Aeg 11365GM-M User Manual [ru]

11365GM
KZ RU UA
Қолдану туралы нұсқаулары Инструкция по эксплуатации Інструкція Плита
Кухонная плита
Пеш
2
Мазмұны
Біздің жоғарғы сапалы өнімдеріміздің бірін таңдағаныңызға
алғысымызды білдіреміз.
Бұл құрылғы тиімді әрі тұрақты жұмыс жасау үшін осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. Бұл құрылғының барлық үрдістерін жете меңгеріп, оны неғұрлым тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Қажет жағдайда керек нұсқауларды оқып отыру үшін бұл нұсқаулықты сенімді жерге сақтап қойыңыз. Құрылғыны келесі пайдаланушыға берер кезде нұсқаулықты да қоса беруді ұмытпаңыз.
Жаңа құрылғыны пайдаланып жайлы көңіл-күйге жете беріңіз.
МАЗМҰНЫ
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
Балалар мен дәрменсіз адамдардың қауіпсіздігі 3 Қауіпсіздікке қатысты жалпы нұсқаулар 3 Қолданылуы 3 Күтім көрсету және тазалау 4 Орнату 5 Электр желісіне жалғау 6 Газға қосу 6 Қызмет көрсету 7 Құрылғыны тастау 7
БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ 7
Жалпы көрінісі 7 Керек-жарақтар 8
БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН 8
Алғашқы тазалау 9 Алдын ала қыздыру 9
ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ 9
Оттықты тұтату 9 Оттықты сөндіру 10
ПЕШТІҢ ҮСТІ - ПАЙДАЛЫ АҚЫЛ­КЕҢЕС 10
Қуат үнемдеу 10
ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮТІП ҰСТАУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ 10
ТҰМШАПЕШ- КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ 11
Пеш функциялары 11
Газ тұмшапеште пісіру 11
3
Грильді қолдану 12 Минут операторы 13 Айналғыш 13
ТҰМШАПЕШ - ПАЙДАЛЫ АҚЫЛ­КЕҢЕС 13
Торт пісіру 14 Балық пен етті пісіру 14 Пісіру уақыты 14 Пісіру кестесі 14 Айналғышы бар гриль 17
ТҰМШАПЕШ - КҮТІП ҰСТАУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ 18
Пештің есігін тазалау 18 Суырманы алу 20 Пеш шамы 20 Пештің шамын айырбастау/шыны қалпағын тазалау 21
НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР... 21 ОРНАТУ 22
Техникалық ақпарат 22 Газға қосу 24 Металл емес иілгіш түтіктер қосылымы 24 Инжекторларды ауыстыру 25 Пешті газдың басқа түрлеріне лайықтау 26 Ең кіші деңгейді реттеу 28 Деңгейлеу 28 Электр қосылымы 29
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
29
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
Өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету мен құрылғыны дұрыс іске қосу үшін, оны орнатып, іске қоспас бұрын аталмыш нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. Құрылғыны сатсаңыз да, көшірсеңіз де осы нұсқаулық құрылғымен бірге болсын. Құрылғыны пайдаланатын адамдар оның қауіпсіздік функциялары мен іске қосу жолдарын толық білуге тиіс. Өндіруші құрылғыны теріс орнату мен қолдануға байланысты туындаған ақаулықтар үшін жауапкершілік көтермейді.
Балалар мен дәрменсіз адамдардың қауіпсіздігі
• Кембағал, сезім мүкістігі бар немесе ақыл-есі кем, құрылғыны қолдану тәжірибесі жоқ немесе қолдана білмейтін адамдарға, балаларға оны іске қосуға рұқсат бермеңіз. Олар осы құрылғыны өз қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамның нұсқауы немесе қадағалауы бойынша пайдалануға тиіс.
• Орам материалдарының барлығын балалардан аулақ ұстаңыз. Тұншығып қалу немесе жарақат алу қаупі бар.
• Балалар мен үй жануарларын есігі ашық тұрған немесе жұмыс істеп тұрған құрылғыға жақындатпаңыз. Жарақат алу немесе өзге тұрақты түрде жарамсыз болып қалу қаупі бар.
• Құрылғының балалардан құрсаулау тетігі не түймешікті құрсаулау тетігі болса, соны қолданыңыз. Бұл құрал балалар мен үй жануарларының құрылғыны байқаусызда іске қосуына жол бермейді.
3
Қауіпсіздікке қатысты жалпы нұсқаулар
• Бұл өнімді өзгертуге не оның техникалық сипаттарына өзгеріс енгізуге болмайды. Жарақат алу немесе құрылғыны бүлдіріп алу қаупі бар.
• Құрылғыны ең алғаш іске қоспас бұрын орам материалдарының, жапсырмалары мен төсем материалдарының барлығын алыңыз.
• Пісіру алаңдарын әр қолданып болған сайын "off" қалпына қойыңыз.
Қолданылуы
• Құрылғы тек үйде ғана қолдануға арналып шығарылған.
• Құрылғының үстін жұмыс алаңына не зат сақтайтын орынға айналдырмаңыз.
• Қосылып тұрған құрылғыны қараусыз қалдырмаңыз. Өрт шыққан жағдайда құрылғыны сөндіріңіз. Өртті кәстрөл қақпағымен сөндіріңіз , оны ешқашан сумен сөндіруге болмайды.
• Күйіп қалу қаупі бар! Пісіру алаңына металл заттарды, мысалы ас құралдары мен кастрөл қақпақтарын қоймаңыз, себебі олар қызып кетеді.
• Заттар немесе ыдыс-аяқтар пештің керамика бетіне құласа, оған зақым келтіруі мүмкін.
• Шойын, алюминийден жасалған, не түбіне нұқсан келген ыдыстарды әрі-бері сырғытсаңыз, керамика бетке сызат түсуі мүмкін.
4
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
• Құрылғының бетіне сызат түссе, электр тоғының қатеріне ұшырамас үшін оны ажыратып қойыңыз.
• Ыдыстар мен керамика бетке нұқсан келмес үшін ыдыстарды ішіндегісі әбден сарқылғанша қайнатпаңыз.
• Пісіру алаңдарын еш ыдыссыз не бос ыдыс қойып пайдаланбаңыз.
• Пештің эмаль қаптамасының түсінің өзгеруі, құрылғы жұмысына әсер етпейді. Бұл кепілдікті заңды күшінен айырмайды.
• Құрылғының есігін күш салып баспаңыз.
• Құрылғы іске қосылып тұрғанда, оның іші ысып кетеді. Күйіп қалу қатері бар. Керек-жарақтар мен кәстрөлдерді алып не салып жатқанда қолғап киіңіз.
• Іске қосылып тұрған құрылғының есігін ашатын кезде (әсіресе бумен пісірген кезде) әрқашан артқа шегініңіз. Бұлай істегенде жиналып қалған бу немесе қызу сыртқа шығады.
• Құрылғының сырлы қаптамасы бүлініп қалмас үшін: – құрылғының табанына ешбір затты тура қоймаңыз және оны
алюминий фольгамен жаппаңыз – Ыстық суды құрылғының ішіне тура қоймаңыз – тағам пісіруді аяқтағаннан кейін су ыдыстарды және тағамды
құрылғының ішінде ұстамаңыз.
• Бұл пешті суға тиіп тұрса пайдаланбаңыз. Пешті су қолмен іске қоспаңыз.
• Су ыдыстар мен пісірілген тағамдарды құрылғының ішінде ұстамаңыз, себебі бу құрылғының сырлы қаптамасын бүлдіреді немесе құрам бөліктерінің ішіне кіріп кетеді.
• Тез тұтанғыш сұйықтар мен материалдарды, немесе балқығыш заттарды (пластик не алюминийден жасалған) құрылғы үстіне немесе оған жақын қоймаңыз.
• Тек қызуға төзімді керек-жарақтарды ғана пештің астындағы суырмаға салған дұрыс. Суырмаға тұтанғыш материалдарды салмаңыз.
• Пеш қуысындағы ауа айналымын қамтамасыз ету үшін пештің арт жағының орта шегінде орналасқан саңылаудың бітеліп не далдада қалмағанын әрқашан тексеріңіз.
Сақтандыру туралы ескерту! Шыны қақпақ қызған кезде шытынап кетуі мүмкін. Қақпақты оттықтардың барлығын сөндіргеннен кейін ғана жабыңыз.
Күтім көрсету және тазалау
• Жөндеу жұмысын жүргізбей тұрып, құрылғыны сөндіріп, ашаны розеткадан ағытып алыңыз. Құрылғының суығанына көз жеткізіп алыңыз.
• Құрылғыны әрқашан таза ұстаңыз. Пеште жиналып қалған май не тағам қалдықтары өрт қатерін тудыруы мүмкін.
• Құрылғының бетін жиі-жиі тазалап тұру, оны сыны кетіп сапасы түсуден сақтайды.
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
• Құрылғыны тазалау үшін тек су мен сабынды пайдаланыңыз. Өткір заттар, түрпілі тазалағыш құралдар, жеміргіш жөкелер мен дақ кетіргіштер құрылғыға нұқсан келтіреді.
• Құрылғыны бу бүріккішпен немесе жоғары қысым арқылы тазалайтын құралмен тазаламаңыз.
• Шыны есікті жеміргіш заттармен немесе металл қырғышпен тазаламаңыз. Ішкі шыны панельдің қызуға төзімді беті сынып, жарылып кетуі мүмкін.
• Шыны панельдерді тазаламай тұрып, олардың салқындағанына көз жеткізіңіз. Шыны сынып қалуы ықтимал.
• Құрылғының есігін алған кезде абай болыңыз. Есіктің салмағы ауыр!
•Есіктің шыны панельдеріне нұқсан келсе, босап, сынып қалуы мүмкін. Оларды міндетті түрде ауыстыру керек. Қосымша нұсқауларды жергілікті қызмет көрсету орталығынан алыңыз.
• Пеш бүріккішін қолдансаңыз, оны өндірушінің нұсқауларын орындаңыз. май сүзгісіне(егер бар болса), қыздырғыш элементтер мен термореле сенсорлық құралына ешқашан қандай да бір затты бүркіп шашпаңыз.
• Пиролит арқылы (егер бар болса)тазалаған кезде қатып қалған ластық, құрылғы бетінің түсін өзгертуі мүмкін.
• Каталитті эмальды тазаламаңыз (егер бар болса).
• Пештің шамын айырбастаған кезде абай болыңыз. Электр қатеріне ұшырау қаупі бар!
Орнату
• Бұл құрылғыны тек уәкілетті маман ғана орнатып, желіге қосып немесе жөндеуге тиіс.
• Құрылғы қолданылатын елдегі заң күшіне ие заңдар, қаулылар, ережелер мен стандарттарды(қауіпсіздік нұсқаулары, қалдықтарды қайта өңдеу бойынша ережелер, электр және/не газ қауіпсіздігі ережелері т.с.с.) мұқият орындаңыз!
• Орнату нұсқауларын орындамасаңыз, ақаулық орын алған жағдайда кепілдік заңды күшке ие болмай қалады.
• Құрылғыны тасымалдаған кезде еш жерінің бүлінбегенін тексеріңіз. Бүлінген құрылғыны ешқашан желіге қоспаңыз. Қажет болса, құрылғыны сатқан жерге хабарласыңыз.
• Құрылғыны тез тұтанатын заттарға (мысалы, терезе пердесі, сүлгі т.б.) таятып орнатудан қашық болыңыз.
• Ең алғаш пайдаланбас бұрын орам материалдарының барлығын алыңыз.
• Бұл құрылғының салмағы ауыр. Оны жылжытқан кезде абай болыңыз. Әрқашан қауіпсіздік қолғабын киіңіз. Құрылғыны ешқашан тұтқасынан немесе үстіңгі жағынан тартпаңыз.
• Осы құрылғы мен басқа құрылғылардың, заттардың арасындағы минимум арақашықтықты сақтаңыз!
• Маңызды! Пешті таған немесе сол сияқты оны биіктететін заттың үстіне қоюға болмайды. Бұл құрылғының бір жағына қарай ауып кету қаупін күшейте түседі!
5
6
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
Электр желісіне жалғау
Құрылғыны міндетті түрде жерге қосу қажет.
• Техникалық тақтайшадағы электр параметрлерінің желі параметрлеріне сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
• Әрқашан дұрыс орнатылған, электр қатерінен сақтандырылған розетканы ғана қолданыңыз.
• Көп тармақты ашаларды, қосқыштарды және ұзартқыш кабельдерді қолданбаңыз. Өрт шығу қатері бар.
• Қорек сымын өзіңіз ауыстыруға немесе өзгертуге әрекеттенбеңіз. Қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
• Құрылғы кез келген полюсте контакттарының арасына 3 мм орын қалдыра отырып ажыратуға мүмкіндік беретін құралмен жабдықталуға тиіс.
• Қорек сымы мен ашаның құрылғының арт жағында жаншылып немесе бүлініп қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Құрылғыны орнатып болған соң да ашаға қол жететіндігін тексеріңіз.
• Құрылғыны сымынан тартып ағытпаңыз. Әрқашан сымының ашасынан ұстап ағытыңыз.
• Айырып-қосқыш құралдардың дұрыс түрін қолдану қажет: оларға айырып-қосқыштар, сақтандырғыштар (бұралмалы сақтандырғыштарды ұясынан алу қажет ), жерге қосу және контакт құралдары жатады.
• Кернеу туралы ақпарат техникалық ақпарат тақтайшасында көрсетілген.
Газға қосу
• Құрылғы қасындағы желдеткіштің жақсы жұмыс істейтініне көз жеткізіңіз. Ауаның жеткілікті берілмеуі, оттегі тапшылығын туғызуы мүмкін.
• Газдың берілуі техникалық ақпарат тақтайшасында көрсетілген газ түріне сай келетініне көз жеткізіңіз, "Бұйым сипаттамасы" тарауын қараңыз.
• Бұл пеш жану өнімдерін кетіретін құрылғыға жалғанбаған. Бұл пеш қолданыстағы орнату ережелеріне сай орнатылып, желіге қосылуға тиіс. Желдетуге қатысты талаптардың орындалуына ерекше назар аудару керек.
• Газға тамақ пісіру құрылғысын пайдаланған кезде оны орнатқан бөлме ысып кетеді және ылғал түзіледі. Ас бөлмедегі желдеткіштің жақсы жұмыс істейтініне көз жеткізіңіз: табиғи жолмен желдетілетін саңылауларды ашып қойыңыз не механикалық желдету құралын орнатыңыз (механикалық тартқыш құрылғы).
• Құрылғыны ұзақ уақыт қарқынды пайдаланған кезде, ас бөлмені көбірек желдету (мысалы, терезені ашу немесе механикалық желдеткіш бар болса, деңгейін көтеру) керек.
Бұйым сипаттамасы
Қызмет көрсету
• Бұл құрылғыны уәкілетті қызмет көрсету орталығының инженері ғана жөндей алады. Фирмалық қосалқы бөлшектерді ғана қолданыңыз. Уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Құрылғыны тастау
• Адам жарақаттанып немесе мүлікке зиян келмес үшін –Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.
– Қорек сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа тастаңыз. – Есіктің бекітпесін ағытып алыңыз. Бұл кішкене балалар немесе үй
жануарлары құрылғының ішіне кіріп, қамалып қалуына жол бермеу үшін қажет. Тұншығып кету қатері бар.
БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
Жалпы көрінісі
2 543
1
7
4
9
9
3
2
1
1 Басқару панелі 2 Пеш тақтасын басқару тетіктері 3 Пеш шамы мен айналғышқа арналған түймешік 4 Минут сайын еске салғыштың басқару тетігі 5 Пеш функцияларын басқару тетігі
6
7
8
8
Бірінші қолданғанға дейін
6 Гриль 7 Пеш шамы 8 Айналғыш тесігі 9 Сөре сырғытпалары
Пісіру алаңдарының орналасуы
1
2
1 Қосымша оттық 2 Жартылай жылдам оттық 3 Жартылай жылдам оттық 4 Жылдам оттық
4
3
Керек-жарақтар
• Пеш сөресі Ыдыс, торт қалыптарын қою, тағам қуыруға арналған.
• Тегіс пісіру науасы Торттар мен печеньелерге арналған.
• Қуыруға арналған шұңғыл таба Пісіру және қуыру үшін немесе май жинайтын таба ретінде
қолданылады.
• Бұрылмалы істік Еттің үлкен кесектері мен құс етін қуыруға арналған.
• Гриль дефлекторы Грильді қолданған кезде қалқан ретінде пайдаланылады.
• Зат сақтау суырмасы Пеш қуысынан төмен зат сақтау суырмасы орналасқан.
Назарыңызда болсын! Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда зат сақтау суырмасы ысып кетуі мүмкін.
БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
Пешті пайдаланбас бұрын, оның ішкі және сыртқы орам материалдарының барлығын алыңыз. Техникалық ақпарат тақтайшасын алмаңыз.
Пештің үсті - Күнделікті пайдалану
Алғашқы тазалау
• Құрылғы ішіндегі керек-жарақтардың барлығын алыңыз.
• Құрылғыны ең алғаш пайдаланардың алдында тазалаңыз.
Сақтандыру туралы ескерту! Жеміргіш тазалағыштарды қолданбаңыз! Бұндай заттар құрылғының бетін бүлдіруі мүмкін. "Күтім көрсету және тазалау" тарауын қараңыз.
Алдын ала қыздыру
Пештің ішінде қалған қалдықты күйдіріп жіберу үшін, ең жоғары температураны орнатыңыз да, бос пешті 45 минут қыздырыңыз. Пештің керек-жарақтары қалыпты жағдайда пайдаланған кездегіден де қызып кетуі мүмкін. Осы кезде иіс шығуы ықтимал. Бұл қалыпты жағдай. Бөлменің жақсы желдетілетініне көз жеткізіңіз.
ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ
Оттықты тұтату
Назарыңызда болсын! Ас үйде ашық отты пайдаланған кезде өте абай болыңыз. Жалын дұрыс пайдаланылмаған жағдайда, өндіруші жауапкершілік көтермейді
Оттықты әрқашан ыдысты қоймай тұрып жағыңыз.
9
Оттықты жағу үшін:
1. Тиісті басқару тетігін шегіне дейін басыңыз да, оны сағат бағытына
қарсы бұрап ең жоғарғы мәнге қойыңыз. от алдырғыш құрал автоматты түрде іске қосылады.
2. Басқару тетігін шамамен 10 секунд басып ұстап тұрыңыз; бұл
терморелені жылытуға көмектеседі. Бұлай істемеген жағдайда, газ өшіп қалады.
3. От бірқалыпты жанғаннан кейін, оның жалынын реттеңіз.
Егер бірнеше әрекеттен кейін оттық жанбаса, шілтер мен қақпақтың дұрыс тұрғанын тексеріңіз.
1 Оттықтың қақпағы 2 Оттық шілтері 3 От алдырғыш 4 Термореле
. Басқару тетігін басқанда,
1
2
3
4
10
Пештің үсті - Пайдалы ақыл-кеңес
Назарыңызда болсын! Егер оттық 15 секундтан кейін жанбаса, басқару түймешесін босатыңыз, оны өшірулі қалыпқа бұраңыз да, кем дегенде 1 минуттан кейін оттықты тағы бір рет жағып көріңіз.
Оттықты электр құралын қолданбай жағуға болады (мысалы, ас үйде электр қуаты болмаған кезде). Ол үшін, жалынды оттыққа жақын әкеліп, тиісті басқару түймешесін басыңыз да, оны сағат тілінің бағытына қарсы ең көп газ шығару қалпына бұраңыз.
Егер оттық кездейсоқ сөніп қалса, басқару түймешесін сөндірулі қалыпқа бұраңыз да, кем дегенде 1 минуттан кейін оттықты тағы бір рет жағып көріңіз.
Пешті орнатқаннан кейін немесе қуат үзілісінен кейін электр қуатын қосқан кезде, тұтату генераторы өздігінен іске қосылуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай.
Оттықты сөндіру
Отты сөндіру үшін түймешені мына белгіге бұраңыз: . Назарыңызда болсын!
Кәстрөлдерді оттықтан алардан бұрын отты азайтыңыз немесе сөндіріп қойыңыз.
ПЕШТІҢ ҮСТІ - ПАЙДАЛЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС
Қуат үнемдеу
• Егер мүмкіндік болса, кәстрөлдердің қақпағын әрдайым жабыңыз.
• Сұйықтық қайнай бастағанда, оны ақырындап қайнату үшін отты азайтыңыз.
Түбі оттықтың өлшеміне дәл келетін табалар мен кәстрөлдерді пайдаланыңыз.
Оттық Тамақ пісіретін ыдыстың диаметрі
Жылдам 160 мм - 280 мм
Жартылай жылдам 140 мм - 240 мм
Қосымша 120 мм - 180 мм
Түбі барынша қалың әрі мүмкіндігінше тегіс ыдысты қолданыңыз.
ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮТІП ҰСТАУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ
Назарыңызда болсын! Пешті тазалардан бұрын оны сөндіріңіз де, суығанша күтіңіз.
Тұмшапеш- Күнделікті пайдалану
Назарыңызда болсын! Қауіпсіздік мақсатында құрылғыны бумен тазалағыш немесе жоғары қысыммен тазалағыш құралдармен тазаламаңыз.
Назарыңызда болсын! Түрпілі тазартқыш, болат сымнан жасалған ысқыш немесе қышқылдарды қолданбаңыз, олар құрылғыны бүлдіруі мүмкін.
• Эмальмен қапталған бөліктерін, қақпағы мен шілтерін тазалау үшін жылы сабын сумен жуыңыз.
• Тот баспайтын болат бөліктерін сумен жуыңыз да, жұмсақ шүберекпен құрғатыңыз.
• Таба тағандары ыдыс жуғыш машинаға жарамайды ; оларды қолмен жуу керек.
• Тазалап болғаннан кейін таба тағандарын дұрыс орнатуды ұмытпаңыз.
• Оттықтар дұрыс жануы үшін таба тағандарының тармақтары оттықтың ортасында тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Пештің үстін бүлдіріп алмас үшін таба тағандарын орнына қойған кезде абай болыңыз.
Тазалап болғаннан кейін құрылғыны жұмсақ шүберекпен құрғатыңыз.
ТҰМШАПЕШ- КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ
Пеш функциялары
Пеш функциясы Қолданыс аясы
11
Өшіру күйі Құрылғыны сөндіруге арналған.
1-8
Температура
мәндерін
орнату
Гриль
Пеш шамы
Айналғыш
Пешке арналған өзгертуге болатын температура
деңгейлерінің ауқымы.
Жалпақ етіп дайындалған тағамды грильдің
ортасында қуыруға арналған. Тостер жасау үшін.
Пештің ішін еш функция қосылмай тұрған кезде
жарықтандыруға арналған. Бұл функцияны қолдану
үшін пеш шамының түймешігін басыңыз.
Қуырылып жатқан етті айналдыру үшін. Бұл
функцияны қолдану үшін айналғыш түймешігін
басыңыз.
Газ тұмшапеште пісіру
Тұмшапештің газ оттығын тұтату:
1. Пеш есігін ашыңыз.
2. Пештің басқару тетігін басып, оны ең үлкен қалыпқа дейін бұраңыз.
Оны бірнеше секундқа дейін басып тұрыңыз, бірақ 15 секундтан артық баспаңыз. Оны жалын пайда болғанша босатпаңыз.
12
Тұмшапеш- Күнделікті пайдалану
Пешті басқару тетігін басқанда, от алдырғыш құрал автоматты түрде іске қосылады.
Егер пештің газ оттығы от алмаса немесе кенет сөніп қалса:
1. Пешті басқару тетігін босатып, оны “Off” қалпына қойыңыз.
2. Пеш есігін ашыңыз.
3. Бір минуттан кейін пештің газ оттығын қайта тұтатып көріңіз.
Қолдан тұтату: Электр қуаты уақытша өшіп қалса.
1. Пеш есігін ашыңыз.
2. Отты пеш ішінің түбіндегі тесіктің жанында ұстап тұрыңыз.
3. Сонымен бір мезгілде пешті басқару тетігін басып, сағат тілінің
бағытына қарсы ең жоғары қалыпқа бұраңыз.
4. Жалын шыққан кезде, пешті басқару тетігін шамамен 15 секунд басып
ұстап тұрыңыз.
Тұтатқаннан кейін:
1. Пешті басқару тетігін босатыңыз.
2. Пештің есігін жабыңыз.
3. Пештің басқару тетігін қажетті ысыту параметріне қойыңыз.
Тұмшапеш қауіпсіздігі құралы: Газ пеш термоэлементпен жабдықталған. Ол жалын сөніп қалғанда, газ берілуін тоқтатады.
Грильді қолдану
Назарыңызда болсын! Грильді қолданған кезде балаларды жақындатпаңыз. Күйіп қалу қаупі бар.
Грильді қолданған кезде пеш есігін сәл ашық қалдырыңыз. Грильді қолданар алдында A гриль дефлекторын есіктің үстіңгі жағындағы орнына салыңыз.
Грильді тұтату:
1. Пеш есігін ашыңыз.
2. Пештің басқару тетігін басып, оны
"Гриль" қалпына бұраңыз. шамамен 15 секундқа басып тұрыңыз. Оны жалын пайда болғанша босатпаңыз.
Егер гриль от алмаса немесе кенет сөніп қалса:
1. Пештің басқару тетігін босатып, оны
“Off” қалпына қойыңыз.
2. Пеш есігін ашыңыз.
3. Бір минуттан кейін, грильді қайта
тұтатып көріңіз.
Қолдан тұтату:
. Оны
A
Тұмшапеш - Пайдалы ақыл-кеңес
Электр қуаты уақытша өшіп қалса.
1. Пеш есігін ашыңыз.
2. Жалынды гриль оттығының саңылауларына жақын ұстаңыз.
3. Сонымен бір мезгілде пештің басқару тетігін "Гриль" қалпына бұраңыз.
.
Минут операторы
Кері санақ уақытын орнату үшін қолданыңыз. Әуелі минут операторының басқару тетігін ("Өнім сипаттамасы" тарауын қараңыз) сағат бағытымен шегіне дейін бұраңыз. Содан кейін кері бұрап, қажетті мәнге қойыңыз. Уақыт біткен кезде дыбысты сигнал қосылады. Бұл функция пеш қызметіне әсері етпейді. .
Айналғыш
Назарыңызда болсын! Айналғыштың шанышқылары мен істіктері өткір болады. Жеке қауіпсіздігіңіз үшін оны пайдаланғанда абай болыңыз.
Айналғышты пайдаланған кезде, есікті аздап ашып, гриль дефлекторын есіктің жоғарғы жағындағы орынға қойыңыз.
Айналғышты пайдалану
1. Тірек ілгегін тесікке қойыңыз.
2. Бірінші шанышқыны істікке
орнатыңыз, содан кейін етті айналғышқа қойып, екінші шанышқыға орнатыңыз.
Шанышқыларды бекіту үшін бұрандаларды пайдаланыңыз.
3. Істіктің ұшын айналғыш тесігіне
қойыңыз ("Өнім сипаттамасы" бөлімін қараңыз).
4. Тірек ілгегіне істіктің алдыңғы бөлігін
қойыңыз.
5. Тұтқаны алыңыз.
6. Грильді тұтандырыңыз ("Грильді пайдалану" бөлімін қараңыз).
7. Пеш функциялары үшін пештің басқару тетігін "Гриль" қалпына
бұраңыз.
8. Айналғыш түймешігін басыңыз.
.
13
ТҰМШАПЕШ - ПАЙДАЛЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС
• Пештің сөре қойылатын төрт қатары бар. Сөре қатарларын құрылғының астынан бастап санау керек.
• Құрылғы ауаны айналдыруға және буды үздіксіз айналдыруға арналған арнайы жүйемен жабдықталған. Осы жүйенің көмегімен тағамды булы
14
Тұмшапеш - Пайдалы ақыл-кеңес
ортада, ішін жұмсақ, сыртын қытырлақ етіп пісіре аласыз. Бұл функция пісіру уақыты мен қуат шығынын барынша азайтады.
• Құрылғының ішіне немесе есігінің шынысына бу тұруы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай. Тамақ пісірген кезде есікті әрқашан артқа шегініп барып ашыңыз. Бу аз жиналуы үшін тамақ пісірер алдында пешті 10 минут іске қосып қойыңыз.
• Құрылғыны пайдаланып болғаннан кейін ылғал жерлерін сүртіп отырыңыз.
• Заттарды құрылғының табанына тура қоймаңыз және құрылғының бөлшектерін тағам пісірген кезде алюминий фольгамен жаппаңыз. Бұл пісіру нәтижесіне әсер етіп, пештің кіреуке қаптамасын бүлдіруі мүмкін.
Торт пісіру
• Пісіруді бастамай тұрып пешті 10 минут қыздырып алыңыз.
• Пісіру уақытының 3/4 мөлшері өтпейінше пештің есігін ашпаңыз.
• Бір уақытта екі пісіру сөресін пайдалансаңыз, олардың арасындағы бір қатарды ашық қалдырыңыз.
Балық пен етті пісіру
• Салмағы 1 кг-нан аз етті пісірмеңіз. Етті тым аз мөлшерде пісіргенде, ол тым құрғақ болып піседі.
• Өте майлы тағамды пісірген кезде, пеште кетпейтін дақ қалып қоймас үшін май жинайтын табаны қолданыңыз.
• Еттің сөлі ағып кетпес үшін, оны турамай тұрып 15 минуттай қоя тұрыңыз.
• Тағамды қуырған кезде пештің іші қатты түтіндеп кетпес үшін, май жинағыш табаға аздап су құйыңыз. Түтін жиналып қалмас үшін суы сарқылған сайын үстінен су құйып отырыңыз.
Пісіру уақыты
Пісіру уақыты тағам түріне, құрамына және мөлшеріне қарай әртүрлі болады. Алғаш тағам пісірген кездері пісіру үрдісіне жақсы назар аударып отырыңыз. Осы құрылғы арқылы пісіргенде ыдыстарыңызға, рецепт және тағам мөлшеріне барынша сай келетін параметрлерді(қызу параметрі, пісіру уақыты т.с.с) тауып алыңыз.
Пісіру кестесі
Алдын
Тағам
Үстінде жолақтар ы бар бөлке
Салмағы
(г)
250 алюмини
Науа түрі
ймен қапталға н
Сөре
деңгейі
3 10 1-2 25-30
ала
қыздыру
уақыты (минут)
Термоста
т күйі
Пісіру уақыты (минут)
Тағам
Тегіс кекс 1000 алюмини
Алма салынған ашытылғ ан кекс
Алма бәліші
Кішкене кекстер
Майсыз бисквит торт
Су жинайты н табадағы торт
Бәліш нан
Толтырм асы бар ашытылғ ан кекс
Салмағы
(г)
2000 алюмини
1200+1200алюмини
500 алюмини
350 алюмини
1500 алюмини
800 алюмини
1200 алюмини
Науа түрі
ймен қапталға н
ймен қапталға н
ймен қапталға н 2 дөңгелек науа (диаметрі : 20 см)
ймен қапталға н
ймен қапталға н 1 дөңгелек науа (диаметрі : 26 см)
ймен қапталға н
ймен қапталға н
ймен қапталға н
Тұмшапеш - Пайдалы ақыл-кеңес
Алдын
Сөре
деңгейі
3 10 1-2 35-40
3 10 3-4 50-60
3 10 3-4 65-75
3 10 2 30-35
3 10 2-3 30-35
3 - 2
3 20 8 10
3 15 3-4 40-50
ала
қыздыру
уақыты (минут)
Термоста
т күйі
Пісіру уақыты (минут)
45-55
15
1)
16
Тұмшапеш - Пайдалы ақыл-кеңес
Тағам
Пицца 1000 алюмини
Сүзбеден жасалған кекс
Швейцар лық алма бәліші
Рождеств о торты
Қайнатыл ған кремі бар лоррен бәліші
Қол наны 750+750 алюмини
Румынды қ бисквитті торт
Салмағы
(г)
2600 алюмини
1900 алюмини
2400 алюмини
1000 алюмини
600+600 алюмини
Науа түрі
ймен қапталға н
ймен қапталға н
ймен қапталға н
ймен қапталға н
ймен қапталға н 1 дөңгелек науа (диаметрі : 26 см)
ймен қапталға н 2 дөңгелек науа (диаметрі : 20 см)
ймен қапталға н 2 дөңгелек науа (диаметрі : 25 см)
Алдын
Сөре
деңгейі
2 10 8 25-35
3 - 2 80-90
3 15 6 50-60
3 10
3 15 5-6 50-60
3 10
3 10 2-3 50-60
ала
қыздыру
уақыты (минут)
(термост
ат күйі: 8)
(термост
ат күйі: 8)
Термоста
т күйі
2-3
4-5 50-60
Пісіру уақыты
(минут)
2)
60
Тұмшапеш - Пайдалы ақыл-кеңес
Алдын
Тағам
Румынды қ бисквитті торт ­дәстүрлі
Швейцар ия орамасы
Меренга 400 алюмини
Кремді тәтті тағам
Үкпе себілген кекс
Бисквит торт
Сары май қосылған кекс
1) Құрылғыны өшіргеннен кейін, кексті пеште 7 минутқа қалдырыңыз.
2) Құрылғыны өшіргеннен кейін, кексті пеште 10 минутқа қалдырыңыз.
Салмағы
(г)
600+600 алюмини
500 алюмини
500 алюмини
1500 алюмини
600 алюмини
600 алюмини
Науа түрі
ймен қапталға н 2 дөңгелек науа (диаметрі : 20 см)
ймен қапталға н
ймен қапталға н
ймен қапталға н
ймен қапталға н
ймен қапталға н
ймен қапталға н
Сөре
деңгейі
3 10 2-3 40-50
3 10 2-3 20-30
3 - 1 40-50
3 10 3-4 35-40
3 15 5-6 30-40
3 10 1-2 35-40
3 15 3-4 25-30
ала
қыздыру
уақыты (минут)
Термоста
т күйі
17
Пісіру уақыты
(минут)
Айналғышы бар гриль
Тағам Салмағы (г) Сөре деңгейі
Тауық, тұтас 1000 1-ші деңгейге
Пісіру уақыты
(минут)
90
қуыру табасын
қойыңыз
18
Тұмшапеш - Күтіп ұстау және тазалау
ТҰМШАПЕШ - КҮТІП ҰСТАУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ
• Құрылғының алдыңғы жағын сабын мен ыстық суды пайдаланып, жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
• Құрылғының металл беттерін әдетте қолданылатын жуғыш заттармен тазалаңыз
• Пештің ішін әр пайдаланып болған сайын тазалап отырыңыз. Осылайша ластықты оңай тазалайсыз, әрі күйіп кетуіне жол бермейсіз.
• Оңай тазаланбайтын қалдықтарды арнайы пеш тазалағыштармен тазалаңыз.
• Пештің керек-жарақтарының (жуғыш зат қосылған жылы суға батырылған шүберекпен) бәрін әр пайдаланып болған сайын тазалаңыз.
• Пештің керек-жарағына ластық тұрмайтын болса, жеміргіш затпен, өткір қырлы құралмен тазаламаңыз немесе ыдыс жуғыш машинада жумаңыз. Бұл оның ластық тұрмайтын қаптамасын бүлдіреді!
Пештің есігін тазалау
Пештің есігінде бірінен кейін бірі орналасқан екі қабатты шыны бар. Оңайырақ тазалау үшін пештің есігі мен ішкі шыны қабатты шығарып алыңыз.
Назарыңызда болсын! Есік әлі орнатылып тұрғанда ішкі қабатты шығарып алуға әрекет жасаған болсаңыз, пештің есігі жабылып қалуы мүмкін.
Назарыңызда болсын! Шыны есікті тазаламас бұрын, шыны қабаттардың салқын болуын тексеріңіз. Шынының сынып кету қаупі бар.
Назарыңызда болсын! Есіктің шыны қабаттары зақымданған немесе жарылған кезде, олар әлсіз болып, сынып кетуі мүмкін. Мұны болдырмау үшін оларды ауыстыру қажет. Қосымша нұсқауларды алу үшін жергілікті қызмет көрсету орталығымен байланысыңыз.
Пештің есігі мен шыны қабатты шығарып алу
1. Есікті толық ашып, есіктің екі
топсасын ұстап тұрыңыз.
Тұмшапеш - Күтіп ұстау және тазалау
2. Екі топсадағы тетіктерді көтеріп,
бұраңыз.
3. Пештің есігін бірінші ашу күйіне
(жартылай) қарай жабыңыз. Алға қарай тартып, оны ұясынан шығарып алыңыз.
4. Есікті жұмсақ матамен қорғалған
ыңғайлы жерге қойыңыз. Есіктің төменгі жағындағы 2
бұранданы шығарып алу үшін бұрағышты пайдаланыңыз.
Бұрандаларды жоғалтып алмаңыз
19
1
5. Ішкі есікті ашу үшін ағаштан,
пластиктен немесе осыларға балама заттан жасалған қалақшаны пайдаланыңыз
Сыртқы есікті ұстап тұрып, ішкі есікті есіктің жоғарғы шетіне қарай итеріңіз
6. Ішкі есікті көтеріңіз
7. Есіктің ішкі жағын тазалаңыз
Шыны қабатты сумен және сабынмен тазалаңыз. Жақсылап сүртіңіз.
1
3
2
2
20
Тұмшапеш - Күтіп ұстау және тазалау
Назарыңызда болсын! Шыны қабатты тек сумен және сабынмен тазалаңыз. Қырғыш тазалау құралдары, дақ кетіргіштер және қырлы заттар (мыс., пышақтар немесе қырғыштар) шыныға зақым келтіруі мүмкін.
Пештің есігі мен шыны қабатын салу Тазалау рәсімі аяқталғаннан кейін есікті
орнына салыңыз. Мұны орындау үшін әрекеттерді кері ретпен орындаңыз.
4
4
6
Суырманы алу
Оңай тазалау үшін пештің астыңғы суырмасын алып қоюға болады. Суырманы алу
1. Суырманы мүмкіндігінше алыс
қойыңыз.
2. Суырманы жайлап көтеріңіз,
сонда ол суырма бағыттауыштарының бойымен жоғары қарай көтеріледі.
Суырмаларды салу
1. Суырманы суырманың тірек
жолдарына орнатыңыз. Суырманың ортаңғы бағыттауышы ортаңғы жолға ілінгенін тексеріңіз.
2. Суырманы көлденеңінен
төмендетіп, оны итеріңіз.
Назарыңызда болсын! Пеш қолданыста болғанда, суырма ішіне ыстық кіруі мүмкін. Осы себептен тазартқыш заттар, пластмасса пакеттер, пеш қолғаптары, қағаз, тазартқыш спрейлер және т.с.с. жанғыш заттарды ол жерге жақын қоймаңыз.
1
5
5
2
Пеш шамы
Назарыңызда болсын! Электр қатеріне ұшырау қаупі бар!
Не істерсіңіз, егер...
Пештің шамын ауыстырар алдында:
• Пешті өшіріңіз.
• Сақтандырғыш қорапшасындағы сақтандырғыштарды немесе айырып­қосқышты алыңыз.
Пештің шамы мен шамының қалпағына нұқсан келмес үшін пештің табанына шүберек төсеңіз.
Пештің шамын айырбастау/шыны қалпағын тазалау
1. Шыны қалпағын сағат бағытына қарсы бұраңыз да, ағытып алыңыз.
2. Шыны қалпағын тазалаңыз.
3. Пештің шамын 300°C градустық қызуға төзімді, сай келетін пеш
шамына айырбастаңыз.
4. Шыны қалпақты орнына қойыңыз.
НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР...
Ақаулық Ықтимал себебі Жөндеу
Газды жаққан кезде ұшқын шықпайды
Газды жаққан кезде ұшқын шықпайды
Газды жаққан кезде ұшқын шықпайды
Тұтатқан бетте жалын дереу сөніп қалады
Газ шеңбері біркелкі жанбайды
Құрылғы жұмыс істемей тұр
Пеш қызбай тұр Пеш тоққа қосылмайды Пешті қосыңыз
Электр қуаты берілмейді Құрылғының
Электр қуаты берілмейді Үйдегі электр
Оттықтың қақпағы мен шілтері қисық салынған
Қыздырғыш элемент жеткілікті қызбайды
Оттықтың шілтерін тағам қалдығы бітеп тастаған
Сақтандырғыш қорапшасындағы сақтандырғыш ағытылып қалған
жалғанғанын және электр қуатының іске қосылғанын тексеріңіз.
жабдығының сақтандырғышын тексеріңіз.
Оттықтың қақпағы мен шілтері дұрыс қойылғанына көз жеткізіңіз.
Отты жаққаннан кейін түймешені шамамен 5 секунд басып, ұстап тұрыңыз.
Инжектордың бітеліп қалмағанын және оттықтың шілтерінің тағам қалдығынан бос екенін тексеріңіз.
Сақтандырғышты бақылаңыз. Сақтандырғыш бірнеше рет ағытылып қалса, білікті электрик маманын шақырыңыз.
21
22
Орнату
Ақаулық Ықтимал себебі Жөндеу
Пеш қызбай тұр Қажетті параметрлер
Пеш шамы жұмыс істемейді
Пеште және пеш қуысында бу және конденсат тұрып қалған
орнатылмаған Пеш шамының ақауы бар Пеш шамын
Тағам пеште тым ұзақ уақытқа қалдырылған
Параметрлерді бақылаңыз
ауыстырыңыз Пеште тағамдарды пісіру
процесі аяқталғаннан кейін 15-20 минуттан артық уақытқа қалдырмаңыз
Егер мәселені өз бетіңізбен шеше алмасаңыз, сатушыға немесе жергілікті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Назарыңызда болсын! Құрылғыны тек электрик маманға немесе білікті адамға ғана жөндету керек.
Құрылғыны дұрыс пайдаланбаған жағдайда, құрылғының кепілдік мерзімі аяқталмаса да, қызмет көрсету орталығы не дилер жіберген маманның көрсеткен қызметі үшін төлемақы алынады.
Егер мәселені өз бетіңізбен шеше алмасаңыз, сатушыға немесе жергілікті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Бұ л д ер ект ер сі зге те з әр і д ұр ыс к өм ек көр се ту үші н қ аж ет. Бұ л мәліметтер техникалық ақпарат тақтайшасында ("Бұйым сипаттамасы" тарауын қараңыз) берілген
• Үлгінің сипаттамасы............
• Құрылғының нөмірі (PNC)............
• Сериялық нөмірі (S.N.)..........
Метал бөліктері бар құрылғыларға арналған ақыл-кеңестер: Есікті тағамды пісіріп немесе қуырып болғаннан кейін дереу ашсаңыз, терезені бу басады.
ОРНАТУ
Алдымен "Қауіпсіздік" тарауын мұқият оқып шығыңыз.
Техникалық ақпарат
2-ші сынып, 1-ші қосымша сынып және 1-ші сынып құрылғысы
Өлшемдері
Биіктігі 855 мм Ені 500 мм Тереңдігі 600 мм
Орнату
Өлшемдері
Пештің сыйымдылығы 49 л
Газ санаты II2H3B/P Газбен жабдықтау G20 (2H) 13 мбар
G20 (2H) 20 мбар
G30/31 (3B/P) - 30/30 мбар
Айнала диаметрлері
Оттық Ø Ішкі байпас 1/100 мм.
Қосымша 29
Жартылай жылдам 32
Жылдам 42
Тұмшапеш 44
Газ оттықтары
Оттық Қалыпты
Қосымша оттық
1,00 0,35 Табиғи газ
1,00 0,35 Бутан G30 28-30 0,50 72,71 0,85 0,31 Пропан
Жартыла й жылдам оттық
2,00 0,43 Табиғи газ
2,00 0,43 Бутан G30 30 0,71 145,43 1,70 0,38 Пропан
Жылдам оттық
3,00 0,72 Табиғи газ
3,00 0,72 Бутан G30 30 0,77 181,78
қуаты
кВт кВт мбар мм г/сағ.
1,00 0,40 Табиғи газ
2,00 0,50 Табиғи газ
3,00 0,78 Табиғи газ
Азайтылғ
ан қуаты
Газдың
түрі
G20
G20
G31
G20
G20
G31
G20
G20
ҚысымыИнж.
Диаметр
і
13 0,82 -
20 0,70 -
28-30 0,50 60,70
13 1,11 -
20 0,96 -
30 0,71 121,40
13 1,32 -
20 1,19 -
Тұтыну
23
24
Орнату
Оттық Қалыпты
2,60 0,63 Пропан
Тұмшапе ш
2,70 0,90 Табиғи газ
2,70 0,90 Бутан G30 30 0,87 196,33 2,35 0,78 Пропан
Гриль 1,90 - Табиғи газ
1,90 - Табиғи газ
1,90 - Бутан G30 30 0,71 138,16 1,65 - Пропан
қуаты
кВт кВт мбар мм г/сағ.
2,70 0,90 Табиғи газ
Азайтылғ
ан қуаты
Газдың
түрі
G31
G20
G20
G31
G20
G20
G31
ҚысымыИнж.
Диаметр
і
30 0,77 157,11
13 1,30 -
20 1,20 -
30 0,87 167,82
13 1,15 -
20 1,08 -
30 0,71 117,83
Газға қосу
Қолданыстағы ережелерге сәйкес тұрақты қосылым сымдарын немесе тот баспайтын болатпен қапталған иілгіш түтікті таңдаңыз. Егер иілгіш металл түтіктерді пайдаланатын болсаңыз, олардың жылжымалы бөлшектерге жанаспауын немесе қысылып қалмауын қадағалаңыз.
Тұтыну
Металл емес иілгіш түтіктер қосылымы
Егер қосылымды түгелдей оңай басқаруға болатын мүмкіндік болса, иілгіш түтікті пайдалануыңызға болады. Иілгіш түтікті қысқыштармен берік бекіту керек. Орнату: резеңке түтік ұстатқышты пайдаланыңыз. Әрдайым тығыздауышты орнатыңыз. Содан кейін газ желісіне қосуды жалғастырыңыз. Иілгіш түтік төмендегі жағдайларда қолдану үшін дайындалады: – ол бөлме температурасынан жоғары, 30°C-тан асып қызып кете
алмайды; –оның ұзындығы 1500 мм-ден аспайды; – оның ысырмалары болмаса; – оны тартып не бұрап майыстыруға болмаса; – ол өткір жиектер мен бұрыштарға жанаспаса; – оның күйін тексеру үшін оны оңай қарап шығу мүмкіндігі болса. Иілгіш түтіктің жақсы сақталғанын бақылау үшін төмендегілерді тексеру керек:
Орнату
25
– екі ұшында және ұзына бойында жарылған, кесілген жерлер, күйген
белгілері болмаса; – материал қатқылданбаған, керісінше, серпімділігі дұрыс болса; – бекіткіш қапсырмаларды тот баспаған; – жарамдылық мерзімі өтіп кетпеген болса. Егер бір немесе бірнеше ақаулығы байқалса, түтікті жөндеудің керегі жоқ, оны ауыстыру керек.
Орнату аяқталғаннан кейін әр түтік сәйкестендіргішінің жақсылап бекітілгенін тексеріңіз. Жалынды емес, сабын ерітіндісін пайдаланыңыз!
Газбен жабдықтау бағыттауышы басқару панелінің артында орналасқан. Назарыңызда болсын!
Газды жалғар алдында ашаны розеткадан ағытыңыз немесе сақтандырғыш қорапшасындағы сақтандырғышты сөндіріңіз. Газбен жабдықтау клапанын жабыңыз.
1 42325
1 Газ жүйесіне жалғанатын жер (құрылғының тек бір жерін ғана газға
жалғауға болады)
2 Тығыздағыш 3 Реттемелі қосылым 4 Сұйылтылған газ (LPG) резеңке түтік ұстатқышы
Құрылғыға әдепкі газ параметрлері орнатылған, параметрді өзгерту үшін No 4 түтік ұстатқышын таңдаңыз. Әрқашан тығыздағышты қолданыңыз.
Инжекторларды ауыстыру
1. Таба тағандарын алыңыз.
2. Оттықтың қақпақтары мен шілтерін алыңыз.
3. 7-ші сомынкілттің көмегімен инжекторларды алыңыз да, өзіңіз қолданатын газ түріне арналған инжекторлармен ауыстырыңыз.
4. Осы әрекеттерді кері тәртіпте орындау арқылы бөлшектерді құрастырыңыз.
26
Орнату
5. Атаулы мәндер затбелгісін (ол газ келетін түтіктің жанында) газбен жабдықтаудың жаңа түрінің затбелгісімен ауыстырыңыз. Бұл затбелгіні сіз құрылғымен бірге жеткізілетін инжекторлар орамынан таба аласыз.
Егер газбен жабдықтау қысымы өзгермелі немесе қажетті қысымнан басқаша болса, газбен жабдықтау түтігіне қолданылатын қысым өтпелігін орнату қажет.
Пешті газдың басқа түрлеріне лайықтау
Назарыңызда болсын! Пешті газдың басқа түріне сай лайықтау жұмысын тек уәкілетті маманға ғана тапсырыңыз.
Бұл құрылғы табиғи газбен жұмыс істеуге арналған. Дұрыс инжекторлар қолданылса, сұйылтылған газды да қолдануға болады. Газдың тұтынылатын мөлшерін қажетінше лайықтауға болады.
Газ оттықтарының инжекторын ауыстыру.
1. Газ пеші оттығына қол жеткізу үшін ( A ) пеш қуысындағы төменгі табаны алыңыз ( B ).
B
A
2. Газ пеші оттығын орнында ұстап тұратын ( C ) екі бұранданы босатыңыз.
C
Орнату
27
3. Газ пеші оттығын инжектор тірегінен ( D ) еппен алыңыз.
D
Ақырын солға қарай жылжытыңыз. Газ оттығы шілтерінің оттық аузында тұрғанына көз жеткізіңіз. Тұтату
F
ашасының ағытпасының ( E ) және термоэлемент өткізгішінің ( F ) сымына салмақ салмаңыз.
E
4. Газ оттығының инжекторын ( D ) 7 мм сомын кілттің көмегімен ағытып алыңыз. Орнына қажетті инжекторды салыңыз ("Газ пеші оттығының техникалық параметрлері" кестесін қараңыз).
5. Газ пеші оттығын құрастыру үшін осы әрекеттерді кері ретпен орындаңыз.
6. Газ беретін еңіс жанында орналасқан, газ түрінің жапсырмасының орнына, жаңа газ түріне сәйкес келетін тиісті жапсырманы қолданыңыз (инжектор жинағымен бірге беріледі).
Назарыңызда болсын! Газ пеші оттығының бастапқы ауасын реттеудің қажеті жоқ.
Газ пеші оттығын ең төменгі деңгейге орнату:
1. Ашаны розеткадан ағытыңыз.
2. Гаш пешінің басқару түймешігін алыңыз.
3. Реттегіш бұранданы ( G ) жалпақ жүзді жіңішке бұрағышпен
G
реттеңіз.
Газ түрін өзгерту Реттегіш бұранданы лайықтау
табиғи газдан сұйылтылған газға реттегіш бұранданы шегіне дейін
сұйылтылған газдан табиғи газға реттегіш бұранданы шамамен
сұйылтылған газдан табиғи 13 мбар газға
қатайтып бұрау
айналымның 3/4 мөлшеріне дейін босату
реттегіш бұранданы шамамен айналымның 3/4 мөлшеріне дейін босату
Loading...
+ 61 hidden pages