Nokia 2626 User's Guide [kk]

Nokia 2626 пайдалану жөніндегі нұсқаулығы
9200008
1-басылым
СƏЙКЕСТІК ДЕКЛАРАЦИЯСЫ NOKIA CORPORATION RM-291 осымен бұл өнімнің 1999/5/EC директивасының негізгі талаптарына жəне тиісті ережелеріне сəйкестігін растайды. Сəйкестік декларациясының көшірмесін http://www.nokia.com/phones/declaration_of_conformity
/ сайт
бетінен табуға болады.
0434
Авторлық құқық © 2007 Nokia. Барлық құқықтары сақталған.
Үсті сызып тасталған доңғалақты қоқыс жəшігі Еуропа Одағының аумағында бұл өнім қызмет ету мерзімі аяқталғаннан кейін жеке қалдықтар жинайтын орынға апарып тасталуы тиіс екендігін білдіреді. Бұл сіздің құрылғыңызға, сонымен қатар осы таңбамен белгіленген кез келген жасауларға қолданылады. Бұл өнімдерді сұрыпталмаған тұрмыстық қалдық ретінде тастамаңыз. Бұдан да көбірек ақпарат алу үшін, өнім Еко-Деклорациясын немесе елге арнайы даярланған ақпаратты www.nokia.co
m интернет бетінде көріңіз.
Осы құжаттың ішіндегі ақпаратты Nokia корпорациясының алдын­ала жазбаша рұқсатынсыз кез келген нысанда толық немесе ішінара көшіруге, басқа тұлғаларға беруге, таратуға немесе сақтауға болмайды.
Nokia, Nokia Connecting People, жəне Xpress-on белгілері Nokia корпорациясының сауда белгілері немесе тіркелген сауда белгілері болып табылады. Осы құжатта аталған басқа өнімдер мен компаниялардың атаулары өздерінің тиісті меншік иелерінің сауда белгілері немесе фирмалық атауы болуы мүмкін.
Nokia əуені Nokia корпорациясының дыбыстық белгісі болып табылады.
US Patent No 5818437 and other pending patents. T9 text input software Copyright © 1997-2007. Tegic Communications, Inc. All rights reserved.
Includes RSA BSAFE cryptographic or security protocol software from RSA Security.
Java is a trademark of Sun Microsystems, Inc.
Nokia корпорациясы үздіксіз дамыту саясатын жүргізеді. Nokia корпорациясы өзінің осы құжатта сипатталған өнімдердің кез келгенін алдын-ала ескертусіз өзгерту жəне жетілдіру құқығын сақтап қалады.
СƏЙКЕС КЕЛЕТІН ЗАҢ БОЙЫНША, NOKIA НЕМЕСЕ ОНЫҢ ЛИЦЕНЗИЯЛАНҒАН БАСҚА БӨЛІМШЕЛЕРІ ЕШҚАНДАЙ ЖАҒДАЙДА ҚАНДАЙ СЕБЕППЕН БОЛМАСЫН ОРЫН АЛҒАН
ШЫҒЫН НЕМЕСЕ АҚПАРАТ ЖОҒАЛТУ, ƏЛДЕ БОЛМАСА ТІКЕЛЕЙ НЕМЕСЕ НƏТИЖЕСІ РЕТІНДЕ, БАЙҚАУСЫЗДА НЕМЕСЕ ƏДЕЙІ ЖАСАЛҒАН ҚАСАҚАНАЛЫҚ НЕМЕСЕ ТАБЫС ЖОҒАЛТУ ҮШІН ЖАУАП БЕРМЕЙДІ.
ОСЫ ҚҰЖАТТЫҢ МАЗМҰНЫ «СОЛ ҚАЛПЫНДА» БЕРІЛЕДІ. ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢДА ТАЛАП ЕТІЛМЕГЕН ЖАҒДАЙДА, САТУҒА ЖƏНЕ БЕЛГІЛІ МАҚСАТҚА ЖАРАМДЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЖАНАМА КЕПІЛДІКТІ ҚОСА АЛҒАНДА, БІРАҚ ОНЫМЕН ШЕКТЕЛМЕСТЕН, ОСЫ ҚҰЖАТТЫҢ ТУРАЛЫҒЫНА, СЕНІМДІЛІГІНЕ НЕМЕСЕ МАЗМҰНЫНА ҚАТЫСТЫ ЕШҚАНДАЙ ТІКЕЛЕЙ НЕМЕСЕ ЖАНАМА КЕПІЛДІК БЕРІЛМЕЙДІ. NOKIA КОРПОРАЦИЯСЫ ӨЗІНІҢ КЕЗ КЕЛГЕН УАҚЫТТА АЛДЫН-АЛА ЕСКЕРТУСІЗ ОСЫ ҚҰЖАТҚА ТҮЗЕТУЛЕР ЕНГІЗУ НЕМЕСЕ ОНЫҢ КҮШІН ЖОЮ ҚҰҚЫҒЫН САҚТАП ҚАЛАДЫ.
Жекелеген өнімдермен қамтамасыз етілу аймаққа қарай əр түрлі болуы мүмкін. Сізге ең жақын орналасқан Nokia дилерінен тексеріңіз.
Бұл аппарат электрондық жəне электірлік құралдарға қолдануға тыйым салынған нақты зиянды заттар жөнінде 2002/95/EC Директивасына бағынады.
Осы құрылғыда АҚШ немесе басқа елдердің экспорт заңдары мен ережелеріне бағынатын өнімдер, технология немесе бағдарламалық құрал болуы мүмкін. Заңға қайшы өзгерістерге тыйым салынады.
9200008/1-басылым
5
Ма зм ұн ы
Мазмұны
Қауіпсіздік талаптары ....................................................7
Жалпы ақпарат ..............................................................13
Ену коды ....................................................................................... 13
Nokia қолдау жəне байланыс ақпараты .....................................
14
1. Іске қосу ......................................................................15
SIM картасы мен аккумуляторды салыңыз ................................ 15
Аккумуляторды зарядтау .............................................................
18
Қалыпты жұмыс істету жағдайы .................................................
19
2. Телефон ......................................................................20
Түймелер мен бөлшектер ...........................................................20
Күту режимі ..................................................................................
21
Демо режимі .................................................................................
22
Пернетақтаны құлыптау ..............................................................
23
3. Телефон шалу функциялары .................................24
Телефон шалу жəне жауап беру .................................................24
Дауыс зорайтқыш .........................................................................
24
4. Мəтін жазу ..................................................................26
6
Ма зм ұн ы
5. Меню функциялары .................................................28
Хабарлама жіберу ........................................................................28
Жазбалар .....................................................................................
38
Журнал .........................................................................................
40
Баптамалар ..................................................................................
42
Оператор менюі ...........................................................................
48
Галерея .........................................................................................
49
Медиа ...........................................................................................
49
Радио ............................................................................................
51
Электронды хатшы ......................................................................
54
Қолданбалар ................................................................................
58
Веб ................................................................................................
59
SIM қызметтері .............................................................................
64
6. Аккумулятор туралы ақпарат .................................65
Зарядтау жəне разрядтау ............................................................ 65
Nokia аккумуляторларының шынайылығын растау
жөніндегі нұсқаулар .........................................................................
68
7. Жасаулар ...................................................................73
Күтім жəне қызмет көрсету .........................................74
Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат ..................................77
7
Қа уі пс із ді к та ла пт ар ы
Қауіпсіздік талаптары
Осы қарапайым нұсқауларды оқыңыз. Оларды орындамау қауіпті немесе заңсыз болуы мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін пайдалану жөніндегі нұсқаулықты толық оқып шығыңыз.
ТЕЛЕФОНДЫ ҚАУІПСІЗ ЖОЛМЕН ҚОСЫҢЫЗ
Сымсыз құрылғыны пайдалануға тыйым салынған кезде, не болмаса ол кедергі келтіруі немесе қауіп төндіруі мүмкін болған кезде телефонды қоспаңыз.
АЛДЫМЕН ЖОЛ ЖҮРУ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІҢІЗ
Барлық жергілікті заңдардың талаптарын сақтаңыз. Көлік жүргізу кезінде оны басқару үшін қолыңызды бос ұстаңыз. Көлік жүргізу кезінде алдымен жол жүру қауіпсіздігі туралы ойлаңыз.
8
Қа уі пс із ді к та ла пт ар ы
КЕДЕРГІ
Барлық сымсыз телефондар кедергіге сезімтал болуы мүмкін. Ол телефонның жұмысына əсер етуі мүмкін.
АУРУХАНАЛАРДЫҢ ІШІНДЕ ТЕЛЕФОНДЫ СӨНДІРІҢІЗ
Кез келген шектеулерді сақтаңыз. Медициналық жабдықтың жанында телефонды сөндіріңіз.
ҰШАҚТЫҢ ІШІНДЕ ТЕЛЕФОНДЫ СӨНДІРІҢІЗ
Кез келген шектеулерді сақтаңыз. Сымсыз құрылғылар ұшақтың ішінде кедергі тудыруы мүмкін.
КӨЛІККЕ МАЙ ҚҰЮ КЕЗІНДЕ СӨНДІРІҢІЗ
Телефонды май құю стансасында пайдаланбаңыз. Жанармай немесе химиялық заттардың жанында пайдаланбаңыз.
ЖАРЫЛЫСҚА ЖАҚЫН ЖЕРДЕ СӨНДІРІҢІЗ
Кез келген шектеулерді сақтаңыз. Телефонды жарылыс жұмыстары жүріп жатқан жерде пайдаланбаңыз.
9
Қа уі пс із ді к та ла пт ар ы
ТЕЛЕФОНДЫ ОРЫНДЫ ПАЙДАЛАНЫҢЫЗ
Өнімнің құжаттамасында түсіндірілгендей тек қалыпты жағдайда ғана ұстап пайдаланыңыз. Антеннаға қажетсіз тие бермеңіз.
БІЛІКТІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Бұл бұйымды тек білікті қызметкер орнатуы немесе жөндеуі тиіс.
ЖАСАУЛАР МЕН АККУМУЛЯТОРЛАР
Тек қана рұқсат етілген жасаулар мен аккумуляторларды пайдаланыңыз. Үйлесімсіз өнімдерді қоспаңыз.
СУҒА ТӨЗІМДІЛІК
Сіздің телефоныңыз суға төзімсіз. Оны құрғақ күйінде ұстаңыз.
ҚОСАЛҚЫ КӨШІРМЕЛЕР
Телефоныңызда сақтаулы барлық маңызды ақпараттың қосалқы көшірмесін жасап алуды немесе жазбаша нұсқасын сақтауды ұмытпаңыз.
10
Қа уі пс із ді к та ла пт ар ы
БАСҚА ҚҰРЫЛҒЫЛАРҒА ҚОСУ
Кез келген басқа құрылғыға қосқан кезде қауіпсіздік туралы егжей-тегжейлі нұсқаулар алу үшін бұйымның пайдалану жөніндегі нұсқаулығын оқыңыз. Үйлесімсіз өнімдерді қоспаңыз.
ЖЕДЕЛ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ТЕЛЕФОН ШАЛУ
Телефонның қосулы болуын жəне жұмыс істеп тұруын қамтамасыз етіңіз. Дисплейді тазалап, жұмысты бастау экранына оралу үшін аяқтау түймесін қажетінше қайталап баса беріңіз. Жедел қызмет нөмірін енгізіп, шақыру түймесін басыңыз. Қайда тұрғаныңызды хабарлаңыз. Рұқсат берілмейінше, байланысты аяқтамаңыз.
 Телефон туралы
Осы нұсқаулықта сипатталған сымсыз құрылғы GSM 900 жəне GSM 1800 желілерінде пайдалану үшін мақұлданған. Желілер туралы қосымша ақпарат алу үшін қызмет ұсынушыңызға хабарласыңыз.
11
Қа уі пс із ді к та ла пт ар ы
Осы құрылғының мүмкіндіктерін пайдаланған кезде барлық заңдарға бағынып, басқалардың жеке өміріне қол сұқпауға қатысты жəне заңды құқықтарын сыйлаңыз.
Ескерту: Осы құрылғыдағы қоңыраулы сағаттан басқа қандай да бір мүмкіндіктерді пайдалану үшін құрылғы қосулы болуға тиіс. Сымсыз құрылғыны пайдалану кедергі келтіруі немесе қауіп төндіруі мүмкін болған кезде телефонды қоспаңыз.
 Желі қызметі
Телефонды пайдалану үшін сізде сымсыз байланыс қызметін ұсынушының қызметі болуға тиіс. Осы құрылғыдағы мүмкіндіктердің көпшілігінің жұмыс істеуі сымсыз желідегі ерекшеліктерге байланысты. Аталмыш желі қызметтері желілердің барлығында бола бермеуі мүмкін немесе сіз желі қызметтерін пайдаланбастан бұрын қызмет ұсынушыңызбен арнайы келісім жасауыңыз керек болуы мүмкін. Қызмет ұсынушыңыз сізге оны пайдалану туралы қосымша нұсқаулар беріп,
12
Қа уі пс із ді к та ла пт ар ы
қандай тариф қолданылатынын түсіндіруі керек болуы мүмкін. Кейбір желілерде сіз желі қызметтерін қалай пайдалана алатыныңызға ықпалын тигізетін шектеулер болуы мүмкін. Мысалы, кейбір желілерде барлық тілдерге тəн таңбалар мен қызметтер бола бермеуі мүмкін.
Қызмет ұсынушыңыз құрылғыңыздағы кейбір мүмкіндіктердің пайдаланудан шығарылуын немесе іске қосылмауын талап етуі мүмкін. Егер осылай болса, бұл мүмкіндіктер сіздің аппаратыңыздағы мəзірінде пайда болмайды. Сіздің аппаратыңызда, сонымен қатар, арнайы конфигурациялар бар болуы мүмкін, мəселен, мəзірдегі аттардың, мəзір тізбесінің жəне басқару элементтерінің алмасуы. Қосымша ақпарат алу үшін қызмет ұсынушыңызға хабарласыңыз.
Бұл құрылғыда TCP/IP протоколдарында жұмыс істейтін WAP 2.0 (HTTP жəне SSL) протоколдары бар. Осы құрылғыдағы мəтінді хабарламалар, мультимедиалық хабарламалар жəне ақпаратты жəне қолданбаны жүктеу сияқты кейбір ерекшеліктер осы технологиялардың желілік сүйемелдеуін қажет етеді.
13

Жа лп ы ақ па ра т

Жалпы ақпарат
 Ену коды
Қауіпсіздік коды телефоныңыздың рұқсатсыз пайдаланылуынан қорғауға көмектеседі. Алдын-ала орнатылған коды - 12345.
Кодты өзгертіп, жаңа кодты құпия жəне қауіпсіз жерде телефоннан бөлек сақтаңыз. PIN2 коды SIM картасымен бірге берілуі мүмкін жəне кейбір функцияларға ену үшін қажет. Егер сіз PIN немесе PIN2 кодтарын егізгенде бірден үш рет шатассаңыз, онда сізден PUK немесе PUK2 коды талап етіледі. Егер сізде олар жоқ болса, жергілікті диллеріңізбен байланысыңыз.
Модульдік PIN коды SIM картаңыздың қауіпсіздік модуліндегі ақпаратқа ену үшін қажет. Қол қою PIN коды цифрлы қол қою үшін қажет. Тыйым салу паролі қоңырауларға Байл-сқа тыйым салу қызметі пайдаланған кезде қажет.
14
Жа лп ы ақ па ра т
Мəзір > Параметрлер > Қаупсіздік таңдап, өзіңіздің
телефоныңыз ену кодтарын жəне қауіпсіздік баптамаларды қалай қолданатындығын көріңіз.
 Nokia қолдау жəне байланыс
ақпараты
Осы нұсқаулықтың соңғы нұсқасын, Nokia бұйымыңызға қатысты қосымша ақпарат, жүктелімдер жəне қызметтер алу үшін www.nokia.com/support бетін немесе жергілікті Nokia веб-сайтын қараңыз.
Интернет бетінде сіз Nokia өнімдері мен қызметтерін қалай қолдануға болатыны жөнінде ақпарат алуыңызға болады. Егер сіз тұтынушылар орталығымен байланысқыңыз келсе, онда www.nokia.com/customerservice мекен жайы бойынша жергілікті Nokia орталықтарының тізімін қарауыңызға болады.
Жөндеу жұмыстары бойынша қызмет жөнінде өзіңізге ең жақын орналасқан Nokia қызмет орталығын табу үшін, www.nokia.com/repair мекен жайына барыңыз.
15
Іс ке қ ос у

1. Іске қосу

 SIM картасы мен аккумуляторды
салыңыз
Барлық SIM карталарын балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
SIM картасы қызметтерінің бар-жоғы жəне оны пайдалану туралы ақпарат алу үшін SIM картасын сатушыға хабарласыңыз. Бұл қызмет ұсынушы, желі операторы немесе басқа сатушы болуы мүмкін.
Аккумуляторды шығарып алар алдында əрдайым құрылғыны сөндіріп, зарядтағышты ажыратып алыңыз.
16
Іс ке қ ос у
Ескерту: Қақпақты шығарып алардан бұрын
əрдайым қоректі сөндіріп, зарядтағыш пен кез келген басқа құрылғыны ажыратыңыз. Қақпақты ауыстырып жатқан кезде электрондық компоненттеріне тиіп кетуден сақ болыңыз. Құрылғыны əрқашан қақпақтары тағылған күйінде сақтап, пайдаланыңыз.
1. Артқы қақпағын басып, телефонның төмен жағына қарай сырғытып, қақпақты суырып алыңыз (1).
2. Аккумуляторды суретте көрсетілгендей көтеріп шығарып алыңыз (2).
3. SIM картасының ұстағышын телефонның тұтқасынан абайлап көтеріп алып, айқара ашылатын қақпақты ашыңыз (3).
4. SIM картасының кетік жағын жоғарғы оң жаққа жəне жылтыратылған түйіспелі жағын төмен қаратып салыңыз (4). SIM картасының ұстағышын жауып, орнына бекіту үшін басыңыз (5).
5. Аккумуляторды батарея ұясына салыңыз (6).
17
Іс ке қ ос у
6. Артқы қақпағын телефонның артқы жағымен
теңестіріп алып, жоғары қарай сырғытыңыз. Орнына бекіту үшін артқы қақпақты телефонның үстіңгі жағына қарай итеріңіз (7).
18
Іс ке қ ос у
Аккумуляторды зарядтау
Ескерту: Тек Nokia осы құрылғымен пайдалануға рұқсат берген аккумуляторларды, зарядтағыштарды жəне жасауларды ғана пайдаланыңыз. Кез келген басқа түрлерді пайдалану кез келген рұқсатты немесе кепілдікті күшінен айыруы жəне қауіпті болуы мүмкін.
Қандай болмасын зарядтағышты осы құрылғыны зарядтауға қолданар алдында, оның моделінің нөмірін тексеріп алыңыз. Бұл құрылғы ACP-7, ACP-12 немесе AC-2 зарядтағыштарымен зарядталады. Бұл құрылғы BL-5C аккумуляторымен жұмыс істейді. Рұқсат етілген жасаулардың бар-жоғын білу үшін дилерден сұрап біліңіз.
1. Зарядтағышты қабырғадағы ауыспалы ток көзіне қосыңыз.
2. Зарядтағышты қабырғадағы ауыспалы ток көзіне қосыңыз.
19
Іс ке қ ос у
 Қалыпты жұмыс істету жағдайы
Құрылғыңыздың ішіне антенна орнатылған.
Ескерту: Кез келген басқа радио таратушы құрылғы сияқты, осы құрылғы қосулы тұрған кезде де антеннаға қажетсіз тие бермеңіз. Антеннаға тию байланыс сапасына ықпал етеді жəне құрылғы əдеттегіден тыс жоғарырақ қуат деңгейінде жұмыс істейді. Құрылғы қосулы тұрған кезде антеннаның айналасына қол тигізбеуге тырысу антеннаның жұмысы мен аккумулятордың ұзақ қызмет етуін оңтайландырады.
20
Те л еф он

2. Телефон

 Түймелер мен бөлшектер
Құлаққап (1)
Дауыс зорайтқыш (2)
Таңдау түймелері (3)
Төрт бағытта қозғалу түймесі
(дөңгелету түймесі) (4)
Телефон шалу түймесі (5),
Телефон шалу түймесін бір рет бассаңыз, соңғы терілген телефон нөмірлерін көресіз.
Аяқтау жəне қуат түймесі (6),
ұзақ бойы басып тұрсаңыз, телефоныңызды қосасыз немесе сөндіресіз, жылдам ғана бассаңыз белсендіріліп тұрған телефон шалысты аяқтайсыз немесе кез келген функциядан шығасыз
Зарядтағыш ұясы (7)
Құлақ аспабы ұясы (8)
21
Те л еф он
Ескерту: Бұл
байланыстырушыға қолыңызды тигізбеңіз, себебі оны тек уəкілетті қызмет көрсетуші қызметкерлері ғана қолдануы тиіс.
Ескерту: Осы құрылғыдағы дөңгелету түймесінде никель болуы мүмкін. Ол теріге ұзақ уақыт бойы тиіп тұрмауға тиіс. Никельдің теріге ұзақ əсер етуі никель аллергиясына əкеп соқтыруы мүмкін.
 Күту режимі
Телефон пайдалануға дайын тұрған кезде сіз қандай да бір таңбаларды енгізбестен бұрын ол күту режимінде тұрады.
22
Те л еф он
Желінің аты немесе оператордың логотипі (1)
Желістегі белгі күші (2) Аккумулятор зарядының деңгейі (3)
Сол жақтағы таңдау түймесі Өту (4) сізге өзіңіздің жеке төте жол тізіміндегі функцияларды көрсетеді. Сіз опциялар тізіміне енгізе алатын бар функциялардың тізімін көру үшін Опц-р > Таңдау опц-ы таңдап алыңыз.
Реттеу > Жлжту жəне орын функциясын таңдап,
өзіңіңіздің төте жол тізіміндегі функцияларды қайта орнықтыра аласыз.
Мəзір (5) жəне Аттар (6)
 Демо режимі
SIM картасыз сымтетікті өшіру үшін Телефонды SIM
картасынсыз қосу керек пе? таңдаңыз. Сол кезде сіз SIM
Картаның болуын талап етпейтін сымтетік қызметтерін пайдалана аласыз.
23
Те л еф он
 Пернетақтаны құлыптау
Мəзір > * жылдам арада басу арқылы сіз
пернетақтаңызды құлыптап немесе құлпыдан аша аласыз. Бұл жағдайда сіз пернетақтаңыздағы түймелердің абайсызда басылып қалуынан соқ боласыз. Пернетақта құлпы қосулы тұрған кезде қоңырауға жауап беру үшін шақыру түймесін басыңыз. Байланысты аяқтаған кезде немесе қоңырауды қабылдамаған кезде пернатақта құлыптаулы күйінде қалады.
Мəзір > Параметрлер > Телефон > Автоматты клав- ра қорғауышы > Қосу телефон күту режимінде тұрып,
телефонның ешбір функциясы пайдаланылмаған кезде алдын-ала белгіленген кідіріс уақытынан кейін пернетақта автоматты түрде құлыптануы үшін.
Пернетақта құлпы қосулы тұрған кезде құрылғыңызда бағдарламаланған ресми жедел шақыру нөміріне телефон шала беруге болады.
24
Те л еф он ш ал у фу нк ци ял ар ы

3. Телефон шалу функциялары

 Телефон шалу жəне жауап беру
Телефон шалу үшін, телефон нөмірін, егер қажет болса, ел кодін жəне аймақ кодын қоса теріңіз. Нөмірге телефон шалу үшін шақыру түймесін басыңыз. Телефон шалып жатқанда құлаққаптың немесе бас телефонның дауыс күшін үдейту үшін оңға, ал азайту үшін солға қарай дөңгелетіңіз.
Кіретін қоңырауға жауап беру үшін шақыру түймесін басыңыз. Қоңырауға жауап бергіңіз келмесе, аяқтау түймесін басыңыз.
 Дауыс зорайтқыш
Егер қамтамасыз етілген болса, телефонмен сөйлесіп жатқан кезіңізде сіз Днмк немесе Қлпты түймесін таңдап, дауыс зорайтқышты немесе құлаққапты таңдауыңызға болады.
25
Те л еф он ш ал у фу нк ци ял ар ы
Ескерту: Дауыс зорайтқыш жұмыс істеп
тұрған кезде телефонды құлағыңызға жақын ұстамаңыз, өйткені даусы тым қатты болуы мүмкін.
26
Мə ті н жа зу
4. Мəтін жазу
Мəтінді əдеттегі немесе болжалды мəтін енгізу арқылы жаза аласыз. Əдеттегі мəтін енгізу мүмкіндігін қолдану үшін, керек əріп пайда болғанша түймені қайта қайта басыңыз. Жазып жатқанда алдын ала болжау арқылы мəтін енгізу үшін, Опц-р >
Болжауды қосу; қосыңыз, ол оны сөндіру үшін, Опц-р > Болж-ды сөндіру таңдаңыз.
Алдын ала болжау арқылы мəтін енгізу барысында əр бір түймені бір əріп алу үшін бір рет басыңыз, егер пайда болған сөз сіз қалаған сөз болса, онда 0, басып, келесі сөзді жаза бастаңыз. Сөзді алмастыру үшін * белгісін сіз қалаған сөз пайда болғанша қайта қайта басыңыз. Егер сөзден кейін ? белгісі пайда болса, сөздікте ондай сөздің болмағаны. Сөздікке сөзді қосу үшін Əріптеп, таңдаңыз, сөзді (əдеттегі енгізу арқылы) енгізіп, Сақтау таңдаңыз.
Мəтін жазу бойынша кеңестер: Сөз арасында орын қалдыру үшін 0 басыңыз. Мəтінді енгізу əдісін жылдам алмастыру үшін, # белгісін қайта қайта басып, дисплейдің
27
Мə ті н жа зу
жоғарғы жағындағы көрсеткішті тексеріңіз. Нөмірді қосу үшін, керек санды басып, ұстап тұрыңыз. Əдеттегі мəтін енгізу əдісін қолданып жатқанда ерекше белгі керек болса, *; белгісін басыңыз, ал алдын ала болжау арқылы мəтін енгізіп жатсаңыз, онда * белгісін басып, ұстап тұрыңыз.
28
Ме ню ф ун кц ия ла ры

5. Меню функциялары

Телефон функциялары мəзірде топтамаланған. Осы жерде мəзір функциялары мен қалау мүмкіндіктерінің барлығы суреттелмеген.
Күту режимінде Мəзір таңдап, оның ішіндегі сізге керек мəзірді жəне сол мəзір ішіндегі басқа мəзірлерді таңдасаңыз болады. Шығу немесе Артқа таңдап, мəзірдің сіз енген деңгейінен шығуыңызға немесе алдында болған деңгейге оралуыңызға болады. Аяқтау түймесін басу арқылы сіз тікелей күту режиміне орала аласыз. Мəзір көрінісін өзгерту үшін, Опц-р >
Нег. мəзір көрінісі > Тізім немесе Таңбашалар таңдаңыз.
 Хабарлама жіберу
Хабарлама қызметтерін тек олар сіздің желіңізде немесе қызмет ұсынушыңызда бар болған жағдайда ғана пайдалануға болады.
29
Ме ню ф ун кц ия ла ры
Мəтін жəне мультимедиа бағдарламалары
Мəзір > Хабарлар > Хабар парам-рі > Мəтін
хабарлары > Хабар орталықтары таңдаңыз. Сіздің SIM
картаңыз бір хабарласу орталығынан көп орталықтарды құптайды. Өзіңіздің қалаған орталығын таңдауыңызға немесе қосуыңызға болады. Өзіңіздің қызмет көрсетушіңізден нөмірін сұрауыңыз қажет болуы мүмкін.
Мəзір > Хабарлар > Хабар парам-рі > М-медиа хбрлры
таңдап, келесі баптамаларды таңдаңыз:
Сурет көлемі (мультимедиа), сіз бейнені мультимедиа
хабарламасына енгізген кезіңізде оның мөлшерін анықтауыңызға болады.
М-медиа қабылдауға рұқсат, Жоқ, Иə, немесе Үй желісінде мультимедиа қызметін қолдансаңыз болады.
Конфиг. параметрлер, таңдап, мультимедиалық
хабарламалар алу үшін алдын-ала белгіленген қызмет ұсынушысын таңдап алыңыз. Есептік жазба қа дөңгелетіп, қызмет көрсетушінің қамтамасыз ететін шоттарын қарап, өзіңіз қолданғыңыз келетін шотты таңдауыңызға болады. Баптамаларды қызмет ұсынушыңыздан конфигурациялық хабарлама ретінде ала аласыз.
30
Ме ню ф ун кц ия ла ры
Егер сіз жарнамалар ретінде анықталған хабарламалардың алынуына жол берсеңіз, Жарнамаға
рұқсат таңдаңыз. Егер М-медиа қабылдауға рұқсат
функциясы Жоқ опциясына қойылған болса, баптама көрсетілмейді.
Мəтінді хабарламалар
Мəзір > Хабарлар > Хабар құру > Мəтін хабары
таңдаңыз.
Ескерту: Сіздің аппаратыңыз сіз жіберген хатыңыз хат орталығының сіздің аппаратыңызда орнатылған нөміріне жіберілді деп көрсетуі мүмкін. Сіздің аппаратыңыз жіберген хатыңызды жіберілген нөмір алған­алмағандығын көрсетпеуі мүмкін. Хабарлама қызметтері туралы қосымша толық ақпарат алу үшін қызмет ұсынушыдан сұрап біліңіз.
31
Ме ню ф ун кц ия ла ры
Қысқа хабарлама қызметінің (SMS) көмегімен бұл телефон бірнеше жай мəтінді хабарламадан тұратын көп бөлімді хабарламалар жіберіп-қабылдай алады (желі қызметі). Төленетін ақысы көп бөлімді бір хабарлама үшін қажетті жай хабарламалардың санына негізделуі мүмкін.
Арнайы таңбалар (Уникод) көбірек орын алатынын ескеріңіз.
Құрылғыңызда бір хабарламаға арналған таңбалар шегінен тыс мəтінді хабарламалар жіберу қызметі бар. Ұзын хабарламалар екі немесе одан да көп хабарламалар тізбегі түрінде жіберіледі. Қызмет ұсынушы соған сəйкес ақы алуы мүмкін. Екпін немесе басқа белгілер пайдаланылатын таңбалар мен қытай тілі сияқты кейбір тіл опцияларының таңбаларының алатын орны бір хабарламада жіберуге болатын таңбалардың санын шектейді.
Жыпылықтап тұрған көрсеткіші хабарлама жадының толы екендігін көрсетеді. Жаңа хабарламаларды қабылдар алдында ескі хабарламалардың кейбіреулерін өшіріп тастаңыз.
32
Ме ню ф ун кц ия ла ры
Мультимедиалық хабарламалар
Мəзір > Хабарлар > Хабар құру > Мультимедиа
таңдаңыз.
Ескерту: Мультимедиалық хабарламаларды тек сондай үйлесімді мүмкіндіктері бар құрылғылар ғана қабылдап, көрсете алады. Хабарламаның көрінісі қабылдайтын құрылғыға байланысты əр түрлі болуы мүмкін.
Сымсыз желіде MMS хабарламаларының (желі қызметі) көлемі шектелуі мүмкін. Егер қосылған сурет бұл шектен тыс болса, құрылғы MMS арқылы жіберу мүмкін болу үшін оның көлемін кішірейтуі мүмкін.
Бір мультимедиалық хабарламаның ішінде мəтін, дыбыс жəне сурет болуы мүмкін.
Сіз сөйлесіп немесе ойнап жатқан немесе басқа Java қолданбасын пайдаланып жатқан кезде ешқандай да мультимедиалық хабарлама қабылдай алмайсыз. Мультимедиалық хабарламалар əр түрлі себептермен жеткізіле бермейтіндіктен, маңызды байланыстар үшін тек оған ғана сенім арта бермеңіз.
33
Ме ню ф ун кц ия ла ры
Авторлық құқықты қорғау кейбір бейнелердің, музыканың (соның ішінде қоңырау əуендерінің) жəне басқа да мазмұнның көшірілуінің, өзгертілуінің, басқа тұлғаға берілуінің немесе жіберілуінің алдын алуы мүмкін.
Бұл телефон бірнеше беттен (слайдтан) тұратын мультимедиалық хабарламаларды жіберіп, қабылдай алады. Хабарламаға слайд қосу үшін
Опц-р > Енгізу >
Слайд таңдаңыз. Слайдтардың арасындағы аралықты
белгілеу үшін Слайд уақыты таңдаңыз. Сізде күтіп тұрған жаңа мультимедиалық бар болып,
хабарламалар жадында бос орын болмаған кезде жыпылықтап
Жад толы. Хабарлар алу мүмкін емес.
деген жазу шығады. Хабарлама алу үшін
OK > Иə таңдап,
жəне ескі хабарларды өшіру үшін папканы таңдаңыз.
Флэш хабарламалары
Флэш хабарламалары (желі қызметі) дегеніміз бірден жылт етіп көрінетін мəтінді хабарламалар.
Мəзір > Хабарлар > Хабар құру > Жылдам хабар
таңдаңыз.
34
Ме ню ф ун кц ия ла ры
Ескерту: Тек үйлесімді флэш хабарламасы
ерекшеліктері бар құрылғылар ғана флэш хабарламаларын қабылдап, көрсете алады.
Aудио хабарлама
Сіз мультимедиа хабар қызметін таңдап, дауыс хабарламасын дайындап, жіберуіңізге болады. Аудио хабарын қолданар алдында мультимедиа хабар қызметі белсмендірілуі тиіс.
Select Мəзір > Хабарлар > Хабар құру > Аудио хабары таңдаңыз. Рекодер ашылады. Аудио хабарын жазып болғаныңызда Кімге: бағанасына хабарды қабылдайтын адамның телефон нөмірін теріңіз. қамтамасыз етілген мүмкіндіктерді таңдау үшін Опц-р таңдаңыз. Телефон нөмірін Контактылар, тен алу үшін Қосу > Контакт таңдаңыз.
Сіздің телефоныңыз аудио хабарлама алған кезінде
1 аудио хабары қблднды немесе қабылданған хабарлама
саны жəне хабар қабылданды деген мəтін пайда болады. Хабарламаны ашу үшін, Ойнату; немесе бір
35
Ме ню ф ун кц ия ла ры
хабарламадан көп хабарлама алынған кезінде Көрсету >
Ойнату таңдаңыз. Хабарламаны кейінірек тыңдағыңыз
келсе, Шығу таңдаңыз. Опц-р таңдап, қамтамасыз етілген мүмкіндіктерді көресіз. Аудио хабарлама құлақ аспабы арқылы үнсіз түрде ойнатылады, дауыс зорайтқыш арқылы ойнату үшін Опц-р > Динамик таңдаңыз.
Дауыс хабарламалары
Дауыстық пошта жəшігі желі қызметі болып табылады жəне оған жазылуыңыз қажет болуы мүмкін. Қызмет көрсетушіңізбен байланысып, дауыс хабарламалары нөмірін аыңыз жəне қосымша детальді ақпарат алыңыз.
Мəзір > Хабарлар > Дауыс хабарлар таңдаңыз.
Электрондық пошта қолданбалары
Электрондық пошта қолданбалары (желі қызметі) сізге сəйкес келетін электрондық пошта шотыңызға телефоныңыздан байланысу мүмкіндігін береді. Сізге
36
Ме ню ф ун кц ия ла ры
кез келген электрондық пошта жіберу жəне алу үшін, алдымен электрондық пошта шотын ашып, оған келісті баптама алу керек болуы мүмкін. Сіз электрондық пошта формасы баптамасын формалы хабарлама ретінде қабылдауыңыз мүмкін.
Электрондық пошта хатын жазып, жіберу үшін, Мəзір >
Хабарлар > Эл. пошта > Жаңа эл.хат жазу таңдаңыз.
Егер бірнеше электрондық пошта шотыт анықталған болса, өзіңіз қай шоттан жібергіңіз келсе, сол шотты таңдаңыз. Электрондық пошта хатына қосымша папка қыстырмасын қосқыңыз келсе, Опцлр > Файл қоса тіркеу таңдап, Галерея ішінен керекті папканы табыңыз. Электрондық пошта хатын жазып болғанда, Жіберу >
Қазір жіберу таңдаңыз.
Сізге жіберілген электрондық пошта хаттарын қабылдау үшін, Мəзір > Хабарлар > Эл. пошта > Жаңа эл. хат
ткср жəне өзіңіз қалаған шотты таңдаңыз, алдымен
тек электрондық пошта хаттарының тақырыптары ғана қабылданады. Сізге жіберілген электрондық пошта хаттарын толығымен қабылдау үшін Кері >
Кіріс папкалары жəне өзіңіз қалаған шотты таңдаңыз,
жаңа келген хатты белгілеп, Алу таңдаңыз.
37
Ме ню ф ун кц ия ла ры
Маңызды: Хабарламаларды ашқан кезде сақ
болыңыз. Email хабарламаларында зиянды бағдарламалық құрал болуы, не болмаса олар құрылғыңызға немесе компьютеріңізге өзге жолмен зиян тигізуі мүмкін.
Сіздің телефоныңыз электрондық пошта шотынан қабылдаған хаттарыңызды
Кіріс папкалары папкасында
сақтайды, басқа мүмкін папкалар: Басқа папкалар мыналар болуы мүмкін: Жобалар аяқтамаған электрондық пошта хаттарын сақтау үшін, Мұрағат сіздің электрондық поштаңызды ұйымдастырып, сақтау үшін,
Шығыс папкасы əлі жіберілмеген хаттарды сақтау үшін,
жəне Жіберілгендер жіберілген хаттарды сақтау үшін. Папкаларды жəне оның ішіндегі хаттарды басқару үшін
Опцлр таңдап, осы папкаларға тиісті қамтамасыз етілген
мүмкіндіктерді қараңыз.
38
Ме ню ф ун кц ия ла ры
 Жазбалар
Аттар мен телефон нөмірлерін телефон жадына жəне SIM картасының жадына сақтауыңызға болады. Телефонның жадына жазбаларды нөмірлермен жəне мəтіндермен сақтауға болады. SIM картасы жадына сақталған аттар мен нөмірлер белгісімен көрсетіледі.
Байланысты іздеу үшəн, Мəзір > Контактылар >
Аттар > Опц-р > Іздеу таңдаңыз. Жазбалардың тізімінің
бойымен жылжып жүріңіз, не болмаса сіз іздеп жатқан аттың бірінші əрпін енгізіңіз. Жаңа байланыс қосу үшін,
Мəзір > Контактылар > Аттар > Опц-р > Жаңа кнткт қосу таңдаңыз. Байланысыңызға қосымша детальдар
қосу үшін, қолданып жатқан жадыңыз не Телефон не болмаса Телефон мен SIM екендігін тексеріңіз. Сіз жаңа нөмір немесе мəтін қосқыңыз келген аттың үстіне жылжып барып, Мəлім-рі > Опц-р > Мəлімет
қосу таңдаңыз. Байланысты көшіріп алу үшін, Опц-р >
39
Ме ню ф ун кц ия ла ры
Конт-ы көшіру таңдаңыз. Аттар мен телефон нөмірлерін
телефон жадынан SIM картасы жадына жəне керісінше көшіре аласыз. SIM картасының жадына бір телефон нөмірі тіркелген аттарды сақтауға болады. Жылдам теру бағдарламасына телефон нөмірін анықтау үшін,
Мəзір > Контактылар > Жылдам теру таңдап, жылдам
теру бағдарламасын анықтағыңыз келген нөмірді төмен қарай басып отырып, тауып, оны Беру. Сіз телефон шалғыңыз келген нөмірді теруіңізге болады немесе Іздеу бағдарламасы арқылы телефон кітапшасынан телефон нөмірді тауып алсаңыз болады.
Сіз vCard стандарты бар үйлесімді құрылғыға визитка ретінде бір кісімен байланысу туралы ақпаратты жіберіп, одан осындай ақпаратты қабылдай аласыз. Визитканы жіберу үшін ақпаратын жібергіңіз келген жазбаны іздеп тауып, Опц-р > Визитка жіберу > М-медиа арқылы немесе Мтнді хбр арқ-ы опциясын таңдаңыз. Сіз визитка алған кезде оны телефон жадына сақтап алу үшін
Көрсету > Сақтау таңдаңыз. Визиткадан бас тарту үшін Шығу > Иə таңдаңыз.
40
Ме ню ф ун кц ия ла ры
Мəзір > Контактылар > Баптаулар байланыстарыңызға
мына заттарды орнату үшін таңдаңыз: Ағымдағы
жад жазбаларыңызға SIM картасы немесе телефон
жадын таңдау. Жадтардың екеуінен де аттар мен телефон нөмірлерін қайта шақыру үшін Телефон мен
SIM таңдаңыз. Жазбалардағы аттар мен нөмірлердің
қалай көрсетілетінін таңдау үшін Контактылар көрінісі таңдаңыз. Жадтағы бос орын мен пайдаланылған орынды көру үшін Жад жағдайы таңдаңыз.
 Журнал
Телефон жіберіп алған, қабылданған жəне терілген қоңыраулардың телефон нөмірлері мен сіздің байланыстарыңыздың шамамен алынған ұзақтығын тіркеп отырады. Желіс осы функцияларды қолдауы тиіс, жəне телефоныңыз қосылулы болып, қызмет беретін желіс аймағында болуы тиіс.
41
Ме ню ф ун кц ия ла ры
Сіз телефон шалған уақытты жəне күнін көре аласыз, телефон нөмірін өзгерте немесе жоя аласыз, не болмаса оны Контактылар, сақтап қоя аласыз, не болмаса осы нөмірге хабарлама жібере аласыз.
Соңғы байланыстарыңыз туралы шамамен алынған ақпаратты алу үшін Мəзір > Журнал > Байланыс
ұзақтығы, Пктк дрктр санауышы, немесе Пктк дрктр байланысы таймері таңдаңыз.
Ескерту: Қызмет ұсынушы қамтамасыз еткен байланыстар мен қызметтер үшін нақты төленетін ақы желі ерекшеліктеріне, есепті дөңгелектеу, салықтар жəне т.б. байланысты əр түрлі болуы мүмкін.
Мəзір > Журнал жəне тиісті тізімді таңдаңыз: Қабылданбаған қоңыраулар сізге телефон шалған
адамның телефон нөмірін жəне неше рет телефон шалғандығын көрсетеді. Қабылданған қоңыраулар соңғы жауап берген немесе жауап беруден бас тартқан нөмірлерді көрсетеді, Терілген нөмірлер Соңғы телефон шалған нөмірлерді көрсетеді.
42
Ме ню ф ун кц ия ла ры
Журнал тіз-н өшіру соңғы қоңыраулардың тізімдерін
өшіреді. Бұл операцияның күшін жоя алмайсыз.
 Баптамалар
Сіз осы мəзірде неше түрлі телефон баптамаларын сəйкестіріп алуыңызға болады. Меню баптамаларының кейбіреулерін өздерінің бастапқы мəндеріне қою үшін Мəзір >
Параметрлер > Зауыт бапт. қайтару
таңдаңыз.
Дыбыс баптамалары
Мəзір > Параметрлер > Саздар таңдап, мына
қамтамасыз етілген мүмкіндіктердің кез келгенін таңдай аласыз: Сіздің телефоныңыз MP3 форматты қоңырау дыбыстарын қолдайды. Сіз жазып алған ырғақтарыңызды қоңыраулар түрінде орнатуыңызға болады.
43
Ме ню ф ун кц ия ла ры
Телефонды тек таңдаулы шақырушы топтарына жататын нөмірлерден келіп түскен қоңыраулар кезінде ғана шырылдайтын етіп баптау үшін
Ескерту тобы таңдаңыз.
Таңдап алғыңыз келген топқа жылжып барыңыз немесе
Бар-қ қоңыр-р > Белгілеу таңдаңыз.
Менің төте жолдарым
Төте жолдардың көмегімен жиі қолданылатын телефон функцияларына тез жетесіз.
Мəзір > Параметрлер > Сілтемеле-рім > Оң жақ таңдау түймесі таңдап, керекті таңдау түймесіне телефонның
бір функциясын орнатыңыз. Қозғалу түймесі үшін төте жол функцияларын таңдап алу
үшін Мəзір > Параметрлер > Сілтемеле-рім > Жылжу
түймесі таңдаңыз. Керекті қозғалу түймесіне жылжып
барып, Өзгерту жəне тізімдегі бір функцияны таңдаңыз. Түймедегі бір төте жол функциясын шығарып тастау үшін
(бос) таңдаңыз. Түймеге бір функцияны қайтадан беру
үшін Беру таңдаңыз.
44
Ме ню ф ун кц ия ла ры
Телефон шалу жəне телефон баптамалары
Мəзір > Параметрлер > Қоңырау жəне келесі
опциялардың бірін таңдаңыз: Кіретін қоңырауларды басқа жаққа бұрып жіберу үшін
Қоңырауды бұру (желі қызметі) таңдаңыз. Толық ақпарат
алу үшін қызмет ұсынушыңызбен байланысыңыз. Телефон шалу əрекеті сəтсіз болғаннан кейін қайтадан
байланысуға он рет əрекет жасау үшін Автоматты
қайта теру > Қосу таңдаңыз. Қоңырау күту қызметі > Қосу сіз телефон арқылы
сөйлесіп жатқан кезде желі келіп түскен қоңырау туралы сізді хабардар етуі үшін (желі қызметі).
Менің жеке бас дрк-мді жіберу (желі қызметі) > Желі белгілейді, Иə немесе Жоқ.
Мəзір > Параметр > Телефон > Тіл баптаулары > Телефон тілі телефонның дисплей тілін белгілейді.
Егер Автоматты опциясын таңдасаңыз, телефон тілді SIM картаңыздағы ақпаратқа сəйкес таңдайды.
45
Ме ню ф ун кц ия ла ры
Уақыт жəне күн баптамаларын көрсету
Аккумулятордың біраз қуатын үнемдеу үшін Мəзір >
Параметрлер > Дисплей > Энергия үнемдегіш > Қосу
таңдаңыз. Телефонның функцияларының ешқайсысы біраз уақытқа дейін пайдаланылмаса, дисплейде цифрлы сағат көрсетіледі.
Мəзір > Параметрлер > Уақыт пен күн таңдаңыз. Күту
режимінде сағат көрсетілуі үшін Сағат таңдап, сағатты баптаңыз жəне уақыт белдеуі мен уақыт форматын таңдап алыңыз. Күту режимінде күнді көрсету үшін Күн таңдап, күнді белгілеңіз жəне күн форматы мен күн айырғышын таңдап алыңыз. Телефон уақыт пен күнді ағымдағы уақыт белдеуіне қарай автоматты түрде жаңартып отыруы үшін
Күн мен уақытты автотүзету (желі қызметі) таңдаңыз.
Байланыс мүмкіндігі- GPRS байланысы
Радио қызметінің жалпы пакеті (GPRS) (желі қызметі) ол Интернет тəрізді мəлімет жүйесіне сымсыз ену мүмкіндігін қамтамасыз ететін мəлімет иесі болып келеді. GPRS пайдаланылуы мүмкін қолданбалар MMS, желіден ақпарат
46
Ме ню ф ун кц ия ла ры
іздеу жəне қарау жəне Java қолданба жүктелімдері болып табылады.
GPRS технологиясын пайдаланар алдында GPRS қызметі бар-жоғын білу жəне оған жазылу үшін желі операторымен немесе қызмет ұсынушымен байланысыңыз. GPRS баптамаларын GPRS арқылы пайдаланылған қолданбалардың əрқайсысы үшін сақтаңыз. Тарифтер туралы ақпарат алу үшін желі операторымен немесе қызмет ұсынушымен байланысыңыз.
Мəзір > Параметрлер > Іскерлесуі > Пктк деректер > Пакеттік деректер байланысы таңдаңыз. Телефон
қосылған кезде GPRS желісіне автоматты түрде тіркелуі үшін Əрдайым желіде опциясын таңдаңыз. Қажет кезде опциясын таңдасаңыз, GPRS тіркелуі жəне байланысы GPRS пайдаланылатын қолданба оны қажет еткен кезде орнатылып, сіз қолданбаны аяқтаған кезде жабылады
Жасауларды баптау
Сəйкес келетін мобильді жасаулары тек телефон оған қосылған болғанда ғана көрсетіледі.
47
Ме ню ф ун кц ия ла ры
Мəзір > Параметрлер > Кеңейту таңдап, қамтамасыз
етілген жасауларды таңдаңыз. Құлақ аспабын қосқан кезде сіз сымтетікті қоңырауларға автоматты жауап беру режіміне қою үшін
Автоматты жауап таңдауыңызға
болады. Егер
Кіріс қоңырау белгісі Бір қысқа сигнал
немесе Сөндіру қа қосулы болса, автоматты түрде жауап беру қолданылмайды.
Конфигурация баптамалары
Желі қызметтерінің кейбіреулері телефоныңыздағы конфигурация баптамаларының дұрыс болуын қажет етеді. Баптамаларды SIM картаңыздан, қызмет ұсынушыдан конфигурациялық хабарлама ретінде алыңыз, не болмаса өзіңіздің жеке баптамаларыңызды қолмен енгізіңіз.
Мəзір > Параметрлер > Конфигурация таңдап,
мыналарды көресіз:
Станд. конфиг. параметрлер
- Телефонда сақтаулы қызмет ұсынушылардың тізімін көру үшін (алдын-ала белгіленіп қойған қызмет ұсынушы ерекшеленіп тұрады) жəне басқа бір қызмет ұсынушыны алдын-ала белгіленген ретінде орнату үшін.
48
Ме ню ф ун кц ия ла ры
Провайдерге жылжытып, Мəлім-рі таңдап, қолдау алған қолданбалар тізімін қараңыз;
Бар-қ қолдб. стд. парам.
іске қос
үндемеген кезде қамтамасыз ететін қызмет провайдерінің баптамаларын қолдану үшін жасауларды орнату;
Ең тəуір ену нүктесі басқа ену нүктесін таңдау,
жалпы сіздің қалаған жүйе операторы ену түймесі қолданылады; Провайдер қолдауына қосылу сіздің қызмет көрсетушіңізден конфигурация жасауларын қабылдау үшін.
Баптамаларды қолмен енгізіп, көру жəне редакциялау үшін Мəзір > Параметрлер > Конфигурация >
Жеке конфиг. параметрлер таңдаңыз.
 Оператор менюі
Бұл меню сізге желі операторыңыз ұсынатын қызметтер порталына енуге мүмкіндік береді. Бұл менюдің ерекшеліктері операторға байланысты өзіндік болып табылады. Аттар мен иконкалар операторға байланысты. Оператор бұл менюді қызметтік хабарламамен жаңартуы мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін желі операторымен байланысыңыз.
49
Ме ню ф ун кц ия ла ры
 Галерея
Бұл менюде тақырыптарды, графикаларды жəне үндерді басқара аласыз. Бұл файлдар папкаларға реттелген.
Телефонда алынған мазмұнды қорғау үшін цифрлы құқықты басқару (DRM) жүйесі бар. Ақпарат ақылы болуы мүмкін болғандықтан, оны алар алдында əрқашан қандай да бір мазмұнның жəне активтендіру кілтінің жеткізу шарттарын тексеріп алыңыз.
Мəзір > Галерея таңдаңыз. Тқрптр, Графика, Үндер, Музыка, Дбс клптрі жəне Қаб-н. фй түп нұсқалы
папкалар болып келеді.
 Медиа
Дауыс жазушы
Сіз əңгіме бөлшектерін, дыбыстарды немесе белсендірілген телефон шалысын жазып алуыңызға
50
Ме ню ф ун кц ия ла ры
болады. Бұл қызмет адам аттарын немесе телефон нөмірлерді дыбысты етіп жазып алып, кейініректе қағазға жазып алуыңыз үшін қолайлы. Деректер жіберу сеансы немесе GPRS байланысы жұмыс істеп тұрған кезде рекордерді пайдалану мүмкін емес.
Мəзір > Медиа > Диктофон > Диктофон таңдап,
дауысты жаза бастасаңыз болады. Телефон шалысы барысында жазып алғыңыз келсе, Опц-р > Жазу таңдаңыз. Сіз телефон шалысын жазып алып жатқанда телефонды əдеттегідей құлағыңыздың жанында ұстай бересіз. Жазып алынған телефон шалыс Галерея >
Дбс клптрі сақталады. Соңғы жазып алған дыбысыңызды
естігіңіз келсе Опц-р > Соңғы клп ойнат таңдаңыз. Мультимедиалы хабар жүберуді қолданып, соңғы жазып алған дыбысты біреуге салып жібермекші болсаңыз,
Опц-р > Соңғы клп жібер таңдаңыз.
51
Ме ню ф ун кц ия ла ры
 Радио
FM радиосы сымсыз құрылғының антеннасынан басқа антеннаға тəуелді. FM радио функциясы дұрыс жұмыс істеуі үшін құрылғыға үйлесімді құлақ аспабы немесе жасауы жалғануы тиіс.
Ескерту: Музыканы орташа дауыс деңгейінде тыңдаңыз. Қатты дыбысты ұзақ уақыт бойы тыңдау есту қабілетіңізге зақым келтіруі мүмкін. Дауыс зорайтқыш жұмыс істеп тұрған кезде телефонды құлағыңызға жақын ұстамаңыз, өйткені даусы тым қатты болуы мүмкін.
Радио тыңдау
1. Мəзір > Radio таңдаңыз немесе күту ұстанымында
* басып, ұстап тұрыңыз. Арна орналасқан жер нөмірі, радио арнасының аты (егер арнаны сақтаған болсаңыз) жəне радио арнасының жиілігі дисплейден көрінеді.
52
Ме ню ф ун кц ия ла ры
2. Егер сіз радио арналарын сақтап қойған болсаңыз,
тыңдағыңыз келген арнаға жоғары немесе төмен жылжып барыңыз.
Сондай-ақ тиісті санды түймелерді қысқаша басып қалу арқылы радио арнасы орналасқан жерді таңдап алуыңызға болады.
Радио арнасына дəлдеу
1. Радио қосулы тұрған кезде радио жиілігін 0,10 МГц
қадаммен өзгерту үшін немесе таңдаңыз, не болмаса арнаны іздеуді бастау үшін немесе басып, ұстап тұрыңыз. Арна табылған кезде іздеу тоқтайды.
2. Арнаны 1 - 9 жад орнына сақтау үшін тиісті санды
түймені басып, ұстап тұрыңыз. Арнаны 10 - 20 жад орнына сақтау үшін 1 немесе 2
түймесін тез басып қалып, содан кейін 0 - 9 керекті санды түймені басып, ұстап тұрыңыз.
3. Арнаның атын енгізіп, OK таңдаңыз.
53
Ме ню ф ун кц ия ла ры
Негізгі радио функциялары
Радио қосылғанда, келесі мүмкіндіктерді қолдануға болады: Радио сөндірулі, Станц-ы сақтау, Станциялар,
Жиілікті белгілеу, жəне Динамик немесе Шағын гарн-ра.
Сіз 20 дейін радио арнасын сақтай аласыз. «Радио арнасына дəлдеу» тармағын қараңыз, 52.
Əдетте радио тыңдау кезінде телефон шалуыңызға немесе кіретін қоңырау қабылдауыңызға болады. Байланыс кезінде радионың даусы сөндіріледі.
GPRS байланысы пайдаланылатын қолданба деректер жіберіп немесе қабылдап жатқан кезде ол радиоға кедергі келтіруі мүмкін.
54
Ме ню ф ун кц ия ла ры
 Электронды хатшы
Ішінде оятар сағат, күнтізбе жəне калькулятор бар
Телефонды керекті уақытта дыбыс белгісін беретін етіп баптауыңызға болады. Мəзір > Органайзер > Оятқыш таңдап Дабыл уақыты ға дейін жылжытып, қоңырау соғып оятатын уақытты орнатыңыз. Дабылды қайталау ға жылжып, телефоныңызға сізді қоңырау соғып оятсын деген аптаның нақты күндерін орнатыңыз жəне Дабыл үні ға барып, қоңырау дыбысын жеке талғам бойынша таңдаңыз. Сигналды қайталау уақытын белгілеу үшін
Қайталау уақыты мен уақытты таңдаңыз.
55
Ме ню ф ун кц ия ла ры
Тіпті телефон сөндірілген кезде де телефон дыбыстық сигнал беріп, дисплейде Ояныңыз! деген хабарлама жəне ағымдағы уақыт көрінеді. Оятарды тоқтату үшін
Тоқтат таңдаңыз. Егер дыбыстық сигнал бір минутқа
дейін тоқтатылмаса, не болмаса Қайтал., таңдасаңыз, сигнал беру 10 минутқа жуық тоқтап тұрып, содан кейін қайтадан жалғастырады.
Құрылғы сөндірулі тұрған кезде қоңыраулы сағат шырылдайтын уақыт келгенде, ол өздігінен қосылып, қоңыраулы сағат дыбысын бере бастайды. Егер Тоқтат, таңдасаңыз, құрылғы құрылғыны байланыс үшін іске қосқыңыз келе ме деп сұрайды. Құрылғыны сөндіру үшін Жоқ опциясын таңдаңыз, не болмаса телефон шалып, қоңыраулар қабылдау үшін Иə опциясын таңдаңыз. Сымсыз телефонды пайдалану кедергі келтіруі немесе қауіп төндіруі мүмкін болған кезде Иə опциясын таңдамаңыз.
Мəзір > Органайзер > Күнтізбе таңдаңыз, бүгінгі
күн жақтаумен көрсетіледі. Егер бұл күнге қандай да бір ескертулер берілген болса, күн қалың əріппен көрсетіледі. Күн ескертулерін көру үшін Көру таңдаңыз.
56
Ме ню ф ун кц ия ла ры
Күнтізбедегі барлық ескертулерді өшіру үшін айды таңдап, Опц-р > Бар ескрті жою таңдаңыз. Күнтізбені көрудің басқа опциялары ескерту құру, ескертуді өшіру, редакциялау, орнын ауыстыру жəне қайталау жəне ескертуді басқа бір күнге көшіріп қою немесе ескертуді тікелей басқа бір үйлесімді телефон күнтізбесіне мəтінді хабарлама немесе мультимедиалық хабарлама ретінде жіберу жіберу опциялары болуы мүмкін.
Калькулятор
Телефондағы калькулятор қосу, азайту, көбейту, бөлу амалдарын орындап, санның квадраты мен квадрат түбірін шығарып, валюта бағамын аударады.
Ескерту: Калькулятордың дəлдігі шектеулі жəне ол қарапайым есептеу амалдарын орындауға арналған.
Мəзір > Органайзер > Калькулятор таңдаңыз. Экранда
0 саны көрсетілген кезде есептегі бірінші санды енгізіп, ондық бөлшек үтірін қою үшін # түймесін басыңыз. Ондық
57
Ме ню ф ун кц ия ла ры
бөлшек үтірін қою үшін # түймесін басыңыз. Опц-р >
Қосу, Азайту, Көбейту, Бөлу, Квадрат, Квадрат түбірі,
немесе Таңбаны өзгерту таңдаңыз. Екінші санды енгізіңіз. Жауап алу үшін Тең таңдаңыз. Жаңа есепті бастау үшін алдымен Өшіру басып, ұстап тұрыңыз.
Валюта бағамын аудару үшін Мəзір > Органайзер >
Калькулятор опциясын таңдаңыз. Валюта айырбастау
бағамын сақтау үшін Опц-р > Валюта бағамы таңдаңыз. Көрсетілген опциялардың кез келген біреуін таңдап алыңыз. Валюта айырбастау бағамын енгізіп, ондық бөлшек үтірін қою үшін # түймесін басыңыз да OK таңдаңыз. Валюта бағамын аудару үшін аударылуы тиіс соманы енгізіп, Опц-р > Жерг. валютаға немесе
Шет. валютаға опциясын таңдаңыз.
Ескерту: Негізгі валютаны өзгерткен кезде жаңа бағамдарды енгізуіңіз керек, өйткені барлық алдыңғы белгіленген валюта бағамдары нөлге келтіріледі.
58
Ме ню ф ун кц ия ла ры
 Қолданбалар
Телефоныңыздағы бағдарламалық құралдың ішінде осы Nokia телефоны үшін арнайы əзірленген біраз ойындар мен Java қолданбалары болуы мүмкін.
Ойындар мен қолданбаларды орнату үшін пайдалануға болатын жадтың мөлшерін көру үшін Мəзір >
Қолданбалар > Опц-р > Жад жағдайы таңдаңыз. Ойынды
немесе жасаларды бастау үшін, Мəзір > Қолданбалар >
Ойындар, немесе Топтама таңдаңыз. Ойынға
немесе қолданбаға жылжып барып, Ашу таңдаңыз. Ойынды немесе қолданбаны жүктеп алу үшін Мəзір >
Қолданбалар > Опц-р > Жүктеу > Ойын жүктеу немесе Қолдб. жүктеу таңдаңыз. Сіздің телефоныңыз J2ME™
Java қолданбаларын қолдайды. Қолданбаны жүктеп алар алдында оның телефоныңызбен үйлесімді екендігіне көз жеткізіңіз.
59
Ме ню ф ун кц ия ла ры
Маңызды: Қолданбаларды зиянды
бағдарламалық құралдан тек тиісті шамада қорғайтын дерек көздерінен ғана орнатып алыңыз.
Қолданбаны жүктеген кезде ол
Қолданбалар менюінің
орнына Ойындар менюіне сақталуы мүмкін екендігін ескеріңіз.
 Веб
Телефоныңыздың браузерінің көмегімен əр түрлі мобильді Интернет қызметтеріне ене аласыз. Бұл қызметтердің бар­жоғын, бағалары мен тарифтерін желі операторынан немесе қызмет ұсынушыдан тексеріңіз.
Маңызды: Тек өзіңіз сенім артатын жəне зиянды бағдарламалық құралдардан тиісті шамада қауіпсіздік пен қорғауды қамтамасыз ететін қызметтерді ғана пайдаланыңыз.
60
Ме ню ф ун кц ия ла ры
Қызметке қосылу
Қызмет баптамалары сақталып, белсендірілгендігін тексеріңіз.
Қызметпен байланысыңыз, бастапқы бетін ашыңыз, мəселен, қызмет берушінің негізгі бетін Мəзір > Веб > Үй, немесе күту режимінде 0 басып, ұстап тұрыңыз. Сіз
Мəзір > Веб > Бетбелгілер таңдауыңызға болады.
Егер бетбелгі ағымдағы актив қызметтік баптамалармен жұмыс істемесе, басқа бір қызметтік баптамалар жинағын белсендіріп, əрекетті қайталаңыз. Сіз, сонымен қатар, соңғы URL Мəзір > Веб > Сңғы веб-адр., таңдауыңызға немесе Мəзір > Веб > Адреске өту таңдап, қызмет адресін енгізуіңізге болады, содан соң OK таңдаңыз.
Қарауды доғару жəне байланысты аяқтау үшін
Опц-р >
Аяқтау таңдаңыз. Оның орнына аяқтау түймесін екі
рет басыңыз, не болмаса аяқтау түймесін басып, ұстап тұрыңыз.
Қызметпен байланыс орнатқаннан кейін оның беттерін көруге болады. Телефон түймелерінің функциясы əр түрлі қызметтерде əр түрлі болуы мүмкін. Телефон
61
Ме ню ф ун кц ия ла ры
дисплейіндегі мəтіндік нұсқауларды орындаңыз. Деректер тасушысы ретінде GPRS таңдап алынса,
қарау кезінде дипслейдің үстіңгі сол жағында көрсеткіші
тұратынын ескеріңіз. GPRS байланысы кезінде сіз қоңырау немесе мəтінді хабарлама қабылдағанда немесе телефон шалғанда көрсеткіші дисплейдің үстіңгі сол жағында GPRS байланысы тоқтатылып қойғанын көрсетіп тұрады. Байланыстан кейін телефон GPRS байланысына қайтадан қосылып көреді.
Браузер режиміндеs Үй жəне Бетбелгілер сияқты опцияларды пайдалануға болады. Қызмет ұсынушы қосымша опция ұсынуы мүмкін.
Құрылғыңызда Nokia корпорациясымен байланысы жоқ сайттардың бетбелгілері болуы мүмкін. Nokia бұл сайттарға кепілдік бермейді немесе оларды құптамайды. Егер сіз оларға кіруді ұйғарсаңыз, олардың қауіпсіздігі мен мазмұны үшін Интернеттегі кез келген сайтқа қолданатындай алдын-ала сақтық шараларын қолданғаныңыз жөн.
62
Ме ню ф ун кц ия ла ры
Браузердің көрінісін баптау
Күту режимінде Мəзір > Веб > Параметрлер > Көрініс
параметрлері таңдаңыз. Мəтінді беттеу > Қосу
таңдасаңыз, мəтінді келесі жолда жалғастыру мүмкіндігін аласыз. Егер Сөндіру таңдасаңыз, мəтін қысқартылады.
Суреттерді көрсету > Жоқ опциясын таңдасаңыз, беттегі
қандай да бір суреттер көрсетілмейді. Браузер режимінде сенімді байланыс əлсіреген кезде телефон белгі беруі үшін
Ескертулер > Сенімсіз байланыс ескертуі > Иə опциясын
таңдаңыз. Сенімді бетте сенімсіз мазмұн болған кезде телефон белгі беруі үшін
Сенімсіз деректер ескертуі > Иə
опциясын таңдаңыз. Бұл белгілер байланыс сенімділігіне кепілдік бермейді.
Таңбаны шифрлау таңдасаңыз, ол осы
ақпаратты қамтамасыз етпейтін көрсетіліп жатқан бетке сəйкес келетін белгілер топтамасын алуға немесе сəйкес келетін телефонға Интернет адресін жіберіп жатқанда, əрдайым UTF-8 кодировкасын қолдануға мүмкіндік береді.
63
Ме ню ф ун кц ия ла ры
Cookies жəне кэш жады
Cookie дегеніміз сайт телефон браузерінің кэш жадына сақтайтын деректер. Деректер сіздің пайдаланушылық ақпаратыңыз немесе сіздің браузер пайдалану артықшылықтарыңыз болуы мүмкін. Cookie файлдары сіз кэш жадын тазартқанша сақтаулы тұрады. Күту режимінде
Мəзір > Веб > Параметрлер > Қауіпсіздік параметрлері > Cookie файлдары таңдаңыз. Телефонның cookie
файлдарын қабылдауына рұқсат беру немесе бермеу үшін
Рұқсат ету немесе Қабылдамау таңдаңыз.
Егер пароль сұрайтын құпия ақпаратқа енбек болсаңыз немесе еніп қойсаңыз, əрбір пайдаланғаннан кейін кэш жадын босатып отырыңыз. Оперативті жадын босату үшін,
Мəзір > Веб > Кэшті өшіру деген команда таңдаңыз.
Қызметтік кіріс поштасы баптамалары
Телефон қызмет ұсынушы жіберген қызметтік хабарламалар (желі қызметі) қабылдай алады. Бұл қызметтік хабарламаны оқу үшін Көрсету таңдаңыз. Егер Шығу таңдасаңыз, хабарлама Қзмт крс
64
Ме ню ф ун кц ия ла ры
пошт. папкасына көшіріледі. Параметрлер > Веб > Параметрлер > Қызметтік хабарлар > Қызметтік хабарлар > Қосу (немесе Сөндіру) таңдап, қызмет
хабарларын қабылдауға (немесе қабылдамауға) орнатуыңызға болады.
Браузер қауіпсіздігі
Қауіпсіздік мүмкіндіктері банкинг немесе онлайн шоппинг сияқты кейбір қызметтер үшін талап етілуі мүмкін. Ондай байланыстар үшін Сізде өзіңіздің SIM картаңызда болуы мүмкін қауіпсіздік сертификаты жəне, мүмкін, қауіпсіздік құрылғысы болуы тиіс. Көбірек ақпарат алу үшін қызмет провайдеріңізбен байланысыңыз.
 SIM қызметтері
Сіздің SIM картаңыз қосымша қызмет қамтамасыз етуі мүмкін. Көбірек ақпарат алу үшін қызмет провайдеріңізбен байланысыңыз.
65
Ак ку му л я т о р т у р а л ы а қ п а р а т

6. Аккумулятор туралы ақпарат

 Зарядтау жəне разрядтау
Құрылғыңыз қайта зарядталатын аккумулятордан қуат алады. Жаңа батареяның толық өнімділігіне екі немесе үш рет толық зарядтау-разрядтау циклінен кейін қол жеткізіледі. Аккумуляторды жүздеген рет зарядтап, разрядтауға болады, бірақ ол ақырында тозады. Сөйлесу жəне күту режимдері əдеттегіден едəуір қысқа болған кезде аккумуляторды ауыстырыңыз. Тек Nokia рұқсат берген аккумуляторларды пайдаланыңыз жəне аккумуляторды тек Nokia рұқсат берген осы құрылғыға арналған зарядтағыштармен зарядтаңыз.
Ауыстырылмалы аккумулятор бірінші рет пайдаланылған немесе аккумулятор ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған жағдайда оны зарядтау үшін алдымен зарядтағышты жалғап, содан ажыратып, қайтадан жалғау қажет болуы мүмкін.
66
Ак ку му л я т о р т у р а л ы а қ п а р а т
Пайдаланылмаған кезде зарядтағышты электр розеткасы мен құрылғыдан ажыратып қойыңыз. Толығымен зарядталған аккумуляторды зарядтағышқа қосулы қалдырмаңыз, себебі асырмалы зарядтау оның қызмет мерзімін қысқартуы мүмкін. Егер пайдаланусыз қалатын болса, толық зарядталған аккумулятор уақыт өте келе өзінің зарядын жоғалтады.
Егер аккумулятордың заряды толығымен босаған болса, дисплейдегі зарядтау көрсеткіші жанғанша, не болмаса қандай да бір қоңыраулар шалу мүмкін болғанша бірнеше минут керек болуы мүмкін.
Аккумуляторды тек өзінің арнаулы мақсаты бойынша пайдаланыңыз. Еш уақытта зақымданған зарядтағышты немесе аккумуляторды пайдаланбаңыз.
Аккумуляторды қысқаша тұйықтамаңыз. Кездейсоқ қысқаша тұйықталу теңге, қағаз қыстырғыш немесе қалам сияқты металл зат аккумулятордың оң (+) жəне теріс (-) полюстерінің қосылуын тудырған кезде орын алуы мүмкін. (Полюстер аккумулятордың үстіндегі металл жолақшаларға ұқсайды.) Бұл, мысалы, қалтаңызда
67
Ак ку му л я т о р т у р а л ы а қ п а р а т
немесе əмияныңызда қосалқы аккумулятор алып жүрген кезде орын алуы мүмкін. Полюстерді қысқаша тұйықтау аккумуляторды немесе байланыстырғыш затты зақымдауы мүмкін.
Аккумуляторды жазғы немесе қысқы кездердегі жабық машина сияқты ыстық немесе суық жерде қалдыру аккумулятордың қуаты мен қызмет ету мерзімін азайтады. Аккумуляторды əрдайым 15°C пен 25°C (59°F пен 77°F) аралығындағы температурада сақтауға тырысыңыз. Ыстық немесе суық аккумулятор салынған құрылғы тіпті аккумулятор толық зарядталғанның өзінде уақытша жұмыс істей алмауы мүмкін. Аккумулятордың өнімділігі əсіресе қату нүктесінен төмен температураларда шектеледі.
Аккумуляторларды отқа тастамаңыз, өйткені олар жарылуы мүмкін. Аккумуляторлар сонымен қатар зақымдалған жағдайда да жарылуы мүмкін. Аккумуляторларды жергілікті ережелерге сəйкес пайдаға асырыңыз. Мүмкін болған кезде қайта пайдаланыңыз. Тұрмыстық қалдық ретінде тастамаңыз.
68
Ак ку му л я т о р т у р а л ы а қ п а р а т
 Nokia аккумуляторларының
шынайылығын растау жөніндегі нұсқаулар
Қауіпсіздік мақсатында əрқашан Nokia корпорациясы өзі шығарған аккумуляторларды пайдаланыңыз. Nokia фирмалық аккумуляторын алғаныңызды тексеру үшін оны nokia уəкілетті дилерінен сатып алыңыз, орамынан «nokia original enhancements» (nokia фирмалық жасаулары) логотипін іздеңіз жəне голограммалы этикеткасын келесі қадамдарды орындай отырып тексеріңіз:
Төрт қадамның сəтті орындалуы аккумулятордың шынайылығының толық куəландырылғандығын көрсетпейді. Аккумуляторыңыз Nokia фирмалық аккумуляторы емес деп есептеуіңізге қандай да бір негіз болса, оны пайдаланудан бас тартқаныңыз жəне ең жақын орналасқан Nokia уəкілетті қызмет көрсету орнына немесе дилеріне апарып, көмек сұрағаныңыз жөн. Nokia уəкілетті қызмет көрсету орны немесе дилері аккумулятордың шынайылығын тексеріп береді. Егер шынайылығын куəландыру мүмкін болмаса, аккумуляторды сатып алған жеріңізге қайтарып беріңіз.
69
Ак ку му л я т о р т у р а л ы а қ п а р а т
Голограмманың шынайылығын растау
1. Этикеткадағы голограмманы
тексерген кезде оның бір бұрышынан қарағанда Nokia корпорациясының қол алысу белгісін, ал екінші бұрышынан қарағанда «Nokia Original Enhancements» логотипін көруге тиіссіз.
2. Сіз голограмманы солға,
оңға, төмен жəне жоғары қисайтқан кезде əрбір бұрышынан сəйкесінше 1, 2, 3 жəне 4 нүкте көруге тиіссіз.
70
Ак ку му л я т о р т у р а л ы а қ п а р а т
3. 20 санды кодты, мысалы 12345678919876543210, ашу үшін этикетканың жанын тырнаңыз. Аккумулятордың санды жағын жоғары қаратыңыз. 20 санды код үстіңгі қатардағы саннан бастап төменгі қатардағы санға қарай оқылады.
4. 20 санды кодтың жарамдылығын www.nokia.com/batterycheck сайт бетіндегі нұсқауларды орындай отырып растаңыз.
71
Ак ку му л я т о р т у р а л ы а қ п а р а т
Мəтінді хабарлама құру үшін 20 санды кодты, мысалы, 12345678919876543210, енгізіп, +44 7786 200276 нөміріне жіберіңіз.
Мəтінді хабарлама даярлау үшін, мыналарды жасаңыз:
Үндістаннан басқа Азиялық Тынық Мұхит аймағы үшін:
20 санды кодты, мысалы, 12345678919876543210 енгізіп, +61 427151515 нөміріне жіберіңіз.
Тек Үндістан үшін: Battery, содан кейін 20
санды аккумулятор кодын, мысалы, battery 12345678919876543210, енгізіп, 5555 нөміріне жіберіңіз.
Жергілікті жəне халықаралық операторлар қызметтерінің ақылары алынады.
Кодтың шынайылығын растау мүмкін немесе мүмкін емес екендігі туралы хабарлама алуға тиіссіз.
Аккумулятор шынайы болмаса не істеу керек?
Егер сіз этикеткасында голограммасы бар Nokia аккумуляторының шынайылығын растай алмасаңыз, аккумуляторды пайдаланбай-ақ қойыңыз. Оны ең жақын
72
Ак ку му л я т о р т у р а л ы а қ п а р а т
орналасқан Nokia уəкілетті қызмет көрсету орнына немесе дилеріне апарып, көмек сұраңыз. Өндіруші мақұлдамаған аккумуляторды пайдалану қауіпті болуы жəне құрылғыңыз бен оның жасауларының жұмысының нашарлауына жəне зақымдануына əкеп соғуы мүмкін. Бұл сондай-ақ құрылғыға қолданылатын қандай да бір рұқсатты немесе кепілдікті күшінен айыруы мүмкін.
Nokia корпорациясының фирмалық аккумуляторлары туралы қосымша ақпарат алу үшін www.nokia.com/battery бетін қараңыз.
73
Жа с а ул ар

7. Жасаулар

Керек-жарақтар мен жасаулар туралы біраз пайдалы ереже:
Керек-жарақтар мен жасаулардың барлығын
балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
Кез келген керек-жарақты немесе жасауды қорек
көзінен ажыратқан кезде, оның сымынан емес, ашасынан ұстап суырыңыз.
Көлікке орнатылған жасаулардың дұрыс орнатылып,
жұмыс істейтіндігін тексеріңіз.
Кез келген күрделі көлік жасауларын білікті
қызметкерлер орнатуға тиіс.
74
Кү ті м жə не қ ыз м е т к ө р с е т у
Күтім жəне қызмет көрсету
Құрылғыңыз жəне шеберлік өнімі болып табылады жəне ұқыпты ұстауды керек етеді. Төмендегі ұсыныстар кепілдігіңіздің күшін сақтауға көмектеседі.
Құрылғыны құрғақ күйінде ұстаңыз. Жауын-
шашынның, ылғалдылықтың жəне сұйықтықтар мен ылғалдың басқа түрлерінің құрамында электрондық тізбектердің тот басуына себепші болатын минералдар болуы мүмкін. Құрылғы суланса, оны ауыстырар алдында аккумуляторды шығарып алып, құрылғыны əбден құрғатыңыз.
Құрылғыны шаң басқан, ластанған жерлерде
пайдаланушы немесе сақтаушы болмаңыз. Оның ауыстырылмалы бөліктері мен электрондық компоненттері зақымдануы мүмкін.
Құрылғыны ыстық жерлерде сақтамаңыз. Жоғары
температура электрондық құрылғылардың қызмет ету мерзімін қысқартуы, аккумуляторларды зақымдауы жəне кейбір пластмасса бөлшектердің қалпын бұзуы немесе оларды балқытып жіберуі мүмкін.
75
Кү ті м жə не қ ыз м е т к ө р с е т у
Құрылғыны суық жерлерде сақтамаңыз. Құрылғы
қалыпты температурасына қайтқан кезде құрылғының ішінде ылғал түзіліп, электрондық схема тақташаларын зақымдауы мүмкін.
Құрылғыны осы нұсқаулықта көрсетілгеннен басқа
жолдармен ашуға əрекеттенбеңіз.
Құрылғыны лақтырушы, соғушы немесе шайқаушы
болмаңыз. Дөрекі ұстау салдарынан ішкі схема тақташалары мен жұқа механизмдер сынуы мүмкін.
Құрылғыны тазалау үшін қатты химиялық заттарды,
тазалағыш ерітінділерді немесе күшті жуу құралдарын пайдаланбаңыз.
Құрылғыны боямаңыз. Бояу құрылғының
ауыстырылмалы бөлшектері мен дұрыс жұмыс істеуіне кедергі келтіруі мүмкін.
Тек қана жинақпен жеткізілген немесе мақұлданған
қосалқы антеннаны пайдаланыңыз. Рұқсатсыз антенналар, түр өзгерістері немесе қосымшалар құрылғыны зақымдап, радио құрылғыларын пайдалануды реттейтін ережелерді бұзуы мүмкін.
76
Кү ті м жə не қ ыз м е т к ө р с е т у
Зарядтағыштарды жабық жайда пайдаланыңыз.
Құрылғыны жөндеу орнына берер алдында əрдайым
жазбалар мен күнтізбе ескертушілері сияқты сақтағыңыз келген ақпараттың қосалқы көшірмесін жасап жүріңіз.
Жоғарыдағы ұсыныстардың барлығы құрылғыға, аккумуляторға, зарядтағышқа немесе кез келген жасауға бірдей қолданылады. Егер қандай да бір құрылғы дұрыс жұмыс істемей тұрса, оны жөндеу үшін ең жақын орналасқан уəкілетті қызмет көрсету орнына апарыңыз.
77

Қа уі пс із ді к т у р а л ы қ ос ым ша а қп ар ат

Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат
Құрылғыда немесе оның жасауларында ұсақ бөлшектер болуы мүмкін. Оларды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
 Жұмыс істеу ортасы
Кез келген аймақта қолданылатын кез келген арнайы ережелердің талаптарын орындаңыз жəне құрылғыны пайдалануға тыйым салынған кезде, не болмаса ол кедергі келтіруі немесе қауіп төндіруі мүмкін болған кезде оны əрдайым сөндіріңіз. Құрылғыны қалыпты жұмыс істеу күйінде пайдаланыңыз. Бұл құрылғы не құлаққа қатысты қалыпты пайдалану жағдайында пайдаланылған, не денеден кемінде 2,2 сантиметр (7/8 дюйм) алшақ тұрған кезде радиожиілік əсері туралы нұсқауларға сай болады. Тасып жүрген кезде жұмыс істету үшін тасымалы сөмке, белдікке қыстырғыш немесе ұстағыш пайдаланылған кезде, оның құрамында металл болмауы тиіс жəне құрылғыны денеңізден жоғарыда көрсетілген қашықтықта ұстауға тиіс.
78
Қа уі пс із ді к т у р а л ы қ ос ым ша а қп ар ат
Дерек файлдары мен хабарламалар алмасуы үшін құрылғы желіге қосылу сапасының жақсы болуын қажет етеді. Кейбір жағдайларда дерек файлдары немесе хабарламалары мұндай қосылу пайда болғанша кешігуі мүмкін. Деректер алмасуы аяқталғанға дейін жоғарыда аталған арақашықтық нұсқауларының орындалуын қамтамасыз етіңіз.
Құрылғының бөлшектері магнитті болып табылады. Металл заттар құрылғыға тартылуы мүмкін. Кредит карточкаларын немесе басқа да магнитті сақтау құралдарын құрылғының жанына қоймаңыз, өйткені оларда сақтаулы ақпарат өшіріліп қалуы мүмкін.
 Медициналық құрылғылар
Кез келген радио таратушы жабдықтың, соның ішінде сымсыз телефондардың жұмысы тиісті шамада қорғалмаған медициналық құрылғылардың жұмысына кедергі келтіруі мүмкін. Медициналық құрылғы сыртқы радиожиілік энергиясынан тиісті шамада қорғалғандығы туралы немесе сізде қандай да бір сұрақ бар болса,
79
Қа уі пс із ді к т у р а л ы қ ос ым ша а қп ар ат
терапевт дəрігермен немесе құрылғының өндірушісімен кеңесіңіз. Егер денсаулық сақтау мекемелерінде ілініп қойған ережелер бойынша осылай істеуге нұсқау берілген болса, бұл жерлерде құрылғыны сөндіріп қойыңыз. Ауруханаларда немесе денсаулық сақтау мекмелерінде сыртқы радиожиілік энергиясына сезімтал жабдық пайдаланылуы мүмкін.
Кардиостимуляторлар
Кардиостимулятор дайындаушылары кардиостимулятордың кедергісі туындау мүмкіндігінен аман болу үшін сымсыз телефон мен кардиостимулятордың арасында кемінде 15.3 см (6 дюйм) арақашықтық сақталуын ұсынады. Бұл ұсыныстар сымсыз технологияларды зерттеу институты жүргізген тəуелсіз зерттеулерге жəне оның ұсыныстарына сай. Кардиостимуляторлары бар кісілер:
Əрдайым телефонды кардиостимулятордан 15.3 см
(6 дюйм) қашықтықта ұстағаныңыз жөн
Телефонды төс қалтаға салып жүрмегеніңіз жөн
80
Қа уі пс із ді к т у р а л ы қ ос ым ша а қп ар ат
Кедергі əлеуетін азайту үшін телефонды
кардиостимуляторға қарама-қарсы құлағына ұстағандарыңыз жөн.
Егер кедергіден сезіктенсеңіз, құрылғыны сөндіріп, басқа жаққа əкетіңіз.
Есту құралдары
Кейбір цифрлы сымсыз құрылғылар кейбір есту құралдарына кедергі келтіруі мүмкін. Егер кедергі пайда болса, қызмет ұсынуға хабарласыңыз.
Көлік құралдары
Радио сигналдары моторлы көліктердегі дұрыс орнатылмаған немесе тиісті шамада қорғалмаған электронды жанармай бүрку жүйелері, бұғатталуға қарсы тежеу жүйелері, электронды жылдамдық реттеу жүйелері, пневматикалық жастықша жүйелері сияқты электронды жүйелерге əсер етуі мүмкін. Қосымша ақпаратты үшін кез келген жабдықтың өндірушісінен немесе оның өкілінен тексеріп біліңіз.
81
Қа уі пс із ді к т у р а л ы қ ос ым ша а қп ар ат
Құрылғыға тек білікті қызметкерлер қызмет көрсетуі немесе оны көлікке орнатуы тиіс. Ақаумен орнату немесе қызмет көрсету қауіпті болуы жəне құрылғыға қолданылуы мүмкін кез келген кепілдікті күшінен айыруы мүмкін. Көлігіңіздегі барлық сымсыз жабдық дұрыс орнатылып, жұмыс істеуін тұрақты түрде тексеріп тұрыңыз. Өртке қауіпті сұйықтықтар, газдар немесе жарылғыш материалдарды құралмен, оның бөлшектерімен немесе мүмкіндіктерін кеңейтетін бөлшектермен бірге тасуға немесе сақтауға болмайды. Пневматикалық жастықшамен жабдықталған көліктерде пневматикалық жастықшалар үлкен күшпен үрленіп толатынын есте сақтаңыз. Заттарды, соның ішінде орнатылған немесе тасымалы сымсыз жабдықты пневматикалық жастықшадан жоғары жерге немесе пневматикалық жастықша орналасатын жерге қоймаңыз. Егер көлік ішіндегі сымсыз жабдық дұрыс орнатылмаған болса, пневматикалық жастықша үрленген кезде ауыр жарақатқа əкеп соқтыруы мүмкін.
Ұшақпен ұшып бара жатқан кезде құрылғыны пайдалануға тыйым салынады. Ұшаққа мінер алдында құрылғыны сөндіріңіз. Ұшақтың ішінде телеқұрылғыларды
82
Қа уі пс із ді к т у р а л ы қ ос ым ша а қп ар ат
пайдалану ұшақтың жұмысына қауіп төндіріп, сымсыз телефон желісін үзуі жəне заңсыз болуы мүмкін.
 Жарылу қаупі бар орталар
Кез келген жарылу мүмкіндігі бар атмосфералы аймақта құрылғыны сөндіріп, барлық белгілер мен нұсқауларды сақтаңыз. Жарылу мүмкіндігі бар орталарға əдетте сіз көлік моторын сөндіруге кеңес берілетін аймақтар жатады. Мұндай аймақта ұшқынның пайда болуы дене жарақатына немесе тіпті өлімге əкеп соғатын жарылысқа немесе өртке себепші болуы мүмкін. Құрылғыны қызмет көрсету стансаларындағы бензин сорғыларының маңайы сияқты жанармай құю орындарында сөндіріңіз. Отын қоймалары, оларды сақтау жəне тарату орындары, химиялық зауыттар немесе жарылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан аймақтардағы радио жабдығын пайдалану туралы шектеулерді сақтаңыз. Жарылу қаупі бар атмосфералы аймақтар жиі таңбаланады. Бірақ бұл таңбалар əрқашанда анық бола бермейді. Бұл аймақтарға кеме палубалары, химиялық заттарды тасымалдау немесе сақтау құрылыстары, сұйылтылған
83
Қа уі пс із ді к т у р а л ы қ ос ым ша а қп ар ат
мұнай газымен (пропан немесе бутан сияқты) жүретін көлік құралдары жəне ауасының құрамында химиялық заттар немесе түйіршік, шаң немесе металл тозаңдары сияқты бөлшектер бар аймақтар жатады.
 Жедел телефон шалу
Маңызды: Сымсыз телефондар, соның ішінде осы құрылғы радиосигналдарды, сымсыз желіні, жер үсті байланыс желісін жəне пайдаланушымен бағдарланатын функцияларды пайдалана отырып қызмет етеді. Осыған байланысты барлық жағдайларда байланыс орнатылатынына кепілдік беру мүмкін емес. Жедел медициналық жəрдем сияқты маңызды байланыстар үшін еш уақытта кез келген сымсыз құрылғыға сенім арта бермегеніңіз жөн.
84
Қа уі пс із ді к т у р а л ы қ ос ым ша а қп ар ат
Жедел телефон шалу үшін:
1. Егер құрылғы сөндірулі болса, қосыңыз. Тиісті сигнал қарқындылығын тексеріңіз.
Кейбір желілер құрылғыға жарамды SIM картасы тиісті түрде салынуын талап етуі мүмкін.
2. Дисплейді тазалап, құрылғыны телефон шалуға дайындау үшін аяқтау түймесін қажетінше қайталап баса беріңіз.
3, Өзіңіз тұрған жердегі ресми жедел қызмет нөмірін
енгізіңіз. Жедел қызмет нөмірлері əр жерде əр түрлі болуы мүмкін.
4. Шақыру түймесін басыңыз.
Егер кейбір мүмкіндіктер қосулы болса, онда жедел қызметке телефон шалар алдында сол мүмкіндіктерді сөндіруіңіз қажет болуы мүмкін. Егер құрылғы желі аясынан тыс болса немесе ұшақтың ішінде болса, жедел қызметке телефон шалар алдында телефон функциясын іске қосу үшін профильді өзгертуіңіз керек. Қосымша ақпарат алу үшін осы нұсқаулыққа немесе қызмет ұсынушыға жүгініңіз.
85
Қа уі пс із ді к т у р а л ы қ ос ым ша а қп ар ат
Жедел қызметпен байланыс кезінде барлық қажетті ақпаратты мүмкіндігінше дəл беріңіз. Оқиға болған жерде сымсыз телефоныңыз бірден-бір байланыс құралы болуы мүмкін. Рұқсат берілмейінше, байланысты аяқтамаңыз.
 Сертификаттау туралы ақпарат (SAR)
БҰЛ ҚҰРЫЛҒЫ РАДИО ТОЛҚЫНДАРЫНЫҢ ƏСЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРДІҢ ТАЛАПТАРЫНА САЙ.
Сіздің құрылғыңыз радио сигналдарын жіберіп, қабылдайды. Ол халықаралық ережелерде ұсынылған радиожиілік əсерінің шектерінен аспайтын етіп жобаланып, жасалған. Бұл нұсқаларды тəуелсіз ғылыми ұйым ICNIRP дайындаған, жəне ол кез келген адамға, жас пен ден саулық деңгейін ескерместен, олардың ден саулығын қорғауға арналған қауіпсіздік шектеулерді енгізген.
Тасымалы құрылғылар үшін əсер ету нормативі ретінде меншікті сəулелену коэффициенті немесе МСК деп аталатын өлшем бірлігі қолданылады. Халықаралық
86
Қа уі пс із ді к т у р а л ы қ ос ым ша а қп ар ат
ережелерде көрсетілген МСК шегі дене тінінің 10 грамы бойынша орташаланған 2,0 ватт/килограмды (Вт/кг)* құрайды. МСК сынақтары барлық тексерілген жиілік ауқымдарында құрылғының ең жоғарғы рұқсат етілген қуат деңгейімен ол сигнал жіберіп жатқан кезде стандартты жұмыс істету жағдайларының көмегімен жүргізіледі. Құрылғы тек желіге жетуге қажетті қуатты ғана тұтынатындықтан, жұмыс істеп тұрған құрылғының нақты МСК деңгейі ең жоғарғы мəннен əлдеқайда төмен болуы мүмкін. Бұл мөлшер сіздің желі негізгі стансасына қаншалықты жақын тұрғаныңыз сияқты бірнеше факторларға байланысты өзгеріп отырады. ICNIRP нұсқалары бойынша құлаққа қолдануға болатын ең жоғарғы МСК құндылығы 0.68 W/kg.
Құрылғының керек-жарақтары мен жасаулары пайдаланылған кезде МСК мəндері əр түрлі болуы мүмкін. МСК мəндері мемлекеттік деректер жіберу жəне сынақтар жүргізу талаптары мен желінің жиілік ауқымына қарай əр түрлі болуы мүмкін. МСК туралы қосымша ақпарат www.nokia.com сайтындағы өнім туралы ақпарат бөлімінен алуға болады.
Loading...