WHIRLPOOL W11 SVD140 Use & Care [kk]

Қауіпсіздік, құрылғыны пайдалану және
күтіп ұстау жөніндегі нұсқаулық
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
БҰЛ НҰСҚАУЛАРДЫ ОҚЫП ШЫҒУ ЖӘНЕ ОРЫНДАУ АСА МАҢЫЗДЫ
Құрылғыны пайдаланбас бұрын берілген қауіпсіздік нұсқауларын мұқият оқып шығыңыз.
Керек кезде қарау үшін оны оңай әрі жақын жерге қойыңыз. Бұл нұсқауларды веб-сайттан да қарауға болады:
docs.whirlpool.eu Бұл нұсқаулар мен құрылғының өзі, әрдайым орындалуы
тиіс маңызды қауіпсіздік ескертулерін қамтиды. Өндіруші берілген қауіпсіздік нұсқауларын сақтамау,
құрылғыны дұрыс пайдаланбау немесе басқару параметрлерін дұрыс орнатпау нәтижесінде туындаған ақаулар үшін жауап бермейді.
ҚАУІПСІЗДІККЕ ҚАТЫСТЫ ЕСКЕРТУЛЕР
Кішкентай сәбилер (0-3 жас) мен жас балаларды (3-8 жас) үздіксіз бақылауда болмаса құрылғыға жақындатпаңыз.
8 жасқа толған және одан үлкен балалар мен физикалық, сенсорлық немесе ақыл-ой мүмкіндіктері шектеулі немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз тұлғалар бұл құрылғыны тек арнайы адамның бақылауында, қауіпсіздік нұсқауларымен жете танысып, соған байланысты қауіп­қатерді жете түсінген жағдайда ғана пайдалануына болады.
Балаларға құрылғымен ойнауға болмайды. Балаларға тазалау және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын ересек адамның бақылауынсыз орындауға рұқсат бермеңіз.
РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ПАЙДАЛАНУ
САҚ БОЛЫҢЫЗ: Бұл құрылғы сыртқы таймермен немесе қашықтықтан басқаратын бөлек жүйемен бірге пайдалануға арналмаған.
Бұл құрылғы кәсіби қолданысқа арналмаған, оны тек үй шаруашылығында пайдалануға болады. Бұл құрылғыны сыртта пайдаланбаңыз.
Құрылғының ішінде не қасында аэрозоль баллондары сияқты жарылу қаупі бар немесе оңай тұтанатын заттарды сақтамаңыз, бензин немесе басқа тұтанғыш заттарды қоймаңыз, пайдаланбаңыз: құрылғы дұрыс іске қосылмаса, өрт шығуы мүмкін.
2
Вакуумдық қаптау үшін тек фирмалық Whirlpool қаптарын және арнайы әзірленген Whirlpool контейнерлерін қолданыңыз.
Тамақ сақтауға арналған коммерциялық тұрғыда қолжетімді қаптар терможелімдеуге жарамсыз болып табылады әрі олар вакуумды жеткілікті уақыт ішінде қамтамасыз ете алмайды.
Құрылғының панеліне бекітілген тұтқаға ешқандай ауыр заттар ілмеңіз.
ОРНАТУ
Құрылғыны екі не одан көп адам тасып, орнатуы керек. Құрылғыны орамасынан шығарып, орнату үшін қорғаныш
қолғаптарын киіңіз. Орнату және жөндеу жұмыстарын өнім өндірушісінің
нұсқаулары мен жергілікті қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, білікті техникалық маман орындауы керек. Егер пайдаланушы нұсқаулығында атап көрсетілмеген болса, құрылғының қандай да бір бөлігін жөндемеңіз және ауыстырмаңыз.
Орнату жұмыстарын балаларға орындауға болмайды. Орнату барысында ол жерге балаларды жақындатпаңыз.
Орнату барысында және одан кейін құрылғы орамасының материалдарын (пластик пакеттер, пенопласт бөлшектері, т.с.с.) балалардың қолы жетпейтін жерге қойыңыз.
Құрылғыны орамасынан шығарған соң, оның тасымалдау кезінде бүлінбегеніне және қақпағы жақсылап жабылғанына көз жеткізіңіз. Ақаулар орын алса, дилерге немесе маңайдағы тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Кез келген орнату жұмысының алдында құрылғы қуат көзінен ажыратылуы қажет.
Құрылғыны орнату барысында, оның қуат кабеліне зақым келтірмейтіндігіне көз жеткізіп алыңыз.
Құрылғыны тек орнату жұмысы аяқталған соң ғана іске қосыңыз.
ЭЛЕКТР ЖҮЙЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ ЕСКЕРТУЛЕР
Құрылғы қолданыстағы қауіпсіздік ережелеріне сәйкес орнатылуы үшін, минималды саңылауы 3 мм болатын бірполюсті ажыратқыш пайдаланылуы қажет және құрылғы жерге тұйықталуы қажет.
3
Қуат кабеліне зақым тиген болса, оны дәл сондай түрдегі кабельге ауыстырыңыз. Қуат кабелін ауыстыру жұмыстарын өндіруші нұсқаулары мен жергілікті қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, білікті техникалық маман орындауы қажет. Қызмет көрсету орталығына хабарласаңыз.
Техникалық ақпарат тақтайшасындағы кернеудің үйіңіздегі кернеуге сәйкес келетінін тексеріңіз. Техникалық ақпарат тақтайшасы өнімнің сол жағында орналасқан.
Салынған аша розеткаға сәйкес келмесе, білікті маманға хабарласыңыз.
Құрылғыны орнатып болған соң, оны негізгі қуат көзінің корпусына жалғау үшін қуат кабелі жеткілікті деңгейде ұзын болуы қажет. Қуат кабелін тартпаңыз.
Ұзартқыштарды, бірнеше розеткалар немесе адаптерлерді пайдаланбаңыз.
Құрылғының қуат сымы немесе ашасы бүлінген болса, дұрыс жұмыс істемесе немесе бұзылған немесе құлаған болса, оны пайдаланбаңыз.
Сымды ыстық беттерден аулақ ұстаңыз. Құрылғыны орнатқаннан кейін ондағы электрлік құрамдас
бөлшектерге қолданушының қолы жетпейтіндей болуы керек.
Денеңіздің қандай да бір мүшесі ылғал болғанда құрылғыға тиіп кетпеңіз және онымен жалаң аяқ жұмыс істемеңіз.
Тазалау және техникалық қызмет көрсету
Ешқашан бумен тазалау жабдығын пайдаланбаңыз. Құрылғыны тазалау және техникалық қызмет көрсету барысында қорғаныш қолғаптарын киіңіз.
Кез келген қызмет көрсету жұмысын орындау алдында құрылғыны қуат көзінен ажырату қажет.
Қоршаған ортаны қорғау
Орама материалдарын қоқысқа тастау
Орама материалы 100% қайта өңделеді және ол қайта өңдеу таңбасымен белгіленген қоқысқа жергілікті қоқыс тастауды реттейтін нормативті актілерге толықтай сәйкес тасталуы тиіс.
4
. Сондықтан ораманың әртүрлі бөліктері
Тұрмыстық техникаларды қоқысқа тастау
Құрылғыны қоқысқа тастағанда, балалар құрылғының ішіне кіріп, қамалып қалмауы үшін, оның қуат кабелін ажыратып, есіктері мен сөрелерін (болса) шешіп, пайдалануға мүмкін болмайтындай етіп тастаңыз.
Бұл құрылғы қайта өңделетін материалдармен жасалған. Оны қоқысқа тастағанда жергілікті қоқыс тастау ережелерін сақтаңыз.
Электрлік-тұрмыстық құрылғыларды өңдеу, қалпына келтіру және қоқысқа тастауға қатысты қосымша ақпарат алу үшін, жергілікті құзыретті басқару органына, тұрмыстық қоқысты жинау қызметіне немесе құрылғыны сатып алған дүкенге хабарласыңыз.
Бұл құрылғы электрлік және электрондық жабдықты қоқысқа тастау (WEEE) жөніндегі 2012/19/EU Еуропалық директивасына сай белгіленген.
Бұл құрылғының тиісінше қоқысқа тасталуын қамтамасыз ету арқылы, сіз қоршаған орта мен адам денсаулығына тиюі мүмкін теріс әсерлердің алдын алуға септігіңізді тигізесіз, бұл әсерлер берілген өнімнің қоқысқа дұрыс тасталмағанынан пайда болуы мүмкін.
Құрылғыдағы немесе онымен бірге берілген құжаттамадағы белгісі бұл құрылғының тұрмыстық қоқыс болып есептелмейтіндігін және электрлік және электрондық жабдықты қайта өңдеуге арналған арнайы жинау орталығына өткізілуі тиіс екендігін көрсетеді.
немесе қайта қолданылатын
5
Loading...
+ 11 hidden pages