Мәтіндік және мультимедиалық
хабарлар14
Жедел хабарлар16
Nokia Xpress дыбыстық
хабарлары16
Электрондық пошта16
Шапшаң хабар алмасу17
Дауыстық хабарлар17
Хабар параметрлері17
Контактілер17
Қоңырауларды тіркеу журналы 18
Параметрлер18
Профильдер18
Әуендер19
Дисплей19
Күн мен уақыт19
Жылдам түймешіктер19
Синхрондау және резерв жасау19
Қосылу мүмкіндігі20
Қоңыраулар және телефон21
Дауыстық пәрмендер және
дауыспен теру22
Кеңейтімдер22
Конфигурация22
Зауыт параметрлерін қалпына
келтіру23
Оператор мәзірі23
Галерея23
Медиа24
Камера және бейне24
FM радиосы25
Дыбыс жазу құрылғысы26
Музыка ойнатқышы26
Бағдарламалар27
Органайзер27
Қоңыраулы сағат27
Күнтізбе және жұмыстар тізімі28
Page 3
Веб немесе Интернет 28
Интернет қызметіне байланыс.28
SIM қызметтері29
Қоршаған ортаны қорғауға қатысты
кеңестер29
Қуатты үнемдеу29
Қайта өңдеу29
Қосымша мәліметтер29
Өнім және қауіпсіздік туралы
ақпарат30
Тақырыптар тізімі37
Мазмұны3
Page 4
4Қауіпсіздік
Қауіпсіздік
Мына жай нұсқауларды оқыңыз. Бұларды қадағаламау қауіпті немесе заңсыз
болуы мүмкін. Қосымша мәлімет үшін пайдаланушы нұсқаулығын оқыңыз.
ҚАУІПСІЗДІК САҚТАП ҚОСУ
Сымсыз телефонды қолдануға тыйым салынғанда немесе құрылғыныы
қосу кедергілер мен қауіп-қатер тудырған жағдайда оны қоспаңыз.
ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ БІРІНШІ ОРЫНДАУ БОЛУЫ ТИІС
Жергілікті жердің барлық талаптарын орындаңыз. Әрқашан көлік
жүргізу кезінде қолыңызды бос ұстаңыз. Көлік жүргізу кезіндегі бірінші
ескеретініңіз жол қауіпсіздігі болуы тиіс.
КЕДЕРГІЛЕР
Барлық сымсыз құрылғылардың жұмысының орындалуына кедергілер
әсер етуі мүмкін.
ПАЙДАЛАНУ ШЕКТЕЛГЕН ЖЕРЛЕРДЕ ҚҰРЫЛҒЫНЫ ӨШІРІП ҚОЙЫҢЫЗ
Кез келген шектеуді сақтаңыз. Құрылғыны ұшақта, медициналық
жабдықтың жанында, жанармай, химикаттар немесе қопарылысқа
бейім ауа кеңістігінде өшіріңіз.
МАМАНДЫРЫЛҒАН ҚЫЗМЕТ
Бұл құрылғыны тек маманданған қызметкерлер ғана орнатуы немесе
жөндеуі тиіс.
ҚОСЫМША АСПАПТАР МЕН БАТАРЕЯЛАР
Тек мақұлданған қосымша аспаптар мен батареяларды қолданыңыз.
Сәйкес келмейтін өнімдерге жалғамаңыз.
СҰҒА ТӨЗІМДІЛІГІ
Сіздің құрылғыңыз суға төзімсіз. Мұны құрғақ күйде сақтаңыз.
Page 5
Жұмысты бастау5
Жұмысты бастау
SIM картасы мен батареяны салу
Қауіпсіз шығарып алу. Батареяны шешіп аларда әрқашан құрылғыны өшіріп,
зарядтағышты ажыратыңыз.
SIM картасы мен оның контактілері тырналғанда немесе бүгілгенде оңай бүлінуі
мүмкін, сондықтан картаны ұстау, салу немесе шығарып алу кезінде абайлаңыз.
1 Артқы қақпақты басыңыз да, телефонның төменгі жағына қарай сырғытып,
оны шығарып алыңыз (1).
2 Батареяны (2) шығарып алыңыз.
3 SIM картасының қосылатын бетін төмен қаратып ұстағыш ішіне салыңыз (3).
4 Батареяны (4) салыңыз да, артқы қақпақты (5) жабыңыз.
SIM картасын алыңыз
microSD картасын салу
Құрылғыны қолдану үшін Nokia мақұлдаған microSD карталары мәнерлерді ғана
қолданыңыз. Nokiа индустрия стандартын есте сақтау карталарына қолданады,
бірақ кейбір брендтер толығымен бұл құрылғыға сәйкес келмейді. Сәйкес
келмейтін карталар құрылғыға және картаға нұқсан келтіреді және ондағы
деректерді жойып жіберуі мүмкін.
Телефон сыйымдылығы 8 GB дейінгі microSD карталарын қолдайды.
Сәйкес келетін жад картасы құрылғымен бірге немесе ішіне салынып беріледі.
Егер жоқ болса, келесіні орындаңыз:
Page 6
6Жұмысты бастау
1 Жад картасы ұясының қақпағын ашыңыз.
2 Картаның қосылатын бетін жоғары қаратып жад картасы ұясына салыңыз да,
орнына бекігенше басыңыз.
3 Жад картасы ұясының қақпағын жабыңыз.
microSD картасын шығарып алу
Маңызды: Құрылғы істеп тұрғанда карта қатынаулы кезде жад картасын
шығарып алмаңыз. Оны орындамау салдарынан құрылғыға және картаға зиян
келуі мүмкін және картадағы деректерді бүлдіруі мүмкін.
Жад картасын телефон жұмыс істеп тұрғанда оны өшірместен алуыңызға немесе
ауыстыруыңызға болады, бірақ ешқандай қолданбаның жад картасын
пайдаланып жатпағанын тексеріңіз.
Батареяны зарядтау
Батареяңыз зауытта шамалы зарядталған. Егер құрылғы заряды аз болса,
3 Батарея толығымен зарядталғанда, зарядтаушы құрылғыны құралдан
суырып, содан кейін оны қабырғадағы ток сымынан ажыратыңыз.
Page 7
Жұмысты бастау7
Белгілі бір уақыт батареяны зарядтамауға болады және құрылғыны ол
зарядталып жатқанда да қолдануға болады. Егер батареяның заряды то лығы ме н
біткен болса, дисплейдегі зарядтау көрсеткіші пайда болғанша немесе қоңырау
шалу үшін бірнеше минут күту керек.
Антенна
Сіздің құрылғыңыздың ішкі және сыртқы антеннасы болуы мүмкін. Антенна
сигнал таратып немесе қабылдап тұрғанда антенна аумағына қажетсіз тиіспеңіз.
Антеннаға тиіскеннен байланыс сапасына әсер етіп, жоғары қуат деңгейімен
жұмыс істеуіне себеп болуы мүмкін, тіпті батареяның зарядын азайтуы мүмкін.
Суретте антеннаның тиімді ауданы сұр түспен көрсетілген.
Құлақ аспабы
Ескерту
Үнемі аса көтеріңкі деңгейдегі дыбысты тыңдау есту қабілетіңізге нұқсан келтіруі
мүмкін. Әуенді орташа деңгейде тыңдап, дауысзорайтқышты пайдаланғанда
құрылғыны құлағыңызға жақын ұстамаңыз.
Ескерту
Құлаққапты пайдалану сіздің сыртқы дыбыстарды есту қабілетіңізге әсер етуі
мүмкін. Сіздің қауіпсіздігіңізге қатер төндіретін жағдайда құлаққапты
қолданбаңыз.
Осы құрылғымен бірге қолдану үшін Nokia мақұлдаған түрлерден басқа кез келген
сыртқы құрылғы немесе құлаққапты Nokia AV Connector қосқышына қосу кезінде
дыбыс деңгейіне баса назар аударыңыз.
Құрылғыға зақым келтіретін сигнал шығаратын өнімдерді қоспағаныңыз жөн.
Nokia AV Connector қосқышын кернеу көзіне қоспаңыз.
Магниттер және магнит өрісі
Құрылғыңызды магниттерден немесе магнит өрістерінен алыс сақтаңыз.
Page 8
8Жұмысты бастау
Түймешіктер мен бөлшектер
1
Құлақ аспабы
2Дисплей
3Таңдау түймелері
4Navi™ пернесі; әрі қарай жылжу
пернесі деп қарастырылады
5Қоңырау түймешігі
6Пернетақта
7Аяқтау түймешігі мен қорек
түймешігі
8Зарядтау құрылғысының қосқышы
9Құлақаспап қосқышы (3,5 мм)
10Камера линзасы
11Микрофон
12Дауыс зорайтқыш
13Жад картасының слоты
14Білек бауының ілмегі
15Micro USB коннекторы
Қосу және сөндіру
Қуат пернесін басып ұстап тұрыңыз.
Күту күйі
Телефон пайдалануға дайын болса және сіз ешқандай таңбаларды енгізбеген
болсаңыз, телефон күту режимінде тұрады.
Page 9
Жұмысты бастау9
1Желі сигналының қарқындылығы
2Батарея зарядының деңгейі
3Желінің аты немесе оператордың логотипі
4Таңдау түймешіктерінің функциялары
Сол жақ таңдау түймесі, Өту, жеке сілтемелер тізіміндегі функцияларға қол
жеткізуге мүмкіндік береді. Тізімді қараған кезде бар функцияларды көру үшін
Опц-р > Таңдау опц-ы тармағын таңдаңыз немесе сілтемелер тізіміндегі
функцияларды ретке келтіру үшін Опц-р > Реттеу тармағын таңдаңыз.
Пернетақтаны кілттеу
Пернелердің кездейсоқ басылып кетуін болдырмау мақсатында пернелерді
құлыптау үшін Мәзір тармағын таңдаңыз да, * пернесін 3,5 секунд ішінде басыңыз.
Пернетақтаны ашу үшін Ағыту таңдап, 1,5 секунд ішінде * пернесін басыңыз. Егер
қауіпсіздік клавиш қорғанысы қосулы болса, сұраныс түскенде, қауіпсіздік кодын
теріңіз.
Телефон күту күйінде тұрғанда, белгілі бір уақыт өткеннен кейін пернетақтаның
автоматты түрде кілттенуін орнату үшін Мәзір > Параметрлер > Телефон >
Автоматты клав-ра қорғауышы > Қосу пәрменін таңдаңыз.
Пернетақта кілттеулі күйде тұрғанда қоңырауға жауап беру үшін қоңырау
түймешігін басыңыз. Қоңырауды аяқтағанда немесе оны қабылдамаған кезде
пернетақта автоматты түрде кілттенеді.
Құрылғы немесе пернетақта құлыптанған кезде, ресми көмек көрсету қызметінен
көмек сұрауға болады.
SIM картасыз функциялар
Сіздің телефоныңыздың кей бір мүмкіндіктерін SIM картасын салмастан ақ
қолдануға болады, мәселен, Органайзер функциясы және ойындар. Мәзірдегі
кейбір функциялар сұр түспен көрсетіледі және оларды пайдалану мүмкін емес.
Page 10
10Жалпы мәліметтер
Фонында ойнап жатқан бағдарламалар
Артқы жақта орындалып жатқан қалдырылған қолданбалар батарея қуатына
талаптарды арттырады және батареяның қызмет ету уақытын қысқартады.
Жалпы мәліметтер
Құрылғыңыз жайында
Мына нұсқаулықта суреттелген сымсыз құрылғы (E)GSM 850, 900, 1800 және
1900 MHz желілер пайдалануға арналған. Байланыс желісі туралы көбірек
мәлімет алу үшін қызмет көрсетушімен байланысыңыз.
Құрылғы үшінші тараптың интернет сайттарына бетбелгілер мен сілтемелерді
орнатып, үшінші тараптың сайттарына қатынауға мүмкіндік беруі мүмкін. Олар
Nokia корпорациясының филиалы болып табылмайды, Nokia корпорациясы олар
үшін жауапкершілікті өзіне алмайды және қабылдамайды. Егер сіз осындай
сайттарға қатынасаңыз, қауіпсіздік немесе мазмұн үшін сақтық шараларын
қолданыңыз.
Ескерту
Құрылғының оятқыш сағаттан басқа белгілерін қолданғыңыз келсе, құрылғыны
қосыңыз. Сымсыз құрылғыны қолдану кедергілер мен қауіп тудыратын болса,
құрылғыны қоспаңыз.
Құрылғыны пайдаланған кезде барлық заңдарға бағынып, басқа тараптардың
жергілікті кедендік, құпиялылық және заңды құқықтарын, оның ішінде авторлық
құқықтарын құрметтеңіз. Авторлық құқықтар кейбір бейнелердің, әуендердің және
басқа құрылымдағы заттардың көшірілуіне, тасымалдануына, өзгертілуіне
кедергі бола алады.
Құрылғыңызға сақталған барлық маңызды ақпараттың сақтық көшірмелерін
жасап немесе жазбаша көшірмесін сақтап қойыңыз.
Кез келген құрылғыны қосу үшін оның тұтынушыға арналған нұсқаулығындағы
қауіпсіздік жөніндегі мәліметтерді оқыңыз. Сәйкес келмейтін өнімдерге
жалғамаңыз.
Бұл нұсқаулықтағы бейне ажыратымдылығы түрлі болып көрінуі мүмкін.
Құрылғыңыз туралы басқа да маңызды ақпарат алу үшін қолданушыға арналған
нұсқауларды қараңыз.
Желі қызметтері
Телефонды қолдану үшін сізде сымсыз қызмет көрсету түрі болуы керек. Кейбір
мүмкіндіктер барлықы желіде қатынаулы болмайды; басқа мүмкіндіктер қызмет
көрсету провайдеріңізбен арнайы реттеулер жасауыңызды талап етеді. Желі
қызметтері берілетін деректерді қамтиды. Өз желінізде және басқа желілерде
болғанда ақы қанша болатыны туралы егжей-тегжейін білу үшін қызмет
Page 11
Жалпы мәліметтер11
көрсетушіңізбен байланысыңыз. Қызмет көрсету провайдеріңіз қандай ақы
қолданылатын түсіндіреді. Кейбір желілерде TCP/IP хаттамаларында іске
қосылатын WAP 2.0 хаттамалары (HTTP және SSL) сияқты арналйы
технологиялар қолдауы және тілге тән таңбалар сияқты желі қолдауын талап
ететін осы құрылғының кейбір мүмкіндіктерін пайдалану амалдарына ықпал
ететін шектеулердің болуы мүмкін.
Сіз провайдеріңізден құрылғыңызда бейбелсенді және жұмысқа қабілетсіз
мүмкіндіктерге сұратым жасауыңызға болады. Онда бұл мүмкіндіктер
құрылғыңыздың мәзірінде көрінбейтін болады. Сондай-ақ, құрылғыңызда мәзір
атаулары, мәзір реті және белгішелер сияқты бапталатын элементтердің болуы
мүмкін.
Ортақ жад
Құрылғының келесі құызметтері жадыны бөлуі мүмкін: Мультимедиялық хат
алмасу (MMS), электрондық пошта бағдарламалары. Осы мүмкіндіктердің
бірнешеуін пайдалану қалған мүмкіндерге қатынаулы жадтың көлемін азайтуы
мүмкін. Егер құрылғы жадтың толы екенін білдіретін хабарды көрсетсе, ортақ
жадқа сақталған ақпараттың біразын жойыңыз.
Қатынас кодтары
Қауіпсіздік коды құрылғыны рұқсатсыз пайдаланудан сақтауға көмектеседі.
Алдымен орнатылған код 12345. Кодты жасау және өзгерту, және құрылғыны
кодты сұрайтын етіп орнату мүмкін. Кодты құпиялы түрде және құрылғыдан бөлек
қауіпсіз жерде сақтаңыз. Егер кодты ұмытсаңыз және құрылғы кілттелген болса,
құрылғыға қызмет көрсету қажет. Қосымша тариф қолданылуы мүмкін және
құрылғыдағы барлық жеке деректер жойылуы мүмкін. Қосымша ақпарат алу
үшін Nokia Care қызмет көрсету орталығына немесе құрылғыңыз сатушысына
хабарласыңыз.
SIM картамен бірге берілетін PIN код картаның рұқсатсыз пайдаланылуынан
қорғайды. SIM карталармен бірге берілетін PIN2 код белгілі бір қызметтерге кіруге
қажет болады. Егер PIN немесе PIN2 кодын үш рет қатар қате енгізсеңіз, сізден
PUK немесе PUK2 коды сұралады. Егер бұл кодтарыңыз болмаса, қызмет
провайдеріне хабарласыңыз.
SIM картаңыздың қауіпсіздік модуліндегі мәліметтерге рұқсат алу үшін
модульдік PIN коды қажет болады. Сандық қолтаңба үшін қолтаңба PIN коды
қажет болуы мүмкін. Тыйым салу кілтсөзі қоңырауларға тыйым салу қызметін
пайдаланғанда қажет етіледі.
Телефоныңыздың қатынас кодтарын және қауіпсіздік параметрлерін қалай
пайдаланатынын анықтау үшін Мәзір > Параметрлер > Қаупсіздік пәрменін
таңдаңыз.
Page 12
12Қоңыраулар
Nokia қолдауы
Осы нұсқаулықтың ең соңғы нұсқасын, қосымша ақпарат алу үшін, қотару үшін
және Nokia өніміне байланысты қызметтерді пайдалану үшін www.nokia.com/
support бетін немесе жергілікті Nokia веб-сайтын қараңыз.
Конфигурациялық параметрлер қызметі
Сіздің телефон моделіңізге арналған MMS, GPRS, электрондық пошта сияқты
тегін конфигурациялық параметрлерді және де басқа қызметтерді мына жерден
алыңыз www.nokia.com/support.
Nokia PC Suite
PC Suite және қажетті ақпаратты Nokia веб-сайтынан қараңыз: www.nokia.com/
support.
Nokia Care қызмет көрсетуі
Nokia Care бөлімімен хабарласқыңыз келсе, жергілікті Nokia Care қызмет көрсету,
байланыс орталықтарының тізімін мына сайттардан алыңыз www.nokia.com/
customerservice.
Қызмет көрсету
Техникалық қызмет көрсетуге байланысты сұрақтармен жақын жердегі Nokia
Care қызмет көрсету орталықтарына хабарласыңыз: www.nokia.com/repair.
Қоңыраулар
Қоңырау шалу және қоңырауға жауап беру
Қоңырау шалу үшін телефон нөмірін теріңіз, қажет болса, оған ел коды мен мекен
кодын қосыңыз. Нөмірге қоңырау шалу үшін қоңырау түймешігін басыңыз.
Телефон шалыс барысында құлаққап дауыс деңгейін үлкейту үшін жоғары қарай
дөңгелетіңіз, азайту үшін төмен қарай дөңгелетіңіз.
Кіруші қоңырауға жауап беру үшін қоңырау түймешігін басыңыз. Қоңырауды
қабылдамау үшін аяқтау түймешігін басыңыз.
Дауыс зорайтқыш
Бар болған жағдайда, қоңырау шалу кезінде телефонның құлақ аспабын немесе
дауыс зорайтқышын пайдалану үшін Днмк немесе Қлпты пәрмендерінің бірін
таңдаңыз.
Page 13
Мәтін жазу13
Ескерту
Үнемі аса көтеріңкі деңгейдегі дыбысты тыңдау есту қабілетіңізге нұқсан келтіруі
мүмкін. Әуенді орташа деңгейде тыңдап, дауысзорайтқышты пайдаланғанда
құрылғыны құлағыңызға жақын ұстамаңыз.
Нөмірді жылдам теру түймешіктері
Телефон нөмірін 2 мен 9 арасындағы санды түймешіктердің біріне тағайындау
үшін Мәзір > Контактылар > Жылдам теру пәрменін таңдап, қажетті нөмірге дейін
жылжыңыз және Берупәрменін таңдаңыз. Қажетті телефон нөмірін енгізіңіз
немесе Іздеу пәрменін және сақталған байланысты таңдаңыз.
Нөмірді жылдам теру функциясын қосу үшін Мәзір > Параметрлер > Қоңырау >
Нөмірді тез теру > Қосу пәрменін таңдаңыз.
Нөмірді жылдам теру функциясын пайдаланып қоңырау шалу үшін, күту күйінде
қажетті санды түймешікті басып тұрыңыз.
Мәтін жазу
Мәтіндік күйлер
Мәтінді енгізу үшін (мысалы, хабар жазғанда) әдеттегі немесе болжалды мәтін
енгізу функциясын пайдалануға болады.
Мәтін жазғанда
арқылы көрсетілетін болжалды мәтін енгізу әдісі арасында ауысу үшін Опц-р
түймешігін басып, ұстап тұрыңыз. Болжалды мәтін енгізу функциясы тілдердің
бәрінде бола бермейді.
Таңба регистрлері
арқылы көрсетілетін әдеттегі мәтін енгізу әдісі мен
, және арқылы көрсетіледі.
Таңба регистрін өзгерту үшін # түймешігін басыңыз. Мәтіндік күйден
көрсетілетін сандық күйге ауысу үшін # түймешігін басып, ұстап тұрыңыз да, Сан
режимі пәрменін таңдаңыз. Сандық күйден мәтіндік күйге ауысу үшін # түймешігін
басып тұрыңыз.
Жазу тілін орнату үшін Опц-р > Жазу тілі пәрменін таңдаңыз.
Әдеттегі мәтін енгізу
Қажетті таңба көрінгенше 2 -9 аралығындағы санды түймешікті қайталап
басыңыз. Таңбалардың бар-жоғын таңдалған жазу тіліне байланысты болады.
Егер сізге қажет келесі әріп ағымдағы түймешікте орналасқан болса, жүгіргі пайда
болғанша күтіп, әріпті енгізіңіз.
арқылы
Page 14
14Мәзірлер бойынша жылжу
Жиі пайдаланатын тыныс белгілері мен арнайы таңбаларды табу үшін 1
түймешігін қайталап басыңыз. Арнайы таңбалар тізіміне өту үшін * түймешігін
басыңыз.
Болжалды мәтін енгізу
Болжалды мәтін енгізу алдын ала орнатылған сөздікке негізделген және ол
сөздікке жаңа сөздерді қосуға болады.
1 2 мен 9 аралығындағы түймешіктердің көмегімен сөз жазуды бастаңыз. Бір
әріп үшін әрбір түймешікті тек бір рет басыңыз.
2 Сөзді растау үшін, оңға жылжыңыз немесе бос аралық қалдырыңыз.
•Егер сөз дұрыс емес болса, * түймешігін қайталап басып, сөзді тізімнен
таңдаңыз.
•Егер сөзден кейін ? таңбасы көрінсе, бұл жазғыңыз келетін сөздің сөздікте
жоқ екендігін білдіреді. Сөзді сөзкке қосу үшін Әріптеп пәрменін таңдаңыз.
Сөзді әдеттегі мәтін енгізу әдісімен енгізіп, Сақтау пәрменін таңдаңыз.
•Күрделі сөзді жазу үшін сөздің бірінші бөлігін енгізіп, оны растау үшін оңға
жылжыңыз. Сөздің соңғы бөлігін жазып, сөзді растаңыз.
3 Келесі сөзді жазуды бастаңыз.
Мәзірлер бойынша жылжу
Телефон функциялары мәзірлерге топталған. Мұнда мәзір функцияларының
немесе таңдау элементтерінің бәрі сипатталмаған.
Күту күйінде Мәзір пәрменін және қажетті мәзірді және ішкі мәзірді таңдаңыз.
Мәзірдің ағымдағы деңгейінен шығу үшін Шығу немесе Артқа пәрменін таңдаңыз.
Тікелей күту күйіне оралу үшін аяқтау түймешігін басыңыз. Мәзір көрінісін өзгерту
үшін Мәзір > Опц-р > Нег. мәзір көрінісі пәрменін таңдаңыз.
Хабар алмасу
Мәтіндік, мультимедиалық, дыбыстық және жедел хабарларды және
электрондық пошта хабарын оқуға, жазуға, жіберуге және сақтауға болады.
Хабар алмасу қызметтерін желі провайдері немесе қызмет ұсынушы қолдаған
жағдайда ғана пайдалануға болады.
Мәтіндік және мультимедиалық хабарлар
Хабар жасап, қажет болса, оған сурет сияқты тіркемені қосуға болады. Файл
тіркелгенде телефоныңыз мәтіндік хабарды мультимедиалық хабарға автоматты
түрде өзгертеді.
Мәтіндік хабарлар
Сіздің құрылғыңыз бір хабарламаға арналған шектеу бойынша мәтін
хабарламаларын қолдайды. Ұзынырақ хабарламалар екі немесе одан да көп
Page 15
Хабар алмасу15
хабарламалар түрінде жіберіледі. Сіздің қызмет көрсетушіңіз тиісті ақы алуы
мүмкін. Екпінді таңбалар, басқа белгілер немесе кейбір тіл опциялары көбірек
орын алып, бір хабармен жіберілетін таңбалардың санын шектейді.
Қалған таңбалардың жалпы саны және жіберуге қажетті хабарлардың саны
дисплейден көрсетіледі.
Хабар жіберу үшін құрылғыңызда хабарлар орталығының дұрыс нөмірі сақталуы
керек. Әдетте, бұл нөмір SIM картасы арқылы әдепкі мән ретінде орнатылады.
Нөмірді қолмен орнату үшін Мәзір > Хабарлар > Хабар параметрлері > Мәтін
хабарлары > Хабар орталықтары > Орталық қосу тармағын таңдап, бір ат пен
қызмет провайдерінен алған нөмірді енгізіңіз.
Мультимедиалық хабарлар
Мультимедиалық хабарда мәтін, суреттер, дыбыстық клиптер және
бейнеклиптер болуы мүмкін
Тек сәйкес келетін қызметтері бар құрылғылар ғана мультимедиялық шағын
мәтіндерді алып орната алады. Қабылдаушы құрылғыға байланысты пайда
болатын хабар әртүрлі болуы мүмкін.
Сымсыз интернет MMS шағын мәтіндердің өлшемін шектеуі мүмкін. Егер
салынған сурет бұл шектеуден асып кетсе, құрылғы оны MMS арқылы жіберуге
болатындай етіп кішірейтуі мүмкін.
Маңызды: Хабарды ашқандағы ескертулер. Хабардың құрамындағы зиянды
қамтамасыз ету бағдарламалары немесе басқа да зиянды әрекеттер
құрылғыңызды немесе компьютеріңізді зақымдауы мүмкін.
Бұл қызметтің бар-жоғын білу үшін және мультимедиалық хабар алмасу
қызметіне (MMS) жазылу үшін қызмет провайдеріңізбен хабарласыңыз.
Конфигурациялық параметрлерді қотарып алуыңызға болады.
қолдауы” б. 12.
қараңыз ” Nokia
Мәтін немесе мультимедиалық хабар жасау
1 Мәзір > Хабарлар > Хабар жазу > Хабар таңдаңыз.
2 Алушыларды қосу үшін Кімге: өрісіне өтіңіз және алушының нөмірін немесе
электрондық пошта мекенжайын енгізіңізнемесе бар таңдаулардан
алушыларды таңдау үшін Қосу пәрменін таңдаңыз. Алушыларды және
тақырыптарды қосу үшін және жіберу параметрлерін орнату үшін Опц-р
пәрменін таңдаңыз.
3 Мәтін: өрісіне өтіп, хабар мәтінін енгізіңіз.
4 Хабарға мазмұн тіркеу үшін дисплейдің төменгі жағындағы тіркеме жолағына
өтіп, мазмұнның қажетті түрін таңдаңыз.
5 Хабарды жіберу үшін Жіберу пәрменін таңдаңыз.
Page 16
16Хабар алмасу
Хабар түрі дисплейдің жоғарғы жағында көрсетіледі және хабардың мазмұнына
байланысты автоматты түрде өзгереді.
Қызмет ұсынушылары талап ететін ақы мөлшері хабардың түріне қарап өзгеріп
отырады. Қосымша мәліметтер алу үшін қызмет ұсынушыңызға хабарласыңыз.
Жедел хабарлар
Жедел хабарлар - бұл алынған кезде дереу көрінетін мәтіндік хабарлар.
1 Жедел хабар жазу үшін Мәзір > Хабарлар > Хабар жазу > Жылдам хабар
пәрменін таңдаңыз.
2 Алушының телефон нөмірін енгізіңіз, хабарыңызды жазыңыз (ең көбі 70
таңба) және Жіберу пәрменін таңдаңыз.
Nokia Xpress дыбыстық хабарлары
MMS арқылы ыңғайлы әдіспен дыбыстық хабар жасау және оны жіберу.
1 Мәзір > Хабарлар > Хабар жазу > Аудио хабары пәрменін таңдаңыз. Дыбыс
жазу құрылғысы ашылады.
2 Хабарыңызды жазыңыз.
3 Кімге: өрісіне бір немесе бірнеше телефон нөмірін енгізіңіз немесе нөмірді
шығару үшін Қосу пәрменін таңдаңыз.
4 Хабарды жіберу үшін Жіберу пәрменін таңдаңыз.
Электрондық пошта
Электрондық хатты оқу, жазу және жіберу үшін құрылғы арқылы POP3 немесе
IMAP4 электрондық пошта есептік жазбасына кіріңіз. Электрондық пошта
қолданбасын электрондық хат жіберу үшін қолдану, хабарлама жіберу үшін
электрондық поштаны қолданумен бірдей емес.
Электрондық поштаны пайдалану алдында сізде электрондық пошта тіркелгісі
мен дұрыс параметрлер орнатылған болуы керек. Электрондық пошта
тіркелгісінінің қол жетімділігі мен параметрлерін тексеру үшін электрондық пошта
қызметінің провайдерімен хабарласыңыз. Электрондық пошта конфигурациясы
параметрлері сізге конфигурациялық хабарлама ретінде жіберілуі мүмкін.
Электрондық пошта қолданбасына кіріңіз
Мәзір > Хабарлар > Эл. пошта таңдаңыз.
Маңызды: Хабарды ашқандағы ескертулер. Хабардың құрамындағы зиянды
қамтамасыз ету бағдарламалары немесе басқа да зиянды әрекеттер
құрылғыңызды немесе компьютеріңізді зақымдауы мүмкін.
Page 17
Контактілер17
Шапшаң хабар алмасу
Шапшаң хабар алмасу функциясы (IM, желілік қызмет) арқылы желіге қосылған
пайдаланушыларына қысқа мәтіндік хабарлар жібере аласыз. Бұл қызметке
жазылып, пайдаланғыңыз келетін IM қызметінде тіркелуіңіз қажет. Осы қыз меттің
болуын, оның бағаларын және нұсқауларды провайдердіңізден біліп алыңыз. IM
провайдеріне байланысты бұл мәзірлер әр түрлі болуы мүмкін.
Қызметке қосылу үшін Мәзір > Хабарлар > Дереу хабарлар пәрменін таңдаңыз
және дисплейдегі нұсқауларды орындаңыз.
Дауыстық хабарлар
Дауыстық пошта жәшігі - жазылуыңыз қажет болуы мүмкін желілік қызмет.
Қосымша ақпарат алу үшін қызмет ұсынушыңызға хабарласыңыз.
Дауыс пошта жәшігіне қоңырау соғу
Күту режимінде, 1 пернесін басып тұрыңыз.
Дауыс пошта жәшігінің нөмірін өзгерту
Мәзір > Хабарлар > Дауыс хабарлары > Дауыс пошта жәшігінің нөмірі та ңдаң ыз.
Хабар параметрлері
Мәзір > Хабарлар > Хабар параметрлері пәрменін және төменгілерді таңдаңыз:
Жалпы парам-р — Жіберілген хабарлардың көшірмелерін телефонға сақтаңыз,
жад толып қалған жағдайда ескі хабарлардың үстінен қайта жазыңыз және
хабарларға қатысты басқа да параметрлерді орнатыңыз.
Мәтін хабарлары — Жеткізу есептеріне рұқсат етіңіз, SMS және SMS
электрондық поштасының хабар орталықтарын орнатыңыз, таңбаларды қолдау
түрін таңдаңыз және мәтіндік хабарларға қатысты басқа да параметрлерді
орнатыңыз.
М-медиа хбрлры — Жеткізу есептеріне рұқсат етіңіз, мультимедиалық
хабарлардың көрінісін реттеңіз, мультимедиалық хабарлар мен жарнамалардың
алынуына рұқсат етіңіз және мультимедиалық хабарларға қатысты басқа да
параметрлерді орнатыңыз.
Қызметтік хаб-р — Қызметтік хабарларды іске қосыңыз және қызметтік
хабарларға қатысты параметрлерді орнатыңыз.
Контактілер
пәрменін таңдаңыз.Мәзір > Контактылар.
Аттар мен телефон нөмірлерін телефон жадында және SIM картасының жадында
сақтауға болады. Телефон жады нөмірлері және мәтіндік элементтері бар
контактілерді сақтай алады. SIM картасының жадында сақталған аттар мен
нөмірлер
арқылы көрсетіледі.
Page 18
18Қоңырауларды тіркеу журналы
Контактіні қосу үшін Аттар > Опц-р > Жаңа кнткт қосу пәрменін таңдаңыз.
Контактіге егжей-тегжейлі мәліметтерді қосу үшін пайдаланылатын жадтың
Телефон немесе Телефон мен SIM екендігін тексеріңіз. Аттар пәрменін
таңдаңыз, атқа жылжыңыз және Мәлім-рі > Опц-р > Мәлімет қосу пәрменін
таңдаңыз.
Контактіні іздеу үшін Аттар пәрменін таңдап, одан кейін контактілер тізімі
бойынша жылжыңыз немесе атының бірінші әрібін енгізіңіз.
Телефон жады мен SIM карта жады арасында байланыс ақпаратын көшіріп жазу
үшін, Аттар таңдаңыз, содан соң керекті байланысты таңдап, Опц-р > Конт-ы
көшіру командасын таңдаңыз. SIM картасының жадында әрбір ат үшін тек қана
бір телефон нөмірі сақталады.
Контактілеріңіз үшін SIM картасы немесе телефон жадын таңдау үшін,
контактілердегі аттар мен нөмірлердің қалай көрсетілетінін таңдау үшін және
контактілер үшін бос және пайдаланылған жад көлемін көру үшін Баптаулар
пәрменін таңдаңыз.
Кісінің контактілік мәліметтерін визитка түрінде vCard стандартын қолдайтын
сыйысымды құрылғыдан жіберуге және алуға болады. Визитканы жіберу үшін
Аттар пәрменін таңдаңыз, мәліметтерін жібергіңіз келетін контактіні іздеңіз және
Мәлім-рі > Опц-р > Визитка жіберу пәрменін таңдаңыз.
Қоңырауларды тіркеу журналы
Қоңырауларыңыз, хабарларыңыз, деректеріңіз немесе синхрондау жөніндегі
ақпаратты көру үшін Мәзір > Журнал пәрменін және бар опциялардың бірін
таңдаңыз.
Ескерім: Сіздің қызмет көрсетушіңіздің есебі барлық қоңыраулар мен қызмет
түрлері үшін әртүрлі және есеп, салық т .б. қоса алғанда интернет мүмкіндіктеріне
байланысты болады.
Параметрлер
Профильдер
Телефоныңызда профиль деп аталатын және түрлі жағдайларға және орталарға
қоңырау үнін белгілеу жолымен өзгерте алатын түрлі параметрлер топтары бар.
Мәзір > Параметрлер > Профайлдар пәрменін, қажетті профильді және келесі
параметрлерден таңдаңыз:
Іске қосу — таңдалған профильді қосу
Дербестеу — профиль параметрлерін өзгерту
Page 19
Параметрлер19
Уақ. белгіленген — профильді нақты уақытта қосулуға белгілеу. Профиль үшін
орнатылған уақыт аяқталғанда уақыты көрсетілмеген бұрынғы профиль
қосылады.
Әуендер
Таңдалған белсенді профильдің әуен параметрлерін өзгертуге болады.
Мәзір > Параметрлер > Саздар таңдаңыз. Бірдей параметрлерді Профильдер
мәзірінен табуға болады.
Дисплей
Телефон көрсеткішіне байланысты, тақырып, артқы фон суреті, экран қорғанысы
секілді кез келген мүмкіндіктерді көру немесе өзгерту үшін, Мәзір >
Параметрлер > Дисплей таңдап басыңыз.
Күн мен уақыт
Мәзір > Параметрлер > Күн мен уақыт пәрменін таңдаңыз.
Күн мен уақытты орнату үшін Күн мен уақыт параметрлері пәрменін таңдаңыз.
Күн мен уақыт пішімдерін орнату үшін Күн мен уақыт форматы парам-і пәрменін
таңдаңыз.
Телефон ағымдағы уақыт белдеуіне сәйкес уақыт пен күнді автоматты түрде
жаңартатын күйге қою үшін Күн мен уақытты автотүзету (желілік қызмет) пәрменін
таңдаңыз.
Жылдам түймешіктер
Жеке жылдам түймешіктердің көмегімен телефонның жиі пайдаланылатын
функцияларына жылдам өтуге болады. Мәзір > Параметрлер > Сілтемеле-рім
пәрменін таңдаңыз.
Телефонның бір функциясын оң немесе сол жақ таңдау түймешігіне тағайындау
үшін Оң жақ таңдау түймесі немесе Сол жақ тңд к-і пәрменін таңдаңыз.
Жылжу түймешігі үшін жылдам түймешік функциясын таңдау үшін Жылжу
түймесі пәрменін таңдаңыз. Қажетті бағытта жылжыңыз және Өзгерту немесе
Беру пәрменін және тізімнен функцияны таңдаңыз.
Синхрондау және резерв жасау
Мәзір > Параметрлер > Қдмдст және қслқ кшр және келесі параметрлерден
таңдаңыз:
Page 20
20Параметрлер
Телефон қосқышы — Bluetooth технологиясын қолданып немесе инфрақызыл
байланысты қолданып, таңдаған мағлұматты өзіңіздің арасында синхрондаңыз
немесе көшіріңіз.
Қос-ы көшме жасау — Таңдаған мағлұматты жадына немесе сыртқы құрылымға
сақтап қойыңыз.
Қос. көш-ен қалп. кел-у — Жадына немесе сыртқы құрылымға сақтап қойған
файлды таңдап, телефоныңызға қайта орнатыңыз. Опц-р > Мәліметтері таңдап,
сақтап қойған файл жөнінде ақпарат алыңыз.
Дер-ді өткізу — Таңдалған мағлұматтарды өзіңіздің телефоныңыз және басқа
құрал, компьютер немесе жүйе сервері (жүйе қызметі) арасындасинхрондаңыз
немесе көшірмесін жасаңыз.
Қосылу мүмкіндігі
Телефоныңызда деректердіберу және алу мақсатында басқа құрылғыларға
қосылудың бірнеше мүмкіндігі бар.
Bluetooth сымсыз технологиясы
Bluetooth технологиясы телефоныңызды радиотолқын арқылы 10 метр (32 фут)
аралықта орналасқан сыйысымды Bluetooth құрылғысына қосуға мүмкіндік
береді.
Бұл құрылғы Bluetooth Specification 2.0 + EDR мен сай келеді және келесі
профайлдарды қолдайды: жалпы қатынау, желілік қатынау, жалпы нысан алмасу,
қосымша дыбыс тарату, аудио бейне қашықтықтан басқару пульті, ұстамай,
құлақаспап, нысанды басу, файл жіберу, термелі желіге қосылу, SIM қатынауы
және сериялық порт . Bluetooth технологиясын қолдайтын басқа да
құрылғыларымен өзара байланысты қамтамасыз ету үшін Nokiа мақұлдаған
қосымша аспаптарды ғана пайдаланыңыз. Осы құрылғының басқа
құрылғылардың өндірушілерімен бірге үйлесімділігін қамтамасыз етіңіз.
Bluetooth технологиясын қолдану мүмкіндігі батареяның қуатына талаптарды
арттырады және батареяның қызмет ету уақытын қысқартады.
Bluetooth байланысын орнату
Мәзір > Параметрлер > Іскерлесуі > Bluetooth пәрменін таңдаңыз және
төмендегілерді орындаңыз:
1 Телефонымның аты пәрменін таңдаңыз және телефоныңыздың атын
енгізіңіз.
2 Bluetooth байланысын қосу үшін Bluetooth > Қосулы пәрменін таңдаңыз.
Bluetooth байланысының қосылғандығын көрсетеді.
3 Телефоныңызды дыбыстық кеңейтумен қосуүшін Аудио көмекші құр-на
қосылу пәрменін және қосқыңызкелетін құрылғыны таңдаңыз.
4 Телефоныңызды аумақтағы кез келген Bluetooth құрылғысымен қосу үшін
Жұпталған құрылғылар > Жаңа құр. қос. пәрменін таңдаңыз.
Page 21
Параметрлер21
Негізгі құрылымға дөңгелетіп, Қосу таңдаңыз.
Телефоныңызда кодты (16 таңбаға шейін) теріңіз және өзге Bluetooth
құрылғысында байланысқа рұқсат беріңіз.
Егер сіз қауіпсіздік туралы алаң болсаңыз, Bluetooth функциясын ажыратыңыз
немесе Телефонымның көрінуі параметрі үшін Жасырын мәнін таңдаңыз.
Bluetooth байланысын тек қана өзіңіз сенетін адамдармен орнатыңыз.
Пакеттік деректер
Деректердің пакеттік радиоберілімінің жалпы қызметі (GPRS) бұл - желіаралық
протоколға (IP) негізделген желі бойынша ұялы телефондарға деректерді
жіберуге және алуға мүмкіндік беретін желілік қызмет.
Бұл қызметті қалай пайдалану керектігін анықтау үшін Мәзір > Параметрлер >
Іскерлесуі > Пктк деректер > Пакеттік деректер байланысы пәрменін және келесі
параметрлерден таңдаңыз:
Қажет кезде — бағдарламаға қажет болғанда пакеттік деректер қосылымын
орнату Бағдарлама тоқтатылғанда қосылым жабылады.
Әрд-м желіде — телефон қосылғанда автоматты түрде пакеттік деректер
желісіне қосылу
Bluetooth технологиясы арқылы сыйысымды дербес компьютерге қосып
телефоныңызды модем ретінде пайдалануыңызға болады. Қосымша мәліметтер
алу үшін Nokia PC Suite құжаттарын қараңыз.
Қоңыраулар және телефон
Мәзір > Параметрлер > Қоңырау таңдаңыз.
Кіруші қоңырауларды басқа жаққа бұру үшін Қоңырауды бұру (желілік қызмет)
пәрменін таңдаңыз. Қосымша мәліметтер алу үшін қызмет ұсынушыға
хабарласыңыз.
Сәтсіз әрекеттен кейін қоңырауды қосу үшін он рет қайта әрекет жасау үшін
Автоматты қайта теру > Қосу пәрменін таңдаңыз.
Қоңырау кезінде желі сізге кіруші қоңырау туралы хабарлауы үшін Қоңырау күту
қызметі > Қосу (желілік қызмет) пәрменін таңдаңыз.
Сіз қоңырау шалатын кісіге сіздің нөміріңізді көрсету-көрсетпеу параметрін
орнату үшін Менің жеке бас дрк-мді жіберу (желілік қызмет) пәрменін таңдаңыз.
Телефоныңыздың дисплей тілін орнату үшін Мәзір > Параметрлер >
Телефон > Тіл баптаулары > Телефон тілі пәрменін таңдаңыз.
Page 22
22Параметрлер
Дауыстық пәрмендер және дауыспен теру
Дауыстық пәрменді сақтау арқылы телефоныңызды пайдаланып, Контактілер
ішіне сақталған атты айту арқылы қоңырау соғыңыз.
Дауыстық пәрмендер мен дауыспен теру тілге байланысты. Дауысты тану барлық
тілде қолданылмайды. Қолданылатын тілдерді көру үшін Мәзір >
Параметрлер > Телефон > Тіл баптаулары > Дауысты тану тілі пәрменін
таңдаңыз. Тану тілін қою үшін қажетті тілді таңдаңыз.
Ескерім: Дауыс белгісін шулы ортада немесе шұғыл жағдайда қолдану қиын
болуы мүмкін. Сондықтан, нөмірді дауыспен теру мүмкіндігі барлық жағдайларда
қолайлы болмауы мүмкін.
Телефоныңыздың дауыс тану функциясын даусыңызбен жаттықтыру үшін
Мәзір > Параметрлер > Телефон > Дауысты тану > Дауыс тануды жаттықтыру
пәрменін таңдаңыз.
Дауыстық пәрменді функцияға қосу үшін Мәзір > Параметрлер > Телефон >
Дауысты тану > Дауыс командалары, мүмкіндікті және функцияны таңдаңыз.
дауыстық пәрменнің іске қосылғанын көрсетеді.
Дауыстық пәрменді іске қосу үшін Қосу пәрменін таңдаңыз. Іске қосылған
дауыстық пәрменді көрсету үшін Ойнату пәрменін таңдаңыз.
Дауыстық пәрмендерді басқару үшін функцияға бұрап, Опц-р пәрменін таңдаңыз.
Дауыстық пәрмендерді немесе дауыспен теруді пайдалану үшін күту режимінде
оң жақ таңдау пернесін басып тұрыңыз. Қысқа дыбыстық белгілер және Енді
сөйлеңіз шығады. Пәрменді немесе тергіңіз келген контактінің атын айтыңыз.
Егер дауыс тану сәтті болса, ұйғарылған сәйкестіктердің тізімі шығады. Телефон
тізімдегі бірінші сәйкестіктің дауыстық пәрменін көрсетеді. Егер ол дұрыс пәрмен
болмаса, басқа енгізілімге өтіңіз.
Кеңейтімдер
Бұл мәзір мен оның түрлі параметрлері телефон сыйысымды жылжымалы
кеңейтімге қосулы немесе қосылған болса ғана көрсетіледі.
Мәзір > Параметрлер > Кеңейту пәрменін таңдаңыз. Кеңейтімді және оған
байланысты параметрді таңдаңыз.
Конфигурация
Құрылғыға кейбір қызметтерге қажет параметрлерді орнату мүмкін. Бұл
параметрлерді сізге қызмет ұсынушы да жібере алады.
Мәзір > Параметрлер және Конфигурация опцияларын таңдаңыз.
Мына жерден таңдаңыз:
Page 23
Оператор мәзірі23
Станд. конфиг. параметрлер — Құрылғыда сақталған қызмет ұсынушыларды
көру және әдепкі қызмет ұсынушыны белгілеу.
Бар-қ қолдб. стд. парам. іске қос — Қолдау көрсетілетін бағдарламалар үшін
әдепкі конфигурациялық параметрлерді қосу
Ең тәуір ену нүктесі — Сақталған қатынас нүктелерін көру.
Жеке конфиг. параметрлер — Түрлі қызметтер үшін жаңа жеке жазбаларды қосу
және оларды белсендіру немесе жою. Жаңа жеке жазбаны қосу үшін Жаңа
немесе Опц-р > Жаңасын қосу пәрменін таңдаңыз. Қызмет түрін таңдап, қажетті
параметрлерді енгізіңіз. Жеке жазбаны белсендіру үшін оған барыңыз және Опц-
р > Қосу пәрменін таңдаңыз.
Зауыт параметрлерін қалпына келтіру
Телефонның зауыттық параметрлерін қалпына келтіру үшін Мәзір >
Параметрлер > Зауыт бапт. қайтару пәрменін және келесі параметрлерден
таңдаңыз:
Тек парамет-рді орнына келтіру — барлық таңдалған параметрлерді жеке
деректерді жоймай қайта қосу
Бәрін орнына келтіру — барлық таңдалған параметрлерді қайта қосу және
барлық жеке деректерді жою, мысалы, контактілер, хабарлар, мультимедиа
файлдары және белсендіру кілттері
Оператор мәзірі
Желі операторыңыз қамтамасыз ететін қызметтерді пайдалану үшін порталға
кіріңіз. Қосымша ақпарат алу үшін желі операторына хабарласыңыз. Қызметтік
хабармен оператор бұл мәзірді жаңарта алады.
Галерея
Сіздің телефоныңыз алынған мазмұнды қорғау үшін сандық құқықтарды басқару
(DRM) жүйесін қолдайды. Мазмұнды алудан бұрын, әрқашан кез келген
мазмұнның жеткізілім шарттары мен белсендіру кілтін тексеріңіз, себебі ол үшін
ақы төлеу қажет болуы мүмкін.
Сандық құқықтарды басқару
Бөлік иелері зияткерлік байлықтарын, оның ішіндегі авторлық құқықтарын қорғау
үшін сандық құқықтарды басқару технологияларының барлық түрін қолдана
алады. Бұл құрылғының СҚБ қорғалған бөлігін алу үшін СҚБ барлық түрі н қ олда ну
керек. Осы құрылғымен WMDRM 10, OMA DRM 1.0, OMA DRM 1.0 алдыңғы құлып
және OMA DRM 2.0 қорғалған мазмұнға қол жеткізе аласыз. Егер сандық
құқықтарды басқару бағдарламасы бөліктерді қорғай алмаса, бөліктің иелері
сандық құқықтарды басқару бағдарламасының жаңа сандық құқықтарды
басқарудың қорғалған үлесінің төмендеуін алуы жайында сұрауы мүмкін. Күшін
жою сіздің құрылғыңыздағы сандық құқықтарды басқарудың қорғалған үлесінің
Page 24
24Медиа
қайта жөндеуіне кедергі болуы мүмкін. СҚБ бағдарламаларының күшін жою СҚБ
басқа түрлері немесе СҚБ емес бағдарламалар арқылы қорғалған үлес
қолданысына әсерін тигізбейді.
Сандық құқықтарды басқарудың қорғалған үлестері сіздің өз үлесіңізді қолдану
құқықтарын анықтайтын іске асыру кілтінен тұрады.
Еге р с із ді ң қ ұр ыл ғы ңы зд ың OM A DRM қ ор ға лғ ан ма зм ұн ы б ол са , і ске қосу кілттері
мен мазмұнын көшіру үшін Nokia PC Suite сақтық көшірме мүмкіндігін
пайдаланыңыз.
Егер құрылғыңызда WMDRM арқылы қорғалған мазмұн бар болса,
құрылғыңыздың жадысы пішімделген кезде, белсендіру кілті мен мазмұны
жоғалып кетеді. Егер сіздің құрылғыңыздағы файлдар бұзылған болса, сіз іске
қосу кілті мен үлесті жоғалтып алуыңыз мүмкін. Іске қосу кілтін және үлесті
жоғалту сіздің құрылғыңызда ұқсас үлесті қолдану қабілетін шектейді. Көбірек
мәлімет алу үшін қызмет көрсетушіңізбен байланысыңыз.
Қалталарды қарап шығу үшін Мәзір > Галерея пәрменін таңдаңыз.
Медиа
Камера және бейне
Құрылғыңыз 480x640 пиксел пиксель ажыратымдылығын қолдайды.
Сурет түсіруді тездету үшін, жад картасы салынбаған кезде камераны төмен
ажыратымдылықпен пайдаланыңыз.
Суретке түсіру
Фотосурет функциясын пайдалану үшін Мәзір > Медиа > Камера опциясын
таңдаңыз немесе, бейне функциясы қосылған болса, солға немесе оңға
жылжыңыз. Кескінді түсіріп алу үшін Іліп алу пәрменін таңдаңыз.
Камера режимінде жақындату немесе алыстату үшін, жоғарыға немесе төменге
жылжыңыз.
Автотаймерді қосу немесе суреттерді жылдам кезектілікпен түсіру үшін, Опц-р
пәрменін және керекті опцияны таңдаңыз.
Сурет сапасын, сурет ажыратылымдығын немесе қарап алу уақытын орнату үшін
Опц-р > Параметрлер параметрін таңдаңыз.
Page 25
Медиа25
Бейне клип түсіру
Бейне функциясын пайдалану үшін Мәзір > Медиа > Бейне пәрменін таңдаңыз.
Бейне клип түсіруді бастау үшін, Жазу пәрменін таңдаңыз.
Жазған кезде төмен сапалы бейнені уақытты ұзарту үшін жазуға болады. Сапа
параметрлерін өзгерту және бейне клиптің барынша көп уақытын қою үшін
Мәзір > Медиа > Камера > Опц-р > Параметрлер > Бейне клип сапасы немесе
Бейне клип ұзындығы пәрменін таңдаңыз.
FM радиосы
FM радиосы сымсыз құрылғы антеннасынан басқа антеннаға байланысты. FM
радиосының дұрыс қызмет жасауы үшін құрылғыға сәйкес келетін құлаққапты
немесе қосымша құрылғыны бекіту керек.
Ескерту
Үнемі аса көтеріңкі деңгейдегі дыбысты тыңдау есту қабілетіңізге нұқсан келтіруі
мүмкін. Әуенді орташа деңгейде тыңдап, дауысзорайтқышты пайдаланғанда
құрылғыны құлағыңызға жақын ұстамаңыз.
Мәзір > Медиа > Радио пәрменін таңдаңыз немесе күту күйінде * түймешігін
басып тұрыңыз.
Көрші радио станцияны іздеу
Жылжыту пернесін солға немесе оңға қарай басып ұстап тұрыңыз.
Станцияны сақтау
Қажетті станцияны іздеп тауып, Опц-р > Станц-ы сақтау таңдаңыз.
Сақталған станцияларды өзгертіп қосу
Станцияларды кезек қосу үшін солға немесе оңға жылжытыңыз, немесе қажетті
станция сақталған нөмір пернесін басыңыз.
Дыбыс деңгейін дұрыстау
Жоғары немесе төмен жылжытыңыз.
Музыка ойнатқышты қосалқы күйде ойнату
Аяқтау пернесін басыңыз.
Радионы жабу
Аяқтау пернесін басып ұстап тұрыңыз.
Page 26
26Медиа
Дыбыс жазу құрылғысы
Дыбыс жазуды бастау үшін Мәзір > Медиа > Диктофон пәрменін таңдап,
дисплейдегі виртуалдық жазу түймешігін басыңыз.
Ең соңғы жазбаны тыңдау үшін Опц-р > Соңғы клп ойнат пәрменін таңдаңыз.
Соңғы жазбаны мультимедиалық хабар арқылы жіберу үшін Опц-р > Соңғы клп
жібер пәрменін таңдаңыз.
Музыка ойнатқышы
Сіздің телефоныңызда музыка тыңдау үшін,немесе басқа MP3 не AAC дыбыс
файлдарын тыңдауға мүмкіндік беретін музыка ойнатқышы бар.
Ескерту
Үнемі аса көтеріңкі деңгейдегі дыбысты тыңдау есту қабілетіңізге нұқсан келтіруі
мүмкін. Әуенді орташа деңгейде тыңдап, дауысзорайтқышты пайдаланғанда
құрылғыны құлағыңызға жақын ұстамаңыз.
таңдаңыз Мәзір > Медиа > Плейер.
Ойнатуды бастау немесе кідірту
Жылжыту пернесін басыңыз.
Ағымдағы әннің басына өту
Солға жылжытыңыз.
Алдыңғы әнге өту
Солға екі рет жылжытыңыз.
Келесі әнге өту
Оңға жылжытыңыз.
Ағымдағы әнді артқа айналдыру
Жылжыту пернесін солға қарай басып ұстап тұрыңыз.
Ағымдағы әнді жылдам алға айналдыру
Жылжыту пернесін оңға қарай басып ұстап тұрыңыз.
Дыбыс деңгейін дұрыстау
Жоғары немесе төмен жылжытыңыз.
Музыка ойнатқыштың дыбысын өшіру немесе қосу
# пернесін басыңыз.
Page 27
Бағдарламалар27
Музыка ойнатқышты қосалқы күйде ойнату
Аяқтау пернесін басыңыз.
Музыка ойнатқышты тоқтату
Аяқтау пернесін басып ұстап тұрыңыз.
Бағдарламалар
Телефоныңыздың бағдарламалық жасақтамасында осы Nokia телефоны үшін
арнайы жасалған кейбір ойындар мен Java бағдарламалары болуы мүмкін.
Мәзір > Қолданба-р таңдаңыз.
Ойынды немесе бағдарламаны іске қосу үшін Ойындар немесе Топтама п әр ме ні н
таңдаңыз. Ойынға немесе бағдарламаға барыңыз және Ашу пәрменін таңдаңыз.
Ойын мен бағдарлама орнату үшін пайдалануға болатын жад көлемін көру үшін
Опц-р > Жад жағдайы пәрменін таңдаңыз.
Ойынды немесе бағдарламаны қотару үшін Опц-р > Жүктеу > Ойын жүктеу
немесе Қолдб. жүктеу пәрменін таңдаңыз. Сіздің телефоныңыз J2ME™ Java
бағдарламаларын қолдайды. Бағдарламаны қотарудан бұрын оның
телефоныңызбен сыйысымды екендігіне көз жеткізіңіз.
Маңызды: Symbian Signed бағдарламалар сияқты сенімді жерлердің
бағдарламалары мен басқа бағдарламалық құралдарын ғана орнатыңыз жән
пайдаланыңыз немесе Java Verified™ сынағынан өткізіңіз.
Қотарылған бағдарламаларды сақтау үшін Галерея пайдалануға болады, ал
Қолданба-р пайдаланылмайды.
Органайзер
Қоңыраулы сағат
Мәзір > Органайзер > Оятқыш пәрменін таңдаңыз.
Дабылды қосу немесе ажырату үшін Дабыл: пәрменін таңдаңыз.
Дабыл уақытын орнату үшін Оятар уақыты: пәрменін таңдаңыз.
Телефонды аптаның көрсетілген күндерінде дабыл беретін етіп қою үшін
Қайталау: пәрменін таңдаңыз.
Дабыл үнін таңдау немесе арнайы үнді орнату үшін Дабыл үні:пәрменін таңдаңыз.
Дабылды қайталау уақытын орнату үшін Қайт-у уақыты: пәрменін таңдаңыз.
Page 28
28Веб немесе Интернет
Дабылды тоқтату үшін Тоқтат пәрменін таңдаңыз. Егер сіз телефон дабылын
жалғастыруды бір минутқа қойсаңыз немесе Қайтал. пәрменін таңдасаңыз,
дабыл көрсетілген уақытқа тоқтап, кейін тағы жалғасады.
Күнтізбе және жұмыстар тізімі
Мәзір > Органайзер > Күнтізбе таңдаңыз. Ағымдағы күн бөлектенеді. Егер күнге
арналған жазбалар болса, сол күн қалың қаріппен беріледі.
Күнтізбе жазбасын енгізу үшін күнге барып, Опц-р > Ескертпе жазу пәрменін
таңдаңыз.
Күннің жазбаларын қарап шығу үшін Көру пәрменін таңдаңыз. Күн тізбедегі
барлық жазбаларды өшіру үшін, Опц-р > Жазба-рды жою > Барл. жазба-рды
таңдаңыз.
Жұмыстар тізімін көру үшін Мәзір > Органайзер > Ескерту пәрменін таңдаңыз.
Жұмыстар тізімі көрсетіледі және басымдылық бойынша іріктеледі. Жазбаны
қосу, жою немесе жіберу үшін, жазбаны орындалды деп белгілеу үшін немесе
жұмыстар тізімін соңғы мерзімі бойынша іріктеу үшін Опц-р пәрменін таңдаңыз.
Веб немесе Интернет
Телефоныңыздың шолғышын пайдаланып, әр түрлі интернет қызметтерін
пайдалана аласыз. Веб-беттердің көрінісі экран өлшеміне байланысты әр түрлі
болуы мүмкін. Сіз веб-беттегі барлық егжей-тегжейлерді көре алмауыңыз мүмкін.
Телефоныңызға байланысты интернет шолғыш функция мәзірде веб немесе
интернет ретінде көрсетілуі мүмкін, оны бұдан былай веб деп атаймыз.
Маңызды: Сенімді қызметтерді пайдаланыңыз және зиянды бағдарламаларға
қарсы қауіпсіздік пен қорғаныш шешімдерін қолданыңыз.
Бұл қызметтердің қатынаулы екендігін, бағасын және нұсқауларын қызмет
ұсынушыдан сұраңыз.
Шолуға қажет болатын конфигурациялық параметрлерді конфигурациялық хабар
ретінде қызмет ұсынушыдан ала аласыз.
Интернет қызметіне байланыс.
Қызметке қосылу үшін Мәзір > Веб > Үй пәрменін таңдаңыз; немесе күту күйінде
0 түймешігін басып тұрыңыз.
Қызметке қосылғаннан кейін оның беттерін шолуды бастауға болады.
Қызметтерге байланысты телефон түймешіктерінің функциялары өзгеруі мүмкін.
Page 29
SIM қызметтері29
Телефон дисплейіндегі мәтіндік нұсқауларды орындаңыз. Қосымша ақпарат алу
үшін қызмет ұсынушыңызға хабарласыңыз.
SIM қызметтері
Сіздің SIM картаңыз қосымша қызметтерді қамтамасыз ете алады. SIM картаңыз
қолдаған жағдайда ғана сіз бұл мәзірге қол жеткізе аласыз. Мәзірдің атауы мен
мазмұны бар қызметтерге байланысты болады.
Қоршаған ортаны қорғауға қатысты кеңестер
Мұнда қоршаған ортаны қорғауға үлес қосу бойынша кеңестер беріледі.
Қуатты үнемдеу
Батареяны толық зарядтап, зарядтағышты құрылғыдан ажыратқанда,
зарядтағышты қабырға розеткасынан да ажыратуды ұмытпаңыз.
Келесі әрекеттерді орындасаңыз, батареяны жиі зарядтаудың қажеті жоқ.
•Қолданбаларды, қызметтерді және қосылымдарды пайдаланбаған кезде
оларды жабыңыз немесе сөндіріңіз.
•Экранның жарықтығын азайтыңыз.
•Егер құрылғыда қуатты үнемдеу режимі бар болса, оны кішкене жұмыссыз
тұрғаннан кейін қуатты үнемдеу режиміне өтетіндей етіп қойыңыз.
•Пернетақта үні сияқты керексіз дыбыстарды өшіріп тастаңыз. Құрылғының
дыбыс деңгейін орташа деңгейге қойыңыз.
Қайта өңдеу
Ескі құрылғыны қайта өңдеу есіңізде ме? Nokia телефонындағы материалдың
65-80% қайта өңделеді. Пайдаланылған электрондық өнімдерді, батареяларды
және орау материалдарын әрқашан арнайы жинайтын жерге өткізіңіз. Осылайша
қалдықтың бақылаудан тыс тасталуын болдырмауға және материалдардың
қайта өңделуіне көмектесесіз. Nokia өнімдерінің қайта өңделуін www.nokia.com/
werecycle немесе www.nokia.mobi/werecycle торабынан қараңыз.
Орамалар мен нұсқаулық қағаздарын жергілікті қайта өңдеу схемасы бойынша
қайта өңдеуіңізге болады.
Қосымша мәліметтер
Құрылғының қоршаған ортаға қатысты сипаттары туралы қосымша ақпарат алу
үшін www.nokia.com/ecodeclaration торабын қараңыз.
Page 30
30Өнім және қауіпсіздік туралы ақпарат
Өнім және қауіпсіздік туралы ақпарат
Керек-жарақтар
Ескерту
Тек Nokia компаниясы нақ осы құрылғымен пайдалануға рұқсат еткен батареяларды, зарядтағыштарды және көмекші
құралдарды ғана пайдаланыңыз. Басқа түрлерін пайдалану кез келген рұқсаттар мен кепілдіктердің күшін жоюы және
қауіпті болуы мүмкін. Белгілі бір жағдайларда рұқсат етілмеген зарядтағыштарды немесе батареяны пайдалану өрттің,
жарылыстың немесе батареяның ағып кетуіне алып келуі немесе басқа қауіп төндіруі мүмкін.
Рұқсат етілген қосымша аспаптарға бар-жоқтығын білу үшін дилеріңізбен хабарласуды сұраймыз. Кез келген қосымша
аспаптың қуат сымын ажыратқаныңызда, сымнан емес, ашаның өзін ұстап, тартыңыз.
Батарея
Батарея мен зарядтағыш туралы ақпарат
Құрылғыңыз зарядталатын батареядан қуат алады. BL-4C осы құрылғымен пайдаланатын батарея. Nokia бұл құрылғы
үшін қосымша батарея түрлерін шығаруы мүмкін. Бұл құрылғы келесі зарядтағыштан қуат алу кезінде пайдалануға
арналған: AC-3. Нақты зарядтағыш моделінің нөмірі ашаның түріне қарай әр түрлі болады. Аша нұсқасы
төмендегілердің біреуімен анықталады: E, EB, X, AR, U, A, C, K немесе UB. арасынан болуы мүмкін. арасынан болуы
мүмкін. арасынан болуы мүмкін.
Батарея жүздеген мәрте зарядталып, зарядсыздандырылуына болады, дегенмен, нәтижесінде тозады. Сөйлесу және
күту режимдері көрсетілген қалыпты уақыттан қысқарғанда, батареяны ауыстырыңыз. Тек Nokia компаниясымен
рұқсат етілген батареяларды ғана пайдаланып, батареяңызды Nokia компаниясымен рұқсат етілген және осы
құрылғыға арналған зарядтағышпен ғана зарядтаңыз.
Батарея бірінші рет пайдаланылған болса немесе батарея ұзақ уақыт пайдаланылмаған жағдайда оны зарядтау үшін
зарядтағышты қосып, ажыратып, қайта қосуды қажет етуі мүмкін. Егер батарея заряды толық біткен болса, дисплейде
зарядтау көрсеткіші жанғанша немесе қоңырау шалу мүмкін болғанша бірнеше минут қажет болады.
Қауіпсіз шығарып алу. Батареяны шешіп аларда әрқашан құрылғыны өшіріп, зарядтағышты ажыратыңыз.
Дұрыстап зарядтау. Пайдаланылмаған жағдайларда зарядтағышты розетка мен құрылғыдан ажыратып қойыңыз.
Толық зарядталған батареяны зарядтағышқа қосулы күйде қалдырмаңыз, себебі асыра зарядтау оның қызмет
мерзімін қысқартады. Егер пайдаланусыз қалса, зарядталған батарея уақыт өтісімен өзінің зарядын жоғалтады.
Шамадан тыс температураларда қалуына жол бермеңіз. Батареяны дайым 15°C мен 25°C (59°F мен 77°F)
температура аралығында сақтаңыз. Шамадан тыс температура батареяның сыйымдылығын азайтып, қызмет мерзімін
қысқартады. Батареясы ысып кеткен немесе суынған құрылғы уақытша жұмыс істемей қалуы мүмкін. Батареяның
қызметі қату температурасынан төмен жағдайда ішінара шектеледі.
Қысқа тұйықтап алмаңыз. Қысқа тұйықталу тиын, қағаз қысытрғыш немесе қаламсап сияқты металл нысан батареяның
оң (+) және теріс (-) полюстерінің қосылуын тудырған кезде кездейсоқ орын алуы мүмкін. (Олар батареядағы металл
жолақшалары сияқты көрінеді). Бұл, мысалы, қалтаңызда немесе әмияныңызда қосымша батарея болғанда орын
алуы мүмкін. Терминалдардағы қысқа тұйықталу батареяны немесе байланыстырғыш затты бүлдіруі мүмкін.
Қоқысқа тастау. Батареяларды отқа тастамаңыз, себебі олардың жарылуы мүмкін. Батареяларды жергілікті құзырлы
органдардың ережелеріне сәйкес пайдаланыңыз. Мүмкін болған жағдайда қайта пайдалануға жаратыңыз. Тұрмыстық
қалдық түрінде қоқысқа тастамаңыз.
Батарея сұйықтының ағуы. Батареяларды немесе ұяшықтарын аршымаңыз, кеспеңіз, ашпаңыз, қыспаңыз,
майыстырмаңыз, теспеңіз немесе майдаламаңыз. Батарея ағып кеткен жағдайда, батареяның сұйықтығын теріге
немесе көзге тигізіп алмаңыз. Осындай жағдай орын алғанда, тиген жерді бірден сумен жуыңыз немесе медициналық
көмек алыңыз.
Зақымдау. Батареяның түрін өзгертпеңіз, қайта жасамаңыз, басқа заттарды оның ішіне салуға талпынбаңыз немесе
оны суға немесе басқа сұйықтықтарға батырмаңыз немесе салмаңыз. Батареялар бүлінгенде жарылуы мүмкін.
Page 31
Өнім және қауіпсіздік туралы ақпарат31
Дұрыс пайдалану. Батареяны тек арнайы мақсаттарға сай пайдаланыңыз. Батареяны дұрыс пайдаланбау өрттің,
жарылыстың немесе басқа қауіптің пайда болуына алып келуі мүмкін. Егер құрылғы немесе батарея түсіп кетсе,
әсіресе қатты жерге түсіп, сіз батареяның бүлінгеніне сенімді болсаңыз, оны пайдаланар алдында тексерту үшін
қызмет көрсету орталығына алып барыңыз. Ешқашан зақымданған зарядтағышты немесе батареяны пайдаланбаңыз.
Батареяңызды кішкентай балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
Nokia батареясының шынайылығын растау жөніндегі нұсқаулары
Қауіпсіздік мақсатында әрқашан Nokia корпорациясы өзі шығарған аккумуляторларды пайдаланыңыз. Фирмалық Nokia
батареясын алып жатқаныңызға сенімді болу үшін, оны Nokia компаниясының уәкілетте қызмет көрсету орталығынан
немесе дилерінен сатып алыңыз және голографиялық этикетканы келесі қадамдарды жасап тексеріңіз:
Голограмма шынайылығын растау
1Этикеткадағы голограмманы тексерген кезде оның бір бұрышынан қарағанда Nokia корпорациясының қол алысу
белгісін, ал екінші бұрышынан қарағанда «Nokia Original Enhancements» логотипін көруге тиіссіз.
2Сіз голограмманы солға, оңға, төмен және жоғары қисайтқан кезде әрбір бұрышынан сәйкесінше 1,2,3, және 4
нүктесін көруге тиіссіз.
Осы қадамдарды сәтті аяқталса да, батарея фирмалық екен деп сеніммен айтуға болмайды. Егер сіз шынайылығын
растай алмасаңыз немесе Nokia батареясын жапсырмасындағы голограммасымен бірге шынайы Nokia батареясы
емес екеніне сенуге қандай да бір себеп болса, оны пайдаланудан тартынып, көмек алу үшін оны жергілікті Nokia
өкілетті қызмет көрсету орталығына немесе дилеріне алып бару керек.
Түпнұсқа Nokia батареялары жөнінде қосымша мәлімет алу үшін, www.nokia.com/battery торабына барыңыз.
Құрылғыға күтім жасау
Сіздің құрылғыңыз дизайны мен шеберлілігі жоғары өнім болып табылатындықтан, оны ұқыпты пайдалану керек.
Төмендегі ұсыныстар кепілдігіңіз күшін сақтауға көмектеседі.
•Құрылғыны су тигізбеңіз. Жауын-шашынның, ылғалдың және сұйықтардың құрамында электрондық тізбектердің
тот басуына себепші болатын минералдар болуы мүмкін. Егер сіздің құрылғыңыз дымқылданып кетсе,
батареяны алып, оны орнына салардың алдында құрылғыны әбден құрғатыңыз.
•Құрылғыны шаң, лас жерлерде пайдаланбаңыз. Оның ауыстырмалы бөліктері мен электрондық бөлшектерінің
зақымдануы мүмкін.
•Құрылғыны жоғары немесе суық температурада ұстамаңыз. Жоғары температура электрондық құрылғылардың
қызмет ету қысқартып, батареяларды зақымдауы және пластикалық бөліктерінің қалпын бұзуы немесе балқытып
Page 32
32Өнім және қауіпсіздік туралы ақпарат
жіберуі мүмкін. Құрылғы суық температурадан қалыпты температураға келгенде, оның ішінде ылғал пайда
болып, электрондық тізбек тақталарын зақымдауы мүмкін.
•Құрылғының осы нұсқаулықта көрсетілгеннен басқа жолдармен ашуға әрекеттенбеңіз.
•Құрылғыны лақтырушы, соғушы немесе шайқаушы болмаңыз. Өрескел пайдаланудан ішкі тізбек тақталары мен
жұқа механизмдердің зақымдануы мүмкін.
•Күшті химиялық заттарды, тазалағыш ерітінділерді немесе күшті жуу құралдарын құрылғыны тазалауға
пайдаланбаңыз. Құрылғының бетін тазалау үшін тек жұмсақ, таза, құрғақ шүберекті пайдаланыңыз.
•Құрылғыны боямаңыз. Бояу қозғалатын бөлшектерінің қозғалысын қиындатып, дұрыс жұмыс істеуіне кедергі
келтіруі мүмкін.
•Тек қана жинақпен жеткізілген етілген немесе мақұлданған антеннаны пайдаланыңыз. Рұқсат берілмеген
антенналар, түрлендірулер немесе көмекші құралдар құрылғыны зақымдап, радио құрылғыларды реттейтін
ережелерді бұзуы мүмкін.
•Зарядтағыштарды бөлмеде пайдаланыңыз.
•Контактілер және күнтізбе жазбалары сияқты сақтағыңыз келген деректердің барлығының сақтық көшірмесін
жасаңыз.
•Құрылғы жақсы жұмыс істеуі үшін уақытылы мезгіл-мезгіл бастапқы қалпына келтіру мақсатымен оны өшіріп,
батареяны алыңыз.
Бұл ұсыныстар құрылғыңызға, батареяңызға, зарядтағышыңызға немесе кез келген қосымша аспапқа бірдей
қолданылады.
Қайта пайдалану
Әрдайым пайдаланылған электрондық бұйымдарды, батареяларды және орауыш материалдарды арнаулы жинау
орнына өткізіңіз. Осылайша сіз қалдықтың қараусыз тасталуына жол бермей, материалдардың қайта пайдаланылуына
көмектесесіз. Өнім туралы қоршаған ортаға қатысты ақпаратты және Nokia өнімдерін қайтадан қалай пайдалану
керектігін www.nokia.com/werecycle немесе nokia.mobi/werecycle сайтынан қарап алыңыз.
Бұйымдағы қиылысқан сызығы бар дөңгелекшелі кәрзеңке белгісі, нұсқаулық немесе орауыш барлық электр және
электрондық бұйымдардың, батареялардың және аккумулятордың жұмыс мерзімі біткеннен кейін бөлек жиналуы
керек екенін есіңізге салады. Бұл талап Еуропалық Одақта қолданылады. Бұл бұйымдарды сұрыпталмаған қалалық
қоқысқа тастамаңыз. Қоршаған орта туралы қосымша ақпарат алу үшін www.nokia.com/environment сайтынан
бұйымның экологиялық декларациясын қараңыз.
Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат
Бұл құрылғының бетінде никель жоқ.
Кішкентай балалар
Құрылғыңыздың және оның қосымша аспаптарының кішкентай бөліктері болуы мүмкін. Оларды кішкентай балалардан
аулақ ұстаңыз.
Жұмыс істеу ортасы
Құрылғы не құлақтан қалыпты пайдалану жағдайдайында ұсталған немесе денеден 1,5 сантиметр (5/8
дюйм)қашықтықта ұстағанда РЖ қолдану нұсқауларына сай жұмыс істейді. Тасымалдау үшін қобдиша, белдік қалтасы
немесе ұстағыш адам өзімен бірге алып жүру үшін қолданылады, олардың құрамында метал болмауы тиіс және
құрылғыны денеңізден жоғарыда көрсетілген қашықтықта ұстаңыз.
Деректер файлы мен хабарларды жіберу үшін желіге байланыс орнатылуы керек. Кейбір жағдайларда деректер
файлдары мен хабарларды жіберу бұл байланыс орнатылғанға дейін кешігуі мүмкін. Жіберілім аяқталғанға дейін
аралық қашықтық нұсқауларын қадағалаңыз.
Құрылғының бөліктері магнитті болып келеді. Металл заттар құрылғығы тартылуы мүмкін. Несие карточкасы немесе
басқа да магнитті құралдарды жақын ұстамаңыз, себебі ондағы сақталған ақпарат өшірілуі мүмкін.
Page 33
Өнім және қауіпсіздік туралы ақпарат33
Медициналық құрылғылар
Радио хабар тарату құралдарының, соның ішінде, сымсыз телефонның да жұмысы сәйкес түрде қорғалмаған
медициналық құрылғылардың қызметтеріне кедергі келтіруі мүмкін. Сыртқы РЖ энергиядан сәйкес түрде
қорғалғандығын білу үшін немесе осы мәселе жайында сізде қандай да бір сұрақ туындаса, дәрігер немесе құрылғыны
өндірушімен хабарласыңыз. Егер денсаулық сақтау мекемелерінде ескерту нұсқаулары болса, құрылғыңызды өшіріп
қойыңыз. Ауруханалар мен денсаулық сақтау мекемелерінде сыртқы РЖ энергиясына сезгіш құралдар пайдаланылуы
мүмкін.
Алмастырылған медициналық құрылғылар
Медициналық құрылғыларға кедергі болмауы үшін медициналық құрылғыларды өндірушілер сымсыз құрылғы мен
алмастырылған медициналық құрылғылар, мысалы, жүрек жұмысының электронды стимуляторы немесе электрошок
кардиостимуляторы дефибриллятор арасындағы қашықтық 15,3 сантиметрді (6 дюйм) құрауы тиіс деген кеңес береді.
Мұндай құрылғыларға ие адамдар төмендегілерді орындауы тиіс:
•Сымсыз құрылғы қосулы кезде оны медициналық құрылғыдан 15,3 сантиметр (6 дюйм) алшақ ұстау қажет.
•Сымсыз құрылғыны төс қалтаға салып жүрмеу керек.
•Кедергі күшін барынша азайту үшін сымсыз құрылғыны құлаққа таяу, медициналық құрылғыға қарама-қарсы
ұстау қажет.
•Егер кедергі барынан күманданған жағдайда сымсыз құрылғыны бірден өшіру қажет.
•Алмастырылған медициналық құрылғыны өндірушілердің нұсқауларын оқыңыз және қадағалаңыз:
Егер сізде алмастырылған медициналық құрылғыны сымсыз құрылғымен пайдалану жөнінде сұрақтарыңыз болса,
денсаулық сақтау орталығымен кеңесіңіз.
Есту құралдары
Кейбір сандық сымсыз құрылғылар кейде есту аппараттарына кедергі келтіруі мүмкін. Егер кедергілер пайда болса,
қызмет көрсетуішіңізбен хабарласыңыз.
Көлік құралдары
РЖ сигналдар двигателі бар көліктердің дұрыс емес орнатылған немесе сәйкес түрде қорғалмаған электрондық
жүйесіне, мысалы электрондық жанармай бүрку жүйесіне, электрондық сыналасуға қарсы тежеуіш жүйесіне,
электрондық жылдамдықты бақылау жүйесіне және қауіпсіздік жастықшасы жүйесіне, әсер етуі мүмкін. Көбірек мәлімет
алу үшін, көлігіңіздің немесе оған қосылған кез келген жабдықтың өндірушісіне немесе оның өкіліне байланысыңыз.
Бұл құрылғыға қызмет көрсетуді немесе оны көлікке орнатуды тек маманданған қызметкерлер істеуі тиіс. Дұрыс емес
орнату немесе қызмет көрсету қауіпті болуы және бұл құрылғыға берілетін кез келген кепілдікті жарамсыз етуі мүмкін.
Көлігіңіздегі барлық сымсыз құрылғылардың дұрыс бекітілгенін және жұмыс істеп тұрғанын тұрақты тексеріп
отырыңыз. Оңай тұтанатын сұйықтықтарды, газдарды немесе жарылғыш заттарды құрылғымен, оның бөліктерімен
немесе қосымша аспаптарымен бір бөлімде сақтамаңыз. Қауіпсіздік жастықшаларымен жабдықталған көліктер үшін,
қауіпсіздік жастықшаларының үлкен күшпен ауаға толатынын ойыңызда сақтаңыз. Қауіпсіздік жастықшасының
астындағы аймаққа немесе қауіпсіздік жастықшасының ашылу аймағына заттарды, орнатылған немесе жылжымалы
сымсыз жабдықты қоса, қоймаңыз. Егер көлік ішіндегі сымсыз жабдық дұрыс емес орнатылған болса және қауіпсіздік
жастықшасы ауаға толса, нәтижесінде ауыр жарақат алуыңыз мүмкін.
Құрылғыңызды ұшақпен ұшқанда пайдалануға тыйым салынған. Ұшаққа көтерілмей тұрып құрылғыңызды өшіріңіз.
Сымсыз құрылғыларды ұшақтың ішінде пайдалану ұшақтың жұмысы үшін қауіпті болуы, сымсыз телефон жүйесін үзуі
және заңға қайшы болуы мүмкін.
Жарылу қаупі бар орталар
Кез келген жарылу мүмкіндігі бар атмосфералы аймақта құрылғыны сөндіріп, барлық белгілер мен нұсқауларды
сақтаңыз. Жарылу мүмкіндігі бар орталарға әдетте сіз көлік моторын сөндіруге кеңес берілетін аймақтар жатады.
Мұндай аймақта ұшқынның пайда болуы дене жарақатына немесе тіпті өлімге әкеп соғатын жарылысқа немесе өртке
себепші болуы мүмкін. Құрылғыны қызмет көрсету стансаларындағы бензин сорғыларының маңайы сияқты жанармай
құю орындарында сөндіріңіз. Отын қоймалары, оларды сақтау және тарату орындары, химиялық зауыттар немесе
жарылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан аймақтардағы радио жабдығын пайдалану туралы шектеулерді сақтаңыз.
Жарылу қаупі бар атмосфералы аймақтар жиі таңбаланады. Бірақ бұл таңбалар әрқашанда анық бола бермейді. Олар
қайықтардағы палубаның астыны, химиялық заттарды тасу немесе сақтау ғимараттарды және ауаның құрамында
Page 34
34Өнім және қауіпсіздік туралы ақпарат
химиялық заттар немесе дән, шаң немесе металл ұнтақтары сияқты бөлшектері бар аумақтарды өз ішіне алады
Олардың аймағында осы құрылғыны пайдалану қауіпсіз бе, жоқ па а нықтау үшін (пропан немесе бутан сияқты) мұнай
газдарды пайдаланатын көлік өндірушілерімен ақылдасуыңыз қажет.
Жедел қызметтерге телефон шалу
Маңызды: Бұл құ рылғы ради о сигн алдар ды, с ымсыз желіні, жердегі байланыс желісі және қолданушы бағдараламаға
салынған жетелерді пайдалана қызмет етеді. Егер құрылғыңыз интернет арқылы дауыс қоңырау шалуларды (интернет
қоңырау шалуларды) қолдаса, интернет және ұялы телефон қоңырау шалуларының екеуін де іске қосыңыз. Құрылғы,
екеуі де белсендірілген болса, жедел қоңырау шалуды ұялы желі арқылы да, интернет желісі арқылы да жүзеге
асыруға әрекет жасайды. Байланыстың барлық жағдайда жүзеге асырылатынына кепілдік берілмейді. Медициналық
шұғыл жағдайда байланыс орнату үшін тек сымсыз құрылғыға ғана сенуге болмайды.
Жедел телефон шалу үшін:
1Егер құрылғы өшірулі болса, оны қосыңыз. Сигналдың тиісті күші болуын тексеріңіз. Құрылғыға тәуелді бола
отырып, сіздің төмендегілерді орындауыңыз қажет:
•Егер құрылғы жарамды болса, оған SIM-картасын енгізіңіз.
•Егер құрылғыңызда белгілі бір қоңырау шалу шектеулері болса, оларды алып тастаңыз.
•Режимді дербес немесе ұшу режимі күйінен белсенді режиміне өзгертіңіз.
2Дисплейді тазарту үшін аяқтау пернесін басып, құрылғыны қоңырау шалуға дайындаңыз.
3Жергілікті аймақтағы ресми жедел жәрдем нөмірін енгізіңіз. Жедел жәрдем нөмірлері әр жерде әртүрлі болуы
мүмкін.
4Шақыру түймесін басыңыз.
Жедел қоңырау шалу кезінде барлық қажетті ақпаратты мүмкіндігінше мұқият беріңіз. Сіздің сымсыз құрылғыңыз оқиға
орнында тек байланыс құралы бола алады. Рұқсат берілгенге дейін қоңырау шалуыңызды аяқтамаңыз.
Куәландыру туралы ақпарат (ҮСД)
Құрылғы радио толқындарының әсері нұсқауларына сәйкес келеді.
Сіздің мобильді құрылғы радио хабаршысы және радио қабылдағыш ретінде де қолданылады. Ол халықаралық
нұсқаулармен бекітілген радио толқындар әсері шектеуінен шықпайтындай етіліп жасақталған. Бұл ережелер ICNIRP
тәуелсіз ғылыми ұйымымен жетілдіріліген және барлық адамдарды жасына және денсаулығына қарамастан қорғауға
кепілдік беру үшін дайындалған қауіпсіздік шараларын қамтиды.
Мобильді құрылғы нұсқаулары Үлестік сіңіру деңгейі немесе ҮСД өлшем бірлігін қолданылады. ICNIRP бекіткен ҮСД
шектеуі дененің 10 грамы үшін 2,0 ватт/килограмм (Вт/кг) құрайды. ҮСД үшін тексерулер барлық тексерілген жиілік
белдеулеріндегі жоғарғы рұқсат етілген қуатты құрылғыға стандартты жұмыс күйін қолданады. Жұмыс үстіндегі
құрылғының ҮСД көрсеткіші ең жоғарғы дыбыс деңгейінен төмен болуы мүмкін, себебі құрылғы желіге жететін ғана
қажетті қуатты пайдаланады. Бұл мөлшер бірнеше факторларға, мысалы сіздің желі негізі бекетіне қаншалықты жақын
орналастыруыңызға байланысты өзгереді.
ICNIRP нұсқаулары белгілеген құрылғыны құлаққа қолданудың ҮСД ең жоғарғы мәні - 0,66 Вт/кг.
Құрылғының қосымша аспаптарын қолдану нәтижесінде әртүрлі ҮСД мәндері шығады. ҮСД мәндері мемлекеттік есеп
беру және тексеру талаптарына және желі таралымына тәуелді. ҮСД бойынша қосымша мәліметті www.nokia.com
сайтындағы өнім туралы ақпарат ішінен алуыңызға болады.
Page 35
35
СӘЙКЕСТІК МӘЛІМДЕМЕСІ
Осымен, NOKIA CORPORATION осы RM-635 өнім
1999/5/EC директивасының негізгі талаптарына және
басқа да қатысты жайттарына сәйкес екендігін
мәлімдейді. Сәйкестік жөніндегі көшірмені http://
www.nokia.com/phones/declaration_of_conformity/
сайтынан таба аласыз.
Nokia, Nokia Connecting People және Navi - Nokia
Corporation ұйымының сауда белгілері немесе тіркелген
сауда белгілері. Nokia tune Nokia Corporation
корпорациясының дыбыстық белгісі болып табылады.
Осы құжатта көрсетілген басқа да өнімдер мен
компаниялардың атаулары тиісті меншік иелерінің сауда
белгілері немесе тауар атаулары болуы мүмкін.
Бұл құжат мазмұнының бір бөлігін немесе барлығын
Nokia корпорациясының алдын ала жазбаша
рұқсатынсыз қандай да бір жолмен қайта дайындауға,
үшінші тарапқа беруге, таратуға немесе сақтауға тыйым
салынады. Nokia корпорациясы үздіксіз дамыту
саясатын ұстанады. Nokia корпорациясы осы құжатта
сипатталған өнімдердің кез келгенін алдын ала
ескертусіз өзгертуге және жетілдіруге құқылы.
Includes RSA BSAFE cryptographic or security protocol
software from RSA Security.
Java is a trademark of Sun Microsystems, Inc.
Ескеріңіз: Тек бір ғана MРЕG-4 мәтіні. *Бұл өнім MРЕG-4
visual Patent Portfolio License бойынша (і) жеке және
коммерциялық емес қызметпен айналысатын тұтынушы
MРЕG-4 Visual Standard сәйкес кодталған ақпаратқа
байланысты жеке және коммерциялық емес мақсатта
пайдалануға (іі) лицензиялы бейне қызмет ұсынушысы
ұсынған MРЕG-4 бейнесін пайдалану үшін
лицензияландырылған. Кез-келген басқа жолмен
пайдалану үшін тікелей және жанама түрде ешбір
лицензия берілмейді. Жарнамалық, ішкі және
коммерциялық байланыстарды қоса алғанда, қосымша
ақпаратты MРЕG LA, LLC компаниясынан алуға
болады. http://www.mpegla.com сайтын қараңыз.
ЗАҢ БОЙЫНША NOKIА НЕМЕСЕ ОНЫҢ РҰҚСАТ
БЕРУШІЛЕРІ ҚАНДАЙ ДА БІР ЖАҒДАЙ БОЛМАСЫН
МӘЛІМЕТТЕР ЖОЙЫЛУЫНА НЕМЕСЕ ШЫҒЫНДАРҒА,
КЕЗ КЕЛГЕН АРНАЙЫ, ҚОСЫМША, СОҢҒЫ НЕМЕСЕ
ЖАНАМА ЖАСАЛЫНҒАН ЗАҚЫМДАРҒА ЖАУАП
БЕРМЕЙДІ.
БҰЛ ҚҰЖАТТЫҢ МАЗМҰНЫ "СОЛ КҮЙІНДЕ"
ҚҰРЫЛҒАН. ЗАҢ БОЙЫНША, КЕПІЛДЕМЕНІҢ КЕЗ
КЕЛГЕН ТҮРІ ШҰҒЫЛ НЕМЕСЕ НЕГІЗДЕЛГЕН, БІРАҚ
ШЕКТЕЛМЕГЕН ТАУАР ЖАРАМДЫЛЫҒЫНЫҢ
КЕПІЛДЕМЕЛЕРІ ЖӘНЕ БЕЛГІЛІ БІР МАҚСАТҚА
БАҒЫТТАЛҒАН ҚАБІЛЕТ ДӘЛДІЛІК, СЕНІМДІЛІК
НЕМЕСЕ ОСЫ ҚҰЖАТТЫҢ МАЗМҰНЫМЕН ТЫҒЫЗ
БАЙЛАНЫСТА ЖАСАЛҒАН. NOKIA КОМПАНИЯСЫ
ОСЫ ҚҰЖАТТЫ EШБІР АЛДЫН АЛА ЕСКЕРТУСІЗ
ҚАРАП ШЫҒУҒА НЕМЕСЕ БҰДАН БАС ТАРТУҒА
ҚҰҚЫЛЫ.
Белгілі өнімдерге және сұранымдарға, қызметтерге қол
жеткізу аймақтарға байланысты әр түрлі болады. Толық
мәліметтер мен тіл опцияларының бар-жоғын Nokiа
дилерінен сұрап алыңыз. Экспорттық бақылау. Бұл
құрылғы АҚШ және басқа елдерден заңдар мен
реттеушілерді экспорттайтын, сату тауарларын,
технологияны немесе бағдарламаны қамтамасыз ететін
пәннен тұрады. Заңды орындамай ауытқуға тыйым
салынған.
Құрылғыңызбен жеткізілетін үшінші тарап әзірлеген
бағдарламалар Nokia компаниясымен байланысты
немесе қатысты емес тұлғалар немесе ұйымдармен
әзірленіп, солардың иелігі болып табылуы мүмкін. Nokia
үшінші тараптармен әзірленген бағдарламалар
бойынша авторлық құқықтар немесе зияткерлік
жекеменшік құқықтарын иеленбейді. Іс жүзінде, Nokia
соңғы пайдаланушыны қолдау, бағдарламалардың
пайдаланымдылығы немесе сол бағдарламалар немесе
материалдар ақпараттарына жауапты емес. Nokia
үшінші тараптардың бағдарламаларына ешқандай
кепілдік бермейді. БАҒДАРЛАМАНЫ ПАЙДАЛАНУ
АРҚЫЛЫ СІЗ БАҒДАРЛАМАНЫҢ СОЛ КҮЙІНДЕ,
ЕШҚАНДАЙ НАҚТЫ НЕМЕСЕ БОЛЖАМДЫ
ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢДАРМЕН БАРЫНША РҰҚСАТ
ЕТІЛГЕН КЕПІЛДІКСІЗ ЖЕТКІЗІЛГЕНДІГІН
РАСТАЙСЫЗ. СОНЫМЕН ҚАТАР, СІЗ НЕ NOKIA
КОМПАНИЯСЫ, НЕ ОНЫҢ БАЙЛАНЫСТЫ ТҰЛҒАЛАРЫ
ЕШҚАНДАЙ НАҚТЫ НЕМЕСЕ БОЛЖАМДЫ
ТАНЫТУЛАРДЫ НЕМЕСЕ КЕПІЛДІКТЕРДІ, СОНЫҢ
ІШІНДЕ, БІРАҚ ОЛАРМЕН ШЕКТЕЛМЕЙ, ІШІНАРА
МАҚСАТТАРДАҒЫ АТАУЛАР, САТЫЛУ МҮМКІНДІГІ
НЕМЕСЕ ПІШІНІ БОЙЫНША, НЕМЕСЕ СОЛ
БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ҚАНДАЙ ДА БІР ҮШІНШІ
ТАРАПТЫҢ ПАТЕНТТЕРІНЕ, АВТОРЛЫҚ
ҚҰҚЫҚТАРЫНА, САУДА БЕЛГІЛЕРІНЕ НЕМЕСЕ
БАСҚАДАЙ ҚҰҚЫҚТАРЫНА ҚАЙШЫ КЕЛМЕЙТІНДІГІН
КЕПІЛДЕНДІРМЕЙТІНІН РАСТАЙСЫЗ.
FCC/КАНАДА ӨНЕРКӘСІПТІК ЕСКЕРТПЕСІ
Сіздің құрылғыңыз теледидар немесе радио
кедергілерін тудыруы мүмкін (мысалы, телефонды
Page 36
36
қабылдаушыға тым жақын пайдалану барысында).
Осындай кедергілер болғанда, FCC немесе Канада
өнеркәсіп ережелері сіздің телефонды қолдануды
тоқтатуыңызды сұрайды. Егер сізге қолдау керек болса,
тұрғылықты жеріңіздегі қызмет орталығымен
байланысыңыз. Бұл құрылғы FCC 15 бөліміне сәйкес.
Жұмыс жүйесі келесі екі жағдайдың нысаны болып
табылады: (1) бұл құрылғылар зиянды кедергілер
тудыруы мүмкін емес және (2) бұл құрылғы қабылданған
кедергілерді немесе жағымсыз жұмыс жүйесін туғызатын
кедергілерді тудыруы мүмкін. Nokiа кез келген
өзгерістердің немесе модификациялардың
тұтынушылардың жабдықты қолдануына нұқсан
келтіретінін анығымен дәлелдемеген.
/2-басылым KK
Page 37
Тақырыптар тізімі37
Тақырыптар тізімі
Таңбалар/Сандар
IM17
microSD картасы5
Nokia Care12
PIN коды11
SIM картасы5, 9
SIM картасы, шығарып алу5