Philips TAR7606/10 user manual [kz]

Радиосағат
7000 қатары
R7606
Пайдаланушы нұсқаулығы
Мына мекенжайға өтіп, өнімді тіркеуге жəне қолдау алуға болады:
www.philips.com/support
Мазмұны
1 Маңызды 2
Қауіпсіздік 2 Құлақтандыру 2
2 Радиосағат 3
Кіріспе 3 Қораптағы заттар 3 Радиосағатты шолу 3
3 Іске кірісу 4
Батареяларды орнату 4 Қуатты жалғау 4 Уақытты орнату 4 Қосу 4
4 FM радиосын тыңдау 5
FM радио станцияларына реттеу 5 FM радио станцияларын автоматты түрде сақтау 5 FM радио станцияларын қолмен сақтау 5 Алдын ала орнатылған радио станциясын таңдау 5 RDS ақпаратын көрсету 5
5 Bluetooth 6
Bluetooth функциясы қосылған құрылғылардан ойнату 6
6 Басқа мүмкіндіктер 6
Оятқыш уақытын орнату 6 Ұйқы таймерін орнату 7 Дыбыс деңгейін реттеу 7 Дисплей жарықтығын реттеу 7 Смартфонды сымсыз зарядтау 7 USB порты арқылы зарядтау 7
7 Өнім туралы ақпарат 8
8 Ақаулықтарды жою 9
KZ
1
1
Маңызды
Қауіпсіздік
• Осы нұсқауларды оқып шығыңыз.
• Барлық ескертулерді сақтаңыз.
• Барлық нұсқауларды орындаңыз.
• Қандай да бір желдету тесігін жаппаңыз. Өндіруші нұсқауларына сəйкес орнату керек.
• Жылытқыштар, жылыту регистрлері, пештер немесе жылу шығаратын басқа жабдықтар (оның ішінде күшейткіштер) сияқты кез келген жылу көздерінің жанына орнатуға болмайды.
• Қуат кабелін, əсіресе айыр, розетка жəне радиосағаттан шығатын жер маңында басылудан немесе қысылып қалудан қорғаңыз.
• Өндіруші көрсеткен қосымшаларды/аксессуарларды ғана қолдануға болады.
• Күн күркіреген кезде немесе ұзақ уақыт пайдаланбаған кезде, осы жабдықты қуаттан ағытып қойыңыз.
• Барлық қызмет көрсету жұмыстарын білікті қызмет көрсету мамандарына тапсыру қажет. Жабдыққа кез келген түрде зақым келгенде, мысалы қуат кабелі немесе айыр зақымдалғанда, жабдыққа сұйықтық төгілгенде немесе оның ішіне бір нəрсе түсіп кеткенде, жабдық жаңбыр астында қалғанда не оған ылғал əсер еткенде, дұрыс жұмыс істемегенде немесе жерге түсіп кеткенде, жабдыққа қызмет көрсету қажет болады.
• Батарея қолданысына қатысты САҚТЫҚ ескертуі - батареядан сұйықтық ағып шығып, жарақатқа, мүліктің зақымдалуына немесе радиосағаттың зақымдалуына себеп болуына жол бермеу үшін:
• Барлық батареяларды дұрыс орнатыңыз, +
жəне - белгілері құрылғыда көрсетілген.
• Құрылғы ұзақ уақыт қолданылмайтын
болғанда, батареяларды шығарып қойыңыз.
• Батареяға күн сəулесі, от немесе соған
ұқсас шамадан тыс қызу көздерінің əсер етуіне мүмкіндік бермеу керек.
• Радиосағатқа сұйықтық тамызуға немесе шашыратуға болмайды.
• Кез келген қауіп көздерін радиосағат үстіне қоймаңыз (мысалы, сұйықтық құйылған заттар, жанып тұрған шамдар).
• Тікелей жалғау адаптерінің айыры ажырату құрылғысы ретінде қолданылған жағдайда, ажырату құрылғысы қолданылуға дайын тұруы тиіс.
2 KZ
Құлақтандыру
Осы құрылғыға MMD Hong kong Holding Limited анық мақұлдамаған өзгертулерді енгізу салдарынан пайдаланушы өнімді пайдалану рұқсатының күшін жоюы мүмкін. Осы құжатпен TP Vision Europe B.V. компаниясы осы өнім 2014/53/EU директивасының негізгі талаптарына жəне басқа тиісті ережелеріне сəйкес келетінін мəлімдейді. Сəйкестік мəлімдемесін мына сайттан көруге болады: www.philips.com/support.
Бұл өнім Еуропа Қауымдастығының радио кедергілерге қатысты талаптарына сəйкес келеді.
Бұл өнім жоғары сапалы материалдар мен құрамдас бөліктерді қолдана отырып жобаланған жəне өндірілген, оларды қайта өңдеуге жəне қайта қолдануға болады.
Бұл белгі өнімді тұрмыстық қоқыс ретінде тастауға болмайтынын жəне қайта өңдеу үшін тиісті жинау орталығына тапсырылуы тиіс екенін білдіреді. Жергілікті ережелерді сақтап, өнімді жəне қайта зарядталатын батареяларды əдеттегі тұрмыстық қалдықтармен бірге тастамаңыз. Ескі өнімдер мен қайта зарядталатын батареяларды дұрыс қоқысқа тастау арқасында қоршаған орта мен адам денсаулығына төнетін қауіптердің алдын алуға көмектесуге болады.
Бұл таңба өнімде 2013/56/EU Еуропа директивасы қамтитын, əдеттегі тұрмыстық қалдықтармен бірге тастауға болмайтын батареялар бар екенін білдіреді. Электр жəне электрондық өнімдер мен батареяларды бөлек жинайтын жергілікті жүйе туралы мəлімет іздестіріңіз. Жергілікті ережелерді сақтап, өнімді жəне батареяларды əдеттегі тұрмыстық қалдықтармен бірге тастамаңыз. Ескі өнімдер мен батареяларды дұрыс қоқысқа тастау арқасында қоршаған орта мен адам денсаулығына төнетін қауіптердің алдын алуға көмектесуге болады.
Bluetooth® сөз белгісі жəне логотиптері — Bluetooth SIG, Inc. компаниясының меншігіндегі тіркелген сауда белгілер жəне MMD Hong Kong Holding Limited компаниясы мұндай белгілерді кез келген жерде лицензия бойынша қолданады. Басқа сауда белгілері мен сауда атаулары тиісті иелерінің жеке меншігінде.
2
Радиосағат
Сатып алғаныңызбен құттықтаймыз, Philips əлеміне қош келдіңіз! Philips ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану үшін өніміңізді мына сайтта тіркеңіз: www.philips.com/support.
Кіріспе
Осы радиосағатпен мыналарды істеуге болады
FM радиосын тыңдау;
Bluetooth функциясы қосылған
құрылғылардан аудио ойнату;
əр түрлі уақытта шырылдайтын екі оятқышты орнату;
мобильді құрылғыны сымсыз телефон зарядтағышымен немесе USB арқылы зарядтау.
Қораптағы заттар
Қаптамадағы заттарды тексеріп, оларды анықтаңыз:
Негізгі құрылғы
Қуат адаптері
Қысқаша нұсқаулық
Қауіпсіздік парақшасы
Кепілдік
Радиосағатты шолу
SLEEP
Ұйқы таймерін орнату.
SOURCE
FM немесе Bluetooth режимін таңдау үшін басыңыз.
Bluetooth режимінде жұптастыру режиміне кіру үшін 2 секундтан артық басып тұрыңыз.
• Қосу немесе күту режиміне ауысу.
PRESET / SET TIME
• Радио станцияларды жадта сақтау.
• Алдын ала орнатылған FM станциясын таңдау.
• Уақытты орнату.
HR / MIN / TUN
• Сағатты жəне минутты орнату.
• FM радио станцияларына реттеу.
• Алдыңғы/келесі əуенге аттап өту.
SNOOZE / BRIGHTNESS
• Оятқышты кері шегеру.
• Дисплей жарықтығын реттеу.
Дисплей панелі
• Ағымдағы күйді көрсетеді.
AL1 / AL2 / VOL
• Оятқышты орнату.
• Дыбыс деңгейін реттеу.
INFO
• RDS станциясының ақпаратын көрсету.
SCAN
• Радио станцияларды автоматты түрде сканерлеу/сақтау.
Сымсыз зарядтау тақтасы
KZ
3
Loading...
+ 7 hidden pages