AEG S58360CMM0 User Manual

KK Қолдану туралы нұсқаулары 2
Тоңазытқыш-мұздатқыш
RU Инструкция по эксплуатации 24
Холодильник-морозильник
UK Інструкція 48
Холодильник-морозильник
S58320CMM0
www.aeg.com2

МАЗМҰНЫ

1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ....................................................................................... 3
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ............................................................................ 4
3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ................................................................................. 6
4. ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІ..............................................................................................7
5. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ......................................................................................10
6. АҚЫЛ-КЕҢЕС.................................................................................................. 13
7. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ................................................................................. 15
8. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ.....................................................................................16
9. ОРНАТУ........................................................................................................... 19
10. ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ..............................................................................22
ТАМАША НӘТИЖЕГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ҮШІН
AEG өнімін таңдағаныңызға рахмет. Бұл өнімді тұрмыс-тіршілікті жеңілдету үшін инновациялық технологияны - қатардағы құрылғыларда бола бермейтін функцияларды қолдана отырып, сізге жылдар бойы мүлтіксіз көмек көрсету үшін арнайы жасадық. Құрылғының мүмкіншіліктерін барынша толық қолдану үшін бірнеше минутыңызды бөліп, осы ақпаратты оқып шығыңыз.
Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:
Қолдануға қатысты кеңестер, кітапшалар, ақаулықты түзету, қызмет көрсету туралы ақпарат:
www.aeg.com
Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:
www.registeraeg.com
Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:
www.aeg.com/shop
ТҰТЫНУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз. Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын болуын қамтамасыз етіңіз. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі. Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.
Ескерту / Қауіп-қатерден сақтандыру ақпараты Жалпы ақпарат және ақыл-кеңес Қоршаған ортаға қатысты ақпарат
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.

1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау нәтижесінде адам жарақат алса және ақаулық орын алса өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықты келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап қойыңыз.

1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың қауіпсіздігі

Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен
денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым келген адамдар не тәжірибесі аз адамдар өз қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін адамның қадағалауы немесе құрылғыны қауіпсіз қолдану бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс қолданбау салдарын түсінсе қолдануына болады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Балалар тазалау және күтім көрсету жұмыстарын
басқаның бақылауынсыз орындамауға тиіс.
Орам материалдарының барлығын балалардан
алыс ұстаңыз.
ҚАЗАҚ 3

1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат

Бұл құрылғы үйде және сол сияқты төменде
аталған жерлерде қолдануға арналған:
Фермадағы үйлердің; дүкендердегі, кеңселер
мен басқа жұмыс орындарындағы қызметкерлерге арналған ас бөлмелерде
Қонақ үйлерде, мотельдерде, төсек және таңғы
аспен қамтамасыз ететін қонақжайларда және басқа тұрғынды жерлерде
Құрылғының корпусындағы немесе кіріктірілген
элементіндегі желдеткіш саңылауларды бітемей, ашық ұстаңыз.
www.aeg.com4
Жібіту үдерісін жылдамдату үшін өндіруші ұсынған
құралдардан басқа құралдарды немесе механикалық құралдарды қолданбаңыз.
Салқындатқыш жүйенің контурын зақымдамаңыз.
Құрылғының ішіндегі азық-түлікті сақтауға арналған
бөліктерге электр құрылғыларын, егер оларды өндіруші ұсынбаған болса қолданбаңыз.
Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және буды
қолданбаңыз.
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш заттарды қолданыңыз. Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкені, еріткіштерді немесе темір заттарды пайдаланбаңыз.
Құрылғы ішінде жанатын заты бар аэрозоль
сауыттары тәрізді жарылатын затты сақтамаңыз.
Егер қуат көзі сымына зақым келген болса,
қатерден сақтану үшін оны өндіруші немесе оның техникалық қызмет көрсетуші агенті немесе сол сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.

2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ

2.1 Орнату

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Бұл құрылғыны тек білікті маман ғана орнатуға тиіс.
• Орам материалдарының барлығын алыңыз
• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе іске қоспаңыз.
• Құрылғымен бірге берілген орнату бойынша нұсқауларды орындаңыз.
• Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі абай болыңыз, себебі салмағы ауыр. Әрқашан қорғаныс қолғабын киіңіз.
• Құрылғының айналасында ауа айналып тұруын қамтамасыз етіңіз.
• Құрылғыны тоққа қосар алдында кем дегенде 4 сағат күтіңіз. Бұл майдың компрессорға қайта
құйылуына мүмкіндік беру үшін қажет.
• Құрылғыны радиаторға немесе пештерге, тұмшапешке немесе пештің үстіне жақын орнатпаңыз.
• Құрылғының артқы жағы қабырғаға қарап тұруға тиіс.
• Құрылғыны күннің жарығы тура түсетін жерге қоймаңыз.
• Құрылғыны аса дымқыл немесе өте суық, құрылыс алаңдары, гараж немесе шарап жерқоймасы тәрізді жерлерге орнатуға болмайды.
• Құрылғыны жылжытқан кезде, еденді сызып кетпес үшін алдыңғы жағынан көтеріңіз.
ҚАЗАҚ 5

2.2 Электртоғына қосу

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Өрт шығу және электр қатеріне ұшырау қаупі бар.
• Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау қажет.
• Техникалық ақпарат тақтайшасындағы электр параметрлерінің электр желісіндегі параметрлерге сай келетініне көз жеткізіңіз. Сай келмесе, электршіге хабарласыңыз.
• Әрқашан дұрыс орнатылған, қатерден сақтандырылған розетканы қолданыңыз.
• Көп тармақты адаптерлер мен ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
• Электр бөлшектеріне зақым келтірмеңіз (мысалы, ашасына, сымына, компрессорға). Электр бөлшектерін өзгерту үшін қызмет көрсету орталығына немесе электршіге хабарласыңыз.
• Қорек сымы ашаның деңгейінен төмен орналасуға тиіс.
• Құрылғының ашасын розеткаға тек құрылғыны орнатып болғаннан кейін ғана жалғаңыз. Орнатып болғаннан кейін ашаның қол жететін жерде тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Құрылғыны тоқтан ажырату үшін сымынан тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып суырыңыз.

2.3 Пайдалану

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Жарақат алу, күйіп қалу, электр тоғының қатеріне ұшырау немесе өрт шығу қаупі бар.
• Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын өзгертпеңіз.
• Электр құрылғыларын (мысалы, балмұздақ жасағыш құрылғы) егер өндірушісі арнайы көрсетпесе, құрылғыға салуға болмайды.
• Салқындатқыш жүйеге зақым келтіріп алмас үшін абай болыңыз. Оның құрамында изобутон (R600a),
қоршаған ортамен сыйысымдылығы өте жоғары табиғи газ бар. Бұл тұтанғыш газ.
• Егер салқындатқыш жүйеге зақым келсе, бөлмеде ешбір оттың жалыны және тұтануға себеп болатын көздердің болмауын қамтамасыз етіңіз. Бөлмені желдетіңіз.
• Ыстық заттарды құрылғының пластик бөліктеріне тигізбеңіз.
• Алкогольсыз сусындарды мұздатқыш бөлікке қоймаңыз. Себебі сусынның ыдысында қысым пайда болады.
• Құрылғыда тұтанғыш газ бен сұйықтықты сақтамаңыз.
• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш зат салынған дымқыл заттарды құрылғының ішіне, қасына немесе үстіне қоймаңыз.
• Компрессорға немесе конденсаторға қол тигізбеңіз. Олар ыстық.
• Қолыңыз су немесе дымқыл болса мұздатқыш бөліктегі заттарды алмаңыз немесе ұстамаңыз.
• Жібіген тағамды қайта мұздатпаңыз.
• Мұздатылған тағамның орамындағы тағам сақтау нұсқауларын орындаңыз.

2.4 Күту менен тазалау

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Жарақат алу немесе құрылғыны бүлдіріп алу қаупі бар.
• Құрылғыны жөндеу алдында электр желісінен ағытып, ашасын розеткадан суырыңыз.
• Бұл құрылғының салқындатқыш жүйесінде көмірсутек бар. Жүйеге күтім көрсету және оны қайта толтыру жұмыстарын тек білікті маман ғана іске асыруға тиіс.
• Құрылғының су төгетін түтіктерін уақытылы тексеріңіз, егер тазалау керек болса тазалаңыз. Су ағатын түтік бітелсе, еріген су құрылғының табанына жиналады.
2 54 7 9
11
1
10
3 86
www.aeg.com6

2.5 Құрылғыны тастау

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Жарақат алу немесе тұншығып қалу қаупі бар.
• Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.
• Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа тастаңыз.
• Балалар мен жануарлар құрылғы ішіне қамалып қалмас үшін есікті ағытып алыңыз.

3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ

3.1 Құрылғының жалпы көрінісі

• Құрылғының салқындатқыш жүйесі мен изоляция материалдарының озонға зияны жоқ.
• Изоляция көбігінің құрамында тұтанғыш газ бар. Құрылғыны қоқысқа дұрыс тастауға қатысты ақпаратты жергілікті әкімшілік мекемеге хабарласып алыңыз.
• Салқындатқыш жүйенің қызу алмастырғышқа жақын орналасқан жеріндегі бөлігіне зақым келтірмеңіз.
MaxiBox тартпасы
1
FreshBox тартпасы
2
Шыны сөрелер
3
DynamicAir Cooling
4
Шөлмек сөресі
5
Басқару панелі
6
Сары май сөресі
7
Есіктің сөресі
8
5 sec
2
3
4
7
6
5
1
A
B C
D
E
F
G
H
I
J
ҚАЗАҚ 7
Шөлмек қоятын сөре
9
Мұздатқыш себеттер
10

4. ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІ

4.1 Басқару панелі

Техникалық ақпарат тақтайшасы
11
Дисплей
1
Тоңазытқыш температурасының
2
"жылырақ" түймешігі ON/OFF түймешігі және OK
3
түймешігі Мұздатқыш температурасының
4
"жылырақ" түймешігі Мұздатқыш температурасының
5
"суығырақ" түймешігі Mode түймешігі
6
Тоңазытқыш температурасының
7
"суығырақ" түймешігі
Түймешіктердің алдын ала қойылған сигналдарын Mode және суығырақ температура түймешігін бірнеше секунд бірге басып өзгертуге болады. Осыны қайта өзгертуге болады.
A) Тоңазытқыш температурасының
индикаторы
B) Holiday функциясы C) ExtraHumidity функциясы D) Тоңазытқыш сөндірулі E) Мұздатқыш температурасының
индикаторы
F) Ескерту индикаторы G) MinuteMinder функциясы H) FROSTMATIC функциясы I) COOLMATIC функциясы J) ChildLock функциясы

4.2 Іске қосу

1. Ашаны розеткаға сұғыңыз.
2. Бейнебет сөніп тұрса, құрылғының
ON/OFF түймешігін басыңыз. Бірнеше секундтан кейін ескерту құралы сигнал береді.
Температура индикаторлары орнатылған әдепкі температураны көрсетеді. Ескерту құралын бастапқы қалпына қайтару үшін "Жоғары температураны ескерту" тарауын қараңыз.
www.aeg.com8
Орнатылған басқа температураны таңдау үшін "Температураны реттеу" тарауын қараңыз.
Егер бейнебетте "dEMo" көрсетілсе, "Не істерсіз, егер..." тарауын қараңыз.

4.3 Сөндіру

1. ON/OFF түймешігін бірнеше секунд
басыңыз.
Бейнебет сөнеді.
2. Ашаны розеткадан ағытыңыз.

4.4 Тоңазытқышты іске қосу

Тоңазытқышты іске қосу үшін, тоңазытқыш температурасын реттеу тетігін бассаңыз жеткілікті. Тоңазытқышты іске қосудың басқа жолдары:
1. Mode тетігін тиісті белгі көрінгенше
басыңыз. Тоңазытқыштың OFF индикаторы жыпылықтайды.
2. OK түймешігін басып құптаңыз. Тоңазытқыш OFF индикаторы сөнеді.
Орнатылған басқа температураны таңдау үшін "Температураны реттеу" тарауын қараңыз.

4.5 Тоңазытқышты сөндіру

1. Mode тетігін тиісті белгі көрінгенше
басыңыз. Тоңазытқыш OFF индикаторы мен тоңазытқыш бөліктің индикаторы жыпылықтайды. Тоңазытқыш температурасы индикаторында үзік сызықшалар көрінеді.
2. OK түймешігін басып құптаңыз. Тоңазытқыш OFF индикаторы көрсетіледі.

4.6 Температураны реттеу

Тоңазытқыштың және мұздатқыштың температурасын температура түймешіктерін басып орнатыңыз. Әдепкі температура:
• тоңазытқыш үшін +5°C
• мұздатқыш үшін -18°C Температура индикаторлары орнатылған температураны көрсетеді.
Электр қуаты үзіліп қалса, орнатылған температура сақтаулы қалады. Таңдалған температура 24 сағат ішінде орнайды.

4.7 Жоғары температураны ескерту

Мұздатқыш камераның ішіндегі температураның жоғарылағаны (мысалы, электр қуаты өшкен кезде) төмендегідей көрсетіледі:
• ескерту және мұздатқыш температура индикаторлары жыпылықтайды;
• дыбыстық сигнал естіледі.
Сигналды тоқтату үшін кез келген түймешікті басыңыз. Дыбыстық сигнал ажыратылады. Мұздатқыш температурасының индикаторы ең жоғары температураны бірнеше секунд көрсетеді. Содан кейін қайта орнатылған температураны көрсетеді. Ескерту индикаторы қалыпты жағдай қалпына келгенше жыпылықтауын жалғастырады.

4.8 COOLMATIC функциясы

Жылы тағамды көп мөлшерде, мысалы, азық-түлік дүкенінен келген бетте салғыңыз келсе, тағамдарды неғұрлым тез тоңазыту үшін, әрі тоңазытқыштағы басқа тағамдар жібіп кетпес үшін COOLMATIC функциясын іске қосуды ұсынамыз.
1. Mode тетігін тиісті белгі көрінгенше
басыңыз. COOLMATIC индикаторы жыпылықтайды.
2. OK түймешігін басып құптаңыз. COOLMATIC индикаторы көрсетіледі.
COOLMATIC функциясы 52 сағат өткенде автоматты түрде сөнеді. Функция автоматты түрде сөнбей тұрып сөндіру үшін COOLMATIC индикаторы сөнгенше қадамдарды қайталаңыз.
ҚАЗАҚ 9

4.9 FROSTMATIC функциясы

FROSTMATIC функциясы жаңа тағамды тездетіп мұздатумен қатар, сақталып тұрған тағамдарды жылудың әсерінен қорғайды.
1. Mode түймешігін тиісті белгі
көрінгенше басыңыз. FROSTMATIC индикаторы жыпылықтайды.
2. OK түймешігін басып құптаңыз. FROSTMATIC индикаторы көрсетіледі.
FROSTMATIC функциясы 52 сағат өткенде автоматты түрде сөнеді. Функция автоматты түрде сөнбей тұрып сөндіру үшін FROSTMATIC индикаторы сөнгенше қадамдарды қайталаңыз.

4.10 ExtraHumidity функциясы

Тоңазытқыштың ылғалдылығын көбейту үшін ExtraHumidity функциясын іске қосыңыз.
1. Mode тетігін тиісті белгі көрінгенше
басыңыз. ExtraHumidity индикаторы жыпылықтайды.
2. OK түймешігін басып құптаңыз. ExtraHumidity индикаторы көрсетіледі. Функцияны сөндіру үшін ExtraHumidity индикаторы сөнгенше әрекетті қайталаңыз.

4.11 MinuteMinder функциясы

MinuteMinder функциясы мысалы, рецепт бойынша тағамдарды біраз уақыт суыту қажет болған кезде қолдануға ыңғайлы дыбыстық сигналды қалаған уақытқа орнату үшін қолданылады.
Сондай-ақ, мұздатқыш бөлікке жылдам суыту үшін қойылған бөтелкелерді ұмытып кетпеу үшін де қолданылады.
1. Mode тетігін тиісті белгі көрінгенше
басыңыз.
MinuteMinder индикаторы жыпылықтайды. Таймер орнатылған мәнді (30 минут) бірнеше секунд көрсетіп тұрады.
2. Таймердің орнатылған мәнін 1 мен
90 минут аралығында өзгерту үшін "Суығырақ температура" немесе "Жылырақ температура" түймешігін басыңыз.
3. OK түймешігін басып құптаңыз. MinuteMinder индикаторы көрсетіледі. Таймер жыпылықтай бастайды (min). "Суығырақ температура" түймешігі мен "Жылырақ температура" түймешігін басып, уақытты кез келген сәтте, кері санақ орындалып тұрған кезде және аяқталған кезде өзгертуге болады.
Кері санақ аяқталған кезде MinuteMinder индикаторы жыпылықтайды да, дыбыстық сигнал естіледі. Дыбыстық сигналды сөндіру және функцияны біржола тоқтату үшін OK түймешігін басыңыз.
Функцияны кез келген уақытта, кері санақ орындалып тұрған кезде функция қадамдарын индикатор сөнгенше қайталау арқылы сөндіруге болады.

4.12 ChildLock функциясы

Түймешіктерді кездейсоқ іске қосылмау үшін бұғаттау үшін ChildLock функциясын іске қосыңыз.
1. Mode тетігін тиісті белгі көрінгенше
басыңыз.
ChildLock индикаторы жыпылықтайды.
2. OK түймешігін басып құптаңыз. ChildLock индикаторы көрсетіледі. ChildLock функциясын сөндіру үшін, әрекетті ChildLock индикаторы сөнгенше қайталаңыз.

4.13 “Есік ашық” ескерту сигналы

Есік бірнеше минут ашық қалса, дыбыстық сигнал естіледі. Есіктің ашық тұрғандығы төмендегі белгі арқылы көрсетіледі:
• ескерту индикаторы жыпылықтайды;
• дыбыстық сигнал.
www.aeg.com10
Қалыпты жұмыс режимі орнағаннан кейін (есік жабылғанда) дыбыстық

5. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

5.1 Мұздатылған тағамды сақтау

Құрылғыны жаңа іске қосарда не біраз уақыт пайдаланбай барып іске қосқан кезде, тағамды камераға салмай тұрып, құрылғыны кем дегенде 2 сағат FROSTMATIC функциясына қойып іске қосыңыз. Мұздатқыштың тартпалары өзіңіз қалайтын, оралған тағамдарды жылдам әрі жеңіл табуға мүмкіндік береді. Көп мөлшердегі азық-түлікті сақтау үшін ауаның алмасуын жақсарту үшін орнында тұруға тиіс астыңғы тартпадан басқа барлық тартпаларды алып тастаңыз. Сөрелердің барлығына есіктен 15 мм шығып тұратын тағам салуға болады.
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Мысалы, электр қуаты өшіп қалып құрылғы мұзы кездейсоқ жібіп кетсе және электр қуаты, техникалық параметрлер кестесінің "температураның жоғарылау уақыты" бөлімінде көрсетілген шамадан да ұзақ уақыт жоқ болса, тағамды дереу тауысу не пісіріп барып қайта тоңазыту керек (салқындатқан соң).

5.2 Жаңа тағамды мұздату

Мұздатқыш бөлік жаңа тағамды мұздату мен тоңазыған және мұздатылған тағамдарды ұзақ уақыт сақтауға жарайды.
Шамалы жаңа тағамды мұздату үшін орнатылған параметрдің мәнін өзгерту қажет емес.
сигнал өшеді. Сигналды кез-келген түймешікті басып сөндіруге де болады.
Жаңа тағамды мұздату үшін FROSTMATIC функциясын, мұздатылатын тағамды мұздатыш бөлікке қоярдың алдында, кем дегенде 24 сағат бұрын қосыңыз.
Мұздатылуға тиіс жаңа тағамды астыңғы бөлікке қойыңыз.
24 сағат ішінде мұздатуға болатын тағамның ең көп мөлшері құрылғының ішіндегі техникалық ақпарат тақтайшасында көрсетілген.
Мұздату үрдісі 24 сағатқа созылады: осы уақыт аралығында мұздатқыңыз келген басқа тағамды қосып салмаңыз.
Мұздату үдерісі аяқталғаннан кейін қажетті температураға қайта оралыңыз ("FROSTMATIC Функция" тармағын қараңыз).
Бұндай жағдайда, мұздатқыш бөліктің температурасы 0°C градустан төмен түсуі мүмкін. Бұндай жағдай орын алса, температура тетігін жылырақ параметрге қойыңыз.

5.3 Жібіту

Қатты мұздатылған немесе мұздатылған тағамды пайдалану алдында уақыттың мүмкіншілігіне қарай, мұздатқыш бөлікке салып немесе бөлме температурасында жібіту керек.
Кішкене тағамдарды мұздатқыштан алған бетте тура пісіре беруге болады. бұндай жағдайда пісіру ұзаққа созылады.

5.4 Жылжымалы сөрелер

Тоңазытқыштың қабырғасында сөрелерді қалауыңызша орналастыруға арналған бірнеше бағыттауыш бар.
Ауаның дұрыс айналуын
2
1
3
қамтамасыз ету үшін, көкөніс салынатын тартпаның бетіндегі шыны сөрені алмаңыз.

5.5 Есіктің сөрелерін орналастыру

Әр түрлі мөлшерде оралған тағамдарды орналастыру үшін есіктегі сөрелерді түрлі биіктікке қоюға болады.
Бұл үшін төмендегі әрекеттерді жасаңыз:
1. Көрсеткі бағытымен біртіндеп
орнынан алынғанша тартыңыз.
ҚАЗАҚ 11
Сөре көлденең орналастырылған болса, тек жабық бөтелкелерді ғана қойыңыз.
2. Бұрын ашылған бөтелкелерді
сақтау үшін сөрені жоғары қарай бұрылып, келесі жоғарғы деңгейдің қасына қойылатын етіп орнатуға болады.
Температура сенсорының кедергі жасап тұруына байланысты, бөлгішті кей орындарға қойып пайдалану мүмкін болмайды.
2. Сөрені қажет деңгейге қайта
орнатыңыз.
Ауа дұрыс айналып тұру үшін, астыңғы есіктің үлкен сөресін жылжытпаңыз.

5.6 Шөлмек сөресі

1. Бөтелкелерді (ауызын алға
қаратып) алдын ала орналастырылған сөреге қойыңыз.

5.7 MaxiBox тартпасы

Бұ тартпа жеміс-жидек пен көкөніс сақтауға қолайлы.
Тартпаның ішін бөлуге арналған, қажеттілікке қарай әр түрлі орынға қоюға болатын бөлгіштер бар.
Суырманың астында құрылғының астыңғы бетінде түзілуі мүмкін ылғалдан жеміс-жидек пен көкөністі бөліп тұратын тор (егер бар болса) бар.
Суырманың ішіндегі бөлшектердің барлығын тазалау үшін алуға болады
C L E A N A I R C O N T R O L
www.aeg.com12

5.8 Ауаны салқындату

ClimaTech технологиясы тағамды жылдам суытады және камера температурасын барынша біркелкі ұстайды.
Бұл құрал тағамды жылдам суытып, камера температурасын барынша біркелкі ұстауға мүмкіндік береді.

5.10 ProFresh режимі

Егер бөлік FreshBox ретінде керек болмаса, төмен температуралы тартпа ретінде пайдалану үшін параметрлерді өзгертуге болады.
1. Функцияны қосу үшін қалқанды
суретте көрсетілгендей жоғары сырғытыңыз.

5.9 Көміртекті сүзгі

Құрылғыңыз мұздатқыш камераның артқы қабырғасындағы қалқанның артында орналасқан көміртекті CLEANAIR CONTROL cүзгімен жабдықталған.
Бұл сүзгі тоңазытқыш пен LONGFRESH бөліміндегі жағымсыз иістен тазартады, яғни тағамның сапасы жақсара түседі.
2. Функцияны сөндіру үшін қалқанды
суретте көрсетілгендей төмен сырғытыңыз.

5.11 Сусындарды тез салқындату (QuickChill)

Бұл функция сусындарды жылдам салқындатады.
1. FreshBox тартпасын алыңыз
немесе жоғары жылжытыңыз, шөлмек сөресін суретте көрсетілгендей QuickChill ұяшықтарының алдына қойыңыз.
Жұмыс барысында ауа желдеткішінің қалқанын әрқашан жабық ұстаңыз.
2. COOLMATIC функциясын іске
2
1
қосыңыз.
COOLMATIC индикаторы жанады.
3. Қалқанды суретте көрсетілгендей
жоғары жылжытыңыз. Функция бірнеше сағаттан кейін автоматты түрде сөнеді.
Функцияны қолдан сөндіру үшін жоғарыдағы қадамды кері ретпен орындаңыз.

5.12 Мұздатқыш себеттерді мұздатқыштан алу

Мұздатқыш себеттер, кездейсоқ алынып қалуға немесе құлап кетуге
ҚАЗАҚ 13
жол бермейтін тіреуішпен жабдықталған. Оны мұздатқыштан алу үшін, себетті өзіңізге қарай тартыңыз да, шегіне жеткен кезде себеттің алдыңғы жағын жоғары көтеріп қалыңыз.
Қайта орнына қою үшін, себеттің алдыңғы жағын ақырын ғана көтеріп мұздатқышқа салыңыз. Шеткі жақтарын келтіріп салғаннан кейін, себеттерді өз орындарына қарай итеріңіз.

6. АҚЫЛ-КЕҢЕС

6.1 Қалыпты жұмыс шуылы

Жұмыс істеп тұрған кезде келесі дыбыстардың естілуі қалыпты жағдай:
• Салқындатқыш сұйық жіберілген
кезде көпіршіктенген және сылдырлаған дыбыс шығуы мүмкін.
• Салқындатқыш сұйық жіберілген
кезде компрессордан діріл және сылдырдың дыбысы естіледі.
• Қызудың әсерінен пайда болатын
дилатацияға (табиғи және қауіпті емес физикалық құбылыс) байланысты құрылғының ішінде кенет пайда болатын сырт-сырт еткен дыбыс.
• Компрессор қосылғанда немесе
сөндірілгенде температураны реттегіштен әлсіз дыбыс естілуі мүмкін.

6.2 Қуатты үнемдеуге арналған кеңестер

• Егер аса қажет болмаса есікті жиі ашпаңыз немесе ұзақ уақыт ашып қалдырмаңыз.
6.3 Жаңа тағамды
тоңазытуға қатысты ақыл­кеңес
Ең жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін:
• жылы тағамды немесе буы бұрқырап тұрған сұйықтарды тоңазытқышқа қоймаңыз
• әсіресе иісі күшті шығатын тағамдардың бетін жабыңыз немесе орап қойыңыз
• тағамдарды ауа еркін айнала алатын етіп орналастырыңыз
www.aeg.com14

6.4 Тоңазытуға қатысты ақыл-кеңес

Пайдалы кеңес:
• Ет (барлық түрі) : полиэтилен таспаға орып, көкөніс тартпасының үстіңгі жағындағы шыны сөреге қойыңыз.
• Сақтық шарасын орындау үшін тағамды осылайша бір немесе ең көбі екі күн ғана сақтаңыз.
• Піскен тағамдар, салқын тағамдар, т.с.с.: бұндай тағамдарды жауып, кез келген сөреге қоюға болады.
• Жемістер мен көкөністер: бұларды әбден жуып, арнайы тартпа(лар)ға салыңыз.
• Сары май және ірімшік: ауа өткізбейтін арнайы сауыттарға салып немесе ауаны мүмкіндігінше кіргізбеу үшін алюминий жұқалтырға не полиэтилен қалтаға орап салу керек.
• Шөлмектер: оларға қақпақ жауып, есіктің шөлмек сөресіне немесе шөлмек сөресіне (бар болса) сақтау керек.
• Банан, картоп, пияз және сарымсақ оралмаған болса, тоңазытқышта сақтау керек.
6.5 Мұздатуға қатысты ақыл
кеңес
Мұздату үрдісін барынша жақсы жүзеге асыру үшін мына маңызды кеңестерді ұсынамыз:
• 24 сағатта мұздатуға болатын тағамның ең көп мөлшері техникалық ақпарат тақтайшасында көрсетілген;
• мұздату үрдісі 24 сағатқа созылады. Осы кезде ешбір мұздатылатын тағамды қосып салуға болмайды;
• жоғары сапалы, жаңа және әбден тазаланған тағамдарды ғана мұздатыңыз;
• тағамды жылдам және әбден мұздату үшін, сондай-ақ кейін
тағамды қажетті мөлшерде ғана жібіту үшін аз мөлшерге бөліп, жеке-жеке сақтаңыз.
• тағамды алюминий жұқалтырға немесе полиэтилен орамға орап, тағам орамдарының ауа өткізбейтініне көз жеткізіңіз;
• мұздатылған тағамның температурасы жоғарылап кетпес үшін, жаңа, мұздатылмаған тағамды мұздатылған тағамға тигізбеңіз;
• майы аз тағамдар, майлы тағамға қарағанда ұзағырақ сақталады; тұз тағамның сақталу уақытын қысқартады;
• мұзды мұздатқыш бөліктен ала сала пайдаланса, теріні қарып жіберуі мүмкін;
• тағамды сақтау уақытын есепке алып отыру үшін, әр орамның сыртына мұздатылған ай-күнін жазып қою ұсынылады.
6.6 Мұздатылған тағамды
сақтау бойынша кеңес
Құрылғының барынша жақсы жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін мына әрекеттерді орындау керек:
• сатушының мұздаған қалпы сатылатын тағамдарды тиісті түрде мұздатқанына көз жеткізіңіз;
• мұздатылған тағамдарды дүкеннен мұздатқышқа барынша аз уақыт ішінде жеткізіңіз;
• егер аса қажет болмаса есігін жиі ашпаңыз немесе ұзақ уақыт ашып қалдырмаңыз;
• мұздап тұрған тағамды жібіткеннен кейін сапасы дереу түсе бастайды және оны қайта мұздатуға болмайды;
• тағамды өндіруші көрсеткен жарамдылық мерзімінен артық уақыт сақтамаңыз.

7. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ

ҚАЗАҚ 15
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

7.1 Жалпы ескертулер

САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ!
Қандай да бір жөндеу жұмысын орындау алдында, құрылғыны сөндіріңіз.
Құрылғының салқындатқыш жүйесінде көмірсутек бар; жөндеу және оны қайта толтыру жұмыстарын тек уәкілетті маман ғана іске асыруға тиіс.
Құрылғының керек­жарақтары мен бөлшектерін ыдыс жуғыш машинамен жууға болмайды.

7.2 Пештің ішін тазалау

Құрылғыны ең алғаш пайдалану алдында, іші мен барлық ішкі керек­жарақтарын, аздап бейтарап сабын қосылған жылы сумен жуып, ондағы әдетте жаңа затқа тән келетін иісті жуып, содан кейін мұқият құрғатыңыз.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ!
Жуғыш заттарды немесе жеміргіш ұнтақтарды қолданбаңыз, себебі бұндай заттар құрылғының қаптамасын бүлдіреді.

7.3 Мерзімді тазалау

САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ!
Камераның ішіндегі түтікше немесе сымдардың ешқайсысын тартуға, қозғауға немесе бүлдіруге болмайды.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ!
Салқындатқыш жүйені бүлдіріп алудан сақтаныңыз.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ!
Корпусты жылжытқан кезде, еденді сызып кетпес үшін алдыңғы жағынан көтеріңіз.
Құрылғыны жиі тазалап отыру керек:
1. Құрылғының іші мен керек-
жарақтарын, аздап бейтарап сабын қосылған жылы сумен жуыңыз.
2. Есіктің тығыздағыштарын
уақытылы тексеріп, қоқыстарын тазалап отырыңыз.
3. Шайыңыз да, жақсылап
құрғатыңыз.
4. Егер қол жетімді болса,
құрылғының артында орналасқан конденсат құрылғысы мен компрессорды шөткемен тазалаңыз. Желдеткіш торды бұлай тазалау құрылғының жұмысын жақсартып, электр қуатын тұтынуды азайтуға көмектеседі.

7.4 Тоңазытқыштың мұзын еріту

Құрылғы қалыпты жұмыс істеп тұрса, қырау тоңазытқыш камерадағы буландырғыштан, мотор компрессоры тоқтаған сайын автоматты түрде шығарылады. Еріген су науа арқылы құрылғының артқы жағында, мотор компрессорының үстінде орналасқан
www.aeg.com16
арнайы сауытқа жиналады да, сол жерде буға айналады.
Жиналған су ағып, тоңазытқыштағы тағамға тамшыламас үшін тоңазытқыш бөліктегі науаның ортасындағы еріген су ағатын саңылауды мезгіл-мезгіл тазалап тұрған маңызды.

7.5 Мұздатқыштың мұзын еріту

Мұздатқыш бөлікке мұз қатпайды. Бұл құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде ішкі қабырғаларының бетіне де, тағамның үстіне де ешбір мұз қатпайтынын көрсетеді.
Мұз қатпайтын себебі, автоматты түрде басқарылатын желдеткіш
құрылғы ішінде үнемі суық ауаны айналдырып тұрады.
7.6 Құрылғыны
қолданбаған кезде
Құрылғыны ұзақ уақыт бойы қолданбаған кезде мына сақтық шараларын орындаңыз:
1. Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
2. Тағамдардың барлығын
шығарыңыз.
3. Құрылғыны және оның керек-
жарақтарының барлығын тазалаңыз.
4. Жағымсыз иіс пайда болмау үшін
есікті/есіктерді ашық қалдырыңыз.
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Егер құрылғыны қосып қалдыратын болсаңыз, электр қуаты өшіп қалған жағдайда ішіндегі тағам бұзылып кетпес үшін, басқа бір адамның арасында бір рет бақылап қойып отыруын сұраңыз.

8. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

8.1 Не істерсіңіз, егер...

Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Құрылғы жұмыс істемейді. Құрылғы сөндірулі. Құрылғыны қосыңыз.
Қуат ашасы розеткаға
Розеткада тоқ жоқ. Розеткаға басқа электр
Құрылғыдан шуыл шығады.
дұрыс сұғылмаған.
Құрылғы дұрыс орнықпаған.
Ашаны розеткаға дұрыстап сұғыңыз.
құрылғысын қосып көріңіз. Электрші маманға хабарласыңыз.
Құрылғының орнықты тұрғанына көз жеткізіңіз.
ҚАЗАҚ 17
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Көрінетін және естілетін сигналдар қосылып тұр.
Құрылғы жақында ғана қосылған немесе температурасы тым
"Есік ашық" немесе "Жоғары температураны ескерту сигналы" тарауын қараңыз.
жоғары.
Құрылғының ішіндегі температура тым жоғары.
"Есік ашық" немесе "Жоғары температураны ескерту сигналы" тарауын қараңыз.
Есік ашық қалған. Есікті жабыңыз.
Құрылғының ішіндегі температура тым жоғары.
Жақын жердегі уәкілетті қызмет көрсету орталығына немесе білікті электршіге хабарласыңыз.
Температура дисплейінде санның орнына төртбұрыш таңба көрсетіліп тұр.
Температура сенсорына қатысты ақаулық.
Жақын жердегі уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз (салқындатқыш жүйе тағамды салқындатуын жалғастырады, бірақ температураны реттеу мүмкін емес).
Шам жанбайды. Шам күту режимінде тұр. Есікті жауып, қайта ашыңыз.
Шам жанбайды. Шамда ақаулық бар. Жақын жердегі уәкілетті
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Компрессор үздіксіз жұмыс істейді.
Бір мезгілде тым көп
Температура дұрыс орнатылған жоқ.
тағам қойылған.
"Құрылғының жұмысы" тарауын қараңыз.
Бірнеше сағат күтіңіз, содан кейін температурасын қайта тексеріңіз.
Бөлме температурасы
тым жоғары.
Техникалық ақпарат тақтайшасындағы ауа-райы санатын қараңыз.
Құрылғыға тым жылы
тағамдар қойылған.
Тағамдарды бөлме температурасына дейін салқындатып алғаннан кейін салыңыз.
Есік дұрыс жабылмаған. "Есікті жабу" тарауын
қараңыз.
FROSTMATIC функциясы қосылған.
"FROSTMATIC функциясы" тарауын қараңыз.
www.aeg.com18
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
COOLMATIC функциясы қосылған.
Компрессор FROSTMATIC тетігін басқаннан кейін
Бұл қалыпты жағдай,
ешқандай ақаулық жоқ. немесе температураны өзгерткеннен кейін бірден жұмыс істей бастамайды.
Компрессор COOLMATIC тетігін басқаннан кейін
Бұл қалыпты жағдай,
ешқандай ақаулық жоқ. немесе температураны өзгерткеннен кейін бірден жұмыс істей бастамайды.
Су тоңазытқыштың ішіне ағады.
Су ағатын түтікше бітеліп
қалған.
Тағамдар судың
коллекторға қарай
ағуына бөгет жасайды.
Су еденге ағады. Еріген су ағатын түтікше,
компрессордың үстіндегі
буландырғыш науаға
қосылмаған.
Температура орнатылмайды.
FROSTMATIC немесе
COOLMATIC функциясы
қосылған.
DEMO жыпылықтап көрсетіледі.
Желдеткіш торкөз есікке кедергі жасап тұр немесе
Құрылғы демо режимде
тұр.
Құрылғы деңгейі дұрыс
орнатылмаған. есік дұрыс деңгейленген жоқ.
Құрылғының ішіндегі температура өте төмен/өте
Температура тетігі дұрыс
мәнге қойылмаған. жоғары.
"COOLMATIC функциясы" тарауын қараңыз.
Компрессор біраз уақыттан кейін жұмыс істей бастайды.
Компрессор біраз уақыттан кейін жұмыс істей бастайды.
Су ағатын түтікшені тазалаңыз.
Тағамдардың артқы тақтаға тимейтінін тексеріңіз.
Еріген су ағатын түтікшені буландырғыш науаға жалғаңыз.
FROSTMATIC немесе COOL‐ MATIC функциясын қолмен сөндіріңіз немесе температураны орнату үшін функцияның өздігінен бастапқы қалпына келуін күтіңіз. "FROSTMATIC немесе COOLMATIC функциясы" тарауын қараңыз.
OK түймешігін ұзақ сигнал естілгенше және дисплей біраз уақыт сөнгенше ұзақ уақыт, шамамен 10 секунд басып ұстап тұрыңыз.
"Деңгейін реттеу" тарауын қараңыз.
Жоғарырақ/төменірек температураға қойыңыз.
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Есік дұрыс жабылмаған. "Есікті жабу" тарауын
қараңыз.
Азық-түліктердің температурасы өте жоғары.
Бір мезгілде тым көп тағам сақтауға қойылған.
Есік тым жиі ашылған. Есікті ашу қажет болса ғана
FROSTMATIC функциясы қосылған.
COOLMATIC функциясы қосылған.
Құрылғының ішінде суық ауа айналымы жоқ.
Азық-түліктің температурасын бөлме температурасына дейін азайтып барып сақтаңыз.
Бір мезгілде сақталатын азық-түліктер мөлшерін азайтыңыз.
ашыңыз.
"FROSTMATIC функциясы" тарауын қараңыз.
"COOLMATIC функциясы" тарауын қараңыз.
Құрылғы ішінде суық ауаның айналуын қамтамасыз етіңіз.
ҚАЗАҚ 19

8.2 Есікті жабу

1. Есіктің тығыздағыштарын
тазалаңыз.
2. Қажет болса, есікті реттеңіз.
"Орнату" тарауын қараңыз.
3. Қажет болса, зақым келген
тығыздағыштарды өзгертіңіз.

9. ОРНАТУ

9.1 Орналастыру

Құрылғыны құрғақ, жақсы желдетілген, бөлме температурасы құрылғынының техникалық ақпарат тақтайшасында көрсетілген температураға сай келетін жерге орнату қажет:
Егер ақыл-кеңес күткен нәтиже бермесе, жақын жердегі уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
Уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

8.3 Шамды ауыстыру

Құрылғы қолданыс мерзімі ұзақ LED ішкі жарықтама шамымен жабдықталған.
Жарықтандыру құралын сервис қызметкері ауыстыру керек. Уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Ауа­райы санаты
SN +10°C бастап + 32°C дейін
N +16°C бастап + 32°C дейін
ST +16°C бастап + 38°C дейін
Бөлме температурасы
A
B
100 mm
min
20 mm
www.aeg.com20
Ауа­райы санаты
T +16°C бастап + 43°C дейін
Бөлме температурасы
Осы ауқымнан тыс пайдаланған кезде кей үлгілерде кейбір функциональдық ақаулар пайда болуы мүмкін. Дұрыс температура ауқымында пайдаланғанда ғана жұмыстың дұрыс болатынына кепілдік беріледі. Құрылғыны орнататын жерді дұрыс анықтай алмасаңыз, сатушыға, сатып алушыға қызмет көрсету немесе жақын жердегі қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз

9.3 Электртоғына қосу

• Құрылғыны қуат көзіне қосу алдында үйдегі қуат көзінің техникалық ақпарат тақтайшасында көрсетілген кернеу мен жиілікке сәйкестігіне көз жеткізіңіз.
• Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау қажет. Бұл үшін қуат

9.2 Орналасуы

Құрылғыны радиаторлар, бойлерлер, тура түскен күн жарығы сияқты жылу көздерінен мүмкіндігінше алыс орнату қажет. Құрылғының артқы жағында ауаның еркін айналы тұруын қамтамасыз етіңіз. Құрылғы жақсы жұмыс істеуі үшін, егер құрылғы қабырғаға ілулі заттың астына қойылса, құрылғының үсті мен қабырғаға ілулі заттың арасында кем дегенде 100 мм орын қалуға тиіс. Дегенмен, ең жақсысы, құрылғыны қабырғаға ілінетін заттың астына қоймаған дұрыс. Құрылғы корпусының астындағы бір немесе бірнеше аяғын реттеу арқылы оны бір деңгейлеп орнатуға болады.
ашасы контактісімен бірге берілген. Егер қуатпен жабдықтау жүйесінің розеткасы жерге тұйықталмаса, құрылғыны білікті электршіден кеңес алып, қолданыстағы ережелерді орындай отырып, жерге жеке тұйықтау керек.
• Жоғарыда көрсетілген қауіпсіздік шаралары орындалмаса, өндіруші ешқандай жауапкершілік алмайды.
• Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне сай келеді.

9.4 Артқы тығыздағыштар

Құжаттар салынған қалтадан екі тығыздағышты таба аласыз.
1. Бұранданы босатыңыз.
2. Тығыздағышты бұранданың
астына салыңыз.
3. Тығыздағышты дұрыс жаққа
бұраңыз.
4. Бұрандаларды қатайтыңыз.
2
4
3
1

9.5 Тіктеп орнату

1
2
3
Құрылғыны орналастырған кезде орнықты болуын қадағалаңыз. Оны алдының төменгі жағындағы реттемелі екі аяғының көмегімен орнықты етуге болады.

9.6 Сөре тіреуіштерін алу

Құрылғы тасымал кезінде сөрелерді орнынан жылжыптай ұстауға арналған тіреуіштермен жабдықталған.
1. Сөре тіреуіштерін көрсеткі (1)
бағытымен жылжытыңыз.
2. Сөрені артқы жағынан көтеріңіз де,
әбден босағанша алға итеріңіз (2).
3. Тіреуіштерді алыңыз (3).
ҚАЗАҚ 21

9.7 Сүзгіні CleanAir Control орнату

Сүзгіні беткі фрагменттері босап кетпес үшін абайлап ұстау керек. Сүзгіні алты ай сайын бір рет ауыстырып отыру керек.
Көміртекті сүзгінің қолданыс мерзімін және қасиеттерін сақтау үшін, ол пластик қалтаға салынып жеткізіледі. Сүзгіні құрылғыны іске қоспай тұрып, қалқанның артына орнату керек.
CleanAir Control сүзгісі жағымсыз иістерді сіңіріп, тағамның иісін, дәмін, бір-біріне сіңірмей өз қалпында сақтайтын, белсендірілген көміртегіден жасалған сүзгі.
1. Қалқанның қақпағын ашыңыз.
2. Сүзгіні пластик қалтадан алыңыз.
3. Сүзгіні қалқан қақпағының артында
орналасқан саңылауға салыңыз.
4. Қалқанның қақпағын жабыңыз.
1
2
3
www.aeg.com22

9.8 Сөре тіреуіштерін алу

Құрылғы тасымал кезінде сөрелерді орнынан жылжыптай ұстауға арналған тіреуіштермен жабдықталған.
1. Сөре тіреуіштерін көрсеткі (1)
бағытымен жылжытыңыз.
2. Сөрені артқы жағынан көтеріңіз де,
әбден босағанша алға итеріңіз (2).
3. Тіреуіштерді алыңыз (3).

10. ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ

10.1 Техникалық дерек

9.9 Есіктің ашылатын жағын
өзгерту
Егер есіктің ашылатын жағын өзгерткіңіз келсе, жақын жерде қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Қызмет көрсету орталығының маманы есіктердің орнын төлемақыға ауыстырып береді.
Биіктігі мм 1865
Ені мм 595
Тереңдігі мм 658
Темп. жоғарылау уақыты Сағат 18
Кернеу Вольт 230 - 240
Жиілік Гц 50
Техникалық ақпарат құрылғының сыртқы немесе ішкі қабырғасындағы техникалық ақпарат тақтайшасында
және электр қуатының жапсырмасында көрсетілген.
11. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚАТЫСТЫ ЖАҒДАЙЛАР
Белгі салынған материалдарды қайта өңдеуден өткізуге тапсырыңыз. Орам материалдарын қайта өңдеуден өткізу үшін тиісті контейнерлерге
салыңыз. Электрлік және электроникалық құрылғылардың қалдығын қайта өңдеуден өткізу арқылы, қоршаған ортаға және
Loading...
+ 50 hidden pages