Electrolux EWT1264 User Manual

EWT 1264ERW
KK Кір жуғыш машина Қолдану туралы нұсқаулары 2 RU Стиральная машина Инструкция по эксплуатации 24
www.electrolux.com2

МАЗМҰНЫ

1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ....................................................................................... 3
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ............................................................................ 4
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ................................................................................. 6
4. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ.............................................................................................6
5. БАҒДАРЛАМА КЕСТЕСІ................................................................................... 7
6. ПАЙДАЛАНУ КӨЛЕМІ.....................................................................................10
7. ФУНКЦИЯЛАР.................................................................................................10
8. ПАРАМЕТРЛЕР...............................................................................................12
9. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН.....................................................................12
10. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ....................................................................................13
11. АҚЫЛ-КЕҢЕС................................................................................................ 16
12. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ............................................................................... 17
13. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ...................................................................................20
14. ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕК...................................................................................23
СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ
Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар бойғы кәсіби тәжірибе мен инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық бұл құрылғыны жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын тамаша нәтижеге қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз. Electrolux әлеміне қош келдіңіз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Қолдануға қатысты кеңестер, кітапшалар, ақаулықты түзету, қызмет көрсету туралы ақпарат:
www.electrolux.com
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.registerelectrolux.com
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:
www.electrolux.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз. Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын болуын қамтамасыз етіңіз. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі. Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.
Ескерту / Қауіп-қатерден сақтандыру ақпараты Жалпы ақпарат және ақыл-кеңес Қоршаған ортаға қатысты ақпарат
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.

1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау нәтижесінде адам жарақат алса және ақаулық орын алса өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықты келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап қойыңыз.

1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың қауіпсіздігі

Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен
денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым келген адамдар не тәжірибесі аз адамдар өз қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін адамның қадағалауы немесе құрылғыны қауіпсіз қолдану бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс қолданбау салдарын түсінсе қолдануына болады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
3 жасқа толмаған балаларды үнемі қарап
отырмаған жағдайда құрылғыдан алыс ұстау керек.
Орам материалдарының барлығын балалардан
алыс ұстаңыз.
Жуғыш заттардың барлығын балалардан алыс
ұстаңыз.
Құрылғының есігі ашық тұрғанда, балалар мен үй
жануарларын алыс ұстаңыз.
Балалар тазалау және күтім көрсету жұмыстарын
басқаның бақылауынсыз орындамауға тиіс.
ҚАЗАҚ 3

1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат

Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын
өзгертпеңіз.
Ең көп салмақ 6 кг көрсетілімін орындаңыз
("Бағдарлама кестесі" тарауын қараңыз).
Судың жұмыс кезіндегі қысымы (ең аз және ең көп)
0,5 бар (0,05 МПа) және 8 бар (0,8 МПа) арасында болуға тиіс.
www.electrolux.com4
Табанындағы желдеткіш саңылауларға (егер бар
болса) кілем кедергі жасамауға тиіс.
Құрылғыны жаңа түтіктер жинағын пайдаланып, су
жүйесіне қосу керек. Ескі түтіктерді қайта пайдалануға болмайды.
Егер қуат cымына зақым келсе, қатерден сақтану
үшін оны өндіруші немесе уәкілетті қызмет көрсету орталығы немесе сол сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.
Құрылғыны жөндеу алдында электр желісінен
ағытып, ашасын розеткадан суырыңыз.
Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және буды
қолданбаңыз.
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш заттарды қолданыңыз. Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкені, еріткіштерді немесе темір заттарды пайдаланбаңыз.

2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ

2.1 Орнату

• Орам материалдарының және тасымал тетіктерінің барлығын алыңыз.
• Тасымал тетіктерін сақтап қойыңыз. Құрылғыны қайта көшірген кезде, барабанды бұғаттап қою керек.
• Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі абай болыңыз, себебі салмағы ауыр. Әрқашан қорғаныс қолғабын киіңіз.
• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе іске қоспаңыз.
• Құрылғымен бірге берілген орнату бойынша нұсқауларды орындаңыз.
• Құрылғыны температурасы 0 °C градустан төмен немесе ауа-райы әсер ететін жерлерге орнатпаңыз немесе пайдаланбаңыз.
• Құрылғы орнатылатын еденнің тегіс, орнықты, қызуға төзімді және таза болуын қамтамасыз етіңіз.
• Құрылғы мен еден арасында ауаның айналуын қамтамасыз етіңіз.
• Құрылғы мен кілемнің арасында тиісті орын болуын қамтамасыз ету үшін өзгермелі тіректерін реттеңіз.
• Құрылғыны қақпағы толық ашылмайтын жерге орнатпаңыз.

2.2 Электртоғына қосу

• Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау қажет.
• Әрқашан дұрыс орнатылған, қатерден сақтандырылған розетканы қолданыңыз.
• Техникалық ақпарат тақтайшасындағы электр параметрлерінің электр желісіндегі параметрлерге сай келетініне көз жеткізіңіз. Сай келмесе, электршіге хабарласыңыз.
• Көп тармақты адаптерлер мен ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
• Құрылғының ашасына және сымына зақым келтірмеңіз. Қорек сымын ауыстыру қажет болса, оны міндетті түрде қызмет көрсету орталығы жүзеге асыруға тиіс.
• Құрылғының ашасын розеткаға тек құрылғыны орнатып болғаннан кейін ғана жалғаңыз. Орнатып болғаннан кейін ашаның қол жететін жерде тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Қорек сымын немесе ашасын су қолмен ұстамаңыз.
• Құрылғыны тоқтан ажырату үшін сымынан тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып суырыңыз.
• ҰБ мен Ирландияға ғана арналған: Құрылғының 13 амперлік қуат ашасы бар. Егер қуат ашасының сақтандырғышын ауыстыру қажет болса 13 амперлік ASTA (BS 1362) сақтандырғышын пайдаланыңыз.
• Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне сай келеді.

2.3 Суға қосу

• Су қосылымы түтіктеріне ешбір зақым келтірмеңіз.
• Құрылғыны жаңа құбырларға немесе ұзақ уақыт қолданылмаған құбырларға жалғамай тұрып, суын тазарғанша ағызыңыз.
• Құрылғыны алғаш рет қолданған кезде еш жерінен су ақпай тұрғанына көз жеткізіңіз.

2.4 Пайдалану

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Жарақат алу, электр қатері, күйіп қалу және өрт қаупі, құрылғыны бүлдіріп алу қаупі бар.
ҚАЗАҚ 5
• Бұл құрылғыны үйде ғана пайдаланыңыз.
• Жуғыш заттың орамында көрсетілетін нұсқауларды орындаңыз.
• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш зат салынған дымқыл заттарды құрылғының ішіне, қасына немесе үстіне қоймаңыз.
• Кірдегі темір заттардың барлығының алынғанына көз жеткізіңіз.
• Құрылғының астына ағып кетуі мүмкін суды құю үшін сауыт қоймаңыз. Қолданылатын керек­жарақтың түрін уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласып біліңіз.

2.5 Сервис

• Құрылғыны жөндеу үшін уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
• Тек ғана фирмалық қосалқы бөлшектерді қолданыңыз.

2.6 Құрылғыны тастау

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Жарақат алу немесе тұншығып қалу қаупі бар.
• Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.
• Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа тастаңыз.
• Балалар мен жануарлар құрылғыға қамалып қалмас үшін есіктің бекітпесін алыңыз.
2
3
1
4
5
6
Отжим
Полоскание
Отжим
Слив
Хлопок
Хлопок Eco
Синтетика
5 Рубашек
Спорт
Шторы
Джинсы
Одеяла
Шелк
Шерсть/ Ручная стирка
Температура
Тонкие ткани
Легкая глажка
Отсрочка
старта
Предв. стирка
Доп.
полоскание
90° 60° 40°
30° 20°
1200 800 400
Старт/Пауза
1 2 3 4
910
7
6
8
5
www.electrolux.com6

3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ

3.1 Құрылғының жалпы көрінісі

4. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ

4.1 Басқару панелінің сипаттамасы

Басқару панелі
1
Қақпақ
2
Қақпақтың тұтқасы
3
Су төгетін сорғының сүзгісі
4
Құрылғы деңгейін реттеуге
5
арналған тірек Техникалық ақпарат тақтайшасы
6
Бағдарлама түймешесі
1
Айналдыруды азайтатын
2
сенсорлық перне (Отжим)
3
Температура сенсорлық пернесі (Температура)
Дисплей
4 5
Алдын ала жуу сенсорлық пенесі
(Предв. стирка)
Кешіктіріп бастау сенсорлық
6
пернесі (Oтсрочка старта) Қосымша шаю сенсорлық пернесі
7
(Доп. полоскание)
Жеңіл үтіктеу сенсорлық пернесі
8
(Легкая глажка)
Жеңіл үтіктеу сенсорлық пернесі
9
(Старт/Пауза)
Таймердің сенсорлық түймешігі
A B
E D
C
10

4.2 Бейнебет

ҚАЗАҚ 7
A) Уақыт аумағы:
• Бағдарлама уақыты.
• Ескерту кодтары. Кодтардың сипаттамаларын "Ақаулықты түзету" тарауынан қараңыз.
• Таймердің деңгейі.
B) Кешіктіріп бастау индикаторы. C) Бала қауіпсіздігі құлпының
индикаторы.
D) Қақпақ құлпының индикаторы:
• Қосылып тұр, сондықтан қақпақты аша алмайсыз.
• Сөніп тұр, қақпақты ашуға болады.
• Жыпылықтап тұр, қақпақты аша алмайсыз. Индикатор сөнгенше бірнеше минут күтіңіз.
E) Жуу циклінің индикаторлары.
: жуу циклы
: шаю циклы
: айналдыру циклы

5. БАҒДАРЛАМА КЕСТЕСІ

Бағдарлама Температура ауқымы
Хлопок
90°C- Суық
Хлопок
1)
Eco 60° - 40°C
Синтетика
60°- Суық
Тонкие ткани 40°- Суық
Ең үлкен салмақ Ең үлкен айналдыру жылдамдығ ы
6 кг 1200 мин/айн
6 кг 1200 мин/айн
2,5 кг 1200 мин/айн
2,5 кг 1200 мин/айн
Бағдарлама сипаттамасы (Кірдің салмағы және кірлеу дәрежесі)
Ақ және түрлі-түсті мақта мата. Қалыпты
және шамалы ластанған кір.
Ақ мақта мата және бояуы қанық мақта мата. Қалыпты кірлеген. Қуатты пайдалану
азаяды және жуу бағдарламасының уақыты ұзарады.
Синтетика немесе аралас матадан жасалған заттар. Қалыпты кірлеген.
Акрил, вискоза, полиэстер тәрізді биязы матадан жасалған заттар. Қалыпты кірлеген.
www.electrolux.com8
Бағдарлама Температура ауқымы
Ең үлкен салмақ Ең үлкен
Бағдарлама сипаттамасы (Кірдің салмағы және кірлеу дәрежесі)
айналдыру жылдамдығ ы
Шерсть/
Ручная стирка
1 кг 1200 мин/айн
40°- Суық
Шелк
30°C
Одеяла
60° - 30°C
Полоскание
Суық
Слив
Отжим
Джинсы
60°- Суық
Шторы
40°- Суық
Спорт
30°C
5 Pубашек
30°C
1)
Мақта мата, үнемді бағдарламасы. Бұл бағдарлама 60ºC градуспен жуатын, 6 салмаққа арналған, қуат мәндері көрсетілген тақтайшадағы ақпарат негізінде EEC 92/75 стандарттарына сай берілген бағдарлама. Жуу нәтижесін жақсарту және қуатты аз тұтыну үшін осы бағдарламаны орнатыңыз. Жуу бағдарламасының уақыты ұзарады.
2)
Осы цикл кезінде кірді баппен жуу үшін барабан баяу айналады. Барабан айналмай тұрған сияқты немесе дұрыс айналмай тұрған сияқты көрінуі мүмкін. Бұл құрылғы үшін қалыпты жағдай.
3)
Сумен ғана шайған кезде алдын ала жуу циклына ешбір жуғыш зат салмаңыз.
1 кг 800 мин/айн
2 кг 800 мин/айн
6 кг 1200 мин/айн
6 кг Барабандағы суды төгуге арналған. Барлық
6 кг 1200 мин/айн
3 кг 1200 мин/айн
2,5 кг 800 мин/айн
2,5 кг 800 мин/айн
1,5 кг 800 мин/айн
«Қолмен жуу» белгісі бар нәзік маталар, машинамен жууға болатын жүн маталар
және қолмен жууға болатын жүн маталар.
Жібек және аралас синтетикалық заттарға
арналған арнайы бағдарлама.
Бір синтетикалық төсек жапқыш, көрпе, төсек жабдығы т.с.с. заттарды жууға арналған арнайы бағдарлама.
Кірді шаюға және айналдыруға арналған.
Барлық маталар.
маталар.
Кірді айналдыруға және барабандағы суды төгуге арналған. Барлық маталар.
Джинс және джерсиден жасалған заттар. Баран түсті заттарға да арналған.
Перделерге арналған арнайы бағдарлама. Алдын ала жуу циклы автоматты түрде іске
қосылады.
3)
Синтетика және нәзік заттар. Шамалы
кірлеген немесе жаңартуды ғана қажет ететін заттар.
Синтетика және аралас матадан жасалған заттар. Шамалы кірлеген және жаңартуды
қажет ететін заттар. 5 - 6 жейде.
2)
Бағдарлама параметрлерінің сыйысымдылығы
Бағдарлама
ҚАЗАҚ 9
5.1 Woolmark Apparel Care ­Көк
Woolmark компаниясы бұл машинаның жүн матаны жуу бағдарламасын
сертификаттаған, дегенмен бұл компанияның талабы бойынша «қолмен жуу» деген затбелгісі бар заттарды, осы кір жуғыш машинаны өндірушінің нұсқауларын сақтап жуу керек. Киімді кептіру және басқа нұсқауларды күтім көрсету белгісінен қараңыз. M1145
Ұлыбританияда, Ирландияда, Гонконг пен Индияда Woolmark белгісі ­сертификатталған сауда белгісі болып табылады.
www.electrolux.com10

6. ПАЙДАЛАНУ КӨЛЕМІ

Осы кестеде жалпылама орташа мәндер көрсетілген. Әр түрлі себептер деректердің өзгеруіне әкелуі мүмкін: кірдің мөлшері мен түрі, судың және қоршаған ортаның температурасы.
Бағдарлама басталған кезде бейнебетте кірдің ең көп мөлшеріне арналған бағдарламаның ұзақтығы көрсетіледі. Жуу циклы кезінде бағдарлама ұзақтығы автоматты түрде есептеледі және салынған кірдің салмағы кірдің ең көп мөлшерінен аз болса барынша азаяды (мысалы, Мақта мата 60°C, кірдің ең көп мөлшері 6 кг болса, онда бағдарлама ұзақтығы 2 сағаттан асады; нақты салмақ 1 кг болса, бағдарлама ұзақтығы 1 сағатқа жетпейді). Құрылғы бағдарламаның нақты уақытын есептеп тұрғанда бейнебетте нүкте жыпылықтайды.
Бағдарламалар Салма
Мақта мата 60 °C 6 1,10 56 180
Мақта мата, үнемді 60 °C бағдарламасы
Мақта мата 40 °C 6 0,65 54 150
Синтетика 40 °C 2,5 0,45 46 105
Нәзік мата 40 °C 2,5 0,55 46 90
Жүн мата/Қолмен жуу 30 °C
1)
6 кг салмаққа арналған «Мақта мата, үнемді 60°C бағдарламасы» қуат мәндері көрсетілген тақтайшадағы ақпарат негізінде EEC 92/75 стандарттарына сай берілген бағдарлама.
Жоғарыда көрсетілген кестедегі ақпарат 2009/125/EО нұсқауын жүзеге асыру үшін ЕО Комиссиясының 1015/2010 ережесіне сай берілген.
1)
Сөндіру режимі (Вт) Қосулы режим (Вт)

7. ФУНКЦИЯЛАР

7.1 Температура

Әдепкі температураны өзгерту үшін осы параметрді орнатыңыз.
қ (кг)
0,48 0,48
Қуат тұтыну (кВт/сағ)
6 0,96 45 240
1 0,35 50 65
Суды пайдалану (литр)
Орнатылған температураның индикаторы жанады.
Бағдарламаның болжалды ұзақтығы (минут)
индикаторы = суық су.
ҚАЗАҚ 11

7.2 Отжим

Осы функцияның көмегімен әдепкі айналдыру жылдамдығын өзгертуге болады.
Орнатылған жылдамдықтың индикаторы жанады.
Қосымша айналдыру параметрлері: Айналдырмау
• Барлық айналдыру циклдарын болдырмау үшін осы функцияны орнатыңыз. Су төгу циклы ғана жұмыс істейді.
• Тиісті индикатор жанады.
• Бұл функцияны өте нәзік маталар үшін орнатыңыз.
• Кей жуу бағдарламаларында шаю циклы көп су пайдаланады.
Шаюды кідірту
• Кірлер мыжылып қалмас үшін осы параметрді орнатыңыз.
• Тиісті индикатор жанады.
• Бағдарлама аяқталған кезде барабан ішінде су қалады.
• Кір мыжылып қалмас үшін барабан мезгіл-мезгіл айналып тұрады.
• Қақпақ құлыпталып тұрады. Қақпақтың бекітпесін ашу үшін суды төгу керек.
Суды төгу үшін "Бағдарламаның соңы" тарауын қараңыз.
Түнгі цикл
• Бұл параметрді барлық айналдыру циклдарын ажыратып, кірді шуылсыз режим бойынша жуу үшін орнатыңыз.
• Кей жуу бағдарламаларында шаю циклы көп су пайдаланады.
• Тиісті индикатор жанады.
• Жуу бағдарламасы аяқталғанда барабан ішінде су тұрады. Кір мыжылып қалмас үшін барабан мезгіл-мезгіл айналып тұрады.
• Қақпақ құлыпталып тұрады. Қақпақтың бекітпесін ашу үшін суды төгу керек.
Суды төгу үшін "Бағдарламаның соңы" тарауын қараңыз.

7.3 Предв. стирка

Осы параметрдің көмегімен жуу бағдарламасына алдын ала жуу циклын қосуға болады.
Осы параметрді қатты кірлеген кірді жуу үшін пайдаланыңыз.
Осы параметрді орнатқан кезде бағдарламаның уақыты ұзарады.
Тиісті индикатор жанады.

7.4 Oтсрочка старта

Осы параметрдің көмегімен бағдарламаны 30 минуттан 20 сағатқа дейін кешіктіріп бастауға болады.
Бейнебетте тиісті индикатор пайда болады.

7.5 Доп. полоскание

Осы параметрдің көмегімен жуу бағдарламасына бірнеше шаю циклын қосуға болады.
Бұл функцияны жуғыш заттарға аллергиясы бар адамдар үшін және суы тым тұщы жерлерде қолданыңыз.
Тиісті индикатор жанады.

7.6 Легкая глажка

Құрылғы кір мыжылып қалмас үшін абайлап жуады және айналдырады.
Құрылғы айналдыру жылдамдығын азайтады, суды көбірек пайдаланады және бағдарламаның уақытын кірдің түріне лайықтап қолданады.
Тиісті индикатор жанады.

7.7 Таймер

Жуу бағдарламасын орнатқан кезде бейнебетте әдепкі уақыт көрсетіледі.
Бағдарламаның уақытын азайту немесе көбейту үшін немесе
түймешігін басыңыз. Таймер функциясы кестеде
көрсетілген бағдарламаларда ғана жұмыс істейді.
www.electrolux.com12
индика тор
2)
3)
1)
Қол жетімді болса.
2)
Ең қысқа: кірді жаңартуға арналған.
3)
Ең ұзақ: Бағдарламаның ұзақтығын баяу көбейткен кезде пайдаланылатын қуат мөлшері азаяды. Оңтайландырылған қыздыру циклы пайдаланылатын қуат мөлшерін азайтады және ұзақ бағдарламаны қолданғанда, жуу нәтижесі өзгермейді (қалыпты кірлеген кірлер).
4)
Барлық бағдарламаның әдепкі ұзақтығы.
■4)■4)■4)■4)■4)■

8. ПАРАМЕТРЛЕР

8.1 Бала қауіпсіздігінің құралы

Осы функцияның көмегімен балалар басқару панелімен ойнауға жол бермейсіз.
• Осы функцияны іске қосу/ажырату
үшін және түймешіктерін
индикаторы жанғанша/
сөнгенше қатар басыңыз.
Мына параметрді қосуға болады:
түймешігін басқаннан кейін:
функциялар мен бағдарлама тетігі бұғатталады.
түймешігін баспай тұрып:
құрылғы іске қосылмайды.
1)
1)
4)

8.2 Дыбыстық сигналдар

Дыбыстық сигналдар мына жағдайларда қосылады:
• Бағдарлама аяқталғанда.
• Құрылғыда ақау бар кезде. Дыбыстық сигналдарды сөндіру/қосу
үшін және түймешіктерін 6 секунд қатар басыңыз.
Егер дыбыстық сигналдарды сөндірсеңіз, олар құрылғыда ақау пайда болған кезде қосыла береді.

9. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН

1. Жуу циклына арналған бөлікке
шамалы жуғыш зат салыңыз.
2. Мақта матаға арналған
бағдарламаны орнатып, ең жоғары температураға қойып ешбір кір салмай жуыңыз.
Бұл цикл барабан мен машинаның ішінде бар болуы мүмкін кірлердің барлығын кетіреді.

10. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ

A
M
ҚАЗАҚ 13
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

10.1 Кірді салу

1. Құрылғының қақпағын ашыңыз.
2. A түймешігін басыңыз.
Барабан автоматты түрде ашылады.
3. Кірді барабанға бір-бірден
салыңыз.
4. Кірлерді құрылғыға салар алдында
сілкілеңіз. Барабанға тым көп кір салынбағанына көз жеткізіңіз.
5. Барабан мен қақпақты жабыңыз.
10.2 Жуғыш зат пен
үстемелерді пайдалану
Жуғыш зат пен мата жұмсартқышты өлшеп алыңыз.

10.3 Жуғыш зат салынатын бөліктер

САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ!
Кір жуғыш машинаға арнайы жуғыш заттарды ғана пайдаланыңыз.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ!
Құрылғының есігін жабар алдында, барабанның дұрыс жабылғанына көз жеткізіңіз.
Жуғыш заттардың орамында көрсетілетін нұсқауларды әрқашан орындаңыз.
Алдын ала жуу циклына арналған жуғыш зат бөлігі.
Жуу циклына арналған жуғыш зат бөлігі.
Сұйық үстемелерге арналған бөлік (мата жұмсартқыш, крахмал).
таңбасы құйылатын сұйық үстемелердің ең жоғары деңгейін
көрсетеді.

10.4 Бағдарламаны орнату

1. Бағдарлама тетігін бұрап, жуу
бағдарламасын орнатыңыз:
индикаторы жыпылықтайды.
• Дисплейде Уақыт басқарушысының деңгейі,
www.electrolux.com14
бағдарламаның уақыты және бағдарлама циклдарының индикаторлары көрінеді.
2. Қажет болса, температура мен
айналдыру жылдамдығын өзгертіңіз немесе қолжетімді параметрлерді қосыңыз. Параметрді қосқан кезде орнатылған параметрдің индикаторы жанады.
Егер қате орнатып қойсаңыз, бейнебетте
көрсетіледі.

10.5 Кешіктіріп бастау функциясы жоқ бағдарламаны бастау

түймешігін басыңыз.
индикаторы жыпылықтауын тоқтатып, жанған қалпы тұрады.
• Бейнебетте индикаторы жыпылықтай бастайды.
• Бағдарлама басталады да, қақпақ құлыпталып, дисплейде
индикаторы көрсетіледі.
• Құрылғыға су құйылған кезде су төгетін сорғы шамалы уақыт жұмыс істейді.
Бағдарлама басталғаннан кейін шамамен 15 минуттан кейін:
• Құрылғы бағдарламаның ұзақтығын автоматты түрде кірдің ластану деңгейіне сай келтіріп реттейді.
• Бейнебетте жаңа мән көрсетіледі.

10.6 Кешіктіріп бастау функциясы бар бағдарламаны бастау

1. түймешігін бейнебетте
орнатқыңыз келген кешіктіріп бастау уақыты көрсетілгенше қайта-қайта басыңыз.
Бейнебетте тиісті индикатор жанады.
2. түймешігін басыңыз:
• Құрылғы кері санай бастайды.
• Есік бекітіледі, дисплейде индикаторы пайда болады.
• Кері санақ аяқталған кезде, бағдарлама автоматты түрде басталады.
Орнатылған кері санақ мәнін түймешігін
баспай тұрып болдырмауға немесе өзгертуге болады. Кешіктіріп бастау функциясын болдырмау үшін:
• Құрылғыны кідірту үшін түймешігін
басыңыз.
түймешігін дисплейде ' пайда
болғанша басыңыз.
• Бағдарламаны дереу бастау үшін
түймешігін қайта
басыңыз.

10.7 Бағдарламаны кідірту және параметрлерді өзгерту

Кей функцияларды ғана басталмай тұрып өзгертуге болады.
1. түймешігін басыңыз. Индикатор жыпылықтайды.
2. Функцияларды өзгертіңіз.
3. түймешігін қайта басыңыз.
Бағдарлама жалғасады.

10.8 Жұмыс істеп тұрған бағдарламаны болдырмау

1. Бағдарламаны біржола тоқтату
және құрылғыны сөндіру үшін бағдарлама тетігін қалпына
қойыңыз.
2. Құрылғыны іске қосу үшін
бағдарлама тетігін қайта бұраңыз. Енді жаңа жуу бағдарламасын орнатуға болады.
ҚАЗАҚ 15
Жаңа бағдарламаны бастау алдында құрылғының суы төгіледі. Бұл жағдайда, жуғыш зат үлестіргіште жуғыш заттың әлі бар екеніне көз жеткізіңіз, егер жоқ болса қайтадан толтырыңыз.

10.9 Қақпақты ашу

Бағдарлама немесе кешіктіріп бастау жұмыс істеп тұрғанда, құрылғының қақпағы бекітулі тұрады. Бейнебетте
индикаторы пайда болады.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ!
Егер барабанның ішіндегі судың температурасы мен деңгейі өте жоғары болса, қақпақты аша алмайсыз.
Кешіктіріп бастау жұмыс істеп тұрғанда қақпақты ашу:
1. Құрылғыны кідірту үшін
түймешігін басыңыз.
2. Қақпақ бұғаттаулы индикаторы
сөнгенше күтіңіз.
3. Қақпақты ашуға болады.
4. Қақпақты жауып,
қайта басыңыз. Кешіктіріп бастау функциясы жалғасады.
Бағдарлама жұмыс істеп тұрғанда қақпақты ашу:
1. Құрылғыны сөндіру үшін
бағдарлама тетігін қалпына бұраңыз.
2. Бірнеше минут күте тұрыңыз да,
содан кейін құрылғының қақпағын ашыңыз.
3. Қақпақты жауып, бағдарламаны
қайта орнатыңыз.
түймешігін

10.10 Бағдарламаның соңы

• Құрылғы автоматты түрде тоқтайды.
• Дыбыстық сигналдар естіледі (егер қосулы тұрса).
• Бейнебетте жанады.
индикаторы сөнеді.
• Қақпақ құлпының индикаторы сөнеді.
• Қақпақты ашуға болады.
• Құрылғыдан кірді алыңыз. Барабанның бос екеніне көз жеткізіңіз.
• Судың шүмегін жабыңыз.
• Құрылғыны сөндіру үшін бағдарлама тетігін қалпына
бұраңыз.
• Зең және иіс пайда болмас үшін қақпақты сәл ашып қойыңыз.
Жуу бағдарламасы аяқталды, бірақ барабанда су тұр:
• Кір мыжылып қалмас үшін барабан мезгіл-мезгіл айналып тұрады.
• Қақпақ бұғаттаулы индикаторы жанып тұр. индикаторы
жыпылықтайды. Қақпақ құлыпталып тұрады.
• Қақпақты ашу үшін суды төгу керек.
Суды төгу үшін:
1. Қажет болса, айналдыру
жылдамдығын азайтыңыз. Егер параметрін орнатсаңыз, құрылғы тек суды ғана төгеді.
2. түймешігін басыңыз. Құрылғы
суды төгеді де, айналдыру кезеңін орындайды.
3. Бағдарлама аяқталып, қақпақ
бұғаттаулы индикаторы көрінбей кеткенде қақпақты ашуға болады.
4. Құрылғыны сөндіру үшін
бағдарлама тетігін қалпына бұраңыз.
Құрылғы шамамен 18 сағаттан кейін суды автоматты түрде төгеді және айналдырады (Жүн мата бағдарламаларынан басқа бағдарламаларда).

10.11 Күту режимі

Жуу бағдарламасы аяқталғаннан кейін бірнеше минуттан кейін құрылғыны сөндірмесеңіз, қуатты үнемдеу режимі қосылады.
Loading...
+ 33 hidden pages