Zanussi ZOB 33701 CR (MR) (PR) User Manual

KK
RU
UK
Қолдану туралы нұсқаулары 2 Инструкция по эксплуатации 23 Інструкція 46
Тұмшапеш Духовой шкаф Духова шафа
ZOB33701

Мазмұны

Сақтық шаралары 2 Қауіпсіздік нұсқаулары 3 Бұйым сипаттамасы 6 Бірінші қолданғанға дейін 6 Әркүндік қолдану 7 Сағат функциялары 8 Қосымша функциялар 9
Ақыл-кеңес 9 Күту менен тазалау 16 Ақаулықты түзету 19 Орнату 19 Техникалық ақпарат 21 Қуат тиімділігі 21
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.

Сақтық шаралары

Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау нәтижесінде адам жарақат алса және ақаулық орын алса өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықты келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап қойыңыз.

Балалар мен дәрменсіз адамдардың қауіпсіздігі

Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен денесіне,
сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым келген адамдар не тәжірибесі аз адамдар өз қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін адамның қадағалауы немесе құрылғыны қауіпсіз қолдану бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс қолданбау салдарын түсінсе қолдануына болады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Орам материалдарының барлығын балалардан алыс
ұстаңыз.
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда немесе ол суып тұрғанда,
балалар мен үй жануарларын оған жақындатпаңыз. Қол жететін бөлшектері ыстық.
Құрылғы бала қауіпсіздігінің құралымен жабдықталса,
оны іске қосуды ұсынамыз.
Балалар тазалау және күтім көрсету жұмыстарын
басқаның бақылауынсыз орындамауға тиіс.
3 жасқа толмаған балаларды үнемі қарап отырмаған
жағдайда құрылғыдан алыс ұстау керек.
2 www.zanussi.com

Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат

Тек білікті маман ғана осы құрылғыны орнатып, сымын
ауыстыруға тиіс.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының ішкі жағы ысып кетеді.
Құрылғының ішіндегі қыздырғыш элементтерге қол тигізбеңіз. Керек-жарақтарды немесе ыдыстарды алып­салған кезде үнемі қолғап киіңіз.
Күтім көрсетер алдында электр желісінен ажыратыңыз.
Электр қатеріне ұшырамау үшін шамды ауыстырар
алдында құрылғыны сөндіріп қойыңыз.
Құрылғыны бумен тазалау құралын пайдаланып
тазаламаңыз.
Шыны есікті тазалау үшін қатты жеміргіш заттарды
немесе өткір темір құралдарды пайдаланбаңыз, себебі сызат түсіп, шыны шытынап кетуі мүмкін.
Егер қуат cымына зақым келсе, қатерден сақтану үшін
оны өндіруші немесе уәкілетті қызмет көрсету орталығы немесе сол сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.
Сөре сырғытпаларын алу үшін әуелі сөре
сырғытпасының алдыңғы жағын, содан кейін артқы жағын бүйірлік қабырғадан тартыңыз. Сөре сырғытпаларын кері ретпен салыңыз.

Қауіпсіздік нұсқаулары

Орнату

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Бұл құрылғыны тек білікті маман ғана орнатуға тиіс.
• Орам материалдарының барлығын алыңыз
• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе іске қоспаңыз.
• Құрылғымен бірге берілген орнату бойынша нұсқауларды орындаңыз.
• Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі абай болыңыз, себебі салмағы ауыр. Әрқашан қорғаныс қолғабын киіңіз.
• Құрылғыны тұтқасынан тартпаңыз.
• Осы құрылғы мен басқа құрылғылардың, заттардың арасындағы минимум қашықтықты сақтаңыз.
www.zanussi.com 3
• Құрылғының үсті мен жан-жағын қоршаған конструкциялардың қауіпсіз болуын қамтамасыз етіңіз.
• Құрылғының жан-жағын биіктігі осы құрылғының биіктігімен бірдей құрылғылармен жанастырып қою керек.

Электртоғына қосу

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Өрт шығу және электр қатеріне ұшырау қаупі бар.
• Электртоғына қосу жұмыстарын білікті электрші ғана іске асыруға тиіс.
• Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау қажет.
• Техникалық ақпарат тақтайшасындағы электр параметрлерінің электр желісіндегі параметрлерге сай
келетініне көз жеткізіңіз. Сай келмесе, электршіге хабарласыңыз.
• Әрқашан дұрыс орнатылған, қатерден сақтандырылған розетканы қолданыңыз.
• Көп тармақты адаптерлер мен ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
• Құрылғының ашасына және сымына зақым келтірмеңіз. Қорек сымын ауыстыру қажет болса, оны міндетті түрде қызмет көрсету орталығы жүзеге асыруға тиіс.
• Электр сымдарына қол тигізуге немесе құрылғының есігіне жақындауға, әсіресе ыстық тұрған есікке жақындауға болмайды.
• Тоққа қосулы тұрған және оқшаулағышы бар бөлшектердің электр қатерінен сақтандырғышын, саймансыз алынбайтын етіп бекітіп қою керек.
• Құрылғының ашасын розеткаға тек құрылғыны орнатып болғаннан кейін ғана жалғаңыз. Орнатып болғаннан кейін ашаның қол жететін жерде тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Егер розетка босап тұрса, оған ашаны сұқпаңыз.
• Құрылғыны тоқтан ажырату үшін сымынан тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып суырыңыз.
• Дұрыс оқшаулағыш құралдарды ғана қолданыңыз. желіні қорғайтын ажыратқыштар, сақтандырғыштар (ұстатқыштан алынған бұрандалы сақтандырғыштар), жерге тұйықталудан қорғау тетіктері мен тұйықтағыштар.
• Электр жүйесі құрылғыны кез келген полюсте ажыратуға мүмкіндік беретін оқшаулағыш құралмен жабықталуға тиіс. Оқшаулағыш құралдың контакт ара қашықтығы кем дегенде 3 мм болуға тиіс.
• Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне сай келеді.

Пайдалану

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Жарақат алу, күйіп қалу және электр қатеріне ұшырау не жарылыс шығу қаупі бар.
• Бұл құрылғыны үйде ғана пайдаланыңыз.
• Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын өзгертпеңіз.
• Желдеткіш саңылаулардың бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Жұмыс істеп тұрған құрылғыны назардан тыс қалдырмаңыз.
• Құрылғыны пайдаланып болған сайын тоқтан ажыратыңыз.
• Жұмыс істеп тұрған құрылғының есігін ашқан кезде абай болыңыз. Ыстық ауа шығуы мүмкін.
• Құрылғыны су қолмен іске қоспаңыз немесе суға тиіп тұрған құрылғыны пайдаланбаңыз.
• Ашық тұрған құрылғы есігіне күш салмаңыз.
• Құрылғыны жұмыс орны немесе зат сақтайтын орын ретінде қолданбаңыз.
• Құрылғының есігін абайлап ашыңыз. Алкоголь қосылған қоспаларды қолданғанда, ауа мен алкоголь қоспасы пайда болуы мүмкін.
• Есікті ашқан кезде құрылғыға от жарқылын немесе ашық отты жақындатпаңыз.
• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш зат салынған дымқыл заттарды құрылғының ішіне, қасына немесе үстіне қоймаңыз.
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Құрылғыны бүлдіріп алуыңыз мүмкін.
• Құрылғының эмаль қаптамасы бүлініп немесе өңі кетпес үшін:
– пештің ыдыстарын немесе басқа
заттарды құрылғының табанына тура қоймаңыз.
– алюминий жұқалтырды құрылғының
табанына тура қоймаңыз.
– суды ыстық құрылғыға тура
қоймаңыз.
– тамақ пісіріп болғаннан кейін
дымқыл ыдыс пен тағамды құрылғының ішінде ұстамаңыз.
– керек-жарақтарды алғанда немесе
орнатқанда абай болыңыз.
• Құрылғының эмаль қаптамасының түсінің өзгеруі құрылғы жұмысына әсер етпейді. Бұл кепілдік заңына сәйкес қарастырылатын ақаулық емес.
• Сұйық қоспадан жасалатын тортты пісіру үшін шұңғыл табаны қолданыңыз. Жеміс шырындарынан кетпейтін дақ қалуы мүмкін.
• Бұл тек тағам пісіруге арналған құрылғы. Басқа мақсатта, мысалы
4 www.zanussi.com
бөлмені қыздыру үшін қолдануға болмайды.
• Тағамды әрқашан тұмшапештің есігін жауып пісіріңіз.

Күту менен тазалау

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Жарақат алу, өрт қаупі немесе құрылғыны бүлдіріп алу қаупі бар.
• Құрылғыны жөндеу алдында электр желісінен ағытып, ашасын розеткадан суырыңыз.
• Құрылғының салқын тұрғанына көз жеткізіңіз. Шыны панелі сынып қалуы мүмкін.
• Есіктің шыныларына зақым келсе дереу ауыстырыңыз. Қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
• Құрылғының есігін алған кезде абай болыңыз. Есіктің салмағы ауыр!
• Құрылғының қаптамасының сапасы түспес үшін мезгіл-мезгіл тазалаңыз.
• Құрылғының ішінде қалған майдың немесе тағамның қалдығынан өрт шығуы мүмкін.
• Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш заттарды қолданыңыз. Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкені, еріткіштерді немесе темір заттарды пайдаланбаңыз.
• Тұмшапеш бүріккішін қолдансаңыз, оның орамында көрсетілген сақтық шараларын орындаңыз.
• Каталитті эмаль қаптаманы (егер бар болса) ешбір жуғыш затпен тазаламаңыз.

Ішкі жарық шамы

• Осы құрылғыда тек тұрмыстық құрылғыларға ғана арналған жарықтама шам немесе галоген шамы қолданылған. Оны бөлмені жарықтандыру үшін қолданбаңыз.
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Электр қатеріне ұшырау қаупі бар.
• Шамды ауыстырар алдында құрылғыны тоқтан ажыратыңыз.
• Техникалық параметрлері сай келетін шамдарды ғана қолданыңыз.

Құрылғыны тастау

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Жарақат алу немесе тұншығып қалу қаупі бар.
• Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.
• Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа тастаңыз.
• Балалар мен жануарлар құрылғыға қамалып қалмас үшін есіктің бекітпесін алыңыз.
www.zanussi.com 5

Бұйым сипаттамасы

21 64 53
8
7
9
10
5
4
3
2
1
11

Жалпы көрінісі

Басқару панелі
1
Қуат шамы / белгісі / индикатор
2
Тұмшапеш функцияларының тетігі
3
Аналогты таймер
4
Температура тетігі
5
Температура шамы/белгішесі/
6
индикаторы Қыздырғыш элемент
7
Шам
8
Желдеткіш
9
Сөренің алмалы сырғытпалары
10
Сөре деңгейлері
11

Керек-жарақтары

Торкөз сөре
Ыдыс, торт қалыптарын қою, тағам қуыруға арналған.
Гриль- / Қуыру науасы Пісіру мен қуыруға немесе май жинайтын таба ретінде қолдануға арналған.
Алюминий пісірме табақ
Торттар мен печеньелерге арналған.

Бірінші қолданғанға дейін

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

Алғашқы тазалау

Құрылғыдан керек-жарақтардың барлығын және алмалы сөре сырғытпаларын алыңыз.
"Күту менен тазалау" тарауын қараңыз.
Құрылғыны алғаш рет пайдаланар алдында тазалаңыз. Керек-жарақтарды және алмалы сөре сырғытпаларын орындарына қойыңыз.

Алдын ала қыздыру

Қалған майды күйдіріп жіберу үшін бос құрылғыны алдын ала қыздырыңыз.
6 www.zanussi.com
1. функциясы мен ең үлкен
температураны орнатыңыз.
2. Құрылғыны 1 сағат қосып қойыңыз.
3. функциясы мен ең үлкен
температураны орнатыңыз.
4. Құрылғыны 15 минут қосып қойыңыз.
5. функциясы мен ең үлкен
температураны орнатыңыз.
6. Құрылғыны 15 минут қосып қойыңыз.
Керек-жарақтар бұрыңғыдан да ыстық болып кетеді. Құрылғыдан иіс және түтін шығады. Бұл қалыпты жағдай. Бөлме ішіндегі ауаның жеткілікті түрде ауысып тұрғанына көз жеткізіңіз.

Әркүндік қолдану

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

Құрылғыны іске қосу және сөндіру

Тетіктің белгілері, индикаторлары немесе шамдарының болуы-болмауы,
1. Тұмшапеш функциясын таңдау үшін
тұмшапеш функцияларының тетігін бұраңыз.
2. Температураны таңдау үшін
температура тетігін бұраңыз.
3. Құрылғыны сөндіру үшін, тұмшапеш
функциялары мен температура тетіктерін "сөндіру" қалпына қойыңыз.
құрылғының үлгісіне байланысты.
• Тұмшапеш қызғанда индикатор жанады.
• Құрылғы іске қосылғанда шам жанады.
• Белгіше арқылы тетіктің тұмшапеш функцияларын немесе температураны басқаратыны көрсетіледі.

Тұмшапеш функциялары

Тұмшапеш функциясы Қолданылуы
Сөндіру қалпы Құрылғы сөндірулі.
Жеңіл Шамды пісіру функциясынсыз жарықтандыруға арналған.
Дәстүрлі пісіру Тағамды 1 сөреде пісіруге және қуыруға арналған.
Үстіңгі қызу Нан, торт және кондитер өнімдерін қызартуға арналған.
Піскен тағамдарды аяқтап пісіруге арналған.
Астыңғы қызу Түбі қытырлақ торттарды пісіруге және тағамды
консервілеуге арналған.
Гриль жасау Жалпақ етіп тағамнан гриль жасауға және тост нанын
жасауға арналған.
Жылдам гриль жасау
Ыстық желдеткішпен пісіру
Жібіту Мұздатылған тағамды жібітуге арналған.
Жалпақ етіп көп мөлшерде дайындалған тағамнан гриль жасау және тост жасау үшін.
Тағамды бір уақытта 3 сөреде пісіруге және кептіруге арналған.Температураны Дәстүрлі пісіру функциясына қарағанда 20 – 40 °C төменірек қойыңыз.
www.zanussi.com 7

Сағат функциялары

A B
C

Аналогты таймер

Таймер келесі функциялармен жабдықталған:
• Тәулік уақыты
• Минут операторы + Пісіруді аяқтау

Тәулік уақытын орнату

Тәулік уақытын орнату үшін параметрлер тетігін басып, сағат тілінің бағытына қарсы (көрсеткі бағытымен), сағаттың тілдері қажетті орынға келгенше бұраңыз. Параметрлер тетігін сағат тілінің бағытымен бұрамаңыз. Уақытты орнатып болғаннан кейін, параметрлер тетігін өз орнына қайтарыңыз немесе абайлап кері тартыңыз.
Қалыпты параметр Параметрлер тетігін сағат тілінің бағытына қарсы, терезеде пайда болғанша
бұраңыз. Осы қалыпта тұрған кезде құрылғыны қолмен басқара аласыз. Минут операторы + Пісірудің соңы функциясы сөніп тұр.

Минут операторы + Пісіруді аяқтау

Тұмшапеш функциясының автоматты түрде сөнетін уақытын орнату үшін пайдаланыңыз. Ең көбі 180 минут уақытты қоюға болады.
A) Терезе B) Диск C) Параметрлер тетігі
Бұл функцияны пісіру барысында қадағалап отыруды немесе араластыруды қажет етпейтін тағамдарды дайындау үшін ғана пайдаланыңыз.
Параметрлер тетігін сағат тілінің бағытына қарсы, терезеде пайда болғанша
бұраңыз. Осы қалыпта тұрған кезде, құрылғыны сөндіргеннен кейін дыбыстық сигнал естілмейді.
1. Тұмшапештің функциясы мен
температурасын орнатыңыз.
2. Параметрлер тетігін сағат тілінің
бағытына қарсы, диск терезесінде қажетті сөндіру уақыты (минут
бойынша) көрсетілгенше бұраңыз. Кері санақ басталады. Уақыт аяқталған кезде дыбыстық сигнал естіледі. Құрылғы сөнеді.
8 www.zanussi.com
Дыбыстық сигналды өшіріп қоюға болады. Параметрлер тетігін сағат тілінің бағытына қарсы,
терезеде пайда болғанша бұраңыз. Осы қалыпта тұрған кезде, құрылғыны сөндіргеннен кейін дыбыстық сигнал естілмейді.

Қосымша функциялар

Минут операторы + Пісіруді аяқтау функциясын болдырмау үшін, параметрлер тетігін сағат тілінің бағытына қарсы,
терезеде пайда болғанша бұраңыз.

Желдеткіш

Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде, құрылғының беттерін салқын ұстау үшін желдеткіш автоматты түрде қосылады. Құрылғыны сөндірсеңіз, желдеткіш құрылғы салқындағанша жұмыс істеп тұра береді.

Қауіпсіздік термостаты

Құрылғы дұрыс жұмыс істемесе немесе бөлшектерінде ақау бар болса, қатты

Ақыл-кеңес

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
Кестелердегі температура мен пісіру уақыттары тек нұсқау ретінде беріледі. Олар рецептерге, олардың құрамының сапасы мен мөлшеріне байланысты болады.

Жалпылама ақпарат

• Құрылғының сөре қоюға арналған бес деңгейі бар. Сөренің деңгейлерін құрылғының астыңғы жағынан бастап санаңыз.
• Құрылғы ауа айналдыратын және буды үздіксіз қайта айналдырып отыратын арнайы жүйемен жабдықталған. Бұл жүйенің көмегімен тағамды булы ортада, ішін жұмсақ, сыртын кітірлек етіп пісіруге болады. Бұл пісіру уақыты мен пайдаланылатын қуат мөлшерін барынша азайтады.
• Құрылғының ішіне немесе есігінің шыны панельдеріне бу тұруы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай. Тағам пісіріп жатқанда құрылғының есігін ашу қажет болса, әрқашан артқа шегініңіз. Буды азайту
қызып кету қаупі бар. Бұндай жағдайдың алдын алу үшін тұмшапеш тоқты кідіртуге арналған термостатпен жабдықталған. Температура төмендеген кезде тұмшапеш қайта автоматты түрде қосылады.
үшін құрылғыны тағам пісіру алдында 10 минут қыздырыңыз.
• Құрылғыны пайдаланып болған сайын ылғалды жерлерін тазалаңыз.
• Заттарды құрылғының табанына тура қоймаңыз және тағам пісіріп жатқан кезде құрылғының ешбір бөлшектерін алюминий жұқалтырмен жаппаңыз. Себебі пісіру нәтижесіне әсер етіп, пештің эмаль қаптамасын бүлдіруі мүмкін.

Торт пісіру

• Тұмшапештің есігін орнатылған пісіру уақытының 3/4 мөлшері өткенше ашпаңыз.
• Егер бір уақытта екі пісіру сөресін пайдалансаңыз, олардың арасына бір ашық қатар қалдырыңыз.

Ет пен балық пісіру

• Тұмшапешке мүлдем тазаланбайтын дақ түспес үшін, өте майлы тағамды пісіргенде шұңғыл табақты пайдаланыңыз.
• Етті кесердің алдында сөлі ағып кетпес үшін шамамен 15 минут қоя тұрыңыз.
www.zanussi.com 9
• Тағам қуырған кезде тұмшапештің іші қатты түтіндеп кетпес үшін шұңғыл табаққа шамалы су құйыңыз. Түтін жиналып қалмас үшін су таусылған сайын үстемелеп құйып отырыңыз.

Пісіру уақыттары

Пісіру уақыттары тағамның түріне, құрамына және мөлшеріне байланысты.

Пісіру және қуыру кестесі

Торттар
Бастапқыда тағам пісірген кезде пісіру үрдісін бақылап отырыңыз. Осы құрылғыны пайдаланған кезде қолданылатын ыдыстарға, рецептілерге және тағамның мөлшеріне сай келетін параметрлерді (қызу параметрі, пісіру уақыты т.с.с.) анықтап алыңыз.
Тағам Дәстүрлі пісіру Ыстық желдеткішпен
пісіру
Температ
ура (°C)
Көпіршітілг ен тағам рецептілері
Ашыған қамыр
Сарысу қосылған чизкейк
Алма торты (Алма
бәліші)
Штрудель 175 3 150 2 60 - 80 Пісірме
Джем тарталетка сы
Бисквит торт
Кристмас торты / Көп жеміс қосылған
1)
торт
170 2 160 3 (2 және 4) 45 - 60 Тортқа
170 2 160 3 (2 және 4) 20 - 30 Тортқа
170 1 165 2 60 - 80 26 см торт
170 2 160 2 (сол және
1)
170 2 165 2 (сол және
170 2 160 2 50 - 60 26 см торт
160 2 150 2 90 - 120 20 см торт
Сөренің
орналасу
ы
Температ
ура (°C)
Сөренің
орналасу
ы
оң)
оң)
Уақыт (мин.)
80 - 100 Тор сөреге
30 - 40 26 см торт
Түсіндірм
арналған қалыпта
арналған қалыпта
қалыбында
қойылған екі 20 см торт қалыбында
табақта
қалыбында
қалыбында
қалыбында
е
10 www.zanussi.com
Тағам Дәстүрлі пісіру Ыстық желдеткішпен
пісіру
Уақыт (мин.)
Түсіндірм
е
Қара өрік
1)
торты
Кішкене кекстер ­бір деңгейде
Кішкене кекстер ­екі деңгейде
Кішкене кекстер ­үш деңгейде
Печенье / тәтті таспалар ­бір деңгейде
Печенье / тәтті таспалар ­екі деңгейде
Печенье / тәтті таспалар ­үш деңгейде
Меренга ­бір деңгейде
Меренга ­екі
деңгейде
Тоқаштар
Температ
ура (°C)
Сөренің
орналасу
ы
Температ
ура (°C)
Сөренің
орналасу
ы
175 1 160 2 50 - 60 Нан
170 3 140 - 150 3 20 - 30 Пісірме
- - 140 - 150 2 және 4 25 - 35 Пісірме
- - 140 - 150 1, 3 және 5 30 - 45 Пісірме
140 3 140 - 150 3 30 - 35 Пісірме
- - 140 - 150 2 және 4 35 - 40 Пісірме
- - 140 - 150 1, 3 және 5 35 - 45 Пісірме
120 3 120 3 80 - 100 Пісірме
- - 120 2 және 4 80 - 100 Пісірме
1)
190 3 190 3 12 - 20 Пісірме
1)
қалыбында
табақта
табақта
табақта
табақта
табақта
табақта
табақта
табақта
табақта
www.zanussi.com 11
Тағам Дәстүрлі пісіру Ыстық желдеткішпен
пісіру
Уақыт (мин.)
Түсіндірм
е
Эклер - бір деңгейде
Эклер - екі деңгейде
Температ
ура (°C)
190 3 170 3 25 - 35 Пісірме
- - 170 2 және 4 35 - 45 Пісірме
Сөренің
орналасу
ы
Температ
ура (°C)
Сөренің
орналасу
ы
табақта
табақта
Тарталетка 180 2 170 2 45 - 70 20 см торт
қалыбында
Көп жеміс қосылған
160 1 150 2 110 - 120 24 см торт
қалыбында
торт
Виктория сэндвичі
1) Тұмшапешті алдын ала 10 минут қыздырыңыз.
170 1 160 2 (сол және
оң)
50 - 60 20 см торт
қалыбында
Нан және пицца
Тағам Дәстүрлі пісіру Ыстық желдеткішпен
пісіру
Температ
ура (°C)
Сөренің
орналасу
Температ
ура (°C)
Сөренің
орналасу
ы
190 1 190 1 60 - 70 1 - 2 бөлке,
1)
Ақ нан
Қарабидай
190 1 180 1 30 - 45 Нан
наны
190 2 180 2 (2 және 4) 25 - 40 Пісіру
Булочка
1)
ы
Уақыт (мин.)
Түсіндірм
е
біреуі 500 г
қалыбында
табасында 6 - 8 булочка
Пицца
табақта
230 - 250 1 230 - 250 1 10 - 20 Пісірме
1)
немесе шұңғыл табақта
200 3 190 3 10 - 20 Пісірме
1)
Шелпек
1) Тұмшапешті алдын ала 10 минут қыздырыңыз.
табақта
12 www.zanussi.com
Ашық бәліштер
Тағам Дәстүрлі пісіру Ыстық желдеткішпен
пісіру
Температ
ура (°C)
Сөренің
орналасу
Температ
ура (°C)
Сөренің
орналасу
ы
Паста
200 2 180 2 40 - 50 Қалып
ы
Уақыт (мин.)
Түсіндірм
фланы
Көкөніс
200 2 175 2 45 - 60 Қалып
фланы
1)
Киш
Лазанья
Каннелони
1) Тұмшапешті алдын ала 10 минут қыздырыңыз.
180 1 180 1 50 - 60 Қалып
180 - 190 2 180 - 190 2 25 - 40 Қалып
1)
180 - 190 2 180 - 190 2 25 - 40 Қалып
1)
Ет
Тағам Дәстүрлі пісіру Ыстық желдеткішпен
пісіру
Температ
ура (°C)
Сөренің
орналасу
ы
Температ
ура (°C)
Сөренің
орналасу
ы
Уақыт (мин.)
Түсіндірм
Сиыр еті 200 2 190 2 50 - 70 Торкөз
сөреде
Шошқа еті 180 2 180 2 90 - 120 Торкөз
сөреде
Бұзау еті 190 2 175 2 90 - 120 Торкөз
сөреде
Шала қуырылған
210 2 200 2 50 - 60 Торкөз
сөреде ағылшын ростбифі
Орташа қуырылған
210 2 200 2 60 - 70 Торкөз
сөреде ағылшын ростбифі
Жақсы қуырылған
210 2 200 2 70 - 75 Торкөз
сөреде ағылшын ростбифі
е
е
www.zanussi.com 13
Тағам Дәстүрлі пісіру Ыстық желдеткішпен
пісіру
Уақыт (мин.)
Түсіндірм
е
Температ
ура (°C)
Шошқаның қол омыртқасы
Шошқаның жіліншігі
Қой еті 190 2 175 2 110 - 130 Сирақ
Тауық еті 220 2 200 2 70 - 85 Тұтас
Күркетауық еті
Үйрек еті 175 2 220 2 120 - 150 Тұтас
Қаз еті 175 2 160 1 150 - 200 Тұтас
Үй қоянының еті
Қоян еті 190 2 175 2 150 - 200 Кесектеп
Қырғауыл 190 2 175 2 90 - 120 Тұтас
180 2 170 2 120 - 150 Терісі
180 2 160 2 100 - 120 2 дана
180 2 160 2 210 - 240 Тұтас
190 2 175 2 60 - 80 Кесектеп
Сөренің
орналасу
ы
Температ
ура (°C)
Сөренің
орналасу
ы
алынбаған
туралған
туралған
Балық
Тағам Дәстүрлі пісіру Ыстық желдеткішпен
пісіру
Уақыт (мин.)
Түсіндірм
е
Бақтақ / Теңіз мөңкесі
Тунец/ Албырт балық
Температ
ура (°C)
190 2 175 2 40 - 55 3 - 4 балық
190 2 175 2 35 - 60 4 - 6 филе
Сөренің
орналасу
ы
Температ
ура (°C)
Сөренің
орналасу
ы

Гриль жасау

Бос тұмшапешті тағам пісірер алдында 3 минут алдын ала қыздырыңыз.
14 www.zanussi.com
Тағам Мөлшері Температ
ура (°C)
Саны (г) 1-ші жағы 2-ші жағы
Уақыт (мин.) Сөренің
орналасу
ы
Қоң ет стейктері
Сиыр етінің стейктері
Шұжықтар 8 - макс. 12 - 15 10 - 12 4
Туралған шошқа еті
Тауық (2-ге бөлінген)
Кәуап 4 - макс. 10 - 15 10 - 12 4
Тауықтың төс еті
Гамбургер 6 600 макс. 20 - 30 - 4
Балықтың қоң еті
Тост сэндвичтері
Қыздырылғ ан нан
4 800 макс. 12 - 15 12 - 14 4
4 600 макс. 10 - 12 6 - 8 4
4 600 макс. 12 - 16 12 - 14 4
2 1000 макс. 30 - 35 25 - 30 4
4 400 макс. 12 - 15 12 - 14 4
4 400 макс. 12 - 14 10 - 12 4
4 - 6 - макс. 5 - 7 - 4
4 - 6 - макс. 2 - 4 2 - 3 4

Жібіту

Тағам Мөлшері
(г)
Жібіту
уақыты
(мин)
Қосымша жібіту
уақыты (мин.)
Түсіндірме
Тауық еті 1000 100 - 140 20 - 30 Тауықты төңкерілген
табақша қойылған табақтың үстіне қойыңыз. Орта тұсында аударыңыз.
Ет 1000 100 - 140 20 - 30 Орта тұсында аударыңыз.
Ет 500 90 - 120 20 - 30 Орта тұсында аударыңыз.
Форель 150 25 - 35 10 - 15 -
Құлпынай 300 30 - 40 10 - 20 -
Сары май 250 30 - 40 10 - 15 -
www.zanussi.com 15
Тағам Мөлшері
(г)
Қаймақ 2 x 200 80 - 100 10 - 15 Кілегейдің кейбір жерлері
Печеньелер 1400 60 60 -
Жібіту
уақыты
(мин)
Қосымша жібіту
уақыты (мин.)
Түсіндірме
сәл тоңазыса да, шайқауға болады.

Кептіру - Ыстық желдеткішпен пісіру

• Табақтарды май өткізбейтін немесе пісіруге арналған қағазға салыңыз.
тұмшапешті тоқтатып, есікті ашып, кептіруді аяқтау үшін бір түн ашық қалдырыңыз.
• Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін кептіру уақытының жартысы өткен кезде
Көкөністер
Тағам Температура
(°C)
Бұршақ 60 - 70 6 - 8 3 1 / 4
Бұрыш 60 - 70 5 - 6 3 1 / 4
Тұздықталатын көкөніс
Саңырауқұлақ 50 - 60 6 - 8 3 1 / 4
Шөптер 40 - 50 2 - 3 3 1 / 4
60 - 70 5 - 6 3 1 / 4
Уақыт (сағ) Сөренің орналасуы
1-ші деңгей 2-ші деңгей
Жеміс-жидек
Тағам Температура
(°C)
Қара өрік 60 - 70 8 - 10 3 1 / 4
Сары өрік 60 - 70 8 - 10 3 1 / 4
Алма тілімдері 60 - 70 6 - 8 3 1 / 4
Алмұрт 60 - 70 6 - 9 3 1 / 4
Уақыт (сағ) Сөренің орналасуы
1-ші деңгей 2-ші деңгей

Күту менен тазалау

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
16 www.zanussi.com

Тазалауға қатысты ескерім

• Құрылғының алдыңғы жағын жуғыш зат қосылған жылы суға батырылған жұмсақ шүберекпен тазалаңыз.
• Құрылғының металл беттерін тазалау
2
1
үшін әдетте қолданылатын жуғыш заттарды пайдаланыңыз.
• Құрылғының ішкі жағын пайдаланып болған сайын тазалап отырыңыз. Май жиналғанда немесе басқа тағам қалдығы жиналса, өрт шығуы мүмкін. Гриль табағында бұндай қауіп одан да күшті.
• Оңай тазаланбайтын қалдықтарды арнайы пеш тазалағыштармен тазалаңыз.
• Керек-жарақтарды әр қолданып болған сайын тазалап, құрғатып отырыңыз. Шүберекті, жылы су мен жуғыш затты пайдаланыңыз.
• Тұмшапештің керек-жарағына ластық тұрмайтын болса, жеміргіш затпен, өткір қырлы құралмен тазаламаңыз немесе ыдыс жуғыш машинада жумаңыз. Зат жабыспайтын қаптаманы бүлдіруі мүмкін.

Тот баспайтын болаттан не алюминийден жасалған құрылғылар

Тұмшапештің есігін дымқыл жөкемен ғана тазалаңыз. Жұмсақ шүберекпен құрғатыңыз. Темір жүн, қышқыл немесе түрпілі материалдарды қолданбаңыз, себебі бұндай заттар тұмшапештің бетіне нұқсан келтіруі мүмкін. Тұмшапештің басқару панелін де осындай сақтық шараларды орындап тазалаңыз.
1
Сөре
1
сырғытпасының алдыңғы жағын қабырғадан тартып шығарыңыз.
2
Сырғытпа
2
жолдардың артқы жақтарын қабырғадан ағытып алыңыз.
Сөре сырғытпаларын кері ретпен салыңыз.

Тұмшапештің есігін тазалау

Тұмшапештің есігі екі шыны панельден тұрады. Тұмшапештің есігі мен ішкі шыны панелін алып тазалауға болады.
Ішкі шыны панельді тұмшапештің есігін алмай тұрып алғыңыз келсе, тұмшапештің есігі жабылып қалуы мүмкін.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ!
Құрылғыны ішкі шыны панельсіз пайдаланбаңыз.
1
2

Есіктің тығыздағышын тазалау

• Есіктің тығыздағышын уақытылы тексеріңіз. Есіктің тығыздағышы тұмшапеш жақтауының айналасында орналасқан. Есіктің тығыздағышына
Есікті шегіне дейін
1
ашып, есіктің екі топсасын ұстаңыз.
Қос топсадағы
2
тетіктерді көтеріңіз де бұраңыз.
нұқсан келсе, құрылғыны пайдаланбаңыз. Уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
• Есіктің тығыздағышын тазалау үшін тазалауға қатысты жапы ақпаратты қараңыз.

Сөре сырғытпаларын алу

Тұмшапешті тазалау үшін сөре сырғытпалары.
www.zanussi.com 17
90°
2
1
Панельдің бедері бар жағы есіктің ішкі
3
4
жағына қарап тұруға тиіс. Орнатып болғаннан кейін шыны панельдің безендірілген жағын ұстап көрген кезде қолға оның бұдыры сезілмеуге тиіс.
Ішкі шыны панельді ұяларына дұрыс қойғаныңызды тексеріңіз.
Тұмшапештің есігін
3
бірінші ашу күйіне жартылай жабыңыз. Есікті алға қарай тартыңыз да, ұясынан шығарып алыңыз.
5
Ішкі шыны панельді
5
алу үшін бекіту жүйесін босатыңыз.
7
Әуелі шыны
7
панельді абайлап көтеріп, содан кейін алыңыз.
Есікті жұмсақ мата
4
төселген орнықты жерге қойыңыз.
6
Екі бекітпені 90°
6
градусқa бұраңыз да, ұясынан шығарып алыңыз.
Шыны панельді сабын сумен жуыңыз. Шыны панельді жақсылап құрғатыңыз.
Тазалап болғаннан кейін шыны панельді және тұмшапештің есігін орнатыңыз. Жоғарыдағы қадамдарды кері ретпен орындаңыз.

Шамды ауыстыру

Құрылғының ішкі табанына шүберек төсеңіз. Бұл шамның шыны қақпағы мен құрылғының ішіне нұқсан келмес үшін қажет.
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Электр қатеріне ұшырау қаупі бар! Сақтандырғышты шамды ауыстыру алдында ағытыңыз. Шам және шамның қақпағы ыстық болуы мүмкін.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ!
Шамға майдың қалдығы жұғып күймес үшін, галоген шамды үнемі шүберекпен ұстаңыз.
1. Құрылғыны сөндіріңіз.
2. Сақтандырғыш қорабындағы
сақтандырғыштарды алыңыз немесе айырып-қоқышты ажыратыңыз.

Артқы шам

1. Шамның қақпағын алу үшін сағат тілінің
бағытына қарсы бұраңыз.
2. Шыны қақпақты тазалаңыз.
3. Шамды қызуға төзімділігі 300 °C шамға
ауыстырыңыз.
4. Шыны қақпақты орнатыңыз.
18 www.zanussi.com

Ақаулықты түзету

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

Не істерсіңіз, егер...

Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Тұмшапеш қызбайды. Тұмшапеш сөндірулі. Тұмшапешті іске қосыңыз.
Тұмшапеш қызбайды. Минут операторы + Пісірудің
соңын бағдарламалағыш орнатылған жоқ.
Тұмшапеш қызбайды. Сақтандырғыш ағытылып
қалған.
Шам жанбайды. Шамда ақаулық бар. Шамды ауыстырыңыз.
Бу мен конденсат тағамның үстіне және тұмшапештің корпусына жиналады.
Тұмшапештің ішіне тағам ұзақ уақытқа қойылған.
Минут операторы + Пісірудің соңын бағдарламалағышты орнатыңыз. "Сағат функциялары" тарауын қараңыз.
Ақаулыққа сақтандырғыштың себеп болғанына көз жеткізіңіз. Сақтандырғыш қайта-қайта босап кетсе, білікті электршіге хабарласыңыз.
Тағамды пісіргеннен кейін тұмшапеш ішінде 15 - 20 минуттан артық қалдырмаңыз.

Қызмет көрсету дерегі

Ақаулықты түзету шешімін өзіңіз таба алмасаңыз, дилеріңізге не уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
тақтайшасында көрсетілген. Техникалық ақпарат тақтайшасы құрылғы корпусының алдыңғы жақтауында орналасқан. Құрылғының ішіндегі техникалық ақпарат
тақтайшасын алмаңыз. Қызмет көрсету орталығына қажетті ақпарат техникалық ақпарат
Оларды мына жерге жазып қоюды ұсынамыз:
Үлгі (MOD.) .........................................
Өнім нөмірі (PNC) .........................................
Сериялық нөмірі (S.N.) .........................................

Орнату

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
www.zanussi.com 19

Кіріктіріп орнату

594
16
573
21548
min. 550
20
600
558
589
114
594
min. 560
3
5
558
21548
min. 550
20
589
594
114
16
573
590
min. 560
594
3
5
A
B

Құрылғыны шкаф ішіне орнату

Электртоғына қосу

«Қауіпсіздік ақпараты» тарауындағы сақтық шаралары орындалмаса, өндіруші жауапкершілік көтермейді.
Бұл құрылғы негізгі қуат сымымен ғана
жабдықталған.
Сым
Орнатуға немесе ауыстырғанда
пайдалануға болатын сымдардың түрлері:
H07 RN-F, H05 RN-F, H05 RRF, H05 VV-F,
H05 V2V2-F (T90), H05 BB-F
Электр сымының көлденең қимасын
техникалық ақпарат тақтайшасындағы
жалпы қуатқа және кестеге қарап
анықтаңыз:
Жалпы қуат (Вт) Электр сымының
көлденең қимасы
(мм²)
ең көбі 1380 3 x 0,75
ең көбі 2300 3 x 1
ең көбі 3680 3 x 1,5
Пештің жерге тұйықталатын сымы (жасыл /
сары сым) фаза және бейтарап сымдарға
20 www.zanussi.com
(көк және қоңыр сымдар) қарағанда 2 см ұзынырақ болуға тиіс.

Техникалық ақпарат

Техникалық дерек

Кернеу 230 В
Жиілік 50 Гц

Қуат тиімділігі

Өнімнің техникалық мәлімет парақшасы мен ақпараты ЕО 65-66/2014 стандартына сәйкес келеді

Жабдықтаушының атауы Zanussi
ZOB33701CR
Үлгінің техникалық параметрлері
Қуат тиімділігі индексі 100.0
Қуат тиімділігі санаты A
Дәстүрлі режимде стандартты жүктемені есепке алған кездегі пайдаланылатын қуат мөлшері
Желдеткіш қосылатын режимде стандартты жүктемені есепке алған кездегі пайдаланылатын қуат мөлшері
Камералар саны 1
Жылу көзі Электртоғы
Дыбысы 72 л
Тұмшапештің түрі Кіріктірілген тұмшапеш
Салмағы
ZOB33701MR ZOB33701PR
0.93 Вт/сағ/цикл
0.85 Вт/сағ/цикл
ZOB33701CR 32.1 кг
ZOB33701MR 32.2 кг
ZOB33701PR 32.2 кг
EN 60350-1 - Тұрмыстық тағам пісіретін электр құрылғылары - 1-ші бөлім: Бұған жататындар: тұмшапештер, бу пештері және гриль құрылғылары - жұмыс қарқынын өлшеу тәсілдері.
Жалпылама кеңес
– Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда
тұмшапеш есігінің жабық тұрғанына көз жеткізіңіз және тағам пісіріп жатқанда есікті мүмкіндігінше ашпауға тырысыңыз.

Қуатты үнемдеу

Құрылғының күнделікті тамақ пісіру кезінде
– Қуатты барынша үнемдеу үшін темір
ыдыстарды пайдаланыңыз.
қуат үнемдеуге көмектесетін мүмкіндіктері бар.
www.zanussi.com 21
Loading...
+ 47 hidden pages