Indesit IWSB 5085 User manual

Пайдалану жөніндегі нұсқаулық
КІР ЖУҒЫШ МАШИНА CIS
ҚАЗАҚША, 1
Мазмұны Орнату, 2-3
Орамасынан шығару және тегістеу Су құбырына және электр желісіне қосу Кір жуудың бірінші циклі Техникалық сипаттамалары
Кір жуғыш машинаның және программаларды іске қосу тәртібінің сипаттамасы, 4-5
Басқару панелі Индикаторлар Программаларды іске қосу тәртібі
Программалар, 6
Программалар кестесі
Персонализацияланған бейімдеулер, 7
Температураны реттеу Қосымша функциялар
Жуғыш құралдар және кір бұйымдар типтері, 8
Жуғыш құралдарды бӛлгіш Ағарту Кір бұйымдарды дайындау Абайлап жууды талап ететін бұйымдар Кір бұйымдарды теңестіру жүйесі
Сақтандырулар мен ұсыныстар, 9
Қауіпсіздікке қойылатын жалпы талаптар Утильдеу
Техникалық қызмет көрсету және күтім жасау, 10
Су мен электр қуатын ӛшіру Кір жуғыш машинаға күтім жасау Жуғыш құралдарды бӛлгішке күтім жасау Машина есігіне және барабанға күтім жасау Насосқа күтім жасау Су құйғыш шлангіні тексеру
Ақауларды іздеу және оларды жою тәсілдері, 11
Сервистік қызмет көрсету, 12
Орнату
! Бұл нұсқаулықты сақтаңыз. Ол кір жуғыш машинаны сатып алған, берген немесе жаңа пәтерге кӛшкен
жағдайларда жабдықпен бірге болуы қажет, яғни жаңа иесі оның жұмыс істеу және оған қызмет кӛрсету
ережелерімен таныса алатын болуы керек.
! Нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз: онда кір жуғыш машинаны орнату мен пайдалану қауіпсіздігі туралы
маңызды мәліметтер берілген.
Орамасынан шығару және тегістеу
Орамасынан шығару
1. Кір жуғыш машинаны орамасынан шығарыңыз.
2. Жабдықтың тасымалдау кезінде бүлінбегеніне кӛз жеткізіңіз. Бүлінген болса – машинаны қоспаңыз – тез арада жеткізушімен хабарласыңыз. 3 . Кір жуғыш машинаның артқы жағында орналасқан тӛрт тасымалдау винті мен тӛсемесі бар резеңке тығындарды алып тастаңыз (сур. қара.).
4. Тесіктерді қоса берілген пластик тығындарымен жабыңыз.
5. Барлық бӛлшектерін сақтаңыз: олар кір жуғыш машинаны тағы да тасымалдағанда қажет болады.
! Балалардың орама материалдармен ойнауына рұқсат етпеңіз.
Тегістеу
1. Кір жуғыш машинаны тегіс және мықты еденге, ол қабырғаға, жиһазға немесе басқа нәрселерге тимейтіндей етіп, орналастырыңыз.
2. Машинаны орнатқаннан кейін оның алдыңғы аяқтарын бұрау арқылы тұрақтандырыңыз (сур. қара.).
Ол үшін әуелі контргайканы босату керек, бейімдеп болғаннан кейін контргайканы қайтара тартып қойыңыз. Машинаны орнатқаннан кейін корпустың жоғарғы қақпағының тегістік деңгейін тексеріңіз, кӛлденеңдігінің
ауытқуы 2°-тан артық болмауы керек.
Жабдықты дұрыс тегістеп қою шудан, дірілден және машина жұмыс істеп тұрған кезде орнынан қозғалудан
арылуға кӛмектеседі.
Егер кір жуғыш машина кілем тӛселген еденде тұрған болса, оның түбінің кілемнен жоғары тұрғандығына
кӛз жеткізіңіз. Керісінше жағдайда, желдетілуі қиындайды немесе мүлде тоқтап қалады.
Су құбырына және электр желісіне қосу
Су құйғыш шлангіні қосу
1. А тӛсемесін су құйғыш шлангінің ұшына қойып, оны суық су құбырының 3/4 дюймдік бұрандалы тесігіне кигізіңіз (сур. қара.).
Қосар алдында су құбырының шүмегін ашып, лас суды ағызып жіберіңіз.
2. Су құйғыш шлангіні кір жуғыш машинаға қосыңыз, ол үшін оны машинаның артында оң жақ жоғарысында орналасқан су қабылдағышқа бұрап қосыңыз (сур.қара.).
3. Шлангінің қатты бұралмағанына және қысылып қалмағанына кӛз жеткізіңіз.
! Су қысымы Техникалық сипаттамалар кестесінде кӛрсетілген мәндер шегінде болу керек. (3-бетті қара).
! Егер су құбыры шлангінің ұзындығы жеткіліксіз болса, Авторландырылған қызмет кӛрсету орталығына
хабарласыңыз.
! Бұрын қолданыста болған шлангілерді ешқашан пайдаланбаңыз.
Су ағызғыш шлангіні қосу
Су ағызғыш шлангінің бүгілген ұшын раковинаның жиегіне іліңіз немесе канализацияның арнайы тесігіне
орналастырыңыз. Шланг қатты бүгіліп кетпесін. Су ағызғыш шлангінің жоғарғы нүктесі еденнен 65-100 см
биіктікте орналасу керек. Су ағызғыш шлангінің орналасуы суды ағызған кезде ағынның үзіліп отыруын
қамтамасыз ету қажет (шлангінің ұшы суға салынбауы керек).
Ваннаның немесе раковинаның жиегіне бекіткен жағдайда, шланг шүмекке бекітілетін бағыттаушының
кӛмегімен ілінеді (жеткізу жиынтығына кіреді) (сур.).
! Су ағызғыш шлангі үшін ұзартқыштарды пайдаланбаған жӛн, қажет болған жағдайда, оны сондай
диаметрлі және ұзындығы 150 см-ден артық емес шлангімен ұзартуға рұқсат етіледі.
Электр желісіне қосу
Назар аударыңыз! Жабдық міндетті түрде жерге қосылуы керек!
1. Машина электр желісіне жерге қосылған түйіспесі бар екі полюсты розетканың кӛмегімен қосылады (розетка машинамен бірге берілмейді). Фазалық сым желінің 16 А максималды тогына (іске қосылу тогы) есептелген және іске қосылу уақыты 0,1 с. артық емес қорғаныс автоматы арқылы қосылуы қажет.
2. Машинаны орнататын орынға жақын жерде 1,5 кв. мм-ден кем емес қимасы бар (немесе 2,5 вк. мм-ден кем
емес қималы алюминий тарамы бар) жез тарамды үш сымдық кабелі бар жерге қосылған түйіспелі розетка болатын болса, электр желісін ӛңдеу қажет етілмейді. Кӛрсетілген розетка мен сым болмаған жағдайда, оларды
монтаждау керек.
3. Жерге жеке сыммен қосуға рұқсат етілмейді.
4. Электр желісін қажетті дәрежеге жеткізу үшін ППВ 3х1,5 380 ГОСТ 6223-79 типті сымдарды пайдалану
ұсынылады. Кабельдердің машинаны пайдалану барысында ӛрт және электр қауіпсіздігімен қамтамасыз ете
алатын басқа да маркаларын пайдалануға рұқсат етіледі.
Машинаны желіге қосар алдында төмендегілерге көз жеткізіңіз:
�розетка мен сым нұсқаулықтың осы бӛлімінде кӛрсетілген талаптарға сәйкес келеді; � желі тогының кернеуі мен жиілігі машина деректеріне сәйкес келеді; �розетка мен аша бір типті; �розетка нұсқаулықтың осы бӛлімінде сипатталған қауіпсіздік нормаларына сәйкес жерге қосылған.
Егер аша розеткаға сәйкес келмейтін болса, оны розеткаға сәйкес келетін жаңасына ауыстыру керек, немесе қоректендіруші кабельді ауыстыру қажет. Кабельді ауыстыруды тек білікті мамандар ғана жүргізу керек.
Ауыстырғыштарды, екілік және одан да кӛптік розеткаларды, ұзартқыштарды пайдалануға тыйым салынады (олар
ӛрт шығу қаупін тудырады. Егер Сіз оларды пайдалану ӛте қажет деп есептейтін болсаңыз, қауіпсіздік талаптарын қанағаттандыратын бір ғана ұзартқышты пайдаланыңыз.
Осы нұсқаулықта баяндалған, үлкен қуатты тұрмыстық аспаптарға қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзу
арқылы қосылған жабдық потенциалды түрде қауіпті болып табылады. Егер көрсетілген орнату нормаларын
бұзу нәтижесінде денсаулыққа немесе мүлікке залал келтірілетін болса, өндіруші ол үшін жауапкершілік
жүктемейді..
Кір жуудың бірінші циклі
Машинаны орнатып болғаннан кейін, оны пайдаланар алдында кір жуғыш ұнтақ қосып, бірақ кір бұйымдар
салмай, кір жуудың бірінші циклін алдын ала кір жуусыз 90°C программасымен жүргізу керек.
Техникалық сипаттамалары Моделі IWSB 5085 Көлемі ені 59,5 см
биіктігі 85 см тереңдігі 40 см
Толтыру 1 - 5 кг Электрлік
параметрлері машинадағы электрлік параметрлері кӛрсетілген паспорттық табличканы қараңыз Гидравликалық
параметрлері max қысым 1 Мпа (10 бар)
min қысым 0,05 Мпа (0,5 бар) барабанның кӛлемі 40 л
Сығу жылдамдығы 800 мин/айн дейін
EN 60456
нормативіне сәйкес бақылау программалары программа 2; температура 60°C;
5 кг дейін толтырған кезде.
Машина Еуропалық Экономикалық қауымдастықтың мынадай Директиваларына сәйкес келеді:
- 89/336 /ЕЕС, 03.05.89 (электромагниттік үйлесімділік) және келесі модификациялаулар - 2006/95/CE (тӛмен кернеулі)
Loading...
+ 11 hidden pages