Мына мекенжайға өтіп, өнімді тіркеуге жəне қолдау алуға болады:
www.philips.com/support
Мазмұны
1 Маңызды қауіпсіздік нұсқаулары 2
Есту қауіпсіздігі 2
Жалпы ақпарат 2
2 Шынымен сымсыз қыстырма
құлаққап 3
Қораптағы заттар 3
Басқа құрылғылар 3
Шынымен сымсыз қыстырма
құлаққапты шолу 4
3 Іске кірісу 5
Батареяны зарядтау 5
Қыстырма құлаққаптарды Bluetooth
құрылғысымен алғаш рет
жұптастыру 6
Қыстырма құлаққаптарды басқа
Bluetooth құрылғысымен
жұптастыру 6
4 Қыстырма құлаққапты қолдану 7
Қыстырма құлаққаптарды Bluetooth
құрылғысына жалғау 7
Қуатты қосу/өшіру 8
Қоңырауларды жəне музыканы
басқару 8
ЖШД индикаторының күйі 8
Тағу əдісі 9
5 Қыстырма құлаққаптарды
бастапқы қалпына келтіру 10
6 Техникалық деректер 10
7 Құлақтандыру 11
Сəйкестік мəлімдемесі 11
Ескі өнімді жəне батареяны
қоқысқа тастау 11
Ішкі батареяны шешіп алу 11
ЭМӨ талаптарына сəйкестік 12
Қоршаған ортаға қатысты ақпарат 12
Сəйкестік туралы құлақтандыру 12
8 Сауда белгілері 14
9 Жиі қойылатын сұрақтар 15
KZ
1 Маңызды
Жалпы ақпарат
қауіпсіздік
нұсқаулары
Есту қауіпсіздігі
Қауіп
• Есту мүшесіне зақым келмеуі үшін қыстырма
құлаққапты жоғары дыбыс деңгейімен қолдану
уақытын шектеңіз жəне дыбыс деңгейін
қауіпсіз мəнге орнатыңыз. Дыбыс деңгейі
неғұрлым жоғары болса, қауіпсіз тыңдау
уақыты соғұрлым қысқа болады.
Гарнитураны қолданған кезде, мына
нұсқауларды сақтаңыз.
• Қисынды дыбыс деңгейімен шамадан
аспайтын уақыт тыңдаңыз.
• Құлағыңыз үйреніп кеткен сайын,
дыбыс деңгейін жоғарылата
бермеңіз.
• Дыбыс деңгейін айналаңызды ести
алмайтын деңгейге дейін
жоғарылатпаңыз.
• Қауіп төнуі мүмкін жағдайларда
абайлап қолдану немесе қолдануды
уақытша тоқтату қажет.
• Қыстырма құлаққаптың шамадан тыс
дыбыс қысымы кереңдікке себеп
болуы мүмкін.
• Көлік айдаған кезде, қыстырма
құлаққапты екі құлақты да жауып
қолданған дұрыс емес жəне ол кейбір
аймақтарда заңсыз болуы мүмкін.
• Жеке қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету
үшін жолда немесе басқа қауіпті
болуы мүмкін орталарда музыкаға
немесе телефон қоңырауларына
назарыңызды бөліп жіберуіне
мүмкіндік бермеңіз.
Зақым келмеуі немесе істен шығарып
алмау үшін:
Сақ болыңыз
• Қыстырма құлаққапқа шамадан тыс жылудың
əсер етуіне мүмкіндік беруге болмайды
• Қыстырма құлаққапты жерге түсіріп алмау
керек.
• Қыстырма құлаққапқа сұйықтық тамызуға
немесе шашыратуға болмайды.
• Қыстырма құлаққапты суға салуға болмайды.
• Құрамында спирт, аммиак, бензол немесе
абразивті заттар бар тазартқыш заттарды
қолдануға болмайды.
• Өнімді тазалау керек болса, қажетінше сумен
немесе сұйылтылған жұмсақ сабынды сумен
аздап қана суланған жұмсақ шүберекпен
сүртіңіз.
• Ішкі батареяға күн сəулесі, от немесе соған
ұқсас шамадан тыс қызу көздерінің əсер етуіне
мүмкіндік бермеу керек.
• Батарея дұрыс ауыстырылмаса, жарылу қаупі
туындайды. Ауыстырған кезде, дəл сондай
батареяны немесе баламасын салыңыз.
• Батареяны отқа немесе ыстық пешке тастау,
мыжу немесе кесу жарылысқа себеп болуы
мүмкін;
• Батарея температурасы өте жоғары жерде
қалдырылса, ол жарылуы немесе тұтанғыш
сұйықтық не газ шығуы мүмкін;
• Батарея ауа қысымы өте төмен жерде
қалдырылса, ол жарылуы немесе тұтанғыш
сұйықтық не газ шығуы мүмкін.
Қолдану жəне сақтау температуралары
мен ылғалдығы туралы мəлімет
• Температурасы -20°C (-4°F) жəне 50°C
(122 °F) аралығындағы (салыстырмалы
ылғалдық 90%-дан аспайтын) жерде
сақтау керек.
• Температурасы 0°C (32°F) жəне 45°C
(113 °F) аралығындағы (салыстырмалы
ылғалдық 90%-дан аспайтын) жерде
қолдану керек.
• Температура одан жоғары не төмен
болған жағдайда батареяның қызмет
ету мерзімі қысқаруы мүмкін.
• Батареяны сақтық құралын бұзып өтуі
мүмкін батарея түрімен ауыстыру
(мысалы, кейбір литий батарея
түрлері);
KZ
2 Шынымен
сымсыз
қыстырма
құлаққап
Сатып алғаныңызбен құттықтаймыз,
Philips əлеміне қош келдіңіз! Philips
ұсынатын қолдауды толығымен
пайдалану үшін өніміңізді мына сайтта
тіркеңіз: www.philips.com/support. Осы
шынымен сымсыз Philips қыстырма
құлаққабымен мына мүмкіндіктерге қол
жеткізесіз:
Bluetooth функциясын қолдайтын жəне
гарнитурамен үйлесімді мобильді
телефон немесе құрылғы (мысалы,
ноутбук, коммуникатор, Bluetooth
адаптерлері, MP3 ойнатқыштары, т.б.)
(8-беттегі «Техникалық деректер»
бөлімін қараңыз).
Шынымен сымсыз Philips
TAA5205 қыстырма құлаққабы
Алмастырылатын резеңке
саптамалар x 3 жұп
USB-C зарядтау кабелі (тек
зарядтауға арналған)
KZ
Шынымен сымсыз
қыстырма құлаққапты
шолу
ЖШД индикаторы (қыстырма құлаққаптар)
Микрофон
Көп функциялы сенсор
ЖШД индикаторы (зарядтау қорапшасы)
USB-C зарядтау ұясы
KZ
3 Іске кірісу
Батареяны зарядтау
Ескертпе
• Қыстырма Құлаққаптарды алғаш рет қолданудан
бұрын, батарея көлемі жəне қызмет ету мерзімі
оңтайлы болуы үшін қыстырма құлаққаптарды
зарядтау қорапшасына салып, батареяны 3 сағат
зарядтаңыз.
• Қандай да бір зақым келтіріп алмау үшін
түпнұсқалы USB-C зарядтау кабелін ғана
қолданыңыз.
• Қыстырма Құлаққаптарды зарядтаудан бұрын
қоңырауды аяқтаңыз, себебі қыстырма
құлаққаптарды зарядтау үшін жалғаған кезде,
олар өшіріледі.
Зарядтау қорапшасы
USB кабелінің бір жағын зарядтау
қорапшасына, ал екінші жағын қуат
көзіне жалғаңыз.
Зарядтау қорапшасы зарядтала
бастайды.
• Зарядтау процесінің орындалып
жатқанын алдыңғы панельдегі ақ
ЖШД шамымен тексеруге болады.
• Зарядтау қорапшасы толығымен
зарядталған кезде, көк шам жанады.
• Зарядтау процесінің орындалып
жатқанын қыстырма құлаққаптардағы
ақ ЖШД шамымен тексеруге болады.
• Қыстырма Құлаққаптар толығымен
зарядталған кезде, ақ шам сөнеді.
Ақыл-кеңес
• Əдетте USB кабелі арқылы толық зарядталуға
2 сағат кетеді (қыстырма құлаққаптар немесе
зарядтау қорапшасы үшін).
Ақыл-кеңес
• Зарядтау қорапшасы қыстырма құлаққаптарды
зарядтауға арналған тасымалы қосалқы
батарея рөлін атқарады. Зарядтау қорапшасы
толығымен зарядталған кезде, ол қыстырма
құлаққаптарды 3 рет толығымен қайта
зарядтай алады.
KZ
Қыстырма құлаққаптарды
Bluetooth құрылғысымен
алғаш рет жұптастыру
Гарнитура толығымен зарядталғанына
жəне өшірілгеніне көз жеткізіңіз.
Зарядтау қорапшасының қақпағын
ашыңыз.
Қыстырма Құлаққаптардағы ЖШД
индикаторлары ақ жəне көк түспен
кезек-кезек жыпылықтайды.
Қыстырма Құлаққаптар осы кезде
жұптастыру режиміне өтіп,
Bluetooth құрылғысымен (мобильді
телефонмен) жұптастырылуға
дайын тұрады.
Bluetooth құрылғысының Bluetooth
функциясын қосыңыз.
Қыстырма Құлаққаптарды Bluetooth
құрылғысымен жұптастырыңыз.
Bluetooth құрылғысының
пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.
Ескертпе
• Қуаты қосылғаннан кейін қыстырма
құлаққаптар бұрын жалғанған ешбір Bluetooth
құрылғысын таба алмаса, олар автоматты
түрде жұптастыру режиміне өтеді.
Төмендегі мысалда қыстырма
құлаққаптарды Bluetooth құрылғысымен
жұптастыру жолы көрсетілген.
Bluetooth құрылғысының Bluetooth
функциясын қосып, мынаны
таңдаңыз: Philips TAA5205.
KZ
Сұралған жағдайда «0000» (4 нөл)
қыстырма құлаққап құпиясөзін
енгізіңіз. Bluetooth 3.0 немесе одан
кейінгі нұсқаны қолдайтын Bluetooth
құрылғыларында құпиясөзді енгізу
қажет емес.
Philips TAA5205
Бір қыстырма құлаққап (моно
режимі)
Моно режимде қолдану үшін оң немесе
сол қыстырма құлаққапты зарядтау
қорапшасынан шығарыңыз. Қыстырма
Құлаққап автоматты түрде қосылады.
Қыстырма Құлаққаптан «Power on»
(қосылу) деген дауыстық хабарлама
естіледі.
Ескертпе
• Екінші қыстырма құлаққапты зарядтау
қорапшасынан шығарыңыз, сол кезде олар
бір-бірімен автоматты түрде жұптасады.
Қыстырма Құлаққаптарды
басқа Bluetooth
құрылғысымен жұптастыру
Қыстырма Құлаққаптармен
жұптастырғыңыз келетін басқа Bluetooth
құрылғыңыз болса, бұрын жалғанған
немесе жұптастырылған барлық басқа
құрылғылардың Bluetooth функциясы
өшірілгеніне көз жеткізіңіз.
Қыстырма Құлаққаптарды тағып тұрғанда,
сол жəне оң жақты бір уақытта 5 секунд
басып тұрыңыз да, жұптастыру туралы
хабарлама естілгенде, жіберіңіз.
Ескертпе
• Қыстырма Құлаққаптар жадында 4 құрылғыны
сақтайды. 4-ден көп құрылғыны жұптастыруға
əрекет жасасаңыз, олардың ішіндегі ең
алғашқы болып жұптастырылған құрылғы жаңа
құрылғымен алмастырылады.
4 Қыстырма
Құлаққаптарды
қолдану
Қыстырма Құлаққаптарды
Bluetooth құрылғысына
жалғау
Bluetooth құрылғысының Bluetooth
функциясын қосыңыз.
Зарядтау қорапшасының қақпағын
ашыңыз.
Көк ЖШД жыпылықтайды.
Қыстырма Құлаққаптар соңғы
жалғанған Bluetooth құрылғысын
іздейді де, оған автоматты түрде
жалғанады. Соңғы болып
жалғанған құрылғы қолжетімді
болмаса, қыстырма құлаққаптар
жұптастыру режиміне өтеді.
Ақыл-кеңес
• Қыстырма Құлаққаптар бір уақытта бірнеше
құрылғыға жалғана алмайды. Жұптастырылған
екі Bluetooth құрылғысы бар болса, жалғағыңыз
келетін құрылғының ғана Bluetooth функциясын
қосыңыз.
• Bluetooth құрылғысының Bluetooth функциясын
қыстырма құлаққаптарды қосқаннан кейін іске
қоссаңыз, құрылғының Bluetooth мəзіріне кіріп,
қыстырма құлаққаптарды құрылғыға қолмен
жалғау қажет болады.
Ескертпе
• Қыстырма Құлаққаптар 5 минут ішінде кез
келген Bluetooth құрылғысына жалғанбаса,
олар батареяны үнемдеу үшін автоматты түрде
өшеді.
• Кейбір Bluetooth құрылғыларымен жалғану
автоматты түрде орындалмауы мүмкін. Мұндай
жағдайда құрылғыңыздың Bluetooth мəзіріне
кіріп, қыстырма құлаққаптарды Bluetooth
құрылғысына қолмен жалғаңыз.
KZ
Қуатты қосу/өшіру
Қызмет
Қыстырма
Құлаққаптарды
қосу.
Қыстырма
Құлаққаптарды
өшіру
Көп
функциялы
түйме
Əрекет
Қосу үшін
қыстырма
құлаққаптың
зарядтау
қорапшасынан
шығарылуы
Өшіру үшін
қыстырма
құлаққаптың
зарядтау
қорапшасына
қойылуы
Қоңырауларды жəне
музыканы басқару
Музыканы басқару
Қызмет
Музыканы
ойнату немесе
кідірту
Алға аттап
өту
Артқа аттап
өту
Дыбыс
деңгейін +/реттеу
Көп
функциялы
түйме
Оң/сол
қыстырма
құлаққап
Оң/сол
қыстырма
құлаққап
Оң қыстырма
құлаққап
Əрекет
Бір рет
түрту
Екі рет түрту
Үш рет
түрту
Мобильді
телефонның
басқару
құралы
арқылы
Қоңырауларды басқару
Қызмет
Тұтқаны көтеру/
қоңырау кезінде
қоңырау
шалушыны
ауыстыру
Тұтқаны қою/
қоңырауды
қабылдамау
Көп
функциялы
түйме
Оң
қыстырма
құлаққап
Оң
қыстырма
құлаққап
Əрекет
Екі рет түрту
Түртіп,
ұстап тұру
ЖШД индикаторының
күйі
Қыстырма
Құлаққап күйі
Қыстырма
Құлаққаптар Bluetooth
құрылғысына
жалғанып тұр.
Қыстырма
Құлаққаптар
жұптастыруға дайын
Қыстырма
Құлаққаптар қосылып
тұр, бірақ ешқандай
Bluetooth
құрылғысына
жалғанып тұрған жоқ
Батарея заряды аз
(қыстырма
құлаққаптар)
Батарея толығымен
зарядталған
(зарядтау
қорапшасы).
Индикатор
Ақ ЖШД 5 с сайын
жыпылықтайды
Көк жəне ақ ЖШД
кезек-кезек
жыпылықтайды
Ақ ЖШД 1 с сайын
жыпылықтайды
(3 минуттан кейін
автоматты түрде
сөнеді)
Көк ЖШД 5 с сайын
2 рет жыпылықтайды
Қаптың ЖШД
индикаторын
қараңыз
KZ
Зарядтау қорапшасы
(4 көк ЖШД)
Bluetooth құрылғысындағы
батареяның ЖШД индикаторы
Зарядтау
қорапшасының
ЖШД (USB қосулы)
Зарядтау
қорапшасының
ЖШД (USB өшірулі)
Индикатор
USB өшкенше
жанып тұрады
Индикатор
Қыстырма Құлаққаптар жалғанғаннан
кейін Bluetooth құрылғысында батарея
индикаторы көрсетіледі.
Дауысты көмекші
Қызмет
Дауысты
көмекшіні
(Siri/Google)
іске қосу
Түйме
Сол/оң
қыстырма
құлаққап
Əрекет
2 секунд
түртіп,
ұстап тұру
Ақыл-кеңес
• USB өшіп тұрғанда, қап ашылғаннан немесе
жабылғаннан кейін ЖШД 30 с жанып тұрады
Тағу əдісі
KZ
5 Қыстырма
6 Техникалық
Құлаққаптарды
бастапқы
қалпына
келтіру
Кез келген жұптастыру немесе жалғау
мəселесі туындаса, төмендегі
процедураны орындап, гарнитураны
бастапқы қалпына келтіруге болады.
Bluetooth құрылғысында Bluetooth
мəзіріне кіріп, Philips TAA5205
бұйымын құрылғылар тізімінен алып
тастаңыз.
Bluetooth құрылғысының Bluetooth
функциясын өшіріңіз.
Көп функциялы сенсорды əрбір
қыстырма құлаққапта жеке-жеке >25
с түртіп, ұстап тұрыңыз.
Қыстырма құлаққаптарды зарядтау
қорапшасына қайта салып, қақпақты
жабыңыз.
«Қыстырма құлаққаптарды қолдану
– Қыстырма құлаққаптарды Bluetooth
құрылғысына жалғау» бөліміндегі
қадамдарды орындаңыз.
• Батарея заряды аз екені туралы
ескерту: қолжетімді
Ескертпе
• Сипаттамалар ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
Қыстырма құлаққаптарды Bluetooth
құрылғысымен жұптастырып,
мынаны таңдаңыз: Philips TAA5205.
KZ
7 Құлақтандыру
Сəйкестік мəлімдемесі
Осы құжатпен MMD Hong Kong Holding
Limited компаниясы осы өнім 2014/53/EU
директивасының негізгі талаптарына жəне
басқа тиісті ережелеріне сəйкес келетінін
мəлімдейді. Сəйкестік мəлімдемесін мына
сайттан көруге болады: www.p4c.philips.com.
Ескі өнімді жəне
батареяны қоқысқа тастау
Бұл өнім жоғары сапалы материалдар мен
құрамдас бөліктерді қолдана отырып
жобаланған жəне өндірілген, оларды қайта
өңдеуге жəне қайта қолдануға болады.
Ішкі батареяны шешіп алу
Еліңізде электрондық өнімдерді
жинау/қайта өңдеу жүйесі болмаса,
қыстырма құлаққапты қоқысқа тастаудан
бұрын, батареяны шешіп алып, оны қайта
өңдеуге тапсыру арқылы қоршаған ортаны
қорғай аласыз.
Өнімдегі осы таңба ол 2012/19/EU
Еуропа директивасында қамтылғанын
білдіреді.
Бұл таңба өнімде 2013/56/EU Еуропа
директивасы қамтитын, əдеттегі
тұрмыстық қалдықтармен бірге тастауға
болмайтын ішкі қайта зарядталатын
батарея бар екенін білдіреді. Қайта
зарядталатын батареяны маман шешіп
алуы үшін осы өнімді ресми жинау пунктіне
немесе Philips қызмет көрсету орталығына
апаруға қатаң кеңес береміз. Электр жəне
электрондық өнімдер мен қайта
зарядталатын батареяларды бөлек
жинайтын жергілікті жүйе туралы мəлімет
іздестіріңіз. Жергілікті ережелерді сақтап,
өнімді жəне қайта зарядталатын
батареяларды əдеттегі тұрмыстық
қалдықтармен бірге тастамаңыз. Ескі
өнімдер мен қайта зарядталатын
батареяларды дұрыс қоқысқа тастау
арқасында қоршаған орта мен адам
денсаулығына төнетін қауіптердің алдын
алуға көмектесуге болады.
• Батареяны шешіп алудан бұрын,
зарядтау қорапшасы USB
зарядтау кабелінен
ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
KZ
ЭМӨ талаптарына сəйкестік
Осы өнім электрмагниттік өрістердің
əсер етуіне қатысты барлық тиісті
стандарттар мен ережелерге сəйкес
келеді.
Қоршаған ортаға қатысты
ақпарат
Қажетсіз қаптама материалдарын
қолданбаймыз. Қаптаманы үш материалға
бөлуді жеңілдетуге тырыстық: картон
(қорап), көбікполистирол (аралық қабат)
жəне полиэтилен (қаптар, қорғайтын көбік
материал).
Жүйеңіз мамандырылған компания
бөлшектеген жағдайда қайта өңдеуге
жəне қайта қолдануға болатын
материалдардан тұрады. Қаптама
материалдарын, таусылған батареяларды
жəне ескі жабдықты қоқысқа тастауға
қатысты жергілікті ережелерді ұстаныңыз.
Сəйкестік туралы
құлақтандыру
Құрылғы FCC ережелерінің 15-бөліміне
сəйкес келеді. Қолдану үшін төмендегі екі
талап орындалуы тиіс:
1. Осы құрылғы зиянды кедергі
жасамауы тиіс жəне
2. Осы құрылғы түскен кез келген
кедергіні, оның ішінде жұмысына
жағымсыз əсер етуі мүмкін
кедергіні қабылдауы тиіс.
FCC ережелері
Осы жабдық сынақтардан өткізіліп, FCC
ережелерінің 15-бөлімінде көрсетілген В
сыныбындағы цифрлық құрылғыға
қойылатын шектеулерге сəйкес келетіні
анықталған. Осы шектеулер тұрғын
жерлерде зиянды кедергіден қисынды
деңгейдегі қорғанысты қамтамасыз ету
үшін белгіленген. Осы жабдық радиожиілік
қуатты түзеді, қолданады жəне
KZ
шығаруы мүмкін, сондықтан нұсқаулыққа
сəйкес орнатылмаған жəне қолданылмаған
жағдайда, радио байланысқа зиянды кедергі
жасауы мүмкін. Дегенмен белгілі бір
жағдайларда кедергі болмайтынына кепілдік
берілмейді. Осы жабдық қабылданатын
радио немесе теледидар сигналдарына
зиянды кедергі жасаса (оны өнімді
өшіріп-қосу арқылы тексеруге болады),
пайдаланушы төмендегі шаралардың біреуін
немесе бірнешесін қолдану арқылы кедергіні
жоюға əрекет жасағаны жөн:
• Қабылдағыш антеннаның бағдарын өзгерту
немесе оны басқа жерге қою.
• Жабдық пен қабылдағыш арасындағы
қашықтықты арттыру
• Жабдықты қабылдағыш жалғанып тұрған
электр тізбектен басқа тізбектегі розеткаға
жалғау.
• Дилерге немесе тəжірибелі
радио/теледидар маманына хабарласып,
көмек сұрау.
АҚШ Федералдық байланыс
комиссиясының (FCC) сəулелену əсеріне
қоятын талаптарына қатысты мəлімдеме:
Осы жабдық FCC ұйымының бақыланбайтын
орталардағы сəулелену əсеріне қоятын
шектеулеріне сəйкес келеді.
Осы таратқышты кез келген басқа
антеннамен немесе таратқышпен бір жерге
орналастыруға немесе бірге жұмыс істетуге
болмайды.
Сақ болыңыз: Пайдаланушыға сəйкестікке
жауапты тарап анық растамаған
өзгертулерді енгізу пайдаланушының
жабдықты қолдану құқығын жоюы мүмкін
екені туралы ескертіледі.
Канада:
Осы құрылғыда Канада Инновация, ғылым
жəне экономикалық даму министрлігінің
лицензия талап етілмейтін RSS
стандарттарына сəйкес келетін лицензия
талап етілмейтін
таратқыш(тар)/қабылдағыш(тар) бар.
Қолдану үшін төмендегі екі талап орындалуы
тиіс: (1) Осы құрылғы кедергі жасамауы тиіс.
(2) Осы құрылғы кез келген кедергіні, оның
ішінде құрылғы жұмысына жағымсыз əсер
етуі мүмкін кедергіні қабылдауы тиіс.
CAN ICES-3(B)/NMB-3(B)
Канада Өнеркəсіп министрлігінің
сəулелену əсеріне қоятын талаптарына
қатысты мəлімдеме:
Осы жабдық Канаданың бақыланбайтын
орталардағы сəулелену əсеріне қоятын
шектеулеріне сəйкес келеді.
Осы таратқышты кез келген басқа
антеннамен немесе таратқышпен бір
жерге орналастыруға немесе бірге
жұмыс істетуге болмайды.
KZ
8 Сауда
белгілері
Bluetooth
Bluetooth® сөз белгісі жəне логотиптері
— Bluetooth SIG, Inc. компаниясының
меншігіндегі тіркелген сауда белгілер
жəне MMD Hong Kong Holding Limited
компаниясы мұндай белгілерді кез
келген жерде лицензия бойынша
қолданады. Басқа сауда белгілері мен
сауда атаулары тиісті иелерінің жеке
меншігінде.
Siri
Siri — Apple Inc. компаниясының
АҚШ-та жəне басқа елдерде тіркелген
сауда белгісі.
Google
Google жəне Google Play — Google LLC.
компаниясының сауда белгілері.
KZ
9 Жиі
қойылатын
сұрақтар
Bluetooth гарнитурасы қосылмайды.
Батарея заряды аз. Гарнитураны
зарядтаңыз.
Bluetooth гарнитурасын Bluetooth
құрылғысымен жұптастыру мүмкін емес.
Bluetooth функциясы өшірілген. Bluetooth
құрылғысында Bluetooth функциясын іске
қосып, Bluetooth құрылғысын гарнитурадан
бұрын қосыңыз.
Bluetooth гарнитурасы Bluetooth стерео
функциясы қосылған мобильді
телефонға жалғанып тұр, бірақ музыка
тек мобильді телефон динамигі
арқылы ойнатылады.
Мобильді телефонның пайдаланушы
нұсқаулығын қараңыз. Музыканы
гарнитура арқылы тыңдауды таңдаңыз.
Аудио сапасы нашар жəне шыртылдаған
шу естіледі.
• Bluetooth құрылғысы сигнал
ауқымынан тыс жерде. Гарнитура пен
Bluetooth құрылғысының арасындағы
қашықтықты азайтыңыз немесе
олардың арасындағы кедергілерді
алып тастаңыз.
• Гарнитураны зарядтаңыз.
Жұптастыру жұмыс істемейді.
• Қыстырма Құлаққаптардың екеуін де
зарядтау қорапшасына салыңыз.
• Бұрын жалғанған барлық Bluetooth
құрылғыларының Bluetooth функциясын
өшіргеніңізге көз жеткізіңіз.
• Bluetooth құрылғыңызда Bluetooth
тізімінен «Philips TAA5205» құрылғысын
жойыңыз.
• Гарнитураны жұптастырыңыз (6-беттегі
«Гарнитураны Bluetooth құрылғысымен
алғаш рет жұптастыру» бөлімін
қараңыз).
Bluetooth құрылғысы гарнитураны
таппайды.
• Гарнитура одан бұрын жұптастырылған
құрылғыға жалғанып тұруы мүмкін.
Жалғанған құрылғыны өшіріңіз немесе
сигнал ауқымынан тыс жерге апарыңыз.
• Жұптастыру бастапқы қалпына
келтірілген болуы мүмкін немесе
гарнитура одан бұрын басқа құрылғымен
жұптастырылған болуы мүмкін.
Гарнитураны Bluetooth құрылғысымен
пайдаланушы нұсқаулығында
сипатталғандай қайта жұптастырыңыз.
(6-беттегі «Гарнитураны Bluetooth
құрылғысымен алғаш рет жұптастыру»
бөлімін қараңыз).
Мобильді телефоннан ағынмен
таратқан кезде, аудио сапасы нашар
болады немесе аудио ағын мүлде
жұмыс істемейді.
Мобильді телефон (моно) HSP/HFP
профилін ғана емес, A2DP профилін де
қолдайтынына жəне BT4.0x (не одан
кейінгі) нұсқасымен үйлесімді екеніне көз
жеткізіңіз (10-беттегі «Техникалық
деректер» бөлімін қараңыз).
KZ
Philips жəне Philips қалқан эмблемасы — Koninklijke Philips N.V.
компаниясының тіркелген сауда белгілері жəне олар лицензия бойынша
қолданылады. Бұл өнімді MMD Hong Kong Holding Limited немесе оның
еншілес компанияларының бірі өндірген жəне соның жауапкершілігімен
сатылады, сондай-ақ MMD Hong Kong Holding Limited компаниясы осы
өнімнің кепілгері ретінде əрекет етеді.
UM_TAA5205_00_KZ_V1.0
Loading...
+ hidden pages
You need points to download manuals.
1 point = 1 manual.
You can buy points or you can get point for every manual you upload.