Sony SRS-HG1 Users guide [kk]

2-ҚАДАМ: Wi-Fi желісіне қосылу
3-ҚАДАМ: Wi-Fi арқылы музыка тыңдау
Басқа әдістер
Жеке дыбыс жүйесі
Пайдалану нұсқаулары
4-589-723-83(1)
©2016 Sony Corporation Printed in Malaysia
http://www.sony.net/
SRS-HG1
Көмекші нұсқаулық
(компьютерге/смартфонға арналған веб-құжат)
Құрылғы туралы мәліметтерді түсіндіреді; әр түрлі құрылғылармен желі және BLUETOOTH® байланыс әдісі, жоғары ажыратымдылықты аудионы ойнату әдісі, т.б.
http://rd1.sony.net/help/speaker/srs-hg1/h_zz/
Көмекші нұсқаулықтағы түсіндірмелер:
Wi-Fi желісіне қосылу туралы мәліметтер
SongPal қолданбасымен байланыстыру жолдары
Әр компьютердің операциялық жүйесіне арналған желіге қосылу жолдары мен ойнату әдістері
Әр түрлі құрылғыларға арналған BLUETOOTH қосылу және ойнату әдістері
Жоғары ажыратымдылықты аудио файлдарды ойнату жолдары
Бағдарлама жаңартулары
Екінші және одан кейінгі құрылғыларды Wi-Fi арқылы қосу жолдары, т.б.
Wi-Fi желісі үйіңіздегі сымсыз құрылғыларға сақталған музыканы оңай тыңдауға көмектеседі.
Wi-Fi желісін пайдаланып, музыканы онлайн музыка ойнату қызметтерінен ойнатуға немесе компьютерге не смартфонға сақталған музыканы жоғары сапалы дыбыспен ойнатуға болады. Сонымен бірге бірнеше бөлмеде музыканы бір уақытта тыңдауға болады.
Құрылғыны Wi-Fi желісіне төмендегілерден қосылу жолдарын таңдаңыз;
SongPal арқылы қосылу
Бұл құрылғыны SongPal арқылы орнатылған смартфоннан/iPhone телефонынан реттеңіз.
Wi-Fi Protected Setup (WPS) арқылы қосылу
Сымсыз роутердегі WPS түймесін басып, бұл құрылғыны реттеп алыңыз.
Компьютер арқылы қосылу
Сонымен бірге компьютеріңізден қосылуға болады. Мәліметтерді көмекші нұсқаулықтан қараңыз.
SongPal арқылы қосылу
Қажетті заттар: Android смартфоны немесе iPhone/iPod touch, сымсыз роутер
Құрылғының Wi-Fi параметрлерін реттеу үшін SongPal орнатылған Android смартфонын немесе iPhone телефонын пайдаланыңыз.
SongPal қолданбасын смартфоныңызға немесе iPhone телефонына орнатыңыз. Құрылғыны Wi-Fi желісіне қосу үшін қолданбаның экрандағы нұсқауларын орындаңыз.
SongPal қолданбасын Google Play (Play Store) немесе App Store қызметінен іздеңіз.
• Смартфонды немесе iPhone телефонын бұл құрылғыға BLUETOOTH арқылы қосыңыз. Қоспай тұрып,
смартфондағы немесе iPhone телефонындағы BLUETOOTH мүмкіндігін орнатыңыз.
• Кейбір сымсыз роутерлерде бірнеше SSID болады. Құрылғы мен смартфонды немесе iPhone
телефонын бір SSID портына қосыңыз.
Музыка ойнату үшін 3-ҚАДАМҒА өтіңіз
Wi-Fi Protected Setup (WPS) арқылы қосу
Музыканы Wi-Fi арқылы тыңдау үшін SongPal қолданбасын смартфонға немесе iPhone телефонына пайдалануға кеңес беріледі.
SongPal қолданбасын смартфоныңызға/ iPhone телефоныңызға орнату
Егер SongPal орнатылған болса, бұл орнатуды өткізіп жіберіңіз. «Музыканы құрылғымен тыңдау» бөлімін қараңыз.
1 SongPal қолданбасын смартфоныңызға/iPhone телефоныңызға орнатыңыз.
SongPal қолданбасын Google Play (Play Store) немесе App Store қызметінен іздеңіз.
2 Қолданбаны іске қосу үшін смартфондағы/iPhone телефонындағы [SongPal]
опциясын түртіп, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
3 Оң жағынан экран көрсетілгенде, [h.ear go (SRS-HG1)] опциясын түртіңіз.
Музыканы құрылғымен тыңдау
Қажетті зат; Android смартфоны немесе iPhone/iPod touch
1 SongPal қолданбасымен музыканы смартфонда/iPhone телефонында
ойнату үшін смартфонды/iPhone телефонын түртіңіз.
2 Музыканы таңдаған соң, ойнатуды іске қосып, дыбыс деңгейін реттеңіз.
SRS-X99
SRS-X99
Wi-Fi арқылы музыка тыңдауға арналған басқа әдістер
Көмекші нұсқаулық музыканы басқаша ойнату жолдарын түсіндіреді.
Xperia құрылғыңызға сақталған музыканы Music қолданбасымен немесе компьютеріңізге сақталған музыканы тегін MediaGo бағдарламасымен тыңдауға болады.
SongPal байланысы
Сымсыз динамиктерді қосу арқылы сүйікті музыкаңызды әр түрлі стильде тыңдауға болады.
Динамиктер тобын бір уақытта қосу арқылы бөлмелеріңізді музыкаға толтырыңыз.
Қосымша Sony Sound BAR (жинаққа кірмейді) құрылғысымен көлемді дыбыс қуатын арта түсіріңіз.*
* Үйлесімді Sony Sound BAR немесе аудио/бейне ресивері туралы төмендегі
URL сайтынан қараңыз.
http://sony.net/nasite/
Кеңірек, стерео дыбыс жасау үшін екі динамикті жұптастырыңыз.
Ескертпелер
• Wireless Surround функциясын немесе Wireless Stereo функциясын пайдалануға моделі бірдей екі динамик
қажет.
• Негізгі желінің сервер құрылғысында музыкалық файлдарды ғана ойнатуға болады. Бейне файлдардың
дыбысы шықпауы мүмкін.
• Дыбыс жолағымен, үй кинотеатры жүйесімен, т.б. топтастыруды орнату үшін осы жабдықтың
бағдарламалық құралын және құрылғыны ең соңғы нұсқасына жаңартыңыз.
Төмендегі жалғау жолдары, ойнату әдістері туралы қосымша мәліметтерді және басқа ақпаратты көмекші нұсқаулықтан қараңыз.
1-ҚАДАМ: Батареяны зарядтау
Батареясын зарядтамай, бұл құрылғыны қосу мүмкін емес.
Егер батареяны қуаты аз болса, жинақтағы USB айнымалы ток адаптеріне жалғағанның өзінде құрылғыны
• Құрылғы өшірілгеннен кейін, оны 30 сағат зарядтамасаңыз, ол қуат үнемдеу режиміне ауысады. Мұндай
жағдайда құрылғының қосылуына 15–30 секунд кетеді, ал құрылғыны NFC арқылы іске қосқанда, құрылғы BLUETOOTH желісіне қосылмайды. Құрылғыны қайтадан N таңбасына қарай қойыңыз.
Батареясын зарядтау үшін жинақтағы USB айнымалы ток адаптері мен micro-USB кабелін пайдаланып, құрылғыны айнымалы ток розеткасына қоспаңыз.
Қажетті зат: Wi-Fi Protected Setup (WPS) түймесі бар сымсыз роутер
1 Құрылғыны сымсыз роутерге жақын қойып,
құрылғыны қосу үшін (қуат) түймесін басыңыз. Құрылғыны қоспас бұрын, құрылғыны жинақтағы USB айнымалы ток адаптеріне жалғаңыз. (қуат) индикаторы жана бастайды. Индикаторы жануды тоқтататынын күтеді. Бұл 30 секундтай уақыт алады.
2 Құрылғының UPDATE/WPS түймесін дыбыс
шыққанша (шамамен екі секунд) басып тұрыңыз. UPDATE/WPS индикаторы жыпылықтағанда, оның түймесі WPS функциясы үшін істемейді.
3 90 секундтың ішінде роутердің Wi-Fi
Protected Setup (WPS) түймесін басыңыз.
Жыпылықтап тұр
Жыпылықтап тұр
Жанып тұр
Жанып тұр
Музыканы Google Cast арқылы ойнату үшін
1. Google Cast функциясын реттеңіз. Google Cast технологиясына сай келетін қолданба орнатылып қойса, 2-қадамға өтіңіз.
a [Settings] опциясын түртіңіз. b [Google Cast] опциясын түртіңіз. c [Learn how to cast] опциясын түртіңіз. d Қызметті қалай пайдалану керектігін және Google Cast қызметіне сәйкес
келетін қолданбаны тексеріңіз, сосын қолданбаны таңдап орнатыңыз.
2. Google Cast технологиясына сәйкес келетін орнатулы қолданбаны іске қосыңыз.
3. Cast белгішесін түртіп, [h.ear go (SRS-HG1)] опциясын таңдаңыз.
4. Қолданбада ойнатуды іске қосып, дыбыс деңгейін дұрыстаңыз.
BLUETOOTH
Музыканы BLUETOOTH құрылғысынан сымсыз байланыс арқылы тыңдауға болады. BLUETOOTH функциясын пайдаланудың алдында BLUETOOTH құрылғысын тіркеу үшін жұптастырыңыз.
Жалғанған компоненттер
Бұл құрылғыдағы USB портына жалғап, музыканы компьютерден немесе смартфоннан тыңдауға болады. Болмаса, бұл құрылғыдағы AUDIO IN ұясына жалғап, музыканы портативті музыка ойнатқышынан тыңдауға болады.
USB
Сымсыз байланыс үшін 2-ҚАДАМҒА өтіңіз
AUDIO IN
Сымсыз роутерге байланысты Wi-Fi Protected Setup (WPS) түймесін бірнеше секунд басып тұрыңыз. Мәліметтер алу үшін роутерді пайдалану нұсқауларын қараңыз. LINK индикаторы сарғылт-қызыл болып жанғанда, Wi-Fi желісіне қосылу ақяталады.
Музыка ойнату үшін 3-ҚАДАМҒА өтіңіз
Бөлшектер мен басқару жүйесі
LINK индикаторы NETWORK индикаторы BLUETOOTH индикаторы USB индикаторы AUDIO IN индикаторы
(қоңырау) түймесі*

2
EXTRA BASS түймесі/индикаторы VOLUME VOLUME
түймесі + түймесі*
2
CHARGE индикаторы   (қуат)/
PAIRING түймесі/индикаторы
N таңбасы
*1 Құрылғыны зарядтау үшін USB айнымалы ток адаптерін осы ұяға жалғаңыз.
*2 (қоңырау) және VOLUME + түймелерінде сипап сезілетін нүкте бар.
Индикатор жанып немесе жыпылықтап тұрғанда
Жану/жыпылықтау түсі параметрлердің күйін көрсетеді. Мәліметтерді көмекші нұсқаулықтан қараңыз.
Wi-Fi сигналының күшін (қабылдау сезімталдығы) тексеру үшін
VOLUME
түймесі мен SET UP түймесін басыңыз. Сигналдың күшіне қарай - индикаторлар жанады.
Жанып тұрған индикаторлардың саны сигналдың күшіне қатысты. Егер сигнал әлсіз болса, ешқандай индикатор жанбайды. Толық ақпаратты көмекші нұсқаулықтан қараңыз.
Индикатор жанып немесе жыпылықтап тұрғанда
(қуат) индикаторы
Индикатор күйі (түрлі түсті)
Жанып тұр (жасыл) Құрылғы қосулы.
Жанып тұр (сарғылт-қызыл)
Жанып тұр (қызыл) Құрылғы желілік күту
Өшірулі Құрылғы қуат үнемдеу
Жыпылықтауда (жасыл)
Жыпылықтауда (қызыл)
LINK индикаторы
Индикатор күйі (түрлі түсті)
Жанып тұр (сарғылт-қызыл)
Жыпылықтауда (сарғылт-қызыл)
Жыпылықтауда (қызыл)
Жанып тұр (қызыл) Желіге қосылмады немесе
NETWORK индикаторы
Индикатор күйі (түрлі түсті)
Жанып тұр (ақ) Құрылғы NETWORK
Жанған/жыпылықтап тұрған индикатордың түсі қосылған музыка қызметіне қарай өзгереді. Толық ақпаратты көмекші нұсқаулықтан қараңыз.
UPDATE индикаторы
Индикатор күйі (түрлі түсті)
Жанып тұр (сарғылт-қызыл)
Жыпылықтауда (сарғылт-қызыл)
Құрылғы күйі
Құрылғы BLUETOOTH/желілік күту режимінде тұр.
режимінде тұр.
режимінде тұр.
• Құрылғыны қосқан кезде, индикатор жасыл болып баяу жыпылықтайды да жанып қалады.
• VOLUME –/+ түймелерін басқан кезде, индикатор дыбыс деңгейінің реттелуіне қарай бір не үш рет жыпылықтайды.
Бағдарламалық құрал жаңартылмады немесе құрылғы қорғау режимінде тұр.
Құрылғы күйі
Құрылғы Wi-Fi желісіне қосылған.
Құрылғы Wi-Fi желісіне қосылып жатыр.
Желіге қосылмады.
желіні реттеу аяқталғанымен қосылмады.
Құрылғы күйі
режимінде тұр.
Құрылғы күйі
Құрылғы интернетке қосылған кезде, ең соңғы бағдарламалық құрал анықталады.
Құрылғы бағдарламалық құралды жаңартып жатыр. Жаңартып жатқан кезде құрылғыны қоса алмайсыз.
UPDATE түймесі/индикаторы, WPS түймесі SET UP түймесі STEREO PAIR түймесі L индикаторы R индикаторы AUDIO IN ұясы USB порты DC IN 5V ұясы*
1
RESET түймесі Торды алатын тұтқа FUNCTION түймесі Микрофон
Құрылғыны пайдаланудың алдында мына нұсқаулықты толық оқып шығып, оны кейінірек пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
ЕСКЕРТУ
Өрт шығу немесе ток соғу қаупін азайту үшін бұл аппаратты жаңбырға немесе ылғал жерге шығармаңыз.
Өрт қаупін төмендету үшін құрылғының желдету саңылауын газеттермен, дастарханмен, пердемен, т.б. заттармен жаппаңыз. Құрылғыны ашық жалын көздеріне (мысалы, жанып тұрған шамдарға) жақындатпаңыз.
Құрылғыны кітап сөресі немесе кірістірілген корпус сияқты шектеулі орынға қоймаңыз.
Батареяларды немесе орнатылған батареялар бар құрылғыларды күн сәулесі, от немесе сол сияқты тым қатты қызатын жерге қоймаңыз.
Құрылғы өшірілгеннің өзінде айнымалы ток розеткасына қосылғанша, USB айнымалы ток адаптері электр желісінен ажыратылмайды.
USB айнымалы ток адаптерінің электр штепселі USB айнымалы ток адаптерін электр желісінен ажырату үшін пайдаланылатындықтан, оны оңай қол жететін айнымалы ток розеткасына қосыңыз. Онда қандай да бір ақау байқалған жағдайда, оны айнымалы ток розеткасынан дереу ажыратып алыңыз.
Су шашыратпаңыз, бұл өнім суға төзімді емес.
Бұл құрылғы тек ғимарат ішінде пайдалануға арналған.
Өндіруші: Сони Корпорейшн Өндіруші мекенжайы: 1-7-1 Конан Минато-ку
Токио, 108-0075 Жапония
Малайзияда жасалған
Кеден одағы жеріндегі шетелден әкелуші «Сони Электроникс» АҚ, Ресей, 123103, Мәскеу, Карамышевский өтпе көшесі, 6 Қазақстан Республикасы жерінде тұтынушылардан кінәрат-талаптар қабылдайтын ұйым Қазақстандағы «Сони Электроникс» АҚ Өкілдігі 050010, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, даңғыл Достык, 117/7 үй
Шығарылған күні құрылғының астыңғы жағында және қаптамасының штрихкодында мына форматпен көрсетілген: «MM-YYYY», мұндағы MM - ай, ал YYYY - шығарылған жыл.
Сақтау шарттары: Орамдалған күйде, қышқылдар мен сілтілер сақталатын орындардан оқшауланған, қараңғы, құрғақ, таза, желдетілетін бөлмелерде сақтау керек. -20°C - +60°C температурада және конденсат түзілмейтін <80% аспайтын салыстырмалы ылғалдылықта сақтау керек.
Түпнұсқалық орамда тасымалдау керек, тасымалдау кезінде лақтыруға болмайды, құлаудан, соққылардан қорғау керек, шектен тыс дірілге ұшыратпау керек.
Егер осы нұсқаулыққа сүйене отырып, ақаулықты жою мүмкін болмаса, ең жақын заңды тіркелген SONY жөндеу және күтіп ұстау орталығына хабарласыңыз.
Сатуды күшінде тұрған заң талаптарына сәйкес жүзеге асыру керек.Қызмет мерзімі біткен бұйымды күшінде тұрған заң талаптарына сәйкес залалсыз кәдеге асыру керек.
АБАЙЛАҢЫЗ
Тұтынушыларға арналған ескертпе: төмендегі ақпарат ЕО директивалары қолданылатын елдерде сатылған жабдыққа ғана қатысты
CE таңбасының жарамдылығы заңдық күші бар елдерде, негізінен, ЕЭА (Еуропалық Экономикалық Аймақ) елдерімен ғана шектеледі.
Пайдаланылған қуат алу элементтерін және қызмет мерзімі біткен электр және электрондық жабдықты залалсыз жою (Бағыттама қалдықтарды бөлек
жинау жүйелері жұмыс істейтін Еуроодақ елдерінде және басқа еуропа елдерінде қолданылады)
Өнімдегі, батареясындағы немесе қаптамасындағы бұл таңба өнім мен оның батареясын тұрмыстық қалдық ретінде қарастырмау керектігін білдіреді.
Ақауларды жою
Құрылғыны пайдалану кезінде ақау пайда болса, жергілікті Sony дилерінен кеңес алудан бұрын төмендегілерді тексеріп, туындаған мәселені шешіп көріңіз.
• Көмекші нұсқаулықтан қараңыз.
http://rd1.sony.net/help/speaker/srs-hg1/h_zz/
• Туындаған мәселе туралы ақпаратты
тұтынушыларды қолдау веб-сайтынан қараңыз. http://www.sony.eu/support
• Батареяны зарядтау үшін құрылғыны айнымалы
ток розеткасына USB айнымалы ток адаптері арқылы қосыңыз. Батареяны зарядтау арқылы кейбір ақауларды шешуге болады.
• Үшкір зат (түйрегіш) арқылы құрылғының артқы
жағындағы «RESET» түймесін басыңыз. RESET түймесін USB айнымалы ток адаптерінсіз басқанда, (қуат) түймесін басып тұру немесе оны USB айнымалы ток адаптеріне
жалғау арқылы құрылғы қосылады. Жоғарыдағы әрекеттердің барлығын орындағаннан кейін де мәселе шешілмесе, жергілікті Sony дилерінен кеңес алыңыз.
Сақтық шаралары
Ұялы телефонды пайдалануға қатысты ескертпе
• BLUETOOTH байланысымен дыбыс жіберген
кезде телефон қоңырауын қабылдаған
жағдайдағы ұялы телефонның жұмысы туралы
мәліметтерді ұялы телефонмен бірге берілген
пайдалану нұсқауларынан қараңыз.
Қауіпсіздікке қатысты
Атаулы тақташа және қауіпсіздікке қатысты маңызды ақпарат негізгі құрылғының астыңғы жағында және USB айнымалы ток адаптерінің бетінде орналасқан.
• Құрылғыны пайдаланудың алдында
құрылғының пайдалану кернеуі жергілікті қуат
көзімен сәйкес келетінін тексеріңіз.
Сатып алынған жер Пайдалану кернеуі
Барлық елдер/ аймақтар
USB айнымалы ток адаптеріндегі ескертпелер
• USB айнымалы ток адаптерін қосқанда немесе
ажыратқанда, құрылғыны алдын ала өшіріңіз.
Өшірмеген жағдайда, оның бұзылып қалуы
мүмкін.
• Тек жинақтағы USB айнымалы ток адаптері мен
micro-USB кабелін пайдаланыңыз. Құрылғыны
зақымдап алмау үшін басқа USB айнымалы ток
адаптерін пайдаланбаңыз.
Штекердің полярлығы
• USB айнымалы ток адаптерін жақын айнымалы
ток розеткасына қосыңыз. Ақау туындаған
жағдайда, оны айнымалы ток розеткасынан
дереу ажыратыңыз.
• USB айнымалы ток адаптерін кітап сөресі
немесе кірістірілген жәшік сияқты шектеулі
орынға қоймаңыз.
100 В–240 В айнымалы ток, 50 Гц/60 Гц
Wi-Fi желісінің MAC мекенжайы осы құрылғының төменгі жағында берілген.
• Құрылғыны пайдаланудың алдында
құрылғының пайдалану кернеуі жергілікті қуат көзімен сәйкес келетінін тексеріңіз.
Орналастыруға қатысты
Құрылғыны еңкейтіп қоймаңыз.
Құрылғыны жылу көздерінің қасында немесе күн
сәулесі, шаң, ылғал, жаңбыр немесе механикалық соққы тікелей түсетін жерде қалдырмаңыз.
Пайдалануға қатысты
• Құрылғының артындағы ұяларға немесе
желдету саңылауына қандай да бір майда заттарды, т.с.с. заттарды салмаңыз. Құрылғы қысқа тұйықталуы немесе бұзылуы мүмкін.
Тазалауға қатысты
• Корпусты тазалау үшін спиртті, бензинді немесе
еріткішті пайдаланбаңыз.
Басқалары
• Бұл құрылғыға қатысты нұсқаулықта
көрсетілмеген қандай да бір сұрақтарыңыз немесе ақауларыңыз болса, жергілікті Sony дилеріне хабарласыңыз.
• Құрылғыны қоқысқа тастаған немесе өткізген
кезде, барлық параметрлердің зауыттық мәндеріне қойылғанына көз жеткізіңіз. Мәліметтерді көмекші нұсқаулықтан қараңыз.
Авторлық құқықтарға қатысты
• Бұл өнім Microsoft корпорациясының нақты
зияткерлік меншік құқықтарымен қорғалған. Мұндай технологияны бұл өнімнен тыс пайдалануға немесе таратуға, Microsoft корпорациясының немесе өкілетті Microsoft корпорациясының еншілес компаниясының лицензиясынсыз тыйым салынған.
• iPhone және iPod touch — Apple Inc.
корпорациясының АҚШ және басқа елдерде тіркелген сауда белгілері. «Made for iPod» және «Made for iPhone» белгілері электрондық керек-жарақты iPod немесе iPhone құрылғысына арнайы қосу үшін жасалғанын және тиісінше Apple корпорациясының өнімділік стандарттарына сәйкес келуі үшін оны әзірлеуші сертификаттағанын білдіреді. Apple корпорациясы бұл құрылғының жұмысына немесе қауіпсіздік және нормативтік стандарттарына сәйкес болуына жауапты емес. Бұл керек-жарақты iPod немесе iPhone құрылғысымен пайдалану сымсыз байланыстың өнімділігіне әсер етуі мүмкін екенін ескеріңіз. App Store — Apple Inc. корпорациясының қызмет белгісі.
• « » — Wi-Fi Alliance компаниясының белгісі.
Wi-Fi®, Wi-Fi Protected Access® және Wi-Fi
Alliance® — Wi-Fi Alliance компаниясының тіркелген сауда белгілері.
• Wi-Fi CERTIFIED, WPA, WPA2 және Wi-Fi Protected Setup — Wi-Fi Alliance компаниясының белгілері.
• MPEG Layer-3 аудио кодтау технологиясына және патенттеріне Fraunhofer IIS және Thomson лицензия берген.
• N-Mark — Америка Құрама Штаттарындағы және басқа елдердегі NFC Forum, Inc. корпорациясының сауда белгісі немесе тіркелген сауда белгілері.
• BLUETOOTH® мәтін белгісі және логотиптері — Bluetooth SIG, Inc. компаниясының жеке иелігі және кез келген осындай белгілер Sony корпорациясының лицензиясы бойынша пайдаланылады. Басқа сауда белгілер мен сауда атаулары тиісті иелердің меншігі болып табылады.
• Google Play және Android — Google Inc. корпорациясының сауда белгілері.
• Google Cast және Google Cast Badge — Google Inc. корпорациясының сауда белгілері.
• «Xperia» және «Xperia Tablet» – Sony Mobile Communications AB компаниясының сауда белгілері.
• LDAC және LDAC logo — Sony корпорациясының тіркелген сауда белгілері.
• DLNA™, DLNA Logo және DLNA CERTIFIED™ — Digital Living Network Alliance компаниясының сауда белгілері, қызмет белгілері немесе сертификатталған белгілері.
• Бұл құжатта көрсетілген құрылғы атаулары мен өнім атаулары негізінен өндірушінің сауда белгілері немесе тіркелген сауда белгілері болып табылады. және ® белгілері бұл құжатқа қосылмаған.
Лицензияның ескертулері
Бұл өнімде Sony корпорациясы осы авторлық құқықтың иесінің лицензиялау келісімі бойынша пайдаланатын бағдарламалық жасақтама бар. Бағдарламалық жасақтаманың авторлық құқық иесінің талабы бойынша келісімнің мазмұны жайында тұтынушыларға хабарлауға міндеттіміз. Келесі URL мекенжайына өтіп, лицензия мазмұнын оқып шығыңыз. http://rd1.sony.net/help/speaker/sl/16/
GNU GPL/LGPL қолданбалы бағдарламалық жасақтама жайындағы ескерту
Бұл өнімде келесі GNU Әмбебап жалпыға қол жетімді лицензиясына (одан әрі «GPL») немесе GNU Шектеулі қолданудың стандартты жалпыға қол жетімді лицензиясына (одан әрі «LGPL») бағынатын бағдарламалық жасақтама бар. Бұлар көрсетілген бағдарламалық жасақтаманың бастапқы кодын бірге берілген GPL немесе LGPL лицензиясының шарттарына сәйкес алуға, өзгертуге және таратуға тұтынушылардың құқықтары бар екенін анықтайды. Жоғарыда тізімделген бағдарламалық жасақтамаға арналған бастапқы код Интернетте қол жетімді. Жүктеу үшін келесі URL-мекенжайына кіріп, «h.ear go (SRS-HG1)» модель атауын таңдаңыз. URL: http://oss.sony.net/Products/Linux/ Sony корпорациясы бастапқы кодтың мазмұны жайында қандай да бір сұрақтарға жауап бере алмайтынын ескеріңіз.
Жаңартудың ескертулері
Егер бұл құрылғыны сымды немесе Wi-Fi желісі арқылы Интернетке қосулы кезінде пайдалансаңыз, құрылғыны ең соңғы бағдарламалық жасақтамаға автоматты түрде жаңартуға болады. Бағдарламалық жасақтаманы жаңарту арқылы жаңа мүмкіндіктер қосылады, олар пайдалануды ыңғайлырақ және тұрақтырақ етеді. Егер бағдарламалық жасақтаманы автоматты түрде жаңартқыңыз келмесе, смартфонға/ iPhone телефонына орнатылған SongPal мүмкіндігін пайдалану арқылы осы функцияны ажыратуға болады. Дегенмен, бұл функцияны ажыратсаңыз да, тұрақты пайдалану, т.с.с. мақсаттар үшін бағдарламалық жасақтама автоматты түрле жаңартылуы мүмкін. Сондай-ақ, бұл функцияны ажыратсаңыз, бағдарламалық жасақтаманы қолмен жаңартуға да болады. Орнату және пайдалану әдісі туралы мәліметтер алу үшін көмекші нұсқаулықты қараңыз. Жаңарту барысында құрылғыны пайдалану мүмкін емес.
Үшінші тараптар үсынатын қызметтерден бас тарту
Үшінші тараптап ұсынатын қызметтер ескертусіз өзгертілуі, тоқтатылуы немесе доғарылуы мүмкін. Sony корпорациясы осындай жағдайлар үшін жауапты емес.
Сипаттамалар
Жалпы
Қуат
DC 5 В 1,5 A (100 В–240 В, 50 Гц/60 Гц ток жүйесіне қосылған жинақтағы USB айнымалы ток адаптерін пайдаланғанда) немесе ішкі литий-ион батареясын пайдаланғанда
Қуат тұтыну
12 Вт
Қуат тұтыну (күту режимінде)
0,2 Вт аз
Қуат тұтыну (BLUETOOTH/Желі күту режимінде)
0,2 Вт аз
BLUETOOTH байланысы үшін литий-ион батареяны пайдалану мерзімі (Wi-Fi қосылмаған кезде)
Шамамен 12 сағат*
Wi-Fi байланысы үшін литий-ион батареяны пайдалану мерзімі
Шамамен 8 сағат*
Литий-ион батареяны зарядтау уақыты
Шамамен 5 сағат
Өлшемдері (шығыңқы бөлшектері мен басқару жүйесін қоса алғанда)
Шамамен 204 мм × 62 мм × 60 мм (е/б/қ)
Салмағы
Шамамен 790 г
Жинақтағы керек-жарақтар
Негізгі құрылғы (1) USB айнымалы ток адептері (AC-UUD12) (1) Micro-USB кабелі (1) Пайдалану нұсқаулары (осы құжат)
*1 Көрсетілген музыка ресурсы пайдаланылып, құрылғының
дыбыс деңгейі 33 мәніне қойылғанда. Егер құрылғының дыбыс деңгейі ең жоғарғы мәнге қойылғанда, пайдалану мерзімі шамамен 4 сағат болады. Уақыт пайдалану температурасына немесе жағдайларына қарай өзгеруі мүмкін.
2
*
Көрсетілген музыка ресурсы пайдаланылып, құрылғының
дыбыс деңгейі 33 мәніне қойылғанда. Егер құрылғының дыбыс деңгейі ең жоғарғы мәнге қойылғанда, пайдалану мерзімі шамамен 4 сағат болады. Уақыт пайдалану температурасына немесе жағдайларына қарай өзгеруі мүмкін.
USB портының бөлімі
USB порты
Компьютер, т.б. сияқты үйлесімді құрылғыны осы құрылғыға USB кабелі арқылы қосуға болады.
Қолдау көрсетілетін пішім*
PCM: 44,1/48/88,2/96/176,4/192 кГц (16/24/32 бит) DSD (DSF/DSDIFF): 2,8/5,6 МГц (1 бит)
*3 Барлық кодтау/жазу бағдарламалық құралымен, жазу
құрылғылары мен жазу мультимедиясымен үйлесімділі болуына кепілдік берілмейді.
Үйлесімді iPhone/iPod модельдері
Bluetooth технологиясы iPhone 6s Plus, iPhone 6s, iPhone 6 Plus, iPhone 6, iPhone 5s, iPhone 5c, iPhone 5, iPhone 4s, iPod touch (6-буын), iPod touch (5-буын) құрылғыларында қолданылады.
Ескертпе
Sony корпорациясы iPhone/iPod құрылғысын пайдаланған кезде iPhone/iPod құрылғысына жазылған деректердің жоғалуына немесе зақымдалуына жауапты болмайды.
Дизайны мен сипаттамалары ескертусіз өзгертіледі.
1
2
3
Loading...