Nokia 2630 User's Guide [kk]

Page 1
Nokia 2630 пайдалану жөніндегі нұсқаулығы
9203582
2-басылым KK
Page 2
СƏЙКЕСТІК ДЕКЛАРАЦИЯСЫ
NOKIA КОРПОРАЦИЯСЫ RM-298 өнімі 1995/5/ЕС нұсқауының маңызды талаптары мен басқа да тиісті ережелерінесай екендігін мəлімдейді. Сəйкестік декларациясының көшірмесін http://www.nokia.com/phones/declaration_of_conformity/ сайт бетінен табуға болады.
© 2007 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған. Nokia, Nokia Connecting People, X-press-on, Navi жəне Visual Radio Nokia
белгілері Nokia корпорациясының тауар таңбалары немесе тіркелген тауар таңбалары болып табылады. Nokia əуені Nokia корпорациясының дыбыстық белгісі болып табылады. Осы құжатта көрсетілген басқа өнімдер мен компаниялардың атаулары тиісті меншік иелерінің сауда белгілері немесе сауда атаулары болуы мүмкін.
Nokia корпорациясының алдын ала жазбаша рұқсатынсыз осы құжаттың ішіндегі ақпаратты ішінара немесе толықтай кез келген нысанда көшіріп басуға, үшінші тұлғаларға беруге, таратуға немесе сақтауға тыйым салынады.
US Patent No 5818437 and other pending patents. T9 text input software Copyright © 1997-2007. Tegic Communications, Inc. All rights reserved.
Includes RSA BSAFE cryptographic or security protocol software from RSA Security.
Java and all Java-based marks are trademarks or registered trademarks of Sun Microsystems, Inc.
This product is licensed under the MPEG-4 Visual Patent Portfolio License (i) for personal and noncommercial use in connection with information which
0434
Page 3
has been encoded in compliance with the MPEG-4 Visual Standard by a consumer engaged in a personal and noncommercial activity and (ii) for use in connection with MPEG-4 video provided by a licensed video provider. No license is granted or shall be implied for any other use. Additional information, including that related to promotional, internal, and commercial uses, may be obtained from MPEG LA, LLC. See http://www.mpegla.com.
Ескеріңіз: Тек бір ғана MРЕG-4 мəтіні. *Бұл өнім MРЕG4 visual Patent Portfolio License бойынша (і) жеке жəне коммерциялық емес қызметпен айналысатын тұтынушы MРЕG-4 Visual Standard сəйкес кодталған ақпаратқа байланысты жеке жəне коммерциялық емес мақсатта пайдалануға (іі) лицензиялы бейне қызмет ұсынушысы ұсынған MРЕG-4 бейнесін пайдалану үшін лицензияландырылған. Кез-келген басқа жолмен пайдалану үшін тікелей жəне жанама түрде ешбір лицензия берілмейді. Жарнамалық, ішкі жəне коммерциялық байланыстарды қоса алғанда, қосымша ақпаратты MРЕG LA, LLC компаниясынан алуға болады. http://www.mpegla.com сайтын қараңыз.
Nokia корпорациясы үздіксіз дамыту саясатын жүргізеді. Nokia корпорациясы осы құжатта көрсетілген кез келген өнімді алдын ала ескертусіз өзгерту мен жетілдіру құқығын өзіне сақтап қалады.
NOKIA КОРПОРАЦИЯСЫ МЕН ОНЫҢ ЛИЦЕНЗИАРЛАРЫ, ЗАҢ БОЙЫНША РҰҚСАТ БЕРІЛГЕН ДƏРЕЖЕДЕ, ҚАНДАЙ БІР СЕБЕПТЕН ТУЫНДАҒАНЫНА ҚАРАМАСТАН, ҚАНДАЙ ДА БІР ДЕРЕКТЕР МЕН ТАБЫСТАРДЫҢ ЖОҒАЛҒАНЫ ҮШІН НЕМЕСЕ ҚАСАҚАНА, КЕЗДЕЙСОҚ НЕМЕСЕ ЖАНАМА ЗАЛАЛДАР ҮШІН ЕШБІР ЖАҒДАЙДА ДА ЖАУАПКЕРШІЛІК КӨТЕРМЕЙДІ.
ОСЫ ҚҰЖАТТЫҢ МАЗМҰНЫ «СОЛ ҚАЛПЫНДА» ШАРТТАРЫМЕН БЕРІЛГЕН. ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢНАМАҒА СƏЙКЕС ТАЛАП ЕТІЛГЕН ЖАҒДАЙЛАРДЫ ҚОСПАҒАНДА, ОСЫ ҚҰЖАТТЫҢ ДƏЛДІГІНЕ, СЕНІМДІЛІГІНЕ НЕМЕСЕ МАЗМҰНЫНА ҚАТЫСТЫ БАСҚА ЕШҚАНДАЙ
Page 4
АЙҚЫН НЕМЕСЕ БОЛЖАЛДЫ КЕПІЛДІКТЕР, СОНЫҢ ІШІНДЕ (БІРАҚ ОНЫМЕН ШЕКТЕЛМЕСТЕН) КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫ МЕН БЕЛГІЛІ БІР МАҚСАТҚА ЖАРАМДЫЛЫҒЫ ЖАЙЫНДА КЕПІЛДІКТЕР БЕРІЛМЕЙДІ. NOKIA КОРПОРАЦИЯСЫ ОСЫ ҚҰЖАТТЫ КЕЗ КЕЛГЕН УАҚЫТТА АЛДЫН АЛА ЕСКЕРТУСІЗ ҚАЙТА ҚАРАУ НЕМЕСЕ КЕРІ ҚАЙТАРЫП АЛУ ҚҰҚЫҒЫН ӨЗІНЕ САҚТАП ҚАЛАДЫ.
Кейбір өнімдер мен қолданбалардың жəне бұл өнімдер үшін қызметтердің бар болуы аймақтарға қарай əр түрлі болуы мүмкін. Толық ақпарат алу жəне тіл опцияларының бар-жоғын білу үшін Nokia дилеріне хабарласыңыз.
Бұл құрылғы 2002/95/EC нұсқауларындағы электрлік жəне электрондық құрылғыларда белгілі бір қауіпті заттарды пайдалануға қойылатын шектеулерге сай келеді
Экпорт бақылау
Бұл құрылғының ішінде АҚШ жəне басқа елдердің экспорт заңдары мен ережелеріне бағынышты тауарлар, технология жəне бағдарламалық құралдары бар. Заңға қайшы өзгерістерге тыйым салынады.
Құрылғыңыз үшінші тарап қолданбаларын жасаушылырмен жəне олардың иелері Nokia корпарациясымен еш байланысы жоқ. Олар жеке немесе заңды тұлғалар болу мүмкін. Үшінші тараптардың қолданбалы жоспарларына Nokia корпорациясының авторлық құқықтары немесе зияткерлік меншік құқықтары жоқ. Сол сияқты, Nokia корпорациясы соңғы пайдаланушыға қолдау көрсету немесе қолданбаларының жұмыс істеу қабілеті үшін, қолданбаларда немесе бұл материалдарда берілген ақпарат үшін жауап бермейді. Үшінші тарап қолданбалары үшін Nokia корпорациясы ешқандай да кепілдік бермейді.
ҚОЛДАНБАЛАРДЫ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, СІЗ ҚОЛДАНБАЛАРДЫҢ ҚАНДАЙ ДА БІР ТІКЕЛЕЙ НЕМЕСЕ ЖАНАМА КЕПІЛДІКСІЗ,
Page 5
ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢ БОЙЫНША РҰҚСАТ БЕРІЛГЕН ДƏРЕЖЕДЕ ӨЗГЕРТІЛМЕЙ БЕРІЛГЕНІН МОЙЫНДАЙСЫЗ. СІЗ ЖƏНЕ NOKIA КОРПОРАЦИЯСЫ, ОНЫҢ ЕНШІЛЕС КОМПАНИЯЛАРЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТИТУЛ, САТУҒА НЕМЕСЕ БЕЛГІЛІ БІР МАҚСАТҚА ЖАРАМДЫЛЫҚ ТУРАЛЫ, НЕ БОЛМАСА БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛ ҚАНДАЙ ДА БІР ҮШІНШІ ТАРАПТАРДЫҢ ПАТЕНТТЕРІН, АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАРЫН, САУДА БЕЛГІЛЕРІН НЕМЕСЕ БАСҚА ҚҰҚЫҚТАРЫН БҰЗБАЙТЫНДЫҒЫ ТУРАЛЫ КЕПІЛДІКТЕРІН ҚОСА АЛҒАНДА, БІРАҚ ОНЫМЕН ШЕКТЕЛМЕСТЕН, ЕШҚАНДАЙ ДА ТІКЕЛЕЙ НЕМЕСЕ ЖАНАМА МƏЛІМДЕМЕЛЕР ЖАСАМАЙТЫН НЕМЕСЕ КЕПІЛДІКТЕР БЕРМЕЙТІНІН МОЙЫНДАЙСЫЗ.
9203582/2-басылым KK
Page 6
Мазмұны
Қауіпсіздік талаптары ..........................................8
Жалпы ақпарат ....................................................15
Ену коды ................................................................15
Желідегі Nokia қолдауы ........................................16
1. Іске қосу ............................................................17
SIM картасы мен аккумуляторды салыңыз .........17
SIM картасын шығарып алу .................................19
Аккумуляторды зарядтау ......................................21
Қалыпты жұмыс істету жағдайы ..........................22
2. Телефон ............................................................23
Түймелер мен бөлшектер ....................................23
Телефонды сөндіріңіз немесе қосыңыз ..............25
Күту режимі ...........................................................26
Пернетақтаны құлыптау .......................................26
3. Телефон шалу функциялары ........................28
Телефон шалу жəне жауап беру ..........................28
Дауыс зорайтқыш ..................................................28
4. Мəтін жазу .........................................................29
Page 7
5. Меню функциялары ........................................30
Хабарлама жіберу .................................................31
Жазбалар ..............................................................43
Журнал ..................................................................45
Баптамалар ...........................................................47
Оператор менюі ....................................................60
Галерея ..................................................................61
Медиа ....................................................................61
Электронды хатшы ...............................................66
Қолданбалар .........................................................69
Web ........................................................................70
SIM қызметтері ......................................................75
6. Батарея туралы ақпарат ................................75
Зарядтау жəне разряттау .....................................75
Nokia батареясының шынайылығын растау
жөніндегі нұсқаулар .................................................78
7. Жасаулар ..........................................................81
Күтім жəне қызмет көрсету ...............................82
Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат .............85
Page 8
Қ ау і п с і з ді к т ал ап т а р ы
8
Қауіпсіздік талаптары
Осы қарапайым нұсқауларды оқыңыз. Оларды орындамау қауіпті жəне заңсыз болып табылады. Қосымша ақпарат алу үшін пайдалану туралы нұсқаулықты толық оқып шығыңыз.
ТЕЛЕФОНДЫ ҚАУІПСІЗ ЖОЛМЕН ҚОСЫҢЫЗ
Сымсыз құрылғыны пайдалануға тыйым салынған кезде, не болмаса ол кедергі келтіріп немесе қауіп төндірсе, мүмкіндігінше ұялы телефонды қоспаңыз.
АЛДЫМЕН ЖОЛ ЖҮРҮ ҚАУПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІҢІЗ
Жергілікті барлық заңдардың талаптарын сақтаңыз. Көлік жүргізу барысында оны басқару үшін қолыңызды бос ұстаңыз. Көлік жүргізу кезінде алдымен жол жүру қауіпсіздігі туралы ойлаңыз.
Page 9
Қ ау і п с і з ді к т ал ап т а р ы
9
КЕДЕРГІ
Барлық сымсыз телефондар кедергілерді өте сезгіш болады. Ол телефонның жұмысына əсер етуі мүмкін.
АУРУХАНАЛАРДЫҢ ІШІНДЕ ТЕЛЕФОНДЫ СӨНДІРІҢІЗ
Кез келген шектеулерді сақтаңыз. Медициналық жабдықтың жанында телефонды сөндіріңіз.
ҰШАҚТЫҢ ІШІНДЕ ТЕЛЕФОНДЫ СӨНДІРІҢІЗ
Кез келген шектеулерді сақтаңыз. Сымсыз құрылғылар ұшақтың ішінде кедергі тудыруы мүмкін.
КӨЛІККЕ МАЙ ҚҰЮ КЕЗІНДЕ СӨНДІРІҢІЗ
Телефонды май құю бекетінде пайдаланбаңыз. Сонымен қатар жанармай немесе химиялық заттардың жанында да пайдаланбаңыз.
Page 10
Қ ау і п с і з ді к т ал ап т а р ы
10
ЖАРЫЛЫСҚА ЖАҚЫН ЖЕРДЕ СӨНДІРІҢІЗ
Кез келген шектеулерді сақтаңыз. Телефонды жарылыс жұмыстары жүріп жатқан жерде пайдаланбаңыз.
ТЕЛЕФОНДЫ ОРЫНДЫ ПАЙДАЛАНЫҢЫЗ
Өнімнің құжаттамасында түсіндірілгендей құрылғыны тек қалыпты жағдайда ғана ұстап пайдаланыңыз. Антеннаға қажетсіз тие бермеңіз.
БІЛІКТІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Бұл бұйымды тек білікті қызметкер орнатып, жөндеуі тиіс.
ЖАСАУЛАР МЕН АККУМУЛЯТОРЛАР
Тек қана рұқсат етілген жабдықтар мен батареяларды пайдаланыңыз. Үйлесімсіз өнімдерді қоспаңыз.
СУҒА ТӨЗІМДІЛІК
Сіздің құрылғыңыз суға төзімсіз. Оны құрғақ күйінде ұстағаныңыз жөн.
Page 11
Қ ау і п с і з ді к т ал ап т а р ы
11
ҚОСАЛҚЫ КӨШІРМЕЛЕР
Құрылғыңызда сақтаулы барлық маңызды ақпараттың қосалқы көшірмесін жасап алуды немесе жазбаша нұсқасын сақтауды ұмытпаңыз.
БАСҚА ҚҰРЫЛҒЫЛАРҒА ҚОСУ
Кез-келген басқа құрылғыға қосқан кезде қауіпсіздік туралы егжей-тегжейлі нұсқаулар алу үшін бұйымды пайдалану жөніндегі нұсқаулықты оқыңыз. Үйлесімсіз өнімдерді қоспаңыз.
ЖЕДЕЛ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ТЕЛЕФОН ШАЛУ
Телефонды қосып, жұмыс істеп тұрғандығын бақылаңыз. Дисплейді тазалап, жұмысты бастау экранына оралу үшін аяқтау түймесін қажетінше қайталап баса беріңіз. Жедел қызмет көрсету нөмірін енгізіп, шақыру түймесін басыңыз. Қай мекен-жайда тұрғаныңызды хабардар етіңіз. Рұқсат берілмейінше, байланысты аяқтамаңыз.
Page 12
Қ ау і п с і з ді к т ал ап т а р ы
12

Телефон туралы
Осы нұсқаулықта сипатталған сымсыз құрылғы GSM 900 жəне GSM 1800 желілерінде пайдалану үшін мақұлданған. Желілер туралы қосымша ақпарат алу үшін қызмет ұсынушыңызға хабарласыңыз.
Осы құрылғының мүмкіндіктерін пайдаланған кезде барлық заңдарды, жергілікті əдет-ғұрыптарды ұстанып, басқалардың жеке өміріне қол сұқпауға қатысты құқықтарды, сондай-ақ авторлық құқықтарды сақтау керек.
Авторлық құқықты қорғау кейбір бейнелердің, əуендердің (соның ішінде қоңырау əуендерінің) жəне де басқа да мəтіндердің көшірілуінің, өзгертілуінің, басқа тұлғаға берілуінің немесе жіберілуінің алдын алуы мүмкін.
Ескерту: Осы құрылғыдағы қоңыраулы сағаттан басқа қандай да бір мүмкіндіктерді пайдалану үшін құрылғы қосулы болуға тиіс. Сымсыз құрылғыны пайдалану кезінде кедергі немесе қауіп төнуі мүмкін болса телефонды қоспаңыз.
Page 13
Қ ау і п с і з ді к т ал ап т а р ы
13

Желі қызметтері
Телефонды пайдалану үшін сымсыз байланыс провайдерінің қызметін пайдалану қажет. Мүмкіншіліктердің көпшілігі арнайы желі мүмкіндіктерінің барлығын талап етеді. Бұл мүмкіндіктер желілердің барлығында бола бермейді; ал басқа желілер сіз желі қызметтерін пайдаланбастан бұрын қызмет ұсынушыңызбен арнайы келісім жасауыңызды талап етеді. Қызмет ұсынушыңыз сізге нұсқаулар беріп, қандай тариф қолданатыныңызды түсіндіруі міндетті. Кейбір желілерде сіздің желі қызметіңізді қалай пайдалануыңызды алдын-ала ескертіп, көмектесетін шектеулер болады. Мысалы, кейбір желілерде барлық тілдерге тəн таңбалар мен қызметтер бола бермеуі мүмкін.
Қызмет ұсынушыңыз құрылғыңыздағы кейбір мүмкіндіктердің пайдаланылуын тоқтатып, іске қосылмауын талап етуі мүмкін. Ондай жағдайда бұл мүмкіндіктер құрылғының мəзірінде көрсетілмейді. Сіздің құрылғыңыз мəзір атаулары, мəзір реттілігі мен белгішелердің өзгертілуі тұрғысынан арнайы бапталған
Page 14
Қ ау і п с і з ді к т ал ап т а р ы
14
болуы мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін қызмет орталығына хабарласыңыз.
Бұл құрылғыда ТСР/ІР хаттамаларында жұмыс істейтін WAP2.0 (HTTP жəне SSL) хаттамалары бар. Осы құрылғыдағы мультимедиалық хабарламалар (MMS) жəне ара қашықтықтағы синхрондау, жəне браузермен интернетке кіріс сияқты кейбір ерекшеліктер осы технологиялардың желілік сүйемелдеуін қажет етеді.
Page 15
Ж ал пы а қ п а р а т
15
Жалпы ақпарат

Ену коды
Қауіпсіздік коды телефоныңыздың рұқсатсыз пайдаланылуынан қорғауға көмектеседі. Сіз кодты жаңадан жасап, өзгерте аласыз жəне телефонды кодты сұратуға баптай аласыз.
Кодты өзгертіп, жаңа кодты құпия жəне қауіпсіз жерде телефоннан бөлек сақтаңыз. PIN2 коды SIM картасымен бірге берілуі мүмкін жəне кейбір функцияларға ену үшін қажет. Егер сіз PIN немесе PIN2 кодтарын енгізгенде бірден үш рет шатассаңыз, онда сізден PUK немесе PUK2 коды талап етіледі. Егер сізде олар жоқ болса, жергілікті диллеріңізбен байланысыңыз.
Модульдік PIN коды SIM картаңыздың қауіпсіздік модуліндегі ақпаратқа ену үшін қажет. Қол қою PIN коды цифрлы қол қою үшін қажет. Тыйым салу паролі қоңырауларға Call barring service пайдаланған кезде қажет.
Page 16
Ж ал пы а қ п а р а т
16
Мəзір >
Параметрлер > Қаупсіздік
таңдап, өзіңіздің телефоныңыз ену кодтарын жəне қауіпсіздік баптамаларды қалай қолданатындығын көріңіз.

Желідегі Nokia қолдауы
Осы пайдалану жөніндегі соңғы нұсқадан Nokia бұйымына қатысты қосымша ақпарат, жүктелімдер жəне қызметтер алу үшін www.nokia.com/support бетін немесе жергілікті Nokia веб-сайтын қараңыз.
Page 17
І ск е қ о с у
17
1. Іске қосу

SIM картасы мен аккумуляторды салыңыз
SIM карта қызметінің бар-жоғы туралы жəне оны пайдалану мүмкіндіктері туралы ақпарат алу үшін SIM карта сатушысына хабарласыңыз. Ол қызмет провайдері немесе басқа да сатушы болуы мүмкін.
Ескерту: Қақпақты ашар алдында əрдайым қуатты сөндіріп, қуаттағыш пен кез-келген басқа құрылғыны ажыратыңыз. Қақпақты ауыстырып жатқан кезде электрондық компоненттеріне тиіп кетуден сақ болыңыз. Құрылғыны əрқашан қақпақтары жабылған күйінде сақтап, пайдаланыңыз.
1. Бүйірдегі босату түймелерін (қақпақтың əр жағында бір-бірден болады) басып, (1) артқы қақпақты босатыңыз да (2), оны телефоннан көтеріп алыңыз.
Page 18
І ск е қ о с у
18
2. SIM картасын салыңыз (3). SIM картасының алтын түстес түйіспелі жағы төмен қаратылып, кетік жағы бірінші кіргізілуін қамтамасыз етіңіз.
3. Аккумуляторды аккумулятор ұясына салыңыз (4). Аккумулятордың жоғарғы жағындағы түйіспелер телефондағы коннекторлармен жанасуын қамтамасыз етіңіз.
Page 19
І ск е қ о с у
19
4. Артқы қақпақты орнына салу үшін, алдымен
түбін орналастырып, содан кейін қақпақтың жоғарғы жағын (5) орнына бекігенше төмен басыңыз.

SIM картасын шығарып алу
1. Артқы қақпақты шешіп алу үшін «SIM картасы
мен аккумуляторды салыңыз» бөліміндегі 1-қадамды орындаңыз.
2. Аккумуляторды үстіңгі жағындағы ойығынан
ұстап шығарып алыңыз (1).
Page 20
І ск е қ о с у
20
3. Саусақпен ұстайтын жерінен SIM карта ұстағышын абайлап сырғытып шығарыңыз (2).
4. SIM картасын ұстағышынан абайлап сырғытып шығарыңыз (3).
5. SIM карта ұстағышын сырғытып жабыңыз (4).
Page 21
І ск е қ о с у
21
6. Аккумулятор мен артқы қақпағын орнына
салу үшін, «SIM картасы мен аккумуляторды салыңыз» бөліміндегі 3 жəне 4-қадамды орындаңыз.

Аккумуляторды зарядтау
Ескерту: Тек Nokia пайдалануға рұқсат
берген батареяны, қуаттағыштарды жəне көрсетілген жабдықтарды ғана пайдаланыңыз. Жабдықтардың кез-келген басқа түрлерін пайдалану кепілдік күшінен айыруы жəне қауіпті болуы мүмкін.
Осы құрылғымен бірге қолданар алдында кез-келген қуаттағыш моделінің нөмірін тексеріп алыңыз. Бұл құрылғы AC-3 зарядтағышынан қорек алып пайдалануға арналған.
Бұл құрылғы BL-4B немесе BL-4BA батареяларымен пайдалануға арналған.
Рұқсат етілген жасаулардың бар-жоғын білу үшін диллерден сұрап біліңіз. Кез-келген жасауды қуат көзінен ажыратқан кезде оны жалғағыш сымынан емес, түбінен ұстап ажыратыңыз.
Page 22
І ск е қ о с у
22
1. Зарядтауышты қабырғадағы розеткаға енгізіңіз
2. Зарядтағышты телефонға суретте көрсетілгендей етіп жалғаңыз.

Қалыпты жұмыс істету жағдайы
Құрылғыңыздың ішіне антенна орнатылған.
Ескерту: Басқа да радио таратқыш құрылғылардағы сияқты, антенна қосулы тұрған кезде оған қажетсіз тиісе бермеңіз. Мысалы, телефон арқылы сөйлесіп жатқанда, ұялы антеннаға жоламаңыз. Қабылдағыш немесе таратқыш анттанаға тиісу радиобайланыс сапасын нашарлатады жəне құрылғының қуатты əдеттегіден артық жұмсауына əкеліп соғады, сондай-ақ батареяның қызмет ету мерзімін қысқартуы мүмкін.
Page 23
Т е л е ф о н
23
2. Телефон

Түймелер мен бөлшектер
Құлаққап (1)
Дисплей (2)
Сол жақ таңдау
түймесі (3)
Оң жақ таңдау
түймесі (4)
Телефон шалу
түймесі (5)
Аяқтау жəне қуат
түймесі (6)
Пернетақта (7)
Navi™ түймесі (бұдан
былай - жылжу түймесі) (8)
Page 24
Т е л е ф о н
24
Антистатикалық білезік
ілмегі (9)
Камера линзасы (10)
Дауыс зорайтқыш (11)
Микрофон (12)
Гарнитура ұясы (13)
Зарядтағыш ұясы (14)
Аккумулятор қақпағын
босату түймесі (15)
Камера түймесі (16)
Кейбір арнайы түйме функциялары төмендегідей:
Камераны іске қосу үшін камера түймесін
басыңыз;
Бейнені іске қосу үшін камера түймесін басып
тұрыңыз;
Page 25
Т е л е ф о н
25
FM радиосын іске қосу үшін * түймесін басып
тұрыңыз;
Үнсіз режимді іске қосу үшін # түймесін басып
тұрыңыз.
Ескерту: Бұл байланыстырушыға қолыңызды тигізбеңіз, себебі оны тек уəкілетті қызмет көрсетуші қызметкерлері ғана қолдануы тиіс.
Ескерту: Осы құрылғыдағы дөңгелету түймесінде никель болуы мүмкін. Никельдің теріге ұзақ уақыт жанасуы никель аллергиясын тудыруы мүмкін.

Телефонды сөндіріңіз немесе қосыңыз
Телефонды қосу не сөндіру үшін, қорек түймесін басып тұрыңыз. 23-беттегі «Түймелер мен бөлшектер» бөлімін қараңыз.
Page 26
Т е л е ф о н
26

Күту режимі
Телефон пайдалануға дайын тұрған кезде сіз қандай да бір таңбаларды енгізбестен бұрын ол күту режимінде тұрады.
Желістегі белгі күші (1) Желістегі белгі күші (2) Желіс аты немесе оператор
логосы (3) Сол жақтағы таңдау түймесі
Өту
(4) сізге өзіңіздің жеке төте жол тізіміндегі функцияларды көрсетеді. Қол астында бар таңдауларды қарап, өзіңіз қосқыңыз келген таңдауды көру үшін, тізімді қарап Опц-р >
Таңдау опц-ы
таңдаңыз, өзіңіздің төте жол
тізіміндегі функцияларды өзгерту үшін,
Реттеу
>
Ауыстыр
жəне алмастратын жерді таңдаңыз.
Мəзір (5) жəне Аттар (6)

Пернетақтаны құлыптау
Мəзір > * жылдам арада басу арқылы сіз
Page 27
Т е л е ф о н
27
пернетақтаны құлыптайсыз, жəне ондағы түймелердің абайсызда басылып қалуынан сақ боласыз. Пернетақта құлпы қосулы тұрған кезде қоңырауға жауап беру үшін шақыру түймесін басыңыз. Байланысты аяқтаған кезде немесе қоңырауды қабылдамаған кезде пернатақта құлыптаулы күйінде қалады. Пернетақтаны ашу үшін, Ағыту жəне * жылдам арада басыңыз.
Телефон күту режимінде тұрып, алдын-ала белгіленген кідіріс уақытынан кейін пернетақта автоматты түрде құлыптануы үшін
Мəзір >
Параметрлер
> Телефон > Автоматты клав-ра
қорғауышы
> Қосу таңдаңыз.
Пернетақта құлпы қосулы тұрған кезде құрылғыңызда бағдарламаланған жедел қызмет нөміріне телефон шалуға болады.
Page 28
Т е л е ф о н ш ал у ф у н кц ия л а р ы
28
3. Телефон шалу функциялары

Телефон шалу жəне жауап беру
Телефон шалу үшін, телефон нөмірін, қажет болған жағдайда аймақ кодын қосып теріңіз. Егер қажет болса, елдің кодын да теріңіз. Нөмірге телефон шалу үшін шақыру түймесін басыңыз. Телефон шалып жатқанда құлаққаптың немесе бас телефонның дауыс күшін үдейту үшін оңға, ал азайту үшін солға қарай дөңгелетіңіз.
Кіретін қоңырауға жауап беру үшін шақыру түймесін басыңыз. Қоңырауға жауап бергіңіз келмесе, аяқтау түймесін басыңыз.

Дауыс зорайтқыш
Егер қамтамасыз етілген болса, телефонмен сөйлесіп жатқан кезіңізде сіз
Днмк немесе Қлпты
түймесін таңдап, дауыс зорайтқышты немесе құлаққапты таңдауыңызға болады.
Page 29
М əт ін ж а зу
29
Ескерту: Дауыс зорайтқыш жұмыс істеп
тұрған кезде телефонды құлағыңызға жақын ұстамаңыз, өйткені даусы тым қатты болуы мүмкін.
4. Мəтін жазу
Мəтінді əдеттегі ( ) немесе болжалды мəтін ( ) енгізу арқылы жаза аласыз. Əдеттегі мəтін енгізу мүмкіндігін қолдану үшін, сан түймелерін (1 - 9) керек əріп пайда болғанша қайта қайта басыңыз. Жазып жатқанда алдын ала болжау арқылы мəтін енгізу үшін,
Опц-р > Болжауды қосу
қосыңыз, ол оны сөндіру үшін,
Опц-р > Болж-ды
сөндіру таңдаңыз.
Алдын ала болжау арқылы мəтін енгізу барысында əр бір түймені бір əріп алу үшін бір рет басыңыз. Егер пайда болған сөз сізге керек сөз болса, 0 түймесін басып, келесі сөзді жазыңыз. Сөзді алмастыру үшін
* белгісін сіз қалаған сөз пайда
болғанша қайта қайта басыңыз. Егер сөзден
Page 30
М ен ю ф у н к ц ия ла р ы
30
кейін ? белгісі пайда болса, сөздікте ондай сөздің болмағаны. Сөздікке сөзді қосу үшін
Əріптеп
,
таңдаңыз, сөзді (əдеттегі енгізу арқылы) енгізіп,
Сақтау
таңдаңыз.
Мəтін жазу бойынша кеңестер: Сөз арасында орын қалдыру үшін
0 басыңыз. Мəтінді енгізу əдісін
жылдам алмастыру үшін,
# белгісін қайта қайта
басып, дисплейдің жоғарғы жағындағы көрсеткішті тексеріңіз. Нөмірді қосу үшін, керек санды басып, ұстап тұрыңыз. Əдеттегі мəтін енгізу əдісін қолданып жатқанда ерекше белгі керек болса,
*;
белгісін басыңыз, ал алдын ала болжау арқылы мəтін енгізіп жатсаңыз, онда
* белгісін басып, ұстап
тұрыңыз.
5. Меню функциялары
Телефон функциялары мəзірде топтамаланған. Осы жерде мəзір функциялары мен қалау мүмкіндіктерінің барлығы суреттелмеген.
Page 31
М ен ю ф у н к ц ия ла р ы
31
Күту режимінде Мəзір таңдап, оның ішіндегі сізге керек мəзірді жəне сол мəзір ішіндегі басқа мəзірлерді таңдасаңыз болады.
Шығу немесе
Артқа таңдап, мəзірдің сіз енген деңгейінен
шығуыңызға немесе алдында болған деңгейге оралуыңызға болады. Аяқтау түймесін басу арқылы сіз тікелей күту режиміне орала аласыз. Мəзір көрінісін өзгерту үшін,
Мəзір > Опц-р > Нег.
мəзір көрінісі > Тізім
немесе
Таңбашалар
таңдаңыз.

Хабарлама жіберу
Хабарлама қызметтерін тек олар сіздің желіңізде немесе қызмет ұсынушыңызда бар болған жағдайда ғана пайдалануға болады.
Page 32
М ен ю ф у н к ц ия ла р ы
32
Ескерту: Құрылғыңызда сіз жіберген хабардың
осы құрылғыда көрсетілген хабар орталығының нөміріне бағытталғандығы көрсетілуі мүмкін. Құрылғыда хабардың жіберілген нүктеге келіп түсуі көрсетілмеуі де мүмкін. Хат қызметтері туралы қосымша толық ақпарат алу үшін қызмет ұсынушыға хабарласыңыз.
Маңызды: Хабарламаларды ашқан кезде сақ болыңыз. Хабарламаларда зиянды бағдарламалық құрал болуы, не болмаса олар құрылғыңызға немесе компьютеріңізге өзге жолмен зиян тигізуі мүмкін.
Мəтін жəне мультимедиа хабарлар баптамалары
Мəзір > Хабарлар > Хабар параметрлері > Мəтін
хабарлары
> Хабар орталықтары таңдаңыз. Егер сіздің SIM картаңыз бір хабарласу орталығынан көп орталықтарды құптайтын болса, өзіңіздің қалаған орталығын таңдауыңызға немесе қосуыңызға
Page 33
М ен ю ф у н к ц ия ла р ы
33
болады. Өзіңіздің қызмет көрсетушіңізден нөмірін сұрауыңыз қажет болуы мүмкін.
Мəзір > Хабарлар > Хабар параметрлері > М-медиа хбрлры жəне келесі тармақтардың бірін
таңдаңыз:
М-медиа қабылдауға рұқсат, Жоқ, Иə, немесе Үй желісінде таңдап, мультимедиа қызметін қолдансаңыз
болады. Конфиг. параметрлер — мультимедиа
хабарларын алу үшін əдепкі қызмет ұсынушыны таңдау. Есептік жазба дөңгелетіп, қызмет көрсетушінің қамтамасыз ететін шоттарын қарап, өзіңіз қолданғыңыз келетін шотты таңдауыңызға болады. Баптамаларды қызмет ұсынушыңыздан конфигурациялық хабарлама ретінде ала аласыз.
Егер сіз жарнамалар ретінде анықталған хабарламалардың алынуына жол берсеңіз,
Жарнамаға рұқсат таңдаңыз. М-медиа қабылдауға рұқсат функциясы Жоқ опциясына қойылған
болса бұл параметр көрсетілмейді.
Page 34
М ен ю ф у н к ц ия ла р ы
34
MMS құру режимі > Шектеулі таңдап, телефоныңызды желіс қолдамайтын мазмұнды қабылдамайтын етіп немесе мультимедиа хабарламаларды қабылдамайтын етіп орнатуыңызға болады. Осындай мазмұндарды қабылдау үшін, Шектеусіз таңдаңыз, дегенмен, қабылдаушы құрылғы бұл хабарламаны толығымен дұрыс қабылдамауы мүмкін.
Сурет көлемі (шектеулі)
немесе Сурет көлемі
(шектеусіз)
MMS құру режимі Шектеулі немесе
Шектеусіз мəніне қойылғанда, мультимедиа
хабарына қосуға болатын сурет көлемін анықтау.
Мəтінді хабарламалар
Құрылғыңызда бір хабарламаға арналған таңбалар шегінен тыс мəтінді хабарламалар жіберу қызметі бар. Көп хабарламалар екі немесе одан да көп хабарламалар тізбегі түрінде жіберіледі. Қызмет ұсынушы соған сəйкес ақы алуы мүмкін. Екпін немесе басқа белгілер пайдаланылатын таңбалар мен кейбір тіл опцияларының таңбалар көп орын алып, бір хабарламада жіберуге болатын таңбалардың санын шектейді.
Page 35
М ен ю ф у н к ц ия ла р ы
35
Дисплейдің жоғарғы жағындағы көрсеткіш хабараламаны жіберу үшін шектелудегі қалған əріп санын жəне қанша хабарлама жіберу керек санын көрсетіп отырады. Мəселен, 673/2 дегеніміз, 673 əріп қалды жəне бұл хабарлама екі хабарлама ретінде жіберіледі дегенді білдіреді.
Жыпылықтап
тұрған көрсеткіші хабарлама жадының толы екендігін көрсетеді. Жаңа хабарламаларды қабылдар алдында ескі хабарламалардың кейбіреулерін өшіріп тастаңыз.
Мультимедиалық хабарламалар
Мультимедиялық хаттарды тек сондай үйлесімді мүмкіндіктері бар құрылғылар ғана қабылдап, көрсете алады. Хабарламаның көрінісін қабылдайтын құрылғы əр түрлі болуы мүмкін.
Сымсыз желі MMS (мультимедиа хабарламалар қызметі) хабарламаларының көлемін шектеуі мүмкін. Егер қосылған сурет бұл шектен тыс болса, құрылғы MMS арқылы жіберу мүмкін болу үшін оның көлемін кішірейтуі мүмкін.
Page 36
М ен ю ф у н к ц ия ла р ы
36
Мультимедиа хабарламасының ішінде мəтін, суреттер, дыбыс клиптері жəне бейнеклиптер болуы мүмкін.
Мəтін немесе мультимедиялық хабарлама теру
Мəзір >
Хабарлар > Хабар жазу > Хабар
таңдаңыз.
Қабылдаушыны таңдау үшін,
Кімге:
ға дөңгелетіңіз
Жолақты жəне қабылдаушының телефон нөмірін енгізіңіз немесе Қосу таңдап, ұсынылған таңдау ішінен қабылдаушыны таңдап алыңыз. Cc немесе Bcc қосымша қабылдаушыларды таңдау үшін,
Опц-р > Алушыны қосу > Атаулы көшірме
немесе
Атаусыз көшірме
таңдаңыз. Хабарлама
мəтінін енгізу үшін,
Мəтін:
тармағына дөңгелетіңіз Жолақты жəне мəтінді енгізіңіз. Хабарламаға тақырып қосу үшін,
Опц-р > Тақырып қосу
таңдап,
тақырып енгізіңіз Хабарламаға қосымша мазмұн қыстыру үшін,
Опц-р > Енгізу
таңдап, керекті қыстырмалы мазмұнды таңдаңыз. Хабарламаны жіберу үшін, шақыру түймесін басыңыз.
Page 37
М ен ю ф у н к ц ия ла р ы
37
Хабарламаны жіберу үшін, шақыру түймесін басыңыз. Хабарлама түрін мəтін хабарламасынан мультимедиялық хабарламаға алмасуына себеп болатын əрекеттерге мыналар жатады, бірақ онымен шектелмейді:
Хабарламаға файл қыстыру. Жеткізгендігі жөнінде есеп беру. Хабарламаға жəй немесе жылдам приоритетін беру. Алушы жолағына атаулы не атаусыз көшірме
алушыны немесе хабарламаның тақырыбын немесе электрондық пошта мекенжайын қосыңыз.
Хабарлама түрі мəтін хабарламасынан мультимедиялық хабарламаға алмасқан кезінде, телефон бір сəтке
Хабар мультимедиа
етіп өзгертілді
деген жазуды көрсетеді, жəне
хабарлама редакциялау терезесінің бас тақырыбы
Жаңа м-медиа
түріне өзгереді. Хабарлама түрін
көру үшін, хабарлама бас тақырыбын қараңыз.
Page 38
М ен ю ф у н к ц ия ла р ы
38
Қызмет көрсетуші хабарлама түріне байланысты əр түрлі ақы сұрауы мүмкін. Хабарлама түрін көру үшін, хабарлама бас тақырыбын қараңыз.
Флэш хабарламалары (желі қызметі)
Флэш хабарламалары (желі қызметі) дегеніміз бірден жылт етіп көрінетін мəтінді хабарламалар.
Мəзір > Хабарлар > Хабар жазу > Жылдам хабар таңдаңыз.
Бірден жылт етіп көрінетін хабарламалар
Бірден жылт етіп көрінетін хабарламаларды (IM) (желі қызметі) қолданып, қысқа жəне қарапайым мəтіндерді он лайн қолданушыларға жіберу үшін, сіз сондай қызметке жазылуыңыз жəне оған ене алуыңыз керек. Егжей тегжейін білу үшін, қызмет ұсынушымен байланысыңыз.
Page 39
М ен ю ф у н к ц ия ла р ы
39
Ескерту: Сіздегі IM қызметіне қарай, осы
нұсқаулықта сипатталған мүмкіндіктердің барлығына қол жете бермеуі мүмкін жəне кейбір белгішелер мен дисплей мəтіндері басқаша болуы мүмкін.
Қызметке қосылу үшін, Мəзір > Хабарлар > Дереу хабарлар таңдаңыз. Қалаған байланыс баптамасын жəне шотын таңдап, қолданушы ID мен пороліңіздің енгізіңіз.
Aудио хабарлама
Дауыс хабарламасын құрып, жіберу үшін MMS қызметін пайдалануға болады. Аудиохабарламаларды пайдаланардан бұрын MMS іске қосылуға тиіс.
Мəзір > Хабарлар > Хабар жазу > Аудио хабары таңдаңыз. Рекордер ашылады. Аудио хабарын жазып болғаныңызда Кімге: бағанасына хабарды қабылдайтын адамның телефон нөмірін теріңіз. Телефон кітапшасынан телефон нөмірін алу
Page 40
М ен ю ф у н к ц ия ла р ы
40
үшін, Қосу > Контактылар таңдаңыз. қамтамасыз етілген мүмкіндіктерді таңдау үшін Опц-р таңдаңыз.
Сіздің телефоныңыз аудио хабарлама алғанда, хабарламаны ашу үшін, Ойнату таңдаңыз, немесе бір хабарламадан көп хабарлама алғанда,
Көрсету
> Ойнату таңдаңыз. Хабарламаны
кейінірек тыңдағыңыз келсе,
Шығу таңдаңыз.
Опц-р таңдап, қамтамасыз етілген мүмкіндіктерді
көресіз. Құлаққап арқылы аудио хабарламасы бірден ойнатыла бастайды. Дауыс зорайтқышты қосу үшін, Опц-р > Динамик таңдаңыз.
Дауыс хабарламалары
Дауыстық пошта жəшігі желі қызметі болып табылады жəне оған жазылуыңыз қажет болуы мүмкін. Қызмет көрсетушіңізбен байланысып, дауыс хабарламалары нөмірін аыңыз жəне қосымша детальді ақпарат алыңыз.
Мəзір > Хабарлар > Дауыс хабарлары таңдаңыз.
Page 41
М ен ю ф у н к ц ия ла р ы
41
Электрондық пошта қолданбалары
Электрондық пошта қолданбасы телефоннан сыйысымды электрондық пошта есебіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін пакеттік деректер байланысын (желі қызметі) пайдаланады. Сізге кез келген электрондық пошта жіберу жəне алу үшін, алдымен электрондық пошта шотын ашып, оған келісті баптама алу керек болуы мүмкін. Сіз электрондық пошта формасы баптамасын формалы хабарлама ретінде қабылдауыңыз мүмкін. Сіздің телефоныңыз POP3 жəне IMAP4 электрондық пошта қызметін қолдайды.
Электрондық пошта есебін құру үшін,
Мəзір >
Хабарлар таңдап, Эл-қ пошта жəшігі тармағына жылжып барыңыз да,
Опц-р > Эл-қ пошта
жəшігі > Эл. пошта шебері, Қолмен құру
немесе
Сақт-н парам-лер тармағын таңдаңыз. Электрондық пошта баптамасына ену үшін,
Мəзір > Хабарлар > Хабар параметрлері > Эл. пошта хбрлр таңдаңыз.
Page 42
М ен ю ф у н к ц ия ла р ы
42
Электрондық пошта хатын жазып, жіберу үшін, Мəзір > Хабарлар > Хабар жазу > Эл-қ пшт хбры таңдаңыз. Электрондық хатқа қосымша папка қыстырғыңыз келсе,
Опц-р > Енгізу таңдаңыз.
Электрондық хатты жіберу үшін, шақыру түймесін басыңыз. Егер қажет болса, қалаған шотыңызды таңдаңыз.
Шығарып алу режимін таңдау үшін,
Мəзір >
Хабарлар > Хабар параметрлері > Эл. пошта хбрлр > Пайдаланудағы пошта жəшіктері
жəне
керекті пошта жəшігін таңдаңыз жəне
Жүктеу
баптаулары > Алу режимі > Тек тақыр-ры, Барлық эл-қ пшт
немесе
Хабарлар
(тек IMAP4 серверінде)
мəнін таңдаңыз. Қабылдау үшін,
Мəзір > Хабарлар жəне қалаған
пошта жəшігін таңдап, қажет болса, байланыс үшін, сұранысыңызды құптаңыз.
Егер қабылдау режимі Тек тақыр-ры орнатылған болса, бүкіл электрондық хатты қабылдау үшін, пошта жəшігіндегі керекті электрондық хат тақырыбын белгілеп, Опц-р > Белг-рді алу таңдаңыз.
Page 43
М ен ю ф у н к ц ия ла р ы
43

Жазбалар
Аттар мен телефон нөмірлерін телефон жадына жəне SIM картасының жадына сақтауыңызға болады. Телефонның жадына жазбаларды нөмірлермен жəне мəтіндермен сақтауға болады. SIM картасы жадына сақталған аттар мен нөмірлер белгісімен көрсетіледі
.
Байланысты іздеу үшəн, Мəзір >
Контактылар >
Аттар
> Опц-р > Іздеу
таңдаңыз. Телефон кітапшасындағы тізім бойынша дөңгелетіңіз немесе іздеп жатқан аттың алғашқы əріптерін енгізіңіз. Жаңа байланыс қосу үшін,
Мəзір >
Контактылар >
Аттар
> Опц-р > Жаңа кнткт қосу
таңдаңыз. Байланысыңызға қосымша детальдар қосу үшін, қолданып жатқан жадыңыз не
Телефон
не болмаса
Телефон мен SIM
екендігін тексеріңіз. Сіз жаңа нөмір немесе мəтін қосқыңыз келген аттың үстіне жылжып барып,
Мəлім-рі > Опц-р > Мəлімет қосу
таңдаңыз.
Page 44
М ен ю ф у н к ц ия ла р ы
44
Байланысты іздеу үшəн, Мəзір > Контактылар > Аттар
> Опц-р > Конт-ы көшіру таңдаңыз. Аттар мен телефон нөмірлерін телефон жадынан SIM картасы жадына жəне керісінше көшіре аласыз. SIM картасының жадына бір телефон нөмірі тіркелген аттарды сақтауға болады.
Егер сізде vCard стандартын визитка секілді қолдайтын жəне соған сəйкес келетін құрылғыңыз бар болса, сіз тұлға байланыс ақпаратын жібере жəне қабылдай аласыз. Визитка жіберу үшін, ақпараты жіберілетін кісіні іздеп тауып,
Мəлім-рі >
Опц-р > Визитка жіберу > М-медиа арқылы, Мтнді
хбр арқ-ы
немесе
Bluetooth арқ-ы
мəнін таңдаңыз.
Сіз визитка алған кезде оны телефон жадына сақтап алу үшін Көрсету
> Сақтау таңдаңыз.
Визиткадан бас тарту үшін
Шығу > Иə таңдаңыз.
Мəзір > Контактылар > Баптаулар жəне
төменгілердің бірін таңдаңыз: Ағымдағы жад — телефон кітапшасы үшін SIM
карта немесе телефон жадын таңдау үшін.
Page 45
М ен ю ф у н к ц ия ла р ы
45
Контактылар көрінісі — телефон кітапшасындағы аттар мен телефон нөмірлері қалай көрсетілетіндігін таңдау үшін.
Жад жағдайы — Қолданыстағы жəне бос жадын тексеру үшін.

Журнал
Желі қолдау көрсетіп, телефон қосулы жəне желінің қызмет көрсету аясында болған жағдайда, телефон қабылданбаған, қабылданған қоңыраулар мен терілген нөмірлерді тіркеп отырады.
Телефон соғылған күн мен уақытты көруіңізге, телефон нөмірін тізімнен жоюыңызға, нөмірді Контактылар ішіне сақтауыңызға немесе нөмірге хабарлама жіберуіңізге болады.
Телефон шалыс ақпаратын тексеру үшін,
Мəзір >
Журнал > Қабылданбаған, Қабылданған
немесе
Терілгендер
таңдаңыз. Жақын арада жіберіп
алған телефон шалысты, қабылдаған жəне
Page 46
М ен ю ф у н к ц ия ла р ы
46
терген нөмірлерді хронология бойынша көргіңіз келсе,
Қоңырау тіркемесі
таңдаңыз. Ең соңғы рет
кімге хабарламалар жібергеніңізді көргіңіз келсе,
Хабарды алушылар
таңдаңыз.
Соңғы байланыстарыңыз туралы шамамен алынған ақпарат алу үшін
Мəзір >
Журнал >
Байланыс ұзақтығы
, Пак. дер. санағыш
немесе
Пак.
дер. қос. таймері
таңдаңыз.
Ескерту: Қызмет ұсынушы қамтамасыз еткен байланыстар мен қызметтер үшін нақты төленетін ақы, желі ерекшеліктеріне есептеле дөңгелектеніп, салықтар жəне т.б.-ға байланысты əр түрлі болуы мүмкін.
Жақын арадағы телефон шалыс тізімін жойғыңыз келсе, Журнал тіз-н өшіру таңдаңыз. Бұл операцияның күшін жоя алмайсыз.
Page 47
М ен ю ф у н к ц ия ла р ы
47

Баптамалар
Сіз осы мəзірде неше түрлі телефон баптамаларын сəйкестіріп алуыңызға болады. Кейбір мəзір параметрлерінің бастапқы мəндерін орнына келтіру үшін Мəзір >
Параметрлер > Зауыт бапт.
қайтару
таңдаңыз.
Профильдер
Сіздің телефоныңызда профиль атты неше түрлі баптама топтары бар, солар үшін сіз телефон дыбысын неше түрлі жағдайға жəне қоршаған айналаға сəйкестендіріп, арнайы етіп жасай аласыз.
Мəзір >
Параметрлер > Профайлдар
таңдап,
қалаған профильді таңдап, оны белсендіру үшін,
Іске қосу
таңдаңыз, жəне профильді жекелендіру
үшін,
Дербестеу
таңдаңыз, немесе белсендірілген
профильге уақыт шектеуін қойғыңыз келсе,
Уақ.
белгіленген
таңдаңыз. Орнатылған уақыт шектеуі
Page 48
М ен ю ф у н к ц ия ла р ы
48
таусылғанда, алдында уақытпен шектелмеген профилі белсендіріледі.
Үнсіз режимді іске қосу үшін, сонымен қатар
#
түймесін басып тұруыңызға болады.
Дыбыс баптамалары
Мəзір > Параметрлер > Саздар таңдап,
мына қамтамасыз етілген мүмкіндіктердің кез келгенін белсендірілген профиль ретінде таңдай аласыз: Сіздің телефоныңыз MP3 форматты қоңырау дыбыстарын қолдайды. Сіз жазып алған ырғақтарыңызды қоңыраулар түрінде орнатуыңызға болады.
Телефонды тек таңдаулы шақырушы топтарына жататын нөмірлерден келіп түскен қоңыраулар кезінде ғана шырылдайтын етіп баптау үшін
Ескерту тобы:
таңдаңыз.
Менің төте жолдарым
Төте жолдардың көмегімен жиі қолданылатын телефон функцияларына тез жетесіз.
Мəзір >
Page 49
М ен ю ф у н к ц ия ла р ы
49
Параметрлер > Сілтемеле-рім жəне төменгілердің бірін таңдаңыз:
Оң жақ таңдау түймесі немесе Сол жақ тңд к-і — телефон функциясының бірін оң немесе сол
таңдау түймесіне орнату үшін.
Жылжу түймесі
— жылжу түймесінің төте жол
функцияларын таңдау. Қажетті қозғалу түймесіне дөңгелетіңіз, Өзгерту
немесе Беру жəне тізімдегі
функцияның бірін таңдаңыз.
Телефон шалу жəне телефон баптамалары
Мəзір > Параметрлер > Қоңырау жəне
төменгілердің бірін таңдаңыз: Кіретін қоңырауларды басқа жаққа бұрып жіберу
үшін
Қоңырауды бұру
(желі қызметі) таңдаңыз.
Толық ақпарат алу үшін қызмет ұсынушыңызбен байланысыңыз.
Page 50
М ен ю ф у н к ц ия ла р ы
50
Телефон шалу əрекеті сəтсіз болғаннан кейін қайтадан байланысуға он рет əрекет жасау үшін
Автоматты қайта теру
> Қосу таңдаңыз.
Телефон шалу əрекеті сəтсіз болғаннан кейін қайтадан байланысуға он рет əрекет жасау үшін
Қоңырау күту қызметі
> Қосу таңдаңыз.
Менің жеке бас дрк-мді жіберу (желі қызметі)
— телефон шалып тұрған адамға сіздің нөміріңізді көрсету немесе көрсетпеу қызметі
Телефонның дисплей тілін белгілеу үшін
Мəзір >
Параметрлер
> Телефон > Тіл баптаулары >
Телефон тілі таңдаңыз.
Дисплей баптамалары
Қуат үнемдеушімен аккумулятор қуатын үнемдеу үшін, Мəзір > Параметрлер > Дисплей > Энергия
үнемдегіш
> Қосу таңдаңыз. Телефонның функцияларының ешқайсысы біраз уақытқа дейін пайдаланылмаса, дисплейде цифрлы сағат көрсетіледі.
Page 51
М ен ю ф у н к ц ия ла р ы
51
Күту режимінде аккумулятор қуатын үнемдеу үшін
Мəзір > Параметрлер > Дисплей > Күту режимі > Қосу таңдаңыз. Телефонның функцияларының
ешқайсысы біраз уақытқа дейін пайдаланылмаса, дисплей сөнеді.
Уақыт жəне күн баптамалары
Мəзір > Параметрлер > Күн мен уақыт таңдаңыз.
Күн мен уақытты белгілеу үшін Күн мен уақыт параметрлері таңдаңыз. Күн мен уақыт пішімін
белгілеу үшін Күн мен уақыт параметрлері
мəнін таңдаңыз. Телефон уақыт пен күнді ағымдағы уақыт белдеуіне қарай автоматты түрде жаңартып отыруы үшін Күн мен уақытты автотүзету (желі қызметі) таңдаңыз.
Байланысу мүмкіндігі Bluetooth сымсыз технологиясы
Кей бір елдерде Bluetooth құрылғыларын қолдануға тыйым салынуы мүмкін. Диллеріңізбен жəне жергілікті əкімшілікпен хабарласыңыз.
Page 52
М ен ю ф у н к ц ия ла р ы
52
Бұл құрылғы Bluetooth Specification 2.0 құжатына сəйкес келе тұра, мына профильдерді қолдайды: Қол бос, бас телефон, object push, файлды тасымалдау, қайта теру желісі,синхрондалған байланыс, жəне тізбектелген порт. Bluetooth технологиясы қолданылатын басқа құрылғылардың арасында өзара жұмыс істесу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін осы модель үшін Nokia мақұлдаған жасауларды пайдаланыңыз. Басқа құрылғылардың осы құрылғымен үйлесімділігін анықтап алу үшін олардың өндірушілерінен сұрап біліңіз.
Кейбір жерлерде Bluetooth технологиясын қолдану шектелген болуы мүмкін. Жергілікті мекемелерден немесе қызмет ұсынушыдан сұрап біліңіз.
Bluetooth технологиясын қолданылатын, не болмаса басқа мүмкіндіктерді пайдаланған кезде мұндай мүмкіндіктерді қосалқы тəртібінде жұмыс істететін мүмкіндіктер батарея қуатының тұтынылуын арттырып, батареяның қызмет ету мерзімін азайтады.
Bluetooth технологиясы сізге 10 метр (32 фут) аралықтағы сəйкес келетін Bluetooth құрылғысымен байланысу мүмкіндігін ұсынады.
Page 53
М ен ю ф у н к ц ия ла р ы
53
Bluetooth технологиясы радио толқындарын қолдану арқылы байланысатындықтан, сіздің телефоныңыз жəне басқа құрылғылар тікелей көріну бағытында болуы тиіс емес, дегенмен, қабырға, немесе басқа электронды құрылғы секілді кедергілер байланысқа əсерін тигізуі мүмкін.
Bluetooth байланысын орнатыңыз
Мəзір > Параметрлер > Іскерлесуі > Bluetooth
жəне төмендегілердің бірін таңдаңыз:
Bluetooth > Қосулы
немесе Сөндірулі — Bluetooth функциясын белсендіру немесе тоқтату үшін. Bluetooth белсендірілгендігін білдіреді.
Аудио кеңей-тулерін іздеу
— Bluetooth үйлесімді
аудио керек-жарақтарын іздеу. Жұпталған құрылғылар — Байланыс желісі
жететін аймақтағы Bluetooth құрылғысын іздеу үшін. Жаңа — Байланыс желісі жететін аймақтағы Bluetooth құрылғысын іздеу үшін. Құрылғыны таңдап
Жұптау таңдаңыз. Құрылғының
Page 54
М ен ю ф у н к ц ия ла р ы
54
келісілген Bluetooth поролін енгізіп (16 əріпке дейін) құрылғыны өзіңіздің телефоныңызға сыңарлатыңыз. Сіз поролді тек құрылғымен алғаш рет сыңарлатып жатқанда ғана енгізуіңіз керек. Сіз поролді тек құрылғымен алғаш рет сыңарлатып жатқанда ғана енгізуіңіз керек.
Белсенді құрылғылар —қай Bluetooth байланысы дəл қазір белсендірілгенін тексеру үшін.
Телефонымның көрінуі
немесе Телефонымның
аты — сіздің телефоныңыз басқа Bluetooth
құрылғыға қандай болып көрінетіндігін тексеру үшін
Егер сіз қауіпсіздік жағынан қам жесеңіз, Bluetooth функциясын сөндіріңіз, немесе Телефонымның көрінуі баптамасын Жасырын ұстанымына орнатыңыз. Əрдайым тек алдын ала келісілген Bluetooth байланысын ғана қабылдаңыз.
GPRS байланысы
Радио қызметінің жалпы пакеті (GPRS) (желі қызметі) ол Интернет тəрізді мəлімет жүйесіне
Page 55
М ен ю ф у н к ц ия ла р ы
55
сымсыз ену мүмкіндігін қамтамасыз ететін мəлімет иесі болып келеді. GPRS пайдаланылуы мүмкін қолданбалар MMS, браузер жəне Java қолданба жүктелімдері болып табылады.
GPRS технологиясын пайдаланар алдында GPRS қызметі бар-жоғын білу жəне оған жазылу үшін желі операторымен немесе қызмет ұсынушымен байланысыңыз. GPRS баптамаларын GPRS арқылы пайдаланылған қолданбалардың əрқайсысы үшін сақтаңыз. Тарифтер туралы ақпарат алу үшін желі операторымен немесе қызмет ұсынушымен байланысыңыз.
Мəзір > Параметрлер > Іскерлесуі > Пктк деректер
> Пакеттік деректер байланысы таңдаңыз. Телефон қосылған кезде GPRS желісіне автоматты түрде тіркелуі үшін Əрдайым желіде опциясын таңдаңыз. Қажет кезде
опциясын таңдасаңыз, GPRS тіркелуі жəне байланысы GPRS пайдаланылатын қолданба оны қажет еткен кезде орнатылып, сіз қолданбаны аяқтаған кезде жабылады
Page 56
М ен ю ф у н к ц ия ла р ы
56
Мəлімет тасымалдау
Телефон сыйысымды компьютермен, басқа бір сыйысымды құрылғымен немесе қашықтағы интернет серверімен деректер (күнтізбе, контакт деректері мен ескертпелері сияқты) алмасуға мүмкіндік береді (желі қызметі).
Телефон кітапша тізімін тасымалдау
Телефоныңыздағы мəліметтердің көшірмесін жасау үшін, немесе оларды синхрондау үшін, құрылғының аты жəне оның баптамалары сіздің тасымалдау кітапша тізімінде болуы тиіс.
Тізімге жаңа алмасу контактісін (мысалы, қалта телефоны) қосу үшін,
Мəзір > Параметрлер >
Іскерлесуі
> Дер-ді өткізу > Опц-р > Контакт
қосу
> Телефон синх. немесе Тлф көшіру таңдап,
алмасу түріне қарай параметрлерді енгізіңіз.
Page 57
М ен ю ф у н к ц ия ла р ы
57
Ұйлесімді құрылғыға мəлімет тасымалдау
Синхрондау үшін, Bluetooth сымсыз технология байланысын қолданыңыз. Деректерді қабылдау үшін екінші іске қосылуға тиіс.
Деректер жіберуді бастау үшін, Мəзір > Параметрлер > Іскерлесуі > Дер-ді өткізу жəне тізімнен Серв-мен синх. немесе Комп-мен синх. тармағынан басқа алмасу контактісін таңдаңыз Баптамаларға сəйкес, таңдалған мəлімет көшіріледі немесе синхрондалады.
Үйлесімді PC дан синхрондау
Күнтізбеден, ескерпелерден, жəне телефон кітапшасынан мəліметтерді синхрондау үшін, өзіңіздің телефоныңыздың Nokia PC Suite бағдарламасын компьютерге орнатыңыз. Синхрондау үшін Bluetooth сымсыз технология байланысын қолданыңыз жəне компьютеріңізден синхрондауды бастаңыз.
Page 58
М ен ю ф у н к ц ия ла р ы
58
Серверден синхрондау
Қашықтағы Интернет серверін қолдану үшін, синхрондау қызметіне жазылыңыз. Осы қызметке қажет қосымша ақпарат жəне баптамалар алу үшін, қызмет көрсетушімен байланысыңыз.
Телефоныңыздан синхрондау үшін,
Мəзір >
Параметрлер
> Іскерлесуі > Дер-ді өткізу > Серв-
мен синх. таңдаңыз.
Алғаш рет немесе синхрондау үзілісінен кейін синхрондау аяқталу үшін 30 минутқа дейін кетуі мүмкін.
Жасауларды баптау
Сəйкес келетін мобильді жасаулары тек телефон оған қосылған болғанда ғана көрсетіледі.
Мəзір > Параметрлер > Кеңейту таңдап, қамтамасыз етілген жасауларды таңдаңыз. Егер қамтамасыз етілген болса, сіз Автоматты жауап таңдап, ішке кіріп жатқан телефон шалыстарына автоматты түрде жауап беретін етуіңізге болады.
Page 59
М ен ю ф у н к ц ия ла р ы
59
Егер Кіріс қоңырау белгісі Бір қысқа сигнал немесе Сөндіру қосулы болса, автоматты түрде жауап
беру қолданылмайды.
Конфигурация баптамалары
Желі қызметтерінің кейбіреулері телефоныңыздағы конфигурация баптамаларының дұрыс болуын қажет етеді. Баптамаларды SIM картаңыздан, қызмет ұсынушыдан конфигурациялық хабарлама ретінде алыңыз, не болмаса өзіңіздің жеке баптамаларыңызды қолмен енгізіңіз.
Мəзір > Параметрлер > Конфигурация жəне төменгілердің бірін таңдаңыз:
Станд. конфиг. параметрлер
— телефонда
сақтаулы қызмет ұсынушылардың тізімін көру (алдын ала белгіленіп қойған қызмет ұсынушы ерекшеленіп тұрады)
Бар-қ қолдб. стд. парам. іске қос — əдепкі қызмет ұсынушы берген параметрлер пайдаланылатын қолданбаларды белгілеу
Page 60
М ен ю ф у н к ц ия ла р ы
60
Ең тəуір ену нүктесі — басқа бір ену нүктесін таңдау Əдетте ең артық көрінетін желі операторыңыздың ену нүктесі пайдаланылуы тиіс.
Провайдер қолдауына қосылу — қызмет ұсынушы берген конфигурация параметрлерін жүктеп алу
Параметрлерді қолмен енгізу, көру жəне түзету үшін, Мəзір > Параметрлер > Конфигурация > Жеке конфиг. параметрлер таңдаңыз.

Оператор менюі
Бұл меню сізге желі операторыңыз ұсынатын қызметтер порталына енуге мүмкіндік береді. Бұл менюдің ерекшеліктері операторға байланысты өзіндік болып табылады. Аттар мен иконкалар операторға байланысты. Оператор бұл менюді қызметтік хабарламамен жаңартуы мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін желі операторымен байланысыңыз.
Page 61
М ен ю ф у н к ц ия ла р ы
61

Галерея
Бұл менюде тақырыптарды, графикаларды жəне үндерді басқара аласыз. Бұл файлдар папкаларға реттелген.
Телефонда алынған мазмұнды қорғау үшін цифрлы құқықты басқару (DRM) жүйесі бар. Ақпарат ақылы болуы мүмкін болғандықтан, оны алар алдында əрқашан қандай да бір мазмұнның жəне активтендіру кілтінің жеткізу шарттарын тексеріп алыңыз.
Мəзір > Галерея > Суреттер, Бейнеклптр, Музыка, Тқрптр, Графика, Үндер, Дбс клптрі
жəне
Қаб-н. Фйлд таңдаңыз.

Медиа
Камера жəне видео
Ішіне орнатылған камераны қолданып, сіз сурет немесе видео клиптарын түсіре аласыз.
Page 62
М ен ю ф у н к ц ия ла р ы
62
Сурет түсіру
Камераны қосу үшін Мəзір >
Медиа > Камера таңдаңыз немесе камера түймесін басыңыз; егер бейне жазу қызметі қосылып қойған болса, солға немесе оңға дөңгелетіңіз. Бейнені суретке түсіру үшін,
Іліп алу
таңдаңыз.
Көмескі жарық жағдайларында Түн реж-і қос-ы on режимін қосу үшін
Опц-р, өзіндік таймерді қосу
үшін Таймер қосулы немесе суреттерді қатарынан жылдам түсіру үшін Сурет тізб-і қос-ы
мəнін
таңдаңыз.
Құрылғыңыздағы бейненің ажыратымдылығы 640x480 пиксельді құрайды.
Видео клип түсіру
Бейне жазуды қосу үшін Мəзір > Медиа > Камера > Опц-р > Бейне таңдаңыз немесе камера
түймесін басып, ұстап тұрыңыз; егер камера қызметі қосылып қойған болса, солға немесе оңға дөңгелетіңіз. Бейне түсіруді бастау үшін Жазу
Page 63
М ен ю ф у н к ц ия ла р ы
63
таңдаңыз. Түсіруді уақытша тоқтату үшін Үзіліс опциясын, түсіруді жалғастыру үшін Жал-ру опциясын жəне түсіруді тоқтату үшін Тоқтат опциясын таңдаңыз.
Камера жəне бейне опциялары
Камера не бейне функциясы қосулы болса, Опц-р > Параметрлер жəне келесі тармақтардың бірін таңдаңыз:
Суретті алдын ала көру уақыты
— соңғы түсірілген суретті көрсету үшін алдын ала қарап алу уақытын белгілеу. Алдын ала қарау кезінде, басқа бір сурет түсіру үшін
Артқа
немесе суретті
мультимедиа хабарламасы етіп жіберу үшін Опц-р > Жіберу
таңдаңыз.
Бейне клип ұзындығы — түсіруге болатын бейнеклип ұзақтығын белгілеу.
Page 64
М ен ю ф у н к ц ия ла р ы
64
Дауыс жазушы
Сіз əңгіме бөлшектерін, дыбыстарды немесе белсендірілген телефон шалысын жазып алуыңызға болады. Бұл қызмет адам аттарын немесе телефон нөмірлерді дыбысты етіп жазып алып, кейініректе қағазға жазып алуыңыз үшін қолайлы.
Жазуды бастау үшін Мəзір >
Медиа > Диктофон жəне дисплейдегі виртуалдық түсіру түймесін басыңыз. Телефон шалысы барысында жазып алғыңыз келсе,
Опц-р > Жазу
таңдаңыз. Бір телефон байланысын жазып жатқанда, телефонды əдеттегідей құлағыңызға жақын қалыпты жағдайда ұстаңыз. Жазып алынған телефон шалыс
Галерея >
Дбс клптрі
сақталады. Соңғы жазып алған
дыбысыңызды естігіңіз келсе
Опц-р > Соңғы клп
ойнат
таңдаңыз. Мультимедиалы хабар жүберуді
қолданып, соңғы жазып алған дыбысты біреуге салып жібермекші болсаңыз,
Опц-р > Соңғы клп
жібер
таңдаңыз.
Page 65
М ен ю ф у н к ц ия ла р ы
65
Радио
FM радиосы сымсыз құрылғының антеннасынан басқа антеннаға тəуелді. FM радио функциясы дұрыс жұмыс істеуі үшін құрылғыға үйлесімді құлақ аспабы немесе жасауы жалғануы тиіс.
Ескерту: Музыканы орташа дауыс деңгейінде тыңдаңыз. Қатты дыбысты ұзақ уақыт бойы тыңдау есту қабілетіңізге зақым келтіруі мүмкін.
Мəзір > Медиа > Радио таңдаңыз немесе күту режимінде
* басып, ұстап тұрыңыз.
Егер сіз радио стансаларын сақтап қойған болсаңыз, сақтап қойған стансалар арасында төмен немесе жоғары дөңгелетіңіз немесе қалаған стансаның сақталған орнының сəйкес келетін нөмірін басыңыз.
Жақын арадағы стансаларды іздестіру үшін, солға немесе оңға дөңгелететін түймені басып, ұстап тұрыңыз.
Page 66
М ен ю ф у н к ц ия ла р ы
66
Ұстап алған стансаны сақтап қою үшін,
Опц-р >
Станц-ы сақтау
таңдаңыз.
Дауысын сəйкестендіру үшін,
Опц-р > Дыбыс
деңгейі таңдаңыз
Радионы ойнату қалпында қалдырғыңыз келсе, аяқтау түймесін басыңыз. Радионы сөндіру үшін, аяқтау түймесін басып, ұстап тұрыңыз.

Электронды хатшы
Оятар
Қоңырау соғып оятатын сағатты орнату үшін, Мəзір > Органайзер > Оятқыш жəне мына төмендегілердің бірін таңдаңыз:
Дабыл: — қоңырау соғып оятатын уақытты орнату. Оятар уақыты: — қоңырау соғып оятатын уақытты. Қайталау: — телефоныңызға сізді қоңырау соғып
оятсын деген аптаның нақты күндерін орнату. Дабыл үні: — қоңырау дыбысын жеке талғам
бойынша таңдау.
Page 67
М ен ю ф у н к ц ия ла р ы
67
Сигналды қайталау уақытын белгілеу үшін Қалғу үзілісімен уақытты таңдаңыз.
Тіпті телефон сөндірілген кезде де телефон дыбыстық сигнал беріп, дисплейде Оян
! деген
хабарлама жəне ағымдағы уақыт көрінеді. Оятарды тоқтату үшін Тоқтат таңдаңыз. Егер дыбыстық сигнал бір минутқа дейін тоқтатылмаса, не болмаса
Қайтал., таңдасаңыз, сигнал беру
өзіңіз орнатқан уақытқа тоқтап тұрып, содан кейін қайтадан жалғастырады.
Құрылғы сөндірулі тұрған кезде қоңыраулы сағат шырылдайтын уақыт келгенде, ол өздігінен қосылып, қоңыраулы сағат дыбысын бере бастайды. Егер
Тоқтат
опциясын таңдасаңыз, құрылғы сізден телефон шалу үшін телефонды іске қосқыңыз келе ме деп сұрайды. Құрылғыны сөндіру үшін
Жоқ
опциясын, не болмаса
қоңырау шалу жəне қабылдау үшін Иə опциясын таңдаңыз. Сымсыз телефон кедергі тудыруы немесе қауіп төндіруі мүмкін болған кезде Иə опциясын таңдамаңыз.
Page 68
М ен ю ф у н к ц ия ла р ы
68
Күнтізбе
Мəзір > Органайзер > Күнтізбе
таңдаңыз Ағымдағы күн қоршалып тұрады. Егер бұл күнге қандай да бір ескертулер берілген болса, күн қалың əріппен көрсетіледі. Күн ескертулерін көру үшін
Көру
таңдаңыз. Күнтізбедегі барлық ескертулерді өшіру үшін ай көрінісін, немесе апта көрінісін таңдап,
Опц-р > Бар ескрті жою
таңдаңыз.
Күнтізбені көрудің басқа опциялары ескерту құру, ескертуді өшіру, редакциялау, орнын ауыстыру жəне қайталау жəне ескертуді басқа бір күнге көшіріп қою немесе ескертуді тікелей басқа бір үйлесімді телефон күнтізбесіне мəтінді хабарлама немесе қыстырма ретінде жіберу опциялары болуы мүмкін.
Істер тізімі
Мəзір > Органайзер > Ескерту таңдаңыз. Істер
тізімі басымдығына қарай көрсетіліп, реттеледі. Ескертпені қосу, жою немесе жіберу, ескертпені орындалды деп белгілеу немесе істер тізімін
Page 69
М ен ю ф у н к ц ия ла р ы
69
соңғы орындалу күні бойынша реттеу үшін Опц-р таңдаңыз.

Қолданбалар
Телефоныңыздағы бағдарламалық құралдың ішінде осы Nokia телефоны үшін арнайы əзірленген біраз ойындар мен Java қолданбалары болуы мүмкін.
Ойын мен қолданбалар орнату үшін пайдалануға болатын жад мөлшерін көру үшін
Мəзір >
Қолданбалар
> Опц-р > Жад жағдайы таңдаңыз.
Бір ойынды не қолданбаны ашу үшін
Мəзір >
Қолданбалар
> Ойындар таңдаңыз. Ойынға
немесе қолданбаға жылжып барып,
Ашу таңдаңыз.
Ойынды немесе қолданбаны жүктеп алу үшін
Мəзір > Қолданбалар > Опц-р > Жүктеу > Ойын жүктеу
немесе Қолдб. жүктеу таңдаңыз. Телефон J2METM Java қолданбаларын қолдайды Қолданбаны жүктеп алар алдында оның телефоныңызбен үйлесімді екендігіне көз жеткізіңіз.
Page 70
М ен ю ф у н к ц ия ла р ы
70
Маңызды: Қолданбаларды зиянды
бағдарламалық құралдан тек тиісті шамада қорғайтын дерек көздерінен ғана орнатып алыңыз.
Қолданбаны жүктеген кезде ол Қолданбалар мəзірінің орнына Галерея мəзіріне сақталуы мүмкін екендігін ескеріңіз.

Web
Телефон браузерінің көмегімен əр түрлі мобильді Интернет қызметтеріне енуге болады. Бұл қызметтердің бар­жоғын, бағалары мен тарифтерін желі операторынан немесе қызмет ұсынушыдан тексеріңіз.
Маңызды: Тек өзіңіз сенім артатын жəне зиянды бағдарламалық құралдардан тиісті шамада қауіпсіздік пен қорғауды қамтамасыз ететін қызметтерді ғана пайдаланыңыз.
Page 71
М ен ю ф у н к ц ия ла р ы
71
Қызметке қосылу
Қызмет баптамалары сақталып, белсендірілгендігін тексеріңіз.
Қызметпен байланысу үшін, бастапқы бетін ашыңыз, (мəселен, қызмет берушінің негізгі бетін), Мəзір >
Веб > Үй
таңдаңыз, немесе күту режимінде
0 басып, ұстап тұрыңыз. Бетбелгіге ену үшін, Мəзір >
Веб > Бетбелгі-р
таңдаңыз. Егер бетбелгі ағымдағы актив қызметтік баптамалармен жұмыс істемесе, басқа бір қызметтік баптамалар жинағын белсендіріп, əрекетті қайталаңыз. Соңғы URL ға ену үшін,
Мəзір > Веб > Сңғы веб-адр.
таңдаңыз.
Қызметтің мекен жайын енгізу үшін,
Мəзір > Веб >
Адрестерге өту
таңдаңыз.
Ізденісті тоқтату үшін жəне байланысты тоқтату үшін, аяқтау түймесін басып, ұстап тұрыңыз.
Қызметпен байланыс орнатқаннан кейін оның беттерін көруге болады. Телефон түймелерінің функциясы əр түрлі қызметтерде əр түрлі болуы мүмкін. Телефон түймелерінің функциясы əр түрлі
Page 72
М ен ю ф у н к ц ия ла р ы
72
қызметтерде əр түрлі болуы мүмкін. Егер деректер тасушы ретінде GPRS таңдалса,
қарау кезінде дисплейдің үстіңгі сол жағында белгісі көрінеді. GPRS байланысы кезінде сіз бір қоңырау не мəтінді хабар алсаңыз немесе телефон шалсаңыз, дисплейдің үстіңгі сол жағында белгісі GPRS байланыс уақытша тоқтатылғанын (ұсталып тұрғанын) көрсетіп тұрады. Байланыстан кейін телефон GPRS байланысына қайтадан қосылып көреді.
Құрылғыңызда Nokia корпорациясымен байланысы жоқ сайттардың бетбелгілері болуы мүмкін. Сіз, сонымен қатар, өзіңіздің құрылғыңыз арқылы үшінші жақтың интернет беттеріне де енуіңізге болады. Үшінші жақтың интернет беттері Nokiaға қатысы жоқ, жəне Nokia олар үшін жауапкерпшілік көтермейді. Егер сіз оларға кіруді ұйғарсаңыз, олардың қауіпсіздігі мен мазмұны үшін Интернеттегі кез келген сайтқа қолданатындай алдын-ала сақтық шараларын қолданғаныңыз жөн.
Page 73
М ен ю ф у н к ц ия ла р ы
73
Браузердің көрінісін баптау
Күту режимінде
Мəзір > Веб > Баптаулар > Көрініс
параметрлері
таңдаңыз.
Мəтінді беттеу > Қосу таңдасаңыз, мəтінді келесі жолда жалғастыру мүмкіндігін аласыз. Егер
Сөндіру
таңдасаңыз,
мəтін қысқартылады.
Суреттерді көрсету >
Жоқ
опциясын таңдасаңыз, беттегі қандай да бір суреттер көрсетілмейді. Браузер режимінде сенімді байланыс əлсіреген кезде телефон белгі беруі үшін
Ескертулер > Сенімсіз байланыс ескертуі >
Иə
таңдаңыз. Сенімді бетте сенімсіз бір элемент
болған жағдайда телефон белгі беруі үшін
Сенімсіз
деректер ескертуі
> Иə
таңдаңыз. Бұл белгілер байланыс сенімділігіне кепілдік бермейді. Осы ақпаратты қамтамасыз етпейтін көрсетіліп жатқан бетке сəйкес келетін белгілер топтамасын алуға немесе сəйкес келетін телефонға Интернет адресін жіберіп жатқанда, əрдайым UTF-8 кодировкасын қолдану мүмкіндігін алу үшін,
Таңбаны шифрлау
таңдаңыз
Page 74
М ен ю ф у н к ц ия ла р ы
74
Қызметтік кіріс поштасы баптамалары
Телефон қызмет ұсынушы жіберген қызметтік хабарламалар (желі қызметі) қабылдай алады. Бұл қызметтік хабарламаны оқу үшін Көрсету таңдаңыз. Егер
Шығу таңдасаңыз, хабарлама
Қызм. кіріс папкасы папкасына көшіріледі. Телефон қызметтік хабарламалар алуы үшін
Мəзір > Веб >
Баптаулар
> Қызм. кіріс папкасы параметрлері >
Қызметтік хабарлар
> Қосу таңдаңыз.
Браузер қауіпсіздігі
Қауіпсіздік мүмкіндіктері банкинг немесе онлайн шоппинг сияқты кейбір қызметтер үшін талап етілуі мүмкін. Ондай байланыстар үшін Сізде өзіңіздің SIM картаңызда болуы мүмкін қауіпсіздік сертификаты жəне, мүмкін, қауіпсіздік құрылғысы болуы тиіс. Қосымша ақпарат алу үшін қызмет ұсынушыңызға хабарласыңыз.
Page 75
Б ат а р е я ту р а л ы ақ па р а т
75

SIM қызметтері
Сіздің SIM картаңыз қосымша қызмет қамтамасыз етуі мүмкін. Ақпарат алу үшін қызмет ұсынушыға хабарласыңыз.
6. Батарея туралы ақпарат

Зарядтау жəне разряттау
Құрылғыңыз қайта зарядталатын батареядан қуат алады. Батареяны жүздеген рет зарядтап, разрядтауға болады, бірақ ол ақырында тозады. Зарядтау уақыты əдеттегіден айтарлықтай азайып кеткен кезде, аккумуляторды ауыстырыңыз. Тек Nokia рұқсат берген батареяны пайдаланыңыз жəне батареяны тек Nokia рұқсат берген осы құрылғыға арналған зарядтағыштармен зарядтаңыз.
Ауыстырмалы батарея бірінші рет пайдаланылған болса немесе батарея ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған жағдайда оны зарядтау үшін алдымен зарядтағышты жалғап, қайта ажыратып, қайтадан жалғау қажет.
Page 76
Б ат а р е я ту р а л ы ақ па р а т
76
Пайдаланылмаған уақытта зарядтағышты электр розеткасы мен құрылғыдан ажыратып қойыңыз. Толық зарядталған батареяны зарядтағышта қосылған күйінде қалдырмаңыз, өйткені шамадан тыс зарядтау оның қызмет ету мерзімін азайтып жіберуі мүмкін. Егер пайдаланусыз қалатын болса, толық зарядталған батарея уақыт өте келе өзінің зарядын жоғалтады.
Егер батареяның қуаты толығымен азайған болса, дисплейдегі зарядтау көрсеткіші жанғанша, не болмаса қандай да бір қоңыраулар шалу мүмкін болғанша бірнеше минут керек болады.
Батареяны тек өзінің арнаулы мақсаты бойынша пайдаланыңыз. Еш уақытта зақымданған қуаттағышты немесе батареяны пайдаланбаңыз.
Батареяны қысқаша тұйықтамаңыз. Кездейсоқ қысқаша тұйықталу теңге, қағаз қыстырғыш немесе қалам сияқты металл зат батареяның оң (+) жəне теріс (-) полюстерінің қосылуын тудырған кезде орын алуы мүмкін. (Полюстер батареяның үстіндегі металл жолақшаларға ұқсайды.) Бұл, мысалы, қалтаңызда немесе əмияныңызда қосалқы батарея алып жүрген кезде орын алуы мүмкін.
Page 77
Б ат а р е я ту р а л ы ақ па р а т
77
Полюстерді қысқаша тұйықтау батареяны немесе байланыстырғыш затты зақымдауы мүмкін.
Батареяны жазғы немесе қысқы кездердегі жабық машина сияқты ыстық немесе суық жерде қалдыру батареяның қуаты мен қызмет ету мерзімін қысқартады. Батареяны əрдайым 15°С пен 25°С (59°F пен 77°F) аралығындағы температурада сақтауға тырысыңыз. Ыстық немесе суық батарея салынған құрылғы тіпті, батарея толық зарядталғанның өзінде уақытша жұмыс істей алмауы мүмкін. Батареяның өнімділігі əсіресе, қату нүктесінен төмен температураларда шектеледі.
Батареяны отқа тастамаңыз, өйткені олар жарылуы мүмкін. Батареялар сонымен қатар жарылған жағдайда қатты жарылуы мүмкін. Батареяларды жергілікті ережелерге сəйкес пайдаға асырыңыз. Мүмкін болған кезде зарядтап қайта пайдаланыңыз. Тұрмыстық қалдық ретінде тастамаңыз.
Элементтер мен батареяларды бөлшектемеңіз жəне қиратпаңыз. Батарея ағып кеткен жағдайда сұйықтықты тері мен көзге тигізбеңіз. Теріңізге немесе көзіңізге
Page 78
Б ат а р е я ту р а л ы ақ па р а т
78
сұйықтық тиген жағдайда, сумен жуып тастаңыз немесе дереу дəрігерге көрініңіз.

Nokia батареясының шынайылығын растау жөніндегі нұсқаулар
Қауіпсіздік мақсатында əрқашан Nokia корпорациясы өзі шығарған батареяны пайдаланыңыз. Nokia фирмалық аккумуляторын алғаныңызды тексеру үшін оны nokia уəкілетті дилерінен сатып алыңыз, орамынан «nokia original Керек-жарақтар» (nokia фирмалық жасаулары) логотипін іздеңіз жəне голограммалы этикеткасын келесі қадамдарды орындай отырып тексеріңіз:
Төрт қадамның сəтті орындалуы батареяның шынайылығының толық куəландырылғанын көрсетпейді. Батареяңыз Nokia-ның фирмалық батареясы емес деп есептеуіңізге қандай бір негіз болса, оны пайдаланудан бас тартқаныңыз жөн жəне ең жақын орналасқан Nokia­ның уəкілетті қызмет көрсету орнына немесе дилеріне апарып, көмек сұрағаныңыз жөн. Nokia корпорациясының уəкілетті қызмет көрсету орны немесе дилері батареяның
Page 79
Б ат а р е я ту р а л ы ақ па р а т
79
шынайылығын тексеріп береді. Егер шынайылығын куəландыру мүмкін болмаса, батареяны сатып алған жеріңізге қайтарып беріңіз.
Голограмманың шынайылығын растау
1. Этикеткадағы голограмманы тексерген кезде оның бір бұрышынан қарағанда Nokia корпорациясының қол алысу белгісін, ал екінші бұрышынан қарағанда «Nokia Original Enhancements» логотипін көруге тиіссіз.
Page 80
Б ат а р е я ту р а л ы ақ па р а т
80
2. Сіз голограмманы солға, оңға, төмен жəне жоғары қисайтқан кезде əрбір бұрышынан сəйкесінше 1, 2, 3 жəне 4 нүкте көруге тиіссіз.
Батарея шынайы болмаса не істеу керек?
Егер сіз этикеткасында голограммасы бар Nokia батареясының шынайылығына көз жеткізе алмасаңыз, батареяны пайдаланбай-ақ қойыңыз. Оны ең жақын орналасқан Nokia уəкілетті қызмет көрсету орнына немесе дилеріне апарып, көмек сұраңыз. Өндіруші мақұлдамаған батареяны пайдалану қауіпті жəне құрылғыңыз мен оның жасауларының жұмысының нашарлауына жəне зақымдануына əкеп соғуы мүмкін. Сондай-ақ бұл құрылғыға қолданылатын қандай да бір рұқсатты немесе кепілдікті күшінен айыруы мүмкін.
Nokia корпорациясының фирмалық батареялары туралы қосымша ақпарат алу үшін www.nokia.com/batterycheck бетін қараңыз.
Page 81
Ж ас ау л ар
81
7. Жасаулар
Керек-жарақтар мен жасаулар туралы пайдалы ережелер
Керек-жарақтар мен жасаулардың барлығын
балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
Кез-келген керек-жарақты немесе жасауды қуат
көзінен ажыратқан кезде, оның сымынан емес, ұстағышынан ұстап суырыңыз.
Көлікке орнатылған жасаулардың дұрыс орнатылып,
жұмыс істейтіндігін тексеріңіз.
Кез-келген күрделі көлік жасауларын білікті
қызметкерлер орнатуы тиіс.
Page 82
К үт ім ж ə н е қ ыз м ет к ө р с ет у
82
Күтім жəне қызмет көрсету
Құрылғыңыз көп қырлы өнім болып табылғандықтан ұқыпты ұстауды қажет етеді. Келесі ұсыныстар кепілдігіңіздің күшін сақтауға көмектеседі.
Құрылғыны құрғақ күйінде ұстаңыз. Жауын-
шашынның, ылғалдылықтың жəне сұйықтықтардың құрамында электрондық тізбектердің тот басуына себепші болатын минералдар болуы мүмкін. Құрылғы суланса, батареяны шығарып алып, құрылғыны əбден құрғатыңыз.
Құрылғыны шаң басқан, ластанған жерлерде
пайдаланушы немесе сақтаушы болмаңыз. Оның ауыстырмалы бөліктері мен электрондық компоненттері зақымдануы мүмкін.
Құрылғыны ыстық жерлерде сақтамаңыз. Жоғары
температура электрондық құрылғылардың қызмет ету мерзімін қысқартып, сондай-ақ батареяны зақымдауы жəне кейбір пластмасса бөлшектерінің қалпын бұзуы немесе оларды балқытып жіберуі мүмкін.
Page 83
К үт ім ж ə н е қ ыз м ет к ө р с ет у
83
Құрылғыны суық жерде сақтамаңыз. Құрылғы қалыпты
температурасына қайтқан кезде құрылғының ішінде ылғал түзіліп, электрондық схема тақташаларын зақымдауы мүмкін.
Құрылғыны осы нұсқаулықта көрсетілгеннен басқа
жолдармен ашуға əрекеттенбеңіз.
Құрылғыны лақтырушы, соғушы немесе шайқаушы
болмаңыз. Дөрекі ұстау салдарынан ішкі схема тақташалары мен жұқа механизмдер сынуы мүмкін.
Құрылғыны тазалау үшін қатты химиялық заттарды,
тазалағыш ерітінділерді немесе күшті жуу құралдарын пайдаланбаңыз.
Құрылғыны боямаңыз. Бояу құрылғының
ауыстырмалы бөлшектері мен дұрыс жұмыс істеуіне кедергі келтіруі мүмкін.
Камерасын, жақындық көрсеткішін жəне жарық
көрсеткіш линзалары сияқты кез келген линзаларды жұмсақ, таза жəне құрғақ шүберекпен тазалаңыз.
Тек қана жинақпен жеткізілген немесе мақұлданған
қосалқы антеннаны пайдаланыңыз. Рұқсат
Page 84
К үт ім ж ə н е қ ыз м ет к ө р с ет у
84
етілмеген антенналар құрылғыны зақымдап, радио құрылғыларын пайдалануды реттейтін ережелерді бұзуы мүмкін.
Зарядтағыштарды жабық жайларда пайдаланыңыз
.
Əрдайым күнделіктер мен күнтізбе ескертушілер
сияқты ақпараттың қосалқы көшірмесін жасап жүріңіз.
Құрылғының оңтайлы жұмыс істеуі үшін мезгіл-мезгіл
бастапқы қалпына келтіру мақсатында оны токтан ажыратып, батареясын шығарыңыз.
Бұл ұсыныстардың барлығы құрылғыға, батареяға, зарядтағышқа немесе кез келген жасауға бірдей қолданылады. Егер қандай да бір бөлшегі дұрыс жұмыс істемей тұрса, оны жөндеу үшін ең жақын орналасқан уəкілетті қызмет көрсету орнына апарыңыз.
Page 85
Қ ау і п с і з ді к т у р ал ы қ о с ы м ша а қ п а р а т
85
Дөңгелекті қоқыс жəшігінің үстінен сызылған айқас сызығы бар белгі - Еуропа одағы аумағында қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін арнайы қалдықтар жинайтын орынға апарып тастау міндетті екендігін ескертеді. Бұл өнімдерді сұрыпталмаған тұрмыстық қалдық ретінде тастамаңыз. Толыққанды ақпарат алу үшін Эко-декларация өнімін немесе елдегі ерекше ақпаратты www.nokia.com сайтынан көріңіз.
Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат

Кішкентай балалар
Құрылғы мен оны керек-жарағының ішінде ұсақ бөлшектер болады. Оларды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
Page 86
Қ ау і п с і з ді к т у р ал ы қ о с ы м ша а қ п а р а т
86

Жұмыс істеу ортасы
Бұл құрылғы құлаққа қатысты қалыпты жағдайда пайдалануға арналған, не денеден кемінді 2,2 сантиметр (7/8 дюйм) алшақ тұрған кезде пайдалану керек. Бұл радиожиілік əсері туралы нұсқауларға сай келеді. Көтеріп жүрген кезде оны пайдалану үшін тасымалда сөмке, белдіктегі қыстырғыш немесе ұстағыш болған жағдайда, оның құрамында металл болмауы тиіс жəне құрылғыны денеңізден жоғарыда көрсетілген қашықтықта ұстауға тиістісіз. Дерек файлдары мен хабарламалар алмасу үшін құрылғы желіге қосылу сапасының жақсы болуын қажет етеді. Кейбір жағдайларда дерек файлдары немесе хабарламалары мұндай қосылу пайда болғанша кешігуі мүмкін. Деректер алмасуы тамамдалғанша жоғарыда аталған арақашықтық туралы нұсқаулықтардың орындалуын қамтамасыз етіңіз.
Құрылғының бөлшектері магнитті болып табылады. Металл заттар құрылғыға тартылуы мүмкін. Несие карточкаларын немесе басқа да магнитті сақтау құралдарын құрылғының жанына қоймаңыз, өйткені, оларда сақтаулы ақпарат өшіріліп қалуы мүмкін.
Page 87
Қ ау і п с і з ді к т у р ал ы қ о с ы м ша а қ п а р а т
87

Медициналық құрылғылар
Кез-келген радио таратушы жабдықтың, соның ішінде сымсыз телефондардың жұмысы тиісті шамада қорғалмаған медициналық құрылғылардың жұмысына кедергі келтіруі мүмкін. Медициналық құрылғының сыртқы радиожиілік энергиясынан тиісті шамада қорғалғандығы туралы, сондай-ақ осы мəселе жайында сізде қандай да бір сұрақ бар болса, терапевт дəрігермен немесе құрылғының өндірушісімен кеңесіңіз. Егер денсаулық сақтау мекемелерінде ілініп қойған ережелер бойынша осылай істеуге нұсқау берілген болса, бұл жерлерде құрылғыны сөндіріп қойыңыз. Ауруханаларда немесе денсаулық сақтау мекемелерінде сыртқы радиожиілік энергиясына əсер ететін жабдық пайдаланылуы мүмкін.
Implanted медициналық құрғылар
Медициналық құрылғылар шығарушылардың кеңесі бойынша сымсыз құрылғы мен кардиостимулятор немесе енгізілген жүрек дифибриляторы сияқты имплантант медициналық құрылғы арасында кем дегенде 15,3 см (6 дюйм) ара қашықтық сақталуы тиіс, əйтпесе медициналық құрылғымен қауіпті өзара əсерге түседі.
Page 88
Қ ау і п с і з ді к т у р ал ы қ о с ы м ша а қ п а р а т
88
Осындай құрылғылары бар адамдар міндетті түрде:
Сымсыз құрылғы қосулы кезде, əрқашан сымсыз
құрылғыны медициналық құрылғыдан кемінде 15,3 сантиметр (6 дюйм) қашықтықта ұстаңыз.
Телефонды төс қалтаға салып жүрмеңіз
Кедергі əлеуетін азайту үшін телефонды
кардиостимуляторға қарама-қарсы құлағына ұстағандары жөн.
Егер кедергі əлеуеті орын алып тұр деген күмəніңіз
болса, сымсыз құрылғыны бірден сөндіріңіз.
ҚӨӨӨ медициналық құрылғы шығарушыларының
қамтамасыз еткен нұсқауларын ұқыпты түрде оқып, оларды қадағалаңыз.
Егер сізде сымсыз құрылғыны имплантед медициналық құрылғымен қалай қолдану керектігі жөнінде сұрақтарыңыз болса, өзіңіздің денсаулық сақтау орталығыңызбен кеңесіңіз.
Page 89
Қ ау і п с і з ді к т у р ал ы қ о с ы м ша а қ п а р а т
89
Есту құралдары
Кейбір цифрлы сымсыз құрылғылар кейбір есту құралдарына кедергі келтіруі мүмкін. Егер кедергі пайда болса, қызмет ұсынуға хабарласыңыз.

Көлік құралдары
Радио сигналдар дұрыс орнатылмаған моторлы көліктердегі секілді сондай-ақ тиісті шамада қорғалмаған электрондық жанармай бүрку жүйелері, бұғаттауға қарсы тежеу жүйелері, электронды жылдамдық реттеу жүйелері, пневматикалық жастықша жүйелері секілді электронды жүйелерге əсер етуі мүмкін. Қосымша ақпаратты білу үшін кез келген жабдықтың өндірушісінен немесе оның өкілінен сұрап біліңіз.
Құрылғыға тек білікті қызметкерлер қызмет көрсетіп, көлікке солар ғана орнатуы тиіс. Құрылғыны ақау орнатып, қызмет көрсетуі қауіпті болса, құрылғыға қолданылатын кез-келген кепілдікті күшінен айыруы мүмкін. Көлігіңіздегі барлық сымсыз жабдықтың дұрыс орнатылуын, жұмыс істеуін тұрақты түрде тексеріп тұрыңыз. Құрылғы жəне оның бөлшектері
Page 90
Қ ау і п с і з ді к т у р ал ы қ о с ы м ша а қ п а р а т
90
немесе жасаулары сақталған бөлмелерге жанғыш сұйықтықтарды, газдарды немесе жарылғыш заттарды сақтап, тасымалдаушы болмаңыз. Пневматикалық жастықшамен жабдықталған көліктерде пневматикалық жастықшалар үлкен күшпен үрленіп толатынын есте сақтаңыз. Заттарды, соның ішінде орнатылған немесе тасымалы сымсыз жабдықты пневматикалық жастықшадан жоғары жерге немесе пневматикалық жастықша орналасатын жерге қоймаңыз. Егер көлік ішіндегі сымсыз жабдық дұрыс орнатылмаған болса, пневматикалық жастықша үрленген кезде ауыр жарақатқа əкеп соқтыруы мүмкін.
Ұшақпен ұшып бара жатқан кезде құрылғыны пайдалануға тыйым салынады. Ұшаққа мінер алдында құрылғыны сөндіріңіз. Ұшақтың ішінде теле құрылғыларды пайдалану заңсыз болып табылады. Ол ұшақтың жұмысына қауіп төндіріп, сымсыз телефон желісін үзуі мүмкін.
Page 91
Қ ау і п с і з ді к т у р ал ы қ о с ы м ша а қ п а р а т
91

Жарылу қаупі бар орталар
Кез-келген жарылу мүмкіндігі бар атмосфералы аймақта құрылғыны сөндіріп, барлық белгілер мен нұсқауларды сақтаңыз. Жарылу мүмкіндігі бар орталарға əдетте сіз көлік моторын сөндіруге кеңес берілетін аймақтар жатады. Мұндай аймақта ұшқынның пайда болуы дене жарақатына немесе тіпті өлімге əкеп соғатын жарылысқа жəне өртке себепші сəттерді туғызуы мүмкін. Құрылғыны қызмет көрсету бекеттеріндегі бензин сорғыларының маңайында, жанармай құю орындарында сөндіріңіз. Отын қоймалары мен оларды сақтап, тарату орындарында, химиялық зауыттар мен жарылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан аймақтарда радио жабдығын пайдалану туралы шектеулерді сақтаңыз. Жарылу қаупі бар атмосфералы аймақтар жиі таңбаланады. Бірақ бұл таңбалар əрқашанда анық бола бермейді. Бұл аймақтарға кеме палубалары, химиялық заттарды тасымалдау немесе сақтау құрылыстары, сұйылтылған мұнай газымен (пропан немесе бутан сияқты) жүретін көлік құралдары жəне ауасының құрамында химиялық заттар немесе түйіршік, шаң немесе металл тозаңдары сияқты бөлшектер бар аймақтар жатады.
Page 92
Қ ау і п с і з ді к т у р ал ы қ о с ы м ша а қ п а р а т
92

Жедел қызметтерге телефон шалу
Маңызды: Сымсыз телефондар, соның ішінде
осы құрылғы радио сигналдарының, сымсыз желілердің, жер үсті байланыс желілерінің жəне пайдаланушы бағдарламалаған функциялардың көмегімен жұмыс істейді. Осыған байланысты барлық жағдайларға байланыс орнатылатынына кепілдік беру мүмкін емес. Жедел медициналық жəрдем сияқты маңызды байланыстар үшін кез-келген сымсыз құрылғыға еш уақытта сенім арта бермегеніңіз жөн.
Жедел телефон шалу үшін:
1. Егер құрылғы сөндірулі болса, қосыңыз. Тиісті сигнал қарқындылығын тексеріңіз. Кейбір желілер құрылғыға жарамды SIM картасын лайықты түрде салынуын талап етуі мүмкін.
2. Дисплейді тазалап, құрылғыны телефон шалуға дайындау үшін аяқтау түймесін қажетінше қайталап баса беріңіз.
Page 93
Қ ау і п с і з ді к т у р ал ы қ о с ы м ша а қ п а р а т
93
3. Өзіңіз тұрған жердегі ресми жедел қызмет нөмірін
енгізіңіз. Жедел қызмет нөмірлері əр жерде əр түрлі болуы мүмкін.
4. Шақыру түймесін басыңыз. Егер кейбір мүмкіндіктер қосулы болса, онда жедел
қызметке телефон шалар алдында сол мүмкіндіктерді сөндіруіңіз қажет. Қосымша ақпарат алу үшін осы нұсқаулыққа немесе қызмет ұсынушыға жүгініңіз.
Жедел қызметпен байланыс кезінде барлық қажетті ақпаратты мүмкіндігінше дəл беріңіз. Оқиға болған жерде сымсыз телефоныңыз бірден-бір байланыс құралы болуы мүмкін. Рұқсат берілмейінше, байланысты аяқтамаңыз.
Page 94
Қ ау і п с і з ді к т у р ал ы қ о с ы м ша а қ п а р а т
94

Сертификаттау туралы ақпарат (SAR)
Бұл құрылғы радио толқындарының əсері жөніндегі халықаралық ережелердің талаптарына сай.
Сіздің құрылғыңыз радио сигналдарын жіберіп, қабылдайды. Ол халықаралық ережелерде ұсынылған радиожиілік əсерінің шектерінен аспайтын дəрежеде жобаланып, жасалған. Бұл ережелерді ICNIRP (Иондандырмайтын сəулелерден қорғау жөніндегі халықаралық комитет) тəуелсіз халықаралық ұйымы əзірлеген жəне онда жасы мен денсаулық жағдайына қарамастан барлық кісілердің қорғалуын қамтамасыз етуге арналған сенімділік қоры қамтылған.
Жылжымалы құрылғылар шығаратын сəулелену деңгейін айқындау үшін үлестік сіңірілу коэффициенті немесе SAR деп аталатын өлшем бірлігі қолданылады. ICNIRP ережелерде көрсетілген SAR шегі дене тінінің 10 грамы бойынша орташаланған 2,0 ватт/килограмды (Вт/кг) * құрайды. SAR сынақтары барлық тексерілген жиілік ауқымдарында құрылғының ең жоғарғы рұқсат етілген қуат деңгейімен сигнал жіберіп жатқан кезде, жүйелі
Page 95
Қ ау і п с і з ді к т у р ал ы қ о с ы м ша а қ п а р а т
95
жұмыс істету жағдайларының көмегімен жүргізіледі. Құрылғы тек желіге жетуге қажетті қуатты ғана тұтынатындықтан, жұмыс істеп тұрған құрылғының нақты SAR деңгейі ең жоғарғы мəннен төменірек болуы мүмкін. Бұл мөлшер сіздің желінің негізгі бекетіне қаншалықты жақын тұрғаныңызға байланысты əр түрлі өзгеріп отырады. ICNIRP ережелеріне сəйкес құрылғыны құлаққа қойып пайдалану үшін ең жоғарғы SAR мəні 0.70 Вт/кг құрауы керек.
Керек-жарақтар мен жасаулар пайдаланылған кезде SAR мəндері əр түрлі болуы мүмкін. SAR мəндері мемлекеттік деректер жіберу жəне сынақтар жүргізу талаптары мен желінің жиілік ауқымдарына қарай əр түрлі болады. SAR туралы қосымша ақпаратты www.nokia.com сайтындағы өнім туралы ақпарат бөлімінен алуға болады.
Loading...