Zanussi ZDF324X User Manual

Қолдану
туралы
нұсқаулары
Ыдыс
жуғыш
машина
ZDF324
Біздің бұйымымызды сатып алғаныңыз үшін рахмет айтамыз
Сатып алған жаңа бұйымыңызды қолдану арқылы ләззат тілеп, басқа үй бұйымдарын сатып алғыңыз келгенде біздің фирмамыздың бұйымдарына назар аударасыз деп үміттенеміз. Осы қолдану туралы нұсқауларын ықыласпен оқып алып, бұйымның жұмыс істей алатын уақыты бойынша анықтама ретінде сақтаңыз. Қолдану туралы нұсқауларын бұйымды басқа біреуге берген кезде бұйыммен бірге беруіңіз керек.
Мазмұны
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 3
Бұйым сипаттамасы _ _ _ _ _ _ _ 5
Жуу бағдарламалары _ _ _ _ _ 10
Бұйымды ең алғаш рет пайдалану _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 11
Су жұмсақтайтын бұйымын салу _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 12
Ыдыс-аяқ жуғышқа арналған тұзды толтыру _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 14
Шайғыш затты пайдалану _ _ _ 15
Шайғыш заттың үлестірілу мөлшерін орнату _ _ _ _ _ _ _ _ 16
Ас құралдары менен ыдыс-аяқты салуs _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 17
2
Тазалау бұйымдарын қолдану _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 21
Ыдыс жуғышты ыдыстардан босату _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 22
Күтім және тазалау _ _ _ _ _ _ _ 23
Қоршаған ортаға зиян келдірмеу туралы мағлұматтар _ _ _ _ _ _ _ 25
Жуғыштың бір элементі істемей тұр _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 26
Техникалық сиппатама _ _ _ _ _ 28
Пайдалану көлемі _ _ _ _ _ _ _ _ 29
Тексеру тест өткізетін институттар үшін кеңестер _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 29
Орнату _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 30
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
Ыдыс-аяқ жуғышты орнатып, ең алғаш пайдаланбас бұрын, өз қауіпсіздігіңіз бен бұйымды дұрыс қолдану мақсатында, пайдаланушыға арналған бұл нұсқауды, оның ішінде нұсқаудың кеңестері мен ескертулеріне назар салып оқып шығыңыз. Осы бұйымды пайдаланатын адамдардың барлығы, қажетсіз ақаулықтар мен тұрмыстық апаттардың алдын алу үшін,оның пайдалану тәсілдерімен және қауіпсіздікті қамтамасыз ететін функцияларымен жете таныс болуы керек. Осы қолдану туралы нұсқауларды сақтап қойыңыз және ыдыс-аяқ жуғышты басқа адамдарға бергеніңізде немесе сатқаныңызда, оны пайдаланатын әрбір адамның бұйымның қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін оған қатысты пайдалану және қауіпсіздік шараларынан хабардар болуы үшін, нұсқауларды қоса беруді ұмытпаңыз.
Дұрыс пайдалану
• Бұл ыдыс-аяқ жуғыш тек қана үйде пайдаланатын және ыдыс­аяқ жуғышта жууға болатын ыдыс-аяқтарды жууға арналған.
• Ыдыс-аяқ жуғышқа ешқандай еріткіштерді салмаңыз. Ол
бұйымның жарылып кетуіне алып келуі мүмкін.
• Пышақтар және басқа да үшкір заттарды ас құралдарына арналған кәрзеңкеге олардың өткір ұштарын төмен қаратып салып, не болмаса жоғарғы кәрзеңкеге көлденең жатқыза салу қажет.
• Ыдыс-аяқ жуғыштарда пайдалануға арналған өнімдерді (жуғыш ұнтақтарды, тұзды және шаю заттарын) ғана қолданыңыз.
• Бұйым жұмыс істеп тұрған кезде, оның есігін ашпаңыз, ыстық бу шығып кетуі мүмкін.
• Ыдыс жуу циклы аяқталғанға дейін ешбір ыдысты ыдыс-аяқ жуғыштан алуға болмайды.
• Бұйымды пайдаланып болғаннан соң, оны электр қуаты көзінен ажыратып, судың берілуін тоқтатыңыз.
• Бұл өнімге қызмет көрсетуді тек қызмет көрсетуге арналған рұқсатқа ие маман жүзеге асыру керек, және бұйымның нағыз өз бөлшектері ғана пайдаланылуы тиіс.
3
• Бұйымды ешқашан өзіңіз жөндемеңіз. Тәжірибесіз адам жүргізген жөндеу жұмыстары бұйымға зиян келтіреді, не болмаса оның дұрыс жұмыс істемеуіне алып келеді. Жергілікті қызмет көрсету орталығымен хабарласыңыз. Әрқашан осы фирма шығарған бөлшектерді пайдалануды талап етіңіз.
Жалпы қауіпсіздік туралы мағлұматтар
• Тазалауға арналған заттар көз бен ауыз қуысын және көмейді химиялық күйікке шалдықтыруы мүмкін. Бұндай жағдайдың өміріңізге қауіп төндіруі мүмкін! Ыдыс-аяқ жуғыштарға арналған жуу заттарын өндірушінің қауіпсіздік туралы нұсқауларын орындаңыз.
• Ыдыс-аяқ жуғыштың ішіндегі су ішуге жарамсыз. Бұйымның ішінде жуу заттарының қалдықтары әлі де бар болуы мүмкін.
• Егер бұйымның ішіне ыдыстарды салып, не оларды алып жатпасаңыз, ыдыс-аяқ жуғыштың есігі әрдайым жабық болуы керек. Осылай істесеңіз, кез келген адамның ашылып тұрған есікке сүрініп-шалынып, бір жерін жарақаттап алуына жол бермейсіз.
• Ашық тұрған есіктің үстіне отыруға немесе үстіне шығып тұруға болмайды.
Бала қауіпсіздігі
• Бұл машина тек ересек адамдардың пайдалануына арналған. Балаларға ыдыс-аяқ жуғышты үлкендердің бақылауынсыз пайдалануға рұқсат бермеңіз.
• Машинаның орауыштары мен қорабын балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. Тұншығып кету қаупі бар.
• Барлық жуу заттарын балалар жете алмайтын жерде сақтаңыз.
• Ыдыс-аяқ жуғыштың есігі ашық тұрған кезде, балалардың жақын келуіне жол бермеңіз.
Орнату
• Ыдыс-аяқ жуғышты көлікпен тасымалдау барысында ешбір жерінің бұзылып қалмағанына көз жеткізіңіз. Бұзылған бұйымды ешқашан электр желісінің көзіне қоспаңыз. Ыдыс-аяқ жуғышыңыз бұзылып қалса, бұйымды сатып алған сатушыңызбен хабарласыңыз.
• Қолданар алдында, оның барлық орауыштары мен қорабын алып тастауыңыз қажет.
4
• Осы бұйымға орнатуға қатысты электрлік және су жіберу мен қанализация жүйесіне қосу жұмыстарын, осы салада маманданған және білікті адам жүзеге асыруға тиіс.
• Қауіпсіздік мақсатында осы бұйымның техникалық сипаттарына өзгерістер кіргізіп немесе өнімнің өзін қандай да бір болмасын жолмен өзгертуге болмайды.
• Электр кабелі ақаулыққа ұшырағанда немесе су шлангысы бұзылған жағдайда; немесе басқару панелі, үстіндегі жұмыс алаңы, не ең астыңғы қатары
бұзылып қалып, оның ішкі жағы ашық қалған жағдайда машинаны ешқашан пайдаланбаңыз. Қауіп­қатерді болдырмау үшін, жергілікті қызмет көрсету орталығымен хабарласыңыз.
• Гидравликалық және электрлік құрамдас бөліктерге зиян келтірмес үшін, ыдыс-аяқ жуғыштың қабырғаларын ешқашан бұрғымен теспеңіз.
Назарыңызда болсын!
Электр қуаты көзіне және су құбырына қосу үшін, арнайы бөлімдерде берілген нұсқауларды мұқият орындаңыз.
5
Бұйым сипаттамасы
1 Қосу/Өшіру (On/Off) түймешігі 2 Бағдарламаны таңдайтын түймешіктер 3 Кідіртіп бастау түймешігі 4 Анықтағыш шамдар 5 Функция түймешіктері
Параметрлерді орнату күйі
Өте маңызды! Келесі әрекеттерді орындағанда
әрқашан мыналарды есте сақтаңыз:
– жуу бағдарламасын таңдағанда, – су жұмсартқышты баптағанда,
6
құрылғы міндетті түрде параметрлерді орнату күйінде болуға ТИІС:
• Қосу/Өшіру(On/Off) түймешігін басыңыз, БАРЛЫҚ бағдарламалар шамы жанады = құрылғы параметрлерді орнату күйінде тұр.
• Қосу/Өшіру (On/Off)түймешігін басыңыз, тек ТЕК бір бағдарлама түймешігінің шамы жанады = ең соңғы пайдаланылған
Бұл жағдайда бағдарламаны біржола тоқтату қажет("Орындалып тұрған бағдарламаны болдырмау"
туралы нұсқауларды оқыңыз). бағдарлама әлі орнатылған қалпында тұр.
Функция түймешіктері Осы түймешіктердің көмегімен ыдыс-аяқ
жуу бағдарламасын таңдаумен қатар, келесі функцияларды да орнатуға болады.
– су жұмсартқышты орнату, – орындалып тұрған бағдарламаны
болдырмау.
7
Бағдарламаны таңдайтын түймешіктер • Жуу бағдарламасын бастау:
1. Қосу/Өшіру (On/Off) түймешігін басыңыз.
2. Қажетті бағдарламаға сай келетін түймешікті басыңыз, осы бағдарламаның шамы жанады да басқа бағдарламалардың шамдары сөнеді.
3. Түймешікті соңғы рет басқаннан соң шамамен 3 секунд уақыт өткен кезде бағдарлама өздігінен басталады.
Өте маңызды!
Бағдарлама басталған соң таңдауыңызды өзгерткіңіз келсе, онда орындалып тұрған бағдарламаны біржола тоқтатуыңыз қажет.
• Орындалып тұрған жуу бағдарламасын
біржола тоқтатыңыз:
• B және C функция түймешіктерін
басыңыз да, БАРЛЫҚ бағдарлама түймешігінің анықтағыш шамдары жанғанша ұстап тұрыңыз.
• B және C функция түймешіктерін
босатыңыз.
• Қосу/Өшіру (On/Off) түймешігін басу
арқылы машинаны өшіріңіз не жаңа жуу бағдарламасын таңдаңыз (жуғыш зат үлестіргішінде жуғыш заттың бар­жоғын тексеріңіз.
8
Кідіртіп бастау түймешігі Бұл параметр бағдарламаны 3 не 6
сағатқа кешіктіріп бастауға мүмкіндік береді. Жуу бағдарламасын таңдамас бұрын қосу/өшіру (On/Off) түймешігін басып, содан соң кідіртіп бастау түймешігін 3сағ. не 6сағ. қатысты шам жанғанша басыңыз. Қажетті жуу бағдарламасының түймешігін басыңыз, кері санақ шамамен 3 секундтан соң автоматты түрде басталады. Кері санақ аяқталғаннан соң, жуу бағдарламасы автоматты түрде басталады. Кідіртіп бастау шамы өшеді.
• Орындалып тұрған "кідіртіп бастау"
функциясын болдырмау: Кідіртіп бастау түймешігін 3сағ. не 6сағ. қатысты шам өшкенше басыңыз. Таңдалған жуу бағдарламасы автоматты түрде басталады.
Өте маңызды!
Жуу бағдарламасы мен кідіртіп бастау функциясын машина есігі сәл ашылыңқырап тұрған кезде де таңдауға болады. Мұндай жағдайда жуу бағдарламасы не кері санақ тек есік жабылған соң ғана басталады. Бұған дейін орнатылған параметрді өзгертуге болады.
Индикатор шамдары
Бағдарламаның соңы Жуу бағдарламасы аяқталғанда жанады.
Келесі визуалдық сигнал мүмкіндіктері де қосылған:
• су жұмсатқышты баптау,
• машина дұрыстап істемегенде дабыл
қағу.
Тұз қосылуы
1)
Арнайы тұз керек болғанда жанады. Тұз салыңғаннан кейін бірнеше сағат жанып тұру мүмкін.
9
Индикатор шамдары
Шайғыш
1)
1) Жуу бағдарламасы істеп тұрғанда тұз және шайғыш индикатор шамдары ешқашан жанбайды, тұз және шайғыш затты толықтыру қажет болған жағдайда да жанбайды.
Шайғыш зат керек болғанда жанады.
Жуу бағдарламалары
Бағдарлама Кірлену дәрежесі Ыдысты салу түрі Бағдарлама
сипаттамасы
Өнімді түрде 70° Аса кірленген Ыдыс-аяқ, ас
құралдары, кастрюльдер мен табақтар
Әдеттегідей 65° Орташа кірленген Ыдыс-аяқ, ас
құралдары, кастрюльдер мен табақтар
30 мин
1)
Аз кірленген Ыдыс-аяқ пен ас
құралдары
Алдын ала жуу Негізгі жуу 2 аралық шаю Соңғы шаю Құрғату
Алдын ала жуу Негізгі жуу 2 аралық шаю Соңғы шаю Құрғату
Негізгі жуу Соңғы шаю
Bio 50°
2)
10
Орташа кірленген Ыдыс-аяқ пен ас
құралдары
Алдын ала жуу Негізгі жуу 1 аралық шаю Соңғы шаю Құрғату
Бағдарлама Кірлену дәрежесі Ыдысты салу түрі Бағдарлама
сипаттамасы
Шаю мен ұстап тұру
1) Жартылай толып тұрған ыдыс-аяқ жуғыш машинасында жуу үшін өте өнімді. Бұл бағдарлама әр күні пайдалану үшін өте өнімді болып, ол тек қана таңертеңгі және түскі тамақтан кейін ыдыс­аяқ пен ас құралдарын машинаға салуды қалайтын отбасы үшін (4 адамнан тұратын отбасының қажеттерін қанағаттандыру үшін) жаратылған.
2) Тест өткізетін мекемелері үшін тест бағдарламасы.
Кез келгені. Жартылай толтыру (күннің кешінде аяқтау үшін).
1 суық шаю (тамақ қалдықтарының бір біріне жабысып қалуын болдырмау үшін). Бұл бағдарлама үшін жуу зат қолдануы керек емес.
Бұйымды ең алғаш рет пайдалану
Ыдыс-аяқ жуғышты ең алғаш рет қолданар алдында:
• Электр көзіне және су жүйелеріне
қосылу жұмыстарының, орнату нұсқауларына сәйкес жүзеге асырылғандығына көз жеткізіңіз.
• Бұйымның ішінен барлық
орауыштарды алып тастаңыз
• Суды жұмсартқышты баптаңыз
• Тұз контейнерінің ішіне 1 литр су
құйып, содан кейін ыдыс-аяқ жуғышқа арналған тұзды салыңыз
• Шаю заттарына арналған
контейнерді толтырыңыз
Шайғыш зат пен жуғыш заттан тұратын
таблетканы пайдаланған кезде:
шайғыш затты толтырудың қажеті жоқ
– су жұмсартқышты баптаңыз – арнайы (ыдыс жуғышқа арналған)
тұздан салыңыз
Шайғыш зат пен жуғыш зат, тұз және басқа да қоспалардан тұратын таблетканы пайдаланған кезде:
шайғыш зат не тұзды толтырудың қажеті жоқ
11
Loading...
+ 25 hidden pages