Төменде камераның су өткізбейтін қасиеті туралы маңызды ескертпелер берілген.
Камераны пайдаланбас бұрын, "<Маңызды> соққыларға төзімділік, су өткізбеушілік,
шаңнан қорғау, конденсация" (
Су өткізбеушілікке қатысты хабарлар
Кейбір параметрлерді таңдағанда немесе кейбір операцияларды орындағанда камера
өзінің су өткізбейтін қасиеттері туралы хабарларды көрсетеді. Осындай хабарлар
көрсетілген кезде олардағы ақпаратты оқыңыз және ұстаныңыз.
A
xi) бөліміндегі ақпаратты мұқият оқып шығыңыз.
Do not open the covers by the
water or in sandy locations, as
foreign matter could enter the
camera.
1/6
Conrm that no foreign matter
is present where shown, then
close the covers.
3/6
Next, wipe o any water
droplets and place on a cloth to
dry.
5/66/6
Remove any foreign matter with
a brush or blower.
2/6
To remove foreign matter after
use, immerse in fresh water for
about 10 minutes.
4/6
After drying thoroughly, use a
cloth to remove any droplets
remaining on the areas
indicated.
Exit
Су өткізбеушілік туралы хабарлар төмендегідей жағдайларда көрсетіледі.
• Камераны бірінші рет іске қосып және параметрлерін орнатып жатқанда
• Камераны
Underwater (Судың астында) (A
41) режиміне орнатып жатқанда
• Камераны зарядтаудан кейін іске қосу барысында
Ескерту: Егер қақпақты бөгде заттарды шығармай жабсаңыз, су фотокамераның ішіне
енуі мүмкін немесе фотокамера зақымдалуы мүмкін.
Фотокамераны міндетті түрде тексеріңіз және тазалаңыз.
Кіріспе
Фотокамера бөліктері
Суретке түсіру және ойнату негіздері
Суретке түсіру мүмкіндіктері
Ойнату мүмкіндіктері
Бейнефильмдерді жазу және ойнату
Жалпы фотокамераны орнату
Орын деректерінің функцияларын пайдалану/карталарды көрсету
Wi-Fi (Сымсыз жергілікті желі) функциясын пайдалану
Фотокамераны теледидарға, компьютерге немесе принтерге жалғау
Tехникалық жазбалар мен индекс
i
Кіріспе
Осыны алдымен оқу
Nikon COOLPIX AW120 сандық фотокамера құрылғысын сатып алғаныңыз үшін алғыс
Кіріспе
білдіреміз. Фотокамераны қолданбастан бұрын "Қауіпсіздік үшін" (Avii-ix), "<Маңызды>
соққыларға төзімділік, су өткізбеушілік, шаңнан қорғау, конденсация" (Axi), "<Маңызды>
Орын деректері функциялары туралы ескертпелер (GPS/GLONASS, электрондық
компас)" (Axvii), және "Wi-Fi (Сымсыз жергілікті желі)" (Axix) бөлімдеріндегі
ақпаратты оқып шығыңыз және осы нұсқаулықта берілген ақпаратпен танысып алыңыз.
Оқып шыққаннан кейін осы нұсқаулықты қол жетімді жерде сақтаңыз және жаңа
фотокамераны қолдануды жетілдіру үшін осыны қараңыз.
Бума заттардың түгел болуын тексеру
Кез келген элемент жоқ болған жағдайда, фотокамераны сатып алған магазинмен
байланысыңыз.
COOLPIX AW120
Сандық Фотокамера
Зарядтау айнымалы ток
адаптері EH-71P
•
Қолданушынұсқаулығы (осы нұсқаулық)•Кепілдеме
1 Сатып алынған елде немесе аймақта ашалы адаптер қажет етілетін болса, ашалы
адаптер бумада қамтылады. Сатып алынған елге немесе аймаққа байланысты ашалы
адаптердің пішімі әр түрлі болады (A14).
2 Су өткізбейтін орамды тазалау үшін щетка пайдаланылады.
ЕСКЕРТПЕ:
•
•
Қосалқы құралдарда су өткізбеушілк қасиеті жоқ.
Жад картасы фотокамерамен бірге берілмейді.
Жерде пайдалануға
арналған фотокамера
бауы
USB кабелі UC-E21Щетка
1
Қайта зарядталатын
литий-ионды батарея
EN-EL12
2
ii
Осы нұсқаулық туралы
Егер фотокамераны бірден пайдаланғыңыз келсе, "Суретке түсіру және ойнату негіздері"
(A12) бөлімін қараңыз.
Фотокамера бөліктері мен мониторда көрсетілетін ақпарат туралы мәліметтер алу үшін
"Фотокамера бөліктері" (A1) бөлімін қараңыз.
"Анықтамалықнұсқаулық" жүктеп алу
Толық ақпаратты алу үшін Анықтамалық нұсқаулықты (PDF пішімінде) қараңыз.
Анықтамалық нұсқаулықты Nikon веб-торабынан жүктеп алуға болады.
http://nikonimglib.com/manual/
Анықтамалықнұсқаулықты Adobe веб-торабынан жүктеп алуға болатын Adobe Reader
бағдарламасының көмегімен қарап шығуға болады.
Басқа мәліметтер
•
Нышандар мен шартты белгілер
Қажетті ақпаратты табуды оңайлату үшін осы нұсқаулықта келесі нышандар мен
шартты белгілер қолданылады:
ТаңбаСипаттама
B
C
A/E/F
*E таңбасымен белгіленген беттер туралы мәлімет алу үшін Анықтамалық нұсқаулық
қараңыз.
•
SD, SDHC/SDXC жад карталары осы нұсқаулықта "жад карталары" ретінде
қарастырылады.
•
Сатып алынған уақыттағы параметр "әдепкі параметр" ретінде қарастырылады.
•
Монитор экранында көрсетілген мәзір элементтерінің атаулары және компьютердің
мониторында көрсетілген түймешіктердің атаулары не хабарлар қалың қаріппен
пайда болады.
•
Осы нұқсаулықта монитор индикаторларын анық көрсету үшін кескіндер кейде
монитор экранының үлгілерінен қалдырылған.
•
Монитор элементтері мен камераның суреттері нақты өнімнен өзгешеленуі мүмкін.
Бұл белгіше ескертуді және фотокамераны қолданбас бұрын оқып шығу
қажет мәліметтерді қамтиды.
Бұл белгіше фотокамераны пайдаланудан бұрын оқылуы тиіс
ескертпелер мен мәліметті білдіреді.
Бұл белгішелер тиісті ақпаратты қамтитын басқа беттерді көрсетеді;
E
*: "Анықтама бөлімі", F: "Техникалық жазбалар мен индекс".
Кіріспе
iii
Мәліметтер мен сақтық шаралары
Голографиялық мөр:
Осы құрылғының
түпнұсқа Nikon өнімі екендігін анықтайды.
Өмір бойына үйрену
Nikon компаниясының "Өмір бойына үйрену" міндеттемесінің бөлігі ретінде ағымдағы өнімге
қолдау көрсету және ол туралы білімді жетілдіру, үздіксіз жаңартылған ақпарат келесі
тораптарда қол жетімді болады:
Кіріспе
•
АҚШ еліндегі пайдаланушылар үшін: http://www.nikonusa.com/
•
Еуропа мен Африка елдеріндегі пайдаланушылар үшін: http://www.europe-nikon.com/support/
•
Азия, Океания және Таяу Шығыс елдеріндегі пайдаланушылар үшін:
http://www.nikon-asia.com/
Өнім бойынша кеңестерді, жиі қойылатын сұрақтарға жауаптарды және кескінді сандық пішімдеу
мен суретке түсіру бойынша ең соңғы жаңартылған мәліметтерді алу үшін осы тораптарға
кіріңіз. Қосымша ақпаратты аймағыңыздағы Nikon өкілдерінен алуға болады. Байланыс
мәліметтерін алу үшін төмендегі торапқа кіріңіз:
http://imaging.nikon.com/
Тек қана Nikon тауар белгісі бар электронды керек-жарақтарды
қолдану
Nikon COOLPIX фотокамералары жоғарғы стандарттар үшін жасалған және күрделі электронды
схеманы қамтиды. Осы электронды схеманың оперативтік және қауіпсіздік талаптарымен
жұмыс істеу үшін, әсіресе Nikon сандық камерасымен, Nikon компаниясы бекіткен Nikon тауар
белгісі бар электронды керек-жарақтарды ғана қолдану (соның ішінде зарядтау құрылғылары,
батареялар, зарядтау айнымалы ток адаптерлері, айнымалы ток адаптерлері және кабельдер)
жобаланған және танылған.
N
IKON ӨНІМДЕРІНЕ ЖАТПАЙТЫН ЭЛЕКТРОНДЫ КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ
ФОТОКАМЕРАҒА ЗАҚЫМ КЕЛТІРУІ МҮМКІН ЖƏНЕ
ЫҚТИМАЛ.
Nikon голографиялық мөрі басылмаған үшінші тараптың қайта зарядталатын литий-ионды
батареяларын қолдану фотокамераның қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіруі немесе
батареялардың қызып кетуіне, жануына, зақымдалуына немесе ағып кетуіне әкелуі мүмкін.
Nikon тауар белгісі бар керек-жарақтар туралы қосымша ақпаратты алу үшін Nikon жергілікті
өкілетті сатушыларымен байланысыңыз.
N
IKON КЕПІЛДЕМЕСІН ЖАРАМСЫЗ ЕТУІ
Маңызды суреттерді түсірмес бұрын
Маңызды жағдайларға байланысты суреттерді түсірмес бұрын (мыс., үйлену тойлары немесе
фотокамераны саяхатқа алмас бұрын), фотокамераның қалыпты жұмыс істейтінін тексеру үшін
сынақ суретке түсіріп көріңіз. Nikon компаниясы өнімнің дұрыс жұмыс істемеуін тудыруы мүмкін
зақымдарға немесе жоғалған пайда үшін жауапты болмайды.
iv
Нұсқаулықтар туралы
•
Осы өнімде қамтылған нұсқаулықтардың ешбір бөлігін Nikon компаниясының алдын ала
жазылған рұқсатынсыз ешқандай пішінде және ешқандай жолмен көшірмелеуге, таратуға,
ақпараттық іздеу жүйесінде қайтадан жазуға немесе ешбір тілге аударуға болмайды.
•
Nikon компаниясы осы нұсқаулықтарда сипатталған жабдық пен бағдарламаның техникалық
сипаттамаларын кез-келген уақытта және алдын-ала ескертусіз өзгерту құқығына ие.
•
Nikon компаниясы өнімді қолданудан туындаған ешбір зақымдар үшін жауапты болмайды.
•
Осы нұсқаулықтардағы мәліметтің дұрыс және толық болуына бар күш-жігерімізді
жұмсағанымызбен, қандай да бір қателерді немесе ескерілмеген тұстарды байқаған
жағдайда аймақтағы Nikon өкіліне айтуды сұраймыз (мекенжайы бөлек беріледі).
Көшірмелеуге немесе көбейтуге тыйым салуға қатысты ескертпе
Сканердің, сандық камераның немесе басқа құрылғының көмегімен сандық көшірмесі жасалған
немесе көбейтілген материалдың жай ғана иесі болудың өзі заңмен жазаға тартылуы
мүмкіндігін ескеріңіз.
•
Көшірмеленуіне немесе көбейтілуіне заңмен тыйым салынған элементтер
"Үлгі" ретінде мөр басылған көшірмелер немесе көбейтулер болса да, қағаз ақшаның,
тиындардың, құнды қағаздардың, мемлекеттік құнды қағаздардың немесе жергілікті құнды
қағаздардың көшірмесін жасамаңыз немесе оларды көбейтпеңіз. Шет елдерде айналыстағы
қағаз ақшаның, тиындардың немесе құнды қағаздардың көшірмесін жасауға немесе көбейтуге
тыйым салынады. Мемлекеттің рұқсатын алмайынша, мемлекет шығарған қолданылмайтын
пошта маркаларын немесе ашық хаттарды көшірмелеуге немесе көбейтуге тыйым салынады.
Мемлекет шығарған мөрлерді және заңмен қарастырылған куәландыратын құжаттарды
көшірмелеуге немесе көбейтуге тыйым салынады.
•
Нақты көшірмелер және көбейтулер бойынша ескертулер
Компания арқылы іскери қолданысқа берілуі қажет көшірмелердің ең азынан басқа жағдайда,
мемлекет жеке компаниялар шығарған құнды қағаздардың (акциялар, банкноттар, чектер,
сыйлық куәліктері, т.б.), жолаушы билеттерінің немесе талон билеттерінің көшірмелері немесе
көбейтулері бойынша ескертулерді шығарған. Сондай-ақ, мемлекет шығарған паспорттардың,
қоғамдық агенттіктер және жеке топтар шығарған лицензиялардың, өтуге және тамақтануға
арналған купондар сияқты жеке кәртішкелердің және билеттердің көшірмесін жасамаңыз және
көбейтпеңіз.
•
Авторлық құқық ескертпелеріне сәйкес орындау
Кітаптар, әуен, салынған суреттер, ағашқа салынған өрнектер, карталар, сызбалар,
бейнефильмдер және фотосуреттер сияқты авторлық құқықтары бар шығармашылық
жұмыстарды көшірмелеу немесе көбейту ұлттық және халықаралық авторлық құқық
заңдарымен басқарылады. Бұл өнімді заңсыз көшірмелерді жасау немесе авторлық құқықтарды
бұзу үшін қолданбаңыз.
Кіріспе
v
Деректерді сақтайтын құрылғыларды тастау
Кескіндерді жою немесе жад карталары немесе кірістірілген фотокамера жады сияқты
деректерді сақтау құрылғыларын пішімдеу бастапқы кескін деректерін толық жоймайтынын
ескеріңіз. Кейде коммерциялық қол жетімді бағдарламалық құралды қолданып, жеке кескін
деректерін қасақана қолдану мақсатында тасталған сақталатын құрылғылардан жойылған
Кіріспе
файлдарды қалпына келтіруге болады. Осындай деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету
пайдаланушының жауапкершілігі болып табылады.
Деректерді сақтау құрылғысын жою немесе иелікті басқа адамға тапсырудың алдында, сатып
алған жою бағдарламасының көмегімен барлық деректерді жойыңыз немесе құрылғыны
пішімдегеннен кейін
тармағындағы
орнатыңыз, содан кейін сақтау құрылғысын ашық аспан немесе жер беті суреттері сияқты жеке
мәлімет жоқ ақпаратқа толтырыңыз.
Select an image (Кескінді таңдау)
ауыстырыңыз (
зақымдалуды немесе мүлікке зақым келтіруді болдырмау үшін абай болыңыз.
COOLPIX AW120 үшін жад картасында сақталған журнал деректері басқа деректермен бірдей
әдіспен өңделеді. Жад картасында алынған, бірақ сақталмаған журнал деректерін жою үшін
Create log (Журналды жасау) ➝ End all logs (Барлық журналдарға жазуды аяқтау) ➝
Erase logs (Журналдарды өшіру)
Location data options (Орын деректерінің параметрлері) (A
Record location data (Орын деректерін жазу)
Welcome screen (Сәлемдесу экраны)
A
76). Деректерді сақтайтын құрылғыларды физикалық тұрғыда бұзу кезінде
опциясы үшін таңдалған бүкіл суреттерді міндетті түрде
тармағын таңдаңыз.
пәрменін пайдаланып тазалауға болады.
E
92) мәзіріндегі
параметрін
Off (Өшірулі)
параметріндегі
Restore default settings
87)
күйіне
vi
Қауіпсіздік үшін
Nikon өніміне немесе өзіңізге не басқаларға зақым келтіруді болдырмау үшін жабдықты
қолданбас бұрын келесі сақтық шараларын толығымен оқып шығыңыз. Өнімді
қолданатын барлық адамдардың осы қауіпсіздік нұсқауларын оқуы үшін оларды сақтап
қойыңыз.
Осы бөлімде берілген сақтық шараларын ескермеуден болуы мүмкін салдарлар келесі
таңбамен белгіленген:
Бұл белгіше ықтимал зақымның алдын алу мақсатында Nikon өнімін қолданбас
бұрын оқылуы қажет ескертулерді, мәліметтерді таңбалайды.
ЕСКЕРТУЛЕР
Дұрыс жұмыс істемеген жағдайда
өшіріңіз
Фотокамерадан немесе зарядтау
айнымалы ток адаптерінен түтін немесе
қалыпсыз иіс шығатынын байқасаңыз,
күйіп қалмау үшін абайлап, зарядтау
айнымалы ток адаптерін ажыратып, жедел
түрде батареяны алып тастаңыз.
Қолдануды жалғастыру зақым келтіруі
мүмкін. Қуат көзінен ажыратқаннан немесе
алып тастағаннан кейін, тексеруден өткізу
үшін жабдықты Nikon өкілетті қызмет
көрсету бөлімшесіне апарыңыз.
Бөлшектемеңіз
Фотокамераның ішкі бөліктерін немесе
зарядтау айнымалы ток адаптерін ұстау
нәтижесінде жарақат алынуы мүмкін.
Жөндеу жұмыстарын тек қана білікті
мамандар жүргізуі қажет. Түсіріп алудың
немесе басқа жағдайлардың нәтижесінде
фотокамера немесе зарядтау айнымалы
ток адаптері сынып қалса, өнімді
ажыратқаннан және/немесе батареяны
алып тастағаннан кейін өнімді тексеру үшін
Nikon өкілетті қызмет көрсету бөлімшесіне
апарыңыз.
Өртке қауіпті газдың жанында
фотокамераны немесе зарядтау
айнымалы ток адаптерін
қолданбаңыз
Электрондық жабдықты жанғыш газ бар
жерде пайдаланбаңыз, себебі бұл жарылу
немесе өртенуге әкелуі мүмкін.
Фотокамераны су астында
пайдаланғанда бауды алыңыз
Фотокамераның мойында қысылуы
тұншығуға әкелуі мүмкін.
Фотокамера бауын абайлап
ұстаңыз
Бауды ешқашан сәбидің немесе баланың
мойнына аспаңыз.
Балалардың қолы жетпейтін
жерде сақтаңыз
Сәбилердің батареяны немесе өзге де
кішігірім бөліктерді аузына салмауы үшін
ерекше сақтық көрсету қажет.
Кіріспе
vii
Құрылғылар қосулы немесе
қолданыста болғанда
фотокамераны, зарядтау
айнымалы ток адаптерін немесе
айнымалы ток адаптерін ұзақ
уақыт бойы ұстамаңыз
Құрылғылардың бөліктері ыстық болады.
Кіріспе
Ұзақ уақыт бойына құрылғыларды теріге
жақын ұстау нәтижесінде төменгі
температурада күйіп қалу туындауы мүмкін.
Өнімді жабық автокөлік немесе
тікелей күн сәулесі сияқты өте
жоғары температуралардың әсері
тиетін жерде қалдырмаңыз
Осы сақтық шарасын қолданбау
зақымдалуға немесе өртке әкелуі мүмкін.
Тиісті қуат көзін (батарея,
зарядтауға арналған айнымалы
ток адаптері, айнымалы ток
адаптері, USB кабелі)
пайдаланыңыз
Nikon компаниясы ұсынғаннан немесе
сатқаннан басқа қуат көзін пайдалану
құрылғыны зақымдауы немесе дұрыс
жұмыс істемеуі мүмкін.
Батареяны ұстаған кезде сақ
болыңыз
Батареяны дұрыс ұстамаған кезде ол ағуы,
қатты қызып кетуі немесе жарылуы мүмкін.
Осы өнімде қолдану үшін батареяны ұстаған
кезде келесі сақтық шараларын орындаңыз:
•
Батареяны ауыстырмас бұрын өнімді
өшіріңіз. Зарядтау айнымалы ток
адаптерін/айнымалы ток адаптерін
қолданған кезде, оны міндетті түрде
токтан ажыратыңыз.
•
Тек қана EN-EL12 қайта зарядталатын
литий-ионды батареяны пайдаланыңыз
(жинаққа кіреді). Батареяны зарядтау
мүмкіндігін ұсынатын фотокамера
арқылы зарядтаңыз. Осы әрекетті
орындау үшін, зарядаутауға арналған
EH-71P айнымалы ток адаптерін
(жиынтықта бар) және USB кабелін
UC-E21 (жиынтықта бар) пайдаланыңыз.
Батареяны фотокамераны пайдаланбай
зарядтау үшін MH-65 батареяны
зарядтау құрылғысын (бөлек сатылады)
да пайдалануға болады.
viii
•
Батареяны салған кезде оны жоғарғы
жағын төмен қаратып немесе кері
салуға әрекет жасамаңыз.
•
Батареяны қысқа тұйықтамаңыз немесе
бөлшектемеңіз немесе батареяның
изоляциясын немесе сыртын алып
тастауға немесе бөлуге тырыспаңыз.
•
Батареяны отқа немесе шамадан тыс
ыстық жерге шығармаңыз.
•
Суға батырмаңыз немесе оған
жақындатпаңыз.
•
Тасымалдамастан бұрын ұяшықты
оқшаулау үшін батареяны пластик
қалтаға, т.б. салыңыз. Алқа немесе
шашты түйреуіштер сияқты металдан
жасалған заттармен бірге
тасымалдамаңыз немесе сақтамаңыз.
•
Батареяның заряды толық біткен кезде
ол ағып кетуге бейім болады. Өнімге
зақым келтірмеу үшін заряд қалмаған
кезде батареяны міндетті түрде алып
тастаңыз.
•
Қолдануды тоқтатқаннан кейін бірден
түсінің бұзылуы немесе пішімінің өзгеруі
сияқты батареядағы кез келген
өзгерістерді байқауыңыз қажет.
•
Зақымдалған батареядан аққан
сұйықтық киіміңізге немесе теріге тисе,
бірден көп мөлшердегі сумен жуыңыз.
Зарядтау айнымалы ток
адаптерін ұстаған кезде келесі
сақтық шараларын орындаңыз
•
Құрғақ етіп сақтаңыз. Осы сақтық
шараларын дұрыс қолданбау өртті
тудыруы немесе электр тогының
соғуына әкелуі мүмкін.
•
Ашаның металдан жасалған
бөліктеріндегі немесе оның жанындағы
шаңды құрғақ матамен сүрту қажет.
Қолдануды жалғастыру өрт тудыруы
мүмкін.
•
Найзағай кезінде ашаны ұстамаңыз
немесе зарядтау айнымалы ток
адаптеріне жақындамаңыз. Осы сақтық
шараларын дұрыс қолданбау электр
тогының соғуына әкелуі мүмкін.
•
USB кабеліне зақым келтірмеңіз,
пішімін өзгертпеңіз, күшпен тартпаңыз
немесе бүкпеңіз, ауыр заттардың
астына салмаңыз немесе ыстыққа не
жалынға шығармаңыз. Изоляцияға
және сымдарға зақым келсе, оны
тексеру үшін Nikon өкілетті қызмет
көрсету орталығына апарыңыз. Осы
сақтық шараларын дұрыс қолданбау
өртті тудыруы немесе электр тогының
соғуына әкелуі мүмкін.
•
Ашаны немесе зарядтау айнымалы
ток адаптерін су қолдарыңызбен
ұстамаңыз. Осы сақтық шараларын
дұрыс қолданбау электр тогының
соғуына әкелуі мүмкін.
•
Бір кернеуден басқасына түрлендіру үшін
жасалған сапар түрлендіргіштерімен
немесе адаптерлерімен не
құралдарымен бірге қолданбаңыз. Осы
сақтық шараларын қолданбау өнімге
зақым келтіруі немесе қатты қызып
кетуді не өртті тудыруы мүмкін.
Сәйкес кабельдерді қолданыңыз
Кабельдерді кіріс және шығыс ұяларына
жалғаған кезде, өнім стандарттарына
сәйкестікті орнату мақсатына арналған тек
қана Nikon компаниясы берген немесе
сатқан кабельдерді қолданыңыз.
Қозғалатын бөліктерді абайлап
ұстаңыз
Объектив қақпағының немесе басқа
қозғалатын бөліктердің саусақтарыңызды
немесе басқа мүшелеріңізді қысып
қалмауы үшін абай болыңыз.
Жарқылды көзіңізге жақын
қолдану уақытша көру
қабілетіңізді нашарлатуы мүмкін
Жарқыл нысаннан кемінде 1 м қашықтықта
болуы тиіс.
Сәбилерді суретке түсірген кезде өте абай
болуыңыз қажет.
Жарқыл терезесі адамға не
нысанға тиіп тұрған кезде
жарқылмен жұмыс істемеңіз
Осы сақтық шараларын қолданбау күйіп
қалуға немесе өртке әкелуі мүмкін.
Ұшақта немесе ауруханада
қолданған кезде қуатты өшіріңіз
Ұшу не қону кезінде ұшақта болғанда
қуатты өшіріңіз. Ұшаққа отырмай тұрып,
орын деректерін жазу функциясын ӨШІРІП
қойыңыз. Бүкіл журналдарды жазуды
аяқтаңыз. Əуеде болған кезде сымсыз желі
функцияларын пайдаланбаңыз.
Ауруханада болған кезде аурухананың
нұсқауларын орындаңыз. Фотокамера
шығаратын электро-магнитті толқындар
ұшақтың электронды жүйелеріне немесе
аурухананың құралдарына кедергі келтіруі
мүмкін. Егер Eye-Fi картасын
пайдаланатын болсаңыз, оны әуе көлігіне
немесе ауруханаға кіру алдында
фотокамерадан алып тастаңыз.
0°C немесе одан төмен
температураларда ұзақ уақыт бойы
фотокамераға тікелей тимеңіз
Тері металл бөліктерге, т.б. тисе, бұл
терінің зақымдануына әкелуі мүмкін.
Қолғапты, т.б. киіңіз.
Бейнефильм жарығын
пайдаланғанда сақ болыңыз
Бейнефильм жарығына тік қарамаңыз. Бұл
көздерді зақымдауы немесе көрудің
нашарлауына әкелуі мүмкін.
Кіріспе
ix
Ескертпелер
Еуропадағы тұтынушыларға арналған
ескертпе
Кіріспе
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ
БАТАРЕЯ ДҰРЫС ЕМЕС ТҮРДЕ
АУЫСТЫРЫЛҒАН БОЛСА, ЖАРЫЛЫС
ҚАУПІ ТУЫНДАУЫ МҮМКІН.
ҚОЛДАНЫЛҒАН БАТАРЕЯЛАРДЫ
НҰСҚАУЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ТАСТАҢЫЗ.
Бұл таңба электр және
электрондық жабдықтардың
бөлек жиналуы керектігін
білдіреді.
Келесі мәселе тек қана
Еуропа елдеріндегі
пайдаланушыларға қатысты.
•
Бұл өнім тиісті жинау нүктесінде бөлек
жинау үшін арналған. Тұрмыстық қоқыс
ретінде жоймаңыз.
•
Бөлек жинау және қайта өңдеу табиғи
ресурстарды сақтауға және дұрыс емес
лақтырудан пайда болуы мүмкін адам
денсаулығына және қоршаған ортаға
теріс салдарларды болдырмауға
көмектеседі.
•
Қосымша ақпарат алу үшін сатушыға
немесе қоқысқа жауапты жергілікті
ұйымдарға хабарласыңыз.
Батареядағы бұл белгі
батареяның бөлек жиналуы
қажеттігін көрсетеді.
Келесі мәселе тек қана
Еуропа елдеріндегі
пайдаланушыларға қатысты.
•
Осы нышанмен таңбаланғанына не
таңбаланбағанына қарамастан барлық
батареялар арнайы жинау бөлімінде
бөлек жинауға арналған. Үй
қоқыстарымен бірге тастамаңыз.
•
Қосымша ақпарат алу үшін қалдықты
өңдеуге жауапты жергілікті өкілдермен
немесе сатушымен байланысыңыз.
x
<Маңызды> соққыларға төзімділік, су
өткізбеушілік, шаңнан қорғау, конденсация
•
Төмендегі нұсқауларды, сондай-ақ, "Өнімді күту" (F2) бөлімінде берілген
нұсқауларды оқыңыз.
Соққыларға төзімділік өнімділігі бойынша ескертпелер
Бұл фотокамера Nikon компаниясының MIL-STD 810F Method 516.5-Shock* үйлесімді ішкі
тексеруінен (қалыңдығы 5 cм фанераға 202 cм биіктіктен тастап тексеру) өткен.
Бұл тексеру фотокамераның су өткізбеушілігінің тиімділігіне я болмаса фотокамерада
барлық жағдайларда зақымдар немесе ақаулықтар болмайтынына кепіл бермейді.
Nikon компаниясының ішкі тексеруіне бояудың көшуі және тастағанда соққы тиетін бөліктің
деформациясы және су өткізбеушілік дәрежесі сияқты сыртқы түрдегі өзгерістер кірмейді.
* АҚШ Қорғаныс департаментінің тексеру әдісінің стандарты.
Бұл тастау тексеруінде бес фотокамераның бесеуі де тексеруден өтетінін тексеру үшін
5 фотокамера 122 см биіктіктен 26 бағытта (8 жиек, 12 бұрыш және 6 бет) тасталады
(еген тексеру кезінде қандай да ақаулық анықталса, фотокамераның бесеуі де тексеру
шарттарына сай екенін тексеру үшін тағы бес фотокамера тексеріледі).
b
Тастау немесе соғу арқылы фотокамераға шамадан тыс соққы, вибрация немесе
қысым әсерін тигізбеңіз.
Бұл сақтық шарасын орындамау фотокамера ішіне су кіруіне және фотокамераның дұрыс
жұмыс істемеуіне әкелуі мүмкін.
•
Фотокамераны су астында 18 м-ден тереңірек пайдаланбаңыз.
•
Ағынды су астында ұстап, фотокамераға су қысымын қолданбаңыз.
Су өткізбеушілік және шаңнан қорғау өнімділіктері
бойынша ескертпелер
Фотокамерада JIS/IEC 8 (IPX8) су өткізбеушілік сыныбы және JIS/IEC 6 (IP6X) шаңнан
қорғау деңгейі бар және су астында 18 м тереңдігінде 60 минут бойы суреттер түсіруге
мүмкіндік береді.*
Бұл көрсеткіш фотокамераның су өткізбеушілік өнімділігіне я болмаса фотокамерада
барлық жағдайларда зақым немесе ақаулықтар болмайтынына кепіл бермейді.
* Бұл көрсеткіш фотокамера фотокамераны Nikon анықтаған әдістерге сай пайдаланғанда
көрсетілген уақыт аралығы бойы көрсетілген су қысымына төгу үшін жасалғанын көрсетеді.
Кіріспе
xi
b
Фотокамераға тастау немесе соғу арқылы шамадан тыс соққы, вибрация немесе
қысым әсері тисе, су өткізбеушілік өнімділігіне кепіл берілмейді.
•
Фотокамераға соққылар тисе, су өткізбеушілік өнімділігін (зарядталған қызмет) тексеру
үшін сатушыдан немесе Nikon компаниясының өкілетті қызмет көрсету өкілінен кеңес
алыңыз.
-
Кіріспе
Фотокамераны су астында 18 м-ден тереңірек пайдаланбаңыз.
-
Фотокамераны сарқырамалардың астында ұстап су қысымының әсерін тигізбеңіз.
-
Nikon кепілдігі фотокамераны дұрыс емес пайдалану салдарынан фотокамера ішіне
су кіруі тудырған ақаулықтарды қамтымауы мүмкін.
•
Бұл фотокамераның су өткізбеушілік өнімділігі тек таза суда (бассейндер, өзендер және
көлдер) және теңіз суында пайдалануға арналған.
•
Бұл фотокамераның ішкі бөлігінде су өткізбеушілік қасиеті жоқ. Фотокамераның ішіне
судың кіруі дұрыс емес жұмыс істеуді тудыруы мүмкін.
•
Қосалқы құралдарда су өткізбеушілік қасиеті жоқ.
•
Фотокамераның сыртына немесе
батарея бөлімінің/жад картасы ұяшығы
қақпағының ішіне су тамшылары сияқты
сұйықтық тамса, оны жұмсақ, құрғақ
шүберекпен бірден сүртіп алыңыз.
Ылғалды жад картасын немесе
батареяны фотокамераға салмаңыз.
Жағалауда немесе су астында батарея
бөлімінің/жад картасы ұяшығының
қақпағы ашылса немесе жабылса, бұл
фотокамера ішіне судың кіруіне немесе
фотокамераның дұрыс жұмыс істемеуіне
әкелуі мүмкін.
Қақпақты ылғалды қолдармен ашпаңыз немесе жаппаңыз. Бұл фотокамераның ішіне
су кіруіне немесе фотокамераның дұрыс емес жұмыс істеуіне әкелуі мүмкін.
•
Егер фотокамераның сыртына немесе батарея бөлімінің/жад картасы ұяшығы
қақпағының ішіне (сары су өткізбейтін орам, ілмектер, жад картасының ұяшығы немесе
түйіспелер сияқты орындарда) бөгде зат жабысса, оны фенмен бірден кетіріңіз.
Батарея бөлімі/жад картасы ұяшығының қақпағының ішіне бөгде зат жабысса, оны
қамтылған щеткамен кетіріңіз. Қамтылған щетканы су өткізбейтін орамды тазалаудан
басқа ештеңені тазалау үшін пайдаланбаңыз.
•
Егер фотокамераға күнге күю майы, күннен қорғайтын лосьон, ыстық көз, ваннаның
аралас ұнтағы, жуғыш зат, сабын, органикалық еріткіш, май немесе алкоголь сияқты
бөгде зат жабысса, оны бірден сүртіп алыңыз.
•
Фотокамераны климаты суық аймақтарда төмен температура жағдайларында 40°C
немесе одан жоғары температура жағдайларында (әсіресе, тік күн сәулесі түсетін
орында, көлік кабинасының ішінде, қайықта, жағалауда немесе қыздыру жабдығының
жанында) ұзақ уақытқа қалдырмаңыз. Бұл су өткізбеушілік өнімділігінің нашарлауына
әкелуі мүмкін.
xii
Фотокамераны су астында пайдалану алдында
Фотокамераны су астында пайдалану алдында жерде пайдалануға арналған бауды
алыңыз.
1. Батарея бөлімінің/жад картасы ұяшығы қақпағының ішінде бөгде заттар жоқ
екенін тексеріңіз.
•
Батарея бөлімінің/жад картасы ұяшығы қақпағының ішіндегі құм, шаң немесе шаш
сияқты бүкіл бөгде заттарды фенмен кетіру керек.
•
Батарея бөлімінің/жад картасы ұяшығы қақпағының ішіндегі су сияқты кез келген
сұйықтықты жұмсақ, құрғақ шүберекпен сүртіп алу керек.
2. Батарея бөлімінің/жад картасы ұяшығы қақпағының су өткізбейтін орамы (A1)
сынбағанын немесе деформацияланбағанын тексеріңіз.
•
Бір жылдан кейін су өткізбейтін орамның су өткізбеушілік қасиеті нашарлауы мүмкін.
Егер су өткізбейтін орам нашарлай бастаса, сатушыға немесе Nikon компаниясының
өкілетті қызмет көрсету өкіліне хабарласыңыз.
3. Батарея бөлімінің/жад картасы ұяшығы қақпағы тығыз жабылғанын тексеріңіз.
•
Батарея бөлімінің/жад картасы ұяшығы қақпағын орнына шырт етіп орнатылғанша
бұраңыз. Фотокамера бауының жұқа сымы қысылып қалмағанын тексеріңіз.
Фотокамераны су астында пайдалану бойынша ескертпелер
Фотокамераның ішіне судың кіруін болдырмау үшін келесі сақтық шараларын
орындаңыз.
•
Фотокамерамен суға 18 м-ден тереңірек сүңгімеңіз.
•
Фотокамераны су астында 60 немесе одан көп минут бойы үздіксіз пайдаланбаңыз.
•
Су астында пайдаланғанда, фотокамераны 0°C - 40°C су температурасы ауқымында
пайдаланыңыз.
•
Фотокамераны ыстық көздерде пайдаланбаңыз.
•
Батарея бөлімін/жад картасы ұяшығының қақпағын су астында ашпаңыз немесе
жаппаңыз.
•
Су астында пайдаланғанда, фотокамераны соғып алмаңыз.
Фотокамерамен суға секірмеңіз немесе оған сарқырамалар сияқты жоғары су қысымы
әсерін тигізбеңіз.
•
Фотокамера суда қалқымайды. Фотокамераны су астында түсіріп алмаңыз.
Кіріспе
xiii
Фотокамераны су астында пайдаланудан кейін тазалау
•
Су астында пайдаланғаннан кейін фотокамераны 60 минут ішінде тазалаңыз. Егер
фотокамераны ылғалды жерде, тұз бөлшектері немесе бөгде заттар жабысқан күйде
қалдырсаңыз, бұл зақымдалуды, түссізденуді, коррозияны, жағымсыз иісті немесе су
өткізбеушілік қасиетінің нашарлауын тудыруы мүмкін.
Кіріспе
•
Фотокамераны тазалау алдында қолдарыңыздан, денеңізден және шашыңыздан су
тамшыларын, құмды, тұз бөлшектерін немесе басқа бөгде заттарды мұқият кетіріңіз.
•
Су шашылуы немесе құм әсер етуі мүмкін орыннан алыс болу үшін, фотокамераны іште
тазалау ұсынылады.
•
Бүкіл бөгде заттар сумен шығарылғанша және бүкіл су сүртілгенше батарея бөлімінің/
жад картасы ұяшығының қақпағын ашпаңыз.
1. Батарея бөлімінің/жад картасы ұяшығының қақпағын жабық ұстаңыз және
фотокамераны таза сумен жуыңыз.
Фотокамераны таза сумен (мысалы,
кран суы және тұз қамтымайтын
құдық суы) толтырылған терең емес
ыдысқа 10 минутқа салып қойыңыз
•
Егер түймешіктер немесе
қосқыштар дұрыс жұмыс істемесе,
бөгде заттар жабысқан болуы
мүмкін. Бұл дұрыс емес жұмыс
істеуді тудыруы мүмкін
болғандықтан, фотокамераны
таза суға батырыңыз және
фотокамерадан кез келген бөгде заттарды кетіру үшін оны суда жеткілікті шайқаңыз.
•
Фотокамера суға батырылғанда, микрофондағы немесе үндеткіштердегі саңылаулар
сияқты фотокамераның су шығару тесіктерінен біраз ауа көпіршіктері шығуы мүмкін.
Бұл ақаулық емес.
2. Су тамшыларын жұмсақ шүберекпен сүртіп алып, фотокамераны жақсы
желдетілетін және көлеңкелі орында құрғатыңыз.
•
Құрғату үшін фотокамераны құрғақ шүберекке қойыңыз.
Су микрофондағы немесе үндеткіштердегі саңылаулардан ағады.
•
Фотокамераны феннен немесе киім құрғатқыштан шығатын ыстық ауамен құрғатпаңыз.
•
Химикаттарды (мысалы, бензин, сұйылтқыш, алкоголь немесе тазалағыш),
сабын немесе бейтарап жуғыш заттарды пайдаланбаңыз.
Егер су өткізбейтін орам немесе фотокамераның корпусы деформацияланса,
су өткізбеушілік қасиеті нашарлайды.
.
xiv
3. Фотокамерада су тамшылары жоқ екенін тексергеннен кейін, батарея бөлімінің/
жад картасы ұяшығының қақпағын ашып, фотокамера ішінде қалған суды
немесе құмды құрғақ, жұмсақ шүберекпен сүртіп алыңыз.
•
Егер қақпақты фотокамера мұқият құрғамай тұрып ашсаңыз, жад картасына немесе
батареяға су тамшылары тиюі мүмкін.
Сондай-ақ, су тамшылары батарея бөлімінің/жад картасы ұяшығы қақпағының ішіне
кіруі мүмкін (су өткізбейтін орам, ілмектер, жад картасының ұяшығы немесе
түйіспелер сияқты орындарға).
Бұл орын алса, суды құрғақ, жұмсақ шүберекпен сүртіп алыңыз.
•
Ішінде су болғанда қақпақты жапса, бұл конденсатты немесе дұрыс емес жұмыс
істеуді тудыруы мүмкін.
•
Егер микрофон немесе үндеткіш саңылаулары су тамшыларына толған болса,
дыбыс нашарлау немесе бұрмалануы мүмкін.
-
Суды құрғақ, жұмсақ шүберекпен сүртіп алыңыз.
-
Микрофон немесе үндеткіш саңылауларын үшкір құралмен теспеңіз. Егер
фотокамераның іші зақымдалса, су өткізбеушілік қасиеті нашарлайды.
•
Қосымша ақпаратты "Тазалау" (F7) бөлімінен қараңыз.
Кіріспе
xv
Жұмыс температурасы, ылғалдылық және конденсат
бойынша ескертпелер
Бұл фотокамераны пайдалану –10°C мен +40°C арасындағы температураларда тексерілген.
Фотокамераны климаты суық аймақтарда пайдаланғанда, келесі сақтық шараларын
орындаңыз. Фотокамераны және қосымша батареяларды пайдалану алдында жылы
Кіріспе
орында сақтаңыз.
•
Батареялардың өнімділігі (түсірілетін кескіндер саны және түсіру уақыты) уақытша
төмендейді.
•
Егер фотокамера өте суық күйде болса, өнімділік уақытша төмендеуі мүмкін, мысалы,
фотокамераны қосқаннан кейін монитор әдеттегіден күңгірттеу болуы немесе қалдық
кескіндер пайда болуы мүмкін.
•
Фотокамераның сыртына қар немесе су тамшылары жабысқанда, оларды бірден сүртіп
алыңыз.
-
Қатып қалса, түймешіктер немесе қосқыштар біркелкі жұмыс істемеуі мүмкін.
-
Егер микрофон немесе үндеткіш саңылаулары су тамшыларына толған болса,
дыбыс нашарлау немесе бұрмалануы мүмкін.
b
Температура және ылғалдылық сияқты жұмыс
ортасындағы жағдайлар монитор немесе объектив ішінде
булануды (конденсатты) тудыруы мүмкін. Бұл
фотокамера ақаулығы немесе ақауы емес.
b
Фотокамера ішінде конденсатты тудыруы мүмкін
қоршаған орта жағдайлары
Кенет температура өзгерістері немесе жоғары ылғалдылық
болатын келесі қоршаған орта жағдайларында монитор немесе объектив ішінде булану
(конденсат) орын алуы мүмкін.
•
Фотокамера жердегі жоғары температурадан температурасы төмен су астына кенет
батырылады.
•
Фотокамера суық даладан ғимарат сияқты жылы орынға әкелінгенде.
•
Батарея бөлімінің/жад картасы ұяшығының қақпағы ылғалдылығы жоғары ортада
ашылады немесе жабылады.
b
Булануды тазалау
•
Батарея бөлімінің/жад картасы ұяшығының қақпағын қоршаған орта температурасы
тұрақты орында фотокамераны өшіргеннен кейін ашыңыз (жоғары температура/
жоғары ылғалдылық, құм немесе шаң бар кез келген орынды таңдамаңыз).
Булануды тазалау үшін батарея мен жад картасын алып, фотокамераға қоршаған орта
температурасына реттелуге мүмкіндік беру үшін фотокамераны батарея бөлімінің/жад
картасы ұяшығы қақпағын ашық қалдырыңыз.
•
Булану тазаланбаса, сатушыға немесе Nikon өкілетті қызмет көрсету өкіліне
хабарласыңыз
.
xvi
<Маңызды> Орын деректері функциялары туралы
ескертпелер (GPS/GLONASS, электрондық компас)
b
Осы фотокамераның карта/орын атауы туралы деректері
Орын деректері функцияларын пайдаланбастан бұрын, "КАРТА ДЕРЕКТЕРІ МЕН
ОРНАЛАСУ ОРНЫНЫҢ АТАУЫ ДЕРЕКТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ҚОЛДАНУШЫ
ЛИЦЕНЗИЯ КЕЛІСІМІ" (
келісіңіз.
•
Карталар және орын туралы ақпарат (Қажеттілік пункты: POI) 2013 ж. сәуір айында
шығарылған.
Карталар және орын атауы туралы ақпарат жаңартылмайды.
•
Геологиялық құрылымдар туралы мәліметтер картаның масштабына сай қарапайым
түрде көрсетіледі. Картаның масштабы және орын туралы деректердің егжейтегжейлілігінің деңгейі елге және аймаққа байланысты өзгеріп отырады Егер ендік
жоғарырақ болса, мониторда көрсетілетін көлденең және тік масштабтар әр түрлі
болады, сондықтан көрсетілген геологиялық құрылымдар нақты құрылымдардан
басқаша болады. Карталар мен орын атауы туралы ақпаратты тек нұсқаулық ретінде
пайдаланыңыз.
•
Толық карта деректері және орын атауы туралы ақпарат (Қажеттілік пункты: POI) Қытай
Халық Республикасы ("Қытай") және Корея Республикасында COOLPIX AW120
құрылғысы үшін қамтамасыз етілмейді.
b
Орын деректерін жазу функциялары және журналды жазу бойынша
ескертпелер
•
Орын деректері опциялары мәзірінің
параметрлері)
(Қосулы)
күйіне орнатылғанда, орын деректерін жазу функциялары және журналға
жазу тіпті фотокамера өшірілгеннен кейін жұмысын жалғастырады().
Фотокамера арқылы берілетін электро-магнитті толқындар ұшақтың электронды
жүйелеріне немесе аурухананың құралдарына кедергі келтіруі мүмкін. Осы
фотокамераны ұшақтың ұшып шығуы және қонуы барысында немесе емхана ішінде
пайдалануға тыйым салынған кезде,
параметрін
•
Тұлғаны орын деректерімен бірге жазылған фотосуреттер не бейнефильмдер арқылы
анықтауға болады. Орын деректері бар фотосуреттерді не бейнефильмдерді немесе
журнал файлдарын үшінші тарапқа тасымалдағанда немесе адамдар көре алатын
интернет сияқты желіге жүктегенде сақ болыңыз. "Деректерді сақтайтын
құрылғыларды тастау" (Avi) бөлімін міндетті түрде оқып шығу керек.
F
ішіндегі
Off (Өшірулі)
20) міндетті түрде оқып шығыңыз және осы шарттармен
Record location data (Орын деректерін жазу)
Location data options (Орын деректерінің
параметрі
Record location data (Орын деректерін жазу)
күйіне орнатыңыз және фотокамераны өшіріңіз.
On
Кіріспе
xvii
b
Өлшеу функциялары бойынша ескертпелер
COOLPIX AW120 фотокамера болып табылады. Осы фотокамераны шарлау құрылғысы
не өлшеу құралы ретінде пайдаланбаңыз.
•
Фотокамера өлшеген ақпаратты (бағыт, биіктік және су тереңдігі сияқты) тек нұсқаулық
ретінде пайдаланыңыз. Бұл ақпаратты ұшақ, көлік навигациясы және адам не жерге
орналастыру бағдарламаларында пайдаланбаңыз.
Кіріспе
•
Фотокамераны тауға шығу, треккинг үшін немесе су астында пайдаланғанда бөлек
картаны, шарлау құрылғысын немесе өлшеу құралын алыңыз.
b
Фотокамераны шетелде пайдалану
•
Орын деректері функциялары бар фотокамераны шет елге саяхатқа алып кетпей
тұрып, туристік агенттікке немесе баратын елдің елшілік қызметіне хабарласып,
бұл мүмкіндікті пайдалану бойынша шектеулер туралы біліңіз.
Мысалы, Қытайда орын туралы ақпарат журналдарын билік органдарының
рұқсатынсыз жазуға болмайды.
Record location data (Орын деректерін жазу)
орнатыңыз.
•
Орын деректері мүмкіндігі Қытайда және Қытайдың басқа елдермен шекаралас
аймақтарында дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін (желтоқсан 2013).
параметрін
Off (Өшірулі)
күйіне
xviii
Wi-Fi (Сымсыз жергілікті желі)
Бұл өнім Америка Құрама Штаттарының Экспорт басқармасының ережелерімен
басқарылады және бұл өнімді Америка Құрама Штаттары өнімдерін экспорттауды тыйым
салған кез келген мемлекетке экспорттау және қайтадан экпорттау жағдайында Америка
Құрама Штаттарының үкіметінен рұқсат алуыңыз қажет. Келесі мемлекеттерге экспортқа
тыйым салынған: Куба, Иран, Солтүстік Корея, Судан және Сирия. Мақсатты мемлекеттер
өзгере алатындығына байланысты, соңғы ақпаратты алу үшін АҚШ Сауда департаментіне
хабарласыңыз.
Сымсыз құрылғылар бойынша шектеулер
Осы өнімге қосылған сымсыз трансивер сату орын алатын мемлекеттегі сымсыз
құрылғылар бойынша ережелерге сай келеді және оны басқа мемлекеттерде сатуға
болмайды (ЕО не ЕЕСҚ ішінде сатып алынған өнімдерді ЕО не ЕЕСҚ ішінде бүкіл
жерлерде пайдалануға болады). Nikon басқа мемлекеттерде пайдалану үшін
жауапкершілігін көтермейді. Бастапқы сату мемлекетіне сенімсіз пайдаланушылар
жергілікті Nikon компаниясының қызмет көрсету орталығымен немесе Nikon
компаниясының қызмет көрсету өкілімен кеңесуі керек. Бұл шектеу сымсыз жұмысқа
ғана қатысты және оның кез келген басқа өнім қолданысына қатысы жоқ.
Кіріспе
xix
Сәйкестілік туралы декларация (Еуропа)
Осымен, Nikon корпорациясы COOLPIX AW120 құрылғысының 1999/5/EC
директивасының өзекті талаптарына және басқа тиісті ұсыныстарына сай келетіндігін
жаиялайды. Сәйкестілік туралы декларацияны келесі веб-торапта көруге болады:
Радио таратылымдарын пайдаланудағы сақтық шаралары
Радио таратылымын не деректердің қабылдануын үшінші тарап ұстап алу мүмкіндігін
әрқашан есіңізде сақтаңыз. Nikon компаниясы деректерді тасымалдау барысында орын
алуы мүмкін деректердің не ақпараттың жайылып кету үшін жауапты емес екендігін
ескеріңіз.
Жеке ақпаратты басқару және бас тарту
•
Өнімде тіркелген және теңшелген пайдаланушы туралы ақпарат, соның ішінде
сымсыз жергілікті желі байланысының параметрлері мен басқа жеке ақпарат көнеруі
мүмкін және басқару қатесі, тұрақты электр тогы, апат, қат пайдалану, жөндеу не
басқа әрекеттерден жоғалуы мүмкін. Əрқашан маңызды ақпараттың бөлек
көшірмелерін сақтаңыз. Nikon компаниясы Nikon компаниясына қатысты емес көнеру
не мазмұнның жоғалуынан болатын ешбір тікелей не жанама зақымдар не жоғалған
мүлік үшін жауапты емес.
•
Осы өнімді тастау не оны басқа иемденушіге берудің алдында, өніммен тіркелген
және теңшелген пайдаланушы туралы барлық ақпаратты, соның ішінде жергілікті желі
байланысының параметрлері мен басқа жеке ақпаратты жою үшін Wi-Fi параметрлері
мәзіріндегі (E92)
келтіру)
әрекетін орындаңыз.
Restore default settings (Әдепкі параметрлерді қалпына
xx
Мазмұны
Кіріспе .............................................................................................................................. ii
Осыны алдымен оқу....................................................................................................................... ii
Бума заттардың түгел болуын тексеру.................................................................................... ii
Осы нұсқаулық туралы............................................................................................................. iii
Мәліметтер мен сақтық шаралары ......................................................................................... iv
Қауіпсіздік үшін ............................................................................................................................. vii
ЕСКЕРТУЛЕР........................................................................................................................... vii
Ескертпелер.................................................................................................................................... x
<Маңызды> соққыларға төзімділік, су өткізбеушілік, шаңнан қорғау, конденсация................. xi
Соққыларға төзімділік өнімділігі бойынша ескертпелер........................................................ xi
Су өткізбеушілік және шаңнан қорғау өнімділіктері бойынша ескертпелер......................... xi
Фотокамераны су астында пайдалану алдында.................................................................. xiii
Фотокамераны су астында пайдалану бойынша ескертпелер........................................... xiii
Фотокамераны су астында пайдаланудан кейін тазалау.................................................... xiv
<Маңызды> Орын деректері функциялары туралы ескертпелер
(GPS/GLONASS, электрондық компас)..................................................................................... xvii
Wi-Fi (Сымсыз жергілікті желі).................................................................................................... xix
Фотокамера бөліктері .................................................................................................... 1