МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ
Қауіпсіздікке қатысты ескертулер
Қауіпті!
Мұндай ескертулерді елемеу электр тогына түсу
салдарынан өмірге қауіп төндіретін жарақатқа
себеп болуы мүмкін.
- Құрылғыны қуат
розеткасының дәл астына
орналастырмау керек.
- Бұл құрылғыны ванналардың,
раковиналардың, душтардың,
кір жуатын жерлердің немесе
бассейндердің қасында
пайдаланбаңыз.
- Егер қуат кабелі зақымданса,
барлық қауіп-қатерлердің
алдын алу үшін оны өнім
жасаушысы, қызмет орталығы
немесе білікті маман
ауыстыруы керек.
Маңызды!
Мұндай ескертуді елемеу жарақаттануға немесе
құрылғыны зақымдауға себеп болуы мүмкін.
- Бұл құрылғыны 8 жастан
асқан балаларға, қозғалу, сезу
немесе ойлану мүмкіндіктері
шектелген адамдарға немесе
осы құрылғыға қатысты
тәжірибесі немесе білімі жоқ
адамдарға тек оларға ықтимал
қауіп-қатерлер мен құрылғыны
қауіпсіз жолмен пайдалану
туралы нұсқау берілгенде
және олар бақыланғанда
ғана пайдалануға болады.
Балалардың осы құрылғымен
ойнамауын қадағалаңыз.
Тазалауды және пайдаланушы
орындайтын техникалық
күтімді балаларға бақылаусыз
орындатпау керек.
- 3 жасқа толмаған балаларды
үздіксіз бақылау болмаған
кезде осы құрылғыдан аулақ
ұстаңыз.
- 3 және 8 жас аралығындағы
балалар құрылғыны тек
қалыпты жұмыс істейтін
орынға орналастырғанда
немесе орнатқанда және
олар бақылауда болғанда
немесе құрылғыны қауіпсіз
жолмен пайдалану туралы
нұсқау берілгенде және қауіпқатер болуы мүмкін екенін
түсінгенде ғана іске қосуы/
ажыратуы керек. 3 және 8
жас аралығындағы балалар
құрылғыны розеткаға
қоспауы, оны реттемеуі
және тазаламауы немесе
техникалық күтім көрсетпеуі
керек. НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ:
осы құрылғының бөліктері
өте ыстық болуы және күйіп
қалуға себеп болуы мүмкін.
Балалар немесе әлсіз адамдар
бар жерде ерекше назар
аударыңыз.
- НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ:
қауіпсіздік жүйесін байқамай
қайта орнатудан туындайтын
кез келген қауіп-қатердің
алдын алу үшін, бұл құрылғыны
сыртқы таймермен іске қосу
керек.
- Бұл құрылғыны үздіксіз
бақылау болғанға дейін
өздері шығып кете алмайтын
адамдары бар шағын
бөлмелерде пайдалануға
31
болмайды.
Күйіп қалу қаупі бар!
Осы ескертулерді елемеу күйікке себеп болуы
мүмкін.
- НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ:
шамадан тыс қызуға жол
бермес үшін, құрылғы
жұмыс істеп тұрған кезде,
оның бетін қандай себеппен
болмасын жаппаңыз, бұл
қауіпті шамадан тыс қызуға
себеп болуы мүмкін.
- Ұзартқыш сымды пайдаланбаған жөн,
себебі ол құрылғы жұмыс істеп тұрған
кезде қатты қызуы мүмкін.
Ескертпе:
Бұл таңба пайдаланушыға арналған
ұсыныстарды және маңызды ақпаратты
білдіреді.
- Бұл құрылғыны жуылған киімдерді кептіру
үшін пайдаланбаңыз.
- Құрылғы ыстық кезде оның үстіне қуат
сымын қоймаңыз.
- Құрылғыға өтпе желдер тимейтін болса,
оның тиімділігі артады.
- Қыздырғышты тек тік бағытында
пайдаланыңыз.
- Бұл құрылғыны перделерден және ыстыққа
әсерленгіш басқа заттардан кемінде 80 см
алыс орналастыру керек.
- Құрылғыны бірінші рет пайдаланған кезде,
одан иіс шығуы мүмкін. Термостатты ең
жоғарғы параметрге қойып, құрылғыны
кемінде 15 минут жұмыс істетіңіз де,
бөлмені желдетіңіз. Тасымалдау алдынғы
қыздыру элементіне жағылған қорғаныш
заттың еруіне байланысты аздап түтін
шығуы мүмкін.
- Бұл құрылғының астындағы ауа кіру
торына заттардың кептелуіне жол бермес
үшін, оны түгі ұзын кілемдерге немесе
алашаларға қоймаңыз.
- Құрылғының төменгі жағындағы ыстық
ауа шығатын саңылау немесе ауа кіру торы
жабылып қалмасын.
- Құрылғыны ол орнатылғаннан кейін де
ашаға және розеткаға оңай қол жеткізуге
болатындай етіп орналастырыңыз.
- Бұл құрылғыны ауданы 4 м2 көлемнен аз
бөлмеде пайдаланбаңыз.
- Бұл құрылғы абайсызда шамадан тыс
қызып кету салдарынан құрылғыны
ажырататын қауіпсіздік құрылғысымен
жабдықталған. Ондай жағдайдан кейін
ажырату құрылғысын қалыпты күйге
келтіру үшін, ашаны қуат розеткасынан
бірнеше минутқа суырып қойыңыз,
шамадан тыс қызу себебін жойыңыз да,
құрылғыны розеткаға қайта жалғаңыз.
Егер осы қалыпты емес жағдай бірнеше
рет қайталанса, тұтынушыларды қолдау
қызметімен хабарласыңыз.
Бұл құрылғы мына EC директиваларына
сәйкес:
- 2006/95/EC төменгі кернеу директивасы
және кезекті толықтырулары
- 2004/108/EC директивасы және
электромагниттік сәйкестік (ЭМС) және
кезекті толықтырулар
СИПАТТАМА
A Қосқыштар
B Термостат
Жалпы нұсқаулар
Құрылғыны орамынан шығарыңыз.
Тасымалдау барысында құрылғының
немесе қуат кабелінің зақымданбағанын
тексеріңіз. Зақымдалған болса, қыздырғышты
пайдаланбаңыз. Құрылғыдағы барлық
жарнамалық материалдарды алып тастаңыз.
Бұл құрылғы тек еденге қойып пайдалануға
арналған.
Электр желісіне қосу
- Құрылғыны розеткаға қоспас бұрын
үйіңіздегі желінің кернеуі құрылғыдағы
мәліметтер тақтасында көрсетілген
кернеуге сай екенін және берілетін қуат
мәліметтер тақтасындағы белгімен
көрсетілген қуат тұтыну (Ватт) мөлшеріне
шыдай алатынын тексеріп алыңыз.
- Егер бір уақытта бірнеше құрылғы
32