Electrolux EKC 954506 X User manual

Electrolux EKC 954506 X User manual

EKC954506W

EKC954506X

EKC954507X

KK

Пеш

Қолдану туралы нұсқаулары

2

RU

Кухонная плита

Инструкция по эксплуатации

31

2www.electrolux.com

МАЗМҰНЫ

1.

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ.......................................................................................

3

2.

ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ............................................................................

5

3.

БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ.................................................................................

8

4.

БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН.......................................................................

9

5.

ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ.....................................................

9

6.

ПЕШ - АҚЫЛ-КЕҢЕС.......................................................................................

10

7.

ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮТІП ҰСТАУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ...........................................

11

8.

ТҰМШАПЕШ - КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ ....................................................

12

9.

ТҰМШАПЕШ - САҒАТ ФУНКЦИЯЛАРЫ........................................................

13

10.

ТҰМШАПЕШ - КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ.......................................

14

11.

ТҰМШАПЕШ - АҚЫЛ-КЕҢЕС.......................................................................

15

12.

ТҰМШАПЕШ - КҮТІП ҰСТАУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ...........................................

22

13.

АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ...................................................................................

25

14.

ОРНАТУ.........................................................................................................

27

СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ

Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар бойғы кәсіби тәжірибе мен инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық бұл құрылғыны жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын тамаша нәтижеге қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз.

Electrolux әлеміне қош келдіңіз.

Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:

Қолдануға қатысты кеңестер, кітапшалар, ақаулықты түзету, қызмет көрсету туралы ақпарат:

www.electrolux.com

Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз: www.registerelectrolux.com

Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін: www.electrolux.com/shop

ТҰТЫНУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.

Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын болуын қамтамасыз етіңіз. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі. Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.

Ескерту / Қауіп-қатерден сақтандыру ақпараты

Жалпы ақпарат және ақыл-кеңес Қоршаған ортаға қатысты ақпарат

Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.

ҚАЗАҚ 3

1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау нәтижесінде адам жарақат алса және ақаулық орын алса өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықты келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап қойыңыз.

1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың қауіпсіздігі

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!

Тұншығып қалу, жарақат алуы немесе кемтар болып қалу қаупі бар.

Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым келген адамдар не тәжірибесі аз адамдар өз қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін адамның қадағалауы немесе құрылғыны қауіпсіз қолдану бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс қолданбау салдарын түсінсе қолдануына болады.

Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.

Орам материалдарының барлығын балалардан алыс ұстаңыз.

Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда немесе ол суып тұрғанда, балалар мен үй жануарларын оған жақындатпаңыз. Қол жететін бөлшектері ыстық.

Балалар тазалау және күтім көрсету жұмыстарын басқаның бақылауынсыз орындамауға тиіс.

1.2Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат

Тек білікті маман ғана осы құрылғыны орнатып, сымын ауыстыруға тиіс.

Құрылғыны сыртқы таймермен немесе бөлек қашықтан басқару жүйесімен басқармаңыз.

4www.electrolux.com

Май немесе өсімдік майы қосылған тағамды пештің үстіне қараусыз қалдыру қауіпті және өрт шығуы мүмкін.

Өртті ешқашан сумен сөндіруге әрекет жасамаңыз, бұндай жағдайда құрылғыны сөндіріп, содан кейін жалынды қақпақ немесе өрт басқыш көрпе тәрізді затпен жабыңыз.

Пісіру алаңына зат сақтамаңыз.

Құрылғыны бумен тазалау құралын пайдаланып тазаламаңыз.

Пышақ, шанышқы, қасық және қақпақ тәрізді темір заттарды пештің үстіне қоймаңыз, себебі ысып кетеді.

Егер шыны керамика бет / шыны сынса, электр қатері пайда болмас үшін құрылғыны сөндіріңіз.

Жұмыс істеп тұрған құрылғының ішкі жағы ысып кетеді. Құрылғының ішіндегі қыздырғыш элементтерге қол тигізбеңіз. Керек-жарақтарды немесе ыдыстарды алып-салған кезде үнемі қолғап киіңіз.

Күтім көрсетер алдында электр желісінен ажыратыңыз.

Электр қатеріне ұшырамау үшін шамды ауыстырар алдында құрылғыны сөндіріп қойыңыз.

Шыны есікті тазалау үшін қатты жеміргіш заттарды немесе өткір темір құралдарды пайдаланбаңыз, себебі сызат түсіп, шыны шытынап кетуі мүмкін.

Егер қуат cымына зақым келсе, қатерден сақтану үшін оны өндіруші немесе уәкілетті қызмет көрсету орталығы немесе сол сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.

Сақтау тартпасын ұстаған кезде абай болыңыз. Ысып тұрады.

Сөре сырғытпаларын алу үшін әуелі сөре сырғытпасының алдыңғы жағын, содан кейін артқы жағын бүйірлік қабырғадан тартыңыз. Сөре сырғытпаларын кері ретпен салыңыз.

ҚАЗАҚ 5

Сөндіруге арналған құралдарды электр сымдарын тарту ережелеріне сай, тұрақты орнатылған сымға орнату керек.

2.ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ

2.1 Орнату

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!

Бұл құрылғыны тек білікті маман ғана орнатуға тиіс.

Орам материалдарының барлығын алыңыз

Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе іске қоспаңыз.

Құрылғымен бірге берілген орнату бойынша нұсқауларды орындаңыз.

Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі абай болыңыз, себебі салмағы ауыр. Әрқашан қорғаныс қолғабын киіңіз.

Құрылғыны тұтқасынан тартпаңыз.

Ас үй қаптамасы мен ұясының өлшемдері құрылғыға сай келуге тиіс.

Осы құрылғы мен басқа құрылғылардың, заттардың арасындағы минимум қашықтықты сақтаңыз.

Құрылғының үсті мен жан-жағын қоршаған конструкциялардың қауіпсіз болуын қамтамасыз етіңіз.

Құрылғының бөлшектерінде кернеу бар. Құрылғының қауіпті бөлшектеріне қол тиіп кетпес үшін оны ас үй қаптамасымен жабыңыз.

Құрылғының жан-жағын биіктігі осы құрылғының биіктігімен бірдей құрылғылармен жанастырып қою керек.

Құрылғыны тағанға қоймаңыз.

Құрылғыны есікке жақын жерге терезенің астына қоймаңыз. Бұл есік немесе терезе ашылған кезде ыстық ыдыс құрылғыдан құлап кетпеу үшін қажет.

Құрылғы аударылып кетпес үшін оны орнықты етіп орнататын құралдарды орнатыңыз. Орнату тарауын қараңыз.

2.2 Электртоғына қосу

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!

Өрт шығу және электр қатеріне ұшырау қаупі бар.

Электртоғына қосу жұмыстарын білікті электрші ғана іске асыруға тиіс.

Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау қажет.

Техникалық ақпарат тақтайшасындағы электр параметрлерінің электр желісіндегі параметрлерге сай келетініне көз жеткізіңіз. Сай келмесе, электршіге хабарласыңыз.

Әрқашан дұрыс орнатылған, қатерден сақтандырылған розетканы қолданыңыз.

Көп тармақты адаптерлер мен ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.

Электр сымдарына қол тигізуге немесе құрылғының есігіне жақындауға, әсіресе ыстық тұрған есікке жақындауға болмайды.

Тоққа қосулы тұрған және оқшаулағышы бар бөлшектердің электр қатерінен сақтандырғышын, саймансыз алынбайтын етіп бекітіп қою керек.

Құрылғының ашасын розеткаға тек құрылғыны орнатып болғаннан кейін ғана жалғаңыз. Орнатып болғаннан кейін ашаның қол жететін жерде тұрғанына көз жеткізіңіз.

Егер розетка босап тұрса, оған ашаны сұқпаңыз.

Құрылғыны тоқтан ажырату үшін сымынан тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып суырыңыз.

Дұрыс оқшаулағыш құралдарды ғана қолданыңыз. желіні қорғайтын ажыратқыштар, сақтандырғыштар (ұстатқыштан алынған бұрандалы сақтандырғыштар), жерге

6www.electrolux.com

тұйықталудан қорғау тетіктері мен тұйықтағыштар.

Электр жүйесі құрылғыны кез келген полюсте ажыратуға мүмкіндік беретін оқшаулағыш құралмен жабықталуға тиіс. Оқшаулағыш құралдың контакт ара қашықтығы кем дегенде 3 мм болуға тиіс.

Ашаны розеткаға қосар алдында құрылғының есігін толық жабыңыз.

2.3 Пайдалану

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!

Жарақат алу және күйіп қалу қаупі бар.

Электр қатеріне ұшырау қаупі бар.

Бұл құрылғыны үйде ғана пайдаланыңыз.

Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын өзгертпеңіз.

Желдеткіш саңылаулардың бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.

Жұмыс істеп тұрған құрылғыны назардан тыс қалдырмаңыз.

Құрылғыны пайдаланып болған сайын тоқтан ажыратыңыз.

Жұмыс істеп тұрған құрылғының есігін ашқан кезде абай болыңыз. Ыстық ауа шығуы мүмкін.

Құрылғыны су қолмен іске қоспаңыз немесе суға тиіп тұрған құрылғыны пайдаланбаңыз.

Құрылғыны жұмыс орны немесе зат сақтайтын орын ретінде қолданбаңыз.

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!

Өрт және жарылыс пайда болу қаупі бар

Тоңмайларды немесе майды қыздырған кезде тұтанғыш бу пайда болады. Тоңмайға немесе майға тамақ пісірген кезде қызған заттарды немесе оттың жалынын алыс ұстаңыз.

Қатты қызған майдан бөлініп шығатын бу, кенет жарылыстың орын алуына себеп болады.

Құрамында тағам қалдықтары бар қолданылған май, бірінші рет қолданылып отырған майға қарағанда, төмен температурада өрт пайда болуға әкелуі мүмкін.

Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш зат салынған дымқыл заттарды құрылғының ішіне, қасына немесе үстіне қоймаңыз.

Есікті ашқан кезде құрылғыға от жарқылын немесе ашық отты жақындатпаңыз.

Құрылғының есігін абайлап ашыңыз. Алкоголь қосылған қоспаларды қолданғанда, ауа мен алкоголь қоспасы пайда болуы мүмкін.

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!

Құрылғыны бүлдіріп алуыңыз мүмкін.

Құрылғының эмаль қаптамасы бүлініп немесе өңі кетпес үшін:

пештің ыдыстарын немесе басқа заттарды құрылғының табанына тура қоймаңыз.

суды ыстық құрылғыға тура қоймаңыз.

тамақ пісіріп болғаннан кейін дымқыл ыдыс пен тағамды құрылғының ішінде ұстамаңыз.

керек-жарақтарды алғанда немесе орнатқанда абай болыңыз.

Құрылғының эмаль қаптамасының түсінің өзгеруі құрылғы жұмысына әсер етпейді. Бұл кепілдік заңына сәйкес қарастырылатын ақаулық емес.

Сұйық қоспадан жасалатын тортты пісіру үшін шұңғыл табаны қолданыңыз. Жеміс шырындарынан кетпейтін дақ қалуы мүмкін.

Басқару панеліне ыстық ыдыс қоймаңыз.

Ыдыстың ішіндегісі сарқылғанша қайнатпаңыз.

Құрылғының үстіне зат немесе ыдыс құлап кетуге жол бермеңіз. Құрылғының бетне зақым келуі мүмкін.

Пісіру алаңдарын бос ыдыс қойып немесе ешбір ыдыс қоймай іске қоспаңыз.

Алюминий жұқалтырды құрылғыға немесе құрылғының астыңғы бөлігіне тура қоймаңыз.

Құйылған шойын, алюминий немесе табанына нұқсан келген ыдыстар құрылғының бетіне сызат түсіруі мүмкін. Бұндай заттарды құрылғының бетінде үнемі көтеріп жылжыту керек.

Бұл тек тағам пісіруге арналған құрылғы. Басқа мақсатта, мысалы бөлмені қыздыру үшін қолдануға болмайды.

2.4 Күту менен тазалау

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!

Жарақат алу, өрт қаупі немесе құрылғыны бүлдіріп алу қаупі бар.

Күтім көрсетер алдында құрылғыны сөндіріңіз.

Ашаны розеткадан суырып алыңыз.

Құрылғының салқын тұрғанына көз жеткізіңіз. Шыны панелі сынып қалуы мүмкін.

Есіктің шыныларына зақым келсе дереу ауыстырыңыз. Уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Құрылғының ішінде қалған майдың немесе тағамның қалдығынан өрт шығуы мүмкін.

Құрылғының қаптамасының сапасы түспес үшін мезгіл-мезгіл тазалаңыз.

Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш заттарды қолданыңыз. Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкені, еріткіштерді немесе темір заттарды пайдаланбаңыз.

Тұмшапеш бүріккішін қолдансаңыз, оның орамында көрсетілген сақтық шараларын орындаңыз.

ҚАЗАҚ 7

Каталитті эмаль қаптаманы (егер бар болса) ешбір жуғыш затпен тазаламаңыз.

2.5 Ішкі жарық шамы

Осы құрылғыда тек тұрмыстық құрылғыларға ғана арналған жарықтама шам немесе галоген шамы қолданылған. Оны бөлмені жарықтандыру үшін қолданбаңыз.

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!

Электр қатеріне ұшырау қаупі бар.

Шамды ауыстырар алдында құрылғыны тоқтан ажыратыңыз.

Техникалық параметрлері сай келетін шамдарды ғана қолданыңыз.

2.6 Құрылғыны тастау

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!

Жарақат алу немесе тұншығып қалу қаупі бар.

Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.

Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа тастаңыз.

Балалар мен жануарлар құрылғыға қамалып қалмас үшін есіктің бекітпесін алыңыз.

2.7Сервис

Құрылғыны жөндеу үшін уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Тек ғана фирмалық қосалқы бөлшектерді қолданыңыз.

8www.electrolux.com

3.БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ

3.1Жалпы көрінісі

1

2

3

4

5

6

1

Пеш үстінің тетіктері

Температура шамы/белгішесі/

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

индикаторы

 

 

 

 

 

 

 

Температура тетігі

 

 

 

 

 

 

7

Электрондық бағдарламалағыш

 

 

 

 

 

 

Тұмшапеш функцияларының тетігі

4

 

 

 

 

 

8

 

 

 

 

 

 

Пеш шамы / белгісі / индикатор

3

 

 

 

 

 

9

2

 

 

 

 

 

Қыздырғыш элемент

11

 

 

 

 

 

 

 

1

 

 

 

 

 

 

Шам

 

 

 

 

 

 

10

Желдеткіш

 

 

 

 

 

 

 

Сөренің алмалы сырғытпалары

 

 

 

 

 

 

 

Сөре деңгейлері

3.2 Пісіру алаңдарының көрінісі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пісіру алаңы 1200 Вт

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1

 

 

 

 

2

 

 

3

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бу шығатын саңылау - саны мен

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

орны үлгі түріне байланысты

 

 

140 MM

 

 

180 MM

 

Пісіру алаңы 1800 Вт

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пісіру алаңы 1200 Вт

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қалдық қызу индикаторы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пісіру алаңы 700 / 1700 Вт

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

120/180 MM

 

 

 

140 MM

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6

 

 

 

5

 

 

4

 

 

 

 

3.3 Керек-жарақтары

 

Сөрелер мен науаларға арналған.

Торкөз сөре

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бұларды жеке тапсырыс беріп

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

алдыруыңызға болады.

 

Ыдыс, торт қалыптарын қою, тағам

Зат сақтау суырмасы

қуыруға арналған.

 

 

 

 

 

 

 

 

Зат сақтау суырмасы тұмшапештің

Пісірме табақ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

төменгі бөлігінде орналасқан.

 

Торттар мен печеньелерге

 

 

арналған.

Сөре сырғытпалары, қосымша сатылатын жабдық

ҚАЗАҚ 9

4. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!

Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

4.1 Алғашқы тазалау

Құрылғыдан керек-жарақтардың барлығын және алмалы сөре сырғытпаларын алыңыз.

"Күту менен тазалау" тарауын қараңыз.

Құрылғыны алғаш рет пайдаланар алдында тазалаңыз. Керек-жарақтарды және алмалы сөре сырғытпаларын орындарына қойыңыз.

4.2 Уақытты орнату

Тұмшапешті іске қосар алдында уақытты орнату керек.

Тәулік уақытының индикаторы құрылғыны электр қуатына қосқан кезде, тоқ сөніп қалғанда немесе таймер орнатылмаған кезде жыпылықтайды.

Дұрыс уақытты орнату үшін немесе

түймешігін басыңыз.

Шамамен бес секунд өткеннен кейін жыпылықтау тоқтайды да, бейнебетте сіз орнатқан тәулік уақыты көрсетіледі.

4.3 Уақытты өзгерту

Егер Ұзақтық немесе

Соңы функциялары жұмыс істесе, тәулік уақытын өзгерте алмайсыз.

түймешігін тәулік уақытының индикаторы жыпылықтағанша қайтақайта басыңыз.

Жаңа уақытты орнату үшін "Уақытты орнату" тарауын қараңыз.

4.4 Алдын ала қыздыру

Қалған майды күйдіріп жіберу үшін бос құрылғыны алдын ала қыздырыңыз.

1. функциясы мен ең үлкен температураны орнатыңыз.

2.Құрылғыны 1 сағат қосып қойыңыз.

3.функциясы және ең үлкен температураны орнатыңыз. Бұл функцияға арналған ең үлкен температура: 210 °C.

4.Құрылғыны 15 минут қосып қойыңыз.

5. тетігін басып, ең үлкен температураны орнатыңыз.

6.Құрылғыны 15 минут қосып қойыңыз.

Керек-жарақтар бұрыңғыдан да ыстық болып кетеді. Құрылғыдан иіс және түтін шығады. Бұл қалыпты жағдай. Бөлме ішіндегі ауаның жеткілікті түрде ауысып тұрғанына көз жеткізіңіз.

5. ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!

Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

10www.electrolux.com

5.1Электрлі пісіру алаңының

Белгіше Функция лер

Сөндіру қалпы

Қос алаң

1 - 9 Қызу параметрлері

Қуат тұтынуды азайту үшін қалдық қызуды пайдаланыңыз. Пісіру алаңын тағам пісіруді аяқтауға шамамен 5 - 10 минут қалғанда сөндіріңіз.

Тетікті қажетті қыздыру параметріне бұраңыз.

Пеш үстін басқару индикаторы жанады.

Тағам пісіруді аяқтау үшін басқару тетігін "оff" қалпына койыңыз.

Пісіру алаңдарының барлығы сөндірілсе, пештің үстін басқару индикаторы сөнеді.

6. ПЕШ - АҚЫЛ-КЕҢЕС

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!

Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

6.1 Ыдыс-аяқ

Ыдыстың түбі барынша қалың әрі мүмкіндігінше жайпақ болуға тиіс.

Эмальмен қапталған темірден және алюминий немесе мыстан жасалған ыдыстар шыны керамика беттің түсін өзгертуі мүмкін.

6.2 Қуат үнемдеу

5.2 Сыртқы шеңберлерді іске қосу және сөндіру

Шеңбердің бетін қолданылатын ыдыстың өлшемдеріне сай келтіре аласыз.

Сыртқы шеңберді іске қосу үшін:

тетікті сағат тілінің бағытымен шамалы

кедергі сезілгенше бұрап қалпына қойыңыз. Содан кейін қажетті қыздыру параметрін реттеу үшін тетікті сағат тілінің бағытына қарсы бұраңыз.

Сыртқы шеңберді сөндіру үшін:

тетікті сөндіру қалпына қойыңыз. Индикатор сөнеді.

5.3 Қалдық қызу индикаторы

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!

Қалдық қызуға күйіп қалу қаупі бар.

Пісіру алаңы ыстық тұрған кезде индикатор жанады.

Пісіру алаңын ыдысты үстіне қойғаннан кейін ғана іске қосыңыз.

Тағамды жылы ұстау немесе жібіту үшін қалдық қызуды пайдаланыңыз.

Ыдыстың табаны мен пісіру алаңдарының көлемі бірдей болуға тиіс.

6.3Тағам пісіру бағдарламаларының үлгілері

Кестедегі деректер жалпылама нұсқау ретінде ғана берілген.

Егер мүмкіндік болса, ыдысқа әрқашан қақпақ жабыңыз.

 

 

 

ҚАЗАҚ 11

 

 

 

 

Қызу

Пайдалану:

Уақыт

Ақыл-кеңес

параметрі

 

(мин.)

 

1

Піскен тағамды жылы

қажетін

Ыдыстың қақпағын

 

ұстаңыз.

е орай

жабыңыз.

 

 

 

 

1 - 2

Голланд тұздығы,

5 - 25

Ара-тұра араластырыңыз.

 

балқытылған: сары май,

 

 

 

шоколад, желатин.

 

 

1 - 2

Қойылту: шайқалған омлет,

10 - 40

Қақпағын жауып пісіріңіз.

 

піскен жұмыртқалар.

 

 

 

 

 

 

2 - 3

Күріш және сүтке пісірілген

25 - 50

Күрішке кем дегенде, оның

 

тағамдарды баяу қайнату,

 

мөлшерінен екі есе артық

 

дайын тағамдарды

 

су құйыңыз, сүт

 

жылыту.

 

тағамдарын арасында

 

 

 

араластырыңыз.

 

 

 

 

3 - 4

Буға піскен көкөністер,

20 - 45

Бірнеше ас қасық су

 

балық, ет.

 

қосыңыз.

4 - 5

Буға піскен картоптар.

20 - 60

750 г картопқа ең көбі ¼ л

 

 

 

су пайдаланыңыз.

 

 

 

 

4 - 5

Көп мөлшердегі тағамдар,

60 -

3 литрге дейін су және

 

бұқтырылған тағамдар мен

150

құраластар.

 

көже пісіру.

 

 

 

 

 

 

6 - 7

Баппен қуыру: эскалоп,

қажетін

Орта тұсында аударыңыз.

 

"кордон блё" бұзау еті,

е орай

 

 

котлет, риссоль, шұжық,

 

 

 

бауыр, майға қуырылған

 

 

 

ұн, жұмыртқа, құймақ,

 

 

 

бауырсақ.

 

 

 

 

 

 

7 - 8

Қатты қуыру, қуырылған

5 - 15

Орта тұсында аударыңыз.

 

картоп, қоң ет,

 

 

 

бифштекстер.

 

 

9Суды қайнату, макарон пісіру, етті қызартып қуыру (гуляш, бұқтырып пісіру), фри қуыру үшін.

7.ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮТІП ҰСТАУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!

Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

7.1Жалпы ақпарат

Пештің үстін пайдаланған сайын тазалаңыз.

Ыдысты қолданғанда табаны әрқашан таза болсын.

Пештің үстіне түскен сызаттар немесе қошқыл дақтар оның жұмысына ешқандай әсер етпейді.

Пештің үстін тазалауға жарамды арнайы тазалағышты пайдаланыңыз.

Шыныға арналған арнайы қырғышты қолданыңыз.

12 www.electrolux.com

7.2 Пештің үстін тазалау

Дереу тазалаңыз: балқыған пластмасса, пластик фольга және қант қосылған тағам. Дереу тазаламасаңыз, пештің үстін бүлдіріп алуыңыз мүмкін. Қырғышты шыны бетке арнайы сүйір бұрыш жасап қойып, жүзін жылжыта отырып тазалаңыз.

Пештің үсті жеткілікті түрде суыған кезде алыңыз: әк дақтары,

су дақтары, май дақтары, металдың жылтыраған дақтары. Пештің үстін дымқыл шүберекпен және жеміргіш емес жуғыш затпен тазалаңыз.

Тазалап болғаннан кейін пештің үстін жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.

8. ТҰМШАПЕШ - КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!

Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

8.1 Құрылғыны іске қосу және сөндіру

Тетіктің белгілері, индикаторлары немесе шамдарының болуыболмауы, құрылғының үлгісіне байланысты.

Тұмшапеш қызғанда индикатор жанады.

Құрылғы іске қосылғанда шам жанады.

Белгіше арқылы тетіктің пісіру алаңдарының, тұмшапеш функцияларының қайсысын басқаратыны не оның температураны басқаратыны көрсетіледі.

1.Тұмшапеш функциясын таңдау үшін тұмшапеш функцияларының тетігін бұраңыз.

2.Температураны таңдау үшін температура тетігін бұраңыз.

3.Құрылғыны сөндіру үшін, тұмшапеш функциялары мен температура тетіктерін "сөндіру" қалпына қойыңыз.

8.2 Қауіпсіздік термостаты

Құрылғы дұрыс жұмыс істемесе немесе бөлшектерінде ақау бар болса, қатты қызып кету қаупі бар. Бұндай жағдайдың алдын алу үшін тұмшапеш тоқты кідіртуге арналған термостатпен жабдықталған. Температура төмендеген кезде тұмшапеш қайта автоматты түрде қосылады.

8.3 Тұмшапеш функциялары

Белгі Тұмшапеш

Қолданылуы

 

 

функциялары

 

 

 

Сөндіру қалпы

Құрылғы сөндірулі.

 

 

 

 

 

 

Дәстүрлі пісіру

Тағамды 1 сөреде пісіруге және қуыруға

 

 

 

 

 

арналған.

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚ 13

 

 

 

 

Белгі Тұмшапеш

Қолданылуы

 

 

функциялары

 

 

 

Нижний нагрев

Түбі қытырлақ торттарды пісіруге және

 

 

 

тағамды консервілеуге арналған.

 

 

 

 

 

 

Жеңіл пісіру

Қалбырда пісіруге және 1 сөреге қойып төмен

 

 

 

температурада кептіруге арналған.

 

 

 

 

 

 

Гриль

Жалпақ етіп тағамнан гриль жасауға және тост

 

 

 

нанын жасауға арналған.

 

 

 

Бұл функцияға арналған ең үлкен

 

 

 

температура: 210 °C.

 

 

Ыстық желдеткішпен

Тағамды 2 сөреде қатар пісіруге және кептіруге

 

 

пісіру

арналған.Температураны Дәстүрлі пісіру

 

 

 

функциясымен салыстырғанда 20 - 40 °C

 

 

 

градус төменірек қойыңыз.

 

 

Размораживание

Размораживание замороженных продуктов.

 

 

 

 

9. ТҰМШАПЕШ - САҒАТ ФУНКЦИЯЛАРЫ

9.1 Дисплей

A

B

C

A)

Функция индикаторлары

 

 

 

 

 

 

 

 

B)

Уақыт бейнебеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

C)

Функция индикаторы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

9.2 Түймешіктер

Түймешік

Функция

Сипаттама

 

 

МИНУС

Уақытты қоюға арналған.

 

 

 

 

 

 

САҒАТ

Сағат функциясын орнатуға

 

 

 

 

 

арналған.

 

 

ПЛЮС

Уақытты қоюға арналған.

 

 

 

 

14www.electrolux.com

9.3Сағат функцияларының кестесі

Сағат функциясы

Қолданылуы

 

Тәулік уақыты

Тәулік уақытын орнатуға, өзгертуге немесе қарауға

 

 

арналған.

 

Минут

Кері санақ уақытын қоюға арналған. Бұл функция

 

операторы

құрылғының жұмысына әсер етпейді.

 

Ұзақтық

Тұмшапеште пісіру уақытын орнатуға арналған.

 

 

 

 

Соңы

Тұмшапеш сөндірілуге тиіс уақытты орнатуға

 

 

арналған.

 

 

 

 

 

Ұзақтық және Аяқтау функцияларын қолданып, құрылғының жұмыс істейтін және сөндірілетін уақыттарын орнатуға болады. Бұл құрылғыны кешіктіру уақытын пайдаланып қосуға мүмкіндік береді. Әуелі

Ұзақтық функциясын,

содан кейін Аяқтау функциясын орнатыңыз.

9.4 Сағат функцияларын орнату

Ұзақтық және Аяқтау параметрлері үшін пештің функциясын және пісіру температурасын

орнатыңыз. Бұл Минут операторы функциясы үшін қажет емес.

1.түймешігін қажетті сағат функциясының индикаторы жыпылықтай бастағанша қайтақайта басыңыз.

2.Сағат функциясы үшін қажетті

уақытты орнату үшін немесе түймешігін басыңыз.

Сағат функциясы жұмыс істейді. Бейнебетте орнатылған сағат функциясының индикаторы көрсетіледі.

Минут операторы қолданылғанда, дисплейде қалған уақыт көрсетіледі.

3.Уақыт аяқталған кезде сағат функциясының индикаторы жыпылықтайды және дыбыстық сигнал естіледі. Сигналды тоқтату үшін түймешікті басыңыз.

4.Пеш функцияларының тетігін және температура тетігін сөндіру қалпына бұраңыз.

Ұзақтық және Аяқтау функцияларында құрылғы автоматты түрде сөнеді.

9.5 Сағат функцияларын біржола тоқтату

1.түймешігін қажетті функцияның индикаторы жыпылықтағанша қайта-қайта басыңыз.

2. түймешігін басып ұстап тұрыңыз.

Сағат функциясы бірнеше секундтан кейін сөнеді.

10. ТҰМШАПЕШ - КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ

НАЗАРЫҢЫЗДА

10.1 Керек-жарақтарды салу

БОЛСЫН!

Торкөз сөре:

Қауіпсіздік тарауларын

 

қараңыз.

 

Сөрені сөре бағыттағыштардың арасына салыңыз. Қос шетін тұмшапештің артқы жағына жіберіп, жоғары қаратып қою керек.

Науа:

Пісірме табақты корпустың артқы қабырғасына тигенше итермеңіз. Себебі бұлай істегенде табақтың айналасына қызу келуге кедергі жасайды. Тағамның әсіресе табақтың артқы жағындағы бөлігі күйіп қалуы мүмкін.

ҚАЗАҚ

15

Науаны немесе шұңғыл табаны сөре сырғытпасының бағыттағыштарының арасына салыңыз. Тұмшапештің артқы қабырғасына тимей тұрғанына көз жеткізіңіз.

11. ТҰМШАПЕШ - АҚЫЛ-КЕҢЕС

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!

Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

Кестелердегі температура мен пісіру уақыттары тек нұсқау ретінде беріледі.

Олар рецептерге, олардың құрамының сапасы мен мөлшеріне байланысты болады.

11.1 Жалпылама ақпарат

Құрылғының сөре қоюға арналған төрт деңгейі бар. Сөренің деңгейлерін құрылғының астыңғы жағынан бастап санаңыз.

Құрылғы ауа айналдыратын және буды үздіксіз қайта айналдырып отыратын арнайы жүйемен жабдықталған. Бұл жүйенің көмегімен тағамды булы ортада, ішін жұмсақ, сыртын кітірлек етіп пісіруге болады. Бұл пісіру уақыты

мен пайдаланылатын қуат мөлшерін барынша азайтады.

Құрылғының ішіне немесе есігінің шыны панельдеріне бу тұруы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай. Тағам пісіріп жатқанда құрылғының есігін ашу қажет болса, әрқашан артқа шегініңіз. Буды азайту үшін құрылғыны тағам пісіру алдында 10 минут қыздырыңыз.

Құрылғыны пайдаланып болған сайын ылғалды жерлерін тазалаңыз.

Заттарды құрылғының табанына тура қоймаңыз және тағам пісіріп жатқан кезде құрылғының ешбір бөлшектерін алюминий жұқалтырмен жаппаңыз. Себебі пісіру нәтижесіне әсер етіп, пештің эмаль қаптамасын бүлдіруі мүмкін.

11.2 Пісіру

Тұмшапешіңіз бұрыңғы құрылғыңызға қарағанда басқаша пісіруі немесе қуыруы мүмкін. Әдетте қолданатын параметрлеріңізді (температура,

16 www.electrolux.com

пісіру уақыттары) және сөре деңгейлерін кестедегі мәндерге сай келтіріңіз.

Өндіруші тұмшапешті ең алғаш рет қолданғанда төмен температураны қолдануды ұсынады.

Арнайы рецептіге сай келетін параметрлерді таба алмасаңыз, соған ұқсас параметрлерді іздеңіз.

Егер торттарды бірнеше сөрелерге қойып пісірсеңіз, пісіру уақыттарын 10 – 15 минутқа созуға болады.

Кекстер мен пісірілген нандар басында әр түрлі биіктікте бірдей қызармауы мүмкін. Бұл жағдай орын алса, температура параметрін өзгертпеңіз. Айырмашылықтар пісіру барысында бір деңгейге келеді.

Пісіру уақыты ұзақ болса, тұмшапешті пісіру уақытының аяқталуына 10 минут қалғанда сөндіріп, содан кейін қалған қызуды қолданыңыз.

Мұздатылған тағамды пісірген кезде, тұмшапештің науалары майысып қалуы мүмкін. Науалар суыған кезде майысқаны қалпына келеді.

11.3 Торт пісіру

Тұмшапештің есігін орнатылған пісіру уақытының 3/4 мөлшері өткенше ашпаңыз.

Егер бір уақытта екі пісіру сөресін пайдалансаңыз, олардың арасына бір ашық қатар қалдырыңыз.

11.4 Ет пен балық пісіру

Тұмшапешке мүлдем тазаланбайтын дақ түспес үшін, өте майлы тағамды пісіргенде шұңғыл табақты пайдаланыңыз.

Етті кесердің алдында сөлі ағып кетпес үшін шамамен 15 минут қоя тұрыңыз.

Тағам қуырған кезде тұмшапештің іші қатты түтіндеп кетпес үшін шұңғыл табаққа шамалы су құйыңыз. Түтін жиналып қалмас үшін су таусылған сайын үстемелеп құйып отырыңыз.

11.5 Пісіру уақыттары

Пісіру уақыттары тағамның түріне, құрамына және мөлшеріне байланысты.

Бастапқыда тағам пісірген кезде пісіру үрдісін бақылап отырыңыз. Осы құрылғыны пайдаланған кезде қолданылатын ыдыстарға, рецептілерге және тағамның мөлшеріне сай келетін параметрлерді (қызу параметрі, пісіру уақыты т.с.с.) анықтап алыңыз.

11.6 Дәстүрлі пісіру

Тағам

Мөлшері

Температу

Уақыт

Сөрені

Керек-

 

(г)

ра (°C)

(мин.)

ң

жарақтары

 

 

 

 

орнала

 

 

 

 

 

суы

 

Тәтті таспа

250

150

25 - 30

3

пісірме табақ

Жалпақ

1000

160 - 170

30 - 35

2

пісірме табақ

торт 1)

 

 

 

 

 

Алма

2000

170 - 190

40 - 50

3

пісірме табақ

қосылған

 

 

 

 

 

ашыған қамыр

 

 

 

 

 

торты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚ 17

 

 

 

 

 

 

Тағам

Мөлшері

Температу

Уақыт

Сөрені

Керек-

 

(г)

ра (°C)

(мин.)

ң

жарақтары

 

 

 

 

орнала

 

 

 

 

 

суы

 

Алма бәліші 2)

1200 +

180 - 200

50 - 60

1

Алюминиймен

 

1200

 

 

 

қапталған 2

 

 

 

 

 

дөңгелек табақ

 

 

 

 

 

(диаметрі: 20

 

 

 

 

 

см)

 

 

 

 

 

 

Кішкене

500

160 - 170

25 - 30

2

пісірме табақ

кекстер 1)

 

 

 

 

 

Майсыз

350

160 - 170

25 - 30

1

Алюминиймен

қопсыма

 

 

 

 

қапталған 1

торт 1)

 

 

 

 

дөңгелек табақ

 

 

 

 

 

(диаметрі: 26

 

 

 

 

 

см)

 

 

 

 

 

 

Құймақ

1500

160 - 170

45 - 55 3)

2

пісірме табақ

Бүтін тауық

1350

200 - 220

60 - 70

2

темір сөре

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1

пісірме табақ

 

 

 

 

 

 

Тауықтың

1300

190 - 210

35 + 30

3

темір сөре

жарты еті

 

 

 

 

 

 

 

 

1

пісірме табақ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қуырылған

600

190 - 210

30 - 35

3

Торкөз сөре

шошқа котлеті

 

 

 

 

 

 

 

 

1

пісірме табақ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Флан наны 4)

800

230 - 250

10 - 15

2

пісірме табақ

Толтырмасы

1200

170 - 180

25 - 35

2

пісірме табақ

бар ашыған

 

 

 

 

 

қоспа торты 5)

 

 

 

 

 

Пицца

1000

200 - 220

25 - 35

2

пісірме табақ

 

 

 

 

 

 

Сүзбе торты

2600

170 - 190

60 - 70

2

пісірме табақ

 

 

 

 

 

 

Швейцариялы

1900

200 - 220

30 - 40

1

пісірме табақ

қ алма

 

 

 

 

 

бәліші 5)

 

 

 

 

 

Рождество

2400

170 - 180

55 - 65 6)

2

пісірме табақ

торты 5)

 

 

 

 

 

Киш лорен 5)

1000

220 - 230

40 - 50

1

1 дөңгелек

табақ (диаметрі: 26 см)

18 www.electrolux.com

Тағам

Мөлшері

Температу

Уақыт

Сөрені

Керек-

 

(г)

ра (°C)

(мин.)

ң

жарақтары

 

 

 

 

орнала

 

 

 

 

 

суы

 

Шаруа наны 7)

750 + 750

180 - 200

60 - 70

1

2 алюминий

 

 

 

 

 

табақ

 

 

 

 

 

(ұзындығы: 20

 

 

 

 

 

см)

 

 

 

 

 

 

Румын

600 + 600

160 - 170

40 - 50

2

2 алюминий

қопсыма

 

 

 

 

табақ

торт 1)

 

 

 

 

(ұзындығы: 25

 

 

 

 

 

см), бір сөренің

 

 

 

 

 

үстіне қойып

Румын

600 + 600

160 - 170

30 - 40

2

2 алюминий

бисквит торты

 

 

 

 

табақ

- дәстүрлі

 

 

 

 

(ұзындығы: 25

 

 

 

 

 

см), бір сөренің

 

 

 

 

 

үстіне қойып

 

 

 

 

 

 

Ашыған

800

200 - 210

10 - 15

2

пісірме табақ

булочкалар 5)

 

 

 

 

 

Швейцариялы

500

150 - 170

15 - 20

1

пісірме табақ

қ орама 1)

 

 

 

 

 

Меренга

400

100 - 120

40 - 50

2

пісірме табақ

 

 

 

 

 

 

Үгілме торт 5)

1500

180 - 190

25 - 35

3

пісірме табақ

Қопсыма

600

160 - 170

25 - 35

3

пісірме табақ

торт 1)

 

 

 

 

 

Майлы торт 1)

600

180 - 200

20 - 25

2

пісірме табақ

1)Тұмшапешті алдын ала 10 минут қыздырыңыз.

2)Тұмшапешті алдын ала 15 минут қыздырыңыз.

3)Құрылғыны сөндіргеннен кейін тортты 7 минут тұмшапеште ұстаңыз.

4)Тұмшапешті алдын ала 20 минут қыздырыңыз.

5)Тұмшапешті алдын ала 10 - 15 минут қыздырыңыз.

6)Құрылғыны сөндіргеннен кейін тортты 10 минут тұмшапеште ұстаңыз.

7)Температураны 250 °C градусқа қойып, тұмшапешті 18 минут алдын ала қыздырыңыз.

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚ 19

11.7 Ыстық желмен пісіру

 

 

 

 

 

 

 

 

Тағам

Мөлшері

Температу Уақыт (мин.)

Сөренің

Керек-

 

(г)

ра (°C)

 

орнала

жарақтары

 

 

 

 

суы

 

Тәтті таспа 1)

250

155

20

3

пісірме

 

 

 

 

 

табақ

Тәтті таспа 1)

250 + 250

150

20

1 + 3

пісірме

 

 

 

 

 

табақ

Жалпақ торт 1)

1000

155

35

2

пісірме

 

 

 

 

 

табақ

Жалпақ торт 1)

1000 +

145

50

1 + 3

пісірме

 

1000

 

 

 

табақ

Алма қосылған

2000

170 - 180

40 - 50

3

пісірме

ашыған

 

 

 

 

табақ

қоспалы

 

 

 

 

 

торт 1)

 

 

 

 

 

Алма бәліші 1)

1200 +

175

55

1

Алюминийм

 

1200

 

 

 

ен

 

 

 

 

 

қапталған 2

 

 

 

 

 

дөңгелек

 

 

 

 

 

табақ

 

 

 

 

 

(диаметрі:

 

 

 

 

 

20 см)

 

 

 

 

 

 

Кішкене

500

150

35

3

пісірме

кекстер 1)

 

 

 

 

табақ

Кішкене

500 + 500

145

30

1 + 3

пісірме

кекстер 1)

 

 

 

 

табақ

Майсыз

350

160

30

3

Алюминийм

қопсыма

 

 

 

 

ен

торт 1)

 

 

 

 

қапталған 1

 

 

 

 

 

дөңгелек

 

 

 

 

 

табақ

 

 

 

 

 

(диаметрі:

 

 

 

 

 

26 см)

 

 

 

 

 

 

Құймақ

1200

150 - 160

40 - 50 2)

3

пісірме

 

 

 

 

 

табақ

Бүтін тауық

1400

200

50

2

темір сөре

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1

пісірме

 

 

 

 

 

табақ

 

 

 

 

 

 

Қуырылған

600

180 - 200

30 - 40

2

темір сөре

шошқа котлеті

 

 

 

 

 

 

 

 

1

пісірме

 

 

 

 

табақ

20 www.electrolux.com

Тағам

Мөлшері

Температу

Уақыт (мин.)

Сөренің

Керек-

 

(г)

ра (°C)

 

орнала

жарақтары

 

 

 

 

суы

 

Флан наны 3)

800

230 - 250

10 - 15

2

пісірме

 

 

 

 

 

табақ

Толтырылған

1200

160 - 170

20 - 30

3

пісірме

ашыған қамыр

 

 

 

 

табақ

кексі

 

 

 

 

 

Сүзбе торты

2600

150 - 170

60 - 70

2

пісірме

 

 

 

 

 

табақ

Швейцариялы

1900

180 - 200

50 - 40

3

пісірме

қ алма

 

 

 

 

табақ

бәліші 3)

 

 

 

 

 

Рождество

2400

150 - 170

50 - 60 4)

3

пісірме

торты 1)

 

 

 

 

табақ

Киш лорен 3)

1000

210 - 230

35 - 45

2

1 дөңгелек

 

 

 

 

 

табақ

 

 

 

 

 

(диаметрі:

 

 

 

 

 

26 см)

Шаруа наны 5)

750 + 750

180 - 190

50 - 60

3

пісірме

 

 

 

 

 

табақ

Румын

600 + 600

150 - 170

40 - 50

2

2 алюминий

қопсыма

 

 

 

 

табақ

торт 1)

 

 

 

 

(ұзындығы:

 

 

 

 

 

25 см), бір

 

 

 

 

 

сөренің

 

 

 

 

 

үстіне қойып

Румын бисквит

600 + 600

160 - 170

30 - 40

2

2 алюминий

торты -

 

 

 

 

табақ

дәстүрлі

 

 

 

 

(ұзындығы:

 

 

 

 

 

25 см), бір

 

 

 

 

 

сөренің

 

 

 

 

 

үстіне қойып

Ашыған

800

190

15

3

пісірме

булочкалар 1)

 

 

 

 

табақ

Ашыған

800 + 800

200

15

1 + 3

пісірме

булочкалар 1)

 

 

 

 

табақ

Швейцариялы

500

150 - 170

10 - 15

3

пісірме

қ орама 1)

 

 

 

 

табақ

Меренга

400

100 - 120

50 - 60

2

пісірме

 

 

 

 

 

табақ

 

 

 

 

 

 

Loading...
+ 44 hidden pages