Құрылғыны пайдаланбас бұрын
барлық нұсқаулықтарды мұқият
оқып шығыңыз.
Осы нұсқаулықтарды сақтап
қойыңыз
Ескеріңіз:
Бұл таңба пайдаланушыға арналған маңызды кеңес
пен ақпаратты ерекшелейді.
• Пешті бірінші рет пайдаланбас бұрын, пештің
ішіндегі қорғаныш қатырма қағаз, кітапшалар,
полиэтилен қалталары, т.б. сияқты кез келген
қағазды және басқа нәрселерді алып тастаңыз.
• Пайдалану алдында тасымалдау барысында
құрылғының зақымданбағанын тексеріңіз.
• Құрылғы қосылған розеткадан кемінде 20 см
қашықтықта орналасуы керек.
• Тасымалдау алдында қыздыру элементтеріне
жабыстырылған қорғаныш заттардың болуынан
туындайтын кез келген түтінді және «жаңа»
иісті кетіру үшін, бірінші рет пайдалану алдында
құрылғының термостатын кемінде 30 минутқа
қойып, пешті бос күйінде, CONVECTION режимінде
максималдық қуатпен қосыңыз. Бөлмені
желдетіңіз.
• Қызудан зақымдануы мүмкін беттерге қойып
пайдаланбаңыз.
• Пешті өтпе желі жоқ бөлме ішіне, кез келген ыстық
көздерінен және күн көзінен аулақ жерде қою
керек.
• Пайдаланбас бұрын қолмен ғана жуылуы керек
қиқым науасынан басқа барлық қосымша
құралдарды қолмен немесе ыдыс жуғышта
мұқият жуыңыз.
• Пеш 5 с. дейін ток ажыратылған жағдайда
қолданылатын таймерді қалпына келтіру
жүйесімен жабдықталған.
Ескерту!
Мұндай ескертулерді елемеу жарақаттарға немесе
құрылғыны зақымдауға себеп болуы мүмкін.
• Бұл пеш тамақ пісіруге арналған.
Оны ешқашан басқа мақсаттар үшін пайдалануға,
кез келген түрде құрылымын өзгертуге немесе
жасанды түрі жасалмауы керек.
• Құрылғыны орамынан алған соң, есіктің
бүлінбегенін және дұрыс жұмыс істеп тұрғанын
тексеріңіз.
Ол шыныдан жасалғандықтан, пеш есігі сынғыш
болады.
Егер оның шытынағаны, соғылғаны немесе
сызылғаны байқалса, оны ауыстыру керек.
Құрылғыны пайдалану, тазалау немесе жылжыту
барысында есіктің қатты жабылуына немесе
итерілуіне жол бермеңіз. Құрылғы ыстық болған
кезде шыныға суық сұйық зат құймаңыз.
• Құрылғыны кемінде 85 см жоғары және
балалардың қолы жетпейтін тегіс бетке қойыңыз.
• Бұл құрылғыны 8 жастан асқан
балаларға, қозғалу, сезу немесе
ойлану мүмкіндіктері шектелген
адамдарға немесе осы құрылғыға
қатысты тәжірибесі немесе білімі
жоқ адамдарға тек оларға ықтимал
қауіп-қатерлер мен құрылғыны
қауіпсіз жолмен пайдалану
туралы нұсқау берілгенде
және олар бақыланғанда ғана
пайдалануға болады. Балалардың
осы құрылғымен ойнамауын
қадағалаңыз. Пайдаланушы
орындайтын тазалау және күтім
көрсету жұмыстарын балалар
8 жастан аспайынша және
үнемі қадағалауда болмайынша
орындамауы керек.
• Құрылғыны және оның қуат кабелін
8 жастан аспаған балалардан аулақ
ұстаңыз.
• Құрылғыны қолдану барысында жылжытпаңыз.
• Бұл құрылғыны мына жағдайларда
пайдаланбаңыз:
- қуат кабелінде ақаулық болса
- құрылғы құлап кеткен болса, оның зақымданғаны
немесе ақаулығы байқалса. Мұндай жағдайларда
барлық қауіп-қатерлердің алдын алу үшін
құрылғыңызды ең жақын жердегі уәкілетті
321
тұтынушы қызмет орталығына алып барыңыз.
• Бұл құрылғыны ешқашан ыстық көздерінің қасына
қоймаңыз.
• Бұл құрылғыны жылу көзі ретінде пайдаланбаңыз.
• Пештің ішіне ешқашан қағаз, қатырма қағаз немесе
пластмассаны салмаңыз және құрылғының үстіне
ешқашан ешнәрсе қоймаңыз (құралдар, торлар,
басқа заттар).
• Құрылғының үсті мен артындағы желдету
тесіктеріне ешнәрсе тықпаңыз. Оларға ешнәрсе
тұрып қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Бұл пеш кірістіріп орнатуға арналмаған.
• Оның ашық тұрған есігіне ауыр заттарды, ыстық
ыдыстарды немесе контейнерлерді ешқашан
қоймаңыз.
Тұтқаны төмен қарай баспаңыз.
• Кәсіби немесе дұрыс емес қолдану немесе
нұсқауларды орындамау өнім жасаушысын
барлық жауапкершіліктерден босатады және
кепілдікті жарамсыз етеді.
• Бұл – тек үйде пайдалануға
арналған құрылғы.
Ол дүкендердегі, офистердегі және
басқа жұмыс орталарындағы
қызметкерлер тамақтанатын
орындарда; агротуризмде;
қонақүйлерде, мотельдерде
және басқа қонақ күту
орталарында; төсек және таңғы
ас беретін орталарда пайдалануға
арналмаған.
• Пайдаланылмаған кезде және тазаламас бұрын,
құрылғыны әрқашан розеткадан ажыратып
жүріңіз.
• Бұл құрылғыны таймермен немесе
бөлек қашықтан басқару жүйесімен
пайдаланылмауы керек.
• Бұл құрылғыны артын қабырғаға қаратып
орналастыру арқылы пайдалану керек.
• Табаны тазалау үшін өткір немесе істік металл
заттарды пайдаланбаңыз.
• Тазалау алдында әрқашан құрылғыны розеткадан
ажырату арқылы өшіріп отырыңыз.
• Бұл жоба тағам сақтауға
арналмаған.
Тамақ пісіру қосымша құралдары тамақ сақтауға
арналмаған (әсіресе олар қышқылдандырғыш
болса). Лимон шырыны немесе сірке суы сияқты
қышқылды заттарды тамақ пісіру қосымша
құралдарының бетінде қалдырмаңыз. Лимон
шырыны, қызанақ соусы, сірке суы және сол
сияқты қышқылды заттар беткі бөлікті шірітуі
және құртуы мүмкін.
Күйіп қалу қаупі бар!
Осы ескертулерді елемеу күйіп қалуға
әкеп соқтырады.
• Жұмыс істеп тұрған кезде қақпақ
және қол жетімді сыртқы беттері
қатты қызуы мүмкін. Әрқашан
құлақшаларды, тұтқаларды
және түймелерді ғана ұстап
пайдаланыңыз. Металл бөліктерді
немесе шыныны ешқашан
ұстамаңыз. Қажет болса ас пісіру
қолғабын киіңіз.
• Бұл құрылғы өрт шығуына әкеп
соқтыруы мүмкін жоғарғы
температураларда жұмыс істейді.
• Жанғыш өнімдерді ешқашан пештің қасына
немесе ол орналасқан жердегі жұмыс істелетін
бетке қоймаңыз.
• Бұл құрылғыны ешқашан қабырға шкафының,
текшесінің астында немесе перделер, жалюздер
және т.б. сияқты тұтанғыш материалдардың
қасында пайдаланбаңыз.
• Егер тамақ немесе пештің басқа бөліктері өртенсе,
өртті ешқашан сумен өшіруге әрекеттенбеңіз.
Қақпақты жабыңыз, розеткадан суырыңыз және
отты дымқыл шүберекпен бүркеңіз.
Қауіпті!
Осы ескертулерді елемеу электр тогына түсуге және
өлім қаупіне әкеп соқтыруы мүмкін.
• Розеткаға қоспас бұрын, мынаған көз жеткізіңіз:
- Құрылғының төлқұжат жапсырмасында
322
көрсетілген кернеуі үйдегі розетканың кернеуіне
сәйкес.
- Розеткада кемінде 16 А қуат бар және жерге
тұйықтау сымы бар.
Осы апатты жағдайдың алдын алуға арналған
ереже орындалмаған жағдайда өнім жасаушысы
ешнәрсе үшін жауапты болмайды.
• Қуат кабелінің түйдектеліп қалуына жол бермеңіз
және пештің ыстық бөліктерін ұстамаңыз.
Құрылғыны қуат кабелін тарту арқылы ешқашан
ажыратпаңыз.
• Егер ұзартқыш кабельді пайдаланғыңыз келмесе,
оның жақсы күйде тұрғанына, розетканың жерге
тұйықталғанына және сымдардың айқасқан
бөліктері кемінде құрылғымен бірге берілген қуат
сымына тең екеніне көз жеткізіңіз.
• Электр тогына түсудің алдын алу үшін қуат сымын,
ашаны немесе құрылғының өзін ешқашан суға
батырмаңыз.
• Егер қуат кабелі зақымданса,
барлық қауіп-қатерлердің алдын
алу үшін оны өнім жасаушысы,
өнім жасаушысының қызмет
көрсету орталығы немесе білікті
маман ауыстыруы керек.
• Жеке қауіпсіздікті сақтау үшін, құрылғыны
бөлшектемеңіз. Әрқашан қолдау орталығымен
хабарласып отырыңыз.
Бұл өнім тағам өнімдерімен байланысқа
түсетін материалдарға қатысты № 1935/2004 CE
ережесіне сай.
Кедендік одақтар териториясында тұтынушыларға тасымалдау үшін жауап кершiлiктi және импортер:
“Делонги” ЖШҚ
127055 Ресей, Мәскеу қ,
Сущëвская көшесі, 27-үй, 3-ғимарат
Тел.: +7 (495) 781-26-76
Бұл құрылғы пайдалану нұсқаулығында көрсетілгендей жолмен пайдаланылады. Өнімнің мерзімі сатып
алынған күннен бастап 2 жылға созылады.
Бұйым шығарылған күнін бұйым корпусында жазылған
сериялық нөмір бойынша анықтау мүмкін. (Сериялық
нөмірі: ASSCC, бұл жерде A – өнім жасалған жылдың
соңғы саны, SS – өнім жасалған апта, CC – басып шығару күні, 1992 жылдан бастап автоматты түрде есептеледі. Мысалы: Сер.№ 30411, өнім жасалған жыл – 2003,
өнім жасалған апта – 4)
ҚҰРЫЛҒЫ СИПАТТАМАСЫ
А Үстіңгі қыздыру элементі
B Ішкі шам
C Шыны есік
D Торлар
E Таба
F Дисплей
G Таймер тетігі
H START түймесі
I Қызыл жұмыс шамы
L Ішкі температураны басқару түймесі
M Температураны/салмақты реттеу тетігі
N Қосу/күту күйі түймесі
O Функция таңдау тетігі FUNCTION
P Астыңғы қыздыру элементі
Q Пицца плитасы
R Қиқым науасы
S Табаны қыздыру элементі (көрінбейді)
Қытайда:
De’Longhi Appliances s.r.l.
via L.Seitz, 47 - 31100 Treviso Italy
Де’Лонги Апплайансиз с.р.л.
Виа Л. Зейц, 47 31100 Тревизо Италия үшін жасалған.
323
ДИСПЛЕЙ
2
3
4
Пісіру
уақыты
индикатор
/сағат
Таңдалған
функция
белгішесі
Таңдалған функция индикаторы
Температура
/салмақ
индикаторы
ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕКТЕР
Кернеу: 220-240 В ~ 50/60 Гц
Тұтынылатын қуат: 2000 Вт
Өлшемдер: ҰxБxД; 490x445x300
Салмағы: 11,586 кг
ОРНАТУ ЖӘНЕ АЛҒАШҚЫ ПАЙДАЛАНУ
• Пешті бірінші рет пайдаланбас бұрын, пештің
ішіндегі қорғаныш қатырма қағаз, кітапшалар,
полиэтилен қалталары, т.б. сияқты кез келген
қағазды және басқа нәрселерді алып тастаңыз.
• Пайдалану алдында тасымалдау барысында
құрылғының зақымданбағанын тексеріңіз.
• Құрылғыны тегіс, қатты бетке қойыңызҚұрылғының үстінен кез келген затты алып
тастаңыз. Қызудан зақымдануы мүмкін беттерге
қойып пайдаланбаңыз.
• Пайдаланбас бұрын қолмен ғана жуылуы керек
қиқым науасынан басқа барлық қосымша
құралдарды қолмен немесе ыдыс жуғышта
мұқият жуыңыз. Қиқым науасын бөліктің төменгі
жағына, төменгі қыздыру элементінің астына салу
керек.
10 cm
10 cm
Min
• Тасымалдау алдында қыздыру элементтеріне
жабыстырылған қорғаныш заттардың болуынан
туындайтын кез келген түтінді және «жаңа»
иісті кетіру үшін, бірінші рет пайдалану алдында
құрылғының термостатын кемінде 30 минутқа
қойып, пешті бос күйінде, CONVECTION режимінде
максималдық қуатпен қосыңыз. Бөлмені
желдетіңіз.
Min
20 cm
Min
Min
85 cm
САҒАТТЫ РЕТТЕУ
Құрылғы розеткаға алғаш рет қосылған кезде немесе
ток болмай қалған кезде ол дыбыс шығарады және
дисплейде ("--: --") көрінеді. 5 секундтан соң пеш өшеді,
себебі күн уақыты орнатылмаған және құрылғы күту
режиміне өтеді. Сағатты орнату үшін, мына әрекеттерді
орындаңыз:
START түймесін (H) кемінде 3 секунд (2-сур.) басып
тұрыңыз.
Уақыт жыпылықтай бастайды (00:00).
Таймер тетігін (G) (13:00) бұрау арқылы уақытты
орнатыңыз.
START түймесін (Н) басыңыз.
Минуттар жыпылықтай бастайды (13:00).
Минутты таймер тетігін (G) (13:26) бұрау арқылы
реттеңіз.
START түймесін (Н) басыңыз.
Орнатылған уақыт көрсетіледі(13:26).
Егер уақытты кейінірек өзгерткіңіз келсе, жоғарыдағы
процедураны қайталаңыз. Уақытты өзгерту үшін
құрылғы күту режимінде болуы керек.
• Құрылғы қосылған розеткадан кемінде 20 см
қашықтықта орналасуы керек.
Құрылғыны пайдаланбас бұрын оны қабырғадан
10 см жылжытыңыз және ол қойылған беттегі
басқа заттарды алып тастаңыз.
324
BAKE FUNCTION (Дәстүрлі пісіру)
43
21
43
21
432
1
43
2
1
43
21
43
21
432
1
43
2
1
432
1
4
3
2
1
Бұл функция жалпы лазанья, канелони және торт пісіруге
өте ыңғайлы...
• Қосу/күту режимі түймесін (N) басыңыз.
Пеш іске қосады. Пеш қосылған кезде ешбір тетік
бұралмаса немесе түйме басылмаса, ол 2 минуттан
соң өшіп, күту режиміне өтеді.
• Дисплейде пайда болатын автоматты түрде
Өзгертуге болатын мәндер, пісіру уақыты және
• Температураны/салмақты реттеу тетігін (M)
• Таймер тетігін (G) пісіру уақытын (минималдық
• Алдын ала қыздыру кезеңін бастау үшінSTART
START түймесінің (H) айналасындағы қысыл шам
қызанақ гратині1000 гтаба 2-күйде200° C25-30
қара өрік торты900 готқа қақтау плитасы 1-күйде 150 °C85-90
таңдалатын функция – BAKE (дәстүрлі пісіру).
температура жыпылықтайды. Егер осы мәндер
орнатылмаған болса, дисплейде 1:00 h (сағ.) және
180°C көрінеді.
температураны реттеу үшін бұраңыз (минималдық
80°C-тан максималдық 220°C-қа дейін).
0:01 минуттан максималдық 2:00 сағатқа дейін)
орнату үшін бұраңыз.
(I) жанады және дисплейде PRE-HEAT (Алдын ала
қыздыру) хабарын көрсетеді.
• Пеш орнатылған температураға жеткен кезде,
дыбысты сигнал естіледі.
Бұрын орнатылған пісіру уақыты кері санала
бастайды.
• Есікті ашып, пісірілетін тамақты отқа қақтау
плитасына (D) немесе табаға (E) 1 не 2 күймен
қойыңыз.
4
3
2
1
• Есікті жабыңыз.
• Пісіру уақыты аяқталған кезде, дисплейде END
(Аяқталды) хабары көрінеді де, пеш дыбысты
сигнал береді.
• Пешті қайта орнату үшін, пайдалану барысында
немесе пісіру аяқталған кезде, яғни, дисплейде
END хабары көрінген кезде, қосу/күту күйі
түймесін (N) 2 секундқа басыңыз.
• Пеш есігін ашып, тамақты пеш қолғабын киіп
алыңыз.
BAKE (Дәстүрлі пісіру) функциясы (дәстүрлі пісіру)
қосылады да, функцияны CONVECTION (желдетіп
пісіру) немесе BROIL/GRILL (Қуыру/Отқа қақтау) күйіне
пісіруді тоқтатпай өзгерте аласыз. Жаңа қалаған
функцияларды таңдау үшін функция таңдағыш
FUNCTION тетігін (O) бұрасаңыз болғаны. Пісіру
уақыты мен температура бұрын орнатылған күйінде
қалады. BROIL/GRILL (Қуыру/Отқа қақтау) функциясы
үшін температура автоматты түрде орнатылады.
КҮЙ
ТЕМПЕРАТУРАTIME (минут)
4
3
2
1
325
Loading...
+ 11 hidden pages
You need points to download manuals.
1 point = 1 manual.
You can buy points or you can get point for every manual you upload.