Brother QL-570 Quick Guide [kk]

Page 1
Қазақша
QL-570
Жапсырма принтері
Қысқаша нұсқаулық
QL-570
QL-570
Аппаратты пайдаланбастан бұрын міндетті түрде осы нұсқаулықты оқып, түсініңіз. Бұл нұсқаулықты келешекте қарау үшін оңай жерде сақтап қоюды ұсынамыз.
LBD601001
www.brother.com
Page 2
Brother QL-570 жапсырмалағыш аппаратын сатып алғаныңызға алғысымызды білдіреміз.
Brother QL-570 принтерін пайдаланбастан бұрын осы нұсқаулықты мұқият оқып шығып, одан кейін келешекте қарау үшін оны оңай жерде сақтап қоюды ұсынамыз.
Өз өнімдерін біздің веб-сайтымызда тіркеген пайдаланушылар үшін қызмет көрсету мен қолдауды ұсынамыз. Біз келесі мекенжайларға кіріп, тіркелу арқылы осы мүмкіндікті алуға кеңес береміз:
Пайдаланушыны онлайн тіркеу
http://register.eu.brother.com/
Онлайн қолдау беті
http://solutions.brother.com/
ЕСКЕРТПЕ: Сондай-ақ, бағдарламалық құралды орнатудың соңында көрсетілген
пайдаланушыны онлайн тіркеу бетінен жоғарыдағы сайттарға кіруге болады. Тіркелуіңізді асыға күтеміз.
Page 3
Қазақша
Жалпы ақпарат•••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••• 2

Мазмұны

Қауіпсіздік сақтық шаралары •••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••• 3
Жалпы сақтық шаралары •••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••• 5
1 QL-570 принтерін бумадан шығару •••••••••••••••••••••••••••••••••••••• 7 2 Бөлшектер сипаттамасы ••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••• 8
Негізгі басып шығару құрылғысы••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••• 8
3 Қуат көзіне жалғау•••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••• 8 4 Қорғаныс парағын шығарып алу•••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••• 9 5DK білігін реттеу •••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••• 10 6 Жапсырма түрлері ••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••• 11 7 ЖШД шамы •••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••••• 12 8 Негізгі техникалық сипаттамалар •••••••••••••••••••••••••••••••••••••••• 13
1
Page 4
2

Жалпы ақпарат

Жинақтау жəне жариялау туралы ескерту
Brother Industries, Ltd. компаниясының басқаруымен бұл нұсқаулық соңғы өнім туралы сипаттамалар мен техникалық сипаттамаларды қамтитын етіп жинақталған жəне жарияланған.
Осы нұсқаулықтағы мазмұн мен осы өнім туралы техникалық сипаттамалар ескертусіз өзгертіледі.
Brother компаниясы осы жерде қамтылған техникалық сипаттамалардағы жəне материалдардағы жазбаны ешбір ескертусіз өзгерту құқығын өзіне қалдырады жəне жариялауға қатысты типографиялық жəне басқа қателерді қамтитын, бірақ онымен шектелмейтін материалдарда берілген кез келген зақым (тікелей емесін де қамтиды) үшін жауапты емес. Осы нұсқаулықтағы экран суреттері операциялық жүйеге немесе принтерге байланысты өзгеше болуы мүмкін.
© 2014 Brother Industries, Ltd.
Сауда белгілері
Brother — Brother Industries, Ltd. компаниясының тіркелген сауда белгісі. © 2014 Brother Industries, Ltd. Барлық құқықтары қорғалған. Microsoft, Windows Vista, Windows Server жəне Windows — Microsoft корпорациясының
сауда белгілері немесе Америка Құрама Штаттарындағы жəне/немесе басқа елдердегі тіркелген сауда белгілері.
Apple, Macintosh жəне Mac OS — Америка Құрама Штаттарында жəне басқа елдерде Apple Inc. корпорациясының тіркелген сауда белгілері.
Осы құжатта қолданылған басқа бағдарламалық құрал немесе өнімдер атаулары — оларды дайындаған тиісті компаниялардың сауда белгілері белгілері. Осы нұсқаулықта бағдарламалық құралдың атауы көрсетілген əрбір компанияда өзінің меншіктік бағдарламаларына сай бағдарламалық құрал лицензиясының келісімі бар. Осы пайдаланушы нұсқаулығында айтылған барлық бренд жəне өнім атаулары — тиісті компаниялардың меншігі.
немесе тіркелген сауда
Бұл нұсқаулықта қолданылған белгілер
Осы нұсқаулықта қолданылған белгілер мынадай:
Бұл белгі орындалуы тиіс ақпарат пен нұсқауларды білдіреді. Егер орындалмаса, нəтижесінде адам жарақаттануы, бұзылуы немесе дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
Бұл белгі аппаратты жақсырақ түсініп, тиімдірек пайдалануға көмектесетін ақпарат пен нұсқауларды білдіреді.
Page 5
Қазақша
Барлық нұсқауларды оқып, түсініңіз де, кейінірек қарау үшін сақтап қойыңыз. Өнімде

Қауіпсіздік сақтық шаралары

белгіленген барлық ескертулер мен нұсқауларды орындаңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
ЕСКЕРТУ
Осы нұсқаулықта қолданылған белгілер мынадай:
Əрекет етуге БОЛМАЙДЫ. Өнімді бөлшектеуге БОЛМАЙДЫ. Өнімге су шашуға немесе оны суға
салуға БОЛМАЙДЫ. Міндетті əрекет. Ажырату. Ток соғу қаупі бар екенін ескертеді.
Жарақат алу қаупінің алдын алу үшін орындау қажет əрекеттер туралы айтады.
Аппарат бұзылмас үшін орындалуы тиіс процедуралар туралы айтады.
Өнімнің бұл бөлігін ұстауға БОЛМАЙДЫ.
Аппаратты қауіпсіз пайдалану
АБАЙЛАҢЫЗ
Өрт шығу, ток соғу немесе басқа зақымдалу қаупінің алдын алу үшін келесі нұсқауларды орындаңыз.
Аппарат
Найзағай кезінде қуат сымын ажыратып, аппаратты пайдалануды тоқтатыңыз. Найзағайдан қашықтағы ток соғу қаупі туындауы мүмкін.
Металл бөлшектерді басып шығару бастиегінің жанында пайдалануға болмайды. Басып шығару бастиегі пайдалану кезінде қатты қызып, пайдаланғаннан кейін өте ыстық болады. Оған қолыңызды тигізуге болмайды.
Пластик қалталарды дұрыс тастаңыз жəне сəбилер мен балалардан аулақ ұстаңыз. Пластик қалталарды киюге немесе олармен ойнауға болмайды.
Аппаратты кезінде жағымсыз иіс, қызу, түсінің, пішінінің өзгеруін немесе басқа да əдеттен тыс жағдайды байқасаңыз, бірден қуат сымын ажыратып, аппаратты
Аппаратты бөлшектеуге болмайды. Аппаратты тексеру, реттеу жəне жөндеу үшін аппарат сатып алынған сауда орнына немесе жергілікті рұқсаты бар қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
пайдалану немесе сақтау
пайдалануды тоқтатыңыз.
Аппаратты түсіріп алмаңыз, соғып алмаңыз немесе ұрып алмаңыз.
Аппаратты DK білігінің қақпағынан ұстап, көтеруге болмайды. Қақпағы жұлынып кетіп, аппараттың құлап, бұзылып қалуы мүмкін.
Аппаратқа Ішіне бөгде заттарды салып,
аппаратты пайдалануға болмайды. Аппараттың ішіне су кірсе немесе бөгде заттар түсіп кетсе, қуат сымын розеткадан суырып, бөгде заттары алып тастаңыз. Қажет болса, аппарат сатып алынған сауда орнына немесе жергілікті рұқсаты бар қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Аппаратты бір қолмен ұстауға болмайды. Аппарат қолыңыздан сырғып кетуі мүмкін.
Ықтимал өрт қаупінің алдын алу үшін аппаратты ешқашан бөлшектемеңіз немесе су тигізіп алмаңыз. Бұл ток соғуына немесе өрт шығуына себеп болуы мүмкін.
су тигізіп алмаңыз.
шығу немесе ток соғу
3
Page 6
4
АБАЙЛАҢЫЗ
Аппаратты тазалау үшін бояу сұйылтқышты, бензинді, спиртті немесе басқа органикалық ерітінділерді пайдалануға болмайды. Оларды пайдалану оның бетін бүлдіруі мүмкін. Аппаратты тазалау үшін жұмсақ, құрғақ шүберекті пайдаланыңыз.
Өрт шығу, ток соғу немесе басқа зақымдалу қаупінің алдын алу үшін келесі нұсқауларды орындаңыз.
Қуат сымы
Аппарат үшін рұқсат етілген қуат көзін (220-240 В айнымалы ток) пайдаланыңыз.
Тек аппаратпен берілген қуат сымын пайдаланыңыз.
Қолыңыз су болса, қуат сымын немесе штепселін ұстамаңыз.
Тым көп құрылғыларды қосып, розеткаға шамадан тыс күш салуға немесе қуат сымын бұзылған розеткаға салуға болмайды.
Қуат сымын кесуге, зақымдауға, өзгертуге немесе оның үстіне ауыр заттар
қоюға болмайды.
Аппараттың үстіне ауыр заттарды немесе су құйылған ыдыстарды қоюға болмайды. Егер аппарат ішіне су тисе немесе бөгде заттар түсіп кетсе, аппарат сатып алынған сауда орнына немесе жергілікті рұқсаты бар қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Аппаратты ішіндегі суымен немесе бөгде затпен пайдалана берсеңіз, аппарат бұзылып қалуы немесе адамды жарақаттауы мүмкін.
Бүлінген болса, қуат сымын пайдалануға болмайды.
Қуат сымының розеткаға дұрыс салынғанын тексеріңіз.
Розеткадан суырғанда немесе розеткаға қосқанда қуат сымын ұстап тұрыңыз. Қуат сымын тартуға болмайды. Шнур ішіндегі сым үзілуі мүмкін.
ЕСКЕРТУ
Өрт шығу, ток соғу немесе басқа зақымдалу қаупінің алдын алу үшін келесі нұсқауларды орындаңыз.
Аппарат
Розетка аппаратқа жақын болуы жəне оған қол жеткізу оңай болуы тиіс. Кескішті ұстауға болмайды. Жарақат алуыңыз мүмкін. Аппаратты тікелей күн сəулесі түсетін жерде немесе жылытқыштардың не
болмаса басқа жылу бөлетін құрылғылардың жанында, тым жоғары не төмен температуралы орынға, ылғалдылығы жоғары немесе шаң жерлерге қоймаңыз. Бұдан аппарат бұзылуы мүмкін.
Қуат сымы
Егер аппаратты ұзақ уақыт пайдаланбайтын болсаңыз, қуат сымын розеткадан шығарып алыңыз.
Кескіш
Кескіш жүзін ұстауға болмайды. Кескіш жұмыс істеп тұрғанда үстіндегі қақпақты ашуға болмайды.
Page 7
Қазақша
ЕСКЕРТУ

Жалпы сақтық шаралары

Орнату/Сақтау
Аппаратты үстел сияқты тегіс əрі тұрақты жерге қойыңыз.
DK білігі (DK жапсырмасы, DK таспасы)
DK білігін түсіріп алмаңыз. DK біліктері термографиялық қағазды
жəне термопленканы пайдаланады. Жапсырма да, баспа да күн сəулесі мен ыстықта анық болмауы мүмкін. Ұзақ қолдану қажет болса, DK біліктерін сыртта пайдалануға болмайды.
Аппарат
• Аппарат — нақты аппарат. Аппаратты түсіріп алмаңыз, соғып алмаңыз немесе
ұрып алмаңыз.
• Аппаратты DK білігі бөлігінің қақпағынан ұстап, көтеруге болмайды. Қақпағы
жұлынып кетіп, аппараттың құлап, бұзылып қалуы мүмкін.
Теледидар, радио, т.б жанында болса, аппарат дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
Аппаратты электромагниттік кедергілер тудыруы мүмкін аппараттардың жанында пайдалануға болмайды.
Жапсырма шығатын ұяға, USB портына, жүйелі портқа немесе жергілікті желі (LAN)
портына ешнəрсе салуға немесе оларды бітеуге болмайды.
Тек аппаратпен берілген интерфейс кабелін (USB кабелін) пайдаланыңыз.
Көп уақыт пайдаланылмаған кезде DK білігін аппараттан алып қойыңыз.
DK білігінің қақпағы ашық тұрғанда жапсырмаларды басып шығаруға болмайды.
Қуат сымы
Аппаратты оңай қол жететін, стандартты розетка жанына қою қажет.
DK білігі (DK жапсырмасы жəне DK таспасы)
Тек шынайы Brother аксессуарлары мен жабдықтарын ( , белгілері бар)
пайдаланыңыз. Рұқсат етілмеген аксессуарлар мен жабдықтарды пайдалануға болмайды.
• Егер жапсырма дымқыл, кір немесе майлы бетке жабыстырылса, ол оңай алынып
қалуы мүмкін. Жабыстырмас бұрын, жапсырма жабыстырылатын бетті тазалаңыз.
DK біліктері ультракүлгін жарық, жел немесе жаңбыр əсер етсе, түссізденуі немесе
беті алынып қалуы мүмкін термографиялық қағазды жəне термопленканы пайдаланады.
DK біліктерін тікелей күн сəулесіне, температурасы немесе ылғалдылығы жоғары
жерге не болмаса шаңға шығаруға болмайды. Салқын, қараңғы жерде сақтаңыз. Қаптамасын ашқаннан кейін DK біліктерін көп уақыт өткізбей пайдаланыңыз.
• Басып шығарылған жапсырманың бетін тырнақтарыңызбен не болмаса металл
заттармен сызу немесе басып шығарылған бетті сулы, терлеген не май, т.б. жағылған қолмен ұстау түсін өзгертуі немесе анық емес етіп көрсетуі мүмкін.
Аппараттың үстіне ешқандай ауыр зат қоюға болмайды.
Аймаққа, материалға жəне орта жағдайларына байланысты жапсырма жабысып немесе алынбай қалуы мүмкін, жапсырманың түсі өзгеруі немесе басқа заттарға берілуі мүмкін. Жапсырманы орта жағдайы мен материалды тексеріңіз. Жапсырманың кішкентай бөлігін беттің білінбейтін жеріне жабыстырып, оны тексеріңіз.
қолданардан бұрын
5
Page 8
6
Жапсырмаларды адамдарға, жануарларға немесе өсімдіктерге жабыстыруға
болмайды.
DK білігінің соңы жапсырма катушкасына жабыстырылмайды, сондықтан соңғы
жапсырма дұрыс кесілмеуі мүмкін. Бұл жағдайда қалған жапсырманы алып тастап, жаңа DK білігін салыңыз да, соңғы жапсырманы қайтадан басып шығарыңыз. Ескертпе: Əр DK білігіндегі DK жапсырмаларының саны бумада көрсетілгенге қарағанда көбірек болуы мүмкін.
• Бетке жабыстырғаннан кейін жапсырма алынса, оның бір бөлігі қалып қоюы мүмкін.
Жаңа жапсырманы жабыстырмас бұрын жабысып қалған бөлігін алып тастаңыз.
• Кейбір DK біліктері жапсырмалары үшін жақсы жабыстырғыштарды пайдаланады.
Жабыстырылғаннан кейін бұл жапсырмаларды алу оңай болмайды.
CD/DVD жапсырмаларын пайдалану үшін CD/DVD жапсырмаларын қолдануға
қатысты CD/DVD ойнатқышының нұсқауларын орындаңыз.
CD/DVD ойнатқышын салатын ұяға CD/DVD жапсырмасын пайдаланбаңыз
(мысалы, көліктегі CD ойнатқышы, мұнда CD дискісі CD ойнатқышындағы ұяға салынады).
CD/DVD ойнатқышына жабыстырғаннан кейін CD/DVD жапсырмасын алуға
болмайды, жұқа қабаты алынып қалып, дискіні бүлдіруі мүмкін.
Сия ағынды принтерлерге арналған CD/DVD дискілеріне CD/DVD жапсырмаларын
қолданбаңыз. Жапсырмалар дискінің бетін оңай алып тастайды, ал жапсырмалары алынған дискілерді пайдаланудан деректердің жоғалуы мүмкін.
CD/DVD жапсырмаларын қолданғанда CD/DVD жапсырма біліктеріндегі
аппликаторды пайдаланыңыз. Олай істемеу CD/DVD ойнатқышын зақымдауы мүмкін.
CD/DVD жапсырмаларын қолдануға пайдаланушы толық жауапты болады. Brother
компаниясы CD/DVD жапсырмаларын дұрыс пайдаланбаудан деректердің жоғалуына немесе бүлінуіне жауапты болмайды.
CD-ROM жəне бағдарламалық құрал
CD-ROM дискісін сызып алмаңыз немесе температурасы жоғары не болмаса
төмен жерге қоймаңыз.
CD-ROM үстіне ауыр зат қоймаңыз немесе CD-ROM дискісіне күш қолданбаңыз.
CD-ROM дискісіндегі бағдарламалық құрал тек аппаратты пайдалануға арналған.
Толық мəліметтерді ықшам дискідегі лицензиядан қараңыз. Бұл бағдарламалық құралды бір кеңседе, т.б. пайдалану үшін бірнеше компьютерге орнатуға болады.
Page 9
Қазақша
Принтерді пайдаланбастан бұрын келесі нəрселердің бумада бар екенін тексеріңіз.

1 QL-570 принтерін бумадан
шығару

Егер бір зат жоқ немесе бұзылған болса, Brother дилеріне хабарласыңыз.
QL-570
USB кабелі Қысқаша нұсқаулық
CD-ROM «Software Installation Guide»
(Бағдарламалық құралды орнату нұсқаулығы)
7
Айнымалы ток қуатының сымы
Штепсель елге байланысты өзгеше болуы мүмкін.
DK білігі (Стартер білігі)
Brother QL-570 принтерінде екі стартер білігі бар:
•DK мөр кескіш стандартты мекенжай жапсырмаларының бір стартер білігі (100 жапсырма)
•DK үздіксіз мықты таспалардың бір стартер білігі (62 мм)
«DK Label & Tape Guide» (DK жапсырмасы мен таспа
нұсқаулығы)
Тазалау парағы
Page 10
8

2 Бөлшектер сипаттамасы

Негізгі басып шығару құрылғысы

БЕРУ түймесі
ЖШД шамы
ҚОСУ/ӨШІРУ түймесі
КЕСУ түймесі
DK білігі бөлімінің қақпағы
Жапсырма науасы
Қуат сымы
USB порты
SFSD
Қуат порты

3 Қуат көзіне жалғау

Штепсель елге байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Алды Арты
Қуат сымын QL-570 принтеріне жалғаңыз, ал қуат сымының штепселін розеткаға қосыңыз.
Қуат сымын салмас бұрын
розеткаға 220-240 В айнымалы ток келіп тұрғанын тексеріңіз.
QL-570 принтерін қолданып
болғаннан кейін қуат сымын розеткадан суырыңыз.
Розеткадан суырғанда қуат сымын
тартпаңыз. Қуат сымындағы сым зақымдалуы мүмкін.
Принтер драйверін орнатқанда
нұсқау берілмейінше QL-570 принтерін компьютерге жалғамаңыз.
Page 11
Қазақша
Brother QL-570 принтерін аппарат алдынан

4 Қорғаныс парағын
шығарып алу

Қорғаныс парағы
Қорғаныс парағы
1
ұстап, қақпағын ашу үшін DK білігі бөлігінің қақпағын жақсылап көтеріңіз.
Қорғаныс парағын шығарып алыңыз.
2
9
Page 12
10

5DK білігін реттеу

QL-570 принтерін өшіру үшін ҚОСУ/ӨШІРУ
1
түймесін () басып тұрыңыз. Brother QL-570 принтерін аппарат алдынан ұстап, қақпағын ашу үшін DK білігі бөлігінің қақпағын жақсылап көтеріңіз.
Катушканы DK білік бөлігіндегі катушка
2
бағыттауыштарына салыңыз.
Катушка тұтқасын сол жəне оң жағындағы катушка
бағыттауыштарына мықтап салыңыз.
Brother QL-570 принтерінің оң жағында орналасқан
DK білігі бар катушканы салыңыз.
Оң жақта көрсетілген аумаққа
3
тураланғанша, DK білігінің ұшын ұяға кіргізіңіз.
Біліктің ұшын жапсырма шығатын ұяның тік шетімен туралаңыз.
DK білігі бөлігінің қақпағын жабыңыз.
4
Brother QL-570 принтерін қосу үшін ҚОСУ/ӨШІРУ () түймесін басқанда DK мөр кескіш жапсырмасының ұшы автоматты түрде тураланады.
Page 13
Қазақша
Бұл жерде Brother QL-570 принтерімен жасауға болатын жапсырмалар үлгісі берілген.

6 Жапсырма түрлері

Мұнда таңдауға болатын жапсырмалардың түрлері бар.
Жасағыңыз келген жапсырма түрін таңдаңыз.
11
Page 14
12

7 ЖШД шамы

ЖШД шамының сипаттамасы
Brother QL принтеріндегі ЖШД шамы ағымдағы жұмыс жағдайын
көрсетеді.
Шам Күйі
Жанып тұрған жоқ
Жасыл шам жанып тұр
Қызғылт сары шам жанып тұр
Қуат ӨШІП тұр.
Қуат ҚОСЫЛЫП тұр.
Білік қақпағы ашық. Білік қақпағын дұрыстап жабыңыз.
Қызғылт сары шам
жыпылықтап тұр
Қызыл шам жыпылықтап тұр
Салқындап жатыр. (Басып шығару бастиегінің температурасы төмендегенше күтіңіз.)
Бұл келесі қателердің бірін білдіреді.
• Жапсырма сенсорының қатесі (DK білігінің соңы немесе жапсырма кептеліп қалған)
Дұрыс емес DK білігі салынған
Тасымалдау қатесі
Page 15
Қазақша
Анықтама

8 Негізгі техникалық
сипаттамалар

Өнімнің техникалық сипаттамалары
Элементтер Техникалық сипаттамалары
Дисплей ЖШД шамы (жасыл, қызыл, қызғылт сары)
Басып шығару əдісі
Басып шығару жылдамдығы
Басып шығару
Кескіш Мықты автоматты түрде кескіш Түйме Интерфейс USB Қуат көзі 220-240 В айнымалы ток 50/60 Гц 0,9 A Өлшемі 133 мм × 208 мм × 143 мм Салмағы Шамамен 1,1 кг (DK біліктерінсіз)
Басып шығару бастиегі
Ең жоғары басып шығару ені
Ең аз басып шығару ұзындығы
Темо бастиектері арқылы тікелей термо басып шығару
Ең көбі 110 мм/сек, ең көбі 68 жапсырма/мин. (Стандартты мекенжай жапсырмалары) (USB кабелі жалғанғанда)
300 нүкте/дюйм/720 нүкте
59 мм
12,7 мм
ҚОСУ/ӨШІРУ түймесі ( ), БЕРУ түймесі, КЕСУ түймесі
13
Жұмыс істеу ортасы
Элемент Техникалық сипаттамалары
Жұмыс істеу температурасы 10-35 °C
Жұмыс істеу ылғалдылығы 20-80% (конденсациясыз)
Қытайда жасалған
Page 16
Қытайда басып шығарылған
LBD601001
Loading...