айналдыру14
Құрылғыны электр желісіне қосу15
Аспалы қайысты орнату16
Құрылғыны қосу16
Құрылғыны сөндіру16
Асыра жүктеуден қорғаныс17
Құрылғыны сақтау17
Шапқыш бастиекке техникалық
Хлормен ағартылған қағазда басылып шығарылған
Басып шығаратын бояулардың құрамында өсімдік майлары
бар, қағазды қайта өңдеуге болады.
қызмет көрсету17
Техникалық қызмет көрсету және
күтім көрсету жөніндегі нұсқаулар 22
Тозуды азайту және ақаулардың
алдын алу23
Маңызды толымдаушылары24
Техникалық сипаттамалар25
Жөндеу бойынша нұсқаулар26
Кәдеге жарату27
ЕО нормаларына сәйкестік
сертификаты27
Мекенжайлар28
Құрметті сатып алушылар,
STIHL фирмасының жоғары сапалы
бұйымын сатып алуға бел
байлағаныңыз үшін үлкен рахмет
айтамыз.
Аталған бұйым өндірістің озық
технологияларын қолдана отырып,
сонымен қатар сапаны қамтамасыз
ету жөніндегі барлық қажетті
шараларды ескере отырып
дайындалған. Осы агрегат Сіздің
көңіліңізден шығуы үшін және оны еш
кедергісіз қолдануыңыз үшін біз
қолымыздан келгеннің барлығын
істеуге тырысамыз.
Егер Сізде агрегатыңызға қатысты
сұрақтар туындаса, өз дилеріңізге
немесе біздің өткізу компаниямызға
жүгінуіңізді сұраймыз.
Осы қолдану нұсқаулығы авторлық құқықпен қорғалған Барлық құқықтар, әсіресе тарату, аудару және электроникалық
жүйелермен өңдеу құқықтары сақталады.
1
қазақ
Қолдану нұсқаулығынаҚауіпсіздік техникасы
ережелері және жұмыс
техникасы
Суреттердегі нышандар
Құрылғыға жабыстырылған
суреттердегі барлық нышандардың
анықтамасы, осы қолдану
нұсқаулығында келтірілген.
Мәтін бөлімдерінің белгіленуі
Сақтандыру
Жазатайым оқиғаның және жарақат
алудың, сонымен қатар күрделі
материалдық нұқсанның қаупі
жайында адамдарға ескерту.
Нұсқау
Құрылғының немесе жекелеген
толымдаушылардың бүліну мүмкіндігі
жайында ескерту.
Техникалық әзірленім
STIHL компаниясы барлық
машиналарды және құрылғыларды
одан әрі әзірлеумен ұдайы
айналысуда; сондықтан пішін,
техника және жабдықтар бойынша
жеткізілімнің толымдаушыларына
барлық өзгерістерді енгізу құқығын
өзімізге қалдыруға тиіспіз.
Сол себепті осы қолдану жөніндегі
нұсқаулықтың нұсқауларына және
суреттеріне қатысты ешқандай
кінәраттар тағыла алмайды.
Қауіпсіздік нұсқауларына қатысты
жергілікті ережелерді, мысалы
кәсіподақтардың, әлеуметтік
кассалардың, еңбекті қорғау
жөніндегі органдардың және басқа
мекемелердің ережелерін сақтаңыз.
Агрегатпен алғаш рет жұмыс істейтін
әрбір адам: Агрегатты қалай қолдану
керектігі туралы білікті маманнан
немесе басқа маманнан нұсқау алуы
керек – немесе арнайы оқу курсынан
өтуі қажет.
Осы агрегатпен жұмыс
істеген кезде, айрықша
қауіпсіздік ісшараларын сақтау
қажет болады, себебі
жұмыс барысында
кескіш құралсаймандардың
айналымдарының
жылдамдығы жоғары
болады және электр
тоғы қолданылады.
Алғаш рет пайдалануға
беру кезінде, пайдалану
нұсқаулығымен мұқият
танысып алыңыз және
алдағыда пайдалану
үшін сенімді жерге
сақтап қойыңыз.
Пайдалану
нұсқаулығын
ұстанбаған жағдайда,
өмірге қауіп төнуі
мүмкін.
Қараумен оқытылып жатқан 16 жасқа
толған жас адамдарды қоспағанда,
кәмелеттік жасқа толмағандарға
агрегатпен жұмыс істеуге рұқсат
берілмейді.
Балалар, жануарлар және бөгде
адамдар алшақ жерде болуы тиіс.
Егер де агрегат қолданылмаса, оны
ешкімге кедергі келтірмейтіндей етіп
аулақ қойған жөн. Агрегатты
рұқсатсыз қолданудан қорғаңыз,
штепсельді айырын суырыңыз.
Пайдаланушы жазатайым оқиғалар
үшін не болмаса басқа адамдарға
немесе олардың мүлкіне төнетін
қауіптілік үшін жауапты болады.
Агрегатты, оның осы үлгісімен мұқият
танысып алған және қолдануға
жақсылап үйретілген адамдарға ғана
беруге немесе жалға беруге рұқсат
етіледі – әрқашан пайдалану
нұсқаулығын көрсетіңіз.
Дене күші, сенсорлық немесе ақыл-ой
қабілеті бұзылған тұлғалар, жауапты
тұлғаның бақылауымен немесе
нұсқауларымен ғана жұмыс істей
алады.
Қатты шуыл шығаратын құрылғының
қолданылуы, уақыт өте келе ұлттық
және жергілікті нұсқаулармен
шектеле алады.
Жұмысты әрбір рет бастаудың
алдында, агрегаттың күйі нұсқауларға
сай келеді ме екенін тексеру керек.
Біріктіруші сымға, штепсельді айырға
және қауіпсіздік қондырғысына
айрықша назар аударуыңыз қажет.
Агрегатты тасымалдау үшін жоғары
арынды шланг не болмаса біріктіруші
сым қолданылмауы керек.
2
FSE 60, FSE 71, FSE 81
қазақ
Агрегатпен кез-келген жұмыстарды,
мысалы тазарту, техникалық қызмет
көрсету, жиынтықтаушыларды
ауыстыру жұмыстарын орындаудың
алдында – штепсельді айырды
суырыңыз!
Агрегаттың қорғанысы,
пайдаланушыны кескіш құралсайманнан лақтырылатын барлық
заттардан (тастар, шыны, сым және
т.б.) қорғай алмайды. Бұл заттар,
қандай да бір жерде рикошет жасап
ыршып түсіп, пайдаланушыға тиюі
мүмкін.
Агрегатты тазарту үшін жоғары
қысымды жуғыштарды қолданбаңыз.
Судың қатты ағыны агрегаттың
бөлшектерін бүлдіре алады.
Агрегатқа су шашыратпаңыз.
Жұмыс істеуге талап етілетін
физикалық күйі
Агрегатпен жұмыс істейтін адамдар
демалған, дені сау болуы керек және
дене күшінің жағдайы жақсы болуы
қажет.
Денсаулық жағдайы бойынша
жүктеме ұсынылмайтын адамдар,
агрегатпен жұмыс істей алатындығы
туралы дәрігерден кеңес алуы тиіс.
Алкогольді, жауап қайтару қабілетін
төмендететін дәрілерді немесе
есірткіні тұтынғаннан кейін агрегатпен
жұмыс істеуге болмайды.
Құрал-жабдықтар мен қосалқы
бөлшектер
Осындай кескіш құрал-саймандарды
немесе STIHL компаниясы тарапынан
осы агрегатқа рұқсат берілген немесе
өзінің технологиялық сипаттамасы
жағынан ұқсас болып келетін құралжабдықтарды ғана қолданыңыз.
Қандай да бір сұрақтар туындаса
мамандандырылған дилерге жүгініңіз.
Жоғары сапалы құрал-саймандарды
немесе құрал-жабдықтарды ғана
қолданыңыз. Олай болмаған
жағдайларда, жазатайым
оқиғалардың орын алуынан немесе
агрегаттың бұзылуынан қауіптілік
төне алады.
STIHL компаниясы, STIHL
компаниясы ұсынған түпнұсқалы
құрал-саймандарды және құралжабдықтарды қолдануға кеңес
береді. Олар өздерінің қасиеттері
жағынан бұйыммен оңтайлы түрде
келістірілген және пайдаланушының
талаптарына сай келеді.
Агрегаттың құрылымына қандай да
бір өзгерістерді енгізбеңіз, бұл
жағдайда қауіптілік төнуі мүмкін.
STIHL компаниясы, қолданысқа
рұқсат етілмеген аспалы
агрегаттарды қолданудың
салдарынан адамға және мүлікке
келтірілген нұқсан үшін жауапты
болмайды.
Қолданылу саласы
Агрегат - қолданылатын кескіш құралсайманға байланысты - тек шөп шабу
үшін, сондай-ақ қаулап өскен
өсімдіктерді кесу үшін немесе осыған
ұқсас жолмен қолдану үшін ғана
пайдаланылуы тиіс.
Агрегатты мақсатына сай қолдану
қажет, керісінше жағдайда,
жазатайым оқиғалардың орын алуы
немесе агрегаттың бүлінуі мүмкін.
Өнімнің құрылымына қандай да бір
өзгеріс енгізуге тыйым салынады,
себебі осы жағдайда, жазатайым
оқиғалардың орын алуы немесе
агрегаттың бүлінуі мүмкін.
Киім және жабдықтау
Белгіленген киімдер мен жарақтарды
қолданыңыз.
Киім мақсатқа сай
қолданылуы тиіс және
жұмысқа кедергі
келтірмеуі қажет.
Денеге тығыз тиіп
тұратын киім
ұсынылады комбинезон, бірақ
жұмыс халаты емес.
Ағашқа, ұсақ қопаларға немесе
агрегаттың қозғалмалы бөлшектеріне
іліне алатын киімді кимеңіз. Сонымен
қатар мойынорағыш, галстук және
қандай да бір әшекей тағуға
болмайды. Ұзын шаш оралуы және
бекітілуі керек (орамал, бас киім,
дулыға және т.б.).
Бұдырлы,
тайғанамайтын табаны
бар мықты аяқ киім
киіңіз.
FSE 60, FSE 71, FSE 81
3
қазақ
Сақтандыру
Көзге жарақат келтіру
қауіптілігін төмендету
үшін EN 166
стандартына сәйкес
қорғаныс көзілдірігін
пайдаланыңыз.
Қорғаныс көзілдірігінің
дұрыс орнатылғанына
назар аударыңыз.
Бет қорғанысын пайдаланыңыз және
оның дұрыс орнатылғанына назар
аударыңыз. Қорғаныс бетпердесі,
көзді жеткілікті дәрежеде қорғай
алатын қорғаныс бұйымы емес.
Есту мүшелерін қорғайтын "жеке"
құралдарды, мысалы естуді қорғауға
арналған капсуланы қолданыңыз.
Тозуға төзімді
материалдан (мысалы,
теріден) жасалған берік
жұмыс қолғаптарын
киіңіз.
STIHL компаниясы жеке қорғаныс
жарақтандыруының кең
бағдарламасын ұсынады.
Агрегатты тасымалдау
Агрегатты әрдайым сөндіріп
отырыңыз және штепсельді айырды
агрегаттан суырыңыз.
Агрегатты аспалы белдікке ілінулі
күйде қарнаққа немесе айналма сапқа
теңдестірілген күйде тасыңыз.
Автокөліктің ішінде: Агрегатты
төңкерілуден және бүлінуден
қорғаңыз.
Жұмысты бастамас бұрын
Агрегатты тексеру
Құрылғының мінсіз жұмыс атқаруын
бақылаңыз және Қолдану
нұсқаулығындағы тиісті бөлімге назар
аударыңыз:
–Қосылуды блоктау және
ажыратқыш баяу жұмыс істеуге
тиіс, ажыратқыш босатылғаннан
соң бастапқы қалпына келуі тиіс
–кескіш құрал-сайманның,
қорғаныc айлабұйымының,
саптың және аспалы белдіктің
құрамдастырымы қолданысқа
рұқсат етілуі керек және барлық
бөлшектер мінсіз түрде
монтаждалуға тиіс. Металдан
жасалған кескіш құралсаймандарды қолданбаңыз –
жарақат алу қаупі төне алады!
–Кескіш құрал-сайманның дұрыс
монтаждалғанын, тығыз
отырғанын және мінсіз күйін
тексеріңіз
–Қорғаныс құрылғыларының
бүлінгенін немесе тозғанын
тексеріңіз (мысалы, кескіш құралсайманға арналған қорғаныс).
Бүлінген бөлшектерді
ауыстырыңыз. Қорғанысы
бүлінген агрегатты ешқашан
қолданбаңыз
–Сап кірден тазартылған, таза әрі
құрғақ болуы қажет, онысы
агрегатты сенімді түрде басқару
үшін маңызды шарт болып
табылады
–Сапты бойына қарай реттеңіз
Агрегат тек қана сенімді қолданыс
жағдайында қолданылуы қажет –
жазатайым оқиға қаупі төне алады!
Агрегаттың бірде-бір толықтырушы
бөлшектері зақымданбаған және
нықтап бекітілген болса ғана, оны
қолданысқа енгізуге болады.
Басқару элементтеріне немесе
қауіпсіздік қондырғысына кез-келген
өзгеріс енгізуге тыйым салынады
Агрегат қосылған кезде, кескіш құралсайман жерге немесе қандай да бір
басқа заттарға тимеуге тиіс.
Кескіш аспапқа
жанаспаңыз - жарақат
алу қаупі төне алады!
Кескіш құрал-сайман,
агрегат сөндірілгеннен
кейін тағы біраз уақыт
бойы қозғала берсе –
бұл инерция бойынша
қозғалыс болып
табылады!
4
FSE 60, FSE 71, FSE 81
қазақ
002BA117 KN
Электр қосылымы
Тоқ соғу қаупін келесі жолмен
азайтуға болады:
–Агрегаттың кернеуі және жиілік
көрсеткіші (зауыттық
тақтайшасын қараңыз) желінің
кернеуіне және жиілік
көрсеткішіне сай келуге тиіс
–Біріктіруші сым, штепсельді айыр
және ұзартатын сым
зақымдалмаған ба екенін
тексеріңіз. Зақымдалған
кабельдер, жалғастырғыштар
және штекерлер немесе
талаптарға сай келмейтін
біріктіргіш тоқсымдар
қолданылмауы тиіс
–электр қуаты, нұсқауларға сай
монтаждалған штепсель
розеткасына ғана қосылады
–Біріктіруші сымдар мен ұзартатын
сымдардың, штекердің және
жалғастырғыштың
оқшаулағыштары мінсіз күйде
болуға тиіс
–Штепсельді айырды, біріктіруші
және ұзартатын сымды, сондайақ электрлік штекерлік
қосылымдарды ешқашан да
ылғалды қолмен ұстамаңыз
–қолданылатын ұзартатын сым
осы қолдану нұсқасына арналған
нұсқауларға сай келуге тиіс
Біріктіруші және ұзартатын сымдарды
тиісінше өткізіңіз:
–Жекелеген тоқсымдардың ең аз
көлденең қимасы – «Агрегаттың
электрлік қосылымы» бөлімін
қараңыз
–Біріктіруші сымдарды,
айналадағыларға қауіп
төндірмейтіндей етіп өткізіңіз
және таңбалаңыз – сүрініп кету
қаупі төнуі мүмкін!
–Сай келмейтін ұзартатын
сымдарды қолданған кезде, қауіп
төнуі мүмкін. Сыртта қолдануға
рұқсат етілген және тиісінше
белгіленген, сондай-ақ жеткілікті
көлденең қимасы бар ұзартатын
сымдарды ғана қолданыңыз
–Ұзартатын сымдардың штекері
және жалғастырғышы су
сіңірмеуге тиіс немесе кабельдер
суға тимейтіндей етіп өткізілуге
тиіс
–жиекке, өткір ұшты немесе өткір
заттарға үйкелуге жол бермеңіз
–есік немесе терезе ойықтарында
қыспаңыз
–кабельдер шатасса – штепсельді
айырды тартыңыз және кабельді
тарқатыңыз
–Айналмалы кескіш құрал-
сайманды ұстаудан аулақ
болыңыз
–Қызып кетудің салдарынан өрт
туындау қаупі төнбес үшін
кабельге арналған атанақты
әрқашан толықтай тарқатыңыз
Агрегатты қалай ұстау және қалай
жүргізу қажет
Қозғалтқыштың агрегатын әрқашан
екі қолыңызбен саптан нықтап
ұстаңыз. Әрқашан сенімді және
орнықты күйге қойыңыз.
Агрегатты әрдайым өзіңнен
(денеңнен) оң жаққа қарай бағыттау.
Сол қолыңыз айналма сапта, ал оң
қолыңыз жетектің сабында болуға
тиіс – осы ереже солақайға да
қатысты болып келеді.
Жұмыс барысында
Біріктіруші сым
зақымданған жағдайда,
штепсельді айырды
дереу суырыңыз –
электр тогының соғуы
салдарынан өмірге
қауіп төнуі мүмкін!
Үстінен басып кету, жапырылу,
жыртылу және басқа жағдайлардың
салдарынан біріктіруші сымның
зақымдалмауын бақылап тұрыңыз.
Штепсельді айырды розеткадан
суырғанда, біріктіруші сымнан емес,
ал штепсельді айырдан тарту керек.
FSE 60, FSE 71, FSE 81
5
қазақ
15m (50ft)
Штепсельді айыр мен біріктіруші
сымды тек құрғақ қолмен ғана ұстауға
болады.
Агрегатқа ешқашан да су
шашыратпаңыз – қысқа тұйықталу
қаупі!
Жаңбыр жауған кезде,
сондай-ақ дымқыл
немесе өте ылғалды
ортада агрегатпен
жұмыс істемеңіз – жетек
қозғалтқышы судан
қорғалмаған – электр
тогының соғу немесе
қысқа тұйықталу қаупі!
Агрегатты жаңбырдың астында
қалдырмаңыз.
Қауіптілік төнетін болса немесе
апаттық жағдай орын алса, агрегатты
дереу сөндіру керек – ажыратқыш пен
қайта қосылуды блоктауды
босатыңыз.
Агрегатқа тек қана бір оператор
қызмет көрсетеді – жұмыс аймағында
бөгде адамдардың болуына рұқсат
берілмейді.
Жұмыс орнынан алшақ жерге
лақтырылатын бөлшектер,
жазатайым оқиғаның туындау қаупін
төндіре алады, сол себептен, 15 м-лік
радиуста бөгде адамдар болмауға
тиіс. Осы қашықтық, сондай-ақ
заттарға (көлік құралдары, терезе
әйнектері) да қатысты сақталуға тиіс –
6
материалдық нұқсан келтіру қаупі
төнуі мүмкін! Тіпті 15 м-ден артық
қашықтықта да қауіп төне алады.
Төңіректі тексеріңіз:
Қатты заттар - тастар,
металл бөлшектері
және тағы басқа заттар
жұмыс кезінде тіпті 15
м-лік қашықтыққа да
лақтырыла алады, сол
себептен жарақат алу
қаупі төне алады! –
және кескіш аспапты,
сондай-ақ заттарды
(мәселен, тұраққа
қойылған автокөліктер,
терезелер) бүлдіре
алады - (материалдық
нұқсан).
Агрегатқа және кескіш аспапқа
арналған тиісті қорғаныш
құрылғылары болмай ешбір жағдайда
жұмыс істемеңіз - лақтырылатын
заттардан жарақат алу қаупі төне
алады!
Дымқыл шөпті шаппаңыз.
Тау еңісінде, кедір-бұдыр және тағы
басқа төңіректерде абайлаңыз –
тайғанау қаупі төне алады!
Біріктіруші сымді әрқашан агрегаттың
артынан өткізіңіз – артымен алға
қарай жүрмеңіз – сүрініп кете аласыз!
Кедергілерге назар аударыңыз:
Томарлар, тамырлар болса – сүрініп
кете аласыз!
Тек қана жерде тұрып жұмыс істеңіз,
ал орнықсыз күйде, сүйеп қойылатын
баспалдақта немесе көтерілмелі
жұмыс тұғырнамасында ешқашан
жұмыс істемеңіз.
Есту мүшелерін қорғайтын құралды
пайдаланған кезде, аса мұқият және
сақ болуыңыз керек, өйткені қауіптілік
дыбыстарын сезу қабілеті (айғайлар,
дабыл белгілері және т.б.) шектеледі.
Төтенше шаршауды болдырмас үшін,
жұмыс барысында уақытымен үзіліс
жасап тұрғаныңыз жөн – жазатайым
оқиға қаупі төне алады!
Жұмысты байыпты және тиянақты
түрде атқарыңыз, жарық жақсылап
түсіп тұруы тиіс және көрініс айқын
болуы тиіс. Басқа адамдарға қауіп
төндірмей, абайлампаздықпен жұмыс
істеңіз.
Қиын көрінетін, қалың өскен төңіректе
аса сақ болуыңыз керек.
Қалың бұталықты, бұталардың астын
және өсіп тұрған ағаш шарбақты
шапқан кезде: Кескіш аспаптың
жұмыс биіктігі кемінде 15 см болуға
тиіс – жануарларға қауіп төндірмеңіз.
Кескіш құрал-сайманды үнемі, қысқа
уақыт аралықтарынан кейін және
көзге білінетін өзгерістер орын алған
кезде дереу тексеріп тұрыңыз:
–Агрегатты сөндіріңіз, кескіш
құрал-сайманды мықты және
сенімді түрде ұстаңыз, оны тежеу
үшін жерге басыңыз және
штепсельді айырды суырыңыз
–Отырған күйін және беріктігін
тексеріңіз, жарықтардың бар/жоқ
екеніне назар аударыңыз
FSE 60, FSE 71, FSE 81
қазақ
–бүлінген кескіш құрал-сайманды
дереу ауыстырыңыз, сондай-ақ
шаштың қалыңдығындай аздаған
жарықтар пайда болған кезде де
–Кескіш құрал-сайманның
бекіткішін үнемі шөп пен ұсақ
қопалардан тазартып отырыңыз –
кескіш аспап немесе қорғаныс
тұсындағы қоқыстарды кетіріңіз
Кескіш құрал-сайманды ауыстыру
үшін агрегатты сөндіріңіз және
штепсельді айырды суырыңыз.
Моторды жоспарлы түрде іске қосқан
кезде – жарақат алу қаупі төне алады!
Бүлінген немесе жарылған кескіш
аспаптарды қолданбаңыз және
жөндемеңіз - мәселен, дәнекерлеу
немесе түзету арқылы - пішіні
өзгереді (теңгерімсіздік).
Бөлінген бөлшектер немесе сынықтар
үлкен жылдамдықпен жұмысшыға
немесе бөгде адамдарға тие алады –
ең ауыр жарақат келтіріле алады!
Шапқыш қылдар рұқсат етілген
ұзындыққа кесілуі үшін, тиісінше
монтаждалған пышағы бар
қорғанышты ғана қолданыңыз.
Пышаққа жанаспаңыз – жарақат алу
қаупі төне алады!
Қолмен реттеу кезінде шапқыш
қылдың қосымша түрде реттеу үшін
агрегатты міндетті түрде сөндіріп,
штепсельді айырды суыру керек –
жарақат алу қаупі төне алады!
Тым ұзын шапқыш қылдары бар
агрегатты тыйымды бұза отырып
қолданған жағдайда, мотордың
айналу жиілігі төмендейді. Соның
салдарынан қозғалтқыштың қызып
кетуі және бұзылуы мүмкін.
Шапқыш қылдарды металдан
жасалған сымға ешқашан да
ауыстырмаңыз – жарақат алу қаупі
төне алады!
Егер де агрегат арналымынан тыс
жүктемеге ұшыраған болса (мысалы,
соққы немесе құлау нәтижесіндегі
күштің әсерінен), алдағыда жұмыс
істер алдында құрылғының қолданыс
күйін тексеріңіз – «Жұмысты бастамас
бұрын» бөлімін қараңыз. Әсіресе,
қауіпсіздік қондырғысының
пайдаланудағы сенімділік дәрежесін
тексеріңіз. Мінсіз қолданыс күйінде
болмаған қозғалтқыштың
агрегатымен жұмыс істеуге тыйым
салынады. Қандай да бір күмән
туындаса, Мамандандырылған
дилерге жүгініңіз.
Құрылғыны тоқтатпастан бұрын:
Агрегатты сөндіру үшін – штепсельді
айырды суырыңыз.
Дірілдер
Мотоқұрылғыны тым ұзақ қолданатын
болсаңыз, дірілдің себебінен қолдағы
қан айналым жүйесі бұзыла алады
("ақ саусақтар" синдромы).
Құрылғының көпшілік мақұлдаған
қолданыс ұзақтығы анықтала
алмайды, себебі оның көптеген
факторлары бар.
Құрылғының қолданыс ұзақтығы
келесі шаралардың арқасында
ұлғаяды:
Құрылғының қолданыс ұзақтығы
келесі себептерге орай қысқарады:
–жұмысшының қан айналым
жүйесі нашар болса (оның
белгілері мынадай болады:
саусақтар тона береді, қышып
дуылдайды);
–сыртқы температуралар төмен
болса;
–мотоқұрылғыны ұстау үшін көп
күш-жігер жұмсалса (оны қатты
ұстаған кезде, қан айналымына
кедергі келтіріледі).
Мотоқұрылғыны ұдайы, ұзақ
қолданған кезде және тиісті
симптомдар қайтадан пайда болған
кезде (мысалы, саусақтардың
дуылдауы) үнемі медициналық
байқаудан өтіп тұрғаныңыз жөн.
Техникалық қызмет көрсету және
жөндеу
Агрегатта кез келген жұмысты
бастаудың алдында, әрдайым
агрегатты сөндіріңіз және штепсельді
айырды суырыңыз. Моторды
жоспарлы түрде іске қосқан кезде –
жарақат алу қаупі төне алады!
Қозғалтқыштың агрегатына үнемі
техникалық қызмет көрсетіп
отырыңыз. Осы пайдалану
нұсқаулығында сипатталған
техникалық қызмет көрсету
жұмыстарын және жөндеу
жұмыстарын ғана орындау керек.
Жұмыстардың барлық бас түрлерін
мамандандырылған дилерге тапсыру
қажет.
FSE 60, FSE 71, FSE 81
7
қазақ
282BA011 KN
STIHL компаниясы, техникалық
қызмет көрсету жұмыстарын және
жөндеу жұмыстарын тек қана STIHL
компаниясының мамандандырылған
дилеріне тапсыруға ұсыныс береді.
STIHL компаниясының
мамандандырылған дилерлері
біліктілікті арттыру курстарына үнемі
қатысып тұрады және олардың
иелігіне техникалық ақпарат
ұсынылады.
Жоғары сапалы қосалқы бөлшектерді
ғана қолданыңыз. Олай болмаған
жағдайларда, жазатайым
оқиғалардың орын алуынан немесе
агрегаттың бұзылуынан қауіптілік
төне алады. Қандай да бір сұрақтар
туындаса мамандандырылған
дилерге жүгініңіз.
STIHL компаниясы STIHL
компаниясының түпнұсқалы қосалқы
бөлшектерін қолдануға ұсыныс
береді. Олар өздерінің қасиеттері
жағынан агрегатпен оңтайлы түрде
келістірілген және пайдаланушының
талаптарына сай келеді.
Қозғалтқыштың агрегатының
құрылымына қандай да бір
өзгерістерді енгізбеңіз, бұл жағдайда
қауіптілік төнуі мүмкін – жазатайым
оқиға қаупі төне алады!
Біріктіруші сым мен штепсельді
айырдың сенімді түрде
оқшауланғанын және ескіруін
(сынғыштығын) тұрақты түрде
тексеріңіз.
Біріктіруші сым сияқты электрлік
толықтырушы бөлшектер білікті
электрші мамандар тарапынан
жөнделуге немесе ауыстырылуға
тиіс.
Пластмассадан жасалған
бөлшектерді шүберекпен
тазартыңыз. Тазарту кезінде
тазартқыш құрал жылтыр
бөлшектерді бүлдіре алады.
Агрегатқа су шашыратпаңыз.
Қорғаныс қондырғылары мен кескіш
құрал-саймандағы бекіткіш
бұрандалардың тығыз
отырғызылғанын тексеріңіз, қажет
болғанда, бұрап бекітіңіз.
Қажет болғанда, қозғалтқыштың
шанағындағы салқындатқыш ауаға
арналған оймакілтекті тазартқаныңыз
жөн.
Агрегатты құрғақ орынжайдың ішінде
сенімді етіп сақтаңыз.
Пайдалану
Шабу
NАгрегатты екі қолмен ұстаңыз: оң
қолыңыз – жетектің сабында, сол
қолыңыз – айналма сапта
Nтік тұру – агрегатқа күш түсірмей
ұстау және әрдайым өзіңнен
(денеңнен) оң жаққа қарай
бағыттау
NАгрегатты алға-артқа бірқалыпты
жылжыту – кескіш жіптің көгал
бетіне дейінгі қашықтығы кесу
биіктігін анықтайды
NДуалдарға, қабырғаларға,
тастарға және тағы басқа
заттарға тигізбеңіз, себебі, соның
салдарынан жоғары дәрежеде
тозу қаупі төне алады
8
FSE 60, FSE 71, FSE 81
қазақ
282BA012 KN
282BA013 KN
Тіреуіш дөңгелекпен шабу
Сабы көп емес агрегатқа тіреуіш
дөңгелекті орнатуға болады («Тіреуіш
дөңгелекті орнату» бөлімін қар.).
–Тіреуіш дөңгелек, шапқыш
қылдың жұмыс аумағын шектейді
–шабу кезінде айналып тұратын
шапқыш қылдардан жарақат
алудан сақтандырады (мысалы,
сүрек қабығы)
Жиектерді кесу
Агрегат бірнеше тәсіл арқылы жиек
кескішке айналдырылуы мүмкін
("Агрегатты жиек кескішке
айналдыру" бөлімін қараңыз).
NАгрегатты суретте
көрсетілгендей қолданыңыз
NКескіш жіппен көгал шетін бойлай
жүргізу – бұл жағдайда агрегатты
еден деңгейінен тиісті
қашықтықта ұстау немесе тіреуіш
дөңгелекті орнату қажет («Тіреуіш
дөңгелекті орнату»)
FSE 60, FSE 71, FSE 81
Кәдеге жарату
Кесілген материалды үй қоқысына
лақтырмаңыз – кесілген материал
компостерлене алады.
9
қазақ
282BA010 KN
1
2
4
5
3
Schnur/LINE 2
Schnur/LINE 1
Кескіш аспаптың, қорғаныштың, тұтқыштың және аспалы қайыстың рұқсат етілген
құрамдастырымдары
Кескіш аспапҚорғанысТұтқаАспалы белдік
Рұқсат етілген құрамдастырымдар
Кескіш аспапқа қарай, кестеден дұрыс
құрамдастырымды таңдаңыз!
Сақтандыру
Басқа құрамдастырымдарға
қауіпсіздік себебінен рұқсат
берілмейді – жазатайым оқиға қаупі
төнуі мүмкін!
Қарнағы бүгілген және айналма сабы
бар мотошалғыларда тек шапқыш
бастиектерді (1, 2) пайдалануға
болады.
Кескіш аспаптар
Шапқыш бастиектер
1STIHL AutoCut C 5-2
2STIHL AutoCut 5-2
Қорғаныс
3Шабатын домалақтарға арналған
қорғаныс керек-жарағы
Тұтқа
4Айналма сап
Аспалы белдік
5Бір иықты аспалы қайысты
қолдануға болады
10
FSE 60, FSE 71, FSE 81
қазақ
1
238BA016 KN
3
A
2
A
4
1
2
3
5
A
282BA001 KN
40 mm
1
238BA003 KN
2
238BA004 KN
4
3
Қарнақты монтаждау
NҚарнақтан қорғаныс қалпақшасын
шешу
NҚарнақты (1) қозғалтқыш
шанағына (2) сәл бұра отырып, А
таңбасына дейін қою
NБұранданы (3) шанақта бұрап
тастаңыз
Айналмалы тұтқышты
монтаждау
Айналма сап орнатыңыз
NАйналма сапты (1) қарнаққа
жетектің сабынан (2) 30 см
қашықтықта (А) орналастыру
NАйналма сапқа (1) алты қырлы
сомын салу (3)
NҰштарын қысу және артқы
жағынан М6х40 бұрамасын (4)
және тығырықты (5) кигізіп, тарту
Агрегатты 180°- қа бұрғаннан кейін,
оны жиек кескіш агрегат ретінде
пайдалануға болады («Қолданылуы»
бөлімін қар.).
NТіреуіш дөңгелекті (1) тұтқышпен
қорғанысқа (4) кигізу
14
FSE 60, FSE 71, FSE 81
қазақ
238BA008 KN
1
2
4
238BA009 KN
5
3
Құрылғыны электр желісіне
қосу
Құрылғының кернеуі мен жиілігі
(бұйымның үлгісі жазылған фирмалы
тақтайшаны қараңыз) желінің
кернеуіне және желісіне сай келуге
тиіс.
Желіге қосылудың ең аз
сақтандырғышы Техникалық
сипаттамаларда белгіленген шамаға
сай орындалуға тиіс – "Техникалық
сипаттамалар" бөлімін қараңыз.
Құрылғы; жерге ағып кеткен тоқ
30 мА-ден асып кеткен кезде, электр
қуаттағыштың тоқсымын үзетін
апаттық тоқтың қорғаныш сөндіргіші
арқылы электр қуаттының көзіне
қосылуға тиіс.
Құрылғы, IEC 60364 нормаларына
және осы елде қолданылатын
нұсқауларға сай келетін электр
қуаттының көзіне қосылуға тиіс.
Ұзартатын сым
Ұзартатын сымның құрастырмасы,
агрегаттың біріктіруші сымының
қасиеттеріне ие болуы тиіс.
Біріктіруші сымда белгіленген
құрастырманың таңбалауына (түрінің
белгіленуіне) назар аударыңыз.
Желінің кернеуіне және сымның
ұзындығына байланысты, ұзартқыш
кабельдің келтірілген ең аз көлденең
қимасы болуы тиіс.
Сымның
ұзындығы
220 В – 240 В:
20 м-ге дейін1,5 мм
20 м-ден 50 м-ге
дейін
100 В – 127 В:
10 м-ге дейінAWG 14 / 2,0 мм
10 м-ден 30 м-ге
дейін
NШтепсельді айырды (1)
ұзартатын сымның
жалғастырғышына (2) салыңыз
Сымның созылуын жеңілдетуге
арналған айлақұрал
Сымның созылуын жеңілдетуге
арналған айлақұрал біріктіруші
сымды бүлінуден қорғайды.
Ең аз көлденең
қима
2
2
2,5 мм
AWG 12 / 3,5 мм
2
2
Nұзартатын сымның көмегімен
топса (3) жасаңыз
NТопсаны (3) тесіктің (4) арасынан
өткізіңіз
NТопсаны (3) ілгекке (5) іліп,
тартыңыз
NҰзартатын сымның штепсельді
айырын тиісті тұрпатта
орнатылған розеткаға салыңыз
FSE 60, FSE 71, FSE 81
15
қазақ
2
1
238BA010 KN
Аспалы қайысты орнатуҚұрылғыны қосу
Аспалы белдік "арнайы құралжабдықтар" ретінде алынуы мүмкін.
Оң иыққа аспалы белдікті тағу және
оның ұзындығын ілмек карабин оң
жақ жамбаста тұратындай ретке
келтіру.
Ілгектің ашық тұсын денеден оң жаққа
жылжыту. Ілмек карабин салмақ
түсетін ілмекке бекіту («Маңызды
компоненттерді» қар.).
Nсенімді және орнықты күйге
орналасыңыз
NАгрегатты екі қолмен ұстаңыз: оң
қолыңыз – жетектің сабында, сол
қолыңыз – айналма сапта
Nтік тұру – агрегатқа күш түсірмей
ұстау және әрдайым өзіңнен
(денеңнен) оң жаққа қарай
бағыттау
NКескіш құрал-сайман қандай да
бір заттарға және жерге тимеуі
тиіс
NҚосылуды блоктауды (1) басыңыз
және басулы күйде ұстаңыз
NАжыратқышты (2) басыңыз
Құрылғыны сөндіру
NАжыратқышты және қосылуды
блоктауды босатыңыз
Сақтандыру
Ажыратқыш пен қосылуды блоктау
босатылған болса да, кескіш құралсайман әлі біраз уақыт бойы қозғалып
тұрса – бұл инерция әсері!
Жұмыс барысында ұзақ үзіліс
жасалса – штепсель ашасын алып
шығарыңыз.
Қозғалтқыштың агрегаты енді
қолданылмаса, оны ешкімге кедергі
келтірмейтін жерге қойған жөн.