Philips HD 9326/20 User manual

0 (0)
Philips HD 9326/20 User manual

Усунення несправностей

У цьому розділі зведено основні проблеми, які можуть виникнути під час використання пристрою. Якщо Ви не взмозі вирішити проблему за допомогою інформації, поданої нижче, відвідайте веб-сайт www.philips.com/support для перегляду списку частих запитань або зверніться до Центру обслуговування клієнтів у своїй країні.

Проблема

Вирішення

Кільце з підсвіткою

Після того як вода нагріється до попередньо

навколо однієї кнопки

встановленої температури, кільце з підсвіткою

попередньо встановленого

натисненої кнопки попередньо встановленого

налаштування світиться, а

налаштування світитиметься протягом 5 хвилин.

інші кільця із підсвіткою не

 

світяться.

 

Якщо натиснути

Температура води вища, ніж температура натисненої

кнопку попередньо

кнопки попередньо встановленого налаштування. У

встановленого

чайник можна долити холодної води. Щоб негайно

налаштування, чайник

підігріти воду, можна вибрати лише 100 ºC.

подає три звукові сигнали

 

і не засвічується.

Увімкнувся захист чайника від нагрівання без води.

 

Детальну інформацію читайте в підрозділі

 

“Захист від нагрівання без води” розділу“Важлива

 

інформація”.

Під час спроби увімкнути

Увімкнувся захист чайника від нагрівання без води.

чайник він автоматично

Детальну інформацію читайте в підрозділі

вимикається.

"Захист від нагрівання без води" розділу "Важлива

 

інформація".

 

Чайник неправильно встановлено на платформу.

 

Зніміть чайник із платформи та поставте його

 

належним чином.

Чайник не нагріває воду

Чайник виявив низький рівень води, тому нагріває її

або вода не нагрівається

у два етапи.

до попередньо

Спочатку вода нагрівається протягом короткого

встановленої температури. періоду часу. Після перерви тривалістю прибл.

20 секунд чайник нагріває воду вдруге для точного досягнення попередньо встановленої температури.

ҚАЗАҚША

Кіріспе

Сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips ұсынатын қолдауды толық пайдалану үшін өнімді www.philips.com/welcome торабында тіркеңіз.

Маңызды

Құралды қолданбастан бұрын осы маңызды ақпаратты мұқият оқып шығып, оны келешекте қарау үшін сақтап қойыңыз.

Ескерту

-Штепсельдік ұшы, қуат сымы, табаны немесе шайнектің өзі зақымданған болса, құрылғыны қолданбаңыз. Қуат сымы зақымданған болса, қауіпті жағдай орын алмауы үшін, оны тек Philips компаниясында, Philips мақұлдаған қызмет орталығында немесе білікті мамандар ауыстыруы керек.

-Бақылау астында болса немесе құрылғыны қауіпсіз пайдалану туралы нұсқаулар алған болса және байланысты қауіптерді түсінсе, бұл құрылғыны 8 және одан жоғары жастағы балалар және дене, сезу немесе ақыл-ой қабілеттері кем немесе тәжірибесі мен білімі

жоқ адамдар пайдалана алады. 8 жасқа толмаған балалар ересектің қадағалауынсыз тазалау және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын

жүргізбеуі тиіс. Құрылғы мен оның сымын 8 жасқа толмаған балалардың қолы жетпейтін жерге қойыңыз.

-Балалар құралмен ойнамауы керек.

-Шайнекті, қуат сымын және табанды ыстық беттерден аулақ ұстаңыз.

-Құралды қоршалған бетке (мысалы, ыдыс науасына) қоймаңыз. Су шайнектің астына жиналып, қауіпті жағдай туғызуы мүмкін.

-Құралды тазалар алдында, оны тоқтан суырып, суытыңыз. Шайнекті немесе оның негізін суға немесе басқа сұйықтыққа батыруға болмайды. Құралды тек дымқыл шүберекпен және жұмсақ тазартқыш затпен тазалаңыз.

Абайлаңыз

-Құралды тек жерге тұйықталған қабырға розеткасына ғана қосуға болады.

-Шайнекті тек өзінің түпнұсқа табанымен қолданыңыз.

-Шәйнек тек суды ысытуға және қайнатуға арналған.

-Шәйнекті ешқашан ең жоғары деңгей көрсеткішінен асырып толтырмаңыз. Шәйнек шамадан тыс толтырылса, шүмектен қайнаған су атқылап, күйіп қалуыңыз мүмкін.

-Сақ болыңыз: шәйнектің сырт жағы мен оның ішіндегі су ыстық болады. Шәйнекті тек

тұтқасынан ғана ұстаңыз. Сондай-ақ, шәйнектен шығатын ыстық будан сақ болыңыз.

-Бұл құрал үй тұрмысында немесе соған ұқсас басқа да орындарда қолдануға арналған: фермалардағы үйлер; жатын орын мен таңғы ас беретін орындар; дүкендердегі, кеңселердегі және басқа да жұмыс орталарындағы ас үйлер; қонақ үйлер, мотельдер және басқа да тұрғын орындары (тұтынушылар тарапынан).

Сусыз қайнатудан қорғау функциясы

Бұл шәйнекте сусыз қайнатудан қорғау мүмкіндігі бар. Шәйнектің суы жоқ немесе жеткіліксіз кезде кездейсоқ қосылған жағдайда бұл құрылғы шәйнекті автоматты түрде өшіреді. Қосу/өшіру қосқышы өшіру күйіне ауысып, қосулы шамы өшеді. Оны суытыңыз. Кейін шәйнек пайдалануға қайта дайын болады.

Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)

Осы Philips құрылғысы электромагниттік өрістерге (EMF) қатысты барлық талаптарға сәйкес келеді.

Суды алдын ала орнатылған түймелермен ысыту

Әртүрлі ыстық сусындарға дәмін келтіру үшін әртүрлі температура қажет. Табанындағы алдын ала орнату түймелері арқылы сүйікті ыстық сусыныңыз үшін дұрыс температураны таңдай аласыз.

Таңдалған ыстық сусынның дұрыс температураға жететіндігін тексеру үшін шәйнекті әрқашан кем дегенде 0,25 л сумен толтырыңыз. Шынайы температураның көрсетілген температурадан аздап өзгеше болуы мүмкін.

-Әртүрлі ыстық сусындар үшін 4 түйме бар: 1 көк/ақ шай: 80°C

2 улунг шайы: 90°C

3 жылдам еритін кофе: 95°C

4 қара шай/қайнаған су: 100°C

-Шәйнекті қосу үшін қуат түймесін ) басыңыз.

-Қайнатуды бастау үшін кез келген температура түймесін басыңыз.

-Шайнек суды алдын ала орнатылған температураға дейін қайнатқанда, таңдалған түйменің айналасындағы жарық шеңбері су алдын ала орнатылған температураға жеткенше жанып-өшіп тұрады.

-Су алдын ала орнатылған температураға жеткен кезде сигналды естисіз. Таңдалған түйме айналасындағы жарық шеңбері жыпылықтауын тоқтатып, тұрақты жанып тұрады.

-2 минут ішінде ыстық суды пайдаланбасаңыз, ескерту сигналы шығады.

Ескертпе: Шәйнек қосулы кезде басқа түймені басу арқылы басқа ыстық сусын түрін таңдай аласыз. Бұл судың температурасы жаңадан басылған түйменің температурасынан әлі төмен кезде ғана орындалады.

Ескертпе: Құралдың жұмысын қуат түймесін басу немесе шайнекті түптен алу арқылы тоқтатуға болады.

Суды алдын ала орнатылған температурада жылы сақтау

Суды 30 минут бойы алдын ала орнатылған температурада жылы сақтау үшін жылылықты сақтау функциясын пайдалануға болады.

Ыстықты сақтау функциясын іске қосу үшін қажетті алдын ала орнату түймесін басқан соң KEEPWARM (ЫСТЫҚТЫ САҚТАУ) түймесін ) басыңыз. KEEP WARM (ЫСТЫҚТЫ САҚТАУ) түймесінің айналасындағы жарық шеңбері тұрақты жанып тұрады. Су алдын ала орнатылған температураға жеткен кезде KEEPWARM (ЫСТЫҚТЫ САҚТАУ) түймесінің айналасындағы жарық шеңбері 30 секунд бойы баяу жыпылықтап тұрады. Ыстықты сақтау функциясын

тоқтатқыңыз келсе, KEEPWARM (ЫСТЫҚТЫ САҚТАУ) түймесін басыңыз немесе шәйнекті түптен алып тастаңыз.

Ескертпе: Ыстықты сақтау функциясы суды 30 минут бойы жылы ұстап тұрады. Одан кейін сіз сигналды естисіз және шәйнек автоматты түрде өшеді.

Ескертпе: Егер ыстықты сақтау функциясы істеп тұрғанда басқа бір түймені бассаңыз, ыстықты сақтау функциясын да қайтадан іске қосуыңыз қажет.

Шайнекті қақтан тазалау

Аймағыңыздағы судың қаттылығына байланысты шәйнек ішінде белгілі бір уақыттан соң қақ түзілуі мүмкін. Қақ шәйнек жұмысына әсер етуі мүмкін.

Осы пайдаланушы нұсқаулығында нұсқауларды орындау арқылы шәйнекті мезгіл сайын қақтан тазалап тұрыңыз.

Келесі қақтан тазалау жиілігін ұсынамыз:

-суы жұмсақ (ең жоғарғы деңгейі — 18 dH) аймақтарда — үш ай сайын;

-суы қатты (18 dH деңгейінен жоғары) аймақтарда — айына бір рет.

6-қадамда сірке суын (4 % сірке су қышқылы) пайдаланыңыз. Сірке суын толығымен жою үшін шәйнекті шайып, екі рет қайнатыңыз (10-12-ші қадамдар).

Қосалқы құралдарға тапсырыс беру

Қосалқы құралдарын немесе қосымша бөлшектерін сатып алу үшін www.shop.philips.com/service торабына кіріңіз немесе Philips сатушысына барыңыз. Сонымен қатар, еліңіздегі Philips тұтынушыларды қолдау орталығына хабарласыңыз (байланыс мәліметтерін алу үшін дүниежүзілік кепілдік парақшасын қараңыз).

Қоршаған орта

-Құралды өз қызметін көрсетіп тозғаннан кейін, күнделікті үй қоқысымен бірге тастауға болмайды. Оның орнына бұл құралды арнайы жинап алатын жерге қайта өңдеу мақсатына өткізіңіз. Осылайша,қоршаған ортаны қорғауға көмектесесіз (1-сурет).

Кепілдік және қолдау

Егер сізге ақпарат немесе қолдау қажет болса, www.philips.com/support торабына кіріңіз немесе бөлек дүниежүзілік кепілдік парақшасын оқыңыз.

Ақаулықтарды шешу

Бұл тарауда құралда ең жиі кездесетін мәселелер жинақталған. Төмендегі ақпараттың көмегімен мәселені шеше алмасаңыз, жиі қойылатын сұрақтар тізімін көру үшін www.philips.com/support торабына кіріңіз немесе еліңіздегі Тұтынушыларды қолдау орталығына хабарласыңыз.

Ақаулық

Шешімі

Басқа жарық

Су алдын ала орнатылған температураға жеткеннен

шеңберлері өшіп

кейін, таңдалған алдын ала орнатылған түйменің

тұрғанда бір алдын ала

жарық шеңбері 5 минут жанады.

орнатылған түйменің

 

айналасындағы жарық

 

шеңбері жанады.

 

Алдын ала орнату

Су температурасы таңдалған алдын ала орнату

түймесін басқан соң

түймесінің температурасынан жоғары. Шәйнекке

шәйнек үш рет дыбыс

салқын су құюға болады. Суды тез арада қайта

шығарады, бірақ

ысытқыңыз келсе, 100°C температурасын ғана таңдай

жанбайды.

аласыз.

 

Шәйнек сусыз қайнатудан қорғау функциясын қосты.

 

Мәліметтер алу үшін «Маңызды» тарауының «Сусыз

 

қайнатудан қорғау функциясы» бөлімін қараңыз.

Шайнекті қоспақ

Шәйнек сусыз қайнатудан қорғау функциясын қосты.

болсам, ол автоматты

Мәліметтер алу үшін «Маңызды» тарауының «Сусыз

түрде өше береді.

қайнатудан қорғау функциясы» бөлімін қараңыз.

 

Шәйнекті түбіне дұрыс орнатпадыңыз.

 

Шәйнекті түбінен алып, оған дұрыс орналастырыңыз.

Шайнек суды

Шәйнек су деңгейінің төмен екенін анықтады,

қайнатпайды немесе су

сондықтан суды екі кезеңде қайнатады.

алдын ала орнатылған

Алдымен су қысқа уақыт қайнайды. Шамамен

температураға

20 секунд кідірістен кейін алдын ала орнатылған

жетпейді.

температураға дәл жету үшін шәйнек суды екінші рет

 

қайнатады.

Always there to help you

1

User manual

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

Specifications are subject to change without notice

 

© 2014 Koninklijke Philips N.V.

3140 035 37853

All rights reserved.

Чайник

Шайнек

HD9326/20 HD9382/20 220-240V; 50-60Hz; 1850-2200W;

Импортер на территорию России и Таможенного Союза:

Ресей және Кедендік Одақ территориясына импорттаушы:

ООО "Филипс", Российская Федерация, 123022 г. Москва,

"Филипс" ЖШҚ, Ресей Федерациясы, 123022 Мәскеу қаласы,

ул. Сергея Макеева, д.13, тел. +7 495 961 1111

Сергей Макеев көшесі, 13-үй, тел. +7 495 961 1111

Изготовитель:

Өндіруші:

“Филипс Консьюмер Лайфстайл Б.В.”, Туссендиепен 4, 9206

“Филипс Консьюмер Лайфстайл Б.В.”, Туссендиепен 4, 9206 АД,

АД, Драхтен, Нидерланды

Драхтен, Нидерланды

Для бытовых нужд

Тұрмыстық қажеттіліктерге арналған

Loading...
+ 1 hidden pages