МАҢЫЗДЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Қауіпті!
Мұндай ескертуді елемеу электр тогына түсу
салдарынан өмірге қауіп төндіретін жарақатқа
себеп болуы мүмкін.
- Бұл құрылғыны бекітілген
қабырға розеткасының дәл
қасына қоймау керек.
- Бұл құрылғыны душтың,
ваннаның, раковинаның,
бассейннің және т.б. жанында
пайдаланбаңыз.
- Егер қуат кабелі зақымданса,
барлық қауіп-қатерлерді жою
үшін оны өнім жасаушысы
немесе рұқсаты бар техникалық
қызмет орталығы ауыстыруы
керек.
Маңызды!
Мұндай ескертуді елемеу жарақаттануға немесе
құрылғыны зақымдауға себеп болуы мүмкін.
- Бұл құрылғыны 8 жастан
асқан балаларға, қозғалу, сезу
немесе ойлану мүмкіндіктері
шектелген адамдарға немесе
осы құрылғыға қатысты
тәжірибесі немесе білімі жоқ
адамдарға тек оларға ықтимал
қауіп-қатерлер мен құрылғыны
қауіпсіз жолмен пайдалану
туралы нұсқау берілгенде
және олар бақыланғанда
ғана пайдалануға болады.
Балалардың құрылғымен
ойнамауы керек. Тазалауды
және пайдаланушы
орындайтын техникалық
күтімді балаларға бақылаусыз
орындатпау керек.
- 3 жасқа толмаған балаларды
үздіксіз бақылау болмаған
кезде аулақ ұстаңыз.
- 3 жастан асқан және 8 жасқа
толмаған балалар құрылғыны
тек қалыпты жұмыс істейтін
орынға орналастырғанда
немесе орнатқанда және олар
бақылауда болғанда немесе
құрылғыны қауіпсіз жолмен
пайдалану туралы нұсқау
берілгенде және болуы мүмкін
қауіп-қатер туралы ақпарат
берілгенде ғана іске қосуы/
ажыратуы керек. 3 жастан
асқан және 8 жасқа толмаған
балалар құрылғыны розеткаға
қоспайды, реттемейді,
тазаламайды немесе
техникалық күтім көрсетпейді.
ЕСКЕРТУ — Осы өнімнің
бөліктері өте ыстық болуы
және күйіп қалуға себеп
болуы мүмкін. Балалар және
мүмкіндіктері шектелген
адамдар бар жерде оларға
өте мұқият назар аудару
керек.
- НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ:
қауіпсіздік жүйесін байқамай
қайта орнатудан туындайтын
кез келген қауіп-қатердің алдын
алу үшін, бұл құрылғыны таймер
сияқты сыртқы таймермен іске
қосу керек немесе қуат бергіш
қосып-ажыратып тұратын
желіге жалғанған болуы керек.
Күйіп қалу қаупі бар!
Мұндай ескертуді елемеу күйіп қалуға әкеп
соқтырады.
-
ЕСКЕРТУ: Қызып кетудің
алдын алу үшін ешбір
жағдайда құрылғыларды
пайдалану кезінде оның бетін
бүркемеңіз, себебі бұл қауіпті
24
қызып кетуге себеп болуы
мүмкін.
C Педаль қосқыш (кейбір үлгілерде ғана)
D Бұралмалы негіз (кейбір үлгілерде ғана)
E қосқыштары (тек кейбір үлгілерде)
Ескеріңіз:
Бұл таңба пайдаланушыға арналған маңызды
ұсыныстар мен ақпаратты білдіреді.
- Құрылғыны әрқашан тік бағытында
пайдаланыңыз.
- Ұзартқыш сымдарды пайдалану ұсынылмайды.
Дегенмен, оларды пайдаланудан бас тарту
мүмкін болмаса, ұзарту сымымен берілген
нұсқауларды орындаңыз және ұзартқышта
белгіленген қуат шегінен ешқашан асырмаңыз.
- Қыздырғышты мүліктен немесе басқа
нәрселерден кемінде 50 см алшақ
орналастырыңыз.
- Бұл құрылғыны еден ауданы 4 м2 кем болатын
бөлмелерде пайдаланбаңыз.
- Құрылғыны сақтап қоймас бұрын, оның толық
ажыратылғанына және розеткадан толығымен
суырылғанына көз жеткізіңіз. Оны шаңды
орталарға сақтамаңыз.
- Құрылғының үстіне ешнәрсе қоймаңыз.
- Бұл құрылғыны жуылған киімдерді кептіру
үшін пайдаланбаңыз. Ауа кіру тесігі мен шығу
торларын жаппаңыз (қызып кету қаупі болады).
- Бұл құрылғыны қабырғаларға, жиһазға,
перделерге және т.б. жақын жерде
пайдаланбаңыз.
- Бұл құрылғыны бірінші рет қыздырған
кезде, жағымсыз иіс шығуы мүмкін.
Бөлмені желдеткен жөн.
Қауіпсіздік функциялары
Қауіпсіздік құрылғысы: бұл құрылғы шамадан
тыс қызған жағдайда (мысалы, ауа кіру тесігі
мен шығу торларының бітелуінен, мотор жай
айналғанда немесе мүлдем айналмай қалғанда)
оны ажырататын қауіпсіздік құрылғысымен
жабдықталған.
Ондай жағдайдан кейін құрылғыны қалыпты
күйге келтіру үшін, ашаны қуат розеткасынан
бірнеше минутқа суырып қойыңыз, шамадан
тыс қызу себебін жойыңыз да, розеткаға қайта
жалғаңыз. Егер құрылғы жұмыс істемесе,
De'Longhi тұтынушыларды қолдау қызметімен
хабарласыңыз.
ПАЙДАЛАНУ
Электр желісіне қосу
- Розеткаға қосу алдында розетканың кернеуінің
құрылғыда көрсетілген V (Вольт) мәніне сай
екеніне және қуат сымының қажетті жүктеу
шамасына сай екеніне көз жеткізіңіз.
- ҚҰРЫЛҒЫ ЭЛЕКТРОМАГНИТТІК
ҮЙЛЕСІМДІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ 2004/108/CE
СТАНДАРТЫНА САЙ.
Орнату
Бұл құрылғыны портативтік конфигурациядада
пайдалануға болады немесе, тұғырмен бірге
берілсе, қабырғаға орнатуға болады. Қабырғаға
орнату үшін мыналарды орындаңыз:
- Егер бұл құрылғы ваннасы немесе душы бар
бөлмеде орнатылған болса, 1-суретте берілген
«қауіпсіздік қашықтықтарын» ескеріңіз және
оны әрқашан крандардан, раковиналардан,
душтардан және басқаларынан аулақ
орнатыңыз.
- 2-суреттегі арақашықтықтарға және 3-суреттегі
өлшемдерге сай қабырғаға тесіктер жасаңыз.
Құрылғыны қабырғаға іліп, төменгі жақтағы
үшінші бұрандамен орнына бекітіңіз.
Жуынатын бөлмеге орнатуды білікті электрші
қолданыстағы заңға сай орындауы керек.
Бұрандалар мен анкерлер бірге берілмейді.
Жұмыс істеуі және пайдаланылуы
ФУНКЦИЯ ТАҢДАҒЫШЫ МЕН ТЕРМОСТАТЫ
БАР ҮЛГІЛЕР.
Құрылғыны розеткаға қоспас бұрын, қақпақтың
дұрыс жабылғанын тексеріңіз.
1. Розеткаға қосыңыз.
2. Термостаттың дөңгелегін бұраңыз.
3. Жаз режимі (тек желдеткіш үшін): функция
таңдағышты бағытына бұраңыз.
4. Төменгі қуатта жұмыс істеу: функция
таңдағышты 1 бағытына бұраңыз.
5. Жоғарғы қуатта жұмыс істеуі: функция
таңдағышты 2 бағытына бұраңыз.
6. Өшіру: функция таңдағышты «0» бағытына
бұраңыз.
СИПАТТАМА
( 3-бет)
A Термостат
B Функция таңдағыш
Термостатты орнату
Термостатты ең жоғарғы деңгейге бағыттаңыз.
Бөлме температурасы қажетті деңгейге жеткен
кезде, термостат тетігін сағат тілі бағытына қарсы
25