Пайдалану нұсқаулығы, 1
Сақтық шаралары мен кеңес, 2-3
Орнату, 4-5
Өнім парақшасы, 6
Құрылғы сипаттамасы, 7
Тазаланған тұз және шаюға көмекші зат, 8
Тартпаларға жүктеу, 9-10
Жуғыш зат пен ыдыс жуу машинасын қолдану, 11
Жуу циклдары, 12
Арнайы жуу циклдары мен опциялары, 13
Күтім және техникалық қызмет көрсету, 14
Ақаулықтарды жою, 15
Көмек, 16
1
Page 2
Сақтық шаралары мен кеңес
KZ
Бұл құрылғы халықаралық қауіпсіздік
стандарттарына сай өңделіп шығарылған.
Төмендегі ақпарат қауіпсіздік мақсатында
берілген, сондықтан оны мұқият оқып
шығу қажет.
Бұл нұсқаулықты кейін қарау үшін жоғалып
қалмайтындай бір жерге сақтап қойыңыз.
Құрылғы сатылса, тегін берілсе немесе
жылжытылса, нұсқаулық машинамен бірге
болатынын қамтамасыз етіңіз.
Нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз,
себебі олардың ішінде қауіпсіз түрде
орнату, қолдану және техникалық қызмет
көрсету туралы маңызды ақпарат берілген.
Бұл құрылғы үйде немесе соған ұқсас
жағдайда қолдануға арналған, мысалы:
- фермадағы үйлер;
- қонақ үйлеріндегі, мотельдердегі және
басқа да қонақ күту орындарындағы
қонақтардың пайдалануы үшін;
- кіші қонақ үйлерінде.
Құрылғыны барлық орамасынан
босатыңыз және ол тасымалдау
кезінде зақымдалмағанын тексеріңіз.
Ол зақымдалған болса, сатушыға
хабарласыңыз және орнату үдерісін
тоқтатыңыз.
Жалпы қауіпсіздік
• Құрылғыны қауіпсіз түрде қолдану
бойынша жауапты адам нұсқау бермеген
не жақсылап бақыламаған я оған
қатысты қауіптер туралы хабарламаған
жағдайда, 8 жасқа толмаған балалар,
физикалық, сезімталдық және
психикалық қабілеттері төмен адамдар
немесе өнімнен хабары жоқ тәжірибесіз
адамдар құрылғыны қолданбауы тиіс.
• Балаларға құрылғымен ойнауға
болмайды.
• Құрылғыны тазалау және оған
күтім көрсету пайдаланушының
жауапкершілігіне жатады. Балалар
бақылаусыз құрылғыны тазаламауы не
оған күтім көрсетпеуі керек.
• Құрылғы үйде қолдануға арналған,
оны коммерциялық немесе өндірістік
тұрғыда қолдануға болмайды.
• Құрылғы үйдегі ыдыс-аяқты осы
нұсқаулықтағы нұсқауларға сәйкес жуу
үшін қолданылуға арналған.
• Жабық жер болса да, құрылғыны сыртта
қолданбау қажет. Құрылғыны жауын мен
найзағай астында қалдыру өте қауіпті
• Жалаң аяқ болған кезде құрылғыға
тимеңіз.
• Құрылғыны токтан ажыратқан кезде,
розеткадан әрдайым айырынан ұстап
тартыңыз. Кабелінен ұстап тартпаңыз.
• Құрылғыны тазаламас немесе кез келген
қызмет көрсету жұмысын орындамас
бұрын және әр циклдан кейін су шүмегін
жабу және айырды розеткадан ағыту
керек.
• Орын параметрлерінің ең көп саны өнім
парағында көрсетілген.
• Құрылғы бұзылып қалса, ешбір жағдайда
өз бетіңізбен жөндеу мақсатында ішкі
бөліктерге тиюші болмаңыз.
• Ашық тұрған есікке сүйенбеңіз немесе
оған отырмаңыз: бұл құрылғыны
аударып түсуі мүмкін.
• Есікті ашық қалдырып кетуге болмайды,
себебі ол қауіпті кедергі болып табылады.
• Жуғыш зат пен шаюға көмекші затты
балалардан аулақ ұстаңыз.
• Орама материалын ойыншық ретінде
қолдануға болмайды.
• Өткір жиектері бар пышақтар мен басқа
құралдардың ұштарын/жүздерін төмен
қаратып ыдыс-аяқ себетіне салынуы
керек немесе көлденеңінен қайырмалы
бөліктерге, я болмаса тартпаға/үшінші
себетке (бар болса) қою керек.
• Құрылғыны бірге берілген жаңа
құбыршекпен су желісіне жалғаңыз.
Ескі құбыршекті қолданбаңыз.
• Қаптау материалдарын тастағанда
оларды қайта пайдалану мүмкін болуы
үшін, жергілікті заңдарды сақтаңыз.
• Электр және электроникалық
құралдардың қалдықтарына
(WEEE) қатысты 2012/19/EU Еуропа
заңнамасына сәйкес үй құрылғылары
қалыпты толық қалалық қалдық
айналымын пайдаланып жойылмауы
2
Page 3
тиіс. Қоршаған орта мен халық
денсаулығына тиетін зиянның алдын
ала отырып, жарамсыз құрылғылар
қайта пайдалану мен машина
ішіндегі материалдарды өңдеу құнын
оңтайландыру мақсатында бөлек
жиналуы керек. Барлық өнімдердегі
сызылған қоқыс жәшігінің таңбасы өнім
иелерінің бөлектелген қоқыс жинауға
қатысты міндетін еске салады.
Үй құрылғыларын тиісті түрде қоқысқа
тастау туралы қосымша ақпарат алу
үшін ие адамдар тиісті мекемеге
немесе жергілікті құрылғы сатушысына
хабарласуы мүмкін.
Қуатты үнемдеу және қоршаған
ортаны құрметтеу
Су мен қуатты үнемдеу
• Ыдыс жуу машинасы толған кезде
ғана жуу циклын бастаңыз. Ыдыс жуу
машинасының толуын күтіп тұрғанда
жағымсыз иістердің алдын алыңыз
болса, «Жуу циклдары» бөлімін қараңыз)
• «Жуу циклдары» кестесін пайдалана
отырып, ыдыс-аяқ түріне және ластану
дәрежесіне қолайлы жуу циклын
таңдаңыз:
- Орташа ластанған ыдыстар үшін Эко
жуу циклын пайдаланыңыз, ол қуат пен
судың төмен деңгейі қолданылатынын
қамтамасыз етеді.
- Жүктеме әдеттегіден аз болса,
Жартылай жүктеу опциясын
жуу циклдары мен опциялары» бөлімін қараңыз
(бар болса)).
• Егер ток жеткізу келісім-шартында токты
үнемдеуге арналған уақыт аралықтары
болса, төмен баға қолданылатын кезде
жуу циклдарын орындаңыз. КЕШІКТІРІП
БАСТАУ опциясы жуу циклдарын тиісті
түрде реттеуге көмектесе алады
жуу циклдары мен опциялары» бөлімін қараңыз (бар
болса)).
(бар
.
(«Арнайы
(
«Арнайы
KZ
3
Page 4
Орнату
KZ
Құрылғыны жылжыту керек болса, оны тік ұстаңыз;
аса қажет болса, оны артқа қарай еңкейтуге болады.
Су желісіне қосу
Орнату үшін су жеткізу жүйесін тек білікті маман
орындауы тиіс.
Ең қолайлы түрде орнату үшін судың кіріс және шығыс
түтіктерін құрылғының оң немесе сол жағынан өткізуге
болады.
Ыдыс жуу машинасы түтіктерді майыстырып немесе
басып тұрмағанына көз жеткізіңіз.
Судың кіріс түтігін жалғау
• 3/4" суық не ыстық су қосылатын жерге (ең көбі 60 °С).
• Толығымен тазарғанша суды ағызып қойыңыз.
• Кіріс түтікті орнына мықтап бұрап, шүмекті жабыңыз.
Кіріс түтігінің ұзындығы жеткіліксіз болса,
мамандырылған дүкенге немесе куәландырылған
маманға хабарласыңыз
Судың қысымы Техникалық деректер кестесінде
көрсетілген мәндер аралығында болуы тиіс — әйтпесе,
ыдыс жуу машинасы дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
Түтік майыстырылмағанына немесе басылмағанына
көз жеткізіңіз.
(«Көмек» бөлімін қараңыз)
.
Судың шығыс түтігін жалғау
Шығыс түтікті диаметрі кем дегенде 2 см су ағызу
құбырына жалғаңыз. (А)
Шығыс түтігі қосылған жер еденнен немесе ыдыс жуу
машинасы тұрған беттен 40–80 см қашықтықта болуы тиіс.
ЕСКЕРТУ: ҚАУІПТІ КЕРНЕУ!
Судың кіріс түтігін ешбір жағдайда қиюшы болмаңыз,
себебі онда ток өтетін электр бөліктер бар.
Токқа жалғау
Айырды розеткаға қоспас бұрын, мына жағдайларға көз
жеткізіңіз:
• Розетка жерге тұйықталған және ағымдағы ережелерге
сәйкес келеді.
• розетка құрылғының ең көп қуатына шыдай алады.
Бұл мән есіктің ішкі жағында орналасқан деректер
тілімшесінде көрсетілген
(«Құрылғы сипаттамасы» тарауын қараңыз);
• Ток желісінің кернеуі деректер тілімшесінде көрсетілген
мәндер ауқымында жатыр.
• Розетка құрылғының штепсельдік ұшына сәйкес келеді.
Олай болмаса, куәландырылған маманды шақыртып,
айырды ауыстырыңыз (
Ұзарту кабельдерін немесе бірнеше розетканы
қолданбаңыз.
Құрылғы орнатылғаннан кейін, ток сымы мен розеткаға
оңай қол жеткізу мүмкін болуы тиіс.
Сымды майыстыруға немесе оған қысым салуға
болмайды.
Ток сымы зақымдалса, барлық ықтимал қатерлерден
сақтану үшін оны өндіруші немесе оның өкілетті
Техникалық көмек көрсету қызметі ауыстыруы керек.
(«Көмек» бөлімін қараңыз)
Бұл ережелер орындалмаса, Компания кез келген
жағымсыз оқиғаларға жауапты болмайды.
«Көмек» бөлімін қараңыз
).
MAX 80 cm
MIN 40 cm
Судың шығыс түтігін шұңғылшаның ағызу түтігіне қоспас
бұрын, пластикалық тығынды алып тастаңыз (В).
Су алып кетуден қорғау
Су алып кетуіне жол бермеу үшін, ыдыс жуу машинасы:
- қалыпсыз жағдайларда немесе құрылғының ішінен су
ағып кеткен кезде су көзін бұғаттайтын арнайы жүйемен
жабдықталған.
Сондай-ақ, кейбір үлгілер New Acqua Stop* деп аталатын
қосымша қауіпсіздік құралымен жабдықталған, ол тіпті
кіріс түтігінің жыртылып кеткенінде де су алып кетуден
қорғайды.
* Тек кейбір үлгілерде бар.
Орналастыру және түзулеу
1. Ыдыс жуу машинасын тегіс әрі қалыпты еденге
орналастырыңыз. Еден тегіс болмаса, құрылғының
алдыңғы аяқтарын реттеп, оны көлденең қалыпқа
жеткізуге болады. Құрылғы дұрыс түзуленсе, ол қалыпты
болады және жұмыс істеп тұрған кезде жылжу немесе
діріл мен шуыл шығару мүмкіндігі аз болады.
2. Ыдыс жуу машинасын орнына орналастырмас бұрын,
есікті ашып, түзілуі мүмкін конденсациядан қорғау
үшін желімді мөлдір лентаны* ағаш тартпаның астына
жабыстырыңыз.
3. Ыдыс жуу машинасының жандары немесе артқы панелі
жақындағы шкафтармен немесе қабырғамен тиетіндей
түрде орналастырыңыз. Бұл құрылғыны тіпті бір үстелдің
үстіңгі тақтайының астына да кіргізуге болады*
бойынша нұсқаулық парағын қараңыз)
4* . Артқы аяқтың биіктігін реттеу үшін ыдыс жуу
машинасының құрылғының алдыңғы жағындағы төменгі
орта бөлігінде 8 мм тесігі бар алты бұрышты гайка кілтін
(қызыл түсті) бұраңыз. Сағат тілі бағытымен бұрсаңыз
биіктік артады, ал сағат тіліне қарсы бағытта бұрсаңыз,
биіктік азаяды.
(осы құжаттамада берілген Ендіру
.
нұсқаулығын қараңыз)
(Орнату
4
Page 5
Бірінші жуу циклына қатысты кеңес
Орнатқаннан кейін тартпалардан тығындарды
жоғарғы тартпада қалған эластикалық элементтерді алып
тастаңыз.
(бар болса)
Су жұмсартқышының параметрлері
Алғашқы жуу циклын бастамас бұрын су желісінен
келетін судың қаттылық деңгейін орнатыңыз.
(«Шаюға
көмекші зат және тазаланған тұз» тарауын қараңыз).
Алдымен су құйылған жұмсартқыш ыдысын салыңыз,
одан кейін шамамен 1 кг тұз қосыңыз. Су асып, ағып
кетсе, ештеңе етпейді.
Бұл процедура аяқталар-аяқталмас жуу циклын іске
қосыңыз.
Ыдыс жуу машиналарына арналып жасалған тұзды ғана
қолданыңыз.
Тұз машинаға құйылғаннан кейін, ТҰЗ АЗ индикатор
шамы* сөнеді.
Тұз контейнері толтырылмаса, нәтижесінде су
жұмсартқышы мен жылыту бөлігі зақымдалуы мүмкін.
Құрылғыда пайдаланушыға пәрмен қолданылғанын
білдіруге арналған сигнал/үндер жиыны бар
,
машинасының үлгісіне байланысты
Басқару тақтасындағы/дисплейдегі таңбалардың/
индикатор шамдарының/диодтардың түсі әр түрлі және
жыпылықтай немесе тұрақты жарығы болуы мүмкін
(ыдыс жуу машинасының үлгісіне байланысты)
Дисплейде жуу циклының түрі, кептіру/жуу циклының
кезеңі, қалған уақыт, температура және т.б. қатысты
пайдалы ақпарат беріледі.
): қосу, цикл соңы, т.б.
(ыдысы жуу
.
KZ
* Тек кейбір үлгілерде бар.
5
Page 6
KZ
Құрал:Ыдыс жуу машинасы
Сауда атауы
Өндірушінің сауда белгісі
ҮлгіLSTF 7B019
ДайындағанIndesit Company
Өндірілген еліПольшада жасалған
Сыйымдылығы
Өлшемдері
Ток желісіндегі кернеудің немесе кернеулер
ауқымының номиналды мәні
Электр токтың стандартты түрі немесе
айнымалы токтың номиналды жиілігі
Су қысымы
СақтандырғышЖабдықтың техникалық деректер кестесін қараңыз
Жуу сыныбы
Кептіру сыныбыA
Қуат тұтыну сыныбыA
Электр ток тұтынуы0,83 кВт/сағат
Стандартты жуу циклының су тұтынуы10 литр
Электр токтан қорғау сыныбыI қорғау сыныбы
10 дастархан жабдығы
Ені 44,5 см
Биіктігі 82 см
Тереңдігі 55 см
220-240 В ~
50 Гц
0,05-1 МПа (0,5-10 бар) 7,25-145 фунт/шаршы дюйм
A
Қарастырылудағы құрал бойынша сәйкестік
куәліктері туралы қосымша ақпарат немесе сәйкестік
куәлігінің көшірмесі қажет болса, cert.rus@indesit.com
электрондық пошта мекенжайына сұрау жіберуіңізге
болады.
Осы құралдың өндірілген күнін штрих-кодта
көрсетілген сериялық нөмірден табуға болады (S/N
XXXXXXXXX * XXXXXXXXXXX), яғни:
Өндіруші:
Импорттаушы:
Сұрақтарыңыз бар болса, мына мекенжайға
хабарласыңыз (Ресейде):
Жабдық төмендегі Еуропа экономикалық
қауымдастығының директиваларына сәйкес келеді:
- 2012/19/ЕU («Қоқыс электр және электрондық жабдық»)
«Орама мен оның бөлшектері тағамға тимеуі тиіс»
- Сериялық нөмірдегі 1-сан жылдың соңғы санын білдіреді.
- Сериялық нөмірдегі 2- және 3-сан айдың реттік нөмірін
білдіреді.
- Сериялық нөмірдегі 4- және 5-сан айтылған ай мен
жылдың күнін білдіреді.
Indesit Company S.p.A.
Viale A. Merloni 47, 60044 Fabriano (AN), Италия
ООО Indesit RUS
01.01.2011 күніне дейін: Павильон 46, ВВЦ, проспект
Мира, 129223 Мәскеу, Ресей
01.01.2011 күнінен кейін: корпус 1, 12-үй, Двинцев көшесі,
127018 Мәскеу, Ресей
6
Page 7
Құрылғы сипаттамасы
Жалпы шолу
KZ
1. Жоғарғы тартпа
2. Жоғарғы тозаңдатқыш өзекше
3. Қайырмалы бөлімшелер
4. Тартпаның биіктігін реттеу құралы
5. Төменгі тартпа
6. Төменгі тозаңдатқыш өзекше
7. Ыдыс-аяқ себеті
8. Жуу сүзгісі
9. Тұз диспенсері
10. Жуғыш зат пен шаюға көмекші зат диспенсерлері
11. Деректер тілімшесі
12. Басқару тақтасы***
Басқару тақтасы
Жуу циклын
таңдау түймесі
Қосу/өшіру/қайта
орнату түймесі және
индикатор шамдары
«Шаюға көмекші зат
аз» индикатор шамы
Тұз аз индикатор шамы
Жуу циклдарының саны Қалған уақыт индикаторы
Кешіктіріп бастау
опциясының
индикатор шамы
Бірнеше функциясы бар таблеткалар
опциясының түймесі және индикатор
шамдары (Tabs)
Жартылай жүктеу опциясының түймесі
Кешіктіріп бастау түймесі
Жартылай жүктеу
опциясының индикатор шамы
*** Тек толығымен ішке салынатын үлгілерде * Тек кейбір үлгілерде бар.
Ыдыс жуу машинасының үлгісіне байланысты жуу циклдарының саны мен түрі және опциялар әртүрлі
болуы мүмкін.
7
Page 8
Тазаланған тұз және шаюға
көмекші зат
KZ
Ыдыс жуу машиналарына арналып жасалған
өнімдерді ғана қолданыңыз. Ас тұзын немесе техникалық
тұзды қолдануға болмайды.
Орамада берілген нұсқауларды орындаңыз.
Көп функциялы өнім қолданылса, бәрбір тұз қосқан
жөн, әсіресе су қатты немесе өте қатты болса.
берілген нұсқауларды орындаңыз.)
Тұз немесе шаюға көмекші затты қоспасаңыз, ТҰЗ АЗ*
және ШАЮҒА КӨМЕКШІ ЗАТ АЗ* индикатор шамдары
жанып тұра береді.
(Орамада
Тазаланған тұзды өлшеу
Тұз қолданылса, ыдыста және құрылғының функциялық
құрамдас бөліктерінде ҚАҚ түзілмейді.
• Тұз диспенсері ешқашан бос болмауы керек.
• Су қаттылығын орнату маңызды.
Тұз диспенсері ыдыс жуу машинасының төменгі бөлігінде
орналасқан
жағдайларда толтырылуы тиіс:
• ШАЮҒА КӨМЕКШІ ЗАТ АЗ индикатор шамы басқару
тақтасында жанған кезде *;
• Тұз диспенсерінің қақпағында жасыл қалтқы* көрінбей
кеткен кезде.
• Су қаттылығының кестесіндегі автономдықты қараңыз.
ағып кетсе ештеңе етпейді.
4. Воронка алып тастап, тесікте қалып қойған тұзды сүртіп
алыңыз; қақпақты су ағынында шайып, орнына бұраңыз.
Контейнерге тұз қосқан сайын бұл процедураны орындаған
жөн.
Жуу циклы барысында контейнерге жуғыш зат кіріп
кетпейтіндей қақпақ мықтап жабылғанына көз жеткізіңіз
(әйтпесе, су жұмсартқышы жөндеуге келмейтіндей бұзылуы
мүмкін).
Тұз қосу процедурасын жуу циклы басталмай тұрып
орындаған жөн.
Судың қаттылығын орнату
Су жұмсартқышы тиісті түрде жұмыс істеуі үшін су қаттылығын
үйіңіздегі мәнге сәйкес орнату маңызды. Бұл ақпаратты
жергілікті су жеткізушіден сұраңыз. Зауытта орташа су
• P түймесін сигнал естілгенше 5 секунд басып тұрыңыз.
• Оны Қосу/өшіру түймесімен қосыңыз
• Таңдалған ағымдағы деңгей нөмірі мен тұз индикаторының
шамы жыпылықтайды.
• Қажетті қаттылық деңгейін таңдау үшін P түймесін басыңыз
(қаттылық кестесін қараңыз).
(«Сипаттама» бөлімін қараңыз)
1. Төменгі тартпаны шығарып алып,
контейнер қақпағын бұрап шығарып
алыңыз (сағат тіліне қарсы бағытта).
2. Мұны тек бірінші рет орындаған
кезде: су диспенсерін мойнына
дейін толтырыңыз.
3. Воронканы орналастырып
(суретті қараңыз)
шетіне дейін толтырыңыз (оған
шамамен 1 кг сыюы тиіс); біраз су
, тұз контейнерін
және мына
• Оны Қосу/өшіру түймесімен өшіріңіз
• Орнату аяқталды!
Орташа автономдық
Су қаттылығының кестесі
деңгей°dH°fHммоль/лай
10 - 60 - 100 - 17 ай
2 6 - 11 11 - 201,1 - 25 ай
3 12 - 17 21 - 302,1 - 33 ай
4 17 - 34 31 - 603,1 - 62 ай
34 - 50 61 - 906,1 - 92/3 апта
5*
0°f мен 10°f аралығындағы мәндер үшін тұзды қолдану
* ұсынылмайды. «5» параметрі цикл мерзімін ұзартуы мүмкін.
(°dH = Герман дәрежелерінде өлшенген қаттылық - °f =
Франсуз дәрежелерінде өлшенген қаттылық – ммоль/л = бір
литрдегі миллимоль)
күніне 1 жуу циклы
орындалған жағдайдағы
тұз диспенсері
Шаюға көмекші затты өлшеу
Шаюға көмекші зат ыдыстың КЕБУІНЕ көмектеседі. Шаюға
көмекші зат диспенсері мына жағдайларда толтырылуы тиіс:
• ШАЮҒА КӨМЕКШІ ЗАТ АЗ индикатор шамы тақтада/
дисплейде жанған кезде *;
• Диспенсер есігіндегі “E” қою түсті оптикалық индикатор*
мөлдірленген кезде.
1. Қақпақты (G ) сағат тіліне
қарсы бағытта бұрау арқылы
диспенсерді ашыңыз.
2. Диспенсерден толып ағып
кетпеуіне назар аудара отырып,
шаюға көмекші затты құйыңыз.
Бұл орын алса, төгілген
сұйықтықты құрғақ шүберекпен
дереу сүртіп алыңыз.
3. Қақпақты орнына бұраңыз.
Шаюға көмекші затты құрылғының ішіне тікелей
ЕШҚАШАН құюшы болмаңыз.
Шаюға көмекші заттың мөлшерін реттеу
Кептіру нәтижесіне толығымен қанағат болмасаңыз,
қолданылатын шаюға көмекші заттың мөлшерін реттеуіңізге
болады. “F” реттегішін бұраңыз. Ыдыс жуу машинасының
үлгісіне байланысты ең көбі 4 деңгей орнатуға болады.
Зауытта орташа деңгейге орнатылады.
• Ыдыс-аяқта көкшіл сызықтар бар болса, төменірек санды
орнатыңыз (1-2).
• Ыдыс-аяқта су тамшылары немесе қақ дақтары болса,
жоғары санды орнатыңыз (3-4).
* Тек кейбір үлгілерде бар.
8
Page 9
Тартпаларды жүктеу
Кеңестер
Тартпаларды жүктемес бұрын, ыдыс-аяқтан барлық тамақ
қалдықтарын тазалаңыз және стақандар мен ыдыстардан
сұйықтықтарды төгіңіз. Ағын су астында алдын ала
шаюдың қажеті жоқ.
Ыдыс-аяқ мықтап орнында ұсталып тұратындай және құлап
кетпейтіндей орналастырыңыз; және ыдыстарды ауызын
төмен қаратып, дөңес бөліктерін еңкейтіп қойыңыз, сонда
су барлық беттерге тиіп, еркін түрде ағады.
Қақпақтар, тұтқалар, науалар және табалар тозаңдатқыш
өзекшелердің бұрылуына кедергі келтірмейтініне көз
жеткізіңіз. Кіші заттарды ыдыс-аяқ себетіне қойыңыз.
Пластмасса ыдыстар мен жабыспайтын табаларда су
тамшылары көбірек қалатындықтан, олар керамикалық
немесе тот баспайтын болаттан жасалған ыдыстарға
қарағанда сондай жақсы кеппейді.
Пластмассадан жасалған ыдыстар сияқты жеңіл заттарды
жоғарғы тартпаға қойып, жылжымайтындай орналастырылуы
тиіс.
Құрылғыны жүктегеннен кейін, тозаңдатқыш өзекшелер еркін
жылжи алатынына көз жеткізіңіз.
Төменгі тартпа
Төменгі тартпаға кастрөлдерді, қақпақтарды, тәрелкелерді,
салат ыдыстарын және т.б. салуға болады. Үлкен тәрелкелер
мен қақпақтарды тартпаның шет жақтарына қойған жөн.
Бірнеше ыдыс жуу машинасы
қайырмалы бөлімшелермен
жабдықталған*.
Оларды табақтарды
орналастырған кезде тік күйде
немесе табалар мен салат
ыдыстарын оңай орналастыру
үшін көлденең күйде (төменгі)
қолдануға болады.
Кейбір модельдер Тік аумақпен,
яғни тартпаның артқы жағындағы
арнайы шығарылатын
тіректермен*жабдықталады;
оларды табалар мен жайпақ табаларды тік күйде тіреп қойып,
орын үнемдеу үшін қолдануға болады.
Оны қолдану үшін, түрлі-түсті тұтқасынан ұстап, алға қарай
бұрап отырып, жоғары қарай суырыңыз. Ыдыс-аяқтың
өлшеміне сәйкес келтіру үшін тіректерді оңға және солға
сырғытуға болады.
Ыдыс-аяқ себеті
Төменгі тартпадағы орынды оңтайлы пайдалану үшін модульді
себетті сырғытуға болады. Ол ыдыс-аяқты орналастыруды
жеңілдететін үстіңгі торлармен жабдықталған.
KZ
Қатты ластанған табақтар мен кастрөлдерді төменгі тартпаға
қою керек, себебі бұл жерде су қатты шашырайды да, жуу
өнімділігі жоғары болады.
Жоғарғы тартпа
Бұл тартпаға стақандар, шыныаяқтар, табақшалар мен тайпақ
салат ыдыстары сияқты нәзік әрі жеңіл ыдыс-аяқтар салыңыз.
*Нөмірлері мен позициялары әр түрлі таңдаулы үлгілерде
ғана бар.
9
Page 10
KZ
Позициясы реттелетін қайырмалы бөліктер*
Ыдыс-аяқты тартпа ішінде оңтайлы түрде реттеу үшін шеткі
қайырмалы бөліктерді үш биіктікке орналастыруға болады.
Шарап бокалдарын аяғын тиісті
тесікке салу арқылы қайырмалы
бөліктерге қауіпсіз түрде
орналастыруға болады.
Оңтайлы кептіру нәтижесіне қол
жеткізу үшін қайырмалы бөліктерді
көбірек еңкейтіңіз. Еңкейту деңгейін
өзгерту үшін, қайырмалы бөлікті
суырып алып, аздап сырғытыңыз
да, қалауыңызша орналастырыңыз.
Науа*
Кейбір ыдыс жуу машина үлгілері кіші шыныаяқтарды
немесе ас құралдарын ұстап тұруға қолданылатын
сырғымалы науамен жабдықталған.
Жуу өнімділігі оңтайлы болуы үшін үлкен ыдыс-аяқты
науаның дәл астына қоймаңыз. Ас құралдары науасын
алып тастауға болады
(Суретті көріңіз).
Жоғарғы тартпаның биіктігін реттеу
Жоғарғы тартпаның биіктігін реттеуге болады: үлкен ыдысаяқты төменгі тартпаға қою үшін жоғарғы позиция және
жоғары жақта көбірек орын қалдыру арқылы қайырмалы
бөліктерді барынша пайдалану үшін төменгі позиция.
Жоғарғы тартпаның биіктігі ТАРТПА БОС БОЛҒАНДА
реттелуі керек.
Тартпаны тек бір жағынан көтеріп немесе төмендетіп
қоюшы болмаңыз.
Тартпа Көтеру құралымен*
болса, оны екі жағынан ұстап көтеріңіз. Төменгі позицияға
қайтадан қою үшін тартпаның шеттеріндегі тұтқаларды (A)
басып, тартпаны төмендетіңіз.
(суретті қараңыз)
жабдықталған
Лайықсыз ыдыс-аяқ
• Ағаштан жасалған ыдыс-аяқ пен ас құралдары.
• Безендірілген нәзік стақандар, қолдан жасалған бұйымдар
және көне ыдыс-аяқ. Олардың әшекейі төзімді емес.
• Жоғары температураға төзімді емес синтетикалық
материалдан жасалған бөліктер бар ыдыс-аяқ.
• Мыс пен қалайыдан жасалған ыдыс-аяқ.
• Күл, балауыз, майлайтын май немесе сиямен ластанған
ыдыс-аяқ.
Жуу процесі барысында әсем шыны мен алюминий/күміс
заттардың түсі өзгеріп, өңіп кетуі мүмкін. Сондай-ақ, бірнеше
рет жуғаннан кейін кейбір шыны түрлері (мысалы, хрусталь)
бұлыңғыр болып кетуі мүмкін.
Шыны мен ыдыс-аяқтың зақымдалуы
Себебі:
• Шыны мен шыны шығару процесінің түрі.
• Жуғыш заттың химиялық құрамы.
• Шаю циклындағы су температурасы.
Кеңестер:
• Өндіруші ыдыс жуу машинасында жууға болатынына
кепілдік берген шыны мен фарфорды қолданыңыз.
• Ыдыс-аяққа қолайлы нәзік жуғыш зат қолданыңыз.
• Стақандар мен ыдыс-аяқ жуу циклы аяқталған кезде дереу
ыдыс жуу машинасынан шығарып алыңыз.
* Тек кейбір үлгілерде бар.
10
Page 11
Жуғыш зат пен ыдыс жуу
машинасын қолдану
Жуғыш затты өлшеу
Жақсы жуу нәтижелері жуғыш заттың дұрыс мөлшері
қолданылғанына да байланысты болады. Белгіленген
мөлшерден көп қолдану жуу тиімділігін арттырмайды
және қоршаған ортаны көбірек ластауға әкеледі.
Мөлшерін ластану деңгейіне сәйкес реттеуге болады.
Орташа ластанған заттар үшін шамамен 25 г (ұнтақ
жуғыш зат) немесе 25 мл (сұйық жуғыш зат) қолданыңыз.
Таблеткалар қолданылса, біреуі жеткілікті.
Ыдыс-аяқ аз ластанған болса немесе ыдыс жуу
машинасына салынбас бұрын шайылған болса, жуғыш
заттың мөлшерін азайтыңыз.
Жуу нәтижесі жақсы болуы үшін жуғыш зат қорабындағы
нұсқауларды да орындаңыз.
Қосымша сұрақтарыңыз болса, жуғыш зат өндірушілеріне
хабарласыңыз.
D түймесінің көмегімен жуғыш зат диспенсерін ашып,
Жуу циклдарының кестесіне сәйкес жуғыш зат мөлшерін
анықтаңыз:
• ұнтақ немесе сұйықтық: A (жууға
арналған жуғыш зат) және B
(алдын ала жууға арналған жуғыш
зат) бөліктері
• таблеткалар: циклға 1 таблетка
қажет кезде, оны А бөлігіне салып
С қақпағын жабыңыз; 2 таблетка
қажет болса, екінші таблетканы
құрылғының түбіне салыңыз.
Бөліктің шетіндегі жуғыш зат қалдықтарын сүртіп алып, С
қақпағы «тық» еткенше итеріп жабыңыз.
Жуғыш зат тартпасы жуу циклына сәйкес тиісті уақытта
автоматты түрде ашылады.
Әмбебап жуғыш заттар қолданылса, TABS опциясын
пайдаланған жөн, себебі ол циклды әрдайым ең жақсы жуу
және кептіру нәтижелеріне қол жеткізетіндей реттейді.
Ыдыс жуу машиналарына арналып жасалған жуғыш
заттарды ғана қолданыңыз.
Қолмен ыдыс жууға арналған сұйықтықты
ҚОЛДАНБАҢЫЗ.
Шамадан тыс жуғыш затты пайдалану цикл аяқталғанда
құрылғы ішінде көбіктің қалуына әкелуі мүмкін.
Ең жоғары жуу және кептіру нәтижелеріне қол жеткізу
үшін, жуғыш затты, шаюға көмекші сұйықтықты және
тазаланған тұзды бірге қолдану қажет.
Фосфаттарды немесе хлорды қамтымайтын жуғыш
заттарды пайдаланған жөн, себебі бұл өнімдер
қоршаған ортаға зиянды.
Ыдыс жуу машинасын іске қосу
1. Шүмекті ашыңыз.
2. Есікті ашып, ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін басыңыз.
3. Жуғыш затты өлшеңіз.
4. Тартпаларды жүктеңіз
қараңыз)
5. Ыдыс-аяқ түрі мен оның ластану дәрежесіне сәйкес жуу
циклын таңдау үшін
түймесін басыңыз.
6. Жуу опцияларын таңдаңыз*.
опциялары» бөлімін қараңыз)
7. Есікті жабу арқылы жуу циклын бастаңыз.
8. Жуу циклының аяқталғанын сигналдар мен дисплейде
жуу циклы нөмірінің жыпылықтауы білдіреді. Есікті ашып,
ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін басу арқылы құрылғыны өшіріңіз, одан
кейін шүмекті жабыңыз да, құрылғының айырын розеткадан
ағытыңыз.
9. Қолыңызды күйдіріп алмау үшін, ыдыс-аяқты бірнеше
минуттан кейін ғана алыңыз. Тартпаларды төменнен бастап
босатыңыз.
.
Токты барынша аз тұтыну үшін құрылғы белгілі
бір ұзақ белсенсіздік кездерінде автоматты түрде
өшеді.
АВТО ЖУУ ЦИКЛДАРЫ*:ыдыс жуу машинасының кейбір
үлгілері ластану дәрежесін өлшеп, ең тиімді әрі үнемді жуу
циклын автоматты түрде таңдауға мүмкіндік беретін арнайы
датчикпен жабдықталған.
Датчиктің жұмысына байланысты Авто жуу циклдарының
ұзақтығы әр түрлі болуы мүмкін.
Ыдыс-аяқ аз ластанған болса немесе ыдыс жуу
машинасына салынбас бұрын шайылған болса, жуғыш заттың
мөлшерін азайтыңыз.
Орындалып жатқан жуу циклын өзгерту
Жуу циклын таңдау барысында қате кеткен болса, цикл
жаңа ғана басталған болған жағдайда, оны өзгерту мүмкін:
шыққан буға тимеуге тырысып есікті ашыңыз да, ҚОСУ/
ӨШІРУ түймесін басып ұстап тұру арқылы құрылғыны
өшіріңіз. Құрылғыны ҚОСУ/ӨШІРУ түймесінің көмегімен
қайтадан қосып, жаңа бір жуу циклын және кез келген қажетті
опцияларды таңдаңыз; есікті жабу арқылы циклды бастаңыз.
Қосымша ыдыс-аяқ қосу
Құрылғыны өшірмей-ақ, шыққан буға тимеуге тырысып
есікті ашыңыз да, ыдыс-аяқты ыдыс жуу машинасының
ішіне қойыңыз. Есікті жабыңыз, сонда цикл тоқтаған жерінен
бастайды.
Кездейсоқ тоқтаулар
Жуу циклы орындалу барысында есік ашылса немесе
ток өшіп қалса, цикл тоқтайды. Есік жабылғаннан немесе
ток қосылғаннан кейін ол тоқтаған жерінен қайтадан іске
қосылады.
(қасындағы ақпаратты қараңыз).
(«Тартпаларды жүктеу» бөлімін
(Жуу циклдарының кестесін қараңыз)
(«Арнайы жуу циклдары мен
.
P
KZ
* Тек кейбір үлгілерде бар.
11
Page 12
Жуу циклдары
KZ
Жуу циклының дерегі EN-50242 Еуропалық стандартына сәйкес зертханалық жағдайда өлшенеді.
Әр түрлі қолдану шарттары негізінде жуу циклының ұзақтығы мен дерегі өзгеруі мүмкін.
Ыдыс жуу машинасының үлгісіне байланысты жуу циклдарының саны мен түрі және опциялар әртүрлі болуы мүмкін.
Жуу циклы
1. EcoИә
2. ҚарқындыИә
3. ҚалыптыИә
4. FastЖоқ
5. НәзікИә
6. ТезЖоқDelay Start - Tabs00:25’8,50,5
7.Суға салып қоюЖоқ
КептіруОпциялар
Delay Start - Half Load -
Tabs
Delay Start - Half Load -
Tabs
Delay Start - Half Load -
Tabs
Delay Start - Half Load -
Tabs
Delay Start - Half Load -
Tabs
Delay Start - Half Load
Жуу циклының
ұзақтығы
H:min.
03:00’100,83
02:30’141,3
02:00’13,51,1
01:00’10,50,95
01:40’100,95
00:10’4,00,01
Су тұтыну
(л/цикл)
Қуат тұтыну
(кВт/цикл)
Жуу циклын таңдау және жуғыш зат мөлшерін анықтау нұсқаулары:
1. ЭКО жуу циклы – қуат белгісіндегі деректер нұсқап тұрған стандартты цикл. Оны ластану дәрежесі орташа ыдыс-аяқты жуу
үшін қолдануға болады және ол осы ыдыс-аяқ түріне қуат пен суды ең тиімді түрде жұмсайды. 4 г/млl**+ 21 г/мл – 1 таблетка
(**Алдын ала жуу кезінде қолданылатын жуғыш зат мөлшері)
2. Қатты ластанған табақтар мен кастрөлдер (нәзік заттар үшін пайдаланылмауы тиіс). 25 г/мл – 1 таблетка
3. Орташа ластанған кастрөлдер мен табақтар. 4 г/мл**+ 21 г/мл – 1 таблетка
4. Күнделікті ластанудың шектеулі мөлшері (4 кісілік жинақтар үшін қолайлы) 25 г/мл - 1 таблетка
5. Жоғары температураға сезімтал нәзік заттарға арналған цикл 25 г/мл - 1 таблетка
6. Аздап ластанған ыдыстар үшін жылдам цикл қолданылады (2 кісілік жинақтар үшін қолайлы) 21 г/мл - 1 таблетка
7. Келесі тамақ табақтарының жүктеліп болғанын күтіп тұрған кезде ыдыстарды алдын ала жуу. Жуғыш затсыз
«Тез» циклдарын қолданған кезде, оңтайлы нәтижеге ыдысаяқтың белгіленген мөлшерін жуу арқылы қол жеткізуге
болады.
Тұтынуды одан әрі азайту үшін ыдыс жуу машинасын тек
толтырып жұмыс істетіңіз.
Сынақ зертханаларына арналған ескертпе: салыстырмалы
EN сынақ жағдайлары үшін төмендегі мекенжайға электрондық
хат жіберіңіз: assistenza_en_lvs@indesitcompany.com
Жуу опциялары
Опция таңдалған жуу циклына сәйкес келмесе (Жуу
циклдарының кестесін қараңыз), тиісті жарық диоды 3
рет жылдам жыпылықтайды және сигнал беріледі.
Кешіктіріп бастау (Delayed Start)
Жуу циклының басталуын 1–12 сағат аралығындағы
уақытқа кешіктіруге болады.
1. КЕШІКТІРІП БАСТАУ түймесін басыңыз: тиісті таңба
дисплейде көрсетіледі; түймені басқан сайын, таңдалған жуу
циклына басталуына дейінгі уақыт (1 сағ., 2 сағ., с.с. ең көбі
12 сағ.) өсіп отырады.
2. Циклды таңдап, есікті жабыңыз: таймер кері санағын
бастайды;
3. Уақыт аяқталғаннан кейін, индикатор шамы өшеді де, жуу
циклы басталады.
Кешіктіру уақытын реттеу және азырақ уақыт мерзімін таңдау
үшін КЕШІКТІРІП БАСТАУ түймесін басыңыз. Оны доғару
үшін, таңдалған кешіктіріп бастау индикатор шамы сөнгенше,
түймені қайта-қайта басыңыз. Есік жабылар-жабылмас, жуу
циклы автоматты түрде басталады.
Бірнеше функциясы бар таблеткалар
(таблеткалар-Tabs)
Бұл опция жуу және кептіру нәтижелерін оңтайландырады.
Бірнеше функциясы бар таблеткаларды қолданған кезде,
БІРНЕШЕ ФУНКЦИЯСЫ БАР ТАБЛЕТКАЛАР түймесін
басыңыз; тиісті таңба жанады. Түйме қайтадан басылса,
опциядан бас тартылады.
«Бірнеше функциясы бар таблеткалар» опциясы жуу
циклының мерзімін ұзартады.
KZ
Жуу циклы басталғаннан кейін Кешіктіріп бастау
функциясын орнату мүмкін емес.
Жоғарғы немесе төменгі тартпаны қолдана
отырып жартылай жүктеу (Half Load)
Жуылатын ыдыс көп болмаса, су, ток пен жуғыш затты
үнемдеу үшін жартылай жүктеу циклын қолдануға болады.
Жуу циклын таңдап, одан кейін ЖАРТЫЛАЙ ЖҮКТЕУ түймесін
басыңыз: таңдалған тартпаға сәйкес келетін индикатор
жанып, тек жоғарғы немесе төменгі тартпада жуу циклы
басталады.
Тек жоғарғы немесе төменгі тартпаны жүктеуді және
тиісті түрде жуғыш зат мөлшерін азайтуды ұмытпаңыз.
* Тек кейбір үлгілерде бар.
13
Page 14
Күтім көрсету және
техникалық қызмет көрсету
KZ
Су мен токты өшіру
• Су ағып кетпеуі үшін әрбір жуу циклынан кейін су
шүмегін жауып отырыңыз.
• Құрылғыны тазалаған кезде және техникалық қызмет
көрсету жұмыстарын орындаған кезде оны токтан
ажыратыңыз.
Ыдыс жуу машинасын тазалау
• Құрылғының сыртқы беттері мен басқару тақтасын
сумен ылғалданған, абразивті емес шүберекпен
тазалауға болады. Еріткіштерді немесе абразивті
өнімдерді қолданбаңыз.
• Құрылғының ішіндегі кез келген салтақ іздерді сумен
және аздап сіркемен ылғалданған шүберекпен кетіруге
болады.
Жағымсыз иістердің алдын алу
• Құрылғының іші дымқылданып кетпеуі үшін оның есігін
әрдайым біраз ашып ұстаңыз.
• Есік айналасындағы бекіткіштер мен жуғыш зат
диспенсерлерін мерзімді түрде ылғал губкамен
тазалап отырыңыз. Мұның нәтижесінде бекіткіштерде
тамақ тұрып қалмайды, ал бұл жағдай жағымсыз
иістердің пайда болуының негізгі себебі.
Тозаңдатқыш өзекшелерді тазалау
Тамақ қалдықтары тозаңдатқыш өзекшелердің бетіне
қатып қалып, су шашатын тесіктерді бітеуі мүмкін.
Сондықтан, өзекшелерді мерзімді түрде тексеріп,
металсыз щеткамен тазаланып тұрғаны жөн.
Екі тозаңдатқыш өзекшені де шығарып алуға болады.
Жоғарғы тозаңдатқыш өзекшені
шығарып алу үшін құлыптау
сақинасын сағат тіліне қарсы
бағытта бұраңыз.
Жоғарғы тозаңдатқыш өзекшені
тесіктерін жоғары қаратып
қайтадан орнына қою керек.
машинасы зақымдалуы мүмкін.
Шүмек жағындағы судың кіріс сүзгісін мерзімді түрде
тазалап отырыңыз.
- Су шүмегін жабыңыз.
- Судың кіріс түтігінің шетін босатып алыңыз, одан кейін
сүзгіні алып, оны су ағыны астында жақсылап тазалаңыз.
- Сүзгіні орнына қойып, су түтігін орнына бұраңыз.
Сүзгілерді тазалау
Сүзгі жинағы суды тамақ қалдықтарын тазалайтын және
одан кейін суды қайта айналдыратын үш сүзгіден тұрады.
Әрбір жууда ең жақсы нәтижеге қол жеткізгіңіз келсе,
оларды тазалау керек.
Сүзгілерді мерзімді түрде тазалап отырыңыз.
Ыдыс жуу машинасын сүзгісіз немесе сүзгі босап
кеткен кезде пайдалануға болмайды.
• Бірнеше рет жуғаннан кейін, сүзгі жинағын тексеріңіз
және қажет болса оны металсыз щеткамен әрі төмендегі
нұсқауларды орындай отырып, су ағыны астында
жақсылап тазалаңыз:
1. Цилиндрлік C сүзгісін сағат тіліне қарсы бағытта
бұраңыз да, суырып алыңыз (1-сурет).
2. Шыныаяқ B сүзгісін жиектері аздап басу арқылы
шығарып алыңыз (2-сурет).
3. Тот баспайтын болат тілімше А сүзгісін суырып алыңыз
(3-сурет).
4. Тұзақты қарап шығыңыз да, кез келген тамақ
қалдықтарынан тазартыңыз. жуу циклының сорғысын
ЕШҚАШАН АЛУШЫ БОЛМАҢЫЗ(4-сурет).
C
1
Төменгі тозаңдатқыш өзекшені
жоғары қарай тарту арқылы
шығарып алуға болады.
Судың кіріс сүзгісін тазалау*
Су түтіктері жаңа немесе ұзақ уақыт бойы қолданылмаған
болса, жалғамас бұрын олар арқылы су өткізіп, таза әрі
ішінде қалдықтар жоқ екеніне көз жеткізіңіз. Бұл сақтық
шарасы орындалмаса, судың кіріс бітеліп, ыдыс жуу
* Тек кейбір үлгілерде бар.
14
A
3
Сүзгілерді тазалағаннан кейін, сүзгі жинағын орнына
қойып, оны дұрыстап бекітіңіз; бұл ыдыс жуу машинасының
тиімді жұмысы үшін өте маңызды.
Машинаны ұзақ уақыт пайдаланбауға
қалдыру
• Құрылғыны токтан ағытып, су шүмегін жабыңыз.
• Құрылғы есігін сәл ашық қалдырыңыз.
• Қайтып келген кезде, ыдыс жуу машинасын бос ұстап
жуу циклын іске қосыңыз.
Page 15
Ақаулықтарды жою
Құрылғы дұрыс жұмыс істемей қалған кезде, Көмек қызметіне телефон соқпас бұрын төмендегі тізімнен шешімді
іздеңіз.
Ақаулық:Ықтимал себептері / шешімдері:
Ыдыс жуу машинасы іске
қосылмайды немесе оны
басқару мүмкін емес.
Есік жабылмайды.
Ыдыс жуу машинасынан су
ағызылмайды.
Ыдыс жуу машинасы
шамадан тыс шуыл
шығарады.
Табақтар мен стақандардың
бетінде ақ түсті қабықшамен
немесе тат қалдықтарымен
қапталған.
Табақтар мен стақандар
сызылған немесе реңгі
көкшіл.
Ыдыс-аяқ дұрыс
кептірілмейді.
• Су шүмегі ашылмаған.
• Құрылғыны ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін басу арқылы өшіріңіз, одан кейін оны бір шамамен бір
минуттан кейін қосып, жуу циклын қайта орнатыңыз.
• Құрылғы розеткаға дұрыс қосылмаған немесе басқа розетканы қолдану керек.
• Ыдыс жуу машинасының есігі дұрыс жабылмаған.
• Тартпалар толығымен салынғанына көз жеткізіңіз.
• Құлып босатылған. «Тық» еткен дыбыс естілгенше есікті қатты итеріңіз.
• Ыдыс жуу машинасының циклы әлі аяқталмаған.
• Су ағызу түтігі майысқан
• Ағызу түтігі бітелген.
• Сүзгі тамақ қалдықтарымен бітеліп қалған.
• Ағызу түтігінің биіктігін тексеріңіз.
• Табақтар бір-біріне немесе тозаңдатқыш өзекшеге тиіп тарсылдайды. Ыдыстарды дұрыс
орналастырып, тозаңдатқыш өзекшелер еркін айналатынына көз жеткізіңіз.
• Көбік тым көп: жуғыш зат дұрыс өлшенбеген немесе ол ыдыс жуу машиналарында
қолдануға қолайлы емес.
қараңыз.)
• Тазаланған тұз жоқ.
• Су қаттылығының параметрі тиісті емес: қажетті мәндерді үлкейтіңіз.
Ыдыстарды қолмен алдын ала жумаңыз.
(«Орнату» бөлімін қараңыз).
(«Жуғыш зат пен ыдыс жуу машинасын қолдану» бөлімін
(«Тазаланған тұз
және шаюға көмекші зат» бөлімін қараңыз.)
• Тұз бен шаюға көмекші зат диспенсерінің қақпағы дұрыс жабылмаған.
• Шаюға көмекші зат таусылған немесе оның мөлшерлемесі тым төмен.
• Шаюға көмекші заттың мөлшерлемесі тым жоғары.
• Кептіру бағдарламасы жоқ жуу циклы таңдалған.
• Шаюға көмекші зат таусылған.
(«Тазаланған тұз және шаюға көмекші зат» бөлімін
қараңыз.)
• Шаюға көмекші зат диспенсерінің параметрі қолайлы емес.
• Ыдыс-аяқ жабыспайтын материалдан немесе пластиктен жасалған; су тамшылары
болса, ештеңе етпейді.
Табақтар таза емес.• Ыдыс-аяқ дұрыс реттелмеген.
• Ыдыстар кедергі жасағандықтан, тозаңдатқыш өзекшелер еркін айналмайды.
• Жуу циклы тым нәзік
• Көбік тым көп: жуғыш зат дұрыс өлшенбеген немесе ол ыдыс жуу машиналарында
қолдануға қолайлы емес.
қараңыз.)
• Шаюға көмекші зат бөлігіндегі қақпақ дұрыс жабылмаған.
• Сүзгі кір немесе бітеліп қалған
(«Жуу циклдары» бөлімін қараңыз).
(«Жуғыш зат пен ыдыс жуу машинасын қолдану» бөлімін
(«Күтім көрсету және техникалық қызмет көрсету» бөлімін
қараңыз.)
• Тазаланған тұз деңгейі төмен
• Ыдыстардың биіктігі тартпаға сәйкес келетініне көз жетізіңіз.
• Тозаңдатқыш өзекшелердегі тесіктер бітелген.
(«Шаюға көмекші зат және тұз» бөлімін қараңыз).
(«Күтім және техникалық қызмет көрсету»
бөлімін қараңыз.)
Ыдыс жуу машинасына су
құйылмайды.
Оны жыпылықтаған шамдар
білдіреді.
• Су жүйесінде су жоқ немесе шүмек жабылған.
• Судың кіріс түтігі майысқан
• Сүзгілер бітелген: оларды тазалау қажет.
(«Орнату» бөлімін қараңыз).
(«Күтім және техникалық қызмет көрсету»
бөлімін қараңыз.)
• Ағызу түтігі бітелген: оны тазалау керек.
• Тексеріп тазалағаннан кейін, ыдыс жуу машинасын қосып өшіріңіз де, жаңа жуу циклын
бастаңыз.
• Мәселе шешілмесе, су шүмегін жауып, құрылғыны розеткадан ағытыңыз да, Қызмет
көрсету орталығына телефон соғыңыз.
KZ
15
Page 16
Көмек
195126335.00 NC
07/2014 jk - Xerox Fabriano
KZ
Көмек қызметіне хабарласпас бұрын:
• Проблеманы Ақаулықтарды жою нұсқаулығын қолдана отырып шешуге болатынын, не болмайтынын
тексеріңіз («Ақаулықтарды жою» бөлімін қараңыз).
• Бағдарламаны қайта іске қосыңыз да, проблема кеткенін тексеріңіз.
• Проблема шешілмесе, Куәландырылған техникалық көмек беру қызметіне хабарласыңыз.
Куәландырылмаған мамандарға қызмет көрсеткізбеңіз.
Келесі мәліметтерді оңай жерде ұстаңыз:
• Проблеманың түрі
• Құрылғының моделі (Мод.).
• Сериялық нөмірі (С/н).
Бұл ақпаратты құрылғының деректер тілімшесінде табуға болатын («Құрылғының сипаттамасы» бөлімін қараңыз).