ZANUSSI ZDT91601FA User Manual [ru]

GETTING STARTED?
EASY.
User Manual
ZDT91601FA
KK Қолдану туралы нұсқаулары 2
Ыдыс жуғыш машина
RU Инструкция по эксплуатации 19
UK Інструкція 36
Посудомийна машина

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау нәтижесінде адам жарақат алса және ақаулық орын алса өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықты келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап қойыңыз.

ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ АҚПАРАТ

Бұл құрылғы үйде және сол сияқты төменде аталған
жерлерде қолдануға арналған:
фермадағы үйлердің; дүкендердегі, кеңселер мен
басқа жұмыс орындарындағы қызметкерлерге арналған ас бөлмелерде;
қонақ үйлерде, мотельдер мен төсек және таңғы аспен
қамтамасыз ететін қонақжайлар мен басқа да тұрғынды жерлерде.
Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын өзгертпеңіз.
Судың жұмыс қысымы (ең аз және ең көп) 0.5 (0.05) / 8
(0.8) бар (МПа) аралығында болуы керек
Ең көбі 12 орыннан асырмаңыз.
Егер қуат cымына зақым келсе, қатерден сақтану үшін
оны өндіруші немесе уәкілетті қызмет көрсету орталығы немесе сол сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.
Өткір ұшты пышақтар мен ас құралдарының ұштарын
төмен қаратып немесе көлденеңінен қойып ас құралдарына арналған себетке салыңыз.
Құрылғының есігі ашық тұрған кезде соғылып қалмас
үшін қараусыз қалдырмаңыз.
Құрылғыны жөндеу алдында электр желісінен ағытып,
ашасын розеткадан суырыңыз.
Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және буды
қолданбаңыз.
Құрылғыны жаңа түтіктер жинағын пайдаланып, су
жүйесіне қосу керек. Ескі түтіктерді қайта пайдалануға болмайды.
2

БАЛАЛАР МЕН ДӘРМЕНСІЗ АДАМДАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ

Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен денесіне,
сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым келген адамдар не тәжірибесі аз адамдар өз қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін адамның қадағалауы немесе құрылғыны қауіпсіз қолдану бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс қолданбау салдарын түсінсе қолдануына болады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Жуғыш заттардың барлығын балалардан алыс ұстаңыз.
Құрылғының есігі ашық тұрғанда, балалар мен үй
жануарларын алыс ұстаңыз.
Балалар тазалау және күтім көрсету жұмыстарын
басқаның бақылауынсыз орындамауға тиіс.

ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ

ОРНАТУ

• Орам материалдарының барлығын алыңыз
• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе іске қоспаңыз.
• Құрылғыны температурасы 0 °C градустан төмен жерге орнатпаңыз немесе қолданбаңыз.
• Құрылғымен бірге берілген орнату бойынша нұсқауларды орындаңыз.
• Құрылғының үсті мен жан-жағын қоршаған конструкциялардың қауіпсіз болуын қамтамасыз етіңіз.

ЭЛЕКТРТОҒЫНА ҚОСУ

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН! Өрт
шығу және электр қатеріне ұшырау қаупі бар.
• Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау қажет.
• Техникалық ақпарат тақтайшасындағы электр параметрлерінің электр желісіндегі параметрлерге сай келетініне көз жеткізіңіз. Сай келмесе электршіге хабарласыңыз.
• Әрқашан дұрыс орнатылған, қатерден сақтандырылған розетканы қолданыңыз.
• Көп тармақты адаптерлер мен ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
• Құрылғының ашасына және сымына зақым келтірмеңіз. Қорек сымын ауыстыру қажет
болса, оны міндетті түрде қызмет көрсету орталығы жүзеге асыруға тиіс.
• Құрылғының ашасын розеткаға тек құрылғыны орнатып болғаннан кейін ғана жалғаңыз. Орнатып болғаннан кейін ашаның қол жететін жерде тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Құрылғыны тоқтан ажырату үшін сымынан тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып суырыңыз.
• Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне сай келеді.
• ҰБ мен Ирландияға ғана арналған. Құрылғының 13 амперлік қуат ашасы бар. Егер қуат ашасының сақтандырғышын ауыстыру қажет болса 13 амперлік ASTA (BS 1362) сақтандырғышын пайдаланыңыз.

СУҒА ҚОСУ

• Су қосылымы түтіктеріне ешбір зақым келтірмеңіз.
• Құрылғыны жаңа құбырларға немесе ұзақ уақыт қолданылмаған құбырларға жалғамай тұрып, суын тазарғанша ағызыңыз.
• Құрылғыны алғаш рет қолданған кезде еш жерінен су ақпай тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Су құятын түтік, ішіне сым өткізілген екі қабат қаптамадан тұрады және қауіпсіздік клапанымен жабдықталған.
3
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қатерлі кернеу.
• Егер су құятын түтік бүлінсе, ашаны дереу розеткадан суырыңыз. Су құятын түтікті ауыстыру үшін уәкілітті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

ПАЙДАЛАНУ

• Ашық тұрған есіктің үстіне отыруға немесе үстіне шығып тұруға болмайды.
• Ыдыс жуғыш машинаға арналған жуғыш заттар қауіпті. Жуғыш заттың орамында көрсетілетін нұсқауларды орындаңыз.
• Құрылғыдағы сумен ойнауға немесе ішуге болмайды.
• Ыдыстарды бағдарлама аяқталғанша құрылғыдан алмаңыз. Ыдыстарда жуғыш зат болуы мүмкін.
• Бағдарлама орындалып тұрғанда құрылғы есігін ашсаңыз, ыстық бу шығуы мүмкін.
• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш зат салынған дымқыл заттарды құрылғының ішіне, қасына немесе үстіне қоймаңыз.
• Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа тастаңыз.
• Балалар мен жануарлар құрылғыға қамалып қалмас үшін есіктің бекітпесін алыңыз.

ҚЫЗМЕТ

• Құрылғыны жөндету үшін уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Фирмалық қосалқы бөлшектерді ғана қолдануды ұсынамыз.
• Уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласқан кезде техникалық ақпарат тақтайшасында көрсетілген келесі деректердің дайын болуын қамтамасыз етіңіз. Үлгісі: Өнім нөмірі (PNC): Сериялық нөмірі:

ҚҰРЫЛҒЫНЫ ТАСТАУ

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Жарақат алу немесе тұншығып қалу қаупі бар.
• Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.
4

ОҢАЙ БАСТАУ

1
3
4 5 6 7 8
9
2
Қосу/Өшіру түймешігі
1
Бейнебет
2
Бағдарлама түймешігі (жоғары)
3
Бағдарлама түймешігі (төмен)
4
Жартылай толтыру түймешігі
5
Multitab түймешігі
6

ИНДИКАТОР ШАМДАРЫ

Аяқтау индикаторы.
Тұз индикаторы. Бағдарлама жұмыс істеп тұрғанда бұл үнемі сөніп тұрады.
Шайғыш зат индикаторы. Бағдарлама жұмыс істеп тұрғанда бұл үнемі сөніп тұрады.

БАҒДАРЛАМАЛАР

Бағдарлама
P5
2)
Eco
P3 AUTOMATIC
Кірдің ауқымы
Ыдысты салу
Қалыпты кірленген Ыдыс-аяқтар мен ас құралдары
Барлығы
3)
Ыдыс-аяқтар, ас құралдары, кәстрөлдер мен табалар
түрі
Кешіктіру түймешігі
7
CANCEL түймешігі
8
Индикатор шамдары
9
Бағдарлама
циклдары
• Алғашқы жуу
• Жуу 50 °C
• Шаю циклдары
• Кептіру
• Алғашқы жуу
• Жуу 45 °C бастап 70 °C дейін
• Шаю циклдары
• Кептіру
Пайдалану көлемі
Ұзақтық
(мин)
195 1.03 11
40 - 150 0.6 - 1.4 8 - 14
1)
Қуат (кВт)
Су (л)
5
Бағдарлама
Кірдің ауқымы
Ыдысты салу
түрі
Бағдарлама
циклдары
Пайдалану көлемі
Ұзақтық
(мин)
1)
Қуат (кВт)
Су (л)
P2 Intensive
Қатты ластанған Ыдыс-аяқтар, ас құралдары, кәстрөлдер
• Алғашқы жуу
• Жуу 70 °C
• Шаю циклдары
• Кептіру
130 - 150 1.3 - 1.4 13 - 15
мен табалар
P4 Quick A30
4)
Min
Жаңа ластанған Ыдыс-аяқтар мен ас
• 60 °C бастап 65 °C дейін
• Шаю циклдары
30 0.8 9
құралдары
P6 Delicate
Қалыпты не аздап кірлеген Морт сынғыш ыдыс-аяқтар
• Жуу 45 °C
• Шаю циклдары
• Кептіру
70 - 80 0.7 - 0.9 13 - 14
мен шыны ыдыстар
P1
Барлығы • Алғашқы жуу 14 0.1 4
Rinse and
5)
Hold
P7 Plate Warmer
Барлығы • Шаю 70 °C 30 0.8 4
6)
1) Мәндерді судың қысымы мен температурасы, электр қуатының ауытқуы, параметрлер және
ыдыс-аяқтың мөлшері өзгертуі мүмкін.
2) Осы бағдарламаны қолданып, қалыпты кірлеген фарфор ыдыс-аяқ пен ас құралдарын жуғанда, су мен қуатты барынша ұтымды пайдалана аласыз. (Бұл сынақ мекемелеріне арналған стандартты бағдарлама).
3) Құрылғы себеттердегі заттардың салмағы мен кірлеу дәрежесін өлшейді де, бағдарламаның ұзақтығы мен тұтынылатын қуатты, судың мөлшері және температурасын автоматты түрде реттейді.
4) Осы бағдарламамен жаңа ластанған ыдыстарды жууға болады. Бұл қысқа уақыт ішінде жақсы нәтиже береді.
5) Бұл тағам қалдықтары ыдысқа жабысып, құрылғыдан жағымсыз иіс шықпау үшін, ыдыстарды жылдам шаюға арналған бағдарлама. Бұл бағдарламаны қолданғанда, жуғыш заттарды пайдаланбаңыз.
6) Бұл бағдарлама ыдыстарды пайдалану алдында жылытады немесе ұзақ пайдаланылмаған ыдыстардың шаңын тазалайды. Бұл бағдарламаны қолданғанда, жуғыш заттарды пайдаланбаңыз.
6

ПАРАМЕТРЛЕР

БАҒДАРЛАМАНЫ ТАҢДАУ РЕЖИМІ

Құрылғыны қосқаннан кейін бейнебетте Eco бағдарламасының нөмірі көрсетілсе, құрылғы параметрлерді орнату режимінде тұрады.
• Дисплейде бірнеше секундтан кейін бағдарлама ұзақтығы көрсетіледі. Құрылғы Бағдарламаны таңдау режимінде тұрғанда, бағдарламаны орнатуға болады.
Егер басқару панелінде бұндай жағдай көрсетілмесе CANCEL функциясын қосыңыз.

ФУНКЦИЯНЫ БОЛДЫРМАУ

CANCEL түймешігін құрылғы бағдарламаны таңдау режиміне қойылғанша қатар басып ұстап
тұрыңыз. Осы функцияның көмегімен жұмыс істеп тұрған бағдарламаны болдырмауға немесе кешіктіріп
бастау функциясын біржола тоқтатуға болады.

ПАЙДАЛАНУШЫ РЕЖИМІ

Құрылғы бағдарламаны таңдау режимінде тұрғанда:
1.
және түймешігін басып ұстап тұрыңыз.
, және индикаторлары жыпылықтай бастайды.
Пайдаланушы режимінде келесіні өзгертуге болады:
• Су жұмсартқыштың деңгейін судың кермектігіне сай келтіруге.
• Бағдарлама соңында естілетін дыбыстық сигналды қосуға немесе сөндіруге.
7
• Multitab функциясы мен шайғыш затты қатар пайдаланғыңыз келгенде шайғыш зат үлестіргішін қосу үшін
Бұл параметрлер өзгерткенше сақтаулы тұрады.

СУ ЖҰМСАРТҚЫШТЫ РЕТТЕУ

Құрылғы параметрлерді орнату қалпында тұрғанда:
1.
түймешігін басыңыз.
және индикаторлары сөнеді.
индикаторы жыпылықтауын жалғастырады.
• Дисплейде ағымдық параметр көрсетіледі: мысалы,
2. Параметрді өзгерту үшін
түймешігін басыңыз. Түймешікті басқан сайын деңгей
= 5-ші деңгей.
қосылады. 10-шы деңгейден кейін қайта 1-ші деңгей басталады.
3. Параметрді растау үшін қосу/сөндіру түймешігін басыңыз.

СУ КЕРМЕКТІГІНІҢ КЕСТЕСІ

Неміс градусы
(°dH)
Француз градусы
(°fH)
ммоль/л Кларк градусыСужұмсартқыштың
47 -50 84 - 90 8.4 - 9.0 58 - 63 10
43 - 46 76 - 83 7.6 - 8.3 53 - 57 9
37 - 42 65 - 75 6.5 - 7.5 46 - 52 8
29 - 36 51 - 64 5.1 - 6.4 36 - 45 7
23 - 28 40 - 50 4.0 - 5.0 28 - 35 6
19 - 22 33 - 39 3.3 - 3.9 23 - 27
15 - 18 26 - 32 2.6 - 3.2 18 - 22 4
11 - 14 19 - 25 1.9 - 2.5 13 - 17 3
4 - 10 7 - 18 0.7 - 1.8 5 - 12 2
<4 <7 <0.7 < 5
1) Зауыттық параметрлер
2) Тұзды осы деңгейге қойып қолданбаңыз.
8
деңгейі
1)
5
2)
1

БАҒДАРЛАМА СОҢЫНДА ЕСТІЛЕТІН ДЫБЫСТЫҚ СИГНАЛДЫ ҚОСУ

Құрылғы параметрлерді орнату қалпында тұрғанда:
1. түймешігін басыңыз.
және индикаторлары сөнеді.
индикаторы жыпылықтауын жалғастырады.
• Дисплейде ағымдық параметр көрсетіледі:
= дыбыстық сигнал сөндірулі.
= дыбыстық сигнал қосулы.
2. Параметрді өзгерту үшін
3. Параметрді растау үшін қосу/сөндіру түймешігін басыңыз.

MULTITAB ҚОСУЛЫ ТҰРҒАН КЕЗДЕ ШАЙҒЫШ ЗАТТЫ ҚОСУ

түймешігін басыңыз.
Құрылғы параметрлерді орнату қалпында тұрғанда:
1. түймешігін басыңыз.
және индикаторлары сөнеді.
индикаторы жыпылықтауын жалғастырады.
• Дисплейде ағымдық параметр көрсетіледі:
= шайғыш зат үлестіргіші ажыратылған.
= шайғыш зат үлестіргіші белсенді күйде.
2. Параметрді өзгерту үшін
3. Параметрді растау үшін қосу/сөндіру түймешігін басыңыз.
түймешігін басыңыз.

БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН

1. Су жұмсартқыштың ағымдық деңгейінің сумен жабдықтау жүйесіндегі судың кермектігіне сай келетініне көз жеткізіңіз. Егер сай келмесе, су жұмсартқыштың деңгейін реттеңіз. Тұратын жеріңіздегі судың кермектігін,
9
жергілікті сумен жабдықтау мекемесіне
2
1
1
2
3
4
2
1
хабарласып біліңіз.
2. Тұз сауытына ыдыс жуғыш машинаға
үшін бағдарламаны бастаңыз. Жуғыш затты қолданбаңыз және себеттерді толтырмаңыз.
арналған арнайы тұздан салыңыз.
3. Шайғыш зат үлестіргішіне ыдыс жуғыш
машинаға арналған арнайы шайғыш заттан салыңыз.
4. Су құятын шүмекті ашыңыз.
5. Құрылғының ішінде өндіру барысында
қалуы мүмкін қалдық заттарды тазалау

ТҰЗ ҚОСУ

Ең алғаш пайдалану алдында тұз сауытына бір литр су қосыңыз. Тұз сауытын толтырған кезде одан су және тұз ағуы мүмкін. Тот басу қауіпі бар. Бұндай
жағдайға жол бермеу үшін тұз сауытын толтырғаннан кейін бағдарламаны бастаңыз.

ШАЙҒЫШ ЗАТ ҚОСУ

Шаю құралы ыдыс-аяқты ешбір жолақ немесе дақ қалдырмай құрғатуға мүмкіндік береді. Бұл ыстық сумен жуу режимінде автоматты түрде қосылады.

ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ

1. Су құятын шүмекті ашыңыз.
2. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/сөндіру
түймешігін басыңыз.
Құрылғының бағдарлама таңдау режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Тұз индикаторы қосулы тұрса, тұз сауытын толтырыңыз.
10
• Шайғыш зат индикаторы қосулы тұрса, шайғыш зат үлестіргішін толтырыңыз.
3. Себеттерді толтырыңыз.
4. Жуғыш заттан қосыңыз. Егер жуғыш
таблеткаларды қолдансаңыз, Multitab функциясын қосыңыз.
5. Бағдарламаны салынған заттар мен
олардың ластану деңгейіне қарай дұрыс орнатыңыз да, іске қосыңыз.

ЖУҒЫШ ЗАТТЫ ҚОСУ

2
1
2
0
3
0
A
B
2
1
2
0
3
0
Егер бағдарламаның алдын ала жуу циклі бар болса, B бөлігіне шамалы жуғыш зат салыңыз.

ЖУҒЫШ ТАБЛЕТКАЛАРДЫ ҚОСУ

AUTO OFF ФУНКЦИЯСЫ

Бұл функция құрылғы жұмыс істемей тұрған кезде автоматты түрде сөндіру арқылы қуатты үнемдейді.
Құрылғы келесі жағдайда іске қосылады:
• Бағдарлама аяқталғаннан кейін 5 минут өткенде.
• Бағдарламаның басталмағанынан бері 5 минут өтсе.

БАҒДАРЛАМАНЫ БАСТАУ

1. Құрылғының есігін ашып қойыңыз.
2. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/сөндіру түймешігін басыңыз. Құрылғының бағдарлама таңдау
режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз.
3. Бағдарлама түймешіктерінің бірін бейнебетте орнатқыңыз келген бағдарламаның нөмірі
көрсетілгенше басыңыз.
• Дисплейде бірнеше секундтан кейін бағдарлама ұзақтығы көрсетіледі.
4. Қолжетімді функцияларды орнатыңыз.
5. Бағдарламаны бастау үшін құрылғының есігін жабыңыз.
11

ЖАРТЫЛАЙ ТОЛТЫРУ ПАРАМЕТРІ

max.
Бұл параметр Eco , AUTOMATIC , Intensive және Normal функциясымен бірге жұмыс істейді. Осы параметрдің көмегімен аз мөлшердегі ыдыстарды жууға болады. Бұл функция
бағдарламаның уақыты мен қуат пен судың қолданылатын мөлшерін азайтады. Екі себетті де толтырыңыз және жуғыш затты аз мөлшерде пайдаланыңыз.

ПАРАМЕТР MULTITAB

Multitab функциясын бағдарламаны бастамай тұрып қосыңыз немесе сөндіріңіз. Multitab функциясын аралас жуғыш таблеткаларды қолданғанда ғана іске қосыңыз. Бұл функция тұздың қосылуын тоқтатады. Тұз индикаторы жанбайды. Бағдарламаның уақыты ұзарады.
Бұл параметр және циклында жұмыс істемейді.

ПАРАМЕТР DELAY

1. Delay түймешігін дисплейде орнатқыңыз келген кешіктіріп бастау уақыты көрсетілгенше
басыңыз.
2. Құрылғының есігін жабыңыз, кері санақ басталады. Кеі санақ 1 сағат шамасына кеми
бастайды.
Кері санақ аяқталған кезде, бағдарлама басталады.

ҚҰРЫЛҒЫ ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰРҒАН КЕЗДЕ ЕСІКТІ АШУ

Бағдарлама жұмыс істеп тұрған кезде есікті ашсаңыз, құрылғы тоқтайды. Есікті жапқаннан кейін, құрылғы тоқтаған жерінен бастап жұмыс істейді.
12
Кептіру циклы барысында есік 30 секундтан ұзақ ашық тұрса, жұмыс істеп тұрған бағдарлама аяқталады. Құрылғыны сөндіру үшін қосу/сөндіру түймешігін басыңыз Auto Off функциясы сөндіргенше күтіңіз.

БАҒДАРЛАМАНЫҢ АЯҚТАЛУЫ

• Қосу/сөндіру түймешігін басыңыз немесе Auto Off функциясының құрылғыны автоматты түрде сөндіруін күтіңіз.
• Судың шүмегін жабыңыз.

АҚЫЛ-КЕҢЕС

ЖАЛПЫ

Келесі ақыл-кеңестер күнделікті қолдану барысында кептіріп және тазалаған кезде жақсы нәтижелерге қол жеткізуге, сондай-ақ, қоршаған ортаны қорғауға көмектеседі.
• Ыдыстарға жабысқан тағамның үлкенірек қалдықтарын алып, қоқысқа салыңыз.
• Ыдысты алдын ала қолмен шаймаңыз. Егер қажет болса, алдын ала жуу бағдарламасын (егер бар болса) қолданыңыз немесе алдын ала жуу циклі бар бағдарламаны таңдаңыз.
• Себеттердің ішіндегі орынды үнемі толық пайдаланыңыз.
• Құрылғыға зат салған кезде, бүріккіштен шыққан судың ыдыстардың барлығына толық жетіп және оларды жуа алатынына көз жеткізіңіз. Заттардың бір-біріне тимей немесе бірін бірі далдалап тұрмағанына көз жеткізіңіз.
• Ыдыс жуғыш машинаға арналған жуғыш, шайғыш құралды және тұзды бөлек пайдалануға немесе аралас таблеткаларды пайдалануға болады (мысалы, "3in1'', ''4in1'', ''All in 1''). Орамында көрсетілген нұсқауларды орындаңыз.
• Бағдарламаны салынған заттар мен олардың ластану деңгейіне қарай орнатыңыз. ECO бағдарламасын пайдаланып қалыпты кірлеген ас үй құралдары және ыдыс-аяқты жуғанда, су мен қуат барынша тиімді жұмсалады.

СУ ЖҰМСАРТҚЫШ

Су жұмсартқыш жуу нәтижелеріне және құрылғыға жағымсыз әсер ететін, судың құрамындағы минералдарды тазалайды.
Осы минералдың мөлшері неғұрлым көп болса, судың кермектігі де соғұрлым жоғары болады. Судың кермектігі балама шкаламен есептеледі.
Су жұмсартқыш аймағыңыздағы судың кермектігіне сәйкес бапталуға керек. Аймағыңыздағы судың кермектігі туралы ақпаратты жергілікті су мекемесінен ала аласыз. Жақсы жуу нәтижесіне жету үшін су жұмсартқыштың дұрыс деңгейін орнату керек.

ТҰЗ, ШАЙҒЫШ ЗАТ ЖӘНЕ ЖУҒЫШ ЗАТТЫ ПАЙДАЛАНУ

• Тек ыдыс жуғыш машинаға арналған тұзды, шайғыш және жуғыш затты пайдаланыңыз. Басқа өнімдер құрылғыға нұқсан келтіруі мүмкін.
• Аралас таблеткалар судың кермектігі 21 °dH болатын аймақтар үшін жарамды. Осы шектен асатын аймақтарда шайғыш зат пен тұзды аралас таблеткалармен бірге пайдалану керек. Дегенмен суы кермек және өте кермек аймақтарда жуу және кептіру нәтижесі барынша жақсы болуы үшін жеке жуғыш, (қосымша функциялары жоқ ұнтақты, гельді, таблеткаларды) шайғыш затты және тұзды жеке-жеке пайдаланыңыз.
13
• Егер аралас таблетканы пайдалансаңыз, Multitab параметрін (егер бар болса) таңдаңыз. Бұл функция аралас таблетканы пайдаланғанда, жуу және кептіру сапасын жақсартады.
• Жуғыш таблеткалар қысқа бағдарламаларда әбден ерімейді. Жуғыш заттардың қалдықтары ыдыстарға тұрып қалмас үшін жуғыш таблеткаларды пайдаланғанда ұзақ бағдарламаларды қолдануды ұсынамыз.
• Жуғыш затты қажетті мөлшерден артық пайдаланбаңыз. Жуғыш заттың орамындағы нұсқауларды қараңыз.

ЖУҒЫШ ТАБЛЕТКАЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫ ТОҚТАТҚЫҢЫЗ КЕЛСЕ

Жуғыш затты, тұзды және шайғыш заттарды жеке-жеке пайдалану алдында келесі әрекетті орындаңыз.
1. Су жұмсартқыштың ең жоғары деңгейін
орнатыңыз.
2. Тұз және шайғыш зат сауыттарының толы
екеніне көз жеткізіңіз.
3. Шаю циклы бар ең қысқа бағдарламаны
бастаңыз. Жуғыш зат қоспаңыз және себеттерді толтырмаңыз.
4. Бағдарлама аяқталған кезде, су
жұмсартқышты тұратын жеріңіздегі судың кермектігіне қойыңыз.
5. Шайғыш заттың қосылатын мөлшерін
реттеңіз.

СЕБЕТТЕРДІ ТОЛТЫРУ

• Құрылғыны ыдыс жуғыш машинада жууға болатын заттарды жуу үшін ғана қолданыңыз.
• Ағаш, мүйіз, алюминий, қалайы және мыстан жасалған заттарды құрылғыға салмаңыз.
• Құрылғыға су сіңіретін заттарды (жөке, ас үй шүберектері) салмаңыз.
• Заттарға жабысқан тағам қалдықтарын алыңыз.
• Заттарға күйіп жабысқан қалдықтарды жібітіңіз.
• Шұңғыл ыдыстардың (мысалы, кесе, стакан және кәстрөл) аузын төмен қаратып салыңыз.
• Ас құралдары мен ыдыс-аяқты араласып кетпейтін етіп салыңыз. Қасықтарды басқа ас құралдарымен араластырып салыңыз.
• Стакандарды бір-біріне тигізбей салыңыз.
• Кішкене заттарды ас құралдары себетіне салыңыз.
• Жеңіл заттарды үстіңгі себетке салыңыз. Заттарды жылжып кетпейтін етіп салыңыз.
• Бағдарламаны бастамай тұрып, бүріккіш түтіктің еркін айнала алатынына көз жеткізіңіз.

БАҒДАРЛАМАНЫ БАСТАУ АЛДЫНДА

Мынаны ескеріңіз:
• Сүзгілердің таза екенін және орнатылып тұрғанын.
• Тұз сауытының қақпағының мықтап жабылғанын.
• Бүріккіш түтіктердің бітеліп қалмағанын.
• Кір жуғыш машина тұзы мен шайғыш заттың (егер аралас таблетканы қолданбасаңыз) бар екенін.
• Заттардың себеттерге дұрыс салынғанын.
• Бағдарламаның салынған ыдыстың түріне және ластану дәрежесіне сай екенін.
• Жуғыш зат дұрыс мөлшерде қолданылғанын.

СЕБЕТТЕРДІ БОСАТУ

1. Ыдыстарды суытып алғаннан кейін ғана
құрылғыдан алыңыз. Ыстық заттар осал келеді.
2. Әуелі астыңғы себеттегі, содан кейін
үстіңгі себеттегі заттарды алыңыз.
Бағдарламаның соңында құрылғының қабырғаларындағы және есігіндегі су ыстық болып тұруы мүмкін.

КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Құрылғыны жөндеу алдында электр желісінен ағытыңыз және ашасын розеткадан суырыңыз.
14
Қоқыс тұрған сүзгілер мен бүріккіш түтіктер жуу нәтижесін төмендетеді. Уақытылы тексеріп, қажет болса тазалаңыз.

СҮЗГІЛЕРДІ ТАЗАЛАУ

B
A
C
• Зумпф сорғышының ішінде немесе айналасында ешбір тағам қалдығыңың немесе қоқыстың жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
• Жалпақ сүзгіні орнына (C) қойыңыз. Оның 2 бағыттағыштың астына дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
• (A) және (B) сүзгілерін құрастырыңыз.
• (A) сүзгісін (C) сүзгісіне салыңыз. Сырт етіп орнына түскенше сағат тілінің бағытымен бұраңыз.
Сүзгілер дұрыс салынбаса, жуу нәтижесі қанағаттанғысыз болуы және құрылғыға нұқсан келуі мүмкін

БҮРІККІШ ТҮТІКТЕРДІ ТАЗАЛАУ

Бүріккіш түтіктерді ағытып алмаңыз. Бүріккіш түтіктердің тесіктері бітеліп қалса, қалдықтарды жіңішке шырпымен тазалаңыз.

СЫРТЫН ТАЗАЛАУ

• Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен тазалаңыз.
• Тек бейтарап тазартқыш заттарды қолданыңыз.
• Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкені немесе еріткіштерді пайдаланбаңыз.

АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ

Құрылғы жұмысын бастамаса немесе жұмыс жасап тұрып тоқтап қалса. Уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласу алдында, кестеде көрсетілген ақпаратты қолданып, ақаулықты өз бетіңізбен түзетіп көріңіз.

ІШІН ТАЗАЛАУ

• Құрылғыны мұқият тазалаңыз, есіктің резеңке тығыздағышын жұмсақ, дымқыл шүберекпен сүртіңіз.
• Егер қысқа бағдарламаларды жиі пайдалансаңыз, құрылғының ішінде май немесе қақ жиналып қалуы мүмкін. Бұндай жағдайдың алдын алу үшін ұзақ бағдарламаларды айына кем дегенде 2 рет қосып орындауды ұсынамыз.
Кей ақаулықтар орын алғанда, дисплейде ескерту коды көрсетіледі.
15
Ақаулық және ықтимал
шешімі
Ықтимал шешімі
Құрылғыны іске қоса алмасаңыз.
Бағдарлама басталмай тұр. • Құрылғы есігінің жабық тұрғанына көз жеткізіңіз.
Ыдыс жуғыш машинаға су құйылмай тұр.
Бейнебетте көрсетіледі.
Құрылғы суы сарқылмай тұр.
Бейнебетте көрсетіледі.
Тасқынға қарсы құрал қосулы.
Бейнебетте көрсетіледі.
Құрылғыны тексеріп болғаннан кейін, сөндіріп де, қайта қосыңыз. Ақаулық қайта пайда болса, уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
• Ашаның розеткаға қосылғанына көз жеткізіңіз.
• Сақтандырғыш қорабындағы сақтандырғышқа зақым келмегенін тексеріңіз.
• Егер кешіктіріп бастау функциясы орнатылып тұрса, оны ажыратыңыз немесе кері санақ аяқталғанша күтіңіз.
• Құрылғы су жұмсартқыштың ішіндегі шайырды қайта толтыру үдерісін бастап кеткен. Бұл үдерістің ұзақтығы шамамен 5 минут.
• Су шүмегінің ашық тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Сумен жабдықтау жүйесіндегі судың қысымының өте төмен емес екеніне көз жеткізіңіз. Бұл ақпаратты жергілікті су ресурстары мекемесіне хабарласып алыңыз.
• Су шүмегінің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Су құятын түтіктің сүзгісінің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Су құятын түтіктің бұратылып немесе майысып қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Раковина түтікшесінің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Су төгетін түтіктің бұратылып немесе майысып қамағанына көз жеткізіңіз.
• Судың шүмегін жабыңыз да, уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Кестеде көрсетілмеген ақау кодтары пайда болса, уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

ЖУУ ЖӘНЕ ҚҰРҒАТУ НӘТИЖЕЛЕРІ ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚ ЕМЕС

Ақаулық Ықтимал шешімі
Стакандарға және ыдыстарда ақ жолақтар немесе көк дақтар түскен.
Стакандар мен ыдыстарда дақтар және кепкен су тамшылары қалған.
16
• Шайғыш зат тым көп мөлшерде қосылып тұр. Шайғыш затты үлестіру мөлшерін ең төменгі деңгейге қойыңыз.
• Жуғыш зат тым көп мөлшерде салынған.
• Шайғыш зат жеткіліксіз мөлшерде үлестірілген. Шайғыш затты үлестіру мөлшерін ең жоғары деңгейге қойыңыз.
• Бұл шайғыш заттың сапасына байланысты болуы мүмкін.
Ақаулық Ықтимал шешімі
Mod. ... ... ...
Prod. No. ... ... ...
Ser. No. ...
Ыдыс-аяқ кеппеген. • Бағдарламаның кептіру циклы жоқ немесе кептіру
Басқа ықтимал себептерді "Ақыл- кеңес" тарауынан қараңыз.
циклының температурасы өте төмен.
• Шайғыш зат үлестіргіші босап қалған.
• Бұл шайғыш заттың сапасына байланысты болуы мүмкін.
• Бұл жуғыш таблеткалардың сапасына байланысты болуы мүмкін. Басқа түрін қолданыңыз немесе шайғыш зат үлестіргішті қосып, шайғыш зат пен жуғыш таблеткаларды бірге пайдаланыңыз.

ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ

Өлшемдері Ені / биіктігі / тереңдігі (мм) 596 / 818-898 / 555
Электртоғына қосу
Құйылатын судың қысымы Ең аз / ең көп (МПа) 0.5 (0.05) / 8 (0.8)
Сумен жабдықтау
Сыйымдылығы Орын параметрлері 12
Қуат тұтынуы Қосулы режим (Вт) 0.99
Қуат тұтынуы Сөндіру режимі (Вт) 0.10
1) Басқа мәндерді техникалық ақпарат тақтайшасынан қараңыз.
2) Егер ыстық су балама қуат көздерінен (мысалы, күн батареясы, желдің қуаты) алынса,
пайдаланылатын қуат көлемін азайту үшін ыстық суды қолданыңыз.
1)
Кернеу (В) 220 - 240
Жиілік (Гц) 50
2)
Суық су немесе ыстық су
ең көбі 60 °C

ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ ТАҚТАЙШАСЫ

СЫНАҚ ИНСТИТУТТАРЫНА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ

Сынақ өткізуге қажетті барлық ақпаратты алу үшін мына эл.поштаға хат жолдаңыз:
info.test@dishwasher-production.com
Техникалық ақпарат тақтайшасындағы құрылғының нөмірін (PNC) жазып қойыңыз.
ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ.
белгішесі салынған орам материалдарын қайта өңдеуге тапсырыңыз. Орам материалдарын қайта өңделетін қалдыққа
арналған жәшікке тастаңыз. Қоршаған орта мен адам денсаулығын сақтауға және электр, электроника құрылғыларын өңдеуден өткізуге
17
Loading...
+ 39 hidden pages