Delonghi ICM16710, ICM16210.WS, ICM16210BK, ICM16731 Instruction manuals

МАҢЫЗДЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Қауіпті!
Мұндай ескертуді елемеу электр тогына түсу салдарынан өмірге қауіп төндіретін жарақатқа себеп болуы мүмкін.
• Осы құрылғының қуат кабелін пайдаланушы өзі ауыстырмауы керек, себебі бұл операция арнайы құралды пайдалану қажет болуы мүмкін.
Егер ол зақымданса немесе
оны ауыстыру керек болса, барлық қауіп-қатерлердің алдын алу үшін De’Longhi тұтынушыны қолдау қызметімен хабарласыңыз.
• Кофе жасағышты суға ешқашан батырмаңыз. Бұл – электрлік құрылғы.
• Құрылғыны розеткадан ажыратып, ол қолданыста болмаған кезде негізгі қосқышты өшіріңіз. Құрылғыны бостан босқа қосулы күйде қалдырмаңыз.
• Бұл кофе жасағышты барлық электрлік құрылғыларды қолданған кездегідей, әсіресе балалар бар жерде абайлап, парасаттылықпен пайдаланыңыз.
• Розетка қуаты кернеуінің құрылғының мәліметтер тақтасында көрсетілген кернеуге сәйкестігін тексеріңіз. Құрылғыны тек жерге тиімді жолмен тұйықталған және электр қуаты кемінде 10 А болатын розеткаға қосыңыз. Өнім жасаушысы тиімді жерге қосу жүйесінің жоқтығынан болатын барлық жауапкершіліктен бас тартады.
• Егер розетка қуаты құрылғыдағы қуатқа сай болмаса, тиісті розетка түрін білікті электр маманына ауыстыртыңыз.
• Су ыдысын толтырған кезде немесе құтыны құрылғыдан алып жатқан кезде, ашаға немесе қуат кабеліне сұйықтықты шашыратып алмаңыз.
Күйіп қалу қаупі бар!
Мұндай ескертуді елемеу күйіп қалуға әкеп соқтырады.
• Бұл құрылғы «кофе дайындауға»
арналған. Шашыраған суға не буға немесе құрылғының дұрыс жұмыс істемеуінен күйіп қалудан абай болыңыз.
• Осы құрылғыны пайдаланған кезде, ыстық бөліктерін ұстамаңыз. Тетіктерді немесе саптарды пайдаланыңыз.
• Құрылғыны ылғал немесе дымқыл қолдарыңызбен немесе аяқтарыңызбен түртпеңіз.
• Құрылғы пайдаланылған соң, тақта ыстық күйде қалады.
Маңызды!
Мұндай ескертуді елемеу жарақаттануға немесе құрылғыны зақымдауға себеп болуы мүмкін.
• Өнім жасаушысы құрылғыны тиісті түрде, дұрыс немесе жауапкершілікпен пайдаланбаудан туындайтын зақым үшін жауапты болмайды.
• Ақаулық немесе дұрыс істемеу жағдай болған кезде, құрылғыны розеткадан суырыңыз. Егер оны жөндеу қажет болса, De’Longhi тұтынушыларды қолдау қызметімен ғана хабарласып, пайдаланылатын түпнұсқа қосалқы бөлшектерді сұраңыз. Жоғарыдағыны елемеу салдарынан құрылғы қауіпсіздігіне нұқсан келуі мүмкін.
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балаларға, қозғалу, сезу немесе ойлану мүмкіндіктері шектелген адамдарға немесе осы құрылғыға қатысты тәжірибесі немесе білімі жоқ адамдарға тек оларға ықтимал қауіп-қатерлер мен құрылғыны қауіпсіз жолмен пайдалану туралы нұсқау берілгенде және олар бақыланғанда ғана пайдалануға болады. Балалардың құрылғымен ойнамауы керек. Тазалауды
92
және пайдаланушы орындайтын техникалық күтімді балаларға бақылаусыз орындатпау керек. Құрылғыны және оның сымын 8 жастан аспаған балалардан аулақ ұстаңыз.
• Орамды ашқан соң, құрылғының зақымданбағанын және бөлшектерінің толықтығын тексеріңіз. Күдіктенсеңіз, құрылғыны пайдаланбаңыз және білікті қызметкермен ғана хабарласыңыз.
• Орам материалдарын (пластик қалталар, полистирен көбігі және т.б.) балалардан аулақ ұстаңыз, себебі олар қауіпті.
• Құрылғыны су шүмектерінен, жуыну ыдыстарынан және ыстық нәрселерден алшақ жерге орналастырыңыз.
• Құрылғыны температурасы 0°C не одан төмен болатын жерлерге орнатпаңыз (егер су қатып қалса, құрылғы зақымдануы мүмкін).
Ескеріңіз:
Бұл таңба пайдаланушыға арналған маңызды кеңесті немесе ақпаратты білдіреді.
• Құрылғыны орнатпас және пайдаланбас бұрын, төмендегі нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл – ең жақсы нәтижеге қол жеткізудің және пайдаланушы қауіпсіздігін барынша жақсартудың жалғыз жолы.
Бұл – тек үйде пайдалануға арналған құрылғы.
Дүкендердегі, офистердегі және
басқа жұмыс ортасындағы қызметкерлер тамақтанатын орындарда; фермаларда; қонақүйлердегі, мотельдердегі және басқа қонақ күту орталарындағы клиенттерге; төсек және таңғы ас беретін орталарда. Кез келген басқа
қолданыс дұрыс емес және қауіпті болып есептеледі.
Бұл құрылғы тағам тиетін материалдар мен керек-жарақтарға қатысты ЕО-тың 1935/2004 ережесіне сай.
• Құрылғыны пайдаланылатын жерге орналастырған соң, құрылғының беттері мен бүйірдегі және арттағы қабырға арасына 5 см, ал кофе жасағыштың үстіне 20 см бос орын қалдырыңыз.
ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ
A. Шыны құты (кейбір үлгілерде ғана) B. Температураға төзімді құты (кейбір
үлгілерде ғана)
C. Өлшем D. Су деңгейінің индикаторы E. Қақпақ F. Су толтыру бөлігі G. Тамшылап құйылатын кофеге арналған
сүзгі ұстағышы
H. Тұрақты сүзгі (берілген болса) немесе қағаз
сүзгі
I. Табақша (тек шыны құтысы бар үлгілерде
ғана қызады)
Қосқышы бар үлгілер:
L. AROMA (Дәм) түймесі M. On/stand by (Қосу/Күту режимі) түймесі
Электрондық үлгілер:
N. Дисплей O. /AUTO (Автоматты) түймесі (шамы бар) P. Таймерді/сағатты орнату түймесі Q. Дәм түймесі
R. Қақ тазалау түймесі S. Су ыдысының сүзгісі
САҒАТТЫ ОРНАТУ (КЕЙБІР ҮЛГІЛЕРДЕ ҒАНА)
Құрылғыны бірінші рет іске қосылған кезде, сағат "12:00" болып көрінеді. Сағатты орнату үшін Timer/clock (Таймер/сағат) түймесін (P) 2 сек. астам басып тұрыңыз.
Timer/clock (Таймер/сағат) түймесін (P) бір
рет басқан кезде, ол бір минуттық қадаммен
93
Loading...
+ 3 hidden pages