып қойсаңыз, бейнебетте
көрсетіледі.

10.6 Кешіктіріп бастау функциясы жоқ бағдарламаны бастау

түймешігін басыңыз.
индикаторы жыпылықтауын тоқтатып, жанған қалпы тұрады.
• Бейнебетте жыпылықтай бастайды.
• Бағдарлама басталады да, қақпақ құлыпталып, дисплейде
индикаторы көрсетіледі.
• Құрылғыға су құйылған кезде су төгетін сорғы шамалы уақыт жұмыс істейді.
Бағдарлама басталғаннан кейін шамамен 15 минуттан кейін:
• Құрылғы бағдарламаның ұзақтығын автоматты түрде кірдің ластану деңгейіне сай келтіріп реттейді.
• Бейнебетте жаңа мән көрсетіледі.
индикаторы

10.7 Кешіктіріп бастау функциясы бар бағдарламаны бастау

1. түймешігін бейнебетте
орнатқыңыз келген кешіктіріп бастау уақыты көрсетілгенше қайта-қайта басыңыз.
Бейнебетте тиісті индикатор жанады.
2. түймешігін басыңыз:
• Құрылғы кері санай бастайды.
• Кері санақ аяқталған кезде, бағдарлама автоматты түрде басталады.
Орнатылған кері санақ мәнін түймешігін
баспай тұрып болдырмауға немесе өзгертуге болады. Кешіктіріп бастау функциясын болдырмау үшін:
• Құрылғыны кідірту үшін түймешігін
басыңыз.
түймешігін дисплейде
болғанша басыңыз.
• Бағдарламаны дереу бастау үшін
түймешігін қайта
басыңыз.
' пайда
10.8 Бағдарламаны кідірту
және параметрлерді өзгерту
Кей функцияларды ғана басталмай тұрып өзгертуге болады.
1. түймешігін басыңыз. Индикатор жыпылықтайды.
2. Функцияларды өзгертіңіз.
3. түймешігін қайта басыңыз.
Бағдарлама жалғасады.

10.9 Бағдарламаны болдырмау

1. Бағдарламаны біржола тоқтату
және құрылғыны сөндіру үшін бағдарлама тетігін
қойыңыз.
қалпына
www.electrolux.com16
2. Құрылғыны іске қосу үшін
бағдарлама тетігін қайта бұраңыз. Енді жаңа жуу бағдарламасын орнатуға болады.
Құрылғы жаңа бағдарламаны бастар алдында суды төгеді. Жуғыш зат үлестіргіште әлі жуғыш заттың бар екеніне көз жеткізіңіз, егер жоқ болса, жуғыш заттан салыңыз.

10.10 Қақпақты ашу

Бағдарлама немесе кешіктіріп бастау жұмыс істеп тұрғанда, құрылғының қақпағы бекітулі тұрады. Бейнебетте
индикаторы пайда болады.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ!
Егер барабанның ішіндегі судың температурасы мен деңгейі өте жоғары болса, қақпақты аша алмайсыз.
Кешіктіріп бастау жұмыс істеп тұрғанда қақпақты ашу:
1. Құрылғыны кідірту үшін
түймешігін басыңыз.
2. Қақпақ бұғаттаулы индикаторы
сөнгенше күтіңіз.
3. Қақпақты ашуға болады.
4. Қақпақты жауып,
қайта басыңыз. Кешіктіріп бастау функциясы жалғасады.
Бағдарлама жұмыс істеп тұрғанда қақпақты ашу:
1. Құрылғыны сөндіру үшін
бағдарлама тетігін қалпына бұраңыз.
2. Бірнеше минут күте тұрыңыз да,
содан кейін құрылғының қақпағын ашыңыз.
3. Қақпақты жауып, бағдарламаны
қайта орнатыңыз.

10.11 Бағдарламаның соңы

• Құрылғы автоматты түрде тоқтайды.
түймешігін
• Дыбыстық сигналдар естіледі (егер қосулы тұрса).
• Бейнебетте жанады.
индикаторы сөнеді.
• Қақпақ құлпының индикаторы сөнеді.
• Қақпақты ашуға болады.
• Құрылғыдан кірді алыңыз. Барабанның бос екеніне көз жеткізіңіз.
• Судың шүмегін жабыңыз.
• Құрылғыны сөндіру үшін бағдарлама тетігін
қойыңыз.
• Зең және иіс пайда болмас үшін қақпақты сәл ашып қойыңыз.
Жуу бағдарламасы аяқталды, бірақ барабанда су тұр:
• Кір мыжылып қалмас үшін барабан мезгіл-мезгіл айналып тұрады.
• Қақпақ бұғаттаулы индикаторы жанып тұр. индикаторы
жыпылықтайды. Қақпақ құлыпталып тұрады.
• Қақпақты ашу үшін суды төгу керек.
Суды төгу үшін:
1. Қажет болса, айналдыру
жылдамдығын азайтыңыз. Егер параметрін орнатсаңыз, құрылғы тек суды ғана төгеді.
2. түймешігін басыңыз. Құрылғы
суды төгеді де, айналдыру кезеңін орындайды.
3. Бағдарлама аяқталып, қақпақ
бұғаттаулы индикаторы көрінбей кеткенде қақпақты ашуға болады.
4. Құрылғыны сөндіру үшін
бағдарлама тетігін қойыңыз.
Құрылғы шамамен 18 сағаттан кейін суды автоматты түрде төгеді және айналдырады (Жүн мата бағдарламаларынан басқа бағдарламаларда).
қалпына
қалпына

10.12 Күту режимі

Жуу бағдарламасы аяқталғаннан кейін бірнеше минуттан кейін құрылғыны сөндірмесеңіз, қуатты үнемдеу режимі қосылады.
Қуатты үнемдеу режимі құрылғы күту режимінде тұрған кезде пайдаланылатын қуат мөлшерін азайтуға көмектеседі.

11. АҚЫЛ-КЕҢЕС

ҚАЗАҚ 17
• Барлық индикаторлар мен бейнебет сөнеді.
индикаторы баяу жыпылықтайды
• Қуатты үнемдеу режимін ажырату үшін параметрлердің бірін басыңыз.

11.1 Кір салу

• Кірді былай сұрыптаңыз: ақ, түрлі­түсті, синтетика, нәзік және жүн мата.
• Кірдің затбелгісіндегі жуу нұсқауларын орындаңыз.
• Ақ және түрлі-түсті заттарды бірге жумаңыз.
• Кейбір түрлі-түсті заттарды алғаш жуғанда бояуы шығуы мүмкін. Оларды алғаш жуғанда бөлек жууға кеңес береміз.
• Жастық қаптарының түймесін салып, тартпаларды тартып жауып, ілгектер мен батырма түймешіктерді салыңыз. Белбеулерді байлаңыз.
• Қалталарды босатып, оралған заттарды ашыңыз.
• Көп қабатты матадан жасалған, жүн матадан жасалған немесе сурет салынған киімдердің астарын сыртына аударыңыз.
• Қатты дақтарды кетіріңіз.
• Өте кір дақтарды арнайы жуғыш затпен жуыңыз.
• Перделерді абайлап жуыңыз. Ілгектерін алыңыз немесе перделерді кір жуатын торға немесе жастықтың тысына салыңыз.
• Шашақтары бар немесе кесілген жерлері бар заттарды құрылғыда жумаңыз. Кішкене заттарды жуу үшін (мысалы, сым өткізілген төс тартқыш, белдіктер, колготкилер, т.с.с.) кір жууға арналған торды пайдаланыңыз.
• Кір өте аз салынса, айналдыру циклі кезінде теңгерімді сақтауға қатысты мәселе орын алуы мүмкін. Бұндай жағдай орын алса,
барабандағы кірді қолмен таратып, қайта айналдыра бастаңыз.

11.2 Оңай кетпейтін дақтар

Кейбір дақтарды кетіру үшін су мен жуғыш зат жеткіліксіз болады.
Бұндай дақтарды кірді құрылғыға салмай тұрып тазалауды ұсынамыз.
Дақ кетіретін арнайы құралдар болады. Дақ пен матаның түріне сай келетін арнайы дақ кетіргішті қолданыңыз.

11.3 Жуғыш заттар мен үстемелер

• Кір жуғыш машиналарға арналған жуғыш заттар мен үстемелерді ғана қолданыңыз:
– матаның барлық түрлеріне
арналған ұнтақ жуғыштар,
– нәзік мата (ең көбі 40 °C) мен
жүн тоқымаларға арналған ұнтақ жуғыштар,
– матаның барлық түрлеріне не
тек жүн матаға арналған, төмен температурада жуатын бағдарламаларға (ең көбі 60 °C) арналған сұйық жуғыш заттар.
• Әр түрлі жуғыш заттарды араластырмаңыз.
• Қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін жуғыш затты қажетті мөлшерден артық пайдаланбаңыз.
• Осы заттардың орамында көрсетілетін нұсқауларды орындаңыз.
• Матаның түріне және түсіне, бағдарламаның температурасы мен
www.electrolux.com18
кірдің деңгейіне сай келетін құралдарды қолданыңыз.
• Егер құрылғының жуғыш зат үлестіргішінде мөлшерлегіш құрал (жуғыш зат өндірушісі қамтамасыз етеді) болмаса, мөлшерлегіш шарикті қолданыңыз.
11.4 Қоршаған ортаға
қатысты ескерім
• Қалыпты кірлеген кірді алдын ала жуу циклі жоқ бағдарламаны қолданып жуыңыз.
• Жуу бағдарламасын кірді әрқашан неғұрлым көп салғаннан кейін бастаңыз.
• Төмен температурада жуатын бағдарламаны таңдаған кезде, қажет болса дақ кетіргішті қолданыңыз.

12. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ

• Жуғыш затты дұрыс мөлшерде қолдану үшін, жергілікті су жүйесіндегі судың кермектігін тексеріңіз

11.5 Су кермектігі

Сіз тұратын жердегі су өте кермек немесе орташа кермек болса, кір жуғыш машинада су жұмсартқышты қолдануды ұсынамыз. Суы тұщы жерлерде су жұмсартқышты қолдану қажет емес.
Жергілікті жердегі судың кермектігін білу үшін су жүйесін басқару мекемесіне хабарласыңыз.
Су жұмсартқышты дұрыс мөлшерлеп пайдаланыңыз. Бұйымның орамында көрсетілетін нұсқауларды орындаңыз.
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

12.1 Сыртын тазалау

Құрылғыны сабын мен жылы суды ғана қолданып тазалаңыз. Барлық беттерін әбден құрғатыңыз.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ!
Спирт, еріткіш немесе химиялық заттарды қолданбаңыз.

12.2 Қақты тазалау

Сіз тұратын жердегі су өте кермек немесе орташа кермек болса, кір жуғыш машинада су жұмсартқышты қолдануды ұсынамыз.
Барабанның ішін мезгіл-мезгіл тексеріп, әк және тот бөлшектерінің жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
Тот бөлшектерін тазалау үшін кір жуғыш машиналарға арналған арнайы құралдарды ғана пайдаланыңыз. Бұны кір жумай тұрғанда орындаңыз.
Бұйымның орамында көрсетілетін нұсқауларды әрқашан орындаңыз.

12.3 Тазалап жуу

Төмен температура бағдарламаларын қолданғанда барабанда шамалы жуғыш зат қалып қоюы мүмкін. Құрылғыға күтім көрсету үшін уақытылы жуыңыз. Ол үшін:
• Барабаннан кірді алыңыз.
• Мақта мата жууға арналған бағдарламаны, шамалы жуғыш зат салып ең жоғары температураға қойып орнатыңыз.

12.4 Жуғыш зат үлестіргішін тазалау

1. 2.
3.
ҚАЗАҚ 19

12.5 Су төгетін түтіктегі сүзгіні тазалау

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Құрылғыдағы су ыстық болса су төгу жүйесіндегі сүзгіні тазаламаңыз.
1. 2.
1
2
3
www.electrolux.com20
3. 4.
5.

12.6 Су құятын түтіктің және клапанның сүзгісін тазалау

1.
2.
3. 4.
90˚
ҚАЗАҚ 21
12.7 Суды тосын жағдайда
төгу
Ақаулыққа байланысты құрылғы суды төге алмайды.
Бұндай жағдай орын алса, 'Су төгетін сүзгіні тазалау' тарауындағы (1) бастап (5) дейінгі қадамдарды орындаңыз. Қажет болса, сорғыны тазалаңыз.

12.8 Мұздап кетуден сақтау

Құрылғы температурасы 0° градустан төмен түсетін жерге орнатылса, су құятын түтіктегі және су төгетін сорғыдағы қалдық суды төгіңіз.
1. Ашаны розеткадан суырып
алыңыз.
2. Судың шүмегін жабыңыз.

13. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

13.1 Кіріспе

Құрылғы жұмыс істей бастамайды немесе жұмыс істеп тұрып тоқтап қалады.
Алдымен ақаулықты түзету жолын іздеңіз (кестеге қараңыз). Әйтпесе қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Кейбір ақаулықтарда дыбыстық сигналдар қосылады және
3. Су құятын түтіктің екі ұшын ыдысқа
салып, түтіктегі суды ағызыңыз.
4. Су төгетін сорғыны босатыңыз.
Суды төтнше жағдайда төгу қадамдарын қараңыз.
5. Су төгетін сорғы босаған кезде, су
құятын түтікті қайта орнына қойыңыз.
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Құрылғыны қайта іске қолданар алдында температураның 0 °C градустан жоғары екеніне көз жеткізіңіз. Төмен температураға байланысты орын алған ақауларға өндіруші жауапкершілік көтермейді.
бейнебетте ескерту коды пайда болады:
- Құрылғыға су дұрыс құйылмай тұр.
- Құрылғының суы төгілмей тұр.
- Электр желісі тұрақты емес.
- Құрылғының есігі ашық немесе дұрыс жабылмаған. Есікті тексеріңіз!
Электр желісі тұрақтанғанша күтіңіз.
www.electrolux.com22
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Тексеріп көру алдында құрылғыны тоқтан ажыратыңыз.

13.2 Ықтимал ақаулықтар

Ақаулық Ықтимал шешімі
Бағдарлама басталмай тұр.
Құрылғының қақпағының жабық тұрғанына көз
Сақтандырғыш қорабындағы сақтандырғышқа зақым
Бастау/Үзіліс түймешігінің басылғанына көз жеткізіңіз.
Егер кешіктіріп бастау функциясы орнатылып тұрса,
Егер Бала қауіпсіздігінің құралы қосулы тұрса, оны
Құрылғыға су дұрыс құйылмай тұр.
Сумен жабдықтау жүйесіндегі судың қысымының өте
Су шүмегінің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
Құрылғыға су құйылмайды және дереу төгіледі.
Құрылғы суы сарқылмай тұр.
Су төгетін түтіктің бұратылып немесе майысып
Ашаның розеткаға қосылғанына көз жеткізіңіз.
жеткізіңіз.
келмегеніне көз жеткізіңіз.
оны ажыратыңыз не кері санақ аяқталғанша күтіңіз.
ажыратыңыз.
Су шүмегінің ашық тұрғанына көз жеткізіңіз.
төмен емес екеніне көз жеткізіңіз. Бұл ақпаратты жергілікті су ресурстары мекемесіне хабарласып алыңыз.
Су құятын түтіктің сүзгісі мен клапанның сүзгілерінің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз. “Күту менен тазалау” тарауын қараңыз.
Су құятын түтіктің бұратылып немесе майысып қалмағанына көз жеткізіңіз.
Су құятын түтіктің дұрыс орнатылғанын көз жеткізіңіз.
Су төгетін түтіктің дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз. Түтік өте төмен болуы мүмкін.
Раковина түтікшесінің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
қалмағанына көз жеткізіңіз.
ҚАЗАҚ 23
Ақаулық Ықтимал шешімі
Су төгетін түтік сүзгісінің бітеліп қалмағанына көз
жеткізіңіз. Қажет болса сүзгіні тазалаңыз. "Күту менен тазалау" тарауын қараңыз.
Су төгетін түтіктің дұрыс қосылғанына көз жеткізіңіз.
Егер су төгетін циклы жоқ бағдарлама орнатылып
тұрса, су төгу бағдарламасын орнатыңыз.
Аяқталғанда барабан ішінде су қалатын функцияны
таңдасаңыз, су төгу бағдарламасын орнатыңыз.
Айналдыру циклы
Айналдыру бағдарламасын орнатыңыз. жұмыс істемейді немесе жуу циклы әдеттегіден ұзаққа созылады.
Су төгетін түтік сүзгісінің бітеліп қалмағанына көз
жеткізіңіз. Қажет болса сүзгіні тазалаңыз. "Күту менен
тазалау" тарауын қараңыз.
Бұндай жағдай орын алса, барабандағы кірді қолмен
таратып, айналдыру циклін қайта бастаңыз. Бұл мәселе
теңгерімге байланысты болуы мүмкін.
Еденге су аққан. Су түтіктерінің жалғастырғыштарының берік екеніне
және су ағып тұрмағанына көз жеткізіңіз.
Су төгетін түтіктің еш жерінің бүлінбегеніне көз
жеткізіңіз.
Дұрыс жуғыш заттың дұрыс мөлшерде
пайдаланылғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғының қақпағын
Жуу бағдарламасының аяқталғанына көз жеткізіңіз. аша алмадыңыз.
Барабанның ішінде су бар болса, су төгу немесе
айналдыру бағдарламасын орнатыңыз.
Құрылғыдан тосын шуыл шығады.
Құрылғы деңгейінің дұрыс реттелгеніне көз жеткізіңіз.
"Орнату" тарауын қараңыз.
Орам материалдарының және/немесе тасымал
болттарының алынғанына көз жеткізіңіз. "Орнату"
тарауын қараңыз.
Барабанға көбірек кір қосып салыңыз. Кір тым аз
салынған болуы мүмкін.
Цикл көрсетілген уақыттан қысқарақ.
Цикл көрсетілген уақыттан ұзағырақ.
Құрылғы кірдің салмағына қарай жаңа уақытты
есептейді. "Пайдалану көлемі" тарауын қараңыз.
Теңгерімі жоқ кір уақытты ұзартады. Бұл құрылғы үшін
қалыпты жағдай.
Loading...
+ 53 hidden pages