• Бұл құрылғыны қозғалу, сезу немесе ойлану
мүмкіндіктері шектелген адамдарға (балаларды қоса)
немесе осы құрылғыға қатысты тәжірибесі немесе білімі
жоқ адамдарға ықтимал қауіп-қатерлер мен құрылғыны
қауіпсіз жолмен пайдалану туралы нұсқау берілмейінше
және олар бақыланбайынша пайдалануға болмайды.
• Балалардың осы құрылғымен ойнамауын қадағалаңыз.
• Тазалауды және пайдаланушы орындайтын техникалық
күтімді балаларға бақылаусыз орындатпау керек.
• Құрылғыны ешқашан суға батыру арқылы тазаламаңыз.
• Бұл тек үйде пайдалануға арналған құрылғы.
Оны мынадай жерлерде пайдалануға
болмайды:дүкендердегі, офистердегі және басқа
жұмыс орталарындағы қызметкерлер тамақтанатын
орындарда; фермаларда; қонақүйлердегі, мотельдердегі
және басқа қонақ күту орталарындағы клиенттерге;
төсек және таңғы ас беретін орталарда.
• Егер ашалы қосқыш немесе сым зақымданса,
барлық қауіп-қатерлердің алдын алу үшін оны тек
тұтынушыларды қолдау қызметтері ауыстыруы керек.
ТЕК ЕУРОПАЛЫҚ НАРЫҚҚА АРНАЛҒАН:
• Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балаларға тек оларға
ықтимал қауіп-қатерлер мен құрылғыны қауіпсіз жолмен
пайдалану туралы нұсқау берілгенде және олар
бақыланғанда ғана пайдалануға болады.Балалар сегіз
жастан аспаған болса және үнемі бақылауда болмаса,
тазалауды және пайдаланушы орындайтын техникалық
күтімді балалар 8 жастан аспаса және бақылауда
болмаса орындамаулары керек.Құрылғыны және қуат
кабелін сегіз жастан аспаған балалардан аулақ ұстаңыз.
• Бұл құрылғыны қозғалу, сезу немесе ойлану мүмкіндіктері
шектелген адамдарға немесе осы құрылғыға қатысты
97
тәжірибесі немесе білімі жоқ адамдарға тек оларға
ықтимал қауіп-қатерлер мен құрылғыны қауіпсіз жолмен
пайдалану туралы нұсқау берілгенде және олар
бақыланғанда ғана пайдалануға болады.
Балалардың құрылғымен ойнамауы керек.
• Құрылғы қараусыз қалатын кезде және оны құрастыру,
оның бөлшектерін шешу немесе тазалау алдында оны
әрқашан розеткадан ажыратып жүріңіз.
Осы таңбамен белгіленген беттер пайдалану барысында
ыстық болады (бұл таңба тек кейбір үлгілерде ғана
бар).
МАҢЫЗДЫ ҚАУІПСІЗДІК
ШАРАЛАРЫ
Қауіпті! Мұндай ескертуді елемеу
электр тогына түсу салдарынан өмірге
қауіп төндіретін жарақатқа себеп
болуы мүмкін.
Бұл – электрлік құрылғы, сондықтан ол
электр тогына түсуге себеп болуы мүмкін.
Сондықтан, осы қауіпсіздік туралы
ескертулерді ұстануыңыз керек:
• Құрылғыны ылғал қолдарыңызбен
немесе аяқтарыңызбен түртпеңіз.
• Сымды ешқашан ылғал қолмен
ұстамаңыз.
• Розетканың құрылғыны қажет кезде
ажыратуға болатындай оңай қол
жеткізетін жерде орналасқанына көз
жеткізіңіз.
• Тек ашалы қосқыштан ұстап
ажыратыңыз.Ешқашан сымнан ұстап
тартпаңыз, себебі оны зақымдауыңыз
мүмкін.
• Құрылғыны толық ажырату үшін, оны
розеткадан ажыратуыңыз керек.
• Егер құрылғы ақаулы болса, оны
жөндеуге тырыспаңыз.
Оны өшіру үшін розеткадан
ажыратыңыз және тұтынушыны
қолдау қызметтерімен хабарласыңыз.
• Құрылғыны тазаламас бұрын, оны
әрқашан розеткадан суырыңыз да,
суытып қойыңыз.
Маңызды: Мұндай ескертуді елемеу
жарақаттануға немесе құрылғыны
зақымдауға себеп болуы мүмкін.
Барлық орам (пластик қалталар,
полистирен көбігі) материалдарын
балалардан аулақ ұстаңыз.
Күйіп қалу қаупі бар! Мұндай
ескертуді елемеу күйіп қалуға әкеп
соқтырады.
Бұл құрылғы ыстық су шығарады және
пайдалану барысында ол бу қалыптасуы
мүмкін.
Су шашырандыларынан немесе ыстық
будан абай болыңыз.
Пайдалану мақсаты
Бұл құрылғы кофе және ыстық сусындар
дайындауға арналған.
Кез келген басқа қолданыс дұрыс
емес және қауіпті болып есептеледі.
Өнім жасаушысы құрылғыны дұрыс
пайдаланбаудан туындайтын зақым үшін
жауапты емес.
98
Пайдалану нұсқаулығы
Құрылғыны пайдаланбас бұрын
осы пайдалану нұсқаулығын мұқият
оқып шығыңыз.Мұндай пайдалану
нұсқауларын елемеу күйіп қалуға немесе
құрылғыны зақымдауға себеп болуы
мүмкін.
Өнім жасаушысы осы нұсқауды
елемеуден туындайтын зақым үшін
жауапты болмайды.
Ескеріңіз:
Осы пайдалану нұсқаулығын сақтап
қойыңыз.Егер құрылғы басқа адамдарға
берілсе, оларды осы пайдалану
нұсқаулығымен бірге беру керек.
Құрылғыны тексеру
Орамды ашқан соң, құрылғы бөлшектерінің
түгелдігін, зақымданбаған және барлық
керек-жарақтардың болуын тексеріңіз.
Егер құрылғының зақымданғаны көрініп
тұрса, оны пайдаланбаңыз.De’Longhi
тұтынушыларды қолдау қызметтерімен
хабарласыңыз.
СИПАТТАМА
Құрылғының сипаттамасы
(3-бет - A )
A1. Басқару тақтасы
A2. Бу тетігі
A3. Су ыдысы
A4. Су ыдысының қақпағы
A5. Қуат кабелі
A6. Бу немесе ыстық су шүмегі
A7. Кесе науасы
A8. Тамшы науасы
A9. Каппучино жасағыш
A10. Қақпақ
A11. Қайнатқыш бөліктің шығыс түтігі
A12. Басқыш
A13. Бу шығару түймесі
A14. Кофе немесе ыстық су түймесі
A15. ON/OFF түймешігі
A16. ҚОСУ/ӨШІРУ шамы
A17. OK шамы
A18. Будың OK шамы
A19. Кесені жылытқыш текше
Керек-жарақтар сипаттамасы
(3-бет - B )
B1. ESE (
B2. Шағын сүзгі: 1 кесе (
B3. Үлкен сүзгі: 2 кесе (
B4. Сүзгіні ұстатқыш
B5. Ұнтақ кофеге арналған өлшеуіш
) жастықша сүзгі
)
)
99
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ОРНАТУ
Маңызды!
Құрылғыны орнатқан кезде, мына
қауіпсіздік туралы ескертулерге назар
аударуыңыз керек:
• Кофе құрылғысына кірген су оны
зақымдауы мүмкін.
Құрылғыны шүмектерге немесе
раковиналарға жақын қоймаңыз.
• Құрылғыдағы су қатып қалса, ол
зақымдануы мүмкін.
Бұл құрылғыны температурасы
нөлден төмен түсуі мүмкін бөлмеге
орнатпаңыз.
• Сымды қыры өткір немесе беті ыстық
заттарға тимейтіндей етіп жүргізіңіз
(мысалы, электрлік ыстық плиталар).
• Бұл құрылғы қызады.Құрылғыны
пайдаланылатын жерге
орналастырған соң, құрылғының
беттері мен бүйірдегі және арттағы
қабырға арасына 3 см, ал құрылғының
үстіне 15 см бос орын қалдырыңыз.
СУ ЫДЫСЫН ТОЛТЫРУ
1. Су ыдысының қақпағын (1-сурет)
ашып, ыдысты жоғары қарай тартып
алыңыз (2-сурет).
2. Ыдысты таза сумен MAX белгісінен
асырмай толтырыңыз.(3-сурет).
Ыдысты орнына салып жатқан
кезде ыдыстың түбінде орналасқан
клапанды ашу үшін оны жайлап басып
салыңыз.
3. Ыдысты сумен толтырудың ең
қарапайым жолы – оны шығарып
алмай, құтымен тікелей су құю.
Маңызды:
Құрылғыны ыдысында су болмағанда
немесе ыдыстың өзі болмағанда
ешқашан пайдаланбаңыз.
Ескеріңіз:
Ыдыстың астында аз ғана су қалса,
бұл – қалыпты жағдай.Сондықтан, оны
таза губкамен тұрақты түрде мұқият
құрғатыңыз.
Құрылғыны жалғау
Қауіпті!
Розетка қуаты кернеуінің құрылғы
астындағы мәліметтер тақтасында
көрсетілген кернеуге сәйкестігін
тексеріңіз. Құрылғыны тек жерге тиімді
жолмен тұйықталған және ток қуаты
кемінде 10 А болатын розеткаға қосыңыз.
Егер розетка қуаты құрылғыдағы қуатқа
сай болмаса, тиісті розетка түрін білікті
маманға ауыстыртыңыз.
ҚҰРЫЛҒЫ ПАРАМЕТРЛЕРІН
ОРНАТУ
1. ON/OFF (ҚОСУ/ӨШІРУ) түймесін (4сурет) басу арқылы құрылғыны іске
қосыңыз:I қуат шамы жанады.
2. Қажетті кофе сүзгісін (1 не 2 кесе) (5сурет) сүзгі ұстатқышқа салыңыз.
3. Сүзгі ұстатқышты құрылғыға оны
ұнтақ кофемен толтырусыз салыңыз
(6-сурет).
4. Қайнатқыш бөлік шүмегінің астына 0,5
литрлік бос ыдыс қойыңыз және тағы
бір 0,5 литрлік ыдысты каппучино
жасағыштың астына қойыңыз
(7-сурет).
5. OK шамы жанғанша (8-сурет) күтіңіз
де, кофе түймесін (7-сурет) дереу
басып, ыдыстың шамамен жартысы
қайнатқыш бөлік шүмегі арқылы
босағанша күтіңіз.
6. Одан кейін бу тетігін сағат тілі
бағытына қарсы (10-сурет) бұрап,
ыдыста қалған барлық суды каппучино
жасағыштан босатыңыз.
100
Loading...
+ 7 hidden pages
You need points to download manuals.
1 point = 1 manual.
You can buy points or you can get point for every manual you upload.