Nokia 1650 User's Guide [kk]

Page 1
RM-305
Пайдаланушы нұсқаулығы
9202422
1-басылым KK
Page 2
СӘЙКЕСТІК ДЕКЛАРАЦИЯСЫ Осымен NOKIA КОРПОРАЦИЯСЫ осы RM-305 өнімі 1999/5/EC нұсқауының маңызды талаптары мен өзгедей қатысты шарттарына сай екендігін мәлімдейді. Сәйкестік декларациясының көшірмесін http:// www.nokia.com/phones/declaration_of_ conformity/ сайт бетінен табуға болады.
© 2007 Nokia. Барлық құқықтар қорғалған.
Nokia, Nokia Connecting People және Navi - Nokia корпорациясының сауда белгілері немесе тіркелген сауда белгілері. Nokia әуені Nokia корпорациясының дыбыстық белгісі болып табылады. Осы құжатта көрсетілген басқа өнімдер мен компаниялардың атаулары тиісті меншік иелерінің сауда белгілері немесе сауда атаулары болуы мүмкін.
Nokia корпорациясының алдын ала жазбаша рұқсатынсыз осы құжаттың ішіндегі ақпаратты жартылай немесе толықтай кез келген нысанда көшіріп басуға, үшінші тұлғаларға беруге, таратуға немесе сақтауға тыйым салынады.
US Patent No 5818437 and other pending patents. T9 text input software Copyright (C) 1997-2007. Tegic Communications, Inc. All rights reserved.
Nokia корпорациясы үздіксіз даму саясатын жүргізеді. Nokia корпорациясы осы құжатта көрсетілген кез келген өнімді алдын ала ескертусіз өзгерту мен жетілдіру құқығын өзінде сақтап қалады.
NOKIA КОРПОРАЦИЯСЫ МЕН ОНЫҢ ЛИЦЕНЗИЯ БЕРУШІЛЕРІ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢ БОЙЫНША РҰҚСАТ БЕРІЛГЕН ДӘРЕЖЕДЕ,
0434
Page 3
ҚАНДАЙ БІР СЕБЕПТЕН ТУЫНДАҒАНЫНА ҚАРАМАСТАН, ҚАНДАЙ ДА БІР ДЕРЕКТЕР МЕН ТАБЫСТАРДЫҢ ЖОҒАЛҒАНЫ ҮШІН НЕМЕСЕ ҚАСАҚАНА, КЕЗДЕЙСОҚ НЕМЕСЕ ЖАНАМА ЗАЛАЛДАР ҮШІН ЕШБІР ЖАҒДАЙДА ДА ЖАУАПКЕРШІЛІК АРТПАЙДЫ.
ОСЫ ҚҰЖАТТЫҢ МАЗМҰНЫ “СОЛ ҚАЛПЫНДА” ШАРТТАРЫМЕН БЕРІЛГЕН. ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢМЕН ТАЛАП ЕТІЛМЕГЕН ЖАҒДАЙДА, ӨНІМНІҢ ЖАРАМДЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ БЕЛГІЛІ БІР МАҚСАТҚА СӘЙКЕС КЕЛЕТІНІНІ ТУРАЛЫ ТҰСПАЛДЫ КЕПІЛДІКТЕРДІ ҚАМТИТЫН, БІРАҚ ОЛАРМЕН ШЕКТЕЛМЕЙТІН, ҚАНДАЙ ДА БОЛМАСЫН, НАҚТЫ НЕМЕСЕ ТҰСПАЛДЫ КЕПІЛДІКТЕРДІҢ ЕШҚАЙСЫСЫ ОСЫ ҚҰЖАТТЫҢ ДӘЛДІГІНЕ, СЕНІМДІЛІГІНЕ НЕМЕСЕ МАЗМҰНЫНА ҚАТЫСТЫ БЕРІЛМЕЙДІ. NOKIA КОРПОРАЦИЯСЫ ОСЫ ҚҰЖАТТЫ КЕЗ КЕЛГЕН УАҚЫТТА АЛДЫН АЛА ЕСКЕРТУСІЗ ҚАЙТА ҚАРАУ НЕМЕСЕ КЕРІ ҚАЙТАРЫП АЛУ ҚҰҚЫҒЫН ӨЗІНДЕ САҚТАП ҚАЛАДЫ.
Белгілі бір өнімдер мен қосымшалардың және бұл өнімдерге арналған қызметтердің бар болуы аймақтарға қарай әр түрлі болуы мүмкін. Толық ақпарат алу және тіл опцияларының бар-жоғын білу үшін Nokia дилеріне хабарласыңыз.
Бұл құрылғы электр және электрондық құрылғыларда белгілі бір қауіпті заттарды пайдалануды шектеу туралы 2002/95/EC нұсқауына сай келеді.
Экпорт бақылау Бұл құрылғының ішінде АҚШ және басқа елдердің экспорт заңдары мен ережелеріне бағынышты тауарлар, технология және бағдарламалық құралдары бар. Заңға қайшы өзгерістерге тыйым салынады.
9202422/1-басылым KK
Page 4
4
Мазмұны
Қауіпсіздік талаптары
.....................................................................5
1. Іске қосу ......................................................................................9
SIM картасы мен батареяны салу .................................................9
Батареяны зарядтау .....................................................................10
Қосу және сөндіру .........................................................................11
2. Сіздің құрылғыңыз .........................................................13
Түймелер мен бөлшектер ............................................................13
Негізгі мүмкіндіктері ......................................................................14
Қоңырау шалу және қабылдау .....................................................15
Дауыс зорайтқыш ..........................................................................15
Мәтін жазу .....................................................................................15
Хабар .............................................................................................16
Контактілер ....................................................................................17
Радио .............................................................................................18
Шам ................................................................................................18
Көп тармақты телефон кітапшасы ...............................................19
3. Батарея туралы ақпарат ................................................20
Зарядтау және зарядсыздандыру ...............................................20
Nokia батареясын растайтын нұсқаулар .....................................22
Күтім және қызмет көрсету ...............................................25
Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат .............................28
Page 5
5
Қауіпсіздік талаптары
Мына қарапайым нұсқауларды оқып шығыңыз. Оларды орындамау қауіпті және заңсыз болып табылады. Қосымша ақпарат алу үшін пайдалану туралы нұсқаулықты толық оқып шығыңыз.
ТЕЛЕФОНДЫ ҚАУІПСІЗ ЖОЛМЕН ҚОСЫҢЫЗ
Сымсыз телефонды пайдалануға тыйым салынған кезде, не болмаса ол кедергі келтіріп немесе қауіп төндірсе, құрылғыны қоспаңыз.
АЛДЫМЕН ЖОЛ ЖҮРУ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ КӨҢІЛ БӨЛІҢІЗ
Жергілікті заңдардың барлық талаптарын сақтаңыз. Көлік жүргізгенде оны басқару үшін әрдайым қолыңызды бос ұстаңыз. Көлік жүргізу кезінде алдымен жол жүру қауіпсіздігі туралы ойлаңыз.
КЕДЕРГІ
Барлық сымсыз құрылғылар кедергілерді тез сезеді. Ол құрылғының жұмысына әсер етуі мүмкін.
АУРУХАНАЛАРДЫҢ ІШІНДЕ ТЕЛЕФОНДЫ СӨНДІРІҢІЗ
Кез келген шектеулерді сақтаңыз. Медициналық жабдықтың жанында телефонды өшіріңіз.
ҰШАҚТАРДЫҢ ІШІНДЕ ТЕЛЕФОНДЫ СӨНДІРІҢІЗ
Кез келген шектеулерді сақтаңыз. Сымсыз құрылғылар ұшақтың ішінде кедергі тудыруы мүмкін.
Page 6
6
КӨЛІККЕ МАЙ ҚҰЮ КЕЗІНДЕ СӨНДІРІҢІЗ
Құрылғыны май құю бекетінде пайдаланбаңыз. Сонымен қатар жанармай немесе химиялық заттардың жанында да пайдаланбаңыз.
ЖАРЫЛЫСҚА ЖАҚЫН ЖЕРДЕ СӨНДІРІҢІЗ
Кез келген шектеулерді сақтаңыз. Телефонды жарылыс жұмыстары жүріп жатқан жерде пайдаланбаңыз.
ТЕЛЕФОНДЫ ОРНЫМЕН ПАЙДАЛАНЫҢЫЗ
Құрылғыны тек өнімнің құжаттамасында көрсетілген жағдайда ғана ұстап пайдаланыңыз. Антеннаға қажетсіз тиісе бермеңіз.
БІЛІКТІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Бұл бұйымды тек білікті маман орнатып, жөндеуі тиіс.
ЖЕТІЛДІРУ МЕН БАТАРЕЯЛАР
Тек рұқсат етілген жабдықтар мен батареяларды пайдаланыңыз. Үйлесімсіз өнімдерді қоспаңыз.
СУҒА ТӨЗІМДІЛІК
Сіздің құрылғыңыз суға төзімсіз. Оны құрғақ күйінде ұстаңыз.
ҚОСАЛҚЫ КӨШІРМЕЛЕР
Құрылғыңызда сақтаулы барлық маңызды ақпараттың қосалқы көшірмесін жасап алуды немесе жазбаша нұсқасын сақтауды ұмытпаңыз.
Page 7
7
БАСҚА ҚҰРЫЛҒЫЛАРҒА ҚОСУ
Кез келген басқа құрылғыға қосқан кезде қауіпсіздік туралы толық нұсқауларды алу үшін бұйымды пайдалану жөніндегі нұсқаулықты оқыңыз. Үйлесімсіз өнімдерді қоспаңыз.
ЖЕДЕЛ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ҚОҢЫРАУ ШАЛУ
Телефонды қосып, жұмыс істеп тұрғандығына көз жеткізіңіз. Дисплейді тазалау және күтпелі режимге оралу үшін аяқтау түймесін қажетінше қайталап баса беріңіз. Жедел қызмет көрсету нөмірін енгізіп, қоңырау шалу түймесін басыңыз. Тұрған орныңызды беріңіз. Рұқсат берілмейінше, байланысты тоқтатпаңыз.
Құрылғыңыз туралы
Осы нұсқаулықта сипатталған сымсыз құрылғы GSM 900 және GSM 1800 желілерінде пайдалану үшін мақұлданған. Желілер туралы қосымша ақпарат алу үшін байланыс операторыңызбен хабарласыңыз.
Осы құрылғының мүмкіндіктерін пайдаланған кезде барлық заңдарды, жергілікті әдет-ғұрыптарды ұстанып, басқалардың заңды қатысты құқықтарын, сондай-ақ авторлық құқықтарды сақтаңыз.
Абайлаңыз: Осы құрылғыдағы қоңыраулы сағаттан басқа кез келген мүмкіндіктерді пайдалану үшін құрылғы қосулы болуға тиіс. Сымсыз құрылғыны пайдалану кезінде кедергі немесе қауіп төнуі мүмкін болса телефонды қоспаңыз.
Page 8
8
Желі қызметтері
Телефонды пайдалану үшін сымсыз байланыс операторының қызметін пайдалану қажет. Мүмкіндіктердің көпшілігі арнайы желі мүмкіндіктерінің барлығын талап етеді. Бұл мүмкіндіктер желілердің барлығында бола бермейді; ал басқа желілер сіз желі қызметтерін пайдаланбастан бұрын қызмет көрсетуші операторыңызбен арнайы келісім жасауыңызды талап етеді. Байланыс операторыңыз сізге нұсқаулар беріп, қандай тариф қолданатыныңызды түсіндіруі міндетті. Кейбір желілерде сіздің желі қызметіңізді қалай пайдалануыңызды алдын ала ескертіп, көмектесетін шектеулер болады. Мысалы, кейбір желілерде барлық тілдерге тән таңбалар мен қызметтер бола бермеуі мүмкін.
Байланыс операторыңыз құрылғыңыздағы кейбір мүмкіндіктердің пайдаланылуын тоқтатып, іске қосылмауын талап етуі мүмкін. Ондай жағдайда бұл мүмкіндіктер құрылғының мәзірінде көрсетілмейді. Сіздің құрылғыңыз мәзір атаулары, мәзір реттілігі мен белгішелердің өзгертілуі тұрғысынан арнайы бапталған болуы мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін байланыс операторыңызбен хабарласыңыз.
Веб-сайттағы Nokia қолдауы
Осы нұсқаулықтың соңғы нұсқасын, Nokia бұйымыңызға қатысты қосымша ақпарат, жүктелімдер және қызметтер алу үшін www.nokia.com/support бетін немесе жергілікті Nokia веб-сайтын қараңыз.
Page 9
9
1. Іске қосу
SIM картасы мен батареяны салу
Батареяны шығарып алар алдында әрдайым құрылғыны сөндіріп, зарядтағышты ажыратып алыңыз.
Барлық SIM карталарын балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
SIM карта қызметінің бар-жоғы туралы және оны пайдалану мүмкіндіктері туралы ақпарат алу үшін SIM карта сатушысына хабарласыңыз. Ол байланыс операторы немесе басқа да сатушы болуы мүмкін.
Бұл құрылғы BL-5C батареясымен бірге пайдалануға арналған.
1. Босату түймесін басып, артқы қақпақты телефонның астыңғы жағына қарай сырғытып шығарып алыңыз (1). Батареяны көтеріп, шығарып алыңыз (2).
2. Телефонның саусақ ойығынан SIM карта ұстағышын ақырын көтеріңіз (3). SIM картасының кетік жағын жоғарғы оң жаққа және жылтыр түсті жағын төмен қаратып ұстауышға салыңыз (4). SIM картасының ұстағышын жабыңыз, сосын орнына бекіту үшін оны басыңыз (5).
Page 10
10
3. Батарея мен артқы қапағын орнына салыңыз (6, 7).
Ескерту: Қақпақты ашар алдында әрдайым қуатты сөндіріп, зарядтағыш пен кез-келген басқа құрылғыны ажыратыңыз. Қақпақты ауыстырып жатқан кезде электрондық компоненттеріне тиіп кетуден сақ болыңыз. Құрылғыны әрқашан қақпақтары жабылған күйінде сақтап, пайдаланыңыз.
Батареяны зарядтау
Ескерту: Тек Nokia пайдалануға рұқсат берген
батареяларды, зарядтағыштарды және көрсетілген жабдықтарды ғана пайдаланыңыз. Жабдықтардың кез келген басқа түрлерін пайдалану кепілдік күшінен айыруы және қауіпті болуы мүмкін.
Page 11
11
Осы құрылғымен бірге қолданар алдында кез келген қуаттағыш моделінің нөмірін тексеріп алыңыз. Бұл құрылғы АС-3 зарядтағышынан қуат алған кезде пайдаланылады.
Рұқсат етілген жасаулардың бар-жоғын білу үшін дилерден сұрап біліңіз. Кез келген жасауды қуат көзінен ажыратқан кезде оны жалғағыш сымынан емес, түбінен ұстап ажыратыңыз.
1. Зарядтағышты қуат көзіне қосыңыз.
2. Зарядтағышты құрылғыны жалғаңыз. Батарея индикаторы жылжи бастайды Батарея толық зарядталған кезде жолақшаның қимылы тоқтайды.
Кеңес: Электр қуатын үнемдеу үшін батарея толық зарядталған соң зарядтағышты ажыратыңыз.
Егер батареяның заряды толығымен біткен болса, дисплейдегі зарядтау индикаторы жанғанша, не болмаса қандай да бір қоңыраулар шалғанша, бірнеше минут кетуі мүмкін.
Қосу және
сөндіру
Аяқтау түймесін басып тұрыңыз. Құрылғыны тек қалыпты жұмыс істеу
жағдайында пайдаланыңыз. Құрылғыңыздың ішіне антенна орнатылған.
Page 12
12
Ескерту: Басқа да радио таратқыш құрылғылардағы сияқты, антенна қосулы тұрған кезде оған қажетсіз тиісе бермеңіз. Мысалы, телефон арқылы сөйлесіп жатқанда, ұялы антеннаға жоламаңыз. Қабылдағыш немесе таратқыш анттанаға тиісу радиобайланыс сапасын нашарлатады және құрылғының қуатты әдеттегіден артық жұмсауына әкеліп соғады, сондай-ақ батареяның қызмет ету мерзімін қысқартуы мүмкін.
Ескерту: Бұл ұяға тиіспеңіз, өйткені оны тек өкілетті қызмет көрсету қызметкерлері пайдаланады.
Page 13
13
2. Сіздің құрылғыңыз
Түймелер мен бөлшектер
Желінің аты немесе оператордың логотипі (1)
Желі сигналының күші (2)
Батарея зарядының
деңгейі (3)
Құлақаспап (4)
Дауыс зорайтқыш (5)
Шам (6)
Таңдау түймелерінің
қызметтері (7)
Таңдау түймелері (8)
Navi™ түймесі (9),
әрі қарай жылжу түймесі
Қоңырау түймесі (10)
Аяқтау түймесі/қорек
түймесі (11)
Пернетақта (12)
Зарядтағыш ұясы (13)
Құлаққап ұясы (14)
Page 14
14
Ескерту: Бұл құрылғы Navi™ түймесінің құрамында
никель болуы мүмкін. Никельдің теріге ұзақ уақыт жанасуы никель аллергиясын тудыруы мүмкін.
Негізгі мүмкіндіктері
Келесі мүмкіндіктерді пайдалану үшін Мәзір түймесін басыңыз: Хабарлар — хабарларды жазуға, жіберуге, ашуға және басқаруға
арналған Контакттар — SIM картасы мен телефон жадына есімдер мен
телефон нөмірлерін сақтауға арналған Қоңыр. тізілімі — жіберілген, қабылданған және терілген
нөмірлерге өтуге арналған Баптаулар — телефонның түрлі мүмкіндіктерін баптауға
арналған Clock — қоңыраулы сағатты реттеуге және уақытты қоюға
арналған Radio — радио қабылдағыш мүмкіндіктерін реттеуге арналған
Ескертулер — ескертулерді реттеуге арналған Ойындар — ойын әсерлерін баптауға немесе телефоныңыздағы
ойындарды ойнауға арналған
ҚосымшаларКалькулятор, Аудару құралы, Таймер, Күнтізбе, Секундөлшер, Синтезатор, Демо режимі және Шам
SIM қызметтері — SIM картаңызбен қолдаулы болу жағдайында
қосымша қызметтерді пайдалануға арналған
Page 15
15
Қоңырау шалу және қабылдау
Қоңырау шалу үшін телефон нөмірін, қажет болса, ел коды және аймақ кодымен енгізіңіз. Нөмірге қоңырау шалу үшін қоңырау түймесін басыңыз. Байланыс кезінде құлаққап немесе құлақаспаптың дауысын көтеру үшін оңға, азайту үшін солға жылжытыңыз.
Кіретін қоңырауға жауап беру үшін қоңырау түймесін басыңыз. Келіп түскен қоңырауды жауап бермей қабылдамау үшін аяқтау түймесін басыңыз.
Дауыс зорайтқыш
Егер бар болса, байланыс кезінде дауыс зорайтқыш немесе құлақаспапты пайдалану үшін Дб.күш. немесе Телефон таңдаңыз.
Ескерту: Дауыс зорайтқыш жұмыс істеп тұрған кезде телефонды құлағыңызға жақын ұстамаңыз, өйткені даусы тым қатты болуы мүмкін.
Мәтін жазу
Сіз мәтінды әдеттегі мәтін енгізу немесе болжалды мәтін енгізу көмегімен жаза аласыз. Әдеттегі мәтін енгізу функциясын пайдаланған кезде әріп пайда болғанша, түймені қайталап баса беріңіз. Болжалды мәтін енгізу функциясын қосу үшін Опц-р > ішінен Сөздік, одан кейін қалаулы тілді таңдаңыз; оны өшіру үшін, Опц-р > ішінен Сөздік > ішінен Сөздік өшірулі таңдаңыз.
Page 16
16
Болжалды мәтін енгізу функциясынан пайдалану кезінде әр бір түймені бір әріп үшін бір рет басыңыз. Көрсетілген сөз сізге керекті болса 0 басып, келесі сөзді жаза бастаңыз. Сөзді өзгерту үшін * керекті сөз шыққанша, қайталап баса беріңіз. Егер сөзден кейін ? белгісі пайда болса, сөздікте ондай сөздің болмағаны. Сөздікке сөзді қосу үшін Жазыл. таңдап, сөзді (әдеттегі мәтін енгізу арқылы) енгізіңіз де, OK таңдаңыз.
Мәтін жазуға қатысты кеңестер: бос орын қосу үшін 0 түймесін басыңыз. Мәтін енгізу әдісін жылдам өзгерту үшін # қайталап басып, дисплейдің жоғарғы жағындағы индикаторды тексеріңіз. Санды енгізу үшін керекті санды түймені басып, ұстап тұрыңыз. Әдеттегі мәтін енгізу функциясын пайдалану кезінде арнайы таңбалар тізімін алу үшін * басыңыз, не болмаса болжалды мәтін енгізу функциясын пайдалану кезінде * басып тұрыңыз. Өзгерту терезесіндегі хабарды өшіруді қайтару үшін Опц-р > ішінен Өшірг-і қайтару таңдаңыз.
Хабар
Хабар қызметтерін тек олар сіздің желіңізде немесе байланыс операторыңызда бар болған жағдайда ғана пайдалануға болады.
Құрылғыңызда бір хабарламаға арналған таңбалар шегінен тыс мәтінді хабарларға жіберу қызметі бар. Ұзақ хабарлар екі немесе одан да көп хабарлар тізбегі түрінде жіберіледі. Байланыс операторыңыз соған сәйкес ақы алуы мүмкін. Екпін немесе басқа белгілер пайдаланылатын таңбалар мен кейбір тіл опцияларының таңбаларының алатын орны бір хабарда жіберуге болатын таңбалардың санын шектейді.
Page 17
17
1. Мәзір > тармағындағы Хабарлар > ішінен Хабарды жазу таңдаңыз.
2. Хабарды жазыңыз.
3. Хабарды жіберу үшін
Опц-р > ішінен Жіберу таңдап,
қабылдаушының телефон нөмірін енгізіңіз және OK таңдаңыз.
Ескерту: Құрылғыңызда сіз жіберген хабардың осы құрылғыда көрсетілген хабар орталығының нөміріне бағытталғандығы көрсетілуі мүмкін. Құрылғыда хабардың жіберілген нүктеге келіп түсуі көрсетілмеуі де мүмкін. Хат қызметтері туралы қосымша толық ақпарат алу үшін байланыс операторыңызға хабарласыңыз.
Барлық оқылған немесе папкадағы барлық хабарларды жою үшін Мәзір > ішінен Хабарлар > тармағының Хабарларды жою > Барл. оқылғ. немесе қалаулы папкаңызды таңдаңыз.
Контактілер
Аттары мен телефон нөмірлерін телефон жадына және SIM картасының жадына сақтауыңызға болады. Ішкі телефон кітапшасы 500 атқа дейін сақтай алады.
Телефон жазбасын іздеу үшін күту режимінде төмен жылжытып, аттың бірінші әріптерін енгізіңіз. Керекті атқа дейін жылжыңыз.
Оған қоса сіз Мәзір > ішіндегі Контактілер немесе келесі опциялардан таңдауыңыз мүмкін:
Контакт қосу — Телефон кітапшасында аттар мен нөмірлерді сақтауға арналған
Page 18
18
Көшіру — аттар мен телефон нөмірлерін бірден немесе бір-бірлеп ішкі телефон кітапшасынан SIM телефон кітапшасына немесе керісінше көшіруге арналған
Радио
FM радиосы сымсыз құрылғының антеннасынан басқа антеннаға байланысты болады. Дұрыс жұмыс істеуі үшін FM радиосына үйлесімді құлаққапты қосу немесе дыбысты жетілдіру қажет етіледі.
Абайлаңыз: Музыканы орташа дыбыс деңгейімен тыңдаңыз. Жоғары дыбыс деңгейімен ұзақ тыңдаудан құлағыңызға зақым келуі мүмкін. Динамик пайдаланылғанда, құрылғыны құлағыңызға жақын ұстамаңыз, өйткені дыбыс өте қатты шығып тұруы мүмкін
.
FM радиосын тыңдау үшін Мәзірінен > Радионы таңдаңыз. Радио қосулы кезде төмендегі опцияларды қолдануға болады:
Өшіру, Арнаны сақтау, Автодәлдеу, Қолмен дәлдеу, Жиілік белг-у, Арнаны жою, Атын өзгерту, Сағат радиосы және Динамик немесе Құлаққап.
Шам
Шамды қосу немесе өшіру үшін Мәзір > ішінен Қосымшалар > Шам > Қосулы немесе Өшірулі таңдаңыз.
Page 19
19
Көп тармақты телефон
кітапшасы
Құрылғыда көп пайдаланушыларға арналған бес телефон кітапшасына дейін болады. Көп тармақты телефон кітапшасы қосылған кезде қосылған телефон кітапшасының контактілері ғана көрінеді.
Көп тармақты телефон кітапшасын қосу үшін Мәзір > ішінен
Контактілер > Баптаулар > Көп тармақты телефон кітапшасыgt > Тлф кітапш. стилі > Көп тармақты телефон кітапшасы таңдаңыз. Телефон кітапшасын қосу үшін Мәзір > ішінен Контактілер > Баптаулар > Көп тармақты телефон кітапшасы > Ағымд. тлф кітапшасы және қалаулы телефон
кітапшасын немесе Ортақ контактілер таңдаңыз. Барлық контактілер бір немесе бірнеше телефон кітапшасында
болуы мүмкін. Ортақ контактілер телефон кітапшасындағы контактілерге барлық телефон кітапшаларынан қол жеткізуге болады. Контактіні бір немесе бірнеше телефон кітапшасына енгізу үшін Мәзір > ішінен Контактілер > Баптаулар > Көп
тармақты телефон кітапшасы > Контактілерді басқару
таңдаңыз. Қалаулы контактіге жылжып, оны таңдаңыз. Контактіні сақтағыңыз келетін телефон кітапшасын белгілеп, Орнд-ы > Иә таңдаңыз.
Телефон кітапшасының атын өзгерту үшін Мәзір > ішінен
Контактілер > Баптаулар > Көп тармақты телефон кітапшасы
>
Тлф кітапша-ларының атт-н өзгерту және қалаулы телефон кітапшасын таңдаңыз.
Page 20
20
3.
Батарея туралы ақпарат
Зарядтау және
зарядсыздандыру
Құрылғыңыз қайта зарядталатын батареядан қуат алады. Батареяны жүздеген рет зарядтап, зарядсыздандыруға болады, бірақ ол ақырында тозады. Сөйлесу және күту режимдері әдеттегіден едәуір қысқа болған кезде батареяны ауыстырыңыз. Тек Nokia рұқсат берген батареяларды пайдаланыңыз және батареяны тек Nokia рұқсат берген осы құрылғыға арналған зарядтағыштармен зарядтаңыз.
Ауыстырмалы батарея бірінші рет пайдаланылған болса немесе батарея ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған жағдайда оны зарядтау үшін алдымен зарядтағышты жалғап, қайта ажыратып, қайтадан жалғау қажет.
Пайдаланылмаған уақытта зарядтағышты электр розеткасы мен құрылғыдан ажыратып қойыңыз. Толық зарядталған батареяны зарядтағышта қосылған күйінде қалдырмаңыз, өйткені шамадан тыс зарядтау оның қызмет ету мерзімін азайтып жіберуі мүмкін. Егер пайдаланусыз қалатын болса, толық зарядталған батарея уақыт өте келе өзінің зарядын жоғалтады.
Егер батареяның қуаты толығымен азайған болса, дисплейдегі зарядтау көрсеткіші жанғанша, не болмаса қандай да бір қоңыраулар шалу мүмкін болғанша, бірнеше минут керек болады.
Page 21
21
Батареяны тек өзінің арнаулы мақсаты бойынша пайдаланыңыз. Еш уақытта зақымданған зарядтағышты немесе батареяны пайдаланбаңыз.
Батареяны қысқа тұйықтамаңыз. Кездейсоқ қысқа тұйықталу теңге, қағаз қыстырғыш немесе қалам сияқты металл зат батареяның оң (+) және теріс (-) полюстерінің қосылуын тудырған кезде орын алуы мүмкін. (Полюстер батареяның үстіндегі металл жолақшаларға ұқсайды.) Бұл, мысалы, қалтаңызда немесе әмияныңызда қосалқы батарея алып жүрген кезде орын алуы мүмкін. Полюстерді қысқа тұйықтау батареяны немесе жалғау құралын зақымдауы мүмкін.
Батареяны жазғы немесе қысқы кездердегі жабық машина сияқты ыстық немесе суық жерде қалдыру батареяның қуаты мен қызмет ету мерзімін қысқартады. Батареяны әрдайым 15ºС пен 25ºС (59ºF пен 77ºF) аралығындағы температурада сақтауға тырысыңыз. Ыстық немесе суық батарея салынған құрылғы тіпті, батарея толық зарядталғанның өзінде уақытша жұмыс істей алмауы мүмкін. Батареяның өнімділігі әсіресе, қату нүктесінен төмен температураларда шектеледі.
Батареяларды отқа тастамаңыз, өйткені олар жарылуы мүмкін. Батареялар сонымен қатар жарылған жағдайда қатты жарылуы мүмкін. Батареяларды жергілікті ережелерге сәйкес пайдаға асырыңыз. Мүмкін болған кезде зарядтап, қайта пайдаланыңыз. Тұрмыстық қалдық ретінде тастамаңыз.
Ұяшықтарды немесе батареяларды бөлшектемеңіз немесе майдаламаңыз. Батарея ағып кеткен жағдайда сұйықтықты тері мен көзге тигізбеңіз. Теріңізге немесе көзіңізге сұйықтық тиген жағдайда, сумен жуып тастаңыз немесе дереу дәрігерге көрініңіз.
Page 22
22
Nokia батареясын растайтын
нұсқаулар
Қауіпсіздік мақсатында әрқашан Nokia корпорациясы шығарған батареяларды пайдаланыңыз. Nokia фирмалық батареясын алғаныңызды тексеру үшін оны Nokia өкілетті дилерінен сатып алыңыз, орамынан «Nokia original enhancements» (Nokia фирмалық бөлшектерін жетілдіру) логотипін іздеңіз және голограммалы этикеткасын келесі қадамдармен тексеріңіз:
Төрт қадамның сәтті орындалуы батареяны толық растамайды. Батареяңыз Nokia өзіндік батареясы емес деп есептеуіңізге қандай да бір негіз болса, оны пайдаланудан бас тартқаныңыз және ең жақын орналасқан Nokia өкілетті қызмет көрсету орнына немесе дилеріне апарып, көмек сұрағаныңыз жөн. Nokia корпорациясының уәкілетті қызмет көрсету орны немесе дилері батареяны растап береді. Егер растау мүмкін болмаса, батареяны сатып алған жеріңізге қайтарып беріңіз.
Растау голограммасы
1. Этикеткадағы голограмманы тексерген кезде сіз оның бір бұрышынан қарағанда Nokia корпорациясының қол алысу белгісін, ал екінші бұрышынан қарағанда «Nokia Original Enhancements» логотипін көруге тиіссіз.
Page 23
23
2. Сіз голограмманы солға, оңға, төмен және жоғары қисайтқан кезде әрбір бұрышынан сәйкесінше 1,2,3, және 4 нүктесін көруге тиіссіз.
3. Этикетканың жанын 20санды кодты, мысалы 12345678919876543210 ашу үшін тырнаңыз. Батареяның санды жағын жоғары қаратыңыз. 20санды кодты үстіңгі қатардағы саннан бастап төменгі қатардағы санға қарай оқылады.
4. 20 санды кодтың жарамдылығын www.nokia.com/batterycheck cайт бетіндегі нұсқауларды арқылы растаңыз.
Мәтінді хабар құру үшін 20 санды кодты, мысалы, 12345678919876543210 енгізіп, +44 77 86 200276 нөміріне жіберіңіз.
Page 24
24
Жергілікті және халықаралық операторлар қызметтерінің ақылары алынады.
Кодты растау мүмкін немесе мүмкін емес екендігі туралы хабар алуға тиіссіз.
Батареяңыз расталмаса, не істеу керек?
Егер сіз этикеткасында голограммасы бар Nokia батареясыны растай алмасаңыз, батареяны пайдаланбаңыз. Оны ең жақын орналасқан Nokia уәкілетті қызмет көрсету орнына немесе дилеріне апарып, көмек сұраңыз. Өндіруші мақұлдамаған батареяны пайдалану қауіпті және құрылғыңыз мен оның жасауларының жұмысының нашарлауына және зақымдануына әкеп соғуы мүмкін. Сондай-ақ бұл құрылғыға қолданылатын қандай да бір рұқсатты немесе кепілдікті күшінен айыруы мүмкін.
Nokia корпорациясының фирмалық батареялары туралы қосымша ақпарат алу үшін www.nokia.com/batterycheck бетін қараңыз.
Page 25
25
Күтім және қызмет көрсету
Құрылғыңыз жоғары дизайнды және шебер дайындалғандықтан, ұқыпты ұстауды қажет етеді. Келесі ұсыныстар кепілдігіңіздің күшін сақтауға көмектеседі.
Құрылғыны құрғақ күйінде ұстаңыз. Жауын-шашынның,
ылғалдылықтың және сұйықтықтардың құрамында электрондық тізбектердің тот басуына себепші болатын минералдар болуы мүмкін. Құрылғы суланса, батареяны шығарып алып, құрылғыны әбден құрғатыңыз.
Құрылғыны шаң басқан, ластанған жерлерде пайдаланушы
немесе сақтаушы болмаңыз. Оның ауыстырмалы бөліктері мен электрондық компоненттері зақымдануы мүмкін.
Құрылғыны ыстық жерлерде сақтамаңыз. Жоғары
температура электрондық құрылғылардың қызмет ету мерзімін қысқартып, сондай-ақ батареяларды зақымдауы және кейбір пластмасса бөлшектерінің қалпын бұзуы немесе оларды балқытып жіберуі мүмкін.
Құрылғыны суық жерде сақтамаңыз. Құрылғы қалыпты
температурасына қайтқан кезде құрылғының ішінде ылғал түзіліп, электрондық схема тақташаларын зақымдауы мүмкін.
Құрылғыны осы нұсқаулықта көрсетілгеннен басқа жолдармен
ашуға әрекеттенбеңіз.
Құрылғыны лақтырушы, соғушы немесе шайқаушы
болмаңыз. Дөрекі ұстау салдарынан ішкі схема тақташалары мен жұқа механизмдер сынуы мүмкін.
Page 26
26
Құрылғыны тазалау үшін қатты химиялық заттарды,
тазалағыш ерітінділерді немесе күшті жуу құралдарын пайдаланбаңыз.
Құрылғыны боямаңыз. Бояу құрылғының ауыстырмалы
бөлшектері мен дұрыс жұмыс істеуіне кедергі келтіруі мүмкін.
Тек жинақпен жеткізілген немесе мақұлданған
қосалқы антеннаны пайдаланыңыз. Рұқсат етілмеген антенналар құрылғыны зақымдап, радио құрылғыларын пайдалануды реттейтін ережелерді бұзуы мүмкін.
Зарядтағыштарды жабық жайда пайдаланыңыз.
Әрдайым күнделіктер мен күнтізбе ескертушілер сияқты
ақпараттың қосалқы көшірмесін жасап жүріңіз.
Құрылғының оңтайлы жұмыс істеуі үшін мезгіл-мезгіл
бастапқы қалпына келтіру мақсатында оны токтан ажыратып, батареясын шығарыңыз.
Бұл ұсыныстардың барлығы құрылғыға, батареяға, зарядтағышқа немесе кез келген жасауға бірдей қолданылады. Егер қандай да бір бөлшегі дұрыс жұмыс істемей тұрса, оны жөндеу үшін ең жақын орналасқан өкілетті қызмет көрсету орнына апарыңыз.
Page 27
27
Қоқысқа тастау
Бұйымыңыздағы, құжаттамадағы немесе орауыштағы сызылған қоқыс контейнері таңбасы сізге Еуропалық Одақта барлық электр және электронды бұйымдардың, батареялар мен батареялардың жұмыс істеу мерзімі біткеннен кейін бөлек жиналатынын еске салады. Бұл өнімдерді сұрыпталмаған тұрмыстық қалдық ретінде тастамаңыз.
Бақылаусыз қалдықтарды тастаудан қоршаған ортаға немесе адам денсаулығына келетін ықтимал зиянға жол бермеу үшін және материалдық ресурстарды қайтадан тиімді қолдану үшін өнімдерді пайдаға асыруға өткізіңіз. Пайдаға асыру туралы ақпаратты бұйым жеткізушіден, жергілікті қалдық жинайтын органдардан, өндірушілердің жауапкершілігін қадағалау жөніндегі мемлекеттік мекемелерден немесе жергілікті Nokia өкілінен алуға болады. Толық ақпарат алу үшін бұйымнің экологиялық декларациясын немесе www.nokia.com сайтынан елге қатысты ақпаратты қараңыз.
Page 28
28
Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат
Кішкентай балалар
Құрылғы мен оны керек-жарағының ішінде ұсақ бөлшектер болады. Оларды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
Жұмыс істеу ортасы
Кез келген аймақта қолданыстағы кез келген арнайы ережелерді орындаңыз және құрылғыны пайдалануға тыйым салынған кезде, не болмаса оның кедергі келтіруі немесе қауіп төндіруі мүмкін болған кезде оны әрдайым сөндіріп қойыңыз. Құрылғыны тек бір қалыпты жұмыс істеп тұрғанда пайдаланыңыз. Бұл құрылғы құлаққа қатысты бір қалыпты істеп тұрғанда не денеден кемінде
2.2 сантиметр (7/8 дюйм) алшақ тұрған кезде радиожиілік әсері туралы нұсқауларға сай болады. Денеге тағатын тасымал сөмкесі, белдікке қыстырғыш немесе ұстағыш қолданылғанда, оның құрамында металл болмауы керек және денеңізден жоғарыдакөрсетілгендей етіп тұруы керек.
Ақпараттық файлдарды немесе хабарларды жіберу үшін құрылғы желіге қосылу сапасының жақсы болуын қажет етеді. Кейбір жағдайларда ақпараттық файлдар немесе хабарлар мұндай қосылу пайда болғанша кешігуі мүмкін. Ақпарат жіберу тамамдалғанша жоғарыда аталған арақашықтық туралы нұсқаулықтардың орындалуын қамтамасыз етіңіз.
Page 29
29
Құрылғының бөлшектері магнитті болып табылады. Металл заттар құрылғыға тартылуы мүмкін. Несие карточкаларын немесе басқа да магнитті сақтау құралдарын құрылғының жанына қоймаңыз, өйткені, оларда сақтаулы ақпарат өшіріліп қалуы мүмкін.
Медициналық құрылғылар
Кез келген радио таратушы жабдықтың, соның ішінде сымсыз телефондардың жұмысы тиісті шамада қорғалмаған медициналық құрылғылардың жұмысына кедергі келтіруі мүмкін. Медициналық құрылғының сыртқы радиожиілік энергиясынан тиісті шамада қорғалғандығы туралы, сондай-ақ осы мәселе жайында сізде қандай да бір сұрақ бар болса, терапевт дәрігермен немесе құрылғының өндірушісімен кеңесіңіз. Егер денсаулық сақтау мекемелерінде ілініп қойған ережелер бойынша осылай істеуге нұсқау берілген болса, бұл жерлерде құрылғыны сөндіріп қойыңыз. Ауруханаларда немесе денсаулық сақтау мекемелерінде сыртқы радиожиілік энергиясына әсер ететін жабдық пайдаланылуы мүмкін.
Қондырылған медициналық құрылғылар
Медициналық құрылғылардың өндірушілері медициналық құрылғымен ықтимал өзара кедергіні болдырмау үшін сымсыз құрылғы мен электронды кардиостимуляторы немесе дефибрилятор сияқты қондырылған медициналық құрылғы арасында кем дегенде 15.3 сантиметр (6 дюйм) аралық сақтауын ұсынады. Ондай құрылғылары бар тұлғалар мыналарды орындауы тиіс:
Page 30
30
Әрқашан сымсыз құрылғы қосулы кезде сымсыз құрылғыны
медициналық құрылғыдан кем дегенде 15.3 сантиметр (6 дюйм) алшақ ұстаңыз.
Сымсыз құрылғыны төс қалтаға салып жүрмеңіз.
Кедергіні мүмкіндігінше азайту үшін сымсыз құрылғыны
медициналық құрылғыға қарама-қарсы болатын құлаққа тосыңыз.
Қандайда бір келдергінің пайда болу себебі анықталғанда,
сымсыз құрылғыны дереу өшіріңіз.
Сондай медициналық құрылғылардың өндірушілерінің
нұсқаулықтарын оқып шығыңыз және орындаңыз.
Егер сізде сымсыз құрылғы мен қондырылған медициналық құрылғыны пайдалану жөніндегі қандай да бір сұрақтарыңыз болса, емдеуші дәрігеріңізбен хабарласыңыз.
Есту құралдары
Кейбір сандық сымсыз құрылғылар кейбір есту құралдарына кедергі келтіруі мүмкін. Егер кедергі пайда болса, қызмет ұсынуға хабарласыңыз.
Көлік құралдары
Радио сигналдар дұрыс орнатылмаған моторлы көліктердегі секілді сондай-ақ тиісті шамада қорғалмаған электрондық жанармай бүрку жүйелері, бұғаттауға қарсы тежеу жүйелері, электронды жылдамдық реттеу жүйелері, пневматикалық жастықша жүйелері секілді электронды жүйелерге әсер етуі
Page 31
31
мүмкін. Қосымша ақпаратты білу үшін кез келген жабдықтың өндірушісінен немесе оның өкілінен сұрап біліңіз.
Құрылғыға тек білікті қызметкерлер қызмет көрсетіп, көлікке солар ғана орнатуы тиіс. Құрылғыны ақау орнатып, қызмет көрсетуі қауіпті болса, құрылғыға қолданылатын кез келген кепілдікті күшінен айыруы мүмкін. Көлігіңіздегі барлық сымсыз жабдықтың дұрыс орнатылуын, жұмыс істеуін тұрақты түрде тексеріп тұрыңыз. Құрылғы және оның бөлшектері немесе жасаулары сақталған бөлмелерге жанғыш сұйықтықтарды, газдарды немесе жарылғыш заттарды сақтап, тасымалдаушы болмаңыз. Пневматикалық жастықшамен жабдықталған көліктерде пневматикалық жастықшалар үлкен күшпен үрленіп толатынын есте сақтаңыз. Заттарды, соның ішінде орнатылған немесе тасымалы сымсыз жабдықты пневматикалық жастықшадан жоғары жерге немесе пневматикалық жастықша орналасатын жерге қоймаңыз. Егер көлік ішіндегі сымсыз жабдық дұрыс орнатылмаған болса, пневматикалық жастықша үрленген кезде ауыр жарақатқа әкеп соқтыруы мүмкін.
Ұшақпен ұшып бара жатқан кезде құрылғыны пайдалануға тыйым салынады. Ұшаққа мінер алдында құрылғыны сөндіріңіз. Ұшақтың ішінде теле құрылғыларды пайдалану заңсыз болып табылады. Ол ұшақтың жұмысына қауіп төндіріп, сымсыз телефон желісін үзуі мүмкін.
Жарылу қаупі бар орталар
Кез келген жарылу мүмкіндігі бар атмосфералы аймақта құрылғыны сөндіріп, барлық белгілер мен нұсқауларды сақтаңыз. Жарылу мүмкіндігі бар орталарға әдетте сіз көлік моторын
Page 32
32
сөндіруге кеңес берілетін аймақтар жатады. Мұндай аймақта ұшқынның пайда болуы дене жарақатына немесе тіпті өлімге әкеп соғатын жарылысқа және өртке себепші сәттерді туғызуы мүмкін. Құрылғыны қызмет көрсету бекеттеріндегі бензин сорғыларының маңайында, жанармай құю орындарында сөндіріңіз. Отын қоймалары мен оларды сақтап, тарату орындарында, химиялық зауыттар мен жарылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан аймақтарда радио жабдығын пайдалану туралы шектеулерді сақтаңыз. Жарылу қаупі бар атмосфералы аймақтар жиі таңбаланады. Бірақ бұл таңбалар әрқашанда анық бола бермейді. Бұл аймақтарға кеме палубалары, химиялық заттарды тасымалдау немесе сақтау құрылыстары, сұйылтылған мұнай газымен (пропан немесе бутан сияқты) жүретін көлік құралдары және ауасының құрамында химиялық заттар немесе түйіршік, шаң немесе металл тозаңдары сияқты бөлшектер бар аймақтар жатады.
Жедел қызметтерге телефон шалу
Маңызды: Сымсыз телефондар, соның ішінде осы құрылғы радио сигналдарының, сымсыз желілердің, жер үсті байланыс желілерінің және пайдаланушы бағдарламалаған функциялардың көмегімен жұмыс істейді. Осыған байланысты барлық жағдайларға байланыс орнатылатынына кепілдік беру мүмкін емес. Жедел медициналық жәрдем сияқты маңызды байланыстар үшін кез келген сымсыз құрылғыға еш уақытта сенім арта бермегеніңіз жөн.
Page 33
33
Жедел телефон шалу үшін:
1. Егер құрылғы сөндірулі болса, қосыңыз. Тиісті сигнал қарқындылығын тексеріңіз.
Кейбір желілер құрылғыға жарамды SIM картасын лайықты
түрде салынуын талап етуі мүмкін.
2. Дисплейді тазалап, құрылғыны телефон шалуға дайындау үшін аяқтау түймесін қажетінше қайталап баса беріңіз.
3. Өзіңіз тұрған жердегі ресми жедел қызмет нөмірін енгізіңіз. Жедел қызмет нөмірлері әр жерде әр түрлі болуы мүмкін.
4. Шақыру түймесін басыңыз.
Егер кейбір мүмкіндіктер қосулы болса, онда жедел қызметке телефон шалар алдында сол мүмкіндіктерді сөндіруіңіз қажет. Қосымша ақпарат алу үшін осы нұсқаулыққа немесе байланыс операторыңызға жүгініңіз.
Жедел қызметпен байланыс кезінде барлық қажетті ақпаратты мүмкіндігінше дәл беріңіз. Оқиға болған жерде сымсыз телефоныңыз бірден-бір байланыс құралы болуы мүмкін. Рұқсат берілмейінше, байланысты аяқтамаңыз.
Page 34
34
Сертификаттау туралы ақпарат (SAR)
Бұл кұрылғы радио толқындарының әсері жөніндегі ережелерге сай келеді.
Сіздің құрылғыңыз радио сигналдарын жіберіп, қабылдайды. Ол халықаралық ережелерде ұсынылған радиожиілік әсерінің шектерінен аспайтын дәрежеде жобаланып, жасалған. Бұл ережелерді ICNIRP (Иондандырмайтын сәулелерден қорғау жөніндегі халықаралық комитет) тәуелсіз халықаралық ұйымы әзірлеген және онда жасы мен денсаулық жағдайына қарамастан барлық кісілердің қорғалуын қамтамасыз етуге арналған сенімділік қоры қамтылған.
Жылжымалы құрылғылар шығаратын сәулелену деңгейін айқындау үшін үлестік сіңірілу коэффициенті немесе SAR деп аталатын өлшем бірлігі қолданылады. ICNIRP ережелерде көрсетілген SAR шегі дене тінінің 10 грамы бойынша орташаланған 2,0 ватт/килограмды (Вт/кг)* құрайды. SAR сынақтары барлық тексерілген жиілік ауқымдарында құрылғының ең жоғарғы рұқсат етілген қуат деңгейімен сигнал жіберіп жатқан кезде, жүйелі жұмыс істету жағдайларының көмегімен жүргізіледі. Құрылғы тек желіге жетуге қажетті қуатты ғана тұтынатындықтан, жұмыс істеп тұрған құрылғының нақты SAR деңгейі ең жоғарғы мәннен төменірек болуы мүмкін. Бұл мөлшер сіздің желінің негізгі бекетіне қаншалықты жақын тұрғаныңызға байланысты әр түрлі өзгеріп отырады. ICNIRP ережелеріне сәйкес құрылғыны құлаққа қойып пайдалану үшін ең жоғарғы SAR мәні 0,98 Вт/кг құрауы керек.
Page 35
35
Керек-жарақтар мен жасаулар пайдаланылған кезде SAR мәндері әр түрлі болуы мүмкін. SAR мәндері мемлекеттік деректер жіберу және сынақтар жүргізу талаптары мен желінің жиілік ауқымдарына қарай әр түрлі болады. SAR туралы қосымша ақпаратты www.nokia.com сайтындағы өнім туралы ақпарат бөлімінен алуға болады.
Loading...