МАҢЫЗДЫ ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
Бұл нұсқаулар, сондай-ақ, келесі веб-сайтта қолжетімді болуы керек:
www.whirlpool.eu
СІЗДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІҢІЗ ЖƏНЕ БАСҚАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ӨТЕ
МАҢЫЗДЫ
Бұл нұсқаулық жəне құрылғының өзі оқылып, əрқашан сақталуы тиіс
маңызды қауіпсіздік хабарларын қамтиды.
Бұл - пайдаланушылар мен басқа адамдарға ықтимал қауіптерді
ескертетін, қауіпсіздікке қатысты қауіп белгісі.
Барлық қауіпсіздік хабарларына қауіп белгісі мен келесі сөздер
арқылы алдын ала шолу жасалады:
ҚАУІП
ЕСКЕРТУ
Қауіпсіздікке қатысты барлық хабарлар өздері байланысты ықтимал қауіпті жəне
құрылғыны дұрыс пайдаланбауға байланысты жарақат, зақымдалу жəне электр
тогының соғу қаупін азайту жолын көрсетеді. Келесілерді орындағаныңызға көз
жеткізіңіз:
- Барлық қаптамадан шығару жəне орнату əрекеттерін орындау үшін қорғағыш
қолғаптарды пайдаланыңыз.
- Кез келген орнату əрекетін орындаудан бұрын құрылғы қуат көзінен ажыратылуы
тиіс.
- Орнату жəне техникалық күтім өндірушінің нұсқаулары мен жергілікті қауіпсіздік
ережелеріне сəйкес мамандандырылған техник маман тарапынан жүзеге
асырылуы тиіс. Пайдаланушы нұсқаулығында ерекше белгіленген болмаса,
құрылғының ешбір бөлшегін жөндемеңіз не ауыстырмаңыз.
- Құрылғы жерге тұйықталуы қажет.
- Шкафқа орнатылған құрылғы қуат көзіне қосылуы үшін қуат кабелінің ұзындығы
жеткілікті болуы тиіс.
- Ағымдағы қауіпсіздік ережелеріне сəйкес орнату үшін минималды 3 мм контактілі
саңылау көп полюсті қосқышты қолдану керек.
- Бірнеше розеткалы жалғастырғыш тетіктерді немесе ұзартқыш сымдарды
пайдаланбаңыз.
- Құрылғының қуат кабелін тартпаңыз.
- Орнатудан кейін пайдаланушы электр бөліктеріне қатынаспауы тиіс.
- Құрылғы тек тағам дайындау үшін тұрмыстық қолданысқа арнап жасақталған.
Басқа қолданысқа рұқсат етілмейді (мысалы, бөлмелерді жылыту). Өндіруші
тиісінше пайдаланбау немесе басқару құралдарының дұрыс емес параметрлері
қолданылу жағдайында барлық жауапкершіліктен босатылады.
- Құрылғы мен оның қолжетімді бөліктері пайдалану кезінде қызуы мүмкін.
Қыздыру элементтерін ұстап алмау үшін сақ болу қажет. Өте жас (0-3 жастағы)
жəне жас балалар (3-8 жастағы) бақылаусыз болғанда құрылғыдан алшақ болуы
керек.
Болдырылмаған жағдайда нəтижесінде ауыр
жарақатты тудыратын қауіпті жағдайға əкеледі.
Болдырылмаған жағдайда ауыр жарақатты
тудыратын қауіпті жағдайды білдіреді.
KK1
-8 жастан үлкен балалар жəне дене, сезу не ақыл қабілеттері шектеулі немесе
тəжірибесі мен біліктілігі аз адамдар бұл құрылғыны біреудің бақылауында
болғанда ғана немесе қауіпсіз пайдалану бойынша нұсқауларды алған жəне
ықтимал қатерлерді түсінген жағдайда ғана осы құрылғыны пайдалана алады.
Балалар құрылғымен ойнамау қажет. Балаларға тазалау жəне техникалық
қызмет көрсету жұмыстарын бақылаусыз
орындауға рұқсат бермеңіз.
- Пайдалану кезінде немесе пайдаланғаннан кейін құрылғының қыздыру
элементтерін ұстамаңыз. Барлық құрамдастар толығымен суымағанша
құрылғының маталармен немесе басқа жанғыш материалдармен жанасуын
болдырмаңыз.
- Құрылғының ішіне немесе қасына жанғыш материалдарды қоймаңыз.
- Қыздырылған майлар отқа оңай жанады. Майы мол тағам өнімдерін дайындау
кезінде аса назар аударыңыз.
- Бөлгіш панельді (құрылғымен бірге ұсынылмайды) құрылғы астындағы бөлімге
орнату қажет.
- Құрылғының беті жарылған болса, электр тогының соғу ықтималдығын
болдырмау үшін құрылғыны өшіріңіз (тек беті əйнек құрылғылар үшін).
- Құрылғы сыртқы таймер немесе бөлек қашықтан басқару жүйесі арқылы
басқарылу үшін арналмаған.
- Тағамды плитада ыстық майға бақылаусыз дайындау қауіпті, əрі өрт тудыруы
мүмкін. Өртті судың көмегімен ЕШҚАШАН сөндірмеңіз, тек құрылғыны өшіріп,
содан кейін қақпақ немесе өрт жабыны сияқты затпен жабыңыз. Өрт қаупі:
заттарды дайындау беттерінің үстінде сақтамаңыз.
- Бу тазалағыштарды пайдаланбаңыз.
- Пышақтар, шаңышқылар, қасықтар жəне қақпақтар сияқты металл нысандарды
плитаның бетіне қоймау қажет, себебі олар қызуы мүмкін.
- Пайдаланғаннан кейін, плита элементін оның басқару элементі арқылы өшіріңіз,
таба детекторына сенбеңіз (тек индукциялық құрылғылар үшін).
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
Қаптаманы қоқысқа тастау
Қаптама материалы қайта өңделуге 100% жарамды жəне қайта өңдеу белгісімен ( ) таңбаланған. Қаптаманың
түрлі бөліктерін қоршаған ортаға тастамау қажет, бірақ жергілікті ережелерге сəйкес тасталуы тиіс.
Қоқысқа тастау
Бұл құрылғы Электрлік жəне электрондық жабдықты қоқысқа тастау (WEEE) бойынша 2012/19/EU Еуропалық
директивасына сəйкес белгіленген.
Құрылғының қоқысқа тиісті түрде тасталуын қамтамасыз ете отыра, пайдаланушы қоршаған орта мен
адамдардың денсаулығы үшін ықтимал жағымсыз салдардың алдын алуға көмектесе алады.
Құрылғыдағы немесе онымен бірге берілген құжаттамадағы белгісі бұл өнім тұрмыстық қоқыс болып
есептелмеуі керек жəне WEEE қайта өңдеуге арналған сəйкес жинау пунктіне өткізілуі тиіс екендігін көрсетеді.
Қуат үнемдеу бойынша кеңестер
Оңтайлы нəтижелерге қол жеткізу үшін келесілерді орындау ұсынылады:
• Түбінің өлшемі дайындау аймағымен бірдей кастрөлдер мен табаларды пайдаланыңыз.
• Астыңғы жағы тегіс кастрөлдер мен табаларды ғана пайдаланыңыз.
• Мүмкін болса, дайындау кезінде кастрөлдің қақпағын жабыңыз.
• Қуат пен дайындау уақытын анағұрлым үнемдеу үшін жылдам қайнатқышты пайдаланыңыз.
• Кастрөлді плитада белгіленген дайындау аймағының ортасына орналастырыңыз.
KK2
СƏЙКЕСТІЛІК ДЕКЛАРАЦИЯСЫ
Ø
17 см мин. 28 см макс.
Ø
21 см
Ø
15 см мин. 21 см макс.
Ø
18 см
Ø
12 см мин. 18 см макс.
Ø
10 см мин. 14,5 см макс.
- Осы құрылғы 2006/95/EC «Төмен кернеу» директивасының қауіпсіздік талаптарына (кейінгі түзетулер
ретінде 73/23/EEC ауыстырады) жəне 2004/108/EC «EMC» директивасының қорғаныс талаптарына
сəйкес жасақталған, өндірілген жəне нарыққа өткізілген.
- Бұл құрылғы EN 60350-2 Еуропалық стандартына сəйкес, N. 66/2014 Еуропалық ережелерінің
экологиялық талаптарына сай.
ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА
МАҢЫЗДЫ: Кастрөлдердің көлемі дұрыс болмаса, дайындау аймақтары қосылмайды. Тек
«INDUCTION SYSTEM» (ИНДУКЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕ) белгісімен таңбаланған кастрөлдерді
пайдаланыңыз (қарама-қарсы жағындағы суретті қараңыз). Плитаны қоспас бұрын кастрөлді
қажет дайындау аймағына қою қажет.
Үйлесімді кастрөлдерді пайдаланған кезде температурасы 10°C-тан төмен дайындау аймағын
пайдалануға болмайды.
БАР КАСТРӨЛДЕР МЕН ТАБАЛАР
Кастрөлдің астыңғы жағы индукциялық плитамен үйлесімді екендігін тексеру үшін магнитті қолданыңыз:
магнитке тартылмаса, кастрөлдер мен табалардың астыңғы жақтары жарамсыз болып табылады.
- Кастрөлдердің асты тегіс екеніне көз жеткізіңіз, əйтпесе ол плитаның бетіне сызат түсіруі мүмкін.
Ыдыстарды тексеріңіз.
- Ешқашан ыстық кастрөлдер мен табаларды плитаның басқару панелінің бетіне қоймаңыз. Ол
құрылғының зақымдалуына алып келуі мүмкін.
ҰСЫНЫЛАТЫН КАСТРӨЛ ТҮБІНІҢ ӨЛШЕМДЕРІ
ҰСЫНЫЛҒАН КАСТРӨЛ ОРНЫ
Жоғары өнімділікке қол жеткізу үшін, бір мезгілде екі кастрөлді пайдаланған кезде, оларды төмендегі
суреттерге сəйкес қойыңыз:
KK3