Мұндай ескертуді елемеу электр тогына
түсу салдарынан өмірге қауіп төндіретін
жарақатқа себеп болуы мүмкін.
• Осы құрылғының қуат кабелін
пайдаланушы өзі ауыстырмауы керек,
себебі бұл операция арнайы құралды
пайдалану қажет болуы мүмкін.
Егер ол зақымданса немесе
оны ауыстыру керек болса,
барлық қауіп-қатерлердің
алдын алу үшін De’Longhi
тұтынушыны қолдау
қызметімен хабарласыңыз.
• Кофе жасағышты суға ешқашан
батырмаңыз. Бұл – электрлік құрылғы.
• Құрылғыны розеткадан ажыратып,
ол қолданыста болмаған кезде негізгі
қосқышты өшіріңіз. Құрылғыны бостан
босқа қосулы күйде қалдырмаңыз.
• Бұл кофе жасағышты барлық электрлік
құрылғыларды қолданған кездегідей,
әсіресе балалар бар жерде абайлап,
парасаттылықпен пайдаланыңыз.
• Розетка қуаты кернеуінің құрылғының
мәліметтер тақтасында көрсетілген
кернеуге сәйкестігін тексеріңіз.
Құрылғыны тек жерге тиімді жолмен
тұйықталған және электр қуаты кемінде
10 А болатын розеткаға қосыңыз.
Өнім жасаушысы тиімді жерге қосу
жүйесінің жоқтығынан болатын барлық
жауапкершіліктен бас тартады.
• Егер розетка қуаты құрылғыдағы қуатқа
сай болмаса, тиісті розетка түрін білікті
электр маманына ауыстыртыңыз.
• Су ыдысын толтырған кезде немесе
құтыны құрылғыдан алып жатқан кезде,
ашаға немесе қуат кабеліне сұйықтықты
шашыратып алмаңыз.
Күйіп қалу қаупі бар!
Мұндай ескертуді елемеу күйіп қалуға әкеп
соқтырады.
• Бұл құрылғы «кофе дайындауға»
арналған. Шашыраған суға не буға немесе
құрылғының дұрыс жұмыс істемеуінен
күйіп қалудан абай болыңыз.
• Осы құрылғыны пайдаланған кезде,
ыстық бөліктерін ұстамаңыз. Тетіктерді
немесе саптарды пайдаланыңыз.
• Құрылғыны ылғал немесе дымқыл
қолдарыңызбен немесе аяқтарыңызбен
түртпеңіз.
• Құрылғы пайдаланылған соң, тақта
ыстық күйде қалады.
Маңызды!
Мұндай ескертуді елемеу жарақаттануға
немесе құрылғыны зақымдауға себеп болуы
мүмкін.
• Өнім жасаушысы құрылғыны тиісті
түрде, дұрыс немесе жауапкершілікпен
пайдаланбаудан туындайтын зақым үшін
жауапты болмайды.
• Ақаулық немесе дұрыс істемеу жағдай
болған кезде, құрылғыны розеткадан
суырыңыз. Егер оны жөндеу қажет
болса, De’Longhi тұтынушыларды
қолдау қызметімен ғана хабарласып,
пайдаланылатын түпнұсқа қосалқы
бөлшектерді сұраңыз. Жоғарыдағыны
елемеу салдарынан құрылғы қауіпсіздігіне
нұқсан келуі мүмкін.
• Бұл құрылғыны 8 жастан
асқан балаларға, қозғалу, сезу
немесе ойлану мүмкіндіктері
шектелген адамдарға
немесе осы құрылғыға
қатысты тәжірибесі немесе
білімі жоқ адамдарға тек
оларға ықтимал қауіпқатерлер мен құрылғыны
қауіпсіз жолмен пайдалану
туралы нұсқау берілгенде
және олар бақыланғанда
ғана пайдалануға болады.
Балалардың құрылғымен
ойнамауы керек. Тазалауды
80
Page 2
және пайдаланушы
орындайтын техникалық
күтімді балаларға
бақылаусыз орындатпау
керек. Құрылғыны және
оның сымын 8 жастан
аспаған балалардан аулақ
ұстаңыз.
• Орамды ашқан соң, құрылғының
зақымданбағанын және бөлшектерінің
толықтығын тексеріңіз. Күдіктенсеңіз,
құрылғыны пайдаланбаңыз және білікті
қызметкермен ғана хабарласыңыз.
• Орам материалдарын (пластик қалталар,
полистирен көбігі және т.б.) балалардан
аулақ ұстаңыз, себебі олар қауіпті.
• Құрылғыны су шүмектерінен, жуыну
ыдыстарынан және ыстық нәрселерден
алшақ жерге орналастырыңыз.
• Құрылғыны температурасы 0°C не одан
төмен болатын жерлерге орнатпаңыз (егер
су қатып қалса, құрылғы зақымдануы
мүмкін).
• Құрылғыны шыны су ыдысынан (А)
(9-сурет) ұстап жылжытпаңыз. Оны
ортаңғы бағаннан немесе тұғырдан ұстап
жылжытыңыз (10-сурет).
Ескеріңіз:
Бұл таңба пайдаланушыға арналған маңызды
кеңесті немесе ақпаратты білдіреді.
• Құрылғыны орнатпас және пайдаланбас
бұрын, төмендегі нұсқауларды мұқият
оқып шығыңыз. Бұл – ең жақсы нәтижеге
қол жеткізудің және пайдаланушы
қауіпсіздігін барынша жақсартудың
жалғыз жолы.
• Бұл – тек үйде пайдалануға
арналған құрылғы.
Дүкендердегі, офистердегі
және басқа жұмыс
ортасындағы қызметкерлер
тамақтанатын орындарда;
фермаларда; қонақүйлердегі,
мотельдердегі және басқа
қонақ күту орталарындағы
клиенттерге; төсек және
таңғы ас беретін орталарда
Кез келген басқа қолданыс
дұрыс емес және қауіпті
болып есептеледі.
• Бұл құрылғы тағам тиетін
материалдар мен керек-жарақтарға
қатысты ЕО-тың 1935/2004 ережесіне сай.
• Құрылғыны пайдаланылатын жерге
орналастырған соң, құрылғының беттері
мен бүйірдегі және арттағы қабырға
арасына 5 см, ал кофе жасағыштың үстіне
20 см бос орын қалдырыңыз.
• Су және/немесе кофені сүзгі ұстағышында
тұрып қалуы және сақталуы төмендегі
жағдайлардың кез келгеніне немесе
олардың кез келген комбинациясы
бойынша болуы мүмкін:
- өте ұсақ кофені пайдалану
- екі не одан көп қағаз сүзгінің қолданылуы
- сүзгідегі кофенің шектен асуы
ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ
A. Су толтыру бөлімі
B. Қыздыру плитасы
C. Графин/тамшыға қарсы функциясының
түймесі
D. Өлшеуіш
E. Қақпақ
F. Оңтайлы кофе қайнату түймесі,
Еуропалық кофе қайнату орталығы (ECBC)
мақұлдаған
G. “Құю” қайнату түймесі
H. Шыны құты
I. Тамшылап құйылатын кофеге арналған
сүзгі ұстағышы
L. Су деңгейінің индикаторы
M. Қағаз сүзгі 1x4
N. Сүзгі ұстатқыштың негізі
(*) Кофе қайнатқышта Еуропалық кофе
қайнату орталығының (ECBC) мөрі бар.
81
Page 3
Қайнатқыш Еуропалық кофе қайнату
орталығы стандартына сай жұмыс істеуі
үшін F түймесін басуыңыз керек
Пайдаланбас бұрын
Құрылғыны алғаш рет қолданылған кезде,
барлық керек-жарақтар мен ішкі жүйелерді
кофе салмай 2 рет қайнату арқылы жуу
керек. Суды жүйе арқылы жүргізіп, артынша
ағызып жіберіңіз. Шыны құтыны шайып, кофе
қайнатқышты толығымен тазарту үшін осы
процедураны қайталаңыз. Әрқашан тек таза
және салқын суды қолданыңыз.
су деңгейін деңгей терезесі арқылы
тексеріңіз (L) (3-сурет). Берілген құтыны
өлшеуіш ретінде пайдаланбаған жөн.
• Қағаз сүзгіні (M) сүзгі ұстатқышқа (I)
(4-сурет) салыңыз. Тек 1x4 өлшеміндегі
қағаз сүзгіні қолданыңыз.
• Сүзгіден өткізілген тартылған кофені
берілген өлшеуішпен сүзгіге салыңыз (D)
және біркелкі деңгейге жайыңыз (5-сурет).
Ұсынылған мөлшерлерді кестеден көріңіз.
Тамшы кофе жасағыштар үшін жоғары
сапалы, орташа сүзгіден өткізілген
тартылған кофені кофе қолданыңыз.
Кофе қайнатқыш таңдауда не нәрсеге
көңіл аудару қажет?
• Демдеуіш температурасы (92-96°C)
• Сіңу уақыты (4-6 минут)
• Кофе ұнтағының сумен арақатынасы (125
мл сайын 7,5 грамм)
De’Longhi Clessidra құрылғысы осы талаптарға
сай және ол Еуропалық кофе қайнату
орталығымен (ECBC) куәландырылған.
Жоғарғы сапалы қайнату функциясы
Жоғарғы дәлдікпен қайнату технологиясының
арқасында, De’Longhi Clessidra компаниясы
оңтайлы дәм шығару мүмкіндігін қамтамасыз
етеді және Еуропалық кофе қайнату
орталығы (ECBC) мақұлдауын алған: дәл
температурамен (92°C - 96°C) кофе қайнату
сүзгісі және демдеу уақытын бақылау; кесекесе мінсіз және тәтті кофе жасауға арналған.
Үстінен құйып қайнату функциясы
DeLonghi Clessidra қылғысы арнайы әзірленген
құю басы мен су ағынын автоматты басқару
мүмкіндігінің арқасында түймені түрту
арқылы біртекті қаныққан кофе ұнтағына аса
қарқынды және хош иісті дәмді береді.
КОФЕНІ ТАМШЫЛАТЫП ҚҰЮ ӘДІСІ
• Жоғарыдағы қақпақты (E) алып, су
толтыру бөліміне (A) (2-сурет) таза салқын
суды жасағыңыз келген кофе мөлшеріне
жететіндей (кеселерінің саны үшін
көрсетілген деңгейге дейін) етіп толтыру
үшін құтыны пайдаланыңыз. Ыдыстағы
Жоғары сапада қайнату үшін ұсынылған
мөлшер:
Кеселер саны Өлшемдер саны (*)
10
8
6
4
2
(*) 1 деңгейлік өлшем = 1 өлшеу қасығы (7,5 г)
Кестеде берілген мөлшерлер көрсету үшін
ғана берілген және оны жеке талғамыңызға
және кофе түріне бейімдеу міндетті емес.
10-деңгейдегі мөлшерлерден ешқашан
асырмаңыз. Жасалатын кофенің сапасына
тартылған кофенің ұнтақтығының деңгейі
елеулі әсер етеді. Сондықтан, сіздің
талғамыңызға сай дәмді табу үшін әр түрлі
кофе түрлерін пайдаланып көруіңіз керек.
Ескеріңіз: жоғарғы сапада қайнату
функциясын пайдаланған кезде, сүзгіден
өткізілген тартылған кофенің ұсынылған
мөлшері судың әрбір литрі үшін 60 г болады.
• Қақпақты (E) құрылғының үстіндегі
орнына саңылауларын 7-8 сур.
Көрсетілгендей орналастырып қойыңыз
да, жабылған құтыны (H) плитаға тігінен
қойыңыз (6-сурет). Графинді сезу/
тамшылауға қарсы функциясының
түймесінің (C) басылғанына көз
жеткізіңіз («Тамшылауға қарсы функция»
параграфын қараңыз).
• Жоғарғы сапада қайнату түймесін
10
8
6
4
2
82
Page 4
(F) немесе құю (G) түймесін (1-сурет)
басыңыз. Ақ шам кофе жасағыштың
жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді. Құю
басталған кезде құрылғыдан бір дыбысты
сигнал шығады, сосын ол аяқталған кезде
үш дыбысты сигнал шығады.
• Функцияны өшіру үшін таңдалған түймені,
Жоғарғы сапада қайнату түймесін (F)
басыңыз немесе үстінен құю (G) түймесін
басыңыз.
• Кофе сүзіліп жатқан кезде құрылғыдан бу
шықса, бұл – қалыпты нәрсе.
• Жаңа қайнату циклін бастау үшін
құрылғыны Жоғарғы сапада қайнату
түймесін (F) немесе үстінен құю (G)
түймесін басу арқылы өшіріп, қайта іске
қосыңыз.
Ескеріңіз:құтыны қажетті кофе
мөлшерінің барлығы құйылмай тұрып
алынған кезде, кофе жасауды тоқтатады.
Кофені құю алдында сүзгі ұстағышты алыңыз.
Құтыны плитаға қайнату циклі аяқталғанша
қойыңыз.
Тамшылауға қарсы функция
Осы кофе қайнатқыштың су тамшылату
функциясы бар, егер шыны құтыны қыздыру
плитасынан алып тастасаңыз, ол кофенің су
құятын бөлік (A) арқылы өтуіне жол бермейді.
Жылы күйінде сақтау плитасы
Егер басулы тұрған Жоғарғы сапада қайнату
түймесін (F) немесе үстінен құю (G) түймесін
сүзу аяқталған соң жіберсеңіз, плита кофені
тамаша температурада сақтайды. Бұл
функция кофе құю аяқталған соң 40 минуттан
соң өшеді.
Плитаны өшіру үшін Жоғарғы сапада қайнату
түймесін (F) немесе үстінен құю (G) түймесін
басыңыз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІМ КӨРСЕТУ
Құрылғыға күтім көрсетпес және оны
тазаламас бұрын, оны өшіріп, розеткадан
суырыңыз да, суытып қойыңыз.
• Кофе жасағышты тазалау үшін
еріткіштер мен ысқыш сұйықтықтарды
пайдаланбаңыз. Жұмсақ және дымқыл
шүберекпен сүртсеңіз болды.
• Кофе жасағышты суға ешқашан
батырмаңыз. Бұл – электрлік құрылғы.
• Су толтыру бөліміне (A) қақпақты (E) ашу
арқылы қол жеткізуге болады. Қажет
болған кезде тазалаңыз.
ҚАҚ ТАЗАЛАУ
Егер аймағыңыздағы су қатты болса,
уақыт өте келе қақ жиналады. Жиналған
қақ құрылғының жұмысына әсер етуі
мүмкін. Әрбір 25 кофе жасау циклінен кейін
кофе жасағыштың қағын тазалап отыру
ұсынылады.
(F) және (G) түймелерінің екеуі де бір уақытта
жыпылықтаса (шамамен 25 цикл сайын),
құрылғының қағын тазалау керек болғаны.
• Құрылғы қақ тазалаудан кейін автоматты
түрде бастапқы қалпына келеді.
• Қақ тазалау үшін, әрқашан тамшылап
кофе құю құрылғылары үшін сатып алуға
болатын арнайы қақ тазалау өнімдерін
пайдаланыңыз.
• Өнімді құты ішінде ерітіп, қақ тазартқыш
орамындағы нұсқауларды орындаңыз;
• Ерітіндіні су толтырылатын орынға
құйыңыз;
• Құтыны жылыту плитасына қойыңыз;
және
Жоғарғы сапада қайнату түймесін (F)
және үстінен құю (G) түймесін бірге 1,5 с
басып тұрып, бір кесеге жететін кофені
сүзіп, құрылғыны өшіріңіз;
• Құрылғыны сумен жұмыс істету арқылы
кемінде тек 2 рет (толық 2 ыдыс су)
шайыңыз.
• Жоғарыда сипатталғандай етіп тазаламау
кепілдік күшін жояды.
ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕКТЕР
Желі кернеуі: 220-240 В˜50-60 Гц
Тұтынылатын қуат: ICM17210 1800Вт
Салмағы: 2,44 кг
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ҚОҚЫСҚА ТАСТАУ
Құралды үй қоқысымен бірге тастамау
керек, оны өкілетті оқыстарды
сұрыптау және қайта өңдеу орталығына
апару керек.
De’Longhi Appliances s.r.l.
via L.Seitz, 47 - 31100 Treviso Italy
Де’Лонги Апплайансиз с.р.л.
Виа Л. Зейц, 47 31100 Тревизо Италия үшін
жасалған.
Кедендік одақтар териториясында
тұтынушыларға тасымалдау үшін жауап
кершiлiктi және импортер:
“Делонги” ЖШҚ
127055 Ресей, Мәскеу қ,
Сущëвская көшесі, 27-үй, 3-ғимарат
Тел.: +7 (495) 781-26-76
Бұл құрылғы пайдалану нұсқаулығында
көрсетілгендей жолмен пайдаланылады.
Өнімнің мерзімі сатып алынған күннен бастап
2 жылға созылады.
Сақтау шарттары:
Ылғалдылық ауқымы < 80% және температура
ауқымы + 5°C және + 45°C аралығындағы
бөлмелер.
Бұйым шығарылған күнін бұйым корпусында
жазылған сериялық нөмір бойынша анықтау
мүмкін. (Сериялық нөмірі: ASSCC, бұл жерде
A – өнім жасалған жылдың соңғы саны, SS
– өнім жасалған апта, CC – басып шығару
күні, 1992 жылдан бастап автоматты түрде
есептеледі. Мысалы: Сер.№ 30411, өнім
жасалған жыл – 2003, өнім жасалған апта – 4)
84
Loading...
+ hidden pages
You need points to download manuals.
1 point = 1 manual.
You can buy points or you can get point for every manual you upload.