Қолдану нұсқаулығына2
Қауіпсіздік техникасы ережелері
және жұмыс техникасы2
Жұмыс техникасы9
Үдеткіш құрылғының
жиынтықтамасы10
Соратын ұсатқыштың
жиынтықтамасы12
Жанармай14
Түпнұсқалық қолдану
нұсқаулығы
Жанармайды толтырып құю15
Моторды іске қосу / тоқтату16
Ауа тазалау сүзгісін тазалау18
Карбюраторды ретке келтіру19
От алдыру білтесі21
Мотордың жұмысы22
Іске қосу құрылғысы23
Құрылғыны сақтау23
Техникалық қызмет көрсету және
күтім көрсету жөніндегі нұсқаулар 24
Тозуды азайту және ақаулардың
алдын алу26
Маңызды толымдаушылары28
Хлормен ағартылған қағазда басылып шығарылған
Басып шығаратын бояулардың құрамында өсімдік майлары
бар, қағазды қайта өңдеуге болады.
Техникалық сипаттамалар29
Арнайы жабдықтар30
Жөндеу бойынша нұсқаулар31
Кәдеге жарату31
ЕО нормаларына сәйкестік
сертификаты32
Құрметті сатып алушылар,
STIHL фирмасының жоғары сапалы
бұйымын сатып алуға бел
байлағаныңыз үшін үлкен рахмет
айтамыз.
Аталған бұйым өндірістің озық
технологияларын қолдана отырып,
сонымен қатар сапаны қамтамасыз
ету жөніндегі барлық қажетті
шараларды ескере отырып
дайындалған. Осы агрегат Сіздің
көңіліңізден шығуы үшін және оны еш
кедергісіз қолдануыңыз үшін біз
қолымыздан келгеннің барлығын
істеуге тырысамыз.
Егер Сізде агрегатыңызға қатысты
сұрақтар туындаса, өз дилеріңізге
немесе біздің өткізу компаниямызға
жүгінуіңізді сұраймыз.
Осы қолдану нұсқаулығы авторлық құқықпен қорғалған Барлық құқықтар, әсіресе тарату, аудару және электроникалық
жүйелермен өңдеу құқықтары сақталады.
BG 56, BG 56 C, BG 66, BG 66 C, BG 86, BG 86 C, SH 56, SH 56 C, SH 86, SH 86 C
1
қазақ
Қолдану нұсқаулығына
Суреттердегі нышандар
Құрылғыға жабыстырылған
суреттердегі барлық нышандардың
анықтамасы, осы қолдану
нұсқаулығында келтірілген.
Құрылғының түріне және
жарақтандыруына байланысты,
құрылғыға келесі суреттер, яғни
нышандар жабыстырыла алады.
Жанармай багы; бензин
мен мотор майының
жанармай қоспасы
Қолдан істейтін
жанармай сорғысын
іске қосу
Мәтін бөлімдерінің белгіленуі
Сақтандыру
Жазатайым оқиғаның және жарақат
алудың, сонымен қатар күрделі
материалдық нұқсанның қаупі
жайында адамдарға ескерту.
Нұсқау
Құрылғының немесе жекелеген
толымдаушылардың бүліну мүмкіндігі
жайында ескерту.
Техникалық әзірленім
STIHL компаниясы барлық
машиналарды және құрылғыларды
одан әрі әзірлеумен ұдайы
айналысуда; сондықтан пішін,
техника және жабдықтар бойынша
жеткізілімнің толымдаушыларына
барлық өзгерістерді енгізу құқығын
өзімізге қалдыруға тиіспіз.
Сол себепті осы қолдану жөніндегі
нұсқаулықтың нұсқауларына және
суреттеріне қатысты ешқандай
кінәраттар тағыла алмайды.
Қауіпсіздік техникасы
ережелері және жұмыс
техникасы
Мотоқұрылғымен
жұмыс істеген кезде
айрықша қауіпсіздік ісшараларын сақтау
қажет болады.
Алғаш рет қолданысқа
енгізген кезде, қолдану
нұсқаулығымен мұқият
танысып алыңыз және
алдағыда пайдалану
үшін сенімді жерге
сақтап қойыңыз.
Қолдану нұсқаулығын
ұстанбаған жағдайда,
өмірге қауіп төнуі
мүмкін.
Қауіпсіздік техникасына қатысты
жергілікті ережелерді, мысалы
кәсіподақтардың, әлеуметтік
кассалардың, еңбек қорғау жөніндегі
органдардың және басқа
мекемелердің ережелерін сақтаңыз.
Құрылғымен бірінші рет жұмыс
істейтін әрбір адам: Құрылғыны қалай
қолдану керектігі туралы
мамандандырылған дилерден
немесе басқа маманнан нұсқау алуы
керек – немесе арнайы оқу курсынан
өтуі қажет.
2
BG 56, BG 56 C, BG 66, BG 66 C, BG 86, BG 86 C, SH 56, SH 56 C, SH 86, SH 86 C
қазақ
Қараумен оқытылып жатқан 16 жасқа
толған жас адамдарды қоспағанда,
кәмелеттік жасқа толмағандарға
құрылғымен жұмыс істеуге рұқсат
берілмейді.
Балалар, жануарлар және бөгде
адамдар алшақ жерде болуы тиіс.
Құрылғы қолданылмаса, оны ешкімге
кедергі келтірмейтіндей етіп басқа
жерге қойған жөн. Құрылғыны
рұқсатсыз қолданудан қорғаңыз.
Пайдаланушы жазатайым оқиғалар
үшін немесе басқа адамдарға немесе
олардың мүлкіне төнетін қауіп үшін
жауапты болады.
Құрылғыны, оның осы үлгісімен
мұқият танысып алған және
қолдануға жақсылап үйретілген
адамдарға ғана беруге немесе жалға
беруге рұқсат етіледі – әрқашан
Қолдану нұсқаулығын көрсетіңіз.
Қатты шуыл шығаратын құрылғының
қолданылуы, уақыт өте келе ұлттық
және жергілікті нұсқаулармен
шектеле алады.
Құрылғының бірде-бір бөлшектері
зақымданбаған жағдайда ғана, оны
қолданысқа енгізуге болады.
Құрылғыны тазарту үшін жоғары
қысымды жуғыштарды қолданбаңыз.
Судың қатты ағыны құрылғының
бөлшектерін бүлдіре алады.
Керек-жарақтар мен қосалқы
бөлшектер
STIHL компаниясы тарапынан осы
құрылғыға рұқсат берілген немесе
өзінің техникалық сипаты жағынан
ұқсас болып келетін бөлшектер мен
керек-жарақтарды ғана монтаждаңыз.
Қандай да бір сұрақтар туындаса
мамандандырылған дилерге жүгініңіз.
Жоғары сапалы бөлшектерді немесе
керек-жарақтарды ғана қолданыңыз.
Олай болмаған жағдайларда,
жазатайым оқиғалардың орын алу
қаупі немесе құрылғының бұзылу
қаупі төне алады.
STIHL компаниясы, STIHL
компаниясының түпнұсқалы
бөлшектерін және керек-жарақтарын
қолдануға ұсыныс береді. Олар
өздерінің сипаты жағынан агрегатпен
оңтайлы түрде келістірілген және
пайдаланушының талаптарына сай
келеді.
Құрылғының құрылымына қандай да
бір өзгерістерді енгізбеңіз, бұл
жағдайда қауіпсіздікке нұқсан келуі
мүмкін. STIHL компаниясы
қолданысқа рұқсат етілмеген аспалы
құрылғыларды қолданудың
салдарынан адамға және мүлікке
келтірілген нұқсан үшін күтілетін
жауапкершіліктен бас тартады.
Жұмыс істеуге талап етілетін
физикалық күйі
Құрылғымен жұмыс істейтін адамдар
демалған, дені сау болуы керек және
дене күшінің жағдайы жақсы болуы
қажет.
Денсаулық жағдайы бойынша
жүктеме ұсынылмаған адамдар,
мотоқұрылғымен жұмыс істей
алатындығы туралы дәрігерден кеңес
алуы тиіс.
Имплантацияланған
кардиостимуляторы бар адамдарға
ғана: Аталған құрылғының от алдыру
жүйесінен өте аз ауқымдағы электр
магнит өрісі туындайды.
Кардиостимуляторлардың жекелеген
түрлеріне электр магниттік өрістің
тигізетін әсерін толықтай алып
тастауға болмайды. Денсаулыққа
төнетін қауіптен сақтану мақсатында
STIHL компаниясы емдеуші дәрігерге
және кардиостимулятордың
дайындаушысына жүгінуге ұсыныс
береді.
Алкогольді, жауап қайтару қабілетін
төмендететін дәрілерді немесе
есірткіні тұтынғаннан кейін
құрылғымен жұмыс істеуге болмайды.
Қолданыс аялары
Үдеткіш құрылғы, мысалы
бақшаларда, стадиондарда,
автотұрақтарда немесе кірме
жолдарда жапырақтарды, шөпті,
қағазды және соған ұқсас заттарды
кетіруге мүмкіндік береді. Бұл
құрылғы орман шаруашылығындағы
аңшы жолдарын да үрлеп тазартуға
жарамды.
Соратын ұсатқыш, сонымен қатар
жапырақтарды және басқа да жеңіл,
қозғалмалы және жанбайтын
қалдықтарды сіңіруге арналған.
Денсаулыққа қауіпті болатын
материалдарды үрлемеңіз немесе
сормаңыз.
Құрылғыны мақсатына сай қолдану
қажет, кері жағдайда, жазатайым
оқиғалардың орын алуы немесе
агрегаттың бүлінуі мүмкін.
BG 56, BG 56 C, BG 66, BG 66 C, BG 86, BG 86 C, SH 56, SH 56 C, SH 86, SH 86 C
3
қазақ
Құрылғының құрылымына қандай да
бір өзгеріс енгізуге тыйым салынады,
себебі осы жағдайда, жазатайым
оқиғалардың орын алуы немесе
құрылғының бүлінуі мүмкін.
Киім және жабдықтау
Белгіленген киім мен жабдықтауды
қолданыңыз.
Киім қолданыс
мақсатына сай келуі
керек және жұмысқа
кедергі келтірмеуі
қажет. Денеге тығыз
тиіп тұратын киім,
комбинезон
ұсынылады, бірақ
жұмыс халаты емес.
Жұмыс істеген кезде,
ауа сорғыш тесікке
тартып әкетіле алатын
киімді, мойынорағышты,
галстукты, әшекейлерді
қолданбаңыз. Ұзын
шаш оралуы және
бекітілуі керек (орамал,
бас киім, дулыға және
т.б.).
Бұдырлы, тайғанамайтын табаны бар
мықты аяқ киім киіңіз.
STIHL компаниясы жеке қорғаныш
құралдарының кең бағдарламасын
ұсынады.
Құрылғыны тасымалдау
Моторды әрқашан тоқтатып тұру
керек.
Көлік құралдарында тасымалдаған
кезде:
–Құрылғыны төңкерілуден,
бүлінуден және жанармайдың
ағып кетуінен қорғаңыз
Жанармай толтыру
Бензин оңай
тұтанатындықтан –
жанып тұрған оттан
алшақ қашықтықта
жұмыс істеңіз,
жанармайды
ағызбаңыз, темекі
шекпеңіз.
Жанармайды құймас бұрын
қозғалтқышты сөндіріп қойыңыз.
Мотор толығымен суымайынша, оған
жанармайды құймаңыз, себебі
жанармай ағып кете алады, соның
салдарынан өрттің туындау қаупі төне
алады!
Артық қысым баяу төмендеуі үшін
және жанармай шашырамауы үшін
бактың қақпағын абайлап ашыңыз.
Жанармайды жақсылап желдетілетін
жерлерде ғана құйыңыз. Егер
жанармай төгіліп кетсе, құрылғыны
дереу тазарту керек - жанармайды
киімге тамызбаңыз, керісінше
жағдайда киіміңізді дереу
ауыстырыңыз.
Герметикалы емес
екендігіне назар
аударыңыз! Жанармай
ағып кеткен жағдайда,
моторды іске қоспаңыз
– өрт шалып, өмірге
қауіп төнуі мүмкін!
Жанармайды
толтырғаннан кейін,
бактың қақпағын
мүмкіндігінше қаттырақ
бұрап жабыңыз.
Осының арқасында, бұл мотордың
дірілдерінен бактың қақпағының
бұралып қалуын, соның нәтижесінде
жанармайдың ағып кету қаупін
азайтады.
Қосудың алдында
Құрылғының мінсіз жұмыс атқаруын
бақылаңыз және Қолдану
нұсқаулығындағы тиісті бөлімге назар
аударыңыз:
–Жанармай жүйесінің
герметикалылығын, әсіресе
көрінетін бөлшектерін, мысалы
бактың қақпағын, шланг
байланыстарын, қолдан істейтін
жанармай сорғысын (тек қана
қолдан істейтін жанармай
сорғысы бар мотоқұрылғыларда)
тексеру керек. Герметикалы емес
болса немесе қандай да бір
жерлері бүлінсе моторды іске
қоспаңыз – өрттің туындау қаупі
4
BG 56, BG 56 C, BG 66, BG 66 C, BG 86, BG 86 C, SH 56, SH 56 C, SH 86, SH 86 C
қазақ
295BA052 KN
төне алады! Құрылғыны
қолданысқа енгізер алдында, оны
күйге келтіру үшін
мамандандырылған дилерге
бергеніңіз жөн
–Газ иінтірегі қозғалып тұруы тиіс
және бос жүріс күйіне өздігінен
қайтарылуы тиіс
–Ауыстырғыш иінтірек/түймелі
ажыратқыш STOP немесе 0
күйіне оңай орнатылуы тиіс
–Қолыңыз майдан және кірден
тазартылған, таза әрі құрғақ
болуы қажет, онысы
мотоқұрылғыны сенімді түрде
басқару үшін маңызды шарт
болып табылады
–Үдеткіш жабдық нұсқауларға сай
монтаждалуға тиіс
–От алдыру тоқсымындағы
түйіспелі ұштықтың берік
орналасуын тексеріңіз - штекер
берік орналаспаған болса ұшқын
шығып, соның салдарынан
жанармай-ауа қоспасы тұтанып
кете алады – өрттің туындау қаупі
төне алады!
–Үдеткіш тетіктің қанатшасының
және корпусының күйін тексеріңіз
– "Пайдалану" бөлімін қараңыз
Үдеткіш тетіктің корпусы тозатын
болса (жарықтар, сызаттар пайда
болса), сыртқа лақтырылатын бөгде
заттардан жарақат алу қаупі төнуі
мүмкін. Үдеткіш тетіктің корпусы
зақымдалған жағдайда,
мамандандырылған дилерге жүгініңіз
– STIHL компаниясы STIHL
мамандандырылған дилерін ұсынады
Басқару элементтеріне немесе
қауіпсіздік қондырғысына кез-келген
өзгеріс енгізуге тыйым салынады
Агрегат тек қана сенімді қолданыс
күйінде қолданылуы қажет –
жазатайым оқиғаның туындау қаупі
төне алады!
Моторды іске қосу
Жанармай құю орнынан 3 метрлік
қашықтықта және ашық орынжайда
іске қосу қажет.
Агрегатқа тек қана бір оператор
қызмет көрсетеді – жұмыс аймағында
бөгде адамдардың болуына рұқсат
берілмейді – іске қосқан кезде де
ешкім болмауы керек.
Моторды қолдан жібермеңіз –Қолдану
нұсқаулығында сипатталғандай іске
қосыңыз.
Тегіс қабатта ғана сенімді және
тұрақты күйге орналасып, агрегатты
нықтап ұстаңыз.
Қозғалтқыш от алғаннан кейін
көтерілетін ауа түйдегімен бірге
заттар (мысалы, тастар) да
лақтырылуы мүмкін.
Үдеткіш құрылғыны қолдану
Үдеткіш құрылғы бір қолмен қызмет
көрсетуге арналған. Қызмет
көрсетуші адам, оны оң қолымен
басқару тұтқышынан ұстап
тасымалдауы керек.
Мотоқұрылғыны қолмен нықтап
ұстаңыз.
Алдыға қарай баяу қозғала отырып
қана жұмыс істеңіз – Үдеткіш
түтікшенің шығыс аймағын үнемі
бақылап тұрыңыз – арттан алдыға
қарай қозғалмаңыз – сүрініп кете
аласыз!
Сақтандыру
Құрылғыны тек толықтай
монтаждалған үдеткіш түтікшемен
ғана қолданыңыз – жарақат алу қаупі
төнуі мүмкін!
Дөңгелек қондырма, тегіс емес жерде
(мысалы, шалғындарда және
көгалдарда) қолдануға өте жарамды.
Жазық қондырма (Жеткізілім көлеміне
кіреді немесе Арнайы құралжабдықтар ретінде алына алады)
жалпақ пішінді ауа түйдегін көтереді,
ол ауа түйдегі, мақсатқа сай және
бақылаумен қолдануға мүмкіндік
береді; әсіресе үгінді, жапырақтар,
BG 56, BG 56 C, BG 66, BG 66 C, BG 86, BG 86 C, SH 56, SH 56 C, SH 86, SH 86 C
5
қазақ
295BA053 KN
шабылған шөп және т.б. түскен тегіс
қабаттарды бос үрлеген кезде
пайдаланылады.
Сору қондырғысын қолдану
Осы Пайдалану нұсқаулығының тиісті
бөліміндегі монтаждауға қатысты
нұсқауларды сақтаңыз.
Сіңіргіш майдалағыш екі қолмен
қызмет көрсетуге арналған. Қызмет
көрсетуші адам, оң қолымен жетектің
сабынан және сол қолымен
корпустағы саптан ұстауы керек.
Қағып алатын қаптағы аспалы
белдікті сол жақ иыққа тағыңыз –
апаттық жағдайда құрылғыны қағып
алатын қаппен бірге жылдам алу
үшін, оны айқыш-ұйқыш етіп
тақпаңыз.
Құрылғыны тек толықтай
монтаждалған сіңіргіш түтікпен және
монтаждалған жабылған қағып
алатын қаппен ғана қолданыңыз –
жарақат алу қаупі төнуі мүмкін!
Нұсқау
Абразиялық заттарды сорған кезде
(мысалы, қиыршық тас, ұсақ тас және
т.б.) крыльчатка мен баспа
механизмнің шанағы аса қатты
тозатын болады. Осындай тозу
белгісі, сіңіру қуаты төмендеген кезде
білінеді. Бұл жағдайда,
мамандандырылған дилерге жүгіну
керек. STIHL компаниясы STIHL
мамандандырылған дилерін
ұсынады.
Дымқыл жапырақтарды сорған кезде
аб ай болыңыз – үде ткіш тетік пен өтпе
иін білетіп қалуы мүмкін.
Ыстық немесе жеңіл
тұтанатын
материалдарды
(мысалы, ыстық күл,
бықсып жатқан
тұқылдар) ешқашанда
сіңіруге болмайды –
оттан жарақат алу қаупі
төнуі мүмкін!
Тұтанатын
сұйықтықтарды
(мысалы, Жанармай)
немесе тұтанатын
сұйықтықпен сіңірілген
материалдарды
ешқашанда сіңіруге
болмайды – өрт немесе
жарылыс нәтижесінде
өлімге әкеліп
соқтыратын жарақат
алу қаупі төнуі мүмкін!
Қорғаныш торын
ашудың алдында
моторды тоқтатыңыз.
Қорғаныш торы
әрдайым ашық тұруы
қажет және бекітіліп
тұруы керек, егер
сорғыш түтікше
монтаждалмаған болса
– айналып жатқан
жиынтықтаушыларға
тиіп кетуден жарақат
алу қаупі төнуі мүмкін!
Бұдан бөлек, мотор
зақымдалуы мүмкін.
Жұмыс барысында
Қауіп төнетін болса немесе апатты
жағдай орын алса, қозғалтқышты
бірден сөндіріңіз – ауыстырғыш
иінтірек/түймелі ажыратқышты STOP
немесе 0 күйіне орнатыңыз.
Құрылғыға тек қана бір оператор
қызмет көрсетеді – жұмыс аймағында
бөгде адамдардың болуына рұқсат
берілмейді
6
BG 56, BG 56 C, BG 66, BG 66 C, BG 86, BG 86 C, SH 56, SH 56 C, SH 86, SH 86 C
қазақ
5 м радиусқа
дейінгі аумақта
қандай да бір
бөгде адамдар
болмауға тиіс –
лақтырылатын
заттардың
әсерінен жарақат
алу қаупі төнуі
мүмкін!
Осы қашықтық, сондай-ақ заттарға
(көлік құралдары, терезе әйнектері)
да қатысты сақталуға тиіс –
материалдық нұқсаннан қауіптілік
төнуі мүмкін!
Ауа ағынын бөгде адамдарға немесе
жануарларға қарай ешқашан да
бағыттамаңыз – құрылғыдан шағын
көлемді заттар үлкен жылдамдықпен
лақтырыла алады – жарақат алу қаупі
төнуі мүмкін!
Үрлеп тазартқан және сорып ұсатқан
кезде (ашық жерлерде және
бақшаларда) ұсақ жануарларға қауіп
төнбеуін байқап тұрыңыз.
Құрылғыны ешқашан да қараусыз
қалдырмаңыз.
Тайғанақ, ылғал болғанда, қар
басқанда, мұз болғанда, тау еңісінде,
кедір-бұдыр жерлерде абай болыңыз
– тайғанап кету қаупі төнуі мүмкін!
Кедергілерге назар аударыңыз:
Қоқыстар, томарлар, тамырлар,
орлар болса – сүрініп кете аласыз!
Жиылмалы басқышта, орнықсыз
жерде жұмыс істемеңіз.
Құлақ бітеуіштерін пайдаланған
кезде, аса мұқият және сақ болуыңыз
керек – себебі ескерту дыбыстарын
сезу қабілеті (айғайлар, дабыл
белгілері және т.б.) шектеледі.
Байсалды түрде және ойлап жұмыс
істеңіз, бірақ жарық жақсылап түсіп
тұруы керек және көрініс айқын болуы
қажет. Басқа адамдарға қауіп
төндірмей, абайлампаздықпен жұмыс
істеңіз.
Төтенше шаршауды болдырмас үшін,
жұмыс барысында уақытымен үзіліс
жасап тұрғаныңыз жөн – жазатайым
оқиғаның туындау қаупі төне алады!
Катализаторлы бәсеңдеткіштер өте
қатты қызып кете алады.
Мотор іске қосылғаннан
кейін, мотоқұрылғыдан
пайдаланылып болған
улы газдар бірден шыға
бастайды. Бұл
газдардың иісі болмауы
және көрінбеуі мүмкін,
сонымен қатар
құрамында
көмірсутегілер мен
бензол бола алады.
Мотоқұрылғыны, соның
ішінде катализатормен
жабдықталған
агрегаттарды ешбір
жағдайда жабық немесе
нашар желдетілетін
орынжайларда
қолданбаңыз.
Жыраларда, ойпаттарда немесе тар
шарттарда жұмыс істеген кезде,
жеткілікті ауа алмасуын қамтамасыз
ету қажет - уланудың салдарынан
өмірге қауіп төне алады!
Лоқсығанда, бас ауырғанда, көру
қабілеті нашарлағанда (мысалы, көру
ауқымының азаюы), есту қабілетін
нашарлағанда, бас айналғанда,
назар аудару қабілеті төмендегенде
жұмысты дереу тоқтатыңыз - басқа
себептердің арасында, аталған
симптомдар пайдаланылып болған
газдардың жоғары дәрежелі
шоғырланымынан пайда бола алады
- жазатайым оқиғаның туындау қаупі
төне алады!
Құрылғымен жұмыс істегенде және
жұмыс істеп тұрған бензин арасының
жанында темекі шекпеңіз – өрттің
туындау қаупі төне алады! Жанармай
жүйесінен жанғыш бензин булары
ұшып шыға алады.
Шаң түзілетін болса, шаңға қарсы
бетперде тағыңыз.
Мотоқұрылғымен жұмыс істегенде,
мүмкіндігінше шуылсыз және
пайдаланылып болған газдарды аз
шығарып жұмыс істеңіз - моторды
қажет болмағанда қосулы күйде
қалдырмаңыз, газды тек жұмыс
кезінде беріңіз.
Жұмыс істеп болғаннан кейін
құрылғыны ыстық емес тегіс қабатқа
қойыңыз. Құрылғыны жеңіл тұтанатын
материалдардың (мысалы, ағаш
жоңқасы, ағаш қабығы, құрғақ шөп,
жанармай) жанына қоймаңыз – өрттің
туындау қаупі төне алады!
Үдеткіш тетіктің корпусының ішіне
қорғаныш торы немесе қондырма /
шүмек / жиклер арқылы заттарды
сұқпаңыз. Олар үдеткіш тетік арқылы
жоғары жылдамдықпен лақытырыла
алады – жарақат алу қаупі төнуі
мүмкін!
BG 56, BG 56 C, BG 66, BG 66 C, BG 86, BG 86 C, SH 56, SH 56 C, SH 86, SH 86 C
7
қазақ
Құрылғының жұмысында өзгерістер
білінетін болса (мысалы, қатты діріл
байқалса) жұмысты тоқтатып,
өзгерістердің себебін кетіріңіз.
Егер де құрылғы арналымынан тыс
жүктемеге ұшыраған болса (мысалы,
соққы немесе құлау нәтижесіндегі
күштің әсерінен), алдағыда жұмыс
істер алдында құрылғының қолданыс
күйін тексеріп алыңыз - "Қосудың
алдында" бөлімін қараңыз. Ең
алдымен жанармай жүйесінің
герметикалылығын және қорғаныш
құрылғыларының жұмысын
тексеріңіз. Қолданыста сенімсіз
болатын құрылғыны ешбір жағдайда
қолданбаңыз. Қандай да бір күмән
туындаса, мамандандырылған
дилерге жүгініңіз.
Дірілдер
Мотоқұрылғыны тым ұзақ қолданатын
болсаңыз, дірілдің себебінен қолдағы
қан айналым жүйесі бұзыла алады
("Ақ саусақтар" синдромы).
Құрылғының көпшілік мақұлдаған
қолданыс ұзақтығы анықтала
алмайды, себебі оның көптеген
факторлары бар.
Құрылғының қолданыс ұзақтығы
келесі шаралардың арқасында
ұлғаяды:
–жылы қол
–Жұмыс барысындағы үзіліс
Құрылғының қолданыс ұзақтығы
келесі себептерге орай қысқарады:
–жұмысшының қан айналым
жүйесі нашар болса (оның
белгілері мынадай болады:
саусақтар тона береді, қышып
дуылдайды)
–сыртқы температуралар төмен
болса
–Құрылғыны ұстау үшін көп күш
жұмсалса (оны қатты ұстаған
кезде, қан айналымына кедергі
келтіріледі)
Мотоқұрылғыны ұдайы, ұзақ
қолданған кезде және тиісті
симптомдар қайтадан пайда болған
кезде (мысалы, саусақтардың
дуылдауы) үнемі медициналық
байқаудан өтіп тұрғаныңыз жөн.
Жөндеу және техникалық қызмет
көрсету
Мотоқұрылғыға үнемі техникалық
қызмет көрсетіп отырыңыз. Осы
қолдану нұсқаулығында сипатталған
техникалық қызмет көрсету және
жөндеу жұмыстарын ғана орындау
керек. Жұмыстардың барлық бас
түрлерін мамандандырылған дилерге
тапсыру қажет.
STIHL компаниясы, техникалық
қызмет көрсету және жөндеу
жұмыстарын тек қана STIHL
компаниясының мамандандырылған
дилеріне тапсыруға ұсыныс береді.
STIHL компаниясының
мамандандырылған дилерлері
біліктілікті арттыру курстарына үнемі
қатысып тұрады және олардың
иелігіне техникалық ақпарат
ұсынылады.
Жоғары сапалы қосалқы бөлшектерді
ғана қолданыңыз. Олай болмаған
жағдайларда, жазатайым
оқиғалардың орын алу қаупі немесе
құрылғының бұзылу қаупі төне алады.
Қандай да бір сұрақтар туындаса
мамандандырылған дилерге жүгініңіз.
STIHL компаниясы STIHL
компаниясының түпнұсқалы қосалқы
бөлшектерін қолдануға ұсыныс
береді. Олар өздерінің сипаты
жағынан құрылғымен оңтайлы түрде
келістірілген және пайдаланушының
талаптарына сай келеді.
Жөндеген, техникалық қызмет
көрсеткен және тазартқан кезде
қозғалтқышты әрқашан сөндіріп
отырыңыз – жарақат алу қаупі төнуі
мүмкін! – Айрықша жағдайлар:
Карбюраторды және бос жүрістің
тәртіптемесін ретке келтіру.
От алдыру тоқсымындағы түйіспелі
ұштық тартылып қойылса немесе от
алдыру білтесі бұрап алынса
моторды Іске қосу құрылғысының
көмегімен іске қосуға рұқсат етілмейді
– цилиндрдің сыртында ұшқын
болғандықтан өрттің туындау қаупі
төне алады!
Мотоқұрылғыға техникалық қызмет
көрсетуге және жанып тұрған оттың
дәл жанында сақтауға тыйым
салынады.
Бактың қақпағының
герметикалылығын үнемі тексеріп
отырыңыз.
8
BG 56, BG 56 C, BG 66, BG 66 C, BG 86, BG 86 C, SH 56, SH 56 C, SH 86, SH 86 C
қазақ
295BA053 KN
295BA052 KN
STIHL компаниясы тарапынан рұқсат
етілген, жарамды от алдыру білтесін
ғана қолданыңыз - "Техникалық
сипаттамалар" бөлімін қараңыз.
От алдыру шынжырының кәбілін
тексеріңіз (оқшаулағыштың мінсіз
болуы, қосылыстың тығыз болуы).
Бәсеңдеткіштің мінсіз күйін тексеріңіз.
Not an error! Жарамсыз немесе
алынған бәсеңдеткішпен жұмыс
істеуге болмайды – өрттің туындау
қаупі төнуі мүмкін!– есту қабілетінің
зақымдануы мүмкін!
Ыстық бәсеңдеткішті ұстамаңыз –
күйік шалу қаупі төне алады!
Дірілге қарсы элементтердің күйі,
діріл кезінде агрегаттың күйіне әсер
етеді - дірілге қарсы элементтерді
үнемі тексеріп тұру қажет.
Ақаулықтарды жою үшін моторды
тоқтатыңыз.
Жұмыс техникасы
Сіңіргіш майдалағышты қолдану
Сіңіргіш майдалағыш екі қолмен
қызмет көрсетуге арналған. Қызмет
көрсетуші адам, оң қолымен жетектің
сабынан және сол қолымен
корпустағы саптан ұстауы керек.
Қағып алатын қаптағы аспалы
белдікті сол жақ иыққа тағыңыз –
апаттық жағдайда құрылғыны қағып
алатын қаппен бірге жылдам алу
үшін, оны айқыш-ұйқыш етіп
тақпаңыз.
Сақтандыру
Құрылғыны тек толықтай
монтаждалған сорғыш түтікшемен
және монтаждалған қағып алатын
қаппен ғана қолданыңыз
Нұсқау
Абразиялық заттарды сорған кезде
(мысалы, қиыршық тас, ұсақ тас және
т.б.) крыльчатка мен баспа
механизмнің шанағы аса қатты
тозатын болады. Осындай тозу
белгісі, сіңіру қуаты төмендеген кезде
білінеді. Бұл жағдайда,
мамандандырылған дилерге жүгіну
керек. STIHL компаниясы STIHL
мамандандырылған дилерін
ұсынады.
Дымқыл жапырақтарды сорған кезде
абай болыңыз – үдеткіш тетік пен өтпе
иін білетіп қалуы мүмкін.
Ашық жерлерде және бақшаларда
сорған кезде, ұсақ жануарлардың
ықтимал түрде пайда болуын
бақылаңыз.
Үдеткіш құрылғыны қолдану
Үдеткіш құрылғы бір қолмен қызмет
көрсетуге арналған. Қызмет
көрсетуші адам, оны оң қолымен
басқару тұтқышынан ұстап
тасымалдауы керек.
BG 56, BG 56 C, BG 66, BG 66 C, BG 86, BG 86 C, SH 56, SH 56 C, SH 86, SH 86 C
9
қазақ
1
3
296BA016 KN
296BA017 KN
Сақтандыру
Құрылғыны тек толықтай
монтаждалған айдама құбырмен ғана
қолданыңыз
Дөңгелек қондырма, тегіс емес жерде
(мысалы, шалғындарда және
көгалдарда) қолдануға өте жарамды.
Жазық қондырма (Жеткізілім көлеміне
кіреді немесе арнайы құралжабдықтар ретінде алына алады)
жалпақ пішінді ауа түйдегін көтереді,
ол ауа түйдегі, мақсатқа сай және
бақылаумен қолдануға рұқсат етеді;
әсіресе үгінді, жапырақтар, шабылған
шөп және т.б. түскен бекітілген
қабаттарды бос үрлеген кезде
пайдаланылады.
Ашық жерлерде және бақшаларда
үрлеген кезде, ұсақ жануарлардың
ықтимал түрде пайда болуын
бақылаңыз.
Үрлеп тазарту уақытын барынша
азайту мақсатында, кетірілетін
қоқысты қопсыту үшін алдымен
тырманы және сыпырғышты
қолданыңыз.
Ауаның ластануын барынша азайту
үшін ұсынылатын Жұмыс техникасы:
–Қажет болғанда, шаңның көп
шығуын болдырмау үшін ауа
ағынымен тазартылуға тиіс
болған қабаттарды сулау керек
–Қоқысты ашылып тұрған
терезелерге немесе жаңа ғана
жуылған көлік құралдарына қарай
адамдарға, әсіресе балаларға, үй
жануарларына ұшырып
түсірмеңіз. Қоқысты басқа жаққа
қарай мұқият ұшырып түсіріңіз
–Жиналған қоқысты шелекке салу
керек, көршілес аумақтарға қарай
ұшырып түсірмеңіз
Шуыл деңгейін барынша азайту үшін
ұсынылатын Жұмыс техникасы:
–Мотоқұрылғыларды тек рұқсат
етілген уақытта ғана қолданыңыз
– құрылғыны таңертең, кешқұрым
немесе адамдарға кедергі келтіре
алатын түскі үзіліс кезінде
қолданбаңыз. Қолданыс орнында
қабылданған уақытты ұстаныңыз
–Жұмыс істеген кезде үдеткіш
құрылғыларды, мотордың
айналымдарын азайтып қолдану
керек
–Қолданудың алдында жабдықты
тексеріп алу керек, бұл кезде
бәсеңдеткішке, ауа сорғыш
тесіктерге және ауа сүзгісіне
айрықша назар аудару қажет
Үдеткіш құрылғының
жиынтықтамасы
Айдама құбырды монтаждау
NСілтеуіштерді (1) қаптамаға
келтіріңіз
NІлме сомынды тегістеңіз, бұл
кезде , нышаны сілтеуіштерге
сай келуге тиіс
NҮдеткіш түтікшені (2)
штуцердің (3) оймасына тірекке
дейін енгізіңіз
NІлме сомынды (4) штуцерге
тақалғанға дейін енгізіңіз
NІлме сомынды (4) нұсқардың
бағытында ƒ нышаны
сілтеуіштерге сай келгенге дейін
бұрай беріңіз – ілме сомын
бекітілген кезде шерт еткен
дыбыс шығады
10
BG 56, BG 56 C, BG 66, BG 66 C, BG 86, BG 86 C, SH 56, SH 56 C, SH 86, SH 86 C
қазақ
a
b
5
6
2
296BA031 KN
1
296BA018 KN
3
296BA019 KN
a
6
5
2
296BA032 KN
296BA020 KN
BG 56, BG 86, SH 56, SH 86
NҚондырма / шүмек / жиклерді (5)
айдама құбырдың (2)
шетмойынына (6) қарай (a) (ұзын)
күйіне немесе (b) (қысқа) күйіне
жылжытыңыз және нұсқардың
бағытында бұғаттаңыз
BG 66
NІлме сомынды (4) штуцерге
тақалғанға дейін енгізіңіз
NІлме сомынды (4) нұсқардың
бағытында ƒ нышаны
сілтеуіштерге сай келгенге дейін
бұрай беріңіз – ілме сомын
бекітілген кезде шерт еткен
дыбыс шығады
Айдама құбырды демонтаждау
NМоторды тоқтатыңыз
NБекітуші тілікке тиісті құрал-
сайманның көмегімен ілме
сомынға арналған тесік арқылы
басыңыз
NІлме сомынды сілтеуіш
бағытында тірекке дейін бұраңыз
NАйдама құбырды алыңыз
NСілтеуіштерді (1) қаптамаға
келтіріңіз
NІлме сомынды тегістеңіз, бұл
кезде , нышаны сілтеуіштерге
сай келуге тиіс
NҮдеткіш түтікшені (2)
штуцердің (3) оймасына тірекке
дейін енгізіңіз
NҚондырма / шүмек / жиклерді (5)
айдама құбырдың (2)
шетмойынына (6) қарай (a) күйіне
жылжытыңыз және нұсқардың
бағытында бұғаттаңыз
BG 56, BG 56 C, BG 66, BG 66 C, BG 86, BG 86 C, SH 56, SH 56 C, SH 86, SH 86 C
11
қазақ
4
295BA058 KN
3
2
1
5
296BA021 KN
6
8
296BA022 KN
295BA080 KN
1
2
269BA030 KN
Соратын ұсатқыштың
жиынтықтамасы
Өтпе иінді монтаждау
NӨтпе иінді (1) қағып алатын қапқа
(2) таңбаламаға (сілтеуішке)
дейін енгізіңіз
NҚағып алатын қаптағы
таспаны (3) қаттырақ тартыңыз
және бекітуші тілікті (4) қысыңыз
Нұсқау
Қағып алатын қаптағы сыдырма ілгек
тартылуға тиіс
NСілтеуіштерді (5) қаптамаға
келтіріңіз
NІлме сомынды тегістеңіз, бұл
кезде , нышаны сілтеуіштерге
сай келуге тиіс
NКелте құбырды штуцердің (6)
оймасына тірекке дейін енгізіңіз
NІлме сомынды (7) штуцерге
тақалғанға дейін енгізіңіз
NІлме сомынды (7) сілтеуіш
бағытындаl ƒ нышаны
сілтеуіштерге сай келгенге дейін
бұрай беріңіз – ілме сомын
бекітілген кезде шерт еткен
дыбыс шығады
Сіңіргіш түтіктің жиынтықтамасы
NСіңіргіш түтікті және сіңіргіш
түтіктің ұзартқышын сілтеуіштер
бойынша тегістеңіз, біріктіріңіз
және бекітіңіз
Сіңіргіш түтікті монтаждау
NМоторды тоқтатыңыз
NБұрауышты бекітуші тілікке (1)
енгізіңіз де, оған басыңыз –
осылайша қорғаныш торы (2)
босайды – қорғаныш торын
көтеріңіз
12
BG 56, BG 56 C, BG 66, BG 66 C, BG 86, BG 86 C, SH 56, SH 56 C, SH 86, SH 86 C
қазақ
4
3
296BA023 KN
296BA033 KN
296BA024 KN
296BA025 KN
NСіңіргіш түтікті алыңыз
NҚорғаныш торын жабыңыз және
бекітіңіз
NСілтеуіштерді (3) қаптамаға
келтіріңіз
NІлме сомынды (5) тегістеңіз, бұл
кезде тесік сілтеуіштерге (3) сай
келуге тиіс
NСорғыш түтікшені үдеткіш тетіктің
корпусының штуцеріне (4) қарай
тірекке дейін салыңыз
NІлме сомынды (5) үдеткіш тетіктің
корпусының келте құбырына
орнатыңыз
NІлме сомынды (5) шерт еткен
дыбыс шықпайынша нұсқардың
бағыты бойынша бұраңыз
NІлме сомынды нұсқардың бағыты
бойынша одан әрі бұрыңыз да,
қатайтып бұраңыз
Өтпе иінді демонтаждау
NМоторды тоқтатыңыз
NБекітуші тілікке тиісті құрал-
сайманның көмегімен ілме
сомынға арналған тесік арқылы
басыңыз
NІлме сомынды сілтеуіш
бағытында тірекке дейін бұраңыз
NӨтпе иінді алыңыз
Сорғыш түтікшені демонтаждау
NМоторды тоқтатыңыз
NІлме сомынды сілтеуіштің бағыты
бойынша тірекке дейін бұраңыз
NБекітуші тілікке тиісті құрал-
сайманның көмегімен ілме
сомынға арналған тесік арқылы
басыңыз
NІлме сомынды одан әрі
нұсқардың бағытында қайтадан
тірекке дейін бұраңыз
BG 56, BG 56 C, BG 66, BG 66 C, BG 86, BG 86 C, SH 56, SH 56 C, SH 86, SH 86 C
13
қазақ
Жанармай
Мотор бензиннен және мотор
майынан жасалған жанармай
қоспасында жұмыс істеуге тиіс.
Сақтандыру
Жанармаймен тікелей жанасудан
және жанармай буларын ішкері
жұтудан сақтаныңыз.
STIHL MotoMix
STIHL компаниясы STIHL MotoMix
қоспасын қолдануға ұсыныс береді.
Аталған жанармай қоспасында
бензол, тетраэтилқорғасын бар, октан
саны жоғары болып табылады және
қоспаның дұрыс арақатынасын
әрдайым қамтамасыз етеді.
STIHL қозғалтқышының барынша көп
қызмет ету мерзіміне арналған STIHL
MotoMix жанармай қоспасы екі
ырғақты қозғалтқыштарға арналған
HP Ultra мотор майымен
араластырылған.
MotoMix жанармай қоспасы барлық
өткізу нарықтарында тең дәрежеде
ұсынылмаған.
Жанармай қоспасын дайындау
Нұсқау
Жарамсыз жанар-жағармай
материалдары немесе
нұсқаулықтарға сай келмейтін
қоспаның құрамы жетекке күрделі
зиян келтіре алады. Аса төмен
сападағы бензин немесе мотор майы
моторды, тығындағыш сақиналарды,
құбыржолдары және жанармай багын
бұза алады.
Бензин
Тек қана құрамында
тетраэтилқорғасын болатын немесе
болмайтын ең аз октан саны 90 ROZ
құрайтын таңбалы бензинді
қолданыңыз.
Пайдаланып болған газдарды
бейтараптандыруға арналған
катализаторы бар құрылғылар,
құрамында тетраэтилқорғасын
болмайтын бензинмен ғана
қолданылуы керек.
Нұсқау
Этилденген бензинді жиі
толтырғаннан кейін, катализатордың
тиімділігі төмендей алады.
Этанолдың құрам үлесі 10%-дан
жоғары болатын бензин, қолдан ретке
келтірілетін карбюратормен жұмыс
істейтін моторлардың жұмысын іске
шығара алады, сондықтан осындай
моторлар үшін олар қолданылмағаны
жөн.
M-Tronic жүйесі бар моторлар,
этанолдың құрам үлесі 25%-ға дейін
(Е25) жететін бензинді қолданған
кезде, соның арқасында толық қуат
қамтамасыз етіледі.
Мотор майы
Екі түйіспелі қозғалтқыштарға
арналған сапалы майды қолданыңыз
– бұл ретте екі ырғақты
қозғалтқыштарға арналған STIHL HP,
HP Super немесе HP Ultra мотор
майларын қолданыңыз, олар STIHL
моторларына оңтайлы түрде сай
келеді. HP Ultra майы қозғалтқыштың
жоғары қуатын және қызмет ету
мерзімін қамтамасыз етеді.
Аталған мотор майлары барлық өткізу
нарықтарында тең дәрежеде
ұсынылмаған.
Пайдаланып болған газдарды
бейтараптандыруға арналған
катализаторы бар бензин
араларында, жанармай қоспасын
дайындау үшін, 1:50 екі ырғақты
қозғалтқыштарына арналған STIHL
мотор майын ғана қолдануыңыз
қажет.
Қоспаның арақатынасы
STIHL 1:50; 1:50 екі ырғақты
қозғалтқыштарына арналған мотор
майында = майдың 1 бөлігі +
бензиннің 50 бөлігі
канистрге алдымен мотор майын,
кейін бензинді құйыңыз және
мұқият арастырыңыз.
1:50 екі ырғақты
қозғалтқыштарына
арналған STIHL майы
14
BG 56, BG 56 C, BG 66, BG 66 C, BG 86, BG 86 C, SH 56, SH 56 C, SH 86, SH 86 C
қазақ
295BA064 KN
295BA065 KN
Жанармай қоспасын сақтау
Жанармайға рұқсат етілген
сұйыққоймаларда қауіпсіз, құрғақ
және салқын жерде ғана сақтаңыз,
жарық пен күн сәулесінен қорғаңыз.
Жанармай қоспасы ескірсе –
қоспаның босалқы қорын бірнеше
аптаға ғана дайындаңыз. Жанармай
қоспасын 30 күннен артық
сақтамаңыз. Жарықтың, күн
сәулесінің, төмен немесе жоғары
температуралардың әсерінен
жанармай қоспасы өзінің қолданыс
сипаттамаларынан тез айырылады.
Алайда STIHL MotoMix еш
қиындықсыз 2 жылға дейін сақтала
алады.
NКанистрді жанармаймен
толтырар алдында, оны мұқият
шайқап алғаныңыз жөн.
Сақтандыру
Канистрдегі қысым көтеріле алады,
абайлап ашыңыз.
NЖанармай багын және канистрді
уақыт өте келе мұқият тазартып
отырыңыз.
Жанармайдың қалдықтарын және
тазарту үшін қолданылған
сұйықтықты нұсқауларға сай және
қоршаған ортаға нұқсан келтірмей
кәдеге жаратыңыз!
Жанармайды толтырып
құю
Құрылғыны дайындау
NБакты ластанудан қорғау үшін,
оны толтырудың алдында бактың
қақпағын және айналасын
тазартыңыз
NБактың қақпағы жоғары
қарайтындай етіп құрылғыны
орналастырыңыз
STIHL компаниясы STIHL
компаниясының жанармай құю
жүйесін ұсынады (Арнайы
жабдықтар).
Жанармайды толтырып құю
Жанармайды бактың шетінен асырып
және толтырып құймаңыз.
Жанармайды құйғаннан кейін,
қолыңызбен бактың қақпағын
барынша басыңыз.
Жанармайға арналған сіңіргіш
бастиекті ауыстыру
Жанармайға арналған сіңіргіш
бастиекті жыл сайын ауыстырыңыз,
бұл үшін:
BG 56, BG 56 C, BG 66, BG 66 C, BG 86, BG 86 C, SH 56, SH 56 C, SH 86, SH 86 C
15
қазақ
1
296BA009 KN
295BA069 KN
296BA007 KN
3
295BA067 KN
295BA068 KN
NЖанармай багын босатыңыз
NЖанармайға арналған сіңіргіш
бастиекті ілмектің көмегімен алып
шығарыңыз және оны шлангтан
ажыратып алыңыз
Nшлангқа жаңа сіңіргіш бастиекті
жалғаңыз
NСіңіргіш бастиекті қайтадан бакқа
салыңыз
Моторды іске қосу / тоқтату
Моторды іске қосу
NҚауіпсіздік техникасы ережелерін
сақтаңыз
NҚолдан істейтін жанармай
сорғысының сильфонын (1) аз
дегенде 5 рет басыңыз, сонымен
қатар, егер де жанармайы
құйылмаған кезде де солай
басыңыз
Ауыстырғыш иінтіректі реттеңіз
тек қана BG 66 C, BG 86, SH 86
Ауыстырғыш иінтіректің (2) көмегімен
газ иінтірегі (3) кез-келген күйде
бекітіле алады.
Айналмалы тұтқаны реттеу
Қозғалтқыш салқын болған жағдайда
NАуа жапқыштың қақпақшасына
арналған айналмалы тұтқаны g
күйіне келтіріңіз
Қозғалтқыш ыстық болған жағдайда
16
NІске қосу үшін ауыстырғыш
иінтіректі F жұмыс күйіне
жылжытыңыз
NАуа жапқыштың қақпақшасына
арналған айналмалы тұтқаны <
күйіне келтіріңіз
BG 56, BG 56 C, BG 66, BG 66 C, BG 86, BG 86 C, SH 56, SH 56 C, SH 86, SH 86 C
қазақ
296BA006 KN
296BA008 KN
3
296BA008 KN
295BA072 KN
295BA073 KN
Қозғалтқыш жұмыс істеп тұрған, бірақ
әлі салқын болған жағдайда да осы
баптауды қолданыңыз.
Іске қосу
NҚұрылғыны тұрақты күйде жерге
орналастыру қажет
Nтұрақты күйге орналасыңыз:
Құрылғыны сол қолыңызбен
шанақтан ұстап тұрып, жерге
нықтап басыңыз
Nсол қолыңызбен іске қосатын
сапты алыңыз
ErgoStart бар құрылымдық атқарым
NІске қосатын сапты біркелкі етіп
тартыңыз
ErgoStart-сыз құрылымдық атқарым
NІске қосатын арқанды бірінші
сезілетін тірекке дейін баяулап
тартыңыз, содан кейін жылдам
әрі қатты созыңыз
Нұсқау
Арқанды соңына дейін шығармаңыз –
үзілу қаупі бар!
NІске қосатын арқанды тез
ырғақпен артқа жібермеңіз - іске
қосатын арқан дұрыс оралуы
үшін, созуға қарсы бағытта баяу
апарыңыз
Мотор жұмыс істемесе
NГаз иінтірегіне (3) қысқаша
басыңыз – ауа жапқыштың
қақпақшасының айналмалы
тұтқасы F жұмыс күйіне ырғып
түседі – мотор бос жүріс
тәртіптемесіне ауысады
Моторды тоқтатыңыз
BG 56, BG 66, SH 56
NАжырату түймесін 0 күйіне
келтіріңіз – қозғалтқыш тоқтайды
– ажырату түймесі іске
қосылғаннан кейін артқа қарай
серпіледі
BG 66 C, BG 86, SH 86
NАуыстырғыш иінтіректі 0 күйіне
келтіріңіз – қозғалтқыш тоқтайды
– ауыстырғыш иінтірек іске
қосылғаннан кейін артқа қарай
серпіледі
BG 56, BG 56 C, BG 66, BG 66 C, BG 86, BG 86 C, SH 56, SH 56 C, SH 86, SH 86 C
17
қазақ
1
296BA009 KN
1
295BA074 KN
2
3
295BA075 KN
2
5
Іске қосуға арналған алдағы
нұсқаулар
Қозғалтқыш g күйінде немесе үдеген
кезде тоқтап қалса
NАуа жапқыштың қақпақшасының
айналмалы тұтқасын < күйіне
бұраңыз, содан кейін мотор от
алмайынша одан әрі іске қоса
беріңіз
Мотор іске қосылмаған жағдайда
NБаптаулардың (ауа жапқыштың
қақпақшасының, ауыстырғыш
иінтіректің F жұмыс күйіндегі күйі)
дұрыс екендігін тексеріңіз
NМоторды қайтадан іске қосыңыз
Жанармай багындағы жанармай
толықтай таусылса және оны
қайтадан толтырған кезде
Ауа тазалау сүзгісін
тазалау
Ластанған ауа сүзгісі мотордың
қуатын төмендетеді, жанармайдың
шығынын арттырады және іске
қосуды қиындатады.
Әртүрлі ауа сүзгісі
Құрылғылар жеке Түрленім
(орындалуы) бойынша әртүрлі ауа
сүзгісімен жабдықталады. Құрылғы
ауа сүзгісінің корпусы және ауа сүзгісі
арқылы ажыратыла алады.
Сүзгі материалы жалпақ болып
келетін Түрленім (орындалуы)
NҚаптаманы (3) алыңыз және ауа
сүзгісін (4) сүзгінің шанағынан (5)
алып шығарыңыз
NАуа сүзгісін ауыстырыңыз! Қажет
болса сілкіп түсіріңіз немесе
үрлеңіз – шаймаңыз!
Бүлінген бөлшектерді ауыстырыңыз!
Сүзгіні салыңыз
NАуа сүзгісін (4) сүзгінің
шанағына (5) орнатыңыз және
қаптамасын (3) салыңыз
NСүзгі қақпағын (2) орнатыңыз
және сүзгі қақпағындағы
бұранданы оңға қарай көлденең
күйге бұраңыз
NҚолдан істейтін жанармай
сорғысының сильфонын (1) аз
дегенде 5 рет басыңыз, сонымен
қатар, егер де жанармайы
құйылмаған кезде де солай
басыңыз
Nқайтадан іске қосып көріңіз
18
NСүзгі қақпағындағы бұранданы (1)
солға қарай тік күйге бұраңыз
NСүзгі қақпағын (2) алып тастаңыз
NАуа сүзгісінің айналасындағы
қабатты қатып қалған кірден
тазартыңыз
BG 56, BG 56 C, BG 66, BG 66 C, BG 86, BG 86 C, SH 56, SH 56 C, SH 86, SH 86 C
қазақ
1
296BA026 KN
22
296BA027 KN
3
4
Сүзгі материалы бүктеулі болып
келетін Түрленім (орындалуы)
NСүзгі қақпағындағы бұранданы (1)
сағат тіліне қарсы бағыт бойынша
бұрап алып шығарыңыз
NСүзгі қақпағын (2) алып тастаңыз
NАуа сүзгісінің айналасындағы
қабатты қатып қалған кірден
тазартыңыз
NАуа сүзгісінің элементін STIHL
компаниясы ұсынған арнайы
тазартқыш құралмен (Арнайы
құрал-жабдықтар) немесе
жанбайтын тазартатын таза
сұйықтықпен (мысалы,
сабындалған жылы суда)
шайыңыз – Суды шашыратып,
ауа сүзгісінің ішін жуыңыз –
Жоғары қысымды жуғыш
құралдарды қолданбаңыз
NАуа сүзгісі элементтерін қатты
қыздырмай кептіріңіз
Ауа сүзгісін бекіту
NАуа сүзгісін сүзгідегі шанаққа
салыңыз
NСүзгі қақпағын орнатыңыз және
сүзгі қақпағындағы бұранданы
сағат тілінің бағыты бойынша
бұраңыз